Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 тамыздағы № 1037 Жарлығы.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 25.01.2022 № 786 Жарлығымен.

  Қазақстан Республикасы
Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында
жариялануға тиіс

      "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын дайындау және іске асыру, актілерімен және тапсырмаларымен жұмыс істеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, нормативтік құқықтық жарлықтарға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуына және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің іске асырылуына бақылауды күшейту, халықаралық іс-шараларды дайындауды жүйелендіру, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау және халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібін белгілеу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 13.04.2023 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің арнайы рәсімдерімен және адам құқықтары жөніндегі шарттық органдармен өзара іс-қимыл, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 25.01.2022 № 786 Жарлығымен.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдары Қағидаларда белгіленген тәртіптің қатаң сақталуын қамтамасыз етсін және Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің және қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуына бақылауды күшейтсін.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі үш ай мерзімде Үкіметаралық және ведомствоаралық деңгейлердегі халықаралық іс-шараларды, шетелдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялар (комитеттер, кеңестер) және олардың шағын комиссиялары (шағын комитеттер, жұмыс топтары) отырыстарын ұйымдастыру мен өткізу, сондай-ақ үкіметаралық және ведомствоаралық деңгейдегі уағдаластықтарды іске асыру ережесін бекітсін.

      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары мен ұйымдарының басшылары бекітілетін Қағидаларға сәйкес ұсынылатын ақпараттың және ұсыныстардың анықтығы, сапасы мен уақтылығы үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастары мен мемлекеттік мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша өздерінің көпшілік алдындағы сөздері мен мәлімдемелері Қазақстан Республикасының ресми ұстанымына сәйкес келуіне дербес жауапты болады деп белгіленсін.

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жарты жылда бір рет Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүдделерін қозғайтын өзекті халықаралық мәселелер жөніндегі Қазақстан Республикасының ресми ұстанымы туралы хабардар етсін.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 13.11.2017 № 582 Жарлығымен.

      5. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 39, 428-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколында:

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Қазақстан тарапынан келіссөздерге қатысушылардың құрамы жөніндегі ұсыныстарды Сыртқы істер министрлігі енгізеді және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі (бұдан әрі - Президент Әкімшілігі) бекітеді.

      Президенттің келіссөздер жүргізу тәртібін Президент Протоколы айқындайды.";

      42-тармақтың бірінші бөлігінде ", материалдарды және құжаттарды 5-қосымшаға сәйкес қол қоюға дайындайды" деген сөздер алып тасталсын;

      65-тармақтың екінші бөлігінде "5-қосымшаға сәйкес ақпараттық-талдау материалдарын, сондай-ақ шетелдік" деген сөздер "Шетелдік" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5-қосымша алып тасталсын.

      6. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен жоғары және үкіметаралық деңгейлердегі кездесулер мен келіссөздер барысында қол жеткен уағдаластықтарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдерін іске асыру мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 9 сәуірдегі № 2940 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 14, 109-құжат; 2004 ж., № 21, 264-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 9 сәуірдегі № 2940 Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 7 мамырдағы № 1361 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 21, 264-құжат).

      7. Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2010 жылғы 12 тамыздағы
№ 1037 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің арнайы рәсімдерімен және адам құқықтары жөніндегі шарттық органдармен өзара іс-қимыл, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 25.01.2022 № 786 Жарлығымен.

      Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен ететін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 14.01.2016 № 175 Жарлығымен.

1-тарау. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну тәртібі

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 25.01.2022 № 786 Жарлығымен.

      1. Орталық атқарушы органдар және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (бұдан әрі – орталық мемлекеттік органдар) "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес және өз құзыреттері шегінде Қазақстан Республикасы және Үкімет атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары (бұдан әрі – халықаралық шарттар) бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етеді, осындай халықаралық шарттардан туындайтын, Қазақстан Республикасына тиесілі құқықтардың жүзеге асырылуын және халықаралық шарттардың басқа қатысушыларының өз міндеттемелерін орындауын байқайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 13.04.2023 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      2. Орталық мемлекеттік органдар жыл сайын 10 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне (бұдан әрі - СІМ):

      1) осы Қағидаларға 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мәліметтерді қамтитын, күшіне енген халықаралық шарттардың өткен жыл ішінде орындалу барысы туралы;

      2) осы Қағидаларға 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мәліметтерді қамтитын, қол қойылған және күшіне енбеген халықаралық шарттар бойынша мемлекетішілік рәсімдердің орындалу барысы туралы, оның ішінде олардың орындалмау себептері туралы ақпарат береді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 14.01.2016 № 175 Жарлығымен.

      3. Күшіне енген халықаралық шарттар туралы ақпарат:

      1) халықаралық шарттардан туындайтын Қазақстан Республикасына тиесілі құқықтардың жүзеге асырылуын, сондай-ақ халықаралық шарттардың басқа қатысушыларының өз міндеттемелерін орындауын қадағалауды талдауды;

      2) халықаралық шарттардың орындалуы барысында анықталған проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі ұсыныстарды қамтуы тиіс.

      4. СІМ орталық мемлекеттік органдар ұсынған ақпаратты жинақтап-қорытады, талдайды және талдау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша сыртқы саяси бағаны қамтитын жиынтық ақпаратты жылына бір рет, 10 ақпаннан кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына (бұдан әрі – Үкімет Аппараты) жібереді. Халықаралық ұйымдардың ұсынымдары болған жағдайда, олардың көшірмелері көрсетілген ақпаратқа қоса беріледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 13.04.2023 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      5. Үкімет Аппараты жыл сайын, 25 ақпаннан кешіктірмей, ұсынылған ақпаратты Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне (бұдан әрі – Президент Әкімшілігі) жібереді.

      Жіберілетін ақпарат, қажеттігіне қарай, Үкімет Аппаратының Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарымен толықтырылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 13.04.2023 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      6. Президент Әкімшілігі Үкімет Аппаратының халықаралық шарттар жөніндегі ақпаратын алған күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде келіп түскен ақпаратты талдайды және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізеді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 13.04.2023 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

2-тарау. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 25.01.2022 № 786 Жарлығымен.

      7. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымның шешімі (бұдан әрі - халықаралық ұйымның шешімі) деп құрылтай құжаттарына немесе халықаралық ұйым шеңберінде жасалған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық (мемлекетаралық немесе үкіметаралық) ұйымның органы қабылдаған, оның атауына қарамастан шешім (қарар, ұсыным) болып табылады.

      8. Халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобалары Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілуге тиіс. Бұл жобаларды қабылдауда Қазақстан Республикасы қатысуының сыртқы саяси орындылығының мәніне СІМ-мен міндетті түрде келісіледі. Шешімді қабылдау Қазақстан Республикасының бюджетінен қаржы қаражатын бөлуді талап ететін жағдайда, тиісті жобалар Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізіледі.

      Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) шешімдерінің жобалары СІМ-нен басқа, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігімен (бұдан әрі – Сауда және интеграция министрлігі) және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен (бұдан әрі – Әділет министрлігі) міндетті түрде келісіледі.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 18.05.2015 № 23; 05.10.2020 № 426 Жарлықтарымен.

      8-1. Комиссия шешімдерінің жобаларын келісу рәсімі Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Комиссиямен өзара іс-қимыл тәртібіне (бұдан әрі - өзара іс-қимыл тәртібі) сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. Қағидалар 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 18.05.2015 № 23 Жарлығымен.

      8-2. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Комиссия шешімдерінің жобалары 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (бұдан әрі - ЕАЭО туралы шарт) сәйкес реттеушілік ықпал етуді бағалау шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісілуге жатады.

      Ескерту. Қағидалар 8-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 18.05.2015 № 23 Жарлығымен.

      9. Еуразиялық экономикалық одақ шешімдерінің жобаларын қоспағанда, халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және келісу нәтижелері туралы СІМ арқылы хабардар ету рәсімін көрсетілген жобаның реттеу нысанасы құзыретіне жататын орталық мемлекеттік орган жүзеге асырады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.05.2015 № 23 Жарлығымен.

      10. Халықаралық ұйымның шешімін СІМ алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде халықаралық ұйымның шешімін реттеу мәні құзыретіне жататын орталық мемлекеттік органдарға халықаралық ұйымдардың шешімдерін іске асыру қажеттігі немесе қажеттігінің болмауы туралы ұсыныстарды (бұдан әрі - халықаралық ұйымдардың шешімдерін іске асыру туралы ұсыныстар) қарау және тұжырымдау үшін жібереді.

      11. Халықаралық ұйымдардың шешімдерін іске асыру туралы тұжырымдалған ұсыныстарды орталық мемлекеттік органдар он бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен (бұдан әрі - Әділет министрлігі), ал қаржы қаражатын бөлу кажет болған жағдайда бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келіседі және халықаралық ұйымдардың шешімдерін іске асыру туралы келісілген ұсыныстарды СІМ-ге енгізеді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 17.04.2013 № 550 Жарлығымен.

      12. СІМ орталық мемлекеттік органдардан түсетін халықаралық ұйымдардың шешімдерін іске асыру туралы ұсыныстарды келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды және халықаралық ұйымдардың шешімдерін іске асыру туралы өз ұсыныстарын қарау үшін Үкімет Аппаратына енгізеді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 13.04.2023 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      13. Үкімет Аппараты халықаралық ұйымдардың шешімдерін іске асыру туралы енгізілген ұсыныстарды он жұмыс күні ішінде қарайды және қарау қорытындылары бойынша:

      1) Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне халықаралық ұйымдардың шешімдерін іске асыру туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары мен ұйымдарына тиісті тапсырмалардың жобасымен қоса енгізеді;

      2) егер халықаралық ұйымның шешімін іске асыру Қазақстан Республикасы Президентінің қарауын талап ететін жағдайда, халықаралық ұйымдардың шешімдерін іске асыру туралы өз ұсыныстарын Президент Әкімшілігіне енгізеді.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 13.04.2023 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      14. Президент Әкімшілігі Үкімет Аппаратының халықаралық ұйымдардың шешімдерін іске асыру жөніндегі ұсыныстарын алынған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.

      Қараудың қорытындылары бойынша Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесінің қорытындысы негізінде Президент Әкімшілігінің Басшысы Қазақстан Республикасының Президентіне халықаралық ұйымдардың шешімдерін іске асыру туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары мен ұйымдарына тиісті тапсырмалардың жобасымен қоса енгізеді.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 13.04.2023 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      14-1. Осы Қағидалардың 10 - 14-тармақтарында көзделген халықаралық ұйымдардың шешімдерін іске асыру тәртібі оларға қатысты іске асырылу тәртібі өзара іс-қимыл жасау тәртібінде айқындалатын Комиссияның шешімдеріне қолданылмайды.

      Ескерту. Қағидалар 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 18.05.2015 № 23 Жарлығымен.

      14-2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары Комиссиямен өзара іс-қимыл кезінде өз құзыреті шегінде қызметін мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырады:

      1) Комиссияның қарауын талап ететін мәселелер бойынша Қазақстан тарапының ұстанымын қалыптастыру үшін ұсыныстар дайындау және келісу;

      2) Комиссия жанындағы консультациялық органдардың, жұмыс (сараптамалық) топтарының құрамына енгізу үшін уәкілетті өкілдерді айқындау;

      3) ЕАЭО туралы шартқа сәйкес Комиссия шешімдерінің күшін жою немесе оларды өзгерту туралы ұсыныстар дайындау;

      4) СІМ-мен келісу бойынша мүше мемлекеттердің және Комиссияның қатысумен халықаралық іс-шараларды дайындау;

      5) Комиссияның құзыретіне кіретін өзге де мәселелер:

      Комиссия шешімдерінің жобаларын мемлекетішілік келісуді қоса алғанда, осы шешімдер бойынша Қазақстан тарапының ұстанымын қалыптастыру үшін ұсыныстар дайындау;

      Комиссия шешімдерінің жобаларын тиісті үкіметтік және ведомствоаралық үйлестіру және кеңесші органдарының отырыстарында қарау;

      6) Сауда және интеграция министрлігімен келісілгеннен кейін Комиссия департаменттерінің және алқа мүшелерінің сұрау салуы бойынша ақпаратты, статистикалық деректерді және өзге де материалдарды дипломатиялық арналар арқылы ұсыну;

      7) шешімдер жобаларын келісу;

      8) Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша консультациялар жүргізу және Комиссия департаменттерінің кеңестері мен отырыстарына немесе Комиссия мүшелерінің басшылығымен өтетін кеңестерге және отырыстарға қатысу;

      9) Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттардың, сондай-ақ Комиссия қабылдаған шешімдердің орындалуына мониторинг және талдау жүргізу;

      10) ЕАЭО туралы шарттың және/немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың шеңберінде өзара іс-қимылдың өзге де нысандары.

      Ескерту. Қағидалар 14-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 18.05.2015 № 23; өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 05.10.2020 № 426 Жарлықтарымен.

      14-3. Орталық мемлекеттік органдарды Комиссиямен үйлестіруді және олардың өзара іс-қимыл жасауын Сауда және интеграция министрлігі жүзеге асырады.

      Ескерту. Қағидалар 14-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 18.05.2015 № 23; жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 05.10.2020 № 426 Жарлықтарымен.

      14-4. Орталық мемлекеттік органдардың халықаралық шарттарды жасасу, олардың күшіне енуі, оларды орындау, өзгерту, тоқтата тұру және тоқтату мәселелері бойынша Комиссиямен өзара іс-қимылы СІМ арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. Қағидалар 14-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 18.05.2015 № 23 Жарлығымен.

2-1-тарау. Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің арнайы рәсімдерімен және адам құқықтары жөніндегі шарттық органдармен өзара іс-қимыл

      Ескерту. 2-1-тараумен толықтырылды – ҚР Президентінің 25.01.2022 № 786 Жарлығымен.

      14-5. Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің арнайы рәсімдерінен (бұдан әрі – арнайы рәсімдер) олардың атауына қарамастан хабарламалар немесе ұсынымдар алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде СІМ оларды көрсетілген хабарламалар мен ұсынымдардың реттеу нысанасы құзыретіне жататын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына жібереді.

      СІМ осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде арнайы рәсімдерден алынған хабарламалардың немесе ұсынымдарды ақпарат ретінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге де жібереді.

      14-6. Арнайы рәсімдердің хабарламаларына немесе ұсынымдарына жауап дайындауды және ұсынуды СІМ көрсетілген хабарламалардың немесе ұсынымдардың реттеу нысанасы құзыретіне жататын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары ұсынған ақпарат негізінде жүзеге асырады.

      14-7. Арнайы рәсімдер хабарламаларының немесе ұсынымдарының реттеу нысанасы құзыретіне жататын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары СІМ-ге Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірінші басшылары не олардың міндеттерін атқаратын адамдар қол қойған арнайы рәсімдердің хабарламалары немесе ұсынымдары жөніндегі ақпаратты ұсынады.

      Арнайы рәсімдердің хабарламаларына немесе ұсынымдарына жауап жобасын пысықтау мақсатында СІМ құрылымдық бөлімшелердің басшылары немесе одан жоғары деңгейде Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізеді.

      14-8. СІМ арнайы рәсімдердің хабарламаларында немесе ұсынымдарында көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін дипломатиялық арналар арқылы бірінші басшы не оның міндетін атқаратын адам қол қойған, хабарламалардың немесе ұсынымдардың тілінде дайындалған арнайы рәсімдердің хабарламаларына немесе ұсынымдарына жауап жібереді.

      Арнайы рәсімдердің хабарламалары немесе ұсынымдары, сондай-ақ осы хабарламаларға немесе ұсынымдарға осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жіберілген жауаптар осы ақпарат Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының ресми интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде СІМ-нің ресми интернет-ресурсында жарияланады.

      14-9. СІМ арнайы рәсімдерге жауап жібергеннен кейін он жұмыс күні ішінде Президент Әкімшілігіне атқарылған жұмыстың қорытындысы туралы есеп жібереді.

      СІМ осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде атқарылған жұмыстың қорытындысы туралы есепті ақпарат ретінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге де жібереді.

      14-10. СІМ:

      1) СІМ-мен келісу бойынша Қазақстан Республикасына арнайы рәсімдер сапарының нысанасы құзыретіне жататын мемлекеттік органдардың ұсыныстары;

      2) арнайы рәсімдердің Қазақстан Республикасына сапарының нысанасы құзыретіне жататын мемлекеттік органдармен келісу бойынша СІМ бастамасы;

      3) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ұсыныстары негізінде дипломатиялық арналар арқылы арнайы рәсімдерге Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасына сапар жасауға шақыру жібереді.

      14-11. Осы Қағидалардың 1-тармағында айқындалған орталық атқарушы органдар және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Адам құқықтары жөніндегі шарттық органдармен өзара іс-қимылды Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы халықаралық шарттарында белгіленген шарттық органдар рәсімінің қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.

3-тарау. Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 25.01.2022 № 786 Жарлығымен.

      15. Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шаралары (бұдан әрі - іс-шаралар):

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен - жоғары деңгейде;

      2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің басқа да мүшелерінің, Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларының қатысуымен - үкіметаралық деңгейде;

      3) Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары басшыларының және өзге де лауазымды тұлғаларының қатысуымен - ведомствоаралық деңгейде өткізіледі.

      16. Іс-шараларды өткізудің рәсімдік қағидалары "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығымен реттеледі.

      17. Жоғары деңгейдегі іс-шаралардың мазмұндық бөлігі мыналарды:

      1) іс-шараларды өткізу мерзімдерін шетел тарапымен келісуді;

      2) Қазақстан Республикасы делегациясының басшысы мен мүшелері үшін ақпараттық-талдау материалдарын, оның ішінде іс-шаралар барысында талқылануы жоспарланған мәселелер жөніндегі материалдарды дайындауды;

      3) іс-шаралар барысында шетел тарапымен бірге қол жеткізілген уағдаластықтарды тіркеуді қамтиды.

      18. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жоғары және үкіметаралық деңгейдегі іс-шаралардың мазмұндық бөлігін пысықтау жөніндегі жұмыстарын үйлестіруді СІМ қамтамасыз етеді.

      19. Жоғары деңгейдегі іс-шаралардың мазмұндық бөлігін пысықтау тәртібі осы Қағидалармен реттеледі.

      Үкіметаралық және ведомствоаралық деңгейлердегі іс-шаралардың мазмұндық бөлігін пысықтау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      20. Жоғары деңгейдегі іс-шаралардың мазмұндық бөлігін қамтамасыз ету мақсатында СІМ:

      1) Президент Әкімшілігі жасайтын Қазақстан Республикасы Президентінің жұмыс кестесін ескере отырып, іс-шараларды өткізу мерзімін шетел тарапымен келісуді;

      2) мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың берген ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Президентіне ақпараттық-талдау материалдарын дайындауды жүзеге асырады.

      21. СІМ жоғары деңгейдегі іс-шараларға:

      1) іс-шараның тұжырымдамасын;

      2) бағдарламаның жобасын;

      3) делегация құрамының жобасын;

      4) шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздерге арналған

      тезистерді;

      5) ел туралы анықтаманы;

      6) елдің ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы

      анықтаманы;

      7) елдің сыртқы саясаты туралы анықтаманы;

      8) ел басшылығының өмірбаянын;

      9) ел басшылығының саяси портреттерін;

      10) екіжақты қарым-қатынастар туралы анықтаманы;

      11) екіжақты бірлескен комиссияның жұмысы туралы анықтаманы;

      12) келіссөздер процесінде шетелдік тарап көтеруі мүмкін мәселелер бойынша Қазақстан ұстанымы баяндалған ақпаратты;

      13) қол қоюға жоспарланған құжаттар тізбесін (ағымдағы кездегі құжаттардың жай-күйі туралы ақпаратты, құжаттардың аңдатпасын);

      14) шарттық-құқықтық база туралы анықтаманы (жасалған халықаралық шарттар тізбесін);

      15) бұрын қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуын талдауды;

      16) Қазақстан Республикасы Президентінің шетелдерге сапары кезінде - баратын ел басшылығының атына алғысхаттардың жобаларын;

      17) мүмкіндігінше баратын ел туралы бейнефильмді;

      18) ұлттық мақал-мәтелдер тізімі және осы елдегі белгілі адамдардың нақыл сөздері қоса берілген, жоспарланатын сөздер мен тосттардың жобаларын;

      19) электрондық жеткізгіште - алғаш рет кездесетін басшылардың суреттері және мүмкіндігінше Мемлекет басшысының кездесу өткізетін және баратын жерлерінің түрлі-түсті суреттерін қамтитын ақпараттық-талдау материалдары пакетін дайындауды қамтамасыз етеді.

      СІМ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі іс-шараларға осы Қағидалардың 21-тармағының 1), 2), 3), 4), 8), 9), 10), 12), 13), 18) және 19) тармақшаларында көрсетілген ақпараттық-талдау материалдарының пакетін дайындауды қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 17.04.2013 № 550 Жарлығымен.

      22. СІМ жоғары деңгейдегі іс-шараны өткізуге дейін кемінде екі ай бұрын мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қолда бар құжаттарды, ақпараттық-талдау материалдарын, алдағы іс-шараларға және Қазақстан Республикасы Президенті тапсырмаларының жобасына ұсыныстарды беру туралы сұрату жібереді.

      23. Мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар сұрау салу келіп түскен кезден бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде немесе Президент Әкімшілігі белгілеген өзге де мерзімдерде алдағы іс-шараларға және Қазақстан Республикасының Президенті тапсырмаларының жобасына қажетті ақпарат пен ұсыныстарды дайындауды және СІМ-ге ұсынуды қамтамасыз етеді.

      СІМ-ге жолданатын Мемлекет басшысының келіссөздеріне арналған тезистердің жобасына мемлекеттік органның немесе ұйымның басшысы немесе басшының жетекшілік ететін орынбасары әр параққа бұрыштама қол қояды.

      Сапасыз ақпарат ұсынылған жағдайда, СІМ ұсынылған ақпаратты мемлекеттік органға немесе ұйымға пысықтау үшін қайтаруға құқылы, олар үш жұмыс күні ішінде алдағы іс-шараларға және Қазақстан Республикасының Президенті тапсырмаларының жобасына пысықталған ақпарат пен ұсыныстарды жібереді.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 13.11.2017 № 582 Жарлығымен.

      24. СІМ мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің қойылған қолымен іс-шара тұжырымдамасын Қазақстан Республикасы Президентінің атына Президент Әкімшілігіне іс-шараның өткізілуінен кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын енгізеді. Бұл ретте тұжырымдаманы дайындау кезіне қарай жобалары Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен, Әділет министрлігімен, СІМ-мен және контрагенттермен келісілген, қол қою (жасасу) жоспарланған халықаралық шарттар тұжырымдамаға енгізіледі.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 13.11.2017 № 582 Жарлығымен.

      25. Іс-шара тұжырымдамасының жобасын пысықтау және шағын әрі кеңейтілген құрамдағы келіссөздерге тезистерді қоса алғанда, іс-шараның мазмұндық бөлігін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі іс-шара тұжырымдамасын Президент Әкімшілігіне енгізерден бір жұмыс күні бұрын мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар (басшының орынбасары деңгейінен төмен емес), Үкімет Аппараты мен Президент Әкімшілігі өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізеді.

      Ақпараттық-талдау материалдарының топтамасын түпкілікті пысықтау, оның ішінде делегация құрамының жобасын бекіту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ақпараттық-талдау материалдарының топтамасын Президент Әкімшілігіне енгізерден екі жұмыс күні бұрын мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар (басшының орынбасары деңгейінен төмен емес), Үкімет Аппараты мен Президент Әкімшілігі өкілдерінің қатысуымен қосымша кеңес өткізеді.

      Осы тармақта көрсетілген кеңестер Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің не оның тапсырмасы бойынша оның орынбасарларының бірінің төрағалығымен өтеді.

      СІМ кеңеске жоғары деңгейдегі іс-шараны дайындау барысы туралы жиынтық ақпаратты қалыптастырады, оның ішінде мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қажетті ақпаратты ұсынуының уақтылығы мен сапасы туралы хабарлайды.

      Мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар ақпаратты уақтылы бермеген немесе сапасыз дайындаған жағдайда, СІМ бұл факт туралы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрін хабардар етеді.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 13.11.2017 № 582; өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 13.04.2023 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      26. СІМ осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген ақпараттық-талдау материалдары пакетін жоғары деңгейдегі іс-шараның өткізілуінен кемінде он бес жұмыс күні бұрын Президент Әкімшілігіне енгізеді.

      СІМ өзекті сипат берілген деректерді ескере отырып, пысықталған ақпараттық-талдау материалдары пакетін жоғары деңгейдегі іс-шараның өткізілуінен кемінде жеті жұмыс күні бұрын Президент Әкімшілігіне енгізе алады.

      Президент Әкімшілігі ақпараттық-талдау материалдары пакетіне сараптама және қажеттілігіне қарай пысықтау жүргізіп, оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізеді.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 13.11.2017 № 582 Жарлығымен.

      26-1. Президент Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдар немесе ұйымдар ақпараттық-талдау материалдарын осы Қағидалардың 26-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімде Президент Әкімшілігіне дербес өзі енгізеді.

      Ескерту. Қағидалар 26-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 13.11.2017 № 582 Жарлығымен.

      27. Егер іс-шараны өткізу мерзімі осы Қағидалардың 24-тармағын орындау мерзімінен кемінде он жұмыс күні бұрын айқындалса, 24 - 26-тармақтарды іске асыру СІМ ұсынысы бойынша Президент Әкімшілігі белгілейтін өзге де мерзімдерде қамтамасыз етіледі.

      28. Жоғары деңгейдегі іс-шараларды өткізу барысында СІМ қол жеткізілген уағдаластықтарды тіркеуді қамтамасыз етеді.

      СІМ Мемлекет басшысы сұхбатының жазбаларын іс-шара өткізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Президент Әкімшілігіне ұсынады.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 13.11.2017 № 582 Жарлығымен.

      29. Жоғары деңгейдегі іс-шараға СІМ қатыспайтын жағдайларда, қол жеткізілген уағдаластықтарды тіркеуді Қазақстан Республикасы Президентінің сыртқы саяси қызметті қамтамасыз ететін көмекшісі немесе Қазақстан Республикасының Президенті уәкілеттік берген өзге тұлға жүзеге асырады.

      Қол жеткізілген уағдаластықтар туралы тиісті ақпарат жоғары деңгейдегі іс-шарадан кейін екі жұмыс күні ішінде немесе шетелге сапар аяқталған күнінен бастап СІМ-ге жіберіледі.

      Ескерту. 29-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 03.07.2019 № 50 Жарлығымен.

      29-1. Тиісті халықаралық іс-шара өткізілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде СІМ жоғары деңгейде өткізілген халықаралық іс-шаралардың қорытындылары бойынша Президент Әкімшілігіне:

      1) шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының шолуын;

      2) шетелдік сарапшылар топтарының пікірлерін;

      3) ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен қол жеткізілген уағдаластықтарды көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарымен келісілген Мемлекет басшысының алғыс хатының жобасын ұсынады.

      Ескерту. Қағидалар 29-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 13.11.2017 № 582 Жарлығымен.

4-тарау. Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру тәртібі

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 25.01.2022 № 786 Жарлығымен.

      30. Қол жеткізілген уағдаластықтар деп осы Қағидалардың 28 және 29-тармақтарына сәйкес тіркелген уағдаластықтар, сондай-ақ:

      1) жоғары деңгейдегі іс-шаралар барысында қабылданған бірлескен мәлімдемелерде, декларацияларда, коммюникелер мен басқа да құжаттарда;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша қол қойылған немесе қабылданған ведомствоаралық сипаттағы бірлескен құжаттарда;

      3) жоғары деңгейдегі іс-шаралар нәтижелері бойынша хаттамаларда, меморандумдарда, ноталар мен хаттарда;

      4) шетелдердің, халықаралық ұйымдардың, қаржы институттарының, шетелдік компаниялар мен фирмалардың басшыларына Қазақстан Республикасы Президентінің жеке жолдаулары мен хаттарында белгіленген ұсыныстар мен міндеттемелер (нормативтік құқықтық сипатта емес) болып табылады.

      31. Қазақстан Республикасының Президенті қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мақсатында, қажеттігіне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік органдарға және ұйымдарға тапсырмалар береді.

      СІМ өз құзыреті шегінде Президенттің халықаралық мәселелер бойынша көмекшісіне Қазақстан Республикасы Президентінің деңгейінде тапсырманың жобасын дайындаудың орындылығы туралы негізделген ұсыныс енгізеді.

      Мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар іс-шара аяқталғаннан кейін немесе шетелге сапар аяқталғаннан күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырмалардың жобасына нақты ұсыныстарды СІМ-ге береді.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 03.07.2019 № 50 Жарлығымен.

      32. СІМ тіркелген уағдаластықтардың негізінде Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен Президенттің тапсырмаларының жобасын дайындауды жүзеге асырады, қарау және келісу үшін мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жібереді.

      Мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар Президенттің тапсырмалары жобасын қарау мен келісуді келіп түскен күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде қамтамасыз етеді. Аталған мерзімде жазбаша жауап ұсынылмаған жағдайда, Президенттің тапсырмаларының жобасы ескертулерсіз келісілді деп саналады.

      СІМ Президент Әкімшілігіне мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген, Премьер-Министр және Сыртқы істер министрі виза қойған Қазақстан Республикасының Президенті тапсырмаларының жобасын іс-шара өткізілгеннен кейін немесе шетелге сапар аяқталған күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде қағаздағы және электрондық түрде ұсынады. Бұл ретте көрсетілген мерзімді ұзартуға жол берілмейді.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 03.07.2019 № 50 Жарлығымен.

      32-1. Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесі халықаралық мәселелер бойынша Президент көмекшісімен, мүдделі құрылымдық бөлімшелерге жетекшілік жасайтын – Әкімшілік Басшысының орынбасарларымен, Президенттің көмекшілерімен және Президент Кеңсесінің бастығымен, Мемлекеттік-құқық бөлімімен және Жалпы бөліммен, сондай-ақ басқа мүдделі құрылымдық бөлімшелермен тапсырмалардың жобаларын үш жұмыс күні ішінде электрондық түрде келіседі.

      Тапсырмалардың жобасы Президент Әкімшілігінің Басшысына виза қоюға және Қазақстан Республикасы Президентінің қол қоюына қағаздағы және электрондық түрде енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Президенті тапсырмаларының қағаздағы түріндегі жобасына "Электрондық құжаттың көшірмесі дұрыс" деген мөртабанмен куәландырылған Президент Әкімшілігінде электрондық келісу парағының қағаздағы көшірмесі қоса беріледі.

      Халықаралық іс-шара қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларының жобасы, қажет болған жағдайда Президент Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша пысықталады.

      Ескерту. Қағида 32-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Президентінің 03.07.2019 № 50 Жарлығымен.

      33. Мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау бойынша шаралар қабылдайды және Президент Әкімшілігінде бекітілген бақылауды бекітудің негізінде әзірленген Үкімет Аппаратының Президент тапсырмаларының орындалуын бақылауды бекітуінде белгіленген мерзімдерде СІМ-ге олардың іске асырылу барысы туралы есеп ұсынады.

      СІМ Қазақстан Республикасына шетелдік инвестицияларды тарту саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын қазақстандық және шетелдік заңды тұлғалар арасындағы қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуын мониторингтеуді жүзеге асырады және әрбір тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейін мониторингтеудің нәтижелері туралы есепті Үкімет Аппаратына жібереді.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 13.04.2023 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      34. СІМ мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынған, Президенттің қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру үшін берілген тапсырмаларының орындалу барысы туралы есепті жинақтап-қорытып, талдайды және талдаудың нәтижелері бойынша Президент Әкімшілігінде бекітілген бақылауды бекітудің негізінде әзірленген Үкімет Аппаратының Президент тапсырмаларының орындалуын бақылауды бекітуінде белгіленген мерзімдерде Үкімет Аппаратына жиынтық есепті жібереді.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 13.04.2023 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      35. Үкімет Аппараты жарты жылда бір рет, 15 маусымнан және 15 желтоқсаннан кешіктірмей, Президент Әкімшілігіне Президенттің қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру үшін берілген тапсырмаларының орындалу барысы туралы жиынтық есеп ұсынады.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 13.04.2023 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

5-тарау. Халықаралық сот органдарының сұрау салуларын және халықаралық сот органдарына өтініштерді қарау тәртібі

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 25.01.2022 № 786 Жарлығымен.
      Ескерту. Қағидалар 5-бөліммен толықтырылды - ҚР Президентінің 18.05.2015 № 23 Жарлығымен.

      36. Халықаралық сот органының сұрау салуын алған мемлекеттік орган оны келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде СІМ-ге, Әділет министрлігіне, Сауда және интеграция министрлігіне және Қазақстан Республикасының басқа мүдделі мемлекеттік органдарына қарау үшін жібереді.

      Көрсетілген мемлекеттік органдар тиісті ақпаратты, ұсыныстарды және сұрау салу нысанасына жататын өзге де құжаттарды он жұмыс күні ішінде халықаралық сот органының сұрау салуын алған мемлекеттік органға береді.

      Ескерту. 36-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 05.10.2020 № 426 Жарлығымен.

      37. Халықаралық сот органының сұрау салуын алған мемлекеттік орган ұсынылған ұсыныстар, ақпарат және өзге де құжаттар негізінде шоғырландырылған жауап дайындайды және оны СІМ арқылы дипломатиялық арналар бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың Сотын (бұдан әрі – Одақ Соты) қоспағанда, тиісті халықаралық сот органына одан әрі жіберу үшін СІМ-ге ұсынады.

      Одақ Сотының сұрау салуына шоғырландырылған жауап Әділет министрлігіне жіберіледі.

      Ратификацияланған халықаралық шарттарда, Президенттің, Президент Әкімшілігі басшылығының, Премьер-Министр мен оның орынбасарларының тапсырмаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, халықаралық сот органының сұрау салуына шоғырландырылған жауапты немесе өзге ақпаратты тікелей жіберуге жол берілмейді.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 27.02.2021 № 526 Жарлығымен.

      38. Халықаралық сот органынан сот практикасы туралы сұрау салуын алған Жоғарғы Сот сұрау салудың және тиісті жауаптың көшірмелерін СІМ-ге, Әділет министрлігіне, Сауда және интеграция министрлігіне және Қазақстан Республикасының басқа мүдделі органдарына хабардар ету мақсатында жолдайды.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 05.10.2020 № 426 Жарлығымен.

      39. Халықаралық сот органдарына жүгіну Қазақстан Республикасының ратификациялаған халықаралық шарттарына және заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан дипломатиялық арналар бойынша жүзеге асырылады.

      40. Халықаралық сот органына жүгінуге бастама жасап отырған уәкілетті мемлекеттік орган 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде тиісті жүгінудің жобасын СІМ-мен, Сауда және интеграция министрлігімен, Әділет министрлігімен келіседі және жүгінудің келісілген жобасын тиісті халықаралық сот органына жібергенге дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ол туралы белгіленген тәртіппен Президент Әкімшілігін және Үкімет Аппаратын хабардар етеді.

      Одақ Сотына жүгінген жағдайда, уәкілетті мемлекеттік орган осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес дайындалған өтінішті Әділет министрлігіне жібереді.

      Әділет министрлігі осы Қағидалардың 37-тармағының екінші абзацында және 40-тармағында көзделген мемлекеттік органдар хаттарының түпнұсқаларын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оларды дипломатиялық арналар арқылы одан әрі Одақ Сотына жіберу үшін СІМ-ге ұсынады.

      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 27.02.2021 № 526; өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 13.04.2023 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      41. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін халықаралық ұйымдарда білдіруге, қорғауға уәкілетті Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы халықаралық сот органдарына жүгіну туралы шешім қабылдаған жағдайда, өтінішті тиісті халықаралық сот органына жібергенге дейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей СІМ-ді, Сауда және интеграция министрлігін және Әділет министрлігін қабылданған шешім туралы хабардар етеді.

      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 05.10.2020 № 426 Жарлығымен.

6-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру тәртібі

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 25.01.2022 № 786 Жарлығымен.
      Ескерту. Қағидалар 6-бөліммен толықтырылды - ҚР Президентінің 14.01.2016 № 175 Жарлығымен.

      42. Орталық мемлекеттік органдардың Комиссиямен және Дүниежүзілік сауда ұйымымен өзара іс-қимыл мәселелерін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың халықаралық қызметін үйлестіруді СІМ жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері болу мемлекетіндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдары өкілдіктерінің (өкілдерінің) және филиалдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.

      43. Орталық мемлекеттік органдар мен СІМ арасында халықаралық қызмет мәселелері бойынша жедел өзара іс-қимыл мемлекеттік органдардың халықаралық ынтымақтастық үшін жауапты құрылымдық бөлімшелеріне жүктеледі.

      44. Орталық мемлекеттік органдардың Дүниежүзілік сауда ұйымымен ресми хат алмасуын қоспағанда, орталық мемлекеттік органдар мен шетелдік мемлекеттік органдар, дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдар арасындағы ресми хат алмасу, егер заңнамалық актілерде, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде немесе күшіне енген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, СІМ арқылы жүзеге асырылады.

      Мәселелерді шетел тарапымен таяу арадағы бес күн ішінде пысықтау қажет болған жағдайда, жіберілген хаттар мен олардың мазмұны туралы кейіннен СІМ-ді хабардар ете отырып, орталық мемлекеттік органдардың шетелдік мемлекеттік органдарға, дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдарға хаттар жіберуіне жол беріледі.

      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 13.11.2017 № 582 Жарлығымен.

      45. Орталық мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының бірыңғай бағытын жүргізуі мақсатында СІМ:

      1) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын жалпы бақылауды және үйлестіруді жүзеге асырады;

      2) орталық мемлекеттік органдарға шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты жолға қою мен дамытуда, сондай-ақ халықаралық іс-шараларды дайындау мен өткізуде жәрдем көрсетеді;

      3) мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты мәселелері жөнінде түсініктемелер береді;

      4) тақырыбы өздерінің құзыретіне жататын халықаралық іс-шаралар туралы мемлекеттік органдарды күні бұрын хабардар етеді;

      5) мемлекеттік органдардың халықаралық ынтымақтастық үшін жауапты құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады.

      46. Орталық мемлекеттік органдар:

      1) мемлекеттік органның халықаралық қызметі мәселелерін СІМ-мен үйлестіреді;

      2) жылына бір рет 20 желтоқсаннан кешіктірмей СІМ-ге мемлекеттік органның өткен кезеңдегі халықаралық қызметі, сондай-ақ келесі жылы жоспарланып отырған, оның ішінде сыртқы экономикалық сипаттағы іс-шаралар туралы ақпарат береді;

      3) СІМ-нің сұратуы бойынша мемлекеттік орган өткізген халықаралық іс-шара аяқталған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей СІМ-ге қатысушылардың құрамы, талқыланған мәселелер, қол жеткізілген уағдаластықтар көрсетілген есепті, оның ішінде мемлекеттік органның ұстанымын және қажет болған жағдайда, тиісті мәселелерді одан әрі пысықтау жөніндегі ұсыныстарды жібереді;

      4) СІМ-мен келісім бойынша Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің органдары өкілдерінің мемлекеттік орган ұйымдастыратын және (немесе) өткізетін халықаралық іс-шараларға қатысуын қамтамасыз етеді;

      5) СІМ-мен халықаралық имидждік жобалардың өткізілуін келіседі.

      47. СІМ орталық мемлекеттік органдар ұсынған ақпаратты жинақтап қорытады, талдайды және алынған деректерді халықаралық іс-шараларды дайындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзекті халықаралық мәселелер бойынша ресми ұстанымын әзірлеу кезінде пайдаланады.

      48. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде халықаралық іс-шаралар өткізілген кезде орталық мемлекеттік органдар делегацияларының басшылары Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кеткенге дейін Қазақстан Республикасының өзекті сыртқы саяси мәселелері бойынша ұстанымын түсіндіру үшін СІМ-нің лауазымды адамдарымен жазбаша нысанда консультациялар жүргізуі қажет.

      Орталық мемлекеттік органдар мен СІМ арасындағы уағдаластық бойынша консультациялар өзге нысандарда жүргізілуі мүмкін.

      49. Шет мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың өкілдері Қазақстан Республикасында бірнеше кездесу және (немесе) келіссөз өткізген кезде, кездесулер және (немесе) келіссөздер өткізген лауазымды адам келесі қабылдаушы лауазымды адамды (келесі лауазымды адамдарды) болған әңгімелесудің мазмұны мен қол жеткізілген уағдаластықтар туралы мынадай нысанда:

      1) егер келесі кездесулер және (немесе) келіссөздерден дәл сол күні өтетін болса, ауызша нысанда;

      2) егер келесі кездесулер және (немесе) келіссөздер келесі күні немесе кешірек өтетін болса, жазбаша нысанда дереу хабардар етеді.

      СІМ кездесулерге және (немесе) келіссөздерге қатыспаған жағдайда, қатысушылардың құрамы мен қол жеткізілген уағдаластықтар туралы ақпарат кездесуден және (немесе) келіссөздерден кейін бес жұмыс күні ішінде СІМ-ге жіберіледі.

      50. Осы Қағидалардың 6-тарауының талаптары Президент Әкімшілігі мен Үкімет Аппаратына қолданылмайды.

      Осы Қағидалардың 46-тармағының талаптары орталық мемлекеттік органдардың қылмыстық сот ісін жүргізу, қарсы барлау және барлау қызметі салаларындағы халықаралық қызметіне, жедел-іздестіру, тергеу сипатындағы ақпаратқа, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін оқыту және кадрлық қамтамасыз ету, құқық қорғау органдарының жедел-қызметтік жұмысын ұйымдастыру мәселелеріне, қорғалатын адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларға, Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты мен ынтымақтастығы, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдар, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ пен Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне қолданылмайды.

      Осы Қағидалардың 48 және 49-тармақтарының талаптары арнаулы мемлекеттік органдардың халықаралық қызметіне қолданылмайды.

      Ескерту. 50-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 25.01.2022 № 786; 13.04.2023 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

  Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттарының
орындалуы туралы ақпаратты
дайындау және оны Қазақстан
Республикасы Президентінің
қарауына ұсыну, сондай-ақ
Қазақстан Республикасы
қатысушысы болып табылатын
халықаралық ұйымдар
шешімдерінің жобаларын келісу
және оларды іске асыру,
Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам
құқықтары жөніндегі кеңесінің
және адам құқықтары жөніндегі
шарттық органдардың арнайы
рәсімдерімен өзара іс-қимыл,
Қазақстан Республикасы
Президентінің қатысуымен
өтетін Қазақстан
Республикасының халықаралық
іс-шараларын дайындау, қол
жеткізілген уағдаластықтарды
орындау, халықаралық сот
органдарымен өзара іс-қимыл
және Қазақстан
Республикасының мемлекеттік
органдарының халықаралық
қызметін үйлестіруді жүзеге
асыру қағидаларына
1-ҚОСЫМША

      Ескерту. 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 25.01.2022 № 786 Жарлығымен.

Қазақстан Республикасының күшіне енген екіжақты халықаралық шарттары бойынша мәліметтер

      Ескерту. Қағидалар 1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Президентінің 17.04.2013 № 550 Жарлығымен.

Р/с №

Мәліметтердің деректемелері

Мемлекеттік органдардың ақпараты

1.

Халықаралық шарттың толық, ресми атауы


2.

Халықаралық шартты жасасу күні


3.

Халықаралық шартқа қол қою туралы нормативтік құқықтық актілер (атауы, күні мен нөмірі)


4.

Халықаралық шарттың күшіне ену күні


5.

Халықаралық шарттың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалуы туралы нормативтік құқықтық актілер (атауы, күні мен нөмірі)


6.

Қолданылу мерзімі (қолданылу мерзімінің аяқталу күні)


7.

Халықаралық шарттың іске асырылуына жауапты, оның реттеу нысанасы құзыретіне кіретін орталық мемлекеттік орган (бірнеше орталық мемлекеттік орган болған кезде жинақтаушыны белгілеп, барлығын көрсету)


8.

Халықаралық шарттың реттеу нысанасы


9.

Есепті кезең ішіндегі халықаралық шартты іске асыру барысын талдау (статистика, халықаралық шартты орындау шеңберіндегі іс-шараларды жүзеге асыру, контрагенттің өз міндеттемелерін орындауы)


10.

Халықаралық шартты іске асыруға байланысты проблемалық мәселелердің болуы және оларды шешу бойынша ұсыныстар


11.

Халықаралық шартты іске асыру тиімділігін сыртқы саяси бағалау (Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады)


12.

Халықаралық шарттың ережелерін одан әрі іске асыру жөніндегі ұсыныстар (мына іс-қимылдардың біреуін көрсету: 1) орындауды жалғастыру; 2) іс-қимылды тоқтата тұру; 3) іс-қимылды тоқтату; 4) іс-қимылды ұзарту; 5) өзге (көрсету)


  Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттарының
орындалуы туралы ақпаратты
дайындау және оны Қазақстан
Республикасы Президентінің
қарауына ұсыну, сондай-ақ
Қазақстан Республикасы
қатысушысы болып табылатын
халықаралық ұйымдар
шешімдерінің жобаларын келісу
және оларды іске асыру,
Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам
құқықтары жөніндегі кеңесінің
және адам құқықтары жөніндегі
шарттық органдардың арнайы
рәсімдерімен өзара іс-қимыл,
Қазақстан Республикасы
Президентінің қатысуымен
өтетін Қазақстан
Республикасының халықаралық
іс-шараларын дайындау, қол
жеткізілген уағдаластықтарды
орындау, халықаралық сот
органдарымен өзара
іс-қимыл және Қазақстан
Республикасының мемлекеттік
органдарының халықаралық
қызметін үйлестіруді жүзеге
асыру қағидаларына
2-ҚОСЫМША

      Ескерту. 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 25.01.2022 № 786 Жарлығымен.

Қазақстан Республикасының күшіне енген көпжақты халықаралық шарттары бойынша мәліметтер

      Ескерту. Қағидалар 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Президентінің 17.04.2013 № 550 Жарлығымен.

Р/с №

Мәліметтердің деректемелері

Мемлекеттік органдардың ақпараты

1.

Халықаралық шарттың толық, ресми атауы


2.

Халықаралық шартты жасасу күні


3.

Халықаралық шартқа қол қою туралы нормативтік құқықтық актілер (атауы, күні мен нөмірі)


4.

Халықаралық шарттың күшіне ену күні


5.

Қазақстан тарапының халықаралық шарттың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалуы туралы нормативтік құқықтық актілер (атауы, күні мен нөмірі)


6.

Қолданылу мерзімі (қолданылу мерзімінің аяқталу күні)


7.

Халықаралық шарттың іске асырылуына жауапты, оның реттеу нысанасы құзыретіне кіретін орталық мемлекеттік орган (бірнеше орталық мемлекеттік орган болған кезде жинақтаушыны белгілеп, барлығын көрсету)


8.

Халықаралық шарттың реттеу нысанасы


9.

Халықаралық шартқа қатысушы мемлекеттер


10.

Есепті кезең ішіндегі халықаралық шартты іске асыру барысын талдау (статистика, халықаралық шартты орындау шеңберіндегі іс-шараларды жүзеге асыру, контрагенттің өз міндеттемелерін орындауы)


11.

Халықаралық шартты іске асыруға байланысты проблемалық мәселелердің болуы және оларды шешу бойынша ұсыныстар


12.

Халықаралық шартты іске асыру тиімділігін сыртқы саяси бағалау (Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады)


13.

Халықаралық шарттың ережелерін одан әрі іске асыру жөніндегі ұсыныстар (мына іс-қимылдардың біреуін көрсету: 1) орындауды жалғастыру; 2) іс-қимылды тоқтата тұру; 3) іс-қимылды тоқтату; 4) іс-қимылды ұзарту; 5) өзге (көрсету)


  Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттарының
орындалуы туралы ақпаратты
дайындау және оны Қазақстан
Республикасы Президентінің
қарауына ұсыну, сондай-ақ
Қазақстан Республикасы
қатысушысы болып табылатын
халықаралық ұйымдар
шешімдерінің жобаларын келісу
және оларды іске асыру,
Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам
құқықтары жөніндегі кеңесінің
және адам құқықтары жөніндегі
шарттық органдардың арнайы
рәсімдерімен өзара іс-қимыл,
Қазақстан Республикасы
Президентінің қатысуымен
өтетін Қазақстан
Республикасының халықаралық
іс-шараларын дайындау, қол
жеткізілген уағдаластықтарды
орындау, халықаралық сот
органдарымен өзара
іс-қимыл және Қазақстан
Республикасының мемлекеттік
органдарының халықаралық
қызметін үйлестіруді жүзеге
асыру қағидаларына
3-ҚОСЫМША

      Ескерту. 3-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 25.01.2022 № 786 Жарлығымен.

Қазақстан Республикасының күшіне енген қарыз туралы халықаралық шарттары бойынша мәліметтер

      Ескерту. Қағидалар 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Президентінің 17.04.2013 № 550; өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 26.11.2022 № 5 Жарлықтарымен.

Р/с №

Мәліметтердің деректемелері

Мемлекеттік органдардың ақпараты

1.

Халықаралық шарттың толық, ресми атауы


2.

Халықаралық шартты жасасу күні


3.

халықаралық шартқа қол қою туралы нормативтік құқықтық актілер (атауы, күні мен нөмірі)


4.

Халықаралық шарттың, күшіне ену күні


5.

Халықаралық шарттың. күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалуы туралы нормативтік құқықтық актілер (атауы, күні мен нөмірі)


6.

Қолданылу мерзімі (қолданылу мерзімінің аяқталу күні)


7.

Іске асыру мерзімдері (соның ішінде кезеңдері бойынша)


8.

Қарыз қаражатын алуды жабу күні


9.

Халықаралық шарттың іске асырылуына жауапты, оның реттеу нысанасы құзыретіне кіретін орталық мемлекеттік орган (бірнеше орталық мемлекеттік органдар болған кезде жинақтаушыны белгілеп, барлығын көрсету)


10.

Донор


11.

Қарыз сомасы


12.

Бірлесіп қаржыландыру сомасы


13.

Ұсыну шарттары


14.

Қайта құрылымдау күнін көрсете отырып, қарызды қайта құрылымдау (бар болған кезде)


15.

Мәмілелер күнін көрсете отырып, хеджиринг бойынша мәмілелер (бар болған кезде)


16.

Қарыз қаражатынан қаржыландырылатын инвестициялық жобаның атауы


17.

Жобаның мақсаттары, есепті кезеңде қойылған мақсаттарға қол жеткізу


18.

Есепті кезеңде жобаның іске асырылу барысы туралы ақпарат:
1) есепті кезеңде жоспарланған іс-шаралардың саны;
2) іс жүзінде орындалған іс-шаралардың саны;
3) іс жүзінде орындалмаған іс-шаралардың саны (себептерін көрсете отырып)


19.

Қарыз қаражатын игеру:
1) 20__ж.__ ____ жағдай бойынша қарыз қаражаты игерілді;
2) қарыз қолданыла бастағаннан бері (қаржыландыру көздері бойынша бөле отырып);
3) игеру пайызы;
4) есепті кезеңде жоспарланған игеру (қаржыландыру көздері бойынша бөле отырып);
5) мақсатты пайдаланылуын талдай отырып есепті кезең ішінде олардың нақты игерілгені (қаржыландыру көздері бойынша бөле отырып), (болған кезде - уәкілетті органның ден қою нәтижелерін көрсете отырып, қаражаттың мақсатсыз пайдаланылған мөлшері);
6) игеру пайызы;
7) игерілмеген сома (себептерді қысқаша талдау);
8) нақты игеруді игеру кестесінде көзделгенмен
салыстыру


20.

Қарыз туралы шартты іске асыру тиімділігін талдау:
1) қарыз туралы шартты іске асыру барысының тиімділігін ішкі бағалау (әзірлеуші мемлекеттік орган жүзеге асырады);
2) қарыз туралы шартты іске асыру барысының тиімділігін сыртқы бағалау (уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жүзеге асырады);
3) қарыз туралы шартты іске асыру барысының тиімділігін сыртқы бағалау (Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы жүзеге асырады)


21.

Халықаралық шартты іске асыруға байланысты проблемалық мәселелердің болуы және оларды шешу бойынша ұсыныстар


22.

Халықаралық шартты іске асыру тиімділігін сыртқы саяси бағалау (Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады)


23.

Халықаралық шарттың ережелерін одан әрі іске асыру жөніндегі ұсыныстар (мына іс-қимылдардың біреуін көрсету: 1) орындауды жалғастыру; 2) іс-қимылды тоқтата тұру; 3) іс-қимылды тоқтату; 4) іс-қимылды ұзарту; 5) өзге (көрсету)


  Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттарының
орындалуы туралы ақпаратты
дайындау және оны Қазақстан
Республикасы Президентінің
қарауына ұсыну, сондай-ақ
Қазақстан Республикасы
қатысушысы болып табылатын
халықаралық ұйымдар
шешімдерінің жобаларын келісу
және оларды іске асыру,
Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам
құқықтары жөніндегі кеңесінің
және адам құқықтары жөніндегі
шарттық органдардың арнайы
рәсімдерімен өзара іс-қимыл,
Қазақстан Республикасы
Президентінің қатысуымен
өтетін Қазақстан
Республикасының халықаралық
іс-шараларын дайындау, қол
жеткізілген уағдаластықтарды
орындау, халықаралық сот
органдарымен өзара
іс-қимыл және Қазақстан
Республикасының мемлекеттік
органдарының халықаралық
қызметін үйлестіруді жүзеге
асыру қағидаларына
4-ҚОСЫМША

      Ескерту. 4-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 25.01.2022 № 786 Жарлығымен.

Қазақстан Республикасының қол қойылған және күшіне енбеген екіжақты халықаралық шарттары бойынша мәліметтер

      Ескерту. Қағидалар 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Президентінің 17.04.2013 № 550 Жарлығымен.

Р/с №

Мәліметтердің деректемелері

Мемлекеттік органдардың ақпараты

1.

Халықаралық шарттың толық, ресми атауы


2.

Халықаралық шартты жасасу күні


3.

Халықаралық шартқа қол қою туралы нормативтік құқықтық актілер (атауы, күні мен нөмірі)


4.

Халықаралық шарттың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалуы туралы контрагент хабарламасының болуы (атауы, күні мен нөмірі)


5.

Халықаралық шарттың іске асырылуына жауапты, оның реттеу нысанасы құзыретіне кіретін орталық мемлекеттік орган (бірнеше орталық мемлекеттік орган болған кезде жинақтаушыны белгілеп. барлығын көрсету)


6.

Халықаралық шарттың реттеу нысанасы


7.

Халықаралық шарттың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындауға байланысты проблемалық мәселелердің болуы


8.

Халықаралық шарттың күшіне енбеуінің себептері


  Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттарының
орындалуы туралы ақпаратты
дайындау және оны Қазақстан
Республикасы Президентінің
қарауына ұсыну, сондай-ақ
Қазақстан Республикасы
қатысушысы болып табылатын
халықаралық ұйымдар
шешімдерінің жобаларын келісу
және оларды іске асыру,
Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам
құқықтары жөніндегі кеңесінің
және адам құқықтары жөніндегі
шарттық органдардың арнайы
рәсімдерімен өзара іс-қимыл,
Қазақстан Республикасы
Президентінің қатысуымен
өтетін Қазақстан
Республикасының халықаралық
іс-шараларын дайындау, қол
жеткізілген уағдаластықтарды
орындау, халықаралық сот
органдарымен өзара
іс-қимыл және Қазақстан
Республикасының мемлекеттік
органдарының халықаралық
қызметін үйлестіруді жүзеге
асыру қағидаларына
5-ҚОСЫМША

      Ескерту. 5-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 25.01.2022 № 786 Жарлығымен.

Қазақстан Республикасының қол қойылған және күшіне енбеген көпжақты халықаралық шарттары бойынша мәліметтер

      Ескерту. Қағидалар 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Президентінің 17.04.2013 № 550 Жарлығымен.

Р/с №

Мәліметтердің деректемелері

Мемлекеттік органдардың ақпараты

1.

Халықаралық шарттың толық, ресми атауы


2.

Халықаралық шартты жасасу күні


3.

Халықаралық шартқа қол қою туралы нормативтік құқықтық актілер (атауы, күні мен нөмірі)


4.

Халықаралық шарттың күшіне ену талаптары


5.

Контрагенттердің халықаралық шарттың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындауы туралы депозитарий хабарламасының болуы (атауы, күні мен нөмірі)


6.

Халықаралық шарттың іске асырылуына жауапты, оның реттеу нысанасы құзыретіне кіретін орталық мемлекеттік орган (бірнеше орталық мемлекеттік орган болған кезде жинақтаушыны белгілеп, барлығын көрсету)


7.

Халықаралық шарттың реттеу нысанасы


8.

Халықаралық шартқа қатысушы мемлекеттер


9.

Халықаралық шарттың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындауға байланысты проблемалық мәселелердің болуы


10.

Халықаралық шарттың күшіне енбеуінің себептері


  Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттарының
орындалуы туралы ақпаратты
дайындау және оны Қазақстан
Республикасы Президентінің
қарауына ұсыну, сондай-ақ
Қазақстан Республикасы
қатысушысы болып табылатын
халықаралық ұйымдар
шешімдерінің жобаларын келісу
және оларды іске асыру,
Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам
құқықтары жөніндегі кеңесінің
және адам құқықтары жөніндегі
шарттық органдардың арнайы
рәсімдерімен өзара іс-қимыл,
Қазақстан Республикасы
Президентінің қатысуымен
өтетін Қазақстан
Республикасының халықаралық
іс-шараларын дайындау, қол
жеткізілген уағдаластықтарды
орындау, халықаралық сот
органдарымен өзара
іс-қимыл және Қазақстан
Республикасының мемлекеттік
органдарының халықаралық
қызметін үйлестіруді жүзеге
асыру қағидаларына
6-ҚОСЫМША

      Ескерту. 6-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 25.01.2022 № 786 Жарлығымен.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ұсынылатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпараттың құрылымы

      Ескерту. 6-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 13.04.2023 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      Ескерту. Қағидалар 6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Президентінің 17.04.2013 № 550; өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 25.01.2022 № 786; 13.04.2023 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары ұсынған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын іске асыру барысы туралы мәліметтердің негізінде дайындалған талдамалық анықтама:

      1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы жалпы ақпаратты, оның ішінде:

      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының жалпы саны;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы халықаралық шарттары туралы (жасасу күні, контрагент, ынтымақтастық бағыттары);

      қол қойылған, бірақ күшіне енбеген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы ақпаратты;

      2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын іске асыруға байланысты проблемалық мәселелер туралы ақпаратты және оларды шешу бойынша ұсыныстарды;

      3) қорытындылар мен ұсыныстарды қамтиды.

      2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының (халықаралық шарттың мәртебесін көрсете отырып) тізбесі.