Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сумен жабдықтау және су бұру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты кредиттеу және субсидиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 15 маусымдағы № 322-V ҚРЗ

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат):
      44-1-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Жер учаскесін таңдау актісінде қазіргі бар инженерлік коммуникациялар көрсетіледі, ал қажет болған жағдайда, инженерлік коммуникацияларды берілетін жер учаскесінің шекарасынан тыс жерге көшіру көзделеді.».
      2. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
      1) мазмұнында:
      36-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «36-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi»;
      16-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «16-тарау. Елді мекендерді ауызсумен, техникалық сумен жабдықтау және су бұру»;
      90-баптың тақырыбындағы «ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен» деген сөздер «ауызсумен» деген сөзбен ауыстырылсын;
      91 және 92-баптардың тақырыптарындағы «ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен» деген сөздер «ауызсумен» деген сөзбен ауыстырылсын;
      16-тарау мынадай мазмұндағы 92-1, 92-2, 92-3, 92-4, 92-5, 92-6, 92-7, 92-8, 92-9, 92-10, 92-11, 92-12 және 92-13-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
      «92-1-бап. Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің құрамы
      92-2-бап. Елді мекендердің ауызсумен жабдықтау жүйелері
      92-3-бап. Техникалық сумен жабдықтау жүйелері
      92-4-бап. Елді мекендердің су бұру жүйелері
      92-5-бап. Халықты ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды бұруды қамтамасыз ету кепілдіктері
      92-6-бап. Ауызсудың сапасын қамтамасыз ету
      92-7-бап. Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру саласындағы суды есепке алудың жалпы ережелері
      92-8-бап. Суды коммерциялық есепке алуды ұйымдастыру
      92-9-бап. Су тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері
      92-10-бап. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның құқықтары мен міндеттері
      92-11-бап. Тұрғын үй кондоминиумдарының құрамына кіретін сумен жабдықтау және су бұру жүйелері
      92-12-бап. Су тұтынушының меншігіндегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелері
      92-13-бап. Елді мекеннің сумен жабдықтаудың және су бұрудың иесіз қалған жүйесі және (немесе) оның құрамдас элементтері»;
      135-баптың тақырыбындағы «мемлекеттiк қолдаудың», «принциптерi» деген сөздер тиісінше «, сумен жабдықтауды және су бұруды мемлекеттiк қолдаудың», «қағидаттары» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 135-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      «135-1-бап. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау»;
      2) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 2-1), 3-1), 3-2) және 7-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «2-1) ауызсу – сапасы бойынша белгіленген ұлттық стандарттарға және гигиеналық нормативтерге сай келетін, халықтың ауызсу және шаруашылық-ауызсу мұқтаждарына арналған табиғи күйіндегі немесе өңделгеннен кейінгі су;»;
      «3-1) ауызсумен және (немесе) шаруашылық-ауызсумен жабдықтау (бұдан әрі – ауызсумен жабдықтау) – ауызсуды алуды, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды және су тұтынушыларға беруді қамтамасыз ететін технологиялық процесс;
      3-2) баланстық тиесілікті бөлу шекарасы – сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің элементтерін иеленушілер арасында меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару белгісі бойынша бөлу орны, бұл схемаларда көрсетіледі;»;
      «7-1) елді мекендердің ауызсумен жабдықтау жүйесі – су тұтынушыларды ауызсумен қамтамасыз етуге арналған су тарту құрылыстарын, су құбырын тазартқыш құрылыстарды, таза су резервуарларын, су құбырының сорғы стансалары мен желілерін біріктіретін, өзара байланысты су объектілері мен гидротехникалық құрылыстар кешені;»;
      12) тармақшадағы «тұрмыстық» деген сөз «шаруашылық» деген сөзбен ауыстырылсын;
      13-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «13-1) зиянды заттардың жол берілетін шоғырлануы – су бұру жүйесіне ағызылатын, су тұтынушының сарқынды суларында болатын зиянды заттардың жол берілетін шамасы;»;
      мынадай мазмұндағы 13-2), 19-1), 21-1), 21-2), 23-1), 25-1), 25-2), 31-1), 36-1) және 57-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «13-2) коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган – елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
      «19-1) пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы – тараптардың келісімімен белгіленетін, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің элементтерін міндеттер (оларды пайдаланғаны үшін жауапкершілік) белгісі бойынша бөлу орны. Мұндай келісім болмаған кезде, пайдалану жауапкершілігінің шекарасы баланстық тиесілікті бөлу шекарасы бойынша белгіленеді;»;
      «21-1) сарқынды суларды тазартқыш құрылыстар кешендері – сарқынды суларды табиғи биологиялық тазартуға арналған жасанды су объектілерін қоса алғанда, химиялық реагенттерді қолданып немесе қолданбай, елді мекендердің сарқынды суларын механикалық және биологиялық тазарту құрылыстары;
      21-2) сарқынды суларды табиғи биологиялық тазартуға арналған жасанды су объектілері – жинағыш тоғандар, буландырғыш тоғандар, биологиялық тоғандар, сүзгі алқаптары, суару алқаптары;»;
      «23-1) су бұрудың оқшау тазартқыш құрылыстары – су тұтынушының өзінің сарқынды суларын тазартуға арналған құрылыстары мен құрылғыларының жиынтығы;»;
      «25-1) суды есепке алу аспабы – нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар, белгілі бір уақыт аралығы ішінде физикалық шама бірлігін жаңғыртатын және сақтайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен суды коммерциялық есепке алу үшін қолдануға рұқсат етілген, судың (ауызсу, техникалық, сарқынды және сулардың басқа да түрлерінің) көлемін өлшеуге арналған техникалық құрал;
      25-2) суды коммерциялық есепке алу – сумен жабдықтауға және (немесе) су бұруға арналған шарт бойынша тараптар арасында өзара есеп айырысу үшін қажетті су көлемін есепке алу;»;
      «31-1) су құбырын енгізу – қосылу нүктесіндегі бекіту арматурасы бар құдықты қоса алғанда, сумен жабдықтаудың тарату желісінен ғимараттағы бірінші ысырмаға дейінгі құбыржол;»;
      «36-1) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым – елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалануды жүзеге асыратын су шаруашылығы ұйымы;»;
      «57-1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйым – қызметі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға және дамытуға бағытталған, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам;»;
      3) 9-бап мынадай мазмұндағы 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:
      «12) жобалау және құрылыс кезінде сумен жабдықтаудың және су бұрудың ажырамастығы мен өзара байланыстылығы;
      13) сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілетін қызметтерінің ақылы болуы.»;
      4) 35-бап мынадай мазмұндағы 15), 16), 17) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:
      «15) сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құқықтық қатынастарға қатысушылар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету;
      16) су тұтынушылардың және сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдардың құқықтарының, міндеттері мен мүдделерінің теңгерімділігі;
      17) энергия үнемдеу және су үнемдеу технологияларын енгізу және басымдықпен дамыту үшін жағдайлар жасау;
      18) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауды және дамытуды, сумен жабдықтау және су бұру саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді, жобалауды мемлекеттік қолдау.»;
      5) 36-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «36-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi»;
      мынадай мазмұндағы 20-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «20-2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйымды айқындайды;»;
      6) 37-1-бапта:
      8) тармақшадағы «тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді» деген сөздер «су тұтынушылар үшін сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың коммуналдық көрсетілетін қызметтерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 8-3), 8-4), 8-5) және 8-6) тармақшалармен толықтырылсын:
      «8-3) сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі суды есепке алу аспаптарын таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      8-4) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      8-5) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      8-6) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеуді және субсидиялауды жүзеге асырады;»;
      7) 44-баптың 1-тармағының екінші абзацындағы «тұрмыстық» деген сөз «шаруашылық» деген сөзбен ауыстырылсын;
      8) 53-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Ауызсудың және тазартылған сарқынды сулардың сапасына өндірістік бақылауды сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның аттестатталған зертханалары, сондай-ақ жасасылған шарттарға сәйкес басқа да аттестатталған зертханалар жүзеге асырады.»;
      9) 65-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі «тұрмыстық» деген сөз «шаруашылық» деген сөзбен ауыстырылсын;
      10) 66-бапта:
      1-тармақта:
      2) тармақшадағы «коммуналдық-тұрмыстық» деген сөздер «шаруашылық-тұрмыстық» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) сарқынды суларды табиғи биологиялық тазартуға арналған жасанды су объектілеріне және жергілікті жер бедеріне сарқынды суларды бұруға арналған құрылыстарды;»;
      12) тармақшадағы «коммуналдық-тұрмыстық» деген сөздер «шаруашылық-тұрмыстық» деген сөздермен ауыстырылсын;
      14) тармақшадағы «коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждарын», «коммуналдық-тұрмыстық» деген сөздер тиісінше «шаруашылық мұқтаждарын», «шаруашылық-тұрмыстық» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақтың 1) тармақшасындағы және 8-тармақтың бірінші абзацындағы «коммуналдық-тұрмыстық» деген сөздер «шаруашылық-тұрмыстық» деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 74-баптың 2-тармағындағы «тұрмыстық» деген сөз «шаруашылық» деген сөзбен ауыстырылсын;
      12) 85-баптың 3-тармағындағы «тұтынушыларға» деген сөз «су тұтынушыларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      13) 89-баптың 2-тармағындағы «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган», «денсаулық сақтау» деген сөздер тиісінше «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      14) 16-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «16-тарау. Елді мекендерді ауызсумен, техникалық сумен жабдықтау және су бұру»;
      15) 90-бапта:
      тақырыптағы, 1 және 3-тармақтардағы «ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен», «Ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен» деген сөздер тиісінше «ауызсумен», «Ауызсумен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақтағы «ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен» деген сөздер «ауызсумен» деген сөзбен ауыстырылсын;
      7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қалалық және ауылдық елді мекендердегі ауызсудың сапасына мемлекеттік бақылауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі жүзеге асырады.»;
      16) 91-баптың тақырыбындағы, 1 және 2-тармақтарындағы «ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен» деген сөздер «ауызсумен» деген сөзбен ауыстырылсын;
      17) 92-бапта:
      тақырыптағы «ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен» деген сөздер «ауызсумен» деген сөзбен ауыстырылсын;
      1-тармақта:
      бірінші бөліктегі «ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен» деген сөздер «ауызсумен» деген сөзбен ауыстырылсын;
      екінші бөліктегі «ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен» деген сөздер «ауызсумен» деген сөзбен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы «ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен» деген сөздер «ауызсумен» деген сөзбен ауыстырылсын;
      18) 16-тарау мынадай мазмұндағы 92-1, 92-2, 92-3, 92-4, 92-5, 92-6, 92-7, 92-8, 92-9, 92-10, 92-11, 92-12 және 92-13-баптармен толықтырылсын:

      «92-1-бап. Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру
                 жүйелерінің құрамы

      1. Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелері елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз ету объектілеріне жатады.
      2. Мыналар елді мекеннің сумен жабдықтау жүйесінің құрамдас элементтері болып табылады:
      1) су тарту құрылыстары;
      2) су құбырын тазартқыш құрылыстар;
      3) реттегіш ыдыстар;
      4) сорғы станциялары;
      5) оқшау сутартқыштар;
      6) тарату желілері;
      7) ғимараттарға енгізу орындары;
      8) ішкі сумен жабдықтау жүйелері;
      9) суды есепке алу тораптары.
      3. Мыналар елді мекеннің су бұру жүйесінің құрамдас элементтері болып табылады:
      1) ғимараттардың ішкі су бұру жүйелері;
      2) ғимараттардан шығару орындары;
      3) орамішілік және көшелік желілер;
      4) коллекторлар;
      5) сорғы станциялары;
      6) сарқынды суларды тазартқыш құрылыстар кешендері;
      7) су объектілеріне тазартылған сарқынды суларды ағызуға арналған құрылыстар (сужібергіштер).

      92-2-бап. Елді мекендердің ауызсумен жабдықтау жүйелері

      1. Елді мекендердің ауызсумен жабдықтау жүйелері сумен жабдықтау көзінің типі мен жүйелерге кіретін элементтердің құрамы бойынша ерекшеленетін орталықтандырылған, орталықтандырылмаған болып бөлінеді.
      2. Ауызсуды алуға, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және су тұтынушыларға беруге арналған инженерлік желілер мен құрылыстар кешені орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі болып табылады.
      3. Ауызсуды құбыржолдар арқылы тасымалдамай, оны алуға және дайындауға арналған су тарту құрылыстары мен су тазартқыш құрылыстар орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жүйесі болып табылады.

      92-3-бап. Техникалық сумен жабдықтау жүйелері 

      1. Техникалық сумен жабдықтау жүйелері технологиялық процестің белгіленген нормалары бойынша дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың өндірістік мұқтаждарын сумен қамтамасыз ету үшін құрылады.
      2. Техникалық сумен жабдықтау схемасын таңдау кезінде, суды қайталап пайдалану, айналымдық сумен жабдықтау көзделеді.

      92-4-бап. Елді мекендердің су бұру жүйелері

      1. Елді мекендердің су бұру жүйелері сарқынды суларды бірлесіп және (немесе) бөлек іркіліссіз бұру үшін қызмет етеді.
      2. Елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау шарттары мен тәртібі елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау қағидаларына сәйкес айқындалады.
      3. Елді мекеннің су бұру жүйесіне қосылмаған тұрғын үйлерден (тұрғын ғимараттардан) шыққан сұйық тұрмыстық қалдықтар су өткізбейтін науа-ыдыстарға құйылып, кейіннен арнайы автокөлікпен шығарылып және оларды орналастыру орындарын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органы және сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым айқындайтын төгу станцияларында төгілуге тиіс.
      4. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың сарқынды суларын елді мекендердің су бұру жүйелеріне қабылдау:
      1) елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау қағидаларына сәйкес сарқынды сулар олардағы зиянды заттардың жол берілетін шоғырлануының құрамы бойынша талаптарға сәйкес келген кезде жол беріледі. Сарқынды сулар сәйкес келмеген жағдайда дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар оларды тазартуды өзінің су бұрудың оқшау тазартқыш құрылыстарында жүзеге асыруға міндетті;
      2) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның техникалық шарттарының талаптарын орындаған кезде жол беріледі.

      92-5-бап. Халықты ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық
                сарқынды суларды бұруды қамтамасыз ету
                кепілдіктері

      1. Қазақстан Республикасының аумағында жеке тұлғалар сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың қосылған желілері болған кезде су тұтынудың және шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды бұрудың белгіленген нормаларына сәйкес ауызсумен қамтамасыз етіледі.
      2. Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің меншік иесі халықты ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды бұруды қамтамасыз етудің кепілі болып табылады.

      92-6-бап. Ауызсудың сапасын қамтамасыз ету

      Ауызсудың сапасы:
      1) ауызсумен жабдықтау көзін таңдау;
      2) ауызсуды дайындау үшін тиісті технологияны, оларды пайдалану қауіпсіздігін және санитариялық қағидалардың, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің белгіленген талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттары бар жабдықты, материалдарды, реагенттерді пайдалану;
      3) ауызсумен жабдықтау көздерін қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
      4) елді мекендердің сумен жабдықтау жүйелерін білікті техникалық пайдалану;
      5) ауызсумен жабдықтау көздеріндегі және жүйелеріндегі су сапасының санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сәйкестігіне бақылау жүргізу арқылы қамтамасыз етілуге тиіс.

      92-7-бап. Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру
                саласындағы суды есепке алудың жалпы ережелері

      1. Сумен жабдықтау жүйелерінде көздерден алынатын, тарату желісіне және су тұтынушыларға берілген су көлемдерін толық есепке алу ұйымдастырылады.
      2. Суды:
      1) бірінші, екінші, үшінші және кейінгі көтерілімдердің сорғы стансаларында;
      2) су тұтынушының сумен жабдықтау жүйелерімен баланстық тиесілікті немесе пайдалану жауапкершілігін бөлу шекараларында;
      3) суды есепке алудың үйге ортақ аспабы арқылы көппәтерлі тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) есепке алу міндетті болып табылады.
      3. Суды есепке алу аспаптарына қойылатын талаптар осы Кодексте, техникалық регламенттерде, сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі суды есепке алу аспаптарын таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларында белгіленеді.
      4. Берілген су үшін су тұтынушылармен есеп айырысулар су тұтынушыда орнатылған және коммерциялық ретінде пайдалануға жол берілген, суды есепке алу аспаптарының көрсетілімдері ескеріле отырып, шарттар негізінде жүзеге асырылады.
      5. Сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілген қызметтерінің көлемі коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекіткен, елді мекендердегі сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілген қызметтерінің көлемдерін есептеу әдістемесіне сәйкес айқындалады.
      6. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдар суды есепке алу жөніндегі деректердің негізінде жыл сайын тарату желілеріндегі және су тұтынушыдағы су ысырабына талдау жүргізеді.

      92-8-бап. Суды коммерциялық есепке алуды ұйымдастыру

      1. Көппәтерлі тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды) салу, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу жобаларында суды коммерциялық есепке алуды ұйымдастыру үшін суды есепке алудың үйге ортақ және жеке (пәтер бойынша) аспаптарын міндетті түрде орнату көзделеді.
      2. Пайдалануға жаңадан берілетін объектілерде деректерді қашықтықтан беретін, сезімталдық шегі төмен, жоғары метрологиялық сыныпты суды есепке алу аспаптарын орнату көзделеді. Бұл талап жұмыс істемейтін немесе белгіленген пайдалану мерзімі өткен, суды есепке алудың үйге ортақ аспаптары ауыстырылған жағдайда да қолданылады.
      3. Жұмыс істемейтін немесе белгіленген пайдалану мерзімі өткен, суды есепке алудың жеке (пәтер бойынша) аспаптары ауыстырылған кезде, сезімталдық шегі төмен, жоғары метрологиялық сыныпты, кейіннен деректерді қашықтықтан беруге мүмкіндік болатын құрылғылармен жарақтандырылған суды есепке алу аспаптарын орнату көзделеді.
      4. Елді мекеннің сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілеріне қосылған объектіні суды есепке алу аспаптарынсыз пайдалануға қабылдауға жол берілмейді.

      92-9-бап. Су тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері

      1. Елді мекендердегі сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын су тұтынушылардың:
      1) жасасылған шартқа сәйкес ауызсуды тұтыну үшін санитариялық қағидаларға сай ауызсумен жабдықтау жүйелерінен сумен іркіліссіз қамтамасыз етілуге;
      2) сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілген қызметтері үшін ақы төлеуге арналған төлем құжатын алуға;
      3) ауызсу сапасы және оны берудегі ықтимал іркілістер туралы ақпарат алуға;
      4) сотқа талап қоюға;
      5) сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтер жобасын талқылау бойынша өткізілетін жария тыңдауларға қатысуға;
      6) бір айдан кешіктірмей сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымды бұл жөнінде жазбаша хабардар еткен кезде шартты біржақты тәртіппен бұзуға;
      7) егер объектілері тұрғын үй қорына жатқызылса, денсаулық сақтау субъектілері пайдаланса, сондай-ақ тамақ өнімін өндіру үшін пайдаланылса, ауызсумен жабдықтау жүйелерінен бірінші кезектегі тәртіппен ауызсумен қамтамасыз етілуге;
      8) көрсетілген қызметке төлемді түзету үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымға өтініш жасауға құқығы бар;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.
      2. Елді мекендердегі сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын су тұтынушылар:
      1) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйыммен сумен жабдықтауға және (немесе) су бұруға арналған шарт жасасуға;
      2) меншігіндегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің, олардағы басқару тораптарының, суды есепке алу аспаптарының белгіленген талаптарға сәйкес сақталуын және тиісінше санитариялық және техникалық жай-күйін ұстап-тұруға;
      3) жасасылған шартқа және белгіленген тарифтерге сәйкес сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілген қызметтері үшін уақтылы әрі толық көлемде ақы төлеуге;
      4) көппәтерлі тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) тұратын су тұтынушыларды қоспағанда, жеке салынған үйлерде тұратын су тұтынушыларды қоса алғанда, сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қосылуға техникалық жағдайларының, меншігіндегі сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілерінің атқарушылық түсірілімінің болуы;
      5) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларын, санитариялық қағидаларды сақтауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгіленген талаптарды орындауға;
      6) зиянды заттардың жол берілетін шоғырлануынан асып түсетін ластауыштармен сарқынды суларды ағызуға жол бермеуге;
      7) шаруашылық-тұрмыстық сарқынды сулардың су бұру жүйесіне жауын-шашын және сорғыту суларын ағызуға жол бермеуге;
      8) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның рұқсатынсыз меншігіндегі сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілеріне өзге су тұтынушыларды қоспауға;
      9) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның техникалық талаптарын орындауға;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де талаптарды орындауға міндетті.
      3. Су тұтынушы заңды тұлғалар, осы баптың 2-тармағында көзделген міндеттерден басқа, мыналарды:
      1) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым өкілдерінің көрсетілімдерді алу және жұмыс қабілеттілігін тексеру үшін суды есепке алу аспаптарына, аумағында орналасқан немесе шаруашылық жүргізуіндегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің барлық элементтерінің техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылау үшін, сарқынды сулардың сынамаларын алу үшін, сондай-ақ берешегі болған кезде су тұтынушының желілерін ажырату үшін кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
      2) су тұтыну және (немесе) су бұру көлемдері шартта белгіленгеннен асқан кезде, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның техникалық шарттарын немесе техникалық талаптарын сұратуға міндетті.

      92-10-бап. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру
                 жөніндегі ұйымның құқықтары мен міндеттері

      1. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілген қызметтері үшін ақы алуға;
      2) суды есепке алу аспаптарын тексеруді жүргізуге;
      3) сотқа талап қоюға;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
      2. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым:
      1) гигиеналық нормативтерге сәйкес ауызсуды және оны су тұтынушыларға беруді дайындауды қамтамасыз етуге;
      2) елді мекендердегі сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілетін қызметтерін іркіліссіз ұсынуды қамтамасыз етуге;
      3) суды көздерден алуды, оны желіге және су тұтынушыларға беруді есепке алуды қамтамасыз етуге;
      4) көздерді санитариялық қорғау аймақтары, сумен жабдықтау жүйелерінің құбыржолдарын санитариялық қорғау белдеулері және су бұру жүйелері элементтерінің санитариялық-қорғау аймақтары үшін белгіленген, шаруашылық және өзге де қызмет режимін сақтауға;
      5) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тиісінше пайдаланылуын қамтамасыз етуге;
      6) су тұтынушының желілері мен құрылыстары жарамды болған және (немесе) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның техникалық шарттары орындалған кезде су тұтынушының объектілерін сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қосуға рұқсат беруге;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де талаптарды орындауға міндетті.

      92-11-бап. Тұрғын үй кондоминиумдарының құрамына кіретін
                 сумен жабдықтау және су бұру жүйелері

      1. Тұрғын үй кондоминиумдарының құрамына:
      1) сумен жабдықтау бойынша – тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) сыртқы қабырғаларының шекарасы шегіндегі ішкі сумен жабдықтау жүйелері, оның ішінде ауызсуды қосымша тазарту бойынша топтық қондырғылар, су тартатын сорғы қондырғылары;
      2) су бұру бойынша – елді мекеннің су бұру желісіне қосылатын жердегі бірінші құдыққа дейінгі шығару орындарын қоса алғанда, үй ішіндегі жүйелер кіреді.
      2. Тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) ішкі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалануды пәтерлер мен үй-жайлардың меншік иелері, кондоминиум объектісін басқару органы жүргізеді, сондай-ақ бұл шарт негізінде жүргізіледі.

      92-12-бап. Су тұтынушының меншігіндегі сумен жабдықтау
                 және су бұру жүйелері

      1. Су тұтынушының баланстық тиесілікті бөлу шекарасынан су бөлу және санитариялық-техникалық аспаптардан су бұру жүйесіне сарқынды суларды шығару нүктелеріне дейінгі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің элементтері су тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне жатады және оларға өз күшімен, сондай-ақ шарт негізінде қызмет көрсетіледі.
      2. Су тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің қондырғысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

      92-13-бап. Елді мекеннің сумен жабдықтаудың және су
                 бұрудың иесіз қалған жүйесі және (немесе) оның
                 құрамдас элементтері

      1. Елді мекеннің меншiк иесi жоқ немесе меншiк иесi белгiсiз не өзіне берілген меншiк құқығынан меншiк иесi бас тартқан сумен жабдықтау және су бұру жүйесі және (немесе) оның құрамдас элементтері иесіз болып табылады.
      2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы елді мекеннің сумен жабдықтаудың және су бұрудың иесіз қалған жүйесін және (немесе) оның құрамдас элементтерін анықтаған жағдайда Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 242-бабына сәйкес оларды иесіз жылжымайтын заттар ретінде есепке қою жөніндегі рәсімдерді жүргізеді.
      3. Елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйесі және (немесе) оның құрамдас элементтері иесіз жылжымайтын заттар ретінде есепте болған уақытта сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі коммуналдық ұйымға пайдалануға беріледі.
      4. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі коммуналдық ұйым өзіне пайдалануға берілген сумен жабдықтаудың иесіз қалған жүйесі және (немесе) оның құрамдас элементтері арқылы су тұтынушыға берілетін ауызсудың сапасын қамтамасыз етеді.»;
      19) 103-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Салқындату мақсатында су объектілерінен немесе салқындатқыш тоғандардан сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланатын жұмыс істеп тұрған немесе реконструкцияланып жатқан жылу энергетикасы ұйымдарын қоспағанда, өнеркәсiп пен жылу энергетикасы ұйымдарының айналымдық сумен жабдықтауы болуға мiндеттi.
      Салқындату мақсатында су объектілерінен немесе салқындатқыш тоғандардан сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланатын жұмыс істеп тұрған немесе реконструкцияланып жатқан жылу энергетикасы ұйымдарын қоспағанда, айналымдық сумен жабдықтауы жоқ ұйымдар уәкiлеттi органға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкiлеттi органға нақты мерзiмдерiн көрсете отырып, айналымдық сумен жабдықтауға көшу жоспарын ұсынуға мiндеттi.»;
      20) 104-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы, 107-баптың 2 мен 4-тармақтарындағы және 120-баптың 2-тармағындағы «ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен», «Ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен» деген сөздер тиісінше «ауызсумен», «Ауызсумен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      21) 135-бапта:
      тақырыптағы «мемлекеттiк қолдаудың», «принциптерi» деген сөздер тиісінше «, сумен жабдықтауды және су бұруды мемлекеттiк қолдаудың», «қағидаттары» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақта:
      бірінші абзац «Су шаруашылығын» деген сөздерден кейін «, сумен жабдықтауды және су бұруды» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды өтеусіз және қайтарымсыз негізде субсидиялау;»;
      6) тармақша «су шаруашылығы субъектiлерiне» деген сөздерден кейін «, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдарға» деген сөздермен толықтырылсын;
      22) мынадай мазмұндағы 135-1-баппен толықтырылсын:

      «135-1-бап. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін
                  салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды
                  субсидиялау

      1. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау сумен жабдықтауды және су бұруды дамытуды экономикалық ынталандыру ретінде жүзеге асырылады.
      2. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
      1) жобаларды техникалық қолдау, бұл техникалық негіздемені, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді, техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыруды қамтиды;
      2) капиталды қажет ететін шығыстар, оның ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстарына, жабдықты, материалдарды сатып алуға арналған шығыстар.».
      3. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат):
      1) 220-баптың 1-тармағының 13) тармақшасындағы «ауызсу және шаруашылық-тұрмыстық сумен» деген сөздер «ауызсумен және шаруашылық-ауызсумен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 225-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Сарқынды суларды жинағыштары және (немесе) сарқынды суларды табиғи биологиялық тазартуға арналған жасанды су объектілері бар табиғат пайдаланушылар олардың қоршаған ортаға әсерiн болғызбау жөніндегі қажеттi шараларды қолдануға, сондай-ақ оларды пайдалану тоқтатылғаннан кейiн жерлердi рекультивациялауды жүзеге асыруға мiндеттi.»;
      3) 291-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қалалық және басқа да қоныстардың, орман саябақтарының, курорттық, емдеу-сауықтыру, рекреациялық аймақтардың және су қорғау аймақтарының аумақтарында, ауызсумен және шаруашылық-ауызсумен жабдықтау мақсаттарында пайдаланылатын жерасты су объектілерінің су жинау алаңдарында, сондай-ақ тарихи-мәдени мұра объектілеріне жатқызылған аумақтарда қалдықтарды көмуге тыйым салынады.».
      4. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат):
      1) 3-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 68-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «68-1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйым – қызметі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға және дамытуға бағытталған, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам;»;
      2) 176-баптың 1) тармақшасы «қаржы агенттіктерін» деген сөздерден кейін «және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйымды» деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 178-бапта:
      1-тармақтағы «Мамандандырылған ұйым оған кредитор немесе қаржы агенттігі айқындаған шарттармен» деген сөздер «Кредитор немесе қаржы агенттігі айқындаған шарттармен мамандандырылған ұйым немесе жергілікті атқарушы органның атынан қарыз алушы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ «ұйымдар» деген сөзден кейін «немесе жергілікті атқарушы органның атынан қарыз алушы» деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 179-бапта:
      1-тармақтағы «кредитордың (сенімгердің) атынан және оның есебінен және оның» деген сөздер «кредитордың (сенімгердің) немесе бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атынан және есебінен және оның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      3) тармақша «жобалардың» деген сөзден кейін «және (немесе) қарыз алушы немесе түпкілікті қарыз алушы іске асыратын инвестициялық жобалардың» деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақшадағы «қарыз алушылардың» деген сөздер «қарыз алушының және (немесе) түпкілікті қарыз алушының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «7) түпкілікті қарыз алушыларды айқындау.»;
      4-тармақ «Қаржы агенттігін» деген сөздерден кейін «және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйымды» деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 183-баптың 3-тармағының екінші бөлігі «қарыз алушы» деген сөздерден кейін «немесе түпкілікті қарыз алушы» деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 184-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жергілікті атқарушы органдарға, қаржы агенттіктеріне бюджеттік кредиттер бойынша, сондай-ақ қарыз алушылар ретінде жергілікті атқарушы органдар түпкілікті қарыз алушыларға мемлекеттің әлеуметтік саясатының міндеттерін шешуге беретін бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін қоспағанда, бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі айналыс мерзімі бюджеттік кредиттің мерзіміне сәйкес келетін мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша кірістіліктің орташа өлшемді мөлшерлемесінен төмен болмайтын шамада белгіленеді.».
      5. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 8-1) және 24-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «8-1) жылумен жабдықтау жүйесі – жылу өндіретін, жылу беретін және жылу тұтынатын қондырғылардан тұратын кешен;»;
      «24-1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйым – қызметі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға және дамытуға бағытталған, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам;»;
      2) 3-бапта:
      2-тармақтың 10) тармақшасындағы «белгiлеу болып табылады.» деген сөздер «белгiлеу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
      «11) жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеуді және субсидиялауды қамтамасыз ету болып табылады.»;
      3-тармақтың 5) тармақшасындағы «реттеудi қамтиды.» деген сөздер «реттеудi;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      «6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын, жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды бюджет қаражаты есебінен кредиттеуді;
      7) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды өтеусіз және қайтарымсыз негізде субсидиялауды қамтиды.»;
      3) 4-бап мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйымды айқындайды;»;
      4) 5-1-бап мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) және 5-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «5-1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      5-2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      5-3) жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеуді және субсидиялауды жүзеге асырады;»;
      5) мынадай мазмұндағы 7-2-баппен толықтырылсын:

      «7-2-бап. Жылумен жабдықтау жүйелерін салуды,
                реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау

      1. Жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау жылумен жабдықтауды дамытуды экономикалық ынталандыру ретінде жүзеге асырылады.
      2. Жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
      1) жобаларды техникалық қолдау, бұл техникалық негіздемені, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді, техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыруды қамтиды;
      2) капиталды қажет ететін шығыстар, оның ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстарына, жабдықты, материалдарды сатып алуға арналған шығыстар.».
      6. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):
      35-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 6) тармақшасындағы «ауызсумен немесе шаруашылық-тұрмыстық сумен» деген сөздер «ауызсумен және шаруашылық-ауызсумен» деген сөздермен ауыстырылсын.
      7. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат):
      134-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) елді мекендердің тіршілігін (энергиямен, газбен, сумен, жылумен жабдықтау, су бұру және коммуналдық қалдықтарды көму, қалдықтар полигондарын құру және пайдалану) қамтамасыз ету;».
      8. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 20-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 6-құжат):
      8-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші бөлік «Энергетикалық ресурстарды», «энергетикалық ресурстарды» деген сөздерден кейін «және су ресурстарын» деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөліктегі «есепке алу аспаптарын және» деген сөздер «және суды есепке алу аспаптарын,» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      «Энергетикалық ресурстарды» деген сөздерден кейін «және су ресурстарын» деген сөздермен толықтырылсын;
      «энергетикалық ресурстарды есепке алудың тиісті аспаптарымен» деген сөздер «энергетикалық ресурстарды және суды есепке алу аспаптарымен» деген сөздермен ауыстырылсын.
      9. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат):
      2-қосымшада:
      324-жолдағы «ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен», «ауыз және шаруашылық-тұрмыстық сумен» деген сөздер «ауызсумен және шаруашылық-ауызсумен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      327-жолдағы «коммуналдық-тұрмыстық» деген сөздер «шаруашылық-тұрмыстық» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев