Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының арасындағы бұдан арғы ынтымақтастық туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 сәуiрдегі N 306 Қаулысы

Жаңартылған

      Ескерту. Мәтінге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.06.13. N 491 қаулысымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «Мәдениет» деген сөз «Байланыс» деген сөзбен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2010.10.26 № 1112 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясымен ("Мир" МТРК) жұмысты үйлестiру жөнiндегi уәкiлеттi орган болып белгiленсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.20. N 364 , 2005.01.28. N 73 қаулыларымен.
      2. Мемлекетаралық телерадиокомпанияның 1997 жылғы 5 қыркүйектегі Жарғысына сәйкес "Мир" МТРК Мемлекетаралық Үйлестiру Кеңесiнiң құрамына Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Болат Талапұлы Берсебаев енгiзiлсiн.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.20 N 364, 2005.01.28 N 73, 2005.11.30 N 1176, 2007.06.13 N 491, 2009.08.27 N 1253, 2010.10.26 № 1112 Қаулыларымен.
      3. Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат вице-министрі Нұрай Нұрғожаұлы Оразов Қазақстан Республикасының "Мир" МТРК Жалпы жиналысындағы өкiлеттi өкiлi болып бекiтiлсiн.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.20 N 364; 2005.01.28 N 73; 2007.06.13 N 491; 2009.06.15 N 907, 2010.10.26 № 1112 Қаулыларымен.
      4. алынып тасталды
      Ескерту. 4-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.03.20. N  364 қаулысымен.
      5. 2011 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі "Мир" МТРК-ның Қазақстан Республикасының аумағында болуының шарттары туралы келiсiмнiң жобасын әзірлесін.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.20 N 364, 2005.01.28 N 73, 2010.10.26 № 1112 Қаулыларымен.
      6. "Мир" МТРК-ның Қазақстан Республикасының аумағында болуының шарттары туралы келiсiмдi жасасу жөнiндегi өкiлеттiктер және осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлiгiне жүктелсiн.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.20. N 364 , 2005.01.28. N 73 қаулыларымен.
      7. "Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 23 маусымдағы N 533 қаулысының   4, 5, 6 және 7-тармақтарының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 24, 298-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
      Ескерту. Қаулыға өзгерту енгізілді - Қазақстан Респеубликасы Үкіметінің 2002.06.29. N 710 қаулысымен .

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi