Б.С. Сәрсековтiң қызметiн қамтамасыз етуге арналған шығыстар сметасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 ақпандағы N 133 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 12 қазандағы N 471 Жарлығына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 1514  Жарлығына  сәйкес келтiру және мемлекеттiк органдардың функцияларын қайталауға жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1) "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 26 шiлдедегi N 833  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 25, 260-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану ережесiнде:
      18-тармақтың бесiншi абзацында "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетiне құндылықты жiберген жiберушiге" деген сөздер "уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      18-1-тармақта "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2)  алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.24  N 387  Қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі