Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлері мен киiктерді сақтаудың және қалпына келтiрудiң 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 наурыздағы N 267 Қаулысы

      Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2011.01.31 № 8 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының Заңдарымен сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
     1. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
     1) <*>
      Ескерту: 1) тармақша алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 323   қаулысымен .

     2) <*>
      Ескерту: 2) тармақша алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 318  қаулысымен .

     3) <*>
     Ескерту: 3) тармақша алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 359   қаулысымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін   4-тармақтан   қараңыз ).
__________________________________

     4) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының "Бағалы қағаздар рыногындағы жұмыстарды орындауға жеке тұлғаларға рұқсат беру жөніндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20-сәуірдегі N 30  қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 782 тіркелген, "Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы" журналында 1999 жылы жарияланған, N 8, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2397 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 мамырдағы N 177  қаулысымен , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3400 тіркелген Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 373  қаулысымен енгізілген өзгерістері бар):

     1-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

     5) <*>
      Ескерту: 5) тармақша алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы   N 229   қаулысымен .
________________________________

      6) <*>
       Ескерту: 6) тармақша алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы  N 296   қаулысымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін   4-тармақтан   қараңыз ).

     2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен кейін он төрт күн өткен соң қолданысқа енеді.

     3. Заң департаменті (Байсынов М.Б.):
     1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
     2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

     4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

     Төраға