Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсін:
1) "Үкімет пен Премьер-Министрдiң нормативтiк құқықтық актiлерінiң жобаларын дайындаудың және келiсудiң тәртiптерi мен оларды ресiмдеудiң ережелерi (заңдық техникасы) туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 22 шілдедегi N 678 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 23, 199-құжат):
қазақ тiлiндегi мәтiннің тақырыбы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнің жобаларын ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулықты (заңдық техникасы) бекiту туралы";
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Үкiметтiң қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын дайындаудың және келiсудiң тәртiптерi мен оларды ресiмдеудiң ережелерi (заңдық техникасы) туралы нұсқаулықта:
қазақ тiлiндегi мәтiннiң тақырыбы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнің жобаларын ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулық (заңдық техникасы)";
"1. Жалпы ережелер" және "2. Үкiмет пен Премьер-Министр актiлерiнiң жобаларын дайындаудың және олардың келiсуден өтуiнiң тәртiбi" деген бөлiмдер алынып тасталсын;
36-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Тараулардың, бөлiмдердiң, параграфтар мен бөлiмшелердiң тақырыптары алдыңғы мәтіннен - екi жол аралық интервалмен, ал келесi мәтiннен - бiр интервалмен ажыратылады.";
42-тармақта "тақырыптан" деген сөзден кейiн ", тараулардың, бөлiмдердiң, параграфтар мен бөлiмшелердiң атауларынан" деген сөздермен толықтырылсын;
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi N 1376 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 40, 455-құжат):
6-тармақта "40-1-тармағының" деген сөздер "69-тармағының" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
4-тармақтың сегiзiншi абзацында "бiр айлық" деген сөздер "15 күндiк" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмысын ұйымдастыру ережесiнде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Үкiмет Парламенттiң қарауына енгiзетін заң жобалары бойынша "Норма шығармашылығы қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Үкiметтiң 2002 жылғы 30 мамырдағы N 598 қаулысымен бекiтiлген Заң жобаларына ғылыми сараптама жүргiзу ережесiне сәйкес заң жобасында реттелетiн құқықтық қатынастарға қарай тиiстi ғылыми сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа) жүргiзу мiндеттi. Бұл ретте қабылдануынан туындайтын болжамды салдарлар экологиялық, соның iшiнде радиациялық қауiпсiздiкке, қоршаған ортаны қорғауға қауiп төндiруi мүмкiн заңнамалық кесiмдердiң жобалары мiндеттi түрде экологиялық сараптама жасауға жатады. Заң жобасын әзiрлеушi оны мүдделi мемлекеттiк органдармен келiскенге дейiн жобаның тиiстi сараптамасы жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi, оның нәтижелерi бойынша қорытынды заң жобасына басқа да материалдармен бiрге мемлекеттiк және орыс тілдерiнде ұсынылады.";
9 және 10-тармақтар алынып тасталсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Заң жобасын мемлекеттiк органдармен келiсу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентiнде белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.";
3) "Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 168 қаулысында :
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Көрсетiлген нұсқаулықтардың талаптары оларға қатысты бөлiгiнде барлық мемлекеттiк органдар үшiн мiндеттi деп белгiленсiн.";
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде iс жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықта:
12-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Кеңсеге енгiзiлетiн Үкiмет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің жобаларына, сондай-ақ оларға қосымшалардың әрбiр парағына жобаны әзiрлеушi мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы не оның мiндетiн атқарушы адам алдын ала қол қоюға тиiс.";
17-тармақта "Қаржы министрлiгiн, Экономика министрлiгiн" деген сөздер "Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Кеңседе Yкiмет қаулыларының және Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобалары бойынша сараптама жүргiзу (соның iшiнде қорытындылар дайындау) мерзiмдерi Үкiметтiң Регламентiнде белгiленген.
Сараптаманы қоса алғанда Кеңседе жобалардың өту мерзiмдерi (жобаның тiркелген күнiнен бастап қол қойылған құжатты шығаруға тапсырғанға дейiн): Yкiмет қаулыларының жобалары мен заң жобалары үшiн - 15 жұмыс күнiнен, Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобалары үшiн - 10 жұмыс күнiнен аспауға тиiс. Жобалар мәтiнiнiң көлемi үлкен және күрделi болуына байланысты өту мерзiмдерiн Кеңсе Басшысы не оның мiндетiн атқарушы адам ұзартуы мүмкiн.";
89-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Yкімет пен Премьер-Министрдiң нормативтiк құқықтық кесiмдерi жобаларын дайындау және келiсу тәртiбiне, оларды ресiмдеу (заңи техника) ережесi туралы нұсқаулықтың" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулықтың (заңдық техникасы)" деген сөздермен ауыстырылсын;
90-тармақтың екiншi сөйлемi алынып тасталсын;
104-тармақтың үшiншi абзацындағы "министрлiктер мен ведомстволарға" деген сөздер алынып тасталсын;
137, 140-тармақтардағы және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде iс жүргiзу жөнiндегi нұсқаулыққа 12-қосымшаның 1-тармағындағы "РМК" деген аббревиатура "РМҚК" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде есептеу техникасы құралдарын қолдану арқылы іс жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықта:
17-тармақтың 2) тармақшасында "республикалық мемлекеттiк" деген сөздерден кейiн "қазыналық" деген сөзбен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықта:
1-тармақта "сауал салуларының" деген сөздерден кейiн депутаттар бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкiметтiң қорытындысын беру туралы өтiнiшпен Парламент Палаталары хаттарының" деген сөздермен толықтырылсын, "(бұдан әрi - бақылаудағы құжаттар)" деген сөздер алынып тасталсын;
2-тармақта "орындалу мерзiмiн" деген сөздер "орындалуын" деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде (бұдан әрi - Кеңсе) бақылау жұмысын үйлестiрудi Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi жүзеге асырады, ол мынадай құжаттарды (бұдан әрi - бақылаудағы құжаттар) бақылауға алады:
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Үкiметке немесе оның басшылығына тапсырма беретiн кесiмдерiн;
2) мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға тапсырмалары бар Үкiметтiң қаулыларын, Үкiмет мәжiлiстерiнiң хаттамаларын, Премьер-Министрдiң өкiмдерiн;
3) Президенттiң Үкiметке немесе оның басшылығына, Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының, Президент Әкiмшiлiгi басшылығының және Кеңсе Басшысының не оны алмастыратын адамның орындалу мерзiмдерi көрсетiлген немесе бақылауға алу туралы нұсқаулары, "шұғыл", "баяндалсын", "ұсыныстар енгiзiлсiн" деген белгiлерi бар тапсырмалары (соның ішінде мәжілiстер хаттамалары мен iс-шаралар жоспарларында қамтылған), сондай-ақ мазмұнынан оларды бақылауға қою қажеттiгi туындайтын тапсырмаларды;
4) Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының сауалдары, депутаттар бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкiметтiң қорытындысын беру өтiнiшiмен Парламент Палаталарының хаттарын.";
8-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Құрылымдық бөлiмшелер - тапсырмаларды бiрге орындаушылар жинақтауды жүзеге асыратын бөлiмшеге өз ұсыныстарын тапсырманың белгіленген орындалу мерзiмi өткенге дейiн бiр күннен кешiктiрмей енгiзедi.";
12-тармақтың бiрiншi абзацында:
"Сараптама жүргiзудiң" деген сөздер "Жауаптардың (есептердiң) сараптамасын жүргізудiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Кеңседе тiркелген күнiнен бастап" деген сөздер және ", ал заң жобалары үшін - он күннен" деген сөздер алынып тасталсын;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Бақылаудағы құжаттарды бақылаудан алу, орындалу мерзiмдерiн ұзарту мен орындалуы туралы жауаптарды (есептердi) ұсыну Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентiне сәйкес жүзеге асырылады.";
22, 23, 24 және 25-тармақтар алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтардың өтiнiштерiн қарау және олардың орындалуын бақылау тәртiбi туралы нұсқаулықта:
мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
"16-1. Азаматтардың хаттары мен өтiнiштерiн қарау және оларға Басшылық тапсырмаларының орындалуы мерзiмдерiн бақылауды Кеңсенің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi жүзеге асырады.";
17, 18, 19, 20, 22 және 23-тармақтар алынып тасталсын;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. "Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi N 974 қаулысына сәйкес орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары азаматтарды жеке қабылдауды тiкелей өздерi басқаратын органдарда жүргiзедi".
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының |
Премьер-Министрі |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1300 қаулысымен бекiтiлген |
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
РЕГЛАМEHTI
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Yкiметi (бұдан әрi - Үкiмет) Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдар жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық етедi.
2. Үкiметтiң қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясымен , "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен , Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен және осы Регламентпен реттеледi.
3. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi (бұдан әрi - Премьер-Министр) мен Үкiметтiң қызметiн ақпараттық-талдаулық, ұйымдастырушылық-құқықтық, құжаттамалық және өзге де қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi (бұдан әрi - Кеңсе) жүзеге асырады.
4. Кеңсе құпия және құпия емес iс қағаздарын ұйымдастыруды және жүргiзудi, Үкiметке немесе оның басшылығына арналған хат-хабарларды, соның iшiнде әртүрлi байланыс және деректердi беру арналары бойынша келiп түскен хабарларды қабылдауды, өңдеу мен таратуды Үкiмет белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.
5. Соттарда Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша Үкiмет пен Премьер-Министрдiң мүдделерiн бiлдiрудi және қорғауды, сондай-ақ Премьер-Министрдiң тапсырмасы бойынша конституциялық iс жүргiзуге қатысуды құзыретiне анықтау мәнiсi болған мәселелер енетін мемлекеттiк орган жүзеге асырады. Әдiлет министрлiгi тиiстi мемлекеттiк органға құқықтық және консультативтiк көмек көрсетедi.
6. Үкiметтiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiне ресми түсiнiктеме берудi Үкiметтiң немесе Премьер-Министрдiң тапсырмасы бойынша Әдiлет министрлiгi жүзеге асырады.
7. Үкіметтің құзыретiне енетін кадр мәселелерiн шешу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Кiрiс хат-хабарларын қарау
8. Үкiметке немесе оның басшылығына арналған хат-хабарларды Кеңсе алдын ала қарайды.
Орталық және жергiлiктi атқарушы немесе өзге де мемлекеттiк органдардың құзыретiне жататын және олар бойынша Үкiметтің немесе Премьер-Министрдiң шешімдер қабылдауын талап етпейтiн, Үкіметке немесе оның басшылығына арналған заңды тұлғалардың және жеке адамдардың хаттары мен өтінiштерiн Кеңсе мәселенiң мән-жайы бойынша қарау үшiн тиiстi органға жiбередi.
Сондай-ақ, Кеңсе облыстар мен Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң немесе жекелеген шаруашылық субъектiлерiнің Үкiмет немесе Премьер-Министр шешiмдерiнiң қабылдануын талап ететiн, бiрақ өтiнiште көтерiлген мәселелер құзыретіне енетiн орталық атқарушы органдарда пысықталмаған өтiніштерiн, сондай-ақ аудандар және облыстық бағыныстағы қалалар әкiмдерiнiң облыс әкімдерiмен және тиiстi мемлекеттiк органдармен келiсілмеген өтiнiштерiн тиiстi мемлекеттiк органдарға жiбередi.
Кеңсе мөрлеген конверттердегi хат-хабарларды (құпия, кадр мәселесi бойынша және басқа қаладан келгендердi қоспағанда) қабылдамайды, сондай-ақ осы Регламенттiң және "Кейбiр нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 168 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде iс жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықтың талаптарын бұза отырып дайындалған, келiп түсетiн құжаттарды қарамай қайтарады.
9. Орталық атқарушы органдар мен олардың ведомстволары оларға келiп түсетiн хаттарды, өтiнiштердi және өзге де құжаттарды қарайды әрi өздерiнiң ережелерiне және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес олардың құзыретіне енетiн барлық мәселелер бойынша шешiмдердi дербес қабылдайды.
Орталық атқарушы органдар олардың бiрлескен құзыретiне енетiн мәселелердi шешу үшiн қажет болған кезде белгiленген тәртіппен бiрлескен бұйрықтар түрiнде шешiмдер қабылдайды.
Орталық атқарушы органдар дербес шешуi тиiс мәселелер бойынша Yкіметтiң қаулылары мен Премьер-Министрдiң өкiмдерi қабылданбайды.
Орталық атқарушы органдар аумақтық органдарының нормативтік құқықтық кесiмдер шығаруға құқығы жоқ.
10. Ведомстволар тиiстi орталық атқарушы органның бiрiншi басшысының немесе оның мiндетiн атқарушы адамның келiсiмi (ведомствоның хатында бұрыштама) болған кезде ғана Үкiметтің атына дербес өтiнiш бiлдiредi. Мемлекеттiк органдар құрылымдық бөлiмшелерiнiң Үкiметтiң атына дербес өтiнiш бiлдiруге құқығы жоқ.
11. Тиiстi шешiм қабылдау үшiн Үкiметтiң немесе Премьер-Министрдiң атына қызметтiк хат-хабарларды мемлекеттiк органдар мынадай жағдайларда енгiзедi:
1) егер мәселенi шешу Үкiметтiң тiкелей құзыретiне енсе, оны енгiзiп отырған мемлекеттiк орган өзiнiң өтінішiнде көрсетедi;
2) орталық атқарушы органдардың арасында қағидатты және еңсерiлмес келiспеушiлiктер болған кезде;
3) егер мәселенi шешу ведомствоаралық үйлестiрудi талап етсе. Осындай жағдайларда Үкiметтiң атына жолданған хат-хабарлар, әдетте, шешiм қабылдау үшiн мәселенiң мазмұнына қарай және Премьер-Министр, олардың орынбасарлары және Кеңсе Басшысы арасындағы мiндеттердiң бөлiнiсiне сәйкес Премьер-Министрдiң тиiстi орынбасарына жiберiлуi тиiс.
3. Yкiметтiң мәжiлiстерiн жоспарлау
12. Үкiметтiң мәжiлiстерiнде қарауға арналған мәселелер Үкiметтiң заңнамада анықталған өкiлеттiктерi ескерiле отырып белгіленедi.
13. Үкiметтiң мәжiлiстерiнде қарауға арналған мәселелердiң тоқсан сайынғы тiзбесiн кезектi тоқсан басталғанға дейiн Үкiмет мүшелерiнiң, агенттiктер төрағаларының, облыстар мен Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң, ұлттық компаниялар мен Кеңсенiң құрылымдық бөлімшелерi басшыларының ұсыныстары бойынша Кеңсе жасайды. Үкiмет мәжiлiстерiнде қарау жоспарланып отырған мәселелердiң тiзбесi Премьер-Министрдiң өкiмiмен бекiтiледi.
Жоспарланған мәселелердiң бекiтiлген тiзбесi Үкiмет мүшелерiне, агенттiктердiң төрағаларына, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiне, ұлттық компаниялар мен Кеңсе құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларына және қажет болған кезде Кеңсе Басшысының нұсқауы бойынша басқа да мемлекеттiк органдардың және өзге де ұйымдардың басшыларына жөнелтiледi.
Жоспарланған мәселенi қараудан алу немесе оны қарауды басқа мерзiмге ауыстыру туралы шешiмдi мәселенi дайындауға жауапты мемлекеттiк органның немесе өзге де мүдделi органның (ұйымның) бiрiншi басшысы қол қойған жазбаша өтiнiшi не Кеңсенiң тиiстi құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы қол қойған қызметтiк жазбаның негiзiнде Премьер-Министр не онымен келiсiм бойынша Кеңсе Басшысы қабылдайды. Көрсетiлген шешiм туралы өзiнiң құзыретiне қарай мүдделi мемлекеттiк органдар хабардар етiледi.
4. Yкiметтiң мәжiлiстерiн дайындау және өткiзу тәртiбi
14. Үкiметтiң мәжiлiстерi Үкiметтiң мәжiлiстерiнде қарауға арналған тоқсан сайынғы мәселелер тізбесiне сәйкес немесе қажет болған кезде, бiрақ айына кемiнде бiр рет өткізіледi және оны Премьер-Министр не Қазақстан Республикасының Президентi (бұдан әрi - Президент) шақырады.
15. Үкiметтiң мәжiлiстерiнде Премьер-Министр, ал ол болмаған кезде Премьер-Министр белгiлеген мiндеттердiң бөлiнуiне сәйкес Премьеp-Министрдi алмастырушы Премьер-Министрдiң орынбасары төрағалық етедi.
Мәжiлiстерге Президент қатысқан кезде Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр төрағалық етедi.
Yкiметтiң мәжiлiстерi ашық болып табылады әрi мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жүргiзiледi. Президенттiң не Премьер-Министрдiң бастамасы бойынша Үкiметтiң жабық мәжiлiстерi өткiзiлуi мүмкiн.
16. Мәжілiс, егер оған Үкiмет мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатысса, құқылы болып саналады. Үкiмет мүшелерi мәжiлiстерге алмастыру құқығынсыз қатысады.
Мәселенiң Үкiмет мәжiлiсiнде қаралуының нәтижелерi бойынша қатысушы Үкiмет мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен хаттамалық шешiм қабылданады, ал дауыстар тең болған кезде мәжiлiсте төрағалық етушiнiң дауысы шешушi болып табылады.
17. Yкiметтiң мәжiлiстерiне, әдетте, Премьер-Министрмен келiсiлген тiзбе бойынша агенттiктердiң төрағалары, ұлттық компаниялардың басшылары қатысады.
Үкiметтiң мәжiлiстерiне, сондай-ақ Мемлекет басшысының кесiмдерiмен осындай құқық берiлген лауазымды адамдар да қатыса алады.
Шақыру бойынша Yкiметтiң мәжiлiстерiне Парламент Сенаты мен Мәжiлiсiнiң депутаттары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерi, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары, Кеңсенiң қызметкерлерi мен өзге де адамдар қатыса алады.
Үкiметтiң мәжiлiстерiне шақырылғандардың тiзiмiн анықтау немесе нақтылау жөнiндегi ұсынысты мәжiлiске дейiн кемiнде екi жұмыс күнi бұрын мәселенi дайындауға жауапты мемлекеттiк орган талқыланатын мәселелерге қарай Кеңсемен келiсiм бойынша енгiзедi.
Үкiметтiң мәжiлiсiне шақырылғандардың түпкiлiктi тiзiмiне Кеңсе Басшысы қол қояды. Шақырылғандардың Үкiмет мәжiлiсiне қатысуын Кеңсе қамтамасыз етедi.
18. Мемлекеттiк органдар Үкiметтiң мәжiлiсiнде қарауға мәселенi дайындау кезiнде мынадай талаптарды сақтайды:
1) Үкiметтiң мәжiлiстерiнде қаралатын мәселелер бойынша хаттамалық шешiмдердiң жобаларына, анықтамаларға, ақпараттық (талдау) материалдарға мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы не оның мiндетiн атқарушы адам (бұдан әрi - бiрiншi басшы) бұрыштама соғады және бiрiншi басшы қол қойған iлеспе хатпен енгізіледi;
2) әрбiр мәселе бойынша хаттамалық шешiм жобасының, анықтаманың, өзге де қажеттi материалдардың тақырыптарының бiрдей болуы, мәселе мәнiсi дәл әрi толық көрсетiлуi тиiс. Әдетте, олардың көлемi 14-мөлшерлi қарiппен терiлген 5 бет мәтiннен аспауы тиiс (қарiптiң түрi мемлекеттiк тiлдегi мәтiндер үшiн - "Times/Kazakh", орыс тiлiндегi мәтiндер үшiн - "Arial");
3) мәселенi дайындауға жауапты мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы Үкiметтiң мәжiлiсiнде бейнелi ақпарат көрсету туралы мәселенi Кеңсе Басшысымен алдын ала келiсуi тиiс;
4) Үкiметтiң мәжiлiсiне құпия материалдар Үкiметтiң қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөнiндегi нұсқаулықтың талаптарына сәйкес Кеңсеге енгiзiледi.
Үкiметтiң мәжiлiстерiне материалдар дайындаған кезде орталық атқарушы органдардың ведомстволары осы Регламенттiң 10-тармағындағы талаптарды сақтауы тиiс.
19. Үкiметтiң мәжiлiсiнде қарауға мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде дайындалған материалдар мәжiлiске дейiнгi 5 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей Кеңсеге енгiзiледi. Премьер-Министрмен не оны алмастырушы адаммен келiсiм бойынша Кеңсе Басшысы бекiтетiн мәжiлiстiң күн тәртiбiнiң жобасын Кеңсе жасайды, күн тәртiбiн тиiстi материалдарымен бiрге Yкiмет мүшелерiне және Кеңсе Басшысы қол қойған мәжiлiске шақырылғандардың тiзiмi мен онымен келiсiлген жөнелтiм көрсеткiшiне сәйкес басқа да лауазымды адамдарға кiдiрiссiз жолдайды.
Мемлекеттiк органдар Үкiметтiң мәжiлiсiне материалдарды уақтылы ұсынбаған жағдайда Кеңсе Басшысы бұл туралы Премьер-Министрге немесе оны алмастырушы адамға баяндайды. Үкiметтiң мәжiлiстерiне материалдардың уақтылы ұсынылмағаны үшiн жауапкершiлiк осы органдардың бiрiншi басшыларына жүктеледi.
Премьер-Министрдiң тапсырмасы бойынша Үкiметтiң мәжiлiсi шұғыл түрде өткiзiлетiн айрықша жағдайларда материалдар Кеңсеге ол өткiзiлетiн күнi енгiзiлуi және Үкiмет мәжiлiсiнiң қатысушыларына мәжiлiсте тiкелей жеткiзiлуi мүмкiн.
20. Мәжiлiске қатысып отырғандар өздерiнiң атына немесе өздерi бiлдiрiп отырған органдардың (ұйымдардың) атына берiлген тапсырмалар мен олардың орындалу мерзiмдерiнiң жазбасын жүргізуі тиіс.
Үкiмет мәжiлiсiнiң хаттамасын дайындау мақсатында, әдетте, мәжiлiске қатысып отырған Кеңсенiң тиiстi бөлiмшесiнiң қызметкерi хаттамалық жазбалар жүргiзедi, онда талқыланып отырған мәселелердiң атауы мен мәнiсi, баяндамашылар және талқылау кезiнде сөз сөйлегендер, олардың сөздерiнiң, ескертулерiнiң негiзгi мазмұны және Үкiмет мүшелерi қабылдаған шешiмдер тiркеледi.
Әдетте, Үкiмет мәжiлiстерiнiң кейiннен фонограммалары ашып жазылатын және олар басып шығарылатын дыбыстық жазбасы жүргiзiледi. Қажет болған кезде Кеңсе Басшысының нұсқауы бойынша мәжiлiстiң бейне жазбасы жүргiзiлуi мүмкiн.
Үкiмет мәжiлiсiнiң хаттамасын құзыретiне мәжiлiсте қаралған мәселелер жататын Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшесi дайындаған хаттамалық тапсырмалардың тұжырымдамалары негiзiнде Кеңсенiң құжаттамалық қамтамасыз етуге жауапты бөлiмшесi мәжiлiс аяқталған күннен бастап үш күн мерзiмде елтаңбалық бланкте жасайды. Бұдан кейiн хаттамаға Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары (олардың құзыретiне жататын мәселелер бойынша), мәжiлiске қатысқан Премьер-Министрдiң орынбасарлары, Кеңсенiң Басшысы немесе оның мiндетiн атқарушы адам бұрыштама соғады және мәжіліске төрағалық етушi қол қояды.
Президенттiң төрағалық етуiмен өткiзiлген Үкiмет мәжiлiстерiнiң хаттамалары Президент Әкiмшiлiгiмен келiсiледi.
21. Үкiмет мәжiлiстерiнiң әрбiр хаттамасына күнтiзбелiк жылдың басынан бастап кезегiмен реттiк нөмiр берiледi. Хаттамалар немесе олардың үзiндi көшiрмелерi оларға қол қойылған күнi Үкiмет мүшелерiне, ал қажет болған кезде мәжiлiсте тиiстi тапсырмалар берілген басқа да мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға жөнелтiледi. Жөнелтiм көрсеткiшi Кеңсе Басшысымен келiсiледi.
Үкiмет мәжiлiстерi хаттамаларының түпнұсқалары тұрақты сақтаудағы құжаттар тiзiмдемесiне енгiзiледi және Кеңсе мұрағатына ведомстволық сақтау үшiн тапсырылады. Үкiмет мәжiлiстерiнiң хаттамаларына материалдар, соның iшiнде фонограммалардың басылып шыққандары, ауызекi ақпаратты магниттi жеткiзгiштер және бейне материалдар Кеңседе сақталады әрi қажеттiлiгi өткеннен кейiн, бiрақ бес жылдан бұрын емес мерзiмде акт бойынша жойылуға жатады.
5. Мемлекеттiк органдардың Үкiмет қаулылары мен
Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын дайындау
және ресiмдеу тәртiбi
22. Мемлекеттiк органдар Үкiмет қаулыларының жобаларын дайындауды Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Президент кесiмдерiнiң және өзге де нормативтік құқықтық кесiмдердiң негiзiнде және оларды орындау үшiн жүзеге асырады.
Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын дайындау әкiмшiлiк-өкiмдiк, жедел және жеке сипаттағы мәселелердi шешу үшiн жүзеге асырылады.
Орталық атқарушы органдар арасында қағидатты және еңсерiлмес келiспеушiлiктер болған кезде келiсiлген шешiмдер қабылдауды, сондай-ақ ведомствоаралық үйлестiрудi талап ететiн мәселелер Үкiметтiң мәжiлiстерiнде не Премьер-Министрде, оның орынбасарларында немесе Кеңсе Басшысында өтетiн кеңестерде қаралуы мүмкін.
23. Үкiмет қаулыларының және Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын (бұдан әрi - жобалар) дайындауды мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының " Нормативтiк құқықтық актiлер туралы ", "Тiл туралы" Заңдарының , Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 168 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде iс жүргiзу жөнiндегі нұсқаулықтың, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 22 шiлдедегi N 678 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары мен Премьер-Министрi өкiмдерiнiң жобаларын дайындаудың және келiсудiң тәртiптерi мен оларды ресiмдеудiң ережелерi (заңдық техникасы) туралы нұсқаулықтың және осы Регламенттiң талаптарын сақтай отырып, мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жүзеге асырады. Мемлекеттiк тiлде дайындалған жобаларда тiзiмдер мен тiзбелер болған кезде олар қазақ әлiпбиiне сәйкес жасалады.
Жобаны әзiрлеудi жүзеге асырушы мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы оның Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясына және Үкiмет Бағдарламасына сәйкес болуы, жобаның уақтылы, сапалы әзiрленуi және белгiленген мерзiмдерде Үкіметке ұсынылуы, жобаның мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi мәтiндерiнің дәлме-дәл болуы үшiн дербес жауап бередi.
24. Ведомстволардың санын, министрлiктердiң, агенттіктер мен ведомстволардың, олардың басшы лауазымды адамдарының штат санын өзгертудi (арттыруды немесе қысқартуды) көздейтiн жобаны дайындауды мемлекеттік орган мұндай өзгертуге Мемлекет басшысының немесе оның өкiлеттiк беруiмен Президент Әкiмшілiгінiң жазбаша келiсiмi болған кезде ғана жүзеге асырады.
Үкіметтің экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң экспорты, импорты және транзитi мәселелерi жөнiндегi қаулыларының жобаларын дайындауды Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелерi жөнiндегi мемлекеттік комиссиясының жұмыс органы жүзеге асырады. Көрсетілген қаулылар жобаларын келісу мен енгізу мәселелерi осы Мемлекеттiк комиссия туралы ережемен айқындалады.
"Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыштық аппараттарды ұшыру мен зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары жөнiндегi Үкiметтiң қаулылары жобаларын келiсу және енгiзу мәселелерi Yкімет бекітетiн тиiсті нұсқаулықпен айқындалады.
Үкiметтің кадр мәселелерi жөнiндегi қаулыларының жобаларын дайындауды Үкiмет белгілеген тәртiппен Кеңсе жүзеге асырады.
25. Жобаны әзiрлеушi, егер оны қабылдағаннан кейiн мұндай қажеттілiк туындаса, жобада сонымен бiр мезгілде Үкіметтiң және/немесе Премьер-Министрдiң бұрын қабылдаған шешiмдерiн жобаға сәйкес келтiру жөнiндегі нормаларды көздейдi.
26. Әзiрлеушi Кеңсе Басшысы белгіленген нысан бойынша мынадай негiзгi мәлiметтердi қамтуы тиiс түсiндiрме жазбаны жобаға мiндеттi түрде қоса бередi:
1) жобаны қабылдауға негiздеме (тиiстi нормативтік құқықтық кесімдерге сілтеме және/немесе оны қабылдау қажеттігiнiң басқа да негіздемелерi);
2) жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілiгi және оның қаржылық қамтамасыз етілуi;
3) жоба қабылданған жағдайдағы болжамды салдарлар;
4) нақты мақсаттары мен күтілетін нәтижелердiң мерзiмдерi;
5) жобада қаралатын мәселелер бойынша бұдан бұрын қабылданған Президенттiң және/немесе Үкіметтің кесiмдерi және оларды iске асыру нәтижелерi туралы мәлiметтер;
6) енгізілетiн жоба қабылданған жағдайда оған қолданыстағы заңнаманы сәйкес келтiру қажеттілiгi (басқа нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылдау немесе қолданыстағы кесiмдерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгiзу талап етiлетiндiгi көрсетiлсiн) не мұндай қажеттiлiктiң болмауы;
7) жобада көрсетiлген мәселелер құзыретiне енетiн мүдделi мемлекеттiк орган басшысы бұрыштамасының болмау себебi (мұндай факт болған кезде).
Жобалардың, сондай-ақ оларға қосымшалардың әрбiр парағына әзiрлеушi мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы не оның мiндетiн атқарушы адам алдын ала қол қояды.
Қаулы жобасында халықаралық шарттарға немесе өзге де құжаттарға (заңнамалық кесiмдерден, Президент, Үкiмет және Премьер-Министр кесiмдерiнен басқа) сiлтемелер болған кезде әзiрлеушi тиiсiнше Сыртқы iстер министрлiгi немесе жобаны әзiрлеушi куәландырған мемлекеттiк, орыс және өзге де қол қойылған тiлдердегi (мәтiндiк алшақтықтар кезiнде басымдыққа ие) осы құжаттардың көшiрмелерiн мiндеттi түрде жобаға қоса бередi.
27. Жобалар мiндеттi түрде:
1) құзыретiне қарай мүдделi орталық атқарушы органдармен (министрлiктермен, агенттiктермен) келiсiледi, бұл ретте жобаны келісудегі мұндай мүдделiлік жобада қаралатын мәселелердiң мәнісі негiзге алына отырып, белгiленедi;
2) экономикалық орындылығы және мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарына жобаның сәйкес келуiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша, сондай-ақ бюджеттiк жоспарлау шеңберiнде - жобаның қаржылық қамтамасыз етілуi, мемлекеттiк кiрiстердiң ықтимал қысқартылуы және мемлекеттiк шығыстардың арттырылуы мәселелерi бойынша - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгiмен келiсiледi;
3) жобаның Үкiметтiң құзыретiне сәйкестiгi мәнiнде заңдық сараптама жүргiзу және оның Қазақстан Республикасының Конституциясына заңнамалық кесiмдерiне, Президентiнiң, Үкiмет пен Премьер-Министрдiң кесiмдерiне сәйкестiгiн қамтамасыз ету мақсатында Әдiлет министрлiгiмен келiсiледi.
Келiсушi мемлекеттiк органдарға оларда осы органдардың тiкелей құзыретiне немесе жобалардың мәтiндерiне қатысты емес ескертулер болған кезде жобаларды "ескертулермен" келiсуге (бұрыштама соғуға) тыйым салынады.
Оларды қабылдау экологиялық, соның iшiнде радиациялық қауiпсiздiкке қоршаған ортаны қорғауға қауiп төндiруi мүмкiн зардаптар болжанып отырған жобалар мiндеттi экологиялық сараптауға жатады. Жобаны әзiрлеушi оны дайындағаннан кейiн және мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсуге дейiн нәтижелерi жобаға қоса берiлетiн жобаны экологиялық сараптамадан өткiзудi қамтамасыз етедi.
28. Халықаралық ұйымдарға кiру және олардан шығу, халықаралық шарттарға қосылу мәселелерi жөнiндегі жобалар Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жөнiндегi сарапшылық кеңесiнде (бұдан әрi - Сарапшылық кеңес) алдын ала қаралуға жатады. Сарапшылық кеңестiң шешiмi тиiстi жобамен бiрге Үкiметке ұсынылады.
Осы жобалар, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Әдiлет министрлiгiнде құқықтық сараптамадан өткiзуге жататын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшiн жою мәселелерi жөнiндегi жобалар мүдделi мемлекеттiк органдармен алдын ала келiсiлуi тиiс, ал құқықтық сараптамадан өткендерi Сыртқы iстер министрлiгiнде келiсуге жатады.
Көрсетiлген жобаларға:
1) тиiстi шет ел мемлекетiмен (мемлекеттерiмен) немесе халықаралық ұйыммен келiсiлген, әзiрлеушi органның бiрiншi басшысы алдын ала қол қойған халықаралық шарттың жобасы не Сыртқы iстер министрлiгi куәландырған, оған сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымға кiруi немесе одан шығуы не Қазақстан Республикасының шартқа қосылуы жоспарланып отырған көп жақты халықаралық шарттың мемлекеттік, орыс және қол қойылған өзге де тiлдегi (мәтiндiк алшақтықтар кезiнде басымдыққа ие) мәтiнi;
2) оның құзыретiне жататын жобалар бойынша Сарапшылық кеңестің шешiмi;
3) Сыртқы iстер министрлiгi куәландырған халықаралық шарттар және оларға жобада сiлтемелер бар жобаны әзiрлеушi куәландырған халықаралық сипаттағы өзге де құжаттар қоса берiледi.
29. Премьер-Министр не оның тапсырмасы бойынша Кеңсе Басшысы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды болдырмау және оларды жою үшiн Үкiметтiң резервiнен шұғыл қаражат бөлу мәселелерi бойынша Премьер-Министр өкімдерiнiң жобаларын, Үкiмет қаулыларының жобаларын келiсудiң өзге де рәсімін айқындауы мүмкін.
30. Жобаны әзiрлеушi мемлекеттiк орган, сонымен бiр мезгілде осы Регламенттiң 27-тармағында көрсетiлген барлық мемлекеттiк органдарға жобаның, оған түсiндiрме жазбаның және басқа да қажеттi құжаттардың көшiрмелерiн келiсуге жiбередi.
Жобаның көшiрмесiн келiсуге алған кезде мемлекеттiк органдар оған басқа да мемлекеттiк органдардың алдын ала бұрыштама соғуын талап етпеуi әрi желеу себеппен және өзге де негiзсiз себептер бойынша жобаны келiсуден бас тартпауы тиiс.
31. Жобаларды мемлекеттiк органдарда келiсу олардың түскен күнiнен бастап мынадай мерзiмдерден аспауы тиiс:
1) осы Регламенттiң 62-1 және 62-2-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Үкiмет қаулыларының жобалары, соның iшiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Парламентiнiң қарауына енгiзу туралы тиiсiнше Президент кесiмдерiнiң жобалары мен заң жобалары - 10 жұмыс күнi; <*>
2) Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобалары - 5 жұмыс күнi.
Үкiмет қаулысын немесе Премьер-Министр өкiмiн жедел қабылдау қажет болған кезде Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының немесе Кеңсе Басшысының тапсырмалары бойынша нақты жобаларды мемлекеттiк органдарда келiсудiң неғұрлым қысқа мерзiмдерi белгiленуi мүмкiн. Мұндай жағдайда жобаға мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы не ол өкілеттiк берген оның орынбасары Үкiмет басшылығының кеңесiнде немесе Yкiмет мәжiлiсiнде бұрыштама соғуы мүмкiн.
Ескерту. 31-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.07.01. N 635 қаулысымен .32. Жобаны келiсушi мемлекеттiк органда қарау осы Регламентте белгіленген мерзiмдерде және осы мемлекеттiк органның құзыретi шеңберiнде жүзеге асырылуы тиiс.
Жобаны қарау нәтижелерi бойынша келiсушi мемлекеттiк орган әзiрлеушiге жауаптың мынадай нұсқаларының бiрiн ұсынуға тиiс:
1) жоба ескертулерсiз келiсiлдi (бiрiншi басшының жобадағы бұрыштамасы);
2) жоба ескертулермен келiсiлдi (бiрiншi басшының жобадағы ескертулерiмен бұрыштамасы). Бұл ретте ескертулер бiрiншi басшы қол қойған жобаға қоса берiлетiн хатта баяндалады, онда мiндеттi түрде оларды жою жөнiндегi ұсыныстар қамтылуы тиiс;
3) жобаға келiсуден бас тартылды (жобаға бұрыштама соғылмаған). Бұл ретте келiсуден бас тарту дәлелденген, бiрiншi басшы қол қойған хат қоса берiледi.
33. Жоба ескертулермен келiсiлген жағдайда әзiрлеушi мемлекеттiк орган өзi келiсетiн ескертулердi жояды және жобаның түпкiлiктi нұсқасын дайындайды әрi оны қайта келiсуге жiбередi. Қайта келiсу осы Регламенттiң 31-тармағында белгiленгенiне ұқсас мерзiмде жүзеге асырылады.
Әзiрлеушi келiспейтiн ескертулер бойынша оның және келiсушi органның арасында келiспеушiлiк хаттамасы жасалады. Бұл ретте жобаны әзiрлеушi келiспеушiлiк туғызған жоба тармақтарының әзiрлеушi мен келiсушi орган ұсынған редакциялары мен олардың негiздемесi қамтылуы тиiс кесте түрiндегi келiспеушiлiк хаттамасын дайындайды. Әзiрлеушi органның бiрiншi басшысы қол қойған келiспеушiлiктер хаттамасы жобаның түпкiлiктi нұсқасымен бiрге келiсушi органға жiберіледi және қайтадан келiсу үшiн белгіленген мерзiмде оның бiрiншi басшысы қол қоюы тиiс.
Келiспеушiлiк хаттамасы жобаны Кеңсеге енгiзген кезде мiндеттi тәртiппен оған тіркеледi.
34. Үкiмет қаулысы оның ұжымдық заңды пiкiрiн бiлдiруi тиiстiлiгiне байланысты қаулылар жобалары бойынша Үкiмет мүшелерiнiң дауыс беруi өткiзiледi.
Дауыс берудi өткiзу мақсатында Үкiмет қаулысы жобасының түпкiлiктi нұсқасын Кеңсеге енгiзер алдында әзiрлеушi қағаз және/немесе магниттi ақпарат жеткiзушiдегi оның мәтiнiнiң көшiрмесiн не электронды почта арқылы электронды көшiрмесiн (заң жобаларынан, құпия сипаттағы және кадр мәселелерi жөнiндегi жобалардан басқа) Үкiмет мүшелерiнiң барлығына (Премьер-Министрдi, оның орынбасарларын және әзiрлеушi жобаны келiсудi жүргiзген адамдарды қоспағанда) жiбередi. Жобаға қосымшалар Үкiмет мүшелерiне тек оларға қатысты бөлiгiнде жiберiлуi мүмкiн.
Егер жоба Кеңседе елеулi жетiлдiруге ұшыраған жағдайда, сондай-ақ Кеңседе сараптамасы жүргiзiлген нақты заң жобасы бойынша шұғыл дауыс берудi өткiзу қажет болған кезде, осындай жобалар бойынша дауыс берудi өз Басшысының нұсқауы бойынша Кеңсе ұйымдастырады, ол жобалардың (заң жобаларының) электронды көшiрмелерiн электронды почта арқылы Үкiмет мүшелерiне жiбередi.
Үкiмет мүшелерiнiң қаулылар жобалары бойынша дауыс беру мерзiмi жобалар көшiрмелерi (электронды көшiрмелер) жiберiлген күннен бастап 3 жұмыс күнiнен аспауға тиiс. Дауыс беру мерзiмi аяқталысымен Үкiмет мүшелерi әзiрлеушiге жобалар бойынша өз пiкiрiн бiлдiрген жазбаша жауап жiбередi. Көрсетiлген мерзiмде жазбаша жауап берiлмеген жағдайда Үкiмет мүшесi жобаны ескертулерсiз қабылдауға дауыс бердi деп есептеледi. Үкiмет қаулыларының жобалары бойынша дауыс берудi Үкiмет мүшелерi алмастыру құқығынсыз жүзеге асырады.
Үкiмет қаулысының жобасы бойынша дауыс беру нәтижелерiн әзiрлеушi жобамен бiр мезгiлде және оған Кеңсе белгiлеген нысан бойынша басқа да материалдармен бiрге ұсынады.
35. Дауыс беру аяқталысымен қағазының форматы A4 болатын жай парақта (қарiп үлгiсi мемлекеттiк тiлдегi мәтiндер үшiн "Тimes/Kazakh", орыс тiлiндегi мәтiндер үшiн - "Аriаl"; қарiп мөлшерi 14) және магниттi жеткiзушіде жобаны, сондай-ақ оған қажеттi материалдарды әзiрлеушi мемлекеттiк органдар өкілдерi өз қолымен Кеңсеге енгiзедi. Почта арқылы келiп түскен жобаларды Кеңсе әзiрлеушiге қараусыз және тiркеусiз қайтарады.
Кеңседе тiркеу алдында жоба Кеңседе iс жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықтың және осы Регламенттiң талаптарына оның сәйкестiгi, сондай-ақ iрiктелiп, дәлме-дәлдiгi тексерiледi. Осы талаптарға сәйкессiздiгi немесе мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi жоба мәтiндерiнiң дәлме-дәл еместiгi анықталған жағдайда жоба (құпия сипаттағы жобаларды қоспағанда) анықталған кемшiлiктердi жою үшiн әзiрлеушiнiң өкiлiне тiркеусiз қайтарылады.
Кеңсеге "Ерекше маңызды", "Өте құпия" және "Құпия" құпиялық белгiсiмен келiп түскен жобалар белгiленген тәртiппен тiркеледi және Кеңсе Басшысына баяндалады. Құпия сипаттағы жобалар көрсетiлген талаптарға сәйкес болмаған жағдайда Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша әзiрлеушiге қайтарылады.
36. Жобаны Кеңсеге енгiзген кезде оған мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы мiндетiн атқарушы адам бұрыштама қойған жағдайда оған бiрiншi басшының мiндетiн атқару жүктелгенi туралы актiнiң көшiрмесi жобаға қоса берiледi.
37. Кеңседе жоба тiркелгеннен кейiн оның Кеңседе тiркелген күнiнен бастап есептелетiн, осы Регламенттiң 31-тармағында көрсетiлген мерзiмде жобаның қаржылық-экономикалық, құқықтық, лингвистикалық және өзге де аспектiлерiне сараптама (бұдан әрi - сараптама) жүргiзiледi.
Жобаның дайындалу сапасына, негiздiлiгiне, уақтылылығына баға беру, ықтимал терiс салдарларды анықтау үшiн, сондай-ақ жобаның жоғары деңгейдегi, Үкiмет пен Премьер-Министрдiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкестiгi мәнiнде және жобаның мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi мәтiндерiнiң дәлме-дәлдiгiне сараптама жүргiзiледi. Жобалар сараптамасының нәтижелерi Премьер-Министр мен оның орынбасарлары, Кеңсе Басшысы үшiн олардың тиiстi жобаларға қол қоюы немесе келiсу туралы шешiмдер қабылдауы кезiнде ақпараттық-ұсынымдық сипатқа ие.
Жобаның өтуiне жауапты Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшесi жүргiзген сараптаманың нәтижелерi бойынша жобаға қорытынды дайындалады. Қорытынды мынадай ақпаратты қамтуға тиiс: жобаны қабылдау қажеттiлiгi неден туындады, оны дайындау кезiнде осы Регламенттiң талаптары сақталды ма, келiсушi мемлекеттiк органдардың қандай қарсылықтары бар, жоба бойынша Yкiмет мүшелерiнiң дауыс беру қорытындылары, жоба сараптамасының нәтижелерi, жобаны жетiлдiру туралы мәлiметтер (ондай фактi болған кезде), жоба бойынша өзге де қажеттi мәлiметтер, жобаны қабылдау немесе қабылдамау мүмкiндiгi туралы ұсынымдар.
38. Кеңсе сараптама жүргiзу барысында немесе оның нәтижелерi бойынша жобаны мемлекеттiк органға мынадай негiздер бойынша жетілдiруге қайтаруға құқылы:
1) оның жоғары деңгейдегi нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес келмейтінi анықталғанда;
2) жобаның мемлекеттiк және орыс тілдерiндегi мәтiндерiнiң дәлме-дәл келмейтiнi анықталғанда;
3) Үкiмет бекiткен Кеңседе iс жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын ресiмдеу (заңдық техникасы) жөнiндегi нұсқаулық және осы Регламент талаптарының бұзылғаны анықталғанда.
Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң өзге де аспектiлер бойынша терiс сараптамалық қорытындысы да Үкiмет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының жобаны қайтаруы үшiн себеп болуы мүмкiн.
39. Жоба мынадай ретпен жетiлдiруге қайтарылуы мүмкiн:
1) мемлекеттiк органдар бiрiншi басшыларының не олар өкiлеттiк берген адамдардың қатысуымен Үкiмет мәжiлiсiнiң немесе Үкiмет басшылығында немесе Кеңсе Басшысында болған кеңестiң хаттамасы негiзiнде;
2) жоба сараптамасының нәтижелерi бойынша Кеңсе құрылымдық бөлiмшелерiнiң қорытындысы негiзiнде жобада қаралатын мәселелер құзыретiне жататын Премьер-Министр орынбасарының немесе Кеңсе Басшысының не оның мiндетiн атқарушы адамның жазбаша тапсырмалары бойынша;
3) жобаны әзiрлеушi орган не оның өкiлi (өкiлеттi адам) Кеңсе құрылымдық бөлiмшелерiнiң ескертулерiмен келiскен кезде Кеңсе Басшысының рұқсатымен әзiрлеушi өкiлiнiң (өкiлеттi адамның) жобаның келiсу парағына қолы қойылып, жұмыс бабында. Әзiрлеушiнiң жобаны жұмыс бабында жетiлдiру мерзiмi 7 жұмыс күнiнен аспауға тиiс.
Егер қайтарылатын жобаларға тапсырмаларда өзге мерзiм көрсетілмесе, әзiрлеушiлер жобаларды жетiлдiрудi, қайтадан дауыс беруге салуды және енгiзудi (жұмыс бабында жетiлдiру жағдайларын қоспағанда) қайтарылған күнiнен бастап бiр ай мерзiмнен асырмай жүзеге асырады. Жетiлдiру мерзiмi аяқталғаннан кейiн әзiрлеушi жетiлдiрiлген жобаны және оған дауыс беру нәтижелерiн (Кеңсе белгiлеген нысан бойынша) не жобаны қараудан алу туралы жазбаша өтiнiштi Кеңсеге ұсынуы тиiс.
Жоба жетiлдiрiлгеннен кейiн Кеңсеге қайта енгiзiлген кезде оның сараптамасын жүргізудiң және қорытындысын дайындаудың жаңа мерзiмi белгіленедi.
40. Кеңседе жобаға сараптама жүргiзiлгеннен, оны жетiлдiргеннен (осындай факт болған кезде) және қорытынды дайындалғаннан кейiн жоба Кеңседе iс жүргiзу жөнiндегi нұсқаулыққа сәйкес тиiстi түрде қорғалған елтаңбалық бланкiге түсiрiледi, оған: жобаның өтуiне жауапты орындаушы мен құрылымдық бөлiмшенiң басшысы; жобаға сараптама жүргiзген құрылымдық бөлiмшелердiң басшылары; мемлекеттiк және орыс тілдерiндегi жоба мәтiндерiнiң дәлме-дәлдігін және олардың ережелерiне сәйкестiгiн тексерудi жүзеге асырған қызметкерлер бұрыштама қояды.
41. Жобаны Премьер-Министрдiң орынбасарларында келiсу Премьер-Министрдiң, оның орынбасарлары мен Кеңсе Басшысының арасында мiндеттердiң бөлiнуiне сәйкес жүзеге асырылады. Премьер-Министрдiң орынбасарларында жоба бойынша ескертулер мен ұсыныстар болған кезде олар кеңестер өткiзуi мүмкiн. Кеңестерде қабылданған шешiмдер кеңестер хаттамалары түрiнде ресімделедi.
Мемлекеттiк органдар арасында жобаны келiсу процесiнде жойылмаған қағидатты келiспеушілiктер болған кезде Премьер-Министрдiң орынбасарлары, Кеңсе Басшысы нәтижелерi хаттамалар түрiнде ресiмделетiн жоба бойынша келiспеушiлiктердi реттеу мақсатында кеңестер өткiзуi мүмкiн. Егер талқыланып отырған мәселе бойынша өзара қолайлы шешiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда кеңестi өткiзушi Премьер-Министрдiң орынбасары немесе Кеңсе Басшысы түпкiлiктi шешiм қабылдау үшiн бұл туралы Премьер-Министрдi хабардар етедi.
Үкiмет қаулысының жобасы бойынша Үкiмет мүшелерi көпшiлiгiнiң ескертулерi және/немесе қарсылықтары болған кезде Премьер-Министр, Премьер-Министрдiң орынбасарлары және Кеңсе Басшысы Үкiмет мүшелерiнiң көпшiлiгiмен келiсiлген шешiм әзiрлеу үшiн кеңес өткiзуi мүмкiн. Келiсiлген ұстанымға қол жеткiзiлмеген кезде Үкiмет қаулысы қабылданбайды, бұл кеңес хаттамасында көрсетілуi тиiс.
Қажет болған кезде Премьер-Министрдiң орынбасарлары, Кеңсе Басшысы жобаны тиiстi мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға қосымша келiсуге жiберуi мүмкiн.
42. Премьер-Министрдiң тиiстi орынбасарларының келiсiмiнен (бұрыштама қоюынан) кейiн жобаға Кеңсе Басшысы бұрыштама қояды және оны Премьер-Министрге не Премьер-Министрдiң мiндетiн атқарушы адамға жоба бойынша шешiм қабылдау үшiн баяндайды.
Премьер-Министр жобаны қажет болған кезде жетілдiру және/немесе қосымша келiсу үшiн тиiстi мемлекеттiк органға жiберуi мүмкiн.
43. Үкiмет қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiне Премьер-Министр қол қояды. Премьер-Министр болмаған кезде Үкiмет қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiне Премьер-Министр белгiлейтiн мiндеттер бөлуге сәйкес Премьер-Министрдi алмастыратын оның орынбасары қол қоюы мүмкін.
Шешiмнiң түпнұсқасына оған қол қойылғаннан кейiн түзетулер енгiзуге тыйым салынады.
44. Үкiмет қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiн тiркеу және есепке алу Кеңсе белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
Қол қойылған Үкiмет қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiне Кеңсенiң тиiстi бөлiмшесi мыналарды қамтитын тіркеу нөмiрлерiн бередi:
1) құпия емес қаулылар үшiн - күнтiзбелiк жылдың басынан бастап есепке алу реттiк нөмiрiнен, өкiмдер үшiн - сызықша арқылы "ө" әрпiн қоя отырып, күнтiзбелiк жылдың басынан бастап есепке алу реттiк нөмiрiнен;
2) "Қызмет бабында пайдалану үшiн" белгiсi бар таралуы шектеулi қаулылар мен өкiмдер үшiн - "қбү" кiшi әрiптерiмен бос орын қалдыра отырып, құпия емес қаулыларға (өкiмдерге) арналған кезекті реттiк нөмiрден;
3) ерекше маңызды, өте құпия және құпия қаулылар мен өкiмдер үшiн - берiлген құпиялық белгiсiне сәйкес: "Ерекше маңызды" - "ем", "Өте құпия" - "өқ", "Құпия" - "қ" кiшi әрiптерiмен құпия қаулының (өкiмнiң) кезектi есепке алу нөмiрiн сызық арқылы қоя отырып, құпия емес қаулыларға (өкiмдерге) арналған кезектi реттiк нөмiрден;
4) бюджеттiк бағдарламалардың бекiтiлген паспорттарына өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгiзiлуi көзделген қаулылар үшiн - әлiпбилiк тәртiппен берiлген әрiптiк литерi бар бастапқы қаулының реттiк нөмiрiнен.
45. Үкiмет қаулыларының және Премьер-Министр өкiмдерiнiң түпнұсқалары тұрақты сақталатын құжаттарға жатады және Кеңседе кемiнде 15 жыл сақталады, мерзiмi өтісімен олар Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк мұрағатына мемлекеттiк сақтауға тапсырылады.
46. Үкiмет қаулыларының және Премьер-Министр өкiмдерiнiң куәландырылған көшiрмелерiн уақтылы шығаруды және жiберудi Кеңсе жүзеге асырады. Қажет болған кезде қаулылардың (өкiмдердiң) қосымша даналары тек Кеңсе Басшысының рұқсатымен ғана берiледi. Құпия сипаттағы қаулылар мен өкiмдердiң куәландырылған көшiрмелерi немесе олардың үзiндiлерi белгiленген тәртiппен адресаттардың шектеулi санына жiберiледi.
Оларда техникалық қателер анықталған кезде Yкiметтiң құпия емес қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң бұрын жiберiлген даналарын ауыстыру Кеңсе Басшысының рұқсатымен жүргiзіледi. Бұл ретте бастапқы жiберiлген даналарын алушыларға "Бұрынғы жiберiлгеннiң орнына" мөртаңбасымен қаулылардың (өкiмдердiң) түзетiлген нұсқалары жiберiледi. Адресаттар көрсетiлген мөртаңбасы бар түзетiлген нұсқаны алғаннан кейiн олар қаулылардың (өкiмдердiң) бұрын жiберiлген даналарын Кеңсеге дереу қайтаруға тиiс.
Қаулыларды (өкiмдердi) қайтарып алу Кеңсе Басшысының нұсқауы бойынша жүзеге асырылады.
Ерекше маңызды, өтe құпия және құпия қаулылар (өкiмдер) Кеңсе Басшысының хатымен ресми түрде қайтарылып алынады.
47. Жобалары осы Регламент талаптары бұзыла отырып енгiзiлген Үкiметтiң және Премьер-Министрдiң қабылданған шешiмдерiндегi қателер үшiн жобаны әзiрлеушi жауапты болады.
48. Үкiметтiң нормативтiк қаулысы қабылданғаннан кейiн министрлiктер мен олардың ведомстволары, агенттiктер, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдар бiр ай мерзiмде өздерiнiң кесiмдерiн Yкiмет қабылдаған қаулыға сәйкес келтiруге мiндеттi.
Осы тармақтың орындалуын бақылауды Әдiлет министрлiгi жүзеге асырады.
49. Нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдаған орган таратылған, қайта ұйымдастырылған немесе қайта құрылған жағдайда оның кесiмдерiнiң күшi жойылды деп тану, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы мәселелердi оның құқықтық мұрагерi немесе жоғары тұрған орган шешедi.
6. Yкiмет енгiзетiн Президент кесiмдерiнiң
жобаларын дайындау
50. Үкiмет енгiзетiн Президент кесiмдерiнiң жобаларын дайындауды қолданыстағы заңнамаға және осы Регламентке сәйкес тиiстi орган жүзеге асырады.
Президент кесiмдерiнiң жобалары Президент Әкiмшiлiгiне Үкiмет қаулыларымен не Премьер-Министрдiң немесе оны алмастырушы адамның хаттарымен енгiзiледi. Бұл ретте, әдетте, Президент Әкiмшiлiгi бұрын жетiлдiру үшiн қайтарған жобалар хаттармен қайта енгiзіледi.
Президент кесiмдерiнiң жобаларын келiсу кесiм жобасы мәтiндерiнiң (мемлекеттiк және орыс тілдерiндегi) түпнұсқаларына қол қойып (бұрыштама қою) және/немесе оның келiсу парағына бұрыштама қойып бекiтуден тұрады.
51. Үкiмет Президент Әкiмшiлiгiне енгiзетiн, мемлекеттік және орыс тілдерiнде дайындалған Президент кесiмдерiнiң жобалары мыналарды қамтуға тиiс:
1) белгіленген тәртiппен Үкiмет мөрiмен куәландырылған Президент кесiмiнiң жобасын енгiзу туралы Үкiмет қаулысының көшiрмесi немесе Премьер-Министрдiң не оны алмастырушы адамның Президентке жолданған хатының түпнұсқасы;
2) Премьер-Министр немесе оны алмастырушы адам, Кеңсе Басшысы, Әдiлет министрi және жобаны әзiрлеушi мемлекеттiк орган басшысы бұрыштама қойған тиiстi бланкідегi Президент кесiмiнiң жобасы. Жобаны әзiрлеушi мемлекеттiк орган басшысы немесе оның мiндетiн атқарушы адам Президент кесiмiнiң жобасы мен оған қосымшалардың әр парағына алдын ала қол қоюы тиiс. Басқа да келiсушi органдардың басшылары жобаның келiсу парағына бұрыштама қояды. Премьер-Министр немесе оны алмастырушы адам және Кеңсе Басшысы бұрыштама қойған тиiстi бланкідегi Президент кесiмiнiң жобасына, егер Кеңсенiң жобаны бланкiге көшiруi кезiнде оған елеулi өзгерiстер енгiзілмесе, әзiрлеушi орган басшысы мен Әдiлет министрiнiң бұрыштамасы бар жай қағаз парағында ұсынылған, Үкiметке енгiзiлген Президент кесiмiнiң жобасын қоса беруге рұқсат етiледi. Мұндай жағдайда Кеңседегi жобаның өтуiне жауапты құрылымдық бөлiмшенiң басшысы Президент кесiмiнiң жобасы мен оған қосымшалардың әр парағына алдын ала қол қоюы тиiс;
3) Премьер-Министр немесе оны алмастырушы адам қол қойған, көлемi - 3 парақтан, ал күрделi мәселелер бойынша - 5 парақтан аспайтын түсiндiрме жазба, онда мәселенiң мәнi мен Президент кесiмiн қабылдау қажеттiгiнiң, оның iшiнде қаржы-экономикалық негiздемесi, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған Президент кесiмдерiнiң тiзбесi және олардың орындалуы туралы ақпарат, осы жобаны қабылдаудан күтiлетiн салдарлардың болжамы жазылады;
4) егер Президент кесiмiнiң енгiзiлетiн жобасымен Президенттiң қолданыстағы кесiмдерiне өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгiзу көзделетiн болса, әзiрлеушi мемлекеттiк орган басшысының не оның мiндетiн атқарушы адамның әр парағына алдын ала қолы қойылған Президент кесiмiнiң бұрынғы және жаңа редакциясының салыстырма кестесi;
5) Президент Әкiмшiлiгi белгiлеген нысан бойынша жасалған Президент кесiмiнiң жобасын келiсу парағы;
6) өзге де қажеттi материалдар.
52. Премьер-Министр немесе оны алмастырушы адам не Кеңсе Басшысы Үкiметке тапсырмалар қамтылатын Президент кесiмi күшiне енген күнiнен бастап 3 жұмыс күнiнен кешiктiрмейтiн мерзiмде осы тапсырмалардың орындалуы үшiн жауапкершiлiк жүктелетiн лауазымды адамдар мен мемлекеттiк органдарды айқындайды.
7. Yкiметтiң заң шығару қызметi
53. Үкiметтiң заң шығару қызметi Үкiметтiң Заң жобалау жұмыстарының жоспарына (бұдан әрi - Жоспар) сәйкес жүзеге асырылады.
54. Үкiметтiң заң жобалау жұмыстарының ағымдағы және перспективалық жоспарларын қалыптастыру Президенттiң тапсырмалары, Үкiметтiң Бағдарламасы, мемлекеттiк бағдарламалар және Үкiмет бекiтетiн бағдарламалар, мемлекеттiк бағдарламаларды iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарлары, сондай-ақ Премьер-Министрдiң шешiмдерi ескерiле отырып жүзеге асырылады.
Жоспар заң жобаларының, соның iшiнде заң жобаларын әзiрлеушi мемлекеттiк органдарды, нақты заң жобаларын Әдiлет министрлiгiне, Үкiметке және Қазақстан Республикасының Парламентiне (бұдан әрi - Парламент) енгiзу мерзiмдерiн, сондай-ақ заң жобаларын әзiрлеу мен енгiзу үшiн жауапты лауазымды адамдарды көрсете отырып, қолданыстағы заңнамалық кесiмдерге өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгiзудi көздейтiн заң жобаларының тiзбесiн білдiредi.
55. Алдағы жылға арналған Жоспардың жобасын Әдiлет министрлiгi мемлекеттiк органдар мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Ведомствоаралық комиссия) ұсыныстарының негiзiнде қалыптастырады және жыл сайын 1 қарашаға дейiн Yкiмет қаулыларының жобаларын енгiзу үшiн белгiленген тәртiппен Үкiметке ұсынады. Бұл ретте Әдiлет министрлiгi Жоспардың жобасына енгiзiлген әрбiр заң жобасын әзiрлеу қажеттiгiнiң негiздемесiн қамтитын анықтаманы Жоспардың жобасына қоса бередi.
Жоспарға қандай да бiр заң жобасын енгiзу үшiн - Ведомствоаралық комиссияның оң қорытындысының, ал халықаралық ұйымдарға кiру және олардан шығу, халықаралық шарттарға қосылу мәселелерi бойынша заң жобаларын Жоспарға енгiзу қажет болған жағдайда - Сарапшылық кеңестiң қорытындысының болуы мiндеттi шарт болып табылады.
56. Жоспарды Президентпен келiсу Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентiмен және Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне Үкiмет енгiзетiн заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiмен келiсу ережелерiн бекiту туралы" 2002 жылғы 17 мамырдағы N 873 Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.
57. Жоспарда көзделген заң жобаларын ұсыну мерзiмдерiн ауыстыру туралы, сондай-ақ заң жобаларын ағымдағы жылдың Жоспарынан алып тастау немесе оған толықтыру енгiзу туралы мәселелер заң жобасын әзiрлеушi мемлекеттiк органның өтiнiшi бойынша алдын ала Ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралады. Мемлекеттiк орган Жоспарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Yкiмет қаулысының жобасын енгiзген кезде түсiндiрме жазбада мiндеттi түрде Ведомствоаралық комиссияның осы мәселе жөнiндегi негіздемесі мен шешiмi көрсетiледi.
Ведомствоаралық комиссиямен мемлекеттiк және Yкiметтiң өзге де бағдарламалары, тұжырымдамалары, iс-шаралары жобаларының нормалары (ережелерi) заң жобаларын қамтамасыз ету бөлiгiнде келiсiледi.
Мемлекеттiк және өзге де бағдарламаларға қоғамдық қатынастарды заңнамалық реттеудiң жаңа тетiктерiн енгiзу перспективалық Жоспарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзумен қатар жүргiзiлуге тиiс.
58. Перспективалы және ағымдағы Жоспарлардың орындалуын жалпы бақылауды Әдiлет министрлiгi жүзеге асырады.
Әдiлет министрлiгi ай сайын Yкiметтiң заң жобалау қызметiнiң барысын қорытады және есептіден кейiнгi айдың 1-күнiне ағымдағы Жоспардың орындалу барысы туралы есептi, оның iшiнде жоспарланған заң жобаларының мемлекеттiк органдар мен Парламентте өтуi туралы ақпаратты ұсынады.
Жоспарланған заң жобаларын әзiрлеу мерзiмдерi бұзылған кезде Кеңсе Әдiлет министрлiгi ақпаратының негiзiнде Премьер-Министрге заң жобаларын әзiрлеу мерзiмдерiнiң бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдарды жауапкершiлiкке тарту туралы ұсыныстар енгiзуi мүмкiн.
59. Жоспардан тыс заң жобалары - Ведомствоаралық комиссиямен, ал халықаралық ұйымдарға кiру және олардан шығу, халықаралық шарттарға қосылу мәселелерi бойынша - Сарапшылық кеңеспен алдын ала келiсiлуге тиiс, олардың оң қорытындылары заң жобаларын белгiленген тәртiппен Үкiметке енгiзу үшiн негiз болады.
60. Заң жобаларын әзiрлеудiң және ұсынудың сапасы, уақтылылығы үшiн Жоспарда көрсетiлген лауазымды адамдар жеке жауапкершiлiкте болады.
61. Жоспардың негiзiнде заңдардың жобаларын әзiрлеушi мемлекеттiк органдар белгiленген мерзiмдерде заң жобаларын Кеңсеге осы заң жобаларын Парламенттiң Мәжiлiсiне енгiзу туралы Үкiмет қаулыларының жобаларымен бiрге енгiзедi.
Көрсетiлген жобаларды ресiмдеудi дайындау, келiсу, дауыс беру және енгiзу, сондай-ақ олар бойынша келiспеушiлiктердi қарау тәртiбi "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң Регламентiнде және осы Регламентте көзделген ерекшелiктерiмен бiрге Үкiмет қаулыларының жобаларын енгiзу үшiн белгiленген тәртiпке ұқсас.
Үкiметтiң Парламенттiң қарауына енгiзетiн заң жобалары бойынша "Норма шығармашылығы қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 30 мамырдағы N 598 қаулысымен бекiтiлген Заң жобаларына ғылыми сараптама жүргiзу ережесiне сәйкес заң жобасымен реттелетiн құқықтық қатынастарға қарай тиiстi ғылыми (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптама жүргiзу мiндеттi. Бұл ретте оларды қабылдаудан күтiлетiн салдарлар экологиялық, оның iшiнде радиациялық қауiпсiздiкке, қоршаған ортаны қорғауға қатер тудыруы мүмкiн заңнамалық кесiмдер жобалары мiндеттi экологиялық сараптамадан өтуi тиiс. Заң жобасын әзiрлеушi оны мүдделi мемлекеттiк органдармен келiскенге дейiн жобаға тиiстi сараптама жүргiзудi қамтамасыз етедi, оның нәтижелерi бойынша қорытынды мiндеттi түрде Кеңсеге заң жобасының басқа да материалдарымен бiрге мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде ұсынылады.
62. Үкiметтiң Парламент Мәжiлiсiне енгiзетiн заңдарының жобаларын Президент Әкiмшiлiгiмен келiсу Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентiмен және Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне Үкiмет енгiзетiн заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгімен келiсу ережелерiн бекiту туралы" 2002 жылғы 17 мамырдағы N 873 Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.
Президент Әкiмшiлiгiмен:
1) Парламентте қаралуы Президент атынан шұғыл немесе басымдықты болып жоспарланатын заң жобалары, Президенттiң, соның iшiнде Үкiметтiң бастамасы бойынша заң жобаларын шұғыл немесе басым деп жариялау Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 29 сәуiрдегi N 1074 Жарлығымен бекiтiлген Заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеу, сондай-ақ заң жобасының қаралуын шұғыл деп жариялау ережесiне сәйкес жүзеге асырылады. <*>
2) Yкiмет Президенттiң тапсырмасы бойынша әзiрлеген және Парламент Мәжiлiсiне енгiзуi тиiс заң жобалары;
3) конституциялық заңдардың, кодекстердiң жобалары, сондай-ақ қолданыстағы конституциялық заңдар мен кодекстердi өзгертуге және толықтыруға бағытталған заң жобалары;
4) жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды және жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды, елiмiздiң саяси және сайлау жүйелерiн жетiлдiруге бағытталған заң жобалары;
5) қорғаныс және ұлттық қауiпсiздiк саласындағы құқықтық қатынастарды регламенттейтiн заң жобалары мiндеттi түрде алдын ала келiсiлуге тиiс.
Президент Әкiмшiлiгiнiң онымен келiсiлетiн заң жобалары бойынша ескертулерi толық ескерiлмейтiн жағдайда, Кеңсе бұл туралы Президент Әкiмшiлiгiн хабардар етедi.
Ескерту. 62-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.07.01. N 635 қаулысымен .62-1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң арнайы жолдауымен басым деп белгiленген заң жобаларын (бұдан әрi - басым заң жобалары) әзiрлеушi мемлекеттiк органдар осы Регламентке сәйкес келiсiлген заң жобаларын заң жобасы басым деп белгiленген күннен бастап 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей Кеңсеге енгiзуi тиiс. Бұл ретте басым заң жобаларын мемлекеттiк органдармен келiсудің мерзiмдерi олардың түскен күнiнен бастап 5 күнтiзбелiк күннен аспауға тиiс.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiмен келiсiлгеннен кейiн Үкiмет басым заң жобаларын 10 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмейтiн мерзiмде Парламент Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзедi.
Ескерту. 62-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.07.01. N 635 қаулысымен .62-2. Шұғыл деп жариялау жоспарланған заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттiк органдар осы Регламентке сәйкес келiсiлген заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 29 сәуiрдегi N 1074 Жарлығымен бекiтiлген Заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеу, сондай-ақ заң жобасының қаралуын шұғыл деп жариялау ережесiнiң 1-тармағына сәйкес Үкіметке немесе тиiстi мемлекеттiк органға хабарлама келiп түскеннен кейiн 10 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей Кеңсеге енгiзуi тиiс. Бұл ретте шұғыл деп жариялау жоспарланған заң жобаларын мемлекеттiк органдармен келiсудің мерзiмдерi олардың түскен күнiнен бастап 3 күнтiзбелiк күннен аспауға тиiс.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiмен келiсiлгеннен кейiн Үкiмет шұғыл деп жариялау жоспарланған басым заң жобасын 7 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмейтiн мерзiмде Парламент Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзедi.
Ескерту. 62-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.07.01. N 635 қаулысымен .62-3. Қазақстан Республикасының Президентi шұғыл деп жариялаған заң жобасы Парламентте Қазақстан Республикасы Президентiнiң арнайы жолдауы жария етiлгеннен немесе осы жолдау Қазақстан Республикасының Парламентіне жолданғаннан кейiн келесi күннен кешiктiрiлмей Парламент Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзіледi. <*>
Ескерту. 62-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.07.01. N 635 қаулысымен .63. Кеңседе басым заң жобалары мен шұғыл деп жариялау жоспарланған, Кеңседе өту мерзiмдерi 10 күнтiзбелiк күннен (жобаның тiркелген күнiнен бастап қол қойылған құжатты шығаруға тапсырғанға дейiн) аспауға тиiс заң жобаларынан басқа, заң жобаларын сараптау және олар бойынша қорытындылар дайындау Кеңседе тiркелген күнiнен бастап 10 жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде жүзеге асырылады. Осы Регламентте көзделген негiздемелер бойынша Кеңсе заң жобасын әзiрлеушi мемлекеттiк органға заң жобаларын жетiлдiру үшiн қайтаруы мүмкiн. <*>
Ескерту. 63-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.07.01. N 635 қаулысымен .64. Кеңсеге заң жобасы бойынша енгiзiлетiн материалдар мемлекеттiк және орыс тілдерiнде дайындалған:
1) заң жобасын, ал қажет болған кезде қолданыстағы заңнамалық кесiмдерге өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгiзу туралы не негiзгi жобаның қабылдануына байланысты заңнамалық кесiмдердiң күшi жойылды деп тану туралы заңдардың жобаларын және заң жобасын әзiрлеушi мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы әрбiр бетiне алдын ала қол қойған, Үкiмет қаулылары үшiн осы Регламентте белгiленген тәртiппен келiсiлген (бұрыштама соғылған) осы заң жобасын (заң жобаларын) Парламент Мәжiлiсiне енгiзу туралы Үкiмет қаулысының жобасын;
2) осы Регламенттiң 26-тармағының талаптарына сәйкес дайындалған Yкiмет қаулысының жобасына түсiндiрме жазбаны;
3) заң жобасының мақсаттарының, мiндеттерi мен негiзгi ережелерiнiң өрiстетілген сипаттамасы, қажет болған кезде заң жобасын әзiрлеушi мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы әрбiр парағына алдын ала қол қойған қаржы-экономикалық есептердi және статистикалық деректердi қоса бере отырып, жобаны қабылдаудың ықтимал салдарының болжамы бар жобаны қабылдау қажеттiгiнiң негiздемесi мен заң жобасына (заң жобаларына) түсiндiрме жазбаның (жазбалардың) жобасын;
4) заң жобасын (заң жобаларын) мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсу парағын (парақтарын);
5) заң жобасының (заң жобаларының) ғылыми сараптамасының нәтижелерi бойынша қорытындыны (қорытындыларды);
6) заң жобасын (заң жобаларын) әзiрлеушi мемлекеттік органның бiрiншi басшысы қол қойған iлеспе хатты қамтиды, бұл ретте Yкiмет қаулысының әрбiр жобасы жеке iлеспе хатпен енгiзiледi;
7) қолданыстағы заңнамалық кесiмдерге өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгiзудi көздейтiн заң жобасына заң жобасын әзiрлеушi мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы әрбiр парағына алдын ала қол қойған және қолданыстағы заңнамалық кесiмнiң бұрынғы және жаңа редакциядағы қол қойылған салыстырма кестесi қоса берiледi;
8) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарды бекiтуге Парламентке енгiзу туралы заң жобасына Сыртқы iстер министрлiгi куәландырған, мемлекеттiк, орыс және оларға қол қойылған өзге де тiлдердегi бекiтуге енгiзілетiн құжаттардың көшiрмелерi қоса берiледi;
9) белгiленген нысандағы анықтама парақты қамтиды.
Кеңсеге енгiзілген, олар бойынша мемлекеттiк органдардың ескертулерi бар заң жобалары осы мәселелерге жетекшілiк ететiн Премьер-Министрдiң орынбасарында өтетiн мәжiлiсте мiндеттi түрде қаралады, оның нәтижелерi хаттамамен ресiмделедi. Талқыланатын мәселе бойынша мәжiлiстерде келiсiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда Премьер-Министрдiң орынбасары заң жобасы бойынша түпкiлiктi шешiм қабылдау үшiн бұл туралы Премьер-Министрдi хабардар етедi.
64-1. Заң жобаларын әзiрлеушi мемлекеттiк органдар оларды Yкіметке енгiзу кезiнде нақты заң жобасын қарауды басым деп белгiлеу немесе оның қаралуын шұғыл деп жариялау туралы ұсынысты бiр мезгiлде енгiзуге құқылы. Бұл ретте заң жобасына түсiндiрме жазба, соның iшiнде оны басым деп белгiлеу немесе шұғыл деп жариялау қажеттiлiгiнiң негiздемесiн қамтуы тиiс.
Үкiмет оның әзiрлеп жатқан заң жобаларына қатысты Президентке нақты заң жобасын басым деп белгiлеу немесе оның қаралуын шұғыл деп жариялау туралы ұсыныс енгiзедi. Бұл ретте Yкiметтiң ұсынысына тиiстi заң жобасы мен Парламенттiң заң жобасын қарауын басым деп белгiлеу немесе оның қаралуын шұғыл деп жариялау қажеттілігінiң негiздемесi бар және заң жобасының нақты мақсаттары мен оның шешетiн мiндеттерiн ашатын түсiндiрме жазба қоса берiлуге тиiс.
Ескерту. 64-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.07.01. N 635 қаулысымен .65. Кеңседе заң жобасы бойынша сараптама жүргiзiлгеннен және қорытынды дайындалғаннан, сондай-ақ ол Премьер-Министрдiң орынбасарларымен келiсiлгеннен кейiн Үкiмет қабылдайтын шешiмдердiң заңдылықты сақтауын қамтамасыз ету мақсатында заң жобасы, әдетте, Үкiметтiң кезектi мәжiлiсiнiң қарауына шығарылады. Үкiмет мәжiлiстерiнiң арасында нақты заң жобасын Парламентке шұғыл енгiзу қажет болған жекелеген жағдайларда, ол Yкiметтiң мәжiлiсiне шығарылмай, Кеңсе осы Регламенттiң 34-тармағында көзделген тәртiппен Үкiмет мүшелерiне дауыс беруге жiбередi.
66. Yкiметтiң бастамашылығы бойынша Парламент Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлетiн заң жобаларының түпнұсқаларына мiндеттi түрде: заң жобасын әзiрлеушi мемлекеттiк органның басшысы, Әдiлет министрi, Кеңсе Басшысы, Премьер-Министрдiң, оның орынбасарлары мен Кеңсе Басшысының арасындағы мiндеттердi бөлуге сәйкес Премьер-Министрдiң заң жобасында қаралатын мәселелерге жауап беретiн тиiстi орынбасары және Премьер-Министр не оның мiндетiн атқарушы адам бұрыштама қояды. Үкiмет бланкiсiне шығарылған заң жобасына түсiндiрме жазбаға Кеңсе Басшысы бұрыштама қояды және Премьер-Министр не оның мiндетiн атқарушы адам қол қояды.
67. Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобалары, оның iшiнде мемлекеттiк кiрiстердi қысқартуды немесе мемлекеттiк шығыстарды арттыруды көздейтiн заң жобалары бойынша Үкiмет Парламентке мемлекеттiк және орыс тілдерiнде қорытынды ұсынады.
Парламент депутаттары бастамашылық жасаған, Үкiметке келiп түскен заңнамалық кесiмдердiң жобалары Ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралуға тиiс. Ведомствоаралық комиссия заң жобасы Кеңседе тiркелген күнiнен бастап 15 күн мерзiмде не Премьер-Министрдiң немесе оның орынбасарының тапсырмасында белгiленген одағы қысқа мерзiмде депутаттар бастамашылық жасаған заң жобасын оң не өзгеше бағалау жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi.
Қорытындының жобасын Ведомствоаралық комиссияның ұсыныстарын ескере отырып, заң жобасында реттелетiн қатынастар құзыретiне енетiн мемлекеттiк орган әзiрлейдi. Қорытындының жобасы форматы A4 жай парақта дайындалады және мiндеттi түрде Әдiлет, Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiктерiмен келiсiледi (олардың басшылары бұрыштама қояды). Қажет болған кезде әзiрлеушi қорытындының жобасына мемлекеттiк кiрiстердi қысқарту немесе мемлекеттiк шығыстарды арттыру бөлiгiндегi қаржы-экономикалық есептердi қоса бередi. Қорытындының дайындалуына жауапты мемлекеттiк орган, егер Премьер-Министрдiң немесе оның орынбасарының тапсырмасында өзге мерзiм белгiленбесе, Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобасы Кеңседе тiркелген күнiнен бастап 25 күн мерзiмнен кешiктiрмей Кеңсеге оның келiсiлген жобасын, оның iшiнде магниттiк жеткiзгiшпен енгiзуге тиiс.
68. Қорытынды жобасын Кеңседе сараптаудан кейiн оның түпкiлiктi нұсқасын Кеңсе Премьер-Министрдiң немесе оны алмастырушы адамның қолымен Үкімет бланкiсiне шығарып ресiмдейдi. Yкiмет қорытындысы оның ұжымдық заңды пiкiрiн бiлдiруi тиiстiгiне байланысты ол Үкiмет қаулысымен немесе оның мәжiлiсi хаттамасымен мақұлданғаннан не оған Үкiмет мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi бұрыштама қойғаннан кейiн ғана Парламентке жiберiлуi мүмкін.
69. Үкiмет енгiзген заңдардың жобаларын Парламентте ұсынушы өкiлеттi адамдардың оларды Парламенттiң қарауы кезiнде заңның тұжырымдамасына немесе оның құқықтық мазмұнын өзгертуге байланысты, сондай-ақ мемлекеттiк кірiстердi қысқартуды немесе мемлекеттiк шығыстарды арттыруды көздейтiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге Үкiметтiң рұқсатынсыз келiсiм бiлдiруiне тыйым салынады. Бұл ретте Парламентте тиiстi заң жобаларын ұсынушы мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшылары көрсетiлген өзгерiстер мен толықтырулар туралы Кеңсеге дереу жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.
Парламентте тиiстi заң жобаларын ұсынушы мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшылары Үкiметпен келiсусiз көрсетiлген өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзуге келiскенi үшiн жауапты болады.
Парламент депутаттары Үкiметпен келiсiлмеген көрсетiлген өзгерiстер мен толықтыруларды дауысқа салған жағдайда заңдардың жобаларын ұсынушы адамдар мәжілістiң стенограммасында өздерiнiң қарсылықтарын көрсетудi талап етуге және Кеңсеге осы өзгерiстер немесе толықтырулар туралы дереу хабарлауға мiндеттi. Yкiмет бастамашылық жасаған заң жобасына Парламент енгiзген тұжырымдамалық өзгерiстер мен толықтыруларды заң жобасын әзiрлеушi салыстырмалы кесте түрiнде қысқаша түйiнiмен Кеңсеге жiбередi, оларды Кеңсе осы өзгерiстер мен толықтырулар бойынша Үкiметтiң бiрыңғай ұстанымын анықтау үшiн Әдiлет, Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiктерiне, сондай-ақ басқа да мүдделi мемлекеттiк органдарға жiбередi.
70. Үкiмет енгiзген заңдардың жобаларын Парламентте ұсынушы өкiлеттi адамды (заң жобасы бойынша баяндама жасаушыны) ауыстыру қажет болған кезде Премьер-Министрдiң не оның қаралып отырған заң жобасы құзыретiне жататын орынбасарының қолымен Парламентке тиiстi хат жiберiледi.
71. Парламентте Үкiмет шешiмiнiң өтуiн бақылауды Үкiметтiң Парламенттегi Өкiлдiгi (бұдан әрi - Өкiлдiк) жүзеге асырады.
Өкiлдiк Премьер-Министрдi, оның орынбасарларын және Кеңсе Басшысын Үкiмет енгiзген заң жобаларының өтуi және Парламент қарайтын әрi Үкiметтiң қызметiне қатысы бар басқа да мәселелер туралы тұрақты түрде хабардар етiп отырады.
72. Үкiметтiң Парламенттен заң жобасын қайтарып алуы Үкiметтiң қаулысымен жүзеге асырылады, оның жобасын осы Регламентте белгiленген тәртiппен заң жобасын әзiрлеушi енгiзедi.
73. Парламент қабылдаған және Премьер-Министрге қолымен бекiтуге жiберiлетiн барлық заңдар бойынша заң жобасын әзiрлеушi мемлекеттiк орган (немесе оның құзыретiнiң күшiне орай) Әдiлет, Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiктерiмен келiсiм бойынша заң қабылданған күннен бастап үш күн мерзiмде қорытынды жасалады және Кеңсеге жiберiледi, онда мынадай:
1) Yкiмет бастамашылық жасаған заң жобасын Парламентте қарау кезiнде депутаттар енгiзген өзгерiстер мен толықтырулар туралы;
2) қабылданған заңда Қазақстан Республикасының Конституциясына, қолданыстағы заңнамалық кесiмдерге қайшылықтардың бар екендiгi туралы және оған байланысты қосымша қаржы шығыстары туралы;
3) заңды Премьер-Министрдiң қолымен бекiтудiң мүмкiндiгi туралы ақпарат айтылады. Осы тармақта көзделген рәсiмдердiң орындалуын бақылауды Кеңсе жүзеге асырады.
74. Жобаны әзiрлеушi мемлекеттiк орган (немесе оның құзыретiнiң күшiне орай) заңнамалық кесiм күшiне енген (қолданысқа енгiзiлген) күннен бастап 15 жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде Кеңсеге мыналарды:
1) қабылдануы осы заңнамалық кесiмге негiзделген нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу жөнiндегi жауапты орындаушы (жауапты орындаушылар) етiп мемлекеттiк органды (мемлекеттiк органдарды) белгiлеудi;
2) нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу мен енгiзудiң екi айдан аспауы тиiс және өкiмнiң жобасында қамтылатын өзге де тапсырмаларды орындаудың нақты мерзiмдерiн;
3) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың кесiмдерiн қабылдау және/немесе қабылданған заңнамалық кесiмге сәйкес келтiру туралы тапсырманы көздейтiн, белгiленген тәртiппен келiсiлген Премьер-Министр өкiмiнiң жобасын енгiзедi.
75. Бұған дейiн заңнамалық кесiммен реттелген қатынастар бойынша заң жобаларын әзiрлеу туралы ұсыныстар алдын ала Ведомствоаралық комиссияның отырысында, кейiннен Үкiметтiң мәжiлiсiнде қаралады.
8. Прокурорлық ден қою актiлерiн қарау кезiнде
орталық атқарушы органдардың өзара
iс-қимыл жасау тәртiбi
76. Yкiметтiң атына жiберiлген прокурорлық ден қою актiлерiн қарауды Премьер-Министрдiң немесе оның орынбасарының тапсырмасы бойынша прокурорлық ден қою актiсiнiң мәнiсi болған мәселелер құзыретiне енетiн мемлекеттiк орган жүзеге асырады. Әдiлет министрлiгi тиiстi мемлекеттiк органға құқықтық және консультациялық көмек көрсетедi.
77. Прокурорлық ден қою актiсiн қарау тапсырылған мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына (бұдан әрi - Бас прокуратура) Үкiмет жауабының жобасын және қажет болған жағдайда Yкiмет шешiмдерiнiң жобаларын дайындайды, прокурорлық ден қою актiсiнен туындайтын өзге де шараларды қабылдайды.
Жобаны әзiрлеушi мемлекеттiк орган Бас прокуратураға Үкiмет жауабының жобасын мiндеттi түрде Әдiлет министрлiгiмен, сондай-ақ прокурорлық ден қою актiсiн қарау туралы тапсырмада көрсетiлген өзге де мемлекеттiк органдармен келiседi.
Yкiмет жауабының жобасын келiсу тиiстi мемлекеттiк орган басшысының оған бұрыштама қоюы не ескертулер мен ұсыныстардың жоқтығы туралы хат жiберуi жолымен жүзеге асырылады.
78. Прокурорлық ден қою актiлерiне Үкiметтiң келiсiлген жауаптарының жобалары көрсетiлген актілерге жауап берудiң "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген мерзiмi аяқталғанға дейiн 5 күннен кешiктiрмей Кеңсеге ұсынылады.
9. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кесiмдерiн
жариялау тәртiбi
79. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына және мiндеттерiне қатысты Үкiметтiң кесiмдерi мiндеттi түрде ресми жариялануға тиiс.
80. Мемлекеттiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтерi бар Yкiмет кесiмдерi жариялануға жатпайды.
81. Үкiметтiң қаулылары Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi кесiмдерiнiң жинағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таратылатын және заңнамада белгiленген тәртiппен Үкiметтiң қаулыларын ресми жариялауды жүзеге асыру құқығын алған мерзiмдi баспа басылымдарында жарияланады және теледидар мен радио бойынша халыққа жария етiлуi мүмкiн.
Үкiмет қабылдайтын шешiмдер туралы ақпаратты тарату мақсатында Үкiметтiң Web-сайтын ақпараттық қамтамасыз ету және Internet (Интернет) ғаламдық желiсiн пайдалану жеке ережелермен регламенттеледi.
10. Орындалуын бақылау тәртiбi
82. Президент, Үкімет, Премьер-Министр кесiмдерiнiң, сондай-ақ Президенттiң, Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының және Президент Әкiмшiлiгi мен Кеңсе Басшыларының тапсырмалары бар құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру "Әкiмшiлiк рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына , "Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн дайындау, келiсу, қол қоюға ұсыну және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi мен тапсырмаларының орындалуын бақылау тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 2 қазандағы N 4097 Жарлығына , "Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 168 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулыққа, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
Көрсетiлген құжаттардың орындалуын бақылауды олардың орындалу барысы туралы Премьер-Министрдi жүйелi түрде хабардар ететiн Кеңсе жүзеге асырады.
83. Бақылау мынадай жолдармен:
1) қажеттi ақпаратты талап ету;
2) орындалуы туралы есептер мен баяндамаларды тыңдау және талқылау;
3) тексеру және құжаттамалық тексерiстiң өзге де нысандары;
4) жергiлiктi жерге барып тексеру;
5) заңнамаға қайшы келмейтiн басқа да тәсiлдер арқылы жүзеге асырылады.
Бақылау:
1) мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар қызметiнiң олардың алдына қойылған мiндеттерге сәйкестiгi;
2) толық әрі уақтылы орындалуы;
3) орындау кезiнде заңнама талаптарының сақталуы мәнiнде жүргізіледі.
84. Мынадай, оның iшiнде құпия құжаттар (бұдан әрi - бақылаудағы құжаттар) бақылауға алынады:
1) Үкiметке немесе оның басшылығына тапсырмалар берiлетiн Президенттiң кесiмдерi;
2) мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға тапсырмалары бap Үкiметтiң қаулылары, Үкiмет мәжілістерiнiң хаттамалары, Премьер-Министрдiң өкiмдерi;
3) Президенттiң Үкiметке немесе оның басшылығына, Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының, Президент Әкiмшiлiгi басшылығының және Кеңсе Басшысының не оны алмастырушы адамның орындау мерзiмi көрсетiлген немесе бақылауға алынғаны туралы нұсқаулары, "шұғыл", "баяндалсын", "ұсыныстар енгiзiлсiн" деген белгiлерi бар, сондай-ақ мазмұнынан оларды бақылауға қою қажеттiгi туындайтын тапсырмалары (оның iшiнде мәжілiстердiң хаттамаларында және iс-шаралардың жоспарларында қамтылатындары). Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының және оның орынбасарларының хаттамалық және өзге де тапсырмаларының нормативтiк құқықтық сипаты болмайды;
4) Парламент депутаттарының сауалдары, депутаттар бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкiметтiң қорытындысын беру өтiнiшiмен Парламент Палаталарының хаттары.
85. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың орындалуын бақылауды Сыртқы iстер министрлiгi жүзеге асырады.
86. Бақылаудағы құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуы үшiн жауапкершілік олар орындалуға жiберiлген мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшыларына жүктеледi.
87. Президент кесiмдерiнiң орындалуына жауапты мемлекеттiк органдар үш күн мерзiмде оларды iске асыру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының жоспарын жасайды.
88. Үкiмет пен Премьер-Министр кесiмдерiнiң орындалу мерзiмiн Премьер-Министр не оның нақты кесiмнiң орындалуын бақылау жүктелген орынбасары және Кеңсе Басшысы мемлекеттiк орган бiрiншi басшысының не оның мiндетiн атқарушы адамның белгiленген тәртiппен енгiзiлген жазбаша өтiнiшi негiзiнде ұзартуы мүмкін. Орындалу мерзiмiн екi реттен артық ұзартуға жол берiлмейдi.
Үкiмет пен Премьер-Министрдiң кесiмдерiн және тапсырмаларын бiрге орындаушы мемлекеттiк органдар, егер тиiсті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, оған белгіленген орындау мерзiмі аяқталғанға дейiн 3 күннен кешiктiрмей ұсыныстарды жинақтауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органға өз ұсыныстарын енгiзуге мiндеттi.
89. Бақылаудағы құжатты оған қол қойған немесе орындалуын бақылауды талап ететiн тапсырма берген лауазымды адам не оның міндетін атқарушы адам не оның тапсырмасы бойынша өзге адам бақылаудан алады.
Үкiметке қатысты Президент кесiмдерiн бақылаудан алу және олардың орындалу мерзiмiн ұзарту мәселелерiн Президент Әкiмшiлiгi қарайды.
90. Президенттiң жеке тапсырмаларын барлық мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар, егер Президент өзгеше белгiлемесе, екi аптадан аспайтын мерзiмде орындауы тиiс.
91. Президенттiң және Президент Әкiмшiлiгi басшылығының бақылаудағы тапсырмаларын оларға Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының қарарларымен бiрге орталық және жергілiктi атқарушы органдар, егер тапсырмаларда өзге мерзiм белгiленбесе Президент және/немесе Президент Әкiмшiлiгiнiң басшылығы тапсырған күннен бастап 25 күн мерзiмнен кешiктiрмей орындайды.
92. Үкiмет мәжілiстерiнiң хаттамаларында және Президентте, Yкiмет пен Кеңсе басшылығында өткен кеңестердiң хаттамаларында қамтылатын хаттамалық тапсырмалардың орындалу мерзiмдерi мәжiлiс (кеңес) өткен күннен бастап есептеледi. Егер мәжiлiсте (кеңесте) нақты тапсырманың орындалу мерзiмi аталған жағдайда, атына тапсырма берiлген және өкілдерi мәжіліске (кеңеске) қатысқан тиiстi мемлекеттiк органдар мәжiлiстен (кеңестен) кейiн, оларға мәжiлiс (кеңес) хаттамасының келiп түсуiн күтпестен, тапсырмаларды орындауға бiрден кiрiсуi тиiс.
Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының тапсырмалары, егер тапсырмаларда өзге мерзiм белгiленбесе, орындалуына жауапты мемлекеттiк органға түскен күнiнен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрмей, ал "шұғыл" немесе "жеделдетiңiз" деген белгiсi болған кезде - 10 күн мерзiмде орындалады.
Премьер-Министрдiң немесе оның орынбасарларының Парламент депутаттарының сауалдарына жауаптарды және Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына қорытындылардың жобаларын дайындау туралы тапсырмалары, егер тапсырмаларда өзге мерзiм белгiленбесе сауал (заң жобасы) Кеңседе тiркелген күнiнен бастап 25 күн мерзiмнен кешiктiрмей орындалады.
Егер Үкiметтiң, Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының хаттамалық тапсырмаларында және Үкiмет пен Премьер-Министрдiң кесiмдерiнде, сондай-ақ iс-шаралар жоспарларында нақты орындау мерзiмi көрсетілмесе және мазмұнынан олардың орындалуы ұзақ уақытты (тұрақты, бiр жыл iшiнде және т.с.с.) талап ететiнi туындаған не олардың мазмұнынан орындалу мерзiмi туралы бiр мәндi қорытынды жасау қиын болған жағдайда, сондай-ақ даулы жағдайларда, осындай тапсырмаларды бақылауға алу қажеттiгiн, оларды нақты орындау мерзiмiн белгiлеудi Кеңсе айқындайды және орындалуына жауапты мемлекеттiк органдарға жеткiзедi.
Егер тапсырманың белгiленген мерзiмде орындалуы мүмкiн болмаса, онда тапсырманың орындалуына жауапты мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы не оның мiндетiн атқарушы адам кешiктiрiлуiнiң себептерi туралы хабарлауға және белгiленген тәртiппен оның орындалу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiш жасауға тиiс. Тапсырманың орындалу мерзiмiн екi реттен артық ұзартуға жол берiлмейдi.
Бақылаудағы құжаттарды орындаудың белгiленген мерзiмiн бұзу немесе олардың сапасыз орындалуы тәртiптiк терiс қылық болып табылады. Бақылаудағы құжаттарды орындаудың мерзiмiн бұзу немесе сапасыз орындау фактiлерi бойынша орындалуына жауапты мемлекеттiк органдар бiрiншi басшыларының бұйрықтарымен Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiне тәртiптiк жаза қолдану ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 31 желтоқсандағы N 321 Жарлығымен белгіленген тәртiппен қызметтiк тексеру тағайындалады, оның нәтижесi бойынша кiнәлi лауазымды адамдар тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылады.
93. Бақылаудағы құжаттардың, оның iшiнде құпия құжаттардың орындалуына жауапты мемлекеттiк органдар Кеңсеге:
1) бақылаудағы құжаттарды орындаудың белгiленген мерзiмi аяқталғаннан кейiн әрбiр бақылаудағы құжаттың не оның нақты тармақтарының орындалуы туралы есеп;
2) есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 5-күнiне жазалау туралы бұйрықтың көшiрмесiн қоса бере отырып, орындаушылық тәртiптiң жай-күйi және бақылаудағы құжаттарды орындау мерзiмiнiң бұзылуына немесе олардың сапасыз орындалуына кiнәлi нақты лауазымды адамдарды жауапкершiлiкке тарту жөнiнде қабылданған шаралар туралы ақпарат ұсынады.
94. Мыналарды бақылаудан алу не орындау мерзiмiн өзгерту туралы шешiм қабылдау:
1) Президенттiң тапсырмаларын, оның iшiнде Президенттiң кесiмдерiнде, оның қатысуымен өтетiн кеңестердiң (мәжiлiстердiң) хаттамаларында және Президент немесе Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысы бекiткен iс-шаралар жоспарында қамтылатын тапсырмаларды - тиiсiнше Президенттiң немесе Президент Әкімшілігi Басшысының не оның міндетiн атқарушы адамның қарары бойынша;
2) Президент Әкiмшiлiгi басшылығының тапсырмаларын, оның iшiнде Президент Әкiмшiлiгiнiң басшылығында өтетiн мәжiлiстердiң хаттамаларында және ол бекіткен iс-шаралар жоспарында қамтылатын тапсырмаларды - Әкiмшiлiк Басшысының немесе тапсырма берген адамның қарары бойынша;
3) тапсырмаларды, оның iшiнде Үкiмет пен Премьер-Министрдiң кесiмдерiнде, Үкiмет мәжiлiстерiнiң және Премьер-Министрде өтетiн кеңестердiң хаттамаларында қамтылатын тапсырмаларды - Премьер-Министрдiң немесе Кеңсе Басшысының не оның мiндетiн атқарушы адамның қарары бойынша;
4) Премьер-Министр орынбасарларының тапсырмаларын, оның iшiнде олар өткiзген кеңестердiң хаттамаларында және олар бекіткен iс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмаларды - Премьер-Министрдiң тиiстi орынбасарының қарары бойынша;
5) Кеңсе Басшысының тапсырмаларын, оның iшiнде Кеңсе Басшысында өткен кеңестердiң хаттамаларында және ол бекiткен iс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмаларды - Кеңсе Басшысының не оның мiндетiн атқарушы адамның қарары бойынша;
6) Кеңсе Басшысы орынбасарларының тапсырмаларын - Кеңсе Басшысының тиiстi орынбасарының қарары бойынша жүзеге асырылады.
95. Бақылаудағы тапсырмалардың орындалуы туралы, оның iшiнде Кеңсеге олардың орындалуына жауапты мемлекеттiк органдар жiберетiн құпия сипаттағы есептерде белгiленген орындалу мерзiмi аяқталғаннан кейiн оларда мiндеттi түрде мыналар қамтылуы тиiс:
1) егер ақиқатты себептермен тапсырманың белгiленген мерзiмде орындалуы мүмкін болмаса, не жаңа нақты мерзiмiн көрсете отырып, орындалу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiш;
2) егер тапсырма толық көлемде орындалған болса, не бақылаудан алу туралы өтiнiш;
3) егер тиiстi кесiммен немесе тапсырмамен мерзiмдi ақпарат ұсыну көзделген болса, не құжаттың ақпарат беру тәртiбiмен енгiзiлiп отырғаны туралы жазба.
96. Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының iс-шаралар жоспарлары мен тапсырмаларының, оның iшiнде хаттамалық тапсырмаларының Yкiмет қаулыларының және Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын енгiзудi көздейтiн нақты тармақтарын бақылаудан алу үшiн тиiстi қаулы немесе өкiм қабылдау негiз болып табылады.
97. Премьер-Министрдiң орынбасарлары және Кеңсе Басшысы осы Регламент талаптарын, оның iшiнде бақылаудағы құжаттарды орындау тәртiбiн өрескел бұзу фактiлерi бойынша кiнәлi лауазымды адамдарды тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту жөнiнде Премьер-Министрге ұсыныстар енгiзуi мүмкiн.
11. Қорытынды ережелер
98. Премьер-Министрдiң орынбасарлары, Кеңсе Басшысы және оның орынбасарлары осы Регламент талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз етедi.
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1300 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған
кейбiр шешiмдерінiң
ТІЗБЕСІ
1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 6, 40-құжат).
2. "Қару-жарақтың, әскери өнiмнiң және екi ұдай мақсаттағы өнiмнiң экспорты-импорты жөнiндегi жекелеген мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 наурыздағы N 278 қаулысының 7-тармағы.
3. "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзитiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 қаулысы 2-тармағының 1) тармақшасы.
4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 21 қыркүйектегi N 1426 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 47, 435-құжат).
5. "Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесiн жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1917 қаулысының 5-тармағы.
6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қаңтардағы N 116 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 3, 42-құжат).
7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 наурыздағы N 386 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 15, 149-құжат).
8. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 20 сәуiрдегi N 611 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 20, 224-құжат).
9. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 шiлдедегi N 1068 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 29, 361-құжат).
10. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 25 маусымдағы N 856 қаулысы .
11. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 12 наурыздағы N 298 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 9, 74-құжат).
12. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 26 қыркүйектегi N 1055 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 32, 343-құжат).