Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 наурыздағы N 364 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2004 жылғы 20 наурыздағы
N 364 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасының кейбiр шешімдеріне
енгізілетін өзгерiстер

      1. "Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының арасындағы бұдан арғы ынтымақтастық туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 9 сәуiрдегi N 306 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 11, 84-құжат):

      1, 2, 3, 5, 6-тармақтарда "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм" деген сөздер "Ақпарат" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4-тармақ алынып тасталсын.

      2. (Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 1261 Қаулысымен).

      3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына :

      көрсетiлген қаулыға қосымшада:

      "Қазақстан Республикасының Ақпаратминистрлiгiне" деген бөлiмде:

      реттiк нөмiрлерi 224-8, 224-9, 224-10, 224-11, 224-12, 224-13, 224-14, 224-15-жолдар алынып тасталсын;

      реттiк нөмiрi 224-16-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "224-16 СТЛ-000337 "Қазақстан"

      республикалық

      телерадиокорпорациясы" ЖАҚ".

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.
      5. 5-тармақтың күші жойылды - Қазақстан Республикаксы Үкіметінің 2008.12.01 N 1122 Қаулысымен.
      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.04.2022 № 199 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.

      8. "Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттiк қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 17 наурыздағы N 253 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 11, 126-құжат):

      1) 3, 4-тармақтарда "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм" деген сөздер "Ақпарат" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттiк қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасында:

      "Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде:

      реттiк нөмiрлерi 4, 7, 8, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 17, 18, 19, 23-жолдарда:

      "Орындалуына жауаптылар" және "Болжамды шығыстар" деген бағандарда "МАҚКМ" деген аббревиатура "Ақпаратминi" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "Қабылданған қысқартулар" деген бөлiм мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Ақпаратминi - Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi".

      9. 9-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.26. N 633 Қаулысымен.
      10. 10-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.11.15. N 1082 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледi) қаулысымен.