Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 9 қаңтардағы № 431 Жарлығы.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің:

      1) "Орталық атқарушы органдар басшыларының халық пен кездесулерін өткізу туралы" 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 863 Жарлығының;

      2) "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 195 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 34-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ