Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 10 маусымдағы № 206-V ҚРЗ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат):
      156-баптың 4-тармағындағы «Заңсыз» деген сөз «Қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. 1997 жылғы 16 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13-құжат; № 3, 26, 27-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 11-құжат; № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 25 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мазмұнында:
      193-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «193-бап. Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлiктi заңдастыру (жылыстату)»;
      мынадай мазмұндағы 205-2 және 205-3-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
      «205-2-бап. Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау
      205-3-бап. Инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану»;
      2) 51-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:
      «Осы Кодекстің 193-бабында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін, сотталған адамның меншігінен басқа, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған, сотталған адам басқа тұлғалардың меншігіне берген мүлік те тәркіленуге жатады.
      Террористік қылмыстар жасағаны үшін, сотталған адамның меншігінен басқа, қылмыстық жолмен табылған, террористік әрекетті қаржыландыруға пайдаланылған не пайдалануға арналған мүлік те тәркіленуге жатады.»;
      3) 190-баптың ескертулерінде:
      1-тармақтағы «190 және 191» деген сөздер «190, 191, 205-2 және 205-3» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ «192-1,» деген цифрлардан кейін «205-2, 205-3,» деген цифрлармен толықтырылсын;
      4) 193-бапта:
      тақырып және бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «193-бап. Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)
                өзге мүлiктi заңдастыру (жылыстату)
      «1. Қылмыстардан алынатын кірістер болып табылатын мүлікті конверсиялау немесе аудару жолымен мәмілелер жасасу арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңды айналымға тарту, егер мүлік қылмыстардан алынатын кірістер болып табылатыны белгілі болса, мұндай мүліктің шынайы сипатын, көзін, орналасқан жерін, оған билік ету, орнын ауыстыру тәсілін, оған құқықтарды немесе оның тиесілілігін жасыру немесе жасырып қалу, сол сияқты осы мүлікті иелену және пайдалану –
      мүлкі тәркіленіп, бес жүзден бір мыңға дейінгі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға не бір жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салып не онсыз, бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
      ескертулерде:
      1-тармақтағы «ақша қаражатын немесе басқа мүлiктi» деген сөздер «қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы «ақша қаражатын немесе мүлікті» деген сөздер «ақшаны және (немесе) өзге мүлікті» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Осы бапта конверсиялау деп шарттарды елеулі қайта жасау, өзгерту, ақшаның және (немесе) өзге мүліктің біреуін басқасына ауыстыру түсініледі.»;
      5) мынадай мазмұндағы 205-2 және 205-3-баптармен толықтырылсын:
      «205-2-бап. Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау
      1. Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау, егер мұндай іс-әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе не ірі мөлшерде кіріс алумен ұштасса, –
      бес жүзден бір мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына не алты айдан екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
      2. Мынадай:
      1) бірнеше рет жасалған;
      2) аса ірі мөлшерде кіріс алумен ұштасқан;
      3) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған дәл сол іс-әрекет –
      мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бір мыңнан екі мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бір жылдан үш жылға дейінгімерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескертулер.
      1. Осы бапта бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау деп «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған, бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң ұсыныс пен сұраныстың объективтi арақатынасы нәтижесiнде бағалы қағаздарға орныққан бағадан жоғары немесе төмен баға белгiлеуге және (немесе) ұстап тұруға, бағалы қағаз саудасының көрiнiсiн жасауға бағытталған әрекеттерi түсініледі.
      2. Осы Кодекстің 205-2 және 205-3-баптарында ірі залал деп сомасы он мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын залал танылады.
      205-3-бап. Инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану
      1. Бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу кезінде инсайдерлік ақпаратты пайдалану, үшінші тұлғаларға инсайдерлік ақпаратты заңсыз беру, инсайдерлік ақпаратқа негізделген, бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу туралы ұсынымдарды немесе ұсыныстарды үшінші тұлғаларға беру жөніндегі қасақана әрекеттер, егер бұл әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе не ірі мөлшерде кіріс алумен ұштасса, –
      бес жүзден бір мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға не белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыруға не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға не белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, алты айдан бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Мынадай:
      1) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған;
      2) аса ірі мөлшерде кіріс алумен ұштасқан;
      3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол іс-әрекеттер –
      мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналасу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бір мыңнан екі мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. Осы бапта инсайдерлік ақпарат деп бағалы қағаздар (туынды қаржы құралдары), олармен жасалатын мәмiлелер туралы, сондай-ақ бағалы қағаздарды (туынды қаржы құралдарын) шығарған (берген) эмитент, ол жүзеге асыратын қызмет туралы, коммерциялық құпияны құрайтын анық ақпарат, сондай-ақ үшінші тұлғаларға беймәлім, жария болуы бағалы қағаздар (туынды қаржы құралдары) құнының өзгеруіне және олардың эмитентінің қызметіне ықпал етуі мүмкін өзге де ақпарат түсініледі.».
      3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 93-құжат; 2013 ж., № 2, 10, 13-құжаттар; № 7, 36-құжат; № 13, 62, 64-құжаттар; № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76, 78-құжаттар; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 11-құжат; 2014 жылғы 25 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      192-бапта:
      бірінші бөліктегі «233-3,» деген цифрлар алып тасталсын;
      үшінші бөліктегі «193 – 196, 199 – 205-1» деген цифрлар «194 – 196, 199 – 205-3» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      4-3-бөлік «Қылмыстық кодексiнiң» деген сөздерден кейін «193,» деген цифрлармен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-4-бөлікпен толықтырылсын:
      «4-4. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 233-3-бабында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық iстер бойынша алдын ала тергеудi қылмыстық iсті қозғаған ұлттық қауіпсiздiк немесе қаржы полициясы органдары жүргізедi.».
      4. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат):
      765-баптың 7-тармағындағы және 830-баптың 5-тармағының 4-1) тармақшасындағы «Заңсыз» деген сөз «Қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын.
      5. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж.,№ 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 13, 62, 63, 64-құжаттар; № 14, 72, 74, 75-құжаттар; № 15, 77, 78, 79, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 6, 9-құжаттар; № 2, 10, 11-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; 2014 жылғы 19 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 25 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мазмұнында 168-3-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «168-3-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен
                  алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға)
                  және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл
                  туралы заңнамасын бұзу»;
      2) 168-3-бапта:
      тақырыптағы «Заңсыз» деген сөз «Қазақстан Республикасының қылмыстық» деген сөздермен ауыстырылып, «Қазақстан Республикасының» деген сөздер алып тасталсын;
      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қаржы мониторингi субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасын қаржы мониторингiне жататын операциялар, өздерінің клиенттері туралы ақпаратты құжаттық тiркеу, сақтау және беру, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру, қаржы мониторингіне жататын операциялар жүргізуді тоқтата тұру және одан бас тарту, өз қызметі процесінде алынған құжаттарды қорғау бөлiгiнде бұзуы – »;
      екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылау қағидаларын және оны жүзеге асыру бағдарламаларын әзірлеу, қабылдау және (немесе) орындау жөніндегі міндеттерді орындамауы – »;
      бесінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң бiр жүз елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, тауар биржаларының, бухгалтерлік қызметтер көрсету саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, микроқаржы ұйымдарының, банктер болып табылмайтын электрондық ақша жүйелері операторларының, ойын бизнесi мен лотереяларды ұйымдастырушылардың, пошта операторларының, аудиторлық ұйымдардың лауазымды адамдарына, нотариустарға, адвокаттарға, дара кәсiпкерлерге – үш жүз сексеннен төрт жүзге дейiнгi мөлшерінде, тауар биржаларына, бухгалтерлік қызметтер көрсету саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, микроқаржы ұйымдарына, банктер болып табылмайтын электрондық ақша жүйелерінің операторларына, ойын бизнесi мен лотереяларды ұйымдастырушыларға, пошта операторларына, аудиторлық ұйымдарға – алты айға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр қызмет түрiне лицензияның қолданысын тоқтата тұрып немесе бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiгiнен) уақытша айыра отырып не олардан айыра отырып немесе алты айға дейiнгi мерзiмге заңды тұлғаның қызметiн тоқтата тұрып, бiр мың сегiз жүзден екi мыңға дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      3) 169-баптың төртінші бөлігінің бесінші абзацындағы «Заңсыз» деген сөз «Қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын;
      4) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының алпыс бірінші абзацындағы «изоляторларының (367-бап) уәкілетті лауазымды адамдарының құқығы бар;» деген сөздер «изоляторларының (367-бап);» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алпыс екінші абзацпен толықтырылсын:
      «пошта байланысы саласындағы уәкілетті органның (168-3-бап) уәкілетті лауазымды адамдарының құқығы бар;»;
      5) 637-баптың бірінші бөлігі «158-5,» деген цифрлардан кейін «168-3,» деген цифрлармен толықтырылсын.
      6. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат):
      1) 10-баптың 1-тармағында:
      19) тармақшадағы «Заңсыз» деген сөз «Қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «19-1) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Кеден одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан Кеден одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумаққа жүзеге асырылатын әкелуді немесе әкетуді қоспағанда, декларацияланған мәдени құндылықтарды, қолма-қол валютаны, ұсынушыға арналған құжаттандырылған бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету жөніндегі ақпаратты қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға тоқсан сайын ұсынуға;»;
      2) 16-баптың 3-тармағының 4) тармақшасындағы «Заңсыз» деген сөз «Қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын.
      7. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат):
      8-баптың 33) тармақшасындағы «заңсыз» деген сөз «қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын.
      8. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат):
      1) 8-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Банктерге Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мүшелікті, сондай-ақ осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, банк қызметiне қатысы жоқ не осы Заңның осы бабының 9-тармағында және 30-бабының 12-тармағында көзделмеген операциялар мен мәмiлелердi кәсiпкерлiк қызмет ретiнде жүзеге асыруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерiн немесе акцияларын иемденуге, коммерциялық емес ұйымдарды құруға және олардың қызметiне қатысуға және осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайларда бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi жүзеге асыруға тыйым салынады.
      2. Банк холдингтерiне Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мүшелікті, сондай-ақ осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, операциялар мен мәмiлелердi кәсiпкерлiк қызмет ретiнде жүзеге асыруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерiн немесе акцияларын иемденуге, коммерциялық емес ұйымдарды құруға және олардың қызметiне қатысуға және осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайларда бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi жүзеге асыруға тыйым салынады.»;
      2) 46-баптың 8-тармағы:
      «банктiң iрi қатысушыларына» деген сөздерден кейін «, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға» деген сөздермен толықтырылсын;
      «банктің немесе банк конгломератының» деген сөздерден кейін «, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның» деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 47-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
      «9. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға осы баптың 2-тармағының а) және б) тармақшаларында көзделген санкциялар қолданылады.
      Осы баптың 5-тармағының, 7-тармағы бесінші бөлігінің және 8-тармағының талаптары банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымды лицензиядан айыру жағдайларына қолданылады.»;
      4) 48-баптың 1-2 және 1-3-тармақтары алып тасталсын;
      5) 50-баптың 4-тармағы екінші бөлігінің 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1) банктердiң қаржы мониторингi жөнiндегi уәкiлеттi органға «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы, оның ішінде ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен күдікті операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беруі;»;
      6) 51-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жеке және заңды тұлғаның банк шоттары бойынша операциялары «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда және тәртіппен тоқтатыла тұрады.».
      9. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 33-құжат):
      12-баптың 22) тармақшасындағы «заңсыз» деген сөз «Қазақстан Республикасының қылмыстық» деген сөздермен ауыстырылып, «Қазақстан Республикасының» деген сөздер алып тасталсын.
      10. «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 165-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 18, 143-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1 4, 72-құжат):
      5-3-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;».
      11. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      10-баптың 2-тармағының 3-1) тармақшасындағы «заңсыз» деген сөз «Қазақстан Республикасының қылмыстық» деген сөздермен ауыстырылып, «Қазақстан Республикасының» деген сөздер алып тасталсын, 18-баптың 2-тармағындағы «Заңсыз» деген сөз «Қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын, 31-баптың 3-1-тармағындағы және 33-баптың 1-тармағының 4-1) тармақшасындағы «заңсыз» деген сөз «Қазақстан Республикасының қылмыстық» деген сөздермен ауыстырылып, «Қазақстан Республикасының» деген сөздер алып тасталсын.
      12. «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 22, 328-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; 2003 ж., № 11, 65-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 130-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76-құжат):
      11-баптың 2-1-тармағының бірінші бөлігіндегі және  18-баптың4-тармағындағы «Заңсыз» деген сөз «Қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын.
      13. «Ақша төлемi мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 11-12, 177-құжат; № 24, 445-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 10, 49, 51-құжаттар; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 13, 116-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат):
      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар
      1. Осы Заң, пошталық ақша аударымдарын жүзеге асыруға байланысты қатынастарды қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру кезiнде туындайтын қатынастарды реттейдi.
      2. Қазақстан Республикасы банктерiнiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және шетел банктерiнiң (қаржы институттарының) арасында жүзеге асырылатын халықаралық ақша төлемдерi мен аударымдарына байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында белгіленген талаптар ескеріле отырып, олардың арасындағы шарттармен және банк практикасында қолданылатын iскерлiк айналым дәстүрлерiмен реттеледi. Егер халықаралық ақша төлемдері мен аударымдары бойынша әрекеттерге Қазақстан Республикасының аумағында бастамашылық жасалса, онда мұндай қатынастар осы Заңмен және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн бөлiгiнде аталған шарттармен және банк практикасында қолданылатын iскерлiк айналым дәстүрлерімен реттеледi.»;
      2) 6-баптың 1-1-тармағы 2) тармақшасындағы «банк шотын ашуға тыйым салынады.» деген сөздер «банк шотын ашуға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) анонимдік банк шоттарын немесе ойдан шығарылған аттарға банк шоттарын ашуға тыйым салынады.»;
      3) 11-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Егер осы тармақта өзгеше белгінбесе, ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жердегiлерді қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бюджетпен есеп айырысудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібін қолданатын дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар өз қызметiн жүзеге асыратын жерлерде төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдердi қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) орнатуды және қолдануды қамтамасыз етуге, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдердi қабылдауға мiндеттi. Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдердi қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) қолдану тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      Бұл ретте ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жердегiлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнаулы салық режимiн қолданатын және қызметін Астана, Алматы қалаларында, облыстық маңызы бар қалаларда жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар осындай жабдықты (құрылғыны) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап орнатуды және қолдануды қамтамасыз етуге міндетті.
      Осы бапта белгіленген міндеттемелер мен ережелер сауда операциялары, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде қолма-қол ақшаны пайдаланбай ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерге және (немесе) заңды тұлғаларға қолданылмайды.»;
      4) 18-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы және 35-баптың 5-тармағындағы «Заңсыз» деген сөз «Қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын;
      5) 36-1-баптың 9-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Эмитент қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, өзімен тиісті шарттар жасасқан операторлар туралы мәліметтер жіберуге міндетті.».
      14. «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 13, 196-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат):
      10-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына» деген сөздер «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздермен ауыстырылсын.
      15. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 15, 209-құжат; 1999 ж., № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 5, 116-құжат; 2001 ж., № 13-14, 172-құжат; № 17-18, 241-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; 2007 ж., № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; 2012 ж., № 4, 30, 32-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат):
      9-баптың 10-тармағының екінші бөлігіндегі «заңсыз» деген сөз «Қазақстан Республикасының қылмыстық» деген сөздермен ауыстырылып, «Қазақстан Республикасының» деген сөздер алып тасталсын.
      16. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      7-баптың 14-1) тармақшасындағы, 20-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «заңсыз» деген сөз «Қазақстан Республикасының қылмыстық» деген сөздермен ауыстырылып, «Қазақстан Республикасының» деген сөздер алып тасталсын және 21-баптың 2-тармағының 10) тармақшасындағы «Заңсыз» деген сөз «Қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын.
      17. «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 649-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 15-16, 71-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 83-құжат):
      7-баптың 6) тармақшасындағы «Заңсыз» деген сөз «Қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын.
      18. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат):
      1) 43-баптың 14-1) тармақшасындағы «заңсыз» деген сөз «Қазақстан Республикасының қылмыстық» деген сөздермен ауыстырылып, «Қазақстан Республикасының» деген сөздер алып тасталсын;
      2) 48-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мүшелікті, сондай-ақ осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерiн немесе акцияларын иемденуге, коммерциялық емес ұйымдарды құруға және олардың қызметiне қатысуға және осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларда бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi жүзеге асыруға тыйым салынады.
      2. Сақтандыру холдингтерiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мүшелікті, сондай-ақ осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, операциялар мен мәмiлелердi кәсiпкерлiк қызмет ретiнде жүзеге асыруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерiн немесе акцияларын иемденуге, коммерциялық емес ұйымдарды құруға және олардың қызметiне қатысуға және осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларда бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi жүзеге асыруға тыйым салынады.»;
      3) 54-баптың 1-тармағының 11) тармақшасындағы және  55-баптың1-тармағының 7) тармақшасындағы «заңсыз» деген сөз «Қазақстан Республикасының қылмыстық» деген сөздермен ауыстырылып, «Қазақстан Республикасының» деген сөздер алып тасталсын.
      19. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 24, 145, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат):
      12-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «заңсыз» деген сөз «Қазақстан Республикасының қылмыстық» деген сөздермен ауыстырылып, «Қазақстан Республикасының» деген сөздер алып тасталсын.
      20. «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» 2002 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 145-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 62-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат):
      8-баптың 1-тармағының 10) тармақшасындағы «заңсыз» деген сөз «Қазақстан Республикасының қылмыстық» деген сөздермен ауыстырылып, «Қазақстан Республикасының» деген сөздер алып тасталсын.
      21. «Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 17-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 5, 35-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат):
      6-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ұлттық почта операторының қаржылық қызметті жүзеге асыруы және қаржылық қызметтер ұсынуы кезінде оның Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады.
      Уәкілетті орган Ұлттық почта операторының почта байланысы қызметтерін жүзеге асыруы кезінде оның Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады.».
      22. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат):
      1) 3-1-баптың 1-тармағындағы «уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнiң» деген сөздер «Қазақстан Республикасы заңнамасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 43-баптың 3-тармағының 3-1) тармақшасындағы «Заңсыз» деген сөз «Қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) 51-баптың 1-тармағының 11) тармақшасындағы және 4-тармағының 3-1) тармақшасындағы «Заңсыз» деген сөз «Қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын;
      4) 56-1-баптың 4-тармағының бірінші абзацындағы «Инсайдерлер» деген сөз «Мыналарға» деген сөзбен ауыстырылып, 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) инсайдерлік ақпаратқа негізделген, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау туралы ұсынымдарды үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.».
      23. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 15, 132-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат):
      9-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-1. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы ұйымдарының және Ұлттық пошта операторының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы ақпаратты тіркеу, сақтау және беру, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру, қаржы мониторингіне жататын операциялар жүргізуді тоқтата тұру және одан бас тарту, өз қызметі процесінде алынған құжаттарды қорғау бөлігінде орындауын, сондай-ақ ішкі бақылаудың ұйымдастырылуын және іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады.».
      24. «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 176-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 23, 178-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат):
      1) 7-баптың 2-тармағының 9) тармақшасындағы «заңсыз» деген сөз «Қазақстан Республикасының қылмыстық» деген сөздермен ауыстырылып, «Қазақстан Республикасының» деген сөздер алып тасталсын;
      2) 12-баптың 3-тармағының 15) тармақшасындағы «адамдарды арнайы есепке алуды жүзеге асырады.» деген сөздер «адамдарды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16), 17) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:
      «16) қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастырғаны (жылыстатқаны) және терроризмді қаржыландырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды;
      17) қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты тәркіленген мүлік сомаларын;
      18) қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты өзара құқықтық көмек пен өзге халықаралық сұрау салуларды арнайы есепке алуды жүзеге асырады.».
      25. «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 15-құжат; 2009 ж., № 9-10, 48-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 9-құжаттар):
      1) 8-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «заңсыз» деген сөз «Қазақстан Республикасының қылмыстық» деген сөздермен, «Қазақстан Республикасының заңнамасын» деген сөздер «заңнамасын» деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) 12-баптағы «12. Ойын бизнесін ұйымдастырушылар заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.» деген сөздер «13. Ойын бизнесін ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.» деген сөздермен ауыстырылсын.
      26. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      21-баптың 9-тармағының 5) тармақшасындағы «жасасуға міндетті.» деген сөздер «жасасуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      «6) өздерінің мүшелері болып табылатын, бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлердің «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын сақтауын талап етуге;
      7) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға өздерінің мүшелері болып табылатын, бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлiк ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлердің «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұзғаны туралы мәліметтерді хабарлауға міндетті.».
      27. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 95-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат):
      27-баптың 1-тармағының 2-1) тармақшасындағы «Заңсыз» деген сөз «Қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын.
      28. «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 9-10, 46-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 9-құжаттар):
      24-баптың 3-тармағының 6) тармақшасындағы «Заңсыз» деген сөз «Қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын.
      29. «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 19, 87-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат):
      1) тақырыптағы «Заңсыз» деген сөз «Қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) кіріспедегі «заңсыз» деген сөз «қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен күдiктi операция (бұдан әрi – күдiктi операция) – клиенттің операция жасау үшін пайдаланылатын ақша және (немесе) өзге мүлік қылмыстық әрекеттен түскен кіріс болып табылады деп не операцияның өзі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) немесе терроризмді не өзге қылмыстық әрекетті қаржыландыруға бағытталған деп күдік туындататын операциясы (осындай операцияны жасауға ұмтылысты, жасалу процесіндегі операцияны немесе жасалған операцияны қоса алғанда);
      2) ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар – олармен байланысты азаматтық құқықтарды және мiндеттердi белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған, оларды жүзеге асыру нысаны мен тәсiлiне қарамастан жеке және заңды тұлғалардың ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен әрекеттерi;
      3) бенефициарлық меншік иесі – клиент-заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі жеке тұлға, сол сияқты клиентті өзгеше бақылауды жүзеге асыратын не оның мүддесінде клиент ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлға;
      4) клиент – қаржы мониторингі субъектісі көрсететін қызметтерді алатын жеке немесе заңды тұлға;
      5) корреспонденттік қатынастар – банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға байланысты операциялар жасау мақсатында басқа банктерге корреспонденттік шоттарды ашуы кезінде туындайтын шарттық қатынастар;
      6) қалқа-банк – банктің тіркелген мемлекетте (аумақта) шоғырландырылған қадағалауға жататын банктік холдингтің тікелей немесе жанама иелігінде болуын қоспағанда, банк ретінде тіркелген және (немесе) банктік қызметті жүзеге асыруға лицензия алған мемлекетте (аумақта) іс жүзіндегі қатысуы жоқ резидент емес банк;
      7) қаржы мониторингі – осы Заңға сәйкес уәкілетті орган және қаржы мониторингі субъектісі жүзеге асыратын, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және пайдалану жөніндегі шаралар жиынтығы;
      8) қаржы мониторингiне жататын операциялар – осы Заңға сәйкес оларға қатысты қаржы мониторингі белгіленген ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар;
      9) қылмыстық жолмен алынған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру – ақшаны заңдастыруға (жылыстатуға) бағытталған жалған мәмiле жасау кезiнде құжаттарды пайдалану арқылы қолма-қол ақшаны алу мақсатында жеке немесе заңды тұлғалар жасайтын әрекеттер;
      10) қылмыстық жолмен алынған кірістер – қылмыс жасау нәтижесінде алынған ақша және (немесе) өзге мүлік;
      11) қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыру (жылыстату) – қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлiктi мәмiлелер жасау арқылы заңды айналымға тарту, сол сияқты көрсетiлген ақшаны және (немесе) өзге мүлiктi пайдалану;
      12) терроризмдi (террористiк әрекетті) қаржыландыру – террористiк әрекетті жүзеге асыру үшiн террористерге және (немесе) террористiк ұйымдарға ақша және (немесе) өзге мүлiк беру немесе жинау не қаржылық қызметтер көрсету;
      13) уәкiлеттi орган – осы Заңға сәйкес қаржы мониторингiн жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жөнiндегi өзге де шараларды қолданатын мемлекеттiк орган;
      14) шетелдiк жария лауазымды адам – шет мемлекеттiң заң шығарушы, атқарушы, әкiмшiлiк немесе сот органына тағайындалатын немесе сайланатын, онда қандай да бiр лауазымды атқаратын адам, сондай-ақ шет мемлекет үшiн қандай да бiр жария функцияны орындайтын кез келген адам;
      15) шет мемлекеттің құзыретті органы – шет мемлекеттің өз заңнамасына сәйкес қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимылды жүзеге асыратын органы;
      16) іс жүзіндегі қатысуы – банктің басқару органдары мен персоналы бар, банктік қызметке қатысты құжаттарды есепке алу және сақтау жүргізілетін және резидент емес банкке банктік қызметті жүзеге асыруға лицензия берген уәкілетті органның тексерулері жүргізілетін, тұрақты мекенжай бойынша (пошта жәшігінің мекенжайынан немесе электрондық мекенжайдан басқа) орналасқан, банк қызметін жүргізу орны;
      17) іскерлік қатынастар – қаржы мониторингі субъектісінің кәсіптік қызметті жүзеге асыруы процесінде туындайтын клиенттермен қатынастар.»;
      4) 2-баптың тақырыбындағы және 1-тармағындағы «Заңсыз» деген сөз «Қазақстан Республикасының қылмыстық» деген сөздермен, «Қазақстан Республикасының заңнамасы» деген сөздер «заңнамасы» деген сөзбен ауыстырылсын;
      5) 2-тараудың тақырыбындағы «Заңсыз» деген сөз «Қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын;
      6) 3-баптың 1-тармағында:
      1) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) банкаралық ақша аудару жүйесінің операторын қоспағанда, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;»;
      «8) бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлiк ұйымдар мен кәсiби бухгалтерлер, аудиторлық ұйымдар;»;
      10) тармақшадағы «почта операторлары жатады.» деген сөздер «пошта операторлары;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
      «11) микроқаржы ұйымдары;
      12) банктер болып табылмайтын электрондық ақша жүйелерінің операторлары жатады.»;
      7) 4-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Күдікті операциялар, олардың жүзеге асырылу нысандарына және олардың жасалған не жасала алатын немесе жасалуы мүмкін болған сомасына қарамастан, қаржы мониторингіне жатады.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі күдікті операцияны айқындау белгілерін бекітеді.
      4. Осы Заңның 5-бабына сәйкес қаржы мониторингі субъектісінің клиент жасайтын операцияларды зерделеуі және осындай зерделеу нәтижелерін тіркеуі үшін:
      1) клиенттің ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен күрделі, ерекше ірі не айқын экономикалық мәні немесе анық қойылған заңды мақсаты жоқ операцияны жасауы;
      2) клиенттің осы Заңда көзделген, тиісінше тексеруден және (немесе) қаржы мониторингiнен жалтаруға бағытталған әрекеттер жасауы;
      3) клиенттің қылмыстық жолмен алынған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға бағытталған деп жорамалдауға негiз болатын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жасауы;
      4) Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген (тұратын) тұлға қатысушысы болып табылатын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен, сол сияқты осындай мемлекетте (аумақта) тіркелген банктегі шотты пайдалана отырып операциялар жасау міндетті негіздер болып табылады.
      Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесін Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобы (ФАТФ) шығаратын құжаттарды ескере отырып, уәкілетті орган жасайды және ол, өздеріне уәкілетті орган жеткізетін осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 12) тармақшасында көзделген қаржы мониторингі субъектілерін қоспағанда, қаржы мониторингі субъектілеріне оны жеткізетін тиісті мемлекеттік органдарға жіберіледі.»;
      8) 5-бапта:
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қаржы мониторингi субъектiлерi Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өз клиенттерiн (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиiсiнше тексеру жөнiнде шаралар қолдануға тиiс.
      2. Қаржы мониторингi субъектiлерi мынадай:
      1) клиентпен iскерлiк қатынастар орнатылған;
      2) қаржы мониторингiне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар, оның ішінде күдікті операциялар жүзеге асырылған;
      3) клиент (олардың өкілдері), бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған деректердiң анықтығына күмән туғызған негiздер болған жағдайларда клиенттерiн (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиiсiнше тексерудi жүзеге асырады.»;
      3-тармақта:
      бірінші абзац, 1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қаржы мониторингі субъектілерінің өз клиенттерін (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеруі мынадай шаралардың жүзеге асырылуын қамтиды:
      1) жеке тұлғаны сәйкестендiру үшін қажеттi мәлiметтердi: оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректерiн, жеке сәйкестендiру нөмiрiн (жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке сәйкестендiру нөмiрi берiлмеген жағдайларды қоспағанда), сондай-ақ заңды мекенжайын тiркеу;
      2) заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) сәйкестендiру үшін қажеттi мәлiметтердi: заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың деректерін, бизнес-сәйкестендiру нөмiрiн (заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнес-сәйкестендiру нөмiрi берiлмеген жағдайларды қоспағанда) не резидент емес заңды тұлға шет мемлекетте тіркелген нөмірді, сондай-ақ орналасқан жерiнiң мекенжайын тiркеу;»;
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) бенефициарлық меншік иесін анықтау және, заңды мекенжайын қоспағанда, осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес оны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу.
      Қаржы мониторингі субъектісі клиент-заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесін анықтау мақсатында осындай клиенттің құрылтай құжаттары және акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмі не басқа көздерден алынған мәліметтер негізінде оның меншігі мен басқару құрылымын белгілейді.
      Егер осы тармақшада көзделген шараларды қолданудың нәтижесінде клиент-заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесі анықталмаған жағдайда, клиент-заңды тұлғаның жеке-дара атқарушы органын не алқалы атқарушы органының басшысын бенефициарлық меншік иесі деп тануға жол беріледі.
      Бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу клиент (оның өкілі) ұсынатын не өзге де көздерден алынған ақпараттың және (немесе) құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.»;
      3) тармақша алып тасталсын;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді қажет болған кезде алуды және тіркеуді қоса алғанда, iскерлiк қатынастарды тексерудi және осы қаржы мониторингi субъектiсi арқылы клиент жүзеге асыратын операцияларды зерделеудi тұрақты негiзде жүргiзу;»;
      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің анықтығын тексеру және оларды жаңарту.
      Клиентті (оның өкілін), бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтердің анықтығын тексеру тиісті құжаттардың түпнұсқаларының немесе нотариат куәландырған көшірмелерінің деректерімен салыстыру арқылы не қолжетімді көздерден алынған деректермен салыстыру арқылы жүзеге асырылады.
      Клиенттің өкіліне қатысты осындай тұлғаның клиенттің атынан және (немесе) оның мүддесінде әрекет етуге өкілеттігі қосымша тексеріледі.
      Мәліметтерді жаңарту клиент, бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған мәліметтердің анықтығына күмән тудыратын негіздер болған кезде, сондай-ақ ішкі бақылау қағидаларында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.»;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Осы бапта көзделген шаралар мынадай жағдайларда:
      1) электрондық ақшаны сәйкестендірілмеген иеленушілер-жеке тұлғалар «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабының 4-тармағында көзделген сомадан аспайтын электрондық ақшаны сатып алу және пайдалану бойынша операцияларды жүзеге асырған кезде;
      2) клиент-жеке тұлға қолма-қол ақшаны қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) арқылы жеке тұлғаның банк шотына ақша салу бойынша операцияларды жүзеге асырған кезде, егер мұндай операцияның сомасы 500 000 теңгеден не 500 000 теңгеге балама шетел валютасындағы сомадан аспаса;
      3) клиенттің күдікті операция жасау жағдайларын қоспағанда, клиент банк шотын пайдаланбай қолма-қол ақшасыз ақша төлемін немесе аударымын жүзеге асырған кезде, егер мұндай ақша төлемінің немесе аударымының сомасы 2 000 000 теңгеден не 2 000 000 теңгеге балама шетел валютасындағы сомадан аспаса;
      4) клиенттің күдікті операция жасау жағдайларын қоспағанда, клиент-жеке тұлға айырбастау пунктінде қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату немесе айырбастау бойынша операцияны жүзеге асырған кезде, егер мұндай операцияның сомасы 2 000 000 теңгеден не 2 000 000 теңгеге балама шетел валютасындағы сомадан аспаса;
      5) клиент-жеке тұлға осындай клиенттің банк шотына қол жеткізу құралы болып табылмайтын төлем карточкасын пайдалана отырып, операцияны жүзеге асырған кезде, егер мұндай операцияның сомасы 200 000 теңгеден не 200 000 теңгеге балама шетел валютасындағы сомадан аспаса, қолданылмайды.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қаржы мониторингі субъектілерінің өз клиенттерін (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеруі ішкі бақылау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
      «5. Қаржы мониторингі субъектісі клиенттен (оның өкілінен) клиентті (оның өкілін) сәйкестендіру, бенефициарлық меншік иесін анықтау үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды ұсынуын, сондай-ақ салықтық резиденттілігі, қызметінің түрі және жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді ұсынуын талап етуге құқылы.
      Клиенттер (олардың өкілдері) қаржы мониторингі субъектілеріне, бенефициарлық меншік иелері туралы ақпаратты қоса алғанда, осы Заңда көзделген міндеттерді олардың орындауы үшін қажетті ақпаратты және құжаттарды беруге міндетті.
      6. Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) – 5), 11) және 12) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері осы баптың 3-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген, тиісті клиенттерге (олардың өкілдеріне) және бенефициарлық меншік иелеріне қатысты басқа қаржы мониторингі субъектілері, сондай-ақ шетелдік қаржы ұйымдары қолданған шараларға мынадай талаптар сақталған кезде сүйене алады:
      1) осы баптың 3-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген шаралар шеңберінде, басқа қаржы мониторингі субъектісі немесе шетелдік қаржы ұйымы қолданған тиісінше тексеру жөніндегі шараларға сүйенетін қаржы мониторингі субъектісі, растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса алғанда, клиент (оның өкілі), бенефициарлық меншік иесі туралы деректерді дереу алуға тиіс;
      2) шетелдік қаржы ұйымы қолданған тиісінше тексеру жөніндегі шараларға сүйенетін қаржы мониторингі субъектісі осындай шетелдік қаржы ұйымының қызметі өзі тіркелген мемлекетте лицензиялауға, реттеуге және қадағалауға жататынын және осындай шетелдік қаржы ұйымы осы баптың талаптарына ұқсас тиісінше тексеру жөнінде шараларды қолданатынын анықтауға тиіс.»;
      9) 6-баптағы «субъектілері» деген сөзден кейін «, осы Заңның  5-бабының 3-1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылып, «қабылдауға тиiс» деген сөздер «қолданады» деген сөзбен ауыстырылсын;
      10) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «7-бап. Қаржы мониторингi субъектiлерiнiң клиенттердi қаржы
              мониторингiне жататын ақшамен және (немесе) өзге
              мүлiкпен операцияларды жүзеге асыруы кезiнде тиiсiнше
              тексеруі
      1. Қаржы мониторингi субъектiлерi осы Заңның 4-бабына сәйкес қаржы мониторингiне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар жүргiзілгенге дейiн осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды, мұндай шаралар іскерлік қатынастар орнату кезінде қолданылған жағдайларды қоспағанда, қолданады.
      2. Төлем карточкаларын пайдалана отырып ақша төлемдері мен аударымдарын, сондай-ақ осы Заңның 5-бабы 3-1-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, клиенттердің нұсқаулары бойынша қолма-қол ақшасыз ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру кезінде екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар мыналарды:
      ақшаны жөнелтушінің және алушының (бенефициардың) тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) не толық немесе қысқартылған атауларын (заңды тұлғалар үшін);
      егер ақша аударымы банк шотын пайдалана отырып жүзеге асырылса, ақшаны жөнелтушінің және алушының (бенефициардың) жеке сәйкестендіру кодтарын не егер ақша аударымы банк шотын пайдаланбай жүзеге асырылса, ақша төлемі немесе аударымы жөніндегі нұсқаудың нөмірін;
      ақша жөнелтушінің сәйкестендіру нөмірін немесе мекенжайын (жеке және заңды тұлғалар үшін) не ақша жөнелтушінің жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірін (жеке тұлға үшін) қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген деректемелердің төлем құжатында болуын және олардың ақша төлеміне (аударымына) қатысушыға берілуін қамтамасыз етеді.
      Екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар шетелдік қаржы мекемесінен ақша төлемі мен аударымы түскен кезде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпараттың төлем құжатында болуын бақылайды, сондай-ақ банк шотын пайдаланбай ақша аудару бойынша алушыны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркейді және сақтайды.»;
      11) 8-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) клиенттiң шетелдiк жария лауазымды адамға, оның отбасы мүшелеріне және жақын туыстарына жататынын және (немесе) қатыстылығын тексерудi жүзеге асыруға;»;
      2) тармақшадағы «заңсыз» деген сөз «қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын;
      12) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «9-бап. Шетелдік қаржы ұйымдарымен корреспонденттік қатынастар
              орнатылған кезде тиісінше тексеру
      Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері осы Заңның 5-бабының 3-тармағында көзделген шаралардан басқа, шетелдік қаржы ұйымдарымен корреспонденттік қатынастар орнатылған кезде қосымша мыналарды:
      1) респондент-шетелдік қаржы ұйымының беделі және қызметінің сипаты туралы, оның ішінде оны тіркеген елдің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамасын бұзғаны үшін оған санкция қолданылғаны туралы мәліметтер жинауды жүзеге асыруға және оларды құжаттық тiркеуге;
      2) респондент-шетелдік қаржы ұйымы оны тіркеген елдің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамасына сәйкес қолданатын ішкі бақылау шаралары туралы ақпаратты құжаттық тіркеуге, сондай-ақ қолданылатын ішкі бақылау шараларының тиімділігін бағалауды жүзеге асыруға;
      3) қалқа-банктермен корреспонденттік қатынастар орнатпауға және оларды сақтамауға;
      4) респондент-шетелдік қаржы ұйымы өз шоттарын қалқа-банктердің пайдалануына рұқсат етпейтініне көз жеткізуге;
      5) ұйымның басшы жұмыскерінің жаңа корреспонденттік қатынастар орнатуға рұқсатын алуға міндетті.
      Респондент-шетелдік қаржы ұйымының қалқа-банктермен корреспонденттік қатынастарының болу-болмауы респондент-шетелдік қаржы ұйымы беретін және (немесе) қаржы мониторингі субъектісі өзге де көздерден алатын ақпараттың негізінде айқындалады.»;
      13) 10-бапта:
      2-тармақтың екінші бөлігінің 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) қызметінің ерекше түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар – операция жасалған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешiктiрмей, бөлiнген байланыс арналары арқылы электрондық тәсiлмен немесе қағаз жеткізгіште;
      3) осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 6) – 9), 11) және 12) тармақшаларында көрсетiлген қаржы мониторингi субъектiлерi – операция жасалған және (немесе) анықталған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешiктiрмей, бөлiнген байланыс арналары арқылы электрондық тәсiлмен немесе қағаз жеткізгіште уәкiлеттi органға қазақ немесе орыс тілінде ұсынады.»;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Бұрын қаржы мониторингі субъектісі ұсынған қаржы мониторингіне жататын операциялар бойынша, оның ішінде күдікті операциялар туралы қажетті ақпарат алу мақсатында уәкілетті орган қаржы мониторингі субъектісіне қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруге сауал жібереді.
      Осы Заңның 18-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында және 19-бабының 2-тармағында көрсетілген мақсатта уәкілетті орган қаржы мониторингі субъектісіне қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруге сауал жібереді.
      Қаржы мониторингі субъектілері уәкілетті органға оның сауалдары бойынша қаржы мониторингіне жататын операциялар бойынша қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды:
      1) осы Заңның 4-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес тиісті сауал алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;
      2) осы Заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес тиісті сауал алынған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде беруге міндетті.
      Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың негізінде берілетін мәліметтер мен ақпаратты қоспағанда, уәкілетті орган осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған операциялар бойынша мәліметтер мен ақпаратты сұратуға құқылы емес.»;
      14) 11-бапта:
      1 және 2-тармақтардағы «заңсыз» деген сөз «қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қаржы мониторингі субъектілері ішкі бақылау қағидаларын әзірлейді, қабылдайды әрі орындайды және осы Заңда көзделген ішкі бақылауды жүргізу кезінде қаржы мониторингі субъектісінің қызметіне қойылатын талаптардан басқа, олар мыналарды:
      қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасын;
      технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдерін және көрсетілетін қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелін басқару бағдарламасын;
      клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасын;
      клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және оларды зерделеу бағдарламасын;
      қаржы мониторингі субъектілерінің қызметкерлерін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасын;
      ішкі бақылау қағидаларына сәйкес қаржы мониторингі субъектілері әзірлеуі мүмкін өзге де бағдарламаларды қамтуға тиіс.»;
      мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «3-1. Қаржы мониторингі субъектілері Қазақстан Республикасында және оның шегінен тысқары жерлерде де орналасқан өз филиалдарының, өкілдіктерінің, еншілес ұйымдарының, егер бұл олардың орналасқан жеріндегі мемлекеттің заңнамасына қайшы келмесе, ішкі бақылау қағидаларын сақтауын және іске асыруын қамтамасыз етеді.
      Қаржы мониторингі субъектілері уәкілетті органға және бақылау мен қадағалау органына Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде орналасқан өз филиалдарының, өкілдіктерінің, еншілес ұйымдарының олардың орналасқан жеріндегі мемлекеттің заңнамасына қайшы келетіндіктен, ішкі бақылау қағидаларын сақтау және іске асыру мүмкіндігінің болмауы фактілері туралы хабарлауға міндетті.
      3-2. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар қаржы мониторингі субъектілерінің түрлері бойынша уәкілетті органның және тиісті мемлекеттік органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.»;
      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Клиенттің дерекнамасын және онымен хат-хабар алмасуды қоса алғанда, клиентті тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтер қаржы мониторингi субъектiлерiнің клиентпен іскерлік қатынастарын тоқтатқан күннен бастап кемiнде бес жыл сақтауына жатады.
      Қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар және күдікті операциялар туралы құжаттар мен мәліметтер, сондай-ақ барлық күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды зерделеу нәтижелері операция жасалғаннан кейін қаржы мониторингі субъектілерінің кемінде бес жыл сақтауына жатады.
      5. Қаржы мониторингі субъектілері мен олардың жұмыскерлері клиенттер мен өзге де тұлғаларға осы Заңға сәйкес осындай клиенттер туралы және олардың жасайтын операциялары туралы мәліметтер мен ақпаратты уәкілетті органға беруі туралы хабарлауға құқылы емес.»;
      мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
      «8. Қаржы мониторингі субъектілеріне жұмыскерлерді даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарды тиісті мемлекеттiк органдармен келiсу бойынша уәкiлеттi орган бекiтеді.»;
      15) 12-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Уәкілетті орган терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 12) тармақшасында көзделген қаржы мониторингі субъектілерінің назарына жеткізеді.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесі өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органның, сондай-ақ басқа да құзыретті мемлекеттік органдардың уәкілетті органға беретін ақпаратына сәйкес жаңартылып отырады.»;
      4-тармақтың 6) тармақшасындағы «арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының» деген сөздер «құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақ алып тасталсын;
      16) 13-бапта:
      тақырып және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13-бап. Ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операцияларды
               жүргiзуден бас тарту және оларды тоқтата тұру
      1. Қаржы мониторингi субъектiлерi осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды қолдану мүмкiн болмаған жағдайда, жеке немесе заңды тұлғаға іскерлік қатынастарды орнатудан бас тартуға, сондай-ақ ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операцияларды жүргiзуден бас тартуға мiндеттi.
      Қаржы мониторингі субъектілері осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көзделген шараларды қолдану мүмкiн болмаған жағдайда, сондай-ақ клиент жасайтын операцияларды зерделеу процесінде клиент іскерлік қатынастарды қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) немесе терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланыланады деген күдік туындаған жағдайда, клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатуға құқылы.»;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Қаржы мониторингі субъектілері осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көзделген, терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне уәкілетті органның ұйымды немесе жеке тұлғаны енгізгені туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей:
      осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның банк шоттары бойынша, сондай-ақ осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға;
      осындай жеке тұлғаның банк шотын пайдаланбай ақша төлемі немесе аударымы бойынша нұсқауларды, сондай-ақ осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің нұсқауларын орындауды тоқтата тұруға;
      бағалы қағаздарды ұстаушылар тіркелімінің жүйесіндегі және осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның жеке шоттарында, сондай-ақ осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің жеке шоттарында номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздарды бұғаттауға;
      осындай ұйым немесе жеке тұлға жасайтын не олардың пайдасына жасалатын, сол сияқты осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиент жасайтын не оның пайдасына жасалатын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен өзге де операциялар жүргізуден бас тартуға міндетті.
      Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын, бағалы қағаздарды ұстаушылар тіркелімінің жүйесіндегі және жеке шоттар бойынша номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркеуді, сондай-ақ осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көзделген, терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген ұйымдар мен жеке тұлғалардың ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен өзге де операцияларын қаржы мониторингі субъектілері сот шешімі, салық және (немесе) кеден органдарының инкассолық өкімдері, салық және (немесе) кеден органдарының иелік ету шектелген мүлікті өндіріп алу туралы қаулылары негізінде, сондай-ақ ұйым немесе жеке тұлға осы Заңда көзделген тәртіппен жоғарыда көрсетілген тізбеден шығарылғаннан кейін жүзеге асыруы мүмкін.»;
      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру фактілерінің алдын алу және жолын кесу мақсатында қаржы мониторингі субъектілері операция күдікті ретінде танылған кезде уәкілетті органға осындай операция туралы ол жүргізілгенге дейін дереу хабарлауға міндетті.
      Уәкілетті органның қаржы мониторингін жүзеге асыруы мақсатында тоқтата тұру мүмкін болмайтын күдікті операциялар туралы хабарларды қаржы мониторингі субъектілері уәкілетті органға олар жасалғаннан кейін үш сағаттан кешіктірмей не мұндай операциялар анықталған кезден бастап жиырма төрт сағаттың ішінде береді.
      Күдікті деп танылған операция жасалғаннан кейін ол туралы хабарды қаржы мониторингі субъектісі уәкілетті органға осындай операция күдікті деп танылған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
      Қаржы мониторингі субъектілері уәкілетті органға осы баптың 1-тармағында көзделген негіздер бойынша жеке немесе заңды тұлғамен іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту, клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтату, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жүргізуден бас тарту фактілері туралы, сондай-ақ осы баптың 1-1-тармағында көзделген жағдайларда операцияларды тоқтата тұру фактілері туралы хабарларды қаржы мониторингі субъектісі тиісті шешім қабылдаған (әрекет жасаған) күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
      3. Уәкiлеттi орган осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көзделген хабарды алып, оны алған кезден бастап жиырма төрт сағат iшiнде, егер қаржы мониторингі субъектісі ұсынған күдікті операция туралы хабар уәкілетті органның жүргізген талдау нәтижелері бойынша негізді деп танылған болса, күдікті операцияның жүргізілуін үш жұмыс күніне дейінгі мерзімге тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды.
      Уәкілетті орган осы Заңның 18-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген күдікті операция туралы хабарды алып, егер ақпарат алынған кезде ол әлі жасалмаған болса, мұндай операцияны тоқтата тұруға құқылы.
      Күдікті операцияны тоқтата тұру туралы не күдікті операцияны тоқтата тұрудың қажеттігі жоқ екендігі туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол күдікті операция туралы хабарды ұсынған қаржы мониторингі субъектісінің және мемлекеттік органның назарына электрондық тәсілмен немесе қағаз жеткізгіште жеткізіледі.»;
      5-тармақта:
      бірінші және екінші бөліктердегі «арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарына», «арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдары» деген сөздер тиісінше «құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға», «құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші бөліктегі «арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының» деген сөздер «құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-1 және 5-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «5-1. Құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардан осы баптың 5-тармағына сәйкес берілген, аталған операция терроризмді қаржыландыруға бағытталады деп жорамалдауға негіздер бар күдікті операцияны тоқтата тұру қажеттілігі туралы шешім алынған жағдайда, уәкілетті орган осындай операцияның қатысушылары болып табылатын тұлғалардың банк шоттары бойынша шығыс операцияларын күнтізбелік он бес күнге дейінгі мерзімге тоқтата тұру туралы шешім шығарады.
      Терроризмді қаржыландыруға бағытталады деп жорамалдауға негіздер бар операциялардың қатысушылары болып табылатын тұлғалардың банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қаржы мониторингі субъектілерінің назарына жеткізіледі.
      Уәкілетті орган банк шоттары бойынша шығыс операцияларының тоқтатыла тұруы туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына және осы шешімді берген құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға хабарлайды.
      5-2. Күдікті операцияны тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін уәкілетті органның шешімі бойынша операция Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген, осындай операцияны жүргізуге кедергі келтіретін өзге де негіздер болмаған кезде жүргізілуге тиіс.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Осы Заңға сәйкес ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операцияларды жүргiзуден бас тарту, сондай-ақ оларды тоқтата тұру тиiстi шарттардың (мiндеттемелердiң) талаптарын бұзғаны үшiн қаржы мониторингі субъектілерінің азаматтық-құқықтық жауаптылығына негiздер болып табылмайды.»;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операцияларды тоқтата тұру осындай тоқтата тұру салдарынан келтірілген залал, оның ішінде жіберіп алған пайда үшін уәкілетті органның азаматтық-құқықтық немесе өзге де жауаптылығының туындауына негіз болып табылмайды.»;
      17) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «14-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған
               кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді
               қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың
               сақталуын бақылау
      Қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы ақпаратты тіркеу, сақтау және беру, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру, қаржы мониторингіне жататын операцияларды тоқтата тұру және оларды жүргізуден бас тарту, өз қызметі процесінде алынған құжаттарды қорғау бөлігінде орындауын, сондай-ақ ішкі бақылаудың ұйымдастырылуын және орындалуын бақылауды тиісті мемлекеттік органдар өздерінің құзыретіне сәйкес және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.";
      18) 15-баптың 1)5) тармақшаларындағы "заңсыз" деген сөз "қылмыстық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      19) 16-бапта:
      бүкіл мәтін бойынша "Заңсыз", "заңсыз" деген сөздер тиісінше "Қылмыстық", "қылмыстық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-1) тармақшадағы "арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының" деген сөздер "құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақшадағы "арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының" деген сөздер "құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) және 9) тармақшалардағы "заңсыз" деген сөз "Қазақстан Республикасының қылмыстық" деген сөздермен ауыстырылып, "Қазақстан Республикасының" деген сөздер алып тасталсын;
      12) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "12) халықаралық ұйымдардың, бірлестіктердің және өзге де жұмыс топтарының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы қызметіне белгіленген тәртіппен қатысады;";
      "13) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша осы Заңның мақсаттары үшін оффшорлық аймақтар тізбесін айқындайды;";
      20) 17-бапта:
      1-тармақ:
      3) тармақшадағы "заңсыз" деген сөз "Қазақстан Республикасының қылмыстық" деген сөздермен ауыстырылып, "Қазақстан Республикасының" деген сөз алып тасталсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) сұрау салу бойынша немесе дербес түрде шет мемлекеттің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы құзыретті органымен ақпарат алмасуға;";
      6) тармақшадағы «заңсыз» деген сөз «Қазақстан Республикасының қылмыстық» деген сөздермен, «Қазақстан Республикасы заңнамасының» деген сөздер «заңнамасының» деген сөзбен, «жіберуге құқылы.» деген сөздер «жіберуге;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «7) құқық қорғау органдарымен және арнаулы мемлекеттік органдармен бірлесіп, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты мәліметтер мен ақпарат алмасу және оларды беру бойынша өзара іс-қимыл тәртібін айқындауға құқылы.»;
      2-тармақтың 1) тармақшасындағы «заңсыз» деген сөз «қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын;
      21) 18-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші абзацтағы «заңсыз» деген сөз «Қазақстан Республикасының қылмыстық» деген сөздермен, «Қазақстан Республикасы заңнамасын» деген сөздер «заңнамасын» деген сөзбен, 1) тармақшадағы «заңсыз» деген сөз «қылмыстық» деген сөзбен және 2) тармақшадағы «заңсыз» деген сөз «Қазақстан Республикасының қылмыстық» деген сөздермен, «Қазақстан Республикасы заңнамасының» деген сөздер «заңнамасының» деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-тармақта:
      бірінші бөліктегі «Арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының» деген сөздер «Құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлікте:
      «Арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары» деген сөздер «Құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «заңсыз» деген сөз «қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың сауалдарын орындауды уәкілетті орган қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы республикалық дерекқордағы қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттар шегінде, сондай-ақ шет мемлекеттердің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы құзыретті органдарынан алынған мәліметтер мен ақпарат шегінде жүзеге асырады.
      Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын тәртіппен сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органға беріледі.»;
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      «5-1. Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы, сондай-ақ қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттері туралы мәліметтер мен ақпаратты уәкілетті орган осы Заңда көзделмеген тәртіппен бермейді.»;
      6-тармақта:
      «мәдени құндылықтарды,» деген сөздердің алдынан «декларацияланған» деген сөзбен толықтырылсын;
      «қаржы мониторингiне жататын,» деген сөздер алып тасталсын;
      22) 19-бапта:
      тақырыптағы, 1 және 2-тармақтардағы «Заңсыз», «заңсыз» деген сөз тиісінше «Қылмыстық», «қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-тармақта:
      «заңсыз» деген сөз «қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Уәкілетті орган қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес келісімдер жасасуға құқылы.»;
      4-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы және үшінші бөлігіндегі «заңсыз» деген сөз «қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын;
      23) 20-баптың тақырыбындағы және 1-тармағындағы «Заңсыз» деген сөз «Қазақстан Республикасының қылмыстық» деген сөздермен, «Қазақстан Республикасының заңнамасын» деген сөздер «заңнамасын» деген сөзбен ауыстырылсын.
      30. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат):
      көрсетілген Заңға қосымшаның 1-тармағының 56) тармақшасындағы «заңсыз» деген сөз «Қазақстан Республикасының қылмыстық» деген сөздермен ауыстырылып, «Қазақстан Республикасы» деген сөздер алып тасталсын.
      31. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 3-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 94-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      15-баптың 1-тармағының 14) тармақшасындағы «заңсыз» деген сөз «қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын.
      32. «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 20, 120-құжат; № 4-5, 24-құжат):
      1) 7-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға мәліметтерді хабарлауға;»;
      2) 27-бап мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) микроқаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;».
      33. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат):
      55-баптың 8-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы, 57-баптың 4-тармағының 7) тармақшасындағы және 58-баптың 8-тармағының 10) тармақшасындағы «заңсыз», «Заңсыз» деген сөздер тиісінше «қылмыстық», «Қылмыстық» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2-бап.
      1. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағының 2) және 5) тармақшаларын, 13-тармағының 5) тармақшасын23 және 26-тармақтарын, 29-тармағының 3) тармақшасының төртінші және алтыншы абзацтарын, 6)және 7) тармақшаларын8) тармақшасының екінші – жиырма бесінші, отыз үшінші – қырқыншы абзацтарын, 10) және 13) тармақшаларын14) тармақшасының үшінші – оныншы, он төртінші – он жетінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтарын, 15) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 16) тармақшасының бесінші абзацын, 17) тармақшасын21) тармақшасының он бірінші абзацын және 32-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      2. Осы Заңның 1-бабының 13-тармағы 3) тармақшасының екінші және төртінші абзацтары 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы Заңның 1-бабының 13-тармағы 3) тармақшасының үшінші абзацы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                    Н.Назарбаев