Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 13 мамырдағы № 325-VІ ҚРЗ.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 36, 37-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 99, 103, 106, 108-құжаттар; № 24-I, 118-құжат; № 24-II, 120, 122, 123, 127-құжаттар):

      1) мазмұнындағы 149-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "149-бап. Террористiк тұрғыдан осал объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі мiндеттердi орындамау және (немесе) тиiсiнше орындамау";

      2) 149-баптың тақырыбы және бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "149-бап. Террористiк тұрғыдан осал объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі мiндеттердi орындамау және (немесе) тиiсiнше орындамау

      1. Террористiк тұрғыдан осал объекті меншік иесінің, иеленушісінің, басшысының немесе өзге де лауазымды тұлғасының не террористiк тұрғыдан осал объект бойынша күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектісінің объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттерді орындамауы және (немесе) тиісінше орындамауы –";

      3) 214-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "214-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзу

      1. Қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын мәліметтерді тіркеу, мәліметтер мен құжаттарды сақтау, құжаттарды қорғау бөлігінде бұзуы –

      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Қаржы мониторингі субъектілерінің "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3 және 5-тармақтарында көзделген, қаржы мониторингіне жататын, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы ақпаратты бермеуі, уақтылы бермеуі –

      жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      3. Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды бермеуі, уақтылы бермеуі –

      жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      4. Қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөніндегі шараларды қабылдамауы –

      жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      5. Қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөніндегі шараларды қабылдау және (немесе) ақшамен және өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөніндегі шаралар туралы ақпаратты беру бөлігінде бұзуы –

      жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      6. Қаржы мониторингі субъектілерінің клиентке іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту және (немесе) іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жүргізуден бас тартулар туралы ақпарат ұсыну жөніндегі міндеттерді орындамауы –

      жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      7. Қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылау қағидаларында бекітілген, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында даярлау және оқыту бағдарламасын орындамауы –

      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      8. Қаржы мониторингі субъектілерінің "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 1-тармағында көзделген, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы ақпаратты бермеуі, уақтылы бермеуі –

      жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      9. Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның шешімі бойынша клиенттер операцияларын тоқтата тұрмауы –

      жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      10. Қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылау қағидаларын және оны жүзеге асыру бағдарламаларын әзірлеу және қабылдау жөніндегі міндеттерді орындамауы не Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарына ішкі бақылау қағидаларының сәйкес келмеуі –

      жеке тұлғаларға – сексен, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      11. Қаржы мониторингі субъектілерінің өз клиенттері мен өзге де тұлғаларға қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға ақпараттың берілгені туралы хабарлауы –

      жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      12. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –

      жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      13. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде үш және одан көп рет жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –

      алты айға дейінгі мерзімге лицензияның немесе біліктілік аттестатының (куәлігінің) қолданысын тоқтата тұрып не олардан айыра отырып немесе үш айға дейінгі мерзімге қызметті тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – бір жүз елу, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алты жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      4) 247-баптың тоғызыншы бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) уәкілетті органның ескерту хаты шығарылған себептерді үш ай ішінде жоймауы;";

      5) 804-бапта:

      бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 27-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "27-1) қаржы мониторингін жүзеге асыратын уәкілетті органның (214 (бұл бұзушылықтарды заң консультанттары, заң мәселелері жөніндегі тәуелсіз мамандар, лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін, бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, бухгалтерлік есепке алу саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлер жасаған кезде), 463 (бұл бұзушылықтарды заң консультанттары, заң мәселелері жөніндегі тәуелсіз мамандар, лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін, бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар жасаған кезде) – баптар);";

      екінші бөліктегі "және төртінші" деген сөздер ", төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-1-бөліктегі "және төртінші" деген сөздер ", төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 108-құжат; № 24-I, 118-құжат; № 24-II, 123, 124-құжаттар):

      1) 36-баптың 2-тармағындағы "терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар" деген сөздер "жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 38-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы "терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға" деген сөздер "жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 138-баптың 76) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "76) террористiк тұрғыдан осал объектiлердiң терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйіне;";

      4) 140-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 21) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "21) Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының террористiк тұрғыдан осал объектiлердiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бөлігіндегі талаптарының сақталуына;".

      3. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-I, 118-құжат):

      11-баптың бірінші бөлігінің 4-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1) сот шешімі бойынша тәркіленген және (немесе) өндіріп алынған акцияларды (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) қоспағанда, егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізілген болса;".

      4. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-І, 140, 143-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-І, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 21-құжат; № 13, 45-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-I, 119-құжат):

      36-1-баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің сегізінші абзацындағы "тұлғаға беруін қоспағанда, оның банктік қарыз шарты бойынша құқықты (талап етуді) үшінші тұлғаға беруді жүргізуіне тыйым салынады." деген сөздер "тұлғаға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:

      "банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда қаражатты шартты түрде орналастыру арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру жөніндегі мәмілелер шеңберінде жасалған банктік қарыз шарты бойынша – жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорына беруін қоспағанда, оның банктік қарыз шарты бойынша құқықты (талап етуді) үшінші тұлғаға беруді жүргізуіне тыйым салынады.".

      5. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы" 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 19, 118-құжат; № 23, 142-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184, 190-құжаттар; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 13-14, 144-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 11, 59-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; 2019 ж., № 24-I, 119-құжат):

      1) 8-бап мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) санаттарына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін бекіту және терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру бойынша оларға қойылатын талаптарды белгілеу.";

      2) 9-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-5) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-5) күзетілетін адамдардың болуына арналған террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын қосымша талаптарды белгілеу;".

      6. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы"1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 33-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; 2015 ж., № 21-III, 135-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 16, 56-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 24-I, 119-құжат):

      12-бап мынадай мазмұндағы 17-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "17-2) ұлттық қауіпсіздік органдарының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін олардың санаттарына сәйкес әзiрлеуге және бекітуге;".

      7. "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 22-I, 143-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):

      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) аккредиттелген кәсiби аудиторлық ұйым (бұдан әрi – кәсiби ұйым) – аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарды біріктіретін коммерциялық емес ұйым;

      2) аккредиттеу – осы Заңда көзделген кәсiби ұйымдардың құқықтылығын уәкiлеттi мемлекеттік органның ресми тануы;

      3) аттестаттау – Біліктілік комиссиясының аудиторларға кандидаттардың білімдері мен дағдыларын айқындауы рәсімі;

      4) аудит – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық есептiлiк және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпарат туралы тәуелсiз пiкiр бiлдiру мақсатында тексеру;

      5) аудитор – Аудиторларға кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы (бұдан әрі - Біліктілік комиссиясы) аттестаттаған, "аудитор" біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігін алған жеке тұлға;

      6) аудиторлық есеп – жүргiзiлген аудиттiң нәтижесi болып табылатын жазбаша ресми құжат;

      7) аудиторлық қызмет – осы Заңға сәйкес қаржылық есептіліктің және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпарат аудитiн жүргiзу және көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;

      8) аудиторлық ұйым – аудиторлық қызметтi жүзеге асыру үшiн құрылған және кәсіби ұйымның мүшесі болып табылатын коммерциялық ұйым;

      9) аудиттелетін субъект – өзіне қатысты аудит, салықтар бойынша аудит, өзге ақпарат аудиті жүргізілетін заңды тұлға, заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның филиалдары және (немесе) өкілдіктері, дара кәсіпкер;

      10) Әдеп кодексі – аудиторлардың, аудиторлық және кәсіби ұйымдардың кәсіптік қызметінің Халықаралық бухгалтерлер федерациясы шығарған және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында қолданылатын әдеп қағидалары жинағы;

      11) дұрыс емес аудиторлық есеп – Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын бұза отырып жасалған, қаржылық есептілік туралы және аудит стандарттарында көзделген ақпарат туралы дұрыс емес және (немесе) толық емес, пайдаланушыларды жаңылыстыратын мәліметтерді қамтитын аудиторлық есеп;

      12) жер қойнауын пайдаланушының шығыстары туралы мәліметтер аудиті – жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қазбаларды барлау және өндіру жөніндегі операцияға арналған шығыстарының аудиті;

      13) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит – бюджет қаражатын пайдалану мәселесі бойынша аудит;

      14) көрiнеу дұрыс емес аудиторлық есеп – аудит жүргiзiлмей жасалған немесе пайдаланушыларды қасақана жаңылыстыратын пiкiрді қамтитын аудиторлық есеп;

      15) мүдделер қақтығысы – аудиторлық ұйымның мүдделілігі оның аудиттелетін субъектінің қаржылық есептілігінің дұрыстығы туралы пікіріне әсер етуі мүмкін жағдай;

      16) өзге ақпарат аудиті – "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін бағалауға қатысты, оның ішінде стратегия мен бизнес модельге, корпоративтік басқару жүйесін бағалауға, ақпараттық технологиялардың тәуекелдерін басқару жүйесін бағалауға, ақпараттық қауіпсіздік жүйесінің тиімділігін, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы iс-қимыл саласындағы ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалауға қатысты процестерді және қаржылық есептілікпен байланысты емес ақпаратты тексеру;

      17) өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытынды – өзге ақпарат аудитінің нәтижелері бойынша жасалған қорытынды;

      18) салықтар бойынша аудит – уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жүргізілетін, салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрі бойынша есептеу мен төлеудің дұрыстығы, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың және аударудың толықтығы мен уақтылығы, әлеуметтік аударымдарды есептеудің және төлеудің толықтығы мен уақтылығы мәселесі бойынша аудит;

      19) салықтар бойынша аудиторлық қорытынды – салықтар бойынша аудит нәтижелері бойынша жасалған қорытынды;

      20) салықтар бойынша дұрыс емес аудиторлық қорытынды – аудиторлық ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жасаған, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеудің дұрыстығы, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың және аударудың толықтығы мен уақтылығы, әлеуметтік аударымдарды есептеудің және төлеудің толықтығы мен уақтылығы мәселелері бойынша дұрыс емес және (немесе) толық емес мәліметтерді қамтитын, сондай-ақ салықтар бойынша аудит жүргізілмей жасалған немесе қасақана жаңылыстыратын пікірді қамтитын қорытынды;

      21) уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – аудиторлық қызмет саласында реттеуді және аудиторлық қызмет пен кәсiби ұйымдардың қызметi саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      22) ұйымдардың стандарттары – аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, аудит жүргізу тәртібіне бірыңғай талаптарды белгілейтін ішкі құжаттары;

      23) халықаралық аудит стандарттары (бұдан әрі – аудит стандарттары) – Халықаралық бухгалтерлер федерациясы шығарған стандарттар мен құжаттар.";

      2) 3-баптың 2-тармағында:

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Аудиторлық ұйымдар аудиттен басқа мынадай қызметтердi де көрсете алады:";

      1) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) аудит стандарттарына сәйкес ілеспе және басқа да көрсетілетін қызметтер;";

      "10) бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзу және қаржылық есептiлiктi жасау, аудит, қаржылық-шаруашылық қызметтi және қаржылық жоспарлауды талдау, аудит стандарттарына сәйкес iлеспе қызметтердi көрсету бойынша әдiстемелiк құралдар мен ұсынымдар әзiрлеу, сондай-ақ оларды тарату;";

      екінші бөліктегі "өз қызметiнiң бейiнi бойынша" деген сөздер алып тасталсын;

      3) 4-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Аудит осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн аудит стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Аудит стандарттарын Қазақстан Республикасында оларды ресми аударуға және (немесе) жариялауға Халықаралық бухгалтерлер федерациясының жазбаша рұқсаты бар ұйым қазақ және орыс тiлдерiнде жариялауы мүмкін.";

      4) 5-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аудит мiндеттi болып табылатын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылдық қаржылық есептiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайтын ұйымдар жылдық қаржылық есептiлiкпен бiрге аудиторлық есептi де жариялауға мiндеттi.";

      5) 7-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-1-бап. Аудиторлық қызмет және кәсіби ұйымдар қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау

      1. Аудиторлық қызмет және кәсіби ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

      2. Аудиторлық қызмет және кәсiби ұйымдардың қызметi саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.";

      6) 11-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын;

      7) 12-баптың 1-тармағында:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) уәкiлеттi органның ескерту хаты шығарылған себептi үш ай iшiнде жоймаса;";

      7) тармақша алып тасталсын;

      8) 13-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аудитор" бiлiктiлiгiн беру туралы шешiм Бiліктiлiк комиссиясы айқындайтын бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ және орыс тiлдерiнде жарияланады.";

      9) 17-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-бап. Аудит, салықтар бойынша аудит, өзге ақпарат аудитін, аудит стандарттарына сәйкес ілеспе және басқа да көрсетілетін қызметтер жүргізуге арналған шарт";

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Аудит жүргiзуге және (немесе) аудит стандарттарына сәйкес ілеспе және басқа да көрсетілетін қызметтер ұсынуға арналған шартта: шарттың нысанасы, мерзiмi, ақы төлеу мөлшерi мен талаптары, тараптардың құқықтары, мiндеттерi мен жауаптылығы, алынған ақпараттың құпиялылығы, сондай-ақ кәсіби ұйымға мүшелігі көзделедi.

      3. Аудиттелетін субъектіге міндетті аудит, салықтар бойынша аудит, өзге ақпарат аудиті және (немесе) аудит стандарттарына сәйкес ілеспе және басқа да көрсетілетін қызметтер жүргізуге арналған шарт Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.";

      10) 20-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын, аудит стандарттарын, Әдеп кодексін сақтауға;";

      11) 21-баптың 2-тармағында:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын, аудит стандарттарын, Әдеп кодексін сақтауға;";

      10) тармақшадағы "хабарлауға міндетті." деген сөздер "хабарлауға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

      "11) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.";

      12) 24-баптың бірінші бөлігінің үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "өздерiмен соңғы үш жылда азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру шартын жасасқан ұйымдарға;

      соңғы үш жылда осы Заңның 3-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) және (немесе) 3) тармақшаларында аталған (бухгалтерлік есепке алу және (немесе) қаржылық есептілік бөлігінде) көрсетілетін қызметтер ұсынылған ұйымдарға;".

      8. "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 19, 649-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 15-16, 71-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 79-құжат; № 22-І, 140-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 16, 56-құжат):

      1) 1-бапта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) адамдар көп жиналатын объектілер – қоғамдық тамақтану, көліктік инфрақұрылым (автомобильдік және қалалық рельсті көлік саласындағы) объектілері, сондай-ақ сауда, спорт, ойын-сауық объектілері, концерт залдары және өзге де көпшілікке арналған құрылысжайлар, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары, туристерді орналастыру орындары;";

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) күзетілетін объектілер – күзетілетін адамдардың болуына арналған ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар, сондай-ақ оларға іргелес жатқан аумақ пен акватория;";

      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) террористік тұрғыдан осал объектілер – терроризмге қарсы қорғалуын міндетті ұйымдастыру талап етілетін аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық, қауіпті өндірістік объектілер, сондай-ақ экономика салаларының стратегиялық маңызы бар объектілері, адамдар көп жиналатын объектілер, күзетілетін объектілер;";

      мынадай мазмұндағы 16-1) және 16-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "16-1) террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы – терроризм актісін жасауға кедергі келтіретін, сондай-ақ ол жасалған жағдайда салдарларын барынша азайтуды және жоюды қамтамасыз ететін жағдайлардың болуын сипаттайтын террористік тұрғыдан осал объектінің жай-күйі;

      16-2) террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғау – объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық шаралар мен техникалық құралдар кешені;";

      2) 4-бапта:

      3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды, сондай-ақ террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортын бекітеді;";

      5-тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) террористік тұрғыдан осал объектілердің басшыларын террористік қатерлердің сипаты мен ерекшелігі туралы хабардар ету, терроризмге қарсы іс-қимыл мен терроризмге қарсы қорғалу жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, күзетілетін объектілерді қоспағанда, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризм актісінің жасалуына кедергі болуға, оның салдарларын терроризмге қарсы практикалық оқу-жаттығулар, жаттығулар мен эксперименттер өткізу жолымен барынша азайтуды және жоюды қамтамасыз етуге дайындығын бағалауды жүзеге асыру арқылы олардың терроризмге қарсы қорғалуы деңгейінің артуына ықпал етеді;";

      3) 7-бапта:

      1), 2), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары:

      Қазақстан Республикасының заңдарымен өздерінің қарауына жатқызылған террористік қылмыстарды анықтайды, олардың алдын алады, жолын кеседi және оларды тергеп-тексереді;

      террористік қатерлерді талдауды және болжауды жүзеге асырады;

      терроризмге қарсы операциялар жүргізуді ұйымдастырады;

      қарсы барлау іс-шаралары арқылы террористік әрекетке қарсы іс-қимылды жүзеге асырады;

      шет мемлекеттердің тиісті құзыретті органдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен ынтымақтасады;

      террористік және экстремистік ұйымдарға қарсы іс-қимыл саласында барлау қызметін жүзеге асырады;

      Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің және олардың персоналының террористік қатерлерден қорғалуын қамтамасыз етуге қатысады және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің терроризмге қарсы қорғалуының Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкестігін айқындайды;

      Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін олардың санаттарына сәйкес әзірлейді және бекітеді;

      2) Қазақстан Республикасының ішкi iстер органдары:

      Қазақстан Республикасының заңдарымен өздерінің қарауына жатқызылған террористік қылмыстарды анықтайды, олардың алдын алады, жолын кеседi және оларды тергеп-тексереді;

      терроризмге қарсы операцияларды жүргізуге қатысады;

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлімдері мен мекемелерін, Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының объектілерін, сондай-ақ күзетілетін объектілер мен Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін қоспағанда, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін бақылайды;

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлімдері мен мекемелерінің, Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдары объектілерінің паспорттарын, сондай-ақ күзетілетін объектілердің, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің паспорттарын қоспағанда, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу паспорттарын келіседі, есепке алуды, сақтауды және (немесе) жоюды жүргізеді;

      3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі:

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің, өзге де күзетілетін адамдардың және күзетілуге жататын объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, күзет іс-шараларын ұйымдастырады және жүргізеді;

      санаттарына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін бекітеді және терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру бойынша оларға қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;

      күзетілетін адамдардың болуына арналған, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын қосымша талаптарды белгілеуге құқылы;

      күзетілетін объектілердің терроризмге қарсы қорғалу паспорттарын келіседі, есепке алуды, сақтауды және (немесе) жоюды жүргізеді.

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының шешімі бойынша күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша терроризмге қарсы операциялар жүргізіледі;

      4) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі:

      терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезінде әуе, су және жер беті кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысады;

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің террористік тұрғыдан осал әскери бөлімдері мен мекемелерінің тізбесін олардың санаттарына сәйкес әзірлейді және бекітеді;

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің террористік тұрғыдан осал әскери бөлімдері мен мекемелерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастырады;";

      5) тармақша алып тасталсын;

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) сыртқы саясат саласындағы уәкілетті орган терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастық саласында Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытының іске асырылуын қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасының шет елдердегі террористік тұрғыдан осал мекемелерінің тізбесін олардың санаттарына сәйкес әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.";

      4) 10-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-2-бап. Террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғау

      1. Орталық мемлекеттік органдар, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар осы Заңның 4-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес айқындалатын, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптардың негізінде террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді және бекітеді.

      Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлеуге объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілер қатарына жатқызу өлшемшарттарына сәйкес келетін объектілердің болуы негіз болып табылады, бұл ретте объектілер:

      мемлекеттік органның ведомстволары, аумақтық бөлімшелері, олардың және мемлекеттік органның қарауындағы және басқа да ведомстволық бағынысты ұйымдар болып табылатын органдар, ұйымдар болып табылады, сондай-ақ мемлекеттік органның ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуінде болады;

      мемлекеттік орган іске асыратын саясат саласында (аясында) қызметті жүзеге асыру үшін арналған (пайдаланылады).

      Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының, ішкі істер органдарының объектілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлімдері мен мекемелері үшін әзірленетін нұсқаулықтарды қоспағанда, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтар:

      күзетілетін объектілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен;

      күзетілетін объектілер үшін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен;

      Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері үшін – сыртқы барлау субъектілерімен келісіледі.

      2. Террористік тұрғыдан осал объектілерді қорғау мақсатында террористік тұрғыдан осал нақты объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жай-күйі туралы ақпарат қолжетімділігі шектеулі ақпарат болып табылады. Шектеуге жататын ақпарат түрлері осы Заңның 4-бабы 3-тармағының 4) тармақшасы негізінде әзірленетін нормативтік құқықтық актілерде айқындалады.";

      5) 10-3-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-3-бап. Террористік тұрғыдан осал объектілер меншік иелерінің, иеленушілерінің, басшыларының немесе өзге де лауазымды адамдарының, террористік тұрғыдан осал объектілер бойынша күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектілерінің міндеттері";

      1-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Террористік тұрғыдан осал объектілердің меншік иелері, иеленушілері, басшылары немесе өзге де лауазымды адамдары олардың терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында осы Заңның 4-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарға және осы Заңның 10-2-бабының 1-тармағында көзделген, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес:";

      2), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) үлгілік паспорттың негізінде – террористік тұрғыдан осал объектінің терроризмге қарсы қорғалуы паспортын әзірлеу;

      3) террористік тұрғыдан осал объектілердің персоналымен олардың терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бойынша профилактикалық және оқу-жаттығу іс-шараларын ұйымдастыру;

      4) уәкілетті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтармен терроризм актілеріне ден қою, сондай-ақ жасалған терроризм актісі салдарынан туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою мәселелері бойынша бірлескен іс-қимылдарды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде қатысу жөніндегі іс-шараларды іске асыруға міндетті.";

      5) тармақша алып тасталсын;

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Терроризм актісі жасалған жағдайда террористік тұрғыдан осал объектілердің меншік иелері, басшылары немесе өзге де лауазымды адамдары жасалған терроризм актісі туралы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына немесе ішкі істер органдарына дереу хабарлауға және персоналды эвакуациялауды қамтамасыз етуге міндетті.";

      1-1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1. Террористік тұрғыдан осал объектілер бойынша күзет қызметтерін көрсету туралы шарттар жасасқан күзет қызметі субъектілері тиісті өткізу режимін қамтамасыз ету, өз персоналымен оқу-жаттығу іс-шараларын ұйымдастыру, техникалық қорғау құралдарын тиісінше пайдалану жөніндегі міндеттерді осы Заңның 4-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарға және осы Заңның 10-2-бабының 1-тармағында көзделген, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес орындайды.

      2. Тиісті іс-шараларды іске асыру мақсатында террористік тұрғыдан осал объектілердің меншік иелері, иеленушілері, басшылары немесе өзге де лауазымды адамдары қажетті қаржыландыруды көздеуге міндетті.

      3. Террористік тұрғыдан осал объектілердің меншік иелерінің, иеленушілерінің, басшыларының немесе өзге де лауазымды адамдарының, сондай-ақ террористік тұрғыдан осал объектілер бойынша күзет қызметтерін көрсету туралы шарттар жасасқан күзет қызметі субъектілерінің осы бапта көзделген міндеттерді орындамауы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа алып келеді.";

      6) 23-1 және 23-2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "23-1-бап. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бөлігіндегі талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау

      1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлімдері мен мекемелерін, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының, ішкі істер органдарының объектілерін, сондай-ақ күзетілетін объектілер мен Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін қоспағанда, бақылау субъектілерінің Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бөлігіндегі талаптарын сақтауы мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылады.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлімдері мен мекемелерінің, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары, ішкі істер органдары объектілерінің, сондай-ақ күзетілетін объектілер мен Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін бақылауды қоспағанда, мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлері тексеру нысанында жүзеге асырады.

      3. Тексеру жүргізу тәртібі осы Заңның 23-2-бабында айқындалады.

      4. Террористік тұрғыдан осал, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлімдері мен мекемелерінің, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары, ішкі істер органдары объектілерінің, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін бақылау тиісті мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

      Күзетілетін объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

      23-2-бап. Тексеру жүргізу тәртібі

      1. Бақылау субъектілерін (объектілерін) тексеруді Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары бақылау субъектісінің (объектісінің) жұмыс уақытында мерзімділік негізде және жоспардан тыс жүргізеді.

      2. Мерзімділік негіздегі тексеру бақылау объектісіне бару арқылы екі жылда бір рет жүргізіледі.

      3. Жоспардан тыс тексеру бақылау объектісіне бару арқылы:

      1) анықталған бұзушылықтарды жою туралы берілген нұсқамалардың орындалуын бақылау;

      2) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, өңірлерінің немесе елді мекендерінің аумағында террористік қауіптілік деңгейін енгізу кезінде республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы басшысының шешімі;

      3) террористік тұрғыдан осал объектілерде терроризм актісінің ықтимал қатерлері туралы ақпарат келіп түскен жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың терроризмге қарсы комиссиясы төрағасының шешімі негізінде жүзеге асырылады.

      4. Осы баптың 3-тармағы 1) тармақшасының негізінде жүзеге асырылатын жоспардан тыс тексеруді Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жоспардан тыс тексеру тағайындауға негіз болған фактілер мен мән-жайларды тексеру мақсатында және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген бұзушылықтарды жою мерзімі аяқталғаннан кейін отыз жұмыс күнінен кешіктірмей тағайындайды.

      5. Жоспардан тыс тексеру жүргізілгеннен кейін мерзімділік негіздегі тексеру анықталған бұзушылықтар жойылған жағдайда, жоспардан тыс тексеру аяқталған күннен бастап екі жыл өткен соң тағайындалады.

      6. Тексеру бақылау субъектісін алдын ала хабардар етпестен, тексеру тағайындау туралы актінің негізінде жүргізіледі.

      7. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкері (қызметкерлері) террорирстік тұрғыдан осал объектілерді тексеру кезінде:

      1) тексеру тағайындау туралы актіні;

      2) қызметтік куәлікті көрсетуге міндетті.

      8. Тексеру жүргізу мерзімі алдағы жұмыстардың көлемі, алға қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және жеті жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      9. Тексеру жүргізу мерзімін Қазақстан Республикасы ішкі істер органының басшысы немесе оны алмастыратын адам күрделі және (немесе) ұзақ мерзімді сараптамалар жүргізу қажет болған жағдайда ғана тек бір рет ұзартуы мүмкін. Тексеруді ұзарту мерзімі сараптама нәтижелері алынған күннен бастап үш жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      Тексеру жүргізу мерзімін ұзарту бақылау субъектісін не оның уәкілетті адамын міндетті түрде хабардар ете отырып, тексеруді ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді. Тексеруді ұзарту туралы қосымша актіде тексеру тағайындау туралы алдыңғы актінің нөмірі мен тіркелген күні және ұзарту себебі көрсетіледі.

      Тексеру мерзімін ұзарту туралы хабарламаны Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкері (қызметкерлері) ұзартылғанға дейін кемінде бір жұмыс күні бұрын табыс етеді.

      10. Тексеру тағайындау туралы акт бақылау субъектісіне не оның уәкілетті адамына табыс етілген күн тексеру жүргізудің басталғаны болып есептеледі.

      11. Тексеру тағайындау туралы актіде:

      1) актінің нөмірі мен күні;

      2) Қазақстан Республикасы ішкі істер органы бөлімшесінің атауы;

      3) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген қызметкерінің (қызметкерлерінің) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;

      4) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тексеру жүргізуге тартылатын мамандары, консультанттары және сарапшылары туралы мәліметтер;

      5) бақылау субъектісінің атауы (заңды тұлғаның немесе оның филиалының және (немесе) өкілдігінің атауы) немесе өзіне қатысты тексеру жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), бақылау субъектісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі;

      6) тұрған жері көрсетілген бақылау объектісінің атауы;

      7) тексеру жүргізу нысанасы, оның ішінде міндетті талаптары тексерілуге жататын нормативтік құқықтық актілер;

      8) тексеру жүргізу мерзімі;

      9) тексеру жүргізудің құқықтық негіздері;

      10) бақылау субъектісінің осы Заңның 23-5-бабында көзделген құқықтары мен міндеттері;

      11) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының актіге қол қоюға уәкілеттік берілген қызметкерінің (қызметкерлерінің) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), Қазақстан Республикасы ішкі істер органының мөрі;

      12) бақылау субъектісінің (заңды тұлға басшысының, жеке тұлғаның) немесе уәкілетті адамның тексеру тағайындау туралы актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы көрсетіледі.

      12. Тексеру тағайындау туралы акт, тексеруді ұзарту туралы қосымша акт Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тексеру тағайындаған бөлімшелеріндегі тексерулерді тіркеу журналында тіркеледі.

      Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкері тексеру тағайындау туралы актіні тексеру басталғаннан кейінгі келесі жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркейді, тексеруді ұзарту туралы қосымша актіні бақылау субъектісі немесе оның уәкілетті адамы тексеруді ұзарту туралы хабардар етілгеннен кейінгі келесі жұмыс күні ішінде тіркейді.

      13. Тексеру тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартылған не Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерінің (қызметкерлерінің) бақылау объектісіне кіруіне кедергі келтірілген, тексеру жүргізу үшін қажетті материалдар мен мәліметтер ұсынылмаған жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шаралар қабылданады.

      14. Қазақстан Республикасы ішкі істер органының тексеруді жүзеге асыратын қызметкері (қызметкерлері) тексеру нәтижелері бойынша екі данада:

      1) тексеру нәтижелері туралы акт;

      2) бұзушылықтар анықталған жағдайларда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасайды.

      15. Тексеру нәтижелері туралы актіде:

      1) актінің нөмірі, жасалған күні, уақыты және орны;

      2) Қазақстан Республикасы ішкі істер органы бөлімшесінің атауы;

      3) тексеру жүргізуге негіз болған тексеру тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;

      4) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тексеру жүргізген қызметкерінің (қызметкерлерінің) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;

      5) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тексеру жүргізуге тартылатын мамандары, консультанттары және сарапшылары туралы мәліметтер;

      6) бақылау субъектісінің атауы (заңды тұлғаның немесе оның филиалының және (немесе) өкілдігінің атауы) немесе өзіне қатысты тексеру жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), уәкілетті адамның лауазымы (болған кезде);

      7) тұрған жері көрсетілген бақылау объектісінің атауы;

      8) тексерудің жүргізілген күні, орны және кезеңі;

      9) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәліметтер;

      10) бақылау субъектісінің немесе бақылау субъектісі уәкілетті адамының тексеру нәтижелері туралы актімен танысқаны туралы немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы, сондай-ақ жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша ескертпелердің және (немесе) қарсылықтардың бар-жоғы туралы белгі;

      11) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тексеру жүргізген қызметкерінің (қызметкерлерінің) қолтаңбасы көрсетіледі.

      16. Тексеру тағайындау туралы актіде не тексеруді ұзарту туралы қосымша актіде көрсетілген, тексеруді аяқтау мерзімінен кешіктірілмей тексеру нәтижелері туралы актінің екінші данасын бақылау субъектісіне немесе оның уәкілетті адамына табыс еткен күн тексеру мерзімінің аяқталғаны болып есептеледі.

      17. Тексеру жүргізу кезінде бұзушылықтар болмаған жағдайда, тексеру нәтижелері туралы актіде тиісті жазба жасалады.

      18. Бұзушылықтар анықталған жағдайларда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама тексеру аяқталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде табыс етіледі.

      19. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада:

      1) нұсқаманың жасалған күні, уақыты және орны;

      2) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тексеру жүргізген қызметкерінің (қызметкерлерінің) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;

      3) бақылау субъектісінің атауы (заңды тұлғаның немесе оның филиалының және (немесе) өкілдігінің атауы) немесе өзіне қатысты тексеру жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тексеру жүргізу кезінде қатысқан уәкілетті адамның лауазымы (болған кезде);

      4) тұрған жері көрсетілген бақылау объектісінің атауы;

      5) тексеру нәтижелері туралы актінің нөмірі мен күні;

      6) анықталған бұзушылықтардың тізбесі және анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі көрсетіле отырып, оларды жою туралы талаптар;

      7) бақылау субъектісінің немесе оның уәкілетті адамының анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамамен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы;

      8) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тексеру жүргізген қызметкерінің (қызметкерлерінің) қолтаңбасы көрсетіледі.

      20. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне ықпал ететін мән-жайлар ескеріле отырып айқындалады, бірақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кем болмайды және он екі айдан аспайды.

      Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін айқындау кезінде:

      1) бақылау субъектісінде бұзушылықтарды жою бойынша ұйымдастырушылық, техникалық мүмкіндіктерінің бар-жоғы;

      2) инженерлік-техникалық қорғау құралдарының техникалық жай-күйінің ерекшеліктері;

      3) мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан міндетті қорытындыларды, келісулерді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да құжаттарды алу мерзімдері;

      4) бюджеттік жоспарлау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес ресімделген растаушы құжаттар болған кезде, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға мемлекеттік бюджеттен ақша түсімдерінің уақтылы, толық бөлінуі немесе болмауы ескеріледі.

      21. Осы баптың 20-тармағының 3) және 4) тармақшаларымен байланысты мән-жайларды қоспағанда, егер тексеру жүргізу нәтижесінде бақылау субъектісінің осы Заңда және терроризмге қарсы іс-қимыл туралы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген міндеттерді террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бөлігінде орындамау және (немесе) тиісінше орындамау фактілері анықталған болса, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкері (қызметкерлері) өкілеттіктері шегінде бақылау субъектісін Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

      22. Тексеру нәтижелері бойынша ескертпелер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, бақылау субъектісі оларды жазбаша түрде баяндайды. Ескертпелер және (немесе) қарсылықтар тексеру нәтижелері туралы актіге қоса беріледі, ол туралы тиісті белгі жасалады.

      23. Тексеру нәтижелері туралы актіге және (немесе) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға Қазақстан Республикасының ішкі істер органының жоғары тұрған бөлімшесіне не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасалуы мүмкін.

      24. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының жоғары тұрған бөлімшесі не сот жарамсыз деп таныған, тексеру нәтижелері туралы акт және (немесе) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау субъектісінің Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бөлігіндегі талаптарын бұзғанының дәлелі болып табылмайды.

      25. Тексеруді ұйымдастыру мен жүргізуге қойылатын талаптарды өрескел бұзуға:

      1) тексеру жүргізу негіздерінің болмауы;

      2) тексеру тағайындау туралы актінің болмауы;

      3) Қазақстан Республикасы ішкі істер органының құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша тексерулер тағайындау;

      4) осы бапта көзделген тексеру жүргізу мерзімін бұзу жатады.";

      7) 23-3-бап алып тасталсын;

      8) мынадай мазмұндағы 23-4 және 23-5-баптармен толықтырылсын:

      "23-4-бап. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің тексеру жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері

      1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерінің (қызметкерлерінің) тексеру жүргізу кезінде:

      1) осы Заңның 23-2-бабының 7-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсеткен кезде бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;

      2) қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде материалдар мен мәліметтерді не олардың көшірмелерін тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін алуға, сондай-ақ тексеру нысанасына сәйкес инженерлік-техникалық қорғау құралдарына, ақпараттық жүйелер мен автоматтандырылған дерекқорға қолжетімділік алуға;

      3) бақылау объектісінің бағытына сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мамандарын, консультанттарын және сарапшыларын тиісті мемлекеттік органдармен келісу бойынша тартуға;

      4) аудио-, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыруға құқығы бар.

      2. Тексеру жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкері (қызметкерлері):

      1) террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бөлігінде Қазақстан Республикасы терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында белгіленбеген талаптардың орындалуын тексеруге;

      2) егер материалдар мен мәліметтер тексеру нысанасына жатпаса, оларды ұсынуды талап етуге;

      3) инженерлік-техникалық қорғау құралдарын (олардың элементтерін, ақпарат жеткізгіштерді) алып қою туралы хаттама ресімдемей алып қоюға;

      4) тексеру жүргізудің белгіленген мерзімін асыруға;

      5) тексеру нысанасына сәйкес бақылау субъектісі есебінен шығындық сипаттағы іс-шараларды жүргізуге;

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргізу нәтижесінде алынған, коммерциялық, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етуге және (немесе) таратуға құқылы емес.

      3. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкері (қызметкерлері) тексеру жүргізу кезінде:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, бақылау субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;

      2) тексеруді осы Заңда айқындалатын негіздерде және тәртіпке сәйкес жүргізуге;

      3) тексеру жүргізу кезеңінде бақылау субъектісінің (объектісінің) белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;

      4) бақылау субъектісіне немесе оның уәкілетті адамына тексеру жүргізу кезінде қатысуына кедергі келтірмеуге, тексеру нысанасына жататын мәселелер бойынша түсіндірме беруге;

      5) тексеру жүргізу кезінде оның нысанасына жататын қажетті ақпаратты бақылау субъектісіне беруге;

      6) тексеру жүргізу нәтижесінде алынған материалдар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.";

      23-5-бап. Бақылау субъектісінің немесе оның уәкілетті адамының тексеру жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері

      1. Тексеруді жүзеге асыру кезінде бақылау субъектісі немесе оның уәкілетті адамы:

      1) бақылау объектісіне тексеру жүргізу үшін келген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерін (қызметкерлерін) мынадай:

      осы Заңның 23-2-бабының 7-тармағында көзделген құжаттар болмаған;

      тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген тексеру мерзімі өткен не тексеру ұзартылған жағдайда тексеруді ұзарту туралы қосымша актіде көрсетілген мерзім өткен жағдайларда, жібермеуге;

      2) егер материалдар мен мәліметтер тексеру нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға;

      3) тексеру тағайындау туралы актіге, тексеру нәтижесі туралы актіге, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерінің (қызметкерлерінің) әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен шағым жасауға;

      4) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерінің (қызметкерлерінің) бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін шектейтін, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген талаптарын орындамауға;

      5) тексеруді жүзеге асыру процесін, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерінің (қызметкерлерінің), мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тартылатын мамандарының, консультанттарының және сарапшыларының жекелеген әрекеттерін олардың қызметіне кедергі жасамай, алынған ақпаратты, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және Интернетте еркін тарату құқығынсыз аудио және фото-, бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеуге;

      6) өз құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру мақсатында жүргізілетін тексеруге үшінші тұлғаларды тартуға құқылы.

      2. Тексеру жүргізу кезінде бақылау субъектісі немесе оның уәкілетті адамы:

      1) бақылау субъекітісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына осы Заңның 23-2-бабының 7-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсеткен кезде Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерінің (қызметкерлерінің), сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тексеру жүргізуге тартылатын мамандарының, консультанттарының және сарапшыларының кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;

      2) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тексеру жүргізу үшін келген қызметкерінің (қызметкерлерінің), сондай-ақ тексеру жүргізуге тартылатын мамандардың, консультанттардың және сарапшылардың осы объект үшін белгіленген нормативтерге сәйкес зиянды және қауіпті өндірістік әсер ету факторларынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;

      3) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкеріне (қызметкерлеріне) қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде материалдар мен мәліметтерді не олардың көшірмелерін тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қоса тіркеу үшін ұсынуға, сондай-ақ террористік тұрғыдан осал объектілердің инженерлік-техникалық қорғау құралдарына, оның ішінде ақпараттық жүйелерге және автоматтандырылған дерекқорға тексеру нысанасына сәйкес қолжетімділік беруге;

      4) тексеру тағайындау туралы актінің екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға;

      5) тексеру аяқталған күні тексеру нәтижелері туралы актінің екінші данасына және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы алған кезде оның екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға;

      6) тексеру жүргізу кезеңінде тексеру нысанасына жататын материалдарға өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ инженерлік-техникалық құралдардың, ақпараттық жүйелер мен автоматтандырылған дерекқордың конфигурациясына және сипаттамасына өзгерістер енгізуге жол бермеуге;

      7) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындауға міндетті.".

      9. "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 17, 136-құжат; № 23, 179-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 11, 63, 67-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 20-І, 110-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 23-І, 166-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 36-құжат; № 13, 41-құжат; № 15, 47-құжат; № 16, 53-құжат; 2019 ж., № 23, 103-құжат):

      20-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізілген тұлға коммерциялық емес ұйымның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.".

      10. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 103-құжат; № 21-І, 121, 124, 125-құжаттар; № 21-ІІ, 130, 132-құжаттар; № 22-І, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-І, 47, 49-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 8, 16-құжат; № 13, 45-құжат; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 72-құжат; № 22, 83-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-I, 119-құжат):

      27-баптың 1-тармағының 26-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелерін, Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының объектілерін, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-3-бабында көрсетілген күзетілетін объектілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарымен және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарымен келісу бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті аумағында орналасқан, террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін әзірлейді және бекітеді және объектілердің меншік иелерін, иеленушілерін, басшыларын немесе өзге де лауазымды адамдарын осы объектілердің тізбеге енгізілгені туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді;".

      11. "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 19-І, 100-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 17-құжат; № 11, 29-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат; № 21-22, 90-құжат):

      19-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) сот шешімі бойынша тәркіленген және (немесе) өндіріп алынған кемені қоспағанда, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізілген тұлға мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiшпен жүгінген;".

      12. "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 176-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 23, 178-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 14, 50-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      12-баптың 3-тармағының 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты тәркіленген мүлік сомаларын, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған, Қазақстан Республикасына қайтарылуға жататын және қайтарылған сомаларды;".

      13. "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 8-II, 68-құжат; № 24, 124-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) Кәсіби бухгалтерлердің әдеп кодексі (бұдан әрі – Әдеп кодексі) – кәсіби бухгалтерлердің, бухгалтерлік және кәсіби ұйымдардың кәсіптік қызметін жүзеге асыруы кезіндегі мінез-құлқының әдеп қағидаларының жинағы;";

      2) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-бап. Халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттары және Әдеп кодексі

      1. Қаржылық есептілікті жасауды ұйымдар халықаралық стандарттар мен шағын және орта бизнеске арналған халықаралық стандартқа сәйкес жүзеге асырады.

      2. Халықаралық стандарттар мен шағын және орта бизнеске арналған халықаралық стандартты Қазақстан Республикасында оларды ресми аударуға және (немесе) жариялауға Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары қорының жазбаша рұқсаты бар ұйым қазақ және орыс тілдерінде жариялауы мүмкін.

      Кәсіби бухгалтерлер, бухгалтерлік және кәсіби ұйымдар өз қызметін Әдеп кодексіне сәйкес жүзеге асырады. Әдеп кодексін Қазақстан Республикасында оны ресми аударуға және (немесе) жариялауға Халықаралық бухгалтерлер федерациясының жазбаша рұқсаты бар ұйым қазақ және орыс тілдерінде жариялауы мүмкін.";

      3) 21-бапта:

      5-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтауға;".

      14. "Экспорттық бақылау туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 132-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 56-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат):

      16-баптың 2, 3, 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары және қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган уәкілетті органнан, Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің басқа да мемлекеттік органдарынан және шет мемлекеттердің органдарынан, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан (мәлімдеушілерден) экспорттық бақылау саласына қатысты қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратуға және алуға құқылы.

      3. Экспорттық бақылау саласындағы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлімдеушілер) берген құжаттар мен ақпарат тек экспорттық бақылау мақсатында ғана пайдаланылады.

      Экспорттық бақылау саласындағы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан (мәлімдеушілерден) алынған құжаттар мен ақпаратты қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган тек қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратудың және оны қаржыландырудың алдын алуға, оған кедергі келтіруге және тоқтатуға қарсы іс-қимыл мақсатында ғана пайдаланады.

      4. Мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын құжаттар мен ақпарат, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға (мәлімдеушілерге) қатысты, экспорттық бақылау саласындағы құпия ақпаратты қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның, уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарының лауазымды адамдарының қызметтік емес мақсаттарда жария етуіне, пайдалануына болмайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды мемлекеттік органдарға және үшінші тұлғаларға беруге болмайды.

      5. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлімдеушілер) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның, уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарының талап етуі бойынша аталған органдардың осы Заңда көзделген міндеттер мен функцияларды орындауы үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты беруге міндетті.".

      15. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 18, 42-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 95-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат):

      31-баптың 1-тармағының 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1) сот шешімі бойынша тәркіленген және (немесе) өндіріп алынған жылжымайтын мүлікті қоспағанда, егер өтініш беруші жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізілсе;".

      16. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 19, 87-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 22-І, 140-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат):

      1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Заң қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздерін, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы қаржы мониторингі субъектілерінің, уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының құқықтық қатынастарын, сондай-ақ терроризмнің және терроризмді қаржыландырудың алдын алуға және оны болғызбауға және жаппай қырып-жою қаруын таратудың және оны қаржыландырудың алдын алуға, оған кедергі келтіруге және тоқтатуға қатысты нысаналы қаржылық санкцияларды іске асыру тетіктерін айқындайды.";

      2) 1-бапта:

      2-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою – қаржы мониторингі субъектілері мен мемлекеттік органдар ақшаның және (немесе) өзге мүліктің берілуін, қайта өзгертілуін, иеліктен шығарылуын немесе орын ауыстыруын тоқтата тұру бойынша қабылдайтын шаралар;";

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) заң мәселелері жөніндегі тәуелсіз маман – заң қызметтерін дербес өзі, сондай-ақ серіктес немесе заң көмегін көрсететін кәсіпкерлік субъектісімен еңбек шарты негізінде жұмыскер ретінде көрсететін жеке тұлға;";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) қаржы мониторингiне жататын операциялар – қаржы мониторингі субъектісі клиентінің осы Заңға сәйкес оларға қатысты қаржы мониторингі белгіленген ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялары;";

      мынадай мазмұндағы 11-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-2) нысаналы қаржылық санкциялар – осы Заңға және Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің терроризмнің және терроризмді қаржыландырдың алдын алуға және оны болғызбауға және жаппай қырып-жою қаруын таратудың және оны қаржыландырудың алдын алуға, оған кедергі келтіруге және тоқтатуға жататын қарарларына сәйкес қаржы монторингі субъектілері мен мемлекеттік органдар қабылдайтын, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөніндегі шаралар;";

      13) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) уәкiлеттi орган – осы Заңға сәйкес қаржы мониторингiн жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмдi қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын мемлекеттiк орган;";

      "15) шет мемлекеттің құзыретті органы – шет мемлекеттің өз заңнамасына сәйкес ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты жинауды, өңдеуді, талдауды және пайдалануды жүзеге асыратын органы;";

      3) 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың), терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың алдын алу";

      4) 3-баптың 1-тармағында:

      7) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) адвокаттар, заң консультанттары және заң мәселелері бойынша басқа да тәуелсіз мамандар мынадай қызметтерге:";

      18) тармақшадағы "қоры жатады." деген сөздер "қоры;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:

      "19) "Астана" халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – АХҚО) аумағында Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарына сәйкес АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайтын жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушылары жатады.";

      5) 4-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция:

      1) егер операция сомасы 3 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса және осы операция өзінің сипаты бойынша мынадай операция түрлерінің біріне жататын болса:

      бәс тiгу, ойын мекемелерiндегi құмар ойындар мен лотерея өткiзу нәтижелерi бойынша қолма-қол ақша нысанында ұтысты алу, оның iшiнде электрондық нысанда алу;

      ломбардтардың ақшамен, бағалы қағаздармен, бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен және өзге де құндылықтармен (бағалы металдардан жасалған ұлттық валюта монеталарынан басқа) операцияларды қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жасауы;

      2) егер операция сомасы 5 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса не 5 000 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомаға тең немесе одан асатын болса және осы операция өзінің сипаты бойынша мынадай операция түрлерінің біріне жататын болса:

      анонимді иеленушіге ашылған шоттарға (салымдарға) шетелге ақшаны аудару, анонимді иеленушіге ашылған шоттан (салымнан) шетелден қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда ақшаның түсуі;

      бағалы металдарды және асыл тастарды, олардан жасалған зергерлік бұйымдарды қолма-қол ақша нысанында сатып алу-сату;

      оффшорлық аймақта тиісінше тіркелген, тұрғылықты жері немесе тұрған жері бар, сол сияқты оффшорлық аймақта тіркелген банкте шоты бар жеке немесе заңды тұлға жүзеге асыратын, ақшаны клиенттің банктік шотына есепке жатқызу немесе аудару не клиенттің көрсетілген санаттағы тұлғалармен ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысандағы операциялары;

      3) егер операция сомасы 7 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса не 7 000 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомаға тең немесе одан асатын болса, ал осы операция өзінің сипаты бойынша мынадай операция түрлерінің біріне жататын болса:

      өтеусіз негізде басқа тұлғаның пайдасына қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда клиент жүзеге асыратын төлемдер мен ақша аударымдары;

      ұйымдастырылған нарықтағы ашық сауда-саттық әдісімен репо операцияларын қоспағанда, акциялармен және пайлық инвестициялық қорлардың пайларымен қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысандағы мәмілелер;

      4) егер операция сомасы 10 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса не 10 000 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомаға тең немесе одан асатын болса және осы операция өзінің сипаты бойынша мынадай операция түрлерінің біріне жататын болса:

      айырбастау пункттері арқылы қолма-қол ақша нысанында шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау;

      осы тармақшаның бесінші және алтыншы абзацтарында көзделген қолма-қол ақша нысанындағы жағдайларды қоспағанда, ақшаны клиенттің банктік шотынан алу немесе банктік шотына есепке жатқызу, сол сияқты клиенттен қолма-қол ақшаны қабылдау не клиентке беру;

      мемлекеттік тіркеу кезінен бастап үш айдан аз уақыт өткен заңды тұлғалар қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жасайтын операциялар;

      сақтандыру төлемін жүзеге асыру немесе сақтандыру сыйлықақысын қолма-қол ақша нысанында алу;

      қолма-қол ақша нысанында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ерікті зейнетақы жарналарын енгізу, аудару, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру;

      қызмет көрсету, оның ішінде сейф жәшіктерін, шкафтар мен үй-жайларды жалға беру жөніндегі сейфтік операцияларды қоспағанда, мердігерлік, тасымалдау, көлік экспедициясы, сақтау, комиссиялар, мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі қолма-қол ақша нысанындағы мәмілелер;

      чек немесе вексель бойынша қолма-қол нысанында ақша алу;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, банктер мен Ұлттық пошта операторы жүзеге асыратын әкелуді немесе әкетуді қоспағанда, қолма-қол валютаны, талап етушіге арналған құжаттандырылған бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді Қазақстан Республикасына әкелу не Қазақстан Республикасынан әкету;

      5) егер операция сомасы 45 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса не 45 000 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомаға тең немесе одан асатын болса және осы операция өзінің сипаты бойынша мынадай операция түрлерінің біріне жататын болса:

      қаржы лизингінің шарты бойынша мүлікті қолма-қол ақша нысанында алу немесе беру;

      ұйымдастырылған нарықтағы ашық сауда-саттық әдісімен репо операцияларын қоспағанда, облигациялармен және мемлекеттік бағалы қағаздармен қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысандағы мәмілелер;

      мәдени құндылықтарды қолма-қол ақша нысанында сатып алу (сату), мәдени құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу не Қазақстан Республикасынан әкету;

      6) егер операция сомасы 50 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса не 50 000 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомаға тең немесе одан асатын болса және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің облигациялық қарыздары шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру бағдарламалары бойынша қарыз алған клиент қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жасайтын болса;

      7) егер шетел валютасындағы операция сомасы баламасында 100 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса және осы операция өзінің сипаты бойынша ақшаны қолма-қол ақшасыз нысанда клиенттің банктік шотынан немесе банктік шотына аударуға және трансшекаралық төлемге жататын болса;

      8) егер операция сомасы 200 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса не 200 000 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомаға тең немесе одан асатын болса, ал осы операция өзінің сипаты бойынша жасау нәтижесі осындай мүлікке меншік құқығының ауысуы болып табылатын жылжымайтын мүлікпен мәмілеге қатысты болса, қаржы мониторингіне жатады.

      Егер ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция шетел валютасымен жүзеге асырылса, оның теңгеге балама сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған, осындай операция жасалған күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша есептеледі.";

      2-тармақ алып тасталсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Күдікті операциялар, олардың жүзеге асырылу нысанына және олар жасалған не жасалынатын немесе жасалуы мүмкін сомасына қарамастан, қаржы мониторингіне жатады.

      Қаржы мониторингі субъектісінің ішкі бақылау қағидаларын іске асыру бағдарламаларына сәйкес немесе осы баптың 4-тармағында көрсетілген негіздер бойынша операцияларды зерделеу нәтижесінде қаржы мониторингі субъектісінде клиенттің операциялары қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және (немесе) терроризмді қаржыландырумен байланысты деп пайымдауға негіздер бар болса, операциялар күдікті деп танылады.";

      4-тармақтың екінші бөлігіндегі "тізбе уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады" деген сөздер "оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтың екінші бөлігіндегі "уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында" деген сөздер "өзінің интернет-ресурсында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 5-бапта:

      2-тармақтың 2) тармақшасындағы "жүзеге асырылған;" деген сөздер "жүзеге асырылған жағдайларда клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеруді жүзеге асырады." деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақшасы алып тасталсын;

      3-1-тармақта:

      1) тармақша мынадай мазмұндағы сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтармен толықтырылсын:

      "клиент күдікті операция жасаған жағдайларды қоспағанда, клиент – жеке тұлға бағалы металдардан және асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды бөлшек саудада сатып алу бойынша операцияларды жүзеге асырған кезде, егер осындай операция сомасы 500 000 теңгеден не 500 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомадан аспаса;

      клиент күдікті операция жасаған жағдайларды қоспағанда, клиент – жеке тұлға айырбастау пункттері арқылы құйма түрінде аффинирленген алтынды сатып алу бойынша операцияларды жүзеге асырған кезде, егер осындай операция сомасы 500 000 теңгеден аспаса;

      клиент күдікті операция жасаған жағдайларды қоспағанда, клиент – жеке тұлға сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеу жөніндегі операцияларды жүзеге асырған кезде, егер осындай операция сомасы 100 000 теңгеден не 100 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомадан аспаса;";

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) клиент күдікті операция жасаған жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бағалы қағаздарын сатып алу мақсаттары үшін жеке тұлғаларға бағалы қағаздардың орталық депозитарий жүйесінде шот ашу кезінде, егер осындай бағалы қағаздармен жасалатын операция сомасы 500 000 теңгеден не 500 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомадан аспаса;";

      5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қаржы мониторингі субъектісі клиенттен (оның өкілінен) клиентті (оның өкілін) сәйкестендіру, бенефициарлық меншік иесін анықтау үшін қажетті немесе жеткілікті мәліметтер мен құжаттарды ұсынуын, сондай-ақ салықтық резиденттілігі, қызметінің түрі және жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді ұсынуын талап етуге құқылы.";

      7-тармақтың төртінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) қызмет түрі және жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтер алу;";

      9-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қаржы мониторингі субъектілеріне іскерлік қатынастарды қашықтықтан орнатуға, егер:

      1) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі террористік әрекетке қатысы бар тұлғалардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген тұлға болып табылса;

      2) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі өздеріне қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес халықаралық санкциялар қолданылатын белгіленген тұлға немесе ұйым болып табылса;

      3) клиент сақтандыру ұйымдарының сақтандыру сыйақысы және (немесе) сақтандыру төлемдері банктік шоттар арқылы жүзеге асырылатын электрондық нысандағы сақтандыру шарттарын жасасуын қоспағанда, осы баптың 7-тармағына және ішкі бақылау қағидаларына сәйкес тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын қолдануды талап ететін тәуекел деңгейі берілген тұлға болып табылса, тыйым салынады.";

      мынадай мазмұндағы 10 және 11-тармақтарпен толықтырылсын:

      "10. Қаржы мониторингі субъектілері клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру шеңберінде Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген, тұрғылықты жері немесе тұрған жері бар тұлғаларға қатысты:

      1) клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын жүргізу;

      2) қаржы ұйымдарымен корреспонденттік қатынастарды қайта қарау немесе қажеттілігіне қарай бұзу бойынша қосымша шаралар қолдануға міндетті.

      Осы баптың 6 және 8-тармағында көзделген, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөніндегі шараларды қаржы мониторингі субъектілері Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген, тұрғылықты жері немесе тұрған жері бар тұлғамен іскерлік қатынастар орнатқан жағдайда қолданбайды.

      11. Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 19) тармақшасында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілерімен іскерлік қатынастар қашықтықтан орнатылған жағдайда клиенттерді тиісінше тексеруге қойылатын талаптарды АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті уәкілетті органмен келісу бойынша белгілейді.";

      7) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-бап. Клиентпен іскерлік қатынастар орнатқан жағдайда қаржы мониторингі субъектілерінің клиентті тиісінше тексеруі

      Қаржы мониторингі субъектілері, осы Заңның 5-бабының 3-1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды клиенттермен іскерлік қатынастар орнатқанға дейін қабылдайды.";

      8) 7-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдер мен ақша аударымдарын, сондай-ақ осы Заңның 5-бабы 3-1-тармағының 1) тармақшасының екінші, үшінші және алтыншы абзацтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, клиенттердің нұсқаулары бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарын шетелдік қаржы ұйымының пайдасына жүзеге асыру кезінде банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар мыналарды:";

      9) 10-бапта:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қаржы мониторингі субъектілері қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты уәкілетті органға береді, оларда қаржы мониторингі субъектісі туралы ақпарат, операцияға қатысушылар туралы ақпаратты қоса алғанда, операция туралы ақпарат және қажеттігіне қарай күдікті операцияны айқындау белгісі, қаржы мониторингіне жататын операция жөнінде қосымша ақпарат қамтылады.

      Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру тәртібін және күдікті операцияны айқындау белгілерін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қаржы мониторингі субъектілерінің сақтауына өз құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен келісу бойынша айқындайды.

      Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты қаржы мониторингі субъектілері құжаттай тіркейді және уәкілетті органға бөлінген байланыс арналары арқылы қазақ немесе орыс тілінде электрондық тәсілмен береді.

      Қаржы мониторингі субъектілері қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты мынадай мерзімдерде:

      осы Заңның 4-бабының 1-тармағы бойынша жасалған күнінен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей;

      осы Заңның 4-бабының 3-тармағы бойынша осы Заңның 13-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімдерде;

      осы Заңның 4-бабының 5-тармағы бойынша клиенттің қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операциясы танылған және осындай танылу нәтижелері тіркелген күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

      3. Қаржы мониторингiне жататын операция туралы мәлiметтер мен ақпаратты:

      1) адвокаттар, заң консультанттары және заң мәселелері бойынша басқа да тәуелсіз мамандар, егер бұл мәлiметтер мен ақпарат анықтау, алдын ала тергеу органдарында, соттарда жеке және (немесе) заңды тұлғалардың атынан өкiлдiк ету және оларды қорғау мәселелерi бойынша заң көмегiн көрсетуге байланысты, сондай-ақ шешілуі кәсіптік заң білімін, талап арыздар, шағымдар және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттар жазуды талап ететін мәселелер бойынша олардың консультациялар, түсіндірулер, кеңестер және жазбаша қорытындылар түріндегі заң көмегін көрсетуі кезінде алынған болса;

      2) нотариустар ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен байланысты емес нотариаттық әрекеттерді жүзеге асырған кезде, сондай-ақ шешілуі кәсіптік заң білімін талап ететін мәселелер бойынша олардың консультациялар, түсіндірулер түрінде заң көмегін көрсетуі кезінде бермейді.";

      3-1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Заңның 18-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында және 19-1-бабының 2-тармағында көрсетілген мақсаттарда уәкілетті орган қаржы мониторингі субъектісіне қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруге сұрау салу жібереді.";

      мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:

      "3-2. Уәкілетті органнан Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін ақша аударымдары жүйесі арқылы жүргізілген халықаралық ақша аударымдары бойынша қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруге сұрау салуды алған кезде "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақша аударымдары жүйесінің операторымен жасалған шарт негізінде банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар тиісті сұрау салуды алған кезден бастап ақша аударымдары жүйесінің операторынан мынадай мәліметтер мен ақпаратты:

      1) ақшаны жөнелтушінің және алушының (бенефициардың) тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не толық немесе қысқартылған атауларын (заңды тұлғалар үшін);

      2) ақшаны жөнелтушінің және алушының (бенефициардың) жеке сәйкестендіру нөмірін (бар болса), туған күнін, туған жерін және жеке басты куәландыратын құжатының нөмірін сұратады.

      Ақша аударымдары жүйелерінің операторлары жасалған келісімге сәйкес банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға тиісті сұрау салу алынған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қажетті ақпарат пен мәліметтерді беруге міндетті.";

      10) 11-бапта:

      3-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қаржы мониторингі субъектілерін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында даярлау және оқыту бағдарламасын;";

      3-2-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 19) тармақшасында көзделген қаржы мониторингі субъектілері үшін уәкілетті органмен келісу бойынша АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті белгілейді.";

      4 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Клиенттің дерекнамасын, шот туралы мәліметтерді (банктер және шоттар ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйымдар үшін) және онымен хат-хабар алмасуды қоса алғанда, клиентті тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтер клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатқан күннен бастап кемiнде бес жыл қаржы мониторингi субъектiлерiнің сақтауына жатады.

      Қаржы мониторингіне жататын, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар және күдікті операциялар туралы құжаттар мен мәліметтер, сондай-ақ барлық күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды зерделеу нәтижелері операция жасалғаннан кейін кемінде бес жыл қаржы мониторингі субъектілерінің сақтауына жатады.

      Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген құжаттар мен мәліметтер валюта сомасы мен түрлерін қоса алғанда, клиенттің операцияларын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін ақпаратты қамтуға тиіс.";

      "8. Қаржы мониторингі субъектілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарды уәкiлеттi орган қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттiк органдармен келiсу бойынша бекiтеді.";

      11) 11-1-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау Қазақстан Республикасында кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың қатерлері мен мүмкіндіктерін айқындау, кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі шараларды іске асырудағы кемшіліктерді айқындау мақсатында жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 3, 4, 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:

      "3. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі шараларды әзірлеу, олардың тиімділігін арттыру, сондай-ақ кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды үйлестіру мақсатында уәкілетті орган Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңес құрады.

      Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңестің құрамына Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды осы Заңға сәйкес жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өкілдері келісу бойынша кіреді.

      Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңестің ережесі мен құрамын уәкілетті орган бекітеді.

      4. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңес мемлекеттік органдарға кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың тәуекелдерін төмендету бойынша ұсынымдар жіберуге және осындай ұсынымдардың іске асырылу нәтижелерін бағалауға құқылы.

      Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңес Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) шақыруларын қарайды және Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобы (ФАТФ) анықтаған, кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың тәуекелдерін төмендету жөніндегі шаралар туралы шешім қабылдайды.

      Уәкілетті орган Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобы (ФАТФ) анықтаған, кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың тәуекелдерін төмендету жөніндегі шаралар туралы шешімді қаржы мониторингі субъектілерінің назарына жеткізеді.

      5. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңес кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау жөніндегі есепті қарайды және мақұлдайды, сондай-ақ кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау жөніндегі есептен жариялануға жататын ақпаратты айқындайды.

      Уәкілетті орган тиісті мемлекеттік органдарға кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау жөніндегі есепті жібереді, сондай-ақ кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау жөніндегі есептен жариялануға жататын ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

      6. Қаржы мониторингі субъектілері ішкі бақылау қағидаларына енгізілген бағдарламаларды іске асыру кезінде кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау есебінен жарияланған ақпаратты есепке алады.

      Қаржы мониторингі субъектілері:

      1) кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау нәтижелерін бағалауға, айқындауға, құжаттық тіркеуге және жаңартуға;

      2) кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін басқару және кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендету жөніндегі бақылау шараларын, рәсімдерді әзірлеуге;

      3) өз клиенттерін кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелінің дәрежесін ескере отырып, сыныптауға міндетті.";

      12) 12-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-бап. Терроризмнің және терроризмді қаржыландырудың алдын алуға және оны болғызбауға қатысты нысаналы қаржылық санкциялар";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Уәкілетті орган терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасайды, өзінің интернет-ресурсында орналастырады және оны тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға электрондық түрде жібереді.

      2. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасау үшін уәкілетті органға:

      1) өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында және 5-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген ұйымдардың және (немесе) жеке тұлғалардың тізімдерін;

      2) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы баптың 4-тармағының 5) тармақшасында және 5-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың және (немесе) жеке тұлғалардың тізімдерін;

      3) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы осы баптың 4-тармағының 6) тармақшасында және 5-тармағының 5-1) және 8) тармақшаларында көрсетілген ұйымдардың және (немесе) жеке тұлғалардың тізімдерін жібереді.

      Уәкілетті орган осы баптың 4-тармағының 7) тармақшасында және 5-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың және (немесе) жеке тұлғалардың тізімдерін Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінен алған ақпарат негізінде жасайды.";

      4-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің терроризмнің және терроризмді қаржыландырудың алдын алуға және оны болғызбауға қатысты қарарларына сәйкес ұйымға немесе жеке тұлғаға нысаналы қаржылық санкцияларды қолдану не Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің терроризмнің және терроризмді қаржыландырудың алдын алуға және оны болғызбауға қатысты қарарлары негізінде құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің комитеттері жасайтын санкциялық тізбелерге ұйымды және (немесе) жеке тұлғаны енгізу негіз болып табылады.";

      5-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінен қылмыстық жазасын өтеген тұлғаны алып тастау туралы Қазақстан Республикасы құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарының оң қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жасайтын жеке тұлғалардың тізімі негіз болып табылады.

      Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінен қылмыстық жазасын өтеген жеке тұлғаны алып тастау туралы Қазақстан Республикасы құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарының қорытындысын дайындау тәртібі Қазақстан Республикасы құқық қорғау мен арнаулы мемлекеттік органдарының және уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалады;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің терроризмнің және терроризмді қаржыландырудың алдын алуға және оны болғызбауға қатысты қарарларына сәйкес ұйымға немесе жеке тұлғаға қолданылған нысаналы қаржылық санкциялардың күшін жою не Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің терроризмнің және терроризмді қаржыландырудың алдын алуға және оны болғызбауға қатысты қарарлары негізінде құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің комитеттері жасайтын санкциялық тізбелерден ұйымды немесе жеке тұлғаны алып тастау;";

      7-тармақтың үшінші бөлігіндегі "сот тәртібімен" деген сөздер "сотқа" деген сөзбен ауыстырылсын;

      8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлға өзінің және дербес кіріс көздері жоқ отбасы мүшелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында осы баптың 4-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша:

      1) күнтізбелік ай ішінде отбасының әрбір мүшесіне шаққанда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген еңбек демалысының төлемақысы немесе жалақының ең төмен мөлшерінен аспайтын мөлшердегі жалақы түрінде алынған;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы, қызметтік іссапарға арналған шығыстар, стипендия, жәрдемақы, өзге де әлеуметтік төлем түрінде алынған ақшамен немесе өзге мүлікпен операцияларды жүзеге асыру үшін қаржы мониторингі субъектісіне жүгінуге, сондай-ақ салықтар, коммуналдық және әлеуметтік төлемдер, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, өсімпұлдар мен айыппұлдар төлеуді жүргізуге құқылы.";

      мынадай мазмұндағы 8-1 және 10-тармақтармен толықтырылсын:

      "8-1. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне осы баптың 4-тармағының 7) тармақшасында көзделген негіздер бойынша енгізілген жеке тұлға өзінің және дербес кіріс көздері жоқ отбасы мүшелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті органға ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою бойынша қолданылатын шаралардың ішінара немесе толық күшін жою туралы жазбаша дәлелді өтінішпен жүгінуге құқылы.

      Уәкілетті орган бұл өтінішті Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті Комитетінің қарауын қамтамасыз етеді.

      Уәкілетті орган дереу, бірақ Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі Комитетінің немесе терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын халықаралық ұйымның осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген өтінішті қанағаттандыру туралы шешімін алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей қаржы мониторингі субъектісін хабардар етеді.

      Уәкілетті орган сондай-ақ өтініш берушіні Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің Комитеті немесе терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар қабылдаған шешім туралы хабардар етеді.";

      "10. Уәкілетті органға шет мемлекеттің құзыретті органынан ұйымның немесе жеке тұлғаның террористік әрекетке ықтимал қатысы болуы туралы келіп түскен өтініш болған кезде, егер бұл ретте осы баптың 4-тармағында көзделген, осындай ұйымдарды немесе жеке тұлғаны терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізу үшін негіздер бар болса, уәкілетті орган террористік әрекетке қатысы бар тұлғалардың тізімін қалыптастырады.

      Уәкілетті орган қаржы мониторингі субъектілерінің ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөніндегі шараларды қабылдауы үшін террористік әрекетке қатысы бар тұлғалардың тізімін өзінің интернет-ресурсында күнтізбелік он бес күнге дейінгі мерзімге орналастырады.

      Уәкілетті орган жеке тұлғаларды террористік әрекетке қатысы бар тұлғалардың тізімінен осы баптың 4-тармағына сәйкес терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізу жөнінде шаралар қабылдайды.";

      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

      "Ескертпе.

      Осы баптың мақсатында терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның отбасы мүшелері деп: жұбайы (зайыбы), ерлі-зайыптылардың ортақ немесе біреуінің кәмелетке толмаған (оның ішінде асырап алған, асырауындағы немесе қорғаншылығындағы (қамқоршылығындағы) балалары; жұбайының (зайыбының) асырауындағы ата-аналары танылады.";

      13) мынадай мазмұндағы 12-1 және 12-2-баптармен толықтырылсын:

      "12-1-бап. Жаппай қырып-жою қаруын таратудың және оны қаржыландырудың алдын алуға, оған кедергі келтіруге және тоқтатуға қатысты нысаналы қаржылық санкциялар

      1. Уәкілетті орган жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасайды, өзінің интернет-ресурсында орналастырады және оны тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға электрондық түрде жібереді.

      2. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің жаппай қырып-жою қаруын таратудың және оны қаржыландырудың алдын алуға, оған кедергі келтіруге және тоқтатуға қатысты қарарларына сәйкес ұйымға немесе жеке тұлғаға нысаналы қаржылық санкцияларды қолдану оларды жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізуге негіз болып табылады.

      3. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің жаппай қырып-жою қаруын таратудың алдын алуға, оған кедергі келтіруге және тоқтатуға қатысты қарарларына сәйкес нысаналы қаржылық санкциялардың күшін жою ұйымды немесе жеке тұлғаны жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінен алып тастауға негіз болып табылады.

      Уәкілетті орган ұйымды немесе жеке тұлғаны жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінен алып тастау туралы шешім қабылданған күннен бастап дереу, бірақ бір жұмыс күнінен кешіктірмей өзінің интернет-ресурсында осындай шешімді орналастырады және оны тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жібереді.

      4. Жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне қате енгізілген не көрсетілген тізбеден алып тастауға жататын, бірақ көрсетілген тізбеден алып тасталмаған ұйымдар немесе жеке тұлғалар уәкілетті органға оларды көрсетілген тізбеден алып тастау туралы жазбаша дәлелді өтінішпен жүгінеді.

      Уәкілетті орган ұйымды немесе жеке тұлғаны жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінен алып тастау туралы өтінішті "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде қарайды және мынадай:

      1) ұйымды немесе жеке тұлғаны көрсетілген тізбеден алып тастау туралы;

      2) бас тартудың уәжді негізін ұсына отырып, өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы дәлелді шешімдердің бірін қабылдайды.

      Уәкілетті органның шешіміне өтініш беруші сотқа шағым жасауы мүмкін.

      5. Осы баптың 2-тармағының негізінде жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлға өзінің және дербес табыс көздері жоқ отбасы мүшелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті органға ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою бойынша қолданылатын шаралардың ішінара немесе толық күшін жою туралы жазбаша уәжді өтінішпен жүгінуге құқылы.

      Уәкілетті орган бұл өтінішті Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті Комитетінің қарауын қамтамасыз етеді.

      Уәкілетті орган дереу, бірақ Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі Комитетінің осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген өтінішті қанағаттандыру туралы шешімін алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей қаржы мониторингі субъектісін хабардар етеді.

      Уәкілетті орган сондай-ақ өтініш берушіні Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің Комитеті қабылдаған шешім туралы хабардар етеді.

      6. Егер операциялар тараптарының ең болмағанда біреуі жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген тұлға болып табылса және операциялар мұндай тұлғалар жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілгенге дейін жасалған шарттар шеңберінде жүзеге асырылса, қаржы мониторингі субъектілері мұндай операциялар туралы (ақшаны есепке жатқызу жөніндегі операцияларды қоспағанда) уәкілетті органға дереу хабарлайды.

      Уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген хабарларды алып, оны алған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде операцияның жүргізілуін он бес жұмыс күніне дейінгі мерзімге тоқтата тұрады.

      Қаржы мониторингі субъектісі уәкілетті орган операция жүргізуді тоқтата тұру туралы шешім шығарғанға дейін осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес хабар берілген, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жүргізбейді.

      Операция жүргізуді тоқтата тұру туралы шешім операция туралы хабар берген қаржы мониторингі субъектісіне электрондық тәсілмен немесе қағаз жеткізгіште жеткізіледі.

      Қаржы мониторингі субъектісі ақпарат хабарланған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде уәкілетті органның операция жүргізуді тоқтата тұру туралы шешімін алмаған жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, осындай операцияны жүргізуге кедергі келтіретін өзге де негіздер болмаса, операция жүргізілуге тиіс.

      Уәкілетті орган операция жүргізуді тоқтата тұру туралы шешім қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде операция жүргізу не операция жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және оны қаржы мониторингі субъектілерінің назарына жеткізеді.

      Уәкілетті органның шешімі бойынша операция жүргізуді тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін операция Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, осындай операцияны жүргізуге кедергі келтіретін өзге де негіздер болмаған кезде жүргізілуге тиіс.

      Операция жүргізу туралы шешім мынадай талаптар сақталған кезде:

      1) шарт Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің жаппай қырып-жою қаруын таратудың және оны қаржыландырудың алдын алуға, оған кедергі келтіруге және тоқтатуға қатысты құжаттарында көрсетілген кез келген тыйым салынған заттармен, материалдармен, жабдықпен, тауарлармен, технологиялармен, көмекпен, оқытумен, қаржылық қолдаумен, инвестициялаумен, брокерлік қызметпен немесе көрсетілетін қызметтермен байланысты емес;

      2) төлем Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің жаппай қырып-жою қаруын таратудың және оны қаржыландырудың алдын алуға, оған кедергі келтіруге және тоқтатуға қатысты қарарына енгізілген ұйым немесе тұлға тікелей немесе жанама алмаған жағдайда, қабылдануы мүмкін.

      Уәкілетті орган операция жүргізу туралы шешім қабылдағаннан кейін Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті Комитетіне операция жүргізуге рұқсат беру ниеті туралы дереу хабарлама жібереді.

      7. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті Комитетін жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткені туралы хабардар етеді.

      12-2-бап. Қайырымдылық ұйымдары мен діни бірлестіктерді терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланудан оларды қорғау жөніндегі шаралар

      1. Ерікті қайырмалдықтарға жүгінетін қайырымдылық ұйымдары, сондай-ақ діни бірлестіктер шаралар қабылдайды, оларға сәйкес өздерінің әрекеті терроризмді қаржыландыру мақсаттарында пайдаланылмайды, сондай-ақ олар:

      1) үшінші тұлғалардың өтініші бойынша не өз бастамасы бойынша қаржы мониторингі субъектілері арқылы төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыруға;

      2) сұрау салу бойынша уәкілетті органға ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жүргізілген операциялар туралы қаржылық есептілікті және анықталған тәуекелдер туралы ақпаратты беруге;

      3) ақшамен және (немесе) міндетті мемлекеттік тіркелуге жататын өзге мүлікпен жүргізілген операциялар, сондай-ақ құрылтайшылар (қатысушылар) туралы ақпаратты кемінде бес жыл сақтауға міндетті.

      2. Қайырымдылық ұйымында, сондай-ақ діни бірлестіктерде терроризмді қаржыландыру мақсатында өздерін пайдаланғаны туралы күдік болған жағдайда, олар тиісті ақпаратты уәкілетті органға жібереді.";

      14) 13-бапта:

      1-1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1. Қаржы мониторингі субъектілері террористік әрекетке қатысы бар тұлғалардың тізімі, терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне ұйымның немесе тұлғаның енгізілгені туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей (осы Заңның 12-бабының 8-тармағында және 12-1-бабының 5 және 6-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөнінде мынадай шараларды дереу қабылдауға:

      осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның банктік шоттары бойынша, сондай-ақ осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға (банктік шоттарға қызмет көрсетуге байланысты операцияларды қоспағанда);

      осындай ұйымдар мен жеке тұлғалардың банктік шотын пайдаланбай төлем немесе ақша аударымы бойынша нұсқауларды, сондай-ақ осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің нұсқауларын орындауды тоқтата тұруға;

      бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіндегі және осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның жеке шоттарында, сондай-ақ осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің жеке шоттарында номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздарды бұғаттауға;

      сақтандыру төлемін жүзеге асыру бойынша, сақтандыру шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда сақтандыру сыйлықақысын немесе оның бөлігін және сақтандырушы брокерлік қызметтің қызметтерін көрсету туралы шартты мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда сыйақыны қайтару бойынша операцияларды жүргізуден бас тартуға (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға, қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға, тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруға, туристі міндетті сақтандыруға байланысты операцияларды қоспағанда);

      осындай ұйым немесе жеке тұлға жасайтын не олардың пайдасына жасалатын, сол сияқты осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиент жасайтын не оның пайдасына жасалатын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен өзге де операцияларды жүргізуден бас тартуға (осындай тұлғаның банктік шотына ақшаны есепке жатқызуды, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын енгізуді, аударуды қоспағанда) міндетті.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөніндегі шаралар тұлға терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілгенге дейін қаржы мониторингі субъектісімен жасалған шарттар бойынша мынадай операцияларға қатысты қолданылмайды:

      1) банктік салым мерзімдерін ұзарту;

      2) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген тұлғаның банктік шотынан ақшаны банктік қарыз, лизинг шарттары немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді өтеу есебіне есептен шығару және аудару.

      Банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіндегі және жеке шоттар бойынша номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркеуді, сондай-ақ осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көзделген терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген ұйымдардың немесе жеке тұлғалардың ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен өзге де операцияларын қаржы мониторингі субъектілері сот шешімі, мемлекеттік кіріс органының инкассолық өкімдері, мемлекеттік кіріс органының билік ету шектелген мүлікке өндіріп алуды қолдану туралы қаулылары негізінде, сондай-ақ ұйым немесе жеке тұлға осы Заңда көзделген тәртіппен жоғарыда көрсетілген тізбеден алып тасталғаннан кейін жүзеге асыруы мүмкін.

      2. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру фактілерінің алдын алу мақсатында қаржы мониторингі субъектілері операция күдікті ретінде танылған кезде уәкілетті органға осындай операция туралы ол жүргізілгенге дейін дереу хабарлауға міндетті.

      Қаржы мониторингі субъектілері ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалған, жүргізілгенге дейін күдікті деп танылмаған операциялар туралы хабарларды операция күдікті деп танылғаннан кейін жиырма төрт сағаттан кешіктірмей уәкілетті органға береді.

      Бұл ретте операциялар жасалған уақыт пен осындай операция күдікті деп танылған уақыт арасындағы айырмашылық қаржы мониторингі субъектісінің ішкі бақылау қағидаларына сәйкес клиенттің операциясын зерделеу жиілігін айқындайтын уақыт аралығынан аспауға тиіс.

      Қаржы мониторингі субъектілері уәкілетті органға осы баптың 1-тармағында көзделген негіздер бойынша жеке немесе заңды тұлғаға іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту, клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтату, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жүргізуден бас тарту фактілері туралы, сондай-ақ осы баптың 1-1-тармағында көзделген, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөніндегі шаралар туралы хабарларды қаржы мониторингі субъектісі тиісті шешім қабылдаған (әрекет жасаған) күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей бөлінген байланыс арналары арқылы электрондық тәсілмен қазақ немесе орыс тілінде ұсынады.";

      3-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Уәкiлеттi орган осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көзделген хабарды алып, оны алған кезден бастап жиырма төрт сағат iшiнде, егер қаржы мониторингінің субъектісі ұсынған күдікті операция туралы хабар уәкілетті орган жүргізген талдау нәтижелері бойынша негізді деп танылған болса, осы Заңның 12-бабының 8-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген операцияны қоспағанда, күдікті операцияның жүргізілуін үш жұмыс күніне дейінгі мерзімге тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды.";

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәкілетті орган осы Заңның 12-бабының 8-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген күдікті операция туралы хабарды алған соң жиырма төрт сағат ішінде, операция жүргізу туралы не операция жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және оны қаржы мониторингі субъектілеріне электрондық тәсілмен жеткізеді.

      Егер шешім қабылдау мерзімінің соңғы күні жұмыс күні болмаса, одан кейінгі келесі жақын жұмыс күні шешім қабылдау мерзімі аяқталған күні болып есептеледі.";

      5 және 5-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Уәкілетті орган күдікті операцияның жүргізілуін тоқтата тұру туралы шешім қабылдағаннан кейін ақпаратты дереу Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарына олардың құзыретіне сәйкес шешім қабылдау үшін береді және бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын хабардар етеді.

      Қазақстан Республикасының тиісті құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары уәкілетті орган күдікті операцияның жүргізілуін тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған кезден бастап жетпіс екі сағат ішінде шешім қабылдауға және бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен уәкілетті органға хабарлауға міндетті.

      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының тиісті шешімін алған кезден бастап үш сағат ішінде оны қаржы мониторингі субъектісінің назарына жеткізеді.

      5-1. Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарынан осы баптың 5-тармағына сәйкес берілген, аталған операция қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) немесе терроризмді қаржыландыруға бағытталады деп пайымдауға негіздер бар күдікті операцияны тоқтата тұру қажеттілігі туралы шешім алынған жағдайда, уәкілетті орган осындай операцияның қатысушылары болып табылатын тұлғалардың банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын немесе электрондық ақшамен жасалатын операцияларын күнтізбелік он бес күнге дейінгі мерзімге тоқтата тұру туралы шешім шығарады.

      Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) немесе терроризмді қаржыландыруға бағытталады деп пайымдауға негіздер бар операциялардың қатысушылары болып табылатын тұлғалардың банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын немесе электрондық ақшамен жасалатын операцияларын тоқтата тұру туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қаржы мониторингі субъектілерінің назарына жеткізіледі.

      Уәкілетті орган банктік шоттар бойынша шығыс операцияларының немесе электрондық ақшамен жасалатын операциялардың тоқтатыла тұруы туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына және осы шешімді берген Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарына хабарлайды.";

      15) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау

      Қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қаржы мониторингіне жататын, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы мәліметтерді тіркеу, мәліметтер мен құжаттарды сақтау, құжаттарды қорғау, ақпарат беру, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөнінде шаралар қабылдау, қаржы мониторингіне жататын операцияларды жүргізуді тоқтата тұру және одан бас тарту, сондай-ақ ішкі бақылау қағидаларын әзірлеу және қабылдау, оның ішінде даярлау және оқыту бағдарламаларын орындау бөлігінде сақтауын мемлекеттік бақылауды тиісті мемлекеттік органдар өздерінің құзыретіне сәйкес және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.";

      16) 16-бапта:

      5) және 5-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) осы Заңның 13-бабының 3-тармағының бірінші бөлігіне және 5-тармағына сәйкес күдікті операцияны жүргізуді тоқтата тұрған кезде, Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарына олардың құзыретіне сәйкес шешім қабылдау үшін ақпарат береді және бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын хабардар етеді;

      5-1) жеке және заңды тұлғалардың қызметі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және (немесе) терроризмді қаржыландырумен байланысты деп пайымдауға негіздер болған кезде, Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарына олардың құзыретіне сәйкес ақпарат жібереді және бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын хабардар етеді.

      Қазақстан Республикасының тиісті құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары жіберілген ақпарат бойынша шешім қабылдағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына қабылданған шаралар туралы ақпарат жібереді;";

      13) тармақша алып тасталсын;

      13-1), 13-2) және 13-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 13), 15) және 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілері хабарламаларының мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді;

      13-2) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 13), 15) және 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілерінен хабарламалар қабылдауды жүзеге асырады;

      13-3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында тәуекелдерді бағалауды жүргізу және кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді;";

      мынадай мазмұндағы 13-5) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-5) осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 13), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілерінің, сондай-ақ бухгалтерлік есепке алу саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдардың және кәсіби бухгалтерлердің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырады;";

      17) 17-баптың 1-тармағының 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының бұзылғаны немесе бұзылу белгілерінің бар екендігі туралы хабарламаны тиісті мемлекеттік органдарға жіберуге;

      7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарымен бірлесіп, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландырумен және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды алмасу және оларды беру бойынша өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындауға;";

      18) 18-бапта:

      1-тармақтың 4) тармақшасындағы "қамтамасыз етуге міндетті." деген сөздер "қамтамасыз етуге;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу кезінде кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау есебінен ақпаратты ескеруге міндетті.";

      2-тармақтың 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1) ұйымның немесе жеке тұлғаның жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілгені туралы ақпаратты алған күннен бастап Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөніндегі шаралар қабылдауға;";

      19) 19-бап алып тасталсын;

      20) мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын.

      "3-1-тарау. Халықаралық ынтымақтастық

      19-1-бап. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастық

      1. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында іс-әрекеттердің алдын алу, анықтау, жолын кесу және оларды тергеп-тексеру, сондай-ақ көрсетілген кірістерді тәркілеу бөлігінде уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары және шет мемлекеттердің тиісті органдары арасындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Уәкілетті органның, Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының шет мемлекеттің тиісті органдарымен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастығы сұрау салу және ақпарат алмасу арқылы өзара түсіністік қағидаттарында жүзеге асырылады.

      19-2-бап. Уәкілетті органның шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен халықаралық ынтымақтастығы

      1. Уәкілетті органның шет мемлекеттің құзыретті органымен халықаралық ынтымақтастығы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға қатысы бар жеке тұлғаларды, ұйымдар мен бенефициарлық меншік иелерін, басқа да байланысты қылмыстарды, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды анықтау, сондай-ақ осындай тұлғалардың ақшасын және (немесе) өзге мүлкін іздестіру мақсатында жүзеге асырылады.

      2. Уәкілетті орган осы Заңға сәйкес алынған ақпаратқа талдау жүргізу кезінде, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында шет мемлекеттердің құзыретті органдарынан ақпарат, мәліметтер мен құжаттар сұратуға құқылы.

      3. Осы Заңның 18-бабының 3-тармағына сәйкес алынған Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының сұрау салуын орындау мақсатында уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органдарынан ақпарат, мәліметтер мен құжаттар сұратады.

      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының өтініші негізінде шет мемлекеттердің құзыретті органдарына ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды іздестіру және (немесе) тоқтата тұру туралы сұрау салу жібереді.

      Уәкілетті органның ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтата тұру туралы сұрау салуын қанағаттандыру туралы шет мемлекеттің құзыретті органының жауабы алынған жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының тиісті құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органын және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын дереу хабардар етеді.

      4. Уәкілетті орган сұрау салу бойынша алынған ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды тек сұрау салуда көрсетілген мақсаттарда ғана пайдалануға құқылы.

      Уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органдарынан сұратып алынған ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды олардың алдын ала келісімінсіз, шет мемлекеттің құзыретті органдары белгілеген шарттар мен шектеулерді бұза отырып үшінші тарапқа беруге немесе пайдалануға құқылы емес.

      5. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру туралы ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беру шет мемлекеттің құзыретті органдарының сұрау салуы бойынша, олар сұрау салуда көрсетілмеген мақсаттарда пайдаланылмайтын не уәкілетті органның және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының алдын ала келісімінсіз үшінші тұлғаларға берілмейтін жағдайда жүзеге асырылады.

      Уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуларын орындаудың басымдығын белгілей алады.

      Шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуы мүмкіндігінше қысқа мерзімдерде, бірақ сұрау салу алынғаннан кейін отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей орындалады.

      Уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органдарына берілетін ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды пайдалануға қосымша шарттар мен шектеулер белгілеуге құқылы.

      6. Уәкілетті орган мынадай жағдайларда, егер:

      1) ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беру адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қозғаса, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мүдделеріне нұқсан келтіретін болса;

      2) ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беру Қазақстан Республикасында қылмыстық сот ісін жүргізу барысына әсер ететін болса;

      3) шет мемлекеттің құзыретті органы берілетін ақпараттың, мәліметтер мен құжаттардың қорғалуын қамтамасыз ете алмайды деп пайымдауға негіздер болса, шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.

      Уәкілетті орган бас тарту негіздерін көрсете отырып, шет мемлекеттің құзыретті органын сұрау салуды қанағаттандырудан бас тарту туралы хабардар етеді.

      7. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша келісімдер жасасуға құқылы.

      19-3-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қаржы мониторингі субъектілерінің сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының халықаралық ынтымақтастығы

      1. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қаржы мониторингі субъектілерінің сақтауын мемлекеттік бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының шет мемлекеттердің тиісті органдарымен халықаралық ынтымақтастығы мынадай:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес беруге жатпайтын ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды қоспағанда, осы баптың 2-тармағына сәйкес ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сұрау салу бойынша немесе дербес алу және жіберу;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы мониторингі субъектілерінің қызметін реттеу, бақылау және қадағалау бөлігінде тәжірибе және ақпарат алмасу;

      3) шет мемлекеттердің тиісті органдарының Қазақстан Республикасының аумағында өз қаржы мониторингі субъектілерінің қызметін мониторингтеу бойынша іс-шаралар жүргізуіне жәрдем көрсету, сондай-ақ қатысу нысандарында жүзеге асырылады.

      2. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қаржы мониторингі субъектілерінің сақтауын мемлекеттік бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының шет мемлекеттердің тиісті органдарымен халықаралық ынтымақтастығы мынадай:

      1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын іске асыру;

      2) қаржы мониторингі субъектілері (олардың қызметі, іскерлік беделі, басқару құрылымы, бенефициарлық меншік иелері);

      3) қаржы мониторингі субъектілерінің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ішкі бақылау бағдарламалары, саясаты мен рәсімдері;

      4) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері;

      5) клиенттерді тиісінше тексеру нәтижелері, банктік және өзге шоттар немесе іскерлік қатынастар және операциялар (мәмілелер) туралы ақпараттар алмасу арқылы жүзеге асырылады.

      3. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қаржы мониторингі субъектілерінің сақтауын мемлекеттік бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары сұрау салу бойынша алынған ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды тек сұрау салуда көрсетілген мақсаттарда ғана пайдалануға құқылы.

      Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қаржы мониторингі субъектілерінің сақтауын мемлекеттік бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары шет мемлекеттің құзыретті органдарынан сұратып алынған ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды олардың алдын ала келісімінсіз, шет мемлекеттің құзыретті органдары белгілеген шарттар мен шектеулерді бұза отырып үшінші тарапқа беруге немесе пайдалануға құқылы емес.

      19-4-бап. Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ ақшаны және (немесе) өзге мүлікті іздестіру, тыйым салу, тәркілеу және қайтару саласындағы халықаралық ынтымақтастығы

      1. Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті іздестіру, тыйым салу, тәркілеу және қайтару мақсатында шет мемлекеттердің тиісті органдарымен ақпарат алмасуды қоса алғанда, жедел-іздестіру қызметін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді, сот талқылауын және сот актісін орындауды жүргізу кезінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.

      2. Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының өз өкілеттіктері шеңберінде және Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында көзделген шектерде шет мемлекеттердің тиісті органдарымен халықаралық ынтымақтастығы мынадай:

      1) ақпарат кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландырумен байланысты деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған кезде, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті іздестіру, тыйым салу, тәркілеу және қайтару мақсатында Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының иелігіндегі немесе оларға қолжетімді ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сұрату және алу;

      2) ақшаны және (немесе) өзге мүлікті іздестіру, тыйым салу, тәркілеу және қайтару, қылмыстық кірістерді заңдастыруды (жылыстатуды) және терроризмді қаржыландыруды анықтау, жолын кесу және тергеп-тексеру, сондай-ақ осы іс-әрекеттерге қатысы бар жеке немесе заңды тұлғаларды анықтау мәселелері бойынша жәрдем көрсету;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің тиісті органының атынан және сұрау салуы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыру және ақпарат алу үшін тергеу әрекеттерін жүргізу;

      4) ақшаны және (немесе) өзге мүлікті іздестіру, тыйым салу, тәркілеу және қайтару мақсатында бірлескен халықаралық тергеп-тексеру жүргізу үшін тергеу топтарын, сондай-ақ ведомствоаралық жұмыс топтарын құру нысандарында жүзеге асырылуы мүмкін.

      3. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырумен (жылыстатумен) және терроризмді қаржыландырумен байланысты қылмыстық істер бойынша жедел-іздестіру қызметін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді, сот талқылауын және сот актісін орындауды, оның ішінде ақшаны және (немесе) өзге мүлікті іздестіруді, тыйым салуды, тәркілеуді және қайтаруды жүргізу кезіндегі өзара құқықтық көмек Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Ақшаны және (немесе) өзге мүлікті тәркілеу Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының сот актісі негізінде жүзеге асырылады.

      5. Ақшаны және (немесе) өзге мүлікті тәркілеу туралы сұрау салу келіп түскен кезде Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары өз құзыреті шеңберінде:

      1) қылмыстық кірістерді, қылмыс құралдарын;

      2) қылмыстық кірістерге аударылған немесе өзгертілген ақшаны және (немесе) өзге мүлікті;

      3) егер кірістер аралас кірістердің құны мөлшерінде осындай ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен толық немесе ішінара араласса, заңды көздерден алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті;

      4) қылмыстық кірістер аударылған немесе өзгертілген кірістерден, ақшадан және (немесе) өзге мүліктен немесе дәл осылайша аралас кірістердің құны мөлшерінде және кірістердің өзі сияқты дәрежеде қылмыстық кірістер араласатын қаражаттан немесе өзге мүліктен алынған пайданы немесе өзге пайданы;

      5) террористік әрекетті қаржыландыруға пайдаланылған немесе арналған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті іздестіруді, оған тыйым салуды қамтамасыз ету үшін барлық ықтимал шараларды қабылдайды.

      6. Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары сұрау салуды жіберген шет мемлекеттердің құзыретті органдарын ақшаны және (немесе) өзге мүлікті тәркілеуді қамтамасыз ету шараларының күшін жою мүмкіндігі туралы алдын ала хабардар етеді.

      7. Осы баптың 5-тармағында айқындалған, Қазақстан Республикасының аумағындағы ақшаны және (немесе) өзге мүлікті тәркілеу туралы сот актісін орындау туралы сұрау салуды алған Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары тәркілеуді Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырады.

      8. Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары уәкілетті органнан шет мемлекеттің құзыретті органының ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтата тұру туралы сұрау салуды қанағаттандырғаны туралы хабарламаны алған жағдайда, процестік әрекеттер жүргізу туралы сұрау салуды үш жұмыс күні ішінде жібереді.

      9. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасының құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органынан, уәкілетті органнан шетелдегі ақшаны және (немесе) өзге мүлікті тәркілеуді жүзеге асыру туралы сұрау салуды алғаннан кейін шет мемлекеттің тиісті органдарына ақшаны және (немесе) өзге мүлікті тәркілеуді жүзеге асыру туралы сұрау салуды жібереді.

      10. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі шетелдік соттарға Қазақстан Республикасынан шығарылған ақшаға және (немесе) өзге мүлікке құқықтық мәртебе немесе меншік құқығын белгілеу туралы азаматтық талап қоюларды беру бойынша жұмыс жүргізеді.

      11. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы заңды күшіне енген сот шешімінің немесе Қазақстан Республикасынан шығарылған ақша есебінен шет мемлекеттің аумағында сатып алынған ақшаға және (немесе) өзге мүлікке меншік құқықтарын шет мемлекеттің сот актісі бойынша Қазақстан Республикасына белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өтінішхаты негізінде белгіленген тәртіппен ақшаны және (немесе) өзге мүлікті қайтару туралы сұрау салу жібереді және мүлікті қайтару мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауға жауапты лауазымды адамдарды айқындайды.

      12. Мүлік Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне кез келген валютада ақша түрінде қайтарылады.

      13. Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары, егер Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттің тиісті мемлекеттік органдары өзгеше уағдаласпаса, ақшаны және (немесе) өзге мүлікті іздестіру, тыйым салу, тәркілеу және қайтару барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жеке кәсіпкерлік субъектілері шеккен шығыстарды шегере алады.

      14. Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықаралық шарттар жасаса алады және әрбір нақты жағдайда тәркілеу нәтижесінде алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті не тәркіленген мүлікті өткізуден түскен ақшаны бөлу туралы уағдаласа алады.".

      17. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 100-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат; № 23, 103-құжат):

      45-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) сот шешімі бойынша тәркіленген және (немесе) өндіріп алынған әуе кемесін қоспағанда, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізілген тұлға әуе кемесінің меншік иесі немесе пайдаланушысы болып табылмаған;".

      18. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 124-құжат; 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45, 46-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 23, 103, 106, 108-құжаттар; № 24-I, 118, 119-құжаттар):

      1) 14-бап мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "24-1) республикалық меншікке айналдырылған (түскен), тәркіленген мүлікті есепке алу және одан әрі пайдалану бойынша дерекқорды жүргізеді;";

      2) 18-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), тәркіленген мүлікті есепке алу және одан әрі пайдалану бойынша дерекқорды жүргізеді;";

      3) 22-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Республикалық немесе коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), тәркіленген мүлікті есепке алу және одан әрі пайдалану бойынша дерекқорға енгізілген мүлік Тәркіленген мүлік қорын құрайды.".

      19. "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 17, 135-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 22-І, 140-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат):

      10-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Ерiктi қайырмалдықтарға жүгінетін дiни бiрлестiктер Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.".

      20. "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 20, 120-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 24-I, 119-құжат):

      9-1-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі алтыншы абзацындағы "заңды тұлғаға беруін қоспағанда, оның микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талап етуді) үшінші тұлғаға беруді жүргізуіне тыйым салынады." деген сөздер "заңды тұлғаға;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:

      "қаражатты микроқаржы ұйымдарында шартты түрде орналастыру арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру жөніндегі мәміле шеңберінде жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша – жеке кәсіпкерлікті дамыту арнайы қорына беруін қоспағанда, оның микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талап етуді) үшінші тұлғаға беруді жүргізуіне тыйым салынады.".

      21. "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-II, 144-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 14, 49-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 24-I, 119-құжат):

      68-баптың 1-тармағының 6-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-1) сот шешімі бойынша тәркіленген және (немесе) өндіріп алынған көлік құралын қоспағанда, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізілген тұлғаның көлік құралдарын тіркеу органына өтініш жасауы;".

      22. "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 48-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 79-құжат; № 21-I, 125-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 14, 50-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 16, 56-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 24-II, 120-құжат):

      1) 5-баптың 7) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      2) 6-баптың 1-тармағында:

      28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "28) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлімдері мен мекемелерін, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының, ішкі істер органдарының объектілерін, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-3-бабында көрсетілген күзетілетін объектілер (бұдан әрі – күзетілетін объектілер) мен Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бөлігіндегі талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;";

      мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "28-1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлімдері мен мекемелерінің, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары объектілерінің паспорттарын, сондай-ақ күзетілетін объектілер мен Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің паспорттарын қоспағанда, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу паспорттарын келісуге, есепке алуды жүргізуге, сақтауға және (немесе) жоюға;";

      3) 11-бапта:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлімдері мен мекемелерін, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының, ішкі істер органдарының объектілерін, сондай-ақ күзетілетін объектілер мен Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бөлігіндегі талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады;";

      25) тармақша отыз бірінші абзацындағы "үлгілерін әзірлейді және бекітеді;" деген сөздер "үлгілерін;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы отыз екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;".

      23. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 106-құжат; № 24-I, 118-құжат):

      1-баптың 12-тармағының екінші абзацындағы "11-1) және 11-2) тармақшалары" деген сөздер "18) және 20) тармақшалары" деген сөздермен ауыстырылсын.

      24. "Қайырымдылық туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-I, 139-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат):

      8-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Ерiктi қайырмалдықтарға жүгінетін қайырымдылық ұйымы Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.".

      25. "Мемлекеттiк сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-II, 171-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 72-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 18-құжат; № 14, 51-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 22, 82-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 106-құжат):

      6-баптың 1-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) әлеуетті өнім беруші және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлескен орындаушы) және (немесе) олардың басшысы, құрылтайшылары (акционерлері) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен енгізілсе;".

      26. "Пошта туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 8-I, 64-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат):

      23-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы жетінші абзацындағы "операцияларын жүзеге асыруға;" деген сөздер "операцияларын;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:

      "терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8-тармағында көзделген ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жүргізу мақсатында банктік шотын ашуды және жүргізуді жүзеге асыруға;".

      27. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 12, 86-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 53-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-I, 118-құжат):

      1) 5-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Шетелдік төлем жүйесіне қатысуды жүзеге асыруға негіз болған шартта (шарттарда), төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қоспағанда, банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша бенефициар мен жөнелтуші туралы мәліметтер мен ақпаратты алу тәртібі көзделуге тиіс.";

      2) 27-баптың 11-тармағының бірінші бөлігі "тізбесіне" деген сөзден кейін "және (немесе) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне, сондай-ақ террористік әрекетке қатысы бар тұлғалардың тізіміне" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 44-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:

      "9. Электрондық ақша иелері және оларға тиесілі сомалар туралы, сондай-ақ электрондық ақшаны пайдаланып жасалған операциялар туралы мәліметтерді тұлғаларға электрондық ақшаның эмитенті не электрондық ақша жүйесінің операторы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабында көзделген негіздер бойынша және шектерде береді.";

      4) 59-баптың 3-тармағындағы "5 және 6-тармақтарында" деген сөздер "5-тармағында және 6-тармағының бірінші бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын.

      28. "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 16, 52-құжат; 2019 ж., № 3-4, 16-құжат; № 15-16, 67-құжат):

      9-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға мәліметтер мен ақпаратты ұсыну кәсіптік құпияны жария ету болып табылмайды.".

      2-бап.

      Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4, 20 және 26-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ