ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ
РЕГЛАМЕНТІ
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің
1996 жылғы 8 ақпандағы Қаулысымен қабылданды
(Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің
2005 жылғы 12 қазандағы, 2007 жылғы 17 қазандағы, 2011 жылғы 9 қарашадағы, 2016 жылғы 7 қыркүйектегі, жылғы 23 желтоқсандағы № 1413-VI ПМ, 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 653-VII, 2023 жылғы 29 наурыздағы № 9-VIII ПМ қаулыларымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қоса).
МАЗМҰНЫ
1-бөлім ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2-бөлім ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСТАРЫН ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
1-тарау. Парламент Мәжілісінің жалпы отырыстары
2-тарау. Дауыс беру және шешімдер қабылдау тәртібі
3-тарау. Парламент Мәжілісінің заң шығару қызметі
1-параграф. Заң жобаларының өту тәртібі
2-параграф. Сенат мақұлдамаған заңдарды қарау
3-параграф. Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына жүгіну
4-тарау. Парламент Мәжілісінде бастапқы қарауға жататын мәселелерді қарау тәртібі
5-тарау. Парламент Мәжілісінің ерекше қарауына жататын мәселелерді қарау тәртібі
6-тарау. Парламент Мәжілісінің дербес қарауына жататын мәселелерді қарау тәртібі
3-бөлім ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІ ОРГАНДАРЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
7-тарау. Парламент Мәжілісінің Бюросы және оның құзыреті
8-тарау. Парламент Мәжілісінің жұмыс органдары
4-бөлім ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
9-тарау. Алып тасталды
10-тарау. Парламент Мәжілісі депутаттарының өкілеттігі және олардың жауапкершілігі
11-тарау. Депутаттық сауалдар мен сұрақтар
4-1-бөлім ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНДЕ ДЕПУТАТТЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІ, ОЛАРДЫҢ ОРГАНДАРЫН ҚҰРУ,ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ, ДЕПУТАТТЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ӨКІЛЕТТІКТЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ МЕН ЖАҒДАЙЛАРЫ
12-тарау. Парламент Мәжілісінің депутаттық бірлестіктері
12-1-тарау. Парламенттік көпшілік және парламенттік оппозиция
5-бөлім ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІ
13-тарау. Парламент Мәжілісінің Төрағасы
14-тарау. Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасарлары
5-1-бөлім ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
6-бөлім ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-БӨЛIМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Парламент Мәжiлiсiнiң Регламентi:
1) Парламент Мәжiлiсiнiң отырыстарын өткiзу жағдайлары мен тәртiбiн;
2) Парламент Мәжiлiсiнiң жұмыс органдарын құру тәртiбiн;
3) Парламент Мәжiлiсi мен оның жұмыс органдарының қызметiн ұйымдастыруды;
4) Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттары мен лауазымды адамдарының өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру жағдайлары мен тәртiбiн;
5) саяси партиялар фракцияларының жұмысын ұйымдастыру мен жұмыс тәртiбiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi.
Парламент Мәжiлiсiнiң Регламентi, оған енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар Палатаның жалпы отырыстарында Мәжiлiс депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады және Парламент Мәжiлiсiнiң қаулысымен бекiтiледi.
Ескерту. 1-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысымен өзгеріс енгізілді; ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен өзгерістер енгізілді.2. Парламент Мәжілісінің жалпы отырыстары ашық болып табылады және Мәжілістің интернет-ресурсында онлайн режимде трансляциялануы мүмкін.
Осы Регламентте көзделген жағдайларда Палата жабық отырыстар өткізуге құқылы.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Парламенті Мәжілісінің 23.12.2020 № 1413-VI ПМ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.3. Парламент Мәжiлiсi тоқсан сегіз депутаттан тұрады.
Парламент Мәжiлiсi депутатының өкiлеттiгi оны Республиканың Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты ретiнде тiркеген кезден басталады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III; 2007.10.17 № 64-IV; 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.4. Парламент Мәжiлiсiнде жұмыс қазақ және орыс тiлдерiнде жүргiзiледi.
2-БӨЛIМ. ПАРЛАМЕНТ МӘЖIЛIСIНIҢ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСТАРЫН ӨТКIЗУ ТӘРТIБI
1-тарау. Парламент Мәжiлiсiнiң жалпы отырыстары
5. Парламент Мәжiлiсiнiң жалпы отырысын Мәжiлiс Төрағасы шақырады.
Мәжілістің жалпы отырыстары сәрсенбі және бейсенбі күндері 13 сағат 00 минуттан 15 сағат 00 минутқа дейін үзіліспен сағат 10-нан 18-ге дейін өткізіледі.
Мәжіліс немесе Мәжілістің Бюросы жалпы отырысты өткізудің өзге уақыты туралы шешім қабылдай алады.
Төрағалық етушi өзiнiң бастамасы бойынша немесе Парламент Мәжiлiсiнiң қатысып отырған депутаттарының көпшiлiгiнiң ұсынысы бойынша жалпы отырыстарда үзiлiс жариялайды.
Парламент пен Мәжiлiстiң жалпы отырыстары өткiзiлмейтiн кезеңде депутаттар Парламенттiң жұмыс органдарында жұмыс iстейдi.
Парламенттiк тыңдау, әдетте, жұма күндерi, ал "үкiмет сағаты" дүйсенбi күндерi өткiзiледi.
Мәжiлiс депутаттарының сайлаушылармен өзара қарым-қатынас жасауы үшiн оларға тоқсан сайын өңiрлерге баруға күнтiзбелiк он күнге дейiн берiледi. Мәжіліс немесе Мәжілістің Бюросы өңірлерге шығудың өзге мерзімдері мен мерзімділігі туралы шешім қабылдай алады.
Парламент Палаталарының бiрлескен және бөлек отырыстарын өткізу кезiнде Парламенттiң жұмыс органдарының отырысын өткiзуге жол берiлмейдi.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III; 2007.10.17 № 64-IV; 2011.11.09 № 1926-IV; 23.12.2020 № 1413-VI ПМ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.6. Егер Парламент Мәжiлiсiнiң жалпы отырысына Палата депутаттары жалпы санының кем дегенде үштен екiсi қатысатын болса, жалпы отырыс заңды деп саналады.
Жалпы отырыстың заңдылығын анықтау үшiн ол басталар алдында, сондай-ақ әрбiр үзiлiстен кейiн депутаттарды дербес тiркеу өткiзiледi. Дауыс берудiң алдында депутаттарды қосымша дербес тiркеу өткiзiлуi мүмкiн. Рәсiмдiк мәселелер бойынша дауыс берудiң алдында депутаттарды қосымша дербес тiркеу өткiзiлмейдi.
Ескерту. 6-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысымен өзгерістер енгізілді.6-1. Парламент Мәжiлiсi жаңа сайланымның бiрiншi жалпы отырысын Мәжiлiстiң Төрағасын сайлағанға дейiн Республика Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы ашады және жүргiзедi.
Мәжiлiстiң Төрағасын сайлағаннан кейiн Палатаның жалпы отырысын одан әрi Парламент Мәжiлiсiнiң Төрағасы жүргiзедi.
Ескерту. Регламент ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысына сәйкес 6-1-тармақпен толықтырылды.6-2. Мәжiлiстiң бiрiншi жалпы отырысында төрағалық етушi Мәжiлiстiң бiрiншi жалпы отырысы ашылатын күнге жасалған, Орталық сайлау комиссиясы ресми тiркеген депутаттар тiзiмiне сәйкес Мәжiлiстiң сайланған депутаттарының тектерiн Палатаға хабарлайды.
Ескерту. Регламент ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысына сәйкес 6-2-тармақпен толықтырылды.6-3. Жаңа сайланымның бiрiншi жалпы отырысында Мәжiлiс Палатаның сайланған депутаттары санының көпшiлiк даусымен ашық дауыс беру арқылы Электрондық жүйенiң пайдаланылуын бақылау жөнiндегi комиссияны сайлайды.
Бұл мәселе бойынша Мәжiлiстiң шешiмi қаулымен бекiтiледi.
Ескерту. Регламент ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысына сәйкес 6-3-тармақпен толықтырылды; өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV; жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2011.11.09 № 1926-IV; өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.6-4. Алып тасталды - ҚР Парламенті Мәжілісінің 23.12.2020 № 1413-VI ПМ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
7. Төрағалық етушi Мәжiлiстiң жалпы отырысында:
1) Палатаның жалпы отырыстарын ашады, жүргiзедi және жабады;
2) алып тасталды - ҚР Парламенті Мәжілісінің 23.12.2020 № 1413-VI ПМ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3) жарыссөзде сөйлеу үшiн электронды жүйе арқылы жазылғандар туралы мәлiметтi жария етедi. Бұл ретте сөз сөйлеуге жазылу әрбiр қаралатын мәселе бойынша жеке жүргiзiледi;
4) сөз сөйлеу үшiн электронды табло бойынша қатаң түрде кезектiлiк тәртiбiмен сөз бередi;
5) сөйлеушi Регламенттi бұзған жағдайда - оған ескерту жасауға, ал қайталап бұзған ретте сөзден айыруға құқылы;
6) рәсiмдiк мәселелер бойынша кезектен тыс сөз бередi;
7) заңдардың, Мәжiлiс қаулылары мен басқа да актiлерiнiң жобалары, депутаттардың жалпы отырыста қаралатын мәселелер жөнiндегi ұсыныстары бойынша дауыс берудi ұйымдастырады және дауыс беру нәтижелерiн жариялайды;
8) жалпы отырысты өткізудің осы Регламентте белгiленген тәртiбiн қамтамасыз етедi.
Мәжiлiстiң жалпы отырысында мәселелердi талқылау кезiнде төрағалық етушi депутаттардың сөздерiне баға беруге және түсiнiктеме беруге құқылы емес.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III; 2007.10.17 № 64-IV; 23.12.2020 № 1413-VI ПМ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.8. Жалпы отырыстың күн тәртiбi және мәселелердi қарау ретi Бюрода (соның iшiнде сұрау салу арқылы) алдын ала қаралады және жалпы отырыста Палата депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен ашық дауыс беру арқылы бекiтiледi.
Күн тәртiбi мен жұмыс ретi жөнiндегi ұсыныстар мен ескертпелер әрбiр ұсыныс бойынша Палата депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Ескерту. 8-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысымен өзгерістер енгізілді.9. Палатаның жалпы отырыстарында баяндамалар үшiн - он бес минутқа дейін, қосымша баяндамалар үшін – он минутқа дейін, жарыссөзде сөз сөйлеу үшін – жеті минутқа дейін, жарыссөзде қайта сөз сөйлеу үшiн - бес минутқа дейiн, кандидатураларды талқылау кезiнде - үш минутқа дейiн, рәсiмдiк мәселелер бойынша сөз сөйлеу үшiн, анықтамалар мен сұрақтар үшiн екi минутқа дейiн уақыт берiледi. Белгiленген уақыттан асып кеткен кезде микрофон автоматты түрде өшiрiледi. Қажет болған жағдайда төрағалық етушi екi минуттан аспайтын қосымша уақыт беруi мүмкiн.
Сұрақтар қою және оларға жауап қайтару үшiн - бiр сағаттан аспайтын, ал жарыссөз үшiн бiр жарым сағаттан аспайтын уақыт бөлiнедi. Жарыссөз аяқталғаннан кейiн баяндамашы мен қосымша баяндамашының он минутқа дейін қорытынды сөз сөйлеуге құқығы бар.
Палата депутаттардың жалпы санының көпшiлiк даусымен өзге де уақыт белгiлей алады.
Сөз мiнбеден немесе орыннан сөйленедi, бiрақ талқыланып жатқан мәселе бойынша сөз сөйлеу екi реттен аспауға тиiс. Сөз беру туралы өтiнiш орнынан берiледi.
Қазақстан Республикасының Президентiне оның өтiнiшi бойынша сөз сөйлеу үшiн кез келген уақытта сөз берiледi.
Мәжiлiс Төрағасының, Премьер-Министр мен Үкiмет мүшелерiнiң, Ұлттық Банк Төрағасының, Бас Прокурордың, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Төрағасының, Мемлекеттiк кеңесшінің, Президент Әкiмшiлiгi Басшысының, Президент пен Үкiмет өкiлдерiнiң өтiнiшi бойынша талқыланып жатқан мәселе бойынша сөйлеу үшiн сөз кезектен тыс берiледi.
Мәжiлiс отырысында төрағалық етушiнiң рұқсатынсыз ешкiмнiң де сөз сөйлеуге құқығы жоқ.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III; 2007.10.17 № 64-IV; 23.12.2020 № 1413-VI ПМ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.10. Мәжiлiстiң жалпы отырыстары ашық жүргiзiледi.
Жалпы отырысқа қатысу қажеттiгi туралы Палатаның шешiмi қабылданған мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының лауазымды адамдары Парламент Мәжiлiсiнiң отырысына келуге және өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша қажеттi түсiндiрмелер беруге мiндеттi. Парламент Мәжiлiсiнiң Республика Президентiне қатысты мұндай шешiмдер қабылдауға құқығы жоқ.
Күн тәртiбiнде қаралатын мәселелер бойынша Мәжiлiстiң жалпы отырыстарына шақырылатын адамдардың тiзiмдерiн Палатаның тұрақты комитеттерi айқындайды.
Шақырылған адамдардың Мәжiлiс қызметiне араласуға құқығы жоқ, олар оның жұмысын мақұлдайтынын немесе мақұлдамайтынын көрсетпеуге, белгiленген тәртiптi сақтауға және төрағалық етушiнiң өкiмiн орындауға мiндеттi.
Мәжiлiс Аппаратының Басшысы шақырылған адамдарды олардың отырыс залында қатысып отыру қажеттiгi туралы және қарауға жататын мәселелер туралы алдын ала хабардар етедi.
Шақырылған адамдарды Мәжiлiстiң отырыс залына кiргiзу тәртiбiн Мәжiлiс Аппаратының Басшысы айқындайды.
Ескерту. 10-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысымен өзгерістер енгізілді.11. Мәжiлiс депутатының ұсынысы бойынша, егер қатысып отырған депутаттар жалпы санының көпшiлiгi жақтап дауыс берсе, Палата жабық отырыстар өткiзе алады.
Республика Президентi, Премьер-Министр мен Үкiмет мүшелерi, Ұлттық Банк Төрағасы, Бас Прокурор, Республика Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасы, Мемлекеттiк кеңесші, Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысы Мәжiлiстiң кез келген жалпы отырысына қатысуға құқылы.
Президенттiң, Үкiмет пен Бас Прокурордың Мәжiлiстегi өкiлдерi Палата комитеттерiнiң отырыстарына, Мәжiлiстiң жалпы отырыстарына қатысуға құқылы және қажет болған жағдайда анықтамалар берiп, хабарламалар жасай алады.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III; 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.12. Парламент Палатасының жалпы отырыстары стенограммаға түсiрiледi және олардың бейнежазбасы жүргiзiледi. Стенограммаға отырыста төрағалық етушi қол қояды. Ашық отырыстардың стенограммалары Мәжілістің интернет-ресурсында орналастырылады.
Ескерту. 12-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III; 2011.11.09. № 1926-IV; 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.12-1. Жалпы отырыс барысында ақпараттық қамтамасыз ету үшiн - автоматтандырылған жүйе, ал Палата отырыстарын жүргiзу процесiн ұйымдастыру үшiн тiркеудiң және дауыстарды санаудың электрондық жүйесi пайдаланылады.
Ескерту. Регламент ҚР Парламенті Мәжілісінің 2011.11.09 № 1926-IV қаулысымен 12-1- тармақпен толықтырылды.13. Мәжiлiстiң жалпы отырысында сөз сөйлеушiнiң депутаттық әдеп қағидаларын бұзуға, өз сөзiнде депутаттар мен басқа да адамдардың ар-ожданы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн дөрекi, қорлайтын сөздер айтуға, кiмнiң болса да атына негiзсiз кiнә тағуға, көрiнеу жалған хабарламаны пайдалануға, заңсыз әрекеттерге шақыруға құқығы жоқ.
Бұл талап бұзылған жағдайда төрағалық етушi сөз сөйлеушiге ескерту жасайды, ал қайталап бұзылған кезде оны сөзден айырады.
Депутатты өзiне бөлiнген уақыт iшiнде:
1) сөз сөйлеу уақыты бiткен;
2) талқыланып жатқан мәселе тақырыбынан ауытқыған;
3) осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көзделген талаптар бұзылған жағдайлардан басқа реттерде, төрағалық етушi сөзден айыра алмайды.
Ескерту. 13-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысымен өзгерістер енгізілді; ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен өзгеріс енгізілді.14. Жарыссөз барысында төрағалық етушi талқыланып отырған мәселе бойынша пiкiрлердiң әралуандығын қамтамасыз етедi.
Жарыссөз оған бөлiнген уақыт аяқталғанда не жалпы отырысқа қатысып отырған депутаттар көпшiлiгiнiң шешiмi бойынша ашық дауыс беру арқылы тоқтатылады. Жарыссөздi тоқтату туралы шешiм қабылданғаннан кейiн төрағалық етушi Палата депутаттарына сөзге жазылған және сөз сөйлеген депутаттардың саны туралы хабарлайды, кiм сөз сөйлеудi талап ететiнiн анықтайды және қатысып отырған депутаттардың көпшiлiгi келiскен жағдайда оған сөз бередi. Саяси партия фракциясының, депутаттық топтың атынан сөз сөйлеу үшін міндетті түрде сөз беріледі.
Жарыссөздiң тоқтатылуына байланысты сөз сөйлей алмай қалған депутаттар өз сөздерiнiң қол қойылған мәтiндерiн Мәжiлiс жалпы отырысының стенограммасына тiркеп қоюға құқылы.
Ескерту. 14-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III; 07.09.2016 № 95-VІ қаулыларымен.2-тарау. Дауыс беру және шешiмдер қабылдау тәртiбi
15. Мәжiлiс өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша қаулылар қабылдайды.
Парламент Мәжiлiсi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша үндеулер, декларациялар, мәлiмдемелер және заңдық сипаты жоқ өзге де актiлер қабылдауға құқылы. Оларды қабылдау Парламент пен Мәжiлiс регламенттерiнде белгiленген шарттар мен талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады.
Ескерту. 15-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысымен өзгеріс енгізілді; ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен өзгеріс енгізілді.16. ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен алып тасталды.
17. Алып тасталды - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
18. Егер Республика Конституциясында өзгеше көзделмесе, заңдар Палатаның жалпы отырыстарында Палата депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады.
Ескерту. 18-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV; 2011.11.09. № 1926-IV; 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.19. Парламент Мәжiлiсi шешiмдердi өз құзыретiне сәйкес өзiнiң жалпы отырыстарында дауыс беру арқылы қабылдайды.
Парламент Мәжiлiсiнiң жалпы отырысында дауыс беру:
1) тiркеудiң және дауыстарды санаудың электрондық жүйесiн пайдалану арқылы;
2) қол көтеру арқылы;
3) бюллетеньдердi пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Тiркеудiң және дауыстарды санаудың электрондық жүйесiн пайдалану арқылы дауыс берудi өткiзген кезде депутат дауыс берудiң дербес нәтижелерi бар тiзiмдi алуға құқылы.
Депутаттардың дауыс беру үшiн қажеттi саны болмаған жағдайда төрағалық етушi кворумды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолданады. Кворумды қамтамасыз ету мүмкiн болмаған жағдайда төрағалық етушi дауыс берудi Палатаның келесi жалпы отырысына қалдырады.
Өткiзiлген дауыс беру рәсiмi мен техникасында қателер анықталған жағдайда Палатаның шешiмiмен қайта дауыс беру өткiзiледi.
Тiркеудiң және дауыстарды санаудың электрондық жүйесiнiң пайдаланылуын бақылауды Электрондық жүйенiң пайдаланылуын бақылау жөніндегі комиссия жүзеге асырады.
Әрбiр мәселе бойынша дауыс беру нәтижелерi мен қабылданған шешiмдер Палата жалпы отырысының стенограммасына түсiрiледi.
Ескерту. 19-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III; ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV; 2011.11.09. № 1926-IV; 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.20. Палатаның рәсiмдiк мәселелер жөнiндегi шешiмдерi қаулы қабылдамай, жалпы отырысқа қатысып отырған депутаттардың көпшiлiк даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады және жалпы отырыстардың стенограммасына түсiрiледi.
Рәсiмдiк мәселелерге:
1) жалпы отырыстың үзiлiсi туралы;
2) жалпы отырысты басқа уақытқа ауыстыру туралы;
3) мәселелердi талқылау кезектiлiгi туралы;
4) жарыссөздi тоқтату немесе жалғастыру туралы;
5) сұрақ қоюды тоқтату туралы;
6) дауыс беру тәсiлдерi туралы;
7) сөз сөйлеу уақытын шектеу немесе ұзарту туралы;
8) кворумды растау және дауыстарды қайта санау туралы;
9) қайта дауыс берудi өткiзуге қайтып оралу туралы мәселелер жатады.
Ескерту. 20-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысымен өзгерістер енгізілді; ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен өзгерістер енгізілді.21. Дауыс беру басталар алдында төрағалық етушi дауысқа қойылатын ұсыныстардың санын жариялайды, олардың тұжырымдамаларын нақтылайды, депутаттардың қайсысы өз түзетулерiн алып тастайтынын анықтайды, шешiмдi қандай көпшiлiк дауыспен қабылдауға болатынын еске салады.
Палата қарап жатқан мәселе бойынша бiрнеше ұсыныс енгiзiлген жағдайда төрағалық етушi енгiзiлген барлық ұсыныстарды олардың келiп түсу ретiмен дауысқа салады.
Төрағалық етушi дауыс берудiң басталғаны туралы хабарлағаннан кейiн ешкiм дауыс берудi бұзуға құқылы емес.
Төрағалық етушi дауыс беру аяқталғаннан кейiн дауыс беру нәтижелерiн және қабылданған шешiмдi жариялайды.
Ескерту. 21-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысымен өзгерістер енгізілді; ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен өзгеріс енгізілді.22. Дауыс беру кезiнде депутат әр мәселе бойынша бiр дауысқа ие болады, ол бұл дауысын шешiмнiң қабылдануын "жақтап" немесе оған "қарсы" бередi не шешiм қабылдаудан қалыс қалады.
Дауыс беру кезiнде болмаған депутат кейiннен дауыс беруге құқылы емес.
Ескерту. 22-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен өзгеріс енгізілді.23. ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысымен алып тасталды.
24. Бюллетеньдердi пайдалану арқылы жасырын дауыс беру өткiзген кезде Палата депутаттар арасынан Санақ комиссиясын сайлайды. Кандидатуралары сайланбалы органдардың құрамына немесе лауазымды адамдар қызметiне ұсынылған депутаттар Санақ комиссиясына кiрмейдi. Санақ комиссиясының сайланғаны туралы Палата қаулы қабылдайды.
Санақ комиссиясы өз құрамынан комиссияның төрағасы мен хатшысын сайлайды. Санақ комиссиясының шешiмi комиссия мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады. Дауыстар тең бөлiнген жағдайда төрағаның даусы шешушi болып табылады.
Дауыс беруге арналған қажеттi хабарламасы бар бюллетеньдер Санақ комиссиясының бақылауымен ол белгiлеген нысан бойынша және белгiлi бiр мөлшерде әзiрленедi.
Дауыс беру уақыты мен орнын, оны өткiзу тәртiбiн Санақ комиссиясы белгiлейдi және оларды Санақ комиссиясының төрағасы жариялайды.
Әр депутатқа Санақ комиссиясының төрағасы қол қойған бiр бюллетень берiледi. Бюллетеньдердiң жалпы саны Мәжiлiс депутаттарының тiзiмдiк құрамы санынан аспауға тиiс.
Жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдер Палата депутаттарына олардың депутаттық куәлiгiн көрсетуi бойынша берiледi.
Депутат бюллетеньдердi жасырын дауыс беруге арналған кабинада - бюллетеньдегi өзi жақтап дауыс беретiн кандидаттың тегiнiң оң жағына белгi қою, ал шешiмнiң жобасы бойынша бюллетеньде ұсынылатын шешiмдер нұсқаларының бiрiнiң оң жағындағы "жақтап" не "қарсы" деген сөздердiң бiреуiн белгiлеу арқылы толтырады.
Белгiленбеген нысандағы бюллетеньдер, ал лауазымды адамдарды сайлаған кезде бiр қызметке бiр кандидатурадан артық белгiленген бюллетеньдер де жарамсыз деп есептеледi. Бюллетеньге қосымша жазылған тектер дауыстарды санаған кезде есепке алынбайды. Бiреуден артық шешiм жобасы белгiленген бюллетеньдер жарамсыз деп есептеледi.
Толтырылмаған бюллетеньдер және барлық кандидаттардың тектерi белгiленбеген бюллетеньдер жарамды деп танылады, алайда дауыстарды санаған кезде есепке алынбайды.
Санақ комиссиясы дауыс беруге арналған жәшiктi дауыс беру аяқталғаннан кейiн ашуға тиiс. Жәшiктi дауыс беру аяқталғанға дейiн ашуға тыйым салынады.
Дауыс беруге арналған жәшiктi ашудың алдында Санақ комиссиясы пайдаланылмаған барлық бюллетеньдердi санайды және жояды.
Жәшiктi ашу комиссия мүшелерiнiң барлығының қатысуымен жүзеге асырылады. Санақ комиссиясы жасырын дауыс беру нәтижелерi туралы хаттама жасайды, оған Санақ комиссиясының барлық мүшелерi қол қояды. Палата Санақ комиссиясының баяндамасы бойынша Санақ комиссиясының жасырын дауыс беру нәтижелерi туралы хаттамасын Палата депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен ашық дауыс беру арқылы бекiтедi.
Өткiзiлген дауыс беру рәсiмi мен техникасында қателер анықталған жағдайда Палатаның шешiмi бойынша қайта дауыс беру өткiзiледi.
Дауыс беру кезiнде болмаған Парламент Мәжiлiсiнің депутаты кейiннен дауыс беруге құқылы емес.
Ескерту. 24-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысымен өзгерістер енгізілді; ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен өзгерістер енгізілді.3-тарау. Парламент Мәжілісінің заң шығару қызметі
1-параграф. Заң жобаларының өту тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
24-1. Парламенттiң қарауы мiндеттi болатын заң немесе Парламенттiң өзге де заңнамалық актiсi жобасының мәтiнiн заң шығару бастамасы құқығы субъектiсiнiң ресми енгiзуi заң шығару бастамасы болып табылады.
Ескерту. Регламент ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысына сәйкес 24-1-тармақпен толықтырылды.24-2. Заң шығару бастамасы құқығы тек қана Парламент Мәжiлiсiнде iске асырылады және:
1) Мәжiлiске заңнамалық актiнiң жобасын енгiзу туралы шешiмдi арнаулы жолдаумен ресiмдейтiн Республика Президентiне;
2) Мәжiлiске заңнамалық актiнiң жобасын енгiзу туралы шешiмдi тиiстi ұсынумен ресiмдейтiн Парламент депутаттарына;
3) Мәжiлiске заңнамалық актiнiң жобасын енгiзу туралы шешiмдi Үкiметтiң тиiстi қаулысын шығару жолымен қабылдайтын Республиканың Үкiметiне берiледi.
Ескерту. Регламент ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысына сәйкес 24-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен өзгерістер енгізілді.24-3. Республика Президентi, депутаттар және Үкiмет енгiзген заң жобалары Парламент Мәжiлiсiнiң қаулысымен қарап, қорытынды әзiрлеу үшiн Мәжiлiстiң тиiстi тұрақты комитеттерiне жiберiледi және олар бойынша Палатаның барлық тұрақты комитеттерiнiң және Палата Аппаратының тиiстi бөлiмiнiң қорытындылары болған кезде ғана оның жалпы отырысында қаралуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген негiздер бойынша Парламент депутатының өкiлеттiгi оның бастамашы болған заң жобасы Палатаның жалпы отырысында қаралғанға дейiн тоқтатылған жағдайда, Парламент Мәжiлiсiнiң ол бастамашы болған заң жобасын жұмысқа қабылдау туралы қаулысы Палатаның жалпы отырысында күшi жойылды деп танылады.
Ескерту. Регламент ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысына сәйкес 24-3-тармақпен толықтырылды; ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен өзгеріс енгізілді.24-4. Мемлекеттiк кiрiстердiң қысқаруын немесе мемлекеттiк шығыстардың ұлғаюын көздейтiн заң жобалары Республика Үкiметiнiң оң қорытындысы болған кезде ғана енгiзiлуi мүмкiн.
Парламент Мәжiлiсiне Республика Президентiнiң заң шығару бастамасы тәртiбiмен енгiзiлетiн заңнамалық актiлердiң жобалары үшiн мұндай қорытынды талап етiлмейдi.
Ескерту. Регламент ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысына сәйкес 24-4-тармақпен толықтырылды; ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен өзгеріс енгізілді.24-5. Заң шығару бастамасы құқығын жүзеге асыру тәртiбiне байланысты өзге де мәселелер осы Регламентпен шешiледi.
Ескерту. Регламент ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысына сәйкес 24-5-тармақпен толықтырылды.25. Алып тасталды - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
25-1. Заң актiсiнiң жобасын енгiзген заң шығару бастамасы құқығының субъектiсi оны қараудың кез келген кезеңiнде өзiнiң бастамасын қайтарып алуға құқылы.
Депутаттың заң шығару бастамасын қайтарып алуы жазбаша түрде ресiмделуге және Мәжiлiс Төрағасының атына енгізiлуге тиiс. Егер заң шығару бастамасы құқығын бiрнеше депутат пайдаланған жағдайда, заңнамалық актiнiң жобасын қайтарып алу оның барлық бастамашыларының қолдарымен бекiтiлуге тиiс. Республика Үкiметi енгiзген заң жобасы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен қайтарып алынады. Заң жобасы бастамашысының заң жобасын қайтарып алуын заң жобасын қайтарып алу туралы тиiстi құжатты Мәжiлiс Аппаратының тiркеген күннен бастап Аппарат үш күн мерзiмде депутаттардың назарына жеткiзедi.
Ескерту. Регламент ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысына сәйкес 25-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Парламенті Мәжілісінің 2011.11.09. № 1926-IV қаулысымен өзгерістер енгізілді.26. Қағаз және электрондық жеткiзгiштердегi заң жобасы қажеттi қосымшаларымен (заң жобасы жөнiндегi материалдармен) бiрге Мәжiлiске қазақ және орыс тiлдерiнде енгiзiледi. Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген тәртіппен Үкімет енгізген, тіркелетін және Палата басшылығына дереу жіберілетін заң жобаларын қоспағанда, заң жобасы бойынша ұсынылған материалдардың осы Регламенттiң 27-тармағында белгiленген құжаттар тiзбесiне сәйкестiгiн, сондай-ақ олардың қазақ және орыс тiлдерiндегi мәтiндерiнiң сәйкестiгiн, оның ішінде мәтіндердің теңтүпнұсқалығы тұрғысынан алдын ала тексеру нәтижелерi бойынша оң қорытынды болған кезде ол бес жұмыс күнi iшiнде Палатаның Аппаратында тiркеледі және Палата басшылығына жiберiледi.
Заң жобасының бастамашысы ұсынған заң жобасының мәтіні және оның материалдары автоматтандырылған жүйеде және Мәжілістің интернет-ресурсында орналастырылады.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.26-1. Қазақстан Республикасының Президентi енгiзген заң жобалары бойынша материалдарда Мемлекет басшысының арнаулы жолдауы болуға тиiс.
Ескерту. Регламент ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысына сәйкес 26-1-тармақпен толықтырылды.27. Заң жобасы бойынша ұсынылатын материалдар:
1) егер жобаны Үкiмет енгiзген болса, Үкiметтiң қаулысын;
2) егер заң жобасына депутат (депутаттар) бастамашы болса, ұсынуды;
3) "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 2-тармағында көзделген қосымшаларды;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бастамашы болған, республикалық бюджет немесе республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасы бойынша – Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген құжаттар мен материалдарды;
5) халықаралық шартты ратификациялау немесе денонсациялау туралы заң жобасы бойынша – "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-тармағында көзделген құжаттар мен материалдарды;
6) депутат (депутаттар) бастамашы болған және мемлекеттiк кiрiстердi қысқарту немесе мемлекеттiк шығыстарды ұлғайту көзделетiн заң жобасы бойынша – Үкiметтiң оң қорытындысын;
7) тәуелсіз сараптама қорытындысын (болған кезде) қамтуға тиiс.
Материалдар қазақ және орыс тiлдерiнде ұсынылады.
Палатаның Аппараты міндетті қосымшалардың бірі болмаған, сондай-ақ қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердің сәйкессіздігі, оның ішінде мәтіндердің теңтүпнұсқалы болмауы анықталған кезде құжаттарды тiркемей, белгiленген талаптарды орындау үшiн заң жобасының бастамашысына бес жұмыс күні iшiнде қайтарады.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.28. Тiркелген заң жобасы алдын ала қарап, онымен одан әрi жұмыс iстеу тәртiбi туралы ұсыныстар әзiрлеу үшiн Мәжiлiс қаулысымен тиiстi комитетке (комитеттерге) жiберiледi. Егер заң жобасы екi және одан да көп комитетке жiберiлген болса, онда қаулыда бiрiншi аталған комитет бас комитет болып есептеледi.
Қорытындыны әзiрлеуге қажеттi мерзiм тапсырмада көрсетiледi және ол тiркелген заң жобасы тиiстi комитеттерге және Палата Аппаратының Заңнама бөлiмiне келiп түскен күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кем болмауға тиiс.
Республика Президенті заң жобасын қарауды басым деп айқындаған жағдайда, Палатаның бас комитетінің қорытынды әзірлеуіне қажетті мерзім күнтізбелік қырық күннен аспайды.
Ескерту. 28-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III; 23.12.2020 № 1413-VI ПМ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.29. Заң жобасын қарау, заң жобасы бойынша қорытынды әзiрлеу тәртiбiн Палатаның тиiстi комитетi дербес айқындайды.
Бас комитет заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу үшін жұмыс тобын құра алады. Палатаның комитетi жұмыс топтарының құрамына заң жобасының бастамашыларын, мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер, ғылыми мекемелер өкiлдерiн, сарапшыларды, мамандарды, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер басшыларын тартуға құқылы.
Жұмыс тобының жетекшісі болып бас комитетке мүше-депутат айқындалады.
Жұмыс тобының отырыстарында шешiмдер жұмыс тобына мүше-депутаттардың жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады.
Жұмыс тобының заң жобасы бойынша қорытынды салыстырма кестесiн бас комитет автоматтандырылған жүйеге орналастырады.
Тұрақты комитет заң жобасын, оның ішінде заң жобасының жекелеген нормаларын бағалау үшін тәуелсiз ғылыми және өзге де сараптамаға белгіленген тәртіппен жiберуге құқылы.
Палатаның комитеттерi балама заң жобаларын негiзгi жобамен бiр мезгiлде қарайды және әрбiр жоба бойынша жеке-жеке қорытынды әзiрленедi.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.30. Заң жобасын комитеттерде, оның ішінде жұмыс топтарында талқылау ашық өткiзiледi. Комитет заң жобасын талқылағанға дейін депутаттарға күні бұрын хабар береді.
Бас комитет:
заңды қабылдау немесе заң жобасын қабылдамау қажеттiгi негiзделген қорытындыны;
заң жобасын қарау нәтижелерi туралы Мәжiлiс қаулысының жобасын;
Палатаның тұрақты комитеттерi мен депутаттарының түзетулерi жинақталған заң жобасына салыстырма кестенi әзiрлейдi.
Салыстырма кесте – екi оқылымды қажет етпейтiн заң жобаларына, ал кемiнде екi оқылымда қабылданатын заңдарға екiншi (келесi) оқылымда әзiрленедi және онда:
заң жобасының түзету ұсынылып отырған құрылымдық бөлiгiнiң мәтiнi;
түзетудiң мазмұны;
түзетудiң авторы туралы деректер;
түзету енгiзудiң негiздемесi;
комитеттiң шешiмi, комитет түзетудi қабылдамаған жағдайда, комитет шешiмiнiң негiздемесi қамтылуға тиiс.
Заң жобасы бойынша салыстырма кестеге енгiзiлген түзетулердi бастамашылары ғана алып тастай алады.
Егер заң жобасына түзету мемлекеттiк кiрiстердi қысқартуды немесе мемлекеттiк шығыстарды ұлғайтуды көздейтін болса, онда бас комитет енгізілген түзетудi қорытынды беруі үшiн Үкiметке жiбередi.
Егер Үкiметтiң қорытындысы бойынша қосымша түсiндiрмелер қажет болса, комитет оларды Үкiметтен талап етіп алдыруға құқылы.
Депутаттардың өзге түзетулерін Үкіметке қорытындыға жіберу талап етілмейді.
Заң жобасы бойынша заң техникасына байланысты түзетулер, сондай-ақ заң жобасы нормаларының құқықтық мазмұнын өзгертпейтін редакциялық сипаттағы ескертулер бас комитеттің салыстырма кестесіне енгізілмеуі мүмкін және Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі қабылдаған және Парламенті Сенатына мақұлдауға жіберілетін заң мәтінінде ескеріледі.
Бас комитет осы Регламентте белгiленген тәртiппен заң жобасы бойынша тиiстi қорытынды қабылдағаннан кейiн келiп түскен заң жобасы бойынша түзетулер салыстырма кестеге енгiзiлмейдi.
Бас комитеттің заң жобасы бойынша салыстырма кестесі Мәжілістің интернет-ресурсына орналастырылады.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.30-1. Депутаттар қабылдау қажеттiгi негiзделген заң жобасына түзетулердi бас комитетке заң жобасы бойынша соңғы оқылым басталғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жазбаша түрде бередi.
Түзетулер енгiзген депутаттар жұмыс тобында немесе бас комитетте заң жобасын талқылау барысында олардың мазмұнын нақтылауға құқылы, бас комитет отырыстың өтетiн уақыты мен орны туралы депутаттарға күні бұрын хабар береді.
Ескерту. Регламент ҚР Парламенті Мәжілісінің 2011.11.09 № 1926-IV қаулысына сәйкес 30-1-тармақпен толықтырылды; жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.30-2. Кемiнде екi оқылымда қарау көзделетiн заң жобасы бойынша бас комитет тұрақты комитеттердiң қорытындыларын алғаннан кейiн бiрiншi оқылымда қаралуға тиiс тұжырымдамалық ережелердi Мәжiлiстiң талқылауына дереу енгiзуге құқылы.
Бас комитеттiң қорытындысында басқа тұрақты комитеттердiң осы заң жобасы бойынша пiкiрлерi және бас комитеттiң заң жобасын бiрiншi оқылымда мақұлдау немесе қабылдамау жөнiндегi ұсыныстары көрсетiледi.
Ескерту. Регламент ҚР Парламенті Мәжілісінің 2011.11.09 № 1926-IV қаулысына сәйкес 30-2-тармақпен толықтырылды.31. ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен алып тасталды.
32. Бас комитет жалпы отырыста қарауға әзiрленген заң жобасын, оның материалдарын Мәжiлiс жалпы отырысының қарауына енгiзу үшiн, әдетте, отырысқа дейiн екі жұмыс күнiнен кешiктiрмей Палата Бюросына жiбередi.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.33. Палатаның Бюросы бас комитеттiң қорытындысын ескере отырып, заң жобасын жалпы отырыстың күн тәртiбiне енгiзу туралы ұсыныс жасайды.
Жалпы отырыстың күн тәртiбi және Мәжiлiстiң қарауына енгiзiлетiн мәселелерге қатысты қажеттi барлық материал Палатаның жалпы отырысына дейiн бір күннен кешiктiрiлмей автоматтандырылған жүйеге күні бұрын орналастырылып, депутаттарға бұл туралы хабар беріледі.
Ескерту. 33-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III; 2011.11.09 № 1926-IV; 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.34. Егер Палата нақты жобаға қатысты басқа шешiм қабылдамайтын болса, Мәжiлiстiң жалпы отырыстарында заңдардың жобаларын қарау бiр оқылымда жүзеге асырылуы мүмкін.
Кодекстiң жобалары, оларға өзгерiстер мен толықтырулар кемiнде екi оқылымда қаралады.
Ескерту. 34-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III; 2007.10.17 № 64-IV; 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.35. Алып тасталды - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
36. Палата заң жобасын бір оқылымда не бірінші оқылымда қарау кезінде осы жоба бастамашысының баяндамасын және бас комитеттің қосымша баяндамасын тыңдайды, заң жобасының негізгі ережелерін талқылайды.
Палатаның жалпы отырысында республикалық бюджет немесе республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасын қарау кезінде баяндамаларды тыңдау Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Егер заң жобасы бір оқылымда қаралса және оны қабылдамау туралы ұсыныстар түспесе, Палата осы Регламенттің 41-тармағында көзделген тәртіппен заң жобасын тұтастай немесе баптар бойынша талқылауды жалғастырады және осы Регламенттің 41-1-тармағында көзделген шешімді қабылдайды.
Бір мәселе бойынша балама заң жобалары енгiзiлген кезде Палата оларды оқылым барысында бiр мезгiлде талқылайды және қаралып отырған жобалардың қайсысын екiншi оқылымға әзiрлеу үшiн негiзге алу туралы шешiм қабылдайды.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.37. Алып тасталды - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
38. Алып тасталды - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
39. Алып тасталды - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
39-1. Бас комитет заң жобасын екінші (келесі) оқылымға әзірлеу кезінде заң жобасына жазбаша енгізілген түзетулерді қарайды.
Ескерту. 1-параграф 39-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.40. Заң жобасы бойынша екінші оқылымда бас комитеттің төрағасы немесе жұмыс тобының жетекшісі не комитет мүшелерінің бірі баяндама жасайды. Баяндама бойынша жарыссөз болмайды. Қажет болған жағдайда, заң жобасы бойынша сөз сөйлеу үшін Үкімет өкіліне сөз беріледі.
Екінші оқылым барысында заң жобасын қарау кезінде бас комитетке жазбаша түрде енгізілген түзетулер ғана қаралады.
Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.41. Заң жобасын екінші (келесі) оқылымда қарау кезінде:
1) бастамашы ұсынған заң жобасы;
2) баптар бойынша дауысқа салынбай, бас комитет қабылдаған, салыстырма кестеге енгізілген депутаттардың барлық түзетуі ескерілген заң жобасы;
3) бас комитет әзірлеген салыстырма кестенің қабылданған және қабылданбаған позициялары бойынша заң жобасының баптары дауысқа салынады.
Енгізілген түзетулер бойынша бас комитеттің шешімімен келіспеген авторлардың өз негіздемесімен сөз сөйлеуге құқығы бар. Палата депутатының талап етуі бойынша оның енгізген түзетуі дауысқа салынады. Мұндай жағдайда бiрiншi болып депутаттың ұсынысы дауысқа салынады, әрбiр түзету дауысқа жеке-жеке салынады. Егер жобаның бiр бабына бiрнеше түзету енгiзу ұсынылған болса, онда қабылдануы немесе қабылданбауы басқа түзетулер мәселесін шешуге мүмкiндiк беретiндері алдымен дауысқа салынады.
Егер депутаттардың бірде-бірі мұндай тәртіпке қарсы болмаса, Палата осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген тәртіппен дауыс беру туралы шешім қабылдай алады.
Палата заң жобасын екінші оқылымда қарау нәтижелері бойынша осы Регламенттің 41-1-тармағында көрсетілген шешімдердің бірін қабылдайды.
Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.41-1. Палата заң жобасын қарау нәтижелері бойынша депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) заңды қабылдау және оны мақұлдау үшін Сенатқа жіберу;
2) заң жобасын пысықтау үшін комитетке қайтару;
3) келесі оқылымдарды өткізу;
4) заң жобасын тұтастай қабылдамау.
Бас тартылған заң жобасы қабылданбады деп есептеледі және бастамашыға қайтарылады.
Ескерту. 1-параграф 41-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.42. Мәжіліс қабылдаған, бас комитет төрағасының, жұмыс тобы жетекшісінің (болған кезде) және Мәжіліс Аппаратының тиісті бөлімдері басшыларының қолымен алдын ала бекемделген заң қабылданған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Палатаның қаулысымен бірге Палата Аппараты арқылы Парламент Сенатына мақұлдау үшін беріледі.
Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2-параграф. Сенат мақұлдамаған заңдарды қарау
Ескерту. 2-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
43. Сенат Мәжіліс қабылдаған заңды тұтастай немесе оның жекелеген баптары бөлігінде мақұлдамауға құқылы.
Аталған жағдайда заң Қазақстан Республикасы Парламентінің Регламентінде көзделген материалдармен Мəжіліске қайтарылады.
Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.44. Мәжіліс Төрағасы Сенат қайтарған заңды қоса тіркелген құжаттармен бірге бас комитетке береді, ол Сенаттың заңды мақұлдамау негіздерін қарайды және олар бойынша қорытынды әзірлейді.
Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.45. Палата Бюросы бас комитеттiң қорытындысын ескере отырып, Сенат мақұлдамаған заңды жалпы отырыстың күн тәртiбiне енгiзу туралы ұсыныс жасайды.
Сенат қоса берген материалдар мен бас комитеттің қорытындысы автоматтандырылған жүйеге күні бұрын, бірақ Палатаның жалпы отырысына дейін кемінде бір күн бұрын орналастырылады.
Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.46. Сенат жалпы отырыста мақұлдамаған заңды қарау кезінде Палата бас комитет төрағасының немесе комитет мүшелерінің бірінің баяндамасын тыңдайды. Баяндама бойынша жарыссөз болмайды.
Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.47. Егер Мәжіліс заңның жекелеген баптарының Сенат ұсынған редакциясына депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен келіссе, Мәжіліс заңды жаңа редакцияда қабылдаған және Сенат мақұлдаған болып есептеледі және Президенттің қол қоюына ұсыну үшін күнтізбелік жеті күн ішінде Сенатқа жіберіледі.
Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.48. Егер Мәжіліс заңның жекелеген баптарының Сенат ұсынған редакциясына депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен қарсылық білдірсе, сондай-ақ Сенат заңды тұтастай мақұлдамаған жағдайда, Парламент Палаталары арасындағы келіспеушіліктер келісу рәсімдері арқылы шешіледі.
Туындаған келіспеушіліктерді еңсеру үшін Мәжіліс пен Сенат әрбір Палатадан саны тең депутаттардың қатысуымен келісім комиссиясын құрады. Келісім комиссиясының жұмысына заң шығару бастамасы құқығының субъектісі (ол уәкілеттік берген адам) кеңесші дауыс құқығымен қатыса алады.
Келісім комиссиясын құру қажеттігі және оның құрамына Мәжілістен депутаттарды сайлау туралы шешім Палатаның жалпы отырысында Мәжіліс депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады және Сенатқа жіберіледі. Сенаттың депутаттарды келісім комиссиясына сайлауының ұқсас рәсімінен кейін келісім комиссиясының мүшелері өз құрамынан төрағаны келісім комиссиясы мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен сайлайды.
Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.49. Келісім комиссиясы тиісті заңның бірыңғай мәтінін әзірлеуге ұмтыла отырып, Сенат пен Мәжіліс арасында келіспеушілік туғызған заң ережелерін ғана қарайды.
Келісім комиссиясы шешімді ашық дауыс беру арқылы қабылдайды. Келісім комиссиясының шешімдері оның мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. "Жақтап" және "қарсы" берілген дауыстар саны тең болған жағдайда, келісім комиссиясы төрағасының даусы шешуші болып есептеледі.
Келiсiм комиссиясы жұмыс нәтижелерi бойынша келiспеушiлiктердi еңсеру жөнiндегi ұсыныстар қамтылған қаулыны қабылдайды, ол Мәжiлiс Бюросының қарауына енгiзiледi.
Келiсiм комиссиясының қаулысына заңның өзгерiстер енгiзiлген баптарының салыстырма кестесi қоса беріледі.
Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.50. Мәжіліс заң келісім комиссиясынан кейін қаралған кезде келісім комиссиясының қаулысында қамтылған ұсыныстарды ғана талқылайды. Осы ұсыныстардың шегiнен шығатын ешбір түзетуді Мәжiлiс қарамайды.
Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.51. Мәжiлiс келiсiм комиссиясының әрбiр ұсынысы бойынша Палата депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен жеке-жеке шешiм қабылдайды. Қарсылықтар болмаған кезде келісім комиссиясының кестесі тұтастай дауысқа салынуы мүмкін.
Мәжілістің келісім комиссиясының ұсыныстарының бірімен келіспеуі осы Регламенттің 51-2-тармағында көзделген салдарға алып келеді.
Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.51-1. Парламент Мәжiлiсiнiң қаулысы, келiсiм комиссиясының материалдары күнтізбелік жетi күн iшiнде Сенатқа жiберiледi.
Ескерту. 2-параграф 51-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.51-2. Мәжіліс келісім комиссиясы ұсынған редакциядағы заңды Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылдамаған жағдайларда, Мәжіліс бұрын қабылданған редакциядағы заң бойынша қайтадан дауысқа салуды жүргізеді.
Егер қайтадан дауысқа салу кезінде Мәжіліс Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен бұрын қабылданған шешімді растаса, заң күнтізбелік он күн ішінде Президенттің қол қоюына ұсынылады.
Егер заң Мәжіліс депутаттарының көрсетілген көпшілік даусын алмаса, заң қабылданбады деп есептеледі және бастамашыға қайтарылады.
Ескерту. 2-параграф 51-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.52. Алып тасталды - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен.
53. Алып тасталды - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен.
54. Алып тасталды - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
55. Алып тасталды - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
56. Алып тасталды - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3-параграф. Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына жүгіну
Ескерту. 3-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
57. Мәжiлiс Төрағасы, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiн құрайтын Палата депутаттары Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына жүгіне алады. Депутаттардың жүгініміне депутаттардың тегi, аты және әкесiнiң аты (ол болған кезде) көрсетiлген, қолымен куәландырылған тiзiмі қоса беріледі. Конституциялық Сотқа жүгінімді Мәжiлiс Аппараты жiбередi.
Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.58. Ескерту. 58-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысымен өзгеріс енгізілді; ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен өзгерістер енгізілді; ҚР Парламенті Мәжілісінің 2011.11.09 № 1926-IV қаулысымен өзгерістер енгізілді.
59. Алып тасталды - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысымен.
4-тарау. Парламент Мәжiлiсiнде бастапқы қарауға жататын мәселелердi қарау тәртiбi
60. Парламент Палаталардың бөлек отырысында мәселелердi ретімен әуелi – Мәжiлiсте, содан кейін Сенатта қарау арқылы заңдарды қабылдайды, оның iшiнде:
1) республикалық бюджеттi бекiтедi, оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi;
2) мемлекеттiк салықтар мен алымдарды белгiлейдi және жояды;
3) Қазақстанның әкiмшiлiк-аумақтық құрылымы мәселелерiн шешу тәртiбiн белгiлейдi;
4) мемлекеттiк наградаларды тағайындайды, Республиканың құрметтi, әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерiн, дипломатиялық дәрежелерiн белгiлейдi, Республиканың мемлекеттiк рәмiздерiн айқындайды;
5) мемлекеттiк заемдар және Республиканың экономикалық және өзге де көмек беруi жөнiндегi мәселелердi шешедi;
6) рақымшылық жасау жөнiндегi мәселелердi шешедi;
7) Республиканың халықаралық шарттарын ратификациялайды және күшін жояды.
Ескерту. 60-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III; 2007.10.17 № 64-IV; 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.60-1. Парламент Палаталардың бөлек отырыстарында мәселелердi әуелi - Мәжiлiсте, ал содан кейiн Сенатта кезегiмен қарау арқылы:
1) республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептердi талқылайды;
2) Республика Президентінің қарсылықтарын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша қарсылықтар жіберілген күннен бастап бір ай мерзімде қайталап талқылау мен дауысқа салуды жүргізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылықтарының қабылданғанын білдіреді. Егер Мəжіліс пен Сенат əрбір Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен Президенттің қарсылықтарын еңсерсе, Президент бір ай ішінде заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылықтарын, ең болмаса, Палаталардың бірі еңсермесе, заң қабылданбады немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледі;
3) республикалық референдум тағайындау туралы бастама көтередi.
Ескерту. Регламент 60-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV; өзгеріс енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.61. Парламент Мәжiлiсiне енгiзiлген заң жобаларын қарау осы Регламенттiң 3-тарауына сәйкес жүргiзiледi.
Ескерту. 61-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV; 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.61-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жоғары аудиторлық палатаның республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептеріне материалдарды ұсыну, Палатаның жалпы отырысында баяндамаларды тыңдау, республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерді талқылау Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде және Қазақстан Республикасы Парламентінің Регламентінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. Регламент 61-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.62. ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен алып тасталды.
63. ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен алып тасталды.
64. ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен алып тасталды.
65. ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен алып тасталды.
66. ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен алып тасталды.
67. ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен алып тасталды.
68. ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен алып тасталды.
69. ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен алып тасталды.
70. ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен алып тасталды.
71. ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен алып тасталды.
72. ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен алып тасталды.
73. ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен алып тасталды.
74. ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен алып тасталды.
75. ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен алып тасталды.
75-1. Парламент қабылдаған, Парламенттiң әрбiр Палатасы Төрағаларының қолдарымен алдын-ала бекiтiлген заңдарды Парламент қабылданған күнiнен бастап он күннiң iшiнде Республика Президентiнiң қол қоюына ұсынады, бiр айдың iшiнде Президент ұсынылған заңға қол қойып, оны жариялайды не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылау және дауысқа салу үшiн Парламентке қайтарады.
Аталған мерзiм iшiнде қайтарылмаған заңға қол қойылды деп есептеледi.
Ескерту. Регламент 75-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV; өзгеріс енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.75-2. Қарсылықтар жiберiлген күннен бастап бiр ай мерзiмде Республика Президентiнiң қарсылықтарын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша қайта талқылау мен дауысқа салу жүргiзiледi. Бұл мерзiмнiң сақталмауы Президент қарсылықтарының қабылданғанын бiлдiредi.
Республика Президентiнiң Парламент қабылдаған заң бойынша келiп түскен қарсылықтары Мәжiлiсте тiркелгеннен кейiн Палата Төрағасы қарсылықтарды Республика Президентiнiң және Мәжiлiс Аппараты Заңнама бөлiмiнің өкiлдерiн қатыстыра отырып қарау үшiн бас комитетке жiбередi. Бас комитет пен Палата Аппаратының Заңнама бөлiмi Президент қарсылықтарын күнтiзбелiк он күн iшiнде қарап, олар бойынша қорытынды бередi, Мәжiлiс Төрағасы осыдан кейiн Палатаның жалпы отырысын шақырады.
Мәжiлiстiң жалпы отырысында Президенттiң қарсылықтары бойынша баяндаманы Президент уәкiлеттiк берген лауазымды адам жасайды.
Егер Мәжiлiс дауыс беру қорытындылары бойынша Президенттің қарсылықтарын еңсермесе, онда Парламент Палаталарының Президент қарсылықтарын одан әрi қарауы тоқтатылады және заң қабылданбады немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледi.
Егер Мәжiлiс Палата депутаттарының жалпы санының үштен екi көпшiлiк даусымен Президенттің қарсылықтарын еңсерсе, онда заң Президент қарсылықтарымен бiрге әрi қарай қарау үшiн Сенатқа берiледi.
Қарсылықтарды Мәжiлiсте қарау барысында Республика Президентi депутаттардың ұсыныстарын ескере отырып, өзi қарсылықтарда ұсынған заңның редакциясын тұтастай не оның тиiстi жекелеген баптарын өзгертуге құқылы.
Парламент Палаталарының отырыстарында заң немесе оның жекелеген баптары қайтадан талқыланған және дауысқа салынған кезде дауысқа салу, егер Президенттiң қарсылықтары заңға тұтастай қатысты туындаған болса, онда заң бойынша тұтас не Республика Президентiнiң қарсылықтарын туғызған баптар бойынша өткiзiледi.
Жалпы отырыстың өткiзiлетiн уақыты мен орны туралы оны өткiзерден кемiнде үш күн бұрын Мәжiлiс Аппараты Республика Президентiнiң өкiлiне хабарлайды.
Ескерту. Регламент 75-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV; өзгеріс енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен. 5-тарау. Парламент Мәжiлiсiнiң ерекше қарауына
жататын мәселелердi қарау тәртiбi
76. Мәжiлiстiң ерекше қарауына:
1) Парламентке енгiзiлген конституциялық заңдардың және заңдардың жобаларын қарауға қабылдау;
2) Палата депутаттарының жалпы санының көпшiлiк даусымен Республика Президентiне Республика Премьер-Министрiн тағайындауға келiсiм беру;
3) Республика Президентiнiң кезектi сайлауын хабарлау;
3-1) Жоғары аудиторлық палата Төрағасының есебін жылына екі рет тыңдау;
4) Конституциямен Парламент Мәжiлiсiне жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады.
Мәжiлiс депутаттарының жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлігінің бастамасы бойынша Мәжiлiс депутаттарының жалпы санының көпшiлiк даусымен, Мәжiлiс Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiруге құқылы.
Ескерту. 76-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III; 2007.10.17 № 64-IV; 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.77. Конституциялық заңдардың жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бастамашы болған заң жобаларын қарауға қабылдау және қарау осы Регламентке және Парламент Регламентіне сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжiлiсiнiң заң жобаларын қарауға қабылдауы және қарауы осы Регламенттiң 3-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 77-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.77-1. Премьер-Министрдi қызметке тағайындауға Парламент Мәжiлiсiнiң келiсiмiн алу үшiн Республика Президентi Палатаға жазбаша ұсыну енгiзедi.
Президенттің жазбаша ұсынуы негізінде Мәжілістің Төрағасы Палатаның жалпы отырысын шақырады.
Премьер-Министрдi тағайындауға Парламент Мәжiлiсiнiң келiсiмi Палата отырысында берiледi.
Ескерту. Регламент ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен 77-1-тармақпен толықтырылды; өзгеріс енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 23.12.2020 № 1413-VI ПМ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.77-2. Премьер-Министр қызметiне кандидатураны Мәжiлiс отырысында Республика Президентi немесе ол уәкiлеттiк берген Республиканың лауазымды адамы таныстырады.
Мәжiлiс отырысында кандидатқа және кандидатты таныстырушы адамға сұрақтар қойылуы мүмкiн. Депутаттар ұсынылған кандидатты "жақтап" немесе "қарсы" пiкiрлер бiлдiруге құқылы.
Егер депутаттар ұсынылған кандидатура бойынша жарыссөз ашуды талап етпесе, жарыссөз ашылмауы мүмкiн.
Ескерту. Регламент ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен 77-2-тармақпен толықтырылды.77-3. Мәжiлiс ұсынылған кандидатура бойынша Премьер-Министр қызметiне тағайындауға келiсiм беру туралы шешiм қабылдамаған жағдайда, Президент Мәжiлiске нақ осы адамға немесе жаңа кандидатураға жазбаша ұсыну енгiзедi.
Ескерту. Регламент ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен 77-3-тармақпен толықтырылды.77-4. Үкімет мүшелерін қызметке тағайындау үшін Республика Президентіне ұсынылатын кандидатуралар бойынша Парламент Мәжілісімен оның тиісті бейінді тұрақты комитеттерінде консультациялар өткізіледі.
Тиісті комитеттің отырысында консультациялар өткізу кезінде қызметке кандидатураларды Республиканың Премьер-Министрі немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адам ұсынады.
Консультациялардың қорытындысы бойынша тиісті комитет талқыланатын әрбір кандидатура бойынша консультативтік (ұсынымдық) сипатта болатын қорытынды шығарады.
Ескерту. Регламент 77-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Парламенті Мәжілісінің 23.12.2020 № 1413-VI ПМ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.78. ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен алып тасталды.
79. ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен алып тасталды.
80. Ескерту. 80-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысымен өзгеріс енгізілді; тармақ ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен алып тасталды.
81. ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен алып тасталды.
82. Ескерту. 82-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысымен өзгерістер енгізілді; тармақ ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен алып тасталды.
83. Ескерту. 83-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысымен өзгерістер енгізілді; тармақ ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен алып тасталды.
84. Алып тасталды - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
85. Алып тасталды - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысымен.
86. Президенттiң кезектi сайлауы Парламент Мәжiлiсiнiң қаулысымен қыркүйек айының екiншi жексенбiсiнен кешiктiрiлмей жарияланады.
Ескерту. 86-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысымен өзгеріс енгізілді.86-1. Жоғары аудиторлық палата Төрағасының есебі Палатаның жалпы отырысында тыңдалады.
Ескерту. Регламент 86-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.87. Ескерту. 87-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысымен өзгеріс енгізілді; тармақ ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен алып тасталды.
88. Ескерту. 88-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысымен өзгеріс енгізілді; тармақ ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен алып тасталды.
6-тарау. Парламент Мәжiлiсiнiң дербес қарауынажататын мәселелердi қарау тәртiбi
89. Парламент Мәжiлiсi дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз:
1) Конституциялық Соттың үш судьясын қызметке тағайындайды; Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін, Жоғары аудиторлық палатаның үш мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды;
2) Конституцияның 47-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда Парламент құратын комиссия мүшелерiнiң тең жартысына өкiлеттiк бередi;
3) Палаталардың бiрлескен комиссиялары мүшелерiнiң тең жартысын сайлайды;
4) Палаталар депутаттарының өкiлеттiгiн тоқтатады, сондай-ақ Республика Бас Прокурорының ұсынуымен Палаталар депутаттарын оларға ешкiмнiң тиiспеуi құқығынан айыру мәселелерiн шешедi;
5) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша парламенттiк тыңдау өткiзедi;
6) Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша Республика Үкіметі мүшелерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі есептерін тыңдауға құқылы. Есепті тыңдау қорытындысы бойынша Үкімет мүшесі Республика заңдарын орындамаған жағдайда Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің көпшілік даусымен оны қызметінен босату туралы Республика Президентіне өтініш қабылдауға құқылы. Бұл жағдайда Республика Президенті Үкімет мүшесін қызметінен босатады;
7) Палатаның үйлестiрушi және жұмыс органдарын құрады;
8) өз қызметiнiң Регламентiн және Палатаны ұйымдастыру мен оның iшкi жұмыс ретiне байланысты мәселелер бойынша өзге де шешiмдер қабылдайды.
Ескерту. 89-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III; 2007.10.17 № 64-IV; 23.12.2020 № 1413-VI ПМ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.89-1. 89-тармақтың 1) тармақшасында аталған адамдарды лауазымдарға тағайындау Палатаның жалпы отырысында Мәжіліс Төрағасының ұсынуы бойынша жүзеге асырылады.
Ұсынылған кандидатуралар мәселе Мәжілістің жалпы отырысында қаралғанға дейін Мәжіліс Бюросының шешімімен айқындалатын Палатаның тиісті комитетінің отырысында талқылануға тиіс. Комитет кандидатураларды қарау қорытындысы бойынша талқыланатын әрбір кандидатура бойынша қорытынды шығарады.
Ескерту. Регламент ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен 89-1-тармақпен толықтырылды; жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Мәжілісінің 23.12.2020 № 1413-VI ПМ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.89-2. Жоғарыда аталған қызметтерге тағайындау туралы мәселенi қарау кезiнде Мәжiлiс Төрағасы кандидатураларды Палатаның жалпы отырысында таныстырады.
Содан кейiн тиісті комитеттің өкілі сөз сөйлеп, комитеттің осы кандидатура жөніндегі қорытындысын жария етеді.
Ескерту. Регламент ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен 89-2-тармақпен толықтырылды.89-3. Жоғарыда аталған қызметтерге кандидаттар Палатаның алдында қысқаша сөз сөйлеуге құқылы. Отырысқа қатысып отырған депутаттар кандидатқа немесе кандидатты таныстырушы адамға сұрақтар қоюға, ұсынылған кандидатураны "жақтап" немесе оған "қарсы" сөйлеуге құқылы. Мәселенi талқылау отыз минуттан артық уақыт алмауға тиiс.
Егер депутаттар ұсынылған кандидатура бойынша жарыссөз ашуды талап етпесе, жарыссөз ашылмауы мүмкiн.
Ұсынылған кандидатуралар бойынша талқылау және дауыс беру әр кандидатура бойынша жеке-жеке жүргiзiледi. Кандидатураларды тiзiм бойынша талқылауға және дауыс беруге жол берiлмейдi.
Егер Мәжiлiс депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен жоғарыда аталған қызметтерге кандидаттарды жақтап дауыс берсе, олар қызметке сайланды деп есептеледi. Егер Палата дауыс берудiң өзгеше тәртiбiн белгiлемесе, шешiм ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Парламент Мәжілісі жоғарыда аталған лауазымдарға кандидатураларды сайлау туралы қаулы қабылдайды.
Ескерту. Регламент ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен 89-3 тармақпен толықтырылды; өзгеріс енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 23.12.2020 № 1413-VI ПМ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.89-4. Мәжiлiс ұсынылған кандидатуралар бойынша қызметке тағайындау туралы шешiм қабылдамаған жағдайда, Палата Төрағасы Мәжiлiске нақ сол адамдар немесе жаңа кандидатуралар жөнінде жазбаша ұсыныстар енгiзедi.
Жаңа кандидатураны талқылау мен сайлау осы Регламенттiң 89-1 - 89-3-тармақтарында көзделген тәртiппен жүргiзiледi.
Ескерту. Регламент ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен 89-4-тармақпен толықтырылды.90. Ескерту. 90-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысымен өзгерістер енгізілді; тармақ ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен алып тасталды.
91. ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен алып тасталды.
92. Республика Конституциясы 47-бабының 1-тармағына сәйкес Республика Президентi науқастануына байланысты өзiнiң мiндеттерiн атқаруға қабiлетсiздiгi дендеген жағдайда қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылуы мүмкiн. Бұл ретте Парламент әр Палата депутаттарының тең санынан және медицинаның тиiстi салаларының мамандарынан тұратын комиссия құрады.
Парламент Мәжiлiсiнен комиссия мүшелерiнiң кандидатураларын тiкелей Мәжiлiс депутаттары, Мәжiлiстiң тұрақты комитеттерi Палатаның жалпы отырысында ұсынады. Парламент Мәжiлiсi депутаттары жалпы санының неғұрлым көп даусын алған кандидаттар сайланды деп есептеледi.
Ескерту. 92-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2011.11.09 № 1926-IV қаулысымен өзгеріс енгізілді.93. Палаталардың бiрлескен комиссиясы мүшелерiнiң тең жартысын Парламент Мәжiлiсiнiң сайлауы "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң комитеттерi мен комиссиялары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Парламент Регламентiне сәйкес жүргiзiледi.
Ескерту. 93-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысымен.94. Алып тасталды - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
94-1. Алып тасталды - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
94-2. Алып тасталды - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
94-3. Алып тасталды - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
94-4. Алып тасталды - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
95. Депутатты қылмыстық жауапқа тартуға, ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге немесе сот тәртiбiмен салынатын әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға келiсiм алу үшiн Республиканың Бас Прокуроры Парламент Мәжiлiсiне ұсыну енгiзген жағдайда, Парламент Мәжiлiсi ұсынуды қорытынды әзiрлеу және оны Палатаның жалпы отырысына енгiзу үшiн Республиканың Орталық сайлау комиссиясына жiбередi.
Бас Прокурор ұсынуды депутатқа күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыны ұсынудың, күзетпен ұстау, үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатты сотқа енгізудің, ұстап алу, мәжбүрлеп әкелу қажеттігі туралы мәселені шешудің немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі сотқа жіберудің алдында енгізеді.
Ескерту. 95-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.96. Бас Прокурордың ұсынысы мен Республиканың Орталық сайлау комиссиясының қорытындысы олар келiп түскен күннен бастап екi апта мерзiмнен кешiктiрiлмей қаралады. Парламент Мәжiлiсi тиiстi лауазымды адамдардан қосымша ақпарат ұсынуды талап етуге құқылы.
Парламент Мәжiлiсi дәлелдi шешiм қабылдап, оны үш күн мерзiмде Бас Прокурорға және Республиканың анықтау мен алдын ала тергеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органының басшысына жiбередi.
Депутат өзiне ешкiмнiң тиiспеуi құқығы туралы мәселенi Парламент Мәжiлiсi қараған кезде оған қатысуға құқылы.
Республиканың Орталық сайлау комиссиясы iс жөнiнде шешiм қабылдаған тиiстi соттан қаралған iстiң нәтижелерi туралы ақпаратты сұратып алдырады және айыптау үкiмi шығарылған жағдайда Парламент Мәжiлiсiне депутатты мандаттан айыру туралы ұсыныс енгiзедi.
Ескерту. өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV; 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.96-1. Парламент Мәжілісі жұмыс жоспарына сәйкес өз құзыретіндегі мәселелер бойынша "үкімет сағатын" өткізе алады.
Парламенттік оппозиция осы Регламентте көзделген тәртіппен бір сессия ішінде кемінде екі рет "үкімет сағатының" күн тәртібін айқындауға құқылы.
"Үкімет сағатының" күн тәртібіне енгізілетін тақырып бойынша ұсыныстарды бастапқы кезде депутаттар ұсынады және олар парламенттік оппозиция болып табылатын саяси партиялар фракцияларының әрқайсысында бөлек қаралады.
Талқылау қорытындысы бойынша бұл ұсыныстар парламенттік оппозиция болып табылатын саяси партиялар фракцияларының бірлескен отырысының қарауына шығарылады, содан кейін "үкімет сағатының" келісілген тақырыбы "үкімет сағатын" өткізуді дайындап жатқан тұрақты комитеттің қарауына жіберіледі.
Парламенттік оппозицияның өкілдері тұрақты комитеттің "үкімет сағатын" өткізу жөніндегі дайындық жұмысына қатысады.
Ескерту. Регламент ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысымен 96-1-тармақпен толықтырылды; жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Мәжілісінің 23.12.2020 № 1413-VI ПМ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.96-2. Депутаттар "үкімет сағаты" барысында Үкімет өкілінің баяндамасын және қажет болған кезде тиісті тұрақты комитеттің қосымша баяндамасын тыңдайды, содан кейін депутаттар Үкіметтің өкіліне сұрақтар қоюға құқылы. Талқыланып отырған мәселе бойынша баяндамаға – жиырма минуттан аспайтын, қосымша баяндамаға – он минуттан аспайтын, сұрақтар мен жауаптарға – бір жарым сағаттан аспайтын, ал талқылауға бір сағаттан аспайтын уақыт беріледі.
"Үкiмет сағатында" төрағалық етушiнiң рұқсатынсыз ешкiмнiң сөз алуға құқығы жоқ.
"Үкімет сағаты" Мәжілістің интернет-ресурсында онлайн режимде трансляцияланады.
Ескерту. Регламент 96-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III; өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV; 23.12.2020 № 1413-VI ПМ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.97. Парламент Мәжiлiсi өз құзыретiндегi мәселелер бойынша парламенттiк тыңдау өткiзедi.
Парламенттiк тыңдау Палата қызметiн ұйымдастыру нысаны болып табылады, оның мақсаты - өз құзыретiне жататын аса маңызды мәселелердi алдын ала талқылау.
Парламенттік оппозиция осы Регламентте көзделген тәртіппен бір сессия ішінде кемінде бір рет парламенттік тыңдау өткізуге бастамашылық жасауға құқылы.
Парламенттік тыңдау тақырыбының жобасын депутаттар ұсынады және ол парламенттік оппозиция болып табылатын саяси партиялар фракцияларының әрқайсысында бөлек қаралады.
Парламенттік тыңдау тақырыбының жобасын депутаттық фракциялардың талқылау қорытындысы бойынша тақырыптың жобасы парламенттік оппозиция болып табылатын саяси партиялар фракцияларының бірлескен отырысының қарауына шығарылады, содан кейін парламенттік тыңдаудың келісілген тақырыбы Мәжіліс Бюросының қарауына жіберіледі.
Парламенттік оппозицияның өкілдері парламенттік тыңдауды өткізу жөніндегі арнайы уақытша комиссияның дайындық жұмысына қатысады.
Парламенттiк тыңдауды дайындау үшiн арнайы уақытша комиссиялар құрылады.
Ескерту. 97-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III; 23.12.2020 № 1413-VI ПМ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.98. Парламенттiк тыңдаудың тақырыбы, олардың өткiзiлетiн уақыты мен орны туралы хабарлама парламенттiк тыңдау басталғанға дейiн жетi күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарына берiледi.
Парламенттiк тыңдауға шақырылған адамдардың құрамын осы тыңдауды ұйымдастыратын Палата комитеттерi, комиссиялары белгiлейдi.
99. Парламенттiк тыңдауды Палата Бюросының шешiмi бойынша Мәжiлiс комитеттерi өткiзедi.
Палата комитеттерi мен комиссиялары бiрлескен парламенттiк тыңдау өткiзуi мүмкiн.
100. Парламенттiк тыңдау бұқаралық ақпарат құралдары мен жұртшылық өкiлдерi үшiн ашық болады.
Палата Бюросының немесе комитеттiң (комиссияның) шешiмi бойынша, егер тыңдау мемлекеттiк және заңмен қорғалатын өзге де құпиядан тұратын мәлiметтерге қатысты болса, жабық тыңдау өткiзiлуi мүмкiн.
Ашық парламенттiк тыңдаудың есептерi Парламент басылымдарында жарияланады және бұқаралық ақпарат құралдарында жазып көрсетiлуi мүмкiн.
Ашық парламенттік тыңдау Мәжілістің интернет-ресурсында онлайн режимде трансляцияланады.
Ескерту. 100-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 23.12.2020 № 1413-VI ПМ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); ); 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.101. Парламенттiк тыңдауды Палатаның тиiстi комитетiнiң, комиссиясының төрағасы жүргiзедi.
Парламенттiк тыңдау Палаталардың бiрлескен немесе бөлек жалпы отырыстары күндерi өткiзiлмейдi.
102. Парламенттiк тыңдау төрағалық етушiнiң қысқаша сөз сөйлеуiмен басталады, ол талқыланатын мәселенiң мәнi, оның маңыздылығы, отырыстың өткiзiлу тәртiбi, шақырылған адамдардың құрамы туралы хабардар етедi.
Талқыланатын мәселе жөнiнде баяндама жасау үшiн отыз минутқа дейiн сөз берiледi, содан соң парламенттiк тыңдауға қатысып отырған депутаттар мен шақырылған адамдар сөз сөйлейдi.
Депутаттар, сондай-ақ шақырылған адамдар парламенттiк тыңдауда тек төрағалық етушiнiң рұқсатымен ғана сөз сөйлейдi. Егер тыңдауға қатысып отырған депутаттардың көпшiлiгi өзгеше белгiлемесе, сөз сөйлеу уақыты жетi минуттан аспайды.
Саяси партия фракциясының, депутаттық топтың атынан сөз сөйлеу үшін міндетті түрде сөз беріледі.
Ескерту. 102-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III; 2007.10.17 № 64-IV; 23.12.2020 № 1413-VI ПМ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.103. Парламенттiк тыңдаудағы баяндамадан және шақырылған адамдардың сөйлеген сөздерiнен кейiн ауызша да, сондай-ақ жазбаша нысанда да депутаттардың, басқа да қатысушы адамдардың сұрақтары берiлiп, оларға жауаптар қайтарылады.
Шақырылған адамдардың парламенттiк тыңдаудың барысына араласуға, оларды наразылық немесе мақұлдау бiлдiрумен үзiп жiберуге құқығы жоқ. Төрағалық етушi тәртiп бұзушыларды отырыс залынан шығарып жiберуге құқылы.
104. Парламенттiк тыңдау қорытындылары бойынша тыңдауға қатысқан Палата депутаттары көпшiлiгiнiң мақұлдауы арқылы алынған ұсыныстар қабылданады.
Парламенттiк тыңдауда қабылданған ұсыныстар барлық депутаттарға, тиiстi мемлекеттiк органдар мен қоғамдық бiрлестiктерге жеткiзiледi және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылуы мүмкiн.
Ескерту. 104-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысымен өзгеріс енгізілді.105. Парламенттiк тыңдау стенограммаға түсiрiледi.
Жабық парламенттiк тыңдаудың материалдары Парламент депутаттарына, Президент пен Үкiмет өкiлдерiне, сондай-ақ өкiлдерi парламенттiк тыңдауға қатысқан мемлекеттiк органдарға ғана арналады.
Ескерту. 105-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысымен өзгеріс енгізілді.106. Мәжiлiс Республика Конституциясының 57-бабына сәйкес Палата депутаттары жалпы санының кемiнде үштен бiрiнiң бастамасы бойынша Республика Үкiметi мүшелерiнiң өз қызметi мәселелерi жөнiндегi есептерiн тыңдауға құқылы. Мәжiлiс есептi тыңдау нәтижелерi бойынша Үкiмет мүшесi Республика заңдарын орындамаған жағдайда Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің көпшiлiк даусымен оны қызметтен босату туралы Республика Президентiне өтiнiш жасауға құқылы.
Ескерту. 106-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV; 23.12.2020 № 1413-VI ПМ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.107. Палата Үкiмет мүшесiнiң есебiн тыңдау туралы мәселенi қабылдаған жағдайда Мәжiлiс оның мерзiмiн белгiлейдi және есебi тыңдалатын Үкiмет мүшесiн Палата шешiмi және ол тыңдалатын күн туралы жазбаша түрде хабардар етедi. Сонымен бiр мезгiлде Палата Үкiмет мүшесiн тыңдауды ұсынған ынталы топтан баяндамашыны белгiлейдi.
Үкiмет мүшесi оның есебiн тыңдау туралы Палатаның шешiм қабылдауына негiз болған құжаттармен танысуға құқылы және өзiн тыңдайтын күнгi Мәжiлiстiң жалпы отырысына қатысуға мiндеттi.
Палатаның Үкiмет мүшесiнiң есебiн тыңдау жөнiндегi өкiлеттiгiн жүзеге асыру мақсатында есептi тыңдау бастамашылары қатарынан арнаулы уақытша комиссия құрылады.
Ескерту. 107-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысымен өзгерістер енгізілді; ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен өзгерістер енгізілді.108. Палатаның жалпы отырысында Үкiмет мүшесiнiң есебiн тыңдау төрағалық етушiнiң қысқаша кiрiспе сөзiмен басталады, ол мәселенiң мәнi туралы хабарлама жасайды.
Төрағалық етушiнiң сөзiнен кейiн Үкiмет мүшесiн тыңдауды ұсынған бастамашы топтың баяндамашысына сөз берiледi, ол осы шешiмнiң қабылдануын туындатқан дәлелдердi жария етедi. Баяндама отыз минуттан аспауға тиiс.
Бұдан кейiн сөз тыңдалатын Үкiмет мүшесiне берiледi, оның есебi отыз минуттан аспауға тиiс.
Есеп беруден кейiн депутаттар сұрақтар қоюға және оларға жауаптар алуға, өз пiкiрiн айтуға құқылы.
Саяси партия фракциясының, депутаттық топтың атынан сөз сөйлеу үшін міндетті түрде сөз беріледі.
Ескерту. 108-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III; 23.12.2020 № 1413-VI ПМ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.109. Жарыссөз аяқталғаннан кейiн жалпы отырыста төрағалық етушi:
1) Үкiмет мүшесiнiң есебiн назарға алу туралы;
2) Үкiмет мүшесi Республика заңдарын орындамаған жағдайда, оны қызметiнен босату туралы Республика Президентiне өтiнiш жасау жөнiндегi мәселенi Палатаға дауысқа салады.
Мәселелерді дауысқа салу олардың түсу ретiне қарай қойылады.
Ескерту. 109-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысымен өзгерістер енгізілді; ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен өзгеріс енгізілді.109-1. Үкiмет мүшесiнiң есебiн назарға алу туралы шешiм Палата депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады және қаулымен бекiтiледi.
Ескерту. Регламент ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысымен 109-1 тармақпен толықтырылды.110. Үкiмет мүшесi Республика заңдарын орындамаған жағдайда, оны қызметтен босату туралы Республика Президентiне өтiнiш Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің көпшілік даусымен қабылданады.
Ескерту. 110-тармақ ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысының редакциясында; өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV; 23.12.2020 № 1413-VI ПМ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.110-1. Мәжiлiс жалпы отырыста өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша үндеулер, декларациялар, мәлiмдемелер және заңнамалық сипаты жоқ өзге де актiлер қабылдауға құқылы.
Үндеудiң, декларацияның, мәлiмдеменiң жобалары алдын ала тұрақты комитеттердiң отырыстарында талқыланады және олардың шешiмi бойынша Палата Бюросына енгiзiледi.
Бұл мәселе жалпы отырыста қаралған кезде жобаны ұсынған тұрақты комитеттiң өкiлi үндеудiң, декларацияның, мәлiмдеменiң жобасын жария етедi. Үндеудiң, декларацияның, мәлiмдеменiң жобасы бойынша жарыссөз ашылуы мүмкiн. Палата қажет болған жағдайда оны пысықтау жөнiндегi редакциялық комиссияны құрады. Мәжiлiс үндеудi, декларацияны, мәлiмдеменi Палата депутаттарының жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылдайды, оларға Палатаның Төрағасы қол қояды.
Ескерту. Регламент ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысымен 110-1-тармақпен толықтырылды.3-БӨЛIМ. ПАРЛАМЕНТ МӘЖIЛIСI ОРГАНДАРЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ
7-тарау. Парламент Мәжiлiсiнiң Бюросы және оның құзыретi
111. Мәжiлiс Бюросы Парламент Мәжiлiсiнiң үйлестiрушi органы болып табылады және Мәжiлiс Төрағасы жанынан құрылады.
Бюро құрамына Парламент Мәжiлiсi Төрағасының орынбасарлары, Мәжiлiстiң тұрақты комитеттерiнiң төрағалары, Мәжiлiсте өкiлдiк ететiн саяси партиялар фракцияларының жетекшiлерi кiредi.
Мәжiлiс Бюросының отырысына саяси партия фракциясының жетекшiсi қатыспаған жағдайда, оның тапсыруы бойынша Палата Бюросының жұмысына оның орынбасарларының бiрi қатысуы мүмкiн.
Ескерту. 111-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен өзгерістер енгізілді.112. Мәжiлiс Бюросы:
1) Парламенттiң кезектi сессиясына арналған Мәжiлiстiң iс-шаралар жоспарының жобасын әзiрлеудi қамтамасыз етедi және оны Парламент Мәжiлiсiнiң бекiтуiне енгiзедi;
2) конституциялық заңдардың жобаларын және заңдардың жобаларын әзiрлеу жөнiндегi жоспарлардың жобаларын қарайды;
3) Палатаның заң жобаларын және өзге де шешiмдер жобаларын қарауының кезектiлiгi жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
3-1) жалпы отырысты өткізудің өзге уақыты туралы шешім қабылдауға құқылы;
4) депутаттардың, Палата комитеттерiнiң ұсыныстары бойынша ғылыми ұйымдар мен мамандарды тарта отырып әзiрлеуге жататын заң жобаларының тiзбесiн, сондай-ақ депутаттар бастамашы болған заңдардың жобаларын республикалық бюджет қаражаты есебiнен әзiрлеу тәртiбiн бекiтедi;
5) Палатаның жалпы отырыстарын дайындауды үйлестiредi;
6) Палата комитеттерi мен комиссияларының қызметiн үйлестiредi;
7) бiрнеше комитеттiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша Палата комитеттерiнiң бiрлескен жұмысын ұйымдастыруға жәрдемдеседi және алдын ала бас комитеттi белгiлейдi;
8) Палатаның тиiстi комитеттерiнiң парламенттiк тыңдау өткiзуi туралы шешiм қабылдайды;
9) басқа мемлекеттер парламенттерiмен халықаралық байланыстардың жыл сайынғы жоспарларын қарайды;
10) Палата комитеттерiнiң ұсынысы бойынша депутаттарды халықаралық, парламентаралық институттардың түрлi органдарының құрамына ұсынады, оларға өзгерiстер енгiзедi;
11) депутаттарды шет елдерге ресми делегация құрамында және дербес iссапарларға жiберу мәселелерiн шешедi;
11-1) депутаттардың сайлаушылармен кездесу үшін өңірлерге шығуының мерзімдері мен мерзімділігі туралы шешім қабылдауға құқылы;
12) депутаттар арасынан Конституциялық Сотқа Парламент Мәжiлiсiнен өкiлдер тағайындайды;
13) Палата депутаттарының жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық жағынан қамтамасыз ету мәселелерiн қарайды;
14) Мәжiлiс Аппаратының құрылымын, штат санын анықтайды және оларды Парламент қызметiн қаржыландыруға бөлiнген бюджет қаражаты шегiнде құрады, Аппарат Басшысын қызметке бекiтедi және қызметтен босатады;
15) Палата жұмысын ұйымдастырудың осы Регламентте Палатаның басқа органдары мен лауазымды адамдарының құзыретiне жатқызылмаған өзге де мәселелерiн шешедi.
Мәжiлiс Бюросы өз құзыретi шегiнде қаулылар қабылдайды, Парламент Мәжiлiсi олардың күшiн жоюға құқылы.
Ескерту. 112-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III; 2007.10.17 № 64-IV; 23.12.2020 № 1413-VI ПМ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.113. Палата Бюросының отырыстары қажеттiлiгiне қарай шақырылады және оның мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқанда заңды болады.
Палатаның Бюросында қарауға арналған құжаттар отырыс басталғанға дейiн үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей енгiзiледi.
Белгiленген мерзiмде және толық көлемде материалдар ұсынылмаған мәселелер күн тәртiбiне енгiзiлмейдi.
Ескерту. 113-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысымен өзгеріс енгізілді.114. Парламент депутаттары, Республика Президентi мен Үкiметiнiң өкiлдерi Мәжiлiс Бюросының отырыстарына кеңесшi дауыс құқығымен қатысуға құқылы.
Мәжiлiс Бюросының отырысына төрағалық етушi мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың және қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерiн шақыруы мүмкiн.
Ескерту. 114-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысымен өзгерістер енгізілді; ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен өзгерістер енгізілді.115. Палата Бюросының шешiмi оның мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады.
Палата Бюросының отырыстары стенограммаға түсiрiледi, ал қаулылар тиiстi хаттамалық жазбалармен ресiмделедi. Парламент депутаттары стенограммамен және хаттамалық жазбалармен танысуға құқылы. Мәжiлiс Бюросы қараған мәселелер мен ол қабылдаған шешiмдер туралы Палата депутаттарына хабарланады.
Ескерту. 115-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III; 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.8-тарау. Парламент Мәжiлiсiнiң жұмыс органдары
116. Мәжiлiс Қазақстан Республикасы Конституциясының 60-бабының 1-тармағына сәйкес Палата депутаттары арасынан тұрақты комитеттер құрады.
Палата комитеттерi Мәжiлiстiң жұмыс органдары болып табылады және заң жобалау жұмыстарын жүргiзу, мәселелердi алдын ала қарау және дайындау, Парламент Палатасы қарауға енгiзген мәселелер бойынша қорытындылар беру үшiн құрылады.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұсынысы бойынша Палатаның тұрақты комитеттерi өзге де мәселелердi қарайды және Мемлекет басшысына тиiстi қорытындылар бередi.
Тұрақты комитеттер өз қызметiнiң iшкi нысанын дербес айқындайды.
Парламент Мәжiлiсiнiң жұмыс органдары ашық отырыстарының стенограммалары мен хаттамалары электрондық құжаттар форматында автоматтандырылған жүйеде орналастырылады.
Ескерту. 116-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III; 2011.11.09 № 1926-IV; 23.12.2020 № 1413-VI ПМ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.117. Мәжiлiстiң тұрақты комитеттерiнiң төрағаларын сайлау тұрақты комитеттер тiзбесi мен сандық құрамы айқындалғаннан кейiн жүзеге асырылады. Палатадағы тұрақты комитеттердiң саны жетiден аспауға тиiс. Тұрақты комитеттердiң төрағалары сайланғаннан кейiн Палата тұрақты комитеттердiң мүшелерiн сайлайды.
118. Сандық құрамын қалыптастыру кезiнде депутаттардың қай тұрақты комитетте жұмыс iстегiсi келетiнi ескерiледi. Тұрақты комитеттерде мүшелер жетiспеген жағдайда депутаттар Парламент Мәжiлiсi Төрағасының ұсынысы бойынша Мәжiлiс қаулысымен басқа тұрақты комитеттерге ауысуы мүмкiн.
Ескерту. 118-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысымен өзгеріс енгізілді.119. Тұрақты комитет мүшелерiнiң санын Парламент Мәжiлiсi белгiлейдi, бiрақ ол жетi депутаттан кем болмауы керек.
120. Парламент Мәжiлiсi тұрақты комитетiнiң төрағасы Палатаның жалпы отырысында Мәжiлiс депутаттары арасынан Палата депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен, ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы сайланады.
Тұрақты комитет төрағасы қызметiне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады.
Ескерту. 120-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысымен өзгеріс енгізілді.121. Мәжiлiстiң тұрақты комитетi төрағасының қызметiне кандидатқа Палата алдында сөз сөйлеу құқығы берiледi. Сөз сөйлеу уақыты - он минутқа дейiн.
Кандидат сөз сөйлегеннен кейiн депутаттар оған сұрақтар қоюға, кандидатура жөнiнде өз пiкiрiн айтуға, ұсынылған кандидатураны "жақтап" немесе оған "қарсы" үгiт жүргiзуге құқылы.
Палатаның тұрақты комитетi төрағасы қызметiне кандидатқа депутаттардың сұрақтарына жауаптар қайтару үшiн он бес минутқа дейiн уақыт бөлiнедi. Кандидатураны талқылау үшiн жиырма минутқа дейiн уақыт бөлiнедi.
122. Кандидатураларды талқылау бөлiнген уақыт бiткеннен кейiн немесе депутаттардың ұсынысы бойынша Палата шешiмiмен тоқтатылады.
123. Егер тұрақты комитеттiң төрағасы қызметiне екiден артық кандидат ұсынылса және олардың бiр де бiреуi сайлану үшiн қажеттi дауыс санын ала алмаса, ең көп дауыс санын алған екi кандидат бойынша қайталап дауыс беру жүргiзiледi.
Қайталап дауыс беру кезiнде ең көп дауыс санын алған кандидат тұрақты комитеттiң төрағасы қызметiне сайланды деп есептеледi.
124. Тұрақты комитет төрағасының сайланғаны туралы Парламент Мәжiлiсi қаулы қабылдайды.
125. Комитет мүшелерi жалпы санының үштен екiсiнiң ұсынысы бойынша, егер бұл үшiн Палата депутаттары жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, тұрақты комитет төрағасы қызметiнен керi шақырылып алынуы мүмкiн.
126. Комитет төрағасы өз еркiмен орнынан түсуге құқылы, егер бұл үшiн Палата депутаттары жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, ол қабылданды деп есептеледi.
127. Тұрақты комитет төрағасы:
1) тұрақты комитеттiң жұмысына басшылық жасайды;
2) комитеттiң жұмыс жоспарын және отырыстардың күн тәртiбiнiң жобасын жасайды;
3) комитет мүшелерiне комитет жұмысына байланысты тапсырмалар бередi.
Ескерту. 127-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен өзгеріс енгізілді.128. Палатаның тұрақты комитетiнiң хатшысы комитет мүшелерi арасынан оның отырысында комитет мүшелерi жалпы санының көпшiлiк даусымен, ашық дауыс беру арқылы сайланады.
Тұрақты комитет хатшысы қызметiне кандидатураны Палатаның тиiстi тұрақты комитетiнiң мүшелерi ұсынады.
Комитеттiң хатшысы комитет төрағасының тапсырмасы бойынша комитеттiң отырыстарын жүргiзедi, комитет төрағасы болмаған кезде оны алмастырады, комитет депутаттары арасында мiндеттердi бөлуге сәйкес комитет қызметiнiң iшкi тәртібінің басқа да мәселелерiн шешедi және комитеттегi iс қағаздарын жүргiзуге жауап бередi.
128-1. Төрағасы мен хатшылары "Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының үшінші бөлігіне және 19-бабының үшінші бөлігіне сәйкес сайланатын Мәжілістің тұрақты комитеттері парламенттік көпшілікке және парламенттік оппозицияға кіретін саяси партиялар фракциялары басшыларының консультацияларынан кейін айқындалады және олардың бірлескен шешімімен ресімделіп, Мәжіліс Төрағасына беріледі.
Мұндай шешімге қол жеткізілмеген жағдайда, Парламент Мәжілісі Палатаның жалпы отырысында депутаттардың ұсыныстары бойынша Мәжіліс депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен төрағалары мен хатшылары парламенттік көпшіліктің және парламенттік оппозицияның партияларынан сайланатын тұрақты комитеттерді айқындайды.
Ескерту. Регламент 128-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Парламенті Мәжілісінің 23.12.2020 № 1413-VI ПМ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.128-2. Парламенттік оппозиция депутаттарының арасынан төраға мен хатшылар Мәжілістің әртүрлі тұрақты комитеттеріне сайланады.
Ескерту. Регламент 128-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Парламенті Мәжілісінің 23.12.2020 № 1413-VI ПМ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.128-3. Парламенттік оппозиция болып табылатын саяси партиялардың фракциялары Мәжілістің тұрақты комитеттерінің бірінің төрағасы лауазымына бірыңғай кандидатура ұсынады.
Парламенттік оппозициядан тұрақты комитеттердің бірінің төрағасы лауазымына бірыңғай кандидатура парламенттік оппозиция болып табылатын саяси партиялардың фракциялары басшыларының консультацияларынан кейін айқындалады және олардың бірлескен шешімімен ресімделіп, Мәжіліс Төрағасына беріледі.
Парламенттік оппозиция тұрақты комитеттердің бірінің төрағасы лауазымына бірыңғай кандидатураны айқындамаған жағдайда, онда Парламент Мәжілісі Палатаның жалпы отырысында парламенттік оппозиция болып табылатын саяси партиялар фракцияларының ұсыныстары бойынша Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен парламенттік оппозицияның депутаттары арасынан тұрақты комитеттердің бірінің төрағасын сайлайды.
Ескерту. Регламент 128-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Парламенті Мәжілісінің 23.12.2020 № 1413-VI ПМ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.128-4. Парламенттік оппозиция болып табылатын саяси партиялардың фракциялары Мәжілістің екі тұрақты комитетінің хатшысы лауазымдарына бірыңғай кандидатуралар ұсынады.
Парламенттік оппозициядан екі тұрақты комитеттің хатшысы лауазымдарына бірыңғай кандидатуралар парламенттік оппозиция болып табылатын саяси партиялар фракциялары басшыларының консультацияларынан кейін айқындалады және олардың бірлескен шешімімен ресімделіп, хатшылары парламенттік оппозициядан сайланатын тұрақты комитеттерге жіберіледі.
Парламенттік оппозиция екі тұрақты комитеттің хатшысы лауазымдарына бірыңғай кандидатураларды айқындамаған жағдайда, онда тұрақты комитеттер өз отырыстарында парламенттік оппозиция болып табылатын саяси партиялар фракцияларының жазбаша ұсыныстары бойынша комитеттер мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен парламенттік оппозиция депутаттарының арасынан екі тұрақты комитеттің хатшыларын сайлайды.
Бұл ретте дауысқа алдымен парламенттік оппозиция болып табылатын саяси партиялардың басқа фракцияларымен салыстырғанда сайлаушылар дауыстарының неғұрлым көп санына ие парламенттік оппозиция болып табылатын саяси партия фракциясының кандидатурасы қойылады.
Ескерту. Регламент 128-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Парламенті Мәжілісінің 23.12.2020 № 1413-VI ПМ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.129. Егер бұл үшiн комитет мүшелерi жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, тұрақты комитет төрағасының ұсынысы бойынша хатшы қызметiнен керi шақырылып алынуы мүмкiн.
130. Тұрақты комитеттiң отырыстары оның мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екiсi болған кезде заңды болады.
Тұрақты комитеттiң отырыстарында комитеттiң төрағасы немесе хатшысы төрағалық етедi.
Тұрақты комитеттiң отырысы қажетiне қарай, бiрақ айына кемiнде екi рет өткiзiледi.
Тұрақты комитеттiң отырысы туралы оның төрағасы кемiнде екi тәулiк бұрын осы комитеттiң мүшелерiн хабардар етедi, сондай-ақ отырыстың басқа да қатысушыларына алдын ала хабарлайды.
Тұрақты комитет өз қызметiне қажеттi құжаттар мен материалдарды сұратып алуға, сондай-ақ өз отырыстарына комитеттiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша лауазымды адамдарды шақыруға және тыңдауға, тәуелсiз сараптама жүргiзудi тағайындауға құқылы.
Тұрақты комитеттiң шешiмi комитет мүшелерi жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады. "Жақтап" және "қарсы" берiлген дауыс саны тең болған жағдайда комитет төрағасының дауысы шешушi болып есептеледi.
Тұрақты комитет отырыстарының хаттамаларына төрағалық етушi қол қояды.
Ескерту. 130-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысымен өзгерістер енгізілді.131. Парламент Мәжiлiсiнiң Төрағасы мен оның орынбасарларын қоспағанда, Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттары тұрақты комитеттердiң құрамына кiруге құқылы.
Парламент Мәжiлiсiнiң депутаты Палатаның бiр тұрақты комитетiнiң ғана мүшесi болуы мүмкiн.
Ескерту. 131-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен өзгеріс енгізілді.132. Қажет болған жағдайда жаңа комитеттер құрылып, бұрын құрылғандарының таратылуы және қайта ұйымдастырылуы мүмкiн.
Комитеттер өз құзыретiндегi мәселелер бойынша қаулылар және қорытындылар түрiнде шешiмдер шығарады.
Тұрақты комитеттер мен комиссиялар қызметiнiң өкiлеттiгi мен тәртiбi заңмен айқындалады.
132-1. Палатаның құзыретiне жатқызылған мәселелер жөнiндегi ұсыныстарды талдау үшiн Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң жанынан шешiмдерi ұсынымдық сипатта болатын консультациялық-кеңесшi органдар құрылуы мүмкiн.
Консультациялық-кеңесшi органдарды Парламент Мәжiлiсi құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
Мәжiлiс Бюросы:
1) консультациялық-кеңесшi органдардың құрамын белгiлейдi;
2) консультациялық-кеңесшi органдардың басшы лауазымды адамдарын тағайындайды;
3) консультациялық-кеңесшi органдар туралы ереженi бекiтедi;
4) тоқсан сайын консультациялық-кеңесшi органдардың қызметi туралы басшы лауазымды адамдардың есептерін тыңдайды.
Палата Аппараты Парламент Мәжiлiсi жанындағы консультациялық-кеңесшi органның жұмыс органы болып табылады.
Ескерту. Регламент ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен 132-1-тармақпен толықтырылды. 4-БӨЛIМ. ПАРЛАМЕНТ МӘЖIЛIСI ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ӨКIЛЕТТIГIН ЖҮЗЕГЕ
АСЫРУ ТӘРТIБI ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШIЛIГI
Ескерту. 9-тарау.алып тасталды - ҚР Парламенті Мәжілісінің 12.10.2005 № 407-III қаулысымен.
10-тарау. Парламент Мәжiлiсi депутаттарының өкiлеттiгi және
олардың жауапкершiлiгi
138. Мәжiлiс депутаты Парламенттiң, Палатаның және құрамына өзi сайланған олардың органдарының, сондай-ақ парламенттiк тыңдаудың, үкiмет сағаттары мен жұмыс топтарының жұмысына қатысуға мiндеттi.
Ескерту. 138-тармақ ҚР Парламенті Мәжілісінің 2011.11.09 № 1926-IV қаулысының редакциясында.139. Парламент депутаты:
1) Парламент пен оның Палаталарының үйлестiрушi, жұмыс және консультациялық-кеңесшi органдарын сайлауға және оларға сайлануға;
2) сессияның күн тәртiбi, талқыланатын мәселелердi қараудың тәртiбi және олардың мәнi бойынша ұсыныстар мен ескертпелер енгiзуге;
3) Парламент Палаталары сайлайтын немесе тағайындайтын не олардың тағайындалуына Парламент Палаталары келiсiм беретiн лауазымды адамдардың кандидатуралары жөнiнде өз пiкiрiн айтуға;
4) Парламент Палаталарының бiрлескен және бөлек отырыстарында қарау үшiн ұсынылатын мәселелер бойынша Палата Бюросына ұсыныстар енгiзуге, ал оның ұсыныстары қабылданбаған жағдайда оларды Палаталардың жалпы отырыстарының қарауына енгiзуге;
5) Парламент пен оның Палаталары органдарының отырыстарында қарау үшiн мәселелер ұсынуға;
6) Парламент Палаталарына есеп беретiн лауазымды адамдардың есебiн немесе хабарламасын Парламент сессиясында тыңдау туралы ұсыныстар енгiзуге;
7) заңда белгiленген тәртiппен депутаттық сауал жолдауға, сондай-ақ өзін сайлаушылардың хаттары мен өтiнiштерiн мемлекеттiк органдардың қарауына жiберуге;
8) жарыссөздерге қатысуға, баяндамашыларға, сондай-ақ отырысқа төрағалық етушiге сұрақтар қоюға;
8-1) заңда және осы Регламентте белгіленген тәртіппен Мәжілісте сөз сөйлейтін кез келген лауазымды адамға күн тәртібіндегі кез келген мәселе бойынша сұрақтар қоюға, жауаптар алуға және пікір білдіруге;
9) дауысқа салу себептерi бойынша өзiнiң ұсыныстарын негiздеп, сөз сөйлеуге, анықтамалар беруге;
10) заңдардың, қаулылардың, Парламент қабылдайтын басқа да актiлердiң жобаларына түзетулер енгiзуге;
11) Парламент депутаттарын азаматтардың қоғамдық мәнi бар үндеулерiмен таныстыруға;
12) Парламент отырыстарының стенограммалары мен хаттамаларындағы депутаттардың сөйлеген сөздерiнiң мәтiндерiмен танысуға;
13) "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Парламент пен Палатаның регламенттерiне сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқылы.
Ескерту. 139-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысымен өзгеріс енгізілді; 2007.10.17 № 64-IV; 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.140. Депутаттық мiндеттерiн атқаруға бөгет жасау мақсатымен депутатқа немесе оның жақын туыстарына қандай нысанда болмасын ықпал жасау Республика заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Депутат алдында өздерiнiң мiндеттерiн орындамаған, оған көрiнеу жалған ақпарат берген, депутаттық қызметтiң кепiлдiктерiн бұзған мемлекеттiк органдар мен қоғамдық бiрлестiктердiң, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, ұйымдардың лауазымды адамдары Республика заңдарымен белгiленген жауапқа тартылуға тиiс.
Ескерту. 140-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысымен өзгеріс енгізілді.141. Парламент депутатының басқа өкiлдi органның депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетiн өзге де жұмысты атқаруға, кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiруiне құқығы жоқ. Осы қағиданың бұзылуы депутаттың өкiлеттiгiн тоқтатуға әкеп соғады.
142. Дауыс беру құқығын депутаттың жеке өзi жүзеге асырады.
Парламенттiң, Палатаның және оның органдарының отырыстарында депутат өзiнiң даусын басқа бiреуге берген жағдайда - Палата Бюросының шешiмiмен депутатқа дауысты басқаға беруге жол берген күнi үшiн жалақы төлеуден, ал даусын басқа бiреуге қайталап берген жағдайда айлық жалақысын төлеуден бас тартылады.
Депутаттарға жазалау шараларын қолдануға, олардың 141-тармақтың талаптарын, депутаттық әдеп қағидаларын сақтауына, сондай-ақ депутаттардың өкiлеттiгiн тоқтатуға және оларды өкiлеттiгiнен және депутатқа ешкiмнiң тиiспеуi құқығынан айыруға байланысты мәселелердi әзiрлеудi Республиканың Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.
Саяси партиялар фракцияларының құрамына кiретiн депутаттарға "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңында көзделген жазалау шараларын қолдану туралы мәселеге саяси партиялар фракциялары бастамашы бола алады.
Ескерту. 142-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысымен өзгеріс енгізілді; ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен өзгерістер енгізілді.143. Депутаттық қызмет мәселелерi бойынша депутат мемлекеттiк органдарға, қоғамдық бiрлестiктерге, мемлекеттiк ұйымдарға бөгетсiз кiру құқығын, сондай-ақ олардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдарының кiдiрiссiз қабылдауы құқығын пайдаланады.
Кiрiп-шығу депутаттық куәлiктi көрсету арқылы жүзеге асырылады.
Қызметi мемлекеттiк құпияларға байланысты ұйымдарға депутаттардың кiрiп-шығу тәртiбi заңмен белгiленедi.
144. Депутат Палатаның жалпы отырысына және оның жұмыс органдарының отырыстарына дәлелсiз себептермен үш реттен артық қатыспаған жағдайда, оған қатыспаған күндерi үшiн жалақы төлеуден бас тартылады.
Депутат Палатаның және оның органдарының отырыстарына дәлелсiз себептермен бiр айдан астам уақыт қатыспаған жағдайда, депутатқа қатыспаған мерзiмiне:
1) жалақысын төлеуден;
2) көлiкпен жүрiп-тұру құжаттарын кезектен тыс алуынан;
3) iссапарға шығуынан;
4) iссапар шығыстарын өтеуден;
5) автомобиль көлiгiмен қызмет көрсетуден;
6) емдеу-сауықтыру және санаторий-курорттық қызмет көрсетуден бас тартылады.
Бұл туралы шешiмдi депутат Парламенттiң немесе оның Палатасының жалпы отырысына қатыспаған жағдайда, Республиканың Орталық сайлау комиссиясының ұсынуымен Палатаның Төрағасы қабылдайды.
Депутат Парламенттiң немесе оның Палаталары органдарының отырыстарына дәлелсiз себептермен үш реттен артық қатыспаған жағдайда, оны қатыспаған күндерi үшiн жалақыдан айыру туралы шешiмдi Палатаның Бюросы оның мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен қаулы шығару арқылы қабылдайды.
Депутаттың жауапкершiлiгi туралы шешiм Палата Төрағасының өкiмiмен ресiмделедi.
Ескерту. 144-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысымен өзгерістер енгізілді; ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен өзгеріс енгізілді.145. "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Конституциялық заңмен, Парламенттiң және Палатаның регламенттерiмен белгiленген депутаттық әдеп қағидаларын бұзған жағдайда Палата Төрағасының шешiмiмен депутатқа мынадай жазалау шаралары қолданылуы мүмкiн:
1) парламенттiк бетке басу;
2) көпшiлiк алдында кешiрiм сұрауға мәжбүрлеу;
3) Палаталардың бiрлескен немесе бөлек жалпы отырысының бiрiнде сөзден айыру;
4) Палаталардың үш бiрдей бiрлескен немесе бөлек жалпы отырысында сөзден айыру;
5) Палаталардың бiрлескен немесе бөлек жалпы отырыстарының бiрiнде отырыс залынан шығарып жiберу;
6) Палаталардың үш бiрдей бiрлескен немесе бөлек жалпы отырысында отырыс залынан шығарып жiберу;
7) бiр күндiк жалақысынан айыру.
Депутатқа қолданылатын аталған жазалау шараларының бәрi Палата Төрағасының өкiмiмен ресiмделедi.
Ескерту. 145-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысымен өзгеріс енгізілді; ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен өзгерістер енгізілді.146. Депутаттарға жазалау шараларын қолданумен, олардың осы Регламенттiң 144-тармағының талаптарын, депутаттық әдеп қағидаларын сақтаумен, сондай-ақ депутаттардың өкiлеттiгiн тоқтатумен және оларды өкiлеттiгi мен депутаттарға ешкiмнiң тиiспеуi құқығынан айырумен байланысты мәселелердi әзiрлеу Республиканың Орталық сайлау комиссиясына жүктеледi.
147. Депутаттардың жауапкершiлiгi туралы мәселелердi олардың депутаттық әдеп қағидаларын бұзу фактiсiнен кейiн немесе Орталық сайлау комиссиясы мүшесiнiң тиiстi баяндауынан кейiн Палатаның Төрағасы қарайды.
148. Мәжiлiс депутаты Парламент пен Мәжiлiстiң отырысына Палата Төрағасының рұқсатымен ғана қатыспауы мүмкiн.
Депутат Палатаның, сондай-ақ Парламенттiң немесе оның Палатасының жұмыс органының отырысына келу мүмкiндiгi болмаған жағдайда, бұл туралы Палатаның Төрағасына не тиісінше Палатаның тұрақты комитетiнiң төрағасына алдын ала хабарлайды.
Ескерту. 148-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысымен өзгерістер енгізілді; ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен өзгеріс енгізілді.11-тарау. Депутаттық сауалдар мен сұрақтар
149. Депутаттық сауал депутаттың Парламент Палаталарының бiрлескен және бөлек жалпы отырысында мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарынан осы органның немесе лауазымды адамның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Парламент сессиясында негiзделген түсiнiк беруiн немесе өзiнiң ұстанымын баяндауын ресми талап етуi болып табылады.
Парламент депутатының Республика Премьер-Министрiне және Үкiметiнiң мүшелерiне, Ұлттық Банкiнiң Төрағасына, Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы мен мүшелерiне, Бас Прокурорға, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасына, Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы мен мүшелерiне, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдеріне сауал жолдауға құқығы бар. Бұл орайда, Бас Прокурорға не құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жолданған сауал қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыруға байланысты мәселелерге қатысты бола алмайды.
Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасына жолданған депутаттық сауалдарды қарау Палатаның жабық отырысында жүргiзiледi.
Ескерту. 149-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III; 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.150. Депутаттық сауал жазбаша түрде енгiзiлуi мүмкiн және Парламент Палаталарының бiрлескен отырысында, Парламент Мәжiлiсiнiң жалпы отырысында күн тәртiбiне енгiзiлген мәселелер қаралып болғаннан кейiн жария етiлуге тиіс.
Палата депутаттық сауалдарды жария етудiң өзге де уақыты туралы шешiм қабылдай алады.
Сауалды жария ету үшiн бес минутқа дейін уақыт берiледi. Белгiленген уақыттан асып кеткен жағдайда микрофон автоматты түрде сөнiп қалады.
Ескерту. 150-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III; 2007.10.17 № 64-IV; 2011.11.09 № 1926-IV; 23.12.2020 № 1413-VI ПМ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.151. Депутат сауалында өзi сауал жолдаған нақты лауазымды адамды және күтетiн жауабының нысанын (ауызша немесе жазбаша) көрсетуге мiндеттi.
Палатаның Аппараты сауал жалпы отырыста жария етiлген кезден бастап үш күн мерзiм iшiнде оны тиiстi мемлекеттiк органның лауазымды адамына жiбередi және сауалдың көшiрмесiн оған қол қойған депутатқа немесе депутаттарға ұсынады.
Ескерту. 151-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысымен өзгеріс енгізілді; ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен өзгеріс енгізілді.152. Сауал жолданған лауазымды адамдар Парламент сессиясында ол бойынша ауызша немесе жазбаша жауап беруге мiндеттi. Сауалға жазбаша жауап бiр айдан аспайтын мерзiмде ұсынылады және сессияда жария етiледi. Сауалға жауап бойынша жарыссөз ашылуы мүмкiн. Депутаттар сауалдың жауабына өз көзқарастарын бiлдiруге құқылы.
Ескерту. 152-тармақ ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысының редакциясында.153. Егер депутаттық сауалға Парламенттiң немесе Палатаның жалпы отырысында лауазымды адам ауызша жауап беруге тиiс болса, сауалға жауап ол жарияланған күннен бастап бiр айдан аспайтын мерзiмде Парламенттiң немесе оның Палатасының жалпы отырысында берiлуге тиiс.
Депутаттық сауал авторының келiсiмiмен сауалға басшының мiндетiн атқаруға тағайындалған ресми лауазымды адам жауап бере алады. Егер лауазымды адам қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты Палатаның жалпы отырысына қатыса алмайтын болса, сауалға жауап беру кейiнге, бiрақ бiр айдан аспайтын мерзiмге қалдырылуы мүмкiн.
Парламенттiң немесе оның Палатасының жалпы отырысындағы депутаттық сауал мынадай тәртiппен қаралады:
1) депутаттың сауалмен сөз сөйлеуi - бес минутқа дейiн;
2) депутаттық сауал жолданған лауазымды адамның жауабы - жиырма минутқа дейiн.
Сауалға жауап бойынша жарыссөз ашылуы мүмкiн.
Жауапты тыңдап болғаннан кейiн депутаттық сауалдың авторы, сондай-ақ басқа да депутаттар сауалда көтерiлген проблемалар бойынша сұрақтар қоюы мүмкiн. Депутаттық сауал жолданған лауазымды адамға депутаттардың сұрақтарына жауап беру үшiн отыз минутқа дейiн уақыт бөлiнедi.
Ескерту. 153-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV; өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.154. Депутаттық сауалға жауап және оны талқылаудың нәтижелерi бойынша Парламенттiң немесе оның Палатасының қаулысы қабылданады. Сауал және оған берілген жауап бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы мүмкiн.
155. Депутаттар Палаталардың бiрлескен және бөлек жалпы отырысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiне және Үкiмет мүшелерiне, Ұлттық Банк Төрағасына, Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы мен мүшелерiне, Бас Прокурорға, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасына, Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы мен мүшелерiне ауызша сұрақтар қоюға құқылы. Сұраққа жауап - сол отырыста, ал жауап қайтаруға қосымша әзiрлiк қажет болған жағдайда үш күн мерзiм iшiнде қайтарылады.
Ескерту. 155-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III; 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.155-1. Депутаттық сауалдар мен оларға жауаптардың толық мәтiнi Мәжілістің интернет-ресурсында орналастырылады.
Ескерту. Регламент 155-1 тармақпен толықтырылды - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2011.11.09 № 1926-IV; өзгеріс енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен. 4-1-БӨЛIМ. ПАРЛАМЕНТ МӘЖIЛIСIНДЕ ДЕПУТАТТЫҚ БIРЛЕСТIКТЕРДI,
ОЛАРДЫҢ ОРГАНДАРЫН ҚҰРУ, ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ, ДЕПУТАТТЫҚ БIРЛЕСТIКТЕРДIҢ ӨКIЛЕТТIКТЕРДI
ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТIБI МЕН ЖАҒДАЙЛАРЫ
12-тарау. Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттық бiрлестiктерi
Ескерту. 12-тарау ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысының редакциясында.
156. Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттары саяси партиялардың фракциялары және депутаттық топтар түрiнде депутаттық бiрлестiктер құруға құқылы.
Депутаттық бiрлестiктердiң iшкi қызметiн олар өздерiнiң ережелерiне сәйкес ұйымдастырады.
Ескерту. 156-тармақ ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысының редакциясында; ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысының редакциясында; ҚР Парламенті Мәжілісінің 2011.11.09 № 1926-IV қаулысымен өзгеріс енгізілді.157. Саяси партияның фракциясы – Парламент Мәжілісінде тиiстi саяси партияның мүдделерiн бiлдiру мақсатында құрылатын, заңда белгiленген тәртiппен тiркелген саяси партияның атынан өкiлдiк ететiн депутаттардың ұйымдасқан тобы. Саяси партия фракциясының ең аз саны "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген кедергіні еңсерген саяси партиялар үшін бөлініп берілген депутаттық мандаттардың ең аз санына сәйкес келуге тиіс.
Депутаттың өзі Парламент Мәжілісінің құрамына сайланған бiр ғана саяси партия фракциясында болуға құқығы бар.
Бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутат:
сайлауға саяси партия ұсынған жағдайда – өзін ұсынған саяси партияның фракциясында;
өзін-өзі ұсынған жағдайда – өзі мүшесі болып табылатын саяси партияның фракциясында бола алады.
Фракцияны саяси партияның фракциясы туралы ережеге сәйкес сайланатын жетекшi басқарады.
Ескерту. 157-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV; өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2011.11.09 № 1926-IV; 23.12.2020 № 1413-VI ПМ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2023 № 9-VIII ПМ қаулыларымен.157-1. Депутаттық топ - өздерiнiң өкiлеттiктерiн бiрлесiп жүзеге асыратын депутаттар бiрлестiгi.
Депутаттық топтың құрамында Парламенттiң кемiнде он бес депутаты болуға тиiс.
Депутаттық топты депутаттық топ туралы ережеге сәйкес сайланатын жетекшi басқарады.
Ескерту. Регламент ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң 2011.11.09 № 1926-IV қаулысына сәйкес 157-1-тармақпен толықтырылды.158. Саяси партиялардың фракцияларын тiркеу Парламент Мәжiлiсiнiң Бюросында жүзеге асырылады, депутаттық топтарды тiркеу Парламент Палаталарының Бюроларында жүзеге асырылады. Саяси партиялардың фракцияларын және депутаттық топтарды тiркеу келiп тiркелу тәртiбiмен жүргiзiледi. Саяси партиялардың фракциялары өздерінің жазбаша хабарламасында парламенттік оппозицияға жататынын көрсетеді.
Тiркеу саяси партияның фракциясы немесе депутаттық топ туралы ереже, фракцияға не депутаттық топқа енген депутаттардың қолы қойылып куәландырылған оның тiзiмдiк құрамы қоса берiлетiн депутаттық бiрлестiк құру туралы жазбаша хабарлама негiзiнде жүзеге асырылады.
Тiркегеннен кейiн Бюро депутаттық бiрлестiктердiң тiзiмдiк құрамын назарға алу үшiн депутаттарға жiбередi.
Осы тармақтың талаптарына сәйкес тiркелмеген депутаттық бiрлестiктер заңсыз деп танылады.
Ескерту. 158-тармақ ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысының редакциясында; өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2011.11.09 № 1926-IV; 23.12.2020 № 1413-VI ПМ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.159. Депутаттық бiрлестiктердi тiркеген кезде олардың бiр де бiреуiне кiрмеген Мәжiлiс депутаттары кейiннен бiрлестiк мүшелерiнiң келiсiмiмен олардың кез келгенiне кiре алады.
Депутаттың өтiнiшi немесе саяси партияның басшы органының шешiмi тiркелген күн депутаттың депутаттық бiрлестiктен шыққан күнi болып есептеледi.
Ескерту. 159-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысымен өзгерістер енгізілді; ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысының редакциясында; ҚР Парламенті Мәжілісінің 2011.11.09 № 1926-IV қаулысымен өзгеріс енгізілді.160. Депутаттық бiрлестiктен мүшелерi шығып, оны тiркеген кездегi қажеттi саннан мүшелерiнiң сан құрамы аз болып қалған жағдайда бiрлестiк өз қызметiн тоқтатады.
Депутаттық бірлестіктердің (саяси партиялардың фракциялары мен депутаттық топтардың) құрамдарын уақтылы есепке алу мақсатында олар өздеріндегі адам саны өзгерген кезден бастап жеті жұмыс күні ішінде Мәжіліс Бюросына өздерінің депутаттық бірлестіктері мүшелерінің өзгертілген тізімін ұсынады.
Ескерту. 160-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысымен өзгерістер енгізілді; ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысының редакциясында; өзгеріс енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 23.12.2020 № 1413-VI ПМ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.161. Депутаттық бiрлестiктердiң мүшелерi саяси партия фракциясының, депутаттық топтың атынан:
1) Парламент және Палаталар отырыстарының күн тәртiбi, талқыланатын мәселелердi қараудың тәртiбi және олардың мәнi жөнiнде ескертпелер мен ұсыныстар енгiзуге;
2) Парламент немесе оның Палаталары сайлайтын немесе тағайындайтын не олардың тағайындалуына Парламент немесе оның Палаталары келiсiм беретiн лауазымды адамдардың кандидатуралары жөнiнде өз пiкiрлерiн айтуға;
3) Парламент және оның Палаталары қабылдайтын заңдардың, қаулылардың және басқа да актiлердiң жобаларына түзетулер ұсынуға;
4) Парламент депутаттарын азаматтардың қоғамдық маңызы бар өтiнiштерiмен, саяси партия фракциясының, депутаттық топтың шешiмдерiмен таныстыруға;
5) мемлекеттiк органдардан және лауазымды адамдардан депутаттық бiрлестiктердiң қызметiне қажеттi материалдар мен құжаттарды сұратуға;
6) жарыссөз тоқтатылған кезде депутаттық бiрлестiктiң атынан сөз сөйлеудi талап етiп сұрауға құқылы. Бұл жағдайда міндетті түрде сөз беріледі.
Ескерту. 161-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2011.11.09 № 1926-IV; 07.09.2016 № 95-VІ қаулыларымен.161-1. Саяси партиялар фракцияларының жетекшілеріне, ал олар болмаған жағдайда не олардың уәкілеттік беруі бойынша саяси партиялар фракцияларының өкілдеріне талқыланатын мәселе бойынша фракцияның ұстанымын баяндау үшін Парламент Мәжілісінің жалпы отырыстарында, тұрақты комитеттердің, жұмыс топтарының отырыстарында, парламенттік тыңдауда және өзге де іс-шараларда сөз сөйлеу құқығына және сөз сөйлеуге бес минутқа дейін қосымша уақытқа кепілдік беріледі. Бұл кепілдік жарыссөз тоқтатылған жағдайда сөз сөйлеуге де қолданылады.
Ескерту. Регламент 161-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Парламенті Мәжілісінің 23.12.2020 № 1413-VI ПМ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.162. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң заң шығару және өзге де қызметiнде саяси партияның мүдделерiн бiлдiру;
2) Қазақстан Республикасының Президентi Республика Премьер-Министрiнiң кандидатурасы бойынша өткiзетiн консультацияларға қатысу;
2-1) парламенттік тыңдауға бастама жасау;
3) Парламент пен Парламент Мәжілісі депутаттарының өкілеттіктерін іске асыру мақсатында жүзеге асырылатын саяси партиялар фракциялары қызметінің өзге де бағыттары Парламент Мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының негізгі өкілеттіктері болып табылады.
Ескерту. 162-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV; өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2011.11.09 № 1926-IV; 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.162-1. Саяси партиялар фракцияларының қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен саяси партияның жоғары және (немесе) басшы органдарының шешiмiмен мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
Саяси партиялар фракцияларының қызметiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешiм жазбаша түрде Палата Бюросының назарына жеткiзiледi.
Ескерту. Регламент ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысына сәйкес 162-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң 2011.11.09 № 1926-IV қаулысының редакциясында.162-2. Саяси партияның фракциясы өз қызметiнде саяси партияның басшы органдарымен өзара iс-қимыл жасайды, сондай-ақ саяси партияның қоғамдық қабылдау орнының жұмысына қатысады.
Ескерту. Регламент ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысына сәйкес 162-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Парламенті Мәжілісінің 2011.11.09 № 1926-IV қаулысының редакциясында.162-3. Ескерту. Регламент ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысына сәйкес 162-3-тармақпен толықтырылды; тармақ ҚР Парламенті Мәжілісінің 2011.11.09 № 1926-IV қаулысымен алып тасталды.
162-4. Саяси партия фракциясының мүшесi саяси партияның жарғысына және саяси партияның фракциясы туралы ережеге сәйкес саяси партияның басшы органының шешiмi бойынша саяси партияның фракциясынан шығарылуы мүмкiн.
Депутатты саяси партия фракциясының құрамынан шығару немесе депутаттың одан өз еркiмен шығуы туралы ақпарат Парламент Мәжiлiсiнiң, саяси партияның назарына жеткiзiледi.
Ескерту. Регламент ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысына сәйкес 162-4-тармақпен толықтырылды; ҚР Парламенті Мәжілісінің 2011.11.09 № 1926-IV қаулысымен өзгеріс енгізілді.162-5. Ескерту. Регламент ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысына сәйкес 162-5-тармақпен толықтырылды; тармақ ҚР Парламенті Мәжілісінің 2011.11.09 № 1926-IV қаулысымен алып тасталды.
162-6. Ескерту. Регламент ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысына сәйкес 162-6-тармақпен толықтырылды; тармақ ҚР Парламенті Мәжілісінің 2011.11.09 № 1926-IV қаулысымен алып тасталды.
162-7. Саяси партияның фракциясы өзiнiң қызметiн қамтамасыз ету үшiн аппарат құра алады.
Ескерту. Регламент ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысына сәйкес 162-7-тармақпен толықтырылды; ҚР Парламенті Мәжілісінің 2011.11.09 № 1926-IV қаулысымен өзгерістер енгізілді.Саяси партия фракциясы аппаратының басшысы Парламент Мәжiлiсiнiң жалпы отырыстарына, Палата Бюросының және Парламент Мәжiлiсi жұмыс органдарының отырыстарына қатыса алады.
12-1-тарау. Парламенттік көпшілік және парламенттік оппозиция
Ескерту. 4-1-бөлім 12-1-тараумен толықтырылды - ҚР Парламенті Мәжілісінің 23.12.2020 № 1413-VI ПМ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
162-8. Парламенттік көпшілік – Парламент Мәжілісінде депутаттық мандаттардың ең көп санын алған саяси партия.
162-9. Парламенттік оппозиция – Парламент Мәжілісінде өкілдік ететін және парламенттік көпшілікке кірмейтін, әдетте, әлеуметтік-экономикалық және (немесе) қоғамдық-саяси мәселелер бойынша парламенттік көпшілікке қарағанда өзге позиция ұстанатын саяси партия немесе саяси партиялар.
Парламенттік оппозиция жекелеген мәселелер бойынша парламенттік көпшілік партиясын қолдауы мүмкін.
5-БӨЛIМ. ПАРЛАМЕНТ МӘЖIЛIСIНIҢ ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРЫ ЖӘНЕ
ОЛАРДЫҢ ӨКIЛЕТТIГI
13-тарау. Парламент Мәжiлiсiнiң Төрағасы
163. ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысымен алып тасталды.
164. ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысымен алып тасталды.
165. ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысымен алып тасталды.
166. Палатаны мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген, Палатаның жалпы отырысында Мәжіліс депутаттары арасынан Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы сайланған Парламент Мәжілісінің Төрағасы басқарады.
Ескерту. 166-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен өзгеріс енгізілді.167. Парламент Мәжiлiсi Төрағасының лауазымына кандидатураларды Палата депутаттары ұсынады.
168. Парламент Мәжiлiсi Төрағасының лауазымына кандидатқа Палата алдында сөз сөйлеу құқығы берiледi. Сөз сөйлеу уақыты - он минутқа дейiн.
Кандидат сөз сөйлеп болғаннан кейiн депутаттардың оған сұрақтар қоюға, кандидатура жөнiнде өз пiкiрiн айтуға, ұсынылған кандидатураны "жақтап" немесе "қарсы" үгiттеуге құқығы бар.
Мәжiлiс Төрағасы лауазымына кандидатқа депутаттардың қойған сұрақтарына жауап қайтару үшiн он бес минутқа дейiн уақыт бөлiнедi.
Кандидатураны талқылау үшiн жиырма минутқа дейiн уақыт бөлiнедi.
169. Кандидатураларды талқылау бөлiнген уақыт бiткеннен кейiн немесе депутаттың ұсынысы бойынша Палатаның шешiмiмен тоқтатылады.
Ескерту. 169-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен өзгеріс енгізілді.170. Парламент Мәжiлiсi Төрағасы лауазымына ұсынылған барлық кандидатуралар, өз кандидатураларын қайтарып алғандарды қоспағанда, жасырын дауыс беруге арналған тiзiмге енгiзiлiп, оны төрағалық етушi жариялайды.
Кандидаттарды жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньге енгiзу туралы жалпы отырысқа қатысушы депутаттар санының көпшiлiк даусымен Палатаның қаулысы қабылданады.
171. Жасырын дауыс берудi өткiзу тәртiбi осы Регламенттiң 24-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 171-тармақ ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысының редакциясында.172. ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысымен алып тасталды.
173. ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысымен алып тасталды.
174. Егер жасырын дауыс беру нәтижесiнде кандидат Палата депутаттары жалпы санының жартысынан астамының дауысын алса, ол Республика Парламентi Мәжiлiсiнiң Төрағасы лауазымына сайланды деп есептеледi.
175. Парламент Мәжiлiсiнiң Төрағасын сайлау туралы Палата қаулы қабылдайды, оған жалпы отырысқа төрағалық етушi қол қояды.
176. Егер Парламент Мәжiлiсi Төрағасының лауазымына екiден артық кандидат ұсынылып, олардың бiр де бiреуi Палата депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусын ала алмаса, ең көп дауыс алған екi кандидат бойынша қайтадан жасырын дауыс беру өткiзiледi.
Егер сайлау кезiнде екi кандидаттың бiр де бiреуi Палата депутаттары жалпы санының жартысынан астамының даусын ала алмаса, жаңа кандидатураларды ұсынып, талқылай отырып, қайтадан сайлау өткiзiледi.
177. Парламент Мәжiлiсiнiң Төрағасы, егер бұл үшін Палата депутаттары жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қызметiнен керi шақырылып алынуы, сондай-ақ отставкаға кетуi мүмкiн.
Ескерту. 177-тармақ ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысының редакциясында.178. Парламент Мәжiлiсiнiң Төрағасы:
1) Республика Парламентiнiң сессияларын ашады;
2) Палатаның жалпы отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етедi;
3) Палаталардың кезектi бiрлескен жалпы отырыстарын шақырады, Парламент Палаталарының кезектi және кезектен тыс бiрлескен жалпы отырыстарына төрағалық етедi;
4) Парламент отырысының күн тәртiбiн және жұмыс ретiн Парламентінің жалпы отырысының бекiтуiне енгiзедi;
5) Палатаның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеуге жалпы басшылықты жүзеге асырады;
6) Палата Төрағасының орынбасарлары лауазымына сайлау үшін Палатаға кандидатураларды ұсынады;
6-1) Палатаға Конституциялық Соттың судьялары, Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері қызметіне тағайындау үшін кандидатуралар ұсынады;
7) Палата қызметiнде Регламенттiң сақталуын қамтамасыз етедi;
8) Палата Бюросының қызметiне басшылық жасайды;
9) Палата шығаратын актiлерге қол қояды;
10) Парламенттiң және Палатаның регламенттерiмен өзiне жүктелген басқа да мiндеттердi орындайды.
Республика Парламентi Мәжiлiсiнiң Төрағасы өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады.
Ескерту. 178-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III; ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV; ҚР Парламенті Мәжілісінің 2011.11.09 №1926- IV; 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.14-тарау. Парламент Мәжiлiсi Төрағасының орынбасарлары
ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысының редакциясында.
179. Парламент Мәжiлiсi Төрағасының екі орынбасары болады, олар Парламент Мәжілісі Төрағасының ұсынуымен Палата депутатарының арасынан Палатаның жалпы отырысында ашық дауыс беру арқылы Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен сайланады.
Ескерту. 179-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен өзгеріс енгізілді.180. Парламент Мәжiлiсi Төрағасының орынбасарлары лауазымына кандидаттарға Палата алдында сөз сөйлеу құқығы берiледi. Сөз сөйлеу уақыты - он минутқа дейiн.
Кандидаттар сөз сөйлеп болғаннан кейiн депутаттар оларға сұрақтар қоюға, кандидатуралар жөнiнде өз пiкiрiн айтуға, ұсынылған кандидатураларды "жақтап" немесе "қарсы" үгiттеуге құқылы.
Парламент Мәжiлiсi Төрағасының орынбасарлары лауазымына кандидаттарға депутаттардың қойған сұрақтарына жауап беру үшiн он бес минутқа дейiн уақыт бөлiнедi.
Кандидатураларды талқылау үшiн жиырма минутқа дейiн уақыт бөлiнедi.
Ескерту. 180-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен өзгерістер енгізілді.181. Кандидатураларды талқылау бөлiнген уақыт бiткеннен кейiн немесе депутаттың ұсынысы бойынша Палатаның шешiмiмен тоқтатылады.
Ескерту. 181-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен өзгеріс енгізілді.182. Егер Парламент Мәжiлiсi Төрағасының орынбасарлары лауазымына кандидаттар сайлану үшiн қажеттi дауыс санын ала алмаса, Парламент Мәжiлiсiнiң Төрағасы жаңа кандидатуралар ұсынып, оларды талқыға және дауысқа салады.
Ескерту. 182-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен өзгеріс енгізілді.183. Парламент Мәжiлiсi Төрағасының орынбасарларын сайлау туралы Палата қаулы қабылдайды.
Ескерту. 183-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен өзгеріс енгізілді.184. Палата Төрағасының ұсынысы бойынша Мәжiлiс Төрағасының орынбасарлары, егер бұл үшiн Палата депутаттары жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, Төраға орынбасарлары лауазымынан керi шақырылып алынуы мүмкiн.
Ескерту. 184-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен өзгеріс енгізілді.185. Палата Төрағасының орынбасарлары өз ерiктерiмен отставкаға кетуге құқылы, егер бұл үшiн Мәжiлiс депутаттары жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, ол қабылданды деп есептеледi.
Ескерту. 185-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен өзгеріс енгізілді.186. Парламент Мәжiлiсi Төрағасының орынбасарлары Палата Төрағасының уәкiлеттік беруі бойынша оның жекелеген функцияларын орындайды және Төраға болмаған немесе оның өз мiндеттерiн жүзеге асыруға мүмкiндiгi болмаған жағдайда оны орынбасарларының бiрi ауыстырады.
Парламент Мәжiлiсi Төрағасының орынбасарлары өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады.
Ескерту. 186-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен өзгерістер енгізілді. 5-1-БӨЛIМ. ПАРЛАМЕНТ МӘЖIЛIСIНIҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ
ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
Ескерту. Регламент ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен 5-1- бөліммен толықтырылды.
186-1. Парламент Мәжiлiсi шет мемлекеттердiң парламенттерiмен, халықаралық және парламентаралық ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Ескерту. Регламент ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысына сәйкес 186-1-тармақпен толықтырылды.186-2. Мәжiлiс Төрағасы немесе оның уәкiлеттік беруі бойынша Палата Төрағасы орынбасарларының бiрi халықаралық ынтымақтастық шеңберiнде жүзеге асырылатын ресми және жұмыс сапарлары туралы, сондай-ақ Мәжiлiс депутаттарының шетелдік iс-сапарлары туралы өкiмдер шығарады.
Ескерту. Регламент ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысына сәйкес 186-2-тармақпен толықтырылды.186-3. Мәжiлiс Төрағасы мен оның орынбасарларының, сондай-ақ Мәжiлiстiң тұрақты комитеттерiнiң ұсынысы бойынша Палата Бюросы шет мемлекеттер парламенттерiнiң және парламентаралық ұйымдардың делегацияларын Қазақстан Республикасына шақыру мәселелерiн қарайды.
Ескерту. Регламент ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысына сәйкес 186-3-тармақпен толықтырылды.6-БӨЛIМ. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
187. Регламент қабылданған күнiнен бастап күшiне енедi.
Ескерту. 187-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен өзгеріс енгізілді; ҚР Парламенті Мәжілісінің 2011.11.09 № 1926-IV қаулысының редакциясында.188. Мәжiлiс Регламентiн өзгерту және толықтыру туралы ұсыныстарды Палатаның депутаттары, тұрақты комитеттерi және депутаттық бiрлестiктер Палата Бюросына енгiзе алады, Бюро Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетiне осы ұсыныстарды қарауды және Мәжiлiстiң жалпы отырысының қарауына енгiзу үшiн материалдар дайындауды тапсырады.
Ескерту. 188-тармаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен өзгерістер енгізілді; ҚР Парламенті Мәжілісінің 2011.11.09 № 1926-IV қаулысының редакциясында.189. Өзiнiң конституциялық өкiлеттiктерiн жүзеге асыру мақсатын көздей отырып Парламенттiң және Мәжiлiстiң регламенттерiмен белгiленген шарттар мен рәсiмдердi сақтамай өткiзілетін Мәжiлiс депутаттарының кез келген отырысы заңсыз болып табылады. Осы отырыстарда қабылданған актiлердiң күшi болмайды.
Ескерту. 189-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV қаулысымен.190. Алып тасталды - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысымен.
191. Мәжiлiстiң, оның консультациялық-кеңесшi органдарының қызметiн ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдау тұрғысынан және өзге де қамтамасыз етудi Палатаның Аппараты жүзеге асырады.
Ескерту. 191-тармаққа өзгерістер енгізілді ҚР Парламенті Мәжілісінің 2007.10.17 № 64-IV; 2011.11.09 № 1926-IV қаулыларымен.192. Мәжiлiстiң қызметiн инженерлiк, шаруашылық-тұрмыстық, көлiкпен, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы жүзеге асырады.
Ескерту. 192-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III; 2007.10.17 № 64-IV; 2011.11.09 № 1926-IV; 23.12.2020 № 1413-VI ПМ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.193. Мәжiлiс Аппаратының қызметi мемлекеттiк қызмет туралы нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ Мәжiлiс Аппараты туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсi депутаттарының қызметiн қамтамасыз етуге бағытталады.
Парламент немесе Парламент Мәжiлiсi өкiлеттiгiнiң мерзiмi аяқталуымен байланысты, Парламент немесе Парламент Мәжiлiсi таратылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланатын жағдайда Мәжiлiс Аппаратындағы мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметi тоқтатылмайды.
Палата Аппаратының жұмысын Мәжiлiс Аппаратының Басшысы басқарады, ол Палатаның Бюросына есеп бередi.
Ескерту. 193-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III; 2007.10.17 № 64-IV қаулыларымен.194. Мәжiлiс қызметiнде жариялылықты қамтамасыз етуге жәрдемдесу, Палата мен оның құрылымдарының бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысын жүзеге асыру, сондай-ақ баспасөз, телевизия, радио және әлеуметтік желілер үшiн ресми материалдар әзiрлеу мақсатында Парламент Мәжiлiсiнiң баспасөз қызметi құрылады.
Мәжiлiстiң баспасөз қызметi Палата Бюросында бекiтiлетiн Қазақстан Республикасы Парламентiнің Мәжiлiсi жанында Бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiн тiркеу туралы қағидалар негiзiнде бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiн тiркейдi.
Ескерту. 194-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Парламенті Мәжілісінің 21.12.2022 № 653-VII ПМ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.195. Алып тасталды - ҚР Парламенті Мәжілісінің 2005.10.12 № 407-III қаулысымен.