Электр энергетикасы туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 588 Заңы.

Жаңартылған

МАЗМҰНЫ

      Осы Заң электр және жылу энергиясын өндiру, беру және тұтыну процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.04.11 № 136 Заңымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) авариялық бронь – адамдардың өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға олардың қауіпсіз жай-күйін, сондай-ақ кезекші және күзет жарығы, күзет және өрт дабылдары, өрт сөндіру сорғылары, сутөкпелер, негізгі технологиялық жабдықты салқындату, байланыс және авариялық желдеткіш жүйелері ток қабылдағыштарының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін технологиялық процесі толық тоқтатылған тұтынушы объектілерінің электр энергиясының ең аз шығысы (ең аз тұтыну қуаты);

      2) авариялық бұзылыс - электр қондырғысы немесе оның элементтері жұмысының технологиялық параметрлерінің олардың істен шығуын немесе пайдалану кезінде зақымдануын туындатқан, жол беруге болмайтын ауытқулары;

      2-1) әзірлік паспорты – энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін растайтын, жыл сайын берілетін құжат;

      2-2) бірыңғай сатып алушы – осы Заңда көзделген тәртіппен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сатып алуды және электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша орталықтандырылған қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға;

      2-3) генерациялайтын қондырғы – электр энергиясын өндіретін құрылғы;

      2-4) диспетчерлік технологиялық басқару – диспетчер жүзеге асыратын және диспетчерлік және технологиялық басқарудың автоматтандырылған жүйелері арқылы электр желілерінің жұмыс істеу режимдерін бақылау және басқару міндеттерін шешуге, сондай-ақ істен шығулар мен зақымдануларға ден қою және оларды жою шараларын қолдануды қажет ететін технологиялық бұзушылықтардың туындау алғышарттары немесе туындауы туралы жеке және заңды тұлғалардың хабарламаларын қабылдауға және өндеуге арналған процесс;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      3) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2019.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3) есептік тариф - инвестициялық бағдарламаның техникалық-экономикалық негіздемесінде айқындалған және тиісті топ үшін бекітілген шекті тарифтен асатын энергия өндіруші ұйым үшін электр энергиясына арналған босату тарифінің (бағасының) ең жоғары шамасы;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      4) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2019.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4) жеке тариф - инвестициялық бағдарламаны іске асыруды жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйым үшін бекітілген, тиісті топ үшін бекітілген шекті тарифтен асатын, электр энергиясына арналған босату тарифінің (бағасының) ең жоғары шамасы;

      5) жүйелік авария - Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикасы жүйесінің тұрақтылығын жоғалтуға және оны бөліктерге бөлуге әкеп соққан электр энергетикасы объектілері жұмысы режимдерінің авариялық бұзылысы;

      6) жүйелік қызметтер көрсету - жүйелік оператордың электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілеріне электр энергиясын беру, техникалық диспетчерлендіру, қуатты реттеу және резервтеу, электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерілімін ұйымдастыру жөнінде көрсететін қызметтері;

      7) жүйелiк оператор – орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды, басқа мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қатарлас жұмыс iстеудi қамтамасыз етудi, энергия жүйесiндегi теңгерiмдi ұстап тұруды, жүйелiк қызметтер көрсетудi және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнен қосалқы көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желiсi бойынша берудi, оған техникалық қызмет көрсетудi және оны пайдалану әзiрлiгiнде ұстап тұруды жүзеге асыратын ұлттық компания;

      8) жылу желілерінің күзет аймағы - жылу желілерін сақтауды қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануының, сондай-ақ осы желілердің күзет аймағында қалған тұрғындар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бөлінген жер учаскелері;

      8-1) жылумен жабдықтау жүйесі – жылу өндіретін, жылу беретін және жылу тұтынатын қондырғылардан тұратын кешен;

      9) жылу энергиясын беру – энергия беруші ұйымдар жасалған шарттарға сәйкес жылу желілері арқылы жылу энергиясын және (немесе) жылу жеткізгішті тасымалдау жөнінде көрсететін қызмет;

      10) жылу энергиясының бөлшек сауда нарығы – тұтынушыларды жылумен жабдықтауды жүзеге асыру үшін жылу энергиясын өндіруге, беруге қатысушылардың шарттар негізіндегі өзара қатынастар жүйесі;

      11) инвестициялық бағдарлама - жаңа активтерді құруға, қолда бар активтерді кеңейтуге, жаңартуға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған бағдарлама;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      12) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2020.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      12) инвестициялық міндеттеме - жаңа активтерді құруды, қолда бар активтерді кеңейтуді, жаңартуды, қолдауды, реконструкциялауды және техникалық қайта жарақтандыруды көздейтін міндеттеме;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      13) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2020.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      13) инвестициялық шарт – энергия өндіруші ұйым, уәкілетті орган және табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган арасындағы инвестициялық бағдарламаны орындау туралы шарт;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      14) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2020.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      14) келісім - уәкілетті орган мен электр энергиясын шекті тарифтен аспайтын бағалар бойынша өткізуді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйым арасындағы инвестициялық міндеттемелерді орындау туралы шарт;

      15) коммерциялық есепке алу аспабы - электр қуатын, электр немесе жылу энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;

      15-1) коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган - елді мекендердің шегінде электрмен жабдықтау (0,4 кВ электр желілік объектілер) және қуаты 100 Гкал/сағат және одан жоғары деп белгіленген жылу электр орталықтарынан және қазандықтардан басқа, жылумен жабдықтау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      15-2) күзгі-қысқы кезең – басталуы мен аяқталуын жергілікті атқарушы органдар белгілейтін жылыту маусымы;

      16) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі - Қазақстан Республикасының тұтынушыларын сенімді және сапалы энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ететін электр станцияларының, электр беру желілері мен шағын станциялардың жиынтығы;

      17) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі электр қуатының резерві - шартта көзделген талаптарға сәйкес қажет етілетін құрылымы, шамасы, сондай-ақ диспетчерлендіруге әзірлік дәрежесі бар энергия өндіруші ұйымдар агрегаттарының электр қуаты;

      18) қосалқы көрсетілетін қызметтер - жүйелік оператор электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен электр қуатының қажетті мөлшерлері мен оралымды резервтері құрылымының дайындығын қамтамасыз ету, активті және реактивті қуатты реттеу үшін, энергия жүйесін тогы жоқ жағдайдан шығару бойынша сатып алатын қызметтер көрсету;

      18-1) мемлекеттік техникалық инспектор – уәкілетті органның Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнама талаптарын сақтауға мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыратын лауазымды адамы;

      18-2) нарық кеңесі – электр энергиясы мен қуаты нарығының жұмыс істеуін мониторингтеу жөніндегі қызметті, сондай-ақ осы Заңда көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

      19) операциялық тәуліктер - жүйелік оператор электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері жасасқан электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының орындалуын орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқару жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ағымдағы тәуліктер;

      20) орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқару - жүйелік оператор жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі сенімділігінің нормативтік деңгейін және электр энергиясының нормативтік сапасының сақталуын қамтамасыз ететін энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен электр энергиясын тұтынушылардың техникалық жағынан келісілген жұмысын үздіксіз басқару процесі;

      20-1) орталықтандырылған сауда нарығының операторы – электр энергиясының спот-сауда-саттығын қоса алғанда, электр энергиясының және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің орталықтандырылған сауда-саттығын жүзеге асыратын ұйым;

      21) өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілері - өңірлер және (немесе) мемлекеттер арасында электр энергиясын беруді қамтамасыз ететін, кернеуі 220 киловольт және одан жоғары электр беру желілері;

      22) өңірлік электр желілік компания – энергия өндіруші ұйыммен және (немесе) ұлттық электр желісімен тікелей технологиялық байланысы бар, кернеуі төрт сыныптан (220, 110, 35, 20, 10 (6), 0,4 киловольт) кем емес электр берудің кабельдік немесе әуе желілерін иеленетін, өңірлік деңгейдегі электр желілерін пайдаланатын және кемінде 10 000 қосылған тұтынушысы бар энергия беруші ұйым;

      22-1) пайдаланылатын отын қорының нормасы – тәулікпен есептегенде энергия өндіруші ұйымдар пайдаланатын ең аз отын қоры;

      22-2) сараптама ұйымы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес энергетикалық сараптама жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      23) теңгерімдеуші электр энергиясы - электр энергиясын өндірудің-тұтынудың жүйелік оператор бекіткен сағат сайынғы тәуліктік кестесін іске асыру кезінде туындайтын теңгерімсіздіктерді жою үшін пайдаланылатын электр энергиясы;

      23-1) теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тариф – электр энергиясын өндіруге, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығынан электр энергиясын сатып алуға арналған шығындар және уәкілетті орган белгілеген әдістеме бойынша айқындалатын теңгерімдеуге тіркелген пайда ескерілетін, уәкілетті орган электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар топтары үшін жеті жылға тең мерзімге бекітетін, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында өткізілетін электр энергиясына босату тарифінің (бағасының) ең жоғары шамасы;

      24) техникалық диспетчерлендіру - Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндіру мен тұтыну режимдерін орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру жөнінде жүйелік оператор көрсететін қызмет;

      24-1) технологиялық бронь – үздіксіз технологиялық процесті аяқтау және адамдардың өмірі мен қоршаған ортаға қауіпті болғызбау үшін қажетті электр энергиясының ең аз шығысы (ең аз тұтыну қуаты) және уақыт ұзақтығы;

      24-2) технологиялық бұзушылық – электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру, беру, тұтыну процесінің бұзылуына алып келген жабдықтың, электр және (немесе) жылу желілерінің істен шығуы немесе зақымдануы, оның ішінде жану немесе жарылыс, белгіленген режимдерден ауытқу, жабдықты рұқсатсыз өшіру немесе оның жұмыс істеу қабілетін шектеу немесе оның бүлінуі салдарынан істен шығуы немесе зақымдануы;

      24-3) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйым – қызметі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға және дамытуға бағытталған, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам;

      24-4) тұрмыстық тұтынушы – электр энергиясын тауарларды, жұмыстарды өндіруге (сатуға) және көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты емес өзінің тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын жеке тұлға;

      25) тұтынушы - электр және (немесе) жылу энергиясын шарт негізінде тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;

      26) уәкілетті орган - электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      26-1) алып тасталды - ҚР 11.07.2017 № 89-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      27) ұлттық электр желісі – кіші станциялардың, тарату құрылғыларының, кернеуі 220 киловольт және одан жоғары өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілерінің және электр станцияларының электр энергиясын беруді жүзеге асыратын электр беру желілерінің жиынтығы, олар жекешелендіруге жатпайды және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және шарттарда ұлттық компанияға беріледі;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      28) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2019.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      28) шекті тариф - энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін электр энергиясына арналған босату тарифінің (бағасының) бекітілген ең жоғары шамасы;

      29) электр және жылу энергиясын коммерциялық есепке алу - электр және жылу энергиясын сатып алу-сату және беру шарттары бойынша тараптар арасында өзара есеп айырысу үшін қажетті электр және жылу энергиясын есепке алу;

      29-1) электр желілері – электр энергиясын беруге арналған кіші станциялардың, тарату құрылғыларының және оларды жалғайтын электр беру желілерінің жиынтығы;

      30) электр желілерінің күзет аймағы - электр желілерін сақтауды қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануының, сондай-ақ осы желілердің күзет аймағында қалған тұрғындар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бөлінген жер учаскелері, су және әуе кеңістігі;

      31) электр қуатын реттеу – жасалған шарттарға сәйкес шарттық баға бойынша көтерме сауда нарығының субъектілеріне және жүйелік операторға көрсетілетін, айырбас электр энергиясының нөлдік сальдосы сақталған жағдайда электр энергиясының көтерме саудасы нарығы субъектілерінің нақты электр жүктемесінің мәлімделген электр жүктемесінен ауытқуларына өтем жасау жөнінде көрсетілетін қызмет;

      31-1) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет – энергия өндіруші ұйымдардың белгіленген тәртіппен аттестатталған генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін ұстап тұру бойынша бірыңғай сатып алушыға көрсететін қызметі;

      31-2) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тариф – жұмыс істеп тұрған барлық энергия өндіруші ұйымдар үшін уәкілетті орган жеті жылға тең мерзімге бекіткен, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке тарифтің (бағаның) ең жоғары шамасы (электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемдерін қоспағанда, оны көрсету кезінде жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар және пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер жеңімпаздары электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке уәкілетті орган белгілеген жеке тарифті пайдаланады);

      31-3) алып тасталды - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      31-4) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф – жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер жасаған жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар үшін, сондай-ақ пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғылар салуға тендер жеңімпаздары үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке уәкілетті орган белгілеген жеке тариф;

      31-5) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызмет – Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде белгіленген тәртіппен аттестатталған генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша бірыңғай сатып алушы көрсететін қызмет;

      31-6) электр қуатының нарығы – энергия өндіруші ұйымдардың генерациялайтын жабдықты электр энергиясын өндіруге әзірлігі жағдайында ұстап тұруға, бұрыннан бар өндірістік активтерді жаңартуға, ұстап тұруға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға, сондай-ақ оларды құруға байланысты электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері арасындағы өзара қарым-қатынастар жүйесі;

      31-7) алып тасталды - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      31-8) электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы – электрондық сауда жүйесінде энергия өндіруші ұйымдар мен бірыңғай сатып алушы арасында электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттар жасасуға бағытталған процесс;

      32) электр энергетикасы - электр және жылу энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну саласы;

      33) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері – энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар, жүйелік оператор, орталықтандырылған сауда нарығының операторы, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы;

      33-1) электр энергиясына арналған шекті тариф – электр энергиясын өндіруге, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығынан электр энергиясын сатып алуға арналған шығындар және уәкілетті орган белгілеген әдістеме бойынша айқындалатын тіркелген пайда ескерілетін, электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар топтары үшін уәкілетті орган жеті жылға тең мерзімге бекіткен босату тарифінің (бағасының) ең жоғары шамасы;

      34) электр энергиясына кепілдік беріп жеткізуші - тұтынушыларды энергиямен жабдықтаушы басқа да барлық ұйымдар энергиямен жабдықтауды тұтынушының кінәсінен емес тоқтатқан жағдайларда тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды жүзеге асыратын энергиямен жабдықтаушы ұйым;

      35) электр энергиясын беру – электр желілері бойынша электр энергиясын беруге және (немесе) таратуға бағытталған технологиялық байланысты әрекеттер;

      35-1) электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі – өлшем құралдарының және электр энергиясын өлшеуге, жинақтауға, өңдеуге, сақтауға және есепке алу деректерін беруге арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннің жиынтығы;

      36) электр энергиясын өндірудің-тұтынудың тәуліктік кестесі - электр энергиясын орталықсыздандырылған сатып алу-сату және электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарықтарындағы көтерме сауда нарығына қатысушылар жасасқан электр энергиясын сатып алу-сату шарттарына сәйкес күнтізбелік әрбір тәулікте электр энергиясын өндіру мен тұтынудың сағат сайынғы шамаларын регламенттейтін, жүйелік оператор бекіткен құжат;

      37) электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерілімін ұйымдастыру - электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыру бойынша жүйелік оператор көрсететін қызмет;

      37-1) электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар тобы – мынадай өлшемшарттар: энергия өндіруші ұйымдардың типі, белгіленген қуаты, пайдаланылатын отын түрі, отын орналастырылған жерден қашықтығы, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр энергиясын беруге техникалық сипаттағы шектеулер болмайтын бір бөлігінде орналасуы бойынша қалыптастырылған энергия өндіруші ұйымдар жиынтығы;

      38) электр энергиясының бөлшек сауда нарығы - электр энергиясы бөлшек сауда нарығының субъектілері арасындағы шарттар (электр энергиясын сатып алу-сату, беру және тұтыну, сондай-ақ осыған байланысты көрсетілетін қызметтер ұсыну) негізінде көтерме сауда нарығынан тыс жұмыс істейтін қарым-қатынастар жүйесі;

      39) электр энергиясының бөлшек сауда нарығының субъектілері - энергия өндіруші, энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар;

      40) электр энергиясының көтерме сауда нарығы – электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің арасындағы шарттар негізінде жұмыс істейтін, электр энергиясын сатып алу-сатуға, оның ішінде электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында сатып алу-сатуға, жүйелік және қосалқы қызметтер, электр қуаты нарығында қызметтер көрсетуге байланысты қатынастар жүйесі;

      41) электр энергиясының орталықтандырылған саудасы - осы Заңмен белгіленген жағдайларды қоспағанда, электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері электрондық сауда жүйесінде ерікті негізде жүзеге асыратын электр энергиясын сатып алу-сату мәмілелері;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      42) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

      42) электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығының операторы - электр энергиясының спот-сауда-саттығын қоса алғанда, электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын жүзеге асыратын ұйым;

      43) электр энергиясының спот-сауда-саттығы (бұдан әрі - спот-сауда-саттық) - бір күн бұрын және операциялық тәуліктер ішінде режимдерінде қысқа мерзімдік негізде электр энергиясының сағат сайынғы көлемінде ұйымдастырылған сауда;

      44) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы – ағымдағы операциялық тәуліктерде Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндірудің және (немесе) тұтынудың шарттық және нақты шамалары арасында нақты уақыт режимінде туындайтын теңгерімсіздіктерді жүйелік оператордың физикалық және бұдан кейінгі қаржылық реттеуі нәтижесінде жүйелік оператор мен энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясының көтерме сауда нарығында қызметті жүзеге асыратын көтерме тұтынушылар арасында қалыптасатын өзара қатынастар жүйесі;

      45) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының имитациялық режимі (бұдан әрі - имитациялық режим) - электр энергиясы теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеуді жүзеге асырмастан электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі;

      46) электр энергиясының теңгерімсіздігі - электр энергиясын өндірудің-тұтынудың нақты шамасының электр энергиясын өндіру-тұтынудың сағаттық тәуліктік кестесіндегі жүйелік оператор бекіткен шамадан ауытқуы;

      47) энергетикалық сараптама – электр энергетикасы саласындағы жұмыс істеп тұрған объектілер, реконструкцияланатын, жаңғыртылатын және жаңадан салынып жатқан объектілердің жобалары бойынша, сондай-ақ олардағы технологиялық бұзушылықтарды және өндірістік жарақаттануды тергеп-тексеру кезінде уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестігіне жүргізілетін электр энергетикасы саласындағы сараптама;

      48) энергия беруші ұйым – шарттар негізінде электр немесе жылу энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін ұйым;

      49) энергиямен жабдықтаушы ұйым - сатып алынған электр және (немесе) жылу энергиясын тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын ұйым;

      50) энергия өндіруші ұйым - электр және (немесе) жылу энергиясын өз қажеттіліктері және (немесе) өткізу үшін өндіруді жүзеге асыратын ұйым;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      51) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2019.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      51) энергия өндіруші ұйымдардың тобы - мынадай өлшемдер: энергия өндіруші ұйымдардың типтері, белгіленген қуат, пайдаланылатын отын түрі, отынның тұрған жерінен қашықтығы бойынша қалыптасқан энергия өндіруші ұйымдар.

      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.12.29 № 116-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), өзгерістер енгізілді - 2011.03.01 № 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.04 № 25-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 04.07.2013 № 128-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2015 № 322-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 394-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 89-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

2-тарау. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу

3-бап. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары мен мiндеттерi

      1. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк реттеу:

      1) энергия тұтынушылардың сұранысын барынша қанағаттандыру және электр, жылу энергиясы нарығына қатысушылардың құқықтарын тұтынушылардың электр және жылу энергиясын жеткiзушiлердi таңдау құқығына кепiлдiк беретiн нарықта бәсекелестiк жағдайлар жасау жолымен қорғау;

      2) Қазақстан Республикасы электр энергетикасы кешенiнiң қауiпсiз, сенiмдi және тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;

      3) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы кешенiн елдiң шаруашылық-экономикалық және әлеуметтiк кешендерiнiң тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз етудiң ерекше маңызды жүйесi ретiнде басқарудың бiртұтастығы мақсатында жүзеге асырылады.

      2. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк реттеудiң мiндеттерi мыналар:

      1) басқару бiртұтастығы, бәсекенi дамыту негiзiнде электр энергетикасы кешенiнiң тиiмдi қауiпсiз, жұмыс iстеуi мен дамуы;

      2) тұтынушылардың электр және (немесе) жылу энергиясын жеткiзушіні таңдау құқығы;

      3) табиғи монополия сапасындағы қызметті реттеу, сондай-ақ отандық энергия өндiрушілердi қорғау үшiн жағдайлар жасау;

      4) электр және жылу энергиясының реттелетiн нарығын құру мен жетiлдiру;

      5) электр және жылу энергиясын ұтымды және үнемдi тұтыну;

      6) жаңартылып отыратын және дәстүрлi емес энергия көздерiн пайдалану мен дамыту;

      7) электр энергетикасы кешенiн дамыту мен қайта жарақтандыруға инвестициялар тарту;

      8) қоршаған ортаны қорғау, электр беру желiлерiн, электр және энергия қондырғыларын пайдалану кезiндегi құрылыс сенiмдiлiгi мен қауiпсiздiгi жөнiндегi iс-шаралар кешенiн орындау үшiн жағдайлар жасау;

      9) елдiң шалғай аудандарында энергиямен жабдықтауды ұйымдастыру үшiн жағдайлар жасау;

      10) Қазақстан Республикасының бiртұтас энергетикалық жүйесi жұмысының және электр энергиясы сапасының ұлттық стандарттарын белгiлеу;

      11) жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеуді және субсидиялауды қамтамасыз ету болып табылады.

      3. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк реттеу:

      1) лицензиялауды;

      2) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттiк реттеудi;

      3) электр энергетикасы объектiлерiн монополиясыздандыру мен жекешелендiрудi;

      4) электр энергиясын өндiрудiң, берудiң, техникалық диспетчерлендiру мен тұтынудың сенiмдiлiгiн, қауiпсiздiгi мен үнемдiлiгiн мемлекеттiк қадағалауды;

      5) электр энергетикасы саласындағы техникалық реттеудi;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын, жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды бюджет қаражаты есебінен кредиттеуді;

      7) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды өтеусіз және қайтарымсыз негізде субсидиялауды қамтиды.

      Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.04.11 № 136, 2006.12.29 № 209, 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2015 № 322-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-1-бап. Ұлттық электр желісін мемлекеттік реттеу ерекшеліктері

      1. Ұлттық компанияға ұлттық электр желісін жеке және (немесе) заңды тұлғаларға иеліктен шығаруға, сондай-ақ оған үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға тыйым салынады.

      2. Ұлттық басқарушы холдингке нәтижесінде ұлттық компанияның тоқсан пайыздан кем плюс бір дауыс беретін акциясы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі болатын осы ұлттық компанияның акцияларын иеліктен шығаруға тыйым салынады.

      Ескерту. 2-тарау 3-1-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2014 N 225-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

4-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құзыретi

      Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;

      1-1) бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету кезінде ғана шеккен шығыстарына өтем жасау үшін оның осындай көрсетілетін қызметтен түскен кірістерінің жетіспеуі салдарынан өзінің энергия өндіруші ұйымдар алдындағы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша міндеттемелерін орындауы мүмкін болмаған жағдайда, оған мемлекеттік қаржылық қолдауды жүзеге асырады;

      1-2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйымды айқындайды;

      2) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

      Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.06.2015 № 322-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

      Уәкiлеттi орган:

      1) электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;

      2) алып тасталды - ҚР 11.07.2017 № 89-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      3) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      4) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      5) электрмен жабдықтаудың үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;

      6) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар құрылысының үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;

      7) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;

      7-1) электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;

      8) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      9) электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      10) электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      11) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидаларын әзірлейді және бекiтеді;

      12) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      13) электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс iстеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларын әзірлейді және бекiтеді;

      14) Қазақстанның бірыңғай электр энергетикасы жүйесiнде авариялық бұзушылықтарды болғызбау және оларды жою жөнiндегi қағидаларды әзірлейді және бекiтеді;

      15) энергетикалық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      16) электр энергетикасы саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді және бекітеді;

      17) электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      18) электр станцияларының және жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      19) электр қондырғыларын орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      20) энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді және бекітеді;

      21) электр энергиясын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      22) жылу энергиясын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      23) жүйелік оператордың қызметтер көрсету, жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      24) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда-саттықта (аукциондарда) өткізілетін сатып алынатын мүлік (активтер) тізбесіне электр энергиясын қосу туралы шешім қабылдайды;

      25) электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету қағидаларын әзірлейді және бекiтеді;

      26) электр желілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      27) тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      28) тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      29) энергетика кәсіпорындары үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      30) шаң тәріздес отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылыс қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      30-1) электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      30-2) электр берудің әуе желілерінің тіректерін орналастыру үшін жер учаскелерінің көлемін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      30-3) жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      30-4) энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға сәйкестігін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      31) аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      32) бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      33) техникалық жаңғыртылудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      34) энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу және жоспарлау туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

      35) жылу энергиясын жіберуді және жылу жеткізгішін есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекiтеді;

      36) электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      37) жылу электр станцияларының электр қуатына шектеулерді және осындай шектеулерді қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      38) Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      39) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      40) электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      41) сарапшы ұйымдарды және дайындаушы зауыттарды тарта отырып, электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарының, ғимараттары мен құрылыстарының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдықтарының техникалық жай-күйіне мерзімді зерттеп-қарау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      42) электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      43) жүйелік операторды айқындайды;

      44) мемлекеттік техникалық инспектордың қызметтік куәлігінің, нөмірлік мөртабанның және пломбирдің үлгісін белгілейді;

      45) энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      46) энергия өндіруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңде пайдаланатын отын қорының нормаларын бекітеді;

      47) өз құзыреті шегінде электр және жылу энергиясын өндіру, беру және тұтыну, сондай-ақ электр қуатының әзірлігін ұстап тұру және электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;

      47-1) электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін, сондай-ақ оларды айқындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      48) энергия өндiрушi, энергия беруші ұйымдардың технологиялық мұқтаждарына электр және жылу энергиясының шығыс нормаларын регламенттейтін нормативтік құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекітеді;

      49) жабдықтарды жобалау, салу, олардың пайдаланылу және техникалық-экономикалық сипаттамалары саласындағы нормативтiк техникалық құжаттарды әзiрлейдi және бекітеді;

      50) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      51) энергия өндіруші ұйымдардың осы Заңның 13-бабы 3-2-тармағының 3) тармақшасында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      52) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);

      53) орталықтандырылған сауда нарығының операторын айқындайды;

      54) мемлекеттік техникалық инспекторлар актілерінің нысандарын әзірлейді және бекітеді;

      55) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесiмен электр байланысы жоқ өңірлер үшiн электр энергиясының көтерме сауда нарығы жұмыс iстеуiнiң және оны ұйымдастырудың ерекшелiктерiн айқындайды;

      56) мемлекеттік техникалық инспекторға қызметтік куәлік, нөмірлік мөртабан және пломбир беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      57) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      58) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      59) энергетикалық сараптаманы жүзеге асыру үшін сараптама ұйымдарына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;

      60) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      61) инвестициялық бағдарламаны әзiрлеуге арналған техникалық тапсырманы әзiрлейдi және бекітеді;

      62) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      63) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      64) электр қуаттарын орналастырудың перспективалық схемасын әзірлейді және бекітеді;

      65) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізеді;

      66) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің қорытындылары бойынша осы тендердің жеңімпазымен шарт жасасады;

      67) пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер нәтижелері бойынша жеңімпазды айқындайды, онымен бірыңғай сатып алушы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасады;

      68) электр энергиясының және қуатының болжамды теңгерімдерін бекітеді;

      69) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      70) электр энергетикасы саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      70-1) электр энергиясына шекті тарифтерді бекітеді;

      70-2) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерге шекті тарифтерді бекітеді;

      70-3) электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың топтарын бекітеді;

      70-4) алып тасталды - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      70-5) электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту тәртібін айқындайды;

      70-6) жүйелік оператордың осы Заңның 15-2-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      70-7) энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын өткізу (сату) тәртібін және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді бұзғаны және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қолданылған шаралар туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады;

      70-8) алып тасталды - ҚР 11.07.2017 № 89-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      70-9) электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін тіркелген пайданы, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданы айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      70-10) нарық кеңесін айқындайды, сондай-ақ нарық кеңесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      70-11) бірыңғай сатып алушы пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендерлер жеңімпаздарымен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемдерін және оны сатып алу мерзімдерін белгілейді;

      70-12) жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер жасасады;

      70-13) электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгерімдерін әзірлеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      70-14) электр энергетикасы саласындағы нормативтік техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;

      70-15) бірыңғай сатып алушыны айқындайды;

      70-16) теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді бекітеді;

      70-17) генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттауды өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      70-18) бірыңғай сатып алушы уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім жасасқан жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемдерін және оны сатып алу мерзімдерін белгілейді;

      70-19) бірыңғай сатып алушы құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      70-20) бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны есептеуі және интернет-ресурста орналастыруы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      70-21) жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      70-22) тексерулер жүргізудің жартыжылдық графиктерін әзірлейді және бекітеді;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      70-23) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 11.07.2017 № 89-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

      70-23) есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      70-24) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 11.07.2017 № 89-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

      70-24) үлгілік инвестициялық шартты әзірлейді және бекітеді;

      70-25) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 11.07.2017 № 89-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

      70-25) шекті тарифтерді бекітеді;

      70-26) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 11.07.2017 № 89-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

      70-26) энергия өндіруші ұйымдардың топтарын қалыптастырады;

      70-27) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 11.07.2017 № 89-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

      70-27) энергия өндіруші ұйымдардың келісімдерде көзделген инвестициялық міндеттемелерінің және инвестициялық шарттарда көзделген инвестициялық бағдарламалардың орындалуына мониторинг жүргізеді;

      70-28) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 11.07.2017 № 89-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

      70-28) энергия өндіруші ұйымдармен инвестициялық шарттар жасасады;

      70-29) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясының тапшылығы мен профицитін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      70-30) жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдарға отын сатып алуға субсидия беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      71) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-б. қараңыз); 12.11.2015 № 394-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 89-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-1-бап. Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның құзыреті

      Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган:

      1) өз құзыреті шегінде электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

      2) елді мекендер шегінде электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау саласындағы нормативтік-техникалық құжаттаманы өз құзыреті шегінде әзірлейді және бекітеді;

      3) елді мекендер шегінде электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау саласында әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      4) елді мекендер шегінде электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау саласында жобалау, іздестіру, қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың жүргізілуін ұйымдастырады;

      5) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      5-1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      5-2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      5-3) жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеуді және субсидиялауды жүзеге асырады;

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 2-тарау 5-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2015 № 322-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-2-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдардың отын сатып алуға шығындарын субсидиялауды жүзеге асырады.

      Ескерту. 2-тарау 5-2-баппен толықтырылды - ҚР 11.07.2017 № 89-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

6-бап. Мемлекеттiк энергетикалық бақылау

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Электр энергетикасы саласындағы бақылауды мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

      2. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi орган:

      1) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтiк-құқықтық актілері талаптарының сақталуын;

      2) электр станциялары, электр желілері энергетикалық жабдығының, тұтынушылардың электр қондырғыларының пайдаланылуы мен техникалық жай-күйін;

      3) электр энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну сенімділігі мен қауіпсіздігін;

      4) электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне тексеруден өтпеген персоналдың электр қондырғыларына жіберілмеуін немесе жұмыстан шеттетілуін бақылауды жүзеге асырады.

      2-1. Жергілікті атқарушы органдар:

      1) қазандықтардың, жылу желілерінің және тұтынушылардың жылу пайдалану қондырғыларының пайдаланылуы мен техникалық жай-күйін;

      2) қазандықтар, жылу желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын дайындау мен жүзеге асыруға және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асырады.

      3. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік энергетикалық бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

      Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 № 188-IV Заңымен.

      5. Алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 № 188-IV Заңымен.

      6. Алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 № 188-IV Заңымен.

      7. Алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 № 188-IV Заңымен.

      8. Электр энергетикасы объектiсiнiң басшысына анықталған бұзушылықтарды жою үшін мерзiмдер мен орындалуына жауапты адамдар көрсетілген, сондай-ақ электр қондырғыларын пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға тиісті рұқсаты жоқ және электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулерден өтпеген персоналды жұмыстан шеттету туралы белгіленген үлгiдегi нұсқама берiледi.

      9. Энергетикалық бақылау:

      1) электр және жылу энергиясының сапасы жөнiндегi техникалық талаптардың сақталуына;

      2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерінің сақталуын;

      3) электр және жылу энергиясының ұтымды және үнемдi пайдаланылуына, оны өндiру, беру, тұтыну режимдерiн оңтайландыруға;

      4) электр станцияларының, электр және жылу желiлерiнiң күзгi-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігіне жүргiзiледi.

      10. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган:

      1) электр энергетикасы кәсiпорындарының объектiлер мен жабдықтардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін бағалау жөнiндегі комиссияларының жұмысына қатысады;

      2) негізгі жабдықтың тоқтауына, өртке, жарылысқа, Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнің бiрнеше бөлiкке бөлінуіне, электр энергиясын тұтынушыларды жаппай шектеуге алып келген, электр станцияларының, электр желiлерiнiң жұмысындағы технологиялық бұзушылықтардың есебін жүргiзедi;

      3) қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ санатына сәйкес энергетикалық сараптама жүргізу жөніндегі сараптама ұйымдарының тізілімін жүргізеді, интернет-ресурста орналастырады және жаңартып отырады;

      4) алып тасталды - ҚР 11.07.2017 № 89-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      5) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде электр энергетикасы саласындағы әкімшілік істер бойынша материалдар қарауды жүзеге асырады;

      6) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын бұзушылықтар бойынша сотқа жүгінеді және соттың істерді қарауы кезінде қатысады;

      7) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін табиғи монополия субъектісі қызметінің осы Заңның 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі туралы ақпаратты жібереді.

      10-1. Жергілікті атқарушы органдар:

      1) қазандықтар мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексерулер жүргізеді;

      2) қазандықтар мен жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) жоспарлы жөндеуді келіседі;

      3) барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі паспорттарын береді;

      4) 110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен кіші станциялар салудың техникалық орындылығы туралы қорытындылар береді;

      5) тұтынушылардың жылу энергиясынан шектелуіне, қазандықтардың энергетикалық жабдығының бүлінуіне әкеп соққан жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексерулердің есебін жүргізеді;

      6) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде электр энергетикасы саласындағы әкімшілік істер бойынша материалдар қарауды жүзеге асырады;

      7) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын бұзушылықтар бойынша сотқа жүгінеді және соттың істерді қарауы кезінде қатысады.

      11. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:

      1) электр және энергия қондырғыларына кедергісіз қол жеткізуге;

      2) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындауды жүзеге асыруға;

      3) энергетикалық жабдыққа зерттеп-қарау жүргiзу, энергетикалық ұйымдарды кешендi тексерулер және электр станциялары, электр желiлерi энергетикалық жабдығының жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру кезiнде сарапшыларды тартуға;

      4) әзірлік паспортын алу үшін көлемі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін, әзірлік паспортын алу үшін ұсынылған құжаттарға қосымша түсіндірмелер, материалдар мен негіздемелер қажет болған жағдайда әзірлік паспортын ескертулерсіз немесе ескертулермен беруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген шарттар мен талаптардың орындалуын растайтын ұсынылған құжаттардың көлемі, мазмұны сәйкес келмеген жағдайда әзірлік паспортын беруден бас тартуға құқылы.

      Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.12.29 № 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 394-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 89-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-1-бап. Жекелеген тексерулер мен мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарын ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

      1. Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі электр станцияларының, кернеуі 0,4 кВ жоғары электр желілерінің, белгіленген қуаты 100 Гкал/сағаттан асатын магистральдық жылу желілерінің және қазандықтардың энергетикалық жабдығын пайдалануға қойылатын талаптарды сақтау және олардың техникалық жай-күйі бойынша тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі осы бапта айқындалады.

      2. Тексерілетін субъектіні тексеру – бақылау нысандарының бірі, оны мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган мынадай әрекеттердің бірін жасау арқылы жүргізеді:

      1) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның лауазымды адамының тексерілетін субъектіге баруы;

      2) бақылаудың өзге де нысандарын жүргізу кезінде қажетті ақпаратты талап етіп алдыруды қоспағанда, тексеру нысанасына қатысты қажетті ақпаратты сұрату;

      3) осы Заңның 6-бабына сәйкес тексерілетін субъектіні Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды оның сақтауы туралы ақпарат алу мақсатында шақырту.

      3. Тексерулер ішінара және жоспардан тыс болып бөлінеді.

      Ішінара тексеру – мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган нақты тексерілетін субъектіге қатысты тағайындайтын, уәкілетті орган бекіткен ішінара тексерулер кестесінің негізінде Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуы мәселелері бойынша жүргізілетін тексеру.

      Жоспардан тыс тексеру – мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган нақты тексерілетін субъектіге қатысты тағайындайтын тексеру.

      Жоспардан тыс тексеру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тексеру нысанасына қойылатын талаптарды сақтаудың жекелеген мәселелері бойынша жүргізіледі.

      Бұл ретте тексерулер құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда міндетті тіркелуге жатады.

      4. Ішінара тексерулер жүргізу кезінде мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның аумақтық бөлімшелерінің және тексерілетін субъектілер объектілерінің тізбесі, сондай-ақ тексерулер жүргізу кезеңдері көрсетіле отырып, күнтізбелік жылға арналған ішінара тексерулер кестесі жасалады.

      Ішінара тексерулер кестесіне Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі электр станцияларының, кернеуі 0,4 кВ жоғары электр желілерінің, белгіленген қуаты 100 Гкал/сағаттан асатын магистральдық жылу желілерінің және қазандықтардың энергетикалық жабдығын пайдалануды жүзеге асыратын тексерілетін субъектілер енгізіледі.

      Ішінара тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде ішінара тексерулер кестесі мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның ресми интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.

      5. Тексерулер ішкі еңбек тәртіптемесі қағидаларында белгіленген тексерілетін субъектінің жұмыс уақытында жүзеге асырылады.

      Жоспардан тыс тексеруді бұзушылықтардың жолын кесу және (немесе) олардың жасалуының мән-жайларын анықтау қажет болған жағдайларда жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндері) жүргізуге жол беріледі.

      6. Тексеруді тағайындау және тексеру нәтижелері туралы актілер, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, оны жүргізу мерзімін ұзарту, тексеруге қатысушылар құрамының өзгеруі туралы хабарламалар уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша жасалады.

      Көрсетілген актілер мен хабарламалар, сондай-ақ тексерілетін субъектіге тексеру жүргізудің басталуы туралы хабар тексеруді тағайындаған мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында не өзге де тәсілмен тексерілетін субъектіге жіберіледі. Тексеруді тағайындау туралы акт тексерілетін субъектіге тапсырылған күн тексеру жүргізудің басталуы деп есептеледі.

      7. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды алған кезден бастап жиырма төрт сағат iшiнде тексерілетін субъект тексеруді тағайындаған мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органға оларды алғаны туралы хабарламаны электрондық құжат нысанында немесе өзге де тәсілмен жіберуге міндетті.

      Хабарламаларды электрондық түрде беру жүзеге асырылатын ақпараттық жүйе өзгертілген жағдайда, тексерілетін субъектілер бұл жайында мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органға дереу хабарлайды.

      8. Тексеруді тағайындау туралы акт негізінде тексеру жүргізіледі.

      Объектіге тексеру үшін келген мемлекеттік техникалық инспекторлар тексеруді тағайындау туралы актіні және қызметтік куәлігін көрсетуге міндетті. Өзге құжаттарды көрсетуді талап етуге жол берілмейді.

      Мемлекеттік техникалық инспектордың тексерілетін объектіге кіруіне кедергі келтірілген жағдайда, мемлекеттік техникалық инспектор хаттама жасайды. Тексерілетін объектіге кіргізуден бас тарту тексеру жүргізбеу үшін негіз болып табылмайды.

      Тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген мемлекеттік техникалық инспекторлар ғана тексеруді жүргізеді. Тексеруді жүргізетін мемлекеттік техникалық инспекторлардың құрамы мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның шешімімен өзгертілуі мүмкін, бұл жайында тексерілетін субъектіге тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілмеген адамдардың тексеруге қатысуы басталғанға дейін хабарлама жіберіледі.

      9. Тексеру жүргізудің мерзімі алдағы жұмыстардың көлемі ескеріле отырып белгіленеді, бірақ отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      Тексеру жүргізудің мерзімін мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның басшысы отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет ұзартуы мүмкін, бұл ретте мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган тексеруді ұзарту туралы қосымша актіні міндетті түрде ресімдеп, оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркейді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің тіркеу нөмірі мен күні және ұзарту себебі көрсетіледі.

      Тексеру жүргізудің мерзімі ұзартылған жағдайда, тексеру жүргізудің мерзімі өткенге дейін тексерілетін субъектіге тексеру мерзімін ұзарту туралы хабарлама жіберіледі.

      Тексеру күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге бір рет тоқтатыла тұруы мүмкін. Арнайы зерттеулерді, сынақтарды, сараптамаларды күнтізбелік отыз күннен асатын мерзімде жүргізу қажет болған жағдайда, тексеру жүргізудің мерзімі олар алынғанға не орындалғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      Тексеру тоқтатыла тұрған не қайта басталған жағдайларда, тексерілетін субъектіге тексеру тоқтатыла тұрғанға не қайта басталғанға дейін кемінде бір жұмыс күні бұрын тиісті хабарлама жіберіледі.

      Тоқтатыла тұрған тексеруді жүргізудің мерзімін есептеу ол қайта басталған күннен бастап жалғасады.

      Тексеру тоқтатыла тұрған және осы бапта белгіленген мерзімдерде қайта басталмаған субъекті бойынша тексеру жүргізуге жол берілмейді.

      10. Тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік техникалық инспекторлар тексеру нәтижелері туралы акт жасайды.

      Тексерілетін субъектінің тексеру нәтижелері бойынша қарсылықтары жазбаша түрде баяндалады және тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тіркеледі, онда тиісті белгі жасалады.

      Тексеру нысанасына қойылатын белгіленген талаптарды бұзушылықтар болмаған жағдайда, тексеру нәтижелері туралы актіде тиісті жазба жүргізіледі.

      Тексерілетін субъектіде түпнұсқасы бар құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, тексеру нәтижелері туралы актінің бір данасы қосымшаларының көшірмелерімен тексерілетін субъектіге жіберіледі.

      11. Тексеру нәтижелері бойынша тексеру нысанасына қойылатын белгіленген талаптарды бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган тексерілетін субъектіге бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жібереді.

      Тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша қарсылықтар болмаған кезде тексерілетін субъект тексеру нәтижелері туралы актіні алғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның тексеруді жүргізген басшысымен келісілетін мерзімдерді көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар туралы ақпаратты беруге міндетті.

      Тексерілетін субъект нұсқаманы алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде нұсқаманы берген мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органға өзінің қарсылықтарын енгізуге құқылы, бұлар бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Тексерілетін субъект нұсқамаға қарсылықтарын қарау нәтижелерін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жоғары тұрған мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органға немесе сотқа нұсқамаға шағым жасауға құқылы.

      Өтініш берушінің өтінішхаты бойынша нұсқаманы орындау жоғары тұрған мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның шағымды қарау кезеңіне тоқтатыла тұрған жағдайларды қоспағанда, шағым беру нұсқаманың орындалуын тоқтата тұрмайды, бұл жайында өтініш берушіге өтінішхат келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады.

      Жоғары тұрған мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган нұсқамаға шағымды он жұмыс күні ішінде қарайды және нұсқаманың күшін толық немесе ішінара жою не шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарады.

      12. Мемлекеттік техникалық инспекторлардың тексеруді жүргізу кезінде:

      1) тексерілетін субъектінің аумағына және үй-жайларына осы баптың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсеткен кезде кедергісіз кіруге;

      2) тексерудің міндеттері мен нысанасына сәйкес тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштерде құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін алуға, сондай-ақ автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуге;

      3) тиісті мемлекеттік органдардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тартуға құқығы бар.

      13. Мемлекеттік техникалық инспекторлар тексеруді жүргізу кезінде:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, тексерілетін субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;

      2) тексерулерді осы бапта және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген негізде және тәртіппен қатаң сәйкестікте жүргізуге;

      3) тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін субъектілердің белгіленген жұмыс режіміне кедергі келтірмеуге;

      4) осы Заңның 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындауға;

      5) тексеруді жүргізу кезінде тексерілетін субъектінің қатысуына кедергі келтірмеуге, тексеру нысанасына жататын мәселелер бойынша түсіндірулер беруге;

      6) тексеруді жүргізу кезінде тексерілетін субъектіге оның нысанасына қатысты қажетті ақпарат беруге;

      7) тексерілетін субъектіге жүргізілген тексеру нәтижелері туралы актіні ол аяқталған күні тапсыруға;

      8) алынған құжаттардың және тексеру жүргізу нәтижесінде алынған мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

      14. Тексерілетін субъектілер:

      1) объектіге тексеру жүргізу үшін келген мемлекеттік техникалық инспекторларды:

      ішінара тексеру тағайындалған кезде мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның ішінара тексерулер кестесінде тексерілетін объект болмаған;

      тексеруді тағайындау туралы актіде мемлекеттік техникалық инспектор туралы деректер болмаған;

      тексеру жүргізудің мерзімі тексеруді тағайындау туралы актіде не тексеру жүргізуді қайта бастау, мерзімін ұзарту туралы хабарламаларда көрсетілген мерзімге сәйкес келмеген;

      ішінара тексеруді жүргізу үшін негіздер немесе жоспардан тыс тексеруді тағайындау туралы акт болмаған жағдайларда, тексеруге жібермеуге;

      2) егер мәліметтер жүргізілетін тексеру нысанасына немесе тексеруді тағайындау туралы актіде, тексеру жүргізуді қайта бастау, мерзімін ұзарту туралы хабарламаларда көрсетілген кезеңдерге жатпаса, оларды ұсынбауға;

      3) тексеруді тағайындау туралы актіге, тексеру нәтижелері туралы актіге және мемлекеттік техникалық инспекторлардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.

      15. Тексерілетін субъектілер:

      1) тексеру жүргізу үшін өз аумағына және үй-жайларына мемлекеттік техникалық инспекторлардың кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;

      2) тексерудің міндеттері мен нысанасына сәйкес мемлекеттік техникалық инспекторларға тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштерде құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін ұсынуға, сондай-ақ автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуіне;

      3) зиянды және қауіпті өндірістік факторлар әсерінен объектіге тексеру жүргізу үшін келген мемлекеттік техникалық инспекторлардың қауіпсіздігін осы объект үшін белгіленген нормативтерге сәйкес қамтамасыз етуге міндетті.

      16. Мыналар:

      1) жоспарлы тексеру жүргізу үшін негіздердің болмауы;

      2) тексеруді тағайындау туралы актінің болмауы тексеруді жарамсыз деп тану үшін негіздер болып табылады.

      Тексерудің жарамсыз деп танылуы осы тексеру нәтижелері туралы актінің және бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың күшін жою үшін негіз болып табылады.

      Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган тексерілетін субъектінің тексерудің жарамсыздығына байланысты тексеру нәтижелері туралы актінің күшін жою туралы өтінішін қарауды өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Өтінішті қараудың осы Заңда белгіленген мерзімінің бұзылуы тексерілетін субъектінің пайдасына қарастырылады.

      17. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган субъектіге (объектіге) бару арқылы мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарын:

      1) егер бару "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексерумен байланысты болған;

      2) тексерілетін субъект рұқсат беру құжаттарын алумен байланысты емес өз қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды (ақпарат) алу үшін бастамашылықпен жүгінген жағдайларда жүргізеді.

      18. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарын жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарын бару арқылы жүргізу кезінде мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган тексерілетін субъект тұрған жердегі құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органды бұларды жүргізгенге дейін хабардар етеді.

      19. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарын жүргізу кезінде:

      1) осы баптың 17-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органға бақылау субъектілеріне (объектілеріне) баруға тыйым салынады;

      2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органда тіркелу және тексерілетін субъектіні алдын ала хабардар ету талап етілмейді;

      3) бұзушылық анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамастан, бірақ тексерілетін субъектіге осы бұзушылықты жою тәртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарының қорытындылары бойынша олардың түріне қарай қорытынды құжаттар (анықтама, нұсқама, қорытынды және басқа) жасалады.

      20. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарын талдау нәтижелері ішінара тексерулер жүргізу үшін бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеуге негіз болып табылады.

      21. Жергілікті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы бапқа сәйкес тексеруді жүзеге асырады.

      Ескерту. 2-тарау 6-1-баппен толықтырылды - ҚР 12.11.2015 № 394-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 89-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-бап. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның құзыреті

      Ескерту. 7-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган:

      1) энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтынатын көлемдеріне қарай саралау тәртібін бекітеді;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2019.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2) энергия өндіруші ұйымдармен инвестициялық шарттар жасасады;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      3) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2019.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3) жеке тарифті бекітеді;

      4) электрмен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың тізілімін интернет-ресурста жүргізеді, орналастырады және он күн сайын жаңартып отырады;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      5) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (01.01.2019 бастап 01.01.2020 дейін қолданыста болады) Заңымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      5) тармақшаның бұл редакциясы 01.01.2019 дейін қолданыста болады - ҚР 2012.07.04 № 25-V Заңымен.

      5) энергия өндіруші ұйымдардың осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 1) және 3) тармақшаларында, 4-тармағында, 12-1-бабының 4 және 5-тармақтарында, 13-бабы 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады және анықталған бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқамалар енгізеді;

      6) осы Заңның 13-бабының 3-3-тармағында, 18-бабының 1-тармағында көзделген талаптарды энергия өндіруші ұйымдардың сақтауын бақылауды жүзеге асырады және анықталған бұзушылықтарды жою туралы орындауға міндетті нұсқамалар енгізеді;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      7) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (01.01.2019 бастап 01.01.2020 дейін қолданыста болады) Заңымен.

      7) осы Заңның 12-бабының 3, 4-тармақтарында, 12-1-бабының 4, 5-тармақтарында, 13-бабының 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды энергия өндіруші ұйымдар бұзған жағдайда сотқа жүгінеді;

      8) осы Заңда айқындалған нормативтік құқықтық актілерді өз құзыретінің шегінде әзірлейді, бекітеді;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      8-1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (01.01.2019 бастап 01.01.2020 дейін қолданыста болады) Заңымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      8)1- тармақшаның бұл редакциясы 01.01.2019 дейін қолданыста болады - ҚР 2012.07.04 № 25-V Заңымен.

      8-1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, энергия өндіруші ұйымдардан осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 1) және 3) тармақшаларында, 4-тармағында, 12-1-бабының 4 және 5-тармақтарында, 13-бабы 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды энергия өндіруші ұйымдардың орындауы жөнінде ақпарат сұратады және алады;

      9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.12.29 № 116-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.10 № 178-IV, 2011.07.05 № 452-IV (13.10.2011 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.04 № 25-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 89-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-1-бап. Электр энергетикасы саласындағы лицензиялау

      Электр энергетикасы саласындағы жекелеген қызмет түрлері Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады.

      Ескерту. 2-тарау 7-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.07.27 № 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

7-2-бап. Жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау

      1. Жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау жылумен жабдықтауды дамытуды экономикалық ынталандыру ретінде жүзеге асырылады.

      2. Жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

      1) жобаларды техникалық қолдау, бұл техникалық негіздемені, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді, техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыруды қамтиды;

      2) капиталды қажет ететін шығыстар, оның ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстарына, жабдықты, материалдарды сатып алуға арналған шығыстар.

      Ескерту. 2-тарау 7-2-баппен толықтырылды - ҚР 15.06.2015 № 322-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

7-3-бап. Энергетикалық сараптама жүргізуге және электр зертханаларын аккредиттеу

      Ескерту. 2-тарау 7-3-баппен толықтырылды - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

8-бап. Өндiрiстiк-технологиялық қызметке араласуға жол берiлмеушiлiк

      Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, орталық атқарушы органдар, сондай-ақ жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар ұйымдардың электр және жылу энергиясын өндiру мен беруге немесе осы процестердi технологиялық басқаруға байланысты өндiрiстiк-технологиялық қызметiне араласуға құқылы емес.

9-бап. Электр станцияларын, электр беру желілері мен шағын станцияларды жобалау және салу

      1. Қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен кіші станцияларды жобалау және салу уәкілетті органмен, табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен және жүйелік оператормен алдын ала келісе отырып жүзеге асырылады.

      1-1. Бір тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйым мен тұтынушы кернеуі 220 киловольт және одан жоғары меншікті электр беру желілерін жобалауды, салуды және пайдалануды, мұндай желілер бойынша берілетін электр энергиясын әкімшілік-аумақтық бірлік ретіндегі облыс шегінде аталған тұлғалар тобы ішінде тұтыну үшін пайдаланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі жұмысының сенімділігін қамтамасыз ету үшін жүйелік оператор айқындайтын техникалық талаптарды сақтаған жағдайда, бірлесіп немесе дербес жүзеге асыруға құқылы.

      Осы тармақтың ережелері тұлғалар тобына, егер мұндай тұлғалардың бірі басқа тұлғаға қатысты бақылау орнатса, сондай-ақ мұндай тұлғалар бір тұлғаның бақылауында болса, қолданылады.

      Бақылау деп жеке немесе заңды тұлғаның басқа заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді мынадай бір немесе бірнеше әрекет:

      1) заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайларының) елу пайызынан астамына билік ету;

      2) заңды тұлғаның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыру арқылы тікелей немесе жанама түрде (заңды тұлға арқылы немесе бірнеше заңды тұлға арқылы) айқындау мүмкіндігі түсініледі.

      Көрсетілген электр беру желілері осы тармақта санамаланған тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі болады және меншік иелерінің келісімінсіз ұлттық компанияға беруге жатпайды.

      2. Электр станцияларын, электр беру желілері мен кіші станцияларды жобалау және салу, сондай-ақ оларды пайдалану мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.

      2-1. Энергия өндіруші ұйымның, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларын кешенді сынау электр желілік қағидаларға сәйкес, кешенді сынау жүргізу кезінде өндірілген электр энергиясының барлық көлемін сатып алу-сату шарты болған кезде жүйелік оператормен келісілген бағдарлама бойынша жүргізіледі.

      3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары негізінде салынған, кернеуі 220 киловольт және одан жоғары өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілері, кіші станциялар мен тарату құрылғылары олар жұмыс істеп тұрған кезеңде тиісінше жекеше әріптестің не концессионердің уақытша иеленуінде және пайдалануында болады және олар құрылған кезден бастап республикалық меншікке беріледі.

      4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары негізінде салынған, кернеуі 220 киловольт және одан жоғары өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілерін, кіші станцияларды, тарату құрылғыларын орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды, сондай-ақ пайдалануды жүйелік оператор шарттар негізінде жүзеге асырады.

      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.04.11 № 136 Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.07.05 № 66-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.29 № 116-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 128-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 380-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 89-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-1-тарау. Электр энергетикасы саласындағы қауiпсiздiктiң
жалпы талаптары

      Ескерту. 2-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2006.12.29 № 209 Заңымен.

9-1-бап. Жалпы ережелер

      1. Электр жабдықтарын, электр және жылу желiлерiн, тұтынушылар қондырғыларын пайдалану кезiндегi ұйымдастырушылық iс-шаралары адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта үшiн қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге тиiс.

      2. Электр жабдықтары, электр және жылу желiлерi, электр және жылу энергиясын өндiруге, беру мен пайдалануға арналған тұтынушылар қондырғылары, электр және жылу энергиясы техникалық реттеу объектiлерi болып табылады.

      3. Тұтынушылардың электр энергиясын қабылдау шығыстарындағы электр энергиясының сапа көрсеткiштерi белгiленген нормаларға сәйкес келуге тиiс.

      4. Мыналар:

      жұмыс кернеуiнiң атаулы мәннен барынша ауытқуы;

      электр тогы жиілігінің ауытқуы электр энергиясы сапасының сипаттамалары болып табылады.

      5. Магистральдық және тарату құбырларындағы жылытуға арналған жылу энергиясының параметрлері белгіленген температура кестесіне сәйкес болуға тиіс.

      Ескерту. 9-1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.04 № 25-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9-2-бап. Электр энергетикасы саласындағы жабдықтар мен электр қондырғыларын жобалау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары

      1. Электр желiлерiн жобалау және пайдалану кезiнде осы Заңға және техникалық регламенттерге сәйкес электр энергиясына белгiленген талаптардың орындалуы қамтамасыз етiлуге тиiс.

      2. Электр және жылу энергиясын өндiруге, беруге және тұтынуға арналған электр станцияларының, электр және жылу желiлерiнiң жабдықтары, тұтынушылардың қондырғылары техникалық регламенттерде белгiленген техникалық талаптарға сәйкес келуге тиiс.

9-3-бап. Электр және жылу энергиясын өндiру, беру және тұтыну кезiнде пайдаланылатын электр-техникалық жабдықтар мен материалдарға қойылатын қауiпсiздiк талаптары

      1. Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн және оның аумағына әкелiнетiн электр-техникалық жабдықтар мен материалдар техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес келуге және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда сәйкестiктi растау рәсiмiнен өткiзiлуге тиiс.

      2. Электр-техникалық жабдықтар мен материалдар адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта үшiн қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн талаптарға сәйкес келуге тиiс.

      3. Техникалық регламенттерде қойылатын талаптарға сәйкестiгi расталуға жататын электр станцияларының, электр және жылу желiлерiнiң жабдықтарын, тұтынушылардың қондырғыларын сәйкестiктi растау саласындағы құжатсыз пайдалануға беруге жол берiлмейдi.

      4. Электр станцияларының, электр және жылу желiлерiнiң жабдықтары, тұтынушылардың қондырғылары қауiпсiз жағдайларды қамтамасыз ететiн, техникалық жағынан жарамды күйде болуға тиiс.

3-тарау. Электр энергиясы мен қуаты нарығындағы жүйелік
оператор және энергияны өндіру, беру және тұтыну қатынастарына
қатысушылар

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

10-бап. Жүйелiк оператор

      1. Жүйелiк оператор мынадай функцияларды орындайды:

      1) шартқа сәйкес ұлттық электр желiсi бойынша электр энергиясын беру жөнiнде жүйелiк қызметтер көрсетедi, оған техникалық қызмет көрсету мен оны пайдалану әзiрлiгiнде ұстап тұруды қамтамасыз етедi;

      2) электр энергиясын өндiру-тұтынудың нақты теңгерiмдерiн жасау мен тәулiктiк кестесiн қалыптастыруды қоса алғанда, шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнiң жұмыс режимдерiн орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асыра отырып, техникалық диспетчерлендiру жөнiнде жүйелiк қызметтер көрсетедi;

      3) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесi жұмысының сенiмдiлiгiн қамтамасыз етедi;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      4) тармақша 2007.12.31 дейін қолданылды.

      4) электр қуатын реттеу жөнiнде жүйелiк қызметтер көрсетедi;

      5) электр энергиясының өндіру-тұтыну теңгерілімін ұйымдастыру жөнiнде жүйелiк қызметтер көрсетедi;

      6) электр энергиясының теңгерiмсiздiктерiн қаржылық реттеудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады;

      7) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде энергия өндiрушi ұйымдар арасындағы қуат резервтерiнiң көлемiн, құрылымын, таратылуын және қуат резервтерiнiң iске қосылуын айқындайды;

      8) нақты уақыт режимiндегi электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығы мен жүйелiк және қосалқы көрсетiлетiн қызметтер нарығының жұмыс iстеуiн ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      9) шектес мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қатарлас жұмыс режімдерiн басқару және олардың орнықтылығын қамтамасыз ету және электр қуатын реттеу бойынша өзара iс-қимыл жасайды;

      10) электр энергиясын коммерциялық есепке алудың, электр энергиясы көтерме сауда нарығының барлық субъектiлерiнiң релелiк қорғау мен аварияға қарсы автоматикасының бiрлескен құрылғыларының бiртұтас ақпараттық жүйесiн, автоматтандырылған жүйесiн құру жөнiнде техникалық және әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;

      11) ұлттық электр желiсiне электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектiлерiнiң қол жеткiзуi үшiн тең жағдайларды қамтамасыз етедi;

      12) Қазақстан Республикасының электр энергиясы көтерме сауда нарығына қатысушыларды коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi қозғамайтын ақпаратпен қамтамасыз етедi;

      13) электр станцияларының, шағын станциялардың негiзгi жабдықтарын, электр беру желiлерiн, релелiк қорғау және аварияға қарсы автоматика құрылғыларын, технологиялық басқару және олардың жұмысқа дайындығын қамтамасыз ету жүйелерiн жөндеуге шығаруды келiседi;

      14) су электр станцияларының су-шаруашылық теңгерiмдерiн ескере отырып олардың жұмыс режимдерiн және Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнiң жұмыс режимдерiн әзiрлеуге қатысады;

      15) электр энергиясының және қуатының болжамды теңгерімдерін әзірлеуді жүзеге асырады;

      16) электр қуаты нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      18) генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды жүзеге асырады;

      19) алып тасталды - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      22) алып тасталды - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      22-1) қуатты берудің келісілген схемалары туралы ақпаратты тоқсан сайын уәкілетті органға береді;

      22-2) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясының тапшылығы мен профицитін айқындау қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясының тапшылығы мен профицитін растайды;

      23) осы Заңда және Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      2. Жүйелiк оператордың мынадай жағдайларда:

      1) технологиялық және өндiрiстiк мұқтаждарға;

      2) шектес мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен бірге электр энергиясы ағымдарының шарттық шамаларын қамтамасыз ету үшін;

      3) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында;

      4) жасасқан шарттар шеңберінде шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен бірге авариялық өзара көмек көрсету үшін энергия өндіруші ұйымнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында электр энергиясын тікелей шетелдік өндірушінің атынан өткізетін электр энергиясын берушілерден электр энергиясын сатып алу-сатуды жүзеге асыруға құқығы бар.

      2-1. Жүйелік оператор энергия өндіруші ұйымдарға қуаттар авариялық істен шыққан жағдайда, олардың басқа энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алу мүмкіндігі болмаған кезде электр энергиясын беруді жүзеге асырады. Жүйелік оператордың шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен авариялық өзара көмек көрсету туралы шарты біреуден көп болған жағдайда, жүйелік оператор техникалық сипаттағы шектеулерді ескере отырып, электр энергиясының ең төмен бағасын ұсынған электр энергиясын берушіні таңдайды.

      3. Жүйелiк оператор Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiн орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асырады.

      4. Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiн орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқару:

      1) электр энергиясын сатып алу-сату, беру, электр қуатын реттеу, электр энергиясын өндiру-тұтынуды теңгерiмдеу шарттарының талаптарын iске асыратын Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну режимдерiн басқарудан;

      2) электр энергиясының мемлекетаралық ток ағымдары режимдерiн басқарудан;

      3) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде технологиялық бұзылыстарды болдырмауды, оқшауландыруды және жоюды қамтамасыз етуден;

      4) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi қуат резервтерiн оралымды басқарудан;

      5) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнiң сенiмдi және тұрақты жұмысын қамтамасыз ететiн релелiк қорғау, аварияға қарсы және режимдiк автоматика жүйелерiнiң құрылымын, принциптерін, орналасқан жерлерiн, көлемдерi мен қондырғыларын айқындаудан;

      6) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде электр энергиясын өндiру-тұтынудың тәулiктiк кестелерiн қалыптастыру мен бекiтуден;

      7) электр энергиясының көтерме сауда нарығындағы электр энергиясын өндiру-тұтынудың нақты теңгерiмдерiн жасаудан тұрады.

      5. Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну режимдерiн орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқару және тиiстi өкiмдер беру электр энергиясының сапалық сипаттамасының ағымдағы мәнi - қуаты, жиiлiгi және кернеуi негiзiнде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.29 № 116-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.04 № 166-IV, 2012.07.04 № 25-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 04.07.2013 № 128-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 394-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 89-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

10-1-бап. Ұлттық оператор

      Ескерту. 3-тарау 10-1-баппен толықтырылды - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); алып тасталды - ҚР 11.07.2017 № 89-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

10-2-бап. Нарық кеңесі

      1. Нарық кеңесі:

      1) электр энергиясы мен қуаты нарығының жұмыс істеуіне мониторингті жүзеге асырады;

      2) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен энергия өндіруші ұйымдарды жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарайды;

      3) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      4) уәкілетті орган айқындаған өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      2. Нарық кеңесінің шешімдері ұсынымдық сипатта болады.

      Ескерту. 3-тарау 10-2-баппен толықтырылды - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

10-3-бап. Бірыңғай сатып алушы

      1. Бірыңғай сатып алушыны уәкілетті орган айқындайды.

      2. Бірыңғай сатып алушы:

      1) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды жасасады;

      2) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шарттарды жасасады;

      3) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартқа сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алады;

      4) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шартқа сәйкес электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетеді;

      5) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің алдағы күнтізбелік жылға бағасының есебін және оны өз интернет-ресурсында орналастыруды жүзеге асырады;

      6) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге жасалған шарттардың тізбесін қалыптастырады және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісін көрсете отырып, өз интернет-ресурсында орналастырады.

      Ескерту. 3-тарау 10-3-баппен толықтырылды - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

11-бап. Орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асыру кезiндегi электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну режимi жөнiндегi өкiмдер

      1. Жүйелiк оператордың орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқару кезiндегi электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну режимдерi жөнiндегi өкiмдерi электр энергиясы көтерме сауда нарығының барлық субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi.

      2. Жүйелiк оператор электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну режимi жөнiндегi жедел өкiмдердi орындамайтын электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектiлерiнiң электр қондырғыларын орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқарудағы электр жүйелерiнен ажыратуға құқылы.

12-бап. Электр энергиясын өндiру мен беруге қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi

      1. Электр энергиясын өндiру мен беруге қатысушылардың:

      1) жасалған шарттар негiзiнде жүйелiк қызмет көрсетудi пайдалануға;

      2) жүйелiк оператордан электр энергиясын өндiру және беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру үшiн қажеттi техникалық ақпаратты алуға құқығы бар.

      2. Электр энергиясын өндiруге және беруге қатысушылар:

      1) жүйелiк операторға Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiн орталықтандырылған жедел-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асыру үшiн қажет ақпаратты және электр станциялары жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткiштерi жөнiнде нақты ақпаратты (өндiру, шиналардан босату, өз мұқтаждары, шиналардан электр энергиясын босатуға үлестiк шығыстар) беруге;

      2) жүйелiк оператордың коммерциялық есепке алу аспаптарына қол жеткізуіне рұқсат беруге;

      3) техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес электр энергиясының сапасы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге;

      4) жасалған шарттар негiзiнде Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi стандартты жиiлiктi реттеуді және ұстап тұруды жүйелiк оператормен бiрлесе отырып жүзеге асыруға;

      5) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы техникалық регламенттерінiң және нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес негiзгi және қосалқы жабдықты, аварияға қарсы және режімдiк автоматика, релелiк қорғау, диспетчерлiк технологиялық басқару құралдарын жұмыс жағдайында ұстауға;

      6) уәкiлеттi орган айқындайтын көлемде өз объектiлерiнде жаңа релелiк қорғау және аварияға қарсы автоматика құрылғыларын орнатуға және пайдаланылып жүрген релелiк қорғау және аварияға қарсы автоматика құрылғыларын жаңғыртуды жүргізуге;

      7) туындаған технологиялық бұзушылықтар туралы олардың сыныптамасына сәйкес және энергетикалық жабдықты пайдалануға байланысты жазатайым оқиғалар туралы мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабарлауға;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде әзірлік паспортын алуға міндетті.

      3. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда, энергия өндіруші ұйымдар:

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1) электр энергиясын, спот-сауда-саттықта (олар өндіретін электр энергиясының көлемінің он процентінен аспайтын), теңгерімдеуші нарықты және экспортқа өткізілетін жағдайларды қоспағанда, тиісінше шекті, есептік немесе жеке тарифтен аспайтын тарифтер бойынша өткізуді жүзеге асыруға;

      2) алып тасталды - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2016.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      3) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3) инвестициялық шарт жасасқан жағдайда инвестициялық бағдарламаны орындауға және оның орындалуы туралы есепті уәкілетті органға және табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға жыл сайын табыс етуге;

      4) өткен күнтізбелік жыл үшін электр энергиясын өндіру мен өткізу шығындары бойынша, электр энергиясын өндіру мен өткізу көлемі бойынша есептерді жыл сайын 31 наурыздан кешіктірмей уәкілетті органға беруге;

      РҚАО-ның ескертпесі!

      5) - 8) тармақшалар 01.01.2017 дейін қолданыста болды - ҚР 2012.07.04 № 25-V Заңымен.

      5) келісімде келесі жылға көзделген инвестициялардың көлемі мен бағыттары туралы мәліметтерді жыл сайын 31 желтоқсаннан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға;

      6) келісімде өткен жыл үшін көзделген инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтерді жыл сайын 1 мамырдан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға;

      7) жария тыңдауларды өткізу туралы хабарландыруды жария тыңдауларды өткізгенге дейін кемінде күнтізбелік бес күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай отырып, келісімдерді орындау нәтижелері бойынша жария тыңдауларды мемлекеттік органдардың, тұтынушылардың және олардың қоғамдық бірлестіктерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды шақыра отырып, жыл сайын 1 мамырдан кешіктірмей өткізуге;

      8) уәкілетті органның талап етуі бойынша осы Заңның 5-бабының 46-1) тармақшасына сәйкес ақпаратты ол белгілеген, тиісті сауал алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде беруге;

      9) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның талап етуі бойынша осы Заңның 7-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес ақпаратты ол белгілеген, тиісті сұрау салу алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімдерде қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде беруге;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-тармақты 10) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

      11) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқару кезінде жүйелік оператордың өкімдеріне сәйкес электр энергиясын өндіруді тәулікішілік реттеуді жүзеге асыруға міндетті.

      3-1. Тұтынушыларды энергиямен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету үшін энергия өндіруші ұйымдар берілудің тәуліктік кестелерін орындау үшін қажетті көлемдерде электр энергиясын сатып алу арқылы авариялық істен шыққан қуаттарды алмастыруды жүзеге асыруға міндетті. Энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясын авариялық істен шыққан қуаттар көлемінде сатып алуды өзге энергия өндіруші ұйымдардан да, жүйелік оператордан да соңғысымен жасалатын шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен авариялық өзара көмек көрсету туралы шарттар шеңберінде жүзеге асырады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      4-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

      4. Электр энергиясын тиісінше шекті, есептік немесе жеке тарифтен асырып өткізген жағдайда, энергия өндіруші ұйым, электр энергиясын спот-сауда-саттықта (олар өндіретін электр энергиясы көлемінің он процентінен аспайтын), теңгерімдеуші нарықта және экспортқа өткізу нәтижесінде алынған сомаларды қоспағанда, көтерме және (немесе) бөлшек сауда субъектілеріне асып кеткен соманы қайтаруға міндетті.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      4-тармақтың екінші, үшінші бөліктерін алып тастау көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Энергия өндіруші ұйым табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган енгізген инвестициялық бағдарламаны орындау туралы нұсқаманы белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда, энергия өндіруші ұйым көтерме және (немесе) бөлшек сауда нарығының субъектілеріне инвестициялық бағдарламаны орындау үшін көзделген және оны іске асыру мақсатында пайдаланылмаған, алынған қаражатты қайтаруға міндетті.

      Инвестициялық бағдарламаны орындау үшін көзделген қаражат деп энергия өндіруші ұйымның тиісінше есептік немесе жеке тарифтен аспайтын тарифтерді қолдану кезінде алған нақты табысы (түсімі) мен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есептік тарифті анықтау немесе жеке тарифті бекіту кезінде көзделген нақты шығындар арасындағы айырма түсініледі.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      5-тармақ 2017.01.01 дейін қолданыста болды - ҚР 2012.07.04 № 25-V Заңымен.

      5. Энергия өндiрушi ұйым келiсiмде көзделген инвестициялық мiндеттемелердi орындамаған жағдайда, энергия өндiрушi ұйым көтерме сауда нарығының субъектiлерiне инвестициялық мiндеттемелердi орындау үшін келiсiмде көзделген және оларды iске асыруға пайдаланылмаған, алынған қаражатты электр энергиясының келесi күнтiзбелiк жылға арналған босату бағасын төмендету арқылы, уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен, осы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыра отырып, қайтаруға мiндеттi.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген міндет келесі күнтізбелік жылға келісім жасасу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісім жасасу күнгі қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, орындалмаған сомаға қосымша инвестициялық міндеттемелер қабылдаған энергия өндіруші ұйымдарға қолданылмайды.

      Энергия өндіруші ұйым келісімде көзделген қосымша инвестициялық міндеттемелерді келесі күнтізбелік жылда орындамаған жағдайда энергия өндіруші ұйым кейінгі жылдарға осы міндеттемелерді қабылдай алмайды және олар осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес көтерме сауда нарығының субъектілеріне қайтарылуға жатады.

      6. Электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар және тұтынушылар бірыңғай сатып алушымен электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шарттар жасасуға және осы шарттар негізінде электр қуатының нарығына қатысуға міндетті.

      7. Энергия беруші ұйымдар электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің уәкілетті орган бекіткен нормативтік мәндерін асырмауға міндетті.

      Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.29 № 209, 2008.12.29 № 116-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.04 № 25-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 04.07.2013 № 128-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 394-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 89-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      12-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

12-1-бап. Шекті, есептік және жеке тарифтерді айқындау тәртібі

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармақты алып тастау көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2019.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Шекті, есептік және жеке тарифтер уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Энергия өндіруші ұйым электр энергиясына босатылатын бағаны дербес, бірақ энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобының шекті тарифінен аспайтындай етіп белгілейді.

      Шекті тариф энергия өндіруші ұйымдардың топтары бойынша жылдарға бөліне отырып, кемінде үш жыл мерзімге бекітіледі және саланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етудің қажеттігі есепке алынып, жыл сайын түзетіліп отырады.

      Шекті тарифтерді енгізу жылы алдындағы бір жыл ішінде энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобында қалыптасқан іс жүзіндегі ең жоғары баға қолданыстағы бірінші жылына шекті тарифті айқындау үшін база болып табылады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      12-1-бапты 2-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-тармақтың 1-5 абзацтары 2016.01.01 дейін қолданыста болады - ҚР 2012.07.04 № 25-V Заңымен.

      3. Энергия өндіруші ұйым электр энергиясын шекті тарифтен аспайтын бағамен өткізу үшін уәкілетті органмен белгіленген тәртіппен келісім жасасады.

      Келісім энергия өндіруші ұйымның жаңа активтерді құруға, қолда бар активтерді кеңейтуге, жаңартуға, ұстап тұруға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру жөніндегі инвестициялық міндеттемелерін көздейді.

      Келісімде электр энергиясын өндіруге байланысты іс-шаралар тізбесі әрбір іс-шара бойынша инвестициялардың нақты көлемі мен сомалары көрсетіле отырып айқындалады.

      Келісім жасасу кезінде жабдықтың техникалық жай-күйін растау үшін тәуелсіз энергетикалық сараптаманың қорытындысы ескеріледі.

      Электр энергиясының шекті тарифі, оны өндіру көлемі шеңберінде электр энергиясына арналған босатылатын бағаны төмендету жағдайларын қоспағанда, келісімге инвестициялардың жалпы сомасын төмендете отырып өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы абзац 2017.01.01 дейін қолданыста болды - ҚР 2012.07.04 № 25-V Заңымен.

      Уәкілетті орган энергия өндіруші ұйымдардың келісімдерді орындауының, электр энергиясын өндіру мен өткізу шығындарының, электр энергиясын өндіру мен өткізу көлемдерінің мониторингін жүргізеді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы абзац 2016.01.01 дейін қолданыста болды - ҚР 2012.07.04 № 25-V Заңымен.

      Энергия өндіруші ұйым жоспарланатын амортизациялық аударымдарға және электр энергиясын шекті тарифтен аспайтын бағалар бойынша өткізуден алынған таза табыстың деңгейіне сәйкес өзінің инвестициялық міндеттемелерін дербес айқындайды.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-1-тармақ 2016.01.01 дейін қолданыста болды - ҚР 2012.07.04 № 25-V Заңымен.

      3-1. Энергия өндіруші ұйым уәкілетті органға келісім жасалған жылдың алдындағы жылдың 1 қазанына дейінгі мерзімде келісімнің жобасын ұсынады.

      Уәкілетті орган қараудың нәтижелері бойынша келісімнің жобасын уәкілетті орган алған күннен бастап есептелетін күнтізбелік қырық күн ішінде энергия өндіруші ұйымға қол қойылған келісімнің бір данасын не келісім жасасудан бас тарту туралы дәлелді шешімді жібереді.

      Тараптардың келісімді жасасудан негізсіз бас тартуына немесе оны жасасудан жалтаруына жол берілмейді.

      Уәкілетті орган осы Заңда белгіленген мерзімде жауап ұсынбаған жағдайда келісім жасалды деп есептеледі.

      Уәкілетті органның келісім жасасудан бас тарту туралы дәлелді шешімін энергия өндіруші ұйым алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде келісім жобасының шарттары бойынша келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, келісімді жасасу кезінде туындаған келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес реттелуге тиіс.

      Энергия өндіруші ұйым дауды реттеу кезеңінде электр энергиясын амортизацияға және пайдаға кететін шығындарды есептемей, электр энергиясын өндіруге арналған шығындардан аспайтын баға бойынша өткізеді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      4-тармақты алып тастау көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2019.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4. Егер энергия өндіруші ұйымның инвестициялық міндеттемелерін шекті тарифтер шегінде электр энергиясын өткізуден алынатын қаражат есебінен жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда, энергия өндіруші ұйым инвестициялық бағдарламаны іске асыру үшін, техникалық тапсырманы уәкілетті орган бекіткен және инвестициялық шарт жасасқан жағдайда есептік немесе жеке тарифті қолдануға құқылы.

      Инвестициялық бағдарлама оны іске асыру басталғанға дейін уәкілетті органға және табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға табыс етіледі.

      Энергия өндіруші ұйым инвестициялық бағдарлама негізінде белгіленген тәртіппен уәкілетті органмен және табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен инвестициялық шарт жасасады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      5-тармақты алып тастау көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2019.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5. Есептік тариф Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленген және бекітілген инвестициялық бағдарламаның техникалық-экономикалық негіздемесінде айқындалған электр энергиясының бағасынан аспауға тиіс.

      Энергия өндіруші ұйым есептік тарифті инвестициялық шартты жасасқан кезден бастап қолданады және есептік тариф инвестициялық шартта көзделген инвестициялық міндеттемелерді орындау кезеңінің ішінде қолданыла алады.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жобалау-сметалық құжаттардағы өзгерістерді келіскен жағдайда, есептік тариф инвестициялық бағдарламаның техникалық-экономикалық негіздемесінде айқындалған электр энергиясының бағасынан асуы мүмкін.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      6-тармақты алып тастау көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2019.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      6. Энергия өндіруші ұйым инвестициялық бағдарламаны іске асырудың кез келген сатысында жеке тарифті қолдануға құқылы.

      Энергия өндіруші ұйымның жеке тарифті қолдануы табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның инвестициялық бағдарлама өлшемдерін және жобалау-сметалық құжаттаманы есепке ала отырып қабылдайтын шешімінің негізінде жүргізіледі.

      Жеке тариф энергия өндіруші ұйымның инвестициялық шартта көзделген қуаттылықты енгізу жөніндегі міндеттемелерін орындау кезінде есептік тарифтен төмен болмауға тиіс.

      Жеке тариф инвестициялық бағдарламаның құны ұлғайған жағдайда есептік тарифтен жоғары болып бекітіледі. Бұл ретте инвестициялық бағдарламаның құнын ұлғайту уәкілетті органмен және табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісілуге тиіс.

      Ескерту. 3-тарау 12-1-баппен толықтырылды - ҚР 2008.12.29 № 116-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.04 № 25-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 89-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

13-бап. Электр энергиясын өндiру мен беруге қатысушыларға қойылатын талаптар

      1. Өңiрлiк электр желiлiк компаниялары олардың желiлерiне қосылған электр энергиясы бөлшек сауда нарығының барлық субъектiлерiнiң электр энергиясын өндiру-тұтынудың тәулiктiк кестелерiн сақтауын және өңiрлiк электр желiлiк компанияларының желiлерi мен ұлттық электр желiсi арасында жүйелiк оператормен келiсiлген электр энергиясы сальдо-ток ағымдарының сақталуын қамтамасыз етедi.

      1-1. Электр желiлерiне жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiлері тiкелей қосылған өңiрлiк электр желiлік компаниялар жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндіретін және беретін электр энергиясын толық көлемде қабылдауға мiндеттi.

      2. Энергиямен жабдықтау тұтынушының кiнәсiнсiз тоқтатылған жағдайда энергиямен жабдықтаушы ұйым - электр энергиясын кепiлдiк берiп жеткiзушi тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды шарт негiзiнде қамтамасыз етедi.

      3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар өзiнiң тұтынушыларын энергиямен жабдықтау мақсатында энергия өндiрушi ұйымдардан электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырады.

      Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электрмен жабдықтау бойынша қызметтер көрсету үшін электрмен жабдықтаудың үлгілік шартына сәйкес электрмен жабдықтауға арналған шарт жасасуға міндетті.

      Электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.

      3-1. Энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясын:

      1) тұтынушыларға, энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдарға (өз желілеріндегі электр энергиясының нормативтік ысыраптарын жабу үшін және шаруашылық мұқтаждарына) Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының талаптарына сәйкес электр энергиясын орталықтандырылмаған сатып алу-сату нарығында жасалатын шарттар негізінде;

      2) электр энергиясын орталықтандырылған сауда нарығында;

      3) электр энергиясын теңгерімдеуші нарықта сатуды жүзеге асыруға міндетті.

      3-2. Энергия өндіруші ұйымға:

      1) электр энергиясының экспортын қоспағанда, көтерме және (немесе) бөлшек сауда нарығының субъектілері болып табылмайтын жеке немесе заңды тұлғаларға электр энергиясын өткізуге (сатуға);

      2) электр энергиясын өндірудің тәуліктік кестесін негізге ала отырып айқындалатын көлемде қуаттардың авариялық істен шығу және (немесе) электр энергиясын өз мұқтаждарының көлемінде сатып алу жағдайларын қоспағанда электр энергиясын энергия өндіруші басқа ұйымнан алуға (сатып алуға);

      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-2-тармақты 3-1) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

      4) мынадай жағдайларды:

      электр энергиясын өндірудің тәуліктік кестесін негізге ала отырып айқындалатын көлемде қуаттардың авариялық істен шығуын;

      жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығынан сатып алуды қоспағанда, энергиямен жабдықтау мақсаттарында электр энергиясын алуға (сатып алуға) тыйым салынады.

      3-3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымға электр энергиясын энергиямен жабдықтаушы басқа ұйымға өткізуге (сатуға), сондай-ақ оны энергиямен жабдықтаушы басқа ұйымнан алуға (сатып алуға) тыйым салынады.

      Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың тізілімін табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган қалыптастырады, жүргізеді және интернет-ресурста жариялайды.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      4-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2019.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4. Энергия өндiрушi ұйымдар жүйелiк қызмет пен қосалқы қызмет көрсету нарығының ұйымдастырылуы және жұмыс iстеуi ережелерiнде белгiлеген тәртiппен қуат резервтерiн, көлемiн, құрылымын ұстап тұруды және орналастыруды қамтамасыз етедi.

      5. Электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну қатынастарына қатысушылар жүйелiк оператор электр энергиясының теңгерiмсiздiктерiн табиғи реттеу нәтижелерi бойынша беретiн теңгерiмдеушi электр энергиясы көлемдерiнiң есептерi негiзiнде электр энергиясын өндiру-тұтынудың шарттық және нақты шамалары арасындағы электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығында қаржылық реттеу үшiн өзара мiндеттемелер атқарады.

      6. Энергия беруші ұйымдар, электр энергиясының көтерме саудасы нарығының субъектiлерi меншік нысанына қарамастан жүйелік оператормен жасалған электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерілімін ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсетуге және теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу-сатуға арналған шарттар негізінде электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығына қатысуға мiндеттi.

      6-1. Энергия беруші ұйымдар, электр энергиясының көтерме саудасы нарығының субъектілері жүйелік оператормен жасалған электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерілімін ұйымдастыру жөніндегі жүйелік қызметтерді көрсетуге арналған шарттар негізінде имитациялық режимде жұмыс істейтін электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына қатысуға міндетті.

      7. Энергия өндiрушi ұйымдар - су электр станциялары суды табиғат қорғау мақсатында ағызу кезеңiнде өндiрiлетiн электр энергиясын орталықтандырылған сауда-саттықтарда сатуға мiндеттi.

      8. Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдығын, тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалануды, жөндеуді, баптауды және монтаждауды жүзеге асыратын персонал, сондай-ақ сарапшылар энергетикалық жабдықты және тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану, жөндеу, баптау және монтаждау, сондай-ақ зерттеп-қарау бойынша білімін тексеруден өтуге және қызметті жүзеге асыруға тиісті рұқсаты болуға міндетті.

      9. Электр энергиясын Қазақстан Республикасынан тыс жерге сату уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясының тапшылығы мен профицитін айқындау қағидаларына сәйкес жүйелік оператор растаған Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде немесе оның бөліктерінде электр энергиясының профициті жағдайында ғана экспортталатын электр энергиясын өндірудің өзіндік құнынан төмен емес баға бойынша жүзеге асырылады.

      10. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде өндірілетін электр энергиясын сатып алу уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясының тапшылығы мен профицитін айқындау қағидаларына сәйкес жүйелік оператор растаған Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде немесе оның бөліктерінде электр энергиясының тапшылығы жағдайында ғана жүзеге асырылады.

      11. Осы баптың 9 және 10-тармақтарының талаптары электр энергиясы ағымдарының шарттық шамаларын қамтамасыз ету үшін, шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен бірге авариялық өзара көмек көрсету үшін және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында жүйелік оператордың электр энергиясын сатып алу-сату жағдайына қолданылмайды.

      Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.12.29 № 116-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.04 № 166-IV, 2009.07.10 № 178-IV, 2012.07.04 № 25-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 128-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 394-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 89-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

13-1-бап. Электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптар

      1. Электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін электр желілерінің меншік иесі электр желілеріне өздері тікелей қосылған энергия беруші ұйымға өзінің электр желілерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізуді (сатуды), өтеусіз негізде немесе сенімгерлік басқаруға беруді жүзеге асыруға құқылы.

      Электр желілерінің меншік иесі электр желілеріне өздері қосылмаған энергия беруші ұйымға мұндай электр желілерін беруге құқылы емес.

      2. Мемлекеттік заңды тұлғалардың шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы электр желілері, өз мұқтаждары үшін пайдаланылатын электр желілерін қоспағанда, электр желілеріне өздері тікелей қосылған энергия беруші ұйымдарға сенімгерлік басқаруға немесе өтеусіз пайдалануға беріледі.

      3. Электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін электр желілерінің меншік иесі:

      1) осы баптың 1-тармағына сәйкес энергия беруші ұйымның қарамағына толық бергенге дейін оларды жұмыс жағдайында ұстауға және олардың сақталуы мен тұтастығын қамтамасыз етуге;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзінің электр желілеріне қосылған тұтынушылардың электрмен жабдықталуын тоқтатуға алып келетін әрекеттерге жол бермеуге;

      3) өзінің желілері бойынша тұтынушыларға электр энергиясын беруді тоқтатуға, сондай-ақ өзінің электр желілерінің бұзылуына, бөлшектенуіне, зақымдануына, жойылуына, қасақана зақымдануына (бүлінуіне) алып келетін әрекеттерге жол бермеуге міндетті.

      4. Электр желілерінің меншік иесі өзіне меншік құқығымен тиесілі электр желілерін өздері желілеріне тікелей қосылған энергия беруші ұйымға сенімгерлік басқаруға немесе өтеусіз негізде беруге ниет білдірген жағдайда, өңірлік электр желілік компания мұндай беруге кедергі келтіруге құқылы емес.

      5. Осы баптың 1 және 4-тармақтарында көрсетілген ережелер жүйелік операторға қолданылмайды.

      6. Энергия беруші ұйымдар электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын және:

      1) диспетчерлік технологиялық басқарудың;

      2) электр желілерін, жабдықты, тетіктерді пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді, еңбекті қорғауды және қауіпсіздік техникасын жүзеге асыратын, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнайы киіммен, аспаптармен және құрылғылармен қамтамасыз етілген, оқытылған және аттестатталған персоналмен жасақталған қызметтердің;

      3) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес жүйелік қызметтерді көрсетуге жүйелік оператормен жасалған шарттардың;

      4) жүйелік операторда және өңірлік электр желілік компанияда орнатылған жүйелермен біріздендіруді қамтамасыз ететін коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерінің, телекоммуникация жүйелерінің болуын қамтитын талаптарға сай келуге тиіс.

      Энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға сәйкестігін айқындау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

      Электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызмет тарифтеріне немесе олардың шекті деңгейлеріне осы тармақта көзделген электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды орындауға байланысты шығындарды қосуға жол берілмейді.

      7. Жаңадан құрылатын энергия беруші ұйымдар осы баптың 6-тармағында көрсетілген, электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға сай келуге тиіс.

      8. Энергия беруші ұйымдар "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 119-2-бабында белгіленген жағдайлар басталған кезден бастап бір жылдан кешіктірмей Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметке тарифті қайта бекітуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 3-тарау 13-1-баппен толықтырылды - ҚР 11.07.2017 № 89-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

4-тарау. Электр энергиясы нарығының жұмыс істеуі
негізінде энергиямен жабдықтауды ұйымдастыру

14-бап. Электр және жылу энергиясының нарығы

      1. Қазақстан Республикасында энергиямен жабдықтау электр және жылу энергиясы нарықтарының жұмыс iстеуi жағдайларында жүзеге асырылады.

      2. Электр және жылу энергиясы нарықта тауар болып табылады.

      3. Электр энергиясының нарығы екi деңгейден: электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарықтарынан, ал жылу энергиясының нарығы бiр деңгейден - бөлшек сауда нарығынан тұрады.

      4. Алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5. Жүйелiк оператор, өңiрлiк электр желiлерi компаниялары мен электр желiлерiн иеленетiн өзге де ұйымдар табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган айқындайтын тәртiппен электр энергиясы нарығына нарықтың барлық қатысушыларының еркiн қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi.

      6. Энергия берушi ұйымның энергия өндiрушi және энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен тұтынушылар Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарды орындаған жағдайда оларды электр және жылу жүйелерiне қосудан, сондай-ақ оларға электр немесе жылу энергиясын беруден бас тартуға құқығы жоқ.

      7. Электр немесе жылу энергиясы нарығында электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну кезiнде туындайтын қатынастар электр энергетикасындағы тиiстi шарттармен реттеледi.

      Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.04.11 № 136, 2007.07.27 № 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.12.29 № 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

15-бап. Электр энергиясының көтерме сауда нарығы

      1. Электр энергиясының көтерме сауда нарығы:

      1) нарыққа қатысушылар жасасатын тараптардың келiсiмдерiмен белгiленетiн жеткiзу бағалары мен талаптары бойынша электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының негiзiнде жұмыс iстейтiн электр энергиясын орталықсыздандырылған сатып алу-сату нарығынан;

      2) электр энергиясын қысқа мерзiмдi (спот - сауда-саттық), орта мерзiмдi (апта, ай) және ұзақ мерзiмдi (тоқсан, жыл) негiзде сатып алу-сату үшiн ұйымдастырылған сауда алаңынан тұратын электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығынан;

      3) жүйелiк оператор электр энергиясын өндiру-тұтынудың тәулiктiк кестесiнде бекiткен Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi электр энергиясын өндiру-тұтынудың нақты және шарттық шамалары арасында операциялық тәулiкте туындайтын сағат сайынғы теңгерiмсiздiктердi табиғи және бұдан кейiнгi қаржылық реттеу мақсатында жұмыс iстейтiн нақты уақыт режимiндегi теңгерiмдеушi нарықтан;

      4) ұлттық стандарттармен белгiленген Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесi жұмысының сенiмдiлiгi мен электр энергиясының сапасын қамтамасыз ету үшiн электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнен сатып алуы негiзiнде де, жүйелiк оператордың электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiне тиiсiнше қызметтер көрсету негiзiнде де жұмыс iстейтiн жүйелік және қосалқы көрсетiлетiн қызметтер нарығынан;

      5) электр қуатының нарығынан тұрады.

      2. Орталықтандырылған сауда нарығының операторы:

      1) спот - сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргiзудi жүзеге асырады;

      2) электр энергиясының орталықтандырылған саудасын орта мерзімді (апта, ай) және ұзақ мерзімді (тоқсан, жыл) кезеңдерге, сондай-ақ электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын бір жылға ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асырады;

      3) электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектiлерiнiң электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығына қол жеткiзуiне тең жағдайлар жасауды қамтамасыз етедi;

      4) электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектiлерiнiң электр энергиясының орталықтандырылған саудасының ережелерiнде белгiленген талаптарға сай келуiн айқындайды;

      5) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттықтарында электр энергиясын сатып алу-сату жөнiнде жасалған мәмiлелердi тiркеу мен есепке алуды жүзеге асырады;

      6) өз құзыретi шегiнде электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектiлерiн орталықтандырылған сауда-саттықта қалыптасқан электр энергиясының индикативтiк бағалары жөнiндегi ақпаратпен және басқа да нарықтық ақпаратпен қамтамасыз етедi;

      7) спот-сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша қаржылық өзара есеп айырысуды ұйымдастырады және жүргізеді.

      3. Имитациялық режимдегі электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.29 № 116-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 12.11.2015 № 394-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

15-1-бап. Пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу тәртібі

      Ескерту. 15-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Жүйелік оператор жыл сайын он бесінші қазанға дейінгі мерзімде уәкілетті орган бекіткен тәртіппен электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімін әзірлейді.

      Электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімінде Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде жылдық ең жоғары электр жүктемесі күніне әзірленетін электр қуатының теңгерімі бөлігінде мыналар ескеріледі:

      1) салу үшін уәкілетті орган тендер жеңімпазымен тиісті шарт жасаған, тендер негізінде пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғылардың қолда бар электр қуатының көлемі;

      2) жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың, уәкілетті органмен жасалған жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларының қолда бар электр қуатының көлемі;

      3) жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың бұрыннан бар генерациялайтын қондырғыларының қолда бар электр қуатының көлемі (осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген қолда бар электр қуатын қоспағанда);

      4) жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімді жасаспай, осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген қолда бар электр қуатының көлеміне қосымша енгізуге жоспарланатын қолда бар электр қуатының көлемі (Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес бекітілген жобалау-сметалық құжаттама болған кезде);

      5) уәкілетті органның пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу тетігін қолданбай пайдалануға беру жоспарланатын жаңа электр станцияларының қолда бар электр қуатының көлемі (Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес бекітілген жобалау-сметалық құжаттама бар болған кезде).

      Электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімінде жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өздері өндіретін электр энергиясы бойынша ғана ескеріледі.

      2. Уәкілетті орган электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімін келіп түскен күнінен бастап үш ай ішінде бекітеді.

      3. Бекітілген электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімі бекітілген күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей уәкілетті органның және жүйелік оператордың интернет-ресурсында орналастырылады.

      3-1. Егер бекітілген электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімінде Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде болжамның алғашқы бес жылы ішінде электр қуатының болжамды тапшылығы 100 МВт-дан асатын болса, уәкілетті орган болжамды тапшылықты жабу үшін пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізеді.

      3-2. Тендер негізінде пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғылардың орналасу орны (алаңы), олар үшін отынның типі және түрі уәкілетті органның тапсырысы бойынша жүргізілген техникалық-экономикалық негіздеменің нәтижелері бойынша айқындалады.

      4. Уәкілетті орган жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу туралы хабарландыруды тендерлік құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті инвесторлардың тендерге қатысуға құжаттар мен материалдарды табыс етуінің соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

      5. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерлік құжаттама топтамасы:

      1) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың сипатын және талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын;

      2) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған шарттың жобасын қамтиды.

      6. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерге:

      1) құрылтай құжаттарының көшірмелерін;

      2) генерациялайтын қондырғылар құнының жалпы көлемінің кемінде отыз пайызын өз қаражаты есебінен қаржыландыру есебімен алғанда, жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу үшін жеткілікті қаржы және материалдық ресурстарының бар екенін растайтын құжаттарды;

      3) алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      7. Тендерлік комиссия жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер қорытындыларын тендерлік өтінімдері бар конверттерді ашқан күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде шығарады.

      Уәкілетті орган жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер қорытындылары шығарылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу шартының жобасын жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің жеңімпазы деп танылған әлеуетті инвесторға жібереді.

      Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің жеңімпазы жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу шартының жобасын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде көрсетілген шартқа қол қояды.

      8. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер:

      1) әлеуетті инвесторлар екеуден кем болған;

      2) барлық әлеуетті инвесторлар ұсынған құжаттар осы баптың 6-тармағына сәйкес келмеген жағдайларда өтпеді деп танылады.

      Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер өтпеді деп танылған жағдайда, уәкілетті орган қайтадан тендер өткізеді.

      9. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің қорытындыларын шығарған күннен бастап күнтізбелік қырық бес күн ішінде уәкілетті орган жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің жеңімпазымен шарт жасасады, онда генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға беру мерзімін және тендер жеңімпазының қабылдаған міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікті айқындайды.

      10. Пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бірыңғай сатып алушы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф бойынша уәкілетті орган белгілеген көлемде және мерзімдерге тендер жеңімпазымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасады.

      Тендер негізінде пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын жүйелік оператор ол пайдалануға берілген күннен бастап жыл сайын аттестаттауға тиіс.

      Егер электр қуатын кезекті аттестаттауды өткізу нәтижесінде тендер негізінде пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғылардың аттестатталған электр қуатының мәні электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемінен аз болса, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі кезекті аттестаттауды өткізгенге дейінгі аттестатталған мәнге дейін төмендетіледі.

      11. Осы баптың 9 және 10-тармақтарында көзделген шарттар үлгілік шарттар негізінде жасалады.

      Ескерту. 4-тарау 15-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.04 № 25-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 12.11.2015 № 394-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

15-2-бап. Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау

      1-1. Энергия өндіруші ұйым генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттаудан өткізгеннен кейін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті өткізуді жүзеге асырады.

      2. Жүйелік оператор уәкілетті орган белгілеген тәртіппен энергия өндіруші ұйымның генерациялайтын қондырғыларының электр қуатын аттестаттауды жүзеге асырады.

      3. Жүйелік оператор генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды энергия өндіруші ұйымның өтінімі бойынша онымен келісілген мерзімдерде, бірақ аттестаттау өткізуге арналған өтінімді алғаннан кейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей жүзеге асырады.

      Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттаудан өткізу кезінде жүйелік оператор:

      1) энергия өндіруші ұйымда бар және оған сәйкес энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын өндіруге техникалық мүмкіндігі болатын генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының шамасын;

      2) генерациялайтын қондырғылардың талап етілетін параметрлерінің энергия өндіруші ұйымның генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттаудан өткізуге арналған өтінімінде көрсетілген мәндерге сәйкестігін айқындайды.

      4. Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттаудың нәтижелері бойынша жүйелік оператор аттестаттау өткізілгеннен кейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау актісін ресімдеп, энергия өндіруші ұйымға жібереді, онда электр энергиясын өндіруге дайын болған энергия өндіруші ұйымның генерациялайтын қондырғыларының аттестаттаудан өткен электр қуатының шамасы көрсетіледі.

      5. Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын кезектен тыс аттестаттау мынадай жағдайларда:

      1) жүйелік оператор генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының нақты шамасы мен параметрлерінің аттестатталғандарға сәйкес келмеуі анықталған кезде;

      2) энергия өндіруші ұйымның бастамасы бойынша өткізіледі.

      Ескерту. 4-тарау 15-2-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді – ҚР 12.11.2015 № 394-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 89-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

15-3-бап. Электр қуатының нарығы

      1. Электр қуатының нарығы электр қуатына сұранысты жабу үшін Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі бұрыннан бар электр қуаттарын ұстап тұру және жаңаларын енгізу үшін инвестициялар тарту мақсатында жұмыс істейді.

      Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

      2. Көтерме сауда нарығы субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар және тұтынушылар тұтынуға арналған болжамды өтінімдерді қалыптастырады, онда өздерінің құрамында меншік, жалға алу құқығында немесе өзге де заттай құқықта бар генерациялайтын көздердің электр қуатының есебінен жабылмайтын, алдағы және келесі күнтізбелік жылдардың әр айына тұтынудағы электр қуатының ең жоғары мәнін көрсетеді және оларды есепті жылдың алдындағы жылдың бірінші тамызынан кешіктірмей жүйелік операторға жібереді.

      Жүйелік оператор есепті жылдың алдындағы жылдың бірінші қазанынан кешіктірілмейтін мерзімде электр қуаты резервінің қажетті шамасын және технологиялық шығыстың өтемін жасау үшін, ұлттық электр желісінің өз және шаруашылық мұқтаждарына тұтынудың орташа жылдық электр қуатын ескере отырып, көтерме сауда нарығы субъектілерінің болжамды өтінімдері негізінде алдағы және келесі күнтізбелік жылдарға электр қуатына болжамды сұранысты әзірлейді.

      3-1. Электр қуатына болжамды сұранысты жабу үшін бірыңғай сатып алушы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар жасасуды (басымдық тәртібімен):

      1) пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендерлер жеңімпаздарымен жүзеге асырады. Бұл ретте осы ұйымдармен жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы әрбір шарт үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифті, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемін және мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді;

      2) уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімді жасаған жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жүзеге асырады. Бұл ретте осы ұйымдармен жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы әрбір шарт үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифті, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемін және мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді;

      3) құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен – электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тариф бойынша жыл сайын алдағы күнтізбелік жылға жүзеге асырады. Осы ұйымдармен жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы әрбір шарт үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалады және ол энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін жылу электр орталықтарының генерациялайтын қондырғыларының (олардың жылу жүктемесінің деңгейі қойылған кезде) ең аз электр қуатының тиісті жыл ішіндегі жоспарлы ең жоғары мәнінің және осы энергия өндіруші ұйым өзі тұтынатын электр қуатының тиісті жыл ішіндегі ең жоғары мәнінің айырмасын білдіреді, бұл ретте:

      осы көлемде жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың (олардың жылу жүктемісінің деңгейі қойылған кезде) ең аз электр қуаты ескерілмейді;

      егер энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін жылу электр орталықтарының генерациялайтын қондырғыларының (олардың жылу жүктемесінің деңгейі қойылған кезде) ең аз электр қуатының тиісті жыл ішіндегі жоспарлы ең жоғары мәні осы энергия өндіруші ұйым өзі тұтынатын электр қуатының тиісті жыл ішіндегі ең жоғары мәнінен аспаса, осы көлем нөлге тең деп қабылданады;

      4) жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен – электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша, осы сауда-саттықтың нәтижелері бойынша қалыптасқан бағалар бойынша және көлемдерде жыл сайын 25 желтоқсанға дейін алдағы күнтізбелік жылға жүзеге асырады. Бұл ретте осы тармақшаға сәйкес аталған энергия өндіруші ұйымдармен жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы барлық шарттардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің жиынтық көлемі осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалатын алдағы күнтізбелік жылға арналған электр қуатына болжамды сұраныстың көлемінің және осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес айқындалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемдерінің айырмасына тең болады.

      Энергия өндіруші ұйымдардың сауда-саттығына жіберілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің жиынтық көлемі осы тармақшаға сәйкес айқындалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің жиынтық көлемінен аз болған жағдайларда бірыңғай сатып алушы жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша осы тармақшаға сәйкес айқындалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің жиынтық көлемінен аз жиынтық көлемінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды жасасады.

      3-2. Бірыңғай сатып алушы осы баптың 3-1-тармағына сәйкес жасалатын шарттар бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке ай сайын, бірақ осы қызмет берілген ай аяқталғаннан кейін қырық бес жұмыс күнінен кешіктірмей ақы төлейді.

      4. Энергия өндіруші ұйымдар электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын жүйелік оператор аттестаттаудан өткізгеннен кейін жіберіледі.

      Энергия өндіруші ұйымдар мыналарды:

      1) тендер негізінде пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын;

      2) жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын;

      3) экспорттың есепті жылдағы ең жоғары электр қуатын;

      4) бөлшек сауда нарығының субъектілеріне берудің есепті жылдағы ең жоғары электр қуатын;

      5) электр қуатының мынадай ең көп екі мәнін: өзі тұтынатын электр қуатының есепті жылдағы ең жоғары мәнін;

      энергия өндіруші ұйымдардың құрамына кіретін жылу электр орталықтарының генерациялайтын қондырғыларының (олардың жылу жүктемесінің деңгейі қойылған кезде) ең аз электр қуатының есепті жылдағы ең жоғары мәнін шегеріп, бірыңғай сатып алушыға электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығында аттестатталған электр қуатынан аспайтын көлемде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті өткізуді жүзеге асырады.

      Егер электр қуатын кезектен тыс аттестаттауды өткізу нәтижесінде энергия өндіруші ұйымның аттестатталған электр қуатының мәні электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша бірыңғай сатып алушымен жасалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемінен аз болған жағдайда, энергия өндіруші ұйымның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көрсетілген көлемі аттестатталған мәнге дейін төмендетіледі.

      5. Орталықтандырылған сауда нарығының операторы жыл сайын қараша айының екінші онкүндігінде уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен алдағы күнтізбелік жылға электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастырады және өткiзедi.

      Орталықтандырылған сауда нарығының операторы электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындыларын өтеусіз тіркеуді жүзеге асырады.

      Орталықтандырылған сауда нарығының операторы шарттық негізде бірыңғай сатып алушыға және нарық субъектілеріне электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру мен өткізу бойынша қызмет көрсетеді.

      7. Бірыңғай сатып алушы көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдарға және тұтынушыларға электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге жасалған шарттың негізінде электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуді жүзеге асырады.

      8. Көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар және тұтынушылар бірыңғай сатып алушыға электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсететін қызметіне ай сайын, осы қызмет берілген ай ақталғаннан кейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, бірыңғай сатып алушы есептейтін күнтізбелік жыл ішіндегі тіркелген баға бойынша ақы төлеуге міндетті.

      Электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны бірыңғай сатып алушы жыл сайын алдағы күнтізбелік жылға есептейді.

      Бірыңғай сатып алушы электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны алдағы күнтізбелік жылға есептеуді мыналардың:

      1) электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша қалыптасқан электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке орташа өлшемді бағаның;

      2) бірыңғай сатып алушы пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендерлер жеңімпаздарымен, уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімді жасаған жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен, сондай-ақ құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасаған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы барлық шарттардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке орташа өлшемді бағаның;

      3) көтерме сауда нарығы субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдардың және тұтынушылардың тұтынуға арналған болжамды өтінімдерінің;

      4) электр қуатына алдағы және келесі күнтізбелік жылдарға болжамды сұраныстың негізінде жүзеге асырады.

      Бірыңғай сатып алушы жыл сайын 1 желтоқсанға дейін өзінің интернет-ресурсында электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке алдағы күнтізбелік жылға арналған бағаны растайтын есептермен бірге орналастырады.

      Бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны есептеу және интернет-ресурста орналастыру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

      Тұтынуға арналған тиісті болжамды өтінімде көрсетілген және болжамды сұранысқа енгізілген тұтынудың тиісті жылға ең жоғары электр қуаты электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шартта есепті жылға белгіленетін және көтерме сауда нарығы субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар және тұтынушылар төлейтін электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі болып табылады.

      Электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шартта есепті жылға белгіленген электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің көлемін төмендету жағына қарай өзгертуге жол берілмейді.

      9. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт және электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шарт уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін үлгілік шарттардың негізінде жасалады.

      Ескерту. 4-тарау 15-3-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 394-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

15-4-бап. Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер

      1. Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың жұмыс істеп тұрған (бұрыннан бар) электр станцияларының негізгі генерациялайтын жабдығына қатысты ғана жасалады.

      2. Жаңғыртуды, кеңейтуді, реконструкциялауды және (немесе) жаңартуды жүзеге асыру үшін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар тиісті инвестициялық бағдарламаларды әзірлейді, оларды әзірлеу кезінде тәуелсіз техникалық және қаржы аудиті жүргізіледі.

      3. Техникалық және қаржы аудитінің нәтижелері: жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың оңтайлы схемасын анықтау, негізгі генерациялайтын жабдықтың жұмыс істеу мерзіміне инвестициялық бағдарламаның әсер етуін, инвестициялық бағдарламаның орындылығын және инвестициялық бағдарламаны қаржыландырудың талап етілетін көлемін айқындау болып табылады.

      4. Техникалық, қаржы аудитінің нәтижелері және жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламасы нарық кеңесінің қарауына жатады.

      5. Нарық кеңесінің ұсынымы негізінде уәкілетті орган жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімді жасасу туралы (жасасудан бас тарту туралы) шешім қабылдайды.

      6. Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерде әр жылға мына көрсеткіштер бойынша нысаналы индикаторлар белгіленеді: электр және (немесе) жылу энергиясын босатуға шартты отынның үлестік шығыстары; қолда бар электр қуаты; негізгі генерациялайтын жабдықтың жұмыс істеу мерзімі; негізгі генерациялайтын жабдықтың тозу дәрежесі; экологиялық көрсеткіштер.

      7. Уәкілетті орган жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйыммен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім жасағаннан кейін бірыңғай сатып алушы осы энергия өндіруші ұйыммен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф бойынша уәкілетті орган белгілеген көлемде және мерзімдерге электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасады.

      Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын жүйелік оператор ол пайдалануға берілген күннен бастап жыл сайын аттестаттауға тиіс.

      Егер электр қуатын кезекті аттестаттауды өткізу нәтижесінде жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың аттестатталған электр қуатының мәні электр қуаты әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемінен аз болған жағдайда, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі кезекті аттестаттау өткізілгенге дейінгі аттестатталған мәнге дейін төмендетіледі.

      8. Уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер жасасқан жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей уәкілетті органға тәуелсіз энергетикалық сараптамамен расталған, осы келісімдерде белгіленген көрсеткіштерге (индикаторларға) қол жеткізу туралы есепті ұсынуға міндетті.

      Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімде белгіленген нысаналы индикаторларға қол жеткізілмеген жағдайда, уәкілетті орган осы келісімді бұзуға не электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифті, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемі мен мерзімдерін жүйелік операторды хабардар ете отырып өзгертуге құқылы.

      9. Уәкілетті органмен келісімдер жасасқан және шекті тарифтің инвестициялық құрамдасынан басқа шығын көзі айтарлықтай қосымша сыртқы қаржыландыру (кредиттер, қарыздар) болып табылған электр энергиясына шекті тарифтер бағдарламасының қолданылу кезеңіндегі 2009 – 2015 жылдар аралығында ауқымды инвестициялық бағдарламаларды іске асырған энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органмен оңайлатылған тәртіппен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған жеке инвестициялық келісімдер жасасады.

      10. Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасу және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 4-тарау 15-4-баппен толықтырылды - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

16-бап. Электр энергиясының бөлшек сауда нарығы

      1. Электр энергиясының бөлшек сауда нарығына қол жеткiзу тәртiбiн уәкілетті орган айқындайды.

      2. Өңiрлiк электр желiлерi компаниялары электр энергиясын оның баланстық тиесiлiк шекараларында электр желiлерi бойынша беру функцияларын жүзеге асырады.

      3. Алынып тасталды - ҚР 2006.04.11 № 136 Заңымен.

      4. Шаруашылық қызметтi жүзеге асыру кезiнде электр энергиясын кепiлдiк берiп жеткiзушiлерге энергиямен жабдықтаушы өзге ұйымдарға қарағанда артықшылықтар беруге болмайды.

      5. Электр энергиясын кепiлдiкпен берушiні және оның жауапкершілігіндегі аймақты айқындау тәртібі электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларымен белгіленеді.

      Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.04.11 № 136, 2007.07.27 № 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.12.29 № 116-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

17-бап. Электр энергиясының көтерме сауда нарығындағы шарттар

      1. Электр энергиясын сатып алу-сату, электр энергиясын беру, техникалық диспетчерлендiру, электр қуатын реттеу, электр энергиясын өндiру-тұтынуды теңгерiмдеу, электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру, электр энергиясының орталықтандырылған саудасына қатысу, электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына қатысу бойынша қызметтер көрсету Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жасалатын шарттар негiзiнде жүзеге асырылады.

      2. Электр энергиясын сатып алу-сату шарттарында:

      1) тәулiктiк электр тұтыну кестесi;

      2) энергия өндiрушi ұйымдардың электр қуатын резервтеу тәртiбi болуға тиiс.

      3. Электр энергиясын сатып алу-сату шарттарында, электр энергиясын беру, техникалық диспетчерлендiру, электр қуатын реттеу, электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру, электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндiру-тұтынуды теңгерiмдеу бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттарда, орталықтандырылған сауда нарығына қатысу шарттарында шарттар бойынша уақтылы ақы төленбеген жағдайда тиiстi қызметтер көрсетудi тоқтату шарттары мен тәртiбi қамтылуға тиiс.

      Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.04.11 № 136; 12.11.2015 № 394-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

18-бап. Электр және жылу энергиясының бөлшек сауда нарығындағы шарттар

      1. Бөлшек сауда нарығында электр және жылу энергиясын сатып алу-сату тұтынушылар энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен жасасатын шарттар негізінде жүзеге асырылады.

      Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар тұтынушыларға тұтынатын электр энергиясының көлемдеріне қарай (жеке тұлғалар үшін) сараланған тарифтер бойынша электр энергиясын өткізуден (сатудан) бас тартуға құқылы емес.

      Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тұтынушыларға жылу энергиясын есепке алу аспаптарының бар болуына немесе жоқ болуына байланысты сараланған тарифтер бойынша жылу энергиясын өткізуден бас тартуға құқығы жоқ.

      Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар пайдаланылған электр энергиясы үшін ақы төлеу бойынша берешегі бар болған кезде тұтынушыға жылу энергиясын беруді тоқтатуға құқығы жоқ.

      Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар пайдаланылған жылу энергиясы үшін ақы төлеу бойынша берешегі бар болған кезде тұтынушыға электр энергиясын беруді тоқтатуға құқығы жоқ.

      1-1. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электрмен жабдықтаудың үлгілік шарттарын тұтынушылардың мынадай топтары бойынша жасасады:

      1) тұрмыстық тұтынушыларға арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты;

      2) электр энергиясын тұрмыстық емес мұқтаждар үшін пайдаланатын тұтынушыларға арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты;

      3) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғаларға арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты.

      2. Энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi ұйымдар бөлшек сауда нарығында жасасатын шарттарда электр және жылу энергиясының бөлшек сауда нарығына барлық қатысушылар үшiн тең жағдайлар болуға мiндеттi.

      3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жеткiзетiн электр энергиясының бағалары мен оларды беру жағдайлары тараптардың келiсiмi бойынша энергия берушi ұйымның тарифiн ескере отырып, сатып алу-сату шартына сәйкес белгiленедi.

      Энергияны коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін пайдалану жағдайларын қоспағанда, тұтынушылардың тұтынған электр энергиясы үшін төлемақы коммерциялық есепке алу аспаптарының нақты көрсеткіштері негізінде энергиямен жабдықтаушы ұйым берген төлем құжаты бойынша, ал олар болмаған немесе уақытша бұзылған кезде есептеу арқылы жүргізіледі.

      4. Өңiрлiк электр желiлерi бойынша электр энергиясын беру энергиямен жабдықтаушы ұйым немесе тұтынушы өңiрлiк электр желiсi компаниясымен уәкілетті орган белгiлеген үлгiлік нысан бойынша жасасатын электр энергиясын беру жөнiндегi қызметтер көрсету шартының негiзiнде жүзеге асырылады.

      5. Электр энергиясын кепiлдiк берiп жеткiзушiлер мен тұтынушылар арасындағы энергиямен жабдықтау шарты жария шарт болып табылады.

      Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.29 № 116-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.13 № 542-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледі), 2012.07.04 № 25-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 21.04.2016 № 504-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 89-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

19-бап. Электр және жылу энергиясын тұтынушылардың құқықтары мен мiндеттерi

      1. Электр және жылу энергиясын тұтынушылардың:

      1) жасалған шарттарға сәйкес электр және жылу энергиясын алуға;

      2) жасалған шарттардың талаптарына сәйкес энергия өндiрушi, энергия берушi және энергиямен жабдықтаушы ұйымнан электр және жылу энергиясын жеткiзбеуден немесе сапасыз жеткiзуден келтiрiлген нақты нұқсанның орнын толтыруды талап етуге;

      3) шарттар жасасуға және оларды орындауға байланысты даулы мәселелердi шешу үшiн сотқа жүгiнуге;

      4) тұтынылған электр энергиясы үшiн сараланған тарифтiк есепке алу жүйелерi бойынша ақы төлеудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзуге құқығы бар.

      2. Электр және жылу энергиясын тұтынушылар:

      1) тұтынушылардың меншiгiндегi электр және энергия қондырғыларының және коммерциялық есепке алу аспаптарының тиiсiнше техникалық жай-күйін ұстап тұруға, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес олардың техникалық жай-күйіне қойылатын талаптарды орындауға;

      2) электр және жылу энергиясын сатып алу-сату шартында айқындалған энергия тұтыну режимдерiн сақтауға;

      3) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi электр энергиясының стандарттық жиiлiгiн ұстап тұруға бағытталған нормативтiк талаптарды орындауға;

      4) жасалған шарттарға сәйкес босатылған, берiлген және тұтынылған электр және (немесе) жылу энергиясының ақысын уақтылы төлеуге;

      5) энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi ұйымдардың жұмыскерлерiн коммерциялық есепке алу аспаптарына, сондай-ақ мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi органның жұмыскерлерiн, жергілікті атқарушы органдардың уәкілетті өкілдерін электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйiн және пайдалану қауiпсiздiгiн бақылауды жүзеге асыру үшiн жiберуге міндетті.

      3. Алып тасталды - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.04.11 № 136, 2008.12.29 № 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 394-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-тарау. Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi авариялық бұзылыстар кезінде электр энергетикасы объектілерін басқару

20-бап. Авариялық бұзылыстардың алдын алу және оны жою үшiн қолданылатын шаралар

      1. Алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Жүйелiк аварияларды жою үшiн жүйелiк оператор меншiк нысанына қарамастан кез келген энергия өндiрушi ұйымдардың резервтiк қуаттарын және тұтынушылардың автономиялық қоректену көздерiн тартады.

      3. Авариялық бұзылыстарды жою үшiн қуат жетiспеген кезде жүйелiк оператордың су электр станцияларының авариялық резервiн пайдалану үшiн гидротораптар арқылы суды шығындаудың бекiтiлген кестелерiне жедел өзгерiстер енгiзуге құқығы бар.

      4. Электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығы өтей алмайтын теңгерiмсiздiк туындаған кезде жүйелiк оператордың Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi электр тогының нормативтiк жиiлiгiн ұстап тұру мақсатында электр энергиясын сатып алу-сатуды жүзеге асыруға құқығы бар.

      Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

21-бап. Авариялық бронь бойынша энергиямен жабдықтау

      1. Жүйелік авария туындаған кезде энергия беруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен энергиямен жабдықтаудың тиісті авариялық және технологиялық бронь актілері бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау энергиямен үздіксіз жабдықтауды қажет ететiн, қызметiнiң тоқтатылуы адамдардың өмiрiне, денсаулығына және қоршаған ортаға қатер төндiруге алып келетін шаруашылық инфрақұрылым ұйымдары үшiн технологиялық себептерге орай электр қуатын авариялық бронь мөлшерiнде берудi қамтамасыз ететiн, энергия берушi ұйымдар әзiрлейтiн схемалар бойынша жүзеге асырылады.

      2. Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау тәртiбi мен талаптарын уәкілетті орган бекiтедi.

      3. Бюджет қаражаты есебiнен қамтылатын мемлекеттiк мекемелерге авариялық бронь мемлекеттiк мекемелердiң электр энергиясын тұтыну жөнiндегi шығыстарына көзделген қаражат шегiнде, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар мен өзге де ұйымдар үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ресiмделген тиiстi банктiк кепiлдiгi болған жағдайда берiледi.

      Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 11.07.2017 № 89-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

22-бап. Электр энергетикасы объектiлерiнiң сақталуын және тұтастығын қамтамасыз ету

      1. Электр энергетикасының неғұрлым маңызды объектiлерiн күзетудi арнаулы әскерилендiрiлген күзет қызметтерi немесе Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң бөлiмшелерi жүзеге асырады. Мұндай объектiлердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

      2. Қарамағында электр немесе жылу желілері бар ұйымның келiсiмiнсiз электр және жылу желiлерi жолдарының күзет аймақтарында құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтардың орнатылуына байланысты iздеу жұмыстарын жүргiзуге, алаңдарды, автомобиль көлiгi тұрақтарын жайластыруға, базарларды, құрылыстарды, ғимараттарды орналастыруға, материалдарды жинап қоюға, қоршаулар мен дуалдарды соғуға, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастауға және төгуге тыйым салынады.

      3. Энергия өндiрушi, энергия берушi ұйымдардың электр және (немесе) жылу энергиясын өндiру мен берудiң бiртұтас технологиялық процесiне қатысатын мүлкi бөлiнбейтiн мүлiк болып табылады.

      4. Электр энергетикасы объектiлерiн және (немесе) оның жекелеген бөлiктерiн сатып алу-сату, жалға немесе сенiмгерлік басқаруға беру уәкiлеттi орган мен табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органды алдын ала хабардар ете отырып жүзеге асырылады.

      Ескерту. 22-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.04.11 № 136, 2008.12.29 № 116-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 89-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

23-бап. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық

      Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiлеген тәртiппен жауапты болады.

6-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер

24-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      1. Осы Заң:

      1) 2004 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 13-бабының 2-тармағы мен 14-бабының 4-тармағын;

      2) 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 13-бабының 6-тармағын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      2. 10-баптың 1-тармағының 4) тармақшасында және 2-тармағының 2) тармақшасында белгiленген нормалар 2007 жылдың 31 желтоқсанына дейiн қолданылады.

      3. "Электр энергетикасы туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 20, 729-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.04.11 № 136 Заңымен.

25-бап. Қорытынды және өтпелi ережелер

      1. Энергия берушi ұйымдар электр және (немесе) жылу энергиясын беру жөнiндегi қызметтi энергиямен жабдықтау жөнiндегi қызметтен бөлудi 2004 жылғы 1 қазанға дейiн жүзеге асырсын.

      2. Өңірлік электр желісі компаниялары электр энергиясын беру жөніндегі қызметті энергиямен жабдықтау жөніндегі қызметтен бөлуді энергиямен жабдықтаушы ұйымдар құру жолымен 2004 жылғы 1 қазанға дейін жүзеге асырсын.

      3. Энергия өндіруші ұйымдар 2009 жылғы 1 мамырдан бастап осы Заңда белгіленген тәртіппен келісімдер жасассын.

      4. Осы Заңның 13-бабының 3-3-тармағында көзделген тыйым салу электр энергиясын оны орташа тәуліктік (базалық) қуаты 1 мегаваттан аспайтын көлемде беретін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға сатқан жағдайларға 2009 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылмайды.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      5-тармақ 2016.01.01 дейін қолданыста болады - ҚР 2012.07.04 № 25-V Заңымен.

      5. Осы Заңның 12-1-бабының 3-1-тармағында көзделген тәртіппен келісім жасасу бойынша шаралар қабылдамаған және уәкілетті органмен келісім жасаспаған энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясын амортизация мен пайдаға кеткен шығындарды есепке алмай, электр энергиясын өндіруге кеткен шығыннан аспайтын бағамен өткізеді.

      6. Электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін энергия беруші ұйымдар:

      1) 2018 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей осы Заңның 13-1-бабы 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талапқа;

      2) 2020 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей осы Заңның 13-1-бабы 6-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген, электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға;

      3) 2022 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей осы Заңның 13-1-бабы 6-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген, электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талапқа сай келуге тиіс.

      7. Жергілікті атқарушы органдар 2019 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей мемлекеттік заңды тұлғалардың шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы электр желілерін осы Заңның 13-1-бабының 2-тармағына сәйкес беруді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 25-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.29 № 116-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.04 № 25-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 89-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті