2007 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы (Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 Қаулысы (үзінді)

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет  кодексiне  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Мыналардың:
       42,   43,   44,   45,   46,   47 (өте құпия) 48,   49,   50-қосымшаларға  сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң 2007 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламаларының паспорттары бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы   
N 1220 қаулысына         
42-ҚОСЫМША          

204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2007 жылға арналған
"Сыртқы саяси қызметтi қамтамасыз ету" 
деген 001 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 14747055 мың теңге (он төрт миллиард жеті жүз қырық жеті миллион елу бес мың теңге).
       Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.11.06.  N 1052  қаулысымен.
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы"  Заңы , Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегi "Мемлекеттiк қызмет туралы"  Заңы , Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк протоколын бекiту туралы" N 201  Жарлығы , Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 27 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекiту туралы" N 217  Жарлығы , Қазақстан Республикасы Президентiнің 2004 жылғы 4 ақпандағы "Қазақстан Республикасының Дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiгi туралы ереженi бекiту туралы" N 1287  Жарлығы , Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1997 жылғы 27 мамырдағы "Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдiгiндегi Елшілігін орналастыру үшін Қазақстан Республикасының меншігіне Брюссельде ғимарат сатып алу туралы" N 893  қаулысы , Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 9 қазандағы "Қазақстан Республикасының меншiгiне Вашингтонда (Колумбия округi, АҚШ) жылжымайтын мүлiк объектiлерiн сатып алу туралы" N 1431a қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 28 қаңтардағы "Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудің жекелеген мәселелерi" N 136  қаулысы , Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 9 тамыздағы "Қазақстан Республикасының меншігіне Лондон қаласында ғимарат сатып алу туралы" N 1222-73қ қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнің мәселелерi" N 1118  қаулысы , Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2006 жылғы 28 қазандағы "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгінің Халықаралық ақпарат комитетiнің мәселелерi" N 1024  қаулысы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : Қазақстан Республикасының халықаралық беделiн нығайту, халықаралық бейбiтшіліктi, ғаламдық және өңiрлер қауіпсіздіктi қамтамасыз ету.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамасы мен негiзгi бағыттарын әзiрлеу және Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiне тиiстi ұсыныстар бepу, Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын iске асыру, сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыруға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының егемендiгiн, қауiпсiздiгiн, аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын, оның басқа да мемлекеттермен өзара қарым-қатынастарды және халықаралық аренадағы саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерiн дипломатиялық құралдар мен әдiстер арқылы қорғауды қамтамасыз ету, Америка Құрама Штаттарында (Вашингтон қаласы), Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдiгiнде (Лондон қаласы) және Бельгия Корольдiгінде (Брюссель қаласы) Қазақстан Республикасының меншігіне жылжымайтын мүлiк сатып алу бойынша мiндеттемелердi орындау.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағдарлама
коды

Кіші
бағдарлама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

001

  

Сыртқы саяси қызметтi қамтамасыз ету 

  

  

  

2

  

001

Орталық органның аппараты

1. Ел iшiнде және шетелдерде Қазақстан Республикасының оң сипаттағы беделiн көтеруге бағытталған ақпараттық-насихаттық қызмет бойынша имидждік өнiмдi
шығару.
2. Шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк ету.
3. Қазақстан Республикасы халықаралық саясатының стратегиясын iске асыру.
4. Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын iске асыру, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыруға және халықаралық беделiн нығайтуға жәрдемдесу.
5. Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дипломатиялық және консулдық қарым-қатынастарын жүзеге асыру.
6. Қазақстан Республикасының мемлекетiшiлiк және халықаралық іс-шараларын протоколдық- ұйымдастыру тұрғысынан қамтамасыз ету.
7. Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде халықаралық-құқықтық нормалармен және Қазақстан Республикасының заңдарымен регламенттелетiн консулдық функцияларды жүзеге асыру.
8. Шет елдердi Қазақстан Республикасының сыртқы және iшкi саясаты, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани өмiрi туралы ақпарат таратуға жәрдемдесу.
9. Инвестициялық ахуалдың жақсаруына жәрдемдесу және халықаралық нарықта Қазақстан Республикасының жағымды бейнесiн қалыптастыру.
10. Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастары мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының Президентiне, Парламентiне және Yкіметiне белгіленген тәртiппен ұсыныстар мен ұсынымдар жасау.
11. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын, оның қорғанысы мен ұлттық қауiпсіздiгін, құқық тәртiбiн қорғауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен сауда-экономикалық, қаржы, ғылыми және ғылыми-техникалық, мәдени, сондай-ақ өзге де байланыстарын дамыту мен кеңейту жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеуге қатысу.
12. Шетелге шыққанда Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер Министрi басқаратын Қазақстан Республикасы делегацияларының арнайы рейстер шығыстарын төлеу.
13. Қазақстан
Республикасы
дипломатиялық
қызметінің
ведомстволық
наградаларын дайындау
қызметіне ақы төлеу.

Қаңтар-желтоқсан

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

3

  

007

Мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн арттыру

Мемлекеттiк және ағылшын тiлдерiн үйрету.

Қаңтар-желтоқсан

Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi

4

  

009

Мемлекеттiк органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру

1. Қазақстан Республикасы Сыртқы   iстер министрлiгін және оның шетелдегі мекемелерiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
2. Америка Құрама Штаттарында (Вашингтон қаласы), Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгiнде (Лондон қаласы), Бельгия Корольдiгінде (Брюссель қаласы) Қазақстан Республикасының меншiгіне жылжымайтын мүлiк объектiлерiн сатып aлу үшiн алынған несиелердi өтеу бойынша Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету.

Қаңтар-желтоқсан

Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi

5

  

017

Ақпараттық жүйелердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және мемлекеттiк органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету 

1. Министрлiк орталық аппараты және Қазақстан Республикасының шет елдегi мекемелерiн аппараттық және программалар қамтамасыздандыру мәлiмдеме жүйесi.
2. Мәлiмдеме жүйесiн қолдауы, сүйемелдеуi және жетiлдiруi

Қаңтар-желтоқсан

Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi

6

  

100

Органдардың басқа елдердегi аппараттары (елшiлiктер, өкілдіктер, дипломатиялық миссиялар)

1. Қазақстан Республикасы сыртқы   саясатының негiзгi бағыттарын және Қазақстан Республикасының халықаралық саясатының стратегиясын iске асыру, шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк ету.
2. Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастары мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының Президентiне, Парламентiне және Yкіметiне белгiленген  тәртiппен ұсыныстар мен ұсынымдар жасау.
3. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын, оның қорғанысы мен ұлттық қауiпсіздiгін, құқық тәртiбiн қорғауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен сауда-экономикалық, қаржы, ғылыми және ғылыми-техникалық, мәдени, сондай-ақ өзге де байланыстарын дамыту мен кеңейту жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеуге қатысу.
4. Қазақстан Республикасының мемлекетішілiк және халықаралық iс-шараларын протоколдық-ұйымдасты ру тұрғысынан қамтамасыз ету.
5. Шет елдердi Қазақстан Республикасының сыртқы және iшкі саясаты, елдің әлеуметтiк- экономикалық, мәдени және рухани өмiрi туралы ақпарат таратуға жәрдемдесу.
6. Мемлекеттiк бағдарламаларды, басым жобаларды iске асыру үшiн тікелей қаржы ресурстарын, соның ішінде халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдары тарапынан тартуға қатысу.

Қаңтар-желтоқсан

Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi

       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.12.19.  N 1233  Қаулысымен.
       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын iске асыру, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыруға және халықаралық беделiн нығайтуға жәрдемдесу.
Қазақстан Республикасының eгeмендігін, қауiпсіздігiн, аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын, оның басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынастардағы және халықаралық аренадағы саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерiн дипломатиялық құралдар мен әдiстер арқылы қорғауды қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дипломатиялық және консулдық қарым-қатынастарын жүзеге асыру.
Әлемдегi саяси және әлеуметтiк-экономикалық жағдайға, шет мемлекеттердің сыртқы және iшкi саясатына, халықаралық ұйымдардың қызметiне талдау жасау және орталық мемлекеттiк органдарды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз ету.
76 адамның мемлекеттiк тiлдi оқып үйренуi, 20 адамның ағылшын тiлдi оқып үйренуi.
Түпкi нәтиже: шетелге шығатын Қазақстан Республикасы азаматтарының қауiпсiздiгiн, олардың шетелдер аумақтары бойынша кедергiсіз жүріп тұруын, құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен сауда-экономикалық, қаржы, ғылыми және ғылыми-техникалық, мәдени, сондай-ақ өзге де байланыстарын дамыту мен кеңейту.
Министрлiк штатының 23,7 пайызын мемлекеттiк тiлге оқытуды, министрлiк штатының 6,2 пайызын ағылшын тілін оқытуды қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бiр қызметкердi мемлекеттік тілге оқыту шығыны - 48,6 мың теңге, бiр қызметкердi ағылшын тіліне үйрету шығыны - 61,5 мың теңге.
Уақтылығы: министрлiктің орталық аппараты және Қазақстан Республикасының шет елдегi мекемелерi бюджетiнің орындалуы.
Жыл бойы шарттарға сәйкес қол жеткiзiледi.
Сапасы: Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiмен жүзеге асырылатын консулдық iс-әрекеттердi жеке және заңды тұлғалардың толық қанағаттануы.
Қазiргi заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес, мемлекеттiк кәсiби қызмет талаптарына сай мемлекеттiк қызметшiлердің кәсiби деңгейiн көтеру. Мемлекеттiк тiлдi оқыту курстарынан өткеннен кейiн мемлекеттiк тiлде iс жүргiзуге көшкен мемлекеттiк қызметшiлер үлесi - 69 пайызға; ағылшын тілін оқыту курстарын өткеннен кейiн ағылшын тiлiндегi құжаттармен жұмыс iстейтiн мемлекеттiк қызметшiлер үлесi - 70 пайызға.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы  
N 1220 қаулысына       
43-ҚОСЫМША       

204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi      

2007 жылға арналған
"Халықаралық ұйымдарға және басқа да халықаралық органдарға қатысу"
деген 002 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 1 350 703 мың теңге (бір миллиард үш жүз елу миллион жеті жүз үш мың теңге).
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.  N 597  қаулысымен.
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 маусымдағы "Eңбекшiлердi жұмыс орындарындағы ауаның ластануы, шу мен тербелiс салдарынан болатын кәсiби қауiптерден қорғау туралы" Xалықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) 1977 жылғы N 148 Конвенциясын бекіту туралы"  Заңы , Қазақстан Республикасын 1997 жылғы 7 шілдедегi "Бiрiккен Ұлттар Шөлейттенуге қарсы күрес жөнiндегi конвенциясын бекiту туралы"  Заңы , Қазақстан Pecпубликасының 1997 жылғы 30 қазандағы "Қазақстан Республикасының озон қабатын қорғау жөнiндегi Вена конвенциясына қосылуы туралы"  Заңы , Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 31 қазандағы "Қазақстан Pecпубликасының Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының Жарғысына қосылуы туралы"  Заңы , Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы "Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының (ЭЫҰ), мүше-елдер өкілдерінің және халықаралық қызметкерлердің заңдық мәртебесі туралы келісімді бекiту туралы"  Заңы , Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 6 сәуiрдегі "Қазақстан Республикасының Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосылуы туралы"  Заңы , Қазақстан Pecпубликасының 1999 жылғы 24 маусымдағы "Химиялық қаруды әзiрлеуге, өндiруге, жинақтау және қолдануға тыйым салу және оны жою туралы конвенцияны бекiту туралы"  Заңы ; Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 23 қазандағы "Қазақстан Республикасының Ауаның алыс қашықтықта шекарааралық ластануы туралы конвенцияға қосылуы туралы"  Заңы , Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 23 қазандағы "Қазақстан Республикасының Өнеркәсiптiк авариялардың шекарааралық әсерi туралы конвенцияға қосылуы туралы"  Заңы , Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 23 қазандағы "Ақпаратқа кiру, шешiмдер қабылдау процесiне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне қол жеткiзу туралы конвенцияны бекiту туралы"  Заңы , Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 10 сәуiрдегi "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Балалар қорының арасындағы ынтымақтастық туралы негiзгi келiсiмдi бекiту туралы"  Заңы , Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 7 мамырдағы "Лондонда 1990 жылғы 27-29 маусымда жасалған Озон қабатын бүлдiретiн заттар жөнiндегi Монреаль хаттамасына Түзетуге Қазақстан Республикасының қосылуы туралы"  Заңы , Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 14 желтоқсандағы "Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартты бекiту туралы"  Заңы , Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы "Дүниежүзiлiк пошта одағының Жарғысына Бесiншi қосымша хаттаманы бекiту туралы"  Заңы , Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 ақпандағы "Қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына Қазақстан Республикасының қосылуы туралы"  Заңы , Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы"  Заңы , Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Астық саудасы туралы конвенцияға қосылуы туралы"  Заңы , Қазақстан Республикасы Президентiнің 1995 жылғы 4 мамырдағы "Климаттың өзгеруi жөнiндегi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының негiзгi Конвенциясын бекiту туралы" N 2260 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентiнің 1995 жылғы 19 маусымдағы "Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттiк арасындағы Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа байланысты кепiлдiктердi қолдану туралы келiсiмдi бекiту туралы" N 2344  Жарлығы , Қазақстан Республикасы Президентiнің 1995 жылғы 18 қазандағы "Энергетикалық Хартияға Шартты және Энергетикалық тиiмдiлiк мәселелерi мен тиiстi экологиялық аспектiлер жөнiндегi Энергетикалық Хартияға Хаттаманы бекiту туралы" N 2537  Жарлығы , Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 12 наурыздағы "Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруi туралы негiздемелiк конвенциясының Киото хаттамасына Қазақстан Республикасының қол қоюы туралы" N 84  Жарлығы , Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 15 қарашадағы "Қазақстан Республикасының Көшi-қон жөнiндегi халықаралық ұйымға мүше болуы туралы" N 973  Жарлығы , Қазақстан Республикасы Президентiнің 2003  жылғы 30 қазандағы "Каспий теңiзiнiң теңiз ортасын қорғау жөнiндегi негiздемелiк конвенцияны бекiту туралы" N 1214  Жарлығы , Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң 1992 жылғы 2 шiлдедегi "Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияны бекiту туралы" N 1503-XII қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1993 жылғы 13 сәуiрдегi "Дүниежүзiлiк Метеорологиялық ұйымы конвенциясына қосылу туралы" N 296  қаулысы , Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1993 жылғы 20 шілдедегi "Қазақстан Pecпубликасының Халықаралық қылмыстық полиция ұйымына (ИНТЕРПОЛ) кiруіне байланысты iс-шаралар туралы"  N 629  Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1994 жылғы 4 наурыздағы "Халықаралық теңiз ұйымының (ИМО) қамқорымен қабылданған халықаралық конвенцияларға және ИМО туралы конвенцияға Қазақстан Республикасының қосылуы туралы N 244  қаулысы , Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1994 жылғы 25 наурыздағы Халықаралық эпизоотикалық бюроға кiру туралы (ХЭБҚ)" N 26-15/2164 қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 19 сәуiрдегi "Метрология және стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымға кіру туралы N 26-22/4748 қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1994 жылғы 13 мамырдағы "Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымының (ИКАО) демеуiмен қабылданған халықаралық конвенцияларға Қазақстан Республикасының қосылуы туралы" N 506  қаулысы , Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1994 жылғы 19 тамыздағы "Қазақстан Республикасының биологиялық сан алуандық туралы Конвенцияны мақұлдауы және онда көзделген мiндеттемелерiн орындауды ұйымдастыру жөнiндe" N 918  қаулысы , Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнің 1995 жылғы 20 ақпандағы "Қазақстан Республикасы атынан табиғи ортаға әсер ететiн әскери немеce кез келген өзге де дұшпандық ниетте құралдар пайдалануға тиым салу туралы Конвенцияға қосылу туралы" N 301-III қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1995 жылғы 24 мамырдағы "Түркiсой құрылымы мен оның жұмыс істеу қағидаттары туралы шартты бекіту туралы" N 737  қаулысы , Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 7 қыркүйектегi "Орталық-Азиялық Зерттеулер Халықаралық институтына кiру туралы" N 13253 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2004 жылғы 29 маусымдағы "Е.Х. Қазыханов туралы" N 71  қаулысы , Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2005 жылғы 23 наурыздағы "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық кеңесi жанындағы экономикалық мәселелер жөнiндегi комиссиядағы Қазақстан Республикасы Өкілетті өкілінің қызметін қаржыландыру мәселелері" N 257 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 ақпандағы "Б.С. Сәрсековтің қызметiн қамтамасыз етуге арналған шығыстар сметасын бекiту туралы" N 133  қаулысы , Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 25 сәуiрдегi "Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық жанындағы тұрақты өкiлі мен оның аппараты қызметiн қаржыландыру мәселелерi" N 322  қаулысы , Қазақстан Республикасы Министрлеp Кабинетiнiң 1993 жылғы 14 қазандағы "Дүниежүзiлiк туристтiк ұйымға кiру туралы" шешiмi, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1994 жылғы 3 мамырдағы "Еуропалық экономикалық комиссияға кiру туралы" N 6234 шешiмi, 1991 жылғы 17 желтоқсандағы Байланыс салаcындағы аймақтық достастық туралы келiсiм, 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Азаматтық авиация және әуе кеңiстiгiн пайдалану туралы келiсiм, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының 1992 жылғы 13 наурыздағы "Стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы келiсiлген саясатты өткiзу туралы" келiсiмi, Қазақстан Республикасының Yкiметi мен БҰҰ арасындағы қатынастар туралы 1992 жылғы 19 тамыздағы келiсiм, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен БҰҰ Даму бағдарламасы арасындағы 1996 жылғы 24 қыркүйектегі келісім, Орталық/Шығыс Eуропа және Еуразия энергетикасын peттеу органдарының Аймақтық қауымдастығымен 2001 жылғы 15 наурыздағы "Энергетика саласындағы өзара iс-қимыл туралы" келiсiмi, 2003 жылғы 19 қыркүйектегi Бiрыңғай экономикалық кеңiстiктi құру туралы  келiсiм , 2003 жылғы 29 мамырдағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының бюджетiн қалыптастыру мен орындау тәртiбi туралы келiсiм, Табиғи апаттарды азайту жөнiндегi Азиялық орталыққа кiру туралы шешiм (АSDR), Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының 1991 жылғы 21 желтоқсандағы "Бiрiккен Ұлттар Ұйымына мүшелiк туралы шешiмi, TМД Мемлекет Басшылары Кеңесiнiң 1993 жылғы 2 наурыздағы "Мұнай және газ жөнiндегi Мемлекетаралық Кеңесiн құру туралы" шешiмi, ТМД Мемлекет Басшылары Кеңесiнiң 1993 жылғы 9 қыркүйектегi "Химия және мұнайхимия саласындағы ынтымақтастық туралы" шешімі, Ислам Конференциясы Ұйымының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы саласындағы ынтымақтастық туралы" шешiмi, Ислам Конференциясы Ұйымының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы шешімі, Дүниежүзілiк Сауда Ұйымының жыл сайынғы сессиясының 1996 жылғы 26 қаңтардағы "Қазақстан Республикасына бақылаушы мәртебесін беру туралы" шешiмi, ТМД Үкiмет Басшылары Кеңеске 1996 жылғы 12 сәуірдегі "ТМД Үкiметаралық статистикалық комитетi туралы ереже туралы шешiмi, Халықаpалық техникалық комитеттiң жыл сайынғы сессиясының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы "Өрттердiң алдын алу және сөндiру жөнiндегi (МТКПТП-СТIҒ)" шешiмi, Орталық Азия Мемлекеттерi Басшыларының 1997 жылғы 28 ақпандағы "Халықаралық Аралды құтқару қорының қаражатын қалыптастыру туралы" шешiмi, ИКҰ-ға мүше елдердің жыл сайынғы сессиясының 1997 жылғы 12 наурыздағы "ИКҰ жанындағы Статистика, экономика және әлеуметтiк зерттеулер мен даярлау жөнiндегi орталыққа кiру туралы шешiмi, ИКҰ-ға мүше елдердiң жыл сайынғы сессиясының 1997 жылғы 12 наурыздағы "ИКҰ жанындағы Ислам технологиялық институтына кiру туралы" шешiмi, ИКҰ-ға мүше елдердiң жыл сайынғы сессиясының 1997 жылғы 12 наурыздағы "ИКҰ жанындағы сауда дамыту жөнiндегi Ислам орталығына кiру туралы" шешімі, 1998 жылғы 17 сәуiрдегi Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) Атқару комитетiнің шешiмi, 1998 жылғы 5 тамыздағы Мәдени меншіктi зерттеу, сақтау және қалпына келтiру жөнiндегi Халықаралық институттың жыл сайынғы жиналысының шешiмi (IССRОМ), Мемлекетаралық ТМД Экономикалық одағының экономикалық комитетiнiң 1998 жылғы 11 қыркүйектегi "Жолшылар одағына ТМД мемлекетаралық органы мәртебесiн беру туралы" шешімі, ИКҰ-ға мүше елдердің Бас Конференциясының 1999 жылғы 17 маусымдағы "ИКҰ-ға мүше елдердiң Парламенттiк Одағына кiру туралы" шешiмi, ТМД Мемлекеттерi Басшылары Кеңесiнiң 2000 жылғы 25 қаңтардағы "ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң Бас прокурорларының Үйлестiру Кеңесi туралы шешiмi, БАҚ байланыс әкiмшiлiк басшылары Кеңесiнiң 2000 жылғы 29 маусымдағы "Байланыс саласының аймақтық қауымдастығының қаржысы туралы ереже туралы" N 2315 шешiмi, ТМД Үкiметтерi Басшылары Кеңесiнiң 2001 жылғы 18 мамырдағы "ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің көлiктiк үйлестiрушi кеңесiн құру туралы" шешiмi, 2005 жылғы 17 наурыздағы Азиядағы өзара ықпалдасу мен сенiм шаралары жөнiндегi кеңесiнің Хатшылығы (АӨСШК) туралы ереженi дайындау бойынша арнайы жұмысшы тобы мәжілісiнің шешiмі, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 5 ақпандағы Дүниежүзiлiк зияткерлiк меншік ұйымына кiру жөнiндегi декларациясы, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 5 ақпандағы "Өнеркәсiптiк меншiк саласындағы халықаралық шарттар туралы" декларациясы, 2001 жылғы 15 маусымдағы "Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын" құру туралы декларациясы, 1991 жылғы 21 желтоқсандағы "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығын құру туралы" Алматы Декларациясы, 1992 жылғы 12 қаңтардағы ОБСЕ Парламент Ассамблеясы Секретариатының хабарламасы, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң 1996 жылғы 11 ақпандағы Ислам Ұйымы Конференциясынан (ИҰК) хабарламасы, 1996 жылғы 4 маусымдағы "Қазақстан Республикасының Халықаралық еңбек ұйымына мүше болуы туралы (XEҰ)" хабарлама, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысының 1997 жылғы 1 қаңтардағы "Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Өнеркәсiптi дамыту бойынша" хабарламасы, Жоғарғы аудиторлар мекемесiнің Халықаралық ұйымы Бас директорының (INTOSAI) 1997 жылғы 2 сәуiрдегi "Қазақстан Республикасының мүшелiгi туралы" хабарламасы, Жоғарғы аудиторлар мекемесiнің Азиялық ұйымы Бас директорының (ASOSAI) 1997 жылғы 27 маусымдағы "Қазақстан Республикасының мүшелiгi туралы" хабарламасы, Орталық Азия Халықаралық институты Директоратының (МИЦАИ) 1998 жылғы 19 ақпандағы "Қазақстан Республикасының мүшелiгi туралы" хабарламасы, Көшпендi өркениеттi зерттеу жөнiндегi Халықаралық институт директорының (МИИКЦ) 1998 жылғы 12 тамыздағы хабарламасы, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 46-шы сессиясының 1992 жылғы 2 наурыздағы "Қазақстан Республикасының Бiрiккен Ұлттар Ұйымына мүшелігін растау туралы" қарары, БҰҰ-ның 46-шы сессиясының 1992 жылғы 2 наурыздағы "БҰҰ-ның Азық-түлiк және ауыл шаруашылық ұйымдары туралы" қарары, БҰҰ-ның 46-шы сессиясының 1992 жылғы 2 наурыздағы "БҰҰ-ның тұрғын халықтар қоры туралы" қарары, БҰҰ-ның 46-шы сессиясының 1992 жылғы 2 наурыздағы "БҰҰ-ның балаларға жәрдем беру қоры туралы" қарары, 1994 жылғы 26 сәуiрдегi Табиғат және мәдени мұраларды қорғау жөнiндегi конвенцияға қол қою, Табиғи апаттарды азайту жөнiндегi Азиялық орталықтың (ADRS) Бас конференциясының 1999 жылғы 14 ақпандағы Қазақстан Республикасының мүшелiгiн растайтын қарары, Парламентаралық Ассамблея Кеңесiнің 2002 жылғы 6 желтоқсандағы "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының қызметi қаржыландыру туралы" N 43 қаулысы, ЮНЕСКО-ның 1992 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО-ға мүшелiгін растайтын нотасы, 2003 жылғы 28 сәуiрдегi "Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Органдары жөнiндегi ережелер туралы" Ұжымдық қауiпсiздiк кеңесiнің шешімi, 1993 жылғы 22 қаңтардағы ТМД Жарғысы, Еуропа - Кавказ - Азия дәлiзiн дамыту жөнiндегi халықаралық көлiк туралы негiзгі көпжақты келiсiм Тараптарының Yкiметтерi арасындағы ТРАСЕКА үкiметаралық комиссиясының тұрақты хатшылығын (ТРАСЕКА YAК ТХ) бiрлесiп қаржыландыру туралы Келiсiмiнің жобасы.
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттiң қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және ғылыми-техникалық мәселелерiн шешу.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен және шет мемлекеттермен ынтымақтастығын нығайту, Қазақстанның халықаралық ұйымдар, әмбебап және өзге де халықаралық конвенциялар хатшылықтары алдындағы борыштық мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету. Халықаралық маңызы бар iс-шараларды өткізудi уақтылы қамтамасыз ету (БҰҰ Бас Ассамблеясы, ВОИС, ОЭC, ИНТЕРПОЛ және т.б.).
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағдарлама
коды

Кіші
бағдарлама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

002

  

Халықаралық ұйымдарға және басқа да халықаралық органдарға қатысу 

  

  

  

2

  

100

Халықаралық ұйымдарға қатысу 

Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдарға кiрiстік, үлестік, ерiктi қаржылық жарналарды төлеу және қарызды өтеу - 82 ұйымдар мен конвенциялар.

Қаңтар-желтоқсан

Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi

3

  

101

ТМД-ның жарғылық және басқа да органдарына қатысу

Қазақстан Республикасы мүшесi  болып табылатын ТМД-ның үлестiк жарналарын төлеу -  22 орган, соның iшiнде ТМД-ның жарғылық органдары (8 орган - ТМД Атқару комитетi, Шекара әскерi қолбасшылары кеңесiнiң үйлестiру қызметi, Мемлекетаралық ТМД статистикалық комитеті, ТМД Қорғаныс министрлерінің Кеңесі, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестi үйлестiру бюросы, ТМД экономикалық соты, ТМД терроризмге қарсы орталығы, Мемлекет Басшылары Кеңесінің, Үкiмет Басшылары Кеңесiнің, Сыртқы iстер министрлерi Кеңесiнің, ТМД Экономикалық кеңесiнің мәжiлiстерiн өткiзу), ТМД-ның Парламентаралық ассамблеясы, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң көлiктiк кеңесiн үйлестiрушi атқару комитетi, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Бас прокурорларының Үйлестiрушi кеңесi, ЕурАзЭҚ-тың Интеграциялық комитетi, Халықаралық Аралды құтқару қоры, Мемлекетаралық Жолшылар кеңесi, Мемлекетаралық Стандартизациялау, метрология және сертификаттау кеңесі, Yкiметаралық авиациялық комитет, Мұнай және газ жөнiндегі Үкiметаралық кеңес, Химия және мұнай химиясы саласындағы Үкіметаралық кеңес, Байланыс саласындағы өңiрлiк қоғамдастық, БАЫ жанындағы ақпараттандыру жөнiндегi үйлестiру Кеңесі, Бiртұтас Экономикалық Кеңістiктi қалыптастыру жөнiндегі Жоғарғы деңгейдегi топтың сарапшылық-ұйымдастыру тобы, Душанбе қаласында 2006 жылғы 25 мамырдағы ТМД Үкімет басшыларының Кеңесі бекіткен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі соғыс ардагерлерінің, жергілікті қақтығыстарға, бітімгершілік операцияларға қатысушылардың және терроризм құрбандарының өмір сүру сапасын жақсартудың және еңбекке қабілеттілігін жоғалтудың алдын алудың әлеуметтік және медициналық негіздерін дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.

Қаңтар-желтоқсан

Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi

4

  

102

 

Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы жанындағы Тұрақты өкiлiнiң аппаратын ұстау

1. Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық жанындағы Тұрақты Өкiлін және оның аппаратын ұстау. Бекітілген штаттық саны 5 бiрлiктi  құрайды. 
2. ЕурАзЭҚ жарғылық органдарының мәжiлiсiне даярлық.

Қаңтар-желтоқсан

Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мен ЕврАзЭС жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкiлдiгi

5

  

103

ТМД терроризмге қарсы орталығындағы және ТМД Экономикалық Кеңесi жанындағы экономикалық мәселелер жөніндегі комиссияда Қазақстан Республикасының  өкiлдерiн ұстау

Қазақстан Республикасының ТМД-ның антитеррористiк  орталығындағы және ТМД-ның Экономикалық Кеңесi жанындағы экономикалық мәселелер жөнiндегi  комиссиядағы тұрақты  өкiлдерiн ұстау.
 

Қаңтар-желтоқсан

Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мен Қазақстан Республикасының ТМД-ның Антитеррористiк орталығындағы және ТМД-ның Экономикалық Кеңесi жанындағы экономикалық мәселелер  жөнiндегi комиссиядағы Тұрақты өкiлдерi

6

  

104

Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымы жанындағы Тұрақты Кеңестегi Қазақстан Республикасы Өкiлеттi өкiлiнiң аппаратын ұстау

Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты  Кеңесте Қазақстан  Республикасының Тұрақты өкiлiн және оның аппаратын ұстау.

Қаңтар-желтоқсан

Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мен Ұжымдық Қауiпсіздiк туралы шарт ұйымы жанындағы Тұрақты Кеңестегi  Қазақстан Республик асының Өкiлеттi өкiлi

7

  

105

Азиядағы өзара iс-қимыл және сенім шаралары жөнiндегі Кеңестiң Хатшылығы ұстау

Алматы қаласындағы Азиядағы өзара ықпалдасу мен сенім шаралары жөніндегі   кеңесі (АӨСШК) Хатшылығын ағымдағы ұстау, қызмет етуiн қамтамасыз ету. 

Қаңтар-желтоқсан

Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мен Азиядағы өзара ықпалдасу мен сенiм шаралары жөнiндегi кеңесi Хатшылығы

       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.  N 597  қаулысымен.

      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: Қазақстан Республикасының 104 халықаралық ұйымдарда, конвенцияларда, ТМД-ның үлестiк және басқа да органдарында дауыс беру құқығымен қатысуы, мемлекет басшылығының бастамашылықтарын iлгерiлету мен iске асыру, экономикалық, әлеуметтiк, экологиялық және ғылыми-техникалық мәселелердi шешу салаларындағы халықаралық ұйымдардың саясатын айқындау арқылы елiмiздің ұлттық мүдделерiн қорғау.
Түпкi нәтиже: Қазақстанның дүниежүзiлiк қоғамдастыққа одан әрi интеграциялану жолымен сыртқы саяси және сауда экономикалық мүддесiн қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының халықаралық қоғамдастықтың мүшесi ретiнде аймақтық және жаһандық бағдарламаларды шешуге қатысуы, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығы мен бостандығын қорғауды қамтамасыз ету. Саясат, экономика, ғылым мен мәдениет салаларында шетел мемлекеттерiмен, халықаралық ұйымдармен көп жақты қатынасты дамыту және нығайту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы жанындағы Тұрақты өкілінің аппаратын - 15948 мың теңгеге, ТМД терроризмге қарсы орталығындағы комиссияда Қазақстан Республикасының өкiлiн - 3 416 мың теңгеге, ТМД Экономикалық Кеңесi жанындағы экономикалық мәселелер жөнiндегi комиссияда Қазақстан Республикасының өкілiн - 8775 мың теңгеге, Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымы жанындағы Тұрақты Кеңестегi Қазақстан Республикасы Өкiлеттi өкiлiнің аппаратын - 54 427 мың теңгеге ұстау, Азиядағы өзара ықпалдасу мен сенiм шаралары жөнiндегi кеңесi - 118 961 мың теңгеге.
Уақтылығы: Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы бойынша Сарапшылық кеңестi шешiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға Төлем жоспарын және борышты мiндеттемелерiнің орындалуын қамтамасыз ету.
Сапасы: халықаралық ұйымдардың жұмысының нәтижесiмен белгiленедi. 
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.  N 597  қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы  
N 1220 қаулысына        
44-ҚОСЫМША       

204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2007 жылға арналған
"Мемлекеттiк шекараны делимитациялау және демаркациялау"
деген 003 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 89953 мың теңге (сексен тоғыз миллион тоғыз жүз елу үш мың теңге).
       Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.11.06.  N 1052  қаулысымен.
       2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 7 мамырдағы "Қазақстан Республикасының Каспий теңізіндегi мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi кейбiр шаралар туралы" N 542-30қ қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1999 жылғы 1 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Түрiкменстанмен және Өзбекстан Республикасымен делимитациялау жөнiндегi Қазақстан Республикасының Үкiметтiк комиссиясы туралы" N 1283  қаулысы ; Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы "Трансшекаралық өзендердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi қазақстан-қытай бiрлескен комиссиясының қазақстандық бөлiгiнің құрамын бекiту туралы" N 1324  қаулысы ; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 16 қазандағы "Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Түрiкменстанмен және Өзбекстан Республикасымен мемлекеттiк шекарасын демаркациялау жөнiндегi бiрлескен комиссиялардағы Қазақстан Республикасының үкiметтік делегациясы туралы" N 1058  қаулысы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын және Қырғыз Республикасымен, Түрiкменстанмен, Өзбекстан Республикасымен және Ресей Федерациясымен шекарасының мызғымастығын қамтамасыз ету. Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесi мәселелерiн реттеу, сондай-ақ трансшекаралық өзектердi пайдалану және қорғау, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн нығайту.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : Каспий теңізiнің құқықтық мәртебесiн белгiлеу, жергiлiктi жерлерде мемлекеттiк шекара сызығын шекаралық белгілермен бекіту, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен, Түрiкменстанмен және Өзбекстан Республикасымен мемлекеттiк шекарасын заңды түрде ресiмдеу, трансшекаралық өзендердi пайдалану және қорғау мәселелерiн реттеу.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.29.  N 1389  Қаулысымен.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны іске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағдарлама
коды

Кіші
бағдарлама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

003

  

Мемлекеттiк шекараны делим итациялау және демаркациялау 

 

1.  (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.29. N 1389 Қаулысымен)
2. Қазақстан аумағында Түрiкменстан өкiлдерiмен шекаралық белгілердің (демаркация) картасын даярлау бойынша жұмыстар атқару.
3. Қазақстан Республикасының аумағында трансшекаралық өзендердi пайдалану және қорғау мәселелерiн реттеу бойынша iс-шаралар жүргізу, мемлекеттiк шекараны демаркациялау бойынша Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының, Түрiкменстанның, Өзбекстан Республикасының үкiметтiк делегацияларының отырыстарын өткiзу.
4. Іссапарлық және өкiлдiк шығыстарды қамтамасыз ету және өтемақысын төлеуге байланысты келiссөздер процесiн жүргiзу мәселесi бойынша:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын делимитациялау және демаркациялау, оның iшiнде: қазақстан-ресей шекарасын демаркациялау мәселесi бойынша;
- Каспий теңізiнің құқықтық мәртебесiн анықтау;
- трансшекаралық өзендердi пайдалану және қорғау.
5. Байланыс қызметiне ақы төлеу.

Қаңтар-желтоқсан

Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Қазақстан  Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттігі, "Казгеокарт" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 

      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.29.  N 1389  Қаулысымен.

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тікелей нәтиже: келiссөздер жүргізу, шекара сызығы межеленген топографиялық карталарды басып шығару.
Түпкi нәтиже: Каспий теңiзiнің түбiн межелеудің орта сызығын топографиялық карталарға түсiру, оларды сипаттау, жергiлiктi жерлерде Қазақстан Республикасының Түрiкменстанмен, Өзбекстан Республикасымен және Ресей Федерациясымен мемлекеттiк шекара сызығын шекаралық белгiлермен бекiту, трансшекаралық өзендердi пайдалану және қорғау жөнiндегi келiсiмдерге қол қою.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін белгілеу, мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау, Қазақстан Республикасының аумағында трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі келіссөздерді жүргізуге - 45390,0 мың теңге, қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасын демаркациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге - 27874,0 мың теңге, қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасына - 8674,0 мың теңге, қазақстан-түрікмен мемлекеттік шекарасына - 2574,0 мың теңге, байланыс қызметіне - 5417,0 мың теңге, банктің комиссиялық қызметіне - 24,0 мың теңге.
Уақтылығы: демаркациялау, Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесiн анықтау, трансшекаралық өзендердi пайдалану және қорғау мәселелерi бойынша келiссөздердi жоспарлы түрде жүргiзу және қол жеткізiлген уағдаластықтарға сәйкес қажеттi демаркациялық жұмыстарды орындау.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.29.  N 1389  Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы  
N 1220 қаулысына       
45-ҚОСЫМША      

204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2007 жылға арналған
"Шетелдiк iссапарлар"
деген 005 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 952 008 мың теңге (тоғыз жүз елу екі миллион сегіз мың теңге).
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.  N 597  қаулысымен.
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2002 жылғы 10 сәуiрдегi "Республикалық бюджетте "Шетелдiк iссапарлар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану eрежесi туралы" N 410  қаулысы ; Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2003 жылғы 11 ақпандағы "Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен шетелдiк iссапарларға валюталық қаражаттың жұмсалуын ретке келтіру жөнiндегi шаралар туралы" N 148  қаулысы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттiң қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : мемлекетаралық қарым-қатынастарды дамыту, Қазақстан Республикасының оң сипаттағы бейнесін ілгерілету, Қазақстан Республикасының әлемдiк қоғамдастықта сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени қатынастар саласындағы қарым-қатынастарын кеңейту.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың қызметiне қатысуын қамтамасыз ету, әлемдік қоғамдастықтың мүшесi ретiнде жаһандық және өңiрлiк проблемаларды шешуде Қазақстан Pecпубликасының рөлiн арттыруға жәрдемдесу.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағдарлама
коды

Кіші
бағдарлама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

005

  

Шетелдік іссапарлар 

 

Мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарын шетелге iссапарға жiберуге және Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету бастамасын іске асыру бойынша курстарға
байланысты шығыстарын
және өтемақысын төлеу, сондай-ақ шетелге шыққанда Қазақстан Республикасының Үкімет мүшелері басқаратын Қазақстан Республикасы делегацияларының арнайы рейстер шығыстарын төлеу.

Қаңтар-желтоқсан

Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi 

       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.  N 597  қаулысымен.

      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің, сондай-ақ үкiметтiк делегациялардың шетелдiк сапарларын өткізу, Қазақстанның сессияларда, конференцияларда, мәжiлiстерде, симпозиумдарда, саммиттерде, форумдарда, екi және көп жақты келiссөздерде, консультацияларда, соның ішінде Қазақстан Республикасының Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымына кiруiне байланысты келiссөздерде, Бiртұтас экономикалық кеңiстiктi қалыптастыру жөнiндегi халықаралық-құқықтық шарттардың жобаларына қатысты сарапшылардың консультацияларында өкiлдiк ету, соның iшiнде электрондық үкiмет құру, билер соты институтын құру, мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк үлгiлерiн ендiру, 2009 жылы Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі жөніндегі қазақстандық бастаманы жылжыту секiлдi салаларды зерделеу және тәжiрибе алмасу және тағы басқалары. Iс-шаралардың жоспарланып отырған саны 434.
Түпкi нәтиже: Халықаралық құқықтық құжаттарды (келiсiмдер, шарттар, меморандумдар) пысықтау және оларға қол қою, тәжiрибе алмасу және тиiмдi ынтымақтастық орнату, әрiптестiк, iскерлiк байланыстарды жолға қою, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени қатынастар саласындағы ынтымақтастықты үйлестiру, Қазақстанның экономикасына инвестициялар тарту, әлемдiк тауарлар мен қызмет көрсетулерге қол жеткізу, қазақстандық тауарлардың сатып-өткiзу нарығын кеңейту, тауарларды экспорттау кезіндегі кеден баж салығын азайту және т.б.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: елден тысқары жерлерге қызметтiк iссапарға жiберiлген бiр адамның (жетекшi маман) 4 күн кезеңге Мәскеу қаласына (Ресей) бiр iссапарға жiберiлген шығындаpы - 122 313,82 теңге және 4 күн кезеңге Mәскеу қаласына (Ресей) бiр iссапарға жiберiлген бiр адамның (Министр) шығындары - 318 374,75 теңге (бip сапарға арналған орташа мөлшердегi шығындар 220 344,28 теңге құрайды);
- Ресейге бiр iссапарға арналған бiр адамның шығыны - 122 313,82 теңге және Үндістан, ҚХР (Гонконг), Оңтүстiк Корея, Чили, Филиппин елдерiне бiр сапарға арналған бiр адамның шығыны - 1 684 931,51 теңге (бiр сапарға арналған орташа мөлшердегi шығындар 903 636,49 теңге құрайды).
Осымен бiрге бiр iссапарға арналған шығыстарға жiберiлген адамның лауазымы, 5*, 4*, 3* қонақ үйдің бiр орынды бір орын нөмiрiнiң құны шегiнде жататын орны, "Бизнес" класс бойынша құнының жолақысы қосылады, iссапар мерзiмi, iссапарға жiберiлген ел сияқты факторлар ықпал етедi, өйткенi әрбip елдің тәулiктiк ақы және жататын орны нормалары әртүрлі.
Уақтылығы: басталғанға дейiнгi әрбiр шетелдiк iссапарға ақшалай қаражатты бөлу туралы шешім қабылдау.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.  N 597  қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы  
N 1220 қаулысына       
46-ҚОСЫМША       

204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi 

2007 жылға арналған
"Өкiлдiк шығындар"
деген 006 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 879 004 мың теңге (сегіз жүз жетпіс тоғыз миллион төрт мың теңге).
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.  N 597  қаулысымен.
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : Қазақстан Республикасы Президентiнің 2006 жылғы 12 қазандағы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк протоколын бекiту туралы" N 201  Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 20 наурыздағы "Республикалық бюджетте "Өкілдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесiн және өкiлдiк шығындардың нормаларын бекiту туралы" N 281  қаулысы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : Қазақстан Республикасының мемлекетаралық қатынастарын дамыту және оның оң сипаттағы имиджiн iлгерiлету.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : Қазақстан Республикасында ресми делегациялардың, соның iшiнде шетелдiк делегациялардың қатысуымен кеңестер мен семинарлар, салтанатты және өзге де өкiлдiк iс-шараларды өткiзудi қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысының және Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнің шетелдiк сапарлары кезiндегi өкiлдiк шығындары.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағдарлама
коды

Кіші
бағдарлама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

006

  

Өкілдік шығындар

 

1. Ресми делегацияларды, соның  iшiнде шетелдiк делегацияларды қабылдауға байланысты өкiлдiк iс-шараларды (кеңестер, семинарлар,  салтанатты жиындар, конгресстер және т.б.) өткізу жөнiнде шығындар мен өтемақы төлеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысының және Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінің шетелдік сапарлары кезiндегі өкілдік шығындары.
2. Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және Әлеуметтiк Комиссиясының (БҰҰ АТМЭӘК) 63-i сессиясын өткізу.
3. ЕҚЫҰ өкілдерінің Қазақстанда іс-шаралары мен сапарларын ұйымдастыру, ЕҚЫҰ шеңберінде Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюро сарапшыларының ОСК жанындағы консультативтік орталық базасында байқаушылар даярлауға қатысуы.

Қаңтар-желтоқсан

Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мен шетелдердегі мекемелері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары

       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.  N 597  қаулысымен.

      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: сессиялар, конференциялар, мәжілістер, симпозиумдар, саммиттер, форумдар, екі және көп жақты келіссөздер, консультациялар өткізу, оның ішінде АӨСШК, Шетелдегі қазақ диаспорасының мәселелеріне байланысты конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі келіссөздер процесін жүргізу, Біртұтас экономикалық кеңістік қалыптастыру жөніндегі халықаралық-құқықтық шарттар жобаларына қатысты сарапшылар консультацияларын және т.б. өткізу, 2009 жылы Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуін қамтамасыз ету жөніндегі қазақстандық бастаманы жылжыту.
Түпкi нәтиже: халықаралық-құқықтық құжаттарды (келісімдер, шарттар, меморандумдар) пысықтау және қол қою, өзара тиімді ынтымақтастықты орнату, серіктестік, іскерлік байланыстарды жолға қоюда тәжірибе алмасу, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени қатынастар саласындағы ынтымақтастықты үйлестiру, Қазақстан экономикасына инвестиция тарту, тауарлар және қызмет көрсетулердiң әлемдiк рыногына шығу, қазақстандық тауарларды өткiзу рыноктарын кеңейту, тауарларды экспорттау кезiнде кедендiк баж салығын азайту және т.б.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: ресми делегацияларды қабылдауға байланысты бiр өкiлдiк iс-шараны өткiзуге арналған шығындармен айқындалады.
"Өкілдiк шығындар" бағдарламасын iске асыру барысында көрсетiлетiн қызметтердiң бiрлiгiне арналған шығындардың жоспарланған көлемi осы iс-шараға қатысатын делегациялар мүшелерiнiң санына және олардың мәртебесiне байланысты.
Уақтылығы: басталғанға дейiнгi өкiлдiк шығындарды талап ететiн iс-шараларды өткiзуге арналған ақшалай қаражатты бөлу туралы шешiм қабылдау. 
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.  N 597  қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы   
N 1220 қаулысына         
47-ҚОСЫМША (өте құпия)     

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы  
N 1220 қаулысына       
48-ҚОСЫМША      

204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2007 жылға арналған
"Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiн орналастыру үшiн шетелде жылжымайтын мүлiк объектiлерiн сатып алу және салу"
деген 009 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 5088284 мың теңге (бес миллиард сексен сегіз миллион екі жүз сексен төрт мың теңге).
       Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.11.06.  N 1052  қаулысымен.
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiгi туралы ереженi бекiту туралы" 2004 жылғы 4 ақпандағы N 1287  Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бiрiккен Араб Әмiрлiктерiнде Қазақстан Республикасының Елшілігiн ашу туралы" 2006 жылғы 22 мамырдағы N 118  Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Үкiметiнің "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi шетелдегi мекемелерiнің жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алуы және жалдауы, үй-жайлары мен ғимараттарының күрделi құрылысы мен жөндеуi туралы" 1996 жылғы 19 қыркүйектегi N 1144  қаулысы ; Қазақстан Республикасы Үкiметiнің "Қазақстан Республикасының Женева қаласындағы (Швейцария Конфедерациясы) Бiрiккен Ұлттар Ұйымының бөлiмшесi мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкiлі резиденциясының ғимаратын жобалау және салу туралы" 2003 жылғы 20 желтоқсандағы N 1282  қаулысы ; "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 20 желтоқсандағы N 1282 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2005 жылғы 14 қарашадағы N 1124  қаулысы ; Қазақстан Республикасы Yкiметiнің "Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшiлiгiнің ғимаратын Бiшкек қаласында (Қырғыз Республикасы) жобалау және салу туралы" 2004 жылғы 17 мамырдағы N 550  қаулысы ; Қазақстан Республикасы Үкiметiнің "Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Елшiлiгінің әкiмшiлiк ғимараты мен Төтенше және Өкiлеттi Елшілігiнің резиденциясын жобалау және салу (қайта жаңарту) туралы" 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1371  қаулысы .
       3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық  бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты : Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiктерiн, консулдық мекемелерiн және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын шетелдерде орналастырудың тиiстi жағдайларын қамтамасыз ету. Шетелдерде әкiмшiлiк және тұрғын үй-жайларды жалға алудың әкiмшiлiк шығыстарын қысқарту. Қазақстан Республикасының шетелдердегi оң бетбейнесiн қалыптастыру.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : шетелде әкiмшiлiк және тұрғын үйге арналған ғимараттарды Қазақстан Республикасының меншiгiне сатып алу және құрылысын салу.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағдарлама
коды

Кіші
бағдарлама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

009

  

Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiн орналастыру үшiн шетелде  жылжымайтын мүлік объектiлерiн сатып алу және салу

Келесi жобаларды iске асыру, соның iшiнде осыларға байланысты  барлық шығыстарға төлем жасасу:
1. Швейцариядағы (Женева қаласы)  Қазақстан Республикасы Елшілiгiнiң  әкiмшілiк ғимаратының құрылысын салуды (қайта жаңартуды) аяқтау.
2. Археологиялық қазба жұмыстарының есебiмен Италия Республикасындағы (Рим қаласы) Қазақстан Республикасы Елшілiгінің әкімшілік ғимаратының құрылысын  салуды аяқтау.
3. Қырғыз Республикасындағы (Бiшкек қаласы) Қазақстан Республикасы Елшілiгінің әкiмшiлiк ғимаратының құрылысын салуды (қайта жаңғыртуды) аяқтау.
4. Ұлыбританияда (Лондон қаласы) Қазақстан Республикасының Елшiлiгiн әкiмшiлiк-орналастыру үшiн ғимарат сатып алу.
5.  алынып тасталды -
2007.11.06. N 1052
6. Бiрiккен Араб Әмiрлiктерiнде (Әбу-Даби қаласы) Қазақстан Республикасы Елшісiнің резиденциясы мен Елшiлiктің әкімшілік ғимаратының құрылысын бастау.

Қаңтар-желтоқсан

Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi және шетелдердегі мекемелері

 

       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.11.06.  N 1052  қаулысымен.
       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: Қазақстан Республикасының шетелдегi дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерi және дипломатиялық қызмет персоналын әкiмшiлiк және тұрғын үйлерге орналастыру үшiн шет елдерде Лондон (Ұлыбритания) қаласында сатып алынған, Женева (Швейцария), Рим (Италия Республикасы), Бишкек (Қырғыз Республикасы) қалаларында 3 салынған және Әбу-Даби (БАЭ) 1 салынып жатқан жылжымайтын мүлік объектілерінің болуы.
Түпкi нәтиже: Қазақстан Республикасының шетелдердегi дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiктерiн әкiмшiлiк және тұрғын үй мақсатындағы өз меншiгіндегi ғимараттарға орналастыру, Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналының шетелде еңбек ету және өмiр сүру жағдайларын жақсарту, әкiмшiлік және тұрғын үй-жайды жалға алудың әкімшілік шығыстарын қысқарту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын шетелдерде өз меншігіндегі ғимараттарға орналастыру әкімшілік және тұрғын үйлерді жалға алуға арналған әкімшілік шығыстарын қысқарту арқылы қол жеткiзіледi.
Сапасы: бюджеттік бағдарламаны іске асыру - мердігерлік ұйымдардың құрылысты салу кезінде жұмыстарды орындауына (техникалық қадағалау), шетелдерде жылжымайтын мүлiк объекттерiн сатып алу кезiнде қолайлы нұсқаларын iрiктеу барысында талаптардың сақталуына  тиiстi бақылау жасауды жүзеге асыру есебiнен қамтамасыз етiледi.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.11.06.  N 1052  қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы   
N 1220 қаулысына        
49-ҚОСЫМША       

204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2007 жылға арналған
"Қазақстан Республикасының шетелдiк мемлекеттерге заңсыз әкелiнген және саудалаудың құрбандары болған, сондай-ақ шет елдерде басқа қылмыстардан зардап шеккен және форс-мажорлық жағдайларда қалған азаматтарына қаржылық көмек көрсету"
деген 010 республикалық бюджеттiк бағдарламаның 
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 11700 мың теңге (он бiр миллион жетi жүз мың теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : Қазақстан Республикасының  Конституциясы ; Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы"  Заңы ; Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 27 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекiту туралы" N 217 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 11 ақпандағы "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердің қаражаты есебiнен шетелдiк iссапарларға валюталық қаражаттың жұмсалуын ретке келтiру жөнiндегi шаралар туралы" N 148  қаулысы ; Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2006 жылғы 25 қаңтарда  N 4037 нөмiрмен тiркелген Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнің 2005 жылғы 28 қарашадағы "Республикалық бюджетте "Шет мемлекеттерге заңсыз әкелiнген және адам саудасының құрбандары болған, сондай-ақ шетелде басқа да қылмыстардан зардап шеккен және форс-мажорлы жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарына қаржылай көмек көрсету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесiн бекiту туралы"  Бұйрығы , "Республикалық бюджетте "Шет мемлекеттерге заңсыз әкелiнген және адам саудасының құрбандары болған, сондай-ақ шетелде басқа да қылмыстардан зардап шеккен және форс-мажорлы жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарына қаржылай көмек көрсету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнің 2005 жылғы 28 қарашадағы N 08-1/361 бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 29 мамырдағы N08-1/155  бұйрығын  тіркеу, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2006 жылғы 19 маусымында N 4256 нөмірімен тіркелген.
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты : шет мемлекеттерге заңсыз түрде әкелiнген, сауда-саттықтың құрбандары болған, шетелде басқа да қылмыстардан зардап шеккен және кездейсоқ жағдайларға тап болған Қазақстан Республикасының азаматтарын қорғауды және оларды мемлекетке қайтаруды қамтамасыз ету.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : шетелде зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтарына қаржылық көмек көрсету, Көшi-қон жөніндегі Халықаралық ұйыммен, Қазақстан Республикасының және өкiлдiк орналасқан елдің құқық қорғау органдарымен, трафиктiң құрбандарына көмектесетiн қоғамдық ұйымдармен бiрлесiп iс-қимыл жасап, трафиктің құрбандары болған Қазақстан Республикасы азаматтарын босатуды және елге қайтаруды ұйымдастыру, бұқаралық ақпарат құралдарының арналарын пайдалана отырып, өкiлдiк орналасқан елде және Қазақстан Республикасында ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргiзу.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағдарлама
коды

Кіші
бағдарлама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

010

  

Қазақстан Республикасының шетелдік мемлекеттерге заңсыз әкелiнген және саудалаудың құрбандары  болған, сондай-ақ шет елдерде басқа қылмыстардан зардап шеккен және форс-мажорлық жағдайларда қалған азаматтарына қаржылық көмек көрсету

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының отанына оралуы үшiн көлiктiк шығыстарын төлеу.
2. Аудармашының көрсеткен қызметiне ақы төлеу шығыстары.
3. Адвокаттың көрсеткен қызметіне ақы төлеу шығыстары.
4. Бiржолғы материалдық жәрдем (тамақтану, қонақ үйде тұру, жоқ болған  жағдайда бiрiнші қажеттiлiгi бар заттарды сатып алу).
5. Шет мемлекеттің аумағында болған кезең iшiнде жол жүгiне, жеке басын куәландыратын құжаттарын жоғалтқан жағдайда, оралу куәлiгiн ресімдеуге, қайтыс болған адамның денесiн мәйітханада сақтауға немесе орналасқан елде жерлеуге арналған шығыстар төлемiмен "200" жүгіне төлеу шығыстары.

Қаңтар-желтоқсан

Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мен шетелдердегі мекемелері

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: шетелде болған уақытысында Қазақстан Республикасының азаматтарына бiржолғы материалдық көмек көрсету және осындай көмекке зәру Қазақстан Республикасының азаматтарын отанымызға жөнелту.
Түпкi нәтиже: адамдарды саудалаумен айналысатындардың немесе олармен байланысты адамдардың тарапынан саудалаудың, қауiп-қатердің немесе қорқытып-үркiтудiң құрбандары болған Қазақстан Республикасы азаматтарын тиiмдi қорғауды қамтамасыз ету, олардың қауiпсiздiгiн және мүмкiндiгiнше, Қазақстан Республикасына өз еркiмен оралуын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде болған уақытысында мемлекеттiң қамқорлығына қатысты Қазақстан Республикасы азаматтарының сенiмдiлiгін арттыру, шетелде өз азаматтарының құқықтары мен мүдделерiн қорғауды нақты, iс жүзiнде жүзеге асыратын республика ретiнде әлемдiк қоғамдастықта Қазақстан Республикасының имиджiне оң сипатта ықпал ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: шетелде зардап шеккен Қазақстан Республикасының бiр азаматын қорғауға және Қазақстан Республикасына жөнелтуге арналған шығындармен айқындалады. Зардап шеккен бiр адам шығындарының орташа мөлшерi 160 274 теңге құрайды (100 000 АҚШ доллары: 73 адам х 117,0).
Уақтылығы: шетелде құқықтық көмекке мұқтаж Қазақстан Республикасының әрбiр азаматына мемлекеттің тиiмдi көмек көрсетуiмен.
Сапасы: шетелде зардап шеккен Қазақстан Республикасы азаматтарының Отанына оралған нақты санымен.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы   
N 1220 қаулысына        
50-ҚОСЫМША       

204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2007 жылға арналған
"Қазақстанда тұратын этностардың тарихи шығу елдерiмен қатынастарын нығайту және шетелде Қазақстан Республикасындағы этникалық келiсiмдi насихаттау"
деген 011 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 282700 мың теңге (екi жүз сексен екi миллион жетi жүз мың теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 26 сәуiрдегi "Қазақстан халықтары Ассамблеясының стратегиясы мен Қазақстан халықтары Ассамблеясының ережесi туралы" N 856  Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 23 сәуiрдегi "Қазақстан халықтары Ассамблеясының институтын бекіту туралы" N 1561  Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 28 маусымдағы "Этносаралық және конфессияаралық келiсiмнiң қазақстандық моделiн жетiлдiрудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" N 593  қаулысы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты : "Қазақстан-2030" стратегиялық міндеттерді іске асыруда, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуда және қазақстандық халықты, оның күшті мемлекеттілігін, ашық азаматтық қоғамды қалыптастыру процесінде Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлін арттыру, Қазақстан этностарының тарихи шығу тегі елдерімен өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту, этникааралық қатынастарды үйлесімді дамыту, Қазақстан Республикасының оң сипаттағы имиджін нығайту.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : мемлекеттiк тiлдiң және қазақ халқы мәдениетінің негiзгi рөл ойнауы жағдайында азаматтық және рухани мәдени ортақтық негізiнде Қазақстан этностарын шоғырландыру арқылы қазақстандық бiрегейлiктi қалыптастыру, этникааралық қатынастар саласында мемлекеттiк органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара тиiмдi iс-қимылын қамтамасыз ету, Қазақстандағы этникааралық үйлесiмдi қарым-қатынасты қамтамасыз етуде этномәдени бiрлестiктердiң күш-жiгерiн кiрiктiру, шетелдiк iскер және қоғамдық топтардың ақпараттану деңгейiн көтеру және Қазақстан Республикасына деген оң көзқарастарын қалыптастыруға жәрдемдесетiн iс-шараларды, конференцияларды, таныстыру рәсiмдерiн, сапарлар алмасуларды ұйымдастыру және қамтамасыз ету.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағдарлама
коды

Кіші
бағдарлама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

011

  

Қазақстанда тұратын этностардың тарихи шығу елдерiмен қатынастарын нығайту және шетелде Қазақстан Республикасындағы этникалық келiсiмдi насихаттау

Шетелдерде өкiлдiк мәжілiстер, көрмелер мен семинарлар өткiзу,  конфессияаралық және этникалық келiсімнiң қазақстандық моделiн шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау, салтанатты және өзге де өкiлдiк iс-шараларды шетелдерде өткiзу жөнiндегі шығыстарды төлеу.

Қаңтар-желтоқсан

Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мен шетелдердегі мекемелері

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: Қазақстан Республикасында тұратын этностардың тарихи Отаны болып табылатын Германияда, Кореяда, Ресей Федерациясында және басқа да елдерде қазақстандық әртiстердiң гастролдiк концерттерiн өткізу, конференцияларды, тұсаукесерлердi және де басқа iс-шараларды өткізу, сапарлармен алмасу, тиiстi әдебиетпен қамтамасыз ету.
Түпкi нәтиже: Қазақстан Республикасында тұратын этностардың тарихи шығу тегi болып табылатын Германиямен, Кореямен, Ресей Федерациясымен және басқа да елдермен қатынастарды нығайту және халықтың осыған қатысы бар топтарын қамтитын өмiр сапасын арттыру мақсатында Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформалар мен жобалардың сапасына ықпал ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Іс-шараны өткiзуге арналған шығындар - 282 700 мың теңге "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасын iске асыру барысында көрсетiлетiн қызметтердің бiрлiгiне арналған шығындардың жоспарланған көлемiн ic жүзiндегi шығындардың көлемiмен салыстыру мүмкiн емес, өйткенi барлығы осы iс-шараға қатысатын делегациялар мүшелерiнiң санына және олардың мәртебесiне байланысты.
Адамның немесе iс-шараның саны жөнiндегi орташа арифметикалық деректер жұмсалған қаражатты тиiмдi пайдалану туралы анық ақпарат бере алмайды.
Уақтылығы: көзделген iс-шараларды толық көлемде қаржыландыруды қамтамасыз ету.
Сапасы: Қазақстан Республикасындағы үйлесiмдi этникааралық келiсiмдi және 130-дан астам ұлттардың тату-тәттi тiршiлiк етуiн шетелде насихаттауды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк қызмет көрсетулердi алушылардың қажеттiлiгiн қанағаттандыру.