Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 қыркүйектегі № 931 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 шiлдедегi № 563 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.07.2023 № 563 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 931 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін толықтырулар

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1) "Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің үлгі регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 546 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 15, 192-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігінің үлгі регламентінде:

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Мемлекеттік органдарға жіберілетін шығыс хат-хабарлар (оның ішінде электрондық құжат форматында) елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде ресімделеді (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы қоса беріледі).";

      15-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әкімдік мәжілісінде қабылданған шешімдерді аппараттың тиісті бөлімі мәжіліс аяқталған күннен бастап үш күн мерзімде хаттамамен елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде ресімдейді (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы қоса беріледі), оған аппарат басшысы бұрыштама қояды және мәжілісте төрағалық етуші қол қояды.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің үлгі регламентінде:

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Мемлекеттік органдарға жіберілетін шығыс хат-хабарлар (оның ішінде электрондық құжат форматында) елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде ресімделеді (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы қоса беріледі).";

      15-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әкімдік мәжілісінде қабылданған шешімдерді аппараттың тиісті бөлімі мәжіліс аяқталған күннен бастап үш күн мерзімде хаттамамен елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде ресімдейді (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы қоса беріледі), оған аппарат басшысы бұрыштама қояды және мәжілісте төрағалық етуші қол қояды.";

      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен.
      4) күші жойылды – ҚР Үкіметінің 14.03.2019 № 108 қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.03.2019 № 108; 02.06.2022 № 355 қаулыларымен.