Аудиторлық қызмет туралы

Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 20 қарашадағы N 304-I Заңы.

Жаңартылған

МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Заң жаңа редакцияда - ҚР 2006.05.05 N 139, бүкіл мәтін бойынша "оны кері қайтарып алу", "лицензиясы кері қайтарып алынған", "лицензиясын кері қайтарып алу", "кері қайтарып алуды", "оларды алқалы басқару органдарының шешімімен кері шақырып алу", "Лицензия кері қайтарып алынған", "лицензияны кері қайтарып алу" деген сөздер тиісінше "одан айыру", "лицензиясынан айырылған", "лицензиясынан айыру", "лицензиясынан айыруды", "алқалы басқару органдарының шешімімен олардан айыру", "Лицензиядан айырылған", "лицензиядан айыру" деген сөздермен ауыстырылды - 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Кіріспеге өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 03.07.2020 № 358-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Осы Заң Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметтi жүзеге асыру процесiнде мемлекеттiк органдар, жеке және заңды тұлғалар, аудиторлар, аудиторлық ұйымдар және кәсiби аудиторлық ұйымдар арасында туындайтын қатынастарды реттейдi.

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) аккредиттелген кәсiби аудиторлық ұйым (бұдан әрi – кәсiби ұйым) – аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарды біріктіретін коммерциялық емес ұйым;

      2) аккредиттеу – осы Заңда көзделген кәсiби ұйымдардың құқықтылығын уәкiлеттi мемлекеттік органның ресми тануы;

      3) аттестаттау – Біліктілік комиссиясының аудиторларға кандидаттардың білімдері мен дағдыларын айқындауы рәсімі;

      4) аудит – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық есептiлiк және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпарат туралы тәуелсiз пiкiр бiлдiру мақсатында тексеру;

      5) аудитор – Аудиторларға кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы (бұдан әрі - Біліктілік комиссиясы) аттестаттаған, "аудитор" біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігін алған жеке тұлға;

      6) аудиторлық есеп – жүргiзiлген аудиттiң нәтижесi болып табылатын жазбаша ресми құжат;

      7) аудиторлық қызмет – осы Заңға сәйкес қаржылық есептіліктің және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпарат аудитiн жүргiзу және көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-бапты 7-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 03.07.2020 № 358-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8) аудиторлық ұйым – аудиторлық қызметтi жүзеге асыру үшiн құрылған және кәсіби ұйымның мүшесі болып табылатын коммерциялық ұйым;

      9) аудиттелетін субъект – өзіне қатысты аудит, салықтар бойынша аудит, өзге ақпарат аудиті жүргізілетін заңды тұлға, заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның филиалдары және (немесе) өкілдіктері, дара кәсіпкер;

      10) Әдеп кодексі – аудиторлардың, аудиторлық және кәсіби ұйымдардың кәсіптік қызметінің Халықаралық бухгалтерлер федерациясы шығарған және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында қолданылатын әдеп қағидалары жинағы;

      11) дұрыс емес аудиторлық есеп – Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын бұза отырып жасалған, қаржылық есептілік туралы және аудит стандарттарында көзделген ақпарат туралы дұрыс емес және (немесе) толық емес, пайдаланушыларды жаңылыстыратын мәліметтерді қамтитын аудиторлық есеп;

      12) жер қойнауын пайдаланушының шығыстары туралы мәліметтер аудиті – жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қазбаларды барлау және өндіру жөніндегі операцияға арналған шығыстарының аудиті;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-бапты 12-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 03.07.2020 № 358-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      13) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит – бюджет қаражатын пайдалану мәселесі бойынша аудит;

      14) көрiнеу дұрыс емес аудиторлық есеп – аудит жүргiзiлмей жасалған немесе пайдаланушыларды қасақана жаңылыстыратын пiкiрді қамтитын аудиторлық есеп;

      15) мүдделер қақтығысы – аудиторлық ұйымның мүдделілігі оның аудиттелетін субъектінің қаржылық есептілігінің дұрыстығы туралы пікіріне әсер етуі мүмкін жағдай;

      16) өзге ақпарат аудиті – "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін бағалауға қатысты, оның ішінде стратегия мен бизнес модельге, корпоративтік басқару жүйесін бағалауға, ақпараттық технологиялардың тәуекелдерін басқару жүйесін бағалауға, ақпараттық қауіпсіздік жүйесінің тиімділігін, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы iс-қимыл саласындағы ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалауға қатысты процестерді және қаржылық есептілікпен байланысты емес ақпаратты тексеру;

      17) өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытынды – өзге ақпарат аудитінің нәтижелері бойынша жасалған қорытынды;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-бапты 17-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 03.07.2020 № 358-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      18) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі).

      18) салықтар бойынша аудит – уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жүргізілетін, салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрі бойынша есептеу мен төлеудің дұрыстығы, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың және аударудың толықтығы мен уақтылығы, әлеуметтік аударымдарды есептеудің және төлеудің толықтығы мен уақтылығы мәселесі бойынша аудит;

      19) салықтар бойынша аудиторлық қорытынды – салықтар бойынша аудит нәтижелері бойынша жасалған қорытынды;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      20) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі).

      20) салықтар бойынша дұрыс емес аудиторлық қорытынды – аудиторлық ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жасаған, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеудің дұрыстығы, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың және аударудың толықтығы мен уақтылығы, әлеуметтік аударымдарды есептеудің және төлеудің толықтығы мен уақтылығы мәселелері бойынша дұрыс емес және (немесе) толық емес мәліметтерді қамтитын, сондай-ақ салықтар бойынша аудит жүргізілмей жасалған немесе қасақана жаңылыстыратын пікірді қамтитын қорытынды;

      21) уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – аудиторлық қызмет саласында реттеуді және аудиторлық қызмет пен кәсiби ұйымдардың қызметi саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      22) ұйымдардың стандарттары – аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, аудит жүргізу тәртібіне бірыңғай талаптарды белгілейтін ішкі құжаттары;

      23) халықаралық аудит стандарттары (бұдан әрі – аудит стандарттары) – Халықаралық бухгалтерлер федерациясы шығарған стандарттар мен құжаттар.

      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасындағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.

3-бап. Аудиторлық қызмет

      1. Аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар аудиторлық ұйымдар аудиторлық қызметпен айналысу құқығына ие болады.

      2. Аудиторлық ұйымдар аудиттен басқа мынадай қызметтердi де көрсете алады:

      1) аудит стандарттарына сәйкес ілеспе және басқа да көрсетілетін қызметтер;

      2) бухгалтерлiк есептi қалпына келтiру және жүргiзу, қаржылық есептiлiктi жасау;

      3) iшкi аудит;

      4) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөнiндегi заңнаманы қолдану және салық есебiн жүргiзу мәселелерi бойынша консультация беру;

      4-1) салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды жасау;

      4-2) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу;

      4-3) жер қойнауын пайдаланушының шығыстары туралы мәліметтер аудитін жүргізу;

      4-4) өзге ақпарат аудитін жүргізу және өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытынды жасау;

      5) алғашқы статистикалық деректерді қалыптастыру;

      6) қаржы-шаруашылық қызметтi талдау және қаржылық жоспарлау, экономикалық, қаржылық және басқарушылық консультация беру;

      7) бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есептiлiктi жасау мәселелерi бойынша консультация беру;

      8) бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есептiлiктi жасау, салық салу, аудит және қаржы-шаруашылық қызметтi талдау мен қаржылық жоспарлау бойынша оқыту ;

      9) бухгалтерлiк есептi жүргiзудi және қаржылық есептiлiктi жасауды автоматтандыру жөнiнде ұсынымдар беру, бухгалтерлiк есептi жүргiзу мен қаржылық есептiлiктi жасауды автоматтандыруға үйрету;

      10) бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзу және қаржылық есептiлiктi жасау, аудит, қаржылық-шаруашылық қызметтi және қаржылық жоспарлауды талдау, аудит стандарттарына сәйкес iлеспе қызметтердi көрсету бойынша әдiстемелiк құралдар мен ұсынымдар әзiрлеу, сондай-ақ оларды тарату;

      11) аудиторлық қызметке байланысты заң қызметтерiн көрсету;

      12) Алынып тасталды - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      Егер "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы тармақта көзделген жекелеген қызмет түрлерiн көрсету рұқсаттар алуды немесе хабарламалар жіберуді талап етсе, аудиторлық ұйымдар рұқсаттары болмай немесе хабарламаларды жібермей бұл қызметтердi көрсетуге құқылы емес.

      3. Аудиторлық ұйымдарға кәсiпкерлiк қызметтiң өзге түрлерiмен айналысуға тыйым салынады.

      Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV; 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2017 № 126-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-бап. Аудиторлық қызметтiң негiзгi принциптерi және аудиттiң стандарттары

      1. Аудиторлық қызметтiң негiзгi принциптерi мыналар:

      тәуелсiздiк;

      объективтiлiк;

      кәсiби құзыреттiлiк;

      құпиялылық;

      адалдық;

      ұйымдардың стандарттарын сақтау.

      2. Аудит осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн аудит стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Аудит стандарттарын Қазақстан Республикасында оларды ресми аударуға және (немесе) жариялауға Халықаралық бухгалтерлер федерациясының жазбаша рұқсаты бар ұйым қазақ және орыс тiлдерiнде жариялауы мүмкін.

      Осы Заңның 5-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің төртінші, бесінші, алтыншы, сегізінші және он бірінші абзацтарында көрсетілген ұйымдарға аудит жүргізу кезінде аудиторлық ұйым қаржылық есептілікте қамтылған ақпараттың халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленген нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.

      3. Салықтар бойынша аудит Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудиттелетін субъектінің бастамасы бойынша жүзеге асырылады.

      4. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Өзге ақпарат аудиті қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның талап етуі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-бап. Аудит және оның түрлерi

      1. Аудиттiң түрлерi мыналар:

      1) мiндеттi;

      2) бастамашылық.

      2. Міндетті аудитке:

      акционерлік қоғамдар;

      қадағалау кеңесі бар, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру холдингтері және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушысы болып табылатын ұйымдар, сақтандыру брокері;

      бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар;

      инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары;

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген жағдайларда, көмірсутектерді барлау мен өндіру немесе пайдалы қатты қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғалар;

      банктер, банк холдингтері мен ірі қатысушылары банк және (немесе) банк холдингтері болып табылатын ұйымдар;

      Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша авиациялық жұмыстарды жүзеге асыратын авиакомпанияларды қоспағанда, азаматтық авиация ұйымдары;

      астық қабылдау кәсіпорындары;

      сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры;

      әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры;

      инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары;

      мақта өңдеу ұйымдары;

      "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылыс салушылар мен уәкілетті компаниялар;

      "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнайы қаржы компаниялары;

      "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы;

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес уәкілетті экономикалық операторлар;

      мынадай шарттарды бір мезгілде орындаған кезде:

      1) оның құрамында жарғылық капиталына қатысудың он пайыздан кем үлесін иеленетін қатысушылар (құрылтайшылар) бар болған;

      2) жұмыскерлердің орташа жылдық саны екі жүз елу адамнан асатын және (немесе) жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің үш миллион еселенген мөлшерден асатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер жатады.

      Орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін жылдық қаржылық есептілік аудиті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына қатысудың он пайыздан кем үлесін иеленетін қатысушының (құрылтайшының) талабы бойынша жүргізіледі.

      Аудит мiндеттi болып табылатын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылдық қаржылық есептiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайтын ұйымдар жылдық қаржылық есептiлiкпен бiрге аудиторлық есептi де жариялауға мiндеттi.

      Осы тармақтың талаптары сот банкрот деп таныған акционерлік қоғамдарға, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган лицензиясынан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесiнде тұрған банктерге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.

      3. Бастамашылық аудит аудиттелетiн субъектiнiң не оған қатысушының бастамасы бойынша бастамашы мен аудиторлық ұйымның арасында аудит жүргiзуге жасалған шартта көзделген аудиттiң нақты мiндеттерi, мерзiмi мен көлемi ескерiле отырып жүргiзiледi.

      Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11 N 183-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 N 539-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 128-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 406-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.04.2016 № 487-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2017 № 126-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

      Қазақстан Республикасының Yкiметi:

      1) аудиторлық қызмет саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органды айқындайды;

      2) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе, аудит мiндеттi болып табылатын мемлекет қатысатын ұйымдарды айқындайды;

      3) аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;

      4) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      5) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      7-баптың бірінші абзацына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 03.07.2020 № 358-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Аудиторлық қызмет саласындағы уәкiлеттi орган:

      1) аудиторлық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;

      1-1) аудиторлар тізілімін жүргізеді;

      1-2) міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең аз талаптарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;

      1-3) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексерілуге жататын мәселелер тізбесін, өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындының мазмұнына, аудиторлық ұйымның оны ұсыну мерзімдеріне қойылатын талаптарды, өзге ақпарат аудитіне тартылатын аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторларға қойылатын талаптарды келіседі;

      2) кәсіби ұйымдарды аккредиттеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      3) кәсiби ұйымдарды аккредиттейдi және олардың тiзiлiмiн жүргiзедi;

      4) аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;

      5) аудиторлық қызметтi лицензиялауды және аудиторлық ұйымдардың тiзiлiмiн жүргiзудi жүзеге асырады;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      6) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 03.07.2020 № 358-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6) аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, оның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру және тоқтату туралы мәлiметтердi мерзiмдi баспа басылымдарында мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жариялайды;

      7) аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткiзу тәртiбiн бекiтедi;

      8) Бiлiктiлiк комиссиясы қызметiн қалыптастыру және жүзеге асыру ережесiн бекiтедi;

      9) аудит стандарттарын тарату үшiн жағдай жасалуын қамтамасыз етедi;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      7-бапты 9-1), 9-2) және 9-3) тармақшалармен толықтыру көзделген – ҚР 03.07.2020 № 358-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      10) алынып тасталды - 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      11) алынып тасталды - 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      12) алынып тасталды - 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      13) кәсiби және аудиторлық ұйымдардың есептiлiк тiзбесiн, нысанын және оны ұсыну кезеңдiлiгiн әзірлейді және бекітеді;

      14) алынып тасталды - 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      14-1) аудиторлық ұйымдардың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

      15) аудиторлық және кәсіби ұйымдар тізілімдерінің нысандарын бекітеді;

      16) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      17) аудиторлық қызмет және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      18) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      18-1) салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды беру тәртібін айқындайды;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      7-бапты 18-2) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 03.07.2020 № 358-VI Заңымен (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі).

      19) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-1-бап. Аудиторлық қызмет және кәсіби ұйымдар қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау

      1. Аудиторлық қызмет және кәсіби ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

      2. Аудиторлық қызмет және кәсiби ұйымдардың қызметi саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

      Ескерту. 7-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

8-бап. Аудитор

      1. Аудитор өз қызметін аудитор ретінде бiр аудиторлық ұйымның құрамында ғана жүзеге асырады.

      2. Аудитор бiр аудиторлық ұйымға ғана қатысушы бола алады.

      Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

9-бап. Аудиторлық ұйым

      1. Аудиторлық ұйым жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады.

      2. Шетелдік ұйым, егер оның мәртебесін өзі резиденті болып табылатын елдің кәсіби ұйымы растаса, аудиторлық ұйым деп танылады.

      Шетелдік аудиторлық ұйымның мәртебесін растайтын кәсіби ұйым Халықаралық бухгалтерлер федерациясының мүшесі болуға тиіс.

      Шетелдік ұйым, егер оның мәртебесін өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органы растаса да, аудиторлық ұйым деп танылады.

      3. Шетелдiк аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметтi тиiстi аудиторлық ұйымдарды - Қазақстан Республикасының резиденттерiн құрған жағдайда ғана жүзеге асыра алады.

      4. Аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторлардың саны екі адамнан кем болмауға тиiс.

      5. Аудиторлық ұйымның жарғылық капиталында аудиторға (аудиторларға) және (немесе) шетелдік аудиторлық ұйымға (ұйымдарға) тиесiлi үлес жүз процент болуға тиiс.

      6. Аудиторлық ұйым басшысының "аудитор" деген бiлiктiлiк куәлiгi болуы мiндеттi.

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лицензиясынан айырылған аудиторлық ұйымға бұрын жетекшілік еткен аудитор лицензиядан айыру туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бір жыл бойы басқа аудиторлық ұйымның басшысы бола алмайды.

      7. Қазақстан Республикасының аумағында аудиторлық қызметтi жүзеге асыратын аудиторлық ұйым басқа аудиторлық ұйымның - Қазақстан Республикасы резидентiнiң қатысушысы бола алмайды.

      8. Қазақстан Республикасының аумағында филиал құрған жағдайда, филиал басшысының "аудитор" деген бiлiктiлiк куәлiгi болуы мiндеттi.

      Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді – ҚР 12.01.2007 № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

10-бап. Кәсiби ұйымдар

      1. Кәсiби ұйымның аккредиттелуi Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлiкпен расталады. Аккредиттеу туралы куәлiк Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жарамды.

      2. Кәсiби ұйымдар коммерциялық емес ұйымдар болып табылады және өз мүшелерiнiң жалпы жиналысында қабылданған жарғының негiзiнде жұмыс істейді.

      3. Кәсiби ұйымдарды аккредиттеу тәртiбiне сәйкес келетін кәсiби ұйымдардың құрылымы мен жұмыс органдары олардың жарғыларында айқындалады.

      4. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар ғана кәсіби ұйымдардың құрылтайшылары және қатысушылары бола алады. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар бір ғана кәсіби ұйымның мүшелері бола алады.

      Аудиторлардың - кәсіби ұйым мүшелерiнiң ұйымның басқару органына сайлауға және сайлануға құқығы бар.

      5. Алынып тасталды - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

11-бап. Кәсiби ұйымдардың құқықтары мен мiндеттерi

      1. Кәсiби ұйымдар:

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 03.07.2020 № 358-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1) аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылауды жүзеге асыруға;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 03.07.2020 № 358-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аудиторлардың біліктілігін арттыру жөніндегі курстарды өткізуге, курстан өткені туралы сертификаттар беруге;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақты 2-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 03.07.2020 № 358-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жұмыс тәжiрибесiн талдауға, қорытуға және таратуға;

      4) мемлекеттiк, қоғамдық, шетелдiк және халықаралық ұйымдарда аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың мүддесiн бiлдiруге;

      5) өздерiнiң қатысушылары болып табылатын аудиторлардың, аудиторлық ұйымдардың аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға байланысты дауларын қарауға;

      6) аудиторлық ұйымдардың рейтингiн өткiзуге және оларды мерзiмдi баспа басылымдарында жариялауға;

      7) бухгалтерлiк есеп және аудит бойынша халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуға;

      8) аудиторлық қызмет саласында оқулық әдебиеттердi, әдiстемелiк ұсынымдар мен мерзiмдi баспа басылымдарын әзiрлеуге, шығаруға және таратуға;

      9) аудит стандарттары және аудиторлық қызметтiң өзге де мәселелерi бойынша ұсынымдар беруге;

      10) сапаға жүргiзiлген сыртқы бақылау қорытындысы бойынша аудит стандарттары мен Әдеп кодексiн бұзуға жол берген тұлғаларды кәсiби ұйымнан шығаруға;

      11) аудиторлардың біліктілігін арттырудың оқу бағдарламаларын әзірлеуге және бекітуге құқылы.

      2. Кәсiби ұйымдар:

      1) аудиторлық қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын, аудит стандарттарын, Әдеп кодексiн сақтауға;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тармақты 1-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 03.07.2020 № 358-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 03.07.2020 № 358-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2) аккредиттеуді алған кезден бастап алты ай ішінде Біліктілік комиссиясын құруға;

      3) өз мүшелерiн Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiмен қамтамасыз етуге;

      4) алып тасталды - ҚР 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4-1) аудиттің дамуына, оның тиімділігін арттыруға, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қызметін ұйымдастыруға және үйлестіруге ықпал етуге;

      5) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудит стандарттарының талаптарын, Әдеп кодексін сақтауын қамтамасыз етуге;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тармақты 5-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 03.07.2020 № 358-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      6) Алынып тасталды - ҚР 2009.02.20 № 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      7) Алынып тасталды - ҚР 2009.02.20 № 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;

      8) мүшелер қабылдаған (шығып кеткен, шығарылған), сондай-ақ басқару жұмыс органының дербес құрамы өзгерген жағдайда, осы өзгерiстер туралы уәкiлеттi органға хабарлауға;

      9) Алынып тасталды - ҚР 2009.02.20 № 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органға өз қызметi туралы ақпарат беруге мiндеттi.

      Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.20 № 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

12-бап. Аккредиттеу туралы куәлiктен айыру

      1. Кәсiби ұйым, егер:

      1) Алынып тасталды - ҚР 2009.02.20 № 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 03.07.2020 № 358-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2) аккредиттеуді алған кезден бастап алты ай ішінде Біліктілік комиссиясын құрмаса;

      3) кәсіби ұйым тарапынан өтініш жасалмай, күнтізбелік он екі ай ішінде осындай кәсіби ұйым мүшелері - аудиторлық ұйымдардың орташа санының он проценті, бірақ кемінде бесеуі аудиторлық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырылса;

      4) бір жыл iшiнде Аккредиттеу ережесiн жүйелi түрде (қатарынан екi реттен артық) бұзса;

      5) уәкiлеттi органға өзi және өз қызметi туралы көрiнеу жалған ақпарат берсе;

      6) уәкiлеттi органның ескерту хаты шығарылған себептi үш ай iшiнде жоймаса;

      7) алып тасталды - ҚР 13.05.2020 № 325-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      8) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 03.07.2020 № 358-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8) аудиторларға кандидаттарды аттестаттауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізбесе, аккредиттеу туралы куәлігінен айырылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.06.2020 № 351-VI Заңымен (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Кәсiби ұйымдар уәкiлеттi органның шешiмiне сот тәртiбiмен шағым жасауға құқылы.

      Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2009.02.20 № 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

13-бап. "Аудитор" бiлiктiлiгiн беруге кандидаттарды аттестаттау

      1. Жоғары білімі және экономика, қаржы, бақылау-тексеру немесе құқық салаларында немесе жоғары оқу орындарында бухгалтерлiк есеп және аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласында кемінде үш жыл еңбек стажы бар адамдар аттестаттауға жiберiледi.

      2. Аттестаттаудан өткен адамдар "аудитор" бiлiктiлiгi берiлгенi туралы бiлiктiлiк куәлiгiн және бiлiктiлiк куәлiгiнiң нөмiрi, тегi, өз аты, сондай-ақ өзiнiң қалауымен - әкесiнiң аты көрсетiлген аудитордың жеке мөрiн (бұдан әрi - жеке мөр) алады.

      "Аудитор" бiлiктiлiгiн беру туралы шешiм Бiліктiлiк комиссиясы айқындайтын бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ және орыс тiлдерiнде жарияланады.

      3. Аттестаттаудан өтпеген адамдар одан қайтадан өтуге Біліктілік комиссиясының шешімі қабылданған кезден бастап үш ай өткен соң жіберіледі.

      Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Заңды 13-1 және 13-2-баптармен толықтыру көзделген – ҚР 03.07.2020 № 358-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      13-2-баптың 6) тармақшасы 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіліледі – ҚР 03.07.2020 № 358-VI Заңымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      14-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 03.07.2020 № 358-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі).

14-бап. Біліктілік комиссиялары

      1. Біліктілік комиссиясын саны он аудиторлық ұйымнан кем емес оның құрылтайшысы болып табылатын кәсіби ұйым құрады.

      2. Біліктілік комиссиясы мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады және ол ереженің (жарғының) негізінде жұмыс істейді.

      3. Біліктілік комиссиясының филиалдар мен өкілдіктер құруға құқығы жоқ.

      4. Біліктілік комиссияларының құрамына уәкілетті органнан бір-бір өкілден кіреді.

      5. Біліктілік комиссияларының төрағалары болып олардың мүшелерінің қатарынан жай көпшілік дауыспен аудиторлық қызметпен айналысатын аудиторлар үш жыл мерзімге сайланады. Төраға болып бір адам екі рет қатарынан сайлана алмайды.

      6. Біліктілік комиссияларының қызметін қаржыландыруды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді құрылтайшылар (қатысушылар) өз қаражаты есебінен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырады.

      7. Біліктілік комиссиясы аудиторларға кандидаттарды аттестаттау бағдарламасын әзірлейді және бекітеді, ол Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары комитетінің Қоры бекіткен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына, аудит стандарттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуге тиіс.

      8. Біліктілік комиссиялары шешім қабылданған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға "аудитор" біліктілігі берілген адамдардың біліктілік куәлігінің нөмірін көрсете отырып, отырыстың хаттамасын және олардың Біліктілік комиссиясына ұсынған құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін беруге міндетті.

      9. Аудиторларға кандидаттарды аттестаттауды жүргізудің тәртібі бұзылған жағдайда, уәкілетті орган біліктілік комиссияларының шешіміне сот тәртібімен шағымдануға құқылы.

      Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

15-бап. "Аудитор" біліктілік куәлігінен айыру

      "Аудитор" біліктілік куәлігінен айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      15-баптың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 03.07.2020 № 358-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Аудитор" біліктілік куәлігінен айыру туралы шешімді уәкілетті орган кәсіби ұйымдарға хабарлайды және мерзімді баспа басылымында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялайды.

      "Аудитор" біліктілік куәлігінен айырылған адамдар қайта аттестаттауға кемінде үш жыл өткеннен кейін жіберіледі.

      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

16-бап. Аудиторлық қызметті лицензиялау

      1. Аудиторлық қызмет Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиялануға жатады.

      2. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда ғана лицензия өзінің қолданысын тоқтатады.

      3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және одан айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      4. Лицензияның қолданылуы тоқтатылған, оның ішінде одан айырған жағдайда, аудиторлық ұйымдар лицензияның қолданылуын тоқтату, оның ішінде одан айыру туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға лицензияны қайтаруға міндетті.

      Лицензиядан айырған кезде мерзім соттың қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі.

      5. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лицензиясынан айырылған аудиторлық ұйымның лицензия беруге арналған өтініші кемінде бір жылдан кейін қаралады.

      Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

17-бап. Аудит, салықтар бойынша аудит, өзге ақпарат аудитін, аудит стандарттарына сәйкес ілеспе және басқа да көрсетілетін қызметтер жүргізуге арналған шарт

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Аудиторлық ұйымдар мен аудиттелетiн субъектiлер арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шарт негiзiнде қалыптасады.

      2. Аудит жүргiзуге және (немесе) аудит стандарттарына сәйкес ілеспе және басқа да көрсетілетін қызметтер ұсынуға арналған шартта: шарттың нысанасы, мерзiмi, ақы төлеу мөлшерi мен талаптары, тараптардың құқықтары, мiндеттерi мен жауаптылығы, алынған ақпараттың құпиялылығы, сондай-ақ кәсіби ұйымға мүшелігі көзделедi.

      3. Аудиттелетін субъектіге міндетті аудит, салықтар бойынша аудит, өзге ақпарат аудиті және (немесе) аудит стандарттарына сәйкес ілеспе және басқа да көрсетілетін қызметтер жүргізуге арналған шарт Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

      4. Мемлекеттік кіріс органдарына ұсынылатын мәліметтерді қоспағанда, аудит, салықтар бойынша аудит жүргізуге арналған шартты орындау кезінде аудитор және (немесе) аудиторлық ұйым алған мәліметтер коммерциялық құпияны құрайды.

      Аудиторлық ұйым клиенттердің келісуімен қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға беретін мәліметтерді қоспағанда, өзге ақпарат аудитін жүргізуге арналған шартты орындау кезінде аудитор және (немесе) аудиторлық ұйым алған мәліметтер коммерциялық құпияны құрайды.

      Коммерциялық құпиясы бар мәліметтерді сақтау міндетін бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

      Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

18-бап. Аудиторлық есеп

      1. Аудиторлық есеп жүргiзiлген аудиттiң нәтижелерi бойынша жасалады және ол осы Заңның талаптары мен аудит стандарттарына сәйкес келуге тиiс.

      Аудиторлық есепте Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес, аудиттелетiн субъектiнiң қаржылық есептілігі және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпараты туралы атқарушы-аудитордың және аудиторлық ұйымның тәуелсiз пiкiрi қамтылады.

      2. Аудиторлық есепке бiлiктiлiк куәлiгiнiң нөмiрi мен берiлген күнiн көрсете отырып, атқарушы-аудитор қол қояды, оны өзiнiң жеке мөрiмен куәландырады, аудиторлық ұйымның басшысы оған қолын қойып бекiтедi және аудиторлық ұйымның мөрiмен расталады.

      Аудиторлық есепте аудиторлық ұйым лицензиясының нөмiрi мен берiлген күнi де көрсетiледi.

      Аудитор өзiнiң жеке мөрiн тиiсiнше пайдаланбағаны және сақтамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.

      3. Аудиторлық есеп Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе нақты деректерге сай келмеген жағдайда мұндай есеп сот шешiмiмен жарамсыз деп танылады.

      Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

18-1-бап. Қаржы ұйымының аудитін жүргізу ерекшеліктері

      Ескерту. 18-1-бап алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

18-2-бап. Салықтар бойынша аудиторлық қорытынды

      1. Салықтар бойынша аудиторлық қорытынды осы Заңда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

      2. Салықтар бойынша аудиторлық қорытындыға біліктілік куәлігінің нөмірі мен берілген күнін көрсете отырып, орындаушы аудитор қол қояды, өзінің жеке мөрімен куәландырады, аудиторлық ұйым басшысының қолтаңбасымен бекітіледі және аудиторлық ұйымның мөрімен куәландырылады.

      Ескерту. Заң 18-2-баппен толықтырылды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

18-3-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу ерекшеліктері

      1. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытынды беру тәртібін ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органдармен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті айқындайды.

      Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытынды мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқорда орналастырылады.

      2. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытындыға біліктілік куәлігінің нөмірі мен берілген күнін көрсетіп, орындаушы аудитор қол қояды, оның жеке мөрімен куәландырылады, аудиторлық ұйым басшысының қолымен бекітіледі және аудиторлық ұйымның мөрімен куәландырылады.

      Ескерту. Заң 18-3-баппен толықтырылды - ҚР 12.11.2015 № 393-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      19-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 03.07.2020 № 358-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі).

19-бап. Сапаны бақылау және оның түрлерi

      1. Сапаны бақылау аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудит стандарттарының талаптарын сақтауына бағытталған.

      2. Сапаны iшкi және сыртқы бақылау сапаны бақылау түрлерi болып табылады.

      Сапаны iшкi бақылауды аудиторлық ұйым аудит стандарттарына сәйкес дербес жүзеге асырады.

      Сапаны сыртқы бақылауды кәсiби ұйым өз мүшелерiне қатысты үш жылда бiр рет жүзеге асырады.

      3. Сапаға сыртқы бақылауды жүргiзудiң қағидаларын уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен тиiстi кәсiби ұйымдар әзiрлейдi.

      Сапаны сыртқы бақылауды өз қызметін аудитор ретінде жүзеге асыратын аудиторлар ғана жүргiзе алады.

      4. Аудиторлық ұйым кәсiби ұйымның қорытындысына сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.

      Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

20-бап. Аудиторлардың құқықтары мен мiндеттерi

      1. Аудиторлар:

      1) аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргiзуге арналған шарттың талаптарын орындау үшiн аудиттелетiн субъектiнiң қажеттi бухгалтерлiк және өзге де қаржы-шаруашылық құжаттамасын алуға және тексеруге;

      1-1) кәсіби ұйымға кіруге;

      2) аудиттелетiн субъектiнiң лауазымды адамдарынан аудит барысында туындаған мәселелер бойынша ауызша және жазбаша нысандарда түсiндірме алуға;

      3) кәсiби ұйымдардың шешiмiне сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.

      2. Аудиторлар:

      1) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын, аудит стандарттарын, Әдеп кодексін сақтауға;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тармақты 1-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 03.07.2020 № 358-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2) коммерциялық құпияны жария етпеуге;

      3) аудиттелетін субъектіге бухгалтерлік есеп жүргізуде, қаржылық есептілікте және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпаратта анықталған бұзушылықтар туралы ақпаратты беруге;

      4) өзі қатысушысы болып табылатын аудиторлық ұйымның басшысына Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес мәліметтерді хабарлауға міндетті.

      Ескерту. 20-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

21-бап. Аудиторлық ұйымдардың құқықтары мен мiндеттерi

      1. Аудиторлық ұйымдар:

      1) аудит жүргiзу әдiстерiн дербес анықтауға;

      2) аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, өзге ақпарат аудитін жүргiзуге арналған шарттың талаптарын орындау үшiн қажеттi бухгалтерлiк және өзге де қаржы-шаруашылық құжаттамасын сұратуға және тексеруге;

      2-1) салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан, банктерден, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарынан және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан, сондай-ақ өзге де ұйымдардан аудиттелетін субъектіге қатысты мәліметтерді сұратуға;

      2-2) өзге ақпарат аудитін жүргiзуге арналған шарттың талаптарын орындау үшiн ішкі саясат пен рәсімдер, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі, ақпараттық технологиялардың тәуекелдерін басқару жүйесі, ақпараттық қауіпсіздік жүйесі, корпоративтік басқару жүйесі, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ішкі бақылау жүйесі бойынша қажеттi құжаттаманы сұратуға және тексеруге;

      3) осы Заңның 24-бабында көрсетiлген тұлғаларды қоспағанда, әр түрлi бейiндегi мамандарды аудит жүргiзуге қатысуға шарттық негiзде тартуға;

      4) аудиттелетiн субъект аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, өзге ақпарат аудитін жүргiзуге арналған шарттың талаптарын бұзған жағдайда аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, өзге ақпарат аудитін жүргiзуден не аудиторлық есептi немесе аудиторлық қорытындыны беруден бас тартуға;

      5) аудиттелетiн субъектiнiң қаржы-шаруашылық қызметтерiне байланысты құжаттамаларды толық көлемде, сондай-ақ осы құжаттамада есепке алынған мүлiктiң нақты бар-жоғын тексеруге құқылы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақты 6) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 03.07.2020 № 358-VI Заңымен (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Аудиторлық ұйымдар:

      1) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын, аудит стандарттарын, Әдеп кодексін сақтауға;

      2) сапаны сыртқы бақылаудың жүргізілуіне, уәкілетті орган жүргізетін тексерулерге кедергі жасамауға;

      3) аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алған немесе кәсіби ұйымнан ерікті түрде шыққан немесе одан шығарылған күннен бастап бір ай ішінде кәсіби ұйымға кіруге;

      4) өздері мүшелері болып табылатын кәсіби ұйымды аккредиттеуден айырған кезде үш ай ішінде басқа кәсіби ұйымға кіруге;

      5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, коммерциялық құпияны жария етпеуге;

      6) аудиттелетін субъектіге бухгалтерлік есеп жүргізуде, қаржылық есептілікте және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпаратта анықталған бұзушылықтар туралы ақпаратты беруге міндетті.

      Аудиторлық ұйымдар мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік кәсіпорындарда, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларда аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізген жағдайда аудиттелетін субъектіге бюджет қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалану кезінде анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы ақпаратты да беруге міндетті;

      7) өздері үшін аудит жүргізу міндетті болып табылатын қаржы ұйымдарына, банктік конгломерат құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру тобына кіретін ұйымдарға аудит жүргізу нәтижесінде анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы аудиттелетін субъектілерді хабардар ете отырып, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға хабарлауға;

      8) уәкілетті органға лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес есептілікті, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпаратты табыс етуге;

      9) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ұсынуға;

      9-1) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен салықтар бойынша аудиторлық қорытындыны аудиттелетін субъектінің орналасқан жеріндегі мемлекеттік кіріс органына ұсынуға;

      9-2) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органдармен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті айқындайтын тәртіппен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытынды ұсынуға;

      10) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәліметтерді хабарлауға;

      11) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.

      3. Мемлекеттiк органдардың, аудиттелетiн субъектiлердiң және кез келген үшiншi тұлғалардың аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қызметiне заңсыз араласуына жол берiлмейдi.

      Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.06.21 N 19-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

22-бап. Аудиторлық қызметтi сақтандыру

      1. Аудиторлық ұйымдар аудиттi жүзеге асыру кезiнде мүлiктiк зиян келтiрудiң салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру шартын жасасуға міндетті.

      2. Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

23-бап. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгi

      Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын, сондай-ақ шарт талаптарын бұзғаны үшiн аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

      Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

24-бап. Аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, өзге ақпарат аудитін жүргізу құқығын шектеу

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      Аудиторлық ұйымдардың:

      осы аудиторлық ұйым немесе осы аудитті, салықтар бойынша аудитті, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудитті, өзге ақпарат аудитін жүзеге асыратын оның қызметкерлері өздерінің қатысушысы, кредиторы болып табылатын тапсырыс берушілерге;

      өздерiмен соңғы үш жылда азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру шартын жасасқан ұйымдарға;

      соңғы үш жылда осы Заңның 3-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) және (немесе) 3) тармақшаларында аталған (бухгалтерлік есепке алу және (немесе) қаржылық есептілік бөлігінде) көрсетілетін қызметтер ұсынылған ұйымдарға;

      орындаушылары аудиттелетiн субъектiмен еңбек қатынастарында тұрған немесе оның лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ аудиттелетiн субъектi акцияларының он және одан да астам процентiн (жарғылық капиталға қатысу үлесiн) иеленген акционердiң (қатысушының) жақын туыстары немесе жекжаттары болып табылатын аудиторлық ұйымдардың;

      аудиттелетiн субъектiде жеке мүлiктiк мүдделерi бар орындаушылардың;

      аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, өзге ақпарат аудитін жүргізу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, егер оның аудиттелетін субъектінің алдында немесе аудиттелетін субъектінің оның алдында ақшалай міндеттемелері бар болса;

      жасалған жария шарттардан туындайтын міндеттемелерді қоспағанда, мүдделер қақтығысының пайда болуына әкелетін немесе осындай қақтығыстың пайда болу қатерін туғызатын жағдайларда, аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, өзге ақпарат аудитін жүргізуіне тыйым салынады.

      Міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең төмен талаптарға сәйкес келмейтін аудиторлық ұйымның міндетті аудит жүргізуіне тыйым салынады.

      Ескерту. 24-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.20 № 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

25-бап. Аудиттелетін субъектінің құқықтары мен міндеттері

      1. Аудиттелетін субъект:

      1) аудиторлық ұйымнан Қазақстан Республикасы заңнамасының аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, өзге ақпарат аудитін жүргізуге қатысты талаптары туралы қажетті ақпаратты алуға;

      2) аудиторлық ұйымның ескертпелері мен қорытындылары негізделетін нормативтік құқықтық актілермен танысуға;

      3) аудитордан, аудиторлық ұйымнан бухгалтерлік есеп жүргізуде, қаржылық есептілікте және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпаратта анықталған бұзушылықтар туралы ақпаратты алуға;

      4) шарттың талаптарын бұзған жағдайда, аудиторлық ұйымның қызметтерінен бас тартуға құқылы.

      2. Аудиттелетін субъект:

      1) аудитті, салықтар бойынша аудитті, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудитті, өзге ақпарат аудитін уақтылы және сапалы жүргізуі үшін аудиторлық ұйымға жағдай жасауға, қажетті құжаттаманы, оның ішінде коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді ұсынуға, ауызша немесе жазбаша нысанда түсіндірулер мен түсініктемелер беруге;

      2) егер шартта өзгеше көзделмесе, аудитке, салықтар бойынша аудитке, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудитке, өзге ақпарат аудитіне жатқызылатын мәселелер ауқымын шектеу мақсатында аудиторлық ұйымның қызметіне араласпауға;

      3) аудиторлық ұйымның талабы бойынша қажетті ақпаратты алу үшін үшінші тұлғаның атына өз атынан жазбаша сауал жіберуге міндетті.

      3. Мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекет қатысатын заңды тұлғалар секілді аудиттелетін субъектілер өз қызметтерінің қаржылық есептілігіне аудит жүргізілгеннен кейін бір ай мерзімде, сондай-ақ квазимемлекеттік сектордың аудиттелетін субъектілері квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізілгеннен кейін бір ай мерзімде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына бюджет қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалану кезінде анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы ақпарат береді.

      4. Аудиторлық ұйымның шарт бойынша міндеттемелерден туындайтын талаптарын орындау аудиттелетін субъект үшін міндетті.

      Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
     

26-бап. Аудиттелетiн субъектiнiң мiндеттерi

      Ескерту. 26-бап алынып тасталды - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
     

27-бап. Аудиттелетiн субъектiнiң жауапкершiлiгi

      1. Аудиттелетін субъект аудиторлық ұйымға аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, өзге ақпарат аудитін жүргізу үшін берген қаржылық есептіліктің және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпараттың, сондай-ақ өзге ақпарат толықтығы мен анықтығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

      2. Мiндеттi аудит жүргiзуден жалтарған не оны жүргiзуге кедергi жасаған, не оны жүргiзудi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қамтамасыз етпеген заңды тұлғаның басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

      3. Аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, өзге ақпарат аудитін жүргізу аудиттелетін субъектіні табыс ететін қаржылық есептіліктің және өзге де құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмегені үшін жауаптылықтан босатпайды.

      Ескерту. 27-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.20 № 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

28-бап. Дауларды қарау

      Аудиторлар, аудиторлық ұйымдар арасында, сондай-ақ олар мен аудиттелетiн субъектiлер арасында туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шешiледi.

29-бап. Өтпелi ережелер

      1. Дара кәсiпкерлер болып табылатын аудиторлар Осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап алты ай iшiнде аудиторлық қызметтi жүзеге асыра алады.

      2. Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган берген лицензияларды қоспағанда, аудиторлық ұйымдардың уәкiлеттi орган берген лицензиялары және осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген "аудитор" бiлiктiлiк куәлiгi жарамды болады.

30-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      Осы Заң, осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлетiн 9-баптың 4, 5-тармақтарын, 10, 12 және 14-баптарын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті