2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 Қаулысы (үзінді)

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi  Бюджет кодексiне  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Мыналардың:
       41-қосымшаға  сәйкес Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң 2007 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламаларының паспорттары бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2006 жылғы 16 желтоқсандағы
N 1220 қаулысына     
41-ҚОСЫМША        

203 - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi
          Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi

2007 жылға арналған
"Табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi, бақылауды қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны:  1097797 мың теңге (бiр миллиард тоқсан жетi миллион жетi жүз тоқсан жетi мың теңге)
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi:  "Әкiмшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 155 Кодексiнің  147,   147-1,   147-2,   147-3,   147-4,   147-5-баптары,  "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегi  Заңы ; "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңының  13,   14,   17,   18-баптары;  "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi  Заңы ; "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы  Заңы;  "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1109  қаулысы ; "Табиғи монополиялар салаларындағы тарифтiк саясатты дамыту тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2005 жылғы 13 мамырдағы N 455  қаулысы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi:  республикалық бюджеттің қаражаты
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты:  тұтынушылардың, мемлекеттің және мемлекеттiк және табиғи монополия субъектiлерiнің мүдделерiнің балансына жету.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi:  табиғи және мемлекеттiк монополия субъектiлерiнің қызметiн бақылау мен реттеу; табиғи монополиялардың жұмыс iстеуiне, тариф түзу мәселелерiне қатысты заңдардың жобаларына және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сараптама жүргізудi жүзеге асыру; мемлекеттiк органдардың ақылы қызметтер көрсету тәртiбiн бақылау; өз қызметiн мемлекеттiк монополияға жатқызылған салада жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметiн реттеу мен бақылау; табиғи монополиялар субъектiлерiнің мемлекеттiк тiркелiмiн, мемлекеттiк органдар көрсететiн ақылы қызметтердің мемлекеттiк тiркелiмiн жүргiзу; мемлекеттiк мекемелер монополиялық түрде жүзеге асыратын қызметтерге есеп айырысу әдiснамасы мен бағалар белгiлеу ережесiн жетiлдiру; табиғи монополия саласындағы тарифтердің (бағалардың, ставкалардың, алымдардың) немесе олардың шектi деңгейлерiнің есеп айырысу әдiстемесiн жетiлдiру; мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiби деңгейiн арттыру.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:

N р/с

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Бағдар-
ламаның
(кіші бағдар-
ламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

001

  

Табиғи монополия субъектілерінің қызметін реттеуді, бақылауды қамтамасыз ету

  

  

  

2

  

001

Орталық органның аппараты

Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
Табиғи монополия субъектісі өткізетін сатып алуды келісу; табиғи монополия субъектісінің өзге қызметті жүзеге асыруына және мүлікті иеліктен айыруға берілген өтініштерін қарау.
Табиғи және мемлекеттік монополия субъектілерінің қызметін реттейтін нормативтік және нормативтік құқықтық актілер әзірлеу; тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) есептеудің кемсітпейтін әдістерін әзірлеу;
Табиғи монополиялар субъектілерінің тіркелімін жүргізу.
Нормативтік және нормативтік құқықтық актілер әзірлеу жөнінде тәуелсіз сарапшылар мен сараптау ұйымдарының, консультанттардың, қаржылық, техникалық сараптама және табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне сараптамалық бағалаулар жүргізу жөніндегі сарапшылардың қызметтеріне ақы төлеу;
Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркеліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту жөнінде жария тыңдаулар ұйымдастыру және өткізу.
Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау;
Шағын және орта кәсіпкер субъектілеріне кітапшаларды (жадынамаларды) тегін таратуды қамтамасыз ету.

Қаңтар-желтоқсан

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

3

  

002

Аумақтық органдардың аппараттары

Табиғи және мемлекеттік монополия субъектілеріне тексерулер жүргізу.
Тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) өзгертуге берілген өтінімдерді қарау.
Табиғи монополиялар субъектілерінің тіркелімін жүргізу.
Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту жөнінде жария тыңдаулар өткізу.

Қаңтар-желтоқсан

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

4

  

007

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру

Мемлекеттік қызметшілердің үш тақырып бойынша біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтерді сатып алу:
1) "Мемлекеттік басқарудың осы заманғы әдістері мен технологияларына үйрету";
2) "Құқықтық оқыту";
3) "Экономикалық жағынан үйрету".
Мемлекеттік тілді үйрету.

Қаңтар-қараша

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

5

  

009

Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру

Агенттіктің орталық аппараты мен оның аумақтық органдарын материалдық-техникалық жабдықпен қамтамасыз ету.
Агенттіктің орталық аппараты мен оның аумақтық органдары үшін автокөлік сатып алу.
Агенттіктің орталық
аппараты мен оның
аумақтық органдары
үшін автокөлік сатып
алу

Сәуір-
желтоқ-
сан

Қазақстан Респуб-
ликасы
Табиғи
монопо-
лияларды
реттеу
агенттігі

6

  

017

Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету

Агенттіктің орталық аппараты мен оның аумақтық органдарының Интернет пен VPDN желісіне қол жеткізу қызметтері. Агенттіктің орталық аппараты мен оның аумақтық органдарын есептеу техникасымен және олардың ақпараттық жүйелерін телекоммуникациялық жабдықпен қамтамасыз ету. Агенттіктің орталық аппараты мен оның аумақтық органдарының есептеу техникасы мен телекоммуникациялық жабдығына жүйелі техникалық қызмет көрсету. Агенттіктің орталық аппараты мен оның аумақтық органдарының ақпараттық жүйелері мен төңіректік міндеттерін сүйемелдеу. Агенттіктің орталық аппараты мен оның аумақтық органдарының есептеу техникасы мен телекоммуникациялық жабдығына шығыс материалдары мен жинақтаушы қосалқы бөлшектерiмен қамтамасыз ету.

Қаңтар-желтоқсан
 
 
 
қаңтар-желтоқсан
 
 
 
қаңтар-желтоқсан
 
 
 
 
мамыр-желтоқсан
 
 
қаңтар-желтоқсан

  

      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.09.10.  N 784 , 2007.12.28.  N 1312  (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:  Тiкелей нәтиже:
Тарифтердің мөлшерiне әсер ететiн табиғи монополиялар субъектiлерiнің қаржы операцияларын жүргізудегi бұрмалаушылықтарын анықтау; тарифтерде ескерiлетiн табиғи монополиялар субъектiлерiнің шығындарын оңтайландыру.
Табиғи монополиялар субъектiлерi тарифтерiнің тұтынушыларға әсер етуiне талдау жүргiзу, тарифтер серпiнiнiң халықтың жекелеген салалары мен табыстарына әсер етуiне болжау жасауды жүзеге асыру.
48 адамның, оның iшiнде аумақтық органдар қызметкерлерiнің 24 адамның кәсiби деңгейiн арттыру; 140 адамға, оның ішінде аумақтық органдар қызметкерлерiнiң 110 адамына мемлекеттiк тiлдi үйрету.
Түпкi нәтиже:
Табиғи монополиялар субъектiлерiнің реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) қалыптастырудың ашықтығын қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Бiр мемлекеттiк қызметшiнің бiлiктiлігiн арттыруға жұмсалатын орташа шығын - 17,06 мың теңге.
Бiр мемлекеттiк қызметшіге мемлекеттік тiлдi үйретуге жұмсалатын орташа шығын - 17,55 мың теңге.
Уақтылығы:
Жасалған шарттарға сәйкес жыл iшiнде.
Сапасы:
Табиғи монополиялар субъектілерi қызметiнің ашықтығын қамтамасыз ету тарифтердің (тарифті сметалардың) шығын бөлiгiне енгiзiлетiн шығыстар негiздiлiгін анықтау.