Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының арасындағы бұдан арғы ынтымақтастық туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 9 сәуiр N 306

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясымен ("Мир" МТРК) жұмысты үйлестiру жөнiндегi уәкiлеттi орган болып белгiленсiн. <*>
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.20. N 364 қаулысымен .
      2. Мемлекетаралық телерадиокомпанияның 1997 жылғы 5 қыркүйектегі Жарғысына сәйкес "Мир" МТРК Мемлекетаралық Үйлестiру Кеңесiнiң құрамына Қазақстан Республикасының Ақпарат бірінші вице-министрі Олег Григорьевич Рябченко енгiзiлсiн. <*>
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.20. N 364 қаулысымен .
      3. Қазақстан Республикасының Ақпарат вице-министрі Ардақ Дүкенбайұлы Досжан Қазақстан Республикасының "Мир" МТРК Жалпы жиналысындағы өкiлеттi өкiлi болып бекiтiлсiн. <*>
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.20. N 364 қаулысымен .
      4. <*>
      5. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгiне "Мир" МТРК-ның Қазақстан Республикасының аумағында болуының шарттары туралы келiсiмнiң жобасын әзiрлеу тапсырылсын. <*>
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.20. N 364 қаулысымен .
      6. "Мир" МТРК-ның Қазақстан Республикасының аумағында болуының шарттары туралы келiсiмдi жасасу жөнiндегi өкiлеттiктер және осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгiне жүктелсiн. <*>
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.20. N 364 қаулысымен .
      7. "Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 23 маусымдағы N 533 қаулысының   4, 5, 6 және 7-тармақтарының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 24, 298-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
      ЕСКЕРТУ. Қаулы өзгерді - Қазақстан Респеубликасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 маусымдағы N 710 қаулысымен .

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi