Жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі N 648 Жарлығы.

Жаңартылған

      Ескерту. Жарлықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 11.04.2016 № 233 Жарлығымен.

      Жеке тұлғаның ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен техниканың жетістіктері негізінде қалыптасуына, дамуына және кәсіби орнығуына қосқан елеулі үлесін ескере отырып және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес қаулы етемін: Z070319 қараңыз

      1. Мына жоғары оқу орындарына:

      1) Әл-Фараби атындағы ұлттық университетіне;

      2) Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне;

      3) Қазақ ұлттық аграрлық университетіне;

      4) Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетіне;

      5) С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетіне;

      6) Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына;

      7) Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына;

      8) Қазақ ұлттық өнер университетіне;

      9) Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне;

      10) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясына;

      11) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына;

      12) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына;

      13) Қазақ ұлттық хореография академиясына;

      14) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне ерекше мәртебе берілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2003.09.26 N 1201, 2006.07.08 N 145 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2010.06.12 N 996; 04.05.2015 N 15; 26.08.2015 N 75; 18.02.2016 № 198; 11.04.2016 № 233; 27.04.2016 N 242; 28.02.2018 № 645 Жарлықтарымен.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) алып тасталды - ҚР Президентінің 11.04.2016 № 233 Жарлығымен;

      2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2006.07.08 N 145 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 04.05.2015 N 15; 18.02.2016 № 198; 11.04.2016 № 233 Жарлықтарымен.

      3. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 9 қаңтардағы N 1059 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Президенті