Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының арасындағы бұдан арғы ынтымақтастық туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 сәуiрдегі N 306 Қаулысы

Жаңартылған

      Ескерту. Мәтінге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.06.13. N 491 қаулысымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «Мәдениет» деген сөз «Байланыс» деген сөзбен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2010.10.26 № 1112 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң атынан Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясымен жұмысты үйлестiру жөніндегі уәкiлеттi орган болып белгiленсiн.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.10.08 № 1264 Қаулысымен.
      2. Мемлекетаралық телерадиокомпанияның 1997 жылғы 5 қыркүйектегі Жарғысына сәйкес Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының Мемлекетаралық үйлестiру кеңесiнiң құрамына Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Болат Серікұлы Қалианбеков енгiзiлсiн.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.10.08 № 1264 Қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасының «Мир» мемлекетаралық телерадиокомпаниясының жалпы жиналысындағы өкілетті өкілі болып бекітілсін.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.10.08 № 1264 Қаулысымен.
      4. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.03.20 N 364 Қаулысымен.
      5. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.06.17 N 663 Қаулысымен.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне жүктелсін.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.10.08 № 1264 Қаулысымен.
      7. "Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 23 маусымдағы N 533 қаулысының   4, 5, 6 және 7-тармақтарының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 24, 298-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
      Ескерту. Қаулыға өзгерту енгізілді - Қазақстан Респеубликасы Үкіметінің 2002.06.29. N 710 қаулысымен .

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi