Біріккен Араб Әмірліктерінде Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 22 мамырдағы N 118 Жарлығы

      Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктерімен дипломатиялық қатынастарын нығайту мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Абу-Даби қаласында (Біріккен Араб Әмірліктері) Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті