Республикалық бюджетте "Шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау және қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2005 жылғы 28 қарашадағы N 08-1/361 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 25 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 4037. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 11-1-2/619 бұйрығымен.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) Ескерту. 1-тармағы 1) тармақшасының күші жойылды - ҚР Президентінің 2008 жылғы 21 қарашадағы N 696 Жарлығымен;

      2) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі N 839 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 10, 92-құжат; N 32, 339-құжат; 2003 ж., N 9, 92-құжат; N 14, 171-құжат; N 51, 671-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы ереженің 16-тармағында "Мемлекеттік-құқық басқармасы" деген сөздер "Құқық қорғау және сот жүйелері мәселелері бөлімі" деген сөздермен алмастырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына:
      Имашев Берік Мәжитұлы - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, төрағаның орынбасары,
      Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасы Әділет министрі,
      Ақылбеков Серік Секербайұлы - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау және сот жүйелері мәселелері бөлімінің сектор меңгерушісі, хатшы болып енгізілсін;

      мына жолдар:

"Мұхаметжанов               - Қазақстан Республикасы Президенті
Бауыржан Әлімұлы              Әкімшілігі Басшысының орынбасары -
                              Мемлекеттік-құқық басқармасының
                              бастығы, төрағаның орынбасары",

"Тұрысбеков                 - Қазақстан Республикасының
Зауытбек Қауысбекұлы          Ішкі істер министрі"

      тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

"Мұхаметжанов               - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Бауыржан Әлімұлы              министрі",

"Тұрысбеков                 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Зауытбек Қауысбекұлы          қызмет істері агенттігінің төрағасы";

      аталған Комиссияның құрамынан Ғ.Р.Әбдірахымов, О.И.Жұмабеков, В.Д.Федотов, О.Ч.Червинский шығарылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті