Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң жинағында жариялануға тиiс |
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жалпыұлттық жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Қазақстан халқына Жолдауының ережелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүйелi негiзде жүргiзудi қамтамасыз етсiн;
2) есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 847 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі ЖАЛПЫҰЛТТЫҚІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
Ескерту. Жоспарға өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 13.04.2023 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
Р/с № | Іс-шараның атауы | Аяқтау нысаны | Жауапты орындаушылар | Орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
I. Президенттің өкілеттіктері туралы | ||||
1. |
Мыналарды заңнамада бекіту: | Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасыҚазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының ЗаңыҚазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы, Қазақстан Республикасы Заңының жобасыҚазақстан Республикасының Конституңиялық заңы, Қазақстан Республикасының Заңы |
Президент Әкімшілігі, Үкімет |
2022 жылғы сәуір |
2. | Қазақстан Республикасының заңнамасына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағалары мен мүшелерінің міндетті түрде партиядан шығуы туралы ережені енгізу |
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
Президент Әкімшілігі, Үкімет |
2022 жылғы сәуір |
3. | Әкімдер мен олардың орынбасарларының саяси партиялар филиалдарында лауазымдар атқаруына заң жүзінде тыйым салу |
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | Үкімет |
2022 жылғы тамыз |
II. Өкілді билік тармағын қайта құру | ||||
4. |
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатын жасақтау тәртібі мен оның бірқатар функцияларын қайта қарау, оның ішінде: |
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
Президент Әкімшілігі, Үкімет |
2022 жылғы сәуір |
5. |
Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасын жою арқылы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі депутаттық орындардың санын қысқарту. |
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
Президент Әкімшілігі, Үкімет |
2022 жылғы маусым |
6. |
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Жоғары аудиторлық палата төрағасының есептерін жылына екі рет тындау құқығын бере отырып, республикалық бюджеттің атқарылу сапасына парламенттік бақылауды күшейту. |
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
Президент Әкімшілігі, Үкімет |
2022 жылғы сәуір |
7. | Қазақстан Республикасының заңнамасына Қазақстан Республикасы Президентінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің лауазымдарына кем дегенде екі кандидатураны баламалы негізде енгізу құқығын регламенттейтін түзетулерді әзірлеу, сондай-ақ мәслихат төрағасы лауазымын енгізу |
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | Үкімет |
2022 жылғы тамыз |
III. Сайлау жүйесін жетілдіру | ||||
8. |
Мажоритарлық жүйе бойынша сайланған депутаттар үшін императивті мандат енгізе отырып, азаматтарға сайлану мүмкіндігін беретін аралас сайлау жүйесіне көіпу: |
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
Президент Әкімшілігі, Үкімет |
2022 жылғы сәуір |
IV. Партиялық жүйе үшін мүмкіндіктерді кеңейту | ||||
9. |
Саяси партияларды тіркеу рәсімін жеңілдету, оның ішінде: саяси партияларды тіркеу үшін сан шегін 20 мыңнан 5 мың мүшеге дейін азайту; |
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | Үкімет |
2022 жылғы тамыз |
V. Сайлау процесін жаңғырту | ||||
10. |
Сайлау процесін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау, оның ішінде: тиісті регламенттер пен қағидаларды бекіте отырып, сайлау алдындағы үгіттеу кезеңінде әлеуметтік желілерде үгіт жүргізуге рұқсат беру; |
Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы | Үкімет, ОСК, ҰҚК, ҚМА |
2022 жылғы тамыз |
11. | Екі рет дауыс беру ықтималдығын болдырмау, сондай-ақ кез келген учаскеде дауыс бере алу мақсатында сайлаушылардың бірыңғай электрондық базасын құрудың орындылығын қарау | Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | Үкімет, ОСК | 2022 жылғы тамыз |
12. | Сайлау процесін ұйымдастырудың, сондай-ақ дауыс берудің баламалы нысандарын, оның ішінде электрондық, мерзімінен бұрын, қашықтан, көп күндік дауыс беруді пайдаланудың әлемдік үздік тәжірибесін зерделеу | Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | Үкімет, ОСК | 2022 жылғы тамыз |
VI. Құқық қорғау институттарын күшейту | ||||
13. | Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотын құру, оған азаматтардың, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің де азаматтардың конституциялық құқықтарын тікелей қозғайтын мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі туралы жүгінуіне мүмкіндік беру |
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
Президент Әкімшілігі, Үкімет |
2022 жылғы сәуір |
14. | Қазақстан Республикасының Конституциясында өлім жазасын жою туралы шешімді бекіту |
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | Президент Әкімшілігі, Үкімет |
2022 жылғы сәуір |
15. | Азаптау туралы істер бойынша прокуратура органдарының айрықша тергеулігін белгілеу | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | БП, Үкімет | 2022 жылғы маусым |
16. | Қоғамдағы зорлық-зомбылық деңгейін төмендету үшін, оның ішінде әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа жазаны қатаңдату қажеттігі мәселесін пысықтай отырып, жүйелі шаралар қабылдау | Президент Әкімшілігіне ақпарат | БП, Үкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері | 2022 жылғы мамыр |
17. | "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары женіндегі уәкіл туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
Президент Әкімшілігі, Үкімет |
2022 жылғы сәуір |
18. | "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
Президент Әкімшілігі, Үкімет |
2022 жылғы сәуір |
19. | "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, БП, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері | 2023 жылғы 10 шілдеге дейін, тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін |
20. | Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің конкурстық рәсімдерінен онлайн-трансляциясын жасауды және олардың қорытындылары бойынша егжей-тегжейлі, дәлелді түсіндірмелер жариялауды енгізу |
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | ЖСК, Үкімет |
2022 жылғы тамыз |
21. | Сот алқабилерінің қатысуымен қарайтын істердің санатын кеңейту |
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | ЖС, БП, Үкімет |
2022 жылғы тамыз |
VII. Бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайту | ||||
22. | Мемлекеттің мүддесін, қоғамның сұранысын және медиасаланың даму үрдістерін ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды қайта қарау |
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | Үкімет |
2022 жылғы желтоқсан |
23. | Мемлекеттің азаматтық қоғаммен өзара іс- қимылын күшейту бойынша қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардың реформаларды дайындау мен іске асыруға, оның ішінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобаларын ашық талқылау арқылы кеңінен тартылуына бағытталған тәсілдерді тұжырымдау | Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | СЖРА, Үкімет | 2022 жылғы сәуір |
24. | Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысын жалпыұлттық деңгейде жалғастыру үшін Ұлттық құрылтай құру | Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы | Үкімет | 2022 жылғы сәуір |
VIII. Елдің әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру | ||||
25. | Әкімшілік орталығы Семей қаласында болатын Абай облысын құру | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | Үкімет, Шығыс Қазақстан облысының әкімі | 2022 жылғы маусым |
26. | Бұрынғы Жезқазған облысының аумағында әкімшілік орталығы Жезқазған қаласында болатын Ұлытау облысын құру | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | Үкімет, Қарағанды Облысының әкімі | 2022 жылғы маусым |
27. | Алматы облысын әкімшілік орталығы Талдықорған қаласында болатын Жетісу облысына және әкімшілік орталығы Қапшағай қаласында болатын Алматы облысына бөлу | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | Үкімет, Алматы облысының әкімі | 2022 жылғы маусым |
28. | Қапшағай қаласының атауын өзгерту мәселесін халықтың пікірін ескере отырып пысықтау | Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | Үкімет, Алматы облысының әкімі | 2022 жылғы сәуір |
29. | Халықтың санын ескере отырып, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің аппараттарындағы мемлекеттік қызметшілерді оңтайландыру, оның ішінде әкімдер орынбасарларының үшеуден аспайтын (айрықша жағдайларда әкімдер орынбасарларының төртеуден аспайтын) лимитін белгілеу | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Үкімет, МҚІА | 2022 жылғы шілде |
IX. Жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру | ||||
30. |
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы" әзірленіп жатқан Қазақстан Республикасы Заңының жобасында мыналарды көздеу: | Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | Үкімет | 2022 жылғы маусым |
31. | Жергілікті өзін-өзі басқарудың еуропалық партиясын Қазақстанның ратификациялауы мәселесін пысықтау | Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | Үкімет | 2022 жылғы маусым |
X. Дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шаралар туралы | ||||
32. |
Дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шаралардың кешенді топтамасын шұғыл түрде іске асыру, оның ішінде мыналар көзделеді: ұлттық валютаның орнықтылығын қамтамасыз ету, ірі институционалдық ойыншылардың шетел валютасының ұсынылуын қамтамасыз ете отырып, оны сатып алуды өздерінің шарттық міндеттемелерін орындау аясында ғана жүзеге асыруы; | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, ҰБ, ҚНРДА | 2022 жылғы сәуір |
33. | Егін егу науқанын сапалы жүргізуді қамтамасыз ету, оның ішінде фермерлерге жанар-жағармай материалдарының қажетті жеңілдікті көлемін бөлу, ауыл шаруашылығы техникасының дайындығын, тұқым мен тыңайтқыш қорларын тексеру | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, облыстардың әкімдері | 2022 жылғы 10 маусым |
34. | Азық-түліктің тапшылығы мен бағасының өсуін болғызбау бойынша шаралар қабылдау, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін мемлекеттік тұрақтандыру қорларына форвардтық сатып алуды жүзеге асыру | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері | 2022 жылғы сәуір, маусым |
35. | Туындайтын әлеуметтік-экономикалық тәуекелдер мен сын-қатерлерге байланысты отандық бизнестің проблемаларына Ахуалдық орталық режимінде жылдам ден қою тәсілдерін Дағдарысқа қарсы шаралар жәніндегі жедел штабтың аясында тұжырымдау | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, Нүр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері | 2022 жылғы сәуір |
36. | Саяси жаңғыру стратегиясын ескере отырып, экономика мен мемлекеттік басқарудағы жаңа құрылымдық реформалар топтамасын дайындау | Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | СЖРА, Үкімет, ҰБ, МҚІА, БҚДА | 2022 жылғы шілде |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: | ||
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл | - | Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл |
БҚДА | - | Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі |
БП | - | Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы |
ЕК | - | Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті |
ЖС | - | Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты |
ЖСК | - | Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі |
КК | - | Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі |
ҚМА | - | Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі |
ҚНРДА | - | Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі |
МҚІА | - | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі |
ОСК | - | Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы |
Президент Әкімшілігі | - | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі |
СЖРА | - | Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі |
Үкімет | - | Қазақстан Республикасының Үкіметі |
ҰБ | - | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі |
ҰҚК | - | Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті |
ІІМ | - | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі |
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпы Ұттық іс-шаралар жоспарының орындалуын БАҚЫЛАУДЫ БЕКІТУ
Р/с № | Іс-шараның атауы | Аяқтау нысаны | Жауапты орындаушылар | Орындау мерзімі |
Орындау |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
I. Президенттің өкілеттіктері туралы | |||||
1. |
Мыналарды заңнамада бекіту: |
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
Президент Әкімшілігі, Үкімет |
2022 жылғы сәуір |
МҚБ, ІСБ, МБАҰЖБ, МББ, МҚКСБ |
2. | Қазақстан Республикасының заңнамасына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағалары мен мүшелерінің міндетті түрде партиядан шығуы туралы ережені енгізу |
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
Президент Әкімшілігі, Үкімет |
2022 жылғы сәуір |
МҚБ, ІСБ, МБАҰЖБ, МББ |
3. | Әкімдер мен олардың орынбасарларының саяси партиялар филиалдарында лауазымдар атқаруына заң жүзінде тыйым салу |
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | Үкімет |
2022 жылғы тамыз | МБАҰЖБ, ІСБ, МББ, МҚБ |
II. Өкілді билік тармағын қайта құру | |||||
4. |
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатын жасақтау тәртібі мен оның бірқатар функцияларын қайта қарау, оның ішінде: |
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
Президент Әкімшілігі, Үкімет |
2022 жылғы сәуір |
МҚБ, ІСБ, МБАҰЖБ, МББ, ҚХАХ, МҚКСБ |
5. |
Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасын жою арқылы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі депутаттық орындардың санын қысқарту. |
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
Президент Әкімшілігі, Үкімет |
2022 жылғы маусым |
МҚБ, ІСБ, МБАҰЖБ, МБҚҚХАХ |
6. |
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Жоғары аудиторлық палата төрағасының есептерін жылына екі рет тындау құқығын бере отырып, республикалық бюджеттің атқарылу сапасына парламенттік бақылауды күшейту. |
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
Президент Әкімшілігі, Үкімет |
2022 жылғы сәуір |
МҚБ, ІСБ, МБАҰЖБ, МББ, МҚКСБ |
7. | Қазақстан Республикасының заңнамасына Қазақстан Республикасы Президентінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің лауазымдарына кем дегенде екі кандидатураны баламалы негізде енгізу құқығын регламенттейтін түзетулерді әзірлеу, сондай-ақ мәслихат төрағасы лауазымын енгізу |
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | Үкімет |
2022 жылғы тамыз | МБАҰЖБ, ІСБ, МББ, МҚБ, МҚКСБ |
III. Сайлау жүйесін жетілдіру | |||||
8. |
Мажоритарлық жүйе бойынша сайланған депутаттар үшін императивті мандат енгізе отырып, азаматтарға сайлану мүмкіндігін беретін аралас сайлау жүйесіне көшу: |
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
Президент Әкімшілігі, Үкімет |
2022 жылғы сәуір |
МҚБ, ІСБ, МБАҰЖБ, МББ |
IV. Партиялық жүйе үшін мүмкіндіктерді кеңейту | |||||
9. |
Саяси партияларды тіркеу рәсімін жеңілдету, оның ішінде: саяси партияларды тіркеу үшін сан шегін 20 мыңнан 5 мың мүшеге дейін азайту; |
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | Үкімет |
2022 жылғы тамыз | |
V. Сайлау процесін жаңғырту | |||||
10. |
Сайлау процесін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау, оның ішінде: тиісті регламенттер пен қағидаларды бекіте отырып, сайлау алдындағы үгіттеу кезеңінде әлеуметтік желілерде үгіт жүргізуге рұқсат беру; |
Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы |
Үкімет, ОСК, ҰҚК, |
2022 жылғы тамыз | МБАҰЖБ, ІСБ, МББ, МҚБ |
11. | Екі рет дауыс беру ықтималдығын болдырмау, сондай-ақ кез келген учаскеде дауыс бере алу мақсатында сайлаушылардың бірыңғай электрондық базасын құрудың орындылығын қарау | Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | Үкімет, ОСК | 2022 жылғы тамыз | МБАҰЖБ, ІСБ, МББ, МҚБ |
12. | Сайлау процесін ұйымдастырудың, сондай-ақ дауыс берудің баламалы нысандарын, оның ішінде электрондық, мерзімінен бұрын, қашықтан, көп күндік дауыс беруді пайдаланудың әлемдік үздік тәжірибесін зерделеу | Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | Үкімет, ОСК | 2022 жылғы тамыз | МБАҰЖБ, ІСБ, МББ, МҚБ |
VI. Құқық қорғау институттарын күшейту | |||||
13. | Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотын құру, оған азаматтардың, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің де азаматтардың конституциялық құқықтарын тікелей қозғайтын мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі туралы жүгінуіне мүмкіндік беру |
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
Президент Әкімшілігі, Үкімет |
2022 жылғы сәуір |
МҚБ, ІСБ, МБАҰЖБ, ҚКҚҚЖБ, ҚҚТБ, МББ, МҚКСБ |
14. | Қазақстан Республикасының Конституциясында өлім жазасын жою туралы шешімді бекіту |
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | Президент Әкімшілігі, Үкімет |
2022 жылғы сәуір | МҚБ, ІСБ, ҚК ҚҚЖБ, ҚҚТБ, МББ |
15. | Азаптау туралы істер бойынша прокуратура органдарының айрықша тергеулігін белгілеу | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | БП, Үкімет | 2022 жылғы маусым | МҚБ, ҚҚТБ, ҚК ҚҚЖБ |
16. | Қоғамдағы зорлық-зомбылық деңгейін төмендету үшін, оның ішінде әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа жазаны қатаңдату қажеттігі мәселесін пысықтай отырып, жүйелі шаралар қабылдау | Президент Әкімшілігіне ақпарат | БП, Үкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері | 2022 жылғы мамыр | ҚК ҚҚЖБ, ҚҚТБ, ІСБ |
17. | "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары женіндегі уәкіл туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Конституциясына езгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
Президент Әкімшілігі, Үкімет |
2022 жылғы сәуір |
МҚБ, ІСБ, МБАҰЖБ, ҚК ҚҚЖБ, ҚҚТБ, МББ, ҚХАХ, МҚКСБ |
18. | "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
Президент Әкімшілігі, Үкімет |
2022 жылғы сәуір |
МҚБ, ҚК ҚҚЖБ, ҚҚТБ, МББ |
19. | "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, БП, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері | 2023 жылғы 10 шілдеге дейін, тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін | ҚК ҚҚЖБ, ІСБ, ҚҚТБ |
20. | Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің конкурстық рәсімдерінен онлайн-трансляциясын жасауды жэне олардың қорытындылары бойынша егжей-тегжейлі, дәлелді түсіндірмелер жариялауды енгізу |
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | ЖСК, Үкімет |
2022 жылғы тамыз | МҚБ |
21. | Сот алқабилерінің қатысуымен қарайтын істердің санатын кеңейту |
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | ЖС, БП, Үкімет |
2022 жылғы тамыз | МҚБ |
VII. Бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайту | |||||
22. | Мемлекеттің мүдцесін, қоғамның сұранысын және медиасаланың даму үрдістерін ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды қайта қарау |
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | Үкімет |
2022 жылғы желтоқсан | ІСБ, МББ, МҚБ |
23. | Мемлекеттің азаматтық қоғаммен өзара іс- қимылын күшейту бойынша қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардың реформаларды дайындау мен іске асыруға, оның ішінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобаларын ашық талқылау арқылы кеңінен тартылуына бағытталған тәсілдерді тұжырымдау | Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | СЖРА, Үкімет | 2022 жылғы сәуір | СЖБ, ІСБ |
24. | Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысын жалпыұлттық деңгейде жалғастыру үшін Ұлттық құрылтай құру | Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы | Үкімет | 2022 жылғы сәуір | ІСБ |
VIII. Елдің әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру | |||||
25. | Әкімшілік орталығы Семей қаласында болатын Абай облысын құру | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | Үкімет, Шығыс Қазақстан облысының әкімі | 2022 жылғы маусым | МБАҰЖБ, МББ, МҚКСБ |
26. | Бұрынғы Жезқазған облысының аумағында әкімшілік орталығы Жезқазған қаласында болатын Ұлытау облысын құру | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | Үкімет, Қарағанды Облысының әкімі | 2022 жылғы маусым | МБАҰЖБ, МББ, МҚКСБ |
27. | Алматы облысын әкімшілік орталығы Талдықорған қаласында болатын Жетісу облысына және әкімшілік орталығы Қапшағай қаласында болатын Алматы облысына бөлу | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | Үкімет, Алматы облысының әкімі | 2022 жылғы маусым | МБАҰЖБ, МББ, МҚКСБ |
28. | Қапшағай қаласының атауын өзгерту мәселесін халықтың пікірін ескере отырып пысықтау | Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | Үкімет, Алматы облысының экімі | 2022 жылғы сәуір | МБАҰЖБ, ІСБ |
29. | Халықтың санын ескере отырып, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің аппараттарындағы мемлекеттік қызметшілерді оңтайландыру, оның ішінде әкімдер орынбасарларының үшеуден аспайтын (айрықша жағдайларда әкімдер орынбасарларының төртеуден аспайтын) лимитін белгілеу | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Үкімет, МҚІА | 2022 жылғы шілде | МББ, МБАҰЖБ, МҚКСБ |
IX. Жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру | |||||
30. |
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы" әзірленіп жатқан Қазақстан Республикасы Заңының жобасында мыналарды көздеу: | Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | Үкімет | 2022 жылғы маусым | МББ, МБАҰЖБ, ӘЭМБ, МҚБ, МҚКСБ |
31. | Жергілікті өзін-өзі басқарудың еуропалық хартиясын Қазақстанның ратификациялауы мәселесін пысықтау | Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | Үкімет | 2022 жылғы маусым | МББ, МБАҰЖБ, ССХББ, МҚБ |
X. Дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шаралар туралы | |||||
32. |
Дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шаралардың кешенді топтамасын шұғыл түрде іске асыру, оның ішінде мыналар көзделеді: ұлттық валютаның орнықтылығын қамтамасыз ету, ірі институционалдық ойыншылардың шетел валютасының ұсынылуын қамтамасыз ете отырып, оны сатып алуды өздерінің шарттық міндеттемелерін орындау аясында ғана жүзеге асыруы; | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, ҰБ, ҚНРДА | 2022 жылғы сәуір | ӘЭМБ |
33. | Егін егу науқанын сапалы жүргізуді қамтамасыз ету, оның ішінде фермерлерге жанар-жағармай материалдарының қажетті жеңілдікті көлемін бөлу, ауыл шаруашылығы техникасының дайындығын, тұқым мен тыңайтқыш қорларын тексеру | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, облыстардың әкімдері | 2022 жылғы 10 маусым | ӘЭМБ |
34. | Азық-түліктің тапшылығы мен бағасының өсуін болғызбау бойынша шаралар қабылдау, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін мемлекеттік тұрақтандыру қорларына форвардтық сатып алуды жүзеге асыру | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері | 2022 жылғы сәуір, маусым | ӘЭМБ |
35. | Туындайтын әлеуметтік-экономикалық тәуекелдер мен сын-қатерлерге байланысты отандық бизнестің проблемаларына Ахуалдық орталық режимінде жылдам ден қою тәсілдерін Дағдарысқа қарсы шаралар жәніндегі жедел штабтың аясында тұжырымдау | Президент Әкімшілігіне ақпарат | Үкімет, Нүр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері | 2022 жылғы сәуір | ӘЭМБ, СЖБ, МББ |
36. | Саяси жаңғыру стратегиясын ескере отырып, экономика мен мемлекеттік басқарудағы жаңа құрылымдық реформалар топтамасын дайындау | Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | СЖРА, Үкімет, ҰБ, МҚІА, БҚДА | 2022 жылғы шілде | СЖБ, ӘЭМБ, МББ, МҚКСБ |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: | ||
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл | - | Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл |
БҚДА | - | Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі |
БП | - | Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы |
ЕК | - | Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті |
ЖС | - | Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты |
ЖСК | - | Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі |
КК | - | Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі |
ҚМА | - | Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі |
ҚНРДА | - | Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі |
МҚІА | - | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі |
ОСК | - | Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы |
Президент Әкімшілігі | - | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі |
СЖРА | - | Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі |
Үкімет | - | Қазақстан Республикасының Үкіметі |
ҰБ | - | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі |
ҰҚК | - | Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті |
ІІМ | - | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі |
ӘЭМБ | - | Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі |
ҚҚТБ | - | Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімі |
ҚКҚҚЖБ | - | Қазақстан Республикасы Қәуіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі |
ҚХАХ | - | Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы |
МБАҰЖБ | - | Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі |
МББ | - | Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік басқару бөлімі |
МҚБ | - | Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімі |
МҚКСБ | - | Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі |
СЖБ | - | Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімі |
ССХББ | - | Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімі |
ІСБ | - | Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі |