Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1389 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет  кодексіне және "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 22 қазандағы  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220  қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға  44-қосымшада :
      5-тармақтағы "Қырғыз Республикасымен," деген сөздер алынып тасталсын;
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары деген" 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
      реттік нөмірі 1-жолдағы 1-тармақ алынып тасталсын;
      7-тармақта:
      "Тікелей нәтижеде" "200 шекаралық (қазақстан-қырғыз шекарасында - 200) белгілерді орнату," деген сөздер алынып тасталсын;
      "Түпкі нәтижеде" "Қырғыз Республикасымен," деген сөздер алынып тасталсын;
      "Қаржылық-экономикалық нәтиже" мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қаржылық-экономикалық нәтиже: Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін белгілеу, мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау, Қазақстан Республикасының аумағында трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі келіссөздерді жүргізуге - 45390,0 мың теңге, қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасын демаркациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге - 27874,0 мың теңге, қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасына - 8674,0 мың теңге, қазақстан-түрікмен мемлекеттік шекарасына - 2574,0 мың теңге, байланыс қызметіне - 5417,0 мың теңге, банктің комиссиялық қызметіне - 24,0 мың теңге.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі