Тракторларға және олардың базасында жасалған өзi жүретiн шассилер мен механизмдерге, олардың тiркемелерiне, соған қоса арнайы жабдық орнатылған тiркемелерге, өзi жүретiн ауыл шаруашылығы, мелоративтiк және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiне, сонда

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі N 468 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 18 қарашада тіркелді. Тіркеу N 2563. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ескерту: Бұйрықтың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі N 217 бұйрығымен .

      "Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңын орындау үшiн бұйырамын:
      Ескерту: Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі N 217 бұйрығымен .
      1. Ұсынылып отырған Тракторларға және олардың базасында жасалған өзi жүретiн шассилер мен механизмдерге, олардың тiркемелерiне, соған қоса арнайы жабдық орнатылған тiркемелерге, өзi жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiне, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарға жыл сайынғы мемлекеттiк байқау өткiзу ережелерi бекiтiлсiн.
      Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі N 217 бұйрығымен .
      2. Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және техникалық саясат департаментi (Доскенов М.Ж.) заңнамаларда белгiленген тәртiппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн;
      2) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Вице-Министр А. Евниевке жүктелсiн.
       Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2008.11.27 N 732 бұйрығымен .
      4. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрiнiң
      орынбасары - Министр

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрiнiң   
орынбасары - Қазақстан 
Республикасы Ауыл   
шаруашылығы министрiнiң
2003 жылғы 8 қыркүйек 
N 468 бұйрығымен    
бекiтiлген       

Тракторларға және олардың базасында жасалған
өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге,
монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi
қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен
жүретiн ауыл шаруашылық, мелиоративтiк және
жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiне,
сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарға жыл
сайынғы мемлекеттiк техникалық байқау жүргiзу
Ережелері

      Ескерту: Ереженің атауына өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі N 217 бұйрығымен .

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережелер "Агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310 қаулысына сәйкес әзiрленген, және Қазақстан Республикасының барлық аумағында тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiне, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарға (бұдан былай - машиналар) жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқау жүргiзудiң бiрыңғай тәртiбiн белгiлейдi және шаруашылық кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер үшiн олардың ведомстволық бағынушылығына қарамастан, сондай-ақ басқа да машиналары бар азаматтар (бұдан былай - "иеленушiлер") үшiн мiндеттi болып табылады.
      Ескерту: 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі N 217 бұйрығымен .

      2. Жылына бiр рет техникалық байқауға заңды және жеке тұлғалардың иелiгiндегi және Мемтехинспекцияның аумақтық басқармаларында есепте тұрған, тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдер, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерi, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналар жатады.
      Жылына мемлекеттiк техникалық байқауға сонымен қатар ауылшаруашылық құрылымдардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң комбайындары да жатады.
      Ескерту: 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі N 217 бұйрығымен .

      3. Машиналарға мемлекеттiк техникалық байқау техникалық жай-күйiн бағалау, олардың санын, кiмдiкi екенiн және басқа да тiркеу көрсеткiштерiн анықтау, қоршаған ортаның экологиялық жай-күйiне әсерiн тигiзетiн, техникалық пайдалану және қауiпсiздiк техникасы ережелерiн өрескел бұзуды болдырмау, бұзылуын ескерту шараларын iске асыру мақсатында жүргiзiледi.

      4.<*>
       Ескерту: 4-тармақ алынып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2008.11.27 N 732 бұйрығымен .

2. Машиналардың техникалық жай-күйiн
байқауды ұйымдастыру жөнiндегi iс-шаралар

      5. Мемтехинспекция органдары заңды және жеке тұлғалардың келiсiмiмен машиналарды техникалық тексерудiң облыстық, аудандық Астана және Алматы қалалық кестесiн жасайды, осы кестеде техникалық тексерудiң өткiзiлетiн орны, күнтiзбектегi күндерi және өткiзiлетiн уақыты туралы мәлiметтер болуы тиiс. Облыстар, Астана және Алматы қаласы бойынша жиынтық кестенi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң облыстық аумақтық және Астана және Алматы қалалық Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті инспекциясының бастығы бекiтедi.
       Ескерту: 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2008.11.27 N 732 бұйрығымен .

      6. Облыстың (ауданның, қаланың) Мемтехинспекциясының инженер-инспекторлары мемлекеттiк техникалық байқаудың басталуына 30 күн қалғанға дейiн кешiктiрмей машиналарын мемлекеттiк техникалық бақылауға ұсынудың мерзiмдерi, шарттары мен тәртiбi туралы (жергiлiктi басылымда жариялау арқылы) машиналардың иеленушiлерiн хабарландыруға мiндеттi.

      7. Жыл сайынғы машиналардың мемлекеттiк техникалық байқау тексерудiң мерзiмiн көктемгi дала және жиым-терiм жұмыстары басталғанға дейiн машиналардың тұрған жерiндегi Мемтехинспекция белгiлейдi.
      Ауыл шаруашылығы жұмыстарының басталуына екi апта қалғанда машиналарды мемлекеттiк техникалық байқауға тиым салынады.

      8. Заңды тұлғалар машинаны мемлекеттiк техникалық бақылауға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) маркасын және моделiн, шыққан жылын, машинаның және двигательдiң зауыттық нөмiрiн, нөмiрiн, сериясын және мемлекеттiк нөмiрлiк белгiсiн көрсетiп баланста тұрған машиналардың тiзiмiн;
      2) машинаның тiркеу құжаттарын;
      3) заңды тұлғаның мөрiмен куәландырылған машинаны мемлекеттiк техникалық байқау aктici (1-қосымша) (2 дана).

      9. Жеке тұлғалар машинаны мемлекеттiк техникалық байқауға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) жеке басты куәландыратын құжатын;
      2) азаматтың меншiк иесiнiң мүддесiн қолдайтынын куәландыратын құжатын;
      3) рұқсат етiлген белгiлерi бар тракторист-машинист куәлiгiн;
      4) машинаның тiркеу құжаттарын;
      5) көлік құралдарына салық төлегенін растайтын құжат немесе көлік құралдарына салық төлеуден босатылғанын растайтын құжат.
      Ескерту: 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.02.15 N 92 бұйрығымен .

      10. Машиналарды мемлекеттiк техникалық байқау мына комиссия құрамында жүргiзiледi: Мемтехинспекцияның инженер-инспекторы - комиссия төрағасы, мекеменiң бас инженер-механигi және еңбектi қорғау және техникалық қауiпсiздiгi инженерi. Комиссияның құрамына жоғарғы орган басқармасының инженер-техник жұмыскерлерi, жөндеу қызметiн көрсету мекемесiнiң, штаттан тыс мемтехинспекторлар кiре алады.

  3. Машинаға мемлекеттiк техникалық
байқау жүргiзудiң тәртiбi

      11. Машиналарды мемлекеттiк техникалық байқау олардың тұрақты тiркелген жерiнде өткiзiледi.

      12. Меншiк иелерi, иеленушiлер иелiгiндегi машиналарды өз уақытында және белгiленген жерге мемлекеттiк техникалық байқауға ұсынуға мiндеттi. Белгiленген мерзiмде мемлекеттiк техникалық байқауға ұсынылмаған машиналар, техникалық байқаудан өтпеген деп танылады, "Қазақстан Республикасының жол жүрiсi ережелерiн, Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу бойынша негiзгi ережелерiн және лауазымды тұлғалар мен жол жүрiсiне қатынасушылардың жол жүрiсiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша мiндеттерi және Көлiгi арнайы жарық және дыбыс берушi құралдармен жабдықталуға және арнайы түстiграфикалық схемамен боялуға жататын арнайы және жедел қызметтердiң тiзiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 25 қарашадағы N 1650 (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 26 мамырдағы N 643 қаулысымен өзгерiстер енгiзiлген) қаулысымен бекiген Қазақстан Республикасының жол жүрiсi ережелерiне сәйкес, оларды пайдалануға уақытша тиым салынады.

      13. Инженер-инспектор машинаны мемлекеттiк техникалық байқау жүргiзгенде:
      1) машиналардың кiмге тиесiлi екенiн анықтайды, машиналар мен двигательдiң тұрпатының, модельдерiнiң, шыққан жылдары мен зауыттық нөмiрлерiнiң, мемлекеттiк нөмiр белгiлерiнiң тiркеу құжаттарында жазылған мәлiметтерге сәйкестiгiн тексередi;
      2) машиналардың техникалық жай-күйiнiң, адамдардың өмiрiне, денсаулығына және мүлкiне, қоршаған ортаны қорғау қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкестiгiн, Қазақстан Республикасында белгiленген қолданыста жүрген стандарттарға, сертификаттарға, шығарған-зауыттардың пайдалану жөнiндегi нұсқауларына және басқа да нормативтiк құжаттамалар, сонымен қатар Жол жүрiсi ережелерiнiң және тiркеу құжаттарының талаптарына сәйкестiгiн тексередi. Мiндеттi тексеруге мыналар жатады: тежеу жүйесiнiң жұмысы, рулдiк басқару, доңғалақ және шина, жарық және дыбыс жабдықтары, тiркеу құрылымы.
      Тiркемелердiң техникалық жай-күйi трактор поездың құрамында (тарту-жалғау қондырғыларының және тежегiштiң блокировкасын тексеру үшiн) тексерiледi;
      3) тракторшы-машинистердiң тракторшы-машинист куәлiгiнiң бар жоғын, осы категориядағы машинаны жүргiзуге рұқсат беретiн белгiлерiмен, машинаны жүргiзуге жарамдылығы жөнiндегi медициналық анықтаманың (медициналық қайта куәландыру мерзiмдерiнiң сақталу) сәйкестiлiгiн тексередi.
      Иеленушiде машинаны жүргiзу құқына куәлiгi жоқ болған жағдайда немесе медициналық куәландыру анықтамасы болмаған жағдайда техникалық байқау жүргiзiлмейдi, машинадан нөмiрлiк белгi алынып, техникалық байқау өткiзудiң жаңа мерзiмi белгiленедi.

      14. Тiркеу мәлiметтерiнен айырмашылықтар тапқанда, техникалық паспортта машина мен двигательдiң зауыттық нөмiрлерi, мемлекеттiк нөмiр белгiлерi жасанды өзгертiлген болса Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шаралар қолданылады.

      15. Машиналар, Машиналарды мемлекеттiк техникалық байқауға байланысты талаптарды регламенттеушi нормативтiк-техникалық құжаттардың тiзбесi белгiленген талаптарға жауап бермесе (2-қосымша) немесе жол жүрiсi және қоршаған ортаны қорғау қауiпсiздiгiне қауiп төндiретiн ақауы болса, ақаулы деп есептеледi және "Қазақстан Республикасының жол жүрiсi ережелерiн, Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу бойынша негiзгi ережелерiн және лауазымды тұлғалар мен жол жүрiсiне қатынасушылардың жол жүрiсiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша мiндеттерi және Көлiгi арнайы жарық және дыбыс берушi құралдармен жабдықталуға және арнайы түстiграфикалық схемамен боялуға жататын арнайы және жедел қызметтердiң тiзiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 25 қарашадағы N 1650 (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 26 мамырдағы N 643 қаулысымен өзгерiстер енгiзiлген) қаулысымен бекiген Қазақстан Республикасының жол жүрiсi ережелерiне сәйкес оларды пайдалануға белгiленген тәртiппен тиым салынады.

      16. Календарлық жылдың iшiнде дайындаушы-зауыттардан шыққан және осы жылы тiркеу пункттерiнде тiркелген жаңа машиналардың техникалық жай-күйiн байқау, олардың техникалық жай-күйiн тексермей-ақ өткiзiледi.

      17. Техникалық жай-күйi шығарушы-зауыттың нұсқауына сәйкес келетiн немесе машиналарға бекiтiлген техникалық талаптарға сәйкес, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгi жөнiндегi мемлекеттiк стандарттарға сәйкес толық жабдықталған машина ақаусыз деп саналады.

      18. Мемлекеттiк техникалық байқаудан өткен машиналарға, машиналарды мемлекеттiк техникалық байқау журналында (4-қосымша) және тiркеу құжатына "Ақаусыз" деген жазу жазылады және пайдалануға рұқсат беретiн Машинаны техникалық байқаудан өткiзу туралы талон берiледi, (5-қосымша) байқау өткiзiлген жылы көрсетiледi ол Мемтехинспекцияның инспекторының қолымен және тiркеу пунктiнiң штампымен куәландырылады. Талон кабинаның (оның iшкi жағынан) алдыңғы әйнегiнiң оң жақтағы төменгi бұрышына бекiтiледi және жаңа талон алғанға дейiн алынбауға тиiс.
      Талон жоғалған немесе зақымданған жағдайда аумақтық басқармалармен қайта бақылау жүргiзiлген оның дубликаты берiледi.
       Ескерту: 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2008.11.27 N 732 бұйрығымен .     
      19. Агрегаттар мен механизмдер ажыратылмай диагностикалық приборлар және тексеру құралдарымен тәсiлдердi пайдаланып тексерiледi. Тiркемелердiң жай-күйi поездың құрамында тексерiледi.

      20. Машиналарды басқару жағдайында, мемлекеттiк техникалық байқау өтпегендiгi немесе техникалық байқаудан өткен бiрақ ақауы бар, пайдалану қауiпсiздiгiне қауiп төндiретiн жүру қауiпсiздiгiне немесе экологиялық жағдайды төмендететiн, қолданыстағы заңнамаға сәйкес кiнәлi адамдарға әсер ету үшiн iс-шаралар қолданылады, ондай машиналардың нөмiр белгiлерi алынып пайдалануға тиым салынады.

      21. Тұрақты есепте тұрған жерiнен басқа аудандарға 2 айдан астам уақытқа шыққан машиналар, уақытша есепте тұрған жерiнiң Мемтехинспекторына соңғысы белгiлеген мерзiм бойынша техникалық байқауға ұсынылады.

4. Машинаның мемлекеттiк техникалық
байқау нәтижелерiн ресiмдеу

      22. Заңды тұлғалардың машиналарын мемлекеттiк техникалық байқаудың нәтижелерi екi дана Машиналарды мемлекеттiк техникалық байқау актiмен (1-қосымша) ресiмделедi. Бiрiншi данасы заңды тұлғаның өкiлiне берiледi, ал екiншiсi анықталған кемшiлiктердi жою барысына бақылау жасау үшiн "Мемтехинспекцияда" қалады.

      23. Жеке тұлғалардың, тек машиналарының құрылымының сәйкессiздiгi байқалғанда немесе машиналарды пайдалануға рұқсат етiлмейтiн техникалық ақауы анықталған жағдайда ғана, техникалық байқау нәтижелерi Машиналарды пайдалану кезiндегi техникалық байқау актiмен (6-қосымша) ресiмделедi.

      24. Мемтехинспекцияның облыстық, Астана және Алматы қалалық инженер-инспекторлары аумақтық, қалалық басқарма бойынша машиналарды мемлекеттiк техникалық байқаудың жиынтық қорытындысын, машиналарға мемлекеттiк техникалық жүргiзудi жақсарту жөнiнде әзiрленген шаралар мен ұсыныстарды қосып, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне ұсынады.

      25. Машиналарды мемлекеттiк техникалық байқау құжаттары 3 жыл сақталады.

Қазақстан Республикасы    
Премьер-Министрiнiң      
орынбасары - Қазақстан    
Республикасы Ауыл       
шаруашылығы министрiнiң   
2003 жылғы 8 қыркүйектегi  
N 468 бұйрығымен бекiтiлген 
Тракторларға және олардың  
базасында жасалған өздiгiнен
жүретiн шассилер мен   
механизмдерге, монтаждалған 
арнайы жабдығы бар      
тiркемелердi қоса алғанда, 
олардың тiркемелерiне,    
өздiгiнен жүретiн ауыл    
шаруашылық, мелиоративтiк  
және жол-құрылыс машиналары 
мен механизмдерiне жыл    
сайынғы мемлекеттiк      
техникалық байқау жүргiзу   
ережелерiне 1-қосымша     

Машиналарды мемлекеттiк техникалық байқау актi

200__ж. "___"________ 

      Мен, ________________________________________________________
                      (Т.Е.Ә., Мемтехинспекцияның атауы)

Мемтехинспекцияның инженер-инспекторы _____________________________
                             (тексеруге қатысып отырғандар, T.Е.Ә.)
_____________________________________________________________ бiрге
                            (заңды тұлға)
балансында тұрған машиналарды техникалық жай-күйiне байқау өткiздiк.

      Техникалық жай-күйiне байқау кезiнде төмендегiлер анықталды:
      1. Техникалық байқауға жалпы саны _______ төмендегi
                                         (саны)
машиналар ұсынылды.
___________________________________________________________________
NN |Маши. |Маши. |Мем. | Шығарушы  |Шыға.| Техникалық | Техникалық
р/н|наның |наның |ле.  | зауыттың  |рыл. | жай-күйiн  | жай-күйiн
   |атауы |мар.  |кет. |  реттiк   |ған  | тексеруден |  тексеру
   |      |касы  |тiк  |  нөмiрi   |жылы | өткендiгi  | талонының
   |      |      |тiр. |___________|     |  туралы    |   нөмiрi
   |      |      |кеу  |Маши.|Дви. |     | қорытынды  |   немесе
   |      |      |бел. |наның|га.  |     |            |  оны алу
   |      |      |гiсi |(ра. |тель.|     |            |  жөнiндегi
   |      |      |     |масы.|дiң  |     |            |    белгi
   |      |      |     |ның) |     |     |            |
___________________________________________________________________
1     2     3     4     5     6     7         8           9
___________________________________________________________________

      Техникалық жай-күйiн байқаудан ________ машина өттi.
                                      (саны)

      Техникалық жай-күйiн байқаудан _______ машина өтпедi, оның
                                     (саны)
ішiнде мына себептермен:

      техникалық ақаулы _______________ машина;
                            (саны)

      толық жөндеуде ______________ машина;
                         (саны)

      құрылмасының нормативтiк-техникалық құжаттамаларға сәйкес
келмеуiнен ________ машина өтпедi.
            (саны)

      2. ________ машина техникалық жай-күйiн тексеруге ұсынылмады:
          (саны)
____________________________________________________________________
NN |        Маркасы       |Мемлекеттiк| Техникалық  |Техникалық
р/н|                      |  тiркеу   |  жай-күйiн  |тексеруден
   |                      |  белгiсi  |  тексеруге  |өткендiгi
   |                      |           |ұсынылмауының|жөнiндегi
   |                      |           |  себептерi  |талонды
   |                      |           |             |тапсырғандығы
   |                      |           |             |жөнiндегi белгi
___________________________________________________________________
1             2                3            4            5
___________________________________________________________________

      Кәсiпорынның, ұйымның басшысы            ____________________
                                                 (қолы, T.Е.Ә.)

      Бухгалтер (немесе, есеп жүргiзушi тұлға) ____________________
                                                  (қолы, Т.Е.Ә.)

      Мемтехинспекцияның инженер-инспекторы    ____________________
                                                  (қолы, Т.Е.Ә.)

      Комиссия мүшелерi:                       ____________________
                                                  (қолы, Т.Е.Ә.)

                                               ____________________
                                                  (қолы, Т.Е.Ә.)

      техникалық тексеруден өткендiгi жөнiндегi талондардың (пайдалану үшiн рұқсатнаманың) барлығы ___________ данасын заңды тұлғаның өкiлi алды.

_____________________     
(қолы, Т.Е.Ә.)         

Қазақстан Республикасы    
Премьер-Министрiнiң      
орынбасары - Қазақстан    
Республикасы Ауыл       
шаруашылығы министрiнiң   
2003 жылғы 8 қыркүйектегi  
N 468 бұйрығымен бекiтiлген 
Тракторларға және олардың  
базасында жасалған өздiгiнен
жүретiн шассилер мен   
механизмдерге, монтаждалған 
арнайы жабдығы бар      
тiркемелердi қоса алғанда, 
олардың тiркемелерiне,    
өздiгiнен жүретiн ауыл    
шаруашылық, мелиоративтiк  
және жол-құрылыс машиналары 
мен механизмдерiне жыл    
сайынғы мемлекеттiк      
техникалық байқау жүргiзу   
ережелерiне 2-қосымша     

Машиналарды мемлекеттiк техникалық байқауға
байланысты талаптарды регламенттеуші
нормативтiк-техникалық құжаттардың
Тізбесі

      1. Шығарушы-зауыттың нұсқаулары.
      2. МЕМСТ 23181-78 "Автокөлiк құралдарының гидравликалық тежегiштерiнiң жетектерi. Жалпы техникалық талаптар".
      3. МЕМСТ 22895-77 "Автокөлiк құралдарының тежеу жүйелерi және тежегiштiк қасиеттерi. Тиiмдiлiк нормативтерi. Жалпы техникалық талаптар" (жалпы пайдаланылатын автожолдармен жүруге арналмаған автокөлiктер үшiн).
      4. МЕМСТ 4364-81 "Автокөлiк құралдарының пневматикалық тежеу жүйелерiнiң жетектерi. Жалпы техникалық талаптар".
      5. MEMCT 12.2.11-85 "Аспалы және тiркемелi ауыл шаруашылық машиналары. Жалпы қауiпсiздiк талаптары".
      6. МЕМСТ 12.2.019-86 "Тракторлар және өзiдiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық машиналары. Жалпы қауiпсiздiк талаптары".
      7. МЕМСТ 28708-90 "Ауыл шаруашылық жұмыстарын шағын механикаландырудың ұтқыр құралдары. Құрылмасына қойылатын жалпы қауiпсiздiк талаптары".
      8. МЕМСТ 12.2.120-88 "Өздiгiнен жүретiн жол-құрылыс машиналарының, бiр өстi сүйреуiштердiң, карьерлiк өзi аударғыштардың, және өзiдiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық машиналары операторларының кабиналары және жұмыс орындары. Жалпы қауiпсiздiктiң талаптары".
      9. МЕМСТ 19677-87 "Ауыл шаруашылық тракторлары. Жалпы техникалық талаптар".
      10. МЕМСТ 18699-73 "Электрлiк әйнек тазалағыштар. Техникалық талаптар".
      11. МЕМСТ 10000-75 "Трактордың тiркемелерi және жартылай тiркемелерi. Жалпы техникалық талаптар".
      12. МЕМСТ 3481-79 "Тракторлар және ауыл шаруашылық жетек-жалғау құралдары. Тұрпаттары, негiзгi параметрлерi және өлшемдерi".
      13. ҚР СТ 1176-2003 "Механикалық көлiк құралдарына және олардың тiркемелерiне арналған жарықшағылыстырғыш қапталған мемлекеттiк тiркеу белгiлерi".
      14. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 25 қарашадағы N 1650 қаулысымен , оның 1999 жылғы 26 мамырдағы N 643 өзгертулерiмен қоса бекiтiлген "Қазақстан Республикасының жолда жүру ережесi".

Қазақстан Республикасы    
Премьер-Министрiнiң      
орынбасары - Қазақстан    
Республикасы Ауыл       
шаруашылығы министрiнiң   
2003 жылғы 8 қыркүйектегi  
N 468 бұйрығымен бекiтiлген 
Тракторларға және олардың  
базасында жасалған өздiгiнен
жүретiн шассилер мен   
механизмдерге, монтаждалған 
арнайы жабдығы бар      
тiркемелердi қоса алғанда, 
олардың тiркемелерiне,    
өздiгiнен жүретiн ауыл    
шаруашылық, мелиоративтiк  
және жол-құрылыс машиналары 
мен механизмдерiне жыл    
сайынғы мемлекеттiк      
техникалық байқау жүргiзу   
ережелерiне 3-қосымша     

Машинаның техникалық жай-күйi картасы

Маркасы ______________ шыққан жылы ___________________________
мем. нөмiрi __________ зауыттық нөмерi _______________________
двигателдiң нөмерi ___________________________________________
Т.Е.Ә (заңды тұлғаның атауы) меншiк иесiнiң (иеленушiнiң) ____
______________________________________________________________

___________________________________________________________________
                   Көрсеткіштер                          | жай-күйі
___________________________________________________________________
                          1                                   2
___________________________________________________________________
1. Ақаусыз машинаға негiзгi талаптар:
- барлық детальдары, бекiтушi детальдарымен қоса бүтiн
болуы тиiс, түйiнi және механизмдерi реттелген және
майланған, оның iшiнде тығыздағыштары орнында болуы,
шплинттер, шайбалар трактордың ақаусыз таңдалған
аспаптары болуы қажет.

2. Двигатель:
- негiзгi және қосу двигательдерi оңай оталуы және
жүктелген және жүктелмеген режимде бiркелкi жұмыс
iстеуi тиіс;
- су, жанармай және май ақпайды;
- түтiн шығатын түтiктен және сапуннан дыбыс және
түтiндеу байқалмайды, картердегi майдың жалпы шығыны
(жанғанын қосқанда) жағылған жанармайдың көлемiнiң
2% аспауы тиiс;
- дыбыс сөндiргіш шектелген шуды қамтамасыз eтеді,
жалғағыштар арқылы қоректену және газ алмасу жүйесiне
газ кiрмейдi, тексеру аспаптары дұрыс мәлiмет бередi,
турбокомпрессор двигательдiң тиянақты жұмысын қамтамасыз
етедi;
- негiзгi двигатель гарантиялық жанармай шығынын және
айналымын сақтап, номиналды қуатын алады.

3. Бас ажыратқыш:
- еркiн қозғалысы нормада, қосылған жағдайда тайғанау
жоқ, берiлiстi өзгерткiш бiркелкi қосылады.

4. Берілістi өзгерткiш қорап:
- май ақпайды;
- трактордың жұмыс жағдайында берiлiстер жеңiл қосылады
және ажырайды, өздiгiнен ажырап кету жоқ, дүрсiл және
қатты дыбыс байқалмайды.

5. Артқы бiлiк:
- дүрсiл және қатты дыбыс шықпайды және трансмиссия
қызбайды, май ақпайды;
- машинаның тура жүруi қамтамасыз етіледi, бұрылыстарда
қатты дыбыс байқалмайды;
- тиянақты және тез тежеу қамтамасыз етiледi, артқы
бiлiктiң қорабында және жеңқорабтарында жарық жоқ.

6. Рама:
- ұзына бойғы балкаларда және көлденең брустарда босаған
заклепкалар, жарық, сынық жоқ.

7. Гидро-асу жүйесі:
- аспа жабдықтар жағдайда тиянақты тұрады, жұмыс кезiнде
май қатты қызбайды, көпiрмейдi, бак көмейi арқылы
шашырамайды;
- бөлгiштiң тұтқасы жұмыс қалпынан бейтарап күйге
автоматты түрде қайтады, бөлгiштiң тұтқасы "Көтеру"
күйiнен "Бейтарап" күйге уақыттан бұрын автоматты
түрде қайтпайды;
- Золотниктiң автоматы нормалды - 115-125 кгк/см 2 қысым
шегiнде, ал сақтандыру клапандары 130-140 кгк/см 2 қысымда
ашылады.

8. Электрлiк жабдықтар:
- аккумуляторлық батарея қалыпты қуатқа ие,
электролиттiң қажеттi деңгейi бар, ақпайды, тығындарының
тесiктерi таза;
- генератор аккумуляторлық батареяны зарядтауды
қамтамасыз етедi, регулятор тiзбекте тұрақты қуатты ұстап
тұрады және генераторды асыра жүктеуден сақтайды;
- стартер қатты дыбыссыз қосылады және двигательдiң иiндi
бiлiгiн еркін айналдырады;
- жарық фаралары, подфарниктер, артқы фонарлар, қосқыштар,
сақтағыштар, электр өткiзгiштер, дыбыс сигналы және әйнек
тазалағыш ақаусыз.

9. Жүру бөлігі:
- шиналар мен доңғалақтар тесiлiп зақымданбаған, шина
корды қабаттарға ажырамаған, протектордың суретiнiң
жойылуы 90% тен аспайды, оң және сол жақ доңғалақтардың
өлшемi бiрдей болуы керек, ауа қысымы нормада;
- алдыңғы ось және бұрылыс цаппалары майыспаған, алдыңғы
доңғалақтың ступицасының подшипниктерiнiң саңылаулары
көп емес, доңғалақтың дискiсi мен қырсауы тиянақты
бекiтiлген және майыспаған, алдыңғы доңғалақтардың
таясуы дұрыс реттелген.

10. Рульдiк басқару және кабина:
- рульдiк басқарудың жалғағыштары майыспаған, жарығы жоқ,
бұрандасы зақымдалмаған, рульдiк жалғағыштардың
аяқтамаларында және сошкада люфт жоқ, рульдiк дөңгелектiң
люфтi дұрыс реттелген;
- кабина, капот, алдыңғы және артқы доңғалақтардың
қанаттарының майысқан, бояуы зақымдалған, жарылған
жерлерi жоқ және тиянақты бекiтiлген;
- кабинаның әйнектерi түгел, орындық тиянақты бекiтiлген,
есiктер оңай ашылып, тиянақты жабылады, нөмiрлiк белгiлер
тиянақты бекiтiлген, жарықтандырылған;
- трактор медициналық қорабшамен және өрт сөндіргішпен
жабдықталған.
___________________________________________________________________

      Комиссия төрағасы ___________________________________
      Комиссия мүшелерi  ___________________________________
                         ___________________________________

Қазақстан Республикасы    
Премьер-Министрiнiң      
орынбасары - Қазақстан    
Республикасы Ауыл       
шаруашылығы министрiнiң   
2003 жылғы 8 қыркүйектегi  
N 468 бұйрығымен бекiтiлген 
Тракторларға және олардың  
базасында жасалған өздiгiнен
жүретiн шассилер мен   
механизмдерге, монтаждалған 
арнайы жабдығы бар      
тiркемелердi қоса алғанда, 
олардың тiркемелерiне,    
өздiгiнен жүретiн ауыл    
шаруашылық, мелиоративтiк  
және жол-құрылыс машиналары 
мен механизмдерiне жыл    
сайынғы мемлекеттiк      
техникалық байқау жүргiзу   
ережелерiне 4-қосымша     

Машиналарды мемлекеттік техникалық байқау
ЖУРНАЛЫ

___________________________________________________________________
NN |   байқау    | Машинаның  |       Нөмірлері        |  Тіркеу
   | жүргізілген | атауы және |________________________| нөмірлік
   |   күні      |  маркасы   | шассидің | двигателдің |  белгісі
___________________________________________________________________
1       2             3           4            5          6
___________________________________________________________________

___________________________________________________________________
Иесінің  | Техникалық | Нөмір белгісін |  Машина меншік
(иелену. | жай-күйі   | және басқару   |     иесінің
шінің)   | туралы     | куәлігін алу   | (иеленушінің)
Т.Е.Ә.   | қорытынды  | туралы белгі   |       қолы
          | (ақаулы,   |                |
          | ақаусыз)   |                |
___________________________________________________________________
   7         8             9                10
___________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы    
Премьер-Министрiнiң      
орынбасары - Қазақстан    
Республикасы Ауыл       
шаруашылығы министрiнiң   
2003 жылғы 8 қыркүйектегi  
N 468 бұйрығымен бекiтiлген 
Тракторларға және олардың  
базасында жасалған өздiгiнен
жүретiн шассилер мен   
механизмдерге, монтаждалған 
арнайы жабдығы бар      
тiркемелердi қоса алғанда, 
олардың тiркемелерiне,    
өздiгiнен жүретiн ауыл    
шаруашылық, мелиоративтiк  
және жол-құрылыс машиналары 
мен механизмдерiне жыл    
сайынғы мемлекеттiк      
техникалық байқау жүргiзу   
ережелерiне 5-қосымша     

      _____________________________
      (машинаның мемлекеттiк нөмiрi)

____________________
(облыстың атауы) 

Трактордың суретiнiң
орны

Машинаны техникалық байқаудан өткiзу туралы
талон N _________
      (талонның)

_______________________________________ Tex байқаудан өттi
(өткiзу мерзiмi)            

Талонның қайырма бетi

Машинаның маркасы және моделi _______________________________
Жыл сайынғы салығы ____________________________________ теңге
200__ж. "___" N ___________ түбiртек бойынша төленген.
      Кезектi техникалық байқаудан 200__ж. _____ өткізуді ұсынады.
      Мемтехинспекцияның инженер-инспекторы _______________________
                                                     (қолы)

      Талон кабинаның алдыңғы әйнегiнiң (оның iшкi жағының) оң жақ төменгi бұрышына бекiтiледi және жаңа талон алғанша алынбайды.

Машинаны техникалық байқаудан
өткізу туралы талонды сипаттау

      1. Талон бланкiлерi көлемi 7,5 x 10,5 см қатты қағаздан жасалады.
      2. Талонның бет жағына:
      сол жақта - нөмiрлiк белгi және трактордың бейнесi;
      оң жақта - аймақтың атауы және шетiнде машинаны техникалық тексеруге берген жылдың соңғы екi санын көрсетуге арналған көлемi 5 х 5,5 см орын. Олардың астына талонның реттiк нөмiрi мен техникалық тексеруден өткен мерзiмi көрсетiледi.
      3. Талонның қайырма бетiнде техникалық тексеру ережелерi мен 6-қосымшаға сәйкес мәлiметтер көрсетiледi.

Қазақстан Республикасы    
Премьер-Министрiнiң      
орынбасары - Қазақстан    
Республикасы Ауыл       
шаруашылығы министрiнiң   
2003 жылғы 8 қыркүйектегi  
N 468 бұйрығымен бекiтiлген 
Тракторларға және олардың  
базасында жасалған өздiгiнен
жүретiн шассилер мен   
механизмдерге, монтаждалған 
арнайы жабдығы бар      
тiркемелердi қоса алғанда, 
олардың тiркемелерiне,    
өздiгiнен жүретiн ауыл    
шаруашылық, мелиоративтiк  
және жол-құрылыс машиналары 
мен механизмдерiне жыл    
сайынғы мемлекеттiк      
техникалық байқау жүргiзу   
ережелерiне 6-қосымша     

Машинаны пайдалану кезiндегi
техникалық байқау актi

200__ж. "__" __________ 

Мен, _______________________________________________________
(Т.Е.Ә.,Мемтехинспекцияның атауы)

      Мемтехинспекцияның инженер-инспекторы _______________________
                                 (иесiнiң толық мекен-жайы, T.E.Ә.)

___________________________________________________________________
__________________________ машинасын техникалық байқаудан өткiздiм.
Маркасы ____________________ Зауыттық N ___________________________
Шыққан жылы ________________ Мемлекеттiк тiркеу белгiсi ___________
Двигательдiң N ___ Пайдаланғаннан бастап жұмысы ____ мото-сағат(км)
______________________________ Мемтехинспекциясында есепте тұрған
(Мемтехинспекцияның атауы)

Техникалық ақауы байқалды _________________________________________
___________________________________________________________________

Қорытынды ________________ ________________________________________
          (ақаусыз, ақаулы)    (мемлекеттiк техникалық байқаудан
_________________________________ алынып, пайдалануға тиым салынды.
өту жөнiндегi талоны, тiркеу белгiсi)

Мемтехинспекцияның инженер-инспекторы _____________________________
                                           (қолы, Т.Е.Ә., мөрi)

Актiнiң көшiрмесiн алдым __________________________________________
                                      (иесiнiң қолы)

Ақауын жөндегеннен кейiн машинаны мына мекен-жайға
қайта техникалық тексеруге беру керек:

___________________________________________________________________
     (жылы, күнi, айы, техникалық тексеру өткiзiлетiн мекен-жай)
қолында осы актiнiң көшiрмесiмен.

      200____ж. "__"______ қайта техникалық тексеруден өттi
      Қорытынды __________________________________________
                           (ақаусыз, ақаулы)

Мемтехинспекциясының инженер-инспекторы ___________________________
                                               (қолы, Т.Е Ә )

      Мемлекеттiк техникалық байқаудан өткендiгi жөніндегі
(мемлекеттiк тiркеу белгiсi) талонды (пайдалануға рұқсатнаманы) алдым
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
                            (қолы, Т.Е.Ә.)