Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 сәуірдегі N 306 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы N 1253 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының арасындағы бұдан арғы ынтымақтастық туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 сәуірдегі N 306 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 11, 84-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақтағы "Нұрай Нұрғожаұлы Оразов" деген сөздер "Бауыржан Жұмаханұлы Омаров" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов