Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 2001 жылғы 5 шілде N 648

Қолданыстағы

      Жеке тұлғаның ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен техниканың жетістіктері негізінде қалыптасуына, дамуына және кәсіби орнығуына қосқан елеулі үлесін ескере отырып және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына  сәйкес қаулы етемін:

      1. Мына мемлекеттік жоғары оқу орындарына:
      1) Әл-Фараби атындағы ұлттық университетіне;
      2) Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне;
      3) Қазақ ұлттық аграрлық университетіне;
      4) Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіне;
      5) С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетіне;
      6) Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына;
      7) Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына;
      8) Қазақ ұлттық музыка академиясына ерекше мәртебе берілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) Ерекше мәртебесі бар мемлекеттік жоғары оқу орындары туралы үлгі ережені бекітсін;
      2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.

      3. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 9 қаңтардағы N 1059  қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті