Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының арасындағы бұдан арғы ынтымақтастық туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 9 сәуiр N 306

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясымен ("Мир" МТРК) жұмысты үйлестiру жөнiндегi уәкiлеттi орган болып белгiленсiн.
      2. Мемлекетаралық телерадиокомпанияның 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарғысына сәйкес "Мир" МТРК Мемлекетаралық Үйлестiру Кеңесiнiң құрамына Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрi - А.С. Сәрсенбаев енгiзiлсiн.
      3. "Хабар" агенттiгi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының Бас директоры Д.Н. Назарбаева Қазақстан Республикасының "Мир" МТРК Жалпы жиналысындағы өкiлеттi өкiлi болып бекiтiлсiн.
      4. Е.Қ. Бекқожин "Мир" МТРК-ның Қазақстан Республикасындағы Ұлттық филиалының директоры болып бекiтiлсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiне "Мир" МТРК-ның Қазақстан Республикасының аумағында болуының шарттары туралы келiсiмнiң жобасын әзiрлеу тапсырылсын.
      6. "Мир" МТРК-ның Қазақстан Республикасының аумағында болуының шарттары туралы келiсiмдi жасасу жөнiндегi өкiлеттiктер және осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiне жүктелсiн.
      7. "Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 23 маусымдағы N 533 P930533_ қаулысының 4, 5, 6 және 7-тармақтарының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 24, 298-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi