Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы" 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ережені бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қарашадағы № 10

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 шілдедегі № 885 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен.

      2) "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 41, 454-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ереже мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. Заңдық сараптама жүргізу үшін Әділет министрлігіне келісуге жіберген кезде әзірлеуші мемлекеттік органның заң қызметінің басшысы (не оның міндетін атқарушы тұлға) заң жобаларын, Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтары мен Үкіметі қаулыларының жобалары көшірмелерінің әр парағына қол қояды.".

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов