Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының арасындағы бұдан арғы ынтымақтастық туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 9 сәуiр N 306

Жаңартылған

       Ескерту. Мәтінге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.06.13. N  491  қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясымен ("Мир" МТРК) жұмысты үйлестiру жөнiндегi уәкiлеттi орган болып белгiленсiн. 
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.20. N  364 , 2005.01.28.  N 73  қаулыларымен.
      2. Мемлекетаралық телерадиокомпанияның 1997 жылғы 5 қыркүйектегі Жарғысына сәйкес "Мир" МТРК Мемлекетаралық Үйлестiру Кеңесiнiң құрамына Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Нұрай Нұрғожаұлы Оразов енгiзiлсiн. 
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.20. N  364 , 2005.01.28.  N 73 , 2005.11.30. N  1176 , 2007.06.13. N  491  қаулыларымен.
      3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров Қазақстан Республикасының "Мир" МТРК Жалпы жиналысындағы өкiлеттi өкiлi болып бекiтiлсiн. 
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.20. N  364 , 2005.01.28.  N 73 , 2007.06.13. N  491   қаулыларымен.
      4.  алынып тасталды
      Ескерту. 4-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.03.20. N  364  қаулысымен.
      5. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлiгiне "Мир" МТРК-ның Қазақстан Республикасының аумағында болуының шарттары туралы келiсiмнiң жобасын әзiрлеу тапсырылсын. 
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.20. N  364 , 2005.01.28.  N 73   қаулыларымен.
      6. "Мир" МТРК-ның Қазақстан Республикасының аумағында болуының шарттары туралы келiсiмдi жасасу жөнiндегi өкiлеттiктер және осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлiгiне жүктелсiн.
       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.20. N  364 , 2005.01.28.  N 73   қаулыларымен.
      7. "Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 23 маусымдағы N 533  қаулысының   4, 5, 6 және 7-тармақтарының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 24, 298-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
       Ескерту. Қаулыға өзгерту енгізілді - Қазақстан Респеубликасы Үкіметінің 2002.06.29. N  710   қаулысымен

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi