Аудиторлық қызмет туралы

Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 20 қарашадағы N 304-I Заңы

Жаңартылған

МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Заң жаңа редакцияда - ҚР 2006.05.05 N 139, бүкіл мәтін бойынша "оны кері қайтарып алу", "лицензиясы кері қайтарып алынған", "лицензиясын кері қайтарып алу", "кері қайтарып алуды", "оларды алқалы басқару органдарының шешімімен кері шақырып алу", "Лицензия кері қайтарып алынған", "лицензияны кері қайтарып алу" деген сөздер тиісінше "одан айыру", "лицензиясынан айырылған", "лицензиясынан айыру", "лицензиясынан айыруды", "алқалы басқару органдарының шешімімен олардан айыру", "Лицензиядан айырылған", "лицензиядан айыру" деген сөздермен ауыстырылды - 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      Осы Заң Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметтi жүзеге асыру процесiнде мемлекеттiк органдар, жеке және заңды тұлғалар, аудиторлар, аудиторлық ұйымдар және кәсiби аудиторлық ұйымдар арасында туындайтын қатынастарды реттейдi.

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) аккредиттелген кәсiби аудиторлық ұйым (бұдан әрi - кәсiби ұйым) - аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарды біріктіретін коммерциялық емес ұйым;
      2) аккредиттеу - уәкiлеттi органның осы Заңда көзделген кәсiби аудиторлық ұйымдардың құқықтылығын ресми тануы;
      3) аудит - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық есептiлiк және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпарат туралы тәуелсiз пiкiр бiлдiру мақсатымен тексеру;
      4) аудитор - Аудиторларға кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы (бұдан әрі - Біліктілік комиссиясы) аттестаттаған, "аудитор" біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігін алған жеке тұлға;
      5) аудиторлық есеп - жүргiзiлген аудиттiң нәтижесi болып табылатын жазбаша ресми құжат;
      6) аудиторлық қызмет - қаржылық есептіліктің және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпараттың аудитiн жүргiзу және қызмет бейiнi бойынша қызметтер ұсыну жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
      7) аудиторлық ұйым - аудиторлық қызметтi жүзеге асыру үшiн құрылған коммерциялық ұйым;
      8) аудиттелетін субъект - өзіне қатысты аудит жүргізілетін заңды тұлға, заңды тұлғаның атынан өкілдік ететін оның филиалдары және (немесе) өкілдіктері, дара кәсіпкер;
      9) аттестаттау - Біліктілік комиссиясының аудиторларға кандидаттардың білімдері мен дағдыларын айқындау рәсімі;
      10) Әдеп кодексi - аудиторлардың кәсiби қызметiнiң әдеп ережелерi жиынтығы;
      10-1) мүдделер қақтығысы - аудиторлық ұйымның мүдделілігі аудиттелетін субъектінің қаржылық есептілігінің дұрыстығы туралы оның пікіріне әсер етуі мүмкін жағдай;
      10-2) дұрыс емес аудиторлық есеп - Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын бұза отырып жасалған, қаржылық есептілік туралы және аудит стандарттарында көзделген ақпарат туралы дұрыс емес және (немесе) толық емес мәліметтерді қамтитын, пайдаланушыларды шатастыратын аудиторлық есеп;
      11) көрiнеу дұрыс емес аудиторлық есеп - аудит жүргiзiлмей жасалған немесе пайдаланушыларды қасақана шатастыратын пiкiр жазылған аудиторлық есеп;
      12) Алынып тасталды - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      13) ұйымдардың стандарттары - аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, аудит жүргізу тәртібіне бірыңғай талаптарды белгілейтін ішкі құжаттары;
      14) уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган)  - аудиторлық қызмет саласында реттеу мен аудиторлық және кәсiби ұйымдардың қызметiне бақылауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
       Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      2-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы
              заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасындағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.

      3-бап. Аудиторлық қызмет

      1. Аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар аудиторлық ұйымдар аудиторлық қызметпен айналысу құқығына ие болады.
      2. Аудиторлық ұйымдар аудиттен басқа, өз қызметiнiң бейiнi бойынша мынадай қызметтердi де көрсете алады:
      1) аудит стандарттарына сәйкес өз қызметiнiң бейiнi бойынша iлеспе қызметтер;
      2) бухгалтерлiк есептi қалпына келтiру және жүргiзу, қаржылық есептiлiктi жасау;
      3) iшкi аудит;
      4) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөнiндегi заңнаманы қолдану және салық есебiн жүргiзу мәселелерi бойынша консультация беру;
      5) алғашқы статистикалық деректерді қалыптастыру;
      6) қаржы-шаруашылық қызметтi талдау және қаржылық жоспарлау, экономикалық, қаржылық және басқарушылық консультация беру;
      7) бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есептiлiктi жасау мәселелерi бойынша консультация беру;
      8) бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есептiлiктi жасау, салық салу, аудит және қаржы-шаруашылық қызметтi талдау мен қаржылық жоспарлау бойынша оқыту ;
      9) бухгалтерлiк есептi жүргiзудi және қаржылық есептiлiктi жасауды автоматтандыру жөнiнде ұсынымдар беру, бухгалтерлiк есептi жүргiзу мен қаржылық есептiлiктi жасауды автоматтандыруға үйрету;
      10) бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есептiлiктi жасау, аудит, қаржы-шаруашылық қызметтi талдау және қаржылық жоспарлау жөнiнде, аудит стандарттарына сәйкес өз қызметiнiң бейiнi бойынша iлеспе қызметтердi көрсету жөнiнде әдiстемелiк құралдар мен ұсынымдар әзiрлеу;
      11) аудиторлық қызметке байланысты заң қызметтерiн көрсету;
      12) Алынып тасталды - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы тармақта көзделген өз қызметiнiң бейiнi бойынша жекелеген қызмет түрлерiн көрсету тиiстi лицензия алуды талап етсе, аудиторлық ұйымдар осындай лицензиясыз бұл қызметтердi көрсетуге құқылы емес.
      3. Аудиторлық ұйымдарға кәсiпкерлiк қызметтiң өзге түрлерiмен айналысуға тыйым салынады.
       Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV Заңдарымен.

      4-бап. Аудиторлық қызметтiң негiзгi принциптерi және
              аудиттiң стандарттары

      1. Аудиторлық қызметтiң негiзгi принциптерi мыналар:
      тәуелсiздiк;
      объективтiлiк;
      кәсiби құзыреттiлiк;
      құпиялылық;
      адалдық;
      ұйымдардың стандарттарын сақтау.
      2. Аудит осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн, Қазақстан Республикасында оларды ресми жариялауға Бухгалтерлердiң халықаралық федерациясы жанындағы Халықаралық аудиторлық практика жөнiндегi комитеттiң жазбаша рұқсаты бар ұйымдар мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жариялаған халықаралық аудит стандарттарына (бұдан әрi - аудит стандарттары) сәйкес жүзеге асырылады.
       Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      5-бап. Аудит және оның түрлерi

      1. Аудиттiң түрлерi мыналар:
      1) мiндеттi;
      2) бастамашылық.
      2. Міндетті аудитке:
      акционерлік қоғамдар;
      қадағалау кеңесі бар, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру холдингтері және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушысы болып табылатын ұйымдар, сақтандыру брокері;
      бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және инвестициялық портфельді басқарушылар;
      инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары;
      жер қойнауын пайдаланушылар;
      банктер, банк холдингтері мен ірі қатысушылары банк және (немесе) банк холдингтері болып табылатын ұйымдар;
      қуаттылығы аз табиғи монополия субъектілерін қоспағанда, табиғи монополия субъектілері;
      Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша авиациялық жұмыстарды жүзеге асыратын авиакомпанияларды қоспағанда, азаматтық авиация ұйымдары;
      астық қабылдау кәсіпорындары;
      сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры;
      инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары;
      мақта өңдеу ұйымдары;
      "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылыс салушылар мен жобалау компаниялары;
      "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнайы қаржы компаниялары жатады.
      Аудит мiндеттi болып табылатын және Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес жылдық қаржылық есептiлiктi мерзiмдi баспа басылымдарында жариялайтын ұйымдар жылдық қаржылық есептiлiкпен бiрге аудиторлық есептi де жариялауға мiндеттi.
      3. Бастамашылық аудит аудиттелетiн субъектiнiң не оған қатысушының бастамасы бойынша бастамашы мен аудиторлық ұйымның арасында аудит жүргiзуге жасалған шартта көзделген аудиттiң нақты мiндеттерi, мерзiмi мен көлемi ескерiле отырып жүргiзiледi. K070212
      Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11 N 183-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 N 539-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

      Қазақстан Республикасының Yкiметi:

      1) аудиторлық қызмет саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органды айқындайды;
      2) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе, аудит мiндеттi болып табылатын мемлекет қатысатын ұйымдарды айқындайды;
      3) аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
      4) кәсiби және аудиторлық ұйымдардың есептiлiк тiзбесiн, нысандарын және оны табыс ету мерзiмдiлiгiн бекітеді;
      5) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
      Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

      Аудиторлық қызмет саласындағы уәкiлеттi орган:
      1) аудиторлық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
      1-1) аудиторлар тізілімін жүргізеді;
      1-2) міндетті аудит жүргізуге жіберілетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын, ал қаржы ұйымдарының міндетті аудитіне қатысты - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен (бұдан әрі – Ұлттық Банк) келісім бойынша біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
      2) кәсiби ұйымдарды аккредиттеу тәртiбiн бекiтедi;
      3) кәсiби ұйымдарды аккредиттейдi және олардың тiзiлiмiн жүргiзедi;
      4) аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;
      5) аудиторлық қызметтi лицензиялауды және аудиторлық ұйымдардың тiзiлiмiн жүргiзудi жүзеге асырады;
      6) аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, оның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру және тоқтату туралы мәлiметтердi мерзiмдi баспа басылымдарында мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жариялайды;
      7) аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткiзу тәртiбiн бекiтедi;
      8) Бiлiктiлiк комиссиясы қызметiн қалыптастыру және жүзеге асыру ережесiн бекiтедi;
      9) аудит стандарттарын тарату үшiн жағдай жасалуын қамтамасыз етедi;
      10) алынып тасталды - 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      11) алынып тасталды - 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      12) алынып тасталды - 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      13) кәсiби және аудиторлық ұйымдардың есептiлiк тiзбесiн, нысанын және оны табыс ету мерзiмдiлiгiн әзірлейді;
      14) алынып тасталды - 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      14-1) аудиторлық ұйымдардың заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
      15) аудиторлық және кәсіби ұйымдар тізілімдерінің нысандарын бекітеді;
      16) басқа да мемлекеттік органдармен, кәсіби ұйымдармен және өзге де ұйымдармен аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
      17) аудиторлық қызмет және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      18) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
      19) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

       7-1-бап. Аудиторлық қызмет және кәсіби аудиторлық
                 ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік
                 бақылау

      1. Аудиторлық қызмет және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
      2. Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
       Ескерту. 7-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      8-бап. Аудитор

      1. Аудитор өз қызметін аудитор ретінде бiр аудиторлық ұйымның құрамында ғана жүзеге асырады.
      2. Аудитор бiр аудиторлық ұйымға ғана қатысушы бола алады.
       Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      9-бап. Аудиторлық ұйым

      1. Аудиторлық ұйым жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады.
      2. Шетелдік ұйым, егер оның мәртебесін өзі резиденті болып табылатын елдің кәсіби ұйымы растаса, аудиторлық ұйым деп танылады.
      Шетелдік аудиторлық ұйымның мәртебесін растайтын кәсіби ұйым Халықаралық бухгалтерлер федерациясының мүшесі болуға тиіс.
      Шетелдік ұйым, егер оның мәртебесін өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органы растаса да, аудиторлық ұйым деп танылады.
      3. Шетелдiк аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметтi тиiстi аудиторлық ұйымдарды - Қазақстан Республикасының резиденттерiн құрған жағдайда ғана жүзеге асыра алады.
      4. Аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторлардың саны екі адамнан кем болмауға тиiс.
      5. Аудиторлық ұйымның жарғылық капиталында аудиторға (аудиторларға) және (немесе) шетелдік аудиторлық ұйымға (ұйымдарға) тиесiлi үлес жүз процент болуға тиiс.
      6. Аудиторлық ұйым басшысының "аудитор" деген бiлiктiлiк куәлiгi болуы мiндеттi.
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лицензиясынан айырылған аудиторлық ұйымға бұрын жетекшілік еткен аудитор лицензиядан айыру туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бір жыл бойы басқа аудиторлық ұйымның басшысы бола алмайды.
      7. Қазақстан Республикасының аумағында аудиторлық қызметтi жүзеге асыратын аудиторлық ұйым басқа аудиторлық ұйымның - Қазақстан Республикасы резидентiнiң қатысушысы бола алмайды.
      8. Қазақстан Республикасының аумағында филиал құрған жағдайда, филиал басшысының "аудитор" деген бiлiктiлiк куәлiгi болуы мiндеттi.
      Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      10-бап. Кәсiби ұйымдар

      1. Кәсiби ұйымның аккредиттелуi уәкiлеттi орган бекiткен нысандағы аккредиттеу туралы куәлiкпен расталады. Аккредиттеу туралы куәлiктiң Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында күшi бар.
      2. Кәсiби ұйымдар коммерциялық емес ұйымдар болып табылады және өз мүшелерiнiң жалпы жиналысында қабылданған жарғының негiзiнде жұмыс істейді.
      3. Кәсiби ұйымдардың құрылымы мен жұмыс органдары олардың жарғыларымен айқындалады.
      4. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар ғана кәсіби ұйымдардың құрылтайшылары және қатысушылары бола алады. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар бір ғана кәсіби ұйымның мүшелері бола алады.
      Аудиторлардың - кәсіби ұйым мүшелерiнiң ұйымның басқару органына сайлауға және сайлануға құқығы бар.
      5. Алынып тасталды - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      11-бап. Кәсiби ұйымдардың құқықтары мен мiндеттерi

      1. Кәсiби ұйымдар:
      1) аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылауды жүзеге асыруға;
      2) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аудиторлардың біліктілігін арттыру жөніндегі курстарды өткізуге, курстан өткені туралы сертификаттар беруге;
      3) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жұмыс тәжiрибесiн талдауға, қорытуға және таратуға;
      4) мемлекеттiк, қоғамдық, шетелдiк және халықаралық ұйымдарда аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың мүддесiн бiлдiруге;
      5) өздерiнiң қатысушылары болып табылатын аудиторлардың, аудиторлық ұйымдардың аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға байланысты дауларын қарауға;
      6) аудиторлық ұйымдардың рейтингiн өткiзуге және оларды мерзiмдi баспа басылымдарында жариялауға;
      7) бухгалтерлiк есеп және аудит бойынша халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуға;
      8) аудиторлық қызмет саласында оқулық әдебиеттердi, әдiстемелiк ұсынымдар мен мерзiмдi баспа басылымдарын әзiрлеуге, шығаруға және таратуға;
      9) аудит стандарттары және аудиторлық қызметтiң өзге де мәселелерi бойынша ұсынымдар беруге;
      10) сапаға жүргiзiлген сыртқы бақылау қорытындысы бойынша аудит стандарттары мен Әдеп кодексiн бұзуға жол берген тұлғаларды кәсiби ұйымнан шығаруға;
      11) аудиторлардың біліктілігін арттырудың оқу бағдарламаларын әзірлеуге және бекітуге құқылы.
      2. Кәсiби ұйымдар:
      1) аудиторлық қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын, аудит стандарттарын, Әдеп кодексiн сақтауға;
      2) аккредиттеуді алған кезден бастап алты ай ішінде Біліктілік комиссиясын құруға;
      3) өз мүшелерiн Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiмен қамтамасыз етуге;
      4) Әдеп кодексiн әзiрлеуге және оны қабылдауға;
      4-1) аудиттің дамуына, оның тиімділігін арттыруға, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қызметін ұйымдастыруға және үйлестіруге ықпал етуге;
      5) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудит стандарттарының талаптарын, Әдеп кодексін сақтауын қамтамасыз етуге;
      6) Алынып тасталды - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      7) Алынып тасталды - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      8) мүшелер қабылдаған (шығып кеткен, шығарылған), сондай-ақ басқару жұмыс органының дербес құрамы өзгерген жағдайда, осы өзгерiстер туралы уәкiлеттi органға хабарлауға;
      9) Алынып тасталды - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органға өз қызметi туралы ақпарат беруге мiндеттi.
       Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      12-бап. Аккредиттеу туралы куәлiктен айыру

      1. Кәсiби ұйым, егер:
      1) Алынып тасталды - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      2) аккредиттеуді алған кезден бастап алты ай ішінде Біліктілік комиссиясын құрмаса;
      3) кәсіби ұйым тарапынан өтініш жасалмай, күнтізбелік он екі ай ішінде осындай кәсіби ұйым мүшелері - аудиторлық ұйымдардың орташа санының он проценті, бірақ кемінде бесеуі аудиторлық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырылса;
      4) бір жыл iшiнде Аккредиттеу ережесiн жүйелi түрде (қатарынан екi реттен артық) бұзса;
      5) уәкiлеттi органға өзi және өз қызметi туралы көрiнеу жалған ақпарат берсе;
      6) уәкiлеттi органның ескерту жасаған себебi үш ай iшiнде жойылмаса;
      7) Әдеп кодексі Халықаралық бухгалтерлер федерациясының Әдеп кодексінің талаптарына сәйкес келмесе, аккредиттеу туралы куәлігінен айырылады.
      2. Кәсiби ұйымдар уәкiлеттi органның шешiмiне сот тәртiбiмен шағым жасауға құқылы.
      Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      13-бап. "Аудитор" бiлiктiлiгiн беруге кандидаттарды
               аттестаттау

      1. Жоғары білімі және экономика, қаржы, бақылау-тексеру немесе құқық салаларында немесе жоғары оқу орындарында бухгалтерлiк есеп және аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласында кемінде үш жыл еңбек стажы бар адамдар аттестаттауға жiберiледi. V064354
      2. Аттестаттаудан өткен адамдар "аудитор" бiлiктiлiгi берiлгенi туралы бiлiктiлiк куәлiгiн және бiлiктiлiк куәлiгiнiң нөмiрi, тегi, өз аты, сондай-ақ өзiнiң қалауымен - әкесiнiң аты көрсетiлген аудитордың жеке мөрiн (бұдан әрi - жеке мөр) алады.
      "Аудитор" бiлiктiлiгiн беру туралы шешiм Бiлiктiлiк комиссиясы айқындайтын мерзiмдiк баспасөз басылымдарында мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жарияланады.
      3. Аттестаттаудан өтпеген адамдар одан қайтадан өтуге Біліктілік комиссиясының шешімі қабылданған кезден бастап үш ай өткен  соң жіберіледі.
       Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      14-бап. Біліктілік комиссиялары

      1. Біліктілік комиссиясын саны он аудиторлық ұйымнан кем емес оның құрылтайшысы болып табылатын кәсіби ұйым құрады.
      2. Біліктілік комиссиясы мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады және ол ереженің (жарғының) негізінде жұмыс істейді.
      3. Біліктілік комиссиясының филиалдар мен өкілдіктер құруға құқығы жоқ.
      4. Біліктілік комиссияларының құрамына уәкілетті органнан бір-бір өкілден кіреді.
      5. Біліктілік комиссияларының төрағалары болып олардың мүшелерінің қатарынан жай көпшілік дауыспен аудиторлық қызметпен айналысатын аудиторлар үш жыл мерзімге сайланады. Төраға болып бір адам екі рет қатарынан сайлана алмайды.
      6. Біліктілік комиссияларының қызметін қаржыландыруды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді құрылтайшылар (қатысушылар) өз қаражаты есебінен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырады.
      7. Біліктілік комиссиясы аудиторларға кандидаттарды аттестаттау бағдарламасын әзірлейді және бекітеді, ол Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары комитетінің Қоры бекіткен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына, аудит стандарттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуге тиіс.
      8. Біліктілік комиссиялары шешім қабылданған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға "аудитор" біліктілігі берілген адамдардың біліктілік куәлігінің нөмірін көрсете отырып, отырыстың хаттамасын және олардың Біліктілік комиссиясына ұсынған құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін беруге міндетті.
      9. Аудиторларға кандидаттарды аттестаттауды жүргізудің тәртібі бұзылған жағдайда, уәкілетті орган біліктілік комиссияларының шешіміне сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
       Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      15-бап. "Аудитор" біліктілік куәлігінен айыру

      "Аудитор" біліктілік куәлігінен айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      "Аудитор" біліктілік куәлігінен айыру туралы шешімді уәкілетті орган кәсіби ұйымдарға хабарлайды және мерзімді баспа басылымында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялайды.
      "Аудитор" біліктілік куәлігінен айырылған адамдар қайта аттестаттауға кемінде үш жыл өткеннен кейін жіберіледі.
       Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      16-бап. Аудиторлық қызметті лицензиялау

      1. Аудиторлық қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиялануға жатады.
      2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ғана лицензия өзінің қолданылуын тоқтатады.
      3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және одан айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      4. Лицензияның қолданылуы тоқтатылған, оның ішінде одан айырған жағдайда, аудиторлық ұйымдар лицензияның қолданылуын тоқтату, оның ішінде одан айыру туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға лицензияны қайтаруға міндетті.
      Лицензиядан айырған кезде мерзім соттың қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі.
      5. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лицензиясынан айырылған аудиторлық ұйымның лицензия беруге арналған өтініші кемінде бір жылдан кейін қаралады.
      Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      17-бап. Аудит жүргiзу шарты

      1. Аудиторлық ұйымдар мен аудиттелетiн субъектiлер арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шарт негiзiнде қалыптасады.
      2. Аудит жүргiзу және (немесе) аудиторлық қызмет бейiнi бойынша қызмет көрсету шартында: шарттың нысанасы, мерзiмi, ақы төлеу мөлшерi мен талаптары, тараптардың құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi, алынған ақпараттың құпиялылығы, сондай-ақ кәсіби ұйымға мүшелігі көзделедi.
      3. Мiндеттi аудит және аудиттелетiн субъектiнiң iлеспе қызметiн жүргiзу шарты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.
      4. Аудитордың және (немесе) аудиторлық ұйымның аудит жүргізуге арналған шартты орындау кезінде алған мәліметтері коммерциялық құпияны құрайды.
      Коммерциялық құпияны қамтитын мәліметтерді сақтау міндеттерін бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
       Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      18-бап. Аудиторлық есеп

      1. Аудиторлық есеп жүргiзiлген аудиттiң нәтижелерi бойынша жасалады және ол осы Заңның талаптары мен аудит стандарттарына сәйкес келуге тиiс.
      Аудиторлық есепте Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес, аудиттелетiн субъектiнiң қаржылық есептілігі және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпараты туралы атқарушы-аудитордың және аудиторлық ұйымның тәуелсiз пiкiрi қамтылады.
      2. Аудиторлық есепке бiлiктiлiк куәлiгiнiң нөмiрi мен берiлген күнiн көрсете отырып, атқарушы-аудитор қол қояды, оны өзiнiң жеке мөрiмен куәландырады, аудиторлық ұйымның басшысы оған қолын қойып бекiтедi және аудиторлық ұйымның мөрiмен расталады.
      Аудиторлық есепте аудиторлық ұйым лицензиясының нөмiрi мен берiлген күнi де көрсетiледi.
      Аудитор өзiнiң жеке мөрiн тиiсiнше пайдаланбағаны және сақтамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
      3. Аудиторлық есеп Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе нақты деректерге сай келмеген жағдайда мұндай есеп сот шешiмiмен жарамсыз деп танылады.
       Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      18-1-бап. Қаржы ұйымының аудитін жүргізу ерекшеліктері

      1. Қаржы ұйымдарының аудиторлық есебін жасау және оны Ұлттық Банкке беру мерзімдері Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.
      2. Қаржы ұйымының аудиторлық есебі бір мезгілде қаржы ұйымына және Ұлттық Банкке ұсынылады.
      3. Қаржы ұйымының аудиторлық есебiн Ұлттық Банкке ұсынудың белгiленген мерзiмдерi бұзылған жағдайда қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган аудиторлық есепті белгіленген мерзімде ұсыну туралы жазбаша нұсқама жібереді.
      4. Аудиторлық ұйым жазбаша нұсқаманы орындамаған жағдайда  Ұлттық Банк лицензияның қолданылуын тоқтата тұру қажеттігі туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгінеді.
      Ескерту. 18-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгеріс енгізілді - 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      19-бап. Сапаны бақылау және оның түрлерi

      1. Сапаны бақылау аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудит стандарттарының талаптарын сақтауына бағытталған.
      2. Сапаны iшкi және сыртқы бақылау сапаны бақылау түрлерi болып табылады.
      Сапаны iшкi бақылауды аудиторлық ұйым аудит стандарттарына сәйкес дербес жүзеге асырады.
      Сапаны сыртқы бақылауды кәсiби ұйым өз мүшелерiне қатысты үш жылда бiр рет жүзеге асырады.
      3. Сапаға сыртқы бақылауды жүргiзудiң қағидаларын уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен тиiстi кәсiби ұйымдар әзiрлейдi.
      Сапаны сыртқы бақылауды өз қызметін аудитор ретінде жүзеге асыратын аудиторлар ғана жүргiзе алады.
      4. Аудиторлық ұйым кәсiби ұйымның қорытындысына сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.
       Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      20-бап. Аудиторлардың құқықтары мен мiндеттерi

      1. Аудиторлар:
      1) аудиттелетiн субъектiнiң аудит жүргiзуге арналған шарттың талаптарын орындау үшiн қажеттi бухгалтерлiк және өзге де қаржы-шаруашылық құжаттамасын алуға және тексеруге;
      1-1) кәсіби ұйымға кіруге;
      2) аудиттелетiн субъектiнiң лауазымды адамдарынан аудит барысында туындаған мәселелер бойынша ауызша және жазбаша нысандарда түсiндірме алуға;
      3) кәсiби ұйымдардың шешiмiне сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.
      2. Аудиторлар:
      1) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын, аудит стандарттарын сақтауға;
      2) коммерциялық құпияны жария етпеуге;
      3) аудиттелетін субъектіге бухгалтерлік есеп жүргізуде, қаржылық есептілікте және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпаратта анықталған бұзушылықтар туралы ақпаратты беруге;
      4) өзі қатысушысы болып табылатын аудиторлық ұйымның басшысына заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәліметтерді хабарлауға міндетті.
      Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      21-бап. Аудиторлық ұйымдардың құқықтары мен мiндеттерi

      1. Аудиторлық ұйымдар:
      1) аудит жүргiзу әдiстерiн дербес анықтауға;
      2) аудит жүргiзуге арналған шарттың талаптарын орындау үшiн қажеттi бухгалтерлiк және өзге де қаржы-шаруашылық құжаттамаларын сұратып алуға және тексеруге;
      3) осы Заңның 24-бабында көрсетiлген тұлғаларды қоспағанда, әр түрлi бейiндегi мамандарды аудит жүргiзуге қатысуға шарттық негiзде тартуға;
      4) аудиттелетiн субъект аудит жүргiзуге арналған шарттың талаптарын бұзған жағдайда аудит жүргiзуден не аудиторлық есептi беруден бас тартуға;
      5) аудиттелетiн субъектiнiң қаржы-шаруашылық қызметтерiне байланысты құжаттамаларды толық көлемде, сондай-ақ осы құжаттамада есепке алынған мүлiктiң нақты бар-жоғын тексеруге құқылы.
      2. Аудиторлық ұйымдар:
      1) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын, аудит стандарттарын сақтауға;
      2) сапаны сыртқы бақылаудың жүргізілуіне, уәкілетті орган жүргізетін тексерулерге кедергі жасамауға;
      3) аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алған немесе кәсіби ұйымнан ерікті түрде шыққан немесе одан шығарылған күннен бастап бір ай ішінде кәсіби ұйымға кіруге;
      4) өздері мүшелері болып табылатын кәсіби ұйымды аккредиттеуден айырған кезде үш ай ішінде басқа кәсіби ұйымға кіруге;
      5) коммерциялық құпияны жария етпеуге;
      6) аудиттелетін субъектіге бухгалтерлік есеп жүргізуде, қаржылық есептілікте және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпаратта анықталған бұзушылықтар туралы ақпаратты беруге міндетті.
      Аудиторлық ұйымдар мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік кәсіпорындарда, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларда аудит жүргізген жағдайда аудиттелетін субъектіге бюджет қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдалану кезінде анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы ақпаратты да беруге міндетті;
      7) өздері үшін аудит жүргізу міндетті болып табылатын қаржы ұйымдарына, банктік конгломерат құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру тобына кіретін ұйымдарға аудит жүргізу нәтижесінде анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы аудиттелетін субъектілерді хабардар ете отырып, Ұлттық Банкке хабарлауға;
      8) уәкілетті органға лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес есептілікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпаратты табыс етуге;
      9) Ұлттық Банкке қаржылық ұйымдардың, банктік конгломерат құрамына кіретін ұйымдардың, сақтандыру тобына кіретін ұйымдардың аудиторлық есебін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде табыс етуге;
      10) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға «Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәліметтерді хабарлауға міндетті.
      3. Мемлекеттiк органдардың, аудиттелетiн субъектiлердiң және кез келген үшiншi тұлғалардың аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қызметiне заңсыз араласуына жол берiлмейдi.
      Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.06.21 N 19-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      22-бап. Аудиторлық қызметтi сақтандыру

      1. Аудиторлық ұйымдар аудиттi жүзеге асыру кезiнде мүлiктiк зиян келтiрудiң салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру шартын жасасуға міндетті.
      2. Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

      23-бап. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың
               жауапкершiлiгi

      Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын, сондай-ақ шарт талаптарын бұзғаны үшiн аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
       Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      24-бап. Аудит жүргiзу құқығын шектеу

      Аудиторлық ұйымдардың:
      осы аудиторлық ұйым немесе осы аудиттi жүзеге асырушы оның қызметкерлерi өздерiнiң қатысушысы, кредиторы болып табылатын тапсырыс берушiлерге;
      өздерiмен азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру шартын жасасқан ұйымдарға;
      осы Заңның 3-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген өзiнiң қызмет бейiнi бойынша соңғы үш жылда қызметтер көрсеткен ұйымдарға;
      орындаушылары аудиттелетiн субъектiмен еңбек қатынастарында тұрған немесе оның лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ аудиттелетiн субъектi акцияларының он және одан да астам процентiн (жарғылық капиталға қатысу үлесiн) иеленген акционердiң (қатысушының) жақын туыстары немесе жекжаттары болып табылатын аудиторлық ұйымдардың;
      аудиттелетiн субъектiде жеке мүлiктiк мүдделерi бар орындаушылардың;
      егер, аудит жүргiзу жөнiндегi мiндеттемелердi қоспағанда, оның аудиттелетiн субъектiнiң алдында немесе аудиттелетiн субъектiнiң оның алдында ақшалай міндеттемелері бар болса;
      жасалған жария шарттардан туындайтын міндеттемелерді қоспағанда, мүдделер қақтығысының пайда болуына әкелетін немесе осындай қақтығыстың пайда болу қатерін туғызатын жағдайларда, аудит жүргізуіне тыйым салынады.
       Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      25-бап. Аудиттелетін субъектінің құқықтары мен міндеттері

      1. Аудиттелетін субъект:
      1) аудиторлық ұйымнан Қазақстан Республикасы заңнамасының аудит жүргізуге қатысты талаптары туралы қажетті ақпаратты алуға;
      2) аудиторлық ұйымның ескертпелері мен қорытындылары негізделетін нормативтік құқықтық актілермен танысуға;
      3) аудитордан, аудиторлық ұйымнан бухгалтерлік есеп жүргізуде, қаржылық есептілікте және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпаратта анықталған бұзушылықтар туралы ақпаратты алуға;
      4) шарттың талаптарын бұзған жағдайда, аудиторлық ұйымның қызметтерінен бас тартуға құқылы.
      2. Аудиттелетін субъект:
      1) уақтылы және сапалы аудит жүргізуі үшін аудиторлық ұйымға жағдай жасауға, қажетті құжаттаманы табыс етуге, ауызша немесе жазбаша нысанда түсіндірулер мен түсінік беруге;
      2) егер шартта өзгеше көзделмесе, аудитке жатқызылған мәселелер ауқымын шектеу мақсатында аудиторлық ұйымның қызметіне араласпауға;
      3) аудиторлық ұйымның талабы бойынша қажетті ақпаратты алу үшін үшінші тұлғаның атына өз атынан жазбаша сауал жіберуге міндетті.
      3. Мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекет қатысатын заңды тұлғалар болып табылатын аудиттелетін субъектілер өз қызметтерінің қаржылық есептілігіне аудит жүргізілгеннен кейін бір ай мерзімде мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына бюджет қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдалану кезінде анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы ақпарат береді.
      4. Аудиторлық ұйымның шарт бойынша міндеттемелерден туындайтын талаптарын орындау аудиттелетін субъект үшін міндетті.
       Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      26-бап. Аудиттелетiн субъектiнiң мiндеттерi

       Ескерту. 26-бап алынып тасталды - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      27-бап. Аудиттелетiн субъектiнiң жауапкершiлiгi

      1. Аудиттелетiн субъект аудиторлық ұйымға аудит жүргiзу үшiн берген қаржылық есептіліктің және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпараттың толымдылығы мен дұрыстығы үшiн жауапты болады.
      2. Мiндеттi аудит жүргiзуден жалтарған не оны жүргiзуге кедергi жасаған, не оны жүргiзудi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қамтамасыз етпеген заңды тұлғаның басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      3. Аудит жүргiзу аудиттелетiн субъектiнi табыс етiлген қаржылық есептiлiктiң және өзге де құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмегенi үшiн жауаптылықтан босатпайды.
       Ескерту. 27-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      28-бап. Дауларды қарау

      Аудиторлар, аудиторлық ұйымдар арасында, сондай-ақ олар мен аудиттелетiн субъектiлер арасында туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шешiледi.

      29-бап. Өтпелi ережелер

      1. Дара кәсiпкерлер болып табылатын аудиторлар Осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап алты ай iшiнде аудиторлық қызметтi жүзеге асыра алады.
      2. Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган берген лицензияларды қоспағанда, аудиторлық ұйымдардың уәкiлеттi орган берген лицензиялары және осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген "аудитор" бiлiктiлiк куәлiгi жарамды болады.

      30-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      Осы Заң, осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлетiн 9-баптың 4, 5-тармақтарын, 10, 12 және 14-баптарын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті