Ескерту. Мәтінге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.06.13. N 491 қаулысымен.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «Мәдениет» деген сөз «Байланыс» деген сөзбен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2010.10.26 № 1112 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясымен ("Мир" МТРК) жұмысты үйлестiру жөнiндегi уәкiлеттi орган болып белгiленсiн.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.20. N 364 , 2005.01.28. N 73 қаулыларымен.
2. Мемлекетаралық телерадиокомпанияның 1997 жылғы 5 қыркүйектегі Жарғысына сәйкес "Мир" МТРК Мемлекетаралық Үйлестiру Кеңесiнiң құрамына Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Болат Талапұлы Берсебаев енгiзiлсiн.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.20 N 364, 2005.01.28 N 73, 2005.11.30 N 1176, 2007.06.13 N 491, 2009.08.27 N 1253, 2010.10.26 № 1112 Қаулыларымен.
3. Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат вице-министрі Ләззат Мұратқызы Танысбай Қазақстан Республикасының «Мир» мемлекетаралық телерадиокомпаниясының жалпы жиналысындағы өкілетті өкілі болып бекітілсін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.30 № 1686 Қаулысымен.
4. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.03.20 N 364 Қаулысымен.
5. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.06.17 N 663 Қаулысымен.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігіне жүктелсін.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.06.17 N 663 Қаулысымен.
7. "Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 23 маусымдағы N 533 қаулысының 4, 5, 6 және 7-тармақтарының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 24, 298-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
Ескерту. Қаулыға өзгерту енгізілді - Қазақстан Респеубликасы Үкіметінің 2002.06.29. N 710 қаулысымен .
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi