Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Халықаралық ақпарат комитетiнiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы N 1024 Қаулысы

      Сыртқы және iшкi саясатты ақпараттық қамтамасыз ету, сондай-ақ шет елдерде Қазақстан Республикасының жетiстiктерiн насихаттауды күшейту мақсатында, "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Халықаралық ақпарат комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.

      2. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.10.22. N 986 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:

      1) "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1118 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 41, 530-құжат):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi (Сыртқыiсминi) туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң ведомствосы - Халықаралық ақпарат комитетi бар.";

      2) күші жойылды – ҚР Үкіметінің 2008.04.15 N 339 Қаулысымен.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 2008.04.15 N 339 Қаулысымен.

      4. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 28 қазандағы
N 1024 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң
Халықаралық ақпарат комитетi туралы ереже

      Ескерту. Ереже алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.10.22. N 986 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 28 қазандағы
N 1024 қаулысымен
бекiтiлген

      Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi
Халықаралық ақпарат комитетiнiң
құрылымы

      Ескерту. Құрылым алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.10.22. N 986 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.