Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
1) көрсетілген қаулыға 42-қосымшада :
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында реттік нөмірі 2-жол мынадай мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:
"13. Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің ведомстволық наградаларын дайындау қызметіне ақы төлеу.";
2) көрсетілген қаулыға 47-қосымшада:
өте құпия.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі