Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын, онымен келiсу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тәртібі туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 16 шілде N 784. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 1195 қаулысымен


      Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын, онымен келiсу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тәртібі туралы

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын, онымен келiсу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын саяси мемлекеттік қызметшілер мен өзге де лауазымды тұлғалар лауазымдарының тізбесі;

      2) Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын, онымен келiсу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшілер мен өзге де лауазымды адамдарды лауазымға келісу, лауазымға тағайындау және лауазымнан босату тәртібі туралы қағидалар;

      3) бірінші басшылары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынуы бойынша немесе онымен келісу бойынша лауазымға тағайындалатын немесе лауазымнан босатылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша лауазымға тағайындалатын немесе лауазымнан босатылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, коммерциялық емес акционерлік қоғамдардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және өзге де ұйымдардың тізімі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.09.2021 № 656 қаулысымен.

      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын және бекiтетiн немесе олармен келiсiм бойынша тағайындалатын және бекiтілетiн мемлекеттiк органдар басшы қызметкерлерінің лауазымдар тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 29 наурыздағы N 373 қаулысы;

      2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 4 маусымдағы N 101 өкімі.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі

      Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 16 шілдедегі
№ 784 қаулысымен
бекітілген

      Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын, онымен келiсу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын саяси мемлекеттік қызметшілер мен өзге де лауазымды тұлғалар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Тізбенің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "Премьер-Министр Кеңсесінің" деген сөздер "Үкімет Аппаратының" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.03.2015 N 153 қаулысымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.06.2017 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.04.2019 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 213; 25.04.2019 № 226;10.07.2019 № 497; 31.12.2020 № 952; 22.09.2021 № 656; 05.08.2022 № 540; 22.02.2023 № 149; 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.10.2023 № 862; 04.10.2023 № 866 қаулыларымен.

Лауазымы

Кім тағайындайды

Кім ұсынады

Кіммен келісіледі

(ұсыным берген)

1

2

3

4

Премьер-Министрдің орынбасарлары

Президент

Премьер-Министр


Сыртқы істер, Қорғаныс, Ішкі істер министрлерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының министрлері

Президент

Премьер-Министр

Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасымен, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісімен

Үкімет Аппаратының Басшысы

Президент

Премьер-Министр


Қорғаныс, Сыртқы істер, Ішкі істер министрлерінің орынбасарларын қоспағанда, министрлердің орынбасарлары (вице-министрлер)

Үкімет

министрлер

Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы**

Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктерінің аппарат басшыларын қоспағанда, орталық атқарушы органдардың аппарат басшылары

министрлер

министрлер

Премьер-Министрмен, Әкімшілік Басшысымен

Төтенше жағдайлар министрлігінің аппарат басшысы

Төтенше жағдайлар министрі


Премьер-Министрмен, Әкімшілік Басшысымен, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы**

Үкімет Аппараты Басшысының бірінші орынбасары, Үкіметтің Парламенттегі өкілі, Үкімет Аппараты Басшысының орынбасарлары

Үкімет

Премьер-Министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы


Үкімет Аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары

Үкімет

Премьер-Министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы


Үкімет Аппаратының құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары, бас инспекторлар, Премьер-Министрдің кеңесшілері мен көмекшілері

Премьер-Министр

Үкімет Аппаратының Басшысы


Премьер-Министрдің штаттан тыс кеңесшілері

Премьер-Министр

Үкімет Аппаратының Басшысы


Ішкі істер және Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда, министрліктер комитеттерінің төрағалары

министрлер


Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Үкімет Аппаратының Басшысымен, Әкімшілік Басшысымен, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысымен**

Ішкі істер және Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда, орталық атқарушы органдардың комитеттері төрағаларының орынбасарлары

аппарат басшылары

комитет төрағалары

Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Үкімет Аппаратының Басшысымен

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасарлары

министр

министр

Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Үкімет Аппаратының Басшысымен, Әкімшілік Басшысымен

Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті, Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағаларының орынбасарлары

Төтенше жағдайлар министрі

Төтенше жағдайлар министрі

Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Үкімет Аппаратының Басшысымен, Әкімшілік Басшысымен, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысымен**

Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасарлары

министр

министр

Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Үкімет Аппаратының Басшысымен, Әкімшілік Басшысымен

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша департаменттерінің басшылары

министр

министр

Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Үкімет Аппаратының Басшысымен, Әкімшілік Басшысымен

Мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың Басқарушы комитетінің төрағасы

Үкімет

БҰҰДБ тұрақты өкілі


Ядролық зерттеулер біріккен институтына мүше-мемлекеттердің өкілетті өкілдер комитетіндегі (Дубна қаласы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілетті өкілі

Үкімет

Энергетика министрі


Ұлттық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бірінші басшылары*

министрлер


Премьер-Министрмен, Әкімшілік Басшысымен

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы*

Үкімет


Президентпен

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы

Үкімет


Президентпен немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысымен

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына кіретін жекелеген ұлттық даму институттарының және ұлттық компанияларының басқарма төрағалары*

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқармасы

Премьер-Министр

Әкімшілік Басшысымен

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына кіретін жекелеген ұлттық даму институттарының немесе ұлттық компаниялардың басқарма төрағалары*

директорлар кеңестері

холдингтердің басқарма төрағалары

Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Үкімет Аппаратының Басшысымен

Холдингтердің құрамына кірмейтін жекелеген ұлттық компаниялардың басқарма төрағалары

директорлар кеңестері

министрлер

Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Үкімет Аппаратының Басшысымен

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры

Мәдениет және ақпарат министрі


Премьер-Министрмен, Әкімшілік Басшысымен

"Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басшысы

Мәдениет және ақпарат министрі


Премьер-Министрмен, Әкімшілік Басшысымен

"Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы

директорлар кеңесi

Мәдениет және ақпарат министрі

Премьер-Министрмен

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры", "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры", "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамдарының басқарма төрағалары

директорлар кеңесi

министрлер

Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Үкімет Аппаратының Басшысымен

"Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company" Ltd" басқарушы компаниясының басқарма төрағасы

директорлар кеңесi

Премьер-Министр



      Ескертпе:

      * "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына сәйкес осы кадрлар бірінші басшылары Премьер-Министрдің ұсынуы немесе онымен келісу бойынша лауазымға тағайындалатын немесе лауазымнан босатылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, коммерциялық емес акционерлік қоғамдардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және өзге де ұйымдарының тізіміне сәйкес Қазақстан Республикасы Президентімен немесе оның тапсырмасы бойынша оның Әкімшілігі Басшысымен міндетті түрде келісуден өтеді.

      ** кандидатураларды талқылау "Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабы 8) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 16 шілдедегі
№ 784 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын, онымен келiсу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшілер мен өзге де лауазымды адамдарды лауазымға келісу, лауазымға тағайындау және лауазымнан босату тәртібі туралы қағидалар

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (бұдан әрі – Премьер-Министр) тағайындайтын, онымен келiсу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшілер мен өзге де лауазымды адамдарды лауазымға тағайындау немесе лауазымнан босату туралы ұсыныстарды – тиісті мемлекеттік органның басшысы, Қазақстан Республикасы Үкімет Аппаратының мемлекеттік қызметшілерін – Үкімет Аппаратының Басшысы, өзге де лауазымды адамдарды тиісті ұйымдардың басшылары ұсынылып отырған тағайындау немесе босату себептері мен дәлелдерін, сондай-ақ тиісті лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына кандидаттың өзінің сәйкес келуін көрсете отырып, қағаз жеткізгіште және (немесе) электронды түрде Премьер-Министрдің қарауына енгізеді.

      Үкімет, Премьер-Министр тағайындайтын, онымен келiсу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшілер мен өзге де лауазымды адамдарды лауазымға тағайындау және (немесе) тағайындауды келісу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына (бұдан әрі – Үкімет Аппараты):

      1) кандидаттың іскерлік және жеке қабілеттері көрсетілген ұсыным;

      2) кандидаттың суретімен бірге қызметтік тізімі;

      3) міндетті арнайы тексерістен өткендігі туралы мәліметтері жіберіледі.

      Үкімет, Премьер-Министр тағайындайтын, онымен келiсу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшілер мен өзге де лауазымды адамдарды лауазымнан босату және (немесе) босатуды келісу үшін Үкімет Аппаратына:

      1) қызметтен болжамды босатудың нақты себептері мен дәлелдері көрсетілген ұсыныс;

      2) кандидаттың суретімен бірге қызметтік тізімі;

      3) өтініші (қызметтен өз тілегі бойынша босатылған жағдайда) жіберіледі.

      Ұсынылған материалдарды Үкімет Аппаратының Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі тіркейді және осы Қағидаларды белгіленген талаптарға сәйкес келуіне тексеру жүргізу үшін Үкімет Аппаратының Кадр жұмысы бөліміне (бұдан әрі – Бөлім) дереу жібереді.

      Ұсынылған құжаттар топтамасы толық болмаса, кандидаттар біліктілік талаптарына сәйкес келмесе, қызметтік тізімі дұрыс болмаса Бөлім құжаттарды қараусыз қалдыруға және материалдарды мемлекеттік органға қайтаруға құқылы.

      2. Премьер-Министрдің немесе Үкімет Аппараты Басшысының тапсырмасы бойынша лауазымға тағайындауға не атқаратын лауазымынан босатуға ұсынылатын кандидаттарды Премьер-Министрдің тиісті орынбасарлары алдын ала зерделей алады.

      Ұсынылған материалдарды талдау барысында тағайындалатын немесе босатылатын лауазымды тұлғаның іскерлік және жеке қабілеттері оны Үкімет Аппаратына әңгімелесуге шақыру арқылы зерделенеді, қосымша құжаттар сұратылуы мүмкін. Келісілетін кандидатураларды зерделеу мақсатында Үкімет Аппараты Басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдарға сұрау салулар жіберілуі мүмкін.

      Бөлімде материалдарды қарау мерзімі жеті жұмыс күнінен аспайды.

      Тексеру жүргізілгеннен кейін ұсынылған құжаттар Үкімет Аппараты Басшысының қарауына беріледі, ол өз кезегінде тағайындауға немесе босатуға кандидаттар туралы Премьер-Министрге жеке баяндайды.

      Мұндай құжаттарды қабылдау бөлмелерінің мамандары және Үкімет пен Үкімет Аппараты Басшылығының көмекшілері арқылы беруге жол берілмейді.

      Қабылданған шешім туралы мемлекеттік органдарға хабарламаны Бөлім бір күн ішінде жібереді.

      3. Премьер-Министрдің келісімін алғаннан кейін Бөлім лауазымды тұлғаларды тағайындау немесе босату бойынша Үкімет қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдерін дайындайды.

      Премьер-Министрдің тиісті келісімін алғанға дейін кандидаттарды лауазымға тағайындау немесе лауазымнан босату туралы шешім қабылдауға жол берілмейді.

      4. Үкімет тағайындайтын не Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Үкімет аппаратының Басшысымен келісу бойынша тағайындалатын кадрлар бойынша келісу нәтижесі ұсынысқа Үкімет Аппараты Басшысының қарары түрінде ресімделеді және тиісті орталық атқарушы органға жіберіледі.

      5. "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Президентімен немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі (бұдан әрі — Президент Әкімшілігі) Басшысымен, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысымен келісу бойынша тағайындалуы немесе босатылуы тиіс мемлекеттік қызметшілер мен өзге де лауазымды адамдар жөніндегі тиісті орталық атқарушы органның басшысы қол қойған және Бөлімге енгізілген ұсыныстар Үкімет Аппараты Басшысында және Премьер-Министрде алдын ала келісілгеннен кейін лауазымға тағайындауға немесе лауазымнан босатуға келісім беру туралы ұсыныс хатпен Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөліміне жолданады. Ол Президент Әкімшілігінде келісуді ұйымдастырады, содан кейін Бөлімге ұсынылатын не босатылатын кандидатура жөнінде жауапты хабарлайды.

      Келісу рәсімі аяқталған соң лауазымға тағайындау не лауазымнан босату туралы дайындалған құжаттарды Үкімет Аппаратының Басшысы Премьер-Министрге қол қоюға енгізеді.

      6. Ротация шеңберінде саяси мемлекеттік қызметшілерге және "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне жатқызылған лауазымдарға тағайындау Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Ротация жүргізу қағидаларында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 16 шілдедегі
№ 784 қаулысымен
бекітілген

Бірінші басшылары Премьер-Министрдің ұсынуы немесе онымен келісу бойынша лауазымға тағайындалатын немесе лауазымнан босатылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, коммерциялық емес акционерлік қоғамдардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және өзге де ұйымдарының тізімі

      Ескерту. Тізімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.09.2021 № 656 қаулысымен.
      Ескерту. Қаулы тізіммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.11. N 1348; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.03.2015 N 153; өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 11.11.2016 № 696 ; 01.03.2017 № 100; 10.03.2017 № 112; 05.10.2017 № 622; 19.04.2019 № 215; 20.12.2019 № 955; 26.12.2019 № 979 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.09.2020 № 557; 31.12.2020 № 952; 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; 22.09.2021 № 656; 06.12.2021 № 865; 05.08.2022 № 540 қаулыларымен.

1.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ

2.

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ

3.

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ

4.

"Қазақтелеком" АҚ

5.

"Қазпочта" АҚ

6.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ

7.

"KEGOC" АҚ

8.

"Қазақстан Инжиниринг" ҰК" АҚ

9.

"Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" АҚ

10.

"Эйр Астана" АҚ

11.

"Самұрық-Энерго" АҚ

12.

"Бәйтерек" ұлттық басқару холдингі" АҚ

13.

"Қазақстан даму банкі" АҚ

14.

"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ

15.

"Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ

16.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

17.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 08.09.2020 № 557 қаулысымен.

18.

"Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ

19.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

20.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 05.08.2022 № 540 қаулысымен.

21.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 11.11.2016 № 696 қаулысымен.

22.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ

23.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2020 № 952 қаулысымен.

24.

"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" АҚ

25.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

26.

"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ

27.

"QazExpoCongress" ҰК" АҚ

28.

"Казгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" АҚ

29.

Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 26.12.2019 № 979 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

30.

"KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" АҚ

31.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.12.2021 № 865 қаулысымен.

32.

"СК-Фармация" ЖШС

33.

"Қазтелерадио" АҚ

34.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

35.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

36.

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті

37.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

38.

Қазақ ұлттық аграрлық университеті

39.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

40.

Қазақ ұлттық өнер университеті

41.

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

42.

С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

43.

"KazakhExport" экспортты сақтандыру компаниясы" АҚ

44.

"Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" АҚ

45.

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ

46.

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" КеАҚ

47.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ

48.

"Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company" Ltd басқарушы компаниясы

49.

Қазақ ұлттық хореография академиясы

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АҚ - акционерлік қоғам

      ҰК - ұлттық компания

      ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік

      КеАҚ – коммерциялық емес акционерлік қоғам