Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1300 Қаулысы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентi бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсін:

      1) "Үкімет пен Премьер-Министрдiң нормативтiк құқықтық актiлерінiң жобаларын дайындаудың және келiсудiң тәртiптерi мен оларды ресiмдеудiң ережелерi (заңдық техникасы) туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 22 шілдедегi N 678 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 23, 199-құжат):

      қазақ тiлiндегi мәтiннің тақырыбы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнің жобаларын ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулықты (заңдық техникасы) бекiту туралы";

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Үкiметтiң қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын дайындаудың және келiсудiң тәртiптерi мен оларды ресiмдеудiң ережелерi (заңдық техникасы) туралы нұсқаулықта:

      қазақ тiлiндегi мәтiннiң тақырыбы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнің жобаларын ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулық (заңдық техникасы)";

      "1. Жалпы ережелер" және "2. Үкiмет пен Премьер-Министр актiлерiнiң жобаларын дайындаудың және олардың келiсуден өтуiнiң тәртiбi" деген бөлiмдер алынып тасталсын;

      36-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Тараулардың, бөлiмдердiң, параграфтар мен бөлiмшелердiң тақырыптары алдыңғы мәтіннен - екi жол аралық интервалмен, ал келесi мәтiннен - бiр интервалмен ажыратылады.";

      42-тармақта "тақырыптан" деген сөзден кейiн ", тараулардың, бөлiмдердiң, параграфтар мен бөлiмшелердiң атауларынан" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi N 1376 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 40, 455-құжат):

      6-тармақта "40-1-тармағының" деген сөздер "69-тармағының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:

      4-тармақтың сегiзiншi абзацында "бiр айлық" деген сөздер "15 күндiк" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмысын ұйымдастыру ережесiнде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Үкiмет Парламенттiң қарауына енгiзетін заң жобалары бойынша "Норма шығармашылығы қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Үкiметтiң 2002 жылғы 30 мамырдағы N 598 қаулысымен бекiтiлген Заң жобаларына ғылыми сараптама жүргiзу ережесiне сәйкес заң жобасында реттелетiн құқықтық қатынастарға қарай тиiстi ғылыми сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа) жүргiзу мiндеттi. Бұл ретте қабылдануынан туындайтын болжамды салдарлар экологиялық, соның iшiнде радиациялық қауiпсiздiкке, қоршаған ортаны қорғауға қауiп төндiруi мүмкiн заңнамалық кесiмдердiң жобалары мiндеттi түрде экологиялық сараптама жасауға жатады. Заң жобасын әзiрлеушi оны мүдделi мемлекеттiк органдармен келiскенге дейiн жобаның тиiстi сараптамасы жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi, оның нәтижелерi бойынша қорытынды заң жобасына басқа да материалдармен бiрге мемлекеттiк және орыс тілдерiнде ұсынылады.";

      9 және 10-тармақтар алынып тасталсын;

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Заң жобасын мемлекеттiк органдармен келiсу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентiнде белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.";

      3) "Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 168 қаулысында:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Көрсетiлген нұсқаулықтардың талаптары оларға қатысты бөлiгiнде барлық мемлекеттiк органдар үшiн мiндеттi деп белгiленсiн.";

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде iс жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықта:

      12-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кеңсеге енгiзiлетiн Үкiмет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің жобаларына, сондай-ақ оларға қосымшалардың әрбiр парағына жобаны әзiрлеушi мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы не оның мiндетiн атқарушы адам алдын ала қол қоюға тиiс.";

      17-тармақта "Қаржы министрлiгiн, Экономика министрлiгiн" деген сөздер "Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Кеңседе Yкiмет қаулыларының және Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобалары бойынша сараптама жүргiзу (соның iшiнде қорытындылар дайындау) мерзiмдерi Үкiметтiң Регламентiнде белгiленген.

      Сараптаманы қоса алғанда Кеңседе жобалардың өту мерзiмдерi (жобаның тiркелген күнiнен бастап қол қойылған құжатты шығаруға тапсырғанға дейiн): Yкiмет қаулыларының жобалары мен заң жобалары үшiн - 15 жұмыс күнiнен, Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобалары үшiн - 10 жұмыс күнiнен аспауға тиiс. Жобалар мәтiнiнiң көлемi үлкен және күрделi болуына байланысты өту мерзiмдерiн Кеңсе Басшысы не оның мiндетiн атқарушы адам ұзартуы мүмкiн.";

      89-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Үкімет пен Премьер-Министрдiң нормативтiк құқықтық кесiмдерi жобаларын дайындау және келiсу тәртiбiне, оларды ресiмдеу (заңи техника) ережесi туралы нұсқаулықтың" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулықтың (заңдық техникасы)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      90-тармақтың екiншi сөйлемi алынып тасталсын;

      104-тармақтың үшiншi абзацындағы "министрлiктер мен ведомстволарға" деген сөздер алынып тасталсын;

      137, 140-тармақтардағы және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде iс жүргiзу жөнiндегi нұсқаулыққа 12-қосымшаның 1-тармағындағы "РМК" деген аббревиатура "РМҚК" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде есептеу техникасы құралдарын қолдану арқылы іс жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықта:

      17-тармақтың 2) тармақшасында "республикалық мемлекеттiк" деген сөздерден кейiн "қазыналық" деген сөзбен толықтырылсын;

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықта:

      1-тармақта "сауал салуларының" деген сөздерден кейiн ", депутаттар бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкiметтiң қорытындысын беру туралы өтiнiшпен Парламент Палаталары хаттарының" деген сөздермен толықтырылсын, "(бұдан әрi - бақылаудағы құжаттар)" деген сөздер алынып тасталсын;

      2-тармақта "орындалу мерзiмiн" деген сөздер "орындалуын" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде (бұдан әрi - Кеңсе) бақылау жұмысын үйлестiрудi Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi жүзеге асырады, ол мынадай құжаттарды (бұдан әрi - бақылаудағы құжаттар) бақылауға алады:

      1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Үкiметке немесе оның басшылығына тапсырма беретiн кесiмдерiн;

      2) мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға тапсырмалары бар Үкiметтiң қаулыларын, Үкiмет мәжiлiстерiнiң хаттамаларын, Премьер-Министрдiң өкiмдерiн;

      3) Президенттiң Үкiметке немесе оның басшылығына, Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының, Президент Әкiмшiлiгi басшылығының және Кеңсе Басшысының не оны алмастыратын адамның орындалу мерзiмдерi көрсетiлген немесе бақылауға алу туралы нұсқаулары, "шұғыл", "баяндалсын", "ұсыныстар енгiзiлсiн" деген белгiлерi бар тапсырмалары (соның ішінде мәжілiстер хаттамалары мен iс-шаралар жоспарларында қамтылған), сондай-ақ мазмұнынан оларды бақылауға қою қажеттiгi туындайтын тапсырмаларды;

      4) Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының сауалдары, депутаттар бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкiметтiң қорытындысын беру өтiнiшiмен Парламент Палаталарының хаттарын.";

      8-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

      "Құрылымдық бөлiмшелер - тапсырмаларды бiрге орындаушылар жинақтауды жүзеге асыратын бөлiмшеге өз ұсыныстарын тапсырманың белгіленген орындалу мерзiмi өткенге дейiн бiр күннен кешiктiрмей енгiзедi.";

      12-тармақтың бiрiншi абзацында:

      "Сараптама жүргiзудiң" деген сөздер "Жауаптардың (есептердiң) сараптамасын жүргізудiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Кеңседе тiркелген күнiнен бастап" деген сөздер және ", ал заң жобалары үшін - он күннен" деген сөздер алынып тасталсын;

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Бақылаудағы құжаттарды бақылаудан алу, орындалу мерзiмдерiн ұзарту мен орындалуы туралы жауаптарды (есептердi) ұсыну Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентiне сәйкес жүзеге асырылады.";

      22, 23, 24 және 25-тармақтар алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтардың өтiнiштерiн қарау және олардың орындалуын бақылау тәртiбi туралы нұсқаулықта:

      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

      "16-1. Азаматтардың хаттары мен өтiнiштерiн қарау және оларға Басшылық тапсырмаларының орындалуы мерзiмдерiн бақылауды Кеңсенің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi жүзеге асырады.";

      17, 18, 19, 20, 22 және 23-тармақтар алынып тасталсын;

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. "Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi N 974 қаулысына сәйкес орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары азаматтарды жеке қабылдауды тiкелей өздерi басқаратын органдарда жүргiзедi".

      3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 10 желтоқсандағы
N 1300 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
РЕГЛАМEHTI
1. Жалпы ережелер

      Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.06.30. N 550 қаулысымен.

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - Үкімет) алқалы орган болып табылады, Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық етеді.

      2. Үкіметтің қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдерімен және осы Регламентпен реттеледі.

      3. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (бұдан әрі - Премьер-Министр) мен Үкіметтің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, құжаттамалық және өзге де қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі (бұдан әрі - Кеңсе) жүзеге асырады.

      4. Құпия және құпия емес іс қағаздарын ұйымдастыруды және жүргізуді, Премьер-Министрге, оның орынбасарларына және Кеңсе Басшысына арналған хат-хабарларды, оның ішінде әр түрлі байланыс және деректер беру арналары арқылы келіп түсетін хабарларды қабылдауды, өңдеу мен таратуды Кеңсе Үкімет белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      5. Соттарда Премьер-Министрдің, оның орынбасарының немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет пен Премьер-Министрдің мүдделерін білдіруді және қорғауды, сондай-ақ Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша конституциялық іс жүргізуге қатысуды талқылау мәні болған мәселелер құзыретіне енетін мемлекеттік орган жүзеге асырады. Әділет министрлігі тиісті мемлекеттік органға құқықтық және консультациялық көмек көрсетеді.

      6. Үкіметтің нормативтік құқықтық актілеріне ресми түсініктеме беруді Үкіметтің немесе Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Әділет министрлігі жүзеге асырады.

      7. Үкіметтің құзыретіне енетін кадр мәселелерін шешу Қазақстан

      Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Премьер-Министр, оның орынбасары және Кеңсе Басшысы өз

      құзыретіне енетін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының барлық

      мемлекеттік органдары мен ұйымдарының басшыларына, жауапты хатшыларға (жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға) олармен алдын ала келіспей-ақ орындалуға міндетті тапсырмалар бере алады.

      9. Үкіметтің қаулысы оның ұжымдық заңды пікірін білдіруі тиістілігіне байланысты қаулылардың жобалары бойынша, сондай-ақ заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің және Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкімет қорытындыларының жобалары бойынша Үкімет мүшелерінің дауыс беруі жүргізіледі.

      10. Министрліктер мен Үкіметтің құрамына кірмейтін өзге орталық атқарушы органдар аппараттарының қызметін ведомствоаралық үйлестіруді Кеңсе Басшысы жауапты хатшылармен (жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын лауазымды тұлғалармен) кеңестер өткізу және Кеңсе Басшысының тиісті тапсырмалары жолымен жүзеге асырады.

2. Кіріс хат-хабарларын қарау

      11. Премьер-Министрдің және оның орынбасарларының (бұдан әрі - Үкімет басшылығы) атына жіберілген хат-хабарларды (оның ішінде электрондық құжат форматында келіп түсетін) Кеңсе алдын ала қарайды.

      Кіріс, шығыс (ішкі) хат-хабарларды және өзге де қызметтік құжаттарды қарау және олардың өтуі Қазақстан Республикасының " Әкімшілік рәсімдер туралы " 2000 жылғы 27 қарашадағы N 107 , " Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 заңдарына, осы Регламентке және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 168 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа (бұдан әрі - Кеңседе іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық) сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      12. Кеңсе:

      өтініш берушілердің немесе өзге де мемлекеттік органдардың ерекше құзыретіне енетін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың өтініштерін;

      әзірлеуші мемлекеттік органдардың мүдделі мемлекеттік органдардың немесе жұмыс органдары орталық атқарушы органдар болып табылатын ведомствоаралық комиссиялардың олар дайындаған нормативтік құқықтық актілердің және өзге де құжаттардың жобаларын қарау туралы тапсырма беруін сұрайтын өтініштерді;

      мемлекеттік органдардың, облыстар мен Астана және Алматы қалалары әкімдерінің немесе жекелеген заңды тұлғалардың Үкімет немесе Премьер-Министр шешімдерінің қабылдануын талап ететін, оның ішінде республикалық бюджеттен және Үкіметтің резервінен қаражат бөлу туралы, бірақ өтініштерде көтерілетін мәселелер құзыретіне енетін орталық атқарушы органдарда пысықталмаған өтініштерін;

      берілуі белгіленген есептілікте көзделмеген ақпаратты;

      Үкіметтің бақылауына алынбаған тапсырмалардың орындалуы жөніндегі ақпаратты;

      салықтарды төлеу мерзімін ұзарту туралы, салықтар мен кедендік төлемдер бойынша мерзімін ұзарту және/немесе жеңілдіктер беру туралы өтініштерді;

      жабық конверттердегі хат-хабарларды (құпия, кадр мәселелері бойынша және басқа қаладан келгендерді, сондай-ақ соттар жібергендерді қоспағанда);

      осы Регламенттің және Кеңседе іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын бұза отырып дайындалған құжаттарды қайтаруға құқылы.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      13. Кеңсе:

      облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне тиісінше аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің, Астана және Алматы қалаларының аудандары әкімдерінің, аудандық маңызы бар қалалар аудандары әкімдерінің, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкімдерінің олармен және тиісті мемлекеттік органдармен келісілмеген өтініштерін;

      кейіннен авторына хабарлай отырып, мәселенің мән-жайы бойынша қарау үшін тиісті мемлекеттік органға орталық және жергілікті атқарушы немесе өзге де мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын және олар бойынша Үкімет немесе Премьер-Министр шешімдерінің қабылдануын талап етпейтін мәселелер бойынша Үкімет басшылығына арналған заңды және жеке тұлғалардың хаттары мен өтініштерін жібереді.

      14. Кеңсе Үкімет басшылығына және Кеңсе Басшысына арналған:

      мемлекеттік органның (ұйымның) бірінші басшысы немесе бірінші басшының міндетін атқару ресми түрде жүктелген тұлға, Үкімет басшылығына және Кеңсе Басшысына арналған құжаттарға қол қоюға бірінші басшы ресми түрде өкілеттік берген тұлға (бұдан әрі - басшы);

      өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жауапты хатшы; U070372

      министрліктің немесе агенттіктің Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген және жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын лауазымды тұлға қол қойған құжаттарды қабылдайды.

      15. Тиісті шешім қабылдау үшін Үкімет басшылығының атына

      бастамашылық тәртіппен жіберілетін хат-хабарды мемлекеттік органдар

      мынадай жағдайларда енгізеді:

      1) егер мәселені шешу Үкіметтің тікелей құзыретіне енсе, енгізіп отырған мемлекеттік орган оны өзінің өтінішінде көрсетеді;

      2) орталық атқарушы органдардың арасында қағидатты сипаттағы және қаржылық қамтамасыз ету мәселелері бойынша еңсерілмес келіспеушіліктер болған кезде;

      3) егер мәселені шешу мемлекеттік органдар арасындағы үйлестіруді талап етсе.

      Мұндай жағдайларда хат-хабар шешім қабылдау үшін мәселенің мазмұнына қарай және Премьер-Министр, оның орынбасары және Кеңсе Басшысы арасында міндеттерді бөлуге сәйкес Премьер-Министрге немесе оның орынбасарына жіберілуі тиіс.

      16. Ведомстволар тиісті мемлекеттік органның басшысының келісімі (ведомствоның хатында бұрыштамасы) болған кезде ғана, сондай-ақ Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының олардың атына берген тікелей тапсырмаларына жауап жіберген кезде өз бетінше Үкіметтің атына өтініш білдіре алады. Мемлекеттік органдардың өзге де құрылымдық бөлімшелерінің Үкіметтің атына өз бетінше өтініш білдіруге құқығы жоқ.

      17. Орталық атқарушы органдар мен олардың ведомстволары өздеріне келіп түсетін хаттарды, өтініштерді және өзге де құжаттарды қарайды әрі өздерінің ережелеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес олардың құзыретіне енетін барлық мәселелер бойынша өз бетінше шешімдер қабылдайды.

      Орталық атқарушы органдар олардың бірлескен құзыретіне енетін мәселелерді шешу үшін қажет болған кезде белгіленген тәртіппен олардың басшылары қол қойған бірлескен бұйрықтар түрінде шешімдер қабылдайды.

      Орталық атқарушы органдар өз бетінше шешуі тиіс мәселелер бойынша Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдері қабылданбайды.

3. Үкімет мәжілістері
3.1. Үкімет мәжілістерін жоспарлау

      18. Үкімет мәжілістерінде қарауға арналған мәселелер заңнамада

      белгіленген Үкімет өкілеттіктерін ескере отырып анықталады.

      19. Үкімет мәжілістерінде қарауға арналған мәселелердің тоқсан сайынғы тізбесі жоспарланатын тоқсанның алдындағы айдың 20-күнінен кешіктірмей Кеңсеге енгізілетін Үкімет мүшелері мен агенттіктер төрағаларының ұсыныстары негізінде Премьер-Министрдің өкімімен бекітіледі.

      Жоспарланған мәселелердің бекітілген тізбесі Үкімет мүшелеріне, агенттіктердің төрағаларына, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне және қажет болған кезде басқа да мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың басшыларына жөнелтіледі.

      Жоспарланған мәселені қараудан алу немесе оны қарауды басқа мерзімге ауыстыру туралы шешімді мәселені дайындауға жауапты мемлекеттік органның басшысы қол қойған және мәжіліс өткізілетін күнге дейін 5 (бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей енгізілген, Премьер-Министрдің атына жазылған жазбаша өтініш негізінде Премьер-Министр не онымен келісім бойынша Кеңсе Басшысы қабылдайды. Көрсетілген шешім туралы өзінің құзыретіне орай мүдделі мемлекеттік органдар хабардар етіледі.

      Осы тармақта белгіленген тәртіп кезектен тыс тәртіппен жоспарланған Үкімет мәжілістеріне қолданылмайды.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      20. Кезектен тыс Үкімет мәжілістері Қазақстан Республикасы Президентінің (бұдан әрі - Президент) не Премьер-Министрдің бастамасы бойынша шақырылады.

3.2. Үкімет мәжілістерін дайындау және өткізу тәртібі

      21. Үкімет мәжілістері Үкімет мәжілістерінде қарауға арналған

      мәселелердің тоқсан сайынғы тізбесіне сәйкес немесе қажет болған кезде, бірақ кемінде айына бір рет өткізіледі және оны Премьер-Министр не Президент шақырады.

      22. Үкімет мәжілістеріне Премьер-Министр, ал ол болмаған кезде

      Премьер-Министрдің орынбасары төрағалық етеді.

      Мәжілістерге Президент қатысқан кезде Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр төрағалық етеді.

      Үкімет мәжілістері ашық болып табылады әрі мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Президенттің не Премьер-Министрдің бастамасы бойынша Үкіметтің жабық мәжілістері өткізілуі мүмкін.

      23. Мәжіліс, егер оған Үкімет мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады. Үкімет мүшелері мәжілістерге алмастыру құқығынсыз қатысады.

      24. Үкімет мәжілістеріне, әдетте, Премьер-Министрмен келісілген тізім бойынша агенттіктердің төрағалары (жауапты хатшылар немесе жауапты хатшының функцияларын орындауға уәкілетті лауазымды тұлғалар), Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысады.

      Үкімет мәжілістеріне Мемлекет басшысының актілерімен осындай құқық берілген лауазымды тұлғалар да қатыса алады.

      Үкімет мәжілістеріне Кеңсенің шақыруы бойынша Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары, Кеңсе қызметкерлері мен өзге де адамдар қатыса алады.

      Үкімет мәжілістеріне шақырылғандардың тізімін анықтау немесе нақтылау жөніндегі ұсынысты мәселені дайындауға жауапты мемлекеттік орган талқыланатын мәселелерге қарай мәжіліске дейін 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей енгізеді.

      Үкімет мәжілісіне шақырылғандардың тізіміне Премьер-Министрмен келісім бойынша Кеңсе Басшысы қол қояды. Шақырылғандардың Үкімет мәжілісіне қатысуын Кеңсе қамтамасыз етеді.

      Үкіметтің мәжілістеріне қатысатын шақырылған адамдарды Кеңсе тіркейді.

      Жабық мәжілістерді өткізу және құпия мәселелерді талқылау құпиялылық режимінің талаптарын сақтай отырып және мәжіліске кіруді шектеумен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 24-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      25. Үкімет мәжілісінде қарауға дайындалған материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде мәжіліске дейінгі 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей Кеңсеге енгізіледі. Кеңсе Премьер-Министрмен не Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлғамен келісім бойынша Кеңсе Басшысы бекітетін мәжілістің күн тәртібінің жобасын жасайды, күн тәртібін тиісті материалдармен бірге Үкімет мүшелеріне және Кеңсе Басшысы қол қойған мәжіліске шақырылғандардың тізіміне сәйкес басқа да лауазымды тұлғаларға дереу жолдайды.

      Үкіметтің мәжілісіне материалдар уақтылы тапсырылмаған, сондай-ақ сапасыз және толық емес көлемде тапсырылған жағдайда Премьер-Министр не онымен келісім бойынша Кеңсе Басшысы жоспарланған мәселені қараудан алу немесе оны қарауды басқа мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылдайды.

      Үкіметтің мәжілістеріне материалдардың уақтылы тапсырылмағаны үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жауапкершілік жүктеледі.

      Премьер-Министрдің не Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлғаның тапсырмасы бойынша Үкімет мәжілісі шұғыл түрде өткізілетін айрықша жағдайларда материалдар Кеңсеге ол өткізілетін күні енгізілуі мүмкін және Үкімет мәжілісіне қатысушыларға мәжілісте тікелей жеткізіледі.

      Ескерту. 25-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      26. Үкімет мәжілісінде қарауға дайындалған материалдар Үкімет

      мәжілісінде қаралатын мәселелер бойынша хаттамалық шешімнің жобасын,

      анықтамаларды (5 беттен аспайтын көлемде), салыстырма кестелерді, слайдтарды, ақпараттық (талдамалық) және басқа да материалдарды қамтуға тиіс. Үкімет мәжілісінде қарауға дайындалатын материалдарға қойылатын талаптар Кеңседе іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықпен айқындалады.

      Ескерту. 26-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      27. Үкімет мәжілісіне құпия материалдар Кеңсеге Қазақстан

      Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі

      нұсқаулықтың талаптарына сәйкес енгізіледі.

      28. Мәжіліске қатысып отырғандар өздерінің атына немесе өздері білдіріп отырған органдардың (ұйымдардың) атына тапсырмалар мен олардың орындалу мерзімінің деректер жазбасын жүргізуі тиіс.

      29. Үкімет мәжілісінде қабылданған шешімдер хаттамамен ресімделеді. Хаттамалар Үкімет мәжілісінің стенограммасы негізінде және оған сәйкес дайындалады. Премьер-Министрде болатын кеңестердің хаттамасын дайындау кезінде осындай тәртіп қолданылады.

      30. Елтаңбалық бланкіге шығарылған хаттамаға орындаушы, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (өздерінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша), Кеңсе Басшысының орынбасары (міндеттерді бөлуге сәйкес), Премьер-Министрдің орынбасарлары, Кеңсе Басшысы бұрыштама соғады және Премьер-Министрге қол қоюға беріледі.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

4. Үкімет қаулылары
(Премьер-Министр өкімдері)
4.1. Үкімет қаулыларының (Премьер-Министр өкімдерінің) жобаларын дайындау тәртібі

      31. Мемлекеттік органдар Үкімет қаулыларының жобаларын (бұдан әрі - қаулылардың жобалары) дайындауды Қазақстан Республикасы Конституциясының , заңнамалық актілердің, Президент актілерінің және өзге де нормативтік құқықтық актілердің негізінде және оларды орындау үшін жүзеге асырады.

      32. Қаулылардың жобаларын уәкілетті мемлекеттік органдар өз

      бастамалары бойынша немесе егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмалары бойынша әзірлейді. Қаулылардың, Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын (бұдан әрі - өкімдердің жобаларын), сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Кеңсе әзірлеуі мүмкін.

      Өкімдерінің жобаларын дайындау әкімшілік-өкімдік, жедел және жеке сипаттағы мәселелерді шешу үшін жүзеге асырылады.

4.2. Үкімет қаулыларының (Премьер-Министр өкімдерінің) жобаларын мемлекеттік органдарда келісу

      33. Қаулылар мен өкімдердің жобалары олардың заңнамада белгіленген құзыретіне орай мүдделі мемлекеттік органдармен міндетті түрде келісіледі, бұл ретте жобаны келісудегі мұндай мүдделілік жобада қаралатын мәселелердің мәні негізге алына отырып, сондай-ақ жобада мемлекеттік органдардың немесе олардың басшыларының атына тапсырмалар болған кезде белгіленеді.

      34. Әзірлеуші мемлекеттік орган қаулы (өкім) жобасының көшірмесін, оған түсіндірме жазбаны және басқа да қажетті құжаттарды тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келісуге жібереді. Қаулының (өкімнің) жобасының көшірмесін келісуге алған кезде мемлекеттік органдар олардың басқа мемлекеттік органдардың оған алдын ала бұрыштама соғуын талап етуге және үстірт және өзге де негізсіз себептермен жобаны келісуден бас тартуға тиісті емес.

      35. Орталық атқарушы органдардың Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын дайындау және келісу кезіндегі өзара іс-қимылы жауапты хатшылар (немесе жауапты хатшының функцияларын орындауға уәкілетті лауазымды тұлғалар) арқылы жүзеге асырылады.

      36. Кадрлық және ұйымдастырушылық сипаттағыны қоспағанда,

      қаулылардың жобалары Конституцияға , заңнамалық актілерге, Президенттің, Үкімет пен Премьер-Министрдің актілеріне сәйкестік мәніне заңдық сараптама жүргізуге жауапты Әділет министрлігімен, сондай-ақ Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен міндетті келісілуге тиіс. Әділет министрлігі және/немесе Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі теріс қорытынды берген кезде, егер Премьер-Министр өзгеше айқындамаса, қаулының жобасы Кеңсеге енгізілмейді.

      37. Оларды қабылдау экологиялық, оның ішінде радиациялық қауіпсіздікке, қоршаған ортаны қорғауға қатер төндіруі мүмкін салдар болжанып отырған қаулылардың жобалары уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізетін міндетті мемлекеттік экологиялық сараптама жасауға жатады. Жобаны әзірлеуші оны уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық сараптаманың нәтижелері бойынша оң қорытындысы болған кезде Үкімет басшылығының қарауына енгізеді.

      38. Дара кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын қаулылардың (өкімдердің) жобалары сараптамалық қорытынды алу үшін дара кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне жіберіледі. Дара кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары ұсынымдық сипатта болады және қаулының (өкімнің) жобасы қабылданғанға дейін оған міндетті қосымша болып табылады.

      39. Заңнамаға сәйкес Әділет министрлігінде құқықтық сараптама жасауға жататын халықаралық ұйымдарға кіру және олардан шығу, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшін жою мәселелері жөніндегі қаулылардың жобалары мүдделі мемлекеттік органдармен алдын ала келісілуге тиіс, ал құқықтық сараптамадан өткендері Сыртқы істер министрлігінде келісуге жатады. Бұл жобаларға мыналар қоса беріледі:

      1) тиісті шет мемлекетпен (мемлекеттермен) немесе халықаралық

      ұйыммен келісілген әзірлеуші органның басшысы алдын ала қол қойған

      халықаралық шарттың жобасы не Сыртқы істер министрлігі куәландырған оған сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымға кіруі немесе одан шығуы не Қазақстан Республикасының шартқа қосылуы жоспарланып отырған көп жақты халықаралық шарттың мемлекеттік, орыс және қол қойылған өзге тілдердегі (әр түрлі оқылған кезде басымдығы бар) мәтіні;

      2) Сыртқы істер министрлігі куәландырған халықаралық шарттардың көшірмелері және оларға қаулының жобасында немесе халықаралық шарттың жобасында сілтемелер бар жобаны әзірлеуші куәландырған халықаралық сипаттағы өзге де құжаттар.

      Қол қойылған халықаралық шарттардың және халықаралық сипаттағы өзге де құжаттардың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің дәлме-дәлдігін тиісінше Сыртқы істер министрлігі және әзірлеуші орган оларды Кеңсеге енгізгенге дейін қамтамасыз етеді.

      39-1. Барысында халықаралық шарттарға қол қою жоспарланатын сапар (халықаралық іс-шара) басталғанға дейін Президент пен Үкіметтің халықаралық шарттарға қол қою туралы шешімдерінің жобалары белгіленген тәртіппен мыналарға:

      1) кемінде бес апта бұрын Әділет министрлігіне;

      2) кемінде үш апта бұрын Сыртқы істер министрлігіне;

      3) кемінде екі апта бұрын Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізіледі.

      Ескерту. 39-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.
      40. (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.05 N 1161 Қаулысымен);

      41. "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру мен

      зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары жөніндегі қаулылардың

      жобаларын келісу мен енгізу мәселелері Үкімет бекіткен тиісті нұсқаулыққа сәйкес айқындалады.

      42. Ведомстволардың санын, министрліктердің, агенттіктердің, олардың басшы лауазымды тұлғаларының штат санының лимиттерін ұлғайтуды көздейтін қаулылардың жобаларын Үкімет Президентпен немесе оның уәкілеттігі бойынша Президент Әкімшілігімен келіседі.

      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      43. Әзірлеуші мемлекеттік органның қолдаухаты бойынша келісуші

      мемлекеттік органдардың келіспеушіліктерін қарау мақсатында Премьер-Министрде және оның орынбасарларында мәжіліс өткізілуі мүмкін.

      Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша кеңестер Кеңсенің Басшысында өткізілуі мүмкін, олардың нәтижелері Премьер-Министрге баяндалады.

      Ескерту. 43-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      43-1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінде және Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінде қарау процесінде Қазақстан Республикасының Президенті мен Парламентінің қарауына тиісінше Президент актілерінің жобаларын және заң жобаларын енгізу туралы қаулы жобалары тұжырымдамалық өзгерген жағдайда, олар міндетті түрде мүдделі мемлекеттік органдармен қайта келісілуге тиіс.

      Ескерту. Регламент 43-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.12.25 N 2206 Қаулысымен.

      44. Премьер-Министр не оның тапсырмасы бойынша Кеңсе Басшысы

      жедел мәселелерді шешу жөніндегі қаулылардың (өкімдердің) жобаларын

      келісудің өзге де рәсімін белгілей алады.

4.3. Үкімет қаулыларының (Премьер-Министр өкімдерінің) жобаларын мемлекеттік органдарда келісу мерзімі

      45. Қаулылардың (өкімдердің) жобаларын мемлекеттік органдарда қарау және келісу олар түскен күнінен бастап мынадай мерзімнен аспауға тиіс:

      1) осы Регламентте көзделген жағдайларды қоспағанда, қаулылардың жобалары, оның ішінде Президенттің және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу туралы тиісінше Президент актілерінің жобалары мен заң жобалары - 10 жұмыс күні;

      2) Премьер-Министр өкімдерінің жобалары - 5 жұмыс күні;

      3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою,

      сондай-ақ ізгілік көмек мәселелері бойынша қаулылар мен өкімдердің

      жобалары - 3 жұмыс күні;

      3-1) халықаралық шарттарға қол қою (оларды жасасу) туралы және олардың күшіне енуі жөнінде мемлекетішілік рәсімдер жүргізуді көздейтін қаулылар мен Президент Жарлықтарының жобалары - 5 жұмыс күні.

      Ескерту. 45-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      46. Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының немесе Кеңсе

      Басшысының тапсырмалары бойынша Үкіметтің қаулыларын немесе Премьер-Министрдің өкімдерін жедел қабылдау қажет болған кезде нақты жобаларды мемлекеттік органдарда келісудің неғұрлым қысқа мерзімі белгіленуі мүмкін. Мұндай жағдайда қаулының (өкімнің) жобасына мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Үкімет мәжілісінде, Үкімет басшылығында немесе Премьер-Министрдің нұсқауы бойынша Кеңсе Басшысында болған кеңесте бұрыштама соғуы мүмкін.

      Ескерту. 46-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

4.4. Үкімет қаулыларының (Премьер-Министр өкімдерінің) жобаларын келісу қорытындылары бойынша мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдер

      47. Қаулының (өкімнің) жобасын қарау қорытындылары бойынша келісуші мемлекеттік орган әзірлеушіге жауаптың мынадай нұсқаларының бірін ұсынуға тиіс:

      1) жоба ескертулерсіз келісілуі мүмкін. Бұл жағдайда әзірлеуші оған келісуші орган басшысының бұрыштамасын қою үшін жобаның түпнұсқасын ұсынады;

      2) жоба бар ескертулер жойылған кезде келісілуі мүмкін. Бұл ретте ескерту келісуші органның басшысы қол қойған хатта баяндалады, мұнда оларды жою жөніндегі ұсыныстар міндетті түрде қамтылуға тиіс. Бұл жағдайда әзірлеуші ескертулермен келіскен кезде жобаларды пысықтау жұмыс тәртібімен жүзеге асырылады, бұдан кейін жобаның түпнұсқасы келісуші органның бірінші басшысының бұрыштамасын соғуға ұсынылады;

      3) жобаны келісуден бас тартылды. Бұл ретте келісуші органның

      басшысы қол қойған келісуден бас тартуға уәждеме бар хат қоса беріледі.

      Келісуші мемлекеттік органдарға қаулылардың (өкімдердің) жобаларын "ескертулермен" келісуге (бұрыштама соғуға) тыйым салынады.

      48. Келіспеушіліктер болған кезде әзірлеуші мемлекеттік орган өзара тиімді шешімді іздеу мақсатында оны келісуші органдармен талқылауды қамтамасыз етуге тиіс. Өзара тиімді шешімге қол жетпеген кезде әзірлеуші мемлекеттік орган келісуші органдармен бірлесіп, келіспеушіліктер хаттамасын жасайды. Мемлекеттік органдардың басшылары келіспеушіліктер хаттамасына қол қояды.

4.5. Қаулылардың жобаларын Үкіметтің қарауына енгізу тәртібі

      49. Келісу жүргізілгеннен кейін әзірлеуші мемлекеттік орган қаулының жобасын Кеңсеге келісуші мемлекеттік органдардың қорытындыларымен (келіспеушіліктер хаттамаларымен) және тиісті қосымшалармен бірге Кеңсеге енгізеді.

      50. Мемлекеттік органдар Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізетін мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған Үкімет қаулыларының жобалары мыналарды қамтуға тиіс:

      1) Үкімет қаулысының жобасы;

      2) осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша түсіндірме жазбаны қамтуға тиіс, онда мынадай негізгі мәліметтер қамтылуға тиіс:

      тиісті нормативтік құқықтық актілерге жасалған сілтеме бар жобаны қабылдауға негіз, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмалары және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемелері (Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмалары түсіндірме жазбаға қоса беріледі);

      жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ Республикалық бюджет комиссиясының шешімі қажет болған кезде (тиісті есептемелер, қаржыландыру көзіне сілтемелер, Республикалық бюджет комиссиясының шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі);

      жоба қабылданған жағдайдағы болжалды салдарлар;

      нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімі;

      жобада қаралатын мәселелер және оларды іске асыру нәтижелері бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері туралы мәліметтер;

      енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілер қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етіледі ме екендігін көрсету) не мұндай қажеттіліктің болмауы.

      Дара кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын қаулының (өкімнің) жобасына түсіндірме жазба міндетті түрде Үкіметтің актісін қолданысқа енгізуге байланысты дара кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) артуын растайтын есептемелердің нәтижелерін қамтуға тиіс.

      Дара кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындыларымен келіспеген жағдайда жобаны әзірлеуші жобаға түсіндірме жазбада сараптамалық қорытындымен келіспеудің дәлелденген себептерін келтіруге тиіс;

      3) Үкіметтің қолданыстағы актілеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді көздейтін қаулының жобасына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды тиісінше негіздей отырып, әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының әр парағына алдын ала қолы қойылған және қолы қойылған қаулының (қаулылардың) бұрынғы және жаңа редакциясындағы салыстырма кестесі қоса беріледі;

      3-1) егер жобада қаулының (қаулылардың) күшін жою көзделетін болса, жобаға жобаны қабылдау қажеттілігіне негіздемені қамтитын, әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының әр парағына алдын ала қолы қойылған және қолы қойылған анықтама бірге беріледі;

      4) егер қаулының (өкімнің) жобасы дара кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын болса, жобаға салалық мүдделері жобада тікелей қозғалатын дара кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары бірге беріледі;

      5) (алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен)

      6) осы Регламенттің 4.2-бөліміне сәйкес өзге де мемлекеттік органдардың қорытындылары (келіспеушіліктер хаттамасы);

      6-1) орындау үшін қаулының жобасы әзірленген тапсырмалардың (хаттамалардың және т.б.) көшірмелері.

      Ескерту. 50-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      51. Жобаға ілеспе хатқа әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы қол қояды.

      52. Қаулылар (өкімдер) жобаларының және оларға қосымшалардың әр парағына әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы алдын ала қол қояды.

      53. Қаулы жобасында халықаралық шарттарға немесе өзге де құжаттарға (заңнамалық актілерден, Президент, Үкімет және Премьер-Министр актілерінен басқа) сілтемелер болған кезде әзірлеуші осы құжаттардың тиісінше Сыртқы істер министрлігі немесе жобаны әзірлеуші куәландырған мемлекеттік, орыс және қол қойылған өзге тілдердегі (әр түрлі оқылған кезде басымдығы бар) көшірмелерін міндетті түрде жобаға қоса береді.

4.5-1. Үкімет қаулыларының жобаларын алдын ала тексеру

      Ескерту. 4.5-1-бөліммен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      53-1. Белгіленген тәртіппен тіркелген Үкімет қаулысының жобасы (заң жобаларын қоспағанда) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ережелердің сақталуын, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің дәлме-дәлдігін алдын ала тексеруге Кеңсенің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне, сондай-ақ заңдық техника ережелерінің сақталуын және жобаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру үшін Кеңсенің Заң бөліміне жіберіледі. Алдын ала тексеру жүргізуге арналған мерзім жоба тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      53-2. Үкімет қаулысының жобасын алдын ала тексерудің нәтижелері туралы Кеңсенің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі мен Заң бөлімінің меңгерушілері Кеңсе Басшысын немесе оның міндетін атқарушы тұлғаны хабардар етеді.

      Алдын ала тексерудің нәтижелері бойынша Кеңсе Басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға мүдделі орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының (Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың) және Заң бөлімі, Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушілерінің қатысуымен кеңес өткізеді, онда қаулының жобасын одан әрі қарау мен дайындау тәртібі белгіленеді:

      1) Үкімет мәжілісіне шығару;

      2) Кеңсенің бөлімдерінде пысықтау (Заң бөлімінің оңай жойылатын ескертулері жағдайында) және Үкімет мәжілісіне шығару;

      3) қаулының жобасын пысықтау және кейіннен Үкімет мәжілісіне шығару үшін оны Кеңсенің салалық бөліміне беру;

      4) жобаны мемлекеттік органдарға пысықтауға қайтару.

      Қолданыстағы заңнаманың нормаларын бұзушылықтары бар, алдын ала тексеру нәтижелері бойынша ауытқыған жобалар қажет болған кезде Әділет министрлігіне және/немесе әзірлеуші мемлекеттік органға жіберіледі және 10 (он) жұмыс күні ішінде олар пысықтайды.

      53-3. Белгіленген тәртіппен тіркелген, нөмірге келіп түскен (Үкімет пен Кеңсе басшылығы бұрын берген тапсырмаларды орындау үшін) Үкімет қаулыларының жобалары, егер оларды осы құрылымдық бөлімше алдын ала қараған болса, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне (олардың құзыретіне сәйкес) тікелей жіберіледі.

      53-4. Алдын ала тексеру нәтижелері бойынша ауытқыған қаулылардың жобалары туралы ақпарат олардың құзыретіне сәйкес Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі.

4.6. Үкімет қаулыларының (Премьер-Министр өкімдерінің) жобаларын қабылдамау және пысықтауға қайтару

      54. Жоба пысықтауға:

      1) жобаны дауыс беруге шығарғанға дейін кез келген негіздерде Премьер-Министрдің шешімі бойынша;

      2) жобаның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінде дәлме-дәлдіктің болмауы, осы Регламенттің, Кеңседе іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының және Премьер-Министрі өкімдерінің жобаларын ресімдеу жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын бұзушылықтар, жобаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкессіздігі анықталған жағдайда Кеңсе Басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның шешімі бойынша;

      3) Үкімет мәжілісінің хаттамасы негізінде;

      3-1) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын таныстыру хаттамасы негізінде;

      3-2) Премьер-Министрдің орынбасарлары мен Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің Премьер-Министрмен келісілген хаттамасы негізінде;

      4) жобаны әзірлеуші орган басшысының (жауапты хатшының) не оның өкілінің (ол өкілеттік берген тұлғаның) жазбаша келісімі болған кезде Кеңсе Басшысының рұқсатымен әзірлеушінің өкілі (өкілетті тұлғасы) жобаның келісу парағына қол қойып жұмыс тәртібімен қайтарылуы мүмкін. Әзірлеушінің жобаны жұмыс тәртібімен пысықтау мерзімі 7 жұмыс күнінен аспауға тиіс;

      5) жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның жұмыс тәртібімен пысықтау мерзімі 7 жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      Ескерту. 54-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      55. Жобаларды пысықтау мақсатында әзірлеуші мемлекеттік органның мүдделі органдар өкілдерінің қатысуымен жедел кеңестер шақыруға құқығы бар.

      56. Егер қайтарылатын жобаларға тапсырмаларда өзгеше мерзім

      көрсетілмесе, жобаларды пысықтауды және енгізуді әзірлеуші мемлекеттік орган қайтарылған күнінен бастап бір айдан аспайтын мерзімде (жұмыс тәртібімен пысықталатын жағдайларды қоспағанда) жүзеге асырады. Пысықтау мерзімі аяқталғаннан кейін әзірлеуші мемлекеттік орган Кеңсеге пысықталған жобаны не жобаны қараудан алу туралы жазбаша өтінішті ұсынуы тиіс. Қаулылардың жобаларын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді пысықтауды Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Кеңсе жүзеге асыруы мүмкін.

      Ескерту. 56-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      57. Қажет болған кезде Үкіметтің басшылығы және Кеңсе Басшысы

      әзірлеуші мемлекеттік органдардың жобаларды пысықтау және оларды Кеңседе келісуді қысқартуы мүмкін.

      Ескерту. 57-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      58. Премьер-Министр қаулының (өкімнің) жобасын қосымша (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптама жүргізу үшін кез келген тиісті ұйымға жібере алады.

      59. Жоба:

      1) жобаны дауыс беруге шығарғанға дейін кез келген негіздерде Премьер-Министрдің шешімі бойынша;

      2) Үкімет мәжілісінің хаттамасы негізінде қабылданбауы мүмкін.

4.7. Үкімет қаулыларының жобаларын Үкіметтің дауыс беруіне шығару

      60. Премьер-Министр не Премьер-Министрдің нұсқауы бойынша Кеңсе Басшысы қаулының жобасын дауыс беру үшін Үкіметтің мәжілісіне шығарады немесе сырттай дауыс беру тәртібімен Үкімет мүшелеріне жібереді. Үкімет қаулыларының жобалары Премьер-Министр айқындайтын мерзімдерде түсу тәртібімен қаралады.

      61. Қаулылардың жобаларын қарауды Премьер-Министрмен келісім

      бойынша Кеңсе Басшысы мәжілістің күн тәртібіне енгізеді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілістеріне қарауға шығарылатын қаулылар жобаларының тізімі орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларына (Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға) жіберіледі.

      Жариялау көзделетін барлық қаулылар жобаларының көшірмелері Үкімет мәжілісінің алдында Премьер-Министрдің Баспасөз қызметіне жіберіледі.

      Ескерту. 61-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      62. Үкіметтің мәжілістерінде қаулының жобасы бойынша әзірлеуші

      мемлекеттік органның басшысы баяндайды. Жоба бойынша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесі дайындаған анықтамаға сәйкес қолда бар

      ескертулер мен ұсыныстар жөнінде Кеңсе Басшысы баяндайды.

      Ескерту. 62-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      63. Әрбір Үкімет қаулысының жобасы бойынша Үкімет мүшелерінің дауыс беру нәтижелері көрсетіліп, хаттамалық шешім қабылданады.

      64. Үкімет қаулылары Үкімет мүшелерінің жалпы санының көпшілік

      дауысымен қабылданады.

      65. Сырттай дауыс беру Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша өткізіледі.

      Ескерту. 65-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      66. Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі жоба бойынша

      материалдарды дауыс беру үшін жіберген күннен бастап 3 жұмыс күнінен

      аспауға тиіс. Қажет болған кезде Премьер-Министр және Кеңсе Басшысы

      Премьер-Министрмен келісім бойынша сырттай дауыс беру мерзімдері

      қысқартылуы мүмкін.

      67. Сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Үкімет мүшелері Премьер-Министрдің Кеңсесіне жазбаша жауаптар жібереді, онда өздерінің пікірін білдіреді. Жазбаша жауап көрсетілген мерзімде берілмеген жағдайда Үкімет мүшесі жобаны қабылдауға дауыс берді деп саналады. Дауыс беруді Үкімет мүшелері алмастыру құқығынсыз өткізеді.

      68. Егер жоба бойынша Үкімет мүшелерінің жалпы санының көпшілігі жобаны қабылдауға дауыс берсе сырттай дауыс беру өткізілді деп саналады.

      69. Қаулының жобасы бойынша сырттай дауыс беру нәтижелері осы

      Регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

      70. Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдеріне Премьер-Министр қол қояды. Премьер-Министр болмаған кезде Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдеріне Премьер-Министр белгілеген тәртіппен оны алмастыратын тұлға немесе Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлға қол қоя алады.

      Үкімет қаулыларының жобалары оларды Үкімет мәжілісінде қарағаннан кейін екі күннің ішінде Премьер-Министрдің қол қоюына ұсынылуы тиіс. Үкімет қаулылары жобаларының Кеңседе өтуінің жалпы мерзімі 10 жұмыс күнінен аспауы тиіс. Үкімет Басшылығының тапсырмасы бойынша әзірленген шұғыл жобалар бойынша олардың Кеңседе өтуінің өзге мерзімі белгіленеді.

      Ескерту. 70-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      70-1. Үкімет мәжілісінде қабылданған (сырттай дауыс беру тәртібімен) қаулылардың жобаларына Премьер-Министрдің орынбасары (тиесіліге қарай), Кеңсе Басшысы бұрыштама қояды және Премьер-Министрге қол қоюға беріледі.

      Ескерту. 70-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      70-2. 70-1-тармақта көрсетілген жобалар бойынша Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесі осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама жасайды.

      Ескерту. 70-2-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      71. Қаулының (өкімнің) түпнұсқасына оған қол қойылғаннан кейін түзетулер енгізуге тыйым салынады.

4.8. Үкіметтің қаулыларын (Премьер-Министрдің өкімдерін) тіркеу және есепке алу

      72. Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдерін тіркеуді және есепке алуды Кеңсе жүзеге асырады.

      Қол қойылған Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдеріне Кеңсенің құжаттамалық қамтамасыз ету үшін жауапты бөлімшесі:

      1) құпия емес қаулылар үшін - күнтізбелік жылдың басынан бастап реттік есепке алу нөмірінен, өкімдер үшін - дефис арқылы "ө" әрпін қойып, күнтізбелік жылдың басынан бастап реттік есепке алу нөмірінен;

      2) "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар таралуы шектеулі қаулылар мен өкімдер үшін - құпия емес қаулылар (өкімдер) үшін кезекті реттік нөмірден және "қпү" кіші әріптерінен;

      3) аса маңызды, өте құпия және құпия қаулылар мен өкімдер үшін - құпия қаулының (өкімнің) кезекті есепке алу нөмірін дефис арқылы берілген құпиялық белгісіне сәйкес "аса м" - "аса маңызды", "өқ" - "өте құпия", "қ" - "құпия" кіші әріптерімен бірге қойып, құпия емес қаулыларға (өкімдерге) арналған кезекті реттік нөмірден;

      4) бекітілген бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу көзделетін қаулылар үшін - әліпбилік тәртіппен берілетін әріптік литері (литерлері) бар бастапқы қаулының реттік нөмірінен тұратын тіркеу нөмірлерін береді.

      Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша қаулылармен (өкімдермен) құпия емес қаулыларға (өкімдерге) арналған кезекті реттік нөмірден кейін дефис арқылы қойылатын цифрлы литері бар тіркеу нөмірі жоғарыда көрсетілген тәртіппен беріледі.

      73. Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің

      түпнұсқалары Кеңседе тұрақты сақталатын құжаттарға жатқызылады және

      Кеңседе кемінде 15 жыл сақталады, осы мерзім өткеннен кейін олар Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатына мемлекеттік сақтауға беріледі.

      74. Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің

      куәландырылған көшірмелерін уақтылы шығаруды және таратуды Кеңсе

      жүзеге асырады. Қажет болған кезде қаулылардың (өкімдердің) қосымша

      даналары Кеңсе Басшысының рұқсатымен беріледі. Құпия сипаттағы қаулылар мен өкімдердің куәландырылған көшірмелері немесе олардың үзінді көшірмелері белгіленген тәртіппен адресаттардың шектеулі санына жіберіледі.

      Оларда техникалық қателер анықталған кезде Үкіметтің құпия емес қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің бұрын жіберілген даналарын ауыстыру Кеңсе Басшысының рұқсатымен жүргізіледі. Бұл ретте, бастапқы жіберілген даналарды алғандарға "Бұрынғы жіберілгеннің орнына" мөртаңбасы басылып, қаулылардың (өкімдердің) түзетілген нұсқалары жіберіледі. Адресаттар көрсетілген мөртаңбасы бар түзетілген нұсқасын алғаннан кейін олар қаулылардың (өкімдердің) бұрын жіберілген даналарын Кеңсеге дереу қайтаруға тиіс.

      Аса маңызды, өте құпия және құпия қаулылар (өкімдер) Кеңсе Басшысының хатымен ресми түрде қайтарып алынады.

      Жариялануға тиіс барлық қаулылар Премьер-Министрдің Кеңсесімен келісіледі.

      Ескерту. 74-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      75. Үкіметтің нормативтік қаулылары қабылданғаннан кейін министрліктер мен олардың ведомстволары, агенттіктер, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар бір ай мерзімде өздерінің актілерін Үкімет қабылдаған қаулыға сәйкес келтіруге және қажет болған кезде оны іске асыру мақсатында тиісті актілер шығаруға міндетті.

      76. Мемлекеттік органдар республиканың заңнамасына қайшы келетін және құқықтың ескірген нормаларын анықтау, оларды іске асырудың тиімділігін бағалау және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану жөнінде уақтылы шаралар қабылдау үшін өздері әзірлеуші болып табылған, қабылданған қаулылардың (өкімдердің) тұрақты мониторингін жүзеге асыруға міндетті.

      77. Нормативтік құқықтық актілерді қабылдаған орган таратылған, қайта ұйымдастырылған немесе қайта құрылған жағдайда, оның актілерінің күші жойылды деп тану туралы, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелерін оның құқықтық мирасқоры немесе жоғары тұрған орган шешеді.

5. Үкімет енгізетін Президент актілерінің жобаларын дайындау

      78. Үкімет енгізетін Президент актілерінің жобаларын дайындауды қолданыстағы заңнамаға және осы Регламентке сәйкес тиісті орган жүзеге асырады.

      Президент актілерінің жобалары Кеңсеге осы Регламентте Үкіметтің қаулылары үшін көзделген тәртіппен енгізіледі. Бұл ретте Президент актілері жобаларының түпнұсқаларына әзірлеуші органның және Әділет министрлігінің, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің басшылары бұрыштама соғады, басқа келісуші органдардың басшылары Президент Әкімшілігі белгілеген нысанның келісу парағына қол қояды.

      Президент актілерінің жобалары Үкімет қаулыларымен не Премьер-Министрдің (Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлғаның) хаттарымен Президент Әкімшілігіне енгізіледі. Бұл ретте, әдетте, хаттармен Президент Әкімшілігі бұрын пысықтау үшін қайтарған жобалар қайта енгізіледі.

      79. Үкімет Президент Әкімшілігіне енгізетін Президент актілерінің мемлекеттік және орыс тілінде дайындалған жобалары мыналарды қамтуға тиіс:

      1) Президент актісінің жобасын енгізу туралы Үкімет қаулысының белгіленген тәртіппен Үкіметтің мөрімен куәландырылған көшірмесі немесе Премьер-Министрдің (Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлғаның) Президентке арналған хатының түпнұсқасы не Премьер-Министрдің немесе оны алмастырушы тұлғаның ілеспе хаты;

      2) Премьер-Министр (Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлға), Кеңсе Басшысы, жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның және Әділет министрлігінің, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің басшылары бұрыштама соққан Президент актісінің тиісті бланкідегі жобасы. Президент актісінің жобасы мен оған қосымшаның әр парағына жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган басшысы алдын ала қол қоюы тиіс. Премьер-Министр (Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлға) және Кеңсе Басшысы (оның міндетін атқарушы тұлға) Президент актісінің тиісті бланкідегі жобасына әзірлеуші орган және Әділет министрлігі бірінші басшыларының бұрыштамасы бар жай қағаз парақтарында ұсынылған, Үкіметке енгізілген Президент актісінің жобасын қоса тіркеуге рұқсат етіледі;

      3) Премьер-Министр (Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлға) қол қойған көлемі 3 парақтан, ал күрделі мәселелер бойынша 5 парақтан аспайтын түсіндірме жазба, онда мәселенің мәні мен Президент актісін қабылдау қажеттілігінің, оның ішінде қаржы-экономикалық негіздемесі, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған Президент актілерінің тізбесі және олардың орындалуы туралы ақпарат, осы жобаны қабылдаудан күтілетін салдардың болжамы жазылады;

      4) егер Президент актісінің енгізілетін жобасымен Президенттің

      қолданыстағы актісіне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу көзделетін болса, әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының әр парағына алдын ала қолы қойылған және қолы қойылған Президент актісінің бұрынғы және жаңа редакциясының салыстырма кестесі;

      5) Президент Әкімшілігі белгілеген нысан бойынша жасалған Президент актісі жобасының келісу парағы;

      6) өзге де қажетті материалдар.

6. Үкіметтің заң шығару қызметі
6.1. Заң шығару қызметін жоспарлау

      80. Үкіметтің заң шығару қызметі Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының жоспарына (бұдан әрі - Жоспар) сәйкес жүзеге асырылады.

      81. Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының ағымдағы және перспективалы жоспарларын қалыптастыру Президенттің тапсырмалары мен жыл сайынғы жолдаулары, Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары, Үкімет бекітетін мемлекеттік бағдарламалар мен бағдарламалар, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарлары, сондай-ақ Премьер-Министрдің шешімдері ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      Жоспар заң жобаларының, оның ішінде заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар, нақты заң жобаларын Әділет министрлігіне, Үкіметке және Қазақстан Республикасының Парламентіне (бұдан әрі - Парламент) енгізу мерзімдері, сондай-ақ заң жобаларын әзірлеу мен енгізу үшін жауапты лауазымды тұлғалар көрсетіле отырып, қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобаларының тізбесін білдіреді.

      Ескерту. 81-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      82. Алдағы жылға арналған Жоспардың жобасын Әділет министрлігі, жыл сайын 1 тамызға дейін Әділет министрлігіне жолданатын

      мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) ұсыныстарының негізінде жасайды және жыл сайын 1 қарашаға дейін Үкімет қаулыларының жобаларын енгізу үшін белгіленген тәртіппен Үкіметке ұсынады. Бұл ретте Әділет министрлігі Жоспардың жобасына енгізілген әрбір заң жобасын әзірлеу қажеттілігінің негіздемесін қамтитын анықтаманы қоса береді.

      Ведомствоаралық комиссияның оң қорытындысы Жоспарға қандай да бір заң жобасын енгізу үшін міндетті шарт болып табылады.

      Ескерту. 82-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.25 N 2206 Қаулысымен.

      83. Жоспарды Президентпен келісу "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 17 мамырдағы N 873 Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.

      84. Жоспарда көзделген заң жобаларын ұсыну мерзімін ауыстыру туралы, сондай-ақ заң жобаларын ағымдағы жылдың Жоспарынан алып тастау немесе оған қосымша заң жобаларын енгізу туралы мәселелер Үкіметтің тиісті қаулыларын қабылдау жолымен шешіледі. Мұндай қаулылардың жобалары әзірлеуші мемлекеттік органның қолдаухаты бойынша Ведомствоаралық комиссияның отырысында алдын ала қаралады. Ведомствоаралық комиссияның оң қорытындысы болған кезде әзірлеуші тиісті жобаны осы Регламентте белгіленген тәртіппен Кеңсеге енгізеді, бұл ретте жобаға түсіндірме жазбада міндетті түрде осы мәселе бойынша Ведомствоаралық комиссияның негіздемесі мен шешімі көрсетіледі.

      Мыналар:

      Мемлекет басшысының немесе Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің тапсырмалары;

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары қабылданған Жоспарға заң жобаларын қосу негіздері болып табылады.

      Мыналар:

      Мемлекет басшысының немесе Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің тапсырмалары;

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары;

      алып тастауға ұсынылатын заң жобасы бойынша Республикалық бюджет комиссиясының теріс қорытындысы;

      бірнеше заң жобаларын бір реттеу нысаны бойынша біріктіру қабылданған Жоспардан заң жобаларын алып тастау негіздері болып табылады.

      Мемлекеттік және өзге де бағдарламалар, тұжырымдамалар, Үкіметтің іс-шаралары жобаларының нормалары (ережелері) заң жобалауды қамтамасыз ету бөлігінде Ведомствоаралық комиссиямен келісіледі.

      Мемлекеттік және өзге де бағдарламаларға қоғамдық қатынастарды заңнамалық реттеудің жаңа тетіктерін енгізу перспективалы Жоспарға өзгерістер және толықтырулар енгізумен бірге жүргізілуге тиіс.

      Заң жобалау жұмыстарының қабылданған жоспарларына енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар Мемлекет басшысымен не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен міндетті түрде келісілуге жатады.

      Ескерту. 84-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.25 N 2206 Қаулысымен.

      85. Перспективалы және ағымдағы жоспарлардың орындалуын жалпы

      бақылауды Әділет министрлігі жүзеге асырады.

      Әділет министрлігі ай сайын Үкіметтің заң жобалау қызметінің барысын қорытады және есептіден кейінгі айдың 1-күніне ағымдағы Жоспардың орындалу барысы туралы есепті, басым заң жобалары және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленетін заң жобалары жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ жоспарланған заң жобаларының мемлекеттік органдар мен Парламентте өтуі туралы мәліметті ұсынады.

      Жоспарланған заң жобаларын әзірлеу мерзімі бұзылған кезде Кеңсе Әділет министрлігі ақпаратының негізінде Премьер-Министрге заң жобаларын әзірлеу мерзімінің бұзылуына кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізе алады.

      86. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.12.25 N 2206 Қаулысымен.

      87. Заң жобаларын әзірлеудің және ұсынудың сапасы, уақтылығы үшін Жоспарда көрсетілген лауазымды тұлғалар дербес жауапкершілікте болады.

6.2. Заң жобаларын дайындау, ресімдеу, келісу, оларға дауыс беру тәртібі

      88. Заң жобаларын дайындау, ресімдеу, келісу, оларға дауыс беру, сондай-ақ олар бойынша келіспеушіліктерді қарау тәртібі "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында , Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатының регламенттерінде және осы Регламентте көзделген ерекшеліктермен бірге Үкімет қаулыларының жобаларын енгізу үшін белгіленген тәртіпке ұқсас.

      89. Халықаралық шарттарды ратификациялау мен олардың күшін жою

      туралы және оған қосылу туралы заң жобаларын әзірлеу және енгізу

      "Халықаралық шарттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында

      белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Парламент қарауына Үкімет енгізетін заң жобалары бойынша (халықаралық шарттарды ратификациялау мен олардың күшін жою туралы және оларға қосылу туралы заң жобаларын қоспағанда) "Норма шығармашылығы қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 мамырдағы N 598 қаулысымен бекітілген ғылыми сараптама жүргізу ережесіне сәйкес заң жобасымен реттелетін құқықтық қатынастарға қарай тиісті ғылыми (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізу міндетті. Бұл ретте оларды қабылдау экологиялық, оның ішінде радиациялық қауіпсіздікке, қоршаған ортаны қорғауға қатер төндіруі мүмкін салдарларды болжайтын заңнамалық актілердің жобаларына міндетті экологиялық сараптама жүргізілуге тиіс.

      90. Заң жобасын әзірлеуші жобаға тиісті ғылыми сараптама (оның ішінде, қажет болған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми және криминологиялық ғылыми сараптама) жүргізуді қамтамасыз етеді, оның нәтижелері бойынша қорытынды ұсынымдық сипатта болады (барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын қоспағанда).

      Әзірлеуші көрсетілген қорытындыларды заң жобасына басқа материалдармен бірге мемлекеттік және орыс тілдерінде Кеңсеге міндетті түрде енгізеді. Ғылыми сараптаманың теріс қорытындысы кезінде (мемлекеттік экологиялық сараптаманы, оның нәтижелері бойынша заң жобасында міндетті түрде жойылуға тиіс ескертулерді қоспағанда) заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган сараптамалық қорытындының ұсыныстарына сәйкес заң жобасын пысықтау, сондай-ақ қайтадан немесе қосымша сараптама жүргізу туралы өз бетімен шешім қабылдайды.

      Заң жобасы бойынша сараптамалық қорытындыдағы ұсынымдар қабылданбаған жағдайда, әзірлеуші заң жобасына анықтама парақта қабылдамау себептерінің дәлелді негіздемесін келтіруге тиіс.

      Ескерту. 90-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.06.04. N 822 Қаулысымен.

      91. Дара кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заңдардың жобалары ұсынымдық сипатта болатын сараптамалық қорытындылар алу үшін заң жобасы салалық мүдделерін тікелей қозғайтын дара кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелген бірлестіктеріне жіберіледі және заң жобалары қабылданғанға дейін оларға міндетті қосымшалар болып табылады.

      Жобаны әзірлеуші сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда заң жобасына анықтама парақта сараптамалық қорытындымен келіспеу себептеріне дәлелді негіз келтіруге тиіс.

      Ескерту. 91-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 , 2009.06.04. N 822 Қаулыларымен.

      91-1. Егер Қазақстан Республикасы заңының қолданылуын қамтамасыз ету үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажет болса, заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган заң жобасын жан-жақты пысықтау мақсатында мемлекеттік органдардың қарауына заң жобасын іске асыру үшін қажетті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын бір мезгілде енгізеді.

      Егер заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу басқа мемлекеттік органның құзыретіне жататын болса, онда ол заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның сауалы бойынша заңға тәуелді актінің тиісті жобасын ұсынады.

      Ескерту. 91-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.06.04. N 822 Қаулысымен.

6.3. Заң жобаларын Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізу тәртібі

      92. Жоспар негізінде заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар Кеңсеге заң жобаларын Үкімет қаулыларының Парламент Мәжілісіне осы заң жобаларын енгізу туралы жобаларымен бірге белгіленген тәртіппен енгізеді.

      93. Заң жобаларын Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізу тәртібі Үкімет қаулыларының жобаларын енгізу үшін белгіленген тәртіпке "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында , Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатының регламенттерінде және осы Регламентте көзделген ерекшеліктерге ұқсас.

      94. Кеңсеге енгізілетін Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары заңға бағынысты актілерді кейіннен қабылдауды көздейтін жіберілетін нормалардың ең аз санын қамтуы тиіс.

      95. Кеңсеге заң жобасы бойынша енгізілетін материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған:

      1) заң жобасын, ал қажет болғанда қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы не негізгі жобаның қабылдануына байланысты заңнамалық актілердің күші жойылды деп тану туралы заң жобаларын да (оның ішінде электрондық жеткізгіштерде) және заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы әр парағына алдын ала қол қойған, Үкімет қаулылары үшін осы Регламенттің 4.2-бөлімде белгіленген тәртіппен келісілген (бұрыштама соғылған) осы заң жобасын (заң жобаларын) Парламент Мәжілісіне енгізу туралы Үкімет қаулысының жобасын;

      2) осы Регламенттің 4.5-бөлімінің талаптарына сәйкес дайындалған Үкімет қаулысының жобасына түсіндірме жазбаны;

      3) заң жобасы мақсаттарының, міндеттері мен негізгі ережелерінің жан-жақты сипаттамасымен бірге жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі бар заң жобасына (заң жобаларына) түсіндірме жазбаның (жазбалардың), оның ішінде электрондық құжаттар форматындағы жобасын;

      3-1) қабылданатын заңның қолданылуының ықтимал экономикалық, әлеуметтік, заңдық, экологиялық салдарының болжамдарын;

      3-2) егер заң жобасын іске асыру мемлекеттік кірістердің қысқаруына немесе мемлекеттік шығыстардың ұлғаюына әкеп соқтыратын болса, қаржы-экономикалық есептемені;

      4) заң жобасын (заң жобаларын) мүдделі мемлекеттік органдармен келісу парағын (парақтарын);

      5) халықаралық шарттарды ратификациялау және күшін жою туралы заң жобаларын қоспағанда, заң жобасының (заң жобаларының) ғылыми сараптамасының нәтижелері бойынша қорытындыны (қорытындыларды). Заң жобасын әзірлеуші ғылыми сараптаманың қорытындысымен (қорытындыларымен) келіспеген жағдайда тиісті қорытындымен келіспеу себептеріне жазбаша дәлелді негіз келтіруге тиіс;

      6) заң жобасын (заң жобаларын) әзірлеуші мемлекеттік органның

      басшысы қол қойған ілеспе хатты, бұл ретте Үкіметтің тиісті заң жобасы туралы қаулысының әрбір жобасы жеке ілеспе хатпен енгізіледі;

      7) қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасына заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы әр парағына алдын ала қол қойған және қол қойған, енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тиісті негіздемесі бар, бұрынғы және жаңа редакциядағы баптардың салыстырмалы кестесі қоса тіркеледі;

      8) Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттарды Парламентке енгізу туралы заң жобасына Сыртқы істер министрлігі куәландырған, мемлекеттік, орыс және әр түрлі оқылған кезде басымдығы бар оларға қол қойылған өзге тілдердегі ратификациялауға енгізілетін құжаттардың көшірмелері қоса тіркеледі;

      9) егер заң жобасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын болса, заң жобасына салалық мүдделері заң жобасында тікелей қозғалатын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары қоса беріледі. Әзірлеуші сараптамалық қорытындымен (қорытындылармен) келіспеген жағдайда сараптамалық қорытындымен келіспеу себептеріне жазбаша дәлелді негіз келтіруге тиіс;

      10) (алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен)

      11) осы Регламенттің 4.2-бөліміне сәйкес өзге мемлекеттік органдардың қорытындыларын (келіспеушіліктер хаттамасын);

      12) осы Регламентке 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтамалық парақты қамтиды;

      13) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін заңдарының жобаларына қатысты республикалық бюджет комиссиясының оң шешімінің көшірмесін;

      14) жобаны іске асыру үшін қажетті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу туралы жобаның және ұсыныстардың қабылдануына байланысты өзгертілуі немесе күші жойылды деп танылуы тиіс заңнамалық актілердің тізбесін.

      Ескерту. 95-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 , 2009.06.04. N 822 Қаулыларымен.

      96. Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы жолдауымен

      белгіленген басымды деп айқындалған заң жобаларын (бұдан әрі - басымды заң жобалары) әзірлеуші мемлекеттік органдар осы Регламентке сәйкес келісілген заң жобаларын Кеңсеге заң жобасы басымды деп айқындалған күнінен бастап 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей енгізуге тиіс. Бұл ретте басымды заң жобаларын мемлекеттік органдардың келісу мерзімі олар түскен күнінен бастап 5 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.

      97. Хабарлануы шұғыл деп жариялау жоспарланған заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар осы Регламентке сәйкес келісілген заң жобаларын Кеңсеге Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 1074 Жарлығымен бекітілген заң жобаларын қараудың басымдығын белгілеу, сондай-ақ заң жобасының қаралуын шұғыл деп жариялау ережесінің 1-тармағына сәйкес Үкіметке немесе тиісті мемлекеттік органға хабарлама келіп түскеннен кейін 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей енгізуге тиіс. Бұл ретте шұғыл деп жариялау жоспарланған заң жобаларын мемлекеттік органдармен келісу мерзімі олар келіп түскен күнінен бастап 3 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.

      98. Осы Регламентте көзделген негіздемелер бойынша заң жобаларын Кеңсе әзірлеуші мемлекеттік органға заң жобасын пысықтауға, оның ішінде қажет болған кезде қосымша ғылыми сараптама жүргізу үшін қайтаруы мүмкін.

6.3-1. Нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің
жобаларын таныстыруды жүргізу тәртібі

      Ескерту. 6.3-1-бөліммен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      98-1. Заң жобаларын таныстыру заң жобасының негізгі ережелерін таныстыру, қарау және талқылау, олардың заң жобасымен реттелетін салаларда жүргізілетін мемлекеттік саясатқа сәйкестігін айқындау мақсатында, сондай-ақ заң жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысына одан әрі енгізу үшін жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының жоспарын, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ Мемлекет басшысының және Үкімет басшылығының тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленген заң жобалары таныстырылуы тиіс.

      Әдетте, халықаралық шарттарды ратификациялау мен күшін жою туралы және оларға қосылу туралы заң жобалары бойынша таныстыру өткізілмейді.

      98-2. Таныстыруға заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы және лауазымды тұлғалары, тиісті заң жобасын келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның басшылары, заң жобасын әзірлеуге қатысқан коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ ғылыми сараптаманы жүзеге асырған сарапшылар шақырылады. Әділет және Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің басшылары заң жобаларын таныстыруға міндетті түрде қатысады.

      98-3. Заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар осы Регламенттің 95-тармағында келтірілген құжаттардан басқа, Кеңсеге заң жобасын таныстыруға мынадай құжаттарды енгізеді:

      1) қаралатын құқықтық қатынастарды реттеу және заң қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар бойынша шет елдердің тәжірибелерін қоса алғанда, заң жобасының негізгі ережелері бойынша қысқаша ақпаратты;

      2) заң жобасы бойынша слайдтарды;

      3) заң жобасы бойынша мемлекеттік органдар арасында бар келіспеушіліктерді;

      4) қаржы-экономикалық есептерді;

      5) заң жобасын таныстыруға шақырылатын адамдардың тізімін.

      98-4. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімі құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары негізінде алдын ала қарауға таныстырылуы тиіс заң жобаларының тізбесін, сондай-ақ Премьер-Министрмен, не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы тұлғамен таныстыру өткізу күні мен уақытын келісетін Кеңсенің Басшысына (не оның міндетін атқарушы тұлғаға) оларды дайындауды және ұсынуды жүзеге асырады.

      Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша таныстыруға өзге де нормативтік құқықтық және құқықтық актілер де енгізілуі мүмкін.

      98-5. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері таныстыруға тиісті материалдарды дайындауды, сондай-ақ шақырылған адамдардың қатысуын қамтамасыз етеді.

      Күн тәртібі бойынша нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің көп саны бекітіліп берілген Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі материалдарды таныстыруға дайындауды, сондай-ақ Хаттаманың жобасын ресімдеуді жүзеге асырады.

      98-6. Таныстыруға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі не оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің орынбасарлары, не Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлға төрағалық етеді, ол:

      1) тиісті заң жобаларының әзірлеушілері болып табылатын орталық атқарушы органдардың басшыларын тыңдайды;

      2) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың таныстырылатын заң жобасына байланысты ұстанымын тыңдайды;

      3) мемлекеттік органдардың басшыларына тиісті тапсырмалар береді;

      4) таныстырылатын заң жобалары бойынша тиісті шешімдер қабылдайды.

      98-7. Заң жобасын таныстыруды әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырады:

      1) заң жобасының негізгі ережелері, заң қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар жөніндегі баяндама;

      2) заң жобасы нормаларының тиісті бюджет қаражатымен қаржылық қамтамасыз етілуі жөніндегі ақпарат;

      3) мемлекеттік органдар арасында бар келіспеушіліктер туралы мәліметтер.

      98-8. Кеңсенің Басшысы таныстыруда Премьер-Министрге заң жобасы бойынша қолда бар ескертулер мен ұсыныстар туралы баяндайды.

      98-9. Таныстыру қорытындылары бойынша қабылданған шешімдер Премьер-Министр немесе оның міндетін атқарушы тұлға қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

      98-10. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша өзге де нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобалары (Президент Жарлықтарының, Үкімет қаулыларының жобалары, бағдарламалық және өзге де құжаттар тұжырымдамаларының жобалары және басқалар) таныстырылуы тиіс.

      Материалдар дайындау, сондай-ақ нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын таныстыруды өткізу тәртібі заң жобаларына қатысты осы Регламентте белгіленген тәртіпке ұқсас.

6.4. Заң жобаларын Президент Әкімшілігімен келісу,
сондай-ақ заң жобаларын қарау басымдығын айқындау және заң
жобасын шұғыл қарауды жариялау тәртібі

      99. Парламент Мәжілісіне Үкімет енгізетін заңдардың жобаларын Президент Әкімшілігімен келісу "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 17 мамырдағы N 873 Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.

      Мыналар Президент Әкімшілігімен міндетті түрде алдын ала келісілуге тиіс:

      1) Парламентте қаралуы Президент атынан шұғыл немесе басымды деп жариялау жоспарланатын заң жобалары. Президенттің заң жобаларын шұғыл немесе басымды деп, оның ішінде Үкіметтің бастамасы бойынша жариялануы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 1074 Жарлығымен бекітілген заң жобаларын қараудың басымдығын белгілеу, сондай-ақ заң жобасының қаралуын шұғыл деп жариялау ережесіне сәйкес жүзеге асырылады;

      2) Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет әзірлеген және Парламент Мәжілісіне енгізуге жататын заң жобалары;

      3) конституциялық заңдардың, кодекстердің жобалары, сондай-ақ

      қолданыстағы конституциялық заңдар мен кодекстерді өзгертуге және

      толықтыруға бағытталған заң жобалары;

      4) жергілікті мемлекеттік басқаруды және жергілікті өзін-өзі басқаруды, елдің саяси және сайлау жүйелерін жетілдіруге бағытталған заң жобалары;

      5) қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік саласындағы, құқық қорғау қызметі және сот төрелігін жүзеге асыру саласындағы құқықтық

      қатынастарды регламенттейтін заңдардың жобалары.

      Президент Әкімшілігінің онымен келісілетін заң жобалары бойынша ескертулері толық ескерілмейтін жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган бұл туралы Президенттің Әкімшілігін хабардар етеді;

      6) алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы, сондай-ақ тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заңдардың жобалары.

      Ескерту. 99-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      100. Заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар оларды Үкіметке енгізу кезінде нақты заң жобасын басымды деп қарауды айқындау немесе оны қарауды шұғыл деп жариялау туралы бір уақытта ұсыныс енгізуге құқылы. Бұл ретте заң жобасына түсіндірме жазба, оның ішінде оны басымды деп айқындау немесе шұғыл деп жариялау қажеттілігінің негіздемесін қамтуға тиіс.

      Үкімет өзі әзірлейтін заң жобаларына қатысты Президентке нақты заң жобасын басымды деп қарауды айқындау немесе оны шұғыл деп жариялау туралы ұсыныс енгізеді.

      Бұл ретте Үкіметтің ұсынысына тиісті заң жобасы және заң жобасын Парламенттің басымды деп қарауды айқындауы немесе оны қарауды шұғыл деп жариялауы қажеттілігінің негіздемесін қамтитын және заң жобасының нақты мақсаттарын ашатын түсіндірме мен ол шешетін міндеттер қоса берілуге тиіс.

6.5. Парламент Мәжілісіне заң жобаларын енгізу тәртібі

      101. Үкіметтің бастамасы бойынша Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілетін заң жобаларының түпнұсқаларына міндетті түрде: заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның және Әділет министрлігінің, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің басшылары, Кеңсе Басшысы және Премьер-Министр (оның міндетін атқарушы тұлға) бұрыштама соғуға тиіс. Үкімет бланкісіне шығарылған заң жобасына түсіндірме жазбаға Кеңсе Басшысы бұрыштама соғады және Премьер-Министр (не оның міндетін атқарушы тұлға) қол қояды. Заң жобаларының төлнұсқалары Парламент Мәжілісіне қағаз және электрондық жеткізгіштерде (электрондық құжаттар форматында) енгізіледі.

      Ескерту. 101-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      101-1. Заң жобаларымен бірге Парламент Мәжілісіне осы Регламенттің 95-тармағының 2)-5), 7)-9), 12), 14) тармақшаларында көрсетілген материалдар енгізіледі.

      Ескерту. 101-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      102. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігімен келісілгеннен кейін Үкімет Парламент Мәжілісінің қарауына басымдығын айқындау жоспарланған заң жобаларын 10 күнтізбелік күннен кешіктірмейтін мерзімде енгізеді.

      103. Президент Әкімшілігімен келісілгеннен кейін Үкімет жоспарлануы шұғыл деп жарияланған заң жобасын Парламент Мәжілісінің қарауына 7 күнтізбелік күннен кешіктірмейтін мерзімде енгізеді.

      Президент шұғыл деп жариялаған заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауына Президенттің арнайы жолдауы Парламентте жария етілген күннен кейінгі күннен кешіктірмей немесе осы жолдауды Парламентке жолдағаннан кейін енгізеді.

      104. Парламентке Үкіметтің бастамасы бойынша енгізілген заң жобалары Кеңсеге Парламент Мәжілісінің қаулысы бойынша ғана қайтарылуы мүмкін.

6.6. Парламент депутаттары бастамашылық жасаған
заң жобаларын қарау тәртібі

      105. Парламент депутаттары бастамашылық жасаған, оның ішінде мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін заң жобалары бойынша Үкімет Парламентке мемлекеттік және орыс тілдерінде қорытынды ұсынады.

      Парламент депутаттары бастамашылық жасаған, Үкіметке келіп түскен заңнамалық актілердің жобалары Ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралуға тиіс.

      Қорытынды дайындауға жауапты ретінде айқындалған мемлекеттік орган Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен бірлесіп, заң жобалау қызметінің мәселелері бойынша Ведомствоаралық комиссияның қарауына мемлекеттік кірістерді ықтимал қысқарту немесе мемлекеттік шығыстарды ықтимал ұлғайту бөлігінде алдын ала қаржы-экономикалық есептерді енгізеді.

      Ведомствоаралық комиссия заң жобасы Кеңседе тіркелген күнінен бастап 15 күн мерзімде не Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарының тапсырмасында белгіленген неғұрлым қысқа мерзімде депутаттар бастамашылық жасаған заң жобасын оң не өзгеше бағалау жөнінде ұсыныстар әзірлейді.

      Үкімет қорытындысының жобасын Ведомствоаралық комиссияның ұсыныстарын ескере отырып, заң жобасында реттелетін қатынастар құзыретіне енетін мемлекеттік орган әзірлейді. Қорытындының жобасы мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалады және міндетті түрде Әділет, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерімен келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде келісіледі (олардың басшылары бұрыштама соғады). Қажет болған кезде қорытындының жобасына әзірлеуші мемлекеттік кірістерді қысқарту немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайту бөлігінде қаржы-экономикалық есептерді қоса тіркейді.

      106. Үкімет қорытындысының жобасы, егер Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарының тапсырмасында өзге неғұрлым қысқа мерзім белгіленбесе, Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобасы Кеңседе тіркелген күнінен бастап 20 күн мерзімнен кешіктірмей мемлекеттік және орыс тілдерінде (оның ішінде электрондық құжаттар форматында) Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізіледі.

      Егер Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарының тапсырмасында бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар көрсетілген жағдайда, осы органдар Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобасы Кеңседе тіркелген күнінен бастап 10 күн мерзімнен кешіктірмей қорытындының дайындалуына жауапты мемлекеттік органға өздерінің ұсыныстарын беруге міндетті.

      Ескерту. 106-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      107. Мемлекеттік орган ұсынған Үкімет қорытындысының нұсқасы кейіннен дауыс беру үшін Үкіметтің мәжілісіне шығарылады. Үкімет қорытындысының жобасы қаралғаннан кейін оның түпкілікті нұсқасын Үкімет бланкісіне Премьер-Министрдің (оның міндетін атқарушы тұлғаның) қолымен шығарып ресімдейді.

      Үкімет қорытындысының жобасы бойынша ерекше жағдайларда Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс берулері жүргізілуі мүмкін.

6.7. Заң жобаларының Парламентте өту тәртібі

      108. Үкімет енгізген заң жобаларын Парламентте ұсынушы өкілетті тұлғаларға оларды Парламент қараған кезде заңның тұжырымдамасына немесе оның құқықтық мазмұнын өзгертуге байланысты, сондай-ақ мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізуге Үкімет басшылығының рұқсатынсыз келісім білдіруге тыйым салынады.

      Бұл ретте Парламентте тиісті заң жобаларын ұсынушы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Кеңсеге көрсетілген өзгерістер мен толықтырулар туралы дереу жазбаша хабарлауға міндетті.

      Парламентте тиісті заң жобаларын ұсынушы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Үкімет басшылығының келісуінсіз көрсетілген өзгерістер мен толықтырулар енгізуге келіскені үшін жауапты болады.

      Көрсетілген тәртіптің бұзылуына білдірілген келісімнің заңдық күші жоқ және Үкіметтің ұстанымы болып табылмайды.

      Парламент депутаттары Үкімет басшылығымен келісілмеген көрсетілген өзгерістер мен толықтыруларды дауысқа салуға шығарған жағдайда заң жобаларын ұсынатын тұлғалар мәжілістің стенограммасында өздерінің қарсылықтарын тіркеуді талап етуге және Кеңсеге осы өзгерістер немесе толықтырулар туралы дереу хабарлауға міндетті.

      Үкіметтің Парламенттегі өкілдігі Регламенттің осы тармағы талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады және белгіленген талаптар бұзылған жағдайда Премьер-Министрді және Кеңсе Басшысын хабардар етеді.

      Ескерту. 108-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      109. Үкімет бастамашылық жасаған заң жобасына Парламент енгізген тұжырымдамалық өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды немесе мемлекеттік кірістерді болжайтын заң жобасын Парламент Мәжілісінің не Сенатының жалпы отырысында қарағанға дейін 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей әзірлеуші салыстырма кесте түрінде әзірлеушінің алдын ала ұстанымын қамтитын қысқаша түйінмен Кеңсеге жібереді, оларды Кеңсе басшысы осы өзгерістер мен толықтырулар бойынша Үкіметтің бірыңғай ұстанымын анықтау үшін Әділет, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктеріне, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді.

      Заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган Үкімет бастамашылық жасаған заң жобасына Парламент депутаттары енгізген барлық өзгерістер мен толықтырулар бойынша 10 күнтізбелік күн ішінде кейіннен Үкімет мәжілісінде қаралуға жататын тиісті қорытындыны дайындайды.

      Бірлесіп атқарушы ретінде айқындалған мемлекеттік органдар өздерінің Парламент депутаттары енгізген түзетулерге ұсыныстарын немесе қарсылықтарын 7 күнтізбелік күн ішінде әзірлеуші мемлекеттік органға жібереді.

      110. Үкімет енгізген заң жобаларын Парламентте ұсынушы өкілетті тұлғаны (заң жобасы бойынша баяндамашыны) ауыстыру қажет болған кезде Парламентке Премьер-Министрдің не оның орынбасарының қолымен тиісті хат жіберіледі. Бұл ретте осындай хаттардың жобаларын заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган дайындайды және заң жобасы Парламенттің тиісті Палатасының жалпы отырысында қаралғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей Кеңсеге енгізеді.

      111. Үкімет шешімінің Парламентте өтуін бақылауды Үкіметтің Парламенттегі өкілдігі (бұдан әрі - Өкілдік) жүзеге асырады.

      Өкілдік Премьер-Министрді, оның орынбасарларын және Кеңсе Басшысын Мемлекет басшысы, Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларының және Үкімет енгізген заң жобаларының өтуі туралы және Парламент қарайтын әрі Үкіметтің қызметіне қатысы бар басқа да мәселелер туралы үнемі хабардар етіп отырады.

      Ескерту. 111-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      112. Үкіметтің Парламенттен заң жобасын қайтарып алуы Үкіметтің қаулысымен жүзеге асырылады, оның жобасын осы Регламентте белгіленген тәртіппен заң жобасын әзірлеуші енгізеді.

      113. Парламент қабылдаған және Премьер-Министрге қолын қойып бекітуге жіберілетін барлық заңдар бойынша заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган (немесе оның құзыретіне орай) Әділет, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерімен келісім бойынша заң қабылданған күнінен бастап бес күн мерзімде қорытынды дайындайды және Кеңсеге жібереді, онда міндетті түрде мыналар:

      1) заң жобасының тұжырымдамасы;

      2) Үкімет бастамашылық жасаған заң жобасын Парламентте қарау кезінде депутаттар енгізген өзгерістер мен толықтырулар туралы мәлімет;

      3) қабылданған заңда Қазақстан Республикасының Конституциясына, қолданыстағы заңнамалық актілерге қарама-қайшылықтардың бар екендігі туралы және оған байланысты қосымша қаржы шығыстары, экономикалық және құқықтық салдарлар туралы ақпарат;

      4) заңның Премьер-Министрдің қолы қойылып бекітілу мүмкіндігі

      туралы қорытынды жазылады.

      Қорытындыдан басқа Кеңсеге Әділет және Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің, сондай-ақ мәселелері Парламент қабылдаған заң қозғайтын өзге де мемлекеттік органдардың хаттарының көшірмелері міндетті түрде енгізіледі.

      Үкіметке енгізілген қорытындының мазмұны және оны енгізу мерзімі үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары жауапты болады.

      Осы тармақта көзделген рәсімдердің орындалуын бақылауды Кеңсе жүзеге асырады.

      114. Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган (немесе оның құзыретіне орай) заңнамалық актіге қол қойылған күнінен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Кеңсеге белгіленген тәртіппен келісілген және мыналарды:

      1) мемлекеттік органды (мемлекеттік органдарды) қабылдануы осы заңнамалық актіге негізделген нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу жөніндегі жауапты орындаушы (жауапты орындаушылар) етіп белгілеуді;

      2) заңнамалық актіде қолданысқа енгізудің өте кеш мерзімдері (оларды қолданысқа енгізгенге дейін кемінде бір ай бұрын) көзделген нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, заңнамалық акт күшіне енген күнінен бастап бір айдан аспауы тиіс нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен енгізудің нақты мерзімдерін, сондай-ақ өкімнің жобасында қамтылатын өзге де тапсырмалардың орындалуын;

      3) заңға тәуелді актілерді қабылдау және/немесе қабылданған заңнамалық актіге сәйкес келтіру туралы тапсырманы көздейтін Премьер-Министр өкімінің жобасын енгізеді.

      Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің уақтылы әзірленуін және қабылдануын бақылауды өз құзыретіне сәйкес Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады.

      Ескерту. 114-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 , 2009.06.04. N 822 Қаулыларымен.

      115. Заңнамалық актімен реттеліп қойылған қатынастар бойынша заң жобаларын әзірлеу туралы ұсыныстар кейіннен Үкіметтің мәжілісінде қаралатын болып Ведомствоаралық комиссияның отырысында алдын ала қаралады.

7. Прокурорлық қадағалау актілерін қарау кезінде орталық атқарушы органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі

      116. Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарының тапсырмасы бойынша Үкімет басшылығының атына жіберілген прокурорлық қадағалау актілерін қарауды прокурорлық қадағалау актісінің мәні болған мәселелер құзыретіне енетін мемлекеттік орган жүзеге асырады. Әділет министрлігі тиісті мемлекеттік органға құқықтық және консультациялық көмек көрсетеді.

      117. Прокурордың наразылығын қоспағанда, прокурорлық қадағалау актісін қарау тапсырылған мемлекеттік орган 15 күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына (бұдан әрі - Бас прокуратура) Үкіметтің келісілген жауабының жобасын және қажет болған жағдайда Үкімет шешімдерінің жобаларын дайындайды және Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізеді, прокурорлық қадағалау актісінен туындайтын өзге де шараларды қабылдайды.

      Прокурордың наразылығын қарау тапсырылған мемлекеттік орган 7 күнтізбелік күн ішінде Бас прокуратураға Үкіметтің келісілген жауабының жобасын және қажет болған жағдайда Үкімет шешімдерінің жобаларын дайындайды және Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізеді, прокурорлық қадағалау актісінен туындайтын өзге де шараларды қабылдайды.

      Жауаптың жобасы прокурорлық қадағалау актісінде белгіленген мәселелерге Үкімет ұстанымын қисынды және толық көлемде білдіруге тиіс.

      Үкіметтің Бас прокуратураға жауабының жобасын жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган міндетті түрде Әділет министрлігімен, сондай-ақ прокурорлық қадағалау актісін қарау туралы тапсырмада көрсетілген өзге де мемлекеттік органдармен келіседі.

      Үкімет жауабының жобасын келісу оған тиісті мемлекеттік орган басшысының бұрыштама соғуы не ескертулер мен ұсыныстардың жоқтығы туралы хат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

8. Үкіметтің актілерін жариялау тәртібі

      118. Үкіметтің азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілері міндетті түрде ресми жариялануға тиіс.

      119. Мемлекеттік құпияларды және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтері бар Үкіметтің актілері жариялануға жатпайды.

      120. Үкіметтің қаулылары Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасының Үкіметі актілерінің жинағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын және заңнамада белгіленген тәртіппен Үкіметтің қаулыларын ресми жариялауды жүзеге асыру құқығын алған мерзімді баспа басылымдарында жарияланады және теледидар мен радио арқылы халыққа жеткізілуі мүмкін.

      Үкіметтің интернет-ресурсын ақпараттық қамтамасыз ету және Үкімет қабылдайтын шешімдер туралы ақпаратты тарату мақсатында Internet (Интернет) жаһандық желісін пайдалану жекелеген ережелермен регламенттеледі.

      Ескерту. 120-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.30 № 2305 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      121. Нормативтік құқықтық актілер мерзімді басылымдарда бір мезгілде мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялануға тиіс.

      122. Нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануын бақылауды жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін қоспағанда, Мәдениет және ақпарат министрлігі жүзеге асырады.

9. Орталық атқарушы органдардың бірінші басшылары
іссапарларының тәртібі

      123. Өз бастамасы бойынша немесе Президенттің не Премьер-Министрдің тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге, сол сияқты Қазақстанның басқа қалаларына да іссапарға (оның ішінде демалыс және мейрам күндері) шығуы қажет болған жағдайда орталық атқарушы органның бірінші басшысы алдын ала, іссапар басталғанға дейін кемінде 3 күн бұрын Премьер-Министрдің атына өзінің іссапарға шығуына рұқсат беруі туралы қолдаухатпен жазбаша өтініш жасауға тиіс.

      Орталық атқарушы органның бірінші басшысының хатында (қолдаухатында) іссапарға шығу қажеттілігінің негіздемесі мен оның мерзімі келтірілуі тиіс.

      Бір тәуліктен аспайтын мерзімге іссапарға шыққан кезде жазбаша қолдаухат талап етілмейді - Премьер-Министрмен ауызша келісу жеткілікті.

      124. Премьер-Министрдің қажет болған жағдайда орталық атқарушы органның бірінші басшысын қызметтік іссапарға оның жазбаша қолдаухатынсыз жіберуге құқығы бар.

      125. Орталық атқарушы органның бірінші басшысы іссапардан оралысымен 3 жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде іссапарда болған кезеңде атқарылған жұмыс туралы жазбаша есеп беруге міндетті.

      Есепті Премьер-Министр немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары бекітеді.

10. Орындалуын бақылау тәртібі

      126. Президент, Үкімет, Премьер-Министр актілерінің, сондай-ақ Президенттің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Президент Әкімшілігі мен Кеңсе басшыларының тапсырмалары бар құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну және Республика Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 2 қазандағы N 4097 Жарлығына, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

      Көрсетілген құжаттардың орындалуын бақылауды олардың орындалу барысы туралы Премьер-Министрге, Кеңсе Басшысына жүйелі түрде хабардар ететін Кеңсе жүзеге асырады.

      127. Бақылау:

      1) қажетті ақпаратты талап ету;

      2) орындалуы туралы есептер мен баяндамаларды тыңдау және талқылау;

      3) тексеру және құжаттамалық тексерудің өзге де нысандары;

      4) жергілікті жерге шығып тексеру;

      5) заңнамаға қайшы келмейтін басқа да тәсілдер жолымен жүзеге асырылады.

      128. Мынадай, оның ішінде құпия құжаттар бақылауға алынады (бұдан әрі - бақылаудағы құжаттар):

      1) Үкіметке немесе оның басшылығына тапсырмалар берілетін Президент актілері;

      2) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тапсырмалар бар Үкіметтің қаулылары, Үкімет мәжілістерінің хаттамалары, Премьер-Министрдің өкімдері, Премьер-Министрдегі және Кеңсенің Басшысындағы кеңестер;

      3) орындалу мерзімі көрсетілген немесе бақылауға алу туралы нұсқаулар, "шұғыл", "баяндалсын", "ұсыныстар енгізілсін" деген белгілер бар Президенттің Үкіметке немесе оның басшылығына, Премьер-Министрдің, оның орынбасарының, Президент Әкімшілігі басшылығының Кеңсенің атына, Кеңсе Басшысының (оның міндетін атқарушы тұлғаның) тапсырмалары (оның ішінде кеңестердің хаттамаларында және іс-шаралар жоспарларында қамтылатындар);

      4) Парламент депутаттарының сауалдары, депутаттар бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкіметтің қорытындысын беру өтініші бар Парламент палаталарының үндеулері;

      5) прокурорлық қадағалау актілері.

      Ескерту. 128-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      129. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың орындалуын бақылауды Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады.

      130. Бақылаудағы құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуы үшін жауапкершілік олар орындалуға жіберілген мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына (жауапты хатшыларға) жүктеледі.

      131. Президент актілерінің орындалуына жауапты мемлекеттік органдар үш күн мерзімде оларды іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын жасайды.

      132. Үкімет пен Премьер-Министр актілерінің орындалу мерзімін Премьер-Министр не нақты актінің орындалуын бақылау жүктелген оның орынбасары және Кеңсе Басшысы мемлекеттік орган басшысының белгіленген тәртіппен енгізілген жазбаша қолдаухаты негізінде ұзартуы мүмкін. Орындалу мерзімін қайталап ұзартуға ерекше жағдайларда жол беріледі.

      Үкімет пен Премьер-Министрдің актілерін және тапсырмаларын бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар, егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, оған белгіленген орындалу мерзімі аяқталғанға дейін 3 күннен кешіктірмей, ал орындалу мерзімі 5 күннен аз тапсырмалар бойынша тапсырма келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ұсыныстарды жинақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға өз ұсыныстарын енгізуге міндетті.

      133. Бақылаудағы құжатты оған қол қойған немесе орындалуын бақылауды талап ететін тапсырма берген лауазымды тұлға не оның міндетін атқарушы тұлға не оның тапсырмасы бойынша өзге тұлға бақылаудан алады.

      Үкіметке және/немесе Кеңсеге тапсырмалары бар Президент актілерін бақылаудан алу және олардың орындалу мерзімін ұзарту мәселелерін Президент Әкімшілігі қарайды.

      134. Егер Мемлекет Басшысының, Президент Әкімшілігі мен Үкімет басшылығының актілері мен тапсырмаларын бірлесіп орындаушылар белгіленген мерзімде жиынтықты жүзеге асырушы мемлекеттік орган өзінің ұсыныстарын бермеген жағдайда, бірлесіп орындаушылар орындау мерзімінің бұзылуына жауапты болады.

      135. Президенттің жеке тапсырмаларын барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар, егер Президент өзгеше белгілемесе, тапсырма берілген күннен бастап екі аптадан аспайтын мерзімде орындауы тиіс.

      136. Президенттің және Президент Әкімшілігі басшылығының бақылаудағы тапсырмаларын оларға Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының қарарларымен бірге орталық және жергілікті атқарушы органдар, егер тапсырмаларда өзге мерзім белгіленбесе, Президент және/немесе Президент Әкімшілігінің басшылығы тапсырған күннен бастап 20 күн мерзімнен кешіктірмей орындайды.

      Ескерту. 136-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      137. Үкімет мәжілістерінің хаттамаларында және Президентте, Үкімет басшылығында және Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің хаттамаларындағы хаттамалық тапсырмалардың орындалу мерзімі мәжіліс (кеңес) өткен күннен бастап есептеледі. Егер мәжілісте (кеңесте) нақты тапсырманың орындалу мерзімі аталған жағдайда оның атына тапсырма берілген және өкілдері мәжіліске (кеңеске) қатысқан тиісті мемлекеттік органдар мәжілістен (кеңестен) кейін бірден, оларға мәжіліс (кеңес) хаттамасының түсуін күтпестен, тапсырмаларды орындауға кірісуге міндетті.

      Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының тапсырмалары, егер тапсырмаларда өзге мерзім белгіленбесе, тапсырма берілген күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей, ал "шұғыл" немесе "жеделдетіңіз" деген белгі болған кезде 10 күн мерзімде орындалады.

      Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарларының Парламент депутаттарының сауалдарына жауаптар және Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына қорытындылардың жобаларын дайындау туралы тапсырмалары, егер тапсырмаларда өзге неғұрлым қысқа мерзім белгіленбесе, сауал және заң жобасы Кеңседе тіркелген күннен бастап тиісінше 20 күн мерзімнен кешіктірмей орындалады.

      Егер Үкіметтің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының хаттамалық тапсырмаларында және Үкімет пен Премьер-Министрдің актілерінде, сондай-ақ іс-шаралар жоспарларында нақты орындалу мерзімі көрсетілмеген және олардың мазмұнынан олардың орындалуы ұзақ уақытты (тұрақты, бір жыл ішінде және т.с.с.) талап ететіні туындаған не олардың мазмұнынан орындалу мерзімі туралы бір мәнді қорытынды жасау қиын болған жағдайда, сондай-ақ даулы жағдайларда осындай тапсырмаларды бақылауға алу қажеттігін, оларды орындаудың нақты мерзімін белгілеуді Кеңсе Басшысы айқындайды және орындалуына жауапты мемлекеттік органдарға дереу жеткізеді.

      Егер тапсырманың белгіленген мерзімде орындалуы мүмкін болмаса, онда тапсырманың орындалуына жауапты мемлекеттік органның басшысы кешіктірілуінің себептері туралы хабарлауға және белгіленген тәртіппен оның орындалу мерзімін ұзарту туралы өтініш жасауға тиіс. Тапсырманың орындалу мерзімін қайтадан ұзартуға ерекше жағдайларда ғана рұқсат етіледі.

      Тапсырмаларды бірнеше мемлекеттік органдар орындаған кезде қатарында "(шақыру)" белгісі қойылған атауы бар орган жауапты болып табылады. Ол бірлесіп орындаушылармен келісілгеннен кейін орындалу мерзімін ауыстыру туралы ұсынысты енгізуге құқылы.

      Белгіленген орындау мерзімін ауыстыру туралы қайта берілген ұсыныстарды Кеңсе жазалау туралы бұйрықтың көшірмесін қоса бере отырып, орындаудың ұзартылған мерзімін бұзуға жол берген лауазымды тұлғаларға қолданылған тәртіптік жауапкершілік шаралары туралы ақпаратпен бірге қабылдайды.

      Ескерту. 137-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      138. Бақылаудағы, оның ішінде құпия құжаттардың орындалуына жауапты мемлекеттік органдар Кеңсеге есепті тоқсаннан кейінгі айдың 2-күніне атқарушылық тәртіптің жай-күйі және бақылау құжаттарының орындалу мерзімін бұзуға немесе олардың сапасыз орындалуына кінәлі нақты лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде қабылданған шаралар туралы ақпаратты жаза туралы бұйрықтың көшірмесімен қоса береді.

      139. Мыналарды бақылаудан алу не орындалу мерзімін өзгерту туралы шешім қабылдау:

      1) Президенттің тапсырмалары, оның ішінде Президент актілерінде, оның қатысуымен өткен кеңестердің (мәжілістердің) хаттамаларында және Президент немесе Президент Әкімшілігінің Басшысы бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар тиісінше Президенттің немесе Президент Әкімшілігі Басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның қарары бойынша;

      2) Президент Әкімшілігі басшылығының тапсырмалары, оның ішінде Президент Әкімшілігінің басшылығында өткен кеңестердің хаттамаларында және ол бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар Әкімшілік Басшысының немесе тапсырма берген тұлғаның қарары бойынша;

      3) тапсырмалар, оның ішінде Үкімет пен Премьер-Министрдің

      актілерінде, Үкімет мәжілістерінің және Премьер-Министрде өткен кеңестердің хаттамаларында қамтылатын тапсырмалар Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның қарары бойынша;

      4) Премьер-Министр орынбасарының тапсырмалары, оның ішінде олар өткізген кеңестердің хаттамаларында және олар бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар Премьер-Министр орынбасарының қарары бойынша;

      5) Кеңсе Басшысының тапсырмалары, оның ішінде Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің хаттамаларында және ол бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар Кеңсе Басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның қарары бойынша жүзеге асырылады.

      140. Жауаптар жобаларын Үкіметке енгізген кезде ілеспе хатта міндетті түрде тапсырманың нөмірі мен күніне (Президенттің, Үкіметтің немесе Премьер-Министрдің актілері бойынша нөмірге, күні мен тапсырманың нақты тармағына) сілтеме жасалады. Қаулылар мен өкімдердің жобаларын енгізген кезде де осындай тәртіп, бұл ретте егер тапсырма болмаса, бастамашылық тәртіппен енгізіледі, бұл туралы ілеспе хатта сілтеме жасалады.

      141. Бақылаудағы, оның ішінде құпия сипаттағы тапсырмалардың орындалуына жауапты мемлекеттік органдар Кеңсеге жіберетін олардың орындалуы туралы есептерде белгіленген орындалу мерзіміне сәйкес міндетті түрде мыналар қамтылуы тиіс:

      1) егер объективті себептермен тапсырманың белгіленген мерзімде орындалуы мүмкін болмаса, жаңа нақты мерзімін көрсете отырып не орындау мерзімін ұзарту туралы өтініш;

      2) егер тапсырма толық көлемде орындалған болса, не бақылаудан алу туралы өтініш;

      3) егер тиісті актімен немесе тапсырмамен мерзімді ақпарат ұсыну көзделген болса, не құжаттың ақпарат беру тәртібімен енгізіліп отырғаны туралы жазба.

      142. Іс-шаралар жоспарларының және Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Кеңсе Басшысы тапсырмаларының, оның ішінде хаттамалық тапсырмаларының нақты тармақтарын бақылаудан алу үшін:

      1) тиісті қаулының немесе өкімнің қабылдануы;

      2) мемлекеттік органдардың ақпарат (есептер), ұсыныстар енгізуі негіз болады. Бұл ретте Кеңсенің тұтастай құжатқа немесе оның жекелеген тармақтарына жауапты құрылымдық бөлімшелері есептің орындалу толықтығы мен сапасы мәніне талдау жүргізеді және қажет болған жағдайда Үкімет пен Кеңсе басшылығының тиісті қарарын дайындайды. Есептерге талдау жүргізу мерзімі олар Кеңседе тіркелген күнінен бастап 5 күннен аспауы тиіс.

      Ескерту. 142-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      143. Кеңсе Басшысы осы Регламенттің талаптарын, оның ішінде бақылаудағы құжаттарды орындау тәртібін өрескел бұзу фактілері бойынша Премьер-Министрге кінәлі лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізе алады.

      144. Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі басшылығының Үкіметтің атына берген тапсырмаларын, сондай-ақ Премьер-Министр мен Үкіметтің тапсырмаларын уақтылы орындамау, сапасыз орындау, сондай-ақ орындау мерзімін ауыстыру фактілері Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысында орындаушылық тәртіп жөнінде өткізілетін кеңестерде жауапты хатшыларды (жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларды) шақыра отырып қаралады.

      145. Мемлекеттік органдардың басшылары Үкіметтің бақылауына алынбаған тапсырмаларды орындауды қамтамасыз етуге міндетті. Кеңсенің бақылауына алынбаған тапсырмаларды орындау жөнінде ақпарат алу қажет болған кезде Кеңсе Басшысы қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.

      146. Кеңсе Басшысы Кеңсенің тиісті бөлімшелеріне мемлекеттік органдарда Мемлекет Басшысының, Президент Әкімшілігі басшылығының Үкіметтің атына берген тапсырмаларының, сондай-ақ Премьер-Министр мен Үкімет тапсырмаларының орындалуы мәніне тексеруді жүзеге асыруға

      тапсырма беруге құқылы.

      147. Кеңсе Басшысы оның орынбасарлары осы Регламенттің талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз етеді.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
1-қосымша

      _______________________________________________

      жобаның атауы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

      ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Р/

с

N

Түсіндірме жазбада

көрсетілуге тиіс

мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші

мемлекеттік

органның

ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші

мемлекеттік орган


2.

Жобаны қабылдау

қажеттігінің негіздеме-

сі


3.

Жоба қабылданған

жағдайда болжанатын

әлеуметтік-экономикалық

және/немесе құқықтық

салдар


4.

Жобаны іске асыруға

байланысты болжанатын

қаржылық шығындар


5.

Жобаны қабылдаудың

нақты мақсаттары,

күтілетін нәтижелердің

мерзімі мен болжанатын

тиімділігі


6.

Жобада қаралатын

мәселелер бойынша

Президенттің және/немесе

Үкіметтің бұрын

қабылданған актілері

және олардың іске

асырылу нәтижелері

туралы мәліметтер


7.

Заңнаманы кейін жобаға

сәйкес келтіру қажетті-

гі


8.

Премьер-Министрдің

тапсырмасы бойынша

басқа ұйымдарда қосымша

(құқықтық, экономикалық,

экологиялық, қаржы және

басқа да) сараптама

жүргізілген жағдайда

оның нәтижелері


9.

Өзге де мәліметтер



      Мемлекеттік органның

      бірінші басшысы _____________/______________________

      қолы қолдың толық жазылуы

      __________________

      күні

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
1-1-қосымша

      Ескерту. 1-1-қосымшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасы
      Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министріне

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің жылғы " " мәжілісіне

Қазақстан Республикасының Үкіметі
қаулысының жобасы бойынша
АНЫҚТАМА

      "_____________________"

      (жобаның атауы)

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі

      "_________________________________________________________________"

      (жобаның атауы)

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын қарап, мынаны хабарлайды.

      Әзірлеуші орган -__________________________________________________.

      (жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның атауы)

      Жобаны әзірлеу үшін мыналар негіз болып табылады:

      ____________________________________________________________________

      (Президенттің, Үкіметтің немесе Премьер-Министрдің актісі

      тармағының нөмірі,

      ____________________________________________________________________

      (қабылданған күні мен атауы не тапсырманы кім бергені, оның

      нөмірі мен күні, бастамашылық жасалуы көрсетіледі)

      Жобада мыналар көзделеді (Жобаны қабылдау неге негізделген):

      Жобаны қабылдау___________________________мүмкіндік береді.

      Әзірлеушінің ақпараты бойынша жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді (жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржы шығындары, республикалық бюджетте көзделген (көзделмеген) бюджет қаражатын талап етеді және/немесе республикалық бюджеттен және/немесе басқа да қаржыландыру көздерінен қосымша қаржы бөлуді талап етеді (талап етпейді).

      Жоба Экономика және бюджеттік жоспарлау (Министр (вице-министр) - аты-жөні), Әділет (Министр (вице-министр) - аты-жөні) министрліктерімен, өзге де мемлекеттік органдармен келісілді.

      Премьер-Министр Кеңсесінің жобаға ескертулері жоқ (мынадай ескертулері бар). Заң бөлімінің анықтамасы қоса беріліп отыр.

      Айтылғандардың негізінде жобаны Үкімет мүшелерінің дауыс беруіне шығаруға болады деп пайымдаймыз (пысықталған жағдайда "пысықталған редакциясында" немесе жобаны кейінге қалдыру немесе жобаны пысықтауға жіберу орынды деп көрсетіледі).

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі

      Кеңсесінің Басшысы

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
1-2-қосымша

      Ескерту. 1-2-қосымшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасы
      Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министріне

      "_____________________"

      (жобаның атауы)

      Қазақстан Республикасының Үкіметі

      қаулысының жобасын Қазақстан Республикасы

      Үкіметінің мәжілісінде қарау

      қорытындылары туралы

      "__________________________________________________________________"

      (жобаның атауы)

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы____________жылғы

      " " Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілісінде қаралды.

      Жобаны әзірлеу үшін мыналар негіз болып табылады:

      ____________________________________________________________________

      (жобаға берілген анықтамадан тиісті деректер көрсетіледі)

      Үкімет мәжілісіне дайындалған жоба бойынша анықтама қоса беріліп отыр

      Жоба бойынша (Министр (вице-министр)__________________________

      (аты-жөні)

      баяндама жасады.

      Талқылау қорытындылары бойынша жоба дауыс беруге енгізілді.

      Жобаны қабылдау үшін___Үкімет мүшесі жақтап, ____Үкімет мүшесі

      қарсы болып дауыс берді,____Үкімет мүшесі дауыс берген жоқ.

      Жоба қол қоюға енгізіліп отыр (пысықталған жағдайда "пысықталған редакциясында" деп көрсетіледі).

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі

      Кеңсесінің Басшысы

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
2-қосымша

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

      бойынша Үкімет мүшелерінің дауыс беру нәтижелерін

      ЕСЕПКЕ АЛУ ПАРАҒЫ

      1.__________________________________________________

      жобаның атауы

      2. Дауыс беру нәтижелері:

Р/

с

N

Үкімет

мүшесінің

лауазымы

Дауыс берді:*

Дауыс

берген

жоқ

жақта-

ғандар

қарсы

болғандар

1.





2.





3.





4.





5.





6.





7.





8.





9.





10.





11.





12.





13.





14.





15.





16.





17.
















Дауыс берген

Үкімет мүше-

лерінің

барлығы





      * Тиісті сандар қойылатын "Дауыс берген Үкімет мүшелерінің барлығы" деген жолды қоспағанда, 2-тармақтың "Дауыс берді" және "Дауыс берген жоқ" деген бағандарында тиісінше"+" немесе"-" белгілері қойылады.

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң Регламентiне
3-қосымша
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi

      __________________________

      Аты-жөнi

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiндегi

      сараптама нәтижелерi бойынша

      ___________________________________________________________

      жобаның атауы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасына

      ҚОРЫТЫНДЫ

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi (бұдан әрi

      - Кеңсе) ___________________________________________________________

      резидент немесе Үкiмет кесiмiнiң атауы,

      ____________________________________________________________________

      тармағының нөмiрi, оның қабылданған күнi не тапсырманы кiм

      ________________________________________ сәйкес немесе бастамашылық бергені, оның нөмірi мен күнi көрсетiледi

      жасау тәртiбiмен ___________________________________________________

      жобаны әзiрлеуші мемлекеттік органның атауы

      енгiзген ___________________________________________________________

      жобаның атауы

      қаулының жобасын қарап, мынаны хабарлайды.

      Осы қаулы жобасын (бұдан әрi - жоба) қабылдау қажеттiгi

      _____________________________ негiзделген.

      негiздемесi көрсетiледi

      Жобаны дайындау кезiнде Үкiмет Регламентiнiң талаптары сақталған (сақталмаған) (егер қандай да бiр бұзушылықтар бар болса, онда олар Регламенттiң нақты тармақтарына сiлтеме көрсетiле отырып жазылады).

      Жобаны қабылдау үшiн_____, қарсы _____Үкiмет мүшесi дауыс бердi, ____ Үкiмет мүшесi дауыс берген жоқ.

      Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтiк-экономикалық

      және/немесе құқықтық салдар________________________________________.

      ықтимал салдарлар көрсетіледi

      Жобаны iске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

      республикалық бюджетте көзделген (көзделмеген) _______ теңге бюджет

      қаражатын талап етедi және/немесе республикалық бюджеттен

      және/немесе басқа қаржыландыру көздерiнен қосымша қаржы бөлудi

      талап етедi (талап етпейдi).

      Жобаны Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiнде сараптау нәтижелерi

      бойынша мазмұндық және құқықтық сипаттағы, оның iшiнде заңдық

      техника бойынша ескертулер (ескертулер егжей-тегжейлi жазылады)

      болды (болған жоқ), оларды (мұндай факт болған кезде) әзiрлеушi

      жобаны пысықтау кезiнде жойды (жойған жоқ).

      Бұдан басқа,__________________________________________________

      қажет болған кезде басқа қосымша мәлiметтер

      келтiрiледi

      Жобаны қабылдау_______________________________________________

      ____________________________________________________________________

      жобаны қабылдаудан күтілетін нәтижелер және болжанатын тиiмдiлiгі

      ______________ мүмкiндiк бередi.

      көрсетiледi

      Баяндалғанға байланысты жобаны қабылдауға (керi қайтаруға не

      оны пысықтауға немесе қосымша келiсуге жiберуге) болады деп

      пайымдаймыз.

      Премьер-Министр

      Кеңсесiнiң Басшысы _________/________________________

      қолы қолдың толық жазылуы

      _____________

      күні

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
5-қосымша

Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
АНЫҚТАМА ПАРАҚ

      Ескерту. Регламент 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.06.04. N 822 Қаулысымен.

1.

Заң жобасының бастамашысы (органның толық атауы)


2.

Заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының құрамы


3.

Заң жобасы бойынша бас комитет


4.

Заң жобасының Қазақстан Республикасының Парламентінде тіркелген күні


5.

*Қазақстан Республикасының Парламенті тұрақты комитеттерінің заң жобасы бойынша қорытындылары


6.

*3аң жобасының ғылыми сараптамасы


*Ғылыми сараптама қорытындысының қабылданған және қабылданбаған ескертулері


*Ғылыми сараптама қорытындысының ескертулерін қабылдамау себептерінің негіздемесі


7.

*Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары


*Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларының қабылданған және қабылданбаған ескертулері


*Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларының ескертулерін қабылдамау себептерінің негіздемесі


8.

*3аң жобасын пысықтау процесінде енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар


9.

Заң жобасы бойынша баяндама жасау кімге тапсырылды


10.

Балама жобалардың бар-жоғы


11.

Қазақстан Республикасы Парламентінің заң жобасын бірінші оқылымда қараған күні және оның нәтижелері


12.

Заң жобасын пысықтау және оны екінші оқылымға дайындау тапсырылған бас комитет (комиссия), басқа орган


13.

Заң жобасын халықтық талқылауға шығару және оның мерзімі


14.

Комитеттің заң жобасы бойынша қорытындысы (екінші оқылымның алдында)


15.

Қазақстан Республикасы Парламентінің заң жобасын екінші оқылымда қараған күні және оның нәтижелері


16.

Заңның күшіне енетін уақыты


17.

Өзге де белгілер



      * Ескертпе: ақпараттың көлемі едәуір болған жағдайда Анықтама параққа жеке қосымшамен ресімдеуге жол беріледі.

  Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2002 жылғы 10 желтоқсандағы
N 1300 қаулысына
қосымша

      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған

      кейбiр шешiмдерінiң

      ТІЗБЕСІ

      1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 6, 40-құжат).

      2. "Қару-жарақтың, әскери өнiмнiң және екi ұдай мақсаттағы өнiмнiң экспорты-импорты жөнiндегi жекелеген мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 наурыздағы N 278 қаулысының 7-тармағы.

      3. "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзитiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 қаулысы 2-тармағының 1) тармақшасы.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 21 қыркүйектегi N 1426 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 47, 435-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесiн жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1917 қаулысының 5-тармағы.

      6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қаңтардағы N 116 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 3, 42-құжат).

      7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 наурыздағы N 386 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 15, 149-құжат).

      8. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 20 сәуiрдегi N 611 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 20, 224-құжат).

      9. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 шiлдедегi N 1068 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 29, 361-құжат).

      10. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 25 маусымдағы N 856 қаулысы .

      11. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 12 наурыздағы N 298 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 9, 74-құжат).

      12. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 26 қыркүйектегi N 1055 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 32, 343-құжат).