Жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі N 648 Жарлығы

Жаңартылған

      Ескерту. Жарлықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 11.04.2016 № 233 Жарлығымен.

      Жеке тұлғаның ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен техниканың жетістіктері негізінде қалыптасуына, дамуына және кәсіби орнығуына қосқан елеулі үлесін ескере отырып және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес қаулы етемін: Z070319 қараңыз
      1. Мына жоғары оқу орындарына:
      1) Әл-Фараби атындағы ұлттық университетіне;
      2) Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне;
      3) Қазақ ұлттық аграрлық университетіне;
      4) Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетіне;
      5) С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетіне;
      6) Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына;
      7) Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына;
      8) Қазақ ұлттық өнер университетіне;
      9) Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне;
      10) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясына;
      11) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына;
      12) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына;
      13) Қазақ ұлттық хореография академиясына ерекше мәртебе берілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2003.09.26 N 1201, 2006.07.08 N 145 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2010.06.12 N 996; 04.05.2015 N 15; 26.08.2015 N 75; 18.02.2016 № 198; 11.04.2016 № 233; 27.04.2016 N 242 Жарлықтарымен.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) алып тасталды - ҚР Президентінің 11.04.2016 № 233 Жарлығымен;
      2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2006.07.08 N 145 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 04.05.2015 N 15; 18.02.2016 № 198; 11.04.2016 № 233 Жарлықтарымен.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 9 қаңтардағы  N 1059 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті