Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының арасындағы бұдан арғы ынтымақтастық туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 9 сәуiр N 306

Жаңартылған
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясымен ("Мир" МТРК) жұмысты үйлестiру жөнiндегi уәкiлеттi орган болып белгiленсiн. <*>
      2. Мемлекетаралық телерадиокомпанияның 1997 жылғы 5 қыркүйектегі Жарғысына сәйкес "Мир" МТРК Мемлекетаралық Үйлестiру Кеңесiнiң құрамына Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім бірінші вице-министрі Олег Григорьевич Рябченко енгiзiлсiн. <*>
      3. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі Ардақ Дүкенбайұлы Досжан Қазақстан Республикасының "Мир" МТРК Жалпы жиналысындағы өкiлеттi өкiлi болып бекiтiлсiн.
      4. Е.Қ. Бекқожин "Мир" МТРК-ның Қазақстан Республикасындағы Ұлттық филиалының директоры болып бекiтiлсiн. <*>
      5. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiне "Мир" МТРК-ның Қазақстан Республикасының аумағында болуының шарттары туралы келiсiмнiң жобасын әзiрлеу тапсырылсын. <*>
      6. "Мир" МТРК-ның Қазақстан Республикасының аумағында болуының шарттары туралы келiсiмдi жасасу жөнiндегi өкiлеттiктер және осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiне жүктелсiн. <*>
      7. "Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының мәселелерi"

туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 23
маусымдағы N 533  

P930533_

  қаулысының  4, 5, 6 және 7-тармақтарының
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 24, 298-құжат) күшi
жойылған деп танылсын.
     ЕСКЕРТУ. Қаулы өзгерді - Қазақстан Респеубликасы Үкіметінің 2002      
              жылғы 29 маусымдағы N 710  

P020710_

  қаулысымен.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi