Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 сәуірдегі N 306 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 маусымдағы N 491 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясы арасындағы бұдан арғы ынтымақтастық туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 сәуірдегі N 306  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 11, 84-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      мәтіндегі "Мәдениет, ақпарат және спорт" деген сөздер»"Мәдениет және ақпарат" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы»"Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт бірінші вице-министрі Байжанов Ерлан Сапарұлы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Нұрай Нұрғожаұлы Оразов" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы»"Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт вице-министрі Ардақ Дүкенбайұлы Досжан" деген сөздер»"Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі