Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы. 1999 жылғы 21 қыркүйек N 1426
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.12.10. N 1300 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 6, 40-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентiнде:
      23-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "және Кеңсеге енгiзедi" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын:
      "Бұл ретте әзiрлеушi түпкiлiктi нұсқасын дайындау процесінде мiндеттi түрде және толық көлемде мемлекеттiк органдардың өзi келiскен және заң техникасы бойынша ескертпелерiн жояды. Жобаның аталған нұсқасы виза қою жолымен мүдделi мемлекеттiк органдармен (жобаны келiсуден бас тартылған жағдайларды қоспағанда) келiсiледi және Кеңсеге ұсынылады.";
      екiншi абзацтағы "келiспеген жағдайда" деген сөздер "Бұл ретте әзiрлеушi ескертпелермен және ұсыныстармен келiспеген жағдайда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 40-1-тармақпен толықтырылсын:
      "40-1. Қазақстан Республикасының Парламентiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi енгiзген заңдардың жобасын ұсынушы уәкiлеттi тұлғаларға оларды қарау кезiнде заңның тұжырымдамасына құқықтық мазмұнын өзгертуге байланысты және мемлекеттiк кiрiстердi қысқартуды немесе мемлекеттiк шығыстарды арттыруды көздейтiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге Үкiметпен келiспестен келiсiм білдiруге тыйым салынады.
      Көрсетiлген өзгерiстер мен толықтыруларды қарау кезiнде Қазақстан Республикасының Парламентiнде тиiстi заң жобасын ұсынушы мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшылары дереу Премьер-Министрдің Кеңсесіне бұл өзгерістер мен толықтырулар туралы жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
      Қазақстан Республикасының Парламентінде тиісті заң жобасын ұсынатын мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Үкіметтің келісуінсіз көрсетілген негіздемелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуге келіскені үшін жауаптылықта болады.
      Парламентарийлер көрсетілген негіздемелер бойынша Үкіметпен келісілмеген өзгерістер мен толықтыруларды дауысқа салған жағдайда заң жобаларын ұсынушы тұлғалар Мәжілістің стенограммасында өзінің қарсылығын көрсетуді талап етуге және Премьер-Министрдің Кеңсесіне осы өзгерістер немесе толықтырулар туралы дереу хабарлауға міндетті.".
     2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі