Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 сәуірдегі N 306 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 маусымдағы N 907 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының арасындағы бұдан арғы ынтымақтастық туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 сәуірдегі N 306 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 11, 84-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      3-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы Жанна Дулатқызы Құрманғалиева" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов