Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына Бесінші қосымша хаттаманы бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2002 жылғы 18 наурыз N 305-ІІ

      1994 жылғы 14 қыркүйекте Сеулде жасалған Дүниежүзілік почта одағының Жарғысына Бесінші қосымша хаттама бекітілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ПОЧТА ОДАҒЫНЫҢ
ЖАРҒЫСЫНА БЕСІНШІ ҚОСЫМША
ХАТТАМА

(2002 жылғы 31 шілдеде күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты)

      Сеул қаласында Конгреске жиналған Дүниежүзілiк почта одағына мүше елдер Yкiметтерiнің өкiлетті өкiлдерi 1964 жылы 10 шiлдеде Венада қабылдаған Дүниежүзiлiк почта одағының жарғысының 30 бабының 2-параграфы негiзiнде бекiту шартымен аталған Жарғыға мынадай өзгерiстердi қабылдады.

I-бап
(өзгертiлген 8-бап)
Аймақтық Одақтар. Арнайы келiсiмдер

      1. Мүше елдер немесе олардың Почта әкiмшiліктерi өздерiнiң елдерiнiң заңдарына қайшы келмеген жағдайда, Аймақтық одақтар құра алады және қатысушыларға мүдделі мүше елдер болып табылатын халықаралық почта туралы келiсiмдер жасай алады, бiрақ оларға халық үшiн ыңғайлылығы кесiмдер ережелерiнде қарастырылған шарттардан төмен болатын шарттары бар ережелерi енгiзiлмеуi тиiс.
      2. Аймақтық одақтар Одақтың Конгрестерiне, Конференцияларына және жиналыстарына, Әкiмшілiк кеңесінiң, сондай-ақ Почталық пайдалану кеңесiнің мәжiлiстерiне өз бақылаушыларын жiбере алады.
      3. Одақ Аймақтық Одақтың конгрестерiне, конференцияларына жәнежиналыстарына бақылаушылар жiбере алады.

ІI-бап
(өзгертiлген 13-бап)
Одақ органдары

      1. Конгресс, Әкiмшiлiк кеңесi, Почталық пайдалану кеңесi жәнеХалықаралық бюро Одақтың органдары болып табылады.
      2. Әкiмшiлiк кеңесi, Почталық пайдалану кеңесi және Халықаралық бюро Одақтың тұрақты органдары болып табылады.

III-бап
(өзгертiлген 17-бап)
Әкiмшiлiк кеңесi

      1. Әкiмшілік кеңесі (ӘК) Одақ кесiмдерiнiң ережелеріне сәйкес екі конгресс арасында Одақтың жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз етедi.
      2. Әкiмшілiк кеңес мүшелерi өздерiнiң қызметтерiн Одақ атынан және оның мүддесіне сәйкес орындайды.

IV-бап
(өзгертiлген 18-бап)
Почталық пайдалану кеңесi

      Почталық пайдалану кеңесіне (ППК) почта қызметi мүдделi болатын пайдалану, коммерциялық, техникалық және экономикалық мәселелер жүктеледi.

V-бап
(өзгертілген 20-бап)
Халықаралық бюро

      Одақ орналасқан орында қызмет атқаратын, Халықаралық бюро депаталатын, Бас директор басқаратын және Әкiмшiлiк кеңес бақылайтын орталық мекеме Почта әкiмшiлiктерi үшін атқару органы, қолдау, байланыс, ақпарат және кеңесу органдары болып қызмет етедi.

VI-бап
(өзгертiлген 22-бап)
Одақ кесiмдерi

      1. Жарғы Одақтың негiзгi кесiмi болып табылады. Ол Одақтың негiзгi ережелерiнен тұрады.
      2. Жалпы регламент Жарғының қолданылуын және Одақтың қызметiн қамтамасыз ететiн ережелерден тұрады.
      3. Дүниежүзiлiк почта конвенциясы және оның Атқарушы регламентi халықаралық почта қызметінде қолданылатын жалпы ережелерді және хаттар почтасы қызметтерi туралы ережелерді қамтиды.
      4. Одақ келiсiмдерi және оның Атқарушы регламенттерi хаттар почтасы қызметтерiнен басқа, өздерiне қатысатын мүше елдер арасындағы қызметтердi реттейдi. Олар сол елдер үшiн ғана мiндеттi болып табылады.
      5. Конвенциялар мен келiсiмдердi орындау үшiн қажетті ережелерді қолдануды қамтитын Атқарушы регламенттердi Конгрестің шешiмiн ескере отырып, Почта пайдалану кеңесi бекiтедi.
      6. 3, 4, 5-параграфтарда айтылған Одақ кесiмдерiне тiркелетiн мүмкiн болғандай қорытынды хаттамаларға сол кесiмдерге жасалған ескертулер кiредi.

VII-бап
(өзгертiлген 25-бап)

      Одақ кесiмдерiне қол қою, олардың түпнұсқаға сәйкестiгiн растау, бекіту және қолдаудың басқа нысандары.
      1. Конгресте қабылданған Одақ кесiмдерiн мүше елдердiң өкілетті өкiлдерi қол қояды.
      2. Атқару регламенттерiнiң түпнұсқаға сәйкестігiн Почталық пайдалану кеңесiнiң Төрағасы және Бас хатшысы растайды.
      3. Жарғыны оған қол қойған елдер мүмкіндiгiнше қысқа мерзiмдебекiтедi.
      4. Жарғыдан басқа Одақтың басқа да кесiмдерiн мақұлдау әрбiр қол қоюшы елдiң iшкi конституциялық ережелерiне сәйкес жүргiзiледi.
      5. Егер қандай да бiр ел Жарғыны бекітпесе немесе өзі қол қойған басқа да кесiмдердi мақұлдамаса, онда Жарғы мен басқа да кесiмдер оларды бекiткен немесе мақұлдаған елдер үшiн бәрiбiр мiндеттi болып қала бередi.

VIII-бап
Қосымша хаттамаға және басқа
Одақ Кесiмдерiне қосылу

      1. Осы Хаттамаға қол қоймаған мүше елдер оған кез келген уақытта қосыла алады.
      2. Конгресте қайта қаралған Кесiмдерге қатысушы болып табылған, бiрақ қол қойылмаған мүше елдер оған мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде қосылуға мiндеттi.
      3. 1 және 2 параграфтарда сөз болған жағдайларға қатысты қосылу туралы құжаттар олар туралы мүше елдерге хабарлайтын Швейцария Конфедерациясының Yкiметiне дипломатиялық жолмен жiберіледi.

IХ-бап
Дүниежүзілік почта одағы жарғысына
Қосымша хаттаманың күшіне енуі және
қолданыста болу мерзімі

      Осы Қосымша хаттама 1996 жылдың 1 қаңтарында күшіне енедi жәнебелгiсiз мерзiмге күшінде қалады.
      Куәландыру ретiнде мүше елдер Үкiметтерінiң өкiлетті өкiлдерi осы Қосымша хаттаманы жасады, оның ережелерi Жарғы мәтiнiне енген жағдайда, сол күшке және сол мағынаға ие болатын болады және оған бір данада қол қойылады, ол Халықаралық бюроның Бас директорына сақтауға берілетін болады. Бұл дананың көшірмелерін әрбір тарапқа Конгресс өткізілген елдің Үкіметі таратып беретін болады.
      1994 жылы 14 қыркүйекте Сеулде жасалды.

      Мамандар:

      Қасымбеков Б.А.

      Багарова Ж.А.