Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 560 Қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 25.05.2016 N 18/01 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 2-тармағының 4-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және 37-бабының 8-тармағына сәйкес және мүгедектердің қоғамдағы тіршілік әрекеті және бірігуі үшін тең мүмкіндіктер жасау мақсатында, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меншіктің барлық түріндегі ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындар жұмыс орындарының жалпы санының 3% мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының жыл сайынғы квотасын белгілесін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ә.Қ. Сатоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Н. Төлепов