Коллекторлық қызмет туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 6 мамырдағы № 62-VІ ҚРЗ.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.08.2024 № 52 (20.08.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Ақпарат берушiлердiң кредиттiк бюроларға ақпарат беру тәртiбiнiң шарттары мен ең төмен талаптары;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Кредиттiк тарих субъектiлерiнiң өздерi туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттік бюродан басқа адамдарға ол туралы кредиттiк есептi беруге келiсiмiн ресімдеу қағидалары;

      3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Кредиттiк есептi берудiң қағидалары мен шарттары.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.08.2024 № 52 (20.08.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісінің құрылымдық элементінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 27 наурыздағы
№ 53 қаулысына
1-қосымша

Ақпарат берушiлердiң кредиттiк бюроларға ақпарат беру тәртiбiнiң шарттары мен ең
төмен талаптары

      1. Осы Ақпарат берушiлердiң кредиттiк бюроларға ақпарат беру тәртiбiнiң шарттары мен ең төмен талаптары (бұдан әрі – Шарттар) "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзiрлендi және Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2), 3) және 3-1) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушiлердiң кредиттiк бюроларға ақпарат беру тәртiбiнiң шарттары мен ең төмен талаптарын айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.08.2024 № 52 (20.08.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Кpeдиттiк бюроларға ақпарат беру шарттары мен ең төмен талаптары мыналар болып табылады:

      1) ақпарат берушінің кредиттiк бюромен ақпарат беру туралы шарт жасасқан күннен кейiн екi күндiк мерзiмде жазбаша нысанда кредиттiк бюроға ақпарат беруге жауапты және (немесе) кредиттiк бюромен өзара әрекет етуге уәкiлеттi тұлғалар және оларды ауыстыратын тұлғалар (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, байланыс телефонының нөмірі) туралы ақпарат беруі;

      2)

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      01.10.2024 бастап қолданысқа енгізілетін - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.08.2024 № 52 (мәтін алып тасталды) қаулысымен.

      3) Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушінің өзінің кредиттік тарих субъектілерінің өздері туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) электрондық нысанда беруге алған келісімдерін есепке алуы;

      4) кредиттік тарих субъектісінің Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерге өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімінің болуы.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.08.2024 № 52 (20.08.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Кредиттік бюроның кредиттiк тарих дерекқорында жеке немесе заңды тұлғаның кредиттiк тарихы болмаған жағдайда, ақпарат берушi мынадай ақпаратты электрондық тасымалдағышта қалыптастырады және кредиттiк бюроларға ұсынады:

      жеке тұлға бойынша – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні және жері, заңды мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен күні (Қазақстан Республикасының бейрезиденті тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге дербес деректер);

      заңды тұлға бойынша – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе куәлікке сәйкес толық атауы, орналасқан жері, тіркеу нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген, оны заңды тұлға ретінде сәйкестендіретін өзге ақпарат).

      4. Ақпарат берушi мен кредиттiк бюроның арасында жасалатын ақпарат беру туралы шартта айқындаған өзге мәліметтерді ақпарат берушi кредиттiк бюроға оларды қалыптастыруына қарай Заңда белгіленген мерзімде ұсынады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 27 наурыздағы
№ 53 қаулысына
2-қосымша

Кредиттiк тарих субъектiлерiнiң өздерi туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттік бюродан басқа адамдарға ол туралы кредиттiк есептi беруге келiсiмiн ресімдеу қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.08.2024 № 52 (20.08.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Кредиттік тарих субъектілерінің өздері туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімін ресімдеу, кредиттік бюродан басқа адамдарға ол туралы кредиттік есепті беруге келісімін ресімдеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және кредиттік тарих субъектілерінің өздері туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) және кредиттік бюродан басқа адамдарға ол туралы кредиттік есепті беруге келісімдерін ресімдеу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.08.2024 № 52 (20.08.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қағидаларда Заңда айқындалған ұғымдар мен терминдер пайдаланылады.

      3. Кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімін және (немесе) кредиттік есепті алушыға кредиттік бюродан басқа адамдарға ол туралы кредиттік есепті беруге келісімін Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер және кредиттік есептерді алушылар Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасының талаптарына және құжаттарды сақтау тәртібін айқындайтын ішкі құжаттарға сәйкес сақтауға тиіс.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.08.2024 № 52 (20.08.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Кредиттік тарих субъектілерінің өздері туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімін ресімдеу тәртібі

      4. Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер ақпарат беруші мен кредиттік тарих субъектісінің арасында қарыз беру туралы шарт не өзге мәміле жасау кезінде кредиттік тарих субъектісінің ол туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімін (бұдан әрі – ақпарат беруге келісім) алады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.08.2024 № 52 (20.08.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Ақпарат беруге келісім еркін жазбаша нысанда қағаз тасымалдағышта не электрондық нысанда жасалады және онда мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) ақпарат беруге келісімді ресімдеу күні;

      2) кредиттік тарих субъектісі туралы мәліметтер:

      жеке тұлға бойынша – тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге дербес деректер;

      заңды тұлға бойынша – заңды тұлғаны бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген, оны заңды тұлға ретінде сәйкестендіретін өзге ақпарат;

      3) ақпарат беруші ақпарат беру туралы шарт жасасқан кредиттік бюроға өзі туралы ақпаратты беруге келіскені туралы белгі;

      4) ақпаратты беруге келісім қағаз тасымалдағышта ұсынылған жағдайда - жеке тұлға-кредиттік тарих субъектісінің немесе Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасына сәйкес ресімделген сенімхат негізінде әрекет ететін оның сенім білдірілген тұлғасының тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса) көрсете отырып қолтаңбасы, егер тұлға сенімхат негізінде заңды тұлғаның атынан әрекет ететін болса, сенімхаттың көшірмесі қоса беріліп, заңды тұлғаның атауын, сенімхаттың деректемелерін көрсете отырып, заңды тұлға-кредиттік тарих субъектісі ақпаратты беру келісіміне қол қоюға уәкілеттік берген тұлғаның қолтаңбасы;

      5) ақпаратты беру қағаз тасымалдағышта ресімделген жағдайда –ақпаратты беруге келісім алған ақпарат берушінің атауы, ақпаратты беруге келісім алған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы және қолтаңбасы.

      Ақпаратты беруге келісім электрондық нысанда ұсынылған жағдайда осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көзделген қолтаңбалардың болуы талап етілмейді.

      6. Ақпаратты беруге электрондық нысандағы келісім мына тәсілдердің біреуі:

      1) кредиттік тарих субъектісінің электрондық цифрлық қолтаңбасы;

      2) ақпарат беруші жасайтын және жеке тұлға-кредиттік тарих субъектісіне ақпарат берушінің ішкі құжаттарында белгіленген, мыналарды қамтитын:

      біржолғы кодты берудің пайдаланылатын арнасы үшінші тұлғалардың ақпаратты ұстап қалуынан қорғауды қамтамасыз ететін;

      кодтарды генерациялау алгоритмі үшінші тұлғаларға арналған әрбір жаңа кодтың болжауға келмейтіндігін қамтамасыз ететін;

      код бір реттен артық пайдаланылмайтын;

      рұқсаттың әрбір сұратуы мен жауап нәтижесі туралы тұтастықты бақылаумен ақпараттың сақталуы қамтамасыз етілетін (сұратудың нақты уақыты, сұратудағы кредиттік тарих субъектісінің бірегей сәйкестендіргіші, сұратуда берілген код, кредиттік тарих субъектісінен алынатын жауаптың дәл уақыты, жауаптағы кредиттік тарих субъектісінің бірегей сәйкестендіргіші, кредиттік тарих субъектісі қайтарған код, кредиттік тарих субъектісі туралы деректерді ұсыну және (немесе) алу туралы ақпараттың кредиттік тарих субъектісінен рұқсат сұрату және алынған жауап туралы ақпаратпен дәлме-дәл сәйкес келуі) қауіпсіздік рәсімдеріне сәйкес жіберілетін біржолғы кодты қолдана отырып, екі факторлық бірдейлендіру арқылы расталады.

      Ақпаратты жеткізушінің қауіпсіздік рәсімдеріне ақпаратты жеткізушінің ішкі қағидаларында белгіленген қосымша талаптарды енгізуіне жол беріледі.

3-тарау. Кредиттік бюродан кредиттік есепті беруге келісімді ресімдеу тәртібі

      7. Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер кредиттік тарих субъектісінің кредиттік бюродан кредиттік есепті беруге келісімін (бұдан әрі – кредиттік есепті беруге келісім) қарыз беру туралы шарт жасасуға өтінішті не ақпарат беруші мен кредит тарихының субъектісі арасында өзге де мәмілені қарау кезінде алады.

      Кредиттік есепті беруге келісім кредиттік тарих субъектісінің қарыз беру туралы шарт не ақпарат беруші мен кредиттік тарих субъектісі арасында өзге де мәміле жасасуға арналған өтініші шеңберінде ресімделеді және осы өтініш негізінде жасалған, кредиттік тарих субъектісінің ақпарат беруші алдында ақшалай міндеттемелері туындайтын қарыз беру туралы шарттың немесе ақпарат беруші мен кредиттік тарих субъектісі арасындағы өзге де мәміленің қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.08.2024 № 52 (20.08.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Кредиттік есепті беруге келісім еркін жазбаша нысанда қағаз тасымалдағышта не электрондық нысанда жасалады және онда мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) кредиттік есепті беруге келісімді ресімдеу күні;

      2) кредиттік тарих субъектісі туралы мәліметтер:

      жеке тұлға бойынша – тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге дербес деректер;

      заңды тұлға бойынша – заңды тұлғаны бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген, оны заңды тұлға ретінде сәйкестендіретін өзге ақпарат;

      3) болашақта түсетін деректерді қоса алғанда, кредиттік есепті беруге келіскені туралы белгі;

      4) кредиттік есепті беруге келісім қағаз тасымалдағышта ұсынылған жағдайда - жеке тұлға-кредиттік тарих субъектісінің немесе Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасына сәйкес ресімделген сенімхат негізінде әрекет ететін оның сенім білдірілген тұлғасының тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса) көрсете отырып қолтаңбасы, егер тұлға сенімхат негізінде заңды тұлғаның атынан әрекет ететін болса, сенімхаттың көшірмесі қоса беріліп, заңды тұлғаның атауын, сенімхаттың деректемелерін көрсете отырып, заңды тұлға-кредиттік тарих субъектісі кредиттік есепті беру келісіміне қол қоюға уәкілеттік берген тұлғаның қолтаңбасы;

      5) кредиттік есепті беруге келісім қағаз тасымалдағышта қабылданған жағдайда – кредиттік есепті беруге келісім алған ақпарат алушының атауы, кредиттік есепті беруге келісім алған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы және қолтаңбасы.

      Кредиттік есепті беруге келісім электрондық нысанда ұсынылған жағдайда осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көзделген қолтаңбалардың болуы талап етілмейді.

      9. Кредиттік есепті беруге электрондық нысандағы келісім мына тәсілдердің біреуі:

      1) кредиттік тарих субъектісінің электрондық цифрлық қолтаңбасы;

      2) ақпарат беруші жасайтын және жеке тұлға-кредиттік тарих субъектісіне ақпарат берушінің ішкі құжаттарында белгіленген, мыналарды қамтитын:

      біржолғы кодты берудің пайдаланылатын арнасы үшінші тұлғалардың ақпаратты ұстап қалуынан қорғауды қамтамасыз ететін;

      кодтарды генерациялау алгоритмі үшінші тұлғаларға арналған әрбір жаңа кодтың болжауға келмейтіндігін қамтамасыз ететін;

      код бір реттен артық пайдаланылмайтын;

      рұқсаттың әрбір сұратуы мен жауап нәтижесі туралы тұтастықты бақылаумен ақпараттың сақталуы қамтамасыз етілетін (сұратудың нақты уақыты, сұратудағы кредиттік тарих субъектісінің бірегей сәйкестендіргіші, сұратуда берілген код, кредиттік тарих субъектісінен алынатын жауаптың дәл уақыты, жауаптағы кредиттік тарих субъектісінің бірегей сәйкестендіргіші, кредиттік тарих субъектісі қайтарған код, кредиттік тарих субъектісі туралы деректерді ұсыну және (немесе) алу туралы ақпараттың рұқсат сұрату және кредиттік тарих субъектісінен алынған жауап туралы ақпаратпен дәлме-дәл сәйкес келуі) қауіпсіздік рәсімдеріне сәйкес жіберілетін біржолғы кодты қолдана отырып, екі факторлық бірдейлендіру арқылы расталады.

      Ақпаратты жеткізушінің қауіпсіздік рәсімдеріне ақпаратты жеткізушінің ішкі қағидаларында белгіленген қосымша талаптарды енгізуіне жол беріледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 27 наурыздағы
№ 53 қаулысына
3-қосымша

Кредиттiк есептi берудiң қағидалары мен шарттары

      1.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      01.10.2024 бастап қолданысқа енгізілетін - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.08.2024 № 52 (мәтін алып тасталды) қаулысымен.

      2. Заңның 24-бабында көрсетілген ақпарат қамтылған кредиттік есепті Заңның 29-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша кредиттік бюро оны алуға құқығы бар кредиттік есепті алушыға осы қаулымен бекітілген Кредиттік тарих субъектілерінің өздері туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімін ресімдеу, кредиттік бюродан кредиттік есепті беруге келісімін ресімдеу қағидаларының 8-тармағына сәйкес ресімделген кредиттік тарих субъектісінің кредиттік бюродан кредиттік есепті беруге келісімі болған жағдайда электрондық немесе қағаз тасымалдағышта береді.

      Күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімін өткізуге жол берілген кредит (банктік қарыз немесе микрокредит) бойынша кредиттік есепті берген кезде кредиттік бюро кредиттік тарих субъектісі (жеке тұлға) кредитті өтегеннен кейін күнтізбелік 12 (он екі) ай өткен және көрсетілген кезең ішінде кредиттер бойынша күнтізбелік 30 (отыз) күннен астам мерзімде мерзімін өткізуге жол бермеген күннен кейінгі күнгі жағдай бойынша кредиттік есепте кредиттің "оңалтылды" деген мәртебесін көрсетуді қамтамасыз етеді.

      Кредиттік есепте ол бойынша соңғы ақпарат Заңның 14-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімнен ерте алынған кредит бойынша ақпарат көрсетілмейді.

      Кредиттік есепте:

      1) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның, коллекторлық агенттіктің берешекті кешіруін;

      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаражатының есебінен берешектің өтелуін (ішінара өтелуін);

      3) республикалық және (немесе) жергілікті бюджет қаражатының есебінен берешектің өтелуін (ішінара өтелуін);

      4) өзге де көздерді қоса алғанда, кредит бойынша қарыз алушы-жеке тұлғаның берешекті өтеу көздері туралы ақпарат көрсетіледі.

      Екінші деңгейдегі банктер кредиттік есепте қарыз алушы-жеке тұлғаның ойын бизнесін ұйымдастырушының пайдасына төлемдер жүргізу фактілері туралы ақпаратты аяқталған соңғы 6 (алты) айдағы төлемдердің сомасы мен жүргізу күнін көрсете отырып көрсетеді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.12.2023 № 101 (01.04.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2-1. Кредиттік есепте нақты уақыт режимінде кредиттік тарих субъектісі – жеке тұлғаның банктік қарыздар және (немесе) микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуын белгілеу не оны алып тастау туралы ақпарат көрсетіледі.

      Ескерту. Қағидалар 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 29.03.2024 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.08.2024 № 52 (20.08.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      3. Кредиттік бюро кредиттiк бюроға сауал келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде кредиттiк есептi алушыға кредиттік есепті ұсынады.

      4. Кредиттік есеп кредиттік тарихта қамтылатын ақпаратты толық немесе ішінара беру нысанында ұсынылады. Кредиттік есептерде қамтылатын ақпараттың көлемі Заңның 1-бабының 8) тармақшасына сәйкес жасалатын кредиттік есептерді алу туралы шартпен айқындалады.

      5. Егер алушыға берілген кредиттік есепте кредиттік бюро қызметкерлерінің әрекеті немесе әрекетсіздігі салдарынан ақпарат берушілер кредиттік бюроға берген ақпаратқа сәйкес келмейтін ақпарат болса, кредиттік тарих субъектісі өзі туралы кредиттік есепті күнтізбелік жыл ішінде бір рет тегін алады.

      Ақпарат берушінің кредиттік бюро берген кредиттік есептің сәйкес келмеу фактісін растауы қажет болған жағдайда, кредиттік есепті алушыға және кредиттік тарих субъектісіне түзетілген кредиттік есепті ұсыну мерзімін есептеу кредиттік бюроның ақпарат берушіден тиісті ақпарат алған сәттен бастап жүзеге асырылады.

      6. Егер кредиттік есепті беру туралы сауал Заңның 29-бабының 1, 3, 4-тармақтарында көзделген талаптар бұзыла отырып жасалған болса, кредиттік бюро кредиттік есепті беруден бас тартады.

      7. Тізбесі Заңның 20-бабының 1-тармағында айқындалған адамдар кредиттік есепті алушылар болып табылады. Кредиттік есеп Заңның 20-бабының 1-тармағында көрсетілмеген тұлғаларға берілмейді.

      8. Ақпарат берушi кредиттiк бюроларға кредиттiк тарих субъектiлерi туралы сауалдарды электрондық нысанда есепке алуды жүргізеді.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 27 наурыздағы
№ 53 қаулысына
4-қосымша

Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық
актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісінің
құрылымдық элементінің тізбесі

      1. "Ақпарат жеткiзушiлердiң ақпаратты беру тәртiбiне қойылатын шарттар мен ең төменгi талаптар туралы, кредиттiк тарих субъектiлерiнiң олар туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттiк есептi беруге келiсiмдi ресiмдеу тәртiбi туралы және кредиттiк есеп беру шарттары мен тәртiбi туралы ереженi бекiту жөнiнде" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы № 250 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3113 тіркелген, 2005 жылғы маусымда Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде № 15 жарияланған, 109-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Ақпарат жеткізушілердің ақпаратты беру тәртібіне қойылатын шарттар мен ең төменгі талаптар туралы, кредиттік тарих субъектілерінің олар туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге келісімін ресімдеу, кредиттік есепті беруге келісімді ресімдеу тәртібі туралы және кредиттік есеп беру шарттары мен тәртібі туралы ережені бекіту жөнінде" 2004 жылғы 21 тамыздағы № 250 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы № 102 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3616 тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Ақпарат жеткізушілердің ақпаратты беру тәртібіне қойылатын шарттар мен ең төменгі талаптар туралы, кредиттік тарих субъектілерінің олар туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге келісімін ресімдеу, кредиттік есепті беруге келісімді ресімдеу тәртібі туралы және кредиттік есеп беру шарттары мен тәртібі туралы ережені бекіту жөнінде" 2004 жылғы 21 тамыздағы № 250 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 23 ақпандағы № 38 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4598 тіркелген, 2007 жылғы 25 сәуірде "Заң газеті" газетінде № 62 (1091) жарияланған).

      4. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 110 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8505 тіркелген, 2013 жылғы 6 тамызда "Заң газеті" газетінде № 115 (2316) жарияланған) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 6-тармағы.