Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1300 Қаулысы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентi бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсін:

      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.09.16 N 1067 Қаулысымен;

      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi N 1376 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 40, 455-құжат):

      6-тармақта "40-1-тармағының" деген сөздер "69-тармағының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:

      4-тармақтың сегiзiншi абзацында "бiр айлық" деген сөздер "15 күндiк" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмысын ұйымдастыру ережесiнде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Үкiмет Парламенттiң қарауына енгiзетін заң жобалары бойынша "Норма шығармашылығы қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Үкiметтiң 2002 жылғы 30 мамырдағы N 598 қаулысымен бекiтiлген Заң жобаларына ғылыми сараптама жүргiзу ережесiне сәйкес заң жобасында реттелетiн құқықтық қатынастарға қарай тиiстi ғылыми сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа) жүргiзу мiндеттi. Бұл ретте қабылдануынан туындайтын болжамды салдарлар экологиялық, соның iшiнде радиациялық қауiпсiздiкке, қоршаған ортаны қорғауға қауiп төндiруi мүмкiн заңнамалық кесiмдердiң жобалары мiндеттi түрде экологиялық сараптама жасауға жатады. Заң жобасын әзiрлеушi оны мүдделi мемлекеттiк органдармен келiскенге дейiн жобаның тиiстi сараптамасы жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi, оның нәтижелерi бойынша қорытынды заң жобасына басқа да материалдармен бiрге мемлекеттiк және орыс тілдерiнде ұсынылады.";

      9 және 10-тармақтар алынып тасталсын;

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Заң жобасын мемлекеттiк органдармен келiсу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентiнде белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.";

      3) "Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 168 қаулысында:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Көрсетiлген нұсқаулықтардың талаптары оларға қатысты бөлiгiнде барлық мемлекеттiк органдар үшiн мiндеттi деп белгiленсiн.";

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде iс жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықта:

      12-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кеңсеге енгiзiлетiн Үкiмет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің жобаларына, сондай-ақ оларға қосымшалардың әрбiр парағына жобаны әзiрлеушi мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы не оның мiндетiн атқарушы адам алдын ала қол қоюға тиiс.";

      17-тармақта "Қаржы министрлiгiн, Экономика министрлiгiн" деген сөздер "Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Кеңседе Yкiмет қаулыларының және Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобалары бойынша сараптама жүргiзу (соның iшiнде қорытындылар дайындау) мерзiмдерi Үкiметтiң Регламентiнде белгiленген.

      Сараптаманы қоса алғанда Кеңседе жобалардың өту мерзiмдерi (жобаның тiркелген күнiнен бастап қол қойылған құжатты шығаруға тапсырғанға дейiн): Yкiмет қаулыларының жобалары мен заң жобалары үшiн - 15 жұмыс күнiнен, Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобалары үшiн - 10 жұмыс күнiнен аспауға тиiс. Жобалар мәтiнiнiң көлемi үлкен және күрделi болуына байланысты өту мерзiмдерiн Кеңсе Басшысы не оның мiндетiн атқарушы адам ұзартуы мүмкiн.";

      89-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Үкімет пен Премьер-Министрдiң нормативтiк құқықтық кесiмдерi жобаларын дайындау және келiсу тәртiбiне, оларды ресiмдеу (заңи техника) ережесi туралы нұсқаулықтың" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулықтың (заңдық техникасы)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      90-тармақтың екiншi сөйлемi алынып тасталсын;

      104-тармақтың үшiншi абзацындағы "министрлiктер мен ведомстволарға" деген сөздер алынып тасталсын;

      137, 140-тармақтардағы және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде iс жүргiзу жөнiндегi нұсқаулыққа 12-қосымшаның 1-тармағындағы "РМК" деген аббревиатура "РМҚК" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде есептеу техникасы құралдарын қолдану арқылы іс жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықта:

      17-тармақтың 2) тармақшасында "республикалық мемлекеттiк" деген сөздерден кейiн "қазыналық" деген сөзбен толықтырылсын;

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықта:

      1-тармақта "сауал салуларының" деген сөздерден кейiн ", депутаттар бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкiметтiң қорытындысын беру туралы өтiнiшпен Парламент Палаталары хаттарының" деген сөздермен толықтырылсын, "(бұдан әрi - бақылаудағы құжаттар)" деген сөздер алынып тасталсын;

      2-тармақта "орындалу мерзiмiн" деген сөздер "орындалуын" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде (бұдан әрi - Кеңсе) бақылау жұмысын үйлестiрудi Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi жүзеге асырады, ол мынадай құжаттарды (бұдан әрi - бақылаудағы құжаттар) бақылауға алады:

      1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Үкiметке немесе оның басшылығына тапсырма беретiн кесiмдерiн;

      2) мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға тапсырмалары бар Үкiметтiң қаулыларын, Үкiмет мәжiлiстерiнiң хаттамаларын, Премьер-Министрдiң өкiмдерiн;

      3) Президенттiң Үкiметке немесе оның басшылығына, Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының, Президент Әкiмшiлiгi басшылығының және Кеңсе Басшысының не оны алмастыратын адамның орындалу мерзiмдерi көрсетiлген немесе бақылауға алу туралы нұсқаулары, "шұғыл", "баяндалсын", "ұсыныстар енгiзiлсiн" деген белгiлерi бар тапсырмалары (соның ішінде мәжілiстер хаттамалары мен iс-шаралар жоспарларында қамтылған), сондай-ақ мазмұнынан оларды бақылауға қою қажеттiгi туындайтын тапсырмаларды;

      4) Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының сауалдары, депутаттар бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкiметтiң қорытындысын беру өтiнiшiмен Парламент Палаталарының хаттарын.";

      8-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

      "Құрылымдық бөлiмшелер - тапсырмаларды бiрге орындаушылар жинақтауды жүзеге асыратын бөлiмшеге өз ұсыныстарын тапсырманың белгіленген орындалу мерзiмi өткенге дейiн бiр күннен кешiктiрмей енгiзедi.";

      12-тармақтың бiрiншi абзацында:

      "Сараптама жүргiзудiң" деген сөздер "Жауаптардың (есептердiң) сараптамасын жүргізудiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Кеңседе тiркелген күнiнен бастап" деген сөздер және ", ал заң жобалары үшін - он күннен" деген сөздер алынып тасталсын;

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Бақылаудағы құжаттарды бақылаудан алу, орындалу мерзiмдерiн ұзарту мен орындалуы туралы жауаптарды (есептердi) ұсыну Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентiне сәйкес жүзеге асырылады.";

      22, 23, 24 және 25-тармақтар алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтардың өтiнiштерiн қарау және олардың орындалуын бақылау тәртiбi туралы нұсқаулықта:

      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

      "16-1. Азаматтардың хаттары мен өтiнiштерiн қарау және оларға Басшылық тапсырмаларының орындалуы мерзiмдерiн бақылауды Кеңсенің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi жүзеге асырады.";

      17, 18, 19, 20, 22 және 23-тармақтар алынып тасталсын;

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. "Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi N 974 қаулысына сәйкес орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары азаматтарды жеке қабылдауды тiкелей өздерi басқаратын органдарда жүргiзедi".

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.09.16 N 1067 Қаулысымен.

      3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 10 желтоқсандағы
N 1300 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
РЕГЛАМEHTI
1. Жалпы ережелер

      Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.06.30. N 550 қаулысымен.

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - Үкімет) алқалы орган болып табылады, Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық етеді.

      2. Үкіметтің қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдерімен және осы Регламентпен реттеледі.

      3. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (бұдан әрі - Премьер-Министр) мен Үкіметтің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, құжаттамалық және өзге де қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі (бұдан әрі - Кеңсе) жүзеге асырады.

      4. Құпия және құпия емес іс қағаздарын ұйымдастыруды және жүргізуді, Премьер-Министрге, оның орынбасарларына және Кеңсе Басшысына арналған хат-хабарларды, оның ішінде әр түрлі байланыс және деректер беру арналары арқылы келіп түсетін хабарларды қабылдауды, өңдеу мен таратуды Кеңсе Үкімет белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      4-1. Қазақстан Республикасының Парламентінде Үкіметтің мүддесін білдіруді және биліктің заң шығарушы тармағымен оның ұдайы өзара іс-қимыл жасасуын қамтамасыз етуді Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі өкілдігі жүзеге асырады.

      Ескерту. Регламент 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      5-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

      5. Соттарда Премьер-Министрдің, оның орынбасарының немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет пен Премьер-Министрдің мүдделерін білдіруді және қорғауды, сондай-ақ Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша конституциялық іс жүргізуге қатысуды талқылау мәні болған мәселелер құзыретіне енетін мемлекеттік орган жүзеге асырады. Әділет министрлігі тиісті мемлекеттік органға құқықтық және консультациялық көмек көрсетеді.

      6. Үкіметтің нормативтік құқықтық актілеріне ресми түсініктеме беруді Үкіметтің немесе Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Әділет министрлігі жүзеге асырады.

      7. Үкіметтің құзыретіне енетін кадр мәселелерін шешу Қазақстан

      Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      8-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

      8. Премьер-Министр, оның орынбасары және Кеңсе Басшысы өз

      құзыретіне енетін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының барлық

      мемлекеттік органдары мен ұйымдарының басшыларына, жауапты хатшыларға (жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға) олармен алдын ала келіспей-ақ орындалуға міндетті тапсырмалар бере алады.

      Тапсырмалардың жобаларын дайындау кезінде мыналар ескеріледі:

      1) көтеріліп отырған мәселелердің пысықталғандығы;

      2) стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкестігі;

      3) нәтижелілігі мен тиімділігі (нақты түпкі нәтижесі көрсетіледі);

      4) орындалу мерзімдерінің шынайылығы;

      5) экономикалық орындылығы мен ресурстармен қамтамасыз етілуі;

      6) өзге тапсырмалармен қайталанудың жоқтығы.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.10.22 № 1335 Қаулысымен.

      8-1. Қазақстан Республикасы Президентінің орындау мерзімі алты айдан астам актілері мен тапсырмаларын іске асыру олардың құзыреттері шегінде екі және одан көп мемлекеттік органға жүктелген, сондай-ақ қандай да бір салада/аяда/өңірде кешенді және ведомствоаралық сипаты бар тәсілдердің, нормалар мен қағидалардың жаңаларын қалыптастыруға және іске асыруға не қолданыстағыларын өзгертуге бағытталған жағдайда бақылауды жүзеге асыру кезінде:

      1) орындаушы мемлекеттік орган қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын орындаудың Президент Әкімшілігі әзірлеген тұжырымдамасын келіседі;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын орындау жөніндегі тұжырымдаманың негізінде орындаушы мемлекеттік орган тұжырымдама бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) әзірлейді.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасы Президентінің іске асырылуы заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын актілері мен тапсырмалары бойынша ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) әзірленбейді.

      Ескерту. Регламент 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.

      8-2. Ұйымдастыру іс-шараларының жоспарында (жол картасында) орындау мерзімдері айқындалып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін немесе тапсырмаларын орындаудың нысаналы және сапалық-сандық көрсеткіштері көрсетіліп, орындаушы мемлекеттік орган мен бірлесіп орындаушылардың іс-қимыл жасасу тәртібі қамтылады.

      Әзірлеушісі Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін немесе Үкіметтің құрылымына кірмейтін орталық мемлекеттік орган болып табылатын ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) Президент Әкімшілігімен және егер ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) Үкіметтің өкілеттіктерін қозғаған жағдайларда Премьер-Министрмен (оның міндеттерін атқарушы адаммен) немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адаммен келісілгеннен кейін оның бірінші басшысы бекітеді.

      Әзірлеушісі өзге мемлекеттік орган (ұйым) болып табылатын ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) Президент Әкімшілігімен келісілгеннен кейін Премьер-Министр (оның міндеттерін атқарушы адам) немесе ол уәкілеттік берген Премьер-Министрдің орынбасары бекітеді.

      Ескерту. Регламент 8-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.

      8-3. Ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) қабылданған жағдайда мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспарларын бекітуі талап етілмейді.

      Ескерту. Регламент 8-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.

      8-4. Ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) болмаған жағдайда қажет болса, орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның) бірінші басшысының шешімімен Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспары бекітіледі.

      Ескерту. Регламент 8-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.

      8-5. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындаушысы Үкімет болып табылатын жоспарын жасаған кезде олардың орындалуын Премьер-Министрдің тиісті орынбасарларының үйлестіруі көзделеді.

      Ескерту. Регламент 8-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.

      8-6. Орындаушы мемлекеттік органдардың (ұйымдардың) және бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың (ұйымдардың) лауазымды адамдары өздеріне берілген тапсырмалардың сапасыз орындалғаны және уақтылы орындалмағаны үшін дербес жауапты болады.

      Ескерту. Регламент 8-6-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.

      8-7. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың іске асырылу барысы туралы есептік ақпарат Президент Әкімшілігіне "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен айқындалған нысан бойынша және мерзімдерде беріледі.

      Ескерту. Регламент 8-7-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.

      8-8. Президент Әкімшілігіне Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы Үкімет жіберетін ақпаратқа Премьер-Министрдің тиісті орынбасары немесе Кеңсе Басшысы өздеріне берілген тапсырмалар бойынша қол қояды.

      Ескерту. Регламент 8-8-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.

      8-9. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын орындау немесе орындаудың мүмкін еместігі туралы Қазақстан Республикасының Президентіне Үкімет жіберетін қорытынды ақпаратқа Премьер-Министр (оның міндеттерін атқарушы адам) не оның орынбасары қол қояды.

      Ескерту. Регламент 8-9-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.

      8-10. Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің және/немесе тапсырмаларының тармақтары белгіленген мерзімде орындалмайтын болса, онда орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның) басшысы, ал Үкіметтің өкілеттіктері қозғалатын болса – Премьер-Министрмен (оның міндеттерін атқарушы адаммен) немесе оның орынбасарымен келісілгеннен кейін – белгіленген мерзімнен кешіктірмей Президент Әкімшілігіне орындаудың ағымдағы жай-күйі көрсетілген, орындау мерзімін ұзартудың не оны орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру қажеттілігінің негіздемесі дәлелденген хат енгізеді. Бұл ретте нақты орындау мерзімі, орындаушы мемлекеттік органның, сондай-ақ бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың жауапты саяси мемлекеттік қызметшілері мен ұйымдардың лауазымды адамдары көрсетіледі.

      Ескерту. Регламент 8-10-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.

      8-11. Қазақстан Республикасы Президентінің орындау мерзімі үш айдан астам актілері мен тапсырмаларын қайтадан ұзарту туралы ұсынысты Президент Әкімшілігіне орындаушы мемлекеттік орган (ұйым), ал Үкіметтің өкілеттіктері қозғалса – Премьер-Министрмен (оның міндеттерін атқарушы адаммен) немесе оның орынбасарымен келісілгеннен кейін оны орындау мерзімі аяқталғанға дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей енгізеді.

      Ескерту. Регламент 8-11-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.

      8-12. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалу барысы туралы мәселелер жарты жылда кемінде бір рет Үкімет отырыстарында, мемлекеттік органдардың алқа мәжілістерінде және ұйымдардың кеңестерінде қаралады.

      Ескерту. Регламент 8-12-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.

      8-13. Актілер мен тапсырмалардың орындалу сапасын бағалау қорытындысы бойынша Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, Үкімет Басшылығының барлық тапсырмаларына қойылатын талаптарға сәйкестігіне түгендеу (аудит) жүргізеді.

      Ескерту. Регламент 8-13-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

      8-14. Жүргізілген түгендеу қорытындысы бойынша Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі осы Регламенттің 8-тармағының екінші бөлігінің талаптарын сақтамағаны үшін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ актілерді немесе тапсырмаларды дайындауға және келісуге жауапты мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының тәртіптік жауапкершілігін қарау туралы ұсыныстар енгізеді.

      Ескерту. Регламент 8-14-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

      8-15. Мемлекеттік органдарда Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларын орындаушылар дербес құрылымдық бөлімшелердің бірінші басшылары болып табылады.

      Ескерту. Регламент 8-15-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

      9. Үкіметтің қаулысы оның ұжымдық заңды пікірін білдіруі тиістілігіне байланысты қаулылардың жобалары бойынша, сондай-ақ заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің және Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкімет қорытындыларының жобалары бойынша Үкімет мүшелерінің дауыс беруі жүргізіледі.

      10. Министрліктер мен Үкіметтің құрамына кірмейтін өзге орталық атқарушы органдар аппараттарының қызметін ведомствоаралық үйлестіруді Кеңсе Басшысы жауапты хатшылармен (жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын лауазымды тұлғалармен) кеңестер өткізу және Кеңсе Басшысының тиісті тапсырмалары жолымен жүзеге асырады.

2. Кіріс хат-хабарларын қарау

      11. Премьер-Министрдің және оның орынбасарларының (бұдан әрі – Үкімет Басшылығы) атына жазылған хат-хабарды (оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған келіп түскен электрондық құжаттарды) Кеңсе алдын ала қарайды.

      Үкімет басшылығы мен Кеңсе Басшысының атына жазылған мемлекеттік органдардың хат-хабарлары (оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған келіп түскен электрондық құжаттар) елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде ресімделеді (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы қоса беріледі).

      Кіріс, шығыс (ішкі) хат-хабарларды және өзге де қызметтік құжаттарды қарау және олардың өтуі Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107, "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 заңдарына, осы Регламентке және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа (бұдан әрі – Кеңседе іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық) сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      12-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

      12. Кеңсе:

      өтініш берушілердің немесе өзге де мемлекеттік органдардың ерекше құзыретіне енетін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың өтініштерін;

      әзірлеуші мемлекеттік органдардың мүдделі мемлекеттік органдардың немесе жұмыс органдары орталық атқарушы органдар болып табылатын ведомствоаралық комиссиялардың олар дайындаған нормативтік құқықтық актілердің және өзге де құжаттардың жобаларын қарау туралы тапсырма беруін сұрайтын өтініштерді;

      мемлекеттік органдардың, облыстар мен Астана және Алматы қалалары әкімдерінің немесе жекелеген заңды тұлғалардың Үкімет немесе Премьер-Министр шешімдерінің қабылдануын талап ететін, оның ішінде республикалық бюджеттен және Үкіметтің резервінен қаражат бөлу туралы, бірақ өтініштерде көтерілетін мәселелер құзыретіне енетін орталық атқарушы органдарда пысықталмаған өтініштерін;

      берілуі белгіленген есептілікте көзделмеген ақпаратты;

      Үкіметтің бақылауына алынбаған тапсырмалардың орындалуы жөніндегі ақпаратты;

      салықтарды төлеу мерзімін ұзарту туралы, салықтар мен кедендік төлемдер бойынша мерзімін ұзарту және/немесе жеңілдіктер беру туралы өтініштерді;

      жабық конверттердегі хат-хабарларды (құпия, кадр мәселелері бойынша және басқа қаладан келгендерді, сондай-ақ соттар жібергендерді қоспағанда);

      осы Регламенттің және Кеңседе іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын бұза отырып дайындалған құжаттарды қайтаруға құқылы.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      13. Кеңсе:

      облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне тиісінше аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің, Астана және Алматы қалаларының аудандары әкімдерінің, аудандық маңызы бар қалалар аудандары әкімдерінің, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкімдерінің олармен және тиісті мемлекеттік органдармен келісілмеген өтініштерін;

      кейіннен авторына хабарлай отырып, мәселенің мән-жайы бойынша қарау үшін тиісті мемлекеттік органға орталық және жергілікті атқарушы немесе өзге де мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын және олар бойынша Үкімет немесе Премьер-Министр шешімдерінің қабылдануын талап етпейтін мәселелер бойынша Үкімет басшылығына арналған заңды және жеке тұлғалардың хаттары мен өтініштерін жібереді.

      14. Кеңсе Үкімет басшылығының және Кеңсе Басшысының атына жазылған мемлекеттік органның (ұйымның) бірінші басшысы немесе бұйрық бар болса, бірінші басшының міндеттерін атқару ресми түрде жүктелген адам қол қойған құжаттарды қабылдайды.

      Сақтау мерзімі 10 жылға дейінгі құжаттар (сақтау мерзімі 75 жыл, тұрақты, ЭПҚ белгісі барша құжаттардан басқа) электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттардың электрондық нысанында қабылданады және жолданады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 Қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

      15. Тиісті шешім қабылдау үшін Үкімет басшылығының атына

      бастамашылық тәртіппен жіберілетін хат-хабарды мемлекеттік органдар

      мынадай жағдайларда енгізеді:

      1) егер мәселені шешу Үкіметтің тікелей құзыретіне енсе, енгізіп отырған мемлекеттік орган оны өзінің өтінішінде көрсетеді;

      2) орталық атқарушы органдардың арасында қағидатты сипаттағы және қаржылық қамтамасыз ету мәселелері бойынша еңсерілмес келіспеушіліктер болған кезде;

      3) егер мәселені шешу мемлекеттік органдар арасындағы үйлестіруді талап етсе.

      Мұндай жағдайларда хат-хабар шешім қабылдау үшін мәселенің мазмұнына қарай және Премьер-Министр, оның орынбасары және Кеңсе Басшысы арасында міндеттерді бөлуге сәйкес Премьер-Министрге немесе оның орынбасарына жіберілуі тиіс.

      15-1. Заң бөлімінің атына жазылатын хат-хабардың барлығы Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) алдын ала қарауына жіберіледі.

      Ескерту. Регламент 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      16. Ведомстволар тиісті мемлекеттік органның басшысының келісімі (ведомствоның хатында бұрыштамасы) болған кезде ғана, сондай-ақ Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының олардың атына берген тікелей тапсырмаларына жауап жіберген кезде өз бетінше Үкіметтің атына өтініш білдіре алады. Мемлекеттік органдардың өзге де құрылымдық бөлімшелерінің Үкіметтің атына өз бетінше өтініш білдіруге құқығы жоқ.

      17. Орталық атқарушы органдар мен олардың ведомстволары өздеріне келіп түсетін хаттарды, өтініштерді және өзге де құжаттарды қарайды әрі өздерінің ережелеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес олардың құзыретіне енетін барлық мәселелер бойынша өз бетінше шешімдер қабылдайды.

      Орталық атқарушы органдар олардың бірлескен құзыретіне енетін мәселелерді шешу үшін қажет болған кезде белгіленген тәртіппен олардың басшылары қол қойған бірлескен бұйрықтар түрінде шешімдер қабылдайды.

      Орталық атқарушы органдар өз бетінше шешуі тиіс мәселелер бойынша Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдері қабылданбайды.

3. Үкімет мәжілістері
3.1. Үкімет мәжілістерін жоспарлау

      РҚАО-ның ескертпесі!
      18-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

      18. Үкімет мәжілістерінде қарауға арналған мәселелер заңнамада

      белгіленген Үкімет өкілеттіктерін ескере отырып анықталады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      19-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

      19. Үкімет мәжілістерінде қарауға арналған мәселелердің тоқсан сайынғы тізбесі жоспарланатын тоқсанның алдындағы айдың 20-күнінен кешіктірмей Кеңсеге енгізілетін Үкімет мүшелері мен агенттіктер төрағаларының ұсыныстары негізінде Премьер-Министрдің өкімімен бекітіледі.

      Жоспарланған мәселелердің бекітілген тізбесі Үкімет мүшелеріне, агенттіктердің төрағаларына, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне және қажет болған кезде басқа да мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың басшыларына жөнелтіледі.

      Жоспарланған мәселені қараудан алу немесе оны қарауды басқа мерзімге ауыстыру туралы шешімді мәселені дайындауға жауапты мемлекеттік органның басшысы қол қойған және мәжіліс өткізілетін күнге дейін 5 (бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей енгізілген, Премьер-Министрдің атына жазылған жазбаша өтініш негізінде Премьер-Министр не онымен келісім бойынша Кеңсе Басшысы қабылдайды. Көрсетілген шешім туралы өзінің құзыретіне орай мүдделі мемлекеттік органдар хабардар етіледі.

      Осы тармақта белгіленген тәртіп кезектен тыс тәртіппен жоспарланған Үкімет мәжілістеріне қолданылмайды.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      20. Кезектен тыс Үкімет мәжілістері Қазақстан Республикасы Президентінің (бұдан әрі - Президент) не Премьер-Министрдің бастамасы бойынша шақырылады.

3.2. Үкімет мәжілістерін дайындау және өткізу тәртібі

      21. Үкімет мәжілістері Үкімет мәжілістерінде қарауға арналған

      мәселелердің тоқсан сайынғы тізбесіне сәйкес немесе қажет болған кезде, бірақ кемінде айына бір рет өткізіледі және оны Премьер-Министр не Президент шақырады.

      22. Үкімет мәжілістеріне Премьер-Министр, ал ол болмаған кезде

      Премьер-Министрдің орынбасары төрағалық етеді.

      Мәжілістерге Президент қатысқан кезде Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр төрағалық етеді.

      Үкімет мәжілістері ашық болып табылады әрі мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Президенттің не Премьер-Министрдің бастамасы бойынша Үкіметтің жабық мәжілістері өткізілуі мүмкін.

      23. Мәжіліс, егер оған Үкімет мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады. Үкімет мүшелері мәжілістерге алмастыру құқығынсыз қатысады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      24-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

      24. Үкімет мәжілістеріне, әдетте, Премьер-Министрмен келісілген тізім бойынша агенттіктердің төрағалары, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысады.

      Үкімет мәжілістеріне Мемлекет басшысының актілерімен осындай құқық берілген лауазымды тұлғалар да қатыса алады.

      Үкімет мәжілістеріне Кеңсенің шақыруы бойынша Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары, Кеңсе қызметкерлері мен өзге де адамдар қатыса алады.

      Үкімет мәжілістеріне шақырылғандардың тізімін анықтау немесе нақтылау жөніндегі ұсынысты мәселені дайындауға жауапты мемлекеттік орган талқыланатын мәселелерге қарай мәжіліске дейін 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей енгізеді.

      Үкімет мәжілісіне шақырылғандардың тізіміне Премьер-Министрмен келісім бойынша Кеңсе Басшысы қол қояды. Шақырылғандардың Үкімет мәжілісіне қатысуын Кеңсе қамтамасыз етеді.

      Үкіметтің мәжілістеріне қатысатын шақырылған адамдарды Кеңсе тіркейді.

      Жабық мәжілістерді өткізу және құпия мәселелерді талқылау құпиялылық режимінің талаптарын сақтай отырып және мәжіліске кіруді шектеумен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.06.04 N 535, 2012.04.27 № 540 Қаулыларымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      25-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

      25. Үкімет мәжілісінде қарауға дайындалған материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде мәжіліске дейінгі күнтізбелік 5 күннен кешіктірмей, ал электрондық нысандағы таныстырулар нұсқалары – мәжіліс болатын күннің алдындағы 2 күннен кешіктірмей Премьер-Министр Кеңсесіне енгізіледі. Премьер-Министр Кеңсесі Премьер-Министрмен не Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлғамен келісім бойынша Кеңсе Басшысы бекітетін мәжілістің күн тәртібінің жобасын жасайды және мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын жобаларды қоспағанда, күн тәртібін Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының және Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесіне беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы қол қойған мәжіліске шақырылғандардың тізіміне сәйкес Үкімет мүшелеріне және басқа да лауазымды адамдарға "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы мобильдік құрылғыларға қорғалмаған байланыс арналары бойынша кіруге тыйым салынбаған тиісті материалдармен бірге жібереді.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 Қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

      26. Үкімет мәжілісінде қарауға дайындалған материалдар Үкімет

      мәжілісінде қаралатын мәселелер бойынша хаттамалық шешімнің жобасын,

      анықтамаларды (5 беттен аспайтын көлемде), салыстырма кестелерді, слайдтарды, ақпараттық (талдамалық) және басқа да материалдарды қамтуға тиіс. Үкімет мәжілісінде қарауға дайындалатын материалдарға қойылатын талаптар Кеңседе іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықпен айқындалады.

      Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      27. Үкімет мәжілісіне құпия материалдар Кеңсеге Қазақстан

      Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі

      нұсқаулықтың талаптарына сәйкес Кеңсе Басшысымен келісілген тарату (таныстыру) есептері бойынша енгізіледі.

      Ескерту. 27-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.

      28. Мәжіліске қатысып отырғандар өздерінің атына немесе өздері білдіріп отырған органдардың (ұйымдардың) атына тапсырмалар мен олардың орындалу мерзімінің деректер жазбасын жүргізуі тиіс.

      29. Үкімет мәжілісінде қабылданған шешімдер хаттамамен елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде ресімделеді, қажет болған жағдайда оған орыс тіліндегі нұсқасы қоса беріледі. Хаттамалар Үкімет мәжілісінің стенограммасы негізінде және оған сәйкес дайындалады. Премьер-Министрде болатын кеңестердің хаттамасын дайындау кезінде осындай тәртіп қолданылады.

      Ескерту. 29-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.09.13 N 931 Қаулысымен.

      30. Елтаңбалық бланкіге шығарылған хаттамаға орындаушы, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (өздерінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша), Кеңсе Басшысының орынбасары (міндеттерді бөлуге сәйкес), Кеңсе Басшысының орынбасары (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін), Премьер-Министрдің орынбасарлары, Кеңсе Басшысы бұрыштама соғады және Премьер-Министрге қол қоюға беріледі.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.

4. Үкімет қаулылары
(Премьер-Министр өкімдері)
4.1. Үкімет қаулыларының (Премьер-Министр өкімдерінің) жобаларын дайындау тәртібі

      31. Мемлекеттік органдар Үкімет қаулыларының жобаларын (бұдан әрі - қаулылардың жобалары) дайындауды Қазақстан Республикасы Конституциясының , заңнамалық актілердің, Президент актілерінің және өзге де нормативтік құқықтық актілердің негізінде және оларды орындау үшін жүзеге асырады.

      Мемлекеттік органдар қаулы жобаларының мемлекеттік тілде дайындалу сапасы, мемлекеттік және орыс тілдері қағидаларының сақталуы, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің дәлме-дәлдігі үшін жауапты болады.

      Ескерту. 31-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.

      32. Қаулылардың жобаларын уәкілетті мемлекеттік органдар өз

      бастамалары бойынша немесе егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмалары бойынша әзірлейді. Қаулылардың, Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын (бұдан әрі - өкімдердің жобаларын), сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Кеңсе әзірлеуі мүмкін.

      Өкімдерінің жобаларын дайындау әкімшілік-өкімдік, жедел және жеке сипаттағы мәселелерді шешу үшін жүзеге асырылады.

      Қаулы (өкім) жобасында тапсырмалық сипаттағы ережелер бар болған жағдайда, мемлекеттік органдар осы Регламенттің 8-тармағының екінші абзацын басшылыққа алады.

      Ескерту. 32-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.10.22 № 1335 Қаулысымен.

4.2. Үкімет қаулыларының (Премьер-Министр өкімдерінің) жобаларын мемлекеттік органдарда келісу

      33. Қаулылар мен өкімдердің жобалары мүдделі мемлекеттік органдармен олардың заңнамада белгіленген құзыретіне орай мемлекеттік органдардың интранет-порталында (бұдан әрі – МО ИП) электрондық құжаттар нысанында міндетті түрде келісіледі, бұл ретте жобаны келісудегі мұндай мүдделілік жобада қаралатын мәселелердің мәні негізге алына отырып, сондай-ақ жобада мемлекеттік органдардың немесе олардың басшыларының атына тапсырмалар болған кезде белгіленеді.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 Қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

      34. Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган МО ИП-да заң қызметі басшысының (не оның міндетін атқарушы тұлғаның) және мемлекеттік орган басшысының мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі – ЭЦҚ) қолдана отырып куәландырылған электрондық құжаттар нысанындағы қаулы (өкім) жобасын, оған түсіндірме жазбаны және басқа да қажетті құжаттарды орналастырады және МО ИП арқылы тиісті мемлекеттік органдарға келісуге жібереді, ал ұйымдарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен бекітілген Электрондық құжат айналымы ережесiнде белгіленген тәртіппен расталған электрондық құжаттың қағаз көшірмесі келісуге жіберіледі.

      Қаулының (өкімнің) жобасын келісуге алған кезде мемлекеттік органдар олардың басқа мемлекеттік органдардың оған алдын ала бұрыштама соғуын талап етуге және үстірт және өзге де негізсіз себептермен жобаны келісуден бас тартуға тиісті емес.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

      34-1. Әзірлеуші мемлекеттік орган қаулы жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібере отырып, бір мезгілде өзінің интернет-ресурсында кадрлық және ұйымдастырушылық мәселелерді қамтитын, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды және (немесе) "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын қаулы жобаларын қоспағанда, қаулы жобасын, түсіндірме жазбаны және оған басқа қажетті құжаттарды осы Регламенттің 50-тармағының талаптарын ескере отырып, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасау, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырады. Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы) қаулы жобасына түсіндірме жазбада көрсетіледі.

      Әзірлеуші мемлекеттік орган жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары түскен күннен бастап оны жеті жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында орналастырады, ал онымен келіспеген жағдайда келіспеудің дәлелденген себептерін орналастырады.

      Ескерту. Регламент 34-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.12.21 № 1575 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.03.2013 № 213, 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      35. Орталық атқарушы органдардың Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын дайындау және келісу кезіндегі өзара іс-қимылы жауапты хатшылар (немесе жауапты хатшының функцияларын орындауға уәкілетті лауазымды тұлғалар) арқылы жүзеге асырылады.

      36. Кадрлық және ұйымдастырушылық сипаттағыны қоспағанда, қаулылардың жобалары Конституцияға, заңнамалық актілерге, Президенттің, Үкімет пен Премьер-Министрдің актілеріне сәйкестік мәніне заңдық сараптама жүргізуге жауапты Әділет министрлігімен, сондай-ақ Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен міндетті түрде келісілуге тиіс. Әділет және/немесе Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің қорытындысы теріс болған жағдайда, егер Премьер-Министр өзгеше айқындамаса, қаулының жобасы Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізілмейді.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.02.2013 № 126 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      37-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

      37. Оларды қабылдау экологиялық, оның ішінде радиациялық қауіпсіздікке, қоршаған ортаны қорғауға қатер төндіруі мүмкін салдар болжанып отырған қаулылардың жобалары уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізетін міндетті мемлекеттік экологиялық сараптама жасауға жатады.

      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері бойынша Үкімет қаулыларының жобаларын қоспағанда, жобаны әзірлеуші оны уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық сараптаманың нәтижелері бойынша оң қорытындысы болған кезде Үкімет басшылығының қарауына енгізеді.

      Соңғы жағдайда ғылыми сараптама халықаралық шарттардың жобаларына және Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенген халықаралық шарттарға қатысты Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарды жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері жөніндегі заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

      Ескерту. 37-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.11.12 № 1198 Қаулысымен.

      38. Дара кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын қаулылардың (өкімдердің) жобалары сараптамалық қорытынды алу үшін дара кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне жіберіледі. Дара кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары ұсынымдық сипатта болады және қаулының (өкімнің) жобасы қабылданғанға дейін оған міндетті қосымша болып табылады.

      39. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері бойынша Үкімет қаулыларының жобалары мүдделі мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша МО ИП арқылы олармен келісілгеннен кейін Әділет министрлігінде заңдық сараптауға жатады.

      Әділет министрлігіне енгізілгенге дейін көрсетілген қаулылардың жобалары Сыртқы істер министрлігімен келісіледі.

      Осы жобаларға электрондық құжат нысанында:

      1) Әділет министрлігі мен Сыртқы істер министрлігін қоса алғанда, мүдделі мемлекеттік органдармен (мүдделі мемлекеттік органдардың халықаралық шарт жобасының мәтінін түпкілікті келіскені туралы жазбаша қорытындыларын қоса бере отырып), сондай-ақ тиісті шет мемлекетпен (мемлекеттермен) немесе халықаралық ұйыммен келісілген әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған оны жасасу тілдеріндегі, оның ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі халықаралық шарт жобасы;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғылыми сараптама жүргізу міндетті болған жағдайда - халықаралық шарттардың жобалары бойынша не Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенген халықаралық шарттар бойынша ғылыми сараптама қорытындысы;

      3) халықаралық шарттарды ратификациялау туралы заң жобалары енгізілген жағдайда - Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар;

      4) оларды жасасу тілдеріндегі халықаралық шарттардың Сыртқы істер министрлігі ресми куәландырған көшірмелері және Үкімет қаулысының жобасында немесе халықаралық шарт жобасында сілтеме жасалған, жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган ресми куәландырған халықаралық сипаттағы өзге де құжаттар;

      5) оларға сілтеме болған жағдайда - халықаралық ұйымдар шешімдерінің және халықаралық сипаттағы өзге де құжаттардың жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган ресми куәландырған көшірмелері қоса беріледі.

      Жүргізілген ғылыми сараптама туралы мәліметтер, сондай-ақ негіздемелерімен тиісті ұсыныстар жобаға түсіндірме жазбада көрсетіледі.

      Қазақ және орыс тілдеріндегі аудармалардың халықаралық шарттардың түпнұсқа мәтіндерінің біріне сәйкестігін қаулы жобасын әзірлеуге жауапты орталық мемлекеттік орган қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.11.12 № 1198; өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      39-1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

      39-1. Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне халықаралық шарттарға қол қою туралы Үкімет қаулыларының жобаларын:

      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан - оларға қол қою күніне дейін күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей;

      2) Қазақстан Республикасының атынан - оларға қол қою күніне дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей ұсынады.

      Ескерту. Регламент 39-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.11.12 № 1198 Қаулысымен.
      40. (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.05 N 1161 Қаулысымен).

      41. "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру мен

      зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары жөніндегі қаулылардың

      жобаларын келісу мен енгізу мәселелері Үкімет бекіткен тиісті нұсқаулыққа сәйкес айқындалады.

      41-1. Қазақстан Республикасының аумағынан ғарыш объектілерін ұшыру, сондай-ақ оны одан тыс жерлерде ғарыш қызметіне қазақстандық қатысушылар жүзеге асыратын жағдайда ұшыру туралы шешімдерді келісу және қабылдау мәселелері Үкімет бекіткен тиісті қағидалармен айқындалады.

      Ескерту. Регламент 41-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.26 N 838 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      42. Ведомстволардың санын, министрліктердің, агенттіктердің, олардың басшы лауазымды тұлғаларының штат санының лимиттерін ұлғайтуды көздейтін қаулылардың жобаларын Үкімет Президентпен немесе оның уәкілеттігі бойынша Президент Әкімшілігімен келіседі.

      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      43. Әзірлеуші мемлекеттік органның қолдаухаты бойынша келісуші

      мемлекеттік органдардың келіспеушіліктерін қарау мақсатында Премьер-Министрде және оның орынбасарларында мәжіліс өткізілуі мүмкін.

      Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша кеңестер Кеңсенің Басшысында өткізілуі мүмкін, олардың нәтижелері Премьер-Министрге баяндалады.

      Ескерту. 43-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      43-1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінде және Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінде қарау процесінде Қазақстан Республикасының Президенті мен Парламентінің қарауына тиісінше қаулылар (өкімдер), Президент актілерінің жобаларын және заң жобаларын енгізу туралы қаулы жобалары тұжырымдамалық өзгерген жағдайда, олар міндетті түрде мүдделі мемлекеттік органдармен қайта келісуге жатады.

      Ескерту. Регламент 43-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.12.25 N 2206; жаңа редакцияда енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

      44. Премьер-Министр не оның тапсырмасы бойынша Кеңсе Басшысы

      жедел мәселелерді шешу жөніндегі қаулылардың (өкімдердің) жобаларын

      келісудің өзге де рәсімін белгілей алады.

4.3. Үкімет қаулыларының (Премьер-Министр өкімдерінің) жобаларын мемлекеттік органдарда келісу мерзімі

      45. Қаулылардың (өкімдердің) жобаларын мемлекеттік органдарда қарау және келісу олар түскен күнінен бастап мынадай мерзімнен аспауға тиіс:

      1) осы Регламентте көзделген жағдайларды қоспағанда, қаулылардың жобалары, оның ішінде Президенттің және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу туралы тиісінше Президент актілерінің жобалары мен заң жобалары - 10 жұмыс күні;

      2) Премьер-Министр өкімдерінің жобалары - 5 жұмыс күні;

      3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою,

      сондай-ақ ізгілік көмек мәселелері бойынша қаулылар мен өкімдердің

      жобалары - 3 жұмыс күні;

      3-1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.11.12 № 1198 Қаулысымен.

      4) Кодекс жобалары бастапқы енгізген жағдайда – 20 жұмыс күні ішінде, қайталама түскенде – 10 жұмыс күні ішінде қаралады.

      Ескерту. 45-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.06.04 N 535, 2010.11.12 № 1198, 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

      46. Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының немесе Кеңсе

      Басшысының тапсырмалары бойынша Үкіметтің қаулыларын немесе Премьер-Министрдің өкімдерін жедел қабылдау қажет болған кезде нақты жобаларды мемлекеттік органдарда келісудің неғұрлым қысқа мерзімі белгіленуі мүмкін. Мұндай жағдайда қаулының (өкімнің) жобасына мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Үкімет мәжілісінде, Үкімет басшылығында немесе Премьер-Министрдің нұсқауы бойынша Кеңсе Басшысында болған кеңесте бұрыштама соғуы мүмкін.

      Ескерту. 46-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

4.4. Үкімет қаулыларының (Премьер-Министр өкімдерінің) жобаларын келісу қорытындылары бойынша мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдер

      РҚАО-ның ескертпесі!
      47-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

      47. Қаулының (өкімнің) жобасын қарау қорытындылары бойынша келісуші мемлекеттік орган әзірлеушіге жауаптың мынадай нұсқаларының бірін ұсынуға тиіс:

      1) жоба ескертулерсіз келісілуі мүмкін. Келісуші орган басшысы ЭЦҚ қолданумен МО ИП-та электрондық құжат нысанындағы жобаны келіседі. Бұл жағдайда әзірлеуші МО ИП-тан басып шығарылған келісуші органның МО ИП-тағы жобаның нөмірі, келісуші органның оның мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен ішкі келісу нәтижелері көрсетілген келісу парағының негізінде және келісуші органның басшысы оған бұрыштама қоюы үшін электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түрінде жобаның түпнұсқасын ұсынады;

      2) жоба бар ескертулер жойылған кезде келісілуі мүмкін. Бұл ретте МО ИП-та келісуші орган ескертулерді орналастырады, мұнда оларды жою жөніндегі ұсыныстар міндетті түрде қамтылуы тиіс және ЭЦҚ-ны пайдалана отырып келісуші мемлекеттік орган басшысының қолы қойылады. Бұл жағдайда әзірлеуші ескертулермен келіскен жағдайда жобаларды пысықтау жұмыс тәртібімен жүзеге асырылады, бұдан кейін әзірлеуші МО ИП-та мемлекеттік орган басшысының ЭЦҚ-сын куәландырумен қол қойылған жобаның пысықталған нұсқасын орналастырады және мемлекеттік органдарға келісуге қайта жолдайды;

      3) жобаны келісуден бас тартылды. Бұл ретте келісуші мемлекеттік орган МО ИП-та келісуден бас тартуға уәждемесі бар келісуден бас тарту белгісін қояды және келісуші мемлекеттік орган басшысының ЭЦҚ-мен куәландырады.

      Келісуші мемлекеттік органдарға қаулылардың (өкімдердің) жобаларын "ескертулермен" келісуге (бұрыштама соғуға) тыйым салынады.

      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 Қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

      48. Келіспеушіліктер болған кезде әзірлеуші мемлекеттік орган өзара тиімді шешім іздеу мақсатында оны келісуші органдармен талқылауды қамтамасыз етуге тиіс. Өзара тиімді шешімге қол жетпеген кезде әзірлеуші мемлекеттік орган келісуші органдармен бірлесіп, келіспеушіліктер хаттамасын жасайды, оны жобаға МО ИП-та орналастырады. МО ИП-тағы келіспеушіліктер хаттамасы мемлекеттік органдар басшыларының ЭЦҚ-мен куәландырылады. Электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі келіспеушіліктер хаттамасының түпнұсқасы келісуші органның басшысына қол қоюға ұсынылады.

      Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 Қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

4.5. Қаулылардың жобаларын Үкіметтің қарауына енгізу тәртібі

      РҚАО-ның ескертпесі!
      49-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

      49. Келісу жүргізілгеннен кейін әзірлеуші мемлекеттік орган қаулының жобасын Кеңсеге келісуші мемлекеттік органдардың қорытындыларымен (келіспеушіліктер хаттамаларымен) және тиісті қосымшалармен бірге электрондық құжаттың қағаз көшірмелері түрінде және мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі (бұдан әрі – ЭҚАБЖ) электрондық құжат нысанында енгізеді.

      Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 Қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      50-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 (жариялануға жатпайды) қаулысымен.

      50. Мемлекеттік органдар Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізетін мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған Үкімет қаулыларының жобалары мыналарды қамтуға тиіс:

      1) Үкімет қаулысының жобасы;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

      2) осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша түсіндірме жазбаны қамтуға тиіс, онда мынадай негізгі мәліметтер қамтылуға тиіс:

      тиісті нормативтік құқықтық актілерге жасалған сілтеме бар жобаны қабылдауға негіз, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмалары және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемелері (Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмалары түсіндірме жазбаға қоса беріледі);

      жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ Республикалық бюджет комиссиясының шешімі қажет болған кезде (тиісті есептемелер, қаржыландыру көзіне сілтемелер, Республикалық бюджет комиссиясының шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі);

      жоба қабылданған жағдайдағы болжалды салдарлар;

      нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімі;

      жобада қаралатын мәселелер және оларды іске асыру нәтижелері бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері туралы мәліметтер;

      енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілер қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етіледі ме екендігін көрсету) не мұндай қажеттіліктің болмауы;

      Мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын жобаларды қоспағанда, Кеңсе Басшысы мен Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қбпү/22п-қбпү бірлескен бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес ақпараттық жүйесінде жобаларды және оларға материалдарды "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына беру мүмкіндігі;

      Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы) қаулы жобасына түсіндірме жазбада көрсетіледі.

      Дара кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын қаулының (өкімнің) жобасына түсіндірме жазба міндетті түрде Үкіметтің актісін қолданысқа енгізуге байланысты дара кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) артуын растайтын есептемелердің нәтижелерін қамтуға тиіс.

      Дара кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындыларымен келіспеген жағдайда жобаны әзірлеуші жобаға түсіндірме жазбада сараптамалық қорытындымен келіспеудің дәлелденген себептерін келтіруге тиіс;

      Сараптамалық қорытындыларда көрсетілген ескертулерді жойған жағдайда жобаны әзірлеуші жобаға түсіндірме жазбада аталған ескертулер жойылғаны туралы көрсетуі тиіс.

      3) осы Регламентке 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Үкіметтің қолданыстағы актілеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді көздейтін қаулының жобасына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды тиісінше негіздей отырып, әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының әр парағына алдын ала қолы қойылған және қолы қойылған қаулының (қаулылардың) бұрынғы және жаңа редакциясындағы салыстырма кестесі қоса беріледі;

      3-1) егер жобада қаулының (қаулылардың) күшін жою көзделетін болса, жобаға жобаны қабылдау қажеттілігіне негіздемені қамтитын, әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының әр парағына алдын ала қолы қойылған және қолы қойылған анықтама бірге беріледі;

      4) егер қаулының (өкімнің) жобасы дара кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын болса, жобаға салалық мүдделері жобада тікелей қозғалатын дара кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары бірге беріледі;

      4-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғылыми сараптама жүргізу міндетті болған жағдайда, халықаралық шарттың жобасы бойынша не Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарт бойынша жүргізілген ғылыми сараптама нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды жобаға қоса беріледі;

      5) (алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен)

      6) осы Регламенттің 4.2-бөліміне сәйкес өзге де мемлекеттік органдардың қорытындылары (келіспеушіліктер хаттамасы);

      РҚАО-ның ескертпесі!
      6-1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

      6-1) орындау үшін қаулының жобасы әзірленген тапсырмалардың (хаттамалардың және т.б.) көшірмелері,

      7) нормативтік құқықтық қаулылардың жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысын міндетті түрде бірге беру қажет;

      8) қаулы жобасымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және Президентінің қарауына заң жобалары мен Жарлықтардың жобалары енгізілетін жағдайларды қоспағанда, келісу парағы (PDF форматында қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

      Мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуға немесе мемлекеттік кірістерді азайтуға алып келетін қаулылар (өкімдер) жобалары Республикалық бюджет комиссиясының қорытындылары не шығындық нормалар бойынша қаржыландыру көзі көрсетілген (бюджеттік бағдарламаның нөмірі мен атауы, бюджет қаражатын уақтылы игерудің ағымдағы жай-күйі) егжей-тегжейлі анықтама қоса тіркеледі.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      50-тармақ 7) және 8) тармақшалармен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
      Ескерту. 50-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.06.04 N 535, 2010.11.12 № 1198, 2012.01.13 № 34; 05.03.2013 № 213, 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      50-1. Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министрдің, Президент Әкімшілігі басшыларының, Премьер-Министрдің орынбасарларының сондай-ақ Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысының тапсырмалары бар жобаларды қоспағанда, мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен Премьер-Министрі өкімдерінің жобаларын Кеңсеге ағымдағы жылғы 20 желтоқсанға дейін енгізеді.

      Ескерту. Регламент 50-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.13 № 34 Қаулысымен.

      51. Мемлекеттік құпияларды және (немесе) "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын жобаларды қоспағанда, Кеңсе Басшысы мен Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қбпү/22п-қбпү бірлескен бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес ақпараттық жүйесінде жобаларды және оларға материалдарды "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына беру мүмкіндігін көрсете отырып, әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы жобаға ілеспе хатқа қағаз жеткізгіште және ЭҚАБЖ арқылы электрондық құжат нысанында қол қояды.

      Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 Қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

      52. Қаулылар (өкімдер) жобаларының және оларға қосымшалардың әр парағына әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы алдын ала қол қояды.

      53. Қаулы жобасында халықаралық шарттарға немесе өзге де құжаттарға (заңнамалық актілерден, Президент, Үкімет және Премьер-Министр актілерінен басқа) сілтемелер болған кезде әзірлеуші осы құжаттардың тиісінше Сыртқы істер министрлігі немесе жобаны әзірлеуші куәландырған мемлекеттік, орыс және қол қойылған өзге тілдердегі (әр түрлі оқылған кезде басымдығы бар) көшірмелерін міндетті түрде жобаға қоса береді.

4.5-1. Үкімет қаулыларының жобаларын алдын ала тексеру

      Ескерту. Регламент 4.5-1-бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      53-1. Белгіленген тәртіппен тіркелген қаулы жобасы (Премьер-Министрдің өкімдерін, заң жобаларын, Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын және Премьер-Министрдің тапсырмаларын орындау үшін әзірленген, оларды Үкіметке жедел енгізуді көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоспағанда) заңдық техника ережелерінің сақталуына және жобаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру үшін кейіннен Премьер-Министр Кеңсесінің Заң бөліміне жіберу үшін Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) қабылдау бөлмесіне, сондай-ақ мемлекеттік және орыс тілдері ережелерінің сақталуын, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің дәлме-дәлдігін алдын ала тексеруге (мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің дәлме-дәлдігі үшін әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы жеке жауаптылықта болады) Кеңсенің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне жіберіледі. Алдын ала тексеру жүргізуге арналған мерзім жоба тіркелген сәттен бастап 3 жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      Ескерту. 53-1-тармақты жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 Қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

      53-2. Үкімет қаулысының жобасын алдын ала тексерудің нәтижелері туралы Кеңсе Басшысы орынбасары (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) мен Кеңсенің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Кеңсе Басшысын немесе оның міндетін атқарушы адамды хабардар етеді.

      Алдын ала тексерудің нәтижелері бойынша Кеңсе Басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам мүдделі орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының (Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды адамдардың), Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін), Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің қатысуымен кеңес өткізеді, онда қаулының жобасын одан әрі қарау мен дайындау тәртібі белгіленеді:

      1) Үкімет мәжілісіне шығару;

      2) Кеңсенің бөлімдерінде пысықтау (оңай жойылатын, оның ішінде редакциялық сипаттағы және заңдық техника бойынша ескертулер жағдайында) және Үкімет мәжілісіне шығару;

      3) қаулының жобасын пысықтау және кейіннен Үкімет мәжілісіне шығару үшін оны Кеңсенің салалық бөліміне беру;

      4) жобаны мемлекеттік органдарға пысықтауға қайтару.

      Ескерту. 53-2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

      53-3. Белгіленген тәртіппен тіркелген, нөмірге келіп түскен (Үкімет пен Кеңсе басшылығы бұрын берген тапсырмаларды орындау үшін) Үкімет қаулыларының жобалары, егер оларды осы құрылымдық бөлімше алдын ала қараған болса, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне (олардың құзыретіне сәйкес) тікелей жіберіледі.

      Нөмірге келіп түскен Үкімет қаулылары жобаларының көшірмелері, сондай-ақ Үкімет қаулыларының жобалары (егер оларды Заң бөлімі алдын ала қараса) кейіннен Заң бөліміне жіберу үшін Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) қабылдау бөлмесіне беріледі.

      Ескерту. 53-3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540, 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      53-4. Алдын ала тексеру нәтижелері бойынша ауытқыған қаулылардың жобалары туралы ақпарат олардың құзыретіне сәйкес Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі.

4.6. Үкімет қаулыларының (Премьер-Министр өкімдерінің) жобаларын қабылдамау және пысықтауға қайтару

      РҚАО-ның ескертпесі!
      54-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 (жариялануға жатпайды) Қаулысымен.

      54. Жоба пысықтауға:

      1) жобаны дауыс беруге шығарғанға дейін кез келген негіздерде Премьер-Министрдің шешімі бойынша;

      2) жобаның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінде дәлме-дәлдіктің болмауы, осы Регламенттің, Кеңседе іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын бұзушылықтар, жобаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкессіздігі анықталған жағдайда Кеңсе Басшысының немесе оның міндеттерін атқарушы адамның шешімі бойынша;

      3) Үкімет мәжілісінің хаттамасы негізінде;

      3-1) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын таныстыру хаттамасы негізінде;

      3-2) Премьер-Министрдің орынбасарлары мен Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің Премьер-Министрмен келісілген хаттамасы негізінде;

      4) Кеңсе Басшысының қарарымен жұмыс тәртібімен;

      5) жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның жұмыс тәртібімен пысықтау мерзімі 20 жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      Ескерту. 54-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.06.04 N 535, 2012.01.13 № 34, 2012.04.27 № 540, 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

      55. Жобаларды пысықтау мақсатында әзірлеуші мемлекеттік органның мүдделі органдар өкілдерінің қатысуымен жедел кеңестер шақыруға құқығы бар.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      56-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

      56. Егер қайтарылатын жобаларға тапсырмаларда өзгеше мерзім

      көрсетілмесе, жобаларды пысықтауды және енгізуді әзірлеуші мемлекеттік орган қайтарылған күнінен бастап бір айдан аспайтын мерзімде (жұмыс тәртібімен пысықталатын жағдайларды қоспағанда) жүзеге асырады. Пысықтау мерзімі аяқталғаннан кейін әзірлеуші мемлекеттік орган Кеңсеге пысықталған жобаны не жобаны қараудан алу туралы жазбаша өтінішті ұсынуы тиіс. Қаулылардың жобаларын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді пысықтауды Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Кеңсе жүзеге асыруы мүмкін.

      Ескерту. 56-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      57. Қажет болған кезде Үкіметтің басшылығы және Кеңсе Басшысы

      әзірлеуші мемлекеттік органдардың жобаларды пысықтау және оларды Кеңседе келісуді қысқартуы мүмкін.

      Ескерту. 57-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      58. Премьер-Министр қаулының (өкімнің) жобасын қосымша (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптама жүргізу үшін кез келген тиісті ұйымға жібере алады.

      59. Жоба:

      1) жобаны дауыс беруге шығарғанға дейін кез келген негіздерде Премьер-Министрдің шешімі бойынша;

      2) Үкімет мәжілісінің хаттамасы негізінде қабылданбауы мүмкін.

4.7. Үкімет қаулыларының жобаларын Үкіметтің дауыс беруіне шығару

      60. Премьер-Министр не Премьер-Министрдің нұсқауы бойынша Кеңсе Басшысы қаулының жобасын дауыс беру үшін Үкіметтің мәжілісіне шығарады немесе сырттай дауыс беру тәртібімен (әдетте, шұғыл, құпия сипаттағы немесе жабық отырыстарда қаралуға тиіс) Үкімет мүшелеріне жібереді. Үкімет қаулыларының жобалары Премьер-Министр айқындайтын мерзімдерде түсу тәртібімен қаралады.

      Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.

      61. Қаулылардың жобаларын қарауды Премьер-Министрмен келісім бойынша Кеңсе Басшысы мәжілістің күн тәртібіне енгізеді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілістеріне қарауға шығарылатын қаулылар жобаларының тізімі мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын жобаларды қоспағанда, Кеңсе Басшысының және Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесіне беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелері көмекшілерінің мобильдік құрылғыларына жіберіледі.

      Ескерту. 61-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.

      62. Үкіметтің мәжілістерінде қаулының жобасы бойынша әзірлеуші

      мемлекеттік органның басшысы баяндайды. Жоба бойынша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесі дайындаған анықтамаға сәйкес қолда бар

      ескертулер мен ұсыныстар жөнінде Кеңсе Басшысы баяндайды.

      Ескерту. 62-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      63. Әрбір Үкімет қаулысының жобасы бойынша Үкімет мүшелерінің дауыс беру нәтижелері көрсетіліп, хаттамалық шешім қабылданады.

      64. Үкімет қаулылары Үкімет мүшелерінің жалпы санының көпшілік

      дауысымен қабылданады.

      65. Сырттай дауыс беру Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша өткізіледі.

      Ескерту. 65-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      66. Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі жоба бойынша

      материалдарды дауыс беру үшін жіберген күннен бастап 3 жұмыс күнінен

      аспауға тиіс. Қажет болған кезде Премьер-Министр және Кеңсе Басшысы

      Премьер-Министрмен келісім бойынша сырттай дауыс беру мерзімдері

      қысқартылуы мүмкін.

      67. Сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Үкімет мүшелері Премьер-Министрдің Кеңсесіне жазбаша жауаптар жібереді, онда өздерінің пікірін білдіреді. Жазбаша жауап көрсетілген мерзімде берілмеген жағдайда Үкімет мүшесі жобаны қабылдауға дауыс берді деп саналады. Дауыс беруді Үкімет мүшелері алмастыру құқығынсыз өткізеді.

      68. Егер жоба бойынша Үкімет мүшелерінің жалпы санының көпшілігі жобаны қабылдауға дауыс берсе сырттай дауыс беру өткізілді деп саналады.

      69. Қаулының жобасы бойынша сырттай дауыс беру нәтижелері осы

      Регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

      70. Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдеріне Премьер-Министр қол қояды. Премьер-Министр болмаған кезде Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдеріне Премьер-Министр белгілеген тәртіппен оны алмастыратын тұлға немесе Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлға қол қоя алады.

      Үкімет қаулыларының жобалары оларды Үкімет мәжілісінде қарағаннан кейін үш күннің ішінде Премьер-Министрдің қол қоюына ұсынылуы тиіс. Үкімет қаулылары жобаларының Кеңседе өтуінің жалпы мерзімі алдын ала тексеруді қоспағанда 20 жұмыс күнінен аспауы тиіс. Үкімет Басшылығының тапсырмасы бойынша әзірленген шұғыл жобалар бойынша олардың Кеңседе өтуінің өзге қысқартылған мерзімі белгіленеді.

      Ескерту. 70-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535, 2012.01.13 № 34, 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

      70-1. Үкімет мәжілісінде қабылданған (сырттай дауыс беру тәртібімен) қаулылардың жобаларына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары (тиесілілігіне қарай), Кеңсе Басшысы, Кеңсе Басшысының орынбасары (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) бұрыштама қояды және Премьер-Министрге қол қоюға беріледі.

      Ескерту. 70-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.

      70-2. 70-1-тармақта көрсетілген жобалар бойынша Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесі осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама жасайды.

      Ескерту. Регламент 70-2-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      71. Қаулының (өкімнің) түпнұсқасына оған қол қойылғаннан кейін түзетулер енгізуге тыйым салынады.

4.8. Үкіметтің қаулыларын (Премьер-Министрдің өкімдерін) тіркеу және есепке алу

      РҚАО-ның ескертпесі!
      72-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

      72. Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдерін тіркеуді және есепке алуды Кеңсе жүзеге асырады.

      Қол қойылған Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдеріне Кеңсенің құжаттамалық қамтамасыз ету үшін жауапты бөлімшесі:

      1) құпия емес қаулылар үшін - күнтізбелік жылдың басынан бастап реттік есепке алу нөмірінен, өкімдер үшін - дефис арқылы "ө" әрпін қойып, күнтізбелік жылдың басынан бастап реттік есепке алу нөмірінен;

      2) "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар таралуы шектеулі қаулылар мен өкімдер үшін - құпия емес қаулылар (өкімдер) үшін кезекті реттік нөмірден және "қпү" кіші әріптерінен;

      3) аса маңызды, өте құпия және құпия қаулылар мен өкімдер үшін - құпия қаулының (өкімнің) кезекті есепке алу нөмірін дефис арқылы берілген құпиялық белгісіне сәйкес "аса м" - "аса маңызды", "өқ" - "өте құпия", "қ" - "құпия" кіші әріптерімен бірге қойып, құпия емес қаулыларға (өкімдерге) арналған кезекті реттік нөмірден;

      4) бекітілген бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу көзделетін қаулылар үшін - әліпбилік тәртіппен берілетін әріптік литері (литерлері) бар бастапқы қаулының реттік нөмірінен тұратын тіркеу нөмірлерін береді.

      Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша қаулылармен (өкімдермен) құпия емес қаулыларға (өкімдерге) арналған кезекті реттік нөмірден кейін дефис арқылы қойылатын цифрлы литері бар тіркеу нөмірі жоғарыда көрсетілген тәртіппен беріледі.

      72-1. Премьер-Министр қол қойған Үкімет қаулыларының түпнұсқаларына тіркеу нөмірі берілгеннен кейін Үкіметтің елтаңбалық мөрмен куәландырылады.

      Ескерту. Регламент 72-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.07.30 № 885 Қаулысымен, жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.

      73. Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің

      түпнұсқалары Кеңседе тұрақты сақталатын құжаттарға жатқызылады және

      Кеңседе кемінде 15 жыл сақталады, осы мерзім өткеннен кейін олар Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатына мемлекеттік сақтауға беріледі.

      74. Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің куәландырылған көшірмелерін уақтылы шығаруды және таратуды Кеңсе жүзеге асырады. Қажет болған кезде қаулылардың (өкімдердің) қосымша даналары Кеңсе Басшысының рұқсатымен беріледі. Құпия сипаттағы қаулылар мен өкімдердің куәландырылған көшірмелері немесе олардың үзінді көшірмелері белгіленген тәртіппен адресаттардың шектеулі санына жіберіледі.

      Техникалық қателер анықталған кезде Үкіметтің құпия емес қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің бұрын жіберілген даналарын ауыстыру Кеңсе Басшысының рұқсатымен жүргізіледі. Бұл ретте бастапқы жіберілген даналарды алғандарға "Бұрынғы жіберілгеннің орнына" ("Взамен ранее разосланного") мөртаңбасы басылып, қаулылардың (өкімдердің) түзетілген нұсқалары қағаз тасығыштарда жіберіледі. Түзетілген қаулылар (өкімдер), оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған, осы Регламентте белгіленген тәртіппен жасалатын және қайта қол қойылатын электрондық құжат нысанында мемлекеттік органдарға таратуға сәйкес жіберіледі. Адресаттар жоғарыда көрсетілген мөртаңбасы бар түзетілген нұсқасын алғаннан кейін олар қаулылардың (өкімдердің) бұрын жіберілген қағаз даналарын Кеңсеге дереу қайтаруға тиіс, ал электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттар ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттық ресурстарды қорғау саясатының талаптарына сәйкес жойылуға тиіс.

      Аса маңызды, өте құпия және құпия қаулылар (өкімдер) Кеңсе Басшысының хатымен ресми түрде қайтарып алынады.

      Жариялануға тиіс барлық қаулылар Премьер-Министрдің Баспасөз қызметімен келісіледі.

      Кеңсе Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің куәландырылған көшірмелерін тарату кезінде Әділет министрлігіне жіберген, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған ілеспе электрондық құжатта құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесінде мәліметтердің деректерін орналастыру үшін оларды әзірлеуші мемлекеттік органды көрсетеді.

      Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.

      75. Үкіметтің нормативтік қаулылары қабылданғаннан кейін министрліктер мен олардың ведомстволары, агенттіктер, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар бір ай мерзімде өздерінің актілерін Үкімет қабылдаған қаулыға сәйкес келтіруге және қажет болған кезде оны іске асыру мақсатында тиісті актілер шығаруға міндетті.

      76. Мемлекеттік органдар республиканың заңнамасына қайшы келетін және құқықтың ескірген нормаларын анықтау, оларды іске асырудың тиімділігін бағалау және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану жөнінде уақтылы шаралар қабылдау үшін өздері әзірлеуші болып табылған, қабылданған қаулылардың (өкімдердің) тұрақты мониторингін жүзеге асыруға міндетті.

      77. Нормативтік құқықтық актілерді қабылдаған орган таратылған, қайта ұйымдастырылған немесе қайта құрылған жағдайда, оның актілерінің күші жойылды деп тану туралы, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелерін оның құқықтық мирасқоры немесе жоғары тұрған орган шешеді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      5-тарау жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

5. Үкімет енгізетін Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын дайындау және келісу тәртібі

      78. Үкімет енгізетін Президент актілерінің жобаларын дайындауды қолданыстағы заңнамаға және осы Регламентке сәйкес тиісті орган жүзеге асырады.

      Президент актілерінің жобалары Кеңсеге осы Регламентте Үкіметтің қаулылары үшін көзделген тәртіппен енгізіледі.

      Президент актілерінің жобалары Президент Әкімшілігіне Үкімет қаулыларымен не Премьер-Министрдің (Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлғаның) хаттарымен енгізіледі, сондай-ақ бір мезгілде Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы электрондық құжаттар форматында (нысанында) беріледі. Бұл ретте, әдетте, хаттармен Президент Әкімшілігі бұрын пысықтау үшін қайтарған жобалар қайта енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын дайындауды тиісті мемлекеттік органдар өздерінің құзыретіне сәйкес өз бастамалары бойынша не жоғары тұрған мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың тапсырмасы бойынша жүзеге асырады.

      Тиісті бланкілерде әзірлеуші мемлекеттік орган мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындаған Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобалары Премьер-Министрдің Кеңсесіне бірінші басшының не жауапты хатшының ілеспе хатымен енгізіледі.

      Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізілетін Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларына әзірлеуші мемлекеттік органның, Әділет, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің бірінші басшылары міндетті түрде бұрыштама соғады.

      Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасы мен оның қосымшасының әр парағына, егер актінің жобасы екі және одан көп парақтан тұратын болса, акті жобасының бірінші парағын қоспағанда, әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы қол қояды.

      Егер тапсырмаларда өзгеше мерзім көрсетілмесе, Президент актілерінің жобаларын пысықтауды және енгізуді әзірлеуші мемлекеттік орган қайтарылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Кейіннен қосымша нормативтік құқықтық актілер қабылдауды талап ететін Президент актілерінің жобаларына құзыреттері Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасында белгіленетін әзірлеуші мемлекеттік органдардың бірінші басшылары алдын ала қол қойған тиісті қосымша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын бірге береді.

      Президенттің халықаралық шарттар мен келісімдер туралы актілерінің жобалары Президент Әкімшілігіне халықаралық құжаттарға қол қою белгіленген күнге дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын беріледі.

      Ескерту. 78-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.02.2013 № 126 қаулысымен.

      79. Үкімет Президент Әкімшілігіне енгізетін Президент актілерінің мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған жобалары мыналарды қамтуға тиіс:

      1) Президент актісінің жобасын енгізу туралы Үкімет қаулысының белгіленген тәртіппен Үкіметтің мөрімен куәландырылған көшірмесі немесе Премьер-Министрдің (Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлғаның) Президентке арналған хатының түпнұсқасы не Премьер-Министрдің немесе оны алмастырушы тұлғаның ілеспе хаты;

      2) Премьер-Министр (Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлға), Кеңсе Басшысы, жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның әрі Әділет және Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің, басшылары бұрыштама соққан Президент актісінің тиісті бланкідегі жобасы. Мүдделі мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бұрыштамалары Президент Жарлығы жобасының келісу парағына ғана қойылады. Президент актісінің жобасы мен оған қосымшаның әр парағына жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы қол қоюы тиіс.

      Премьер-Министрдің Кеңсесінде пысықталған Президент актісінің енгізілетін жобасына Үкіметке енгізілген Президент актісінің әзірлеуші органның, Әділет, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің бірінші басшыларының бұрыштамасы бар жобасын қоса тіркеуге рұқсат етіледі.

      Премьер-Министрдің Кеңсесінде пысықталған Президент актісінің жобасына Премьер-Министр, Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы, әзірлеуші органның, Әділет, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің бірінші басшылары тиісті бланкіге бұрыштама қояды;

      3) егер Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасы дара кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын болса, дара кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындыларының көшірмелері;

      4) көлемі үш парақтан аспайтын, ал күрделі мәселелер бойынша

      бес парақтан аспайтын түсіндірме жазба, мұнда мәселенің мәні, әлеуметтік-экономикалық және қажет болғанда саяси-құқықтық, экологиялық, демографиялық және өзге де негіздемелер, жобаны қабылдаудың күтіліп отырған салдарының болжамы, сондай-ақ ратификациялауға жататын халықаралық шарт жасасу мәселелері бойынша Президент актісінің жобасын әзірлеген кезде акт жобасына түсіндірме жазбада жүргізілген ғылыми сараптама туралы мәліметтер, сондай-ақ негіздемелерімен бірге Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар көрсетіледі, осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің бұрын қабылданған актілерінің тізбесі және олардың орындалуы туралы ақпарат баяндалады;

      Үкіметке енгізілетін, Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасына түсіндірме жазбаға Премьер-Министр қол қояды;

      4-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғылыми сараптама жүргізу міндетті болған жағдайда - халықаралық шарттың жобасы бойынша не Қазақстан Республикасы қатысуға ниеттенетін халықаралық шарт бойынша жүргізілген ғылыми сараптама нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды;

      5) егер акті жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің

      қолданыстағы актілеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін болса, әзірлеуші мемлекеттік орган басшысы әр парағына алдын ала қол қойған және қол қойған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тиісті негіздемесі бар Қазақстан Республикасы Президентінің актісі жобасының қолданыстағы және ұсынылып отырған редакциясының салыстырма кестесі;

      6) қағаз тасығышта және PDF форматындағы электрондық нысанда ресімделген Жарлық жобасына келісім парағы;

      7) Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасымен

      белгіленетін тікелей құзыреті болған кезде әзірлеуші мемлекеттік

      органдардың бірінші басшылары дәйектеген, қабылдануы Қазақстан Республикасының Президенті актісінің енгізілетін жобасын іске асыруға қажетті нормативтік құқықтық актілердің тиісті жобалары;

      8) қағаз тасығышта және PDF форматындағы электрондық нысанда ресімделген акті жобасында бұрыштамасы болған жағдайда, мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін атқарушы тұлғаға міндеттерді жүктеу туралы бұйрықтың немесе өкімнің көшірмесі;

      9) өзге де қажетті материалдар.

      Ескерту. 79-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.11.12 № 1198, 2012.04.27 № 540; 12.02.2013 № 126, 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      79-1. мемлекеттік органдар тоқсанның соңғы айының 30 күніне дейін мониторингтің нәтижелері туралы ақпаратты және қажет болған жағдайда тиісті жарлықтарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу не олардың күші жойылды деп тану туралы ұсынысты Президент Әкімшілігіне жібереді.

      Ескерту. Регламент 79-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.

6. Үкіметтің заң шығару қызметі
6.1. Заң шығару қызметін жоспарлау

      80. Үкіметтің заң шығару қызметі Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының жоспарына (бұдан әрі - Жоспар) сәйкес жүзеге асырылады.

      81. Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының ағымдағы және перспективалы жоспарларын қалыптастыру Президенттің тапсырмалары мен жыл сайынғы жолдаулары, Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары мен жыл сайынғы жолдаулары, Үкімет бекітетін мемлекеттік бағдарламалар мен бағдарламалар, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарлары, Үкіметтің шешімдері, нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі нәтижелері, қабылдануы Бюджет кодексінде көзделген заңдары, сондай-ақ Премьер-Министрдің шешімдері ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      Ескерту. 81-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      82. Алдағы жылға арналған Жоспардың жобасын Әділет министрлігі, Әділет министрлігіне жыл сайын 1 шілдеге дейін мемлекеттік органдар ұсынатын заң жобаларының тұжырымдамалары бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – Ведомствоаралық комиссия) оң қорытындысы негізінде қалыптастырады.

      Қалыптастырылған Жоспардың жобасы жыл сайын 1 қазанға дейін Үкімет қаулыларының жобаларын енгізу үшін белгіленген тәртіппен Үкіметке ұсынылады. Бұл ретте Әділет министрлігі Жоспардың жобасына енгізілген әрбір заң жобасын әзірлеу қажеттілігінің негіздемесін қамтитын анықтаманы Жоспардың жобасына қоса береді.

      Жоспар жобасы Мемлекет басшысына жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 15 қарашасына дейін ұсынылады және 31 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі.

      Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жыл сайын әзірленетін заң жобаларын қоспағанда, мемлекеттік кірістерді азайтуға немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуға алып келетін нормаларды қамтитын перспективалық жоспарда көзделген заң жобалары Республикалық бюджет комиссиясының олар бойынша оң қорытындылары болу шартымен ғана алдағы жылға арналған жоспардың жобасына енгізіледі.

      Перспективалық жоспарда көзделген заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар тиісті заң жобаларын әзірлеу және келісу іс-шараларын жүргізуді олар Үкімет қарауына енгізілгенге дейін кемінде бір жыл бұрын қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік органдар ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін Заң жобалау жұмыстары жоспарының жобасына ұсыныстарын уақтылы бермеген жағдайда, Әділет министрлігі тиісті мемлекеттік органның басшысына немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға заң қызметі басшысын жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізеді.

      Заң жобалау жұмыстары жоспарының жобасына ұсыныстар болмаған жағдайда тиісті мемлекеттік орган Әділет министрлігіне ұсыныстардың жоқтығы туралы хат жібереді.

      Ескерту. 82-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.09.16 N 1067, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.12.21 № 1575, 2012.04.27 № 540, 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

      83. Жоспарды Президентпен келісу "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 17 мамырдағы N 873 Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      84-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 (жариялануға жатпайды) Қаулысымен.

      84. Жоспарда көзделген заң жобаларын ұсыну мерзімін ауыстыру туралы, сондай-ақ заң жобаларын ағымдағы жылдың Жоспарынан алып тастау немесе оған қосымша заң жобаларын енгізу туралы мәселелер Үкіметтің тиісті қаулыларын қабылдау жолымен шешіледі. Мұндай қаулылардың жобалары әзірлеуші мемлекеттік органның қолдаухаты бойынша Ведомствоаралық комиссияның отырысында алдын ала қаралады. Ведомствоаралық комиссияның оң қорытындысы болған кезде әзірлеуші тиісті жобаны осы Регламентте белгіленген тәртіппен Кеңсеге енгізеді, бұл ретте жобаға түсіндірме жазбада міндетті түрде осы мәселе бойынша Ведомствоаралық комиссияның негіздемесі мен шешімі көрсетіледі.

      Мыналар:

      Мемлекет басшысының немесе Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің тапсырмалары;

      Қазақстан Республикасы Үкіметі басшылығының тапсырмалары.

      Мыналар:

      Мемлекет басшысының немесе Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің тапсырмалары;

      Қазақстан Республикасы Үкіметі басшылығының тапсырмалары;

      алып тастауға ұсынылатын заң жобасы бойынша Республикалық бюджет комиссиясының теріс қорытындысы;

      бірнеше заң жобаларын бір реттеу нысаны бойынша біріктіру қабылданған Жоспардан заң жобаларын алып тастау негіздері болып табылады.

      Кейіннен заңнамалық қамтамасыз етуді көздейтін Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын, тұжырымдамаларды, Үкіметтің іс-шараларын әзірлеу кезінде әзірлеуші осындай құжаттардың жобаларымен қатар Ведомствоаралық комиссияның қарауына тиісті заң жобаларының тұжырымдамаларын ұсынады.

      Егер заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеу басқа мемлекеттік органның құзыретіне жататын болса, ол кейіннен заңнамалық қамтамасыз етуді көздейтін Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын, тұжырымдамаларды, Үкіметтің іс-шараларын әзірлеуші мемлекеттік органның сұрау салуы бойынша заң жобасының тиісті тұжырымдамасын ұсынады.

      Мемлекеттік және өзге де бағдарламаларға қоғамдық қатынастарды заңнамалық реттеудің жаңа тетіктерін енгізу Жоспарға өзгерістер және толықтырулар енгізумен бірге жүргізілуге тиіс.

      Қабылданып қойған заң жобалау жұмыстарының жоспарларына енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының не оны алмастыратын адамның қолы қойылып, Президент Әкімшілігіне келісуге ұсынылады. Актінің жобасына заң жобалау жұмыстарының жоспарларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар негізделген тиісті түсіндірме жазба міндетті түрде қоса беріледі.

      Ескерту. 84-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.25 N 2206, 2011.09.16 N 1067, 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

      84-1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің немесе Премьер-Министр Кеңсесінің атына Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының жоспарында көзделмеген заң жобасын әзірлеу туралы ұсыныспен жүгінген жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган алдын ала тиісті заң жобасының тұжырымдамасын әзірлейді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 тамыздағы № 840 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда қарау үшін Әділет министрлігіне ұсынады.

      Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның оң шешімі болмаған жағдайда Премьер-Министрдің Кеңсесі жоспардан тыс бастама жасалған заң жобасын әзірлеу туралы ұсынысты қараусыз қайтаруы мүмкін.

      Ескерту. Регламент 84-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.12.21 № 1575 Қаулысымен.

      85. Перспективалық және ағымдағы жоспарлардың орындалуын жалпы бақылауды Әділет министрлігі жүзеге асырады.

      Әділет министрлігі ай сайын Үкіметтің заң жобалау қызметінің барысын қорытады және есепті айдан кейінгі айдың 1-күніне ағымдағы Жоспардың орындалу барысы туралы есепті, басым заң жобалары және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленетін заң жобалары жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ жоспарланған заң жобаларының мемлекеттік органдар мен Парламентте өтуі туралы мәліметті ұсынады.

      Жоспарланған заң жобаларын әзірлеу мерзімі бұзылған кезде Кеңсе Әділет министрлігі ақпаратының негізінде Премьер-Министрге заң жобаларын әзірлеу мерзімінің бұзылуына кінәлі лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізе алады.

      Жоспарда көзделген заң жобаларын Үкіметке және (немесе) Парламентке ұсыну мерзімдерін ауыстырудың объективті себептері туындаған жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган Үкіметке және (немесе) Парламентке заң жобасын енгізу мерзімінен бір ай бұрын Премьер-Министр Кеңсесіне заң жобаларын Үкіметке және (немесе) Парламентке Жоспарда көзделген ұсыну мерзімдерін ауыстыру себептерін көрсете отырып, негіздеме-хат жолдайды.

      Заң жобаларын Үкіметке және (немесе) Парламентке ұсынудың заң жобалау жұмыстары жоспарында көзделген мерзімдерін қайталап ауыстыру туралы мәселе бастамасын Премьер-Министрдің Кеңсесі уәкілетті мемлекеттік органдағы заң жобасын әзірлеуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысына тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтың көшірмесі және Жоспарда көрсетілген заң жобаларын әзірлеуге және енгізуге жауапты лауазымды тұлғаға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс болғанда ғана қарайды.

      Ескерту. 85-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.09.16 N 1067 Қаулысымен.
      86. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.12.25 N 2206 Қаулысымен.

      87. Заң жобаларын әзірлеудің және ұсынудың сапасы, уақтылығы үшін Жоспарда көрсетілген лауазымды адамдар дербес жауапты болады.

      Заң жобаларының сапасын, уақтылы әзірленуі мен ұсынылуын жалпы үйлестіруді және бақылауды заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдарының бірінші басшылары жүзеге асырады.

      Ескерту. 87-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.09.16 N 1067 Қаулысымен.

6.2. Заң жобаларын дайындау, ресімдеу, келісу, оларға дауыс беру тәртібі

      88. Заң жобаларын дайындау, ресімдеу, келісу, оларға дауыс беру, сондай-ақ олар бойынша келіспеушіліктерді қарау тәртібі "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында , Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатының регламенттерінде және осы Регламентте көзделген ерекшеліктермен бірге Үкімет қаулыларының жобаларын енгізу үшін белгіленген тәртіпке ұқсас.

      88-1. Заң жобалары Конституцияға, заңнамалық актілерге сәйкестігі мәніне заңдық сараптама жүргізуге жауапты Әділет министрлігімен, сондай-ақ заң жобасын республикалық бюджет қаражатымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік жоспарлау жүйесіне, халықаралық экономикалық интеграция, сауда қызметі бағыттарына, мемлекеттік басқару жүйесін дамытуға, әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі басымдықтарына сәйкестігі мәніне сараптама жүргізуге жауапты Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен міндетті түрде келісілуге тиіс. Әділет және/немесе Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктері теріс қорытынды берген жағдайда, егер Премьер-Министр өзгеше айқындамаса, заң жобасы Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізілмейді.

      Бұл ретте Экономика және бюджеттік жоспарлау және Әділет министрліктері заң жобасы барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісілгеннен кейін келіседі.

      Ескерту. Регламент 88-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.04.05 N 359; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.02.2013 № 126; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      89-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

      89. Халықаралық шарттарды ратификациялау мен олардың күшін жою

      туралы және оған қосылу туралы заң жобаларын әзірлеу және енгізу

      "Халықаралық шарттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында

      белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Парламент қарауына Үкімет енгізетін заң жобалары бойынша "Норма шығармашылығы қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысымен бекітілген Ғылыми сараптама жүргізу ережесіне сәйкес заң жобасымен реттелетін құқықтық қатынастарға қарай тиісті ғылыми (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізу міндетті. Бұл ретте оларды қабылдау экологиялық, оның ішінде радиациялық қауіпсіздікке, қоршаған ортаны қорғауға қатер төндіруі мүмкін салдарды болжайтын заңнамалық актілердің жобаларына міндетті экологиялық сараптама жүргізілуі тиіс.

      Парламенттің қарауына Үкімет енгізетін халықаралық шарттарды ратификациялау туралы заң жобаларына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 қыркүйектегі № 938 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы қатысуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми сараптама жүргізу қағидасына сәйкес жүргізілген халықаралық шарттарға ғылыми сараптама нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды қоса беріледі.

      Ескерту. 89-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.11.12 № 1198, 2011.05.27 № 590 Қаулыларымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      90-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

      90. Заң жобасын әзірлеуші жобаға тиісті ғылыми сараптама (оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндетті ғылыми, ғылыми лингвистикалық және қажет болған жағдайда - криминологиялық ғылыми сараптама) жүргізуді қамтамасыз етеді, оның нәтижелері бойынша қорытынды ұсынымдық сипатта болады (барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын қоспағанда).

      Әзірлеуші көрсетілген қорытындыларды заң жобасына басқа материалдармен бірге мемлекеттік және орыс тілдерінде Кеңсеге міндетті түрде енгізеді. Ғылыми сараптаманың теріс қорытындысы кезінде (мемлекеттік экологиялық сараптаманы, оның нәтижелері бойынша заң жобасында міндетті түрде жойылуға тиіс ескертулерді қоспағанда) заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган сараптамалық қорытындының ұсыныстарына сәйкес заң жобасын пысықтау, сондай-ақ қайтадан немесе қосымша сараптама жүргізу туралы өз бетімен шешім қабылдайды.

      Заң жобасы бойынша сараптамалық қорытындыдағы ұсынымдар қабылданбаған жағдайда, әзірлеуші заң жобасына анықтама парақта қабылдамау себептерінің дәлелді негіздемесін келтіруге тиіс.

      Ескерту. 90-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.06.04 N 822, 2011.05.27 № 590 Қаулыларымен.

      91. Дара кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заңдардың жобалары ұсынымдық сипатта болатын сараптамалық қорытындылар алу үшін заң жобасы салалық мүдделерін тікелей қозғайтын дара кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелген бірлестіктеріне жіберіледі және заң жобалары қабылданғанға дейін оларға міндетті қосымшалар болып табылады.

      Жобаны әзірлеуші сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда заң жобасына анықтама парақта сараптамалық қорытындымен келіспеу себептеріне дәлелді негіз келтіруге тиіс.

      Ескерту. 91-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 , 2009.06.04. N 822 Қаулыларымен.

      91-1. Егер Қазақстан Республикасы заңының қолданылуын қамтамасыз ету үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажет болса, заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган заң жобасын жан-жақты пысықтау мақсатында мемлекеттік органдардың қарауына заң жобасын іске асыру үшін қажетті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын бір мезгілде енгізеді.

      Егер заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу басқа мемлекеттік органның құзыретіне жататын болса, онда ол заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның сауалы бойынша заңға тәуелді актінің тиісті жобасын ұсынады.

      Ескерту. Регламент 91-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.06.04. N 822 Қаулысымен.

      91-2. Әзірлеуші мемлекеттік орган заң жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібере отырып, бір мезгілде өзінің интернет-ресурсында заң жобасын, түсіндірме жазбаны және оған қажетті басқа құжаттарды осы Регламенттің 95-тармағының талаптарын ескере отырып, мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырады, ол туралы заң жобасына түсіндірме жазбада көрсетіледі.

      Әзірлеуші мемлекеттік орган жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылар түскен күннен бастап оны жеті жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында орналастырады, ал онымен келіспеген жағдайда келіспеудің дәлелденген себептерін орналастырады.

      Ескерту. Регламент 91-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.12.21 № 1575 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.03.2013 № 213 қаулысымен.

6.3. Заң жобаларын Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізу тәртібі

      РҚАО-ның ескертпесі!
      92-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

      92. Жоспар негізінде заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар Кеңсеге заң жобаларын Үкімет қаулыларының Парламент Мәжілісіне осы заң жобаларын енгізу туралы жобаларымен бірге белгіленген тәртіппен енгізеді.

      93. Заң жобаларын Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізу тәртібі Үкімет қаулыларының жобаларын енгізу үшін белгіленген тәртіпке "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында , Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатының регламенттерінде және осы Регламентте көзделген ерекшеліктерге ұқсас.

      94. Кеңсеге енгізілетін Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары заңға бағынысты актілерді кейіннен қабылдауды көздейтін жіберілетін нормалардың ең аз санын қамтуы тиіс.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      95-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 (жариялануға жатпайды) Қаулысымен.

      95. Кеңсеге заң жобасы бойынша енгізілетін материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған:

      1) заң жобасын (оның ішінде электрондық жеткізгіштерде) және әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы әр парағына алдын ала қол қойған, Үкімет қаулылары үшін осы Регламенттің 4.2-бөлімінде белгіленген тәртіппен келісілген (бұрыштама соғылған) осы заң жобасын (заң жобаларын) Парламент Мәжілісіне енгізу туралы Үкімет қаулысының жобасын;

      2) осы Регламенттің 4.5-бөлімінің талаптарына сәйкес дайындалған Үкімет қаулысының жобасына түсіндірме жазбаны;

      3) заң жобасы мақсаттарының, міндеттері мен негізгі ережелерінің жан-жақты сипаттамасымен бірге жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі бар заң жобасына (заң жобаларына) түсіндірме жазбаның (жазбалардың), оның ішінде электрондық құжаттар форматындағы жобасын;

      3-1) қабылданатын Заңның қолданылуының ықтимал экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, экологиялық салдарының болжамдарын.

      Қабылданатын Заңның қолданылуының әлеуметтік және экономикалық салдарын бағалау мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Қабылданатын заң жобаларының қолданылуының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес ресімделеді;

      3-2) егер заң жобасын іске асыру мемлекеттік кірістердің қысқаруына немесе мемлекеттік шығыстардың ұлғаюына әкеп соқтыратын болса, қаржы-экономикалық есептемені;

      4) заң жобасын (заң жобаларын) мүдделі мемлекеттік органдармен келісу парағын (парақтарын);

      5) заң жобасы реттейтін құқықтық қатынастарға байланысты ғылыми (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экологиялық және басқалар) сараптаманың нәтижелері бойынша қорытындыларды, ал халықаралық шарттарды ратификациялау туралы заң жобалары бойынша осы шарттармен реттелетін құқықтық қатынастарға байланысты ғылыми (құқықтық, лингвистикалық, экологиялық, қаржылық және басқалар) сараптаманың нәтижелері бойынша қорытындыларды.

      Ғылыми сараптаманың қорытындысымен (қорытындыларымен) келіспеген жағдайда заң жобасының әзірлеушісі тиісті қорытындымен келіспеу себептерінің жазбаша дәлелденген негіздемелерін келтіруі тиіс.

      6) заң жобасын (заң жобаларын) әзірлеуші мемлекеттік органның

      басшысы қол қойған ілеспе хатты, бұл ретте Үкіметтің тиісті заң жобасы туралы қаулысының әрбір жобасы жеке ілеспе хатпен енгізіледі;

      7) осы Регламентке 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасына заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы әр парағына алдын ала қол қойған және қол қойған салыстырмалы кесте қоса тіркеледі. Бұл ретте енгізілетін түзетулердің негіздемелері оларды енгізудің қажеттілігін және орындылығын нақты көрсетуі қажет (қажет болған жағдайда практикадан мысалдар келтірілуі мүмкін);

      8) Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттарды Парламентке енгізу туралы заң жобасына Сыртқы істер министрлігі куәландырған, мемлекеттік, орыс және әр түрлі оқылған кезде басымдығы бар оларға қол қойылған өзге тілдердегі ратификациялауға енгізілетін құжаттардың көшірмелері қоса тіркеледі;

      9) егер заң жобасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын болса, заң жобасына салалық мүдделері заң жобасында тікелей қозғалатын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары қоса беріледі. Әзірлеуші сараптамалық қорытындымен (қорытындылармен) келіспеген жағдайда сараптамалық қорытындымен келіспеу себептеріне жазбаша дәлелді негіз келтіруге тиіс;

      9-1) заң жобасын (заң жобаларын) бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Интернет желісінде талқылау және оларды пысықтау кезінде қоғамдық пікірді ескеру нәтижелері туралы заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы әр парағына қол қойған анықтаманы;

      10) (алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен)

      11) осы Регламенттің 4.2-бөліміне сәйкес өзге мемлекеттік органдардың қорытындыларын (келіспеушіліктер хаттамасын);

      12) осы Регламентке 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтамалық парақты қамтиды;

      13) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін заңдарының жобаларына қатысты республикалық бюджет комиссиясының оң шешімінің көшірмесін;

      14) жобаны іске асыру үшін қажетті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу туралы жобаның және ұсыныстардың қабылдануына байланысты өзгертілуі немесе күші жойылды деп танылуы тиіс заңнамалық актілердің тізбесін.

      Ескерту. 95-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.06.04 N 535, 2009.06.04 N 822, 2011.04.05 N 359, 2011.05.27 № 590, 2011.09.16 N 1067, 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

      95-1. Осы Регламенттің 95-тармағында санамаланған құжаттардан басқа республикалық бюджет туралы заң жобасын Парламентке енгізу туралы заң жобасына мынадай құжаттар мен материалдар ұсынылады:

      республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы;

      стратегиялық жоспарлар жобалары немесе орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар жобалары;

      стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалар жобалары;

      соңғы есеп беру күніне мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген қарыздың жай-күйі туралы деректер;

      бюджеттік бағдарламалардың кіші бюджеттік бағдарламаларының бөлінісінде бюджеттік қаражатты жұмсау бағыттарын нақтылайтын ақпарат және республикалық бюджет жобасында қарастырылған шешімдерді ашатын түсіндірме жазба.

      Ескерту. Регламент 95-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      96. Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы жолдауымен

      белгіленген басымды деп айқындалған заң жобаларын (бұдан әрі - басымды заң жобалары) әзірлеуші мемлекеттік органдар осы Регламентке сәйкес келісілген заң жобаларын Кеңсеге заң жобасы басымды деп айқындалған күнінен бастап 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей енгізуге тиіс. Бұл ретте басымды заң жобаларын мемлекеттік органдардың келісу мерзімі олар түскен күнінен бастап 5 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.

      97. Хабарлануы шұғыл деп жариялау жоспарланған заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар осы Регламентке сәйкес келісілген заң жобаларын Кеңсеге Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 1074 Жарлығымен бекітілген заң жобаларын қараудың басымдығын белгілеу, сондай-ақ заң жобасының қаралуын шұғыл деп жариялау ережесінің 1-тармағына сәйкес Үкіметке немесе тиісті мемлекеттік органға хабарлама келіп түскеннен кейін 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей енгізуге тиіс. Бұл ретте шұғыл деп жариялау жоспарланған заң жобаларын мемлекеттік органдармен келісу мерзімі олар келіп түскен күнінен бастап 3 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.

      97-1.Әділет министрлігі мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде жыл сайын 1 тамызға басымды немесе хабарлануы шұғыл деп айқындау көзделетін заң жобаларының тізбесі бойынша ұсыныстарды Кеңсеге енгізеді.

      Ескерту. Регламент 97-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.

      98. Осы Регламентте көзделген негіздемелер бойынша заң жобаларын Кеңсе әзірлеуші мемлекеттік органға заң жобасын пысықтауға, оның ішінде қажет болған кезде қосымша ғылыми сараптама жүргізу үшін қайтаруы мүмкін.

6.3-1. Нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің
жобаларын таныстыруды жүргізу тәртібі

      Ескерту. Регламент 6.3-1-бөліммен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      98-1. Заң жобаларын таныстыру заң жобасының негізгі ережелерін таныстыру, қарау және талқылау, олардың заң жобасымен реттелетін салаларда жүргізілетін мемлекеттік саясатқа сәйкестігін айқындау мақсатында, сондай-ақ заң жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысына одан әрі енгізу үшін жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының жоспарын, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ Мемлекет басшысының және Үкімет басшылығының тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленген заң жобалары таныстырылуы тиіс.

      Әдетте, халықаралық шарттарды ратификациялау мен күшін жою туралы және оларға қосылу туралы заң жобалары бойынша таныстыру өткізілмейді.

      98-2. Таныстыруға заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы және лауазымды тұлғалары, тиісті заң жобасын келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың басшылары, заң жобасын әзірлеуге қатысқан коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ ғылыми сараптама жүргізуді жүзеге асырған сарапшылар шақырылады. Әділет және Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің басшылары заң жобаларын таныстыруға міндетті түрде қатысады.

      Ескерту. 98-2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.02.2013 № 126 қаулысымен.

      98-3. Заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар осы Регламенттің 95-тармағында келтірілген құжаттардан басқа, Кеңсеге заң жобасын таныстыруға мынадай құжаттарды енгізеді:

      1) қаралатын құқықтық қатынастарды реттеу және заң қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар бойынша шет елдердің тәжірибелерін қоса алғанда, заң жобасының негізгі ережелері бойынша қысқаша ақпаратты;

      2) заң жобасы бойынша слайдтарды;

      3) заң жобасы бойынша мемлекеттік органдар арасында бар келіспеушіліктерді;

      4) қаржы-экономикалық есептерді;

      5) заң жобасын таныстыруға шақырылатын адамдардың тізімін.

      98-4. Кеңсе Басшысының (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) орынбасарымен келісім бойынша Заңнама, қорғаныс және құқық тәртібі бөлімі Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстары негізінде алдын ала қарауға таныстырылуы тиіс заң жобаларының тізбесін, сондай-ақ Премьер-Министрмен не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы тұлғамен осы тізбені таныстыру өткізу күні мен уақытын келісетін Кеңсенің Басшысына (не оның міндетін атқарушы тұлғаға) оларды дайындауды және ұсынуды жүзеге асырады.

      Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша таныстыруға өзге де нормативтік құқықтық және құқықтық актілер де енгізілуі мүмкін.

      Ескерту. 98-4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.

      98-5. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері таныстыруға тиісті материалдарды дайындауды, сондай-ақ шақырылған адамдардың қатысуын қамтамасыз етеді.

      Күн тәртібі бойынша нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің көп саны бекітіліп берілген Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі материалдарды таныстыруға дайындауды, сондай-ақ Хаттаманың жобасын ресімдеуді жүзеге асырады.

      98-6. Таныстыруға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі не оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің орынбасарлары, не Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлға төрағалық етеді, ол:

      1) тиісті заң жобаларының әзірлеушілері болып табылатын орталық атқарушы органдардың басшыларын тыңдайды;

      2) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың таныстырылатын заң жобасына байланысты ұстанымын тыңдайды;

      3) мемлекеттік органдардың басшыларына тиісті тапсырмалар береді;

      4) таныстырылатын заң жобалары бойынша тиісті шешімдер қабылдайды.

      98-7. Заң жобасын таныстыруды әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырады:

      1) заң жобасының негізгі ережелері, заң қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар жөніндегі баяндама;

      2) заң жобасы нормаларының тиісті бюджет қаражатымен қаржылық қамтамасыз етілуі жөніндегі ақпарат;

      3) мемлекеттік органдар арасында бар келіспеушіліктер туралы мәліметтер.

      98-8. Кеңсенің Басшысы таныстыруда Премьер-Министрге заң жобасы бойынша қолда бар ескертулер мен ұсыныстар туралы баяндайды.

      98-9. Таныстыру қорытындылары бойынша қабылданған шешімдер Кеңсе Басшысы (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) орынбасарының алдын ала бұрыштамасы қойылған және Премьер-Министр немесе оның міндетін атқарушы тұлға қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

      Ескерту. 98-9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      98-10-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

      98-10. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша өзге де нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобалары (Президент Жарлықтарының, Үкімет қаулыларының жобалары, бағдарламалық және өзге де құжаттар тұжырымдамаларының жобалары және басқалар) таныстырылуы тиіс.

      Материалдар дайындау, сондай-ақ нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын таныстыруды өткізу тәртібі заң жобаларына қатысты осы Регламентте белгіленген тәртіпке ұқсас.

6.4. Заң жобаларын Президент Әкімшілігімен келісу,
сондай-ақ заң жобаларын қарау басымдығын айқындау және заң
жобасын шұғыл қарауды жариялау тәртібі

      99. Парламент Мәжілісіне Үкімет енгізетін заңдардың жобаларын Президент Әкімшілігімен келісу "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 17 мамырдағы N 873 Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.

      Мыналар Президент Әкімшілігімен міндетті түрде алдын ала келісілуге тиіс:

      1) Парламентте қаралуы Президент атынан шұғыл немесе басымды деп жариялау жоспарланатын заң жобалары. Президенттің заң жобаларын шұғыл немесе басымды деп, оның ішінде Үкіметтің бастамасы бойынша жариялануы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 1074 Жарлығымен бекітілген заң жобаларын қараудың басымдығын белгілеу, сондай-ақ заң жобасының қаралуын шұғыл деп жариялау ережесіне сәйкес жүзеге асырылады;

      2) Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет әзірлеген және Парламент Мәжілісіне енгізуге жататын заң жобалары;

      3) конституциялық заңдардың, кодекстердің жобалары, сондай-ақ

      қолданыстағы конституциялық заңдар мен кодекстерді өзгертуге және

      толықтыруға бағытталған заң жобалары;

      4) жергілікті мемлекеттік басқаруды және жергілікті өзін-өзі басқаруды, елдің саяси және сайлау жүйелерін жетілдіруге бағытталған заң жобалары;

      5) қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік саласындағы, құқық қорғау қызметі және сот төрелігін жүзеге асыру саласындағы құқықтық

      қатынастарды регламенттейтін заңдардың жобалары.

      Президент Әкімшілігінің онымен келісілетін заң жобалары бойынша ескертулері толық ескерілмейтін жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган бұл туралы Президенттің Әкімшілігін хабардар етеді;

      6) алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы, сондай-ақ тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заңдардың жобалары.

      Ескерту. 99-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      100. Заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар оларды Үкіметке енгізу кезінде нақты заң жобасын басымды деп қарауды айқындау немесе оны қарауды шұғыл деп жариялау туралы бір уақытта ұсыныс енгізуге құқылы. Бұл ретте заң жобасына түсіндірме жазба, оның ішінде оны басымды деп айқындау немесе шұғыл деп жариялау қажеттілігінің негіздемесін қамтуға тиіс.

      Үкімет өзі әзірлейтін заң жобаларына қатысты Президентке нақты заң жобасын басымды деп қарауды айқындау немесе оны шұғыл деп жариялау туралы ұсыныс енгізеді.

      Бұл ретте Үкіметтің ұсынысына тиісті заң жобасы және заң жобасын Парламенттің басымды деп қарауды айқындауы немесе оны қарауды шұғыл деп жариялауы қажеттілігінің негіздемесін қамтитын және заң жобасының нақты мақсаттарын ашатын түсіндірме мен ол шешетін міндеттер қоса берілуге тиіс.

6.5. Парламент Мәжілісіне заң жобаларын енгізу тәртібі

      101. Үкіметтің бастамасы бойынша Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілетін заң жобаларының түпнұсқаларына міндетті түрде: заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның, Әділет және Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің басшылары, Кеңсе Басшысы және Премьер-Министр (оның міндетін атқарушы тұлға) бұрыштама соғуға тиіс. Үкімет бланкісіне шығарылған заң жобасына түсіндірме жазбаға Кеңсе Басшысы бұрыштама соғады және Премьер-Министр (оның міндетін атқарушы тұлға) қол қояды. Заң жобаларының түпнұсқалары Парламент Мәжілісіне қағаз және электрондық тасығыштарда (электрондық құжаттар форматында) енгізіледі.

      Ескерту. 101-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.02.2013 № 126 қаулысымен.

      101-1. Заң жобаларымен бірге Парламент Мәжілісіне осы Регламенттің 95-тармағының 3)-5), 7)-9), 12), 14) тармақшаларында көрсетілген материалдар енгізіледі.

      Ескерту. Регламент 101-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      102. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігімен келісілгеннен кейін Үкімет Парламент Мәжілісінің қарауына басымдығын айқындау жоспарланған заң жобаларын 10 күнтізбелік күннен кешіктірмейтін мерзімде енгізеді.

      103. Президент Әкімшілігімен келісілгеннен кейін Үкімет жоспарлануы шұғыл деп жарияланған заң жобасын Парламент Мәжілісінің қарауына 7 күнтізбелік күннен кешіктірмейтін мерзімде енгізеді.

      Президент шұғыл деп жариялаған заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауына Президенттің арнайы жолдауы Парламентте жария етілген күннен кейінгі күннен кешіктірмей немесе осы жолдауды Парламентке жолдағаннан кейін енгізеді.

      104. Үкіметтің бастамасы бойынша Парламентке енгізілген заң жобасы Парламент Мәжілісі Аппаратының тіркеуінсіз Кеңсеге қайтарылған жағдайда, егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, жоба Кеңсеге келіп түскен күнінен бастап бір ай ішінде заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган оларды ресімдеуде анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі жұмыстарды жүргізеді.

      Үкімет Мәжіліске енгізген заң жобасына материалдарды толық жиынтықта ұсынбағаны үшін (заңнамалық актілерге сәйкес қажетті бір немесе бірнеше қосымшалар болмағанда) заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган, сондай-ақ заң жобасын Мәжіліске енгізуге дайындаған Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесі және Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жауапты болады.

      Үкімет Мәжіліске енгізген заң жобасының қазақ және орыс тілдеріндегі мәтінінің дәлме-дәл болмағаны үшін заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы жауапты болады.

      Сенат Үкімет енгізген заң жобасын ресімдеуде кемшіліктерді анықтаған кезде әзірлеуші мемлекеттік орган оларды аталған Парламент палатасының конституциялық тұрғыдан айқындалған заң жобаларын қарау мерзімдерін ескере отырып жою жөніндегі жұмыс жүргізеді.

      Заң жобасын ресімдеуде анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі жұмыс аяқталғаннан кейін әзірлеуші мемлекеттік орган оларды кейіннен бір мезгілде Мәжіліс және Сенат аппараттарына жолдау үшін аталған заң жобасы бойынша Кеңсе Басшысының қолы қойылған тиісінше ресімделген материалдарды Кеңсеге енгізеді.

      Ескерту. 104-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

6.6. Парламент депутаттары бастамашылық жасаған
заң жобаларын қарау тәртібі

      105. Парламент депутаттары бастамашылық жасаған, оның ішінде мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін заң жобалары бойынша Үкімет Парламентке мемлекеттік және орыс тілдерінде қорытынды ұсынады.

      Парламент депутаттары бастамашылық жасаған, Үкіметке келіп түскен заңнамалық актілердің жобалары Ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралуға тиіс.

      Қорытынды дайындауға жауапты ретінде айқындалған мемлекеттік орган Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен бірлесіп, заң жобалау қызметінің мәселелері бойынша Ведомствоаралық комиссияның қарауына мемлекеттік кірістерді ықтимал қысқарту немесе мемлекеттік шығыстарды ықтимал ұлғайту бөлігінде алдын ала қаржы-экономикалық есептерді енгізеді.

      Ведомствоаралық комиссия заң жобасы Кеңседе тіркелген күнінен бастап 15 күн мерзімде не Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарының тапсырмасында белгіленген неғұрлым қысқа мерзімде депутаттар бастамашылық жасаған заң жобасын оң не өзгеше бағалау жөнінде ұсыныстар әзірлейді.

      Үкімет қорытындысының жобасын Ведомствоаралық комиссияның ұсыныстарын ескере отырып, заң жобасында реттелетін қатынастар құзыретіне енетін мемлекеттік орган әзірлейді. Қорытындының жобасы мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалады және міндетті түрде Әділет, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерімен келіп түскен күнінен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде келісіледі (олардың басшылары бұрыштама соғады). Қажет болған кезде қорытындының жобасына әзірлеуші мемлекеттік кірістерді ықтимал қысқарту немесе мемлекеттік шығыстарды ықтимал ұлғайту бөлігінде қаржы-экономикалық есептерді қоса тіркейді.

      Қорытынды жобасы мемлекеттік бюджеттің кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормалар туралы мәліметтерді, осындай нормалар бойынша Республикалық бюджет комиссиясының қорытындысын, заң жобасында ұсынылған нормалардың Конституцияға, қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкестігі туралы мәліметтерді, оларды қабылдаудың орындылығы бойынша мәліметтерді қамтуы қажет.

      Парламент депутаттары бастамашылық жасаған, Үкіметтің Регламентіне сәйкес дайындалған Үкіметтің заң жобаларына қорытындылардың жобаларын Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізген кезде әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы заң жобалау қызметінің мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хаттамалық шешімінің көшірмесін, Әділет, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктері хаттарының көшірмелерін қоса тіркейді, сондай-ақ қажет болған жағдайда әзірлеуші қорытындының жобасына мемлекеттік кірістерді ықтимал қысқарту немесе мемлекеттік шығыстарды ықтимал ұлғайту бөлігінде қаржы-экономикалық есептерді қоса тіркейді.

      Ескерту. 105-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.02.2013 № 126; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      106. Үкімет қорытындысының жобасы, егер Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарының тапсырмасында өзге неғұрлым қысқа мерзім белгіленбесе, Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобасы Кеңседе тіркелген күнінен бастап 20 күн мерзімнен кешіктірмей мемлекеттік және орыс тілдерінде (оның ішінде электрондық құжаттар форматында) Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізіледі.

      Егер Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарының тапсырмасында бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар көрсетілген жағдайда, осы органдар Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобасы Кеңседе тіркелген күнінен бастап 10 күн мерзімнен кешіктірмей қорытындының дайындалуына жауапты мемлекеттік органға өздерінің ұсыныстарын беруге міндетті.

      Ескерту. 106-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      107. Мемлекеттік орган ұсынған Үкімет қорытындысының жобасы кейіннен дауыс беру үшін Үкіметтің отырысына не Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беруіне шығарылады.

      Сырттай дауыс беру Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша жүргізіледі.

      Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі дауыс беру үшін қорытынды жобасы бойынша құжаттарды жолдағаннан кейін 3 жұмыс күнінен аспауы тиіс. Қажет болған кезде Премьер-Министр немесе Премьер-Министрмен келісім бойынша Кеңсе Басшысы сырттай дауыс беру мерзімін қысқартуы мүмкін.

      Сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Үкімет мүшелері Премьер-Министр Кеңсесіне өзінің пікірін білдіре отырып жазбаша жауаптарын жолдайды. Егер көрсетілген мерзімде жазбаша жауаптар түспеген жағдайда Үкімет мүшесі қорытынды жобасына оң дауыс берді деп есептеледі. Дауыс беруді Үкімет мүшелері ауыстыру құқығынсыз жүргізеді.

      Егер қорытындының жобасы бойынша оның қабылдануына Үкімет мүшелерінің жалпы санынан көпшілігі дауыс берсе, сырттай дауыс беру жүргізілді деп есептеледі.

      Қорытынды жобасы бойынша сырттай дауыс берудің нәтижелері осы Регламентке 5-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рәсімделеді.

      Кеңсе Басшысының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) орынбасары алдын ала бұрыштама қойған Үкімет қорытындысының жобасы қаралғаннан кейін қорытындының жобасын Кеңсе Премьер-Министрдің (оның міндетін атқарушы тұлғаның) қолын қоюы үшін Үкімет бланкісіне ресімдейді.

      Ескерту. 107-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 Қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

6.7. Заң жобаларының Парламентте өту тәртібі

      108. Үкімет енгізген заң жобаларын Парламентте ұсынушы өкілетті тұлғаларға оларды Парламент қараған кезде заңның тұжырымдамасына немесе оның құқықтық мазмұнын өзгертуге байланысты, сондай-ақ мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізуге Үкімет басшылығының рұқсатынсыз келісім білдіруге тыйым салынады.

      Бұл ретте Парламентте тиісті заң жобаларын ұсынушы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Кеңсеге көрсетілген өзгерістер мен толықтырулар туралы дереу жазбаша хабарлауға міндетті.

      Парламентте тиісті заң жобаларын ұсынушы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Үкімет басшылығының келісуінсіз көрсетілген өзгерістер мен толықтырулар енгізуге келіскені үшін жауапты болады.

      Көрсетілген тәртіптің бұзылуына білдірілген келісімнің заңдық күші жоқ және Үкіметтің ұстанымы болып табылмайды.

      Парламент депутаттары Үкімет басшылығымен келісілмеген көрсетілген өзгерістер мен толықтыруларды дауысқа салуға шығарған жағдайда заң жобаларын ұсынатын тұлғалар мәжілістің стенограммасында өздерінің қарсылықтарын тіркеуді талап етуге және Кеңсеге осы өзгерістер немесе толықтырулар туралы дереу хабарлауға міндетті.

      Үкіметтің Парламенттегі өкілдігі Регламенттің осы тармағы талаптарының орындалуына бақылауды жүзеге асырады және Үкімет басшылығының рұқсатынсыз заң жобаларына жоғарыда аталған түзетулерді енгізуге уәкілетті тұлғалардың келісім білдіру фактілерін болдырмауға бағытталған шараларды қабылдайды.

      Осы Регламентте белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, Өкілдік бұл туралы Премьер-Министрді және Кеңсе Басшысын хабардар етеді.

      Ескерту. 108-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.06.04 N 535, 2012.04.27 № 540 Қаулыларымен.

      108-1. Парламент палаталарындағы отырыстарға қатысу барысында уәкілетті мемлекеттік органға депутаттардың:

      1) бұрын қаралған және заң жобаларын әзірлеу сатысында Үкіметте қолдау таппаған;

      2) Үкімет басшылығымен алдын ала кесілмеген және ол бойынша депутаттар қарайтын нақты заң жобасының тұжырымдамасымен сәйкес келмейтін түзетулер енгізуге тиісті рұқсат болмаған, Үкімет бастамашылық жасаған заң жобаларына ұсыныстарға олардың кейіннен түзетулер түрінде (заңдық техникаларға қатысты түзетулерді қоспағанда) бастамашылық жасауы үшін жазбаша немесе ауызша нысанда қарауына енгізуге тыйым салынады.

      Үкіметтің Парламенттегі өкілдігі Регламенттің осы тармағы талаптарының орындалуына бақылауды жүзеге асырады және белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, бұл туралы Премьер-Министрді және Кеңсе Басшысын хабардар етеді.

      Ескерту. Регламент 108-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.

      109. Үкімет бастамашылық жасаған заң жобасына Парламент енгізген тұжырымдамалық өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды немесе мемлекеттік кірістерді азайтуды болжайтын заң жобасын Парламент Мәжілісінің не Сенатының жалпы отырысында қарағанға дейін күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кешіктірмей әзірлеуші салыстырма кесте түрінде әзірлеушінің алдын ала ұстанымын қамтитын қысқаша түйінмен Кеңсеге жібереді, оларды Кеңсе Басшысы осы өзгерістер мен толықтырулар бойынша Үкіметтің бірыңғай ұстанымын әзірлеу үшін Әділет, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктеріне, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді.

      Бірлесіп атқарушы ретінде айқындалған мемлекеттік органдар өздерінің Парламент депутаттары енгізген түзетулерге ұсыныстарын немесе қарсылықтарын, егер тапсырмада өзге мерзім көрсетілмесе, күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде әзірлеуші мемлекеттік органға жібереді.

      Заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган Үкімет бастамашылық жасаған заң жобасына, егер тапсырмада өзге мерзім көрсетілмесе, Парламент депутаттары енгізген барлық өзгерістер мен толықтырулар бойынша күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың пікірлерін есепке ала отырып дайындалған тиісті қорытындыны қалыптастырады және Кеңсеге енгізеді.

      Үкімет басшылығы немесе Кеңсе Басшысы көрсетілген қорытындыны қарау нәтижелерін Парламентте заң жобасымен жұмыс істеу кезінде оларды одан әрі есепке алу үшін заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның және бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың назарына жеткізеді.

      Заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган қажет болған кезде қорытынды жобасын қалыптастыру үшін өз бетінше Парламент депутаттарының ұсыныстарын Үкімет не Республикалық бюджет комиссиясының жанындағы тиісті консультативтік-кеңесші органдардың қарауына жібереді.

      Ескерту. 109-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.02.2013 № 126 қаулысымен.

      109-1. Үкімет бастамашылық еткен заң жобаларына Парламент депутаттары түзетулер енгізген жағдайда (оның ішінде мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды немесе мемлекеттік кірістерді азайтуды көздейтін оның тұжырымдамаларының өзгеруіне байланысты) Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет қорытындысының жобасын заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган әзірлейді.

      Үкімет қорытындысының жобасы мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалады және Әділет, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерімен міндетті түрде келісіледі (олардың басшылары бұрыштама қояды не мемлекеттік органның бірінші басшысының қолы қойылған тиісті хат ұсынылады) және егер, тапсырмада өзге мерзім көрсетілмесе, 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Кеңсеге енгізіледі.

      Қорытынды жобасы мемлекеттік бюджеттің кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормалар туралы мәліметтерді, осындай нормалар бойынша Республикалық бюджет комиссиясының қорытындысын, заң жобасында ұсынылған нормалардың Конституцияға, қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкестігі туралы мәліметтерді, оларды қабылдаудың орындылығы бойынша мәліметтерді қамтуы қажет.

      Заң жобасына қажет болған кезде әзірлеуші: мемлекеттік кірістерді ықтимал азайту немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайту бөлігінде қаржы-экономикалық есептерді; Үкімет, Республикалық бюджет комиссиясы жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың хаттамаларын қоса тіркейді.

      Бірлесіп орындаушы ретінде айқындалған мемлекеттік органдар, өздерінің Парламент депутаттары енгізген түзетулерге ұсыныстарын немесе қарсылығын әзірлеуші мемлекеттік органға, егер тапсырмада өзге мерзім көрсетілмесе, күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде жібереді.

      Кеңсеге енгізілген Үкімет қорытындысының жобасы Үкімет мәжілісінде қарауға жатады және шақыруды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше меңгерушісі, бірлесіп орындаушы құрылымдық бөлімшелердің меңгерушілері, Кеңсе Басшысының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) орынбасары, Кеңсе Басшысының орынбасары – Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі өкілі, Кеңсе Басшысы алдын ала бұрыштама қояды.

      Үкімет қорытындысының жобасы кейіннен дауыс беру үшін Үкімет отырысына не Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беруіне шығарылады.

      Сырттай дауыс беру Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша жүргізіледі.

      Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі дауыс беру үшін қорытынды жобасы бойынша құжаттарды жолдағаннан кейін 3 жұмыс күнінен аспауы тиіс. Қажет болған кезде Премьер-Министр немесе Премьер-Министрмен келісім бойынша Кеңсе Басшысы сырттай дауыс беру мерзімін қысқартуы мүмкін.

      Сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Үкімет мүшелері Премьер-Министр Кеңсесіне өзінің пікірін білдіре отырып жазбаша жауаптарын жолдайды. Егер көрсетілген мерзімде жазбаша жауаптар түспеген жағдайда Үкімет мүшесі қорытынды жобасына оң дауыс берді деп есептеледі. Дауыс беруді Үкімет мүшелері ауыстыру құқығынсыз жүргізеді.

      Егер қорытындының жобасы бойынша оның қабылдануына Үкімет мүшелерінің жалпы санынан көпшілігі дауыс берсе, сырттай дауыс беру жүргізілді деп есептеледі.

      Қорытынды жобасы бойынша сырттай дауыс берудің нәтижелері осы Регламентке 5-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рәсімделеді.

      Ескерту. Регламент 109-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.02.2013 № 126, 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      109-2. Әзірлеушісі өздері болып табылатын заң жобаларын қарау бойынша Парламент палаталарындағы отырыстарға орталық атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының қатысуы мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) жұмыс топтарына – департаменттердің директорлары немесе комитеттердің төрағалары;

      2) бас комитеттердің отырыстарына – бірінші басшылардың орынбасарлары;

      3) Палаталардың жалпы отырыстарына – орталық атқарушы органдардың бірінші басшылары.

      Үкімет бастамашы болған заң жобасы бойынша Мәжілістің немесе Сенаттың жалпы отырысында баяндама жасауға уәкілеттік берілген орталық атқарушы органның бірінші басшысын ауыстыру Палатаның берілген заң жобасын қараудың шұғыл жағдайында ғана және объективті негіздер болған кезде ғана Премьер-Министрдің (Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлғаның) келісімі бойынша жүргізілуі мүмкін.

      Жоғарыда көрсетілген тұлғалардың, сондай-ақ Үкімет уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың басқа да тұлғаларының Парламентке келу, оның ішінде Парламентте өткізілетін үкіметтік сағаттарға, парламенттік тыңдауларға және басқа да іс-шараларға қатысу үшін осы тәртіпті сақтауына бақылауды Үкіметтің Парламенттегі Өкілдігі жүзеге асырады.

      Ескерту. Регламент 109-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      110. Үкімет енгізген заң жобаларын Парламент Мәжілісінің немесе Сенатының жалпы отырысында білдіруші уәкілетті тұлғаны (заң жобасы бойынша баяндамашыны) ауыстыру қажет болған кезде Парламентке Премьер-Министрдің не оның орынбасарының қолымен тиісті хат жіберіледі. Бұл ретте осындай хаттардың жобаларын заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган дайындайды және заң жобасы Парламенттің тиісті Палатасының жалпы отырысында қаралғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Кеңсеге енгізеді.

      Үкімет енгізген заң жобасын Парламентте ұсынушы уәкілетті тұлғаны (заң жобасы бойынша баяндамашыны) өзге мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы болып табылатын болатын басқа уәкілетті тұлғаға ауыстырған кезде Премьер-Министрдің қолы қойылған баяндамашыны ауыстыру туралы хатты Кеңсе бір мезгілде Мәжіліске және Сенатқа жібереді.

      Ескерту. 110-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      111. Үкімет шешімінің Парламентте өтуін бақылауды Үкіметтің Парламенттегі өкілдігі (бұдан әрі - Өкілдік) жүзеге асырады.

      Өкілдік Премьер-Министрді, оның орынбасарларын және Кеңсе Басшысын Мемлекет басшысы, Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларының және Үкімет енгізген заң жобаларының өтуі туралы және Парламент қарайтын әрі Үкіметтің қызметіне қатысы бар басқа да мәселелер туралы үнемі хабардар етіп отырады.

      Ескерту. 111-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      112. Үкіметтің Парламенттен заң жобасын қайтарып алуы Үкіметтің қаулысымен жүзеге асырылады, оның жобасын осы Регламентте белгіленген тәртіппен заң жобасын әзірлеуші енгізеді және Президент Әкімшілігімен міндетті түрде келісуге жатады.

      Ескерту. 112-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.

      113. Парламент қабылдаған және Премьер-Министрге қолын қойып бекітуге жіберілетін барлық заңдар бойынша заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган (немесе оның құзыретіне орай) Әділет, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерімен келісім бойынша заң қабылданған күннен бастап бес күн мерзімде қорытындыны осы Регламенттің 5-2-қосымшасының нысанына сәйкес дайындайды және Кеңсеге жібереді.

      Қорытындыдан басқа Кеңсеге міндетті түрде Әділет, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктері, сондай-ақ Парламент қабылдаған заңда мәселелері қозғалатын өзге де мемлекеттік органдар хаттарының көшірмелері, сондай-ақ Үкімет Парламент Мәжілісіне енгізген заң жобасының нұсқасы мен депутаттардың әр түзетуі бойынша негіздемемен Парламент қабылдаған заңның салыстырма кестесі, депутаттардың түзетулеріне Үкімет қорытындылары енгізіледі. Мұндай салыстырма кестені әзірлеуді заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган жүзеге асырады.

      Парламент қабылдаған заң бойынша ұсынылған қорытындының негізінде Заң бөлімі Премьер-Министрдің атына Кеңсе Басшысы (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) орынбасарымен алдын ала келісуге жататын Кеңсе Басшысының анықтамасын дайындайды.

      Үкіметке енгізілген қорытындының мазмұны және оны енгізу мерзімі үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары жауапты болады.

      Осы тармақта көзделген рәсімдердің орындалуын бақылауды Кеңсе жүзеге асырады.

      Ескерту. 113-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      113-1. Парламент Мәжілісі заң жобасын мақұлдаған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде әзірлеуші мемлекеттік орган (немесе оның құзыретіне орай):

      1) мүдделі мемлекеттік органдарға тиісті заңға тәуелді актілердің (Президент және Үкімет актілерінің) жобаларын қарау үшін;

      2) Әділет министрлігіне тиісті ведомстволық актілерді, сондай-ақ "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген, әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жататын нормативтiк құқықтық актiлерді әзірлеу туралы ақпаратты жолдайды.

      Ескерту. Регламент 113-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 05.03.2013 № 213 қаулысымен.

      114. Парламент заңнамалық актіні қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде әзірлеуші мемлекеттік орган (немесе оның құзыретіне орай) мыналарды:

      1) мемлекеттік органды (мемлекеттік органдарды) қабылдануы осы заңнамалық актімен негізделген нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу жөніндегі жауапты орындаушы (жауапты орындаушылар) етіп белгілеуді;

      2) заңнамалық актіде қолданысқа енгізудің неғұрлым кеш мерзімдері (олар қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде бір ай бұрын) көзделген құқықтық және нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, заңнамалық акт күшіне енген күнінен бастап екі айдан аспауы тиіс нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлеу мен енгізудің нақты мерзімдерін, сондай-ақ өкімнің жобасында қамтылатын өзге де тапсырмалардың орындалуын;

      3) заңға тәуелді актілерді қабылдау және/немесе қабылданған заңнамалық актіге сәйкес келтіру туралы тапсырманы көздейтін Премьер-Министрдің тиісті өкімінің жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібереді.

      Парламент қабылдаған заңнамалық актіні іске асыру мақсатында әзірленетін Премьер-Министр өкімінің жобасын енгізген жағдайда қабылданған заңнамалық актінің мәтінін, сондай-ақ заңнамалық актінің бұрынғы және жаңа редакциясының салыстырма кестесі қоса тіркелуі қажет.

      Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган Парламент заңнамалық актіні қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде белгіленген тәртіппен келісілген Премьер-Министр өкімінің жобасын Кеңсеге енгізеді.

      Мемлекеттік органдар Президент заңнамалық актіге қол қойған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын мүдделі мемлекеттік органдардың қарауына енгізеді.

      Мемлекеттік органдар Премьер-Министр өкімінің жобасын әзірлеу қажеттілігі болмаған жағдайда, заңнамалық актіге қол қойылған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Кеңсені хабардар етуі қажет.

      Әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге жататын, "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген нормативтiк құқықтық актiлер Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Кеңсенің Басшысы айқындайтын жағдайларды қоспағанда, заңнамалық актіге қол қойылған күнінен бастап екі айдан кешіктірілмей қабылданады.

      Мемлекеттік органдар ай сайын, келесі айдың 5-күнінен кешіктірмей Әділет министрлігіне осы Регламентке 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылданған заңнамалық актілердің іске асырылуы туралы ақпарат береді.

      Әділет министрлігі тоқсан қорытындылары бойынша ұсынылған ақпаратты талдап, қорытады және тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей осы ақпаратты Үкіметке жібереді.

      Заңға тәуелді нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің уақтылы әзірленуін және қабылдануын бақылауды өз құзыретіне сәйкес Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады.

      Ескерту. 114-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.03.2013 № 213 Қаулысымен.

      114-1. Оған қатысты бұрын Үкіметке Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар енгізілген халықаралық шартты ратификациялау туралы заңнамалық акт қабылданған жағдайда, ратификациялау туралы заңның жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган заңнамалық актіге қол қойылған күнінен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде белгіленген тәртіппен келісілген және осы Қағиданың 114-тармағында көрсетілген талаптарды көздейтін Премьер-Министр өкімінің жобасын Кеңсеге енгізеді. Премьер-Министр өкімін қабылдау қажет болмаған жағдайда, ратификациялау туралы заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган көрсетілген мерзімде осы орган басшысының қолымен тиісті негіздемені Кеңсеге енгізеді.

      Ескерту. Регламент 114-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.11.12 № 1198 Қаулысымен.

      114-2. Әзірлеуші мемлекеттік орган заңнамалық актіге қол қойылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында өзі әзірлеуші болған заңның нақты мақсаттары, әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдары, сондай-ақ болжанатын тиімділігі туралы ақпаратты қамтитын мемлекеттік және орыс тілдерінде, ал қажет болған жағдайда өзге де тілдерде баспасөз релизін орналастырады.

      Бұл ретте әзірлеуші мемлекеттік орган көрсетілген мерзімде осы баспасөз релизінің көшірмесін құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесінде орналастыру үшін Әділет министрлігіне жібереді.

      Ескерту. Регламент 114-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.12.21 № 1575 Қаулысымен.

      115. Заңнамалық актімен реттеліп қойылған қатынастар бойынша заң жобаларын әзірлеу туралы ұсыныстар кейіннен Үкіметтің мәжілісінде қаралатын болып Ведомствоаралық комиссияның отырысында алдын ала қаралады.

6-8. Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің отырыстарын өткізу тәртібі

      Ескерту. Регламент 6-8-бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен, жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.27 № 1685 Қаулысымен.

      115-1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің (бұдан әрі – Директорлар кеңесі) отырысына Директорлар кеңесінің мүшелері, Кеңсе Басшысы, Кеңсе Басшысының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) орынбасары, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің меңгерушілері, сондай-ақ Кеңсе Басшысының келісімі бойынша шақырылған өзге де тұлғалар шақырылады.

      115-2. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам) Директорлар кеңесінің отырысына мыналарды:

      1) баяндамашыларды көрсетіп, отырыстың күн тәртібін;

      2) Директорлар кеңесі мүшелерінің атына түсіндірме жазбаны;

      3) қарауға ұсынылатын құжаттардың жобаларын;

      4) Директорлар кеңесі шешімдерінің жобаларын;

      5) қоғамның атқарушы органының белгіленген тәртіппен ресімделген шешімдерінің үзінділерін;

      6) қажет болған кезде өзге де қосымша құжаттарды (мемлекеттік органдардың немесе заңды тұлғалардың таныстыруларын, шешімдерінің көшірмелерін, көрсетілген мәселелерді күн тәртібіне енгізуді негіздейтін анықтамалық материалдарды және басқаларын) қамтитын материалдарды олардың отырысының күніне дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен кешіктірмей Кеңсеге енгізеді.

      Директорлар кеңесінің түсіндірме жазбасы мен шешімдерінің жобаларына қоғамның атқарушы органының басшысы (немесе оның міндетін атқарушы тұлға) қол қоюға тиіс.

      Егер, құжат қоғамның тобына кіретін заңды тұлғалардың қызметіне қатысты болған жағдайда, онда Директорлар кеңесінің мүшелеріне жіберілетін материалдарға тиісті заңды тұлғаның (немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның) бірінші басшысы да қол қоюға тиіс.

      115-3. Қоғамның қызметіне әсер ететін қандай да бір мәселелерді шұғыл түрде шешудің қажеттілігі туындаған жағдайда, қажетті материалдарымен бірге хабарламаны жіберу мерзімі Директорлар кеңесі төрағасының шешімімен қысқартылуы мүмкін.

      115-4. Отырысты өткізу туралы хабарлама, сондай-ақ оған қоса берілетін қажетті материалдар Кеңсеге жазбаша және/немесе электрондық нысанда беріледі.

      115-5. Директорлар кеңесі отырысының хаттамасын Кеңсе Басшысы жүргізеді.

      115-6. Директорлар кеңесі отырысының хаттамасы ол жүргізілгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жасалады.

      115-7. Директорлар кеңесі жүзбе-жүз отырысының хаттамасына келісу парағына Кеңсе Басшысы хаттама жобасын жібергеннен кейін 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Директорлар кеңесінің отырысына қатысушы Директорлар кеңесінің мүшелері қол қояды.

      Директорлар кеңесі отырысының хаттамасына Директорлар кеңесінің төрағасы, Кеңсе Басшысы қол қояды, сондай-ақ Кеңсе Басшысының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) орынбасары бұрыштама қояды. Хаттамаға Директорлар кеңесінің келісім парағы және отырыста болмаған мүшелерінің (олар болған жағдайда) жазбаша пікірлері қоса беріледі.

      115-8. Кеңсе Басшысы Директорлар кеңесі отырыстарының стенограммасын жүргізуді ұйымдастыруы мүмкін.

      115-9. Директорлар кеңесі төрағасының қалауы бойынша оның қарауына енгізілген мәселелер жөнінде Директорлар кеңесінің шешімдер қабылдауы сырттай дауыс беру арқылы болуы мүмкін. Сырттай дауыс беру Директорлар кеңесінің отырысын өткізбей-ақ қолданылады.

      Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньді Кеңсе Басшысы Директорлар кеңесінің мүшелеріне сырттай дауыс беру үшін, егер Директорлар кеңесінің төрағасы өзге мерзімді белгілемесе, оның өткізілуі туралы хабарлай отырып, дауыстарды санау күніне дейін 7 (жеті) күннен кешіктірмей жіберуге тиіс. Құжаттарды алдын ала зерделеу талап етілмейтін мәселелер бойынша бюллетень дауыстарды санау күніне дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Директорлар кеңесінің мүшелеріне жіберілуі мүмкін.

      Сырттай дауыс беруге арналған бюллетень және өзге де ақпарат (материалдар) Директорлар кеңесінің мүшелеріне почта, электрондық немесе өзге де байланыс арқылы жіберілуі тиіс немесе жеке өзіне тапсырылады.

      115-10. Бюллетеньдер дауыс берудің соңғы күні 16 сағат 30 минуттан кешіктірілмей қоғамның орналасқан орны бойынша берілуі тиіс.

      115-11. Шешім сырттай дауыс беру арқылы жазбаша түрде ресімделеді және оған Директорлар кеңесінің төрағасы, Кеңсе Басшысы қол қояды, сондай-ақ Кеңсе Басшысының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) орынбасары бұрыштама қояды және:

      1) қоғамның атауын және орналасқан орнын;

      2) сырттай отырыстың шешімін жазбаша ресімдеу күні мен орнын;

      3) Директорлар кеңесінің құрамы туралы мәліметті;

      4) отырысты шақыруды жүзеге асырушы тұлғаны (органды) көрсетуді;

      5) отырыстың күн тәртібін;

      6) шешім қабылдау үшін кворумның болуы немесе болмауы туралы жазбаны;

      7) күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыс берудің қорытындылары мен қабылданған шешімді;

      8) өзге де мәліметтерді қамтуға тиіс.

      115-12. Директорлар кеңесі сырттай дауыс беру арқылы қабылдаған шешімді және сырттай дауыс беру қорытындыларын Кеңсе Басшысы Директорлар кеңесінің мүшелеріне шешімдерге қол қойылған сәттен бастап 20 (жиырма) күннен кешіктірілмейтін мерзімде жібереді.

7. Прокурорлық қадағалау актілерін қарау кезінде орталық атқарушы органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі

      РҚАО-ның ескертпесі!
      116-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

      116. Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарының тапсырмасы бойынша Үкімет басшылығының атына жіберілген прокурорлық қадағалау актілерін қарауды прокурорлық қадағалау актісінің мәні болған мәселелер құзыретіне енетін мемлекеттік орган жүзеге асырады. Әділет министрлігі тиісті мемлекеттік органға құқықтық және консультациялық көмек көрсетеді.

      117. Прокурордың наразылығын қоспағанда, прокурорлық қадағалау актісін қарау тапсырылған мемлекеттік орган 15 күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына (бұдан әрі - Бас прокуратура) Үкіметтің келісілген жауабының жобасын және қажет болған жағдайда Үкімет шешімдерінің жобаларын дайындайды және Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізеді, прокурорлық қадағалау актісінен туындайтын өзге де шараларды қабылдайды.

      Прокурордың наразылығын қарау тапсырылған мемлекеттік орган 7 күнтізбелік күн ішінде Бас прокуратураға Үкіметтің келісілген жауабының жобасын және қажет болған жағдайда Үкімет шешімдерінің жобаларын дайындайды және Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізеді, прокурорлық қадағалау актісінен туындайтын өзге де шараларды қабылдайды.

      Жауап жобасы прокурорлық қадағалау актісінде белгіленген әрбір мәселеге Үкімет ұстанымын қисынды және толық көлемде білдіруге тиіс.

      Үкіметтің Бас прокуратураға жауабының жобасын жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган міндетті түрде Әділет министрлігімен, сондай-ақ прокурорлық қадағалау актісін қарау туралы тапсырмада көрсетілген өзге де мемлекеттік органдармен келіседі.

      Үкімет жауабының жобасын келісу оған тиісті мемлекеттік орган басшысының бұрыштама соғуы не ескертулер мен ұсыныстардың жоқтығы туралы хат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

      Кеңсе Басшысының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) орынбасары алдын ала бұрыштама қоятын Үкімет жауабы жобасының түпкілікті нұсқасын Кеңсе Премьер-Министрдің (оның міндетін атқарушы тұлға) қол қоюы үшін Үкімет бланкісіне ресімдейді.

      Ескерту. 117-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540, 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

8. Үкіметтің актілерін жариялау тәртібі

      118. Үкіметтің азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілері міндетті түрде ресми жариялануға тиіс.

      119. Мемлекеттік құпияларды және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтері бар Үкіметтің актілері жариялануға жатпайды.

      120. Үкіметтің қаулылары Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасының Үкіметі актілерінің жинағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын және заңнамада белгіленген тәртіппен Үкіметтің қаулыларын ресми жариялауды жүзеге асыру құқығын алған мерзімді баспа басылымдарында жарияланады және теледидар мен радио арқылы халыққа жеткізілуі мүмкін.

      Үкіметтің интернет-ресурсын ақпараттық қамтамасыз ету және Үкімет қабылдайтын шешімдер туралы ақпаратты тарату мақсатында Internet (Интернет) жаһандық желісін пайдалану жекелеген ережелермен регламенттеледі.

      Ескерту. 120-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.30 № 2305 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      120-1. Мемлекеттік орган Кеңсе тарату барысында өзіне жіберген, кадрлық және ұйымдастырушылық сипаттағыларды қоспағанда, Үкімет қаулыларының куәландырылған көшірмелерін алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде өзінің интернет—ресурсында мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын Үкімет қаулыларын қоспағанда, өзі әзірлеуші болып табылатын Үкімет қаулысының нақты мақсаттары, әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдары, сондай-ақ болжанатын тиімділігі туралы ақпаратты қамтитын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі, ал қажет болған жағдайда өзге де тілдерде баспасөз релизін орналастырады.

      Бұл ретте әзірлеуші мемлекеттік орган көрсетілген мерзімде осы баспасөз релизінің көшірмесін құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесінде орналастыру үшін Әділет министрлігіне жібереді.

      Ескерту. Регламент 120-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.07.30 № 885, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.12.21 № 1575 Қаулысымен.

      121. Нормативтік құқықтық актілер мерзімді басылымдарда бір мезгілде мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялануға тиіс.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      122-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

      122. Нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануын бақылауды жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін қоспағанда, Мәдениет және ақпарат министрлігі жүзеге асырады.

9. Орталық атқарушы органдардың бірінші басшылары
іссапарларының тәртібі

      123. Өз бастамасы бойынша немесе Президенттің не Премьер-Министрдің тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге, сол сияқты Қазақстанның басқа қалаларына да іссапарға (оның ішінде демалыс және мейрам күндері) шығуы қажет болған жағдайда орталық атқарушы органның бірінші басшысы алдын ала, іссапар басталғанға дейін кемінде 3 күн бұрын Премьер-Министрдің атына өзінің іссапарға шығуына рұқсат беруі туралы қолдаухатпен жазбаша өтініш жасауға тиіс.

      Орталық атқарушы органның бірінші басшысының хатында (қолдаухатында) іссапарға шығу қажеттілігінің негіздемесі мен оның мерзімі келтірілуі тиіс.

      Бір тәуліктен аспайтын мерзімге іссапарға шыққан кезде жазбаша қолдаухат талап етілмейді - Премьер-Министрмен ауызша келісу жеткілікті.

      124. Премьер-Министрдің қажет болған жағдайда орталық атқарушы органның бірінші басшысын қызметтік іссапарға оның жазбаша қолдаухатынсыз жіберуге құқығы бар.

      125. Орталық атқарушы органның бірінші басшысы іссапардан оралысымен 3 жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде іссапарда болған кезеңде атқарылған жұмыс туралы жазбаша есеп беруге міндетті.

      Есепті Премьер-Министр немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары бекітеді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      10-тарауды жаңа редакцияда енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

10. Орындалуын бақылау тәртібі

      126. Президент, Үкімет, Премьер-Министр актілерінің, сондай-ақ Президенттің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Президент Әкімшілігі мен Кеңсе басшыларының тапсырмалары бар құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну және Республика Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 2 қазандағы N 4097 Жарлығына, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

      Көрсетілген құжаттардың орындалуын бақылауды олардың орындалу барысы туралы Премьер-Министрге, Кеңсе Басшысына жүйелі түрде хабардар ететін Кеңсе жүзеге асырады.

      127. Бақылау:

      1) қажетті ақпаратты талап ету;

      2) орындалуы туралы есептер мен баяндамаларды тыңдау және талқылау;

      3) тексеру және құжаттамалық тексерудің өзге де нысандары;

      4) жергілікті жерге шығып тексеру;

      5) заңнамаға қайшы келмейтін басқа да тәсілдер жолымен жүзеге асырылады.

      128. Мынадай, оның ішінде құпия құжаттар бақылауға алынады (бұдан әрі - бақылаудағы құжаттар):

      1) Үкіметке, оның басшылығына немесе Премьер-Министрдің Кеңсесіне тапсырмалар берілетін Қазақстан Республикасы Президентінің актілері не актілердің тармақтары;

      2) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тапсырмалар бар Үкіметтің қаулылары, Үкімет мәжілістерінің хаттамалары, Премьер-Министрдің өкімдері, Премьер-Министрдегі және Кеңсенің Басшысындағы кеңестер;

      3) орындалу мерзімі көрсетілген немесе бақылауға алу туралы нұсқаулар, "шұғыл", "баяндалсын", "ұсыныстар енгізілсін" деген белгілер бар Президенттің Үкіметке немесе оның басшылығына, Премьер-Министрдің, оның орынбасарының, Президент Әкімшілігі басшылығының Кеңсенің атына, Кеңсе Басшысының (оның міндетін атқарушы тұлғаның) тапсырмалары (оның ішінде кеңестердің хаттамаларында және іс-шаралар жоспарларында қамтылатындар);

      4) Парламент депутаттарының сауалдары, депутаттар бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкіметтің қорытындысын беру өтініші бар Парламент палаталарының үндеулері;

      5) прокурорлық қадағалау актілері.

      Ескерту. 128-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535, 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

      128-1. Бақылауда тұрған тапсырмалар күрделілік дәрежесіне қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

      1) жүйелі тапсырмалар – қандай да бір саладағы/аядағы/өңірдегі қалыптасқан тәсілдерді, нормалар мен қағидаларды қалыптастыруға және жаңаларын іске асыруға не өзгертуге бағытталған ұзақ мерзімді, кешенді және ведомствоаралық сипатта болатын тапсырмалар;

      2) жедел тапсырмалар – орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасауды талап етпейтін және мәселелерді, сондай-ақ Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесінің сұрау салуларын, есептерді қалыптастырумен, ақпаратты дайындаумен, сондай-ақ ұйымдастырушылық сипаттағы мәселелермен (кеңестер өткізу, іс-шараларды ұйымдастыру және т.б.) байланысты мәселелерді шұғыл шешуге бағытталған қысқа мерзімді тапсырмалар болады;

      3) жылдамдату тапсырмалары – тапсырманың орындалуын жеделдетуге, күшейтуге, жандандыруға бағытталған іс-қимылдар не бастапқы бекітілген орындалу мерзімінің өзгеруіне әсер етпейтін бұрын берілген тапсырмаларды ескерту. Жылдамдату тапсырмаларын орындау туралы есептер ұсынылмайды және бағалауға жатпайды.

      Ескерту. Регламент 128-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 Қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

      129. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың орындалуын бақылауды Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады.

      130. Бақылаудағы құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуы үшін жауапкершілік олар орындалуға жіберілген мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына (жауапты хатшыларға) жүктеледі.

      131. Президент актілерінің орындалуына жауапты мемлекеттік органдар үш күн мерзімде оларды іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын жасайды.

      132. Үкімет пен Премьер-Министр актілерінің орындалу мерзімін Премьер-Министр не нақты актінің орындалуын бақылау жүктелген оның орынбасары және Кеңсе Басшысы мемлекеттік орган басшысының белгіленген тәртіппен енгізілген жазбаша қолдаухаты негізінде ұзартуы мүмкін. Орындалу мерзімін қайталап ұзартуға ерекше жағдайларда жол беріледі.

      Үкімет пен Премьер-Министрдің актілерін және тапсырмаларын бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар, егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, оған белгіленген орындалу мерзімі аяқталғанға дейін 3 күннен кешіктірмей, ал орындалу мерзімі 5 күннен аз тапсырмалар бойынша тапсырма келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ұсыныстарды жинақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға өз ұсыныстарын енгізуге міндетті.

      132-1. Үкімет орындаушысы болып табылатын Қазақстан Республикасы Президентінің хаттамалық тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасау кезінде Премьер-Министрдің жетекшілік ететін бағыттар бойынша тиісті орынбасарының жетекшілігі көзделеді.

      Ескерту. Регламент 132-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.13 № 34 Қаулысымен.

      133. Үкіметтің және Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарларының және Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының актілері мен тапсырмаларын бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар мынадай бақылауға қойылған актілер мен тапсырмаларды орындау кезінде жинақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға:

      1) "өте шұғыл" деген белгісі бар шұғыл бақылауға - тапсырма түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде, "шұғыл", "жеделдетілсін" деген белгілері барлары - егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, үш жұмыс күнінен кешіктірмей;

      2) қысқа мерзімді бақылауға - егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындалу мерзіміне дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей;

      3) орта мерзімді бақылауға - егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындалу мерзіміне дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей;

      4) ұзақ мерзімді бақылауға - егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындалу мерзіміне дейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей өз ұсыныстарын электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттар форматында Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы жібереді.

      Ескерту. 133-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.01.13 № 34 Қаулысымен.

      134. Егер Мемлекет Басшысының, Президент Әкімшілігі мен Үкімет басшылығының актілері мен тапсырмаларын бірлесіп орындаушылар белгіленген мерзімде жиынтықты жүзеге асырушы мемлекеттік орган өзінің ұсыныстарын бермеген жағдайда, бірлесіп орындаушылар орындау мерзімінің бұзылуына жауапты болады.

      Президенттің Үкіметке және (немесе) Премьер-Министр Кеңсесіне арналған актілерін және/немесе тапсырмаларын бақылаудан алу және орындау мерзімдерін ұзарту мәселелерін Президент Әкімшілігі қарайды.

      Ескерту. 134-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.01.13 № 34 Қаулысымен.

      135. Президенттің жеке тапсырмаларын барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар, егер Президент өзгеше белгілемесе, тапсырма берілген күннен бастап екі аптадан аспайтын мерзімде орындауы тиіс.

      136. Президенттің және Президент Әкімшілігі басшылығының бақылаудағы тапсырмаларын оларға Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының қарарларымен бірге орталық және жергілікті атқарушы органдар, егер тапсырмаларда өзге мерзім белгіленбесе, Президент және/немесе Президент Әкімшілігінің басшылығы тапсырған күннен бастап 20 күн мерзімнен кешіктірмей орындайды.

      Ескерту. 136-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      137. Үкімет мәжілістерінің хаттамаларында және Президентте, Үкімет басшылығында және Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің хаттамаларындағы хаттамалық тапсырмалардың орындалу мерзімі мәжіліс (кеңес) өткен күннен бастап есептеледі. Егер мәжілісте (кеңесте) нақты тапсырманың орындалу мерзімі аталған жағдайда оның атына тапсырма берілген және өкілдері мәжіліске (кеңеске) қатысқан тиісті мемлекеттік органдар мәжілістен (кеңестен) кейін бірден, оларға мәжіліс (кеңес) хаттамасының түсуін күтпестен, тапсырмаларды орындауға кірісуге міндетті.

      Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының тапсырмалары, егер тапсырмаларда өзге мерзім белгіленбесе, тапсырма берілген күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей, ал "шұғыл" немесе "жеделдетіңіз" деген белгі болған кезде 10 күн мерзімде орындалады.

      Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарларының Парламент депутаттарының сауалдарына жауаптар және Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына қорытындылардың жобаларын дайындау туралы тапсырмалары, егер тапсырмаларда өзге неғұрлым қысқа мерзім белгіленбесе, сауал және заң жобасы Кеңседе тіркелген күннен бастап тиісінше 20 күн мерзімнен кешіктірмей орындалады.

      Егер Үкіметтің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының хаттамалық тапсырмаларында және Үкімет пен Премьер-Министрдің актілерінде, сондай-ақ іс-шаралар жоспарларында нақты орындалу мерзімі көрсетілмеген және олардың мазмұнынан олардың орындалуы ұзақ уақытты (тұрақты, бір жыл ішінде және т.с.с.) талап ететіні туындаған не олардың мазмұнынан орындалу мерзімі туралы бір мәнді қорытынды жасау қиын болған жағдайда, сондай-ақ даулы жағдайларда осындай тапсырмаларды бақылауға алу қажеттігін, оларды орындаудың нақты мерзімін белгілеуді Кеңсе Басшысы айқындайды және орындалуына жауапты мемлекеттік органдарға дереу жеткізеді.

      Егер тапсырманың белгіленген мерзімде орындалуы мүмкін болмаса, онда тапсырманың орындалуына жауапты мемлекеттік органның басшысы кешіктірілуінің себептері туралы хабарлауға және белгіленген тәртіппен оның орындалу мерзімін ұзарту туралы өтініш жасауға тиіс. Тапсырманың орындалу мерзімін қайтадан ұзартуға ерекше жағдайларда ғана рұқсат етіледі.

      Тапсырмаларды бірнеше мемлекеттік орган орындаған кезде атауының қатарында "(жинақтау)" белгісі қойылған орган жауапты болып табылады. Ол бірлесіп орындаушылармен келісілгеннен кейін орындалу мерзімін ауыстыру туралы ұсынысты енгізуге құқылы. Егер орындаушы мемлекеттік орган өзінің хатында орындау мерзімін ұзарту қажеттігін көрсетпей, орындау мерзімінің бұзылу себептері туралы ақпаратты ұсынса, мұндай жағдайларда бұл тапсырма орындалмаған болып саналады.

      Белгіленген орындау мерзімін ауыстыру туралы қайта берілген ұсыныстарды Кеңсе жазалау туралы бұйрықтың көшірмесін қоса бере отырып, орындаудың ұзартылған мерзімін бұзуға жол берген лауазымды тұлғаларға қолданылған тәртіптік жауапкершілік шаралары туралы ақпаратпен бірге қабылдайды.

      Ескерту. 137-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.06.04 N 535, 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      138. Бақылаудағы, оның ішінде құпия құжаттардың орындалуына жауапты мемлекеттік органдар Кеңсеге есепті тоқсаннан кейінгі айдың 2-күніне атқарушылық тәртіптің жай-күйі және бақылау құжаттарының орындалу мерзімін бұзуға немесе олардың сапасыз орындалуына кінәлі нақты лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде қабылданған шаралар туралы ақпаратты жаза туралы бұйрықтың көшірмесімен қоса береді.

      139. Мыналарды бақылаудан алу не орындалу мерзімін өзгерту туралы шешім қабылдау:

      1) Президенттің тапсырмалары, оның ішінде Президент актілерінде, оның қатысуымен өткен кеңестердің (мәжілістердің) хаттамаларында және Президент немесе Президент Әкімшілігінің Басшысы бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар тиісінше Президенттің немесе Президент Әкімшілігі Басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның қарары бойынша;

      2) Президент Әкімшілігі басшылығының тапсырмалары, оның ішінде Президент Әкімшілігінің басшылығында өткен кеңестердің хаттамаларында және ол бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар Әкімшілік Басшысының немесе тапсырма берген тұлғаның қарары бойынша;

      3) тапсырмалар, оның ішінде Үкімет пен Премьер-Министрдің

      актілерінде, Үкімет мәжілістерінің және Премьер-Министрде өткен кеңестердің хаттамаларында қамтылатын тапсырмалар Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның қарары бойынша;

      4) Премьер-Министр орынбасарының тапсырмалары, оның ішінде олар өткізген кеңестердің хаттамаларында және олар бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар Премьер-Министр орынбасарының қарары бойынша;

      5) Кеңсе Басшысының тапсырмалары, оның ішінде Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің хаттамаларында және ол бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар Кеңсе Басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның қарары бойынша жүзеге асырылады.

      140. Жауаптар жобаларын Үкіметке енгізген кезде ілеспе хатта міндетті түрде тапсырманың нөмірі мен күніне (Президенттің, Үкіметтің немесе Премьер-Министрдің актілері бойынша нөмірге, күні мен тапсырманың нақты тармағына) сілтеме жасалады. Қаулылар мен өкімдердің жобаларын енгізген кезде де осындай тәртіп, бұл ретте егер тапсырма болмаса, бастамашылық тәртіппен енгізіледі, бұл туралы ілеспе хатта сілтеме жасалады.

      141. Бақылаудағы, оның ішінде құпия сипаттағы тапсырмалардың орындалуына жауапты мемлекеттік органдар Кеңсеге жіберетін олардың орындалуы туралы есептерде белгіленген орындалу мерзіміне сәйкес міндетті түрде мыналар қамтылуы тиіс:

      1) егер объективті себептермен тапсырманың белгіленген мерзімде орындалуы мүмкін болмаса, жаңа нақты мерзімін көрсете отырып не орындау мерзімін ұзарту туралы өтініш;

      2) егер тапсырма толық көлемде орындалған болса, не бақылаудан алу туралы өтініш;

      3) егер тиісті актімен немесе тапсырмамен мерзімді ақпарат ұсыну көзделген болса, не құжаттың ақпарат беру тәртібімен енгізіліп отырғаны туралы жазба.

      142. Іс-шаралар жоспарларының және Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Кеңсе Басшысы тапсырмаларының, оның ішінде хаттамалық тапсырмаларының нақты тармақтарын бақылаудан алу үшін:

      1) тиісті қаулының немесе өкімнің қабылдануы;

      2) мемлекеттік органдардың ақпарат (есептер), ұсыныстар енгізуі негіз болады. Бұл ретте Премьер-Министр Кеңсесінің тұтастай құжатты немесе оның жекелеген тармақтарын бақылауға жауапты құрылымдық бөлімшелері есептің орындалу толықтығы мен сапасы мәніне талдау жүргізеді және Үкіметтің немесе Кеңсе басшылығының тиісті анықтамасын және (немесе) қарарын дайындайды. Есептерге талдау жүргізу мерзімі олар Кеңседе тіркелген күнінен бастап жеті жұмыс күнінен аспауы тиіс.

      Ескерту. 142-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535, 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      143. Кеңсе Басшысы осы Регламенттің талаптарын, оның ішінде бақылаудағы құжаттарды орындау тәртібін өрескел бұзу фактілері бойынша Премьер-Министрге кінәлі лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізе алады.

      144. Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі басшылығының Үкіметтің атына берген тапсырмаларын, сондай-ақ Премьер-Министр мен Үкіметтің тапсырмаларын уақтылы орындамау, сапасыз орындау, сондай-ақ орындау мерзімін ауыстыру фактілері Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысында орындаушылық тәртіп жөнінде өткізілетін кеңестерде жауапты хатшыларды (жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларды) шақыра отырып қаралады.

      145. Мемлекеттік органдардың басшылары Үкіметтің бақылауына алынбаған тапсырмаларды орындауды қамтамасыз етуге міндетті. Кеңсенің бақылауына алынбаған тапсырмаларды орындау жөнінде ақпарат алу қажет болған кезде Кеңсе Басшысы қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.

      146. Кеңсе Басшысы Кеңсенің тиісті бөлімшелеріне мемлекеттік органдарда Мемлекет Басшысының, Президент Әкімшілігі басшылығының Үкіметтің атына берген тапсырмаларының, сондай-ақ Премьер-Министр мен Үкімет тапсырмаларының орындалуы мәніне тексеруді жүзеге асыруға

      тапсырма беруге құқылы.

      147. Кеңсе Басшысы оның орынбасарлары осы Регламенттің талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз етеді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      11-тараумен толықтыру көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

      148-1. Қазақстан Республикасы Президентінің жеке және тікелей тапсырмаларын орындау жөніндегі есептік ақпаратқа Премьер-Министр (оның мiндеттерін орындайтын тұлға) немесе Премьер-Министрдің осы тапсырмаларды орындау тапсырылған орынбасары қол қойылады.

      Ескерту. Регламент 148-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.13 № 34 Қаулысымен.

      148-2. Үкімет немесе Кеңсе Президент Әкімшілігіне Қазақстан Республикасының Президенті актілері мен тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы жіберетін есеп беру ақпаратқа Премьер-Министр (оның міндетін атрқарушы тұлға) не Премьер-Министрдің жетекшілік ететін бағыт (мәселе) бойынша орынбасары немесе Кеңсе Басшысы қол қояды. Құқықтық сипаттағы мәселелер болған кезде, есеп беру ақпараты алдын ала Кеңсе Басшысының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) орынбасарымен алдын ала келісіледі.

      Ескерту. 148-2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
1-қосымша

      _______________________________________________

      жобаның атауы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

      ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

      Ескерту. Түсіндірме жазбаға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.05.27 № 590, 2012.01.13 № 34, 05.03.2013 № 213, 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Р/

с

N

Түсіндірме жазбада

көрсетілуге тиіс

мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші

мемлекеттік

органның

ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші

мемлекеттік орган


2.

Жобаны қабылдау

қажеттігінің негіздеме-

сі


3.

Жоба қабылданған

жағдайда болжанатын

әлеуметтік-экономикалық

және/немесе құқықтық

салдар


4.

Жобаны іске асыруға

байланысты болжанатын

қаржылық шығындар


5.

Жобаны қабылдаудың

нақты мақсаттары,

күтілетін нәтижелердің

мерзімі мен болжанатын

тиімділігі


6.

Жобада қаралатын

мәселелер бойынша

Президенттің және/немесе

Үкіметтің бұрын

қабылданған актілері

және олардың іске

асырылу нәтижелері

туралы мәліметтер


7.

Заңнаманы кейін жобаға

сәйкес келтіру қажетті-

гі


8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері.


9.

Өзге де мәліметтер


10*.

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі


11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы)


     

      * Кеңсе Басшысы мен Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қбпү/22п-қбпү бірлескен бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесін ескеріп, әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының шешімі бойынша.

      Мемлекеттік органның

      бірінші басшысы _____________/______________________

      қолы қолдың толық жазылуы

      __________________

      күні

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
1-1-қосымша

      Ескерту. Регламент 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2008.06.04 N 535, жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.02.2013 № 126; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министріне

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің ____ жылғы " " ___ мәжілісіне

      Қазақстан Республикасының Үкіметі

      қаулысының жобасы бойынша

      АНЫҚТАМА

      "_____________________________________________________________"

      (жобаның атауы)

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі

      "_____________________________________________________________"

      (жобаның атауы)

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын қарап,

      мынаны хабарлайды.

      Әзірлеуші орган - __________________________________________________.

      (жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның атауы)

      Жобаны әзірлеу үшін мыналар негіз болып табылады:

      _____________________________________________________________________

      (Президенттің, Үкіметтің немесе Премьер-Министрдің актісі тармағының

      нөмірі,

      _____________________________________________________________________

      (қабылданған күні мен атауы не тапсырманы кім бергені, оның нөмірі

      мен күні, бастамашылық жасалуы көрсетіледі)

      Жобада мыналар көзделеді (Жобаны қабылдау неге негізделген):

      Жобаны қабылдау __________________________ мүмкіндік береді.

      Әзірлеушінің ақпараты бойынша жобаны іске асыру мемлекеттік

      бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді (жобаны іске асыруға

      байланысты болжанатын қаржы шығындары, республикалық бюджетте

      көзделген (көзделмеген) бюджет қаражатын талап етеді және/немесе

      республикалық бюджеттен және/немесе басқа да қаржыландыру көздерінен

      қосымша қаржы бөлуді талап етеді (талап етпейді).

      Жоба Экономика және бюджеттік жоспарлау (Министр (вице-министр)

      - тегі және аты-жөні), Әділет (Министр (вице-министр) - тегі және

      аты-жөні) министрліктерімен, өзге де мемлекеттік органдармен

      келісілді.

      Премьер-Министр Кеңсесінің жобаға ескертулері жоқ (мынадай ескертулері бар). Заң бөлімінің қорытындысы қоса беріліп отыр.

      Айтылғандардың негізінде жобаны Үкімет мүшелерінің дауыс

      беруіне шығаруға болады (пысықталған жағдайда "пысықталған

      редакциясында" деп көрсетіледі) немесе жобаны қайтарған немесе жобаны

      пысықтауға жіберген жөн деп пайымдаймыз.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі

      Кеңсесінің Басшысы

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
1-2-қосымша

      Ескерту. Регламент 1-2-қосымшамен толықтырылды - ҚР
      Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министріне

      "_____________________"

      (жобаның атауы)

      Қазақстан Республикасының Үкіметі

      қаулысының жобасын Қазақстан Республикасы

      Үкіметінің мәжілісінде қарау

      қорытындылары туралы

      "__________________________________________________________________"

      (жобаның атауы)

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы____________жылғы

      " " Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілісінде қаралды.

      Жобаны әзірлеу үшін мыналар негіз болып табылады:

      ____________________________________________________________________

      (жобаға берілген анықтамадан тиісті деректер көрсетіледі)

      Үкімет мәжілісіне дайындалған жоба бойынша анықтама қоса беріліп отыр

      Жоба бойынша (Министр (вице-министр)__________________________

      (аты-жөні)

      баяндама жасады.

      Талқылау қорытындылары бойынша жоба дауыс беруге енгізілді.

      Жобаны қабылдау үшін___Үкімет мүшесі жақтап, ____Үкімет мүшесі

      қарсы болып дауыс берді,____Үкімет мүшесі дауыс берген жоқ.

      Жоба қол қоюға енгізіліп отыр (пысықталған жағдайда "пысықталған редакциясында" деп көрсетіледі).

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі

      Кеңсесінің Басшысы

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
2-қосымша

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

      бойынша Үкімет мүшелерінің дауыс беру нәтижелерін

      ЕСЕПКЕ АЛУ ПАРАҒЫ

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.

      1.__________________________________________________

      жобаның атауы

      2. Дауыс беру нәтижелері:

Р/

с

N

Үкімет

мүшесінің

лауазымы

Дауыс берді:*

Дауыс

берген

жоқ

жақта-

ғандар

қарсы

болғандар

1.





2.





3.





4.





5.





6.





7.





8.





9.





10.





11.





12.





13.





14.





15.





16.





17.
















Дауыс берген

Үкімет мүше-

лерінің

барлығы





      3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің бөлім меңгерушісі _________________.

      (қолы)

      * Тиісті сандар қойылатын "Дауыс берген Үкімет мүшелерінің барлығы" деген жолды қоспағанда, 2-тармақтың "Дауыс берді" және "Дауыс берген жоқ" деген бағандарында тиісінше"+" немесе"-" белгілері қойылады.

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң Регламентiне
3-қосымша
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi

      __________________________

      Аты-жөнi

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiндегi

      сараптама нәтижелерi бойынша

      ___________________________________________________________

      жобаның атауы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасына

      ҚОРЫТЫНДЫ

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi (бұдан әрi

      - Кеңсе) ___________________________________________________________

      резидент немесе Үкiмет кесiмiнiң атауы,

      ____________________________________________________________________

      тармағының нөмiрi, оның қабылданған күнi не тапсырманы кiм

      ________________________________________ сәйкес немесе бастамашылық бергені, оның нөмірi мен күнi көрсетiледi

      жасау тәртiбiмен ___________________________________________________

      жобаны әзiрлеуші мемлекеттік органның атауы

      енгiзген ___________________________________________________________

      жобаның атауы

      қаулының жобасын қарап, мынаны хабарлайды.

      Осы қаулы жобасын (бұдан әрi - жоба) қабылдау қажеттiгi

      _____________________________ негiзделген.

      негiздемесi көрсетiледi

      Жобаны дайындау кезiнде Үкiмет Регламентiнiң талаптары сақталған (сақталмаған) (егер қандай да бiр бұзушылықтар бар болса, онда олар Регламенттiң нақты тармақтарына сiлтеме көрсетiле отырып жазылады).

      Жобаны қабылдау үшiн_____, қарсы _____Үкiмет мүшесi дауыс бердi, ____ Үкiмет мүшесi дауыс берген жоқ.

      Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтiк-экономикалық

      және/немесе құқықтық салдар________________________________________.

      ықтимал салдарлар көрсетіледi

      Жобаны iске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

      республикалық бюджетте көзделген (көзделмеген) _______ теңге бюджет

      қаражатын талап етедi және/немесе республикалық бюджеттен

      және/немесе басқа қаржыландыру көздерiнен қосымша қаржы бөлудi

      талап етедi (талап етпейдi).

      Жобаны Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiнде сараптау нәтижелерi

      бойынша мазмұндық және құқықтық сипаттағы, оның iшiнде заңдық

      техника бойынша ескертулер (ескертулер егжей-тегжейлi жазылады)

      болды (болған жоқ), оларды (мұндай факт болған кезде) әзiрлеушi

      жобаны пысықтау кезiнде жойды (жойған жоқ).

      Бұдан басқа,__________________________________________________

      қажет болған кезде басқа қосымша мәлiметтер

      келтiрiледi

      Жобаны қабылдау_______________________________________________

      ____________________________________________________________________

      жобаны қабылдаудан күтілетін нәтижелер және болжанатын тиiмдiлiгі

      ______________ мүмкiндiк бередi.

      көрсетiледi

      Баяндалғанға байланысты жобаны қабылдауға (керi қайтаруға не

      оны пысықтауға немесе қосымша келiсуге жiберуге) болады деп

      пайымдаймыз.

      Премьер-Министр

      Кеңсесiнiң Басшысы _________/________________________

      қолы қолдың толық жазылуы

      _____________

      күні

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
5-қосымша

Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
АНЫҚТАМА ПАРАҚ

      Ескерту. Регламент 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.06.04. N 822 Қаулысымен.

1.

Заң жобасының бастамашысы (органның толық атауы)


2.

Заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының құрамы


3.

Заң жобасы бойынша бас комитет


4.

Заң жобасының Қазақстан Республикасының Парламентінде тіркелген күні


5.

*Қазақстан Республикасының Парламенті тұрақты комитеттерінің заң жобасы бойынша қорытындылары


6.

*3аң жобасының ғылыми сараптамасы


*Ғылыми сараптама қорытындысының қабылданған және қабылданбаған ескертулері


*Ғылыми сараптама қорытындысының ескертулерін қабылдамау себептерінің негіздемесі


7.

*Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары


*Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларының қабылданған және қабылданбаған ескертулері


*Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларының ескертулерін қабылдамау себептерінің негіздемесі


8.

*3аң жобасын пысықтау процесінде енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар


9.

Заң жобасы бойынша баяндама жасау кімге тапсырылды


10.

Балама жобалардың бар-жоғы


11.

Қазақстан Республикасы Парламентінің заң жобасын бірінші оқылымда қараған күні және оның нәтижелері


12.

Заң жобасын пысықтау және оны екінші оқылымға дайындау тапсырылған бас комитет (комиссия), басқа орган


13.

Заң жобасын халықтық талқылауға шығару және оның мерзімі


14.

Комитеттің заң жобасы бойынша қорытындысы (екінші оқылымның алдында)


15.

Қазақстан Республикасы Парламентінің заң жобасын екінші оқылымда қараған күні және оның нәтижелері


16.

Заңның күшіне енетін уақыты


17.

Өзге де белгілер


     

      * Ескертпе: ақпараттың көлемі едәуір болған жағдайда Анықтама параққа жеке қосымшамен ресімдеуге жол беріледі.

  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң Регламентiне
5-1-қосымша

Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобалары
бойынша, сондай-ақ Үкімет бастамашы болған заң жобасына
Парламент депутаттары енгізген түзетулер бойынша Үкімет
қорытындысының жобасы бойынша Үкімет мүшелерінің дауыс беру
нәтижелерін есептеу парағы

      Ескерту. Регламент 5-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 Қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Заң жобасының атауы

Р/с

Үкімет мүшесі

Дауыс берді:*

Дауыс берген жоқ

Жақтағандар

Қарсы болғандар


































































Дауыс берген

Үкімет мүшелерінің

барлығы




      2. Дауыс беру нәтижелері: _____________________________________

      3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің бөлім

      меңгерушісі _________________.

      (қолы)

      * Тиісті сандар қойылатын "Дауыс берген Үкімет мүшелерінің

      барлығы" деген жолды қоспағанда, 2-тармақтың "Дауыс берді" және

      "Дауыс берген жоқ" деген бағандарында тиісінше "+" немесе "-" белгілері қойылады.

  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң Регламентiне
5-2-қосымша

Парламент қабылдаған және Премьер-Министрге қолын қойып
бекітуге жіберілетін заңнамалық актілер бойынша қорытынды
нысаны

      Ескерту. Регламент 5-2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 Қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Заңнамалық актіні қабылдау негіздемесі.

      2. Заңнамалық актіні қабылдау мақсаттары.

      3. Заңнамалық актіні іске асырудың әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдары.

      4. Депутаттардың түзетулері туралы мәліметтер.

      5. Депутаттардың түзетулері бойынша Үкіметтің қорытындылары туралы мәліметтер.

      6. Мемлекеттік бюджет кірістерінің қысқаруы және мемлекеттік бюджет шығыстарының ұлғаюы туралы мәліметтер.

      7. Қабылданған заңнамалық актінің Қазақстан Республикасының Конституциясына, қолданыстағы заңнамалық актілерге, сондай-ақ Парламент қабылдаған, бірақ Мемлекет басшысы қол қоймаған немесе қолданысқа енгізілмеген заңнамалық актілерге сәйкестігі туралы ақпарат.

      8. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің қолын қойып бекіту мүмкіндігі туралы қорытынды.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
6-қосымша

Қабылданған заңдардың іске асырылуы туралы
20__ жыл бойынша
ақпарат

      Ескерту. Регламент 6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 05.03.2013 № 213 Қаулысымен.

      _________________________

      (Заңның атауы, күні, №)

      _____________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тиісті өкімінің атауы, күні, №)

Р/с

Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік органдар

Орындау мерзімі

Орындау сатысы (күні, шығыс № көрсетілген егжей-тегжейлі ақпарат)






  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
7-қосымша

Нормативтік құқықтық (құқықтық) актілерінің жобасына
"Нормативтік құқықтық (құқықтық) актісінің атауы"
САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ

      Ескерту. Регламент 7-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 Қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

Р/с

Құрылымдық бөліктері

Қолданыстағы редакция

Ұсынылып отырған редакция

Негіздеме.

Тапсырмаларға сілтемелерден басқа:

1) түзетудің мәнін;

2) әрбір енгізілген түзетудің нақты негіздемесі көрсету қажет.

  Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2002 жылғы 10 желтоқсандағы
N 1300 қаулысына
қосымша

      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған

      кейбiр шешiмдерінiң

      ТІЗБЕСІ

      1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 6, 40-құжат).

      2. "Қару-жарақтың, әскери өнiмнiң және екi ұдай мақсаттағы өнiмнiң экспорты-импорты жөнiндегi жекелеген мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 наурыздағы N 278 қаулысының 7-тармағы.

      3. "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзитiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 қаулысы 2-тармағының 1) тармақшасы.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 21 қыркүйектегi N 1426 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 47, 435-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесiн жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1917 қаулысының 5-тармағы.

      6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қаңтардағы N 116 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 3, 42-құжат).

      7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 наурыздағы N 386 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 15, 149-құжат).

      8. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 20 сәуiрдегi N 611 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 20, 224-құжат).

      9. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 шiлдедегi N 1068 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 29, 361-құжат).

      10. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 25 маусымдағы N 856 қаулысы .

      11. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 12 наурыздағы N 298 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 9, 74-құжат).

      12. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 26 қыркүйектегi N 1055 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 32, 343-құжат).