Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 20 желтоқсандағы N 1282 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қарашадағы N 1124 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 10 наурыздағы N 298-11қ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң Арнайы әскерлерiне арналған штат санының лимиті шегiнде 19 бiрлiк штат саны бар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң "Атырау аудандық пайдалану бөлiмi" мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - мемлекеттік мекеме) құрылсын.

      2. Мемлекеттiк мекеменi қаржыландыру Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) мемлекеттiк мекеменiң жарғысын бекiтсiн және әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.06.2014 № 707 қаулысымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі