Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының арасындағы бұдан арғы ынтымақтастық туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 9 сәуiр N 306

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт  министрлiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясымен ("Мир" МТРК) жұмысты үйлестiру жөнiндегi уәкiлеттi орган болып белгiленсiн. 
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.20. N  364 , 2005.01.28.  N 73   қаулысымен .
      2. Мемлекетаралық телерадиокомпанияның 1997 жылғы 5 қыркүйектегі Жарғысына сәйкес "Мир" МТРК Мемлекетаралық Үйлестiру Кеңесiнiң құрамына Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт бірінші вице-министрі Байжанов Ерлан Сапарұлы енгiзiлсiн. 
       Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.20. N  364 , 2005.01.28.  N 73 , 2005.11.30. N  1176   қаулыларымен .
      3. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт вице-министрі Ардақ Дүкенбайұлы Досжан Қазақстан Республикасының "Мир" МТРК Жалпы жиналысындағы өкiлеттi өкiлi болып бекiтiлсiн. 
       Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.20. N  364 , 2005.01.28.  N 73   қаулысымен .
      4. <*> 
      5. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiне "Мир" МТРК-ның Қазақстан Республикасының аумағында болуының шарттары туралы келiсiмнiң жобасын әзiрлеу тапсырылсын. 
       Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.20. N  364 , 2005.01.28.  N 73   қаулысымен .
      6. "Мир" МТРК-ның Қазақстан Республикасының аумағында болуының шарттары туралы келiсiмдi жасасу жөнiндегi өкiлеттiктер және осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiне жүктелсiн. <*> 
       Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.20. N  364 , 2005.01.28.  N 73   қаулысымен .
      7. "Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 23 маусымдағы N 533  қаулысының   4, 5, 6 және 7-тармақтарының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 24, 298-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
       Ескерту. Қаулыға өзгерту енгізілді - Қазақстан Респеубликасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 маусымдағы N  710   қаулысымен

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi