Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 шілдеде № 11534 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Валюталық операция туралы немесе шетелдік банкте банк шотын ашу туралы хабарламаны растау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Валюталық операцияны тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес «Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес «Тіркеушінің қағидалар жиынтығын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      5) осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес «Қаржылық құралдармен мәміле бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру қағидаларын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      6) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес «Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      7) осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      8) осы қаулының 8-қосымшасына сәйкес «Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      9) осы қаулының 9-қосымшасына сәйкес «Банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      10) осы қаулының 10-қосымшасына сәйкес «Сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      11) осы қаулының 11-қосымшасына сәйкес «Инвестициялық портфельді басқарушының iрi қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      12) осы қаулының 12-қосымшасына сәйкес «Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      13) осы қаулының 13-қосымшасына сәйкес «Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      14) осы қаулының 14-қосымшасына сәйкес «Инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      15) осы қаулының 15-қосымшасына сәйкес «Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      16) осы қаулының 16-қосымшасына сәйкес «Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      17) осы қаулының 17-қосымшасына сәйкес «Актуарийлерден біліктілік емтиханын қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      18) осы қаулының 18-қосымшасына сәйкес «Кредиттік бюроның пайдалануына кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін енгізу актісін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      19) осы қаулының 19-қосымшасына сәйкес «Инвестициялық пай қорларының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      20) осы қаулының 20-қосымшасына сәйкес «Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына рұқсат алған бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық есептілігінің аудитіне шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      21) осы қаулының 21-қосымшасына сәйкес «Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қатысушы заңды тұлғаларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      22) осы қаулының 22-қосымшасына сәйкес «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келген шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға виза беру туралы қолдаухат» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      23) осы қаулының 23-қосымшасына сәйкес «Мемлекеттік органдарға беру үшін Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының құжаттамасын ағылшын тілінен қазақ және орыс тілдеріне аудару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      24) осы қаулының 24-қосымшасына сәйкес «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      25) осы қаулының 25-қосымшасына сәйкес «Банк ашуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      26) осы қаулының 26-қосымшасына сәйкес «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банк операцияларына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      27) осы қаулының 27-қосымшасына сәйкес «Ислам банктері жүзеге асыратын банк операцияларына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      28) осы қаулының 28-қосымшасына сәйкес «Банктерге банк операцияларын және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      29) осы қаулының 29-қосымшасына сәйкес «Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      30) осы қаулының 30-қосымшасына сәйкес «Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      31) осы қаулының 31-қосымшасына сәйкес «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      32) осы қаулының 32-қосымшасына сәйкес «Жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      33) осы қаулының 33-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлеріне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      34) осы қаулының 34-қосымшасына сәйкес «Қайта сақтандыру жөніндегі қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      35) осы қаулының 35-қосымшасына сәйкес «Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      36) осы қаулының 36-қосымшасына сәйкес «Бағалы қағаздар нарығында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      37) осы қаулының 37-қосымшасына сәйкес «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      38) осы қаулының 38-қосымшасына сәйкес «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және (немесе) сақтандыру холдингін ерікті қайта ұйымдастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      39) осы қаулының 39-қосымшасына сәйкес «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті таратуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      40) осы қаулының 40-қосымшасына сәйкес «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына елеулі қатысуына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      41) осы қаулының 41-қосымшасына сәйкес «Қоғамды жария компания деп тану немесе қоғамның мәлімдемесі негізінде ол белгілеген тәртіппен оның жария компания мәртебесін кері қайтарып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      42) осы қаулының 42-қосымшасына сәйкес «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын ерікті қайта ұйымдастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      43) осы қаулының 43-қосымшасына сәйкес «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын ерікті таратуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      44) осы қаулының 44-қосымшасына сәйкес «Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйым құруына немесе сатып алуына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      45) осы қаулының 45-қосымшасына сәйкес «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйым құруына немесе иеленуіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      46) осы қаулының 46-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      47) осы қаулының 47-қосымшасына сәйкес «Шет мемлекеттің аумағындағы Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шығаруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      48) осы қаулының 48-қосымшасына сәйкес «Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      49) осы қаулының 49-қосымшасына сәйкес «Банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталына елеулі қатысуына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      50) осы қаулының 50-қосымшасына сәйкес «Банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      51) осы қаулының 51-қосымшасына сәйкес «Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      52) осы қаулының 52-қосымшасына сәйкес «Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      53) осы қаулының 53-қосымшасына сәйкес «Уәкілетті ұйымдарға қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      54) осы қаулының 54-қосымшасына сәйкес «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      55) осы қаулының 55-қосымшасына сәйкес «Қаржы ұйымының қаржы қызметтерін тұтынушыларға қаржы өнімдерін ұсынуы үшін келісім беру, сондай-ақ микроқаржы ұйымының микрокредиттер ұсынуы үшін келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау басқармасы (Бәдірленова Ж.Р.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы, осы қаулының 1-тармағының алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 3), 4), 5), 8), 9), 10), 11), 17), 18), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30), 31), 32), 33), 34), 35), 36), 37), 38), 39), 40), 42), 43), 44), 45), 48), 49), 50), 51), 52), 53) және 55) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                      Қ. Келімбетов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрлігі
      _____________ Ә.Есекешов
      2015 жылғы 1 маусым

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрлігі
      _____________ Е.Досаев
      2015 жылғы 29 мамыр

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына    
1-қосымша       

«Валюталық операция туралы немесе шетелдік банкте
банк шотын ашу туралы хабарламаны растау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Валюталық операция туралы немесе шетелдік банкте банк шотын ашу туралы хабарламаны растау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге валюта шарты туралы ақпарат, құжаттар ұсынылған күннен бастап – 7 (жеті) жұмыс күні өткеннен кейін;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – қағаз жеткізгіштегі хабарлама куәлік.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
      Банктер жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес валюталық операция туралы немесе шетел банкінде банк шотын ашу туралы хабарламаны ұсынады.
      Шет тілінде жасалған құжаттар мемлекеттік тілге немесе орыс тіліне аударылған аудармасымен ұсынылады.
      Валюталық операцияларды жасау мән-жайларын нақтылау мақсатында көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының валюталық операцияларды жүзеге асыруына негіз болатын валюта шартын көрсетілетін қызметті алушыдан талап етуіне жол беріледі. Валюталық операция туралы хабарламаны растау көрсетілетін қызметті алушы талап етілетін құжаттарды ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.
      Берілетін деректердің құпиялылығы мен түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғаныш құралдарымен бірге ақпаратты кепілдікпен жеткізудің тасымалдау жүйесін пайдалана отырып, банктер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратына валюталық операция туралы электрондық тәсілмен хабарлайды.
      Заңды (банктерден басқа) және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына валюталық операция туралы немесе шетел банкінде банк шотын ашу туралы орналасқан жері (заңды тұлғалар үшін) не өзінің тұрғылықты тұратын орны (жеке тұлғалар үшін) бойынша хабарлайды.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның
лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету
мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану:
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының не оның орнындағы адамның атына: 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалы басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымданады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуы үшін қолжетімділік ашық.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Валюталық операция туралы    
немесе шетелдік банкте банк шотын ашу
туралы хабарламаны растау»    
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына қосымша     

Тiркеу куәлiгiн алуға өтiнiш/Валюталық операция
туралы немесе шетел банкінде банк шотын ашу
туралы хабарлама
(керегін сызыңыз)

_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол
болған кезде))
КҰЖЖ коды ________________________ ЖСН __________________________ БСН
_____________________________________________________________________
1. _______жылғы «____» ____ № ___________ валюта шарты
_____________________________________________________________________
      (құжаттың атауы)

      (мақсаты мен мәнi)
2. Валюта шартына қосымша мынадай құжаттар ұсынылды (тiркеу куәлігін
алуға өтiнiш берген кезде толтырылады) ______________________________

(құжаттың атауы, нөмiрi, ресiмдеу күнi)

3. Валюта шартына қатысушы резидент (резиденттер):
Заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
кезде)

Мекенжайы____________________________________________________________

________________________________телефоны_____________________________

Қызмет көрсететін банк (банктер)_____________________________________

4. Валюта шартына қатысушы резидент емес (резидент еместер):
Заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
кезде) ______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Заңды тұлғаның уәкiлеттi адамы ______________________________________

Экономика секторы____________________________________________________
Заңды тұлғаның тiркелген/жеке тұлғаның тұрғылықты тұратын елi________

Мекенжайы, банктiк деректемелерi (болған кезде)______________________
_____________________________________________________________________

5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң осы валюта шарты бойынша
бұрын берілген лицензияларының нөмiрлері_____________________________

6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң осы валюта шарты бойынша
бұрын берілген тiркеу куәлiктерiнiң нөмiрлері________________________

7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң осы валюта шарты бойынша
бұрын берілген хабарлама куәлiктерiнiң нөмiрлерi_____________________
_____________________________________________________________________
8. Мынадай толтырылған бөлiмдер ұсынылды (белгiленсiн):
___ 1-бөлiм. Коммерциялық кредиттер және қаржылай қарыздар;
___ 2-бөлiм. Капиталға қатысу, бағалы қағаздармен және туынды қаржы
құралдарымен операциялар;
___ 3-бөлiм. Шетел банкiнде банк шотын ашу;
___ 4-бөлiм. Капитал қозғалысының басқа да операциялары.

Көрсетілетін қызметті алушының уәкiлеттi тұлғасы:

___________ ______________________________ ________________
(лауазымы) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (қолы)

20 ___ жылғы «_____» ___________

Мөр орны
(ол болған кезде)

1-бөлiм. Коммерциялық кредиттер және қаржылай қарыздар

1. Валюта шартының сомасы____________________________________________
      (валюта шартының валютасында цифрлармен және жазумен)
_____________________________________________________________________
2. Шарттың валютасы__________________________________________________
3. ____ жылғы «__» _______ №_______ негіздемелік келiсiм (ол болған
кезде)
_____________________________________________________________________
      (құжаттың атауы)
4. Резидент еместің резидентке қатынасы (белгiленсiн):
_____ тікелей инвестор
_____ тiкелей инвестициялау объектiсi
_____ өзге

5. Кредиттi пайдаланғаны үшiн сыйақы (мүдде) мөлшерлемесі жылдық
_____ пайыз (өзгермелi пайыздық мөлшерлеме болған жағдайда оны
есептеу базасы және маржа мөлшерi көрсетiледi)
6. Негiзгi борыш бойынша мерзiмi өткен төлемдер үшiн мөлшерлеме:
мерзiмi өткен әрбiр күн үшін ________________________________________
өзге (толық жазылсын) _______________________________________________
7. Iлеспе төлемдер (ұйымдастырғаны, басқарғаны үшiн комиссия,
мiндеттемелер және басқа үшiн комиссия)______________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (кредит, негiзгi борыш және т.б. сомасының пайызы)
8. Операцияның қысқаша сипаттамасы (төлем бойынша нұсқау, қаражат
қозғалысының схемасы және басқасы) __________________________________
_____________________________________________________________________
9. Агент (оператор, ұйымдастырушы) туралы мәлiметтер (болған кезде):
Резидент ____________ Резидент емес ___________ (белгiленсiн)
Заңды тұлғаның атауы ________________________________________________
Резидент туралы ақпарат: мекенжайы___________________________________

_____________________ телефоны ______________________________________
КҰЖЖ коды______________________ ЖСН/БСН______________________________
Резидент емес туралы ақпарат: тiркелген елi__________________________

10. Айрықша жағдайлардың болуы (белгiленсiн):
____ қарыз алушының ұзартуға құқығы
____ қарыз алушының мерзiмiнен бұрын өтеу құқығы
____ кредитордың берешектi мерзiмiнен бұрын өтеудi талап ету құқығы
____ өзге де (толық жазу)

11. Осы валюта шарты шеңберiнде қаржыландыратын келiсiмшарттар туралы
мәлiметтер (банктер және өзге де қаржы институттары өз операциялары
туралы хабарлаған жағдайда көрсетіледі):

11.1. Аппликант (банктiң немесе өзге қаржы институтының
қаржыландыруды сұрататын клиентi) туралы мәлiметтер:
Резидент ____________ Резидент емес ___________ (белгiленсiн)
Заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
кезде)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Резидент туралы ақпарат: мекенжайы___________________________________
_____________________________________________________________________
Телефоны ____________________________________________________________
КҰЖЖ коды______________________ЖСН/БСН ______________________________
Резидент емес туралы ақпарат: заңды тұлғаның тiркелген/жеке тұлғаның
тұрғылықты тұратын елi_______________________________________________

11.2. Қаржыландырылатын келiсiмшарттар туралы мәлiметтер:
Келiсiмшарттың нөмiрi _____________________________ күні
Келiсiмшарттың мақсаты мен мәнi______________________________________

Келiсiмшарттың сомасы ____________________________ валютасы__________
                       (валютаның мың бiрлiгi)
Келiсiмшарттың есептік нөмірі немесе келiсiмшарттың есептік нөмірін
алу талап етілетін экспортқа немесе импортқа арналған келiсiмшарттар
үшін мәміле паспортының нөмірі ______________________________________

11.3. Бенефициар (келiсiмшартқа қатысушы) туралы мәлiметтер:
Резидент ____________ Резидент емес ___________ (белгіленсін)

телефоны_____________________________________________________________
КҰЖЖ коды ______________________ ЖСН/БСН ____________________________

тұрғылықты тұратын елi ______________________________________________
11.4. Кредитордың банктi немесе өзге қаржы институтын қаржыландыру
нысаны (белгiленсiн):
___ қаражаттың банктiң немесе өзге қаржы институтының шотына түсуi,
__ кредитордың бенефициарға төлеуi,
___ өзге (талдап жазу)_______________________________________________

12. Қаражаттың түсу және берешектi өтеу кестесi
шарт валютасының мың бiрлiгi

Қарыз алушыға кредит
бойынша қаражаттың
түсуi

Қарыз алушының кредитті қызмет көрсетуі бойынша төлемдер

күнi

сомасы

күнi

негiзгi
борышты өтеу

сыйақы
төлеу

А

1

Б

2

3

ЖИЫНТЫҒЫ:

ЖИЫНТЫҒЫ:

оның iшiнде
өтiнiш берген
күні

оның iшiнде
өтiнiш берген
күні

13. Ескертпе_________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

2-бөлiм. Капиталға қатысу, бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен операциялар

1. Операция түрi (белгiленсiн):
1) ___ шетелге тiкелей инвестициялар,
2) ___ Қазақстан Республикасына тiкелей инвестициялар,
3) ___ резиденттердiң резидент емес эмитенттердiң акцияларын (тiкелей
инвестицияларды қоспағанда) сатып алуы,
4) ___ резидент еместердiң резидент эмитенттердiң акцияларын (тiкелей
инвестицияларды қоспағанда) сатып алуы,
5) ___ резиденттердiң резидент емес эмитенттердiң өзге бағалы
қағаздарын және резидент еместердiң инвестициялық қорларының пайларын
сатып алуы,
6) ___ резидент еместердiң резидент эмитенттердiң өзге бағалы
қағаздарын және резиденттердiң инвестициялық қорларының пайларын
сатып алуы,
7) ___ резиденттердiң резидент еместердiң капиталына қатысуды
қамтамасыз ету мақсатында салымдар енгiзуi (тiкелей инвестицияларды
қоспағанда),
8) ___ резидент еместердiң резиденттердiң капиталына қатысуды
қамтамасыз ету мақсатында салым енгiзуi (тiкелей инвестицияларды
қоспағанда),
9) ___ резидент емес эмитенттердiң Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздарын орналастыру,
10) ___ резидент эмитенттердiң басқа мемлекеттердің заңнамасына
сәйкес және солардың аумағында шығарылған бағалы қағаздарын
орналастыру,
11) ___ қазақстандық депозитарлық қолхаттарды орналастыру,
12) ___ резидент эмитенттердiң бағалы қағаздарына депозитарлық
қолхаттарды орналастыру,
13) ___ туынды қаржы құралдарымен операциялар.

2. Инвестор туралы мәлiметтер (егер көрсетілетін қызметті алушы
инвестор болып табылса, толтырылмайды):
Резидент _____________ Резидент емес________ (белгiленсiн)
Заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
кезде)
_____________________________________________________________________
Резидент туралы ақпарат: мекенжайы___________________________________
_____________________________________________________________________
телефоны ____________________________________________________________
КҰЖЖ коды____________________ЖСН/БСН ________________________________
Резидент емес туралы ақпарат: заңды тұлғаның тiркелген/жеке тұлғаның
тұрғылықты тұратын елi ______________________________________________
_____________________________________________________________________
Резидент еместiң экономика секторы___________________________________
3. Сатушы туралы мәлiметтер (егер көрсетілетін қызметті алушы сатушы
болып табылса, толтырылмайды):
Резидент__________ Резидент емес _________(белгiленсiн)

КҰЖЖ коды___________________ЖСН/БСН__________________________________

4. Валюта шарты туралы мәлiметтер:
Валюта шартының сомасы_______________________________________________
_____________________________________________________________________
      (валюта шартының валютасында цифрлармен және жазумен)
Валюта шартының валютасы_____________________________________________
Мерзiмi өткен төлемдер үшiн мөлшерлеме: мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн
______
Iлеспе төлемдер (ұйымдастырғаны, басқарғаны үшiн комиссия,
мiндеттемелер және басқа үшiн комиссия)______________________________
(талдап жазу)________________________________________________________

Өтiнiш берiлген күнi валюта шарты бойынша берілген қаражат:

Жiберушi

Бенефициар

Күнi

Сомасы, валюта шарты валютасының мың бiрлiгi

Операцияның қысқаша сипаттамасы (төлем жөніндегі нұсқаулық, қаражат
қозғалысының схемасы және басқа) ____________________________________
_____________________________________________________________________
5. Инвестициялау объектiсi туралы мәлiметтер (егер көрсетілетін
қызметті алушы инвестициялау объектiсi болып табылса, толтырылмайды):
Резидент _______ Резидент емес _______ (белгiленсiн)
Атауы________________________________________________________________

Резидент туралы ақпарат: мекенжайы (облыс, қала) ____________________
КҰЖЖ коды _______________________ ЖСН/БСН ___________________________
Резидент емес туралы ақпарат: тiркелген елi _________________________
Резидент еместiң экономика секторы __________________________________
6. Инвестициялау объектiсiнiң капиталы (операциялар дауыс беретін
акциялармен немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерiмен жүзеге
асырылған жағдайда толтырылады):

Атауы

Валюта шарты
бойынша операция жүргiзгенге дейiн

Валюта шарты
бойынша операция
жүргiзiлгеннен кейiн

сомасы

валютасы

сомасы

валютасы

1.

Құрылтай құжаттарына сәйкес құндық көрсеткіштегі жарғылық капитал, құрылтай құжаттары бойынша валютаның мың бiрлiгi

2.

Қаржылық есептiлiкке сәйкес жарғылық капитал, қаржылық есептiлiк валютасының мың бiрлiгi

3.

Инвестициялау объектiсiнiң капиталы, құндық көрсеткіштегі пайлар, валютаның мың бiрлiгi

3.1.

оның iшiнде инвесторлар бойынша

4.

Инвестордың (инвесторлардың) инвестициялау объектiсi капиталындағы үлесi, қатысушылар дауыстарының немесе дауыс берушi акциялардың пайызымен

4.1.

оның iшiнде инвесторлар бойынша

7. Инвестициялау объектiсiнiң акциялары туралы ақпарат (дауыс берушi
акциялармен операцияларды жүзеге асырған жағдайда толтырылады):

Атауы

Валюта шарты бойынша операция жүргiзгенге дейiн

Валюта шарты бойынша операция жүргізгеннен кейiн

жай

артықшылық берілген

жай

артықшылық берілген

1.

Жарияланған акциялардың саны, дана

2.

Төленген акциялардың саны, дана

2.1.

оның iшiнде дауыс беретін

3.

Инвесторға (инвесторларға) тиесiлi дауыс беретін акциялардың саны, дана

3.1.

оның iшiнде инвесторлар бойынша

8. Инвестор (инвесторлар) валюта шарты бойынша сатып алатын
инвестициялау объектiсiнiң акциялары туралы ақпарат:

Акцияның түрi (жай/артықшылық берілген, дауыс беру құқығы бар/құқығы жоқ)

Халықаралық сәйкестендiру
нөмiрi (ISIN) не ұлттық
сәйкестендiру нөмiрi (ҰСН)

Бiр бағалы қағаздың номиналдық құны немесе орналастыру бағасы (валюта бiрлiгi)

Шығарылым (орналастыру) валютасы

9. Шығарылымды қоса алғанда, инвестор (инвесторлар) сатып алатын
борыштық бағалы қағаздар немесе инвестициялық қорлардың пайлары
туралы мәлiметтер:
ISIN/ҰСН_____________________________________________________________
Бағалы қағаздардың саны _________________________________________дана
Бiр бағалы қағаздың номиналдық құны ___________________валюта бiрлiгi
Шығару валютасы _____________________________________________________
9.1. борыштық бағалы қағаздар үшiн
Шығарылған күнi ____________________ Өтелген күнi ___________________
Купондық мөлшерлеме жылдық __________________________________ пайыз
(өзгермелi пайыздық мөлшерлеме болған жағдайда оның есептеу базасы
және маржа мөлшерi көрсетiледi)
Купондар төлеу кезеңдiлiгi мен күнi _________________________________
_____________________________________________________________________
9.2. инвестициялық қордың пайлары үшiн
Қордың түрi (акционерлiк, пайлық, ашық, жабық, аралық, өзге
(көрсетiлсiн))

Басқарушы компания __________________________________________________
                             (атауы, елі)
10. Депозитарлық қолхаттар туралы мәлiметтер:
Депозитарлық қолхаттың ISIN/ҰСН _____________________________________
Шығару күнi _________________________________________________________
Депозитарлық қолхаттың саны: операция жүргiзгенге дейiн _______ дана,
операция жүргiзгеннен кейiн _________ дана.
Депозитарлық қолхат пен базалық актив бiрлiктерiнiң арақатынасы:
_____________ дана депозитарлық қолхат = _____________ дана базалық
актив
10.1. Депозитарлық қолхаттардың базалық активтерi туралы мәлiметтер:
Бағалы қағаздың түрi:________акциялар, _________ облигациялар
(көрсетiлсiн)
Депозитарлық қолхаттарға ауыстырылған базалық актив бiрлiктерiнiң
саны:
операция жүргiзгенге дейiн ______ дана, операция жүргiзгеннен кейiн
_______ дана.
10.2. Депозитарлық қолхат эмитентi:
Резидент ________Резидент емес ________(белгiленсiн)
Атауы________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Резидент емес туралы ақпарат: тiркелген елі _________________________
_____________________________________________________________________
Резидент еместiң экономика секторы __________________________________
11. Туынды қаржы құралдары туралы мәлiметтер:
Туынды қаржы құралының түрi (көрсетiлсiн):
___ опцион, ___ форвард, ___ фьючерс, ____өзге (талдап жазылсын)_____

Туынды қаржы құралының базалық активiнiң атауы

12. Ескертпе ________________________________________________________

3-бөлiм. Шетел банкiнде банк (оның ішінде жинақ) шотын ашу

1. Шетел банкi_______________________________________________________
(атауы, мекенжайы, SWIFT коды және басқа да банктiк деректемелерi)

2. Банк шотының валютасы_____________________________________________
3. Банк шотының нөмірі ______________________________________________
4. Банк шотының түрі (белгiленсiн):
____ резиденттiң ағымдағы шоты,
____ резидент филиалының (өкiлдiгiнiң) ағымдағы шоты,
____ резиденттiң салымы,
____ өзгесі (талдап жазылсын) _______________________________________

5. Резидент филиалының (өкiлдiгiнiң) орналасқан жерi_________________

                     (елi, мекенжайы)
6. Ескертпе _________________________________________________________

4-бөлiм. Капитал қозғалысының басқа операциялары

1. Операция түрi (белгiленсiн):
_____ жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығын сатып алу
_____ зияткерлiк меншiк объектiлерiне айрықша құқықты толық сатып алу
_____ бiрлескен қызметке қатысушының мiндеттемелерiн орындау
_____ ақшаны және өзге де мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беру

2. Валюта шарты туралы мәлiметтер:
Валюта шартының сомасы_______________________________________________
_____________________________________________________________________
      (валюта шартының валютасында цифрлармен және жазумен)
Валюта шартының валютасы_____________________________________________
Қаражатты (болған кезде) пайдалану үшiн сыйақы мөлшерлемесі
(мүддесі):
жылдық ____________________________________________________________ %
(өзгермелi пайыздық мөлшерлемесі болған жағдайда оны есептеу базасы
және маржа мөлшерi көрсетiледi)
Iлеспе төлемдер (болған кезде)_______________________________________
_____________________________________________________________________
      (талдап жазылсын)
Операцияның қысқаша сипаттамасы (төлем жөніндегі нұсқаулық,
қаражаттың қозғалу схемасы және басқа) ______________________________

3. Объект туралы мәлiметтер:
3.1. жылжымайтын мүлiк: _____________________________________________
                                 (елi, мекенжайы)
3.2. зияткерлiк меншiк объектiсi_____________________________________
                                  (объектiнiң қысқаша сипаттамасы)
3.3. бiрлескен қызмет _______________________________________________

      (жобаның қысқаша сипаттамасы)
3.4. сенiмгерлiк басқару ____________________________________________

      (мақсаттың қысқаша сипаттамасы)
4. Ескертпе _________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Қосымшаны толтыру жөніндегі нұсқаулар

      1-4-бөлiмдер тiркеу куәлігін алуға арналған өтiнiшті беру кезінде, тиiстi валюталық операция немесе шетел банкіндегі банк шоты туралы хабарлама беру кезiнде толтырылады. Толтырылмаған бөлiмдер ұсынылмайды.
      Егер валюта шартының бiр тарапы ретiнде резиденттер және сол сияқты резидент еместер болса, валюта шартының сомасы резидент және резидент еместер арасындағы өзара мiндеттемелер бөлiгiнде ғана көрсетіледі.
      Экономика секторы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1011 тіркелген, Ұлттық Банк Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысымен бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларына сәйкес толтырылады.
      «Ескертпе» деген жолда егер валюта шартының сомасы тiркелмесе, валюта шарты сомасының пайда болу тәсiлiн (тәртiбiн) қоса алғанда, көрсетілетін қызметті алушы тiркеу куәлiгiнде/хабарлама туралы куәлiкте көрсету қажеттi деп санайтын шарттың талаптары көрсетіледі.

1-бөлiмде

      3-тармақта жекелеген мәмiлелердi, оның iшiнде тiркеуге/хабарлауға жататын валюта шартын кредиттеудiң негіздемелік талаптарын айқындайтын негіздемелік келiсiм (бас келiсiм, кредиттiк желi және т.б.) көрсетiледi.
      «Қаражаттың түсу және берешектi өтеу кестесi» деген 10-тармақта резидентке қаражаттың түсуi және оның валюта шарты бойынша берешектi өтеуi (резидент еместер резиденттерге берген қаржылай қарыздар мен кредиттер болған жағдайда) туралы, сондай-ақ резидент емеске қаражаттың келіп түсуi және оның шарт валютасындағы берешектi өтеуi (резиденттер резидент еместерге берген қаржылай қарыздар мен кредиттер болған жағдайда) туралы ақпарат көрсетіледі.
      А бағанында қаражаттың ақшалай нысанда және сол сияқты тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нысанында түсуiнiң нақты және/немесе болжамды (болашақтағы) күнi, ал 1-бағанда түсiмдер сомасы көрсетiледi. Егер шарт сомасы көрсетілмесе, онда 1-бағанда қаражаттың нақты түскендігі туралы ақпарат қана көрсетіледі.
      Берешекке қызмет көрсету бойынша төлемдер (ақшалай және сол сияқты өзге нысандардағы) туралы ақпарат Б, 2, 3-бағандарда көрсетіледі. Б бағанында төлем жүргiзудiң нақты және (немесе) болжамды (болашақтағы) күнi көрсетіледі. 2 және 3-бағандарда тиiсiнше негiзгi борышты өтеу және сыйақы төлеу көрсетіледі. Егер валюта шартында өзгеше белгіленбесе, өзгермелi пайыздық мөлшерлеме болған жағдайда сыйақы төлеудiң болжамды сомасы өтiнiш (хабарлама) беру күнiндегі база мәнiне қарай есептеледi.
      Резидент немесе резидент емес аванстық төлемдер жүргiзген жағдайда төлем жүргiзудiң тиiстi күнiн және соманы Б және 2 бағандарында көрсету керек.
      1 және 2-бағандардағы жиынтық сомалар өзара сәйкес келуге тиiс және шарт сомасына немесе, егер шарт сомасы келісілмесе, өтiнiш беру күнi нақты түскен қаражат сомасына тең болуы керек.
      Тiркеу үшін өтініш берілген сәтке дейiн (хабарламамен бірге) жүргiзiлген валюталық операциялардың жалпы сомасы «оның iшiнде өтiнiш беру күнi» жолының тиiстi бағандарында көрсетiледi.
      Ұзарту үшін опцион болған кезде Б бағанында негiзгi шартта белгiленген өтеу мерзiмi көрсетiледi.
      Егер сақтандыру сыйлықақысының сомасы негізгі борыштың бөлігі ретінде танылса, онда 1-тармақта валюта шартының сомасы сақтандыру сыйлықақысының сомасы ескеріле отырып көрсетіледі, ал қаражаттың түсу және берешектi өтеу кестенің 10-тармағында жалпы сомаға жасалады.

2-бөлiмде

      Дауыс беретін акциялармен операциялар жүзеге асырылған жағдайда 2-8-тармақтар толтырылады.
      Қатысушылардың дауыстарымен операциялар жүзеге асырылған жағдайда 2-6-тармақтар толтырылады.
      Дауыс беру құқығы жоқ акциялармен операциялар жүзеге асырылған жағдайда 2-5 және 8-тармақтар толтырылады.
      Резиденттер/резидент еместер резидент еместер/резидент эмитенттердiң өзге бағалы қағаздарын және резидент еместер/резидент инвестициялық қорларының пайларын сатып алған жағдайда 2-5, 9-тармақтар толтырылады.
      Резидент емес эмитенттердiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздары, резидент эмитенттердiң басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес және солардың аумағында шығарылған бағалы қағаздары орналастырылған жағдайда 2-5, 9 және 9.1-тармақтар толтырылады.
      Қазақстандық депозитарлық қолхаттар және резидент эмитенттердiң бағалы қағаздарына депозитарлық қолхаттар орналастырылған жағдайда 2-5, 8 (егер депозитарлық қолхаттардың базалық активі акция болып табылса), 9 (егер депозитарлық қолхаттардың базалық активі өзге бағалы қағаздар болып табылса) және 10-тармақтар толтырылады.
      Туынды қаржы құралдарымен операциялар жүзеге асырылған жағдайда 4 және 11-тармақтар, ал егер базалық актив бағалы қағаз болып табылса, 5-10-тармақтар толтырылады.

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына   
2-қосымша      

«Валюталық операцияны тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Валюталық операцияны тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан       Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын ұсынған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 20 (жиырма) минуттан аспайды;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минуттан аспайды.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – қағаз жеткізгіштегі тіркеу куәлігі.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес тiркеу куәлiгiн алуға арналған өтiнiш;
      2) валюта шартының тігілген және қол қойылған (жеке және заңды тұлғалар үшін) және мөрмен (ол болған кезде) куәландырылған (заңды тұлғалар үшін) көшірмесі;
      3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (валюталық операцияны жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін);
      4) валюта шарты бойынша міндеттемелердің туындауын, орындалуын және тоқтатылуын растайтын құжаттардың көшірмелері;
      5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің көшірмесі (заңды тұлғалар үшін).
      Шет тілінде жасалған құжаттар мемлекеттік тілдегі немесе орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің ұсынылған құжаттарда сілтеме жасалған қосымша құжаттарды сұратуына жол беріледі.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану:
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының не оның орнындағы адамның атына: 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымданады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін
ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуы үшін қолжетімділік ашық.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Валюталық операцияны тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына    
қосымша           

Тiркеу куәлiгiн алуға өтiнiш/Валюталық операция
туралы немесе шетел банкінде банк шотын ашу
туралы хабарлама
(керегін сызыңыз)

_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол
болған кезде))
КҰЖЖ коды ________________________ ЖСН ______________________________
БСН _________________________________________________________________
1. _______ жылғы «____» ____ № ___________ валюта шарты
_____________________________________________________________________
      (құжаттың атауы)
_____________________________________________________________________
      (мақсаты мен мәнi)
2. Валюта шартына қосымша мынадай құжаттар ұсынылды (тiркеу куәлігін
алуға өтiнiш берген кезде толтырылады) ______________________________
_____________________________________________________________________
(құжаттың атауы, нөмiрi, ресiмдеу күнi)
3. Валюта шартына қатысушы резидент (резиденттер):
Заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
кезде)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Мекенжайы____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
________________________________телефоны_____________________________
Қызмет көрсететiн банк (банктер)_____________________________________
4. Валюта шартына қатысушы резидент емес (резидент еместер):
Заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
кезде)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Заңды тұлғаның уәкiлеттi адамы ______________________________________
Экономика секторы____________________________________________________
Заңды тұлғаның тiркелген/жеке тұлғаның тұрғылықты тұратын елi________
_____________________________________________________________________
Мекенжайы, банктiк деректемелерi (болған кезде) _____________________
_____________________________________________________________________
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң осы валюта шарты бойынша
бұрын берілген лицензияларының нөмiрлері_____________________________
_____________________________________________________________________
6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң осы валюта шарты бойынша
бұрын берілген тiркеу куәлiктерiнiң нөмiрлері________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң осы валюта шарты бойынша
бұрын берілген хабарлама куәлiктерiнiң нөмiрлерi ____________________
_____________________________________________________________________
8. Мынадай толтырылған бөлiмдер ұсынылды (белгiленсiн):
___ 1-бөлiм. Коммерциялық кредиттер және қаржылай қарыздар;
___ 2-бөлiм. Капиталға қатысу, бағалы қағаздармен және туынды қаржы
құралдарымен операциялар;
___ 3-бөлiм. Шетел банкiнде банк шотын ашу;
___ 4-бөлiм. Капитал қозғалысының басқа да операциялары.

Көрсетілетін қызметті алушының уәкiлеттi тұлғасы:
___________ _________________________________________ __________
(лауазымы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (қолы)

20 ___ жылғы «_____» ___________

      Мөр орны
      (ол болған кезде)

1-бөлiм. Коммерциялық кредиттер және қаржылай қарыздар

1. Валюта шартының сомасы____________________________________________
           (валюта шартының валютасындағы цифрлармен және жазумен)
_____________________________________________________________________
2. Шарттың валютасы__________________________________________________
3. ____ жылғы «__» _______ №_______ негіздемелік келiсiм (бар болған
кезде)
_____________________________________________________________________
      (құжаттың атауы)
4. Резидент еместің резидентке қатынасы (белгiленсiн):
_____ тікелей инвестор
_____ тiкелей инвестициялау объектiсi
_____ өзге
5. Кредиттi пайдаланғаны үшiн сыйақы (мүдде) мөлшерлемесі жылдық ____
% (өзгермелi пайыздық мөлшерлеме болған жағдайда оны есептеу базасы
және маржа мөлшерi көрсетiледi)
6. Негiзгi борыш бойынша мерзiмi өткен төлемдер үшiн мөлшерлеме:
мерзiмi өткен әрбiр күн үшін ________________________________________
өзге (толық жазылсын) _______________________________________________
7. Iлеспе төлемдер (ұйымдастырғаны, басқарғаны үшiн комиссия,
мiндеттемелер және басқа үшiн комиссия)______________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (кредит, негiзгi борыш және т.б. сомасының пайызы)
8. Операцияның қысқаша сипаттамасы (төлем бойынша нұсқау, қаражат
қозғалысының кестесi және басқасы) __________________________________
_____________________________________________________________________
9. Агент (оператор, ұйымдастырушы) туралы мәлiметтер (болған кезде):
Резидент ____________ Резидент емес ___________ (белгiленсiн)
Заңды тұлғаның атауы ________________________________________________
Резидент туралы ақпарат: мекенжайы___________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________ телефоны ______________________________________
КҰЖЖ коды______________________ ЖСН/БСН______________________________
Резидент емес туралы ақпарат: тiркелген елi__________________________
_____________________________________________________________________
10. Айрықша жағдайлардың болуы (белгiленсiн):
____ қарыз алушының ұзартуға құқығы
____ қарыз алушының мерзiмiнен бұрын өтеу құқығы
____ кредитордың берешектi мерзiмiнен бұрын өтеудi талап ету құқығы
____ өзге де (толық жазу)
_____________________________________________________________________
11. Осы валюта шарты шеңберiнде қаржыландыратын келiсiмшарттар туралы
мәлiметтер (банктер және өзге де қаржы институттары өз операциялары
туралы хабарлаған жағдайда көрсетіледі):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
11.1. Аппликант (банктiң немесе өзге қаржы институтының
қаржыландыруды сұрататын клиентi) туралы мәлiметтер:
Резидент ____________ Резидент емес ___________ (белгiленсiн)
Заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
кезде)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Резидент туралы ақпарат: мекенжайы___________________________________
_____________________________________________________________________
Телефоны ____________________________________________________________
КҰЖЖ коды______________________ЖСН/БСН ______________________________
Резидент емес туралы ақпарат: заңды тұлғаның тiркелген /жеке тұлғаның
тұрғылықты тұратын елi_______________________________________________
_____________________________________________________________________
11.2. Қаржыландырылатын келiсiмшарттар туралы мәлiметтер:
Келiсiмшарттың нөмiрi _____________________________ күні
Келiсiмшарттың мақсаты мен мәнi______________________________________
_____________________________________________________________________
Келiсiмшарттың сомасы ____________________________ валютасы__________
                         (валютаның мың бiрлiгi)
Келiсiмшарттың есептік нөмірі немесе келiсiмшарттың есептік нөмірін
алу талап етілетін экспортқа немесе импортқа арналған келiсiмшарттар
үшін мәміле паспортының нөмірі ______________________________________
_____________________________________________________________________
11.3. Бенефициар (келiсiмшартқа қатысушы) туралы мәлiметтер:
Резидент ____________ Резидент емес ___________ (белгіленсін)
Заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
кезде) ______________________________________________________________
Резидент туралы ақпарат: мекенжайы___________________________________
_____________________________________________________________________
телефоны_____________________________________________________________
КҰЖЖ коды ______________________ ЖСН/БСН ____________________________
Резидент емес туралы ақпарат: заңды тұлғаның тiркелген/жеке тұлғаның
тұрғылықты тұратын елi ______________________________________________
11.4. Кредитордың банктi немесе өзге қаржы институтын қаржыландыру
нысаны (белгiленсiн):
___ қаражаттың банктiң немесе өзге қаржы институтының шотына түсуi,
___ кредитордың бенефициарға төлеуi,
___ өзге (талдап жазу)_______________________________________________
12. Қаражаттың түсу және берешектi өтеу кестесi
шарт валютасының мың бiрлiгi

Қарыз алушыға кредит
бойынша қаражаттың
түсуi

Қарыз алушының кредитті қызмет көрсетуі бойынша төлемдер

күнi

сомасы

күнi

негiзгi
борышты өтеу

сыйақы
төлеу

А

1

Б

2

3

ЖИЫНТЫҒЫ:

ЖИЫНТЫҒЫ:

оның iшiнде
өтiнiш берген
күні

оның iшiнде
өтiнiш берген
күні

13. Ескертпе_________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

2-бөлiм. Капиталға қатысу, бағалы қағаздармен және туынды қаржы
құралдарымен операциялар

1. Операция түрi (белгiленсiн):
1) ___ шетелге тiкелей инвестициялар,
2) ___ Қазақстан Республикасына тiкелей инвестициялар,
3) ___ резиденттердiң резидент емес эмитенттердiң акцияларын (тiкелей
инвестицияларды қоспағанда) сатып алуы,
4) ___ резидент еместердiң резидент эмитенттердiң акцияларын (тiкелей
инвестицияларды қоспағанда) сатып алуы,
5) ___ резиденттердiң резидент емес эмитенттердiң өзге бағалы
қағаздарын және резидент еместердiң инвестициялық қорларының пайларын
сатып алуы,
6) ___ резидент еместердiң резидент эмитенттердiң өзге бағалы
қағаздарын және резиденттердiң инвестициялық қорларының пайларын
сатып алуы,
7) ___ резиденттердiң резидент еместердiң капиталына қатысуды
қамтамасыз ету мақсатында салымдар енгiзуi (тiкелей инвестицияларды
қоспағанда),
8) ___ резидент еместердiң резиденттердiң капиталына қатысуды
қамтамасыз ету мақсатында салым енгiзуi (тiкелей инвестицияларды
қоспағанда),
9) ___ резидент емес эмитенттердiң Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздарын орналастыру,
10) ___ резидент эмитенттердiң басқа мемлекеттердiң заңнамасына
сәйкес және солардың аумағында шығарылған бағалы қағаздарын
орналастыру,
11) ___ қазақстандық депозитарлық қолхаттарды орналастыру,
12) ___ резидент эмитенттердiң бағалы қағаздарына депозитарлық
қолхаттарды орналастыру,
13) ___ туынды қаржы құралдарымен операциялар.
2. Инвестор туралы мәлiметтер (егер көрсетілетін қызметті алушы
инвестор болып табылса, толтырылмайды):
Резидент ______________ Резидент емес__________ (белгiленсiн)
Заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
кезде)
_____________________________________________________________________
Резидент туралы ақпарат: мекенжайы___________________________________
телефоны ____________________________________________________________
КҰЖЖ коды____________________ЖСН/БСН ________________________________
Резидент емес туралы ақпарат: заңды тұлғаның тiркелген/жеке тұлғаның
тұрғылықты тұратын елi_______________________________________________
_____________________________________________________________________
Резидент еместiң экономика секторы___________________________________
3. Сатушы туралы мәлiметтер (егер көрсетілетін қызметті алушы сатушы
болып табылса, толтырылмайды):
Резидент__________ Резидент емес _________(белгiленсiн)
Заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
кезде)
_____________________________________________________________________
Резидент туралы ақпарат: мекенжайы___________________________________
_____________________________________________________________________
телефоны ____________________________________________________________
КҰЖЖ коды___________________ЖСН/БСН__________________________________
Резидент емес туралы ақпарат: заңды тұлғаның тiркелген/жеке тұлғаның
тұрғылықты тұратын елi_______________________________________________
Резидент еместiң экономика секторы___________________________________
4. Валюта шарты туралы мәлiметтер:
Валюта шартының сомасы_______________________________________________
_____________________________________________________________________
(валюта шартының валютасында цифрлармен және жазумен)
Валюта шартының валютасы_____________________________________________
Мерзiмi өткен төлемдер үшiн мөлшерлеме: мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн
Iлеспе төлемдер (ұйымдастырғаны, басқарғаны үшiн комиссия,
мiндеттемелер және басқа үшiн комиссия)______________________________
(талдап жазу)________________________________________________________
Өтiнiш берiлген күнi валюта шарты бойынша берілген қаражат:

Жiберушi

Бенефициар

Күнi

Сомасы, валюта шарты валютасының мың бiрлiгi

Операцияның қысқаша сипаттамасы (төлем жөніндегі нұсқаулық, қаражат
қозғалысының схемасы және басқа)
_____________________________________________________________________
5. Инвестициялау объектiсi туралы мәлiметтер (егер көрсетілетін
қызметті алушы инвестициялау объектiсi болып табылса, толтырылмайды):
Резидент _______ Резидент емес _______ (белгiленсiн)
Атауы________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Резидент туралы ақпарат: мекенжайы (облыс, қала) ____________________
КҰЖЖ коды _______________________ ЖСН/БСН ___________________________
Резидент емес туралы ақпарат: тiркелген елi _________________________
Резидент еместiң экономика секторы __________________________________
6. Инвестициялау объектiсiнiң капиталы (жарғылық капиталдың дауыс
беретін акцияларымен және қатысу үлесiмен операцияларды жүзеге
асырған жағдайда толтырылады):

Атауы

Валюта шарты
бойынша операция
жүргiзгенге дейiн

Валюта шарты
бойынша операция
жүргiзiлгеннен кейiн

сомасы

валютасы

сомасы

валютасы

1.

Құрылтай құжаттарына сәйкес құндық көрсеткіштегі жарғылық капитал, құрылтай құжаттары бойынша валютаның мың бiрлiгi

2.

Қаржылық есептiлiкке сәйкес жарғылық капитал, қаржылық есептiлiк валютасының мың бiрлiгi

3.

Инвестициялау объектiсiнiң капиталы, құндық көрсеткіштегі пайлар, валютаның мың бiрлiгi

3.1.

оның iшiнде инвесторлар бойынша

4.

Инвестордың (инвесторлардың) инвестициялау объектiсi капиталындағы үлесi, қатысушылар дауыстарының немесе дауыс берушi акциялардың пайызымен

4.1.

оның iшiнде инвесторлар бойынша

7. Инвестициялау объектiсiнiң акциялары туралы ақпарат (дауыс берушi
акциялармен операцияларды жүзеге асырған жағдайда толтырылады):

Атауы

Валюта шарты бойынша операция жүргiзгенге
дейiн

Валюта шарты бойынша операция
жүргiзгеннен
кейiн

жай

артық-
шылық берілген

жай

артық-
шылық берілген

1.

Жарияланған акциялардың саны, дана

2.

Төленген акциялардың саны, дана

2.1.

оның iшiнде дауыс беретін

3.

Инвесторға (инвесторларға) тиесiлi дауыс беретін акциялардың саны, дана

3.1.

оның iшiнде инвесторлар бойынша

8. Инвестор (инвесторлар) валюта шарты бойынша сатып алатын
инвестициялау объектiсiнiң акциялары туралы ақпарат:

Акцияның түрi (жай/артықшылық берілген, дауыс беру құқығы бар/құқығы жоқ)

Халықаралық сәйкестендiру нөмiрi (ISIN) не ұлттық сәйкестендiру нөмiрi (ҰСН)

Бiр бағалы қағаздың номиналдық құны немесе орналастыру бағасы (валюта бiрлiгi)

Шығарылым (орналастыру) валютасы

9. Шығарылымды қоса алғанда, инвестор (инвесторлар) сатып алатын
борыштық бағалы қағаздар немесе инвестициялық қорлардың пайлары
туралы мәлiметтер:
ISIN/ҰСН_____________________________________________________________
Бағалы қағаздардың саны _________________________________________дана
Бiр бағалы қағаздың номиналдық құны ___________________валюта бiрлiгi
Шығару валютасы ____________________________________________________
9.1. борыштық бағалы қағаздар үшiн
Шығарылған күнi ____________________ Өтелген күнi ___________________
Купондық мөлшерлеме жылдық ______________________________________ %
(өзгермелi пайыздық мөлшерлеме болған жағдайда оның есептеу базасы
және маржа мөлшерi көрсетiледi)
Купондар төлеу кезеңдiлiгi мен күнi _________________________________
_____________________________________________________________________
9.2. инвестициялық қордың пайлары үшiн
Қордың түрi (акционерлiк, пайлық, ашық, жабық, аралық, өзге
(көрсетiлсiн))
_____________________________________________________________________
Басқарушы компания __________________________________________________
                                   (атауы, елі)
10. Депозитарлық қолхаттар туралы мәлiметтер:
Депозитарлық қолхаттың ISIN/ҰСН _____________________________________
Шығару күнi _________________________________________________________
Депозитарлық қолхаттың саны: операция жүргiзгенге дейiн _______ дана,
операция жүргiзгеннен кейiн _________ дана.
Депозитарлық қолхат пен базалық актив бiрлiктерiнiң арақатынасы:
_____________ дана депозитарлық қолхат = _____________ дана базалық
актив
10.1. Депозитарлық қолхаттың базалық активтерi туралы мәлiметтер:
Бағалы қағаздың түрi:________акциялар, _________ облигациялар
(көрсетiлсiн)
Депозитарлық қолхаттарға айырбасталған базалық актив бiрлiктерiнiң
саны:
операция жүргiзгенге дейiн ______ дана, операция жүргiзгеннен кейiн
_______ дана.
10.2. Депозитарлық қолхат эмитентi:
Резидент ________Резидент емес ________(белгiленсiн)
Атауы________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Резидент емес туралы ақпарат: тiркелген елі _________________________
_____________________________________________________________________
Резидент еместiң экономика секторы___________________________________
11. Туынды қаржы құралдары туралы мәлiметтер:
Туынды қаржы құралының түрi (көрсетiлсiн):
___ опцион, ___ форвард, ___ фьючерс, ____өзге (талдап жазылсын)_____
_____________________________________________________________________
Туынды қаржы құралының базалық активiнiң атауы
_____________________________________________________________________
12. Ескертпе ________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

3-бөлiм. Шетел банкiнде банк (оның ішінде жинақ) шотын ашу

1. Шетел банкi_______________________________________________________
(атауы, мекенжайы, SWIFT коды және басқа да банктiк деректемелерi)
_____________________________________________________________________
2. Банк шотының валютасы_____________________________________________
3. Банк шотының нөмірі ______________________________________________
4. Банк шотының түрі (белгiленсiн):
____ резиденттiң ағымдағы шоты,
____ резидент филиалының (өкiлдiгiнiң) ағымдағы шоты,
____ резиденттiң салымы,
____ өзгесі (талдап жазылсын) _______________________________________
_____________________________________________________________________
5. Резидент филиалының (өкiлдiгiнiң) орналасқан жерi_________________
_____________________________________________________________________
                     (елi, мекенжайы)
6. Ескертпе _________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

4-бөлiм. Капитал қозғалысының басқа операциялары

1. Операция түрi (белгiленсiн):
_____ жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығын сатып алу
_____ зияткерлiк меншiк объектiлерiне айрықша құқықты толық сатып алу
_____ бiрлескен қызметке қатысушының мiндеттемелерiн орындау
_____ ақшаны және өзге де мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беру
2. Валюта шарты туралы мәлiметтер:
Валюта шартының сомасы_______________________________________________
_____________________________________________________________________
      (валюта шартының валютасында цифрлармен және жазумен)
Валюта шартының валютасы_____________________________________________
Қаражатты (егер бар болса) пайдалану үшiн сыйақы мөлшерлемесі
(мүддесі):
жылдық ____________________________________________________________ %
(өзгермелi пайыздық мөлшерлемесі болған жағдайда оны есептеу базасы
және маржа мөлшерi көрсетiледi)
Iлеспе төлемдер (егер бар болса)_____________________________________
_____________________________________________________________________
      (талдап жазылсын)
Операцияның қысқаша сипаттамасы (төлем жөніндегі нұсқаулық,
қаражаттың қозғалу схемасы және басқа) ______________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Объект туралы мәлiметтер:
3.1. жылжымайтын мүлiк: _____________________________________________
_____________________________________________________________________
                           (елi, мекенжайы)
3.2. зияткерлiк меншiк объектiсi_____________________________________
_____________________________________________________________________
      (объектiнiң қысқаша сипаттамасы)
3.3. бiрлескен қызмет _______________________________________________
_____________________________________________________________________
      (жобаның қысқаша сипаттамасы)
3.4. сенiмгерлiк басқару ____________________________________________
_____________________________________________________________________
      (мақсаттың қысқаша сипаттамасы)
4. Ескертпе
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Қосымшаны толтыру жөніндегі нұсқаулар

      1-4-бөлiмдер тiркеу куәлігін алуға арналған өтiнiшті беру кезінде, тиiстi валюталық операция немесе шетел банкіндегі банк шоты туралы хабарлама беру кезiнде толтырылады. Толтырылмаған бөлiмдер ұсынылмайды.
      Егер валюта шартының бiр тарапы ретiнде резиденттер және сол сияқты резидент еместер болса, валюта шартының сомасы резидент және резидент еместер арасындағы өзара міндеттемелер бөлiгiнде ғана көрсетіледі.
      Экономика секторы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1011 тіркелген, Ұлттық Банк Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысымен бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларына сәйкес толтырылады.
      «Ескертпе» деген жолда егер валюта шартының сомасы тiркелмесе, валюта шарты сомасының пайда болу тәсiлiн (тәртiбiн) қоса алғанда, көрсетілетін қызметті алушы тiркеу куәлiгiнде/хабарлама туралы куәлiкте көрсету қажеттi деп санайтын шарттың талаптары көрсетіледі.

1-бөлiмде

      3-тармақта жекелеген мәмiлелердi, оның iшiнде тiркеуге/хабарлауға жататын валюта шартын кредиттеудің негіздемелік талаптарын айқындайтын негіздемелік келiсiм (бас келiсiм, кредиттік желi және т.б.) көрсетiледi.
      «Қаражаттың түсу және берешектi өтеу кестесі» деген 10-тармақта резидентке қаражаттың түсуi және оның валюта шарты бойынша берешектi өтеуі (резидент еместер резиденттерге берген қаржылай қарыздар мен кредиттер болған жағдайда) туралы, сондай-ақ резидент емеске қаражаттың келіп түсуi және оның шарт валютасындағы берешектi өтеуi (резиденттер резидент еместерге берген қаржылай қарыздар мен кредиттер болған жағдайында) туралы ақпарат көрсетіледі.
      А бағанында қаражаттың ақшалай нысанда және сол сияқты тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нысанында түсуiнiң нақты және/немесе болжамды (болашақтағы) күнi, ал 1-бағанда түсiмдер сомасы көрсетiледi. Егер шарт сомасы көрсетілмесе, онда 1-бағанда қаражаттың нақты түскендігі туралы ақпарат қана көрсетіледі.
      Берешекке қызмет көрсету бойынша төлемдер (ақшалай және сол сияқты өзге нысандардағы) туралы ақпарат Б, 2, 3-бағандарда көрсетіледі. Б бағанында төлем жүргiзудiң нақты және (немесе) болжамды (болашақтағы) күнi көрсетіледі. 2 және 3-бағандарда тиiсiнше негiзгi борышты өтеу және сыйақы төлеу көрсетіледі. Егер валюта шартында өзгеше белгіленбесе, өзгермелi пайыздық мөлшерлеме болған жағдайда сыйақы төлеудiң болжамды сомасы өтiнiш (хабарлама) беру күнiндегі база мәнiне қарай есептеледi.
      Резидент немесе резидент емес аванстық төлемдер жүргiзген жағдайда төлем жүргiзудiң тиiстi күнiн және соманы Б және 2 бағандарында көрсету керек.
      1 және 2-бағандардағы жиынтық сомалар өзара сәйкес келуге тиiс және шарт сомасына немесе, егер шарт сомасы келісілмесе, өтiнiш беру күнi нақты түскен қаражат сомасына тең болуы керек.
      Тiркеу үшін өтініш берілген сәтке дейiн (хабарламамен бірге) жүргiзiлген валюталық операциялардың жалпы сомасы «оның iшiнде өтiнiш беру күнi» жолының тиiстi бағандарында көрсетiледi.
      Ұзарту үшін опцион болған кезде Б бағанында негiзгi шартта белгiленген өтеу мерзiмi көрсетiледi.
      Егер сақтандыру сыйлықақысының сомасы негізгі борыштың бөлігі ретінде танылса, онда 1-тармақта валюта шартының сомасы сақтандыру сыйлықақысының сомасы ескеріле отырып көрсетіледі, ал қаражаттың түсу және берешектi өтеу кестенің 10-тармағында жалпы сомаға жасалады.

2-бөлiмде

      Дауыс беретін акциялармен операциялар жүзеге асырылған жағдайда 2-8-тармақтар толтырылады.
      Қатысушылардың дауыстарымен операциялар жүзеге асырылған жағдайда 2-6-тармақтар толтырылады.
      Дауыс беру құқығы жоқ акциялармен операциялар жүзеге асырылған жағдайда 2-5 және 8-тармақтар толтырылады.
      Резиденттер/резидент еместер резидент еместер/резидент эмитенттердiң өзге бағалы қағаздарын және резидент еместер/резидент инвестициялық қорларының пайларын сатып алған жағдайда 2-5, 9-тармақтар толтырылады.
      Резидент емес эмитенттердiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздары, резидент эмитенттердiң басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес және солардың аумағында шығарылған бағалы қағаздары орналастырылған жағдайда 2-5, 9 және 9.1-тармақтар толтырылады.
      Қазақстандық депозитарлық қолхаттар және резидент эмитенттердің бағалы қағаздарына депозитарлық қолхаттар орналастырылған жағдайда 2-5, 8 (егер депозитарлық қолхаттардың базалық активі акция болып табылса), 9 (егер депозитарлық қолхаттардың базалық активі өзге бағалы қағаздар болып табылса) және 10-тармақтар толтырылады.
      Туынды қаржы құралдарымен операциялар жүзеге асырылған жағдайда 4 және 11-тармақтар, ал егер базалық актив бағалы қағаздар болып табылса, 5-10-тармақтар толтырылады.

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына    
3-қосымша      

«Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күнтізбелік 5 (бес) жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – микроқаржылық ұйымына оны микроқаржылық ұйымдардың тізіліміне енгізу туралы хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда нәтиже электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады, көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша меншікті капиталдың ең аз мөлшерінің сақталғаны туралы мәліметтер;
      3) ішкі бақылау қызметі туралы ереже (болған кезде);
      4) мыналарды:
      микроқаржылық ұйым қызметінің стратегиясын;
      микроқаржылық ұйым бағдарланған нарық сегментінің айқындамасын (қызметтерді әлеуетті тұтынушылар, ағымдағы жағдай және олардың нарықтағы үлесінің серпінді болжамы);
      қызмет түрлерін (микрокредит беру, микрокредиттерді беру қызметіне байланысты мәселелер жөнінде консультациялық қызметтер көрсету және (немесе) «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабында көзделген қызметтің басқа түрі);
      ағымдағы ахуалдың талдауын, қызметтердің жарнамасын, көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету шараларын, тұтынушылардың қажеттіліктерін қалыптастыру және ынталандыру шараларын қамтитын маркетинг (клиентураны қалыптастыру) жоспарын;
      ұйымның қызметін қаржыландыру көздерін (құрылтайшылар қаражаты, тартылған қаражат, гранттар немесе басқа қаражат) ашып көрсететін бизнес-жоспар;
      5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысандар бойынша құрылтайшылар (қатысушылар) туралы өтініш берген күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша мәліметтер;
      6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша атқарушы органның бірінші басшысы (мүшелері), бас бухгалтері туралы өтініш берген күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша мәліметтер;
      7) микроқаржылық ұйымның жоғары органы бекіткен микрокредиттер беру қағидаларының көшірмесі;
      8) «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған ақпарат беру туралы шарттың көшірмесі және кредиттік тарихтарды қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесінің қатысушыларына қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы құжаттың көшірмесі;
      9) берілген микрокредиттер бойынша кірісті және корпоративтік табыс салығының есептелген сомасын көрсететін соңғы үш жылдағы салық декларациясының көшірмесі (микрокредиттік ұйымдарды қайта тіркеу немесе қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған микроқаржылық ұйымдар ұсынады).
      Микроқаржылық ұйым өтініште көрсетілген орналасқан орны өзгерген, сондай-ақ осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, осындай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге өзгертілген және (немесе) толықтырылған құжаттарды ұсынады.
      Осы тармақта көрсетілген, бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп, тігіліп және соңғы парағының артқы жағына тігілген түйіннің үстіне жапсырылған, тігілген парақ саны көрсетілген жапсырмаға ішінара микроқаржылық ұйымның мөрімен (ол болған кезде) расталып ұсынылады.
      Ұсынылған құжаттардың көшірмелері микроқаржылық ұйымның осындай құжаттарға қол қою құқығына ие лауазымды тұлғаларының қолымен және микроқаржылық ұйымның мөр бедерімен (ол болған кезде) расталады.
      Порталда:
      1) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес мәліметтер электрондық нысанда), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) көзделген құжаттар электрондық сұрау салуға қоса беріледі.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      10. Мыналар:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген талаптарға ұсынылған құжаттар сәйкес келмеуі;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарда көрсетілуге тиіс дәйексіз мәліметтерді және ақпаратты беруі;
      3) егер микроқаржылық ұйым әділет органдарында мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күнінен бастап бір жыл ішінде есептік тіркеуден өту туралы өтініш жасамаса;
      4) егер микроқаржылық ұйымның басшысында немесе құрылтайшыларының бірінде өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болса, сондай-ақ тұлға бұған дейін уәкілетті орган осы микроқаржылық ұйымды тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының бірінші басшысы немесе құрылтайшысы болып табылған жағдайда;
      5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 9) тармақшасында көзделген құжаттарды бермеуі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
      Есептік тіркеуден бас тартқан жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы отыз жұмыс күні ішінде өтінішті қайтадан беруге құқылы немесе атауын өзгерту не қайта ұйымдастыру, не тарату туралы шешім қабылдайды.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Микроқаржылық ұйымдарды   
есептік тіркеу» мемлекеттік 
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша       

нысан

____________________________________________________________________
(қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау мен
қадағалау жөніндегі уәкілетті органның толық атауы)
__________________________________________________________________
        (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

Өтініш

Микроқаржылық ұйым ретінде есептік тіркеу жүргізуді сұраймын.
Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:
1. Көрсетілетін қызметті алушының тұрған жері _______________________
_____________________________________________________________________
    (индексі, қала, аудан, облыс, көше, үйдің, офистің нөмірі)
_____________________________________________________________________
   (телефон, факс, электрондық поштаның мекенжайы, бар болса
интернет-ресурс)
2. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, даналарының және олардың
әрқайсысындағы парақ саны: __________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қоса берілген құжаттардың
(ақпараттың) анықтығына толық жауап береді.
Өтініш беруге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
кезде), лауазымы ____________________________________________________________________.
«Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету
үшін қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім
беремін.
      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.

      ___________________
          (қолы)

      20 __ жылғы «____» ______________

      мөр орны
      (ол болған кезде)

«Микроқаржылық ұйымдарды
есептік тіркеу»    
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына    
2-қосымша          

нысан

Меншікті капиталдың ең төменгі мөлшерін
сақтау туралы мәліметтер

Микроқаржылық ұйымның атауы

Күні

Меншікті капиталдың мөлшері (мың теңге)

1

2

3

Микроқаржылық ұйым басшысының
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) _________________
                                                (қолы)

      мөр орны
      (ол болған кезде)

«Микроқаржылық ұйымдарды
есептік тіркеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша        

1-нысан

Көрсетілетін қызметті алушының
құрылтайшысы (қатысушы) туралы мәліметтер
(заңды тұлға үшін)

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)
1. Көрсетілетін қызметті алушының құрылтайшысы (қатысушы) ___________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                           (толық атауы)
Орналасқан жері _____________________________________________________
_____________________________________________________________________
                    (пошта индексі, мекенжайы)
Байланыс деректері___________________________________________________

(телефон және факс нөмірлері, электрондық пошта (ол болған кезде)
мекенжайы)
Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер (Қазақстан
Республикасының резидент еместері үшін) _____________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні, кім берді)
Қазақстан Республикасының резиденті/резиденті емес___________________
_____________________________________________________________________
Қызметтің негізгі түрі ______________________________________________
_____________________________________________________________________
2. Көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталына қатысу үлесі
_____________________________________________________________________
3. Көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталына қатысу үлесіне
ақша енгізу алдындағы көрсетілетін қызметті алушы құрылтайшысының
(қатысушысының) меншікті капиталының мөлшері және көрсетілетін
қызметті алушының жарғылық капиталына қатысу үлесін төлеуге
енгізілген сома
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Заңды тұлғалардың толық атауын және тұрған жерін көрсете отырып,
қатысушы, акционер ретінде көрсетілетін қызметті алушы
құрылтайшысының (қатысушыcының) өзге заңды тұлғалар құруға және
қызметіне қатысуы туралы мәліметтер: _____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Ұйымдардың толық атауларын, орналасқан жерлерін көрсете отырып,
көрсетілетін қызметті алушының құрылтайшысы (қатысушысы) қатысатын
өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер,
қауымдастықтар, консорциумдар туралы мәліметтер: ____________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
6. Көрсетілетін қызметті алушы құрылтайшысының (қатысушысының)
басшысы туралы мәліметтер: __________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

20 __ жылғы «____» _____________

Көрсетілетін қызметті алушы құрылтайшысы
(қатысушысы) басшысының қолы ________________________________________

      мөр орны
      (ол болған кезде)

2-нысан

Көрсетілетін қызметті алушының құрылтайшысы
(қатысушысы) туралы мәліметтер
(жеке тұлға үшін)

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)
1. Көрсетілетін қызметті алушының құрылтайшысы (қатысушысы) _________
_____________________________________________________________________
      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
Туған күні __________________________________________________________
Азаматтығы __________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат деректері ____________________________
_____________________________________________________________________
      (құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні, кім берді)
Тұрғылықты жері _____________________________________________________
_____________________________________________________________________
                         (пошта индексі, мекенжайы)
Байланыс деректері___________________________________________________
_____________________________________________________________________
(телефон және факс нөмірлері, электрондық пошта (ол болған кезде)
мекенжайы)
Жұмыс орны (мекенжайын көрсете отырып), лауазымы_____________________
_____________________________________________________________________
2. Көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталдағы қатысу үлесі
_____________________________________________________________________
3. Заңды тұлғалардың толық атауларын және орналасқан жерлерін көрсете
отырып, көрсетілетін қызметті алушы құрылтайшысының (қатысушысының)
қатысушы, акционер ретінде өзге заңды тұлғаларды құруға және
қызметіне қатысуы туралы мәліметтер: ________________________________
_____________________________________________________________________
4. Өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы туралы мәліметтер:
_____________________________________________________________________
5. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау
және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның осы микроқаржылық ұйымды
тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын
кезеңде тұлғаның бұған дейін микроқаржылық ұйымның бірінші басшысы
немесе құрылтайшысы болып табылғандығы туралы мәліметтер.

      20 __ жылғы «___» _____________

Көрсетілетін қызметті алушы
құрылтайшысының (қатысушының) қолы __________________________________

«Микроқаржылық ұйымдарды  
есептік тіркеу» мемлекеттік 
көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымша        

нысан

_______________________________________________________________
(микроқаржылық ұйым қызметкерінің лауазымы
және микроқаржылық ұйымның атауы көрсетіледі)
туралы мәліметтер

1. Жалпы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

__________________________________________________________________________________________________________________
(жеке басын куәландыратын құжатқа толық сәйкес тегі, аты, әкесінің аты, өзгерген жағдайда – олардың қашан, қандай себеппен өзгертілгенін көрсету керек)

Туылған күні және жері

__________________________________________________________________________________________________________________

Тұрақты тұрғылықты жері, телефон нөмірлері

(толық мекенжайын, елді-мекеннің кодын қоса алғанда, қызметтік, үй, байланыс телефондарының нөмірлерін көрсету керек)

Азаматтығы

Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректері

__________________________________________________________________________________________________________________

      Қатысушы, акционер ретінде көрсетілетін қызметті алушының өзге
заңды тұлғалар құруға және қызметіне қатысуы туралы мәліметтер:

Заңды тұлғаның атауы және тұрған жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Лауазымды тұлғаның заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының жалпы санына лауазымды тұлғаға тиесілі акциялардың пайыздық арақатынасы

2. Кәсіби деректері:

Білімі, оның ішінде жұмыс түріне сай келетін кәсіби білімі

_________________________________________________________

(оқу орнының, факультеттің немесе бөлімнің атауын мен орналасқан жерін, оқу кезеңін, берілген біліктілікті, білімі туралы дипломның деректемелерін көрсету керек)

Қосымша білімі, оның ішінде жұмыс саласындағы біліктілікті көтеру курстары, ғылыми дәрежесі

_________________________________________________________
_________________________________________________________
(оқу орнының атауы мен орналасқан жерін, оқу кезеңін, білімі туралы дипломның деректемелерін, сертификатты, куәлікті көрсету керек)

Қаржылық қызметтер саласындағы жұмыс тәжірибесі

_________________________________________________________
_________________________________________________________
(қаржы ұйымдарындағы жұмыс істеген жылының, аудитор лауазымында, қызмет түрлері бойынша бухгалтер лауазымында істеген жылын көрсету керек)

Басшы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі

_________________________________________________________
_________________________________________________________
(жұмыс тәжірибесін сипаттау: лауазымдық міндеттері, кәсіби дағдысы)

Жетістіктері

_________________________________________________________
_________________________________________________________
(осы мәселе бойынша ақпарат көрсету керек: мысалы, ғылыми жарияланымының аты, ғылыми әзірлемелерге, заң жобаларына және т.б қатысуы)

Осы мәселеге қатысы бар басқа ақпарат

_________________________________________________________
_________________________________________________________
(кандидаттың кәсіби біліктілігін сипаттайтын ақпарат көрсетіледі)

Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

Жұмыс кезеңі (айы/жылы)

Қызмет істеген және қызметтік міндеттерін атқарған ұйымының атауы, ұйымның координаттары

3. Басқа мәліметтер:

Өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы (Қазақстан Республикасының резидент еместері үшін)

Иә/жоқ (егер бар болса, онда қылмыстық жауаптылыққа тартылғаны туралы үкімнің күнін және нөмірін, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабын көрсету керек)

Қадағалау органдарының Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуі туралы деректердің болуы

Иә/жоқ (егер бар болса, онда күнін және осындай шара қолданған органның атауын көрсету керек)

Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның осы микроқаржылық ұйымды тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұған дейін микроқаржылық ұйымның бірінші басшысы немесе құрылтайшысы болып табылғандығы туралы мәліметтер

Ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі

Қаржылық қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сот талқылауына микроқаржылық ұйымның басшысы ретінде жауапқа тартылды ма

(қаралған мәселенің және соттың шешімінің күнін, сот талқылауындағы жауапкер-ұйымының атауын көрсету керек)

Осы мәселеге қатысты басқа ақпарат

(еркін түрде көрсетіледі)

Мен (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде),
_____________________________________, осы ақпаратты тексергендігімді
және оның дәйекті және толық екендігін растаймын, _____________________________________________________________________
      (қолы, күні)

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына    
4-қосымша      

«Тіркеушінің қағидалар жиынтығын келісу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Тіркеушінің қағидалар жиынтығын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – күнтізбелік 15 (он бес күн) ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – тіркеушінің қағидалар жиынтығын келісуді растайтын хат және көрсетілетін қызметті берушінің келіскендігі туралы белгі бар тіркеушінің қағидалар жиынтығының бір данасы.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті өкілінің қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпарат жүйелеріндегі мәліметтерді пайдалануға келісімі бар еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) тіркеушінің директорлар кеңесі бекіткен, тіркеушінің қағидалар жиынтығына кіретін қағидалар, оған мыналар жатады:
      эмиссиялық бағалы қағаздармен, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына қатысу үлестерімен, сондай-ақ «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген жағдайларда эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарымен мәмілелерді тіркеу қағидалары;
      эмиссиялық бағалы қағаздарды, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына қатысу үлестерін, сондай-ақ Заңда белгіленген жағдайларда эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын есепке алу қағидалары;
      эмиссиялық бағалы қағаздарды сақтау және материалсыздандыру қағидалары;
      бірыңғай тіркеушінің клиенттеріне есептілікті беру қағидалары;
      бағалы қағаздар нарығының субъектілерімен өзара іс-қимыл жасау тәртібі;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелер.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында аталған құжаттарды көрсетілетін қызметті алушы жеке құжаттар түрінде не тіркеушінің қағидалар жиынтығының және қағидалар жиынтығына өзгерістер мен толықтырулардың құрамында ресімдеуі мүмкін және екі дана етіп ұсынылады.
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген, құжаттардың электрондық сұрау салуға қоса берілетін электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерін
ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына   
5-қосымша      

«Қаржылық құралдармен мәміле бойынша клирингтік қызметті
жүзеге асыру қағидаларын келісу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Қаржылық құралдармен мәміле бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру қағидаларын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік бес күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асырудың қағидаларын келісуді растайтын хат және көрсетілетін қызметті берушінің келіскендігі туралы белгі бар қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асырудың қағидаларының бір данасы.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының не тиісті сенімхат негізінде қол қою құқығы берілген адамының қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға келісімі бар еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) клирингтік ұйымның директорлар кеңесі бекіткен клирингтік ұйымның қағидалары, онда мыналарды айқындайтын ережелер қамтылады:
      сауда-саттықтың клирингтік қатысушыларына қойылатын, олардың құқықтары мен міндеттері, оның ішінде сауда-саттықтың клирингтік қатысушысының қаржылық тұрақтылығын ұстап тұру жөніндегі міндеттері көрсетілген талаптары;
      сауда-саттықтың клирингтік қатысушы мәртебесін беру (қолданысын тоқтата тұру, айыру) тәртібі мен талаптары;
      сауда-саттықтың клирингтік қатысушылары клирингтік ұйымға сауда-саттықтың клирингтік қатысушыларының қаржылық жағдайының, сауда-саттықтың клирингтік қатысушыларының клирингтік ұйым қағидаларының талаптарына сәйкестігі бойынша мониторингті жүзеге асыру үшін ұсынатын сауда-саттықтың клирингтік қатысушыларының қызметі туралы ақпараттың тізбесін, сондай-ақ осы ақпаратты ұсыну тәртібі мен мерзімдері;
      сауда-саттықтың клирингтік қатысушыларынан және уәкілетті органнан клирингтік ұйым алған ақпаратқа иелік ету тәртібі;
      сауда-саттықтың клирингтік қатысушыларының қаржылық жағдайына, сондай-ақ сауда-саттықтың клирингтік қатысушыларының клирингтік ұйым қағидаларының талаптарына сәйкестігіне мониторинг жүргізу тәртібі;
      арнайы клирингтік (кепілдік) қорларды қалыптастыру тәртібі мен талаптары, сондай-ақ клирингтік ұйымның жарналары мен алымдарын төлеу тәртібі және талаптары;
      клирингтік ұйымның резервтік қорларды қалыптастыру тәртібі мен талаптары;
      жасалған мәмілелер бойынша ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау, оны салыстырып тексеру және айырмашылық болған кезде түзету тәртібі;
      қаржы құралдарымен жасалған мәмілелердің өлшемдерін клирингтік ұйымның есепке алу және растау тәртібі;
      сауда-саттықтың клирингтік қатысушыларының талаптарын және (немесе) міндеттемелерін айқындау тәртібі;
      клирингтік қызметтің нәтижелері бойынша міндеттемелерді орындаудың тәртібі, талаптары мен тәсілдері;
      сауда-саттықтың клирингтік қатысушыларына қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметтің нәтижелері жөнінде клирингтік ұйымның есептер беру тәртібі;
      қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметтің нәтижелері жөніндегі ақпаратты дайындау және есеп айырысу ұйымына, сауда-саттықты ұйымдастырушыға және (немесе) тауар биржасына беру тәртібі;
      клирингтік ұйым және сауда-саттықтың клирингтік қатысушылары арасындағы қарым-қатынасты айқындайтын клирингтік қызмет көрсетуді жүзеге асыру туралы шарттардың үлгі нысандары;
      клирингтік ұйымның есеп айырысу ұйымымен, сауда-саттықты ұйымдастырушымен және (немесе) тауар биржасымен жасайтын шарттың мазмұнына қойылатын талаптар;
      орталық қарсы агенттің функцияларын клирингтік ұйымның орындау тәртібі мен талаптары;
      «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 77-2-бабында белгіленген клирингтік ұйымның функцияларын іске асыру үшін анықталуы қажет ережелер.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында аталған құжаттарды көрсетілетін қызметті алушы жекелеген құжаттар ретінде не екі данада ұсынатын қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асырудың бірыңғай қағидаларының және қағидаларға өзгерістер мен толықтырулар құрамында ресімдеуі мүмкін.
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген, құжаттардың электрондық сұрау салуға қоса берілетін электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына     
6-қосымша        

«Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы
қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – күнтізбелік 30 (отыз күн) ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының атына қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің (бұдан әрі – холдинг) басшы қызметкерлері лауазымына үміткерлерді келісу нәтижелері туралы мәліметтер бар хат жіберу.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда нәтиже электрондық нысанда ресімделеді және қағазға басылады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы мәлімет көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) еркін нысанда жазылған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар, қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкері лауазымына үміткердің (бұдан әрі – үміткер) қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкеріне қойылатын талаптарға сәйкес келуі туралы, сондай-ақ кандидат туралы мәліметтерді қаржы ұйымының, холдингтің құжаттамалық тексергені туралы көрсетілген және мыналар қол қойған қолдаухат:
      қаржы ұйымының, холдингтің (көрсетілетін қызметті алушының) директорлар кеңесінің бірінші басшысы, ал ол болмаған жағдайда директорлар кеңесінің шешімі бойынша директорлар кеңесі мүшелерінің біреуі (директорлар кеңесінің осы шешімінің көшірмесін бере отырып), осы құжатқа қол қоюға уәкілетті сақтандыру брокері акционерлерінің бірі, қаржы ұйымы, холдинг қатысушыларының бірі (жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған қаржы ұйымы, холдинг үшін) – басқарманың бірінші басшысын (атқарушы органның функцияларын жеке жүзеге асыратын адам) тағайындаған (сайлаған) кезде;
      қаржы ұйымы, холдинг (көрсетілетін қызметті алушы) басқармасының бірінші басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке жүзеге асыратын адам) не оның міндеттерін атқарушы адам (міндеттерді атқару жүктелгені туралы шешімнің көшірмесін бере отырып) – қалған жағдайларда;
      2) қаржы ұйымының, холдингтің басқарма мүшесінің лауазымына немесе қаржы ұйымының, холдингтің өзге басшысының лауазымына «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабында, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келетін үміткердің лауазымдық нұсқаулығының көшірмесі (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес мәліметтер нысаны), онда мыналар қамтылады:
      осы үміткердің өкілеттіктері (тегін, атын, болған кезде әкесінің атын, лауазымын және лауазымдық нұсқаулықпен танысқан күні және оның қойылған қолын көрсете отырып);
      осы үміткер жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелердің атауы туралы мәліметтер және мәселелердің тізбесі;
      өз функцияларын жүзеге асыру кезіндегі жауапкершілік;
      3) егер қаржы ұйымының атқарушы органының, холдингтің мүшесі лауазымына үміткер өзге ұйымдарда жұмыс істесе, қаржы ұйымы, холдинг - акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің үміткерге өзге ұйымда жұмыс істеуге келісім беру туралы шешімінің үзінді-көшірмесін;
      4) үміткерді қаржы ұйымының, холдингтің басшы лауазымына тағайындау (сайлау) күнін көрсете отырып, қаржы ұйымының, холдингтің үміткерді тағайындау (сайлау) туралы шешімінің үзінді-көшірмесін (екі және одан көп үміткер келісілгенде – әр үміткерге шешімнің үзінді-көшірмесінен бір данадан) ұсынуға тиіс.
      Егер тағайындау күні көрсетілмесе, онда үміткерді тағайындау (сайлау) күні қаржы ұйымының, холдингтің шешім қабылдаған күні не шешімде көрсетілген оқиға басталған күн болып саналады. Бұл жағдайда қаржы ұйымы, холдинг шешімде көрсетілген оқиғаның басталуын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
      Бұл ретте қаржы ұйымы, холдинг ұсынған үзінді-көшірмеде мынадай мәліметтер болады:
      қоғамның атқарушы органының толық атауы және орналасқан жері;
      акционерлердің жалпы жиналысын (директорлар кеңесінің отырысын) өткізу күні, уақыты мен орны;
      отырысқа қатысқан адамдар туралы мәліметтер (директорлар кеңесінің отырысы үшін);
      акционерлер жалпы жиналысының (директорлар кеңесі отырысының) кворумы;
      акционерлер жалпы жиналысының (директорлар кеңесі отырысының) басшы лауазымына үміткерді тағайындау туралы мәселе бөлігіндегі отырысының күн тәртібі;
      дауыс беруге қойылған мәселелер, басшы лауазымға үміткерді тағайындау бөлігінде олар бойынша дауыс беру қорытындылары;
      басшы лауазымға үміткерді тағайындау бөлігінде қабылданған шешімдер.
      Шешімнің үзінді-көшірмесі осындай құжатқа қол қоюға уәкілетті қызметкердің (қызметкерлердің) қойылған қолымен және қаржы ұйымы, холдинг мөрінің (ол болған кезде) бедерімен расталуға және онда үзінді-көшірменің дұрыс екеніне нұсқау болуға тиіс;
      5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес үміткер туралы электрондық және қағаз жеткізгіштердегі мәліметтерді (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасындағы ашық реңдегі, 3х4 өлшемді түрлі-түсті фотография);
      6) ұсынылған тұлғалар экономика және (немесе) заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежелері бар тұлғалар болған жағдайда, олардың ғылыми дәреже алғанын растайтын құжаттың көшірмесін;
      7) азаматтығы бар еліндегі (шетел азаматтары үшін) немесе тұрақты тұратын еліндегі (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы мәліметтердің дәйектілігін растау мақсатында шетел азаматтары (азаматтығы жоқ тұлғалар) қаржы ұйымдарының, холдингтің басшы қызметкері лауазымына тағайындалған (сайланған) күннен бастап алты айдан кеш емес мерзімде көрсетілетін қызметті берушіге олардың азаматтығы бар елінің (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін – тұрақты тұратын елінің) не үміткер соңғы он бес жыл ішінде тұрақты тұрған елінің мемлекеттік органы берген тиісті құжатты ұсынады;
      8) үміткер ұсынылатын лауазымды, ұсынып отырған адамның қол қойған күнін және лауазымын, сондай-ақ үміткердің кәсіби және (немесе) өзге мінездемелерін көрсете отырып, еркін нысанда жасалған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7561 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 95 қаулысымен бекітілген Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларының 5-тармағында көрсетілген үміткерге кем дегенде екі тұлғадан берілген ұсыным хат. Ұсыным хатты беру күні қолдаухат берілген күннің алдындағы үш айдан аспайды;
      9) Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымында қажетті рейтингтің болуын растайтын мәліметтер – осы тармақтың 8) тармақшасы үшінші бөлігінде көзделген жағдайда;
      10) бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйым (Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органы аккредиттеген) берген кәсіби бухгалтер сертификатының көшірмесін және бас бухгалтер лауазымына үміткер үшін бухгалтерлердің кәсіби ұйымына (Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органы аккредиттеген) мүшелігін растайтын құжатты.
      Қазақстан Республикасының резиденті емес-жеке тұлғаның кандидатын келісу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттармен қатар:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
      2) Қазақстан Республикасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органы берген, алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауын растайтын құжатты (не бір кандидат екі және одан көп лауазымға келісуге арналған құжаттар топтамасы ұсынылған кезде Қазақстан Республикасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органы берген, алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауын растайтын құжаттың көшірмесін) ұсынады. Көрсетілген құжаттың беру күні қолдаухатты беру күнінің алдындағы үш айдан аспайды.
      Осы тармақта көрсетілген, бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп, тігіліп және соңғы парағының артқы жағына тігілген түйіннің үстіне жапсырылған, тігілген парақ саны көрсетілген жапсырмаға ішінара қаржы ұйымының, холдингтің мөрімен (ол болған кезде) расталып ұсынылады.
      Құжаттардың көшірмелері қаржы ұйымының, холдингтің осындай құжаттарға қол қою құқығы бар лауазымды адамдарының қолдарымен және қаржы ұйымының, банк, сақтандыру холдингінің мөр (ол болған кезде) бедерімен расталады.
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 1), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) және 2) тармақшасында (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәліметтердің электрондық нысаны түрінде) көрсетілген құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.
      Жеке басын куәландыратын, алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігін растайтын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оларды қаржы ұйымына, холдингіне қараусыз қайтарады. Көрсетілетін қызметті алушы басшы лауазымға үміткер сайлаған (тағайындаған) күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешікпейтін мерзімде жетпеген құжаттары бар құжаттар топтамасын ұсынады. Үміткерді келісу үшін көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды қайтадан ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті берушінің оларды қарау мерзімін есептеуі оларды қайтадан ұсынған күнінен басталады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Қаржы ұйымдарының, банк,   
сақтандыру холдингтерінің басшы  
қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға)
келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына      
1-қосымша           

Нысан

фотосурет орны

Қаржы ұйымының, холдингтің басшы
қызметкері лауазымына үміткер туралы
мәліметтер

_____________________________________________________________________
      (үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және
_____________________________________________________________________
қаржы ұйымындағы, холдингтегі үміткер келісетін лауазым көрсетіледі)
_____________________________________________________________________
               (қаржы ұйымының, холдингтің атауы)

      1. Жалпы мәліметтер:

Туған күні және жері

Азаматтығы

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері

      2. Білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен жылы - бітірген жылы

Мамандығы

Білімі туралы дипломның деректемелері (бар болса күні және нөмірі)

1.

      3. Жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, қарындасы, балалары) және жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, қарындасы, балалары) туралы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Туған жылы

Туыстық қатынастары

Жұмыс орны және лауазымы

1.

      4. Үміткердің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы немесе акцияларды иеленуі туралы мәліметтер:

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жерi

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрi

Жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе үміткерге тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1.

      5. Еңбек қызметі туралы мәліметтер.
      Осы тармақта үміткердің бүкіл еңбек қызметі (сондай-ақ
Директорлар кеңесіне мүшелігі), оның ішінде жоғарғы оқу орнын
аяқтаған сәттен бастап еңбек қызметі туралы мәліметтер, уәкілетті
органға келісу туралы өтінішті берген қаржы ұйымында, холдингте
лауазымын көрсете отырып, сондай-ақ үміткер еңбек қызметін жүзеге
асырмаған кезең көрсетіледі.

Жұмыс кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны

Лауазымы (егер талап етілсе, келісу күнін көрсете отырып)

Тәртіптік жазалардың болуы

Жұмыстан шығу, лауазымнан босату себептері

1.

      6. Үміткердің қаржы ұйымының аудитін жүргізуі туралы
мәліметтер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(қаржы ұйымының атауын, аудит жүргізу мерзімін, үміткердің
аудитор-орындаушы ретінде аудиторлық есепке қол қойған күнін көрсету)
      7. Осы ұйымның және (немесе) басқа ұйымдардың инвестициялық
комитеттеріне мүшелігі туралы мәліметтер:

Кезең (күні, айы, жылы)

Ұйымның атауы

Лауазымы

Жұмыстан шығу, лауазымнан босату себептері

1.

      8. Өзіне қабылдаған ақшалай міндеттемелерін орындамау
фактілерінің болуы туралы мәліметтер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(иә/жоқ, аталған фактілер болған жағдайда, ұйымның атауын және
міндеттемелер сомасын көрсету қажет)
      9. Осы ұйымда және (немесе) басқа ұйымдарда басқарушы
директордың лауазымын атқаруы туралы мәліметтер:

Кезең (күні, айы, жылы)

Ұйымның атауы

Жетекшілік жасайтын құрылымдық бөлімшелер және қаржылық қызмет көрсетуге байланысты мәселелер

Жұмыстан шығу, лауазымнан босату себептерi

1.

      10. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөніндегі мемлекеттік орган қаржы ұйымын, холдингті консервациялау,
акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиядан айыру
туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте оны банкрот деп
тану туралы шешімді қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде
үміткердің бұрын қаржы ұйымының (банк немесе сақтандыру холдингінің)
директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқармасының бірінші басшысы
және оның орынбасары, бас бухгалтері, жеке тұлға - ірі қатысушысы,
заңды тұлға - ірі қатысушысының бірінші басшысы болғаны не болмағаны
туралы мәліметтер.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(иә/жоқ, қаржы ұйымының атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі көрсетіледі).
      11. Басшы қызметкерді тағайындауға (сайлауға) келісімді
қайтарып алу және уәкілетті органның қаржы ұйымын, холдингті,
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын
қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуі туралы деректердің болуы.
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(иә/жоқ, ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі, тағайындауға
(сайлауға) келісімді қайтарып алуға негіз және осындай шешім
қабылдаған мемлекеттік органның атауы көрсетілсін).
      12. Қаржы ұйымының, холдингтің басшысы ретінде қаржы ұйымы
қызметінің мәселелері бойынша сотта істі қарау кезінде жауап беруші
ретінде тартылды ма:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(иә/жоқ, күнін, қаржы ұйымының, банктік, сақтандыру холдингінің
атауы, сотта істі қарау кезіндегі жауап беруші, қаралған мәселе және
сот шешімі көрсетілсін)

Осы ақпаратты тексергенімді және оның толық және дәйекті болып
табылатындығын растаймын.

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
_____________________________________________________________________
            (үміткер өз қолымен, баспа әріптерімен толтырады)

Қаржы ұйымының, холдингтің тәуелсіз директоры лауазымына үміткер
толтырады:
Мен, ________________________________________________________________
             (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
тәуелсіз директор лауазымына тағайындалу (сайлану) үшін «Акционерлік
қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының
Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келетіндігімді растаймын.

Күні _____________________________
Қолы _____________________________

«Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру
холдингтерінің басшы қызметкерлерін
сайлауға (тағайындауға) келісім беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына             
2-қосымша              

Мәліметтердің электрондық нысаны

Қаржы ұйымы, холдинг басқармасының мүшесі лауазымына немесе қаржы ұйымының, холдингтің өзге басшысы лауазымына үміткердің лауазымдық нұсқаулығының мәліметтері

Үміткердің өкілеттіктері

Үміткердің тегі

Үміткердің аты

Үміткердің әкесінің аты (ол болған кезде)

Үміткердің лауазымы

Лауазымдық нұсқаулықпен танысқан күні

Құрылымдық бөлімшелердің атауы туралы мәліметтер және осы үміткер жетекшілік ететін мәселелер тізбесі

Өз функцияларын жүзеге асыру кезіндегі жауапкершілік

1

2

3

4

5

6

7

8

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына   
7-қосымша       

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік
қоғамының басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру» Мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін жіберу көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 15 (он бес күн) ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлері лауазымына үміткерлерді келісу нәтижелері туралы мәліметтер бар хат жіберу.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі бар және көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкері лауазымына үміткердің (бұдан әрі – үміткер) көрсетілетін қызметтерді алушының басшы қызметкеріне қойылатын талаптарға сәйкес келетіндігі туралы, сондай-ақ кандидат туралы мәліметтердің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6167 тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 26 қаулысымен бекітілген «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру және кері шақыру және оларға біліктілік талаптарды белгілеу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес ұсынылғаны және көрсетілетін қызметті алушы құжаттамалық тексергені туралы көрсетілген және:
      көрсетілетін қызметті алушының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, ол болмаған жағдайда – көрсетілетін қызметті алушының директорлар кеңесінің мүшелерін, бас директорын сайлаған (тағайындаған) кезде – директорлар кеңесінің шешімі бойынша директорлар кеңесі мүшелерінің бірі (директорлар кеңесі осы шешімінің көшірмелерін ұсына отырып);
      көрсетілетін қызметті алушының директорлар кеңесінің төрағасын, бас бухгалтерді сайлаған (тағайындаған) кезде – көрсетілетін қызметті алушының бас директоры не көрсетілетін қызметті алушының бас директорының міндеттерін атқарушы адам (міндеттерді орындауды жүктеу туралы шешімнің көшірмелерін ұсына отырып) қол қойған еркін нысанда жасалған қолдаухатты;
      2) көрсетілетін қызметті алушының басшы лауазымына үміткерді сайлаудың (тағайындаудың) күнін көрсете отырып, үміткердің сайланғаны (тағайындалғаны) туралы көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органының шешімінен үзінді көшірменің көшірмесін (екі немесе одан да көп үміткерді келісу кезінде – әр үміткерге шешімдер көшірмесінің бір данасынан).
      Егер тағайындау күні болмаса, көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органы шешім қабылдаған күн не шешімде көрсетілген оқиға басталған күн үміткерді сайлаған (тағайындаған) күн деп есептеледі.
      Бұл жағдайда көрсетілетін қызметті алушы шешімде көрсетілген оқиғаның басталғанын растайтын құжаттар көшірмелерін ұсынады;
      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес кандидат туралы электрондық және қағаз жеткізгіштердегі мәліметтерді (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасындағы фотосурет ашық реңде, 3 х 4 өлшемде жасалады);
      4) ұсыным жасайтын адамдар экономика және (немесе) заң ғылымдары докторының ғылыми дәрежесі бар болып табылған жағдайда ғылыми дәреже алғанын растайтын құжаттың көшірмесін;
      5) үміткер ұсынылатын лауазымды, ұсынып отырған адамның қол қойған күнін және лауазымын, сондай-ақ үміткердің кәсіби және (немесе) өзге мінездемелерін көрсете отырып, еркін нысанда жазылған, үміткерге Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген кем дегенде екі тұлғаның үміткерге берген ұсыным хаттары. Ұсыным хатты беру күні қолдаухат берілген күннің алдындағы үш айдан аспайды.
      6) сертификаттау жөніндегі ұйым берген кәсіби бухгалтер сертификатының көшірмесі (бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласында қызметті реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органы аккредиттеген) не бас бухгалтер лауазымына үміткер үшін – Бухгалтерлердің халықаралық федерациясының толық мүшесі болып табылатын шетелдік институт берген кәсіби бухгалтердің біліктілік куәлігінің көшірмесін.
      7) үміткердің жеке басын куәландыратын (сәйкестендіру үшін) құжатты;
      8) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген, алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауын растайтын құжатты (не бір кандидат екі және одан көп лауазымға келісуге құжаттар топтамасы ұсынылған кезде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган құжатының көшірмесін) ұсынады. Көрсетілген құжатты беру күні қолдаухатты беру күнінің алдындағы үш айдан аспайды.
      Көрсетілетін қызметті алушы бірмезгілде қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымына атқаратын және көрсетілген қызметті берушімен келісілген үміткерді басшы қызметкер лауазымына келісу үшін көрсетілген қызметті берушіге:
      1) еркін нысанда жасалған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинау мен өңдеуге келісімі бар, және кандидат туралы, оның ішінде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасында көрсетілген мәліметтердің көрсетілетін қызметтерді алушы құжаттамалық тексергені және үміткердің мынадай талаптарға сәйкес келетіні туралы көрсетілген қолдаухат:
      көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкері болып мыналар тағайындала алмайды (сайлана алмайды):
      жоғары білімі жоқ;
      екі жылдан кем жұмыс стажы жоқ;
      Үміткерді көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкері лауазымына сайлау (тағайындау) үшін қажетті еңбек стажына үміткердің қаржылық қызмет көрсету және (немесе) реттеу және (немесе) бақылау және қадағалау саласында, және (немесе) қаржы ұйымдарының аудитін жүзеге асыратын ұйымдарда және (немесе) «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамында және (немесе) үміткердің мынадай халықаралық қаржы ұйымдарында істеген еңбек стажы кіреді:
      Азия даму банкі;
      Еуразия даму банкі;
      Еуропа қайта құру және даму банкі;
      Ислам даму банкі;
      Халықаралық даму қауымдастығы;
      Халықаралық қаржы корпорациясы;
      Халықаралық қайта құру және даму банкі;
      Халықаралық валюта қоры;
      Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық;
      Көп салалы инвестицияларға кепілдік беру агенттігі;
      мінсіз іскерлік беделі жоқ;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқармасының бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері, ірі қатысушы жеке тұлғасы, ірі қатысушы заңды тұлғасының бірінші басшысы болған тұлға. Көрсетілген талап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл ішінде қолданылады;
      қордың және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері лауазымына тағайындалуға (сайлануға) берілген келісім қайтарып алынған тұлға. Көрсетілген талап көрсетілетін қызметті беруші басшы қызметкері лауазымына тағайындалуға (сайлануға) берілген келісімді қайтарып алу туралы шешім қабылдағаннан кейінгі қатарынан соңғы он екі ай ішінде қолданылады;
      2) уәкілетті органның көрсетілетін қызметті алушының үміткерді сайлау (тағайындау) туралы шешімінің үзінді-көшірмесін;
      3) кандидат туралы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес электрондық және қағаз жеткізгіштердегі мәліметтерді ұсынады.
      Осы тармақта көрсетілген, бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп, тігіліп және соңғы парағының артқы жағына тігілген түйіннің үстіне жапсырылған, тігілген парақ саны көрсетілген жапсырмаға ішінара көрсетілетін қызметті алушының мөрімен (ол болған кезде) расталып ұсынылады. Құжаттардың көшірмелері көрсетілетін қызметті алушының осындай құжаттарға қол қою құқығы бар лауазымды тұлғаларының қолымен және көрсетілетін қызметті алушы мөрінің (ол болған кезде) бедерімен расталады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере
отырып қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік
беру қоры» акционерлік қоғамының
басшы қызметкерлерін сайлауға
(тағайындауға) келісім беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына         
қосымша            

Нысан

фотосурет орны

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік
қоғамының басшы қызметкерінің лауазымына үміткер туралы
мәліметтер

_____________________________________________________________________
(«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамына
_____________________________________________________________________
                    тағайындалатын үміткердің
_____________________________________________________________________
              тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және
_____________________________________________________________________
                       лауазымы көрсетіледі)
_____________________________________________________________________

      1. Жалпы мәліметтер:

Туылған күні және жері

Азаматтығы

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері

      2. Білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен күні – аяқтаған күні

Мамандығы

Білімі, біліктілігі туралы диплом деректері

Оқу орнының орналасқан жері

1.

      3. Жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі,
апа-сіңлісі, қарындасы, балалары) және жекжаттары (жұбайының
(зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, қарындасы, балалары)
туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Туған жылы

Туыстық қатынасы

Жұмыс орны және лауазымы

1.

      4. Үміткердің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы
немесе акцияларды иеленуі туралы мәліметтер:

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе үміткерге тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1.

      5. Соңғы үш жылда біліктілігін арттыру жөніндегі семинарларда, курстарда оқығаны туралы мәліметтер:

Ұйымның атауы

Өткізілген күні және орны

Сертификат деректері (нөмірі, берілген күні)

1.

      6. Еңбек қызметі туралы мәліметтер.
      Осы тармақта үміткердің бүкіл еңбек қызметінде атқарған
(атқаратын) лауазымдары, оның ішінде уәкілетті органға келісу туралы
қолдаухат ұсынған «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры»
акционерлік қоғамындағы лауазымы туралы мәліметтер көрсетіледі.

Жұмыс кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны

Лауазымы

Тәртіптік жазалардың болуы

Жұмыстан шығу, лауазымнан босату себептері

1.

      7. Үміткердің қаржы ұйымдарының, «Сақтандыру төлемдеріне
кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының аудитін жүргізуі туралы
мәліметтер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (ұйымның атауын, үміткердің аудитор-орындаушы ретінде
аудиторлық есепке қол қойған күнін көрсету керек).
      8. Қордағы және (немесе) басқа ұйымдардағы директорлар
кеңесіндегі және инвестициялық комитеттердегі мүшелігі туралы
мәліметтер:

Кезең (күні, айы, жылы)

Ұйымның атауы

Лауазымы, келісу күні (егер талап етілсе)

Жұмыстан шығу, лауазымнан босату себептері

1.

      9. Жарияланымдары, ғылыми әзірлемелері және басқа жетістіктері:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(иә/жоқ, бар болса күнін, қандай басылымдарда жарияланғанын көрсету
керек)
      10. Алынбаған және өтелмеген соттылығының болуы туралы
мәліметтер:

Күні

Сот органының атауы

Соттың орналасқан жері

Жаза түрі

Заңнамалық актінің үміткер қылмыстық жауаптылыққа тартылған бабы

Соттың іс жүргізуге шешім қабылдаған күні

1.

      11. Қабылдаған міндеттемелерінің орындалмау фактілерінің болуы
туралы мәліметтер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(иә/жоқ, көрсетілген фактілер бар болған жағдайда ұйымның атауын және
міндеттемелер сомасын көрсету қажет)
      12. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөніндегі мемлекеттік орган қаржы ұйымын, банктің бас ұйымы болып
табылатын банктік холдингті консервациялау, акцияларын мәжбүрлеп
сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ
қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіпте банкрот деп тану туралы шешім
қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде үміткердің бұрын қаржы
ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқармасының
(атқарушы органның) бірінші басшысы және оның орынбасары, бас
бухгалтері, жеке тұлға-ірі қатысушысы, заңды тұлға-ірі қатысушының
(банк немесе сақтандыру холдингінің) бірінші басшысы болғаны не
болмағаны туралы мәліметтер.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(иә/жоқ, ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс кезеңін көрсету керек).
      13. Уәкілетті органның басшы қызметкерді тағайындауға
(сайлауға) келісімді қайтарып алу туралы және қаржы ұйымын,
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын,
банк, сақтандыру холдингінің қызметтік міндеттерін орындаудан
шеттетуі туралы деректердің болуы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(иә/жоқ, ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс кезеңін, тағайындауға
(сайлауға) келісімді кері қайтару үшін негіздер және осындай шешім
қабылдаған мемлекеттік органның атауы).
      14. Қаржы ұйымының, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры»
акционерлік қоғамының, банктік, сақтандыру холдингінің басшысы
ретінде қаржы ұйымының, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры»
акционерлік қоғамының, банктік, сақтандыру холдингінің қызметінің
мәселелері бойынша сот талқылауларына жауапкер ретінде тартылды ма:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(иә (жоқ), ұйымның, сот талқылауындағы жауапкер ұйымның атауы,
қаралған мәселе және сот шешімі).
      Осы ақпаратты тексергенімді және оның дәйекті және толық екенін
растаймын. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                           (баспа әріптерімен)

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының тәуелсіз директоры лауазымына үміткер толтырады:

Мен, _____________________________________________________________________
        (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

_____________________________________________________________________
тәуелсіз директор лауазымына тағайындалу (сайлану) үшін «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келетіндігімді растаймын.

Күні ________________________________
Қолы ________________________________

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына  
8-қосымша     

«Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес
активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті
жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны
аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде:
      аккредиттеу туралы куәлікті берген, қайта ресімдеген кезде – 10 (он) жұмыс күні;
      аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқаларын берген кезде – 2 (екі) жұмыс күні;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – аккредиттеу туралы куәлікті беру, аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу, телнұсқаларын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда нәтиже электрондық нысанда ресімделеді және қағазға басылады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      аккредиттеу туралы куәлікті алу үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша аккредиттеуден өту үшін өтініш;
      2) құрылтай құжаттарының көшірмелері;
      3) растайтын құжаттарды қоса бере отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мүлікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы (заңды тұлғалар үшін) бар штатта кем дегенде екі қызметкердің болуы туралы мәліметтерді ұсынуға тиісті.
      Аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін:
      1) еркін нысандағы өтініш;
      2) аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу қажеттілігін растайтын құжаттар (жеке тұлғаның тегінің, атының, тегінің (бар болса) өзгеруі, заңды тұлғаның біріктіру, қосу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылуы, заңды тұлғаның атауының немесе оның орналасқан жерінің өзгеруі).
      Аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген аккредиттеу туралы куәлік қағаз нысанда ресімделсе):
      1) еркін нысандағы өтініш;
      2) аккредиттеу туралы куәліктің жоғалғаны туралы ақпарат жарияланған бұқаралық ақпарат құралы баспасөз басылымының көшірмелері.
      Порталда:
      аккредиттеу туралы куәлікті алу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде) және 3) тармақшасында (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес мәліметтердің электрондық нысаны түрінде) көрсетілген, электрондық сұрау салуға қоса берілетін құжаттар;
      аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген, электрондық сұрау салуға қоса берілетін құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар;
      аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген аккредиттеу туралы куәлік қағаз нысанда ресімделсе):
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы үшінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген, электрондық сұрау салуға қоса берілетін құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар.
      Жеке басын куәландыратын құжаттардың, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      10. Аккредиттеу туралы куәлікті беруден бас тарту осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда жүзеге асырылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Мүлікті (зияткерлік меншік
объектілерін, материалдық емес
активтердің құнын қоспағанда)
бағалау жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензиясы бар жеке немесе
заңды тұлғаны аккредиттеу» 
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша  

Нысан

Аккредиттеуден өту туралы өтініш
(жеке тұлға үшін)
_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
____________________________________________________________________.
(тұрғылықты жері)

      Көлік құралын пайдалану нәтижесінде зардап шегушінің мүлкіне
(зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын
қоспағанда) келтірілген зиян мөлшеріне бағалау жүргізу үшін мені
бағалаушы (тәуелсіз сарапшы) ретінде аккредиттеуді сұраймын.
      Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес
активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу»
мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті дербес деректерімді жинауға
және өңдеуге келісімімді беремін.
      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
      Қосымша (жіберілетін құжаттар тізбесін, олардың әрқайсысы
бойынша даналар және парақ санын көрсету керек):

_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.

Бірінші басшы немесе қол қоюға
уәкілетті тұлға (лауазымы) __________________________________________
___________________________________________ _______________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)        (қолы)

Күні ____________ ж.                                       Мөр орны
                                                    (ол болған кезде)

«Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін,
материалдық емес активтердің құнын 
қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензиясы бар жеке немесе  
заңды тұлғаны аккредиттеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына  
2-қосымша               

Нысан

Аккредиттеуден өту туралы өтініш
(заңды тұлға үшін)

_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
____________________________________________________________________.
(заңды тұлғаның толық атауы)

      Көлік құралын пайдалану нәтижесінде зардап шегушінің мүлкіне
(зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын
қоспағанда) келтірілген зиян мөлшеріне бағалау жүргізу үшін мені
бағалаушы (тәуелсіз сарапшы) ретінде аккредиттеуді сұраймын.
      Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес
активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу»
мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті дербес деректерімді жинауға
және өңдеуге келісімімді беремін.
      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
      1. Заңды тұлғаның орналасқан жері және деректемелері __________
_____________________________________________________________________
      2. Банк шотының нөмірі ______________________________________________
      3. Филиалдар, өкілдіктер туралы мәліметтер (орналасқан жері,
деректемелері):______________________________________________________
____________________________________________________________________.
Қосымша (жіберілетін құжаттар тізбесін, олардың әрқайсысы бойынша даналар және парақ санын көрсету керек):_____________________________
____________________________________________________________________.

Бірінші басшы немесе қол қоюға
уәкілетті тұлға (лауазымы) __________________________________________
___________________________________________ _________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)       (қолы)

Күні ____________ ж.                                        Мөр орны
                                                    (ол болған кезде)

«Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін,
материалдық емес активтердің құнын 
қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензиясы бар жеке немесе  
заңды тұлғаны аккредиттеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына  
3-қосымша               

Нысан

Заңды тұлғаның мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін,
материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау
жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар
қызметкерлерінің құрамы туралы
мәліметтер

____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)

Қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), ЖСН

Лицензияның нөмірі және алған күні

Білімі

Жұмыс стажы

1.

Бірінші басшы немесе қол қоюға
уәкілетті тұлға (лауазымы) ________________ ______________ __________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)                  (қолы)

Күні ____________ ж.

                                                            Мөр орны
                                                    (ол болған кезде)

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына  
9-қосымша      

«Банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін
иеленуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі(бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – 3 (үш) ай ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес күн) ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес күн) ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының атына банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру туралы хат не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының тиісті қаулысының көшірмесімен қоса осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберу.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін жеке тұлға:
      1) еркін нысанда жасалған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісімі бар және жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер, қаржы ұйымының сатып алынатын акцияларының саны, олардың құны, қаржы ұйымының сатып алуға болжанатын акциялары санының тиісінше банктің орналастырылған акцияларының санына (артықшылықты және сатып алынған акциялар шегерілген) және (немесе) банктің дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтер көрсетілген өтініш;
      2) банктің акцияларын сатып алуға пайдаланылатын қаржы көздері мен қаражаттың сипаттамасын қоса алғанда, растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, банктің акцияларын, оның ішінде бұрын сатып алынған акцияларын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді.
      Банктің акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын көздер мыналар болып табылады:
      кәсіпкерлік, еңбек немесе басқа да ақылы қызметтен алынған кірістер;
      көрсетілетін қызметті алушының құжатпен расталған ақшалай жинақтары.
      Сыйға тарту, ұтыстар, банктің сатып алынатын акциялары құнының жиырма бес пайызынан аспайтын мөлшерде өтеусіз алынған мүлікті сатудан түскен кіріс түріндегі ақша осы тармақшаның екінші бөлігінде көрсетілген, банктің акцияларын сатып алуға арналған көздерге қосымша пайдаланылуы мүмкін.
      Банктің акцияларын сыйға тарту түрінде алынған мүлік есебінен сатып алған кезде көрсетілетін қызметті алушы сыйға тартушы және сыйға тартушыда көрсетілген мүліктің пайда болу көздері туралы мәліметтерді ұсынады;
      3) көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін білдіру тапсырылатын көрсетілетін қызметті алушының өкіліне (болған кезде) берілген сенімхатты;
      4) көрсетілетін қызметті алушы ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімін және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;
      5) банктің қаржылық жағдайы нашарлауы мүмкін жағдайлардағы банктің мынадай ақпарат бар қайта капиталдандыру жоспары:
      қаржы ұйымының ағымдағы жай-күйін бағалау;
      қаржы ұйымын қаржылық сауықтыру жөніндегі іс-шаралардың (шығыстарды төмендету жөніндегі шаралар, қаржы ұйымының меншікті капиталын пруденциялық нормативтер және басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттер орындалатын мөлшерге дейін қалпына келтіруге бағытталған қосымша қаржылық салымдар (ақша салымының сомаларын және көздерін көрсете отырып), қосымша кірістер алу жөніндегі іс-шаралар және басқа іс-шаралар) егжей-тегжейлі сипаттамасы;
      қаржы ұйымын қаржылық сауықтыру жөніндегі іс-шараларды орындаудың күнтізбелік мерзімдері;
      сауықтыру іс-шараларының болжанған экономикалық әсері (пруденциялық нормативтердің өзгеру серпіні, қаржы ұйымының меншікті капиталы мөлшерінің өзгеруі, қаржы ұйымының қаржылық және өзге де көрсеткіштерінің өзгеруі);
      6) білімі туралы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса алғанда, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы туралы қысқаша деректерді;
      7) мына құжаттарды қоса бере отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді:
      азаматтығы берілген елдің тиісті мемлекеттік органы, ал азаматтығы жоқ адамдар үшін – олардың тұрақты тұратын елі берген алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығын растайтын (шетелдік азаматтар үшін) құжат (көрсетілген құжаттың берілген күні өтініш берілген күннің алдындағы үш айдан аспауға тиіс);
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасында көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері;
      8) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді,сондай-ақ кірістер мен мүлік бойынша растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының барлық міндеттемелері бойынша орын алып отырған берешек туралы ақпаратты;
      9) Қазақстан Республикасының резиденті емес-жеке тұлға тұратын елдің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резидент банкінің акцияларын сатып алу осы елдің заңнамасымен рұқсат етілгендігі туралы жазбаша растауы не тиісті мемлекеттің аталған құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіндігі туралы мәлімдемесін.
      Банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы:
      1) еркін нысанда жасалған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісімі бар және заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы мәліметтерді, заңды мекенжайы (орналасқан жері), қаржы ұйымының сатып алынатын акцияларының саны, олардың құны, қаржы ұйымының сатып алуға болжанатын акциялары санының тиісінше банктің орналастырылған акцияларының санына (артықшылықты және сатып алынған акциялар шегерілген) және (немесе) банктің дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтер көрсетілген өтінішті;
      2) көрсетілетін қызметті алушының жоғарғы органының банктің акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмесін;
      3) заңды тұлға акцияларының он немесе одан көп пайызын (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) иеленген (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп), сондай-ақ шарт негізінде немесе өзгеше түрде осы заңды тұлғаның шешімін айқындауға немесе бақылауға мүмкіндігі бар тұлғалар туралы мәліметтерді және растау құжаттарын;
      4) көрсетілетін қызметті алушының үлестес тұлғаларының тізімін;
      5) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
      6) көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;
      7) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес білімі туралы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса алғанда, көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді;
      8) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін, көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;
      9) соңғы аяқталған екі қаржы жылының аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржылық есептілігі, сондай-ақ тиісті өтінішті ұсынар алдындағы соңғы аяқталған тоқсанның қаржылық есептілігі;
      10) көрсетілетін қызметті алушының және банктің мәртебені алғаннан кейінгі болжанатын есептеу балансын қоса алғанда, банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленудің қаржылық салдарын талдауды, егер осындайлар бар болса, іс-шаралар жоспары мен ұйымдық құрылымын қоса алғанда, көрсетілетін қызметті алушының банктің активтерін сату, қайта ұйымдастыру немесе банктің қызметі немесе басқаруына елеулі өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлары мен ұсыныстары.
      Қазақстан Республикасының резиденті емес-заңды тұлға банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін:
      1) еркін нысанда жасалған, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы мәліметтерді, заңды мекенжайы (орналасқан жері), қаржы ұйымының сатып алынатын акцияларының саны, олардың құны, қаржы ұйымының сатып алуға болжанатын акциялары санының тиісінше банктің орналастырылған акцияларының санына (артықшылықты және сатып алынған акциялар шегерілген) және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтер көрсетілген өтінішті;
      2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында және осы тармақтың екінші бөлігінің 2), 3), 4), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
      3) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 17-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі тағайындаған заңды тұлғаның кредиттік рейтингі туралы мәліметтерді.
      Банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы осы тармақшада көрсетілген құжаттарға қоса көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органынан көрсетілетін қызметті алушының осы елдің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті екені туралы жазбаша растаманы не көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының осы елдің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін ұсынады.
      Банк холдингі мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы мынадай құжаттарды:
      1) осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
      2) өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органынан Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының шоғырландырылған қадағалауға жататыны туралы жазбаша растаманы;
      3) өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының банктік холдинг мәртебесін алуға жазбаша рұқсатын (келісімін) не тиісті елдің уәкілетті органының көрсетілген мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың (келісімнің) талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін;
      4) өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының өтініш беруші осы елдің заңнамасы аясында қаржылық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті екендігі туралы жазбаша растауын не өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының осы елдің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін ұсынады.
      Орналастырылған акциялардың (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегергенде) жиырма бес немесе одан көп пайызын иелену үлесімен банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға ниетті жеке тұлғалар, сондай-ақ банк холдингі мәртебесін алуға ниетті заңды тұлғалар осы тармақта көрсетілген құжаттар мен мәліметтерге қосымша қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін, жақын арадағы бес жылға арналған бизнес-жоспарды ұсынады. Бизнес-жоспарда төмендегілермен шектелмей мынадай ақпарат қамтылады:
      қаржы ұйымының мақсаттары мен міндеттерінің және көрсетілетін қызметтер түрлерінің сипаты;
      қаржы ұйымының қызметін талдау (сыртқы және ішкі ортаны талдау);
      қаржы ұйымы қызметінің жақын арадағы бес қаржы (операциялық) жылына арналған даму стратегиясы және масштабтары;
      жақын арадағы бес қаржы (операциялық) жылына арналған толық жылдық қаржылық жоспары (негізгі қаржылық көрсеткіштердің есебі, бюджет, бухгалтерлік баланс, пайда және зиян туралы есеп, бизнес-жоспарды қаржыландыру көздері мен көлемдері);
      жақын арадағы бес қаржы (операциялық) жылына арналған тәуекелдерді басқару жоспары (қаржы ұйымының қызметін жүзеге асыруға байланысты тәуекелдердің сипаты және оларды басқару тәсілдері);
      жақын арадағы бес қаржы (операциялық) жылына арналған еңбек ресурстарын тарту жоспары.
      Көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлға бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушы, банк холдингі мәртебесін иеленуге келісімді бірмезгілде алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) еркін нысанда жасалған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісімі бар және жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер, қаржы ұйымының сатып алынатын акцияларының саны, олардың құны, қаржы ұйымының сатып алуға болжанатын акциялары санының тиісінше банктің орналастырылған акциялардың санына (артықшылық берілген және сатып алынған акциялар шегерілген) және (немесе) банктің дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтер көрсетілген, қаржы ұйымдарының атаулары, ол алуға ниеттенген банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесі көрсетілген өтініш;
      2) растайтын құжаттармен қоса көрсетілетін қызметті алушы-жеке тұлғаға меншік құқығында тиесілі мүлік құнынан аспайтын мөлшерде қаржы ұйымының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын көздер мен қаражаттың сипаттамасын қоса алғанда, тиісті қаржы ұйымының акцияларын сатып алудың шарттары мен талабы туралы мәліметтер;
      3) көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін білдіру тапсырылатын көрсететін қызметті алушының өкіліне сенімхат (болған кезде);
      4) ірі қатысушы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімі және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері;
      5) көрсетілетін қызметті алушы қаржы ұйымдарын қайта қаржыландыру жоспарына сәйкес ірі қатысушы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын және (немесе) болғысы келетін көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелері есепке алына отырып жасалған қаржы ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауы мүмкін болған жағдайларда әрбір қаржы ұйымы бойынша үстеме капиталдандыру жоспары;
      6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы туралы қысқаша деректер;
      7) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтер;
      8) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес салық органдары немесе жеке тұлғаның тұратын еліндегі өзге уәкілетті тұлғалар куәландырған кірісі мен мүлкі туралы мәліметтер;
      9) Қазақстан Республикасының резиденті емес-жеке тұлға тұратын елдің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын банктің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу осы елдің заңнамасында рұқсат етілгені туралы жазбаша растауын не тиісті мемлекеттің көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілген құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы өтініші.
      Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғасы болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісімді бірмезгілде алу үшін мынадай құжаттарды:
      1) тиісті қаржы ұйымының акцияларын сатып алу туралы көрсетілетін қызметті алушының жоғары органы шешімінің көшірмесін;
      2) заңды тұлға акцияларының он немесе одан көп пайызын (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) иеленген (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп), сондай-ақ шарт негізінде немесе өзгеше түрде осы заңды тұлғаның шешімін айқындауға немесе бақылауға мүмкіндігі бар тұлғалар туралы мәліметтерді және растау құжаттарын;
      3) көрсетілетін қызметті алушының үлестес тұлғаларының тізімін;
      4) осы тармақтың жетінші бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
      5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес басшы қызметкерлер туралы қысқаша деректерді;
      6) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін, көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;
      7) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес оның басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;
      8) аудиторлық ұйым куәландырған аяқталған соңғы екі қаржы жылының жылдық қаржылық есептілігін, сондай-ақ тиісті өтініш берер алдында аяқталған соңғы тоқсанның қаржылық есептілігін;
      9) көрсетілетін қызметті алушының және тиісті қаржы ұйымдарының болжамды есеп айырысу балансын қоса алғанда, тиісті қаржы ұйымдарының ірі қатысушысы мәртебесін иеленудің қаржылық салдарының талдауын, егер олар бар болса, іс-шаралар жоспары мен ұйымдық құрылымды қоса алғанда, көрсетілетін қызметті алушының тиісті қаржы ұйымдарының активтерін сату, қайта ұйымдастыру немесе тиісті қаржы ұйымдарының қызметіне немесе басқаруға айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлары мен ұсыныстарын ұсынады.
      Қазақстан Республикасының резиденті емес-заңды тұлға болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленуге бірмезгілде келісім алу үшін мынадай құжаттарды:
      1) осы тармақтың жетінші бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында және осы тармақтың сегізінші бөлігінің 1), 2), 3), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
      2) Банктер туралы заңның 17-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі тағайындаған заңды тұлғаның кредиттік рейтингі туралы мәліметтерді ұсынады.
      Қазақстан Республикасының резиденті емес-қаржы ұйымы болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленуге бірмезгілде келісім алу үшін мынадай құжаттарды:
      1) осы тармақтың тоғызыншы бөлігінде көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
      2) көрсетілетін қызметті алушы шыққан елдің қаржылық қадағалау органынан көрсетілетін қызметті алушының осы елдің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті екені туралы жазбаша растаманы не көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының осы елдің заңнамасы бойынша осындай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы өтінішті ұсынады.
      Банк холдингінің мәртебесін алғысы келетін көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген құжаттар мен мәліметтерден басқа тәуекелдерді және ішкі бақылауды, оның ішінде еншілес ұйымдардың қызметімен байланысты тәуекелдерге қатысты басқару жүйелерінің болуын растайтын құжаттарды ұсынады.
      Осы тармақта көрсетілген құжаттарды осы құжаттардың мазмұны өзгерген не осындай құжаттардың мерзімі аяқталған жағдайларды қоспағанда, оларды көрсетілетін қызметті берушіге бұрын тапсырған тұлғалар ұсынбайды. Бұл ретте көрсетілетін қызметті берушіге өзгерістер енгізілген немесе қолдану мерзімдері аяқталған құжаттары ғана ұсынылады. Қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иелену туралы өтініште көрсетілетін қызметті берушіге бұрын тапсырылған құжаттар туралы(шығыс құжаттың нөмірі, күні) мәліметтер, сондай-ақ оларды ұсыну негіздемесі көрсетіледі.
      Өтініште көрсетілетін қызметті алушы онымен бірлесіп қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі болуды болжап отырған тұлғалардың және акцияларды (жарғылық капиталдардағы қатысу үлестерін) иеленуді қаржы ұйымының акцияларын жанама иелену арқылы (дауыс беру) жүзеге асыратын тұлғалардың тізімі көрсетіледі.
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 7), 8), 9) (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) және 6) тармақшаларында (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес мәліметтердің электрондық нысаны түрінде), екінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында, алтыншы бөлігінде, он екінші бөлігінде көрсетілген құжаттардың электрондық сұрау салуға қоса берілетін электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар.
      Жеке басты куәландыратын, алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығын растайтын құжаттардың, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      10. Мыналар:
      1) көрсетілетін қызметті алушының мінсіз іскерлік беделінің болмауы;
      2) көрсетілетін қызметті алушы бұрын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқармасының бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері, ірі қатысушы – жеке тұлғасы, ірі қатысушысы (банк холдингі) – заңды тұлғаның бірінші басшысы болып табылған жағдайда жүзеге асырылады. Көрсетілген талап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;
      3) көрсетілетін қызметті алушыдан өзге қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымында болған кезеңінде басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған жағдайда жүзеге асырылады. Аталған талап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшы қызметкерді лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімі қабылданғаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай ішінде қолданылады;
      4) көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жағдайының тұрақсыздығы;
      5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттардың ұсынылмауы;
      6) көрсетілетін қызметті алушы банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуі нәтижесінде монополияға қарсы заңнама талаптарының бұзылуы;
      7) банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иелену бойынша мәміледе иеленуші тарап тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін, оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлға (оның ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылатын жағдайлар;
      8) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген банктің және банк холдингінің ірі қатысушыларына қойылатын өзге де талаптарды сақтамауы;
      9) егер көрсетілетін қызметті алушының банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуінің қаржылық салдарына жасалған талдау банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауын болжаса;
      10) Қазақстан Республикасының резиденті емес-қаржы ұйымы-көрсетілетін қызметті алушыда шыққан елінің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыру өкілеттіктерінің болмауы;
      11) Банктің орналастырылған акцияларының он немесе одан да көп пайызын тікелей иеленуші немесе ең төменгі талап етілетін рейтингі бар банктің дауыс беретін он немесе одан да көп акцияларымен дауыс беру мүмкіндігіне немесе банктің ірі қатысушысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес-заңды тұлғаның акцияларын (қатысу үлестерін) иелену (акцияларымен дауыс беру) арқылы банктің орналастырылған акцияларының он немесе одан да көп пайызын жанама иеленуді немесе банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп акцияларымен жанама дауыс беруді көздейтін Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлға үшін аталған рейтингтің болуы талап етілмеген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденті емес-заңды тұлға-көрсетілетін қызметті алушыда тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайтын халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі қажет етілетін рейтингінің болмауы;
      12) банктің қаржылық жай-күйі ықтимал нашарлаған жағдайда банкті үстеме капиталдандырудың ұсынылған жоспарының тиімсіз болуы;
      13) көрсетілетін қызметті алушы-жеке тұлғада, көрсетілетін қызметті алушы-заңды тұлғаның басшы қызметкерінде мінсіз іскерлік беделдің болмауы;
      14) көрсетілетін қызметті алушы бұрын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде ірі қатысушы - жеке тұлға не ірі қатысушы - заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған не болып табылатын жағдайлар. Аталған талап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;
      15) көрсетілетін қызметті алушы-заңды тұлға орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнаманың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген шоғырландырылған қадағалау жөніндегі талаптарға сәйкес келмеуі;
      16) Қазақстан Республикасының резиденті емес-қаржы ұйымдары болып табылатын, ірі қатысушы-заңды тұлғалар және банк холдингтері бойынша – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен көрсетілетін қызметті алушы резидент болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органдары арасында ақпарат алмасуды көздейтін келісімнің болмауы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген негіздерден басқа, банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім беруден бас тарту:
      1) көрсетілетін қызметті алушы - қаржы ұйымы өзі орналасқан елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын кезде;
      2) Қазақстан Республикасының резиденттері емес-банк конгломератының қатысушылары орналасқан елдердің заңнамасы олардың және банк конгломератының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген талаптарды орындауына мүмкіндік бермейтініне байланысты банк конгломератына шоғырландырылған қадағалауды жүргізу мүмкіндігі болмаған жағдайларда жүзеге асырылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Банктің немесе банк холдингінің ірі   
қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша                 

Көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлға, көрсетілетін қызметті алушы
- заңды тұлғаның басшы қызметкері туралы қысқаша деректер
_____________________________________________________________________
      (қаржы ұйымының атауы)

1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

2. Азаматтығы

3. Атауы және жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері

4. Жұмыс орны (орындары), лауазымы (лауазымдары)

5. Пошталық мекенжайы және (немесе) жұмыс орны орналасқан жер,
байланыс телефоны
_____________________________________________________________________
6. Жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі,
апа-сіңлісі, қарындасы, балалары) және жекжаттары (жұбайының
(зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, қарындасы, балалары)
туралы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Туған жылы

Туыстық қатынасы

Жұмыс орны және лауазымы

Заңды тұлғалардың атауын көрсете отырып, жарғылық капиталға қатысу сомасы/сатып алынған акцияларының құны (мың теңге)

Осы тұлғаға тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның дауыс беруші акцияларының жалпы санына арақатынасы немесе оның жарғылық капиталға қатысу үлесі % (пайызбен)

Дара иелену

Бірлесіп иелену

тікелей

жанама

пайыз

Заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

1

2

7. Білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен күні – аяқтаған күні

Мамандығы

Білімі туралы диплом деректері (нөмірі, сериясы және берілген күні), біліктілігі

Оқу орнының орналасқан жері (білім туралы диплом берген оқу орнының орналасқан елі/қаласы)

8. Соңғы үш жылдағы біліктілігін арттыру жөніндегі семинарлардан,
курстардан өткендігі туралы мәліметтер:

Ұйымның атауы

Өткізілген күні және орны

Сертификат деректері (нөмірі және сериясы)

9. Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

Жұмыс кезеңі

Жұмыс орны

Лауазымы

Тәртіптік жазаның болуы

Жұмыстан шығу, лауазымнан босату себептері

10. Жарияланымдары, ғылыми әзірлемелері және басқа жетістіктері:
_____________________________________________________________________
Осы ақпаратты тексергенімді және оның дәйекті әрі толық екенін
растаймын.
көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлға

(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), баспа әріптерімен
толтырылады)

                        қолы

Көрсетілетін қызметті алушы - заңды тұлғаның атқарушы органының
бірінші басшысы

Мөр орны (ол болған кезде)
Күні

«Банктің немесе банк холдингінің ірі 
қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша           

Көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлғаның,
көрсетілетін қызметті алушы - заңды тұлғаның басшы
қызметкерінің мінсіз іскерлік беделі туралы
мәліметтер

      1. Алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы туралы
мәліметтер (Қазақстан Республикасының резидент еместері үшін):

Күні

Сот органының атауы

Соттың орналасқан жері

Жаза түрі

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы

Соттың іс жүргізуге шешім қабылдаған күні

2. Көрсетілетін қызметті алушы ірі қатысушы не басшы қызметкер болып
табылған кезеңде заңды тұлғаның қаржылық жағдайының нашарлауы немесе
банкроттығы фактілерінің болуы:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Қаржы ұйымымен үлестес болуы (болмауы):

           (ия (жоқ), үлестес болу белгілерін көрсету керек)
4. Осы мәселеге қатысы бар басқа ақпарат:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Осы ақпаратты тексергенімді және оның дәйекті әрі толық екенін
растаймын.
көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлға
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), баспа әріптерімен
толтырылады)                                       __________________
                                                          (қолы)

Көрсетілетін қызметті алушы - заңды тұлғаның атқарушы органының
бірінші басшысы
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), баспа әріптерімен
толтырылады)
___________________
    (қолы)

Күні

                                                             Мөр орны
                                                    (ол болған кезде)

«Банктің немесе банк холдингінің
ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге
келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына     
3-қосымша           

Көрсетілетін қызметті алушының кірісі және мүлкі туралы
мәліметтер, сондай-ақ барлық міндеттемелері бойынша берешегінің
болуы туралы ақпарат

1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
_____________________________________________________________________
2. Атауы және жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері

               (сериясы, нөмірі, кім және қашан берді)
3. Жарғылық капиталында есеп беретін тұлға ірі қатысушы болып
табылатын қаржы ұйымдарының атауы
_____________________________________________________________________
4. Заңды мекенжайы және (немесе) тұрғылықты жері

5. Үй телефоны
_____________________________________________________________________
Жұмыс телефоны ______________________________________________________
6. Есепті кезең _____________________________________________________
7. Кірісі және мүлкі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының барлық
міндеттемелері бойынша берешегі туралы ақпарат

Атауы

Өлшем бірлігі

Өткен есепті кезеңде

Есепті кезеңде

Есепті кезеңдегі өзгерістер

Саны

Кіріс сомасы (берешек) Актив құны (теңге)

Есепті кезеңде алынған кірістері:

X

X

X

1.1

еңбекақы

X

X

X

1.2

ұйымның жарғылық капиталына (акциялар) қатысу үлесінен дивидендтер және кіріс

X

X

X

1.3

салымдар бойынша сыйақы

X

X

X

1.4

мүлікті жалға тапсырудан түскен кіріс

X

X

X

1.5

кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс

X

X

X

1.6

мүлікті сатудан түскен кіріс

X

X

X

1.7

кірістің басқа түрлері (таратып көрсету)

X

X

X

2.

Мүлік:

2.1

ақша:
ұлттық валютада, оның ішінде:
шетел валютасындағы банк шоттарындағы қолма-қол ақша, оның ішінде:
банк шоттардағы қолма-қол ақша

X

X

X

X

X

X

X

X

X

X

X

X

X

X

X

2.2

бағалы қағаздар (эмитенттің атауын көрсете отырып), оның ішінде жай акциялар, артықшылықты акциялар, облигациялар

2.3

қаржы ұйымының ірі қатысушысына тиесілі акциялар санының ұйымдардың (атауын көрсету) дауыс беретін акцияларының немесе олардың оның ішінде Қазақстан Республикасы резиденті еместерінің жарғылық капиталына қатысу үлесінің (пайызбен) жалпы санына арақатынасы

X

2.4

жылжымайтын мүлік (атауын және орналасқан жерін көрсете отырып)

2.5

басқа мүлік (таратып көрсету)

2n

X

X

X

3.

Барлық міндеттемелер бойынша берешек

X

X

X

3.1

өтелмеген қарыздар

X

X

X

3.2

қарыздар бойынша мерзімі өткен берешек

X

X

X

3.3

міндеттемелер бойынша басқа да берешек (таратып көрсету)

X

X

X

3n

X

X

X

Осы ақпаратты тексергенімді және оның дәйекті әрі толық екенін
растаймын.
көрсетілетін қызметті алушы
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), баспа әріптерімен
толтырылады)
_____________________________________________________________________
                 (қолы)

                                                        Күні Мөр орны
                                                    (ол болған кезде)

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына   
10-қосымша      

«Сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – 3 (үш) ай ішінде:
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес күн) ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес күн) ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру туралы хатты не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының тиісті қаулысының көшірмесімен қоса көрсетілетін қызметті алушының атына жіберу.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда нәтиже электрондық нысанда ресімделеді және қағазға басылады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін жеке тұлға:
      1) еркін нысанда жасалған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар және жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер, қаржы ұйымының сатып алынатын акцияларының саны, олардың құны, қаржы ұйымының сатып алуға болжанатын акциялары санының тиісінше сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылық берілген және сатып алынғандар шегерілген) акцияларының санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтер көрсетілген өтініш;
      2) растайтын құжаттардың көшірмелерімен қоса сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын, оның ішінде акцияларды сатып үшін пайдаланылатын қаражат көздері мен қаражаттың сипатын қоса алғанда, бұрын сатып алынған акцияларын сатып алудың талаптары мен тәртібі туралы мәліметтер.
      Мыналар:
      кәсіпкерлік, еңбек немесе басқа да ақы төленетін қызметтен алынған кірістер;
      көрсетілетін қызметті алушының құжаттамамен расталған ақшалай жинақтары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көзі болып табылады.
      Осы тармақшаның екінші бөлігінде көрсетілген қаражат көздеріне қосымша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сатып алатын акцияларының құнынан жиырма бес пайыздан аспайтын мөлшерде сыйға тарту, ұтыс, өтеусіз алынған мүлікті сатудан түскен кіріс түрінде алынған ақша пайдаланылуы мүмкін.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сыйға тарту түрінде алынған мүлік есебінен сатып алған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы сыйға тартушы және сыйға тартушыда аталған мүліктің пайда болу көздері туралы мәліметтерді ұсынады;
      3) көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін білдіру тапсырылатын көрсетілетін қызметті алушының өкіліне (болған кезде) берілген сенімхатты;
      4) көрсетілетін қызметті алушы ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімін және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;
      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайы ықтимал нашарлаған жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үстеме капиталдандыру жоспары;
      6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес білімі туралы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса алғанда, көрсетілетін қызметті алушы туралы қысқаша деректерді;
      7) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді:
      азаматтығы берілген елдің тиісті мемлекеттік органы, ал азаматтығы жоқ адамдар үшін – олардың тұрақты тұратын елі берген алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығын растайтын (шетелдік азаматтар үшін) құжат (көрсетілген құжаттың берілген күні өтініш берілген күннің алдындағы үш айдан аспауға тиіс);
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасында көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері;
      8) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді, сондай-ақ оның барлық міндеттемелері бойынша орын алып отырған берешегі туралы ақпаратты;
      9) Қазақстан Республикасының резиденті емес-жеке тұлға тұратын елдің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу осы елдің заңнамасында рұқсат етілгені туралы жазбаша растауын не тиісті мемлекеттің көрсетілетін қызметті берушінің аталған құрылтайшының мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы өтініші.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғасы:
      1) еркін нысанда жасалған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер, заңды мекенжайы (орналасқан жері), қаржы ұйымының сатып алынатын акцияларының саны, олардың құны, қаржы ұйымының сатып алуға болжанатын акциялары санының тиісінше сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылық берілген және сатып алынғандар шегерілген) акцияларының санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтер көрсетілген өтінішті;
      2) көрсетілетін қызметті алушының жоғарғы органының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмесін;
      3) заңды тұлға акцияларының он немесе одан көп пайызын (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) иеленген (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп), сондай-ақ шарт негізінде немесе өзгеше түрде осы заңды тұлғаның шешімін айқындауға немесе бақылауға мүмкіндігі бар тұлғалар туралы мәліметтерді және растайтын құжаттарды;
      4) көрсетілетін қызметті алушының үлестес тұлғаларының тізімін;
      5) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
      6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес білімі туралы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса алғанда, көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді;
      7) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;
      8) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін, көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;
      9) соңғы аяқталған екі қаржы жылының аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржылық есептілікті, сондай-ақ тиісті өтінішті ұсынар алдындағы соңғы аяқталған тоқсанның қаржылық есептілігін;
      10) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленгеннен кейінгі көрсетілетін қызметті алушының және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының болжамды есеп айырысу балансын қоса алғанда, ірі қатысушы мәртебесін иеленудің қаржылық салдарын талдауды, іс-шаралар жоспары мен ұйымдық құрылымды қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін сату, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қайта ұйымдастыру немесе оның қызметі немесе оны басқаруға айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының жоспарларын және ұсыныстарын, егер олар бар болса, табыс етеді.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес-заңды тұлға:
      1) еркін нысанда жасалған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер, заңды мекенжайы (орналасқан жері), қаржы ұйымының сатып алынатын акцияларының саны, олардың құны, қаржы ұйымының сатып алуға болжанатын акциялары санының тиісінше сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылық берілген және сатып алынғандар шегерілген) акцияларының санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтер көрсетілген өтінішті;
      2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында және осы тармақтың екінші бөлігінің 2), 3), 4), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер және құжаттар;
      3) «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 26-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі тағайындаған заңды тұлғаның кредиттік рейтингі туралы мәліметтерді.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес-қаржы ұйымы осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген құжаттарға қосымша көрсетілетін қызметті алушының орналасқан елінің қаржылық қадағалау органынан көрсетілетін қызметті алушы осы елдің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті екендігі туралы жазбаша растаманы не көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының мұндай рұқсат осы елдің заңнамасы бойынша талап етілмейтіндігі туралы мәлімдемесін ұсынады.
      Сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес-қаржы ұйымы мынадай құжаттарды:
      1) осы тармақтың үшінші және төртінші тармақшасында аталған мәліметтер мен құжаттарды;
      2) көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органынан алынатын, Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауды;
      3) көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге жазбаша рұқсатын (келісімін) не тиісті мемлекеттің көрсетілетін қызметті берушінің аталған мемлекеттің заңнамасы бойынша осындай рұқсат (келісім) талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін.
      Көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлға бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесіне келісімді бірмезгілде алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) еркін нысанда жасалған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар және банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуді алғысы келетін қаржы ұйымдарының атаулары көрсетілген өтінішті;
      2) растайтын құжаттармен қоса көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлғаға меншік құқығында тиесілі мүлік құнынан аспайтын мөлшерде қаржы ұйымдарының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері мен қаражаттың сипаттамасын қоса алғанда, тиісті қаржы ұйымының акцияларын сатып алудың шарттары мен талабы туралы мәліметтер;
      3) көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін білдіру тапсырылатын көрсететін қызметті алушының өкіліне сенімхат (болған кезде);
      4) ірі қатысушы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімі және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері;
      5) көрсетілетін қызметті алушы қаржы ұйымдарын қайта қаржыландыру жоспарына сәйкес ірі қатысушы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын және (немесе) болғысы келетін көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелері есепке алына отырып жасалған қаржы ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауы мүмкін болған жағдайларда әрбір қаржы ұйымы бойынша үстеме қаржыландыру жоспары;
      6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы туралы қысқаша деректер;
      7) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтер;
      8) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес салық органдары немесе жеке тұлғаның тұратын еліндегі өзге уәкілетті тұлғалар куәландырған кірісі және мүлкі туралы мәліметтер;
      9) Қазақстан Республикасының резиденті емес-жеке тұлға тұратын елдің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын банктің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу осы елдің заңнамасында рұқсат етілгені туралы жазбаша растауын не тиісті мемлекеттің көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілген құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы өтініші.
      Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлға болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісімді бірмезгілде алу үшін мынадай құжаттарды:
      1) тиісті қаржы ұйымының акцияларын сатып алу туралы көрсетілетін қызметті алушының жоғары органы шешімінің көшірмесін;
      2) заңды тұлғалардың акцияларының он немесе одан көп пайызын (жарғылық капиталына қатысу үлесінің) иеленген (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп), сондай-ақ шарт негізінде немесе өзгеше түрде осы заңды тұлғаның шешімін айқындауға немесе бақылауға мүмкіндігі бар тұлғалар туралы мәліметтерді және растау құжаттарын;
      3) көрсетілетін қызметті алушының үлестес тұлғаларының тізімін;
      4) осы тармақтың алтыншы бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
      5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес басшы қызметкерлер туралы қысқаша деректерді;
      6) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін, көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;
      7) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;
      8) аудиторлық ұйым куәландырған аяқталған соңғы екі қаржы жылының жылдық қаржылық есептілігін, сондай-ақ тиісті өтініш берер алдында аяқталған соңғы тоқсанның қаржылық есептілігін;
      9) көрсетілетін қызметті алушының және тиісті қаржы ұйымдарының болжамды есеп айырысу балансын қоса алғанда, тиісті қаржы ұйымдарының ірі қатысушысы мәртебесін иеленудің қаржылық салдарының талдауын, егер олар бар болса, іс-шаралар жоспары мен ұйымдық құрылымды қоса алғанда, көрсетілетін қызметті алушының тиісті қаржы ұйымдарының активтерін сату, қайта ұйымдастыру немесе тиісті қаржы ұйымдарының қызметіне немесе басқаруға айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлары мен ұсыныстарын ұсынады.
      Қазақстан Республикасының резиденті емес-заңды тұлға болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленуге бірмезгілде келісім алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы тармақтың алтыншы бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында және осы тармақтың жетінші бөлігінің 1), 2), 3), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
      2) Заңның 26-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі берген заңды тұлғаның кредиттік рейтингі туралы мәліметтерді.
      Қазақстан Республикасының резиденті емес-қаржы ұйымы болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленуге бірмезгілде келісім алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы тармақтың сегізінші бөлігінде көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
      2) көрсетілетін қызметті алушы шыққан елдің қаржылық қадағалау органынан көрсетілетін қызметті алушының осы елдің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті екені туралы жазбаша растаманы не көрсетілетін қызметті алушы шыққан елдің қаржылық қадағалау органының осы елдің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін.
      Сақтандыру холдингінің мәртебесін иеленуге келісім алу үшін осы тармақтың екінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттар ұсынылады.
      Орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды қоспағанда) акциялардың жиырма бес немесе одан көп пайызын иелену үлесімен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге ниетті жеке тұлғалар, сондай-ақ сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге ниетті заңды тұлғалар Заңның 26-бабында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерге қосымша қойылатын талаптарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін, жақын арадағы бес жылға арналған бизнес-жоспарды ұсынады.
      Бизнес-жоспарда төмендегілермен шектелмей, мынадай ақпарат қамтылады:
      қаржы ұйымының мақсаттары мен міндеттерінің және көрсетілетін қызметтер түрлерінің сипаты;
      қаржы ұйымының қызметін талдау (сыртқы және ішкі ортаны талдау);
      қаржы ұйымы қызметінің жақын арадағы бес қаржы (операциялық) жылына арналған даму стратегиясы және масштабтары;
      жақын арадағы бес қаржы (операциялық) жылына арналған толық жылдық қаржылық жоспары (негізгі қаржылық көрсеткіштердің есебі, бюджет, бухгалтерлік баланс, пайда және зиян туралы есеп, бизнес-жоспарды қаржыландыру көздері мен көлемдері);
      жақын арадағы бес қаржы (операциялық) жылына арналған тәуекелдерді басқару жоспары (қаржы ұйымының қызметін жүзеге асыруға байланысты тәуекелдердің сипаты және оларды басқару тәсілдері);
      жақын арадағы бес қаржы (операциялық) жылына арналған еңбек ресурстарын тарту жоспары.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайы нашарлауы мүмкін жағдайлардағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үстеме капиталдандыру жоспарында мынадай ақпарат болады:
      қаржы ұйымының ағымдағы жай-күйін бағалау;
      қаржы ұйымын қаржылық сауықтыру жөніндегі
      іс-шаралардың (шығыстарды төмендету жөніндегі шаралар, қаржы ұйымының меншікті капиталын пруденциялық нормативтер және басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттер орындалатын мөлшерге дейін қалпына келтіруге бағытталған қосымша қаржылық салымдар (ақша салымының сомаларын және көздерін көрсете отырып), қосымша кірістер алу жөніндегі іс-шаралар және басқа іс-шаралар) егжей-тегжейлі сипаттамасы;
      қаржы ұйымын қаржылық сауықтыру жөніндегі іс-шараларды орындаудың күнтізбелік мерзімдері;
      сауықтыру іс-шараларының болжанған экономикалық әсері (пруденциялық нормативтердің өзгеру серпіні, қаржы ұйымының меншікті капиталы мөлшерінің өзгеруі, қаржы ұйымының қаржылық және өзге де көрсеткіштерінің өзгеруі).
      Егер көрсетілетін қызметті алушы банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі не басқа қаржы ұйымының ірі қатысушысы болған жағдайда, онда көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылатын үстеме капиталдандыру жоспары осы қаржы ұйымының үстеме капиталдандыру жоспарына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелері ескеріле отырып жасалады.
      Өтініште көрсетілетін қызметті алушы онымен бірлесіп қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы болуды болжап отырған тұлғалардың және акцияларды (жарғылық капиталдардағы қатысу үлестері) иеленуді қаржы ұйымының акцияларын жанама иелену арқылы (дауыс беру) жүзеге асыратын тұлғалардың тізімі көрсетіледі.
      Осы тармақта көрсетілген құжаттарды осы құжаттардың мазмұны өзгерген не олардың қолданылу мерзімі аяқталған жағдайларды қоспағанда, оларды көрсетілетін қызметті берушіге бұрын тапсырған тұлғалар ұсынбайды. Бұл ретте, көрсетілетін қызметті берушіге өзгерістер енгізілген немесе қолданылу мерзімдері аяқталған құжаттар ғана ұсынылады. Қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иелену туралы өтініште көрсетілетін қызметті берушіге бұрын тапсырылған құжаттар туралы (шығыс құжаттың нөмірі, күні) мәліметтер, сондай-ақ оларды ұсыну негізі көрсетіледі.
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) электрондық сұрау салуға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында (Қазақстан Республикасының резиденттері үшін), екінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында, алтыншы бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында, жетінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында, он бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар қоса беріледі.
      Жеке басты куәландыратын, алынбаған және өтелмеген соттылығының жоқтығын растайтын құжаттардың, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      10. Мыналар:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмауы не ұсынылған құжаттардың осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген талаптарға сай келмеуі;
      2) мына талаптардың сақталмауы (жеке тұлғаға немесе көрсетілетін қызметті алушы – заңды тұлғаның басшы қызметкерлеріне қатысты):
      көрсетілетін қызметті алушының мінсіз іскерлік беделінің болмауы;
      көрсетілетін қызметті алушы бұрын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқармасының бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері, ірі қатысушы - жеке тұлғасы, ірі қатысушысы (сақтандыру холдингі) – заңды тұлғаның бірінші басшысы болып табылған жағдайда жүзеге асырылады. Көрсетілген талап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;
      көрсетілетін қызметті алушыдан өзге қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымында болған кезеңінде басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған жағдайда жүзеге асырылады. Аталған талап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшы қызметкерді лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімі қабылданғаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады;
      3) көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жағдайының тұрақсыздығы;
      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жай-күйі ықтимал нашарлаған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын үстеме капиталдандырудың ұсынылған жоспардың тиімсіз болуы;
      5) көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлғада, көрсетілетін қызметті алушы - заңды тұлғаның басшы қызметкерінде мінсіз іскерлік беделінің болмауы;
      6) көрсетілетін қызметті алушы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иелену нәтижесінде монополияға қарсы заңнама талаптарының бұзылуы;
      7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иелену бойынша мәміледе иеленуші тарап тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін, оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлға (оның ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылатын жағдайлар;
      8) көрсетілетін қызметті алушы - қаржы ұйымы өзі тұрған елде шоғырландырылған негізде қадағалануға жатқызылмаған жағдайда;
      9) Қазақстан Республикасының резиденті емес-сақтандыру тобына қатысушылар орналасқан елдің заңнамасы олардың және сақтандыру тобының осы Заңда көзделген талаптарды орындауына мүмкіндік бермейтіндігіне байланысты сақтандыру тобына шоғырландырылған қадағалау жүргізу мүмкін болмауы;
      10) көрсетілетін қызметті алушының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына және сақтандыру холдингтеріне қойылатын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өзге де талаптарды сақтамауы;
      11) көрсетілетін қызметті алушының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық ахуалының нашарлауын болжайтын сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуінің қаржылық салдарын талдау;
      12) көрсетілетін қызметті алушы-Қазақстан Республикасының резиденті емес-қаржы ұйымында шыққан елінің заңнамасы аясында қаржылық қызметті жүзеге асыру өкілеттіктерінің болмауы;
      13) көрсетілетін қызметті алушы-Қазақстан Республикасының резиденті емес-заңды тұлғада тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайтын халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірінің қажетті ең төменгі рейтингісінің болуы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының он немесе одан көп пайызын тікелей иеленуді немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының он немесе одан көп пайызын тікелей иеленетін немесе талап етілетін ең төменгі рейтингі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен дауыс беру мүмкіндігі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес-заңды тұлғаның акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену (дауыс беру) арқылы жанама иеленуді көздейтін Қазақстан Республикасының резиденті емес-заңды тұлға үшін талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, көрсетілген рейтингінің болмауы;
      14) көрсетілетін қызметті алушы бұрын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімдер қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының ірі қатысушысы - жеке тұлғасы не ірі қатысушысы-заңды тұлғасының бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылса не болып табылған жағдайда.
      Аталған талап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл ішінде қолданылады;
      15) көрсетілетін қызметті алушы-заңды тұлға орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнамасының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шоғырландырылған қадағалау талаптарына сәйкес келмеуі;
      16) Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымдары болып табылатын ірі қатысушылар-заңды тұлғалар және сақтандыру холдингтері бойынша – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органның және көрсетілетін қызметті алушының резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органдары арасында ақпарат алмасуды көздейтін келісімінің болмауы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz. ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы
мәртебесін иеленуге келісім беру»  
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша                

Көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлға, көрсетілетін қызметті
алушы заңды тұлғаның басшы қызметкері туралы қысқаша деректер
___________________________________________________________________
(қаржы ұйымының атауы)

1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
_____________________________________________________________________
2. Азаматтығы
_____________________________________________________________________
3. Атауы және жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері
_____________________________________________________________________
4. Жұмыс орны (орындары), лауазымы (лауазымдары)
_____________________________________________________________________
5. Пошталық мекенжайы және (немесе) жұмыс орнының тұрған жері,
байланыс телефоны
_____________________________________________________________________
6. Жұбайы, жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі,
қарындасы, балалары) және жекжаттары (жұбайының (зайыбының)
ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, қарындасы, балалары) туралы
мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Туған жылы

Туыстық қатынасы

Жұмыс орны және лауазымы

Заңды тұлғалардың атауын көрсете отырып, жарғылық капиталға қатысу сомасы/ сатып алған акцияларының құны (мың теңге)

Осы тұлғаға тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның дауыс беруші акцияларының жалпы санына арақатынасы немесе оның жарғылық капиталға қатысу үлесі % (пайызбен)

Дара иелену

Бірлесіп иелену

жанама

пайыз

жанама

Заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

1

2

7. Білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен күні – аяқтаған күні

Мамандығы

Білімі туралы диплом деректері (нөмірі, сериясы және берілген күні), біліктілігі

Оқу орнының орналасқан жері (білім туралы диплом берген оқу орнының орналасқан елі/қаласы)

8. Соңғы үш жылда біліктілігін арттыру жөніндегі
семинарлардан, курстардан өткендігі туралы мәліметтер:

Ұйымның атауы

Өткізілген күні және орны

Сертификат деректері (нөмірі және сериясы)

9. Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

Жұмыс кезеңі

Жұмыс орны

Лауазымы

Тәртіптік жазаның болуы

Лауазымнан босату себептері

10. Жарияланымдары, ғылыми әзірлемелері және басқа жетістіктері:
_____________________________________________________________________
Осы ақпаратты тексергенімді және дәйекті әрі толық екендігін
растаймын.
Көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлға
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), баспа әріптерімен
толтырылады)
_____________________________________________________________________
                       қолы
Көрсетілетін қызметті алушы - заңды тұлғаның атқарушы органының
бірінші басшысы
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), баспа әріптерімен
толтырылады)
_____________________________________________________________________
                          қолы

Күні
                                                             Мөр орны
                                                    (ол болған кезде)

«Сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы
мәртебесін иеленуге келісім беру»  
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша                 

Көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлғаның, көрсетілетін
қызметті алушы - заңды тұлғаның басшы қызметкерінің мінсіз
іскерлік беделі туралы мәліметтер

      1. Алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы туралы
мәліметтер (Қазақстан Республикасының резидент еместері үшін):

Күні

Сот органының атауы

Соттың тұрған орны

Жаза түрі

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы

Соттың іс жүргізуге шешім қабылдаған күні

1

2

3

4

5

6

      2. Көрсетілетін қызметті алушы ірі қатысушы не басшы қызметкер
болып табылған кезеңде заңды тұлғаның қаржылық жағдайының нашарлау
немесе банкроттық фактілерінің болуы:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      3. Қаржы ұйымымен үлестес болуы (болмауы):
_____________________________________________________________________
         (ия (жоқ), үлестес болу белгілерін көрсету керек)
      4. Осы мәселеге қатысы бар басқа ақпарат:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Осы ақпаратты тексергенімді және оның дәйекті әрі толық екендігін

толтырылады)______________

Көрсетілетін қызметті алушының кірісі және мүлкі туралы,
сондай-ақ барлық міндеттемелері бойынша берешегінің болуы
туралы ақпарат

1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
_____________________________________________________________________
2. Атауы және жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері
_____________________________________________________________________
            (сериясы, нөмірі, кім және қашан берді)
3. Жарғылық капиталда есеп беретін тұлға ірі қатысушы болып табылатын
қаржы ұйымының атауы
_____________________________________________________________________
4. Заңды мекенжайы және (немесе) тұрғылықты жері
_____________________________________________________________________
5. Үй телефоны_______________________________________________________
Жұмыс телефоны ______________________________________________________
6. Есепті кезең _____________________________________________________
7. Кірісі және мүлкі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының барлық
міндеттемелері бойынша берешегі туралы ақпарат

Атауы

Өлшем бірлігі

Өткен есепті кезеңде

Есепті кезеңде

Есепті кезеңдегі өзгерістер

Саны

Кіріс сомасы (қарыздар) Актив құны (теңге)

Саны

Кіріс сомасы (қарыздар) Актив құны (теңге)

Саны

Кіріс сомасы (қарыздар) Актив құны (теңге)

1.

Есепті кезеңде алынған кірістері:

X

X

X

1.1

еңбекақы

X

X

X

1.2

ұйымның жарғылық капиталына (акциялар) қатысу үлесінен дивидендтер және кіріс

X

X

X

1.3

салымдар бойынша сыйақы

X

X

X

1.4

мүлікті жалға тапсырудан түскен кіріс

X

X

X

1.5

кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс

X

X

X

1.6

мүлікті сатудан түскен кіріс

X

X

X

1.7

кірістің басқа түрлері (таратып көрсету)

X

X

X

2.

Мүлік:

2.1

ақша:
ұлттық валютада, оның ішінде:
шетел валютасындағы банк шоттарындағы қолма-қол ақша, оның ішінде:
банк шоттардағы қолма-қол ақша

X

X

X

X

X

X

X

X

X

X

X

X

X

X

X

2.2

бағалы қағаздар (эмитенттің атауын көрсете отырып), оның ішінде жай акциялар, артықшылықты акциялар, облигациялар

2.3

қаржы ұйымының ірі қатысушысына тиесілі акциялар санының ұйымдардың (атауын көрсету) дауыс беретін акцияларының немесе олардың оның ішінде Қазақстан Республикасы резиденті еместердің жарғылық капиталына қатысу үлесінің (пайызбен) жалпы санына арақатынасы

X

2.4

жылжымайтын мүлік (атауын және орналасқан жерін көрсете отырып)

2.5

басқа мүлік (таратып көрсету)

2n

X

X

X

3.

Барлық міндеттемелер бойынша берешек

X

X

X

3.1

өтелмеген қарыздар

X

X

X

3.2

қарыздар бойынша мерзімі өткен берешек

X

X

X

3.3

міндеттемелер бойынша басқа да берешек (таратып көрсету)

X

X

X

3n

X

X

X

Осы ақпаратты тексергенімді және оның дәйекті әрі толық екендігін
растаймын.
көрсетілетін қызметті алушы
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), баспа әріптерімен
толтырылады)
_____________________________________________________________________
                                                  (қолы)

Күні

                                                             Мөр орны
                                                    (ол болған кезде)

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына    
11-қосымша      

«Инвестициялық портфельді басқарушының iрi қатысушысы
мәртебесін иеленуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Инвестициялық портфельді басқарушысының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) ай ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру туралы хатты не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының  10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының тиісті қаулысының көшірмесімен қоса мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда нәтиже электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      жеке тұлға:
      1) еркін нысанда жасалған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинау мен өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар және жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер, қаржы ұйымының сатып алынатын акцияларының саны, олардың құны, қаржы ұйымының сатып алуға болжанатын акциялары санының тиісінше инвестициялық портфельді басқарушының орналастырылған (артықшылық берілген және сатып алынғандар шегерілген) акцияларының санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтер көрсетілген өтінішті;
      2) инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын, оның ішінде бұрын сатып алынған акцияларын сатып алудың, растайтын құжаттарды көшірмесімен қоса акцияларды сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері мен қаражаттың сипатын қоса алғанда, сатып алу талаптары мен тәртібі туралы мәліметтерді ұсынады.
      Мыналар:
      кәсіпкерлік, еңбек немесе басқа да ақы төленетін қызметтен алынған кірістер;
      көрсетілетін қызметті алушының құжаттамамен расталған ақшалай жинағы инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алуға пайдаланылатын қаражат көзі болып табылады.
      Осы тармақшаның екінші бөлігінде көрсетілген қаражат көздеріне қосымша инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алу үшін инвестициялық портфельді басқарушының сатып алатын акцияларының құнынан жиырма бес пайыздан аспайтын мөлшерде сыйға тарту, ұтыс, өтеусіз алынған мүлікті сатудан түскен кіріс түрінде алынған ақша пайдаланылуы мүмкін.
      Инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сыйға тарту түрінде алынған мүлік есебінен сатып алған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы сыйға тартушы туралы және сыйға тартушыда аталған мүліктің пайда болу көздері туралы мәліметтерді ұсынады;
      3) көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін білдіру тапсырылатын көрсетілетін қызметті алушының өкіліне (ол болған кезде) берілген сенімхатты;
      4) өзі ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімін және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;
      5) инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық ахуалының ықтимал нашарлауы жағдайында оны немесе ұйымды үстеме капиталдандыру жоспарында мынадай ақпарат болады:
      қаржы ұйымының ағымдағы жай-күйін бағалау;
      қаржы ұйымын қаржылық сауықтыру жөніндегі іс-шаралардың (шығыстарды төмендету жөніндегі шаралар, қаржы ұйымының меншікті капиталын пруденциялық нормативтер және басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттер орындалатын мөлшерге дейін қалпына келтіруге бағытталған қосымша қаржылық салымдар (ақша салымының сомаларын және көздерін көрсете отырып), қосымша кірістер алу жөніндегі іс-шаралар және басқа іс-шаралар) егжей-тегжейлі сипаттамасы;
      қаржы ұйымын қаржылық сауықтыру жөніндегі іс-шараларды орындаудың күнтізбелік мерзімдері;
      сауықтыру іс-шараларының болжанған экономикалық әсері (пруденциялық нормативтердің өзгеру серпіні, қаржы ұйымының меншікті капиталы мөлшерінің өзгеруі, қаржы ұйымының қаржылық және өзге де көрсеткіштерінің өзгеруі).
      Егер көрсетілетін қызметті алушы банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі не басқа қаржы ұйымының ірі қатысушысы болған жағдайда, онда көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылатын үстеме капиталдандыру жоспары осы қаржы ұйымының үстеме капиталдандыру жоспарына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелері ескеріле отырып жасалады;
      6) білімі, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса алғанда, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушы туралы қысқаша деректер;
      7) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес мыналар қоса берілетін көрсетілетін қызметті алушының мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтер:
      құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепті жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган анықтама нысанында берген, алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауын растайтын құжат (көрсетілген құжаттың берілген күні өтініш беру күнінен бұрын үш айдан аспауға тиіс). Шетел азаматтары олардың азаматтық алған елінің тиісті мемлекеттік органы, ал азаматтығы жоқ тұлғалар - олардың тұрақты мекендейтін елі берген ұқсас мазмұндағы құжатты қосымша береді;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасында көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері;
      8) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының кірісі мен мүлкі туралы мәліметтерді, сондай-ақ оның барлық міндеттемелері бойынша орын алып отырған берешегі туралы ақпаратты.
      Қазақстан Республикасының резиденті емес-жеке тұлға инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардан басқа, Қазақстан Республикасының резиденті емес-жеке тұлға тұратын елдің тиісті мемлекеттік органының осы елдің заңнамасында Қазақстан Республикасының резиденті инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын иеленуге рұқсат етілгені туралы жазбаша растауын не тиісті мемлекеттің көрсетілетін қызметті берушінің мұндай рұқсат аталған құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін табыс етеді.
      Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлға:
      1) еркін нысанда жасалған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар өтінішті;
      2) көрсетілетін қызметті алушы органының инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын иелену туралы шешімінің көшірмесін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының үлестес тұлғаларының тізімін;
      3) заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызын иеленетін (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп), сондай-ақ шарттың күшіне қарай осы заңды тұлғаның шешімдерін айқындауға не өзгеше түрде бақылауға мүмкіндігі бар тұлғалар туралы мәліметтерді және растайтын құжаттарды;
      4) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
      5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес білімі туралы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса алғанда, көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді;
      6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша басшы қызметкерлердің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;
      7) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін, көрсетілетін қызмет алушының ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызмет алушының ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;
      8) аяқталған соңғы екі қаржы жылының аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржылық есептілігін, сондай-ақ тиісті өтінішті табыс ету алдындағы аяқталған соңғы тоқсанның қаржылық есептілігін;
      9) ірі қатысушы мәртебесін иемденгеннен кейін көрсетілетін қызмет алушының және инвестициялық портфельді басқарушының болжамды есеп айырысу балансын қоса алғанда, осындай мәртебені иеленудің қаржылық салдарының талдауын, көрсетілетін қызметті алушының жоспарлары мен ұсыныстарын табыс етеді.
      Қазақстан Республикасының резиденті емес-заңды тұлға:
      1) еркін нысанда жасалған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар өтінішті;
      2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында және үшінші бөлігінің 2), 5), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
      3) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 72-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін көрсетілетін қызметті беруші белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі берген заңды тұлғаның кредиттік рейтингі туралы мәліметтерді;
      4) көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес-заңды тұлғаның инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге жазбаша рұқсатын (келісімін) не тиісті мемлекеттің көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілген мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат (келісім) талап етілмейтіндігі туралы мәлімдемесін табыс етеді;
      Қазақстан Республикасының резиденті емес-қаржы ұйымы инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін мынадай құжаттарды:
      1) еркін нысанда жасалған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинау мен өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар өтінішті;
      2) осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
      3) көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының көрсетілетін қызметті алушы осы елдің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметін жүзеге асыруға уәкілетті екендігі туралы жазбаша растауын не көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының осы елдің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін табыс етеді.
      Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иеленуге ниет білдірген, өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес-қаржы ұйымы осы тармақта белгіленген құжаттардан басқа, көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес-қаржы ұйымының шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауын табыс етеді.
      Орналастырылған акциялардың (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес немесе одан көп пайызын иелену үлесімен инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге ниет білдіруші тұлғалар осы бапта көрсетілген құжаттар мен мәліметтерге қосымша, қойылатын талаптарын көрсетілетін қызметті беруші белгілейтін жақын арадағы бес жылға арналған бизнес-жоспарды табыс етеді.
      Бизнес-жоспар, төмендегілермен шектелмей мынадай ақпаратты қамтиды:
      қаржы ұйымының мақсаттары мен міндеттерін және көрсетілетін қызметтердің түрлерін сипаттау;
      қаржы ұйымының қызметін талдау (сыртқы және ішкі ортаны талдау);
      жақын арадағы бес қаржы (операциялық) жылына арналған қаржы ұйымы қызметінің даму стратегиясы және масштабтары;
      жақын арадағы бес қаржы (операциялық) жылының егжей-тегжейлі жылдық қаржылық жоспары (негізгі қаржылық көрсеткіштердің есебі, бюджет, бухгалтерлік баланс, пайда мен зиян туралы есеп,бизнес-жоспарды қаржыландыру көздері мен көлемдері);
      тәуекелдерді басқару жоспары (қаржы ұйымының қызметін жүзеге асыруға байланысты тәуекелдердің сипаты және жақын арадағы бес қаржы (операциялық) жылға арналған оларды басқару тәсілдері);
      жақын арадағы бес қаржы (операциялық) жылына арналған еңбек ресурстарын тарту жоспары.
      Көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлға бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісімді бірмезгілде алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) еркін нысанда жасалған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісімі бар және жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер, қаржы ұйымының сатып алынатын акцияларының саны, олардың құны, қаржы ұйымының сатып алуға болжанатын акциялары санының тиісінше инвестициялық портфельді басқарушының орналастырылған акцияларының санына (артықшылық берілген және сатып алынған акциялар шегерілген) және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтер көрсетілген, қаржы ұйымдарының атаулары, ол алуға ниеттенген банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесі көрсетілген өтініш;
      2) растайтын құжаттардың қосымшасымен меншік құқығындағы көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлғаға тиесілі мүлік құнынан аспайтын мөлшерде қаржы ұйымдарының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын көздер мен қаражаттың сипаттамасын қоса алғанда, тиісті қаржы ұйымының акцияларын сатып алудың шарттары мен талабы туралы мәліметтер;
      3) көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін білдіру тапсырылатын көрсететін қызметті алушының өкіліне сенімхат (болған кезде);
      4) ірі қатысушы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімі және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері;
      5) көрсетілетін қызметті алушы қаржы ұйымдарын қайта қаржыландыру жоспарына сәйкес ірі қатысушы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын және (немесе) болғысы келетін көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелері есепке алына отырып жасалған қаржы ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауы мүмкін болған жағдайларда әрбір қаржы ұйымы бойынша қайта қаржыландыру жоспары;
      6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы туралы қысқаша деректер;
      7) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтер;
      8) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес салық органдары немесе жеке тұлғаның тұратын еліндегі өзге уәкілетті тұлғалар куәландырған кірісі және мүлкі туралы мәліметтер;
      9) Қазақстан Республикасының резиденті емес-жеке тұлға тұратын елдің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын банктің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу осы елдің заңнамасында рұқсат етілгені туралы жазбаша растауын не тиісті мемлекеттің көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілген құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша осындай рұқсат талап етілмейтіні туралы өтініші.
      Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлға болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісімді бірмезгілде алу үшін мынадай құжаттарды:
      1) тиісті қаржы ұйымының акцияларын сатып алу туралы көрсетілетін қызметті алушының жоғары органы шешімінің көшірмесін;
      2) заңды тұлғаның акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлесінің) он немесе одан көп пайызын иеленген (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп), сондай-ақ шарт негізінде немесе өзгеше түрде осы заңды тұлғаның шешімін айқындауға немесе бақылауға мүмкіндігі бар тұлғалар туралы мәліметтерді және растау құжаттарын;
      3) көрсетілетін қызметті алушының үлестес тұлғаларының тізімін;
      4) осы тармақтың тоғызыншы бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
      5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес басшы қызметкерлер туралы қысқаша деректерді;
      6) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін, көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;
      7) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;
      8) аудиторлық ұйым куәландырған аяқталған соңғы екі қаржы жылының қаржылық есептілігін, сондай-ақ тиісті өтініш берер алдында аяқталған соңғы тоқсанның қаржылық есептілігін;
      9) ірі қатысушы мәртебесін иеленгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушының тиісті қаржы ұйымдарының болжамды есеп айырысу балансын қоса алғанда, осындай мәртебені иеленудің қаржылық салдарының талдауын, іс-шаралар жоспарын және ұйымдық құрылымды қоса алғанда, егер осындайлар бар болса, көрсетілетін қызметті алушының тиісті қаржы ұйымдарының активтерін сату, тиісті қаржы ұйымдарының қызметін қайта ұйымдастыру немесе оны басқаруға айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлары мен ұсыныстарын ұсынады.
      Қазақстан Республикасының резиденті емес-заңды тұлға болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге бірмезгілде келісім алу үшін мынадай құжаттарды:
      1) осы тармақтың тоғызыншы бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында және осы тармақтың оныншы бөлігінің 1), 2), 3), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
      2) Заңның 72-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі тағайындаған заңды тұлғаның кредиттік рейтингі туралы мәліметтерді ұсынады.
      Қазақстан Республикасының резиденті емес-қаржы ұйымы болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге бірмезгілде келісім алу үшін мынадай құжаттарды:
      1) осы тармақтың он бірінші тармақшасында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
      2) көрсетілетін қызметті алушы шыққан елдің қаржылық қадағалау органынан көрсетілетін қызметті алушының осы елдің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті екені туралы жазбаша растаманы не көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының осы елдің заңнамасы бойынша осындай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы өтінішті ұсынады.
      Осы тармақта көрсетілген құжаттарды осы құжаттардың мазмұны өзгерген не осындай құжаттардың мерзімі аяқталған жағдайларды қоспағанда оларды көрсетілетін қызметті берушіге бұрын тапсырған тұлғалар ұсынбайды. Бұл ретте, көрсетілетін қызметті берушіге өзгерістер енгізілген немесе қолдану мерзімдері аяқталған құжаттары ғана ұсынылады. Қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иелену туралы өтініште көрсетілетін қызметті берушіге бұрын тапсырылған құжаттар туралы (шығыс құжаттың нөмірі, күні) мәліметтер, сондай-ақ оларды ұсыну негіздемесі көрсетіледі.
      Өтініште көрсетілетін қызметті алушы онымен бірлесіп қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы болуды болжап отырған тұлғалардың және акцияларды (жарғылық капиталдардағы қатысу үлестерін) иеленуді қаржы ұйымының акцияларын жанама иелену арқылы (дауыс беру) жүзеге асыратын тұлғалардың тізімі көрсетіледі.
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында, үшінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында, тоғызыншы бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында, оныншы бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға тіркеледі.
      Жеке басты куәландыратын, алынбаған және өтелмеген соттылықтың жоқ екендігін растайтын құжаттардың, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу  қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      10. Мыналар:
      1) көрсетілетін қызметті алушы-жеке тұлға не көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның басшы қызметкері:
      мінсіз іскерлік беделі болмағанда;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымы басқару органының бірінші басшысы, атқарушы органының бірінші басшысы (тіркеушінің атқарушы органының, трансфер-агенттің функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) және оның орынбасары, бас бухгалтері, ірі қатысушысы-жеке тұлғасы, ірі қатысушысы-заңды тұлғасының бірінші басшысы болған адамдар көрсетілетін қызметті алушының (лицензиаттың) басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі қабылданғаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;
      лицензиаттың не өзге де қаржы қызметтерін көрсететін қаржы ұйымының басшы қызметкері лауазымында болған кезеңінде осы адамды басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарылып алынған адамдар лицензиаттың басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімді қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады.
      2) көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жағдайының тұрақсыздығы;
      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттардың табыс етілмеуі;
      4) көрсетілетін қызметті алушының инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуі нәтижесінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы талаптарының бұзылуы;
      5) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иелену жөніндегі мәміледе тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлға (оның ірі қатысушысы (ірі акционер) иеленуші тарап болып табылатын жағдайлар;
      6) көрсетілетін қызметті алушының Заңда белгіленген инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларына қойылатын өзге де талаптарды сақтамауы;
      7) көрсетілетін қызметті алушы - қаржы ұйымы өзі орналасқан елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын жағдайлар;
      8) инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жай-күйінің нашарлайтынын болжайтын, көрсетілетін қызметті алушының инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуінің қаржылық салдарына жасалған талдау;
      9) көрсетілетін қызметті алушы - Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымында шыққан елінің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктердің болмауы;
      10) көрсетілетін қызметті алушы - Қазақстан Республикасының резиденті емес-заңды тұлғада көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк айқындайтын халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі қажетті рейтингінің болмауы;
      инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беруші акцияларының он немесе одан көп пайызын жанама иеленуді болжайтын немесе дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен дауыс беру мүмкіндігі бар инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы болып табылатын, талап етілетін ең төмен рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғаның акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену (олармен дауыс беру) арқылы инвестициялық портфельді басқарушысының орналастырылған акцияларының он немесе одан көп пайызын жанама түрде иеленуді немесе инвестициялық портфельді басқарушысының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен жанама түрде дауыс беруді көздейтін Қазақстан Республикасының резиденті емес-заңды тұлға үшін аталған рейтингтің болуы талап етілмейді.
      11) осы қордың немесе ұйымның қаржылық жай-күйінің ықтимал нашарлауы жағдайында инвестициялық портфельді басқарушыны қайта капиталдандырудың ұсынылған жоспарының тиімсіздігі;
      12) көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлғада, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы - заңды тұлғаның басшы қызметкерлерінде мінсіз іскерлік беделдің болмауы;
      13) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде тұлға бұрын ірі қатысушы-жеке тұлға не ірі қатысушы-заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған не табылатын жағдайлар мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады. Көрсетілген талап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Инвестициялық портфельді  
басқарушының iрi қатысушысы  
мәртебесін иеленуге келісім беру»
мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет стандартына     
1-қосымша          

Көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлға, көрсетілетін қызметті
алушы заңды тұлғаның басшы қызметкері туралы қысқаша деректер
___________________________________________________________________
(қаржы ұйымының атауы)

1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
_____________________________________________________________________
2. Азаматтығы
_____________________________________________________________________
3. Атауы және жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері
_____________________________________________________________________
4. Жұмыс орны (орындары), лауазымы (лауазымдары)
_____________________________________________________________________
5. Пошталық мекенжайы және (немесе) жұмыс орнының тұрған жері,
байланыс телефоны
_____________________________________________________________________
6. Жұбайы, жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі,
қарындасы, балалары) және жекжаттары (жұбайының (зайыбының)
ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, қарындасы, балалары) туралы
мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Туған жылы

Туыстық қатынасы

Жұмыс орны және лауазымы

Заңды тұлғалардың атауын көрсете отырып, жарғылық капиталға қатысу сомасы/ сатып алған акцияларының құны (мың теңге)

Осы тұлғаға тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның дауыс беруші акцияларының жалпы санына арақатынасы немесе оның жарғылық капиталға қатысу үлесі % (пайызбен)

Дара иелену

Бірлесіп иелену

тікелей

жанама

пайыз

Заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

1

2

7. Білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен күні аяқтаған күні

Мамандығы

Білімі туралы диплом деректері (нөмірі, сериясы және берілген күні), біліктілігі

Оқу орнының орналасқан жері (білім туралы диплом берген оқу орнының орналасқан елі/қаласы)

8. Соңғы үш жылдағы біліктілігін арттыру жөніндегі семинарлардан,
курстардан өткендігі туралы мәліметтер:

Ұйымның атауы

Өткізілген күні және орны

Сертификат деректері (нөмірі және сериясы)

9. Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

Жұмыс кезеңі

Жұмыс орны

Лауазымы

Тәртіптік жазалардың болуы

Лауазымнан босату себептері

10. Жарияланымдары, ғылыми әзірлемелері және басқа жетістіктері:
_____________________________________________________________________
Осы ақпаратты тексергенімді және оның дәйекті әрі толық екенін
растаймын.
Көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлға
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), баспа әріптерімен
толтырылады)
_____________________________________________________________________
                                    қолы

Көрсетілетін қызметті алушы - заңды тұлғаның атқарушы органының
бірінші басшысы
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), баспа әріптерімен
толтырылады)
_____________________________________________________________________
                                     қолы

Күні

                                                             Мөр орны
                                                    (ол болған кезде)

«Инвестициялық портфельді басқарушының
iрi қатысушысы мәртебесін иеленуге 
келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына        
2-қосымша              

Көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлғаның, көрсетілетін
қызметті алушы - заңды тұлғаның басшы қызметкерінің мінсіз
іскерлік беделі туралы мәліметтер

      1. Алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы туралы
мәліметтер (Қазақстан Республикасының резидент еместері үшін):

Күні

Сот органының атауы

Соттың тұрған орны

Жаза түрі

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы

Соттың іс жүргізуге шешім қабылдаған күні

1

2

3

4

5

6

      2. Көрсетілетін қызметті алушы ірі қатысушы не басшы қызметкер
болып табылған кезеңде заңды тұлғаның қаржылық жағдайының нашарлау
немесе банкроттық фактілерінің болуы:
__________________________________________________________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      3. Қаржы ұйымымен үлестес болуы (болмауы):
_____________________________________________________________________
         (ия (жоқ), үлестес болу белгілерін көрсету керек)

      4. Осы мәселеге қатысы бар басқа ақпарат:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Осы ақпаратты тексергенімді және оның дәйекті әрі толық екенін
растаймын.
Көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлға
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), баспа әріптерімен
толтырылады)__________________
                 (қолы)

Көрсетілетін қызметті алушы - заңды тұлғаның атқарушы органының
бірінші басшысы
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), баспа әріптерімен
толтырылады)
______________________________________
          қолы

Күні

                                                            Мөр орны
                                                    (ол болған кезде)

«Инвестициялық портфельді басқарушының
iрi қатысушысы мәртебесін иеленуге
келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына         
3-қосымша               

Көрсетілетін қызметті алушының кірісі және мүлкі туралы,
сондай-ақ барлық міндеттемелері бойынша берешегінің болуы
туралы ақпарат

1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
_____________________________________________________________________
2. Атауы және жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері
_____________________________________________________________________
            (сериясы, нөмірі, кім және қашан берді)

3. Жарғылық капиталда есеп беретін тұлға ірі қатысушы болып табылатын
қаржы ұйымының атауы
_____________________________________________________________________
4. Заңды мекенжайы және (немесе) тұрғылықты жері
_____________________________________________________________________
5. Үй телефоны_______________________________________________________
Жұмыс телефоны
_____________________________________________________________________
6. Есепті кезең _____________________________________________________
7. Кірісі және мүлкі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының барлық
міндеттемелері бойынша берешегі туралы ақпарат

Атауы

Өлшем бірлігі

Өткен есепті кезеңде

Есепті кезеңде

Есепті кезеңдегі өзгерістер

Саны

Кіріс (берешек) сомасы Актив құны (теңге)

Саны

Кіріс (берешек) сомасы Актив құны (теңге)

Саны

Кіріс (берешек) сомасы Актив құны (теңге)

1.

Есепті кезеңде алынған кірістері:

X

X

X

1.1

еңбекақы

X

X

X

1.2

ұйымның жарғылық капиталына (акциялар) қатысу үлесінен дивидендтер және кіріс

X

X

X

1.3

салымдар бойынша сыйақы

X

X

X

1.4

мүлікті жалға тапсырудан түскен кіріс

X

X

X

1.5

кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс

X

X

X

1.6

мүлікті сатудан түскен кіріс

X

X

X

1.7

кірістің басқа түрлері (таратып көрсету)

X

X

X

2.

Мүлік:

2.1

ақша:
ұлттық валютада, оның ішінде:
шетел валютасындағы банк шоттарындағы қолма-қол ақша, оның ішінде:
банк шоттардағы қолма-қол ақша

X

X

X

X

X

X

X

X

X

X

X

X

X

X

X

2.2

бағалы қағаздар (эмитенттің атауын көрсете отырып), оның ішінде жай акциялар, артықшылықты акциялар, облигациялар

2.3

қаржы ұйымының ірі қатысушысына тиесілі акциялар санының ұйымдардың (атауын көрсету) дауыс беретін акцияларының немесе олардың оның ішінде Қазақстан Республикасы резиденті еместердің жарғылық капиталына қатысу үлесінің (пайызбен) жалпы санына арақатынасы

X

2.4

жылжымайтын мүлік (атауын және орналасқан жерін көрсете отырып)

2.5

басқа мүлік (таратып көрсету)

2n

X

X

X

3.

Барлық міндеттемелер бойынша берешек

X

X

X

3.1

өтелмеген қарыздар

X

X

X

3.2

қарыздар бойынша мерзімі өткен берешек

X

X

X

3.3

міндеттемелер бойынша басқа да берешек (таратып көрсету)

X

X

X

3n

X

X

X

Осы ақпаратты тексергенімді және оның дәйекті әрі толық екенін
растаймын.
көрсетілетін қызметті алушы
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), баспа әріптерімен
толтырылады)
_____________________________________________________________________
                                  (қолы)

Күні

                                                             Мөр орны
                                                    (ол болған кезде)

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына   
12-қосымша     

«Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі(бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) және көрсетілетін қызметті алушыға ілеспе хатпен жіберілетін көрсетілетін қызметті алушының оны тіркегені туралы белгісі бар (жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеген кезде) акциялар шығарылымы проспектісінің бір данасы не осы мемлекеттік көрсетілетін стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының не тиісті сенімхат негізінде қол қою құқығы берілген адамның қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру кестесі – 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар өтініш (өтініште (ілеспе хатта) Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер тізілімі ұстаушысының мемлекетте осы көрсетілетін қызметті алушы акцияларының бар (жоқ) екендігі туралы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мөртабан бедері болған кезде қарауға қабылданады);
      2) көрсетілетін қызметті алушының құрылтай жиналысының (жалғыз құрылтайшысының шешiмi) немесе акционерлерiнің жалпы жиналысының (бүкіл дауыс беретiн акцияға ие акционердiң шешiмi) жарияланған акциялар шығарылымы туралы шешiмі бар хаттамасының көшiрмесi;
      3) жарғының көшiрмесi;
      4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Acrobat Reader форматында электрондық жеткізгіштегі мемлекеттік тілде және орыс тілінде (қоғамның қаржылық есептілігінсіз) және қағаз жеткізгіштегі екi данада акциялар шығарылымының проспектiсiмен бірге тігілген:
      көрсетілетін қызметті алушы ұйымдастырылмаған нарықта акцияларды сатып алған кезде олардың құнын анықтау әдiстемесi;
      көрсетілетін қызметті алушының таза кірісін бөлу тәртібі;
      эмитенттің соңғы екi қаржы жылындағы аудиторлық есептермен расталған жылдық қаржылық есептілігінің көшірмелерімен, сондай-ақ аудиторлық есептердің және эмитенттің есептік саясатының көшірмелері. Егер еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда аудиторлық есеппен расталған шоғырландырылған қаржылық есептіліктің көшірмесі ұсынылады. Егер еншілес ұйым (ұйымдар) болмаған жағдайда аудиторлық есеппен расталған жеке қаржылық есептіліктің көшірмесі ұсынылады. Осы абзацтың талаптары жаңадан құрылған эмитенттердің акциялар шығарылымының проспектісіне қолданылмайды;
      акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсынудың алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша эмитенттің қаржылық есептілігінің көшірмелері. Егер еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің көшірмесі ұсынылады. Егер еншілес ұйым (ұйымдар) болмаған жағдайда жеке қаржылық есептіліктің көшірмесі ұсынылады. Құжаттарды ұсынудың алдындағы соңғы тоқсаннан кейінгі айдың 25-не дейін акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсынған жағдайда, акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсынудың соңғының алдындағы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша эмитенттің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің көшірмесі (еншілес ұйым (ұйымдар) болмаған жағдайда) жекелеген қаржылық есептілік) ұсынылады;
      акционерлік инвестициялық қор құрылтайшыларының жалпы жиналысы не жалғыз құрылтайшысы бекіткен инвестициялық декларациясын (акционерлік инвестициялық қорлар үшін) ұсынады.
      Осы тармақшада көрсетілген құжаттармен бірге тігілген акциялар шығарылымының проспектiсi (мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі), нөмірленген және тiгiлген парақтардың саны туралы жазба жасалатын қағаз пломбамен бекiтiледi және көрсетілетін қызметті алушы мөрiнiң (ол болған кезде) таңбасы қойылады.
      Акциялар шығарылымының проспектiсiндегi мәлiметтер акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшiн құжаттарды тапсырудың алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша көрсетiлетiн көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жай-күйі туралы ақпаратты (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасының 4 және 5-тарауларында көрсетiлетiн) қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсыру күнiнiң алдындағы айдың соңғы күнiне келтіріледі, ол акциялар шығарылымы проспектiсiнің ажырамас бөлігі болып табылатын, акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылатын қаржылық есептілікке сәйкес көрсетіледі.
      Ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап 1 маусым аралығындағы кезеңде аяқталған қаржы жылы үшiн қаржылық есептіліктің аудиторлық есебі болмаған жағдайда қоғам көрсетілетін қызметті берушіге соңғы аяқталған жылдың алдындағы екi жылдың қаржылық есептілігін және көрсетілген кезеңнің қаржылық есептілігінің аудиторлық есебін ұсынады. Аяқталған қаржы жылының аудиторлық есебі мен қаржылық есептілігін қоғам «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жылдық қаржылық есептілік бекітілген күннен бастап бір айдың ішінде ұсынады.
      Акциялар шығарылымы проспектісінің екi данасының әрқайсысында осы тармақшада көрсетілген мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі құжаттар (қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді қоспағанда) болады;
      5) құрылтайшылардың жарғылық капиталдың ең аз мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерде акцияларды алдын ала төлегенін растайтын құжаттардың көшiрмелерiн (акцияларды алғаш рет шығаруды жүзеге асыратын жаңадан құрылған қоғамдар үшiн);
      6) акционерлік инвестициялық қордың басқарушы компаниямен (болған кезде), кастодианмен және тіркеушімен (акционерлік инвестициялық қор акцияларының шығарылымын мемлекеттік тіркеген кезде) шарттардың жобаларын ұсынады.
      Тұрақтандыру банкі жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды ұсынады. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көрсетілген акциялар шығарылымының проспектiсi акциялардың құнын анықтау әдiстемесiн, көрсетілетін қызметті алушының таза кірісін бөлу тәртібін, қаржылық есептiлiкті, есеп саясатын қоспай ұсынылады.
      Көрсетілетін қызметті алушы қайта ұйымдастыру жолымен құрылған кезде көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында аталған құжаттардан басқа:
      1) бірігу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде – қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған күнге дейін кемінде бір жыл бұрын жасалған, тиісті лицензиясы бар бағалаушы дайындаған қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың мүлкін бағалау туралы есептің (меншік капиталының мөлшерін көрсете отырып), тапсыру актісінің, бірігу туралы шарттың көшірмелерін;
      2) қосылу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде – қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған күнге дейін кемінде бір жыл бұрын жасалған, тиісті лицензиясы бар бағалаушы дайындаған қосылатын қоғамның мүлкін бағалау туралы есептің (меншік капиталының мөлшерін көрсете отырып), қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданардың алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша қосылу жүзеге асырылатын қоғамның аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігінің, тапсыру актісінің, қосылу туралы шарттың көшірмелерін;
      3) бөлу және бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастырылған кезде – қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған күнге дейін кемінде бір жыл бұрын жасалған, тиісті лицензиясы бар бағалаушы дайындаған бөлу не бөліп шығару нәтижесінде туындайтын, қоғамдардың жарияланған акцияларын төлеу үшін берілетін мүлікті бағалау туралы есептің, бөлу балансының көшірмелерін;
      4) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен қайта құру жолымен қайта ұйымдастырған кезде – қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған күнге дейін кемінде бір жыл бұрын жасалған, тиісті лицензиясы бар бағалаушы дайындаған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мүлкіндегі қатысушының (қатысушылардың) үлесін (үлестерін) бағалау туралы есептің, шешім қабылданған күнгі қаржылық есептіліктің, тапсыру актісінің көшірмелерін;
      5) мемлекеттік кәсіпорыннан қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылған кезде – қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған күнге дейін кемінде бір жыл бұрын жасалған, тиісті лицензиясы бар бағалаушы дайындаған мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін бағалау туралы есептің (меншік капиталының мөлшерін көрсете отырып), шешім қабылданған күнгі қаржылық есептіліктің және тапсыру актісінің көшірмелерін ұсынады.
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында, үшінші бөлігінің 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса беріледі.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға мына жағдайлар:
      1) егер көрсетілетін қызметті алушы шығарылымды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды тапсыру талаптары мен тәртібін бұзса;
      2) құжаттарды қарау процесінде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкессіздігінің анықталуы негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Жарияланған акциялар    
шығарылымын мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына     
1-қосымша         

Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, жарғылық капиталына
мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың тізілімін ұстаушының
мөртабандары бедерлерінің үлгілері

МЕМЛЕКЕТ ҚАТЫСАТЫН

Республикалық бөлімше

20 ___ ж. «____»_____________

№ ___________________________

Оператор: __________________

МЕМЛЕКЕТ ҚАТЫСАТЫН

XX Филиал

20 ___ ж.
«____»_______________

№ _______________________

Оператор: _______________

МЕМЛЕКЕТ ҚАТЫСПАЙТЫН

Республикалық бөлімше

20 ___ ж. «____»________

№ ______________________

Оператор: ______________

МЕМЛЕКЕТ ҚАТЫСПАЙТЫН

XX Филиал

20 ___ ж. _______________

№ __________________

Оператор:

«Жарияланған акциялар   
шығарылымын мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет стандартына    
2-қосымша       

Акциялар шығарылымының проспектісі

      Акциялар шығарылымы проспектісінің мәтіні акционерлік қоғамның қаржы жағдайы мен акционерлік қоғам қызметі туралы ақпараттан тұрады.
      1. Акциялар шығарылымының проспектісінің титул парағында:
      1) құжаттың атауы: «Акциялар шығарылымының проспектісі»;
      2) қоғамның толық және қысқарған атауы;
      3) «Көрсетілетін қызметті берушінің жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу проспектісінде жазылған акцияларды сатып алуға қатысты инвесторларға қандай да бір ұсынымдар беруді білдіреді. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші осы құжатта қамтылған ақпараттың дұрыстығына жауап бермейді. Акциялар шығарылымының проспектісі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі үшін ғана қаралды. Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғасы осы проспектіде қамтылған ақпараттың дұрыстығына жауап береді және онда ұсынылған барлық ақпараттың дұрыстығын және қоғамға және оның орналастыратын акцияларына қатысты инвесторларды шатастырмайтындығын растайды» деген жазба болады.
      Акциялар шығарылымы проспектісінің мәтінінде мыналар қамтылған:

1. Акционерлік қоғам туралы жалпы мәліметтер

      2. Акционерлік қоғамның атауы.
      Осы тармақта акционерлік қоғамның толық және қысқартылған атауы көрсетілуі қажет.
      Егер акционерлік қоғамның жарғысында оның шет тілінде толық және қысқарған атауы көзделсе, онда осындай атауды қосымша көрсету керек.
      Акционерлік қоғамның атауы өзгерген жағдайда оның бұрынғы толық және қысқарған атаулары, сондай-ақ олардың өзгерген күнін көрсету керек.
      Егер акционерлік қоғам заңды тұлғаның (заңды тұлғалардың) қайта ұйымдасуы нәтижесінде құрылған болса, онда қайта ұйымдасқан заңды тұлға және акционерлік қоғамға қатысты құқықтық иеленушілік туралы мәлімет көрсетілуге тиісті.
      3. Акционерлік қоғамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәлімет.
      Осы тармақта акционерлік қоғамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні және куәліктің нөмірі, сондай-ақ оны мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған органның атауы көрсетілуі қажет.
      4. Акционерлік қоғамның тұрған жері, байланыс телефоны мен факстың нөмірі, электрондық поштаның мекенжайы туралы ақпарат.
      5. Акционерлік қоғамның банктік деректемелері.
      6. Акционерлік қоғам қызметінің түрлері.
      7. Акционерлік қоғамға немесе олар шығарған бағалы қағаздарға халықаралық рейтинг агенттіктері және (немесе) Қазақстан Республикасының рейтинг агенттіктері берген рейтингтердің болуы туралы мәлімет. Қаржы агенттігінің мәртебесі берілгендігі туралы мәлімет.
      8. Акционерлік қоғамның барлық филиалдары мен өкілеттіктерінің атауы, тіркелген күні, тұрған жері және пошталық мекенжайлары.
      9. Акционерлік қоғамның соңғы аяқталған үш қаржы жылдың қаржылық есебіне аудитті жүзеге асыратын (жүзеге асырған) аудиторлық ұйымдардың, олардың тиісті алқаларға (қауымдастықтарға, палаталарға) тиістілігін көрсете отырып, толық ресми атауын көрсету (аудитордың аты-жөні, әкесінің аты (ол болған кезде)).
      Тиісті алқаларға (қауымдастықтарға, палаталарға) тиістілігін көрсете отырып, соңғы аяқталған үш қаржы жыл ішінде тиісті қызмет көрсету шарттары жасалған заң және қаржы мәселелері жөніндегі консультанттардың толық ресми атауы.
      Егер жоғарыда аталған тұлғалардың шарттарды бұзуы орын алған жағдайда, тараптардың қайсысы бастамашы болғаны жөніндегі ақпаратты көрсете отырып, шарттың бұзылу себептері туралы ақпаратты ұсыну қажет.
      10. Қоғам корпоративтік басқару кодексін қабылдаған күні (егер оның қабылдануы қоғам жарғысында көзделген жағдайда).
      11. Акцияларды қоғам сатып алған кезде акциялар құнын айқындау әдістемесін акционерлердің жалпы жиналысы немесе құрылтай жиналысы бекіткен күн.

2. Қоғамның органдары және құрылтайшылары (акционерлері)

      12. Акционерлік қоғамның директорлар кеңесі.
      Осы тармақта:
      1) қоғамның директорлар кеңесі төрағасының және мүшелерінің аты-жөні, әкесінің аты (ол болған кезде), туған жылы (тәуелсіз директорды (директорларды) көрсете отырып);
      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың хронологиялық тәртіппен берілген соңғы үш жылда және қазіргі уақытта атқаратын лауазымы, оның ішінде қоса атқаратын қызметі және олардың қызметтеріне кірісу күні;
      3) директорлар кеңесі мүшелеріне тиесілі дауыс беретін акцияларының қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санына пайыздық арақатынасы;
      4) еншілес және тәуелді ұйымдардың директорлар кеңесі мүшелеріне тиесілі акциялардың (жарғылық капиталдағы үлесінің) осы ұйымдардың орналастырылған акцияларының (жарғылық капиталдағы үлесінің) жалпы санымен пайыздық арақатынасы;
      5) соңғы екі жыл ішіндегі директорлар кеңесі құрамының өзгеруі және көрсетілген өзгерістердің себептері.
      13. Қоғамның директорлар кеңесінің комитеттері (болған жағдайда).
      Осы тармақта қоғамның директорлар кеңесі комитетінің (комитеттерінің) атауы (атаулары), оның (олардың) құзыреті көрсетілуге тиісті.
      14. Тұрақтандыру банкі банкті басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын уәкілетті тұлғаны (уәкілетті тұлғаларды) көрсетеді.
      15. Ішкі аудит қызметі (болған кезде).
      Осы тармақта:
      1) акционерлік қоғамының ішкі аудит қызметі басшысының аты-жөні, әкесінің аты (ол болған кезде), туған жылы не ішкі аудит қызметі әр қызметкерінің аты-жөні, әкесінің аты (ол болған кезде), туған жылы;
      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың өкілеттіктерін көрсете отырып хронологиялық тәртіппен соңғы үш жылда және қазіргі уақытта атқаратын лауазымы, оның ішінде қоса атқаратын қызметі және олардың қызметтеріне кірісу күні көрсетілуге тиісті.
      16. Акционерлік қоғамның алқалы (жеке дара) атқарушы органы.
      Осы тармақта:
      1) акционерлік қоғамның жеке дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның аты-жөні, әкесінің аты (ол болған кезде) не акционерлік қоғамның алқалы атқару органының әрбір мүшесінің, оның ішінде басқарма төрағасының аты-жөні, әкесінің аты (ол болған кезде);
      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың өкілеттіктерін көрсете отырып хронологиялық тәртіппен соңғы үш жылда және қазіргі уақытта атқаратын лауазымы, оның ішінде қоса атқаратын қызметі және олардың қызметтеріне кірісу күні;
      3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға тиесілі дауыс беретін акциялардың қоғамның дауыс беретін акциялардың жалпы санына пайыздық арақатынасы.
      17. Қоғамның осы проспектісінің 12 және 16-тармақтарында көрсетілген тұлғаларға соңғы қаржы жылында төленген және берілген сыйақы мен жалақының, сондай-ақ жеңілдіктердің жалпы сомасы.
      Егер, акционерлік қоғам акциялар шығару туралы шешім қабылданған күнге дейін үш және одан да көп айда құрылған жағдайда, сыйақының (ақшалай, бағалы қағаздармен немесе қандай да бір басқа нысанда) және соңғы үш айда осы Қосымшаның 12 және 16-тармақтарында көрсетілген тұлғалардың (тұлғалардың тобы ретінде) акционерлік қоғамнан алған жалақысының жалпы мөлшерін көрсету қажет.
      18. Акционерлік қоғамның ұйымдық құрылымы.
      Осы тармақта:
      1) акционерлік қоғамның құрылымдық бөлімшелері;
      2) акционерлік қоғам қызметкерлерінің, оның ішінде акционерлік қоғам филиалдары мен өкілеттіктері қызметкерлерінің жалпы саны;
      3) акционерлік қоғамның акцияларын иеленетін акционерлік қоғамның қызметкерлерінің жалпы саны және олардың пайызбен орналастырылған акциялардың жалпы санындағы жиынтық үлесі;
      4) акционерлік қоғам бөлімшелерінің басшылары туралы мәлімет (аты-жөні, әкесінің аты (ол болған кезде), туған жылы);
      5) филиалдар мен өкілдіктердің басшылары туралы мәлімет (аты-жөні, әкесінің аты (ол болған кезде), туған жылы).
      19. Акционерлік қоғамның құрылтайшылары (акционерлері).
      Осы тармақта құрылтайшы (құрылтайшылар) алдын ала төлеген акциялар саны және түрі (түрлері) немесе қоғамның орналастырылған акцияларының он немесе одан да көп пайызын иеленетін акционерлерге тиесілі дауыс беретін акциялардың пайыздық арақатынасы көрсетіледі. Егер акционер заңды тұлға болып табылған жағдайда, осы заңды тұлғаның жарғылық капиталында қатысу үлестерінің он және одан да көп пайызын иеленетін ірі акционерлері не қатысушылары туралы мәліметтер көрсетіледі.
      Мәліметтерде жеке тұлға - акционердің немесе құрылтайшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған жылы және заңды тұлға - акционердің немесе құрылтайшының толық атауы, орналасқан жері, қоғамның орналастырылған акцияларының он және одан да көп пайызын иелену басталған күні болуға тиісті.
      20. Қоғам ірі акционері болып табылатын не ұйымның жарғылық капиталында он және одан да көп пайызымен үлесі бар ұйымдар туралы мәліметтер.
      Мәліметтерде заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері, қоғамға, ұйымның орналастырылған акцияларының жалпы санына акциялардың (жарғылық капиталдағы үлесі) пайыздық арақатынасы, қызмет түрі, қоғамның ірі акционер бола бастаған не ұйымның жарғылық капиталында он және одан да көп пайызы үлесімен иелене бастаған күні және бірінші басшысы туралы ақпарат болуға тиісті.
      21. Қоғам қатынасатын өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы ақпарат.
      Осы тармақта көрсетілген ұйымдардың толық және қысқартылған атауы, орналасқан жері көрсетілуге тиісті.
      22. Акционерлік қоғамның басқа үлестес тұлғалары туралы мәлімет.
      Осы тармақта осы Қосымшаның 12-18-тармақтарында көрсетілмеген, бірақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес акционерлік қоғамның үлестес тұлғалары болып табылатын барлық тұлғалар туралы мәліметтерді оларды үлестес тұлғаларға жатқызу үшін негіздерді көрсете отырып үлестестігі туындай бастаған күнін көрсету қажет.
      23. Қоғамның үлестес тұлғаларымен жасалатын мәмілелер.
      Осы тармақта осы шешімді қабылдаған қоғамның органын көрсете отырып қоғамның үлестес тұлғаларымен жасалған мәмілелер туралы ақпаратты; мәміленің жасалған күні; мәміленің тараптары болып табылатын заңды тұлғаның атауын және (немесе) жеке тұлғаның аты-жөнін, әкесінің атын (ол болған кезде); мәміле сомасын және мәнін көрсету қажет.

3. Акционерлік қоғам қызметінің сипаты

      24. Акционерлік қоғам қызметінің негізгі түрлерінің қысқаша сипаты, акционерлік қоғамдарға бәсекелес болып табылатын ұйымдар туралы мәліметтер.
      25. Акционерлік қоғам қызметінің негізгі түрлері бойынша сату(жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) кірістілігіне оң және теріс әсер ететін факторлар.
      26. Қоғамның қолындағы лицензиялар (патенттер) және олардың қолдану кезеңі, зерттеулер мен әзірлеуге, оның ішінде қоғам демейтін зерттеу әзірлеулеріне шығатын шығындар туралы ақпарат.
      27. Соңғы екі жыл немесе акционерлік қоғам нақты жұмыс істейтін кезең ішінде сатылған өнімдердің (орындалған жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) көлемі.
      Соңғы екі жыл ішіндегі немесе акционерлік қоғамның нақты жұмыс істеп отырған кезеңі ішіндегі шығарылған өнімдерінің (орындалған жұмыс, қызмет) көлемінің өзгеруін талдау (мысалы, соңғы екі жыл ішінде өнімдерді өткізу 1 пайызға өсті, бұл 30 миллион теңгені құрайды).
      28. Қоғамның өз өнімін (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сату бойынша қызметі.
      Осы тармақта қоғамның тауарларын (жұмыстың, қызмет көрсетудің) тұтынушылары мен жеткізушілері туралы мәліметтерді олар шығаратын немесе тұтынатын тауарлардың (жұмыстың, қызмет көрсетудің) жалпы құнының бес және одан астам пайызын құрайтын көлемде көрсету қажет.
      29. Акционерлік қоғамның қызметіне әсер ететін факторлар:
      1) қызметтің маусымдық сипаты бар түрлері, олардың акционерлік қоғамның жалпы кірісіндегі үлесі;
      2) акционерлік қоғамға жеткізілетін (көрсетілетін) шикізаттағы (жұмыстардағы, қызмет көрсетулердегі) импорттың үлесі және сатылатын өнімнің жалпы көлеміндегі экспорттағы акционерлік қоғам сататын өнімнің (жұмыстың, қызмет көрсетудің) үлесі;
      3) сот процестеріндегі акционерлік қоғамның қатысуы туралы мәлімет. Оның қатысуымен сот процестері мәнінің сипаттамасын ұсыну қажет, оның нәтижелері бойынша акционерлік қоғамның қызметі тоқтатылуы немесе өзгеруі, одан ақшалай және өзге міндеттемелер өндіріліп алынуы мүмкін;
      4) акционерлік қоғамға және оның лауазымды тұлғаларына соңғы жыл ішінде уәкілетті мемлекеттік органдар және (немесе) сот тағайындаған барлық әкімшілік жазалар туралы мәліметтер;
      5) тәуекел факторлары.
      Тәуекелдердің мынадай толық талдауын ұсыну қажет, оның ішінде:
      бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында немесе биржадан тыс нарықта акциялардың бағасына, сондай-ақ нарықта өнім құнының өзгеруіне, қоғамның акцияларының құнына әсер ететін;
      инфляцияға, құнсыздануға және банктік пайыздардың мөлшерлемесіне байланысты;
      шығарылатын өнімнің бәсекелестік қабілетіне байланысты;
      елдегі саяси ахуалдың өзгеруіне және заңнаманың өзгеруіне байланысты;
      әлеуметтік факторларға байланысты.

4. Қоғамның қаржылық жай-күйі

      30. Инвестициялар.
      Басқа ұйымдардың капиталына ұзақ мерзімді инвестициялар, сатып алынған күнін көрсете отырып, бағалы қағаздар портфелінің құрылымы туралы мәліметтер, басқа инвестициялар ашылып көрсетіледі.
      Қоғамның инвестициялық портфельді басқару, басқа ұйымдардың атауы мен орналасқан жерін көрсете отырып, олардың капиталына қатысуы жөніндегі стратегияның қысқаша сипаттамасын келтіру қажет.
      31. Дебиторлық берешек.
      Осы тармақта:
      1) акционерлік қоғамның алдында ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қоғам активтерінің баланстық құнының бес және одан астам пайызы мөлшерінде дебиторлық берешегі бар ұйымдардың атауы және олардың орналасқан жері;
      2) дебиторлық берешекті өтеу мерзімдері жөніндегі ақпарат;
      3) жақын арадағы он екі ай ішінде өтелетін сомалар тоқсанға бөлінеді, қалған сомалар жылдарға бөлініп көрсетіледі.
      32. Активтер.
      Осы тармақта құны қоғам активтерінің баланстық құнының бес және одан астам пайызын құрайтын қоғам мүлкінің сипатын көрсету қажет. Сондай-ақ эмитент міндеттемелерінің қамтамасыз етуі болып табылатын және де әр активтің құны және тиісті шарттардың қолданысы аяқталған күні көрсетілген сенімгерлікпен басқаруға берілген эмитент активтері туралы мәліметтер көрсетілуге тиісті.
      33. Қоғамның жарғылық және меншікті капиталы туралы мәліметтер.
      34. Қарыздар.
      Осы тармақта қолданыстағы облигацияларды, банктік қарыздарды және кредиттік желілерді шығару туралы ақпарат ашылады. Қарыздар туралы ақпарат міндеттемелердің валюта бөлігінде және оларды орындау мерзімдері бойынша баяндалады. Валюта түрлері бойынша жылдық өлшемде орташа пайыздық мөлшерлеме, жақын арадағы он екі ай ішінде өтелетін сомалар тоқсанға бөлінеді, қалған сомалар жылдарға бөлініп көрсетіледі.
      35. Қоғамның негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты кредиторлық берешекте (жеткізушілер алдындағы берешек, алынған аванстар):
      1) қоғамның алдында қоғамның баланс активтері құнының бес және одан астам пайызы мөлшерінде берешегі бар ұйымдардың атауы және орналасқан жері және берешек сомасы көрсетіледі;
      2) кредиторлық берешектерді өтеу мерзімдері бойынша; жақын арадағы он екі ай ішінде өтелетін сомалар тоқсанға бөлінеді, қалған сомалар жылдарға бөлініп көрсетіледі.

5. Қаржы ұйымдарының қаржылық жағдайы

      36. Банкаралық қарыздар (банктер толтырады).
      Осы тармақта банкаралық қарыздар нарығындағы акционерлік қоғамдар позицияларының сипатын көрсету қажет.
      37. Салымдар (банктер толтырады).
      Осы тармақта депозиттік базаны сипаттау қажет, оның ішінде:
      1) заңды және жеке тұлғалардың салымдары бөлігінде және мерзімді салымдар мен талап ету бойынша салымдар бөлігіндегі салымдардың өсу серпіні;
      2) тартылған салымдардың валюта бөлігіндегі салымдар бойынша орташа сыйақылар;
      3) заңды және жеке тұлғалардың салымдары бойынша бөлек салымдардың уақытша құрылымы (кредиторлық берешектерді өтеу мерзімдері жақын арадағы он екі ай ішінде өтелетін сомалар тоқсанға, қалған сомалар жылдарға бөлініп көрсетіледі);
      4) соңғы үш жыл ішіндегі валюта түрлері бойынша салымдар бойынша бөлек дебет және кредит айналымдары.
      38. Шет мемлекет заңнамасына сәйкес облигациялардың қолданылып жүрген шығарылым құрылымының сипаттамасы (орналастырылған, өтелген және сатып алынған облигациялар саны, есептелген купондар, сондай-ақ соңғы үш жылдағы (мерзімінен бұрын өтелген) облигациялар туралы мәліметтер).
      39. Акционерлік қоғам активтерінің бес пайызынан астам қолданылып жүрген халықаралық қарыздардың (сомасы, өтеу кестесі, сыйақы мөлшері) шарттары туралы және соңғы үш жылдағы оның активтерінің бес пайызынан астам тартылған және орындалған халықаралық қарыздар туралы мәлімет.
      40. Акционерлік қоғамдағы басқа ұйымдардан алынған, олардың атауы, мекенжайы, кредит сомасы, сыйақы сомасы, өтелуі және мақсатты пайдаланылуы көрсетілген ашық кредиттік желілер туралы мәлімет.
      41. Қаржы нәтижелерін талдау.
      Осы тармақта соңғы екі жылдағы аса маңызды қаржы көрсеткіштеріне талдау келтіріледі: сатылған өнімдердің (көрсетілген жұмыстар, қызметтер) көлемі, таза кіріс, пайыздық және пайызсыз кірістер мен шығыстар. Аталған көрсеткіштердің таяудағы жылдағы орындалуы туралы болжам ұсынылады.
      42. Соңғы екі жылдағы кірістер мен шығыстардың құрылымы.
      43. Акционерлік қоғамның пікірі бойынша аса маңызды болып табылатын және қоғам қызметін сипаттайтын қаржы коэффициенттерінің есебі.
      44. Акциялар шығарылымының проспектісінің күніне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген пруденциялық нормативтер мен орындалуы міндетті басқа нормалар мен лимиттердің маңызы.
      45. Қоғамның акция шығару туралы шешімі қабылданғанға дейінгі соңғы алты ай ішінде берілген кепілдіктердің көлемі мен саны.
      46. Бұрын берілген кепілдіктер, сот талаптары нәтижесінде пайда болуы мүмкін акционерлік қоғамның ықтимал міндеттемелеріне қатысты өзге де ақпарат.

6. Бағалы қағаздардың шығарылымдары туралы мәліметтер
(акциялар шығарылымы «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан
Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңы қабылданғанға дейін
тіркелген қоғамдар үшін)

      47. Барлық тіркелген бағалы қағаздар шығарылымдарына қатысты:
      1) бағалы қағаздардың әрбір шығарылымының жалпы саны, түрі және әрбір шығарылымдағы бағалы қағаздың номиналдық құны, шығарылым нысаны, сондай-ақ бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған орган, бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу нөмірі және бағалы қағаздарды тіркеу күні. Акциялар шығарылымы жойылған жағдайда - жойылған күні және осы шешімді қабылдаудың себебі;
      2) бағалы қағаздарды орналастыру күнінің басталуы және аяқталуы;
      3) аукциондар немесе жазылымдар өткізу шарттары мен тәртібі туралы ішкі құжаттарды қабылдау күні;
      4) қоғамның бағалы қағаздар ұстаушыларының алдында өз міндеттемелерін орындамауы, облигациялар бойынша сыйақыларды төлемеуі (төлемді кешіктіруі), жай және артықшылықты акциялар бойынша төлемеуі (төлемді кешіктіруі), орындалмаған міндеттемелердің мөлшері және оларды орындаудың мерзімі өткен күні туралы ақпаратты әрбір жыл және акциялар түрі бөлігінде орындауды көрсетуді қоса алғандағы фактілер туралы мәліметтер. Дивидендтерді есептеу және төлеу бойынша берешектер болған жағдайда қоғамның аталған берешекті өтеу үшін қабылдаған шараларын көрсету;
      5) бағалы қағаздарды орналастыру немесе айналысқа жіберу уақытша тоқтатылған немесе бағалы қағаздар шығарылымы жарамсыз деп танылған жағдайларда осы шешімді қабылдаған мемлекеттік орган шешім қабылданған күнді және оның негіздемесін көрсетуге тиісті;
      6) облигациялар бойынша төлемдердің өтеу күні және жалпы мөлшері облигацияларды орналастыру нәтижесінде тартылған ақша сомасын көрсете отырып көрсетіледі;
      7) бір акцияға (жай, артықшылықты) есептелген және төленген дивидендтің сомасы және соңғы екі қаржы жылының ішіндегі әрбір жыл үшін әрбір акция түрі үшін дивидендтің жалпы сомасы;
      8) сауда-саттық ұйымдастырушыларының атауын қоса алғанда, қоғамның бағалы қағаздарымен сауданы ұйымдастыратын және ұйымдастырмайтын нарықтарында орналасқан бағалы қағаздар санын көрсеткендегі бағалы қағаздармен сауда жасалатын негізгі нарықтар.
      48. Егер қоғамның акциялары ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналыста болған жағдайда, жылдар бойынша бөле отырып соңғы аяқталған үш жыл үшін, тоқсан бойынша бөле отырып соңғы аяқталған екі жыл үшін, акциялар шығарылымының проспектісі шыққан күнінен бастап соңғы алты ай үшін акциялардың ең жоғары және ең төмен нарықтық бағасы туралы мәліметтерді көрсету қажет.
      Акциялардың баланстық құнының тарихы туралы ақпаратта жылдар бойынша бөле отырып соңғы аяқталған үш жыл үшін, тоқсан бойынша бөле отырып соңғы аяқталған екі жыл үшін, акцияларды орналастыру аяқталған күнге дейін соңғы алты ай үшін (айдың 1-не) акциялардың баланстық құны туралы мәліметтер болуға тиісті.

7. Жарияланған акцияларды шығару туралы мәлімет

      49. Акциялар туралы мәлімет:
      1) жарияланған акциялардың саны, түрлері;
      2) құрылтайшылар арасында орналастырылған (орналастырылатын) акциялардың саны, түрлері;
      3) құрылтайшылар төлейтін бір акцияның нақты құны;
      4) артықшылықты акциялар бойынша дивидендтің кепілдік берілген мөлшері.
      50. Тұрақтандыру банкінің жарияланған акцияларының саны, түрлері, номиналдық құны туралы мәліметтер (тұрақтандыру банкі толтырады).
      51. Қоғамның айырбасталатын бағалы қағаздары.
      Айырбасталатын акциялар шығарылған жағдайда осындай айырбастаудың тәртібі мен шарты көрсетіледі.
      52. Орналастырылған акциялардың санын өсіру (қоғам сатып алған акцияларды шегергенде) қоғамның орналастырылған акцияларын бір түрінен осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау.
      Орналастырылған акциялардың санын өсірген (қоғам сатып алған акцияларды шегергенде) қоғамның орналастырылған акцияларын бір түрінен осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастаған жағдайда, орналастырылған акциялардың санын өсіру (қоғам сатып алған акцияларды шегергенде) қоғамның орналастырылған акцияларын айырбастау тәртібі мен шарттары көрсетіледі.
      53. Төлем жасаушы агент туралы мәлімет.
      Төлем жасаушы агенттің атауын толық және қысқарған түрде беру, оның орналасқан жерін, байланыс телефонын, төлем жасаушы агентпен жасалған шарттың күні және нөмірін беру.
      54. Акционерлік қоғамның тіркеушісі туралы мәліметтер.
      Тіркеушінің толық және қысқартылған атауы, оның орналасқан жері, байланыс телефоны, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының тізілімін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясы (нөмірі, берілген күні, лицензияны берген орган) туралы деректерді көрсетеді.
      Тіркеушімен жасалған шарттың күні мен нөмірі.
      55. Акционерлік инвестициялық қор мыналарға:
      1) акционерлік инвестициялық қордың акцияларын сатып алуға өтінімді беру және орындау шарттары мен тәртібін;
      2) акционерлік инвестициялық қордың олардың мекен жайын және байланыс телефондарын (ол болған жағдайда) көрсете отырып акцияларды орналастыру және (немесе) сатып алу бойынша делдалдар тізбесін көрсетеді.

8. Қосымша ережелер

      56. Инвесторларға арналған ақпарат.
      Инвесторлардың қоғам жарғысының және акция шығару проспектісінің көшірмесімен, осы құжаттарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ қоғам қызметі туралы ақпаратты жариялау үшін пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралдарының атауы туралы мәліметтермен танысуға болатын орын туралы ақпарат қоғам жарғысына сәйкес көрсетіледі.
      57. Акцияларды шығару проспектісіне бірінші басшы, бас бухгалтер немесе олардың орнындағы адамдар қол қояды және қоғамның мөрімен куәландырылады.
      Тұрақтандыру банкінің акциялар шығарылымының проспектісіне уәкілетті органның шешіміне сәйкес тұрақтандыру банкін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға өкілеттік берілген тұлға қол қояды және қоғамның мөрімен расталады.
      Уәкілетті органның банктің акциялар шығарылымы проспектісіне «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-2-бабы негізінде жарияланған акциялардың саны өскен жағдайда енгізген өзгерістері мен толықтыруларына уәкілетті органның бірінші басшысы не оның орынбасары қол қояды және ол мөрмен расталады.
      58. Тұрақтандыру банкі акциялар шығарылымы проспектісінің 7891112131617181920212223272829303341424344454748495153-тармақтарын толтырмайды.

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына    
13-қосымша        

«Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын
мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі(бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде - күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
      Көрсетілетін қызметті алушы тіркелген облигациялық бағдарламаның шегінде облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынған құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші оларды ұсынған күннен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде қарауға тиіс.
      Облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тiркеудi көрсетілетін қызметті беруші облигациялық бағдарлама проспектiсiн алған күннен бастап күнтiзбелiк 14 (он төрт) күн iшiнде жүзеге асырады.
      Облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымын бірмезгілде тіркеумен облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тiркеудi көрсетілетін қызметті беруші оларды берген күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде қарауға тиіс.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) және көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына ілеспе хатпен жіберілетін, көрсетілетін қызметті берушінің оны мемлекеттік тіркегені туралы белгісі бар (мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеген кезде) облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарлама) немесе облигациялық бағдарлама шеңберіндегі облигациялар шығарылымының бір данасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының не тиісті сенімхат негізінде қол қою құқығы берілген адамның қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) еркін нысанда жасалған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар өтініш;
      2) көрсетілетін қызметті алушы органының облигациялардың шығарылымы, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу, облигацияларды орналастыру нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушы алған қаражатты пайдалану тәртібі, облигациялар шығарылымының көлемі, облигациялардың саны мен түрі, облигациялардың номиналды құны, облигацияларды ұстаушылардың құқықтары туралы мәліметтерді қамтитын облигациялар шығарылымы туралы шешімінің көшірмесі.
      Егер облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымының жүзеге асырылуына негіз болатын эмитенттің шешімі эмитент органы отырысының үзінді-көшірмесі нысанында ұсынылса, мұндай үзінді-көшірмеде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
      эмитенттің атқарушы органының толық атауы мен орналасқан жері;
      отырысты өткізу күні, уақыты және орны (отырысқа қатыса отырып өткізілген жағдайда);
      отырысқа қатысқан (сырттай дауыс беру жолымен шешім қабылдаған) тұлғалар туралы мәліметтер;
      отырыс кворумы;
      шешімдері облигациялардың (облигациялық бағдарламаның) шығарылымына әкелген отырыс күн тәртібінің мәселелері;
      облигациялардың (облигациялық бағдарламаның) шығарылымы жүзеге асырылатын дауысқа салуға шығарылған отырыс күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыс беру нәтижелері;
      облигациялардың (облигациялық бағдарламаның) шығарылымы жүзеге асырылатын мәселе бойынша қабылданған шешім.
      Эмитент жоғары органы шешімінің үзінді-көшірмесі жиналыс хатшысының (корпоративтік хатшының) қолымен және эмитент мөрінің бедерімен расталады. Эмитент басқару органының отырысы шешімінің үзінді-көшірмесі басқару органы хатшысының (корпоративтік хатшының) қолымен және эмитент мөрінің бедерімен расталады. Эмитент атқарушы органы шешімінің үзінді-көшірмесі эмитенттің бірінші басшысының (не оның орнындағы тұлғаның) қолымен және эмитент мөрінің бедерімен расталады.
      3) облигациялар шығарылымының проспектісі (облигациялық бағдарламаның проспектісі) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз жеткізгіште (мемлекеттік тілде және орыс тілінде) екі данада және Acrobat Reader форматындағы мемлекеттік тілдегі және орыс тілдегі электрондық жеткізгіште (қоғамның қаржылық есептілігінсіз). Екі дананың әрқайсысында облигациялар шығарылымының проспектісі (облигациялық бағдарламаның проспектісі) мемлекеттік тілде және орыс тілінде болады.
      Мыналар облигациялар немесе облигациялық бағдарлама шығарылымының ажырамас бөлігі болып табылады:
      аудиторлық есептермен расталған соңғы екі қаржы жыл үшін эмитенттің жылдық қаржылық есептілігі көшірмелері, сондай-ақ аудиторлық есептердің және эмитенттің есептік саясатының көшірмелері. Еншілес ұйым (ұйымдар) бар болған жағдайда аудиторлық есеппен расталған шоғырландырылған қаржылық есептіліктің үзінді-көшірмесі ұсынылады. Еншілес ұйым (ұйымдар) болмаған жағдайда аудиторлық есеппен расталған жеке қаржылық есептіліктің көшірмесі ұсынылады. Бұл абзацтың талаптары жаңа құрылған эмитенттердің облигациялары немесе облигациялық бағдарламасы шығарылымының проспектісіне таратылмайды;
      облигациялар немесе облигациялық бағдарлама шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша эмитенттің қаржылық есептілігінің көшірмелері. Еншілес ұйым (ұйымдар) бар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің үзінді - көшірмесі ұсынылады. Еншілес ұйым (ұйымдар) болмаған жағдайда жеке қаржылық есептіліктің көшірмесі ұсынылады. Құжаттарды облигациялар немесе облигациялық бағдарлама шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсыну алдындағы соңғы тоқсаннан кейінгі айдың
25-іне дейін ұсынған жағдайда, соңғы тоқсанның алдындағы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша эмитенттің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің (еншілес ұйым (ұйымдар) болмаған жағдайда жеке қаржылық есептілігінің) көшірмесі ұсынылады;
      облигацияларды ұстаушылар өкілдерімен жасалған шарттардың көшірмелері (облигациялық бағдарлама проспектісін қоспағанда);
      егер «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) талаптарында консультациялық қызметтер көрсететін ұйымдармен шарт жасасу көзделсе, ұйымдастырылмаған нарықта облигацияларды орналастыруды жоспарлап отырған эмитенттер үшін осындай ұйымдармен эмиссиялық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болу мәселелері бойынша жасалған шарттардың көшірмелері (облигациялық бағдарламалар проспектісін қоспағанда);
      жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған эмитенттер үшін эмитенттің кірісін оның қатысушылары арасында бөлу тәртібі.
      Жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа, концессиялық шарттың және кепіл шартының көшірмелері инфрақұрылымдық облигациялар шығарылымы проспектісінің ажырамас бөліктері болып табылады.
      Оригинатордың соңғы жыл үшін аудиторлық есебі, оригинатор мен арнайы қаржы компаниясы арасында жасалған секъюритилендірудің осы мәмілесі бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру шарты арнайы қаржы компаниясының облигациялар шығарылымы проспектісінің ажырамас бөлігі болып табылады.
      Облигациялар немесе облигациялық бағдарлама шығарылымының проспектісіндегі мәліметтер, облигациялар шығарылымы проспектісінің немесе облигациялық бағдарлама проспектісінің ажырамас бөлігі болып табылатын қаржылық есептілікке сәйкес көрсетілетін эмитенттің қаржылық жағдайы туралы ақпаратты (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1 және 3-қосымшаларының 5-тарауында көрсетілген) қоспағанда, уәкілетті органға құжаттарды тапсыру күнінің алдындағы айдың соңғы күніне сәйкес беріледі.
      Ағымдағы жылдың 1 қаңтары мен 1 маусымы аралығындағы кезеңде аяқталған қаржы жылы үшін аудит жасалған қаржылық есептілік болмаған жағдайда қоғам соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы екі жыл үшін аудит жасалған қаржылық есептілікті уәкілетті органға ұсынады (аяқталған қаржы жылы үшін аудит жасалған қаржылық есептілікті ұсынады (қоғам аяқталған қаржы жылы үшін аудит жасалған қаржылық есептілікті акционерлердің жалпы жиналысы аудит жасалған жылдық қаржылық есептілікті бекіткен күннен бастап бір ай ішінде ұсынады).
      Осы тармақтың талаптары дауыс беруші акцияларының жүз пайызын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі иеленетін екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның (бұдан әрі - екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым) облигациялар (облигациялық бағдарламалар) шығарылымына қолданылмайды.
      4) жарғының көшірмесі;
      5) инфрақұрылымдық, сондай-ақ банк кепілдігімен қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттар;
      6) егер көрсетілетін қызметті алушының облигациялар шығарылымы проспектісінде қор биржасының сауда жүйесінде осы облигациялардың айналымы көзделген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының және ол шығаратын облигациялардың қор биржасының тізіміне көрсетілетін қызметті алушы облигацияларын енгізуге және олардың тізімде болуына қойылатын талаптарға сәйкес келуі туралы қор биржасының қорытындысын, сондай-ақ қор биржасының листинг комиссиясының көрсетілетін қызметті алушының бағалы қағаздар шығарылымы проспектісіне инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті қосымша шектеулерді енгізу жөніндегі ұсынымдары;
      7) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облигациялар шығарылымы көрсетілетін қызметті алушы акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының алдын ала шешім қабылдауынсыз жүзеге асырылмайтын болса, облигациялар шығарылымы туралы шешім қабылданған акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысы хаттамасының көшірмесін (хаттамадан үзінді-көшірмені) және бұқаралық ақпарат құралдарының акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлама жарияланған бетінің көшірмесі.
      Көрсетілетін қызметті алушы агенттік облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттармен қатар 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес қаржы агенті ретінде экономика салаларында айқындалған мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға оның өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесін береді.
      Көрсетілетін қызметті беруші тіркеген облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін көрсетілетін қызметті алушы:
      1) еркін нысанда жасалған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар өтінішті;
      2) облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған проспектiсiн қағаз жеткізгіште екi данада және Acrobat Reader форматында (қоғамның қаржылық есептілігінсіз) электрондық жеткізгіште қазақ тілінде және орыс тiлiнде бір данадан ұсынады. Бұл ретте екі дананың әрқайсысында облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымының қазақ тіліндегі және орыс тiлiндегі проспектісі болады;
      Мыналар облигациялық бағдарлама шеңберінде облигациялар шығарылымы проспектісінің ажырамас бөлігі болып табылады:
      облигацияларды ұстаушылар өкілдерімен жасалған шарттардың көшірмелері;
      егер Заңның талаптарында консультациялық қызметтер көрсететін ұйымдармен шарт жасасу көзделсе, ұйымдастырылмаған нарықта облигацияларды орналастыруды жоспарлап отырған эмитенттер үшін, осындай ұйымдармен эмиссиялық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болу мәселелері бойынша жасалған шарттардың көшірмелері;
      облигациялық бағдарлама шеңберінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша эмитенттің қаржылық есептілігінің көшірмелері. Еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің үзінді-көшірмесі ұсынылады. Еншілес ұйым (ұйымдар) болмаған жағдайда жеке қаржылық есептіліктің көшірмесі ұсынылады. Құжаттарды облигациялық бағдарлама шеңберінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін, құжаттарды ұсыну алдындағы соңғы тоқсаннан кейінгі айдың 25-іне дейін ұсынған жағдайда, соңғы тоқсанның алдындағы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша эмитенттің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің (еншілес ұйым (ұйымдар) болмаған жағдайда жеке қаржылық есептілігінің) көшірмесі ұсынылады;
      3) көрсетілетін қызметті алушы органының облигациялар шығарылымы, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу, облигацияларды орналастыру нәтижесінде эмитент алған қаражатты пайдалану тәртібі, облигациялар шығарылымының көлемі, саны мен түрі, облигациялардың номиналдық құны, облигацияларды ұстаушылардың құқықтары туралы мәліметтер бар облигациялар шығарылымы туралы шешімінің көшірмесін ұсынады.
      Егер облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымының жүзеге асырылуына негіз болатын эмитенттің шешімі эмитент органы отырысы хаттамасының үзінді-көшірме нысанында ұсынылса, мұндай үзінді-көшірмеде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
      эмитенттің атқарушы органының толық атауы және орналасқан жері;
      отырыстың өткізілетін күні, уақыты және орны (отырысқа қатыса отырып өткізілген жағдайда);
      отырысқа қатысқан (сырттай дауыс беру жолымен шешім қабылдаған) адамдар туралы мәліметтер;
      отырыстың кворумы;
      отырыс күн тәртібінің облигациялар шығарылымы, орналастыруға, айналысқа жіберуге, өтеуге қатысты мәселелері;
      отырыс күн тәртібінің облигациялар шығарылымы, орналастыруға, айналысқа жіберуге, өтеуге қатысты, дауыс беруге қойылған әрбір мәселесі бойынша дауыс беру нәтижелері;
      облигациялардың шығарылымына, орналастыруға, айналысқа жіберуге, өтеуге қатысты мәселе бойынша қабылданған шешім.
      Эмитенттің жоғары органы шешімінің үзінді-көшірмесі жиналыс хатшысының қолымен және эмитент мөрінің (ол болған кезде) бедерімен расталады. Эмитенттің басқару органы отырысы шешімінің үзінді-көшірмесі басқару органы хатшысының (корпоративтік хатшының) қолымен және эмитент мөрінің бедерімен расталады. Эмитент атқарушы органы шешімінің үзінді-көшірмесі эмитенттің бірінші басшысының (не оның орнындағы тұлғаның) қолымен және эмитент мөрінің (ол болған кезде) бедерімен расталады.
      Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкала бойынша «ВВВ-» төмен емес ең төменгі кредиттік рейтингі не басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент емес көрсетілетін қызметті алушысы облигацияларының шығарылымын (шетел валютасында номинирленген облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді қоспағанда) мемлекеттік тіркеу үшін:
      1) еркiн нысанда жазылған өтiнiштi;
      2) көрсетілетін қызметті алушы органының облигациялар шығарылымы, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу, облигацияларды орналастыру нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушы алған қаражатты пайдалану тәртібі, облигациялар шығарылымының көлемі, облигациялардың саны мен түрі, облигациялардың номиналды құны, облигацияларды ұстаушылардың құқықтары туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі аудармаларын нотариатта куәландырылған облигациялар шығарылымы туралы шешімінің көшірмесін;
      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысанда қағаз жеткізгіште (мемлекеттік тілде және орыс тiлiнде) екi данада және Acrobat Reader форматында электрондық жеткізгіште (проспектінің электрондық нұсқасы көрсетілетін қызметті алушының қаржылық есептілігін қоспағанда мемлекеттік тілде және орыс тілінде ұсынылады) жасалған облигациялар шығарылымының проспектiсiн ұсынады. Бұл ретте екі дананың әрқайсысында мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі облигациялар шығарылымы проспектісі бар;
      4) мемлекеттік тілге және орыс тіліне аударылған нотариатта куәландырылған жарғының көшірмесін және оның тұрған жеріндегі мемлекеттің заңнамасына сәйкес заңды тұлға ретіндегі көрсетілетін қызметті алушының тіркелгенін растайтын құжаттың мемлекеттік тілге және орыс тіліне аударылған нотариатта куәландырылған көшірмесін;
      5) қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттар;
      6) облигацияларды ұстаушылар өкілімен жасалған шарттың көшірмесін;
      7) егер көрсетілетін қызметті алушының облигациялар шығарылымының проспектісінде осы облигациялар қор биржасының сауда жүйесінде айналыста болуы көзделсе, көрсетілетін қызметті алушының және ол шығаратын облигациялардың қор биржасының ресми тізімінің «өзге борыштық бағалы қағаздар» санатының «борыштық бағалы қағаздар» секторына енгізуіне және олардың сонда болуына қойылатын талаптарға сәйкес келетіні туралы қор биржасының қорытындысын, сондай-ақ инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті қосымша шектеулерді көрсетілетін қызметті алушының бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне енгізу жөнінде қор биржасының листинг комиссиясының ұсынымдарын береді.
      Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының көрсетілетін қызметті алушы-резиденті еместің немесе халықаралық қаржы ұйымдарының шетелдік валютада номинирленген облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуі осы тармақтың төртінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
      Облигациялар шығарылымын мемлекеттік тiркеу үшiн осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасында көрсетiлген халықаралық қаржы ұйымдары мыналарды бередi:
      1) еркiн нысанда жазылған өтiнiштi;
      2) көрсетілетін қызметті алушы органының облигациялар шығарылымы, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу, облигацияларды орналастыру нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушы алған қаражатты пайдалану тәртібі, облигациялар шығарылымының көлемі, облигациялардың саны мен түрі, облигациялардың номиналды құны, облигацияларды ұстаушылардың құқықтары туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі аудармаларын нотариатта куәландырылған облигациялар шығарылымы туралы шешімінің көшірмесін;
      3) тиiстi қаржы ұйымының iшкi құжаттарына сәйкес қағаз жеткізгіште (мемлекеттік және орыс тiлдерiнде) екi данада және Acrobat Reader форматында электронды жеткізгіште (эмитенттің қаржылық есебiн қоспағанда) бір данада мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған облигациялар шығарылымының проспектiсiн. Бұл ретте екі дананың әр қайсысында мемлекеттік және орыс тілдеріндегі облигациялар шығарылымы проспектісі бар.
      Айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын облигацияларды мемлекеттік тіркеу және облигацияларға ұлттық сәйкестендіру нөмірін беру үшін көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттар ұсынады:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 5-қосымшасына сәйкес нысанда жасалған айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын облигацияларды мемлекеттік тіркеуге сұрау салу;
      2) қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген талаптарға көрсетілетін қызметті алушының сәйкестігі туралы қор биржасының қорытындысы.
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында, екінші, үшінші, төртінші, бесінші және тоғызыншы бөліктеріндегі тармақшаларда көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға тіркеледі.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      10. Мыналар:
      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсынудың талаптары мен тәртібін бұзса және құжаттарды қарау барысында олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуінің анықталуы;
      2) көрсетілетін қызметті алушы және облигациялық бағдарламаны немесе облигациялық бағдарлама шеңберінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға (Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымын қайта құрылымдауды жүргізген кездегі қаржы ұйымын қоспағанда) облигациялық бағдарлама шеңберінде облигациялар шығарылымын, егер:
      1) осы облигациялық бағдарлама шеңберінде шығарылған облигациялар бойынша қор биржасындағы сауда-саттық тоқтатыла тұрса;
      2) осы облигациялық бағдарлама шеңберінде шығарылған облигациялардың делистингі жүргізілсе;
      3) облигациялық бағдарлама шеңберінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу нәтижесінде айналыста жүрген облигациялар шығарылымдарының жалпы сомасы осындай облигациялық бағдарламаның тіркелген көлемінен асатын болса мемлекеттік тіркеуден бас тартады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымын мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына   
1-қосымша          

Облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымының
проспектiсi

      Облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымы проспектiсiнiң мәтiнiнде эмитенттiң қаржылық жай-күйi мен қызметi туралы ақпарат бар.
      1. Облигациялар шығарылымы проспектiсiнiң бірiншi бетiнiң парағында:
      1) құжаттың атауы: «Облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымының проспектiсi»;
      2) эмитенттiң толық және қысқартылған атауы;
      3) акциялар шығарылымының проспектісі жасалған және қаржылық көрсеткіштер берілген күні;
      4) орналастырылатын облигациялардың түрi және саны бар. Облигациялық бағдарламаны тiркеу кезiнде облигациялық бағдарламаның жиынтық көлемiн көрсету керек;
      5) «Уәкiлеттi органның облигациялар шығарылымын мемлекеттік тiркеу шығарылым проспектiсiнде жазылған облигацияларды сатып алуға қатысты инвесторларға қандай да болмасын ұсыным берудi білдiрмейдi. Облигациялар шығарылымын мемлекеттік тiркеудi жүзеге асырушы уәкiлеттi орган осы құжаттағы ақпараттың шынайылығы үшiн жауап бермейдi. Облигациялар шығарылымы проспектiсiнiң Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестiгi ғана қаралады. Эмитенттiң лауазымды тұлғалары осы проспектiдегi ақпараттың шынайылығы үшiн жауап бередi және ондағы барлық ақпарат шынайылығын және эмитентке және оның облигацияларына қатысты инвесторларды шатастырмайтындығын растайды» деген жазба бар.
      Облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымы проспектiсiнiң мәтiнi мыналардан тұрады:

1. Эмитент туралы жалпы мәлiметтер

      2. Эмитенттiң атауы.
      Осы тармақта эмитенттiң толық және қысқаша атауын көрсету керек.
      Егер эмитент жарғысында оның толық және қысқаша атауы шет тілінде көзделген болса, онда осындай атауды қосымша көрсету керек.
      Эмитент атауы өзгерген жағдайда оның осының алдындағы атауының толық және қысқарған түрi, сондай-ақ оның өзгертiлген күнi көрсетiлуi керек.
      Егер эмитент заңды тұлғаның (заңды тұлғалардың) қайта ұйымдастырылуы негiзiнде құрылған болса, онда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалар мен эмитенттiң заңды мұрагерлеріне қатысты мәлiметтердi көрсету қажет.
      3. Эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер.
      Осы тармақта эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің күні және нөмірі, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған органның атауы және эмитенттің алғашқы тіркелген күні көрсетілуі қажет.
      4. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі.
      5. Эмитенттiң орналасқан жерi, байланыс телефондарының және факсының нөмiрлерi, электрондық поштасының мекенжайы туралы ақпарат.
      6. Эмитенттiң банктiк деректемелерi.
      7. Эмитент қызметiнiң түрлерi.
      8. Егер эмитент қаржы агенттігі болып табылса, мынадай мәліметтерді көрсету қажет:
      1) эмитент соған сәйкес Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексіне сәйкес қаржы агенттігі ретінде экономиканың белгілі бір салаларында мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілетті болатын құжат;
      2) қаржы агенттігі мәртебесі (болған кезде) берілген күн.
      9. Эмитентке немесе ол шығарған бағалы қағаздарға халықаралық рейтингтік агенттіктері және (немесе) Қазақстан Республикасының рейтингтік агенттіктері тағайындаған рейтингтердің болуы туралы мәліметтер.
      10. Эмитенттiң барлық филиалдары мен өкiлдiктерiнiң атауы, тiркелген күнi, орналасқан жерi және пошталық мекенжайы.
      11. Эмитенттiң соңғы аяқталған үш қаржы жылына қаржылық есебiне қаржылық есеп беру аудитiн жүзеге асыратын аудиторлық ұйымның (аудитордың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)), олардың тиiстi алқаларға (қауымдастықтарға, палаталарға) қатыстылығы көрсетiлген толық ресми атауы.
      Проспектіні көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну алдындағы үш жыл ішінде тиiстi қызмет көрсету шарттары жасалған заң және қаржылық мәселелер бойынша кеңесшiлердiң, олардың тиiстi алқаларға (қауымдастықтарға, палаталарға) қатыстылығы көрсетiлген толық ресми атауы.
      Егер жоғарыда аталған тұлғалардың шартты бұзуы орын алған жағдайда, оның бастамашысы болған тарапты көрсете отырып шарттың бұзылу себебi туралы ақпарат ұсынылуға тиiс.
      12. Эмитенттiң корпоративтiк басқару кодексiн қабылдаған күнi (оның қабылдануы қоғамның жарғысында қаралған жағдайда).

2. Эмитенттiң басқару органдары

      13. Эмитенттiң басқару органдарының құрылымы.
      Осы тармақта эмитенттiң басқару органдарының құрылымы және олардың Қазақстан Республикасының заңдарына, эмитенттiң жарғысына және iшкi құжаттарына сәйкес құзыретi көрсетiледi.
      14. Эмитенттiң директорлар кеңесiнiң (бақылау кеңесiнiң) мүшелерi.
      Осы тармақта:
      1) эмитенттiң директорлар кеңесi (бақылау кеңесi) мүшелерiнiң әрқайсының, оның iшiнде директорлар кеңесi (бақылау кеңесi) төрағасының тегі, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), туған жылы және осы тұлғалардың эмитент қызметіне кірісу күні;
      2) директорлар кеңесiнiң тәуелсiз мүшелерiнiң әрқайсының тегі, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) және осы тұлғалардың қызметіне кірісу күні;
      3) эмитенттiң директорлар кеңесiнiң (бақылау кеңесi) әрбір мүшелерiнiң соңғы үш жылда атқарған және қазiргi уақытта атқаратын, оның iшiнде қоса атқарған қызметтерi хронологиялық тәртiппен;
      4) эмитенттiң директорлар кеңесiнiң (бақылау кеңесiнiң) әрбір мүшелерiнiң әрқайсының қатысу үлесiн көрсете отырып эмитенттiң және оның еншiлес және тәуелдi ұйымдарының жарғылық капиталына (акцияларына/үлесiне) қатысуы;
      5) өткен екi жыл iшіндегі директорлар кеңесiнiң (бақылау кеңесiнiң) құрамындағы өзгерiс көрсетiледi.
      15. Эмитенттің директорлар кеңесінің комитеттері (ондай болған жағдайда).
      Осы тармақта эмитенттің директорлар кеңесі комитетінің (комитеттерінің) атауын (атауларын), оның (олардың) құзыретін, эмитенттің директорлар кеңесі комитетінің (комитеттерінің) әр мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және туған жылы және олардың қызметтеріне кірісу күні көрсетілу тиіс.
      16. Ішкі аудит қызметі (болған кезде).
      Осы тармақта қоғамның ішкі аудит қызметі басшысының тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) және оның қызметіне кірісу күнін көрсету қажет.
      17. Эмитенттің атқарушы органы.
      Осы тармақта:
      1) эмитенттің жеке дара атқарушы органының функциясын жүзеге асыратын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және туған жылы не эмитенттің алқалы атқарушы органы мүшелерінің әрқайсысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және туған жылы;
      2) эмитенттің жеке дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның не эмитенттің алқалы атқарушы органы мүшелерінің әрқайсының хронологиялық тәртіппен соңғы үш жылда атқарған және қазіргі уақытта атқаратын, оның ішінде қоса атқарған лауазымдары, олардың қызметтеріне кірісу күні және өкілеттіктері;
      3) эмитенттің жеке дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның не эмитенттің алқалы атқарушы органының әрбір мүшелерінің әрқайсының қатысу үлесін көрсете отырып, эмитенттің және ұйымдардың төленген жарғылық капиталына қатысуы көрсетіледі.
      18. Егер эмитенттiң атқарушы органының өкiлеттiктерi басқа коммерциялық ұйымға (басқарушы ұйымға) берiлсе, онда осы тармақта:
      1) басқарушы ұйымның толық және қысқаша атауын;
      2) осы ұйымның жеке дара атқарушы органының функциясын жүзеге асыратын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және туған жылын не оның алқалы атқарушы органының және оның директорлар кеңесiнiң (қадағалау кеңесiнiң) мүшелерiнiң тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және туған жылы;
      3) осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғалардың соңғы екi жылда атқарған, оның iшiнде өкілеттiктерiн көрсете отырып қоса атқарған, қызметтерiн хронологиялық тәртiппен;
      4) осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғалардың эмитенттің, оның еншiлес және басқарушы ұйымының төленген жарғылық капиталына (акцияларын/үлесiне), оның iшiнде тәуелді акционерлік қоғамға қатысуын көрсету керек.
      Осы тармақты акционерлік қоғамдар толтырмайды.
      19. Директорлар кеңесiнiң мүшелерiне, эмитенттiң атқарушы органының мүшелерiне және эмитенттiң басқа басқарушы тұлғаларына төленетiн сыйақылар.
      Бұл тармақта осы Қосымшаның 1415 және 17-тармақтарында көрсетiлген тұлғалардың облигациялар шығарылымы туралы шешiм қабылданған күннiң алдындағы соңғы үш айда алған сыйақысының (ақшалай, бағалы қағаздармен немесе қандай да болмасын басқа нысанда) жалпы мөлшерi, сондай-ақ облигациялар шығарылымы туралы шешiм қабылданған күннен бастап соңғы он екi ай iшiнде аталған тұлғаларға төленетiн сыйақының жоспарланған жалпы мөлшерi көрсетiледi.
      20. Эмитенттiң ұйымдық құрылымы.
      Осы тармақта:
      1) эмитенттiң құрылымдық бөлiмшелерi, филиалдары және өкiлдiктерi;
      2) эмитент қызметкерлерiнiң, оның iшiнде эмитенттiң филиалдары мен өкiлдiктерi қызметкерлерiнiң жалпы саны;
      3) эмитенттiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары туралы мәлiметтер көрсетiледi.

3. Эмитенттiң акционерлерi (қатысушылары) және үлестес тұлғалары

      21. Эмитенттің акционерлері (қатысушылары).
      Осы тармақта:
      1) эмитент (егер эмитент акционері (қатысушысы) заңды тұлға болып табылса, осы заңды тұлғаның ірі не осы заңды тұлғалардың жарғылық капиталында қатысу үлестерінің он және одан да көп пайызын иеленетін қатысушылары көрсетіледі) акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы саны және эмитент үлестерінің (орналастырылған және дауыс беретін акцияларының) он және одан да көп пайызын иеленген акционерлер (қатысушылар) туралы (толық және қысқартылған атауы, заңды тұлғаның мекенжайы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)) ақпарат;
      2) эмитенттің акционерлері (қатысушылары) болып табылмайтын, бірақ басқа ұйымдары арқылы эмитенттің қызметін бақылау құқығы бар тұлғалар туралы мәліметтер көрсетіледі.
      Егер эмитент банк болып табылған жағдайда, осы тармақта, осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында аталған ақпараттардан басқа, банктің орналастырылған акцияларының он және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама иеленген, банктің орналастырылған акцияларының он және одан да көп пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беруге не банк шарттың күшімен немесе өзге жағдаймен эмитент қабылдаған шешімге ықпал етуге мүмкіндігі бар акционерлер туралы ақпаратты көрсету керек.
      22. Эмитент заңды тұлғаларының толық атауын, орналасқан жерiн, оның жарғылық капиталындағы эмитенттiң акцияларының (үлестерiнiң) пайыздық қатынасын, қызмет түрiн, бірiншi басшысының тегін, атын және бар болса әкесінің атын көрсете отырып, акциялардың (үлестердiң) он және одан да көп пайызын иеленген заңды тұлғалар туралы мәлiметтер.
      23. Эмитент қатысатын өндiрiстiк, банктiк, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы ақпарат.
      24. Эмитенттiң басқа үлестес тұлғалары туралы мәлiметтер.
      Осы тармақта заңды тұлғаның толық атауын (жеке тұлғаның тегін, атын, бар болса - әкесiнiң аты), оның орналасқан жерi, қызметiнiң түрiн, бірiншi басшысының тегін, атын, бар болса - әкесiнiң аты көрсете отырып, осы Ереженiң 14151721 және 22-тармақтарына сәйкес көрсетiлмеген, бірақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес эмитенттiң үлестес тұлғалары болып табылатын барлық тұлғалар туралы мәлiметтер көрсетiледi.
      25. Үлестес тұлғалардың қатысуымен жасалған мәмілелер.
      Осы тармақта мәміленің жасалған күні, заңды тұлғаның атауы және оның орналасқан жері және (немесе) жеке тұлғаның тегі, аты, бар болса - әкесiнiң аты және туған жылы, мәмiле жасалған сома және осы шешiмдi эмитенттiң қандай органы қабылдағаны көрсетiле отырып, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес эмитентке қатысты үлестес болып табылатын тұлғалардың қатысуымен соңғы жылда эмитент жүргiзген мәмілелер туралы ақпарат ашылады.
      26. Арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығарған кезде үлестілігін тану үшін негізді және оның туындаған күнін көрсете отырып секьюритилендіру мәмілесі тараптарының үлестес болуы туралы ақпарат ашылады.

4. Эмитент қызметінің сипаты (эмитент IAS 27 қаржылық
есептіліктің халықаралық стандартына сәйкес топтың құрамына
кірген жағдайда, осы тарау барлық топтың шоғырландырылған
қаржылық есептілігі негізінде, сондай-ақ эмитенттің өзінің
қаржылық есептілігі негізінде де толтырылады)

      27. Эмитент қызметiнiң жалпы үрдiстерi, оның iшiнде эмитенттiң негiзгi қызметінің түрлерi бойынша қысқаша сипаты.
      Осы тармақта:
      1) эмитенттiң бәсекелесi болып табылатын ұйымдар туралы мәлiметтер;
      2) эмитент қызметiнiң Қазақстан Республикасының iшіндегі салалық орташа және егер бұл мүмкiн болса, әлемдiк орташа көрсеткiштермен салыстырмалы сипаттамасы;
      3) саланың болашақтағы дамуына қатысты болжам және эмитенттiң осы саладағы жағдайы көрсетiледi.
      28. Эмитентпен жасасқан, салдарынан эмитенттiң қызметiне елеулi түрде ықпал ететiн келісімшарттар, келісімдер туралы мәлiметтер.
      29. Эмитенттің өз қызметiн жүзеге асыруы үшiн алынған лицензиялар, патенттер, рұқсаттар туралы, құжаттың нөмiрi және күнi, қолданылу мерзiмi және осы құжатты берген орган көрсетiлген мәлiметтер.
      30. Соңғы екi жылда немесе нақты жұмыс iстелген кезеңде сатылған өнiмнiң (орындалған жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) нақты немесе сандық өлшем бірлiктерiмен көрсетiлген көлемi.
      Эмитенттiң соңғы екi жылда немесе нақты жұмыс iстелген кезеңде сатылған өнiмiнiң (көрсетiлген жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң) көлеміндегі өзгерiстерге талдау жасау.
      31. Эмитенттiң негiзгi қызметiнiң түрлерi бойынша сатудың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) кiрiстілігiне оң және терiс әсер ететiн факторлар.
      32. Эмитенттiң өз өнiмiн (жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін) сатуды ұйымдастыру жөніндегі қызметi.
      Осы тармақта эмитенттiң негiзгi жеткізушiлерi және тұтынушылары туралы мәлiметтер көрсетiледi, эмитенттiң жұмыс iстеп тұрған жеткізушiлерге және тұтынушыларға тәуелдi болу дәрежесi, оның iшiнде:
      1) эмитенттiң барлық жеткiзiлiмiнiң он және одан көп пайызы тиесiлi болатын жеткізушiлерiнiң атауы және орналасқан жерi, олардың үлестерi пайызбен көрсетiледi. Осы дереккөздерiне болашақта қолжетімділікке қатысты болжамдар ұсынылуы тиiс;
      2) үлесiне эмитенттiң өнiмiн (жұмыстарын, қызмет көрсетуiн) сатудан түскен жалпы түсiмнiң он және одан көп пайызынан астамы тиесiлi болатын тұтынушылардың атауы және орналасқан жерi, олардың сатудың жалпы көлеміндегі үлестерi пайызбен көрсетiледi. Эмитенттiң өнiмiн (жұмыстарын, қызмет көрсетуiн) сатуға әсер етуi мүмкiн терiс факторлар ашылады.
      33. Эмитенттiң қызметiне әсер ететiн негiзгi факторлар:
      1) эмитент қызметiнiң маусымдылығы, эмитент қызметiнiң маусымдық сипаттағы түрлерi және олардың эмитенттiң жалпы кiрiсіндегі үлесi;
      2) импорттың эмитентке жеткiзiлген (көрсетiлген) шикiзаттың жалпы көлеміндегі (жұмыстардағы, қызметтегi) үлесi және эмитенттiң экспортқа сатқан өнiмiнiң (жұмыстарының, қызметiнiң) сатылған өнiмнiң жалпы көлеміндегі үлесi;
      3) облигациялар шығарылымы туралы шешiм қабылданған күннен бастап алты ай iшiнде жасалуы тиiс (жасалған) немесе орындалуы тиiс (орындалған) мәмiле (мәмілелер) туралы мәлiметтер, егер осы мәмiленiң (мәмiлелердiң) сомасы эмитент активтерiнiң баланстық құнының он пайыздан асатын болса;
      4) болашақтағы мiндеттемелер. Эмитенттiң болашақтағы негiзгi мiндеттемелерi және осы мiндеттемелер эмитенттiң қызметiне әсер етуi мүмкiн терiс ықпалы ашылады, оның iшiнде осы эмитент, облигациялардың саны, кепiлдiк беру шарттары, өтеу күнi және кепiлдiк берiлген шығарылымның валютасы туралы ақпаратты қоса отырып, өзге эмитенттердiң үшiншi тұлғалардың кепiлдiк беруiмен қамтамасыз етiлген облигациялары бойынша эмитенттiң кепiлдiктері туралы;
      5) эмитенттiң сот процестерiне қатысуы туралы мәлiметтер. Эмитенттiң қатысуымен өткен, нәтижесiнде эмитент қызметiнiң тоқтатылуы немесе шектелуi, оған маңызды ақшалай және өзге де мiндеттемелер берiлуi мүмкiн сот процестерiнiң мәнiне сипаттама беру керек;
      6) уәкiлеттi мемлекеттік органдар және (немесе) сот соңғы жыл iшiнде эмитентке және оның лауазымды тұлғаларына қолданған барлық әкiмшiлiк санкциялар туралы мәлiметтер. Санкция қолданылған күндi, санкция қолданған органды, санкция қолдану себептерiн, санкцияның түрлерiн және мөлшерiн, сондай-ақ санкцияның орындалу дәрежесiн көрсету керек;
      7) тәуекел факторлары. Облигациялардың ұстаушылары ұшырауы мүмкiн тәуекел факторларына нақты талдау жасау керек;
      8) эмитенттiң қызметi туралы, эмитент өзiнiң қызметiн жүзеге асыратын нарықтар туралы басқа ақпарат.

5. Қаржылық жай-күй

      34. Баланстық құны материалдық емес активтердiң жалпы баланстық құнының бес және одан көп пайызын құрайтын материалдық активтердiң түрлерi.
      35. Баланстық құны негiзгi құрал-жабдықтың жалпы баланстық құнының бес және одан көп пайызын құрайтын негiзгi құрал-жабдықтың түрлерi.
      36. Инвестициялар.
      Осы мәселе бойынша ақпарат мынадай құрылымда ұсынылуы тиiс: басқа заңды тұлғалардың капиталына тiкелей инвестициялар, ұзақмерзiмдi инвестициялар және инвестициялық портфель.
      37. Дебиторлық берешек.
      Осы тармақта эмитенттің алдында дебиторлық берешектiң жалпы сомасының бес және одан көп пайызы мөлшерiнде дебиторлық берешегi бар ұйымның атауын көрсете отырып дебиторлық берешектiң құрылымы не эмитенттiң неғұрлым iрi он дебиторының тiзiмi ашылады.
      38. Әрбір активтің құны және тиісті шарттардың қолданылуы аяқталған күні көрсетілген, эмитенттің міндеттемелерінің қамтамасыз етуі болып табылатын, сондай-ақ сенімгерлікпен басқаруға берілген, жалпы активтері көлемінің кем дегенде он пайызын құрайтын эмитенттің активтері туралы мәліметтер.
      39. Осы тармақта эмитенттiң жарғылық және меншiктi капиталының мөлшерi көрсетiледi.
      40. Қарыздар.
      Осы тармақта қолданылып жүрген банктiк қарыздар және кредиттiк желiлер, олардың валютасы, сыйақы мөлшерлемесі, қамтамасыз ету түрлерi туралы ақпарат ашылады. Жақын арадағы он екi ай iшiнде өтелетiн сомалар тоқсан бойынша бөлiнуi тиiс, қалған сомалар жылдар бойынша бөлiне отырып ұсынылады.
      41. Эмитенттiң негiзгi қызметiн жүзеге асыруға байланысты кредиторлық берешегi (жеткізушiлер алдындағы берешек, алынған аванстар).
      Осы тармақта эмитент өзiнiң кредиторлық берешектiң жалпы сомасының бес және одан көп пайызы мөлшерiнде берешегi бар ұйымның атауын және берешек сомасын көрсете отырып кредиторлық берешектiң құрылымы не эмитенттiң бірiншi он неғұрлым iрi кредиторлық тiзiмi ашылады.
      42. Эмитенттің соңғы үш аяқталған қаржы жылы ішінде алған (келтірілген) кірістің (шығынның) мөлшері (үш жылдың ішіндегі әр жылдың қорытындысы бойынша бөлігінде).
      43. Левередж.
      Осы тармақта эмитенттің левередж шамасы соңғы үш жылдың әр аяқталған қаржы жылының бірінші күнгі жағдайы бойынша, сондай-ақ облигациялар немесе облигациялық бағдарлама шығарылымын мемлекеттік тіркеуге беру алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша көрсетіледі. Егер эмитенттің қаржылық есептілігі проспектінің ажырамас бөлігі болып табылса, облигациялар немесе облигациялық бағдарлама шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсыну алдындағы соңғы тосқанның алдындағы тоқсанның қорытындылары бойынша соңғы тоқсанның алдындағы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша левередж көрсетіледі.
      44. Аудиторлық есеппен расталған оның қаржылық есептілігіне сәйкес соңғы аяқталған екі қаржы жылының бір жылында эмитент қызметінен алынған ақша қаражатының таза ағыны көрсетіледі.

6. Бағалы қағаздар шығарылымдары туралы мәлiметтер

      45. Облигациялар шығарылымы туралы шешiм қабылданғанға дейiн эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздарының барлық тiркелген шығарылымдарына қатысты:
      1) әрбір шығарылым облигацияларының жалпы саны, түрi және номиналдық құны, әрбір шығарылым бойынша орналастырылған облигациялардың саны, сондай-ақ орналастыру кезiнде тартылған ақшаның жалпы көлемi, негiзгi борыш сомасы, әрбір шығарылым бойынша сыйақының аударылған және төленген сомасы, сатып алынған күні көрсетілген сатып алынған облигациялардың саны. Облигациялар шығарылымын мемлекеттік тiркеудi жүзеге асырған орган, осындай шығарылымның мемлекеттік тiркеу нөмiрi және мемлекеттік тiркеу күнi;
      2) құрылтайшылар төлеген акцияларының жалпы саны, түрi және номиналдық құны, сондай-ақ акцияларды орналастыру кезiнде тартылған ақшаның жалпы көлемi. Соңғы күнге сатып алынатын бағасы көрсетiлген, айналыста болатын, сатып алынған акциялардың саны. Акцияны сатып алу әдiстемесi бекітілген күн. Акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеудi жүзеге асырған орган, осындай шығарылымның мемлекеттік тiркеу нөмiрi және мемлекеттік тiркеу күнi;
      3) орындалмаған міндеттемелердiң мөлшерi және осы сияқтылардың орындау мерзiмi, бағалы қағаздар бойынша (шығарылымдары және түрлерi бойынша жеке) есептелген, бірақ төленбеген сыйақылар сомасы туралы ақпаратты қоса отырып, эмитенттiң өзiнiң бағалы қағаздар ұстаушылар алдында орындалмаған мiндеттемелерiнiң фактілерi туралы мәлiметтер (облигациялар бойынша сыйақыларды төлемеу (төлеудi кешiктiру), акциялар бойынша дивидендтердi төлемеу (төлеудi кешiктiру);
      4) егер бағалы қағаздардың қандай да болмасын шығарылымы тоқтатылған немесе жарамсыз болып танылған не күшi жойылған жағдайда осындай шешiмдердi қабылдаған мемлекеттік органды, оларды қабылдау негiздерi және күнi;
      5) әрбір тіркелген шығарылым бойынша сыйақы төлеу күндері, төлеуге жататын сомалар, сатып алған күндері және әрбір шығарылым бойынша өтеу кезінде төленген сомалар;
      6) соңғы екi қаржы жылының әрбір жылындағы немесе нақты жұмыс iстеу кезеңіндегі бір акцияға (жай, артықшылықты) дивидендтердiң есептелген сомасы және төленген дивидендтердiң сомасын көрсете отырып, дивидендтiң мөлшерi;
      7) сауда-саттық ұйымдастырушылардың атауын қоса отырып, эмитенттiң бағалы қағаздарымен сауда жүзеге асырылатын негiзгi нарықтар;
      8) бұрын шығарылған облигациялардың әрбір түрі бойынша олардың ұстаушыларына берілетін құқықтар, оның ішінде ұстаушылардың осы құқықтарын іске асыру тәртібі көрсете отырып, шектеулерді (ковенантты) бұзғанда іске асырылған және ұстаушылармен жасалған бағалы қағаздарды сатып алу-сату шарттарында көзделген құқықтар.

7. Облигациялар шығарылымы туралы мәлiметтер (бұл бөлiм
облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тiркеу кезiнде
толтырылмайды)

      46. Облигациялар туралы мәліметтер:
      1) облигациялардың түрі (купондық немесе дисконттық, инфрақұрылымдық немесе арнайы қаржы компаниясы шығаратын), қамтамасыз етудің болуы (толық немесе ішінара қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген, оның ішінде реттелген), номиналдық құнын немесе сыйақы мөлшерін (индекстелген) есептеу сипаты;
      2) шығарылатын облигациялардың саны және облигациялар шығарылымның жалпы көлемі (облигациялар шығарылымының жалпы көлемін номиналдық құны бойынша көрсету керек);
      3) бір облигацияның номиналдық құны;
      4) облигацияларды орналастырудың басталған күні және айналысының басталған күні;
      5) облигациялар бойынша мыналар қоса көрсетілген сыйақы:
      облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
      сыйақыны, кезеңділікті есептеу басталатын күні және сыйақы төленген күні, оны төлеу тәртібі және талаптары (егер инвестор Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылған жағдайда, төлем валютасы және айырбастау бағамы көрсетіледі);
      сыйақы есептеу үшін қолданылатын уақыт кезеңі;
      индекстелген облигациялар шығарылымы кезіндегі есептеу тәртібі.
      Егер сыйақы мөлшерлемесі белгіленбеген болса, оның мөлшерін айқындау тәртібі көрсетіледі;
      6) мыналар қоса көрсетілген облигациялар айналысы және оларды өтеу туралы мәліметтер:
      облигациялардың айналыс мерзімі және оларды өтеу талаптары;
      облигациялардың айналысы жоспарланып отырған нарық (ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған);
      облигацияларды өтеу күні;
      облигациялар өтелетін орын (орындар), облигацияларды өтеу тәсілі;
      орны және облигацияларды эмитент кассасы арқылы қолма-қол ақшамен өтеу кезінде өтініш жасауға болатын тұлғалар;
      7) облигацияларды төлеу талаптары мен тәртібі:
      облигацияларды (осы эмитент бұрын шығарған, айналыста болу мерзімі аяқталған облигацияларды қоса алғанда) төлеудің талаптары, тәртібі, есеп айырысу тәсілдері, оның ішінде қайта құрылымдау жоспарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып көрсетіледі;
      8) облигациялар бойынша қамтамасыз ету (ипотекалық және өзге де қамтамасыз етілген облигацияларды шығарылымы кезінде):
      қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған жағдайда:
      толық немесе ішінара қамтамасыз ету, кепіл мәні, оның құны және кепіл мәнін өндіріп алуға өтініш жасау тәртібі;
      облигацияларды қамтамасыз ету туралы шарттың талаптары;
      егер облигациялар банктің кепілдігімен қамтамасыз етілсе - атауын, орналасқан жерін, байланыс телефондарын, кепілдік мерзімі мен талаптарын көрсете отырып, кепілдік берген банктің деректері көрсетіледі;
      9) арнайы қаржы компаниясының облигациялары шығарылған кезде қосымша:
      тиісті шарттардың нөмірлері мен жасалған күндерін көрсете отырып, оригинатордың, кастодиан-банктің, басқарушы агенттің және басқаға берілген талап ету құқықтары бойынша төлемдерді жинайтын тұлғаның атауы мен орналасқан жері;
      секьюритилендіру мәмілесінде оригинатор қызметінің мәні, құқықтары мен міндеттері;
      талап ету құқықтарының сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімінің талаптары, тәртібі мен мерзімдері және олардың орындалуына бақылау жасау тәртібі;
      оригинатордың және секьюритилендіру мәмілесіне қатысатын тұлғалардың секьюритилендіруді қолдану тәжірибесінің болуы;
      талап ету құқықтарының біртектілік критерийлері;
      секьюритилендіру мәмілесін қамтамасыз ететін бөлінген активтер өсімінің мөлшері, құрамы мен болжамдық талдауы;
      қосымша қамтамасыз ету туралы мәліметтер;
      осы облигациялық бағдарлама шегінде шығарылған облигациялардың әртүрлі шығарылымдарын өтеу кезектілігі көрсетіледі;
      10) облигацияларды ұстаушылардың өкілі туралы мәліметтер (атауы, орналасқан жері, байланыс телефондары, бірінші басшының, атқарушы орган мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде));
      11) инфрақұрылымдық облигациялар шығарылған кезде концессиялық шарттың және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттің кепілдемесін беру туралы қаулысының деректемелері көрсетіледі;
      12) облигациялар бойынша құқықтарды есепке алу тәртібі:
      тіркеушінің атауы, оның орналасқан жері, телефон нөмірлері, шарттың жасалған күні мен нөмірі көрсетіледі;
      13) төлем агенті туралы мәліметтер:
      оның атауы, орналасқан жері, телефон нөмірлері, тиісті шарттың жасалған күні мен нөмірі көрсетіледі;
      14) эмитенттің облигациялар шығарылымын мерзімнен бұрын өтеу құқығы (егер осы құқық эмитент органының облигациялар шығарылымы туралы шешімінде көзделсе):
      эмитенттің облигацияларды мерзімнен бұрын өтеу құқығын іске асыру тәртібі, талаптары және мерзімдері көрсетіледі;
      15) ақысы эмитент бұрын шығарған, айналыста болу мерзімі аяқталған облигациялар бойынша талап ету құқықтарымен төленетін облигациялар шығарылымы кезінде осы облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі, олардың түрі мен саны қосымша көрсетіледі;
      16) облигацияларды қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болу мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін ұйымдар туралы мәліметтер (егер осындай ұйыммен шарт жасау міндеті Заңда көзделсе);
      17) мыналар:
      эмитенттен шығарылым проспектісінде көзделген мерзімде облигацияның номиналды құнын алу не өзге де мүліктік баламасын алу құқығы, сондай-ақ облигацияның номиналды құнынан ол бойынша белгіленген пайызын алу не өзге де мүліктік құқықтарды алу құқығы;
      эмитенттің облигацияларды мерзімінен бұрын өтеуін талап ету құқықтары - осы проспектіде белгіленген, оның ішінде облигациялар шығарылымының проспектісінде көзделген шектеулерді (ковенант) бұзған кезде осы құқықты іске асыру талаптары, тәртібі мен мерзімдері;
      егер сыйақыны және (немесе) негізгі борышты төлеу облигациялар шығарылымының проспектісіне сәйкес өзге де мүліктік құқықтармен жүргізілген жағдайда осы құқықтарды, олардың сақталу тәсілдерін, бағалау тәртібін және көрсетілген құқықтарды бағалауды жүзеге асыруға  ұқығы бар тұлғаларды, сондай-ақ осы құқықтардың ауысуын іске асыру тәртібінің сипаттамасы қоса көрсетілген облигацияның өз ұстаушысына беретін құқықтары;
      18) эмитенттің облигацияларды ұстаушыларға ақпараттың мазмұнын, осы ақпаратты ашу тәртібін, мерзімдері мен тәсілін көрсете отырып, өзінің қызметі және қаржылық жағдайы туралы хабардар ету, оның ішінде облигациялар шығарылымының проспектісінде көзделген шектеулерді (ковенант) бұзғаны туралы хабардар ету тәртібі;
      19) басталған жағдайда эмитенттің облигациялары бойынша дефолт жариялануы мүмкін оқиғалар көрсетіледі.
      Облигациялар бойынша дефолт туындаған жағдайда эмитенттің қандай шаралар қолданатыны, облигациялар бойынша сыйақы төлеу міндеттемелері орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған кезде облигацияларды ұстаушылардың құқықтарын қорғау рәсімдері, оның ішінде міндеттемелерді қайта құрылымдау тәртібі мен талаптары көрсетіледі.
      Эмитенттің облигацияларды ұстаушыларға орындалмаған міндеттемелердің көлемін, міндеттемелерді орындамау себебін, сондай-ақ эмитентке, эмитенттің облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда эмитенттің міндеттемелері бойынша ортақ немесе қосымша жауапкершілік атқаратын тұлғаларға талап қою тәртібін қоса алғанда, облигацияларды ұстаушылардың өз талаптарын қанағаттандыру бойынша ықтимал іс-әрекеттері, дефолт фактілері туралы ақпаратты жеткізу тәртібінің, мерзімінің және тәсілінің толық сипаттамасы көрсетіледі. Егер көрсетілген ақпаратты жария етуді эмитент өзге заңды тұлғаға тапсырса, осы тұлғаның атауы және оның орналасқан жері көрсетіледі.
      Эмитент облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда эмитенттің міндеттемелері бойынша ортақ немесе қосымша жауапкершілік атқаратын тұлғалармен жасалған шарттың күні мен нөмірі, сондай-ақ заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі көрсетіледі;
      20) опциондар туралы ақпарат:
      егер опциондар эмитенттің облигацияларын сатып алуға мүмкіндік берсе, онда осы тармақшада опцион жасау талаптары көрсетіледі;
      21) қор биржасының листинг комиссиясының эмитенттің бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге қажетті қосымша шектеулерді енгізу жөніндегі ұсынымдары.
      Қор биржасының листинг комиссиясының эмитенттің бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге қажетті қосымша шектеулерді енгізу жөніндегі ұсынымдарын эмитенттің қабылдау немесе қабылдамау негіздемесі көрсетіледі.
      47. Эмитенттің облигацияларды өтеу сәтіне дейінгі әрбір сыйақы төлеу кезеңінің бөлігінде сыйақыларды төлеу және негізгі борыш сомасын өтеу үшін қажетті ақшалай қаражаты көздерінің және ағындарының болжамы.
      48. Айырбасталатын облигациялар:
      айырбасталатын облигациялар шығарылған және орналастырылған жағдайда облигация айырбасталатын акциялардың түрі, санаты, саны және орналастыру бағасы, акциялар бойынша құқықтары, сондай-ақ осындай айырбастаудың тәртібі мен шарттары көрсетіледі (егер облигациялар шығарылымы толық айырбасталатын болса, онда айырбастау аяқталу күнінен соң бір ай ішінде облигациялар шығарылымының күші жойылады, егер облигациялар шығарылымы толық айырбасталмаса, онда осы шығарылымның сатып алынған облигациялары бұдан әрі орналастырылмайды, айналыс мерзімінің соңында өтелетіні жөнінде көрсету қажет).
      49. Облигацияларды орналастыру тәсілі:
      1) облигацияларды, оның ішінде ұйымдастырылмаған нарықта орналастырудың басталу және аяқталу күні;
      2) акцияларға айырбасталған облигацияларды орналастырған кезде айырбастау шарттары көрсетіледі;
      3) облигациялар орналастыруға қатысқан ұйымдар туралы мәліметтер:
      облигациялар орналастыруға қатысқан ұйымдардың атауы, орналасқан жері, тиісті шарттардың күні және нөмірі көрсетіледі.
      50. Эмитент қабылдайтын және Заңмен көзделмеген (егер бұл облигациялар шығарылымы кезінде эмитент органының шешімінде көзделсе) шектеулер (ковенанттар).
      Шектеулерді (ковенанттарды) бұзған кездегі эмитенттің және облигациялар ұстаушылардың әрекет ету тәртібі, оның ішінде облигацияларды мерзімнен бұрын өтеу бойынша эмитенттің іс-әрекеттері толық жазылады.
      51. Облигацияларды орналастырудан түскен ақшаны пайдалану.
      Эмитенттің облигацияларды орналастырудан алатын ақшаларды қолдану мақсаттары және тәртібі көрсетіледі, сондай-ақ осындай өзгерістерді көрсете отырып алынған ақшаны бөлулерді жоспарлау кезіндегі болуы мүмкін өзгерістер пайда болған кездегі талаптар көрсетіледі.
      Арнайы қаржы компаниясының облигациялары шығарылған кезде:
      бөлінген активтер бойынша уақытша еркін түсімдерді инвестициялау тәртібі;
      секьюритилендіру мәмілесі бойынша қызметке ақы төлеумен байланысты шығыстар және осыған сәйкес арнайы қаржы компаниясы осы шығыстарды бөлінген активтерден есептен шығаруға негіз болатын шарттар көрсетіледі.
      Эмитенттің облигацияларды орналастырудан алатын ақшаны пайдалануы туралы мәліметтер көрсетіледі, сондай-ақ осындай өзгерістерді көрсете отырып алынған ақшаны бөлуді жоспарлау кезіндегі болуы мүмкін өзгерістер пайда болған кездегі талаптар көрсетіледі.
      Инфрақұрылымдық облигациялар шығарылған кезде:
      жасалған шарттың талаптарына сәйкес облигацияларды ұстаушылар өкілінің қызметіне ақы төлеумен байланысты шығыстар;
      эмитенттің облигациялар ұстаушылар алдындағы міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүліктің сипаттамасы көрсетіледі.

8. Қосымша ақпарат

      52. Эмитенттің облигациялар шығарылымына жұмсалған шығындарының сомасы және осы шығындар қандай тәсiлмен төленетiндігі туралы мәлiметтер.
      53. Инвесторлар эмитент жарғысының көшiрмесiмен, облигациялар шығарылымның проспектiсiмен, бұқаралық ақпарат құралдарында облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есеппен таныса алатын, эмитенттің қызметi туралы ақпаратты жариялау үшiн пайдаланатын орындар туралы ақпарат.
      Облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымының проспектiсiне эмитенттiң бірiншi басшысы, бас бухгалтерi немесе олардың орнындағы адамдардың қолы қойылады және эмитент мөрiнiң (ол болған кезде) бедерімен куәландырылады. Проспектiнiң әрбір данасы аудиторлық есептермен расталған эмитенттiң соңғы екi аяқталған қаржы жылының шоғырландырылған қаржылық есептерімен (еншілес ұйым (ұйымдар) болмаған жағдайда аудиторлық есеппен расталған жеке қаржылық есептілік ұсынылады) және облигациялар немесе облигациялық бағдарлама шығарылымын мемлекеттік тiркеу үшiн құжаттар ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікпен (еншілес ұйым (ұйымдар) болмаған жағдайда аудиторлық есеппен расталған жеке қаржылық есептілік ұсынылады) тігіледі және тігілген және нөмірленген парақтардың санын көрсете отырып, тiгiстiң түйiнiне және жартылай параққа желiмделген қағаз пломбамен бекітіледi. Облигациялар немесе облигациялық бағдарлама шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды, оларды ұсыну алдындағы соңғы тоқсаннан кейінгі айдың 25-не дейін ұсынған жағдайда, соңғы тоқсанның алдындағы тоқсандағы жағдай бойынша қаржылық есептілік ұсынылады.

«Мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымын мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет стандартына     
2-қосымша          

Облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымының проспектісi

      1. Осы облигациялар шығарылымы (эмитенттің толық атауы) облигациялық бағдарлама проспектісіне сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Облигациялық бағдарлама туралы мәліметтер:
      облигациялық бағдарлама проспектісінің мемлекеттік тіркелген күні;
      шеңберінде шығарылым жүзеге асырылатын облигациялық бағдарламаның ақшалай көлемі;
      облигациялар шығарылымының реттік нөмірі;
      облигациялардың бұрынғы шығарылымдары туралы мәліметтер (шығарылымның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде тіркелген күні, облигациялар саны, номиналдық құны бойынша шығарылым көлемі және осы облигациялық бағдарлама шегінде әрбір шығарылым бойынша жеке-жеке орналастырылған облигациялардың саны);
      бұрын облигациялық бағдарлама аясында шығарылған облигациялардың әрбір түрімен олардың ұстаушыларына берілетін құқықтары, оның ішінде ұстаушылардың осы құқықтарын іске асыру тәртібі көрсетіле отырып, шектеулерді (ковенантты) бұзғанда іске асырылған және ұстаушылармен жасалған бағалы қағаздарды сатып алу-сату шарттарында көзделген құқықтар.
      3. Шығарылымның құрылымы:
      1) облигациялардың түрі (купондық, дисконттық, қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген);
      2) шығарылатын облигациялардың саны және облигациялар шығарылымның жалпы көлемі (облигациялар шығарылымының жалпы көлемін номиналдық құны бойынша көрсету керек);
      3) бір облигацияның номиналдық құны;
      4) облигациялар бойынша мыналар қоса көрсетілген сыйақы:
      облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
      сыйақыны есептеу басталатын күн, сыйақы төлеудің кезеңділігі және күні, тәртібі және оны төлеудің шарттары (егер инвестор Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылса, төлем валютасы және айырбастау бағамы көрсетіледі);
      сыйақы есептеу үшін қолданылатын уақыт кезеңі;
      индекстелген облигациялар шығарылымы кезіндегі есептеу тәртібі.
      Егер сыйақы мөлшерлемесі белгіленбеген болып табылса, оның мөлшерін белгілеу тәртібі көрсетіледі;
      5) мыналар қоса көрсетілген облигациялардың айналысы және өтеу туралы мәліметтер:
      облигациялар айналысының басталу күні;
      облигациялардың айналысы жоспарланып отырған нарық (ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған);
      облигациялардың айналыс мерзімі және оларды өтеу шарттары;
      облигацияларды өтеу күні;
      облигациялар өтелетін орын (орындар);
      облигацияларды өтеу тәсілі;
      6) облигациялар бойынша қамтамасыз ету (ипотекалық және өзге де қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған кезде):
      қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған жағдайда:
      кепіл пәні, оның құны және кепіл пәнін өндіріп алу тәртібі;
      облигацияларды қамтамасыз ету жөніндегі шарттың талаптары көрсетіледі;
      егер облигациялар банктің кепілдігімен қамтамасыз етілсе - атауын, орналасқан жерін, байланыс телефондарын, кепілдік мерзімі мен шарттарын көрсете отырып, кепілдік берген банктің деректері көрсетіледі;
      7) облигацияларды ұстаушының өкілі туралы мәліметтер (атауы, орналасқан жері, байланыс телефондары, облигацияларды ұстаушылар өкілінің қызмет көрсетуі жөніндегі шарттың жасалған күні мен нөмірі көрсетіледі);
      8) тіркеуші туралы мәліметтер (атауы, орналасқан жері, телефон нөмірлері, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті көрсету шартының жасалған күні мен нөмірі көрсетіледі);
      9) облигацияларды орналастыруға қатысқан ұйымдар туралы мәліметтер (облигацияларды орналастыруға қатысқан ұйымдардың атауы, орналасқан жерлері, тиісті шарттардың жасалған күні мен нөмірі көрсетіледі);
      10) төлем агенті туралы мәліметтер (оның атауы, орналасқан жері, тиісті шарттың жасалған күні мен нөмірі көрсетіледі);
      11) мыналар көрсетілген облигациямен оның ұстаушысына берілетін құқықтар:
      эмитенттен шығарылым проспектісінде көзделген мерзімде облигацияның номиналды құның алу не өзге де мүліктік баламасын алу, сондай-ақ облигацияның номиналды құнынан ол бойынша белгіленген пайызын алу құқығын не өзге де мүліктік құқықтарды алу құқықтары;
      эмитенттің облигацияларды мерзімнен бұрын өтеуін талап ету құқықтары - осы проспектіде белгіленген, оның ішінде облигациялар шығарылымы проспектісінде көзделген шектеулерді (ковенанттарды) бұзған кезде осы құқықты іске асыру талаптары, тәртібі және мерзімдері көрсетіледі;
      12) басталуы бойынша эмитенттің облигациялары бойынша дефолт жариялануы мүмкін оқиғалар көрсетіледі.
      Облигациялар бойынша дефолт жағдайында эмитенттiң қандай шаралар қолданатыны, облигациялар бойынша сыйақылар төлеу жөніндегі мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған кезде облигациялар ұстаушылардың құқығын қорғау рәсiмi, оның ішінде міндеттемелердің қайта құрылымдау тәртібі мен талаптары көрсетiледi.
      Эмитент облигациялар ұстаушыларға мәлімет үшін орындалмаған міндеттемелердің көлемін, міндеттемелерді орындамау себебін, сондай-ақ облигациялар ұстаушылардың өзінің талаптарын қанағаттандыру бойынша ықтимал іс-әрекеттерін, оның ішінде эмитентке, эмитенттің облигациялар бойынша орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайдағы эмитенттің міндеттемелері бойынша бірлескен немесе қосымша жауапкершілікті көтеретін тұлғаларға талап қою тәртібін қамтыған дефолт фактілері туралы ақпаратты жеткізу тәртібінің, мерзімінің және тәсілдерінің толық сипаттамасы көрсетіледі. Көрсетілген ақпаратты ашу эмитент өзге заңды тұлғаға тапсырған жағдайда осы тұлғаның толық және қысқартылған атауы және оның орналасқан жері көрсетіледі;
      13) эмитенттің облигациялар шығарылымын мерзімнен бұрын өтеу құқығы (осы құқығы эмитент органының облигациялар шығарылымы туралы шешімінде көзделген жағдайда).
      Эмитенттің облигацияларды мерзімнен бұрын өтеу құқығын іске асыру тәртібі, талаптары және мерзімдері көрсетіледі;
      14) эмитенттің облигациялар ұстаушыларды ақпараттың мазмұнын, осы ақпаратты ашу тәртібін, мерзімдерін және тәсілін көрсете отырып, өзінің қызметі және қаржылық жағдайы туралы хабардар ету, оның ішінде облигациялар шығарылымы проспектісінде көзделген шектеулер (ковенант) туралы хабардар ету тәртібі;
      15) облигацияларды орналастырудан түскен ақшаны пайдалану туралы мәліметтер:
      облигацияларды орналастырудан эмитент алатын ақшаны пайдалану мақсаты мен тәртібі, сондай-ақ алынған ақшаны бөлу жоспарына енгізілуі мүмкін өзгерістерді көрсету кезінде басталатын талаптар көрсетіледі.
      4. Облигацияларды өтеу сәтіне дейінгі әрбір сыйақы төлеу кезеңінің бөлігінде эмитенттің сыйақыларды төлеу және негізгі борыш сомасын өтеу үшін қажетті ақшалай қаражаты көздерінің және ағындарының болжамы.
      5. Эмитент қабылдайтын және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңында көзделмеген шектеулер (ковенанттар) (егер бұл облигациялар шығарылымы кезінде эмитент органының шешімінде көзделсе).
      Шектеулерді (ковенанттарды) бұзған кездегі эмитенттің және облигациялар ұстаушылардың әрекет ету тәртібі, оның ішінде облигацияларды мерзімнен бұрын өтеу бойынша эмитенттің іс-әрекеттері толық жазылады.
      6. Опциондар туралы мәліметтер:
      егер опциондар облигацияны ұстаушыға эмитенттің облигацияларын сатып алуға мүмкіндік берсе, осы тармақшада опционды жасау шарттары көрсетіледі.
      7. Айырбасталатын облигациялар:
      айырбасталатын облигациялар шығарылған және орналастырылған жағдайда облигация айырбасталатын акциялардың түрі, санаты, саны және орналастыру бағасы, акциялар бойынша құқықтар, сондай-ақ осындай айырбасталымның тәртібі мен шарттары көрсетіледі.
      8. Облигацияларды орналастыру тәсілі:
      1) облигацияларды орналастыру мерзімі және тәртібі:
      облигациялар ұйымдастырылмаған нарықта орналастырылған жағдайда облигацияларды орналастырудың басталу және аяқталу күні (бар болған кезде) көрсетіледі;
      2) акцияларға айырбасталған облигацияларды орналастырған кезде айырбастау шарттары көрсетіледі;
      3) облигацияларға төлем жасаудың талаптары мен тәртібі:
      облигацияларға төлем жасаудың, оның ішінде қайта құрылымдау жоспарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, талаптары, тәртібі, есеп айырысу тәсілдері көрсетіледі.
      9. Облигациялық бағдарлама шеңберінде облигациялар шығарылымының проспектісіне бірінші басшының, бас бухгалтердің не олардың орнын алмастыратын тұлғалардың қолы қойылады және эмитент мөрінің бедерімен куәландырылады, тігіледі және тігістің түйініне және жартылай параққа желімделген қағаз пломбамен бекітіледі. Мөрдің бедері ішінара қағаз пломбаға, ішінара құжаттың парағына басылады және бірінші басшының немесе оның орнындағы тұлғаның қойған қолдарымен куәландырылады.

«Мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымын мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына    
3-қосымша          

Қазақстан Республикасының резидентi емес - эмитенттердің
облигациялары шығарылымының проспектiсi

Облигациялар шығарылымы проспектiсiнiң бірiншi бетi

      Құжаттың атауы: «Облигациялар шығарылымының проспектiсi».
      Орналастырылатын облигациялардың түрi, саны, жиынтық көлемi.
      Рейтингтік агенттiктердiң атауларын көрсете отырып, рейтингтік агенттiктердiң эмитентке және (немесе) олар шығарған бағалы қағаздарға берiлген рейтингтері туралы мәлiметтер.
      Жазба: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облигациялар шығарылымы проспектiсiн мемлекеттік тiркеуi шығарылым проспектiсiнде сипатталған облигацияларды инвесторлардың сатып алуына қатысты ұсынымдар берудi көрсетпейдi және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы құжаттың мазмұнына жауап бермейдi».

1. Эмитент туралы жалпы мәлiметтер

      1. Эмитенттiң атауы
      Осы тармақта эмитенттiң толық және қысқартылған атауын көрсету керек. Егер эмитент жұмыс iстеген уақыт iшiнде оның атауы өзертілсе, онда осы тармақта оның бұрынғы барлық толық және қысқартылған атаулары, сондай-ақ олар өзгертiлген күндер көрсетiледi.
      2. Эмитенттiң заңды тұлға ретiнде құрылуы және тiркелуi жөніндегі мәлiметтер.
      Осы тармақта эмитенттiң заңды тұлға ретiнде тiркелгендiгін растайтын құжаттың берiлген күнi және нөмiрi, сондай-ақ осы құжатты эмитентке берген мемлекеттің органының атауы көрсетiледi.
      3. Облигациялар шығарылымы проспектiсiнде ақпаратты дұрыс көрсетуге жауапты тұлғалардың аты-жөнi, әкесiнiң аты, орналасқан жерi, байланыс телефондарының және факстың нөмiрлерi, электрондық поштасының мекенжайы туралы мәлiметтер.
      4. Эмитенттi құрудың және қызметiнiң қысқаша тарихы. Эмитенттi құрудың және қызметiнiң мақсаты. Егер эмитент заңды тұлғаның (заңды тұлғалардың) қосылуы, ажыратылуы, бөлiнiп шығуы не қайта ұйымдастырылуы нәтижесiнде құрылған болса, онда осы тармақта қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалар мен эмитентке қатысты жасалған қайта ұйымдастыру және заңды мұрагерлер туралы мәлiметтер көрсетiледi.

2. Эмитенттiң басқару органдары

      5. Эмитенттiң басқару органдарының құрылымы.
      Осы тармақта эмитенттiң басқару органдарының құрылымы және олардың құзыретi эмитент мемлекетiнiң заңдарына, эмитенттiң жарғысына және iшкi құжаттарына сәйкес көрсетiледi.
      6. Эмитенттің директорлар кеңесінің комитеттері (ондай болған жағдайда).
      Осы тармақта эмитенттің директорлар кеңесі комитетінің (комитеттерінің) атауын (атауларын), оның (олардың) құзыретін көрсету қажет.
      7. Эмитенттiң директорлар кеңесiнiң (бақылау органының) мүшелерi.
      Осы тармақта:
      1) тәуелсiз директорларды көрсете отырып, эмитенттiң директорлар кеңесi (бақылау органының) мүшелерiнiң әрқайсының, оның iшiнде директорлар кеңесi (бақылау органының) төрағасының аты-жөнiн, туған жылын;
      2) эмитенттiң директорлар кеңесiнiң (бақылау органының) әрбір мүшесiнiң атқарған қызметтерi;
      3) эмитенттiң директорлар кеңесiнiң (бақылау органының) әрбір мүшесiнiң оның жарғылық капиталына (акцияларына/үлесiне) қатысуы;
      4) өткен екi жыл iшіндегі директорлар кеңесiнiң (бақылау органының) құрамындағы өзгерiс көрсетiледi.
      8. Ішкі аудит қызметі (болған кезде).
      9. Эмитенттiң атқарушы органы (менеджмент).
      Осы тармақта:
      1) эмитенттiң жеке дара атқарушы органының функциясын жүзеге асыратын тұлғаның тегі, аты, туған жылы не эмитенттiң алқалы атқарушы органы мүшелерiнiң әрқайсының тегі, аты, туған жылы;
      2) эмитенттiң жеке дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғасының не эмитенттiң алқалық атқарушы органы мүшелерiнiң әрқайсының қазiргi уақытта қоса атқаратын қызметтерi;
      3) эмитенттiң жеке дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғасының не эмитенттiң алқалық атқарушы органының әрбір мүшесiнiң әрқайсының жарғылық капиталындағы (акциялар/үлестер) қатысу үлесi көрсетiледi.
      10. Директорлар кеңесiнiң мүшелерiне, эмитенттiң атқарушы органының мүшелерiне төленетiн сыйақылар.
      Осы тармақта осы Қосымшаның 7 және 9-тармақтарында көрсетiлген тұлғалардың облигациялар шығарылымы туралы шешiм қабылданған күннiң алдындағы соңғы үш айда алған сыйақысының (ақшалай, бағалы қағаздармен немесе қандай да болмасын басқа нысанда) жалпы мөлшерi, сондай-ақ облигациялар шығарылымы туралы шешiм қабылданған күнінен бастап соңғы он екi ай iшiнде аталған тұлғаларға төленетiн сыйақының жоспарланған жалпы мөлшерi көрсетiледi.
      11. Эмитенттiң ұйымдық құрылымы.
      Осы тармақта эмитенттiң құрылымдық бөлiмшелерi, филиалдары және өкiлдiктерi, эмитент қызметкерлерiнiң, оның iшiнде эмитенттiң филиалдары мен өкiлдiктерi қызметкерлерiнiң жалпы саны, эмитенттiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары туралы мәлiметтер, бөлiмшелер мен филиалдардың қызметкерлерiне тиесілі жарғылық капиталдағы үлес көрсетiледi. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан құрылымдық бөлiмшелердiң атауын жеке көрсету керек.

3. Эмитенттiң акционерлерi (қатысушылары) және үлестес тұлғалары

      12. Эмитенттің акционерлері (қатысушылары).
      Осы тармақта:
      1) эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) (егер эмитент акционері (қатысушысы) заңды тұлға болып табылса осы заңды тұлғаның ірі акционерлері немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерінің он және одан да көп пайызын иеленген қатысушылар көрсетіледі) жалпы саны, заңды тұлғаның атауы, мекенжайы не эмитент орналастырылған акцияларының (жарғылық капиталындағы үлестерінің) он және одан да көп пайызын иеленген акционерлердің (қатысушылардың) тегі, аты;
      2) эмитенттің акционерлері (қатысушылары) болып табылмайтын, бірақ басқа ұйымдар арқылы эмитенттің қызметін бақылау құқығы бар тұлғалар туралы мәліметтер көрсетіледі.
      13. Заңды тұлғалардың толық атауын, оның орналасқан жерiн, оның жарғылық капиталындағы эмитенттiң акцияларының (үлестерiнiң) пайыздық қатынасын, қызмет түрiн, бірінші басшылардың тегін, атын көрсете отырып, эмитент орналастырылған акциялардың (үлестердiң) он және одан да көп пайызын иеленетін заңды тұлғалар туралы мәлiметтер.
      14. Эмитент қатысатын өндiрiстiк, банктiк, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы ақпарат.
      15. Эмитенттiң басқа үлестес тұлғалары туралы мәлiметтер.
      Осы тармақта заңды тұлғаның толық атауын (жеке тұлғаның тегін, атын), оның орналасқан жерiн (тұрғылықты жерiн), қызметiнiң түрiн, бірiншi басшысының тегін, атын, қызметiнiң түрiн көрсете отырып, эмитенттiң он және одан артық дауыс беретін акцияларымен жанама дауыс беруге не шартқа сәйкес немесе өзгеше эмитент қабылдаған шешiмге ықпал етуге мүмкiндiгі бар барлық тұлғалар немесе тұлғалар тобы туралы мәлiметтер көрсетiледi.
      16. Эмитенттiң үлестес тұлғаларының қатысуымен жасалған мәмiлелер.
      Осы тармақта эмитентке қатысты үлестес болып табылатын ұйымдардың қатысуымен соңғы жылда эмитент жүргiзген барлық мәмiлелер туралы ақпарат ашылады.

4. Эмитент қызметiнiң сипаты

      17. Эмитент қызметiнiң жалпы үрдiстерi, оның iшiнде эмитенттiң негiзгi қызмет түрлерi бойынша қысқаша сипаты.
      Осы тармақта:
      1) эмитенттiң бәсекелесi болып табылатын ұйымдар туралы қысқаша мәлiметтер;
      2) эмитенттiң бәсекелестерiмен қызметiнiң салыстырмалы сипаттамасы;
      3) қызмет саласының болашақтағы дамуына қатысты болжам және эмитенттiң осы саладағы жағдайы көрсетiледi.
      18. Эмитенттiң қызметiне кейiннен терiс әсер етуi мүмкiн, эмитент жасаған келісімшарттар, келісімдер туралы мәлiметтер.
      19. Эмитенттiң өз қызметiн жүзеге асыру үшiн алынған лицензиялар және басқа рұқсаттар туралы мәлiметтер.
      20. Эмитенттiң қызметiне әсер ететiн негiзгi факторлар:
      1) мәмiле сомасы эмитент активтерiнiң баланстық құнының он пайызынан асқан жағдайда, облигация шығарылымы туралы шешiм қабылдаған күнінен бастап алты ай iшiнде жасалуы тиiс немесе орындалуы тиiс (орындалған) мәмiле (мәмiлелер) туралы мәлiметтер;
      2) болашақ мiндеттемелер (эмитенттiң негiзгi болашақ мiндеттемелерi және осы мiндеттемелер эмитенттiң қызметiне терiс әсер етуi мүмкiн, оның iшiнде осы эмитент, облигациялардың саны, кепiлдiк беру шарттары, өтеу күнi және кепiлдiк берiлген шығарылымның валютасы туралы ақпаратты қоса отырып, өзге эмитенттердiң үшiншi тұлғалардың кепiлдiк беруiмен қамтамасыз етiлген облигациялары бойынша кепiлдiк беруi туралы).
      21. Эмитент инвесторлар үшiн маңызды деп есептейтiн эмитент қызметi туралы басқа да ақпарат.

5. Қаржылық жай-күйі

      22. Эмитент капиталы.
      Осы тармақта эмитент елiнiң валютасы көрсетiлген валютадағы эмитенттiң меншiктi және жарғылық капиталының мөлшерi көрсетiледi.
      23. Осы тармақта эмитенттiң өтiмділiктi, қаржы тәуелсiздiгiн (тәуелдiлiгiн), эмитенттiң активтерiн, жеке және қарыз қаражатын пайдалану тиiмдiлiгiн, жеке қаражаттың қарыз капиталына қатысын сипаттайтын қаржылық коэффициенттердiң есебiн, сондай-ақ эмитенттiң пiкiрi бойынша эмитент қызметiн бағалау кезiнде айрықша мәндi болып табылатын басқа да коэффициенттер ұсынылады.
      24. Әрбір активтің құны және тиісті шарттардың қолданылуы аяқталған күні көрсетілген, эмитенттің міндеттемелерінің қамтамасыз етуі болып табылатын, сондай-ақ сенімгерлікпен басқаруға берілген, жалпы активтері көлемінің кем дегенде он пайызын құрайтын эмитенттің активтері туралы мәліметтер.

6. Бағалы қағаздар шығарылымдары туралы мәлiметтер

      25. Облигациялар шығарылымы туралы шешiм қабылданған күнгi жағдай бойынша бағалы қағаздар нарығында айналыста болған эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздарының тiркелген шығарылымдарына қатысты мыналар көрсетiледi:
      1) шығарылым облигацияларының жалпы саны және көлемi, сондай-ақ орналастыру кезiнде тартылған қаражаттың жалпы көлемi, төленген сыйақы сомасы, нарықтық құн;
      2) әрбір тіркелген облигациялар шығарылымы бойынша сыйақы төлеу күндері, төлеуге жататын сомалар, өтеу күндері және әрбір шығарылым бойынша өтеуге жататын сомалар;
      3) айналыстағы, оның iшiнде сатып алынған акциялардың саны, акциялардың нарықтық құны, соңғы екi жылдағы акциялардың барынша жоғары және барынша төмен бағасы;
      4) бұрын шығарылған бағалы қағаздардың әрбір түрімен олардың ұстаушыларына берілетін құқықтары, оның ішінде шектеулерді (ковенант) бұзғанда іске асырылған және ұстаушылармен жасалған бағалы қағаздарды сатып алу-сату шарттарында көзделген құқықтар, ұстаушылардың осы құқықтарын іске асыру тәртібін көрсетумен;
      5) сауда-саттық ұйымдастырушылардың атауын қоса алғанда эмитенттiң бағалы қағаздармен саудасы жүзеге асырылатын негiзгi нарықтар.

7. Облигациялар шығарылымы туралы мәлiметтер

      26. Облигациялар туралы мәліметтер:
      1) шығарылатын облигациялардың түрі (купондық, дисконттық, қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген) және саны;
      2) бір облигацияның номиналдық құны;
      3) облигациялардың айналыс мерзімі;
      4) облигациялар бойынша мыналар қоса көрсетілген сыйақы:
      облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемес, оның мөлшерін айқындау тәртібі;
      сыйақыны, кезеңділікті есептеу басталатын күн, сыйақы төленген күн, төлем валютасын көрсете отырып, оны төлеу тәртібі мен талаптары және валютаны айырбастау бағамы анықталатын күнді белгілеу тәртібі;
      сыйақыны есептеу үшін қолданылатын уақыт кезеңі;
      5) облигациялар айналысының басталуын, облигациялардың айналысы жоспарланып отырған нарықты (ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған), оларды өтеу талаптарын айқындау, облигацияларды өтеу күнін белгілеу тәртібін көрсете отырып, облигациялар айналысы және оларды өтеу туралы мәліметтер;
      6) эмитенттің облигациялар шығарылымын мерзімінен бұрын өтеу құқығы (егер осы құқық эмитент органының облигациялар шығарылымы туралы шешімінде көзделген жағдайда).
      Эмитенттің мерзімінен бұрын өтеу құқығын іске асыру тәртібі, талаптары мен мерзімдері көрсетіледі;
      7) мыналар қоса көрсетілген облигацияның өз ұстаушысына беретін құқықтары:
      эмитенттен шығарылым проспектісінде көзделген мерзімде облигацияның номиналды құнын алу не өзге де мүліктік баламасын алу құқығы, сондай-ақ облигацияның номиналды құнынан ол бойынша белгіленген пайызын алу не өзге де мүліктік құқықтарды алу құқығы;
      эмитенттің облигацияларды мерзімнен бұрын өтеуін талап ету құқықтары - осы проспектіде белгіленген, оның ішінде облигациялар шығарылымының проспектісінде көзделген шектеулерді (ковенант) бұзған кезде осы құқықты іске асыру талаптары, тәртібі мен мерзімдері;
      8) эмитенттің облигацияларды ұстаушыларға ақпараттың мазмұнын, осы ақпаратты ашу тәртібін, мерзімдері мен тәсілін көрсете отырып, өзінің қызметі туралы хабардар ету, оның ішінде облигациялар шығарылымының проспектісінде көзделген шектеулерді (ковенант) бұзғаны туралы хабардар ету тәртібі;
      9) басталған жағдайда эмитенттің облигациялары бойынша дефолт жариялануы мүмкін оқиғалар және облигацияларды ұстаушылардың облигацияларды мерзімінен бұрын өтеуді талап етуге құқығы болатын жағдайлар, облигациялар бойынша дефолт болған жағдайда эмитенттің қандай шаралар қолданатыны, облигациялар немесе негізгі борыш бойынша сыйақы төлеу міндеттемелері орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған кезде облигацияларды ұстаушылардың құқықтарын қорғау рәсімдері көрсетіледі.
      Эмитенттің облигацияларды ұстаушыларға орындалмаған міндеттемелердің көлемін, міндеттемелерді орындамау себебін, сондай-ақ облигацияларды ұстаушылардың өз талаптарын қанағаттандыру бойынша ықтимал іс-әрекеттерін, оның ішінде эмитентке, эмитенттің облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда эмитенттің міндеттемелері бойынша ортақ немесе қосымша жауапкершілікті атқаратын тұлғаларға талап қою тәртібін қамтыған дефолттың басталу фактілері туралы ақпаратты жеткізу тәртібінің, мерзімінің және тәсілінің толық сипаттамасы көрсетіледі. Егер көрсетілген ақпаратты ашуды эмитент өзге заңды тұлғаға тапсырса, осы тұлғаның толық және қысқартылған атауы және оның орналасқан жері көрсетіледі.
      27. Облигацияларды өтеу сәтіне дейінгі әрбір сыйақы төлеу кезеңінің бөлігінде эмитенттің сыйақыларды төлеу және негізгі борыш сомасын өтеу үшін қажетті ақшалай қаражаты көздерінің және ағындарының болжамы.
      28. Облигацияларды орналастыру тәсiлi:
      1) инвесторлардың облигацияларды төлеу шарты және тәртібі:
      облигацияларды төлеу шарты, тәртібі, есеп айырысу тәсiлдерi көрсетiледi;
      2) облигациялар бойынша қамтамасыз ету (банк кепiлдiгi қамтамасыз етiлген облигациялар шығарылымы кезiнде):
      облигацияларды қамтамасыз етуге банк кепiлдiк берген жағдайда кепiлдiк берген тұлғаның кепiлдiк беруiмен қамтамасыз етілсе - атауын, орналасқан жерiн, байланыс телефондарын, кепiлдiк беру мерзiмiн және шарттарын көрсететiн деректер (кепiлдеме);
      облигация ұстаушының өкiлi туралы мәлiметтер (атауы, орналасқан жерi, байланыс телефондары, бірiншi басшысының, атқарушы органы мүшелерiнiң тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде));
      3) облигациялар бойынша құқықтарды есепке алу тәртібі:
      тiркеушiнiң атауы, оның орналасқан жерi, телефон нөмiрлерi, жасалған шарттың күнi және нөмiрi көрсетiледi;
      4) облигацияларды орналастыруға қатысатын андеррайтерлер туралы мәлiметтер:
      облигациялар орналастыруға қатысатын ұйымдардың атауы, орналасқан жерi көрсетiледi;
      5) төлем агентi туралы мәлiметтер:
      оның атауы, орналасқан жерi, телефон нөмiрлерi, тиiстi шарттың нөмiрi және күнi көрсетiледi.
      29. Облигацияларды орналастырудан түскен ақшаны пайдалану.
      Эмитенттің облигацияларды орналастырудан алатын ақшаны пайдалану мақсаты мен тәртібі, сондай-ақ енгізілетін өзгерістерін көрсете отырып, туындауы кезінде алынған ақшаны жоспарлы бөлуге өзгерістер енгізілуі мүмкін талаптар көрсетiледi.
      30. Эмитент қабылдайтын және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделмеген шектеулер (ковенанттар) (егер бұл облигациялар шығарылымы туралы эмитент органының шешімінде көзделсе).
      Шектеулерді (ковенанттарды) бұзған кездегі эмитенттің және облигациялар ұстаушылардың әрекет ету тәртібі, оның ішінде облигацияларды мерзімнен бұрын өтеу бойынша эмитенттің іс-әрекеттері толық жазылады.

8. Қосымша ақпарат

      31. Облигациялар айналысындағы шектеулер.
      Облигациялар айналысындағы кез келген шектеулер, орналастырылатын облигациялардың ықтимал сатып алушыларына қатысты шектеулер, оның iшiнде арасында облигацияларды орналастыру жоспарланып отырған тұлғалар тобы көрсетiледi.
      32. Эмитенттің облигациялар шығарылымына жұмсалған шығындарының сомасы және осы шығындар қандай тәсiлмен төленетiндiгi туралы мәлiметтер.
      Тиiстi алқаларға (қауымдастықтарға, палаталарға) олардың тиiстілігiн көрсете отырып эмитенттiң қаржылық есептілігін берудiң аудитiн жүзеге асырған (жүзеге асыратын) аудиторлық ұйымдарының толық ресми атауы (аудитордың аты-жөнi, әкесінің аты (ол болған кезде)).
      Тиiстi алқаларға (қауымдастықтарға, палаталарға) олардың тиiстілігiн көрсете отырып, тиiстi қызмет көрсету шарттары жасалған заң және қаржы мәселелерi жөніндегі кеңесшiлердiң толық ресми атауы.
      Жоғарыда аталған тұлғалармен шарттың бұзылуы орын алған жағдайда қай тараптың бастамашы болғанын анықтай отырып, шарттың бұзылу себебi туралы ақпаратты беру қажет.
      33. Инвесторлар эмитент жарғысының көшiрмесiмен, облигациялар шығарылымның проспектiсiмен, облигацияларды орналастыру қорытындысы туралы есеппен таныса алатын орындар, сондай-ақ эмитенттің қызметi туралы ақпаратты жариялау үшiн пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралдары туралы ақпарат.
      Облигациялар шығарылымы проспектiсiне бірiншi басшы не өзге уәкiлеттi тұлға, бас бухгалтер қол қояды және эмитенттiң мөр бедерімен расталады.
      Проспектiнiң әрбір данасы аудиторлық есептермен расталған эмитенттiң соңғы екi қаржы жылына жасалған жылдық аудиторлық есептерімен және облигациялар шығарылымын мемлекеттік тiркеуге құжаттарды мемлекеттік тiркеуге беру алдындағы соңғы тоқсандағы қаржылық есептілікпен бірге тігіледі және тігілген және нөмірленген парақтардың санын көрсете отырып, тiгiстiң түйiнiне және жартылай параққа желiмделген қағаз пломбамен бекітіледi. Мөрдiң бедері жартылай қағаз пломбаға, жартылай құжаттың парағына басылуы және бірiншi басшысының қолымен куәландырылуы тиiс.

«Мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымын мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет стандартына     
4-қосымша          

      Халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесі:
      1) Халықаралық қайта құру және даму банкі;
      2) Халықаралық қаржы корпорациясы;
      3) Азия даму банкі;
      4) Африка даму банкі;
      5) Еуропа қайта құру және даму банкі;
      6) Америкааралық даму банкі;
      7) Еуропа инвестициялық банкі;
      8) Ислам даму банкі;
      9) Скандинавия инвестициялық банкі;
      10) Еуропалық Кеңестің даму банкі;
      11) Халықаралық есеп айырысу банкі;
      12) Еуразиялық даму банкі.

«Мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымын мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына   
5-қосымша        

Айналыс мерзiмi он екі айдан аспайтын облигациялар
шығарылымын мемлекеттік тiркеуге және ұлттық бірегейлендiру
нөмiрiн беруге сұрау салу

Эмитенттiң атауы

Орналасқан жерi

Меншiктi капиталдың мөлшерi

Төленген жарғылық капиталдың мөлшерi

Ұлттық бірегейлендіру нөмірін және енгізу күнін көрсете отырып, қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші санатына енгізілген эмитенттің акциялары туралы мәліметтер

Бір облигацияның номиналдық құны

Шығарылымның құны

Айналыстың басталу күні

Облигациялардың қамтамасыз етiлуi

Облигациялардың түрi

Облигациялардың саны

Облигациялар бойынша сыйақы мөлшерi

төлеу мерзімдері

Купондық

Дисконттық

Индекстелген

      Сұрау салуға эмитенттің бірінші басшысы, бас бухгалтері не олардың орнындағы адамдар қол қояды және мөрінің (ол болған кезде) бедерімен куәландырылады.

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына     
14-қосымша       

«Инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын
мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі(бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде.
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ уақыты 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – пайлардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) және көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына ілеспе хатпен жіберілетін, инвестициялық пай қоры қағидаларының және басқарушы компания қызметінің талаптары мен тәртібін, басқарушы компанияның құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлерінің инвестициялық пай қорын құру, жұмыс істеуін қамтамасыз ету және жұмысын тоқтату жөніндегі қызметін реттейтін, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін ішкі құжаттарының бір данасы, егер көрсетілген құжаттар осыған дейін көрсетілетін қызметті берушімен келісілмесе, көрсетілетін қызметті берушінің олармен келісуі туралы белгісімен (инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеген кезде) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының не тиісті сенімхаттың негізінде қол қою құқығы берілген адамның қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру кестесі – 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) еркін нысанда жасалған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар өтініш;
      2) басқарушы компанияның жарғысына сәйкес оның директорлар кеңесі немесе акционерлерінің жалпы жиналысы (барлық дауыс беретін акцияларды иеленуші жалғыз акционері) қабылдаған инвестициялық пай қорын құру туралы шешімнің көшірмесі;
      3) басқарушы компанияның жарғысына сәйкес оның директорлар кеңесі немесе акционерлерінің жалпы жиналысы (барлық дауыс беретін акцияларды иеленуші жалғыз акционері) бекіткен қордың қағидалары;
      4) кастодианмен және тіркеушімен жасалған шарттардың жобалары;
      5) егер көрсетілген құжаттар бұрын көрсетілетін қызметті берушімен келісілмеген болса, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін басқарушы компания қызметінің талаптары мен қызметін, құрылымдық бөлімшелердің және басқарушы компания қызметкерлерінің инвестициялық пай қорын құру, қамтамасыз ету, оның жұмыс істеу және жұмысын тоқтату бойынша қызметін реттейтін ішкі құжаттары (екі данада).
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар, олар электрондық сұрау салуға тіркеледі.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      10. Мыналар:
      1) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
      2) инвестициялық пай қорының қағидаларында, оларға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларда және келісуге ұсынылған өзге де құжаттарда қайшы келетін немесе анық емес мәліметтердің болуы;
      3) басқарушы компанияның қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына   
15-қосымша     

«Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептің бекітілгені туралы көрсетілетін қызметті алушының атына жазылған хат және акцияларды орналастыру қорытындылары туралы (көрсетілетін қызметті берушінің оны бекіткендігі туралы белгісімен) қағаз жеткізгіштегі есептің бір данасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру кестесі – 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш жасаған кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      1) еркін нысанда жасалған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі бар өтініш (акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітуге өтініш және көрсетілетін қызметті алушы (тұрақтандыру банкін қоспағанда) ұсынатын құжаттар өтініште (ілеспе хатта) Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер тізілімі ұстаушысының мемлекетте осы қоғам акцияларының бар (жоқ) екендігі туралы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мөртабан бедері болған кезде қарауға қабылданады);
      2) акцияларды орналастыру қорытындылары туралы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған, есепті кезеңді аяқтайтын айдың соңындағы не акцияларды орналастыру аяқталған күнінен кейінгі күнгі жағдай бойынша қаржылық есептілікпен, есепті кезеңде акциялардың төленгенін растайтын құжаттың (құжаттардың) көшірмесімен (көшірмелерімен) және тіркеушінің акцияларды орналастыру аяқталған күнінен кейінгі күнгі ірі акционерлер туралы анықтамасының көшірмесімен бірге тігілген, қағаз жеткізгіштегі екі данада жасалған есеп. Бұл ретте екі дананың әрқайсысында қазақ және орыс тілдерінде акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп болады.
      3) қоғамның қаржылық есептіліксіз Acrobat Reader форматында акцияларды орналастыру қорытындылары туралы электрондық жеткізгіштегі есепті (қоғамды тарату және қайта құру жағдайларын қоспағанда) ұсынуға тиіс.
      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың көшірмелері бірінші басшының (не оның орнындағы тұлғаның) қол қоюымен және көрсетілетін қызметті алушының мөр (ол болған кезде) бедерімен расталады.
      Құжаттың парақтары көп болған жағдайда әр парағы расталады не құжат тігіледі және тігістің түйініне және жартылай параққа желімделген қағаз пломбасымен бекітіледі. Бірінші басшының (немесе оның орнындағы тұлғаның) қолы және мөрдің бедері жартылай қағаз пломбаға, жартылай құжаттың парағына қойылуға тиіс.
      10. Құжаттарды қарау процесінде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеу фактілерінің анықталуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болады.
      Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекітуден бас тартылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы бас тартуды алған күнінен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде көрсетілетін қызметті берушіге пысықталған есептi қайта табыс етуге мiндеттi.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымыоны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Акцияларды орналастыру
қорытындылары туралы есепті
бекіту» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына   
1-қосымша        

Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, жарғылық капиталға
мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардың тізілімін
ұстаушылардың мөртабандары бедерлерінің үлгілері

МЕМЛЕКЕТ ҚАТЫСАТЫН

Республикалық бөлімше

20 ___ ж. «____»_____________

№ ___________________________

Оператор: __________________

МЕМЛЕКЕТ ҚАТЫСАТЫН

XX Филиал

20 ___ ж.
«____»_______________

№ _______________________

Оператор: _______________

МЕМЛЕКЕТ ҚАТЫСПАЙТЫН

Республикалық бөлімше

20 ___ ж. «____»________

№ ______________________

Оператор: ______________

МЕМЛЕКЕТ ҚАТЫСПАЙТЫН

XX Филиал

20 ___ ж. _______________

№ __________________

Оператор:

«Акцияларды орналастыру  
қорытындылары туралы есепті
бекіту» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына   
2-қосымша        

_______ бастап ________ дейінгі кезеңде акцияларды
орналастыру қорытындылары туралы
есеп

      1. Қоғамның атауы және оның орналасқан жері.
      2. Қоғамның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер. Осы тармақта қоғамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің күні және нөмірі, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған органның атауы көрсетілуі қажет.
      3. Жарияланған акциялар шығарылымының мемлекеттік тіркелген (жарияланған акциялар санының ұлғаюына байланысты жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің ауыстырылған) күні және шығарылымды мемлекеттік тіркеу нөмірі.
      4. Қаржылық есептіліктің деректеріне сәйкес қоғамның жарғылық және меншікті капиталы туралы мәліметтер.
      5. Қоғам акцияларды орналастыру инвесторлардың шектеусіз аясының ортасы туралы хабарламаларды орналастырған бұқаралық ақпарат құралдарының атауы және осы хабарламалардың шыққан күні көрсетіледі.
      6. Қоғамның өзінің акционерлеріне олардың қоғам акцияларын артықшылықпен сатып алу құқығына сәйкес орналастырылатын акцияларды сатып алу ұсынысын қоғамның жарғысында көзделген мынадай тәсілдердің бірімен жеткізгені туралы ақпарат:
      1) хабарламаны жіберу күнін және акционердің осы хабарламаны алған күнін көрсете отырып жеке жазбаша хабарлама жіберу арқылы;
      2) көрсетілген ұсынысты бұқаралық ақпарат құралдарының атауын және жарияланған күнін көрсете отырып бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы.
      7. Акциялар туралы мәліметтер:
      1) жарияланған акциялардың жалпы саны, оның ішінде:
      жай акциялар __________;
      артықшылықты акциялар ______;
      2) артықшылықты акциялар бойынша дивидендтің кепілдік берілген мөлшері;
      3) егер акциялар айырбасталған болса, онда айырбастау тәртібін және айырбасталған акциялардың санын көрсету қажет.
      8. Аукциондарды немесе жазылуды өткізу талаптары мен тәртібі туралы қоғамның ішкі құжатының қабылданған және бекітілген күні туралы мәліметтер.
      9. Егер қоғамның акциялары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген болса, онда олардың енгізілген күнін көрсету қажет.
      10. Акцияларды орналастыру туралы мәліметтер:
      1) есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша түрлері бойынша орналастырылған және орналастырылмаған акциялардың саны;
      2) акцияларды орналастырудың осының алдындағы әрбір есепті кезең үшін орналастыру кезеңін, орналастырылған акциялар санын және оларды жеке төлеу сомасын, сондай-ақ акцияларды орналастырмау туралы ақпаратты назарға алу күнін көрсете отырып, осының алдындағы есепті (есептерді) бекіту күні;
      3) қоғамның директорлар кеңесінің («Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Банктер туралы заңның) 17-2-бабы негізінде жарияланған акциялар санын ұлғайту жағдайын қоспағанда) есепті кезеңде орналастырылатын акциялардың санын және оларды орналастыру бағасын белгілеу туралы шешім қабылдаған күні;
      4) Банктер туралы заңның 17-2-бабы негізінде банктің жарияланған акцияларын сатып алу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі қабылданған күн;
      5) түрлері бойынша есепті кезеңде орналастырылған акциялардың саны;
      6) бір жай және артықшылықты акцияны сатып алу бағасын, акцияларды сатып алу туралы шешім қабылданған күнін, сондай-ақ қоғам орналастырылған акцияларды (сатып алудың әрбір түрі бойынша жеке) сатып алуға жұмсалған шығыстарын көрсете отырып, қоғамның бастамасы және (немесе) акционерлердің талап етуі бойынша есепті кезеңнің аяқталу күніне сатып алынған акциялардың саны.
      Акционерлердің жалпы жиналысының немесе құрылтай жиналысының қоғам акцияларды сатып алған кезде олардың құнын айқындау әдістемесін бекіткен күні.
      11. Акцияларды орналастырудың есепті кезеңінде акцияларды орналастыру (сату) тәсілдері:
      1) акциялардың немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа бағалы қағаздардың түрін, санын, орналастыру бағасы мен ақы төлеу сомасын көрсете отырып, артықшылықпен сатып алу құқығы бойынша;
      2) жазылу арқылы (ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған нарықтарда):
      акциялардың түрін, санын, акциялардың номиналды құнын, ақы төлеу сомасын көрсете отырып, құрылтайшылар арасында (жаңадан құрылған қоғамдар үшін);
      акциялардың түрін, санын, орналастыру бағасы мен ақы төлеу сомасын көрсете отырып, өзге инвесторлар арасында орналастыру арқылы;
      3) аукцион арқылы:
      акциялардың түрін, санын, жалпы ақы төлеу сомасын, алғашқы және соңғы сауда-саттықтарды өткізу күнін, есепті кезеңде бір акцияны сауда-саттықта орналастырудың ең аз және ең жоғары бағасын, есепті кезеңдегі бір жай және артықшылықты акцияның нарықтық құнын (егер ол есептелген болса) көрсете отырып, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында;
      аукционды өткізу күнін, акциялардың түрін, санын және ақы төлеудің жалпы сомасын көрсете отырып, ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында;
      4) айырбасталатын бағалы қағаздардың санын, бағалы қағаздарды не қоғамның өзге де ақшалай міндеттемелерін айырбастауды жүргізу күнін көрсете отырып, қоғамның акцияларына бағалы қағаздарды және (немесе) қоғамның ақшалай міндеттемелерін айырбастау арқылы не туынды бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыру арқылы (туынды бағалы қағаздардың атауын, туынды бағалы қағаздарды орналастыру арқылы орналастырылған акциялар санын, Қазақстан Республикасының, сондай-ақ заңнамасына сәйкес туынды бағалы қағаздарды орналастыру жүзеге асырылған мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында сатып алуға ұсынылған акциялар санын көрсете отырып).
      12. Акциялардың санын және ақы төлеу сомасын көрсете отырып, оларға ақы төлеу тәсілі:
      1) ақшалай (құрылтайшылардың (инвесторлардың) акцияларды төлеуін растайтын төлем құжатының (төлем құжаттарының) деректемелері, төлем сомасы және төлеушінің атауы көрсетілуге тиіс);
      2) бағалы қағаздармен (бағалы қағаздар эмитентінің атауын, оның мекенжайын, бағалы қағаздардың ұлттық сәйкестендіру нөмірін және олардың санын, бағалаушының атауын, бағалау туралы есептің жасалу күнін, бағалау сомасын, мәміленің тіркелу күнін көрсету қажет);
      3) зияткерлік қызметтің нәтижесіне берілген құқығымен (бағалаушының атауын, бағалау туралы есептің жасалу күнін, бағалау сомасын, зияткерлік меншікті қабылдау-өткізу актісі туралы мәліметтерді көрсету қажет);
      4) қоғамның ақшалай міндеттемелерін қоғамның акцияларына айырбастау арқылы (берешекті акцияларды төлеу есебіне өтеу туралы шешімді кредитордың қандай органы қабылдағанын және осындай шешімнің қабылданған күнін, берешекті салыстырып тексеру актісінің деректемелерін, талап ету құқықтарын бағалау актісін кім дайындағанын, оның жасалу күнін, бағалау сомасын, егер қоғам дәрменсіз борышкер болса, банкті қайта құрылымдау жоспарын немесе оңалту жоспарын бекіту туралы сот шешімінің күнін немесе қоғамның акцияларына айырбасталатын бағалы қағаздар шығарылымы проспекттісін тіркеу нөмірін көрсету қажет);
      5) басқа да мүліктік құқықтармен (бағалаушының атауын, бағалау туралы есептің жасалу күнін, бағалау сомасын, мүлікті қабылдау-өткізу актісінің күнін көрсету қажет);
      6) өзге де тәсілмен.
      Қоғамды қайта ұйымдастыруды жүзеге асырған жағдайда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3832 тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі № 268 қаулысымен бекітілген Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту және акциялар шығарылымын жою ережесінің 2-тармағында көрсетілген құжаттардың деректемелері көрсетіледі.
      Акцияларды төлеу үшін мүліктік құқықтар және өзге де мүлік енгізілген жағдайда, тиісті лицензиясы бар бағалаушының осы мүлікті бағалау туралы есебіне акцияларды төлеу үшін осы мүлік енгізілген күнге дейінгі алты айдан кешіктірілмейтін күн қойылады.
      13. Қоғам акциялары шығарылымының андеррайтерлері (эмиссиялық консорциумдар) туралы ақпарат.
      Осы тармақта:
      1) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының атауы, андеррайтердің қызметін көрсетуге қоғам жасаған шарттың күні және нөмірі туралы, сондай-ақ эмиссиялық консорциумның қатысушылары туралы;
      2) андеррайтердің акцияларды орналастыру тәсілі туралы;
      3) андеррайтерлерге немесе орналастырудың басқа қатысушыларына, өкілдерге орналастырудың жалпы көлемінен пайыздық көрсетілімде және орналастырылатын әрбір акцияға төленген (төленетін) комиссиялық сыйақылар туралы, сондай-ақ шығыстар туралы басқа да мәліметтер;
      4) шығаруға, орналастыруға және листингке енгізуге шығатын шығасылардың негізгі санаттары туралы. Көрсетілген шығасыларды эмитенттің өзі төлемеген жағдайда, оларды төлейтін тұлғаны көрсету қажет;
      5) андеррайтерлерді тартпай және орналастырудың болашақ жоспарсыз есепті кезеңде орналастырылған акциялардың саны туралы ақпаратты көрсету қажет.
      14. Опциондарды орындау бағасы туралы мәліметтер.
      15. Акциялардың нарықтық және баланстық құнының тарихы туралы ақпарат. Егер қоғамның акциялары ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналыста болса, онда жылдар бойынша бөле отырып соңғы аяқталған үш жыл үшін, тоқсан бойынша бөле отырып соңғы аяқталған екі жыл үшін, акцияларды орналастырудың есепті кезеңі аяқталған күнге дейін соңғы алты ай үшін (айдың 1-ші күніне) акциялардың ең жоғары және ең төмен нарықтық бағасы туралы мәліметтерді көрсету қажет.
      Акциялардың баланстық құнының тарихы туралы ақпаратта жылдар бойынша бөле отырып соңғы аяқталған үш жыл үшін, тоқсан бойынша бөле отырып соңғы аяқталған екі жыл үшін, акцияларды орналастырудың есепті кезеңі аяқталғанға дейін соңғы алты ай үшін (айдың 1-ші күніне) акциялардың баланстық құны туралы мәліметтер болуға тиіс.
      Акциялардың баланстық құны мына формула бойынша есептеледі:
      АБҚ = МК/А, мұнда
      АБҚ - акциялардың баланстық құны;
      МК - қоғамның меншікті капиталының мөлшері;
      А - қоғамның орналастырылған акцияларының саны (қоғам сатып алған акцияларды шегергенде).
      16. Дивидендтерді төлеу туралы мәліметтер:
      1) тиісті шешім қабылданған акционерлердің жалпы жиналысы хаттамасының деректемелеріне сілтеме жасай отырып, төлем жүзеге асырылған аяқталған қаржы жылының қорытындылары бойынша жай және артықшылықты акциялар бойынша есептелген және төленген дивидендтердің жалпы сомасын (есептелген және бюджетке төленген салық сомасын) көрсете отырып, дивидендтер төленген акционерлердің санын көрсете отырып дивидендтерді соңғы төлеу күні;
      2) қоғамның осы хабарламаны жариялау күнін көрсете отырып, дивидендтерге төлем жасау туралы хабарламасын орналастырған бұқаралық ақпарат құралының атауы;
      3) бір жай және артықшылықты акцияға есептелген және (немесе) төленген дивидендтердің мөлшері, сондай-ақ дивидендтер есептелген және (немесе) төленген қаржы жылының қорытындылары бойынша бір жай және артықшылықты акцияға келген таза кіріс мөлшері;
      4) егер дивидендтерді уақтылы төлемеу бойынша берешек орын алған жағдайлар болса, оның пайда болу себептерін және акцияларды орналастыру кезеңінің аяқталу күніндегі берешек сомасын көрсету қажет, бұл ретте акционерлер алдында берешекті өтеу бойынша қоғам қандай шаралар қолданғанын көрсету қажет.
      17. Қоғамның тіркеушісі туралы мәліметтер:
      1) акцияларды ұстаушылардың тізілімі жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын тіркеушінің атауы және орналасқан жері;
      2) қоғам акцияларын ұстаушылар тізілімін жүргізу туралы шарттың күні және нөмірі.
      18. Акцияларды орналастыру кезеңінің аяқталу күнінен кейінгі күндегі ірі акционерлер туралы мәліметтер. Осы мәліметтер тіркеуші осыған ұқсас күнге берген, есептің ажырамас бөлігі болып табылатын анықтама негізінде толтырылады:

Заңды тұлға - акционерлердің толық атауы немесе жеке тұлға - акционерлердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Жеке тұлға - акционердің жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері немесе заңды тұлға - акционерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі мен күні және оның орналасқан жері

Акциялардың түрін көрсете отырып, акционерге тиесілі акциялардың жалпы саны

Ірі акционерге тиесілі акциялардың пайыздық арақатынасы

      19. Егер орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде акцияларды орналастыру кезеңінің аяқталу күнінен кейінгі күні акциялары номиналды ұстаудағы ірі акционерлер туралы мәліметтер болмаса, номиналды ұстаушылардың атауы және олардың номиналды ұстауындағы қоғам акцияларының саны туралы мәліметтер.
      20. Есепке бірінші басшы, бас бухгалтер не олардың орнындағы адамдар қол қояды және акционерлік қоғам мөрінің бедерімен куәландырылады. Есептің әрбір данасы қаржылық есептілікпен, осы қосымшаның 12-тармағына сәйкес акцияларды орналастырудың есепті кезеңінде акциялардың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерімен және тіркеуші берген анықтаманың көшірмесімен бірге тігіледі және тігістің түйініне және жартылай параққа желімделген қағаз пломбамен бекітіледі (есепті кезеңде акциялар орналастырылмаған жағдайда акциялардың төленгенін растайтын құжаттарды қоспағанда). Мөрдің бедері жартылай қағаз пломбаға, жартылай құжаттың парағына қойылады және бірінші басшының қолымен куәландырылады.
      Есепті кезеңде акциялар орналастырылмаған жағдайда осы қосымшаның 1112 және 13-тармақтары толтырылмайды.

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына   
16-қосымша      

«Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы
есепті бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі(бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есептің бекітілгені туралы көрсетілетін қызметті алушының атына жазылған хат және облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы (көрсетілетін қызметті берушінің оны бекіткендігі туралы белгісімен) қағаз жеткізгіштегі есептің бір данасы (бұдан әрі – есептің данасы) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту жөніндегі дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі:
      1) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі бар еркін нысанда жасалған, облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті қарау туралы өтініш;
      2) есепті айдың соңындағы немесе облигацияларды орналастыру аяқталған күнгі жағдай бойынша қаржылық есептілік;
      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған және ресімделген облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп.
      Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп қағаз жеткізгіште және Acrobat Reader форматында электрондық жеткізгіште екi данада ұсынылады. Бұл ретте екі дананың әрқайсысында облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы мемлекеттік тілдегі және орыс тiлiндегі есеп болады.
      Standard & Рооr's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «АА»-дан төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service, Fіtch агенттіктерінің халықаралық шкаласы бойынша осындай деңгейдегі рейтингісі бар халықаралық қаржы ұйымының облигацияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады және мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі қағаз жеткізгіште екі данада және Acrobat Reader форматында электрондық жеткізгіште мемлекеттік тілде және орыс тілінде бір данада ұсынылады.
      Эмитент мүлкінің кепілімен қамтамасыз етілген ипотекалық және басқа да облигацияларды шығарған жағдайда, эмитент Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тіркелген кепіл шартының болуын растайтын құжаттарды ұсынады.
      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың көшірмелері бірінші басшының (не оның орнын ауыстыратын адамның) қол қоюымен және көрсетілетін қызметті алушының мөр (ол болған кезде) бедерімен расталады.
      Құжаттың парақтары көп болған жағдайда әр парағы расталады не құжат тігіледі және тігістің түйініне және жартылай параққа желімделген қағаз пломбасымен бекітіледі. Бірінші басшысының (немесе оның орнындағы адамның) қолы және мөрдің бедері жартылай қағаз пломбаға, жартылай құжаттың парағына түсуі тиіс.
      10. Құжаттарды қарау процесінде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеу фактілерінің анықталуы жағдайлары мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере
отырып қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Облигацияларды орналастыру 
қорытындылары туралы есепті 
бекіту» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына     
1-қосымша         

_______ - _________ аралығындағы кезеңде
облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы
есеп

      1. Эмитенттің атауы.
      2. Эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер.
      Осы тармақта эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің күнін және нөмірін, сондай-ақ оны мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған органның атауын көрсету қажет.
      3. Эмитенттің орналасқан орны.
      4. Облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі.
      5. Облигациялар туралы мәліметтер:
      шығаруға жарияланған облигациялардың жалпы саны мен түрі, номиналдық құны, купонның және (немесе) дисконттың мөлшері, облигацияларды орналастырудың есепті кезеңі аяқталған күніне орналастырылған, сатып алынған және орналастырылмаған облигациялардың саны.
      6. Меншік иелерінің санаттары бойынша облигацияларды иеленушілердің саны туралы мәліметтер:
      резиденттер мен резидент еместер; жеке және заңды тұлғалар;
      төменде көрсетілген әр тұлғалар санаттарының меншік иелеріне тиесілі облигациялар санын көрсете отырып, зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, екінші деңгейдегі банктер, банктік емес ұйымдар, брокер-дилерлер және басқалар.
      7. Облигацияларды орналастыру туралы мәліметтер:
      1) орналастыру кезеңінің басталу күнін және аяқталу күнін, орналастырылған облигациялар санын және әрбір алдыңғы облигацияларды орналастырудың есепті кезеңіне жеке-жеке тартылған ақша сомасын, сондай-ақ облигацияларды орналастырмау туралы ақпараттың мәлімет үшін қабылданған күнін көрсете отырып, алдыңғы есепті (есептерді) бекіту күні;
      2) есепті кезеңде ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жазылу және аукцион арқылы орналастырылған облигациялардың саны және тартылған ақша сомасы, оның ішінде есепті кезеңде орналастырылған, айналыста болу мерзімі аяқталған облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірін, осы облигациялардың түрі мен санын көрсете отырып, эмитент бұрын шығарған, айналыста болу мерзімі аяқталған облигациялар бойынша талап ету құқықтарымен төлем жасалған облигациялар туралы ақпарат. Облигацияларды аукцион өткізу жолымен орналастырған жағдайда, оларды жүргізген күні және аукциондағы ең жоғарғы сату бағасы көрсетіледі;
      3) ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында есепті кезеңде облигацияларды орналастыру туралы ақпарат (сауда-саттықты ұйымдастырушы тізімінің санаты, облигацияларды орналастыруды аяқтаған күніне облигациялардың нарықтық құны, сауда-саттықтағы ең жоғарғы баға және бірінші және соңғы сауда-саттықтың күні, орналастырылған акциялардың саны және тартылған ақша сомасы), оның ішінде облигацияларды шет мемлекеттің аумағында орналастыруға уәкілетті органның рұқсатын алу күнін көрсете отырып, шет мемлекеттің аумағында есепті кезеңде орналастырылған облигациялардың саны;
      4) есепті кезеңде орналастырылған облигациялардың жалпы саны;
      5) есепті кезең аяқталған күніне сатып алынған облигациялардың саны, сатып алу туралы шешім қабылданған күн, сондай-ақ сатып алу себебін, оның ішінде проспектіде және (немесе) Заңда көзделген ковенанттарды бұзған кездегі сатып алу себебін көрсете отырып, эмитент оларды сатып алған кезде жұмсаған шығыстар сомасы;
      6) эмитент бұрын сатып алған және есепті кезеңде қайта сатылған облигациялардың саны;
      7) үлестес тұлғаларға орналастырылған, осы үлестес тұлғалардың деректері көрсетілген, облигациялар саны.
      8. Облигациялар шығарылымының андеррайтерлері (эмиссиялық консорциумдар) туралы ақпарат. Осы тармақта мынадай:
      бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының атауы, эмитентпен жасалған андеррайтер қызметін көрсету шартының күні мен нөмірі, сондай-ақ эмиссиялық консорциумның қатысушылары туралы;
      орналастырудың жалпы көлемінен пайыздық көрсеткіште андеррайтерлерге немесе орналастырудың басқа қатысушыларына, өкілдерге төленген (төленуі тиіс) дисконт пен комиссиялық ақылар туралы, әрбір орналастырылған облигацияға дисконттың және комиссиялық ақының көлемі және шығыстар туралы басқа да мәліметтер;
      андеррайтерлерді тартпастан орналастырылған облигациялардың саны және орналастырудың болашақ жоспарлары туралы ақпарат көрсетіледі.
      9. Арнайы қаржы компаниясының облигациялары шығарылған кезде қосымша мынадай ақпарат ұсынылады:
      1) тиісті шарттардың нөмірі мен жасалу күндерін көрсете отырып, оригинатордың, кастодиан-банктің, басқарушы агенттің және басқаға берілген талап ету құқықтары бойынша төлемдерді жинайтын тұлғаның атауы мен орналасқан жері;
      2) талап ету құқықтарының сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімінің талаптары, тәртібі мен мерзімі және олардың орындалуына бақылау жасау тәртібі;
      3) арнайы қаржы компаниясы облигацияларының шығарылымы проспектісіне сәйкес арнайы қаржы компаниясы облигацияларының қамтамасыз етуі болып табылатын бөлінген активтердің сомасы;
      4) есепті кезеңнің аяқталу күніне арнайы қаржы компаниясы облигацияларының қамтамасыз етуі болып табылатын бөлінген активтердің сомасы;
      5) есепті кезеңнің аяқталу күніне арнайы қаржы компаниясы бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша алған ақша сомасы;
      6) есепті кезеңде секьюритилендіру мәмілесі бойынша қызметтерге ақы төлеумен байланысты шығыстар сомасы;
      7) бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша міндеттемелерді уақтылы орындамау немесе орындамау фактілерінің болуы туралы мәліметтер.
      10. Тіркеуші туралы мәліметтер.
      Тіркеушінің атауы мен орналасқан жері, шарттың нөмірі мен жасалған күні.
      11. Облигациялар шығарылымы туралы ақпараттық хабар жарияланған баспасөз басылымының атауы және жарияланған күні.
      12. Шығарылым проспектісінде көзделген шектеулерді (ковенанттарды) бұзу жағдайлары туралы ақпарат.
      13. Облигацияларды орналастыру аяқталған күніне левередж мөлшері (қаржы ұйымдары левередж мөлшерін көрсетпейді), бұрын шығарылған облигациялар бойынша дефолт жағдайларының болуы, облигацияларды одан әрі орналастыруға байланысты бар проблемалар.
      14. Облигациялар бойынша сыйақы төлеу туралы мәліметтер:
      1) облигациялар бойынша сыйақы төлеу кезеңділігі мен мерзімдері;
      2) облигациялар бойынша сыйақының мөлшері және мөлшерін белгілеу тәртібі. Есепті кезең ішінде осы шығарылымның облигациялары бойынша төленген жалпы сыйақы сомасы;
      3) облигациялар бойынша сыйақы төлеу кезіндегі есеп айырысу тәртібі (есеп айырысу нысаны: қолма-қол ақшамен, қолма-қол ақшасыз);
      4) кезекті сыйақы төлеуге байланысты және (немесе) осы шығарылымның облигацияларын өтеуге байланысты ықтимал проблемалардың және осы жағдайдан шығу үшін эмитент қолданатын іс-шаралардың сипаттамасы. Облигациялар бойынша сыйақының уақтылы төленбеуі жағдайлары болса, себептері мен эмитенттің қандай шаралар қабылдағанын көрсету керек.
      Есепке бірінші басшы, бас бухгалтер немесе олардың орнындағы адамдар қол қояды және эмитенттің мөр бедерімен расталады. Есептің әрбір данасы есепті айдың соңындағы жағдай бойынша немесе облигацияларды орналастыру аяқталған күніндегі қаржылық есептілігімен және облигацияларды орналастыру кезеңі аяқталған күнінен кейінгі күнге тіркеуші берген облигацияларды ұстаушылар тізілімінің көшірмесімен бірге тігіледі, тігістің түйініне және жартылай параққа желімделген қағаз пломбасымен бекітіледі. Мөрдің таңбасы жартылай қағаз пломбасына, жартылай құжаттың парағына басылуы және бірінші басшысының немесе оның орнындағы адамның қолымен расталуы тиіс.
      Есепті кезеңде облигациялар орналастырылмаған жағдайда осы қосымшаның 7-тармағының 2), 3), 4) тармақшалары толтырылмайды.

«Облигацияларды орналастыру     
қорытындылары туралы есепті бекіту» 
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша            

Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы
ЕСЕП

      1. Эмитенттің атауы.
      2. Эмитенттің орналасқан орны.
      3. Облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі.
      4. Облигациялар туралы мәліметтер:
      шығаруға жарияланған облигациялардың жалпы саны мен түрі, номиналдық құны, купонның және (немесе) дисконттың мөлшері.
      5. Облигацияларды орналастыру туралы мәліметтер:
      1) есеп ұсынылатын орналастыру кезеңінің басталу күні мен аяқталу күні;
      2) есепті кезеңде және бұрын орналастырылған облигацияларды ескере отырып, олардың айналысқа түскен күнінен бастап барлық орналастырылған облигациялар саны.
      Есепке эмитенттің уәкілетті адамы қол қояды. Есептің әрбір данасы облигацияларды орналастыру кезеңі аяқталған күніндегі тіркеуші берген облигацияларды ұстаушылар тізілімінің көшірмесімен бірге тігіледі.

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына    
17-қосымша      

«Актуарийлерден біліктілік емтиханын қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Актуарийлерден біліктілік емтиханын қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті беруші біліктілік емтиханын өткізу күні туралы жазбаша түрде күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде хабарлайды;
      2) біліктілік емтиханы 60 (алпыс) минут ішінде тестілеу түрінде жүзеге асырылады;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының атына жолдаған, біліктілік емтиханның нәтижесі көрсетілген хаты.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға қағаз жеткізгіште өтініш берген жағдайда, нәтиже электрондық форматта ресімделеді және қағазға басылады.
      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша біліктілік емтиханын тапсыруға арналған өтініш;
      2) алдыңғы біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы мәлімет (біліктілік емтиханы бірінші рет тапсырылған жағдайды қоспағанда);
      3) барлық растайтын құжаттармен қоса (қызмет көрсету туралы шарттардың көшірмелері, актуарлық қорытындылардың көшірмелері) сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыру жөніндегі ақпарат;
      4) біліктілік емтиханын тапсыру туралы өтінішті беру сәтіне актуарийлердің тиісті қауымдастығында (қоғамында немесе өзге де бірлестікте) оның мүшелігін (толық мүшелігін) растайтын құжаттар;
      5) резидент емес көрсетілетін қызметті алушы мүшесі (толық мүшесі) болып табылатын актуарийлердің тиісті қауымдастығының (қоғамының немесе өзге бірлестіктің) не резидент емес көрсетілетін қызметті алушы өз қызметін жүзеге асыратын елдің мемлекеттік қадағалау органының актуарийде соңғы екі жыл ішінде заңнаманы бұзудың және санкциялардың (резидент емес көрсетілетін қызметті алушы өз қызметін жүзеге асыратын елдің) болмағандығы туралы хат.
      Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларының талаптары актуарий мәртебесі бар және Халықаралық актуарийлер қауымдастығының толық мүшесі деген мәртебеге ие актуарийлер қауымдастығының (қоғамның немесе өзге де бірлестіктің) мүшелері (толық мүшелері) болып табылатын актуарийлерге ғана қолданылады.
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4) және 5) тармақшаларында (құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі) және 2) тармақшасында көрсетілген, электрондық сұрау салуға қоса тіркелетін құжаттар.
      Жеке басты куәландыратын құжаттардың, лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Актуарийлерден біліктілік
емтиханын қабылдау» 
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 
қосымша       

Біліктілік емтиханын тапсыруға
өтініш

      Маған,_________________________________________________________
            (актуарийдің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
      Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес біліктілік емтиханын тапсыруға рұқсат беруіңізді сұраймын.
      Мен өтінішке қоса берілген құжаттар мен мәліметтердің дәйектілігіне толық жауап беремін, сондай-ақ уәкілетті органға өтінішті қарауға байланысты сұрау салынған қосымша ақпарат пен құжаттарды уақытылы ұсынуға міндеттенемін.
      «Актуарийлерден біліктілік емтиханын қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.
      Өтінішке мыналарда қоса беріп отырмын:

      Актуарий                    _____________________________
                                           (күні, қолы)

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына   
18-қосымша     

«Кредиттік бюроның пайдалануына кредиттік тарихтардың
деректер базасын басқару жүйесін енгізу актісін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Кредиттік бюроның пайдалануына кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін енгізу актісін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін жіберу:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – кредиттік тарихтың деректер базасын басқару жүйесін пайдалануға енгізу бойынша кредиттік бюроның қажетті іс-шараларды орындауына тексеру жүргізу туралы өтініш берілген күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде.
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – кредиттік тарихтың деректер базасын басқару жүйесін кредиттік бюроның пайдалануына енгізу актісін (бұдан әрі – енгізу актісі) беру.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда, нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті  алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берген кезде қажетті құжат:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинау мен өңдеуге және ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің пайдаланылуына келісімі бар еркін нысанда жазылған өтініш.
      Порталда:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына   
19-қосымша       

«Инвестициялық пай қорларының пайларын орналастыру
қорытындылары туралы есепті бекіту»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Инвестициялық пай қорларының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын ұсынған күнінен бастап – күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының атына инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту жөнінде хат және қағаз жеткізгіштегі инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есептің бір данасы (көрсетілетін қызметті алушының оны бекіту туралы белгісімен) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жөніндегі дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинау мен өңдеуге келісімі бар инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есепті қарау жөніндегі еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) есептi айдың соңындағы немесе эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру аяқталған күндегi жағдай бойынша қаржылық есептілік;
      3) қағаз жеткізгіште екі данада (мемлекеттік тілде және орыс тілінде) және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша Аcrobat Reader форматындағы электрондық жеткізгіште инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есеп (инвестициялық пай қорының пайларының меншік иелері туралы мәліметтерсіз).
      10. Құжаттарды қарау процесінде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеу фактілері мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болады.
      Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есептi бекітуден бас тартылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы бас тартуды алған күнінен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде көрсетілетін қызметті берушіге пысықталған есептi қайта табыс етуге мiндеттi.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін
ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Инвестициялық пай қорларының
пайларын орналастыру қорытындылары
туралы есепті бекіту» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша           

Инвестициялық пай қорларының пайларын
орналастыру қорытындылары туралы
есеп

      1. Инвестициялық пай қорының атауы_____________________________
_____________________________________________________________________
      2. Инвестициялық пай қорының пайлары шығарылымының мемлекеттік
тіркелген күні мен нөмірі ___________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      3. Басқарушы компанияның атауы және оның орналасқан жері ______
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      4. Инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияның
нөмірі мен алынған күні _____________________________________________
_____________________________________________________________________
      5. Кастодианның атауы және оның орналасқан жері _______________
_____________________________________________________________________
      6. Кастодиандық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның
нөмірі мен алынған күні _____________________________________________
_____________________________________________________________________
      7. Тіркеушінің атауы және оның орналасқан жері ________________
_____________________________________________________________________
      8. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу
қызметін жүзеге асыруға берілген лицензияның нөмірі мен алынған күні
_____________________________________________________________________
      9. Пайларды бастапқы орналастыру туралы мәліметтер:
      1) инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру
кезеңінің басталу және аяқталу
күні*___________________________________________
_____________________________________________________________________
Егер инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру мерзімін
ұзарту туралы шешім қабылданған жағдайда, осы тармақта көрсетілетін
қызметті берушінің инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы
орналастыру мерзімін ұзарту туралы хаттың күні мен нөмірі
көрсетіледі__________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      2) инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру
кезінде инвестициялық пай қоры пайының номиналдық құны ______________
_____________________________________________________________________
      3) инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыруды
аяқтау күніндегі жағдай бойынша орналастырылған инвестициялық пай
қоры пайларының саны ________________________________________________
_____________________________________________________________________
      10. Орналастыру кезеңін, инвестициялық пай қорының
орналастырылған пайларының санын және орналастырудың алдыңғы әр
есептілік кезеңі үшін жеке олардың төлем сомасын, сондай-ақ
инвестициялық пай қорының пайларын орналастырмау жөніндегі ақпаратты
мәлімет үшін қабылдау күнін көрсетіп, алдыңғы есепті (есептерді)
бекіту күні _________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      11. Есепті кезеңнің аяқталу күніне инвестициялық пай қорының
пайларын орналастыру туралы мәліметтер:
      1) инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру кезеңінің
басталу және аяқталу күндері________________________________________;
      2) есепті кезеңде орналастырылған инвестициялық пай қоры
пайларының саны_____________________________________________________;
      3) инвестициялық пай қорының есептік кезеңде сатып алынған
пайларының саны_____________________________________________________;
      4) инвестициялық пай қорының есептік кезеңде пайларын сатып
алуға төленген ақша сомасы__________________________________________;
      5) бұрын орналастырылған пайларды ескере отырып, есепті кезеңде
орналастырылған инвестициялық пай қоры пайларының жиынтық саны (сатып
алынған пайларды шегеріп)___________________________________________;
      6) кастодианның есепті кезеңде орналастырылған пайларды төлеуге
ақшаның түскендігі туралы анықтамасымен расталған есепті кезеңде
инвестициялық пай қорының пайларын төлеуге түскен
ақшасомасы___________________________________________________________
____________________________________________________________________.
      12. Есепті кезеңде басқарушы компаниядан пайларды сатып алған,
әрбір меншік иесі бөлігінде инвестициялық пай қоры пайларының меншік
иелері туралы мәліметтер:

Заңды тұлға- меншік иеле- рінің толық атауы немесе жеке тұлға- меншік иеле- рінің тегі, аты-жөні, әкесінің аты (ол болған кезде)

Жеке тұлға - пайдың меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың атауы және деректемелері, заңды тұлға - меншік иесін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні

Меншік иесінің пайларды сатып алу күні және сатып алу күніне пай құны

Есепті кезеңде пайларды орналастыру кезінде меншік иесі сатып алған инвестициялық пай қоры пайларының жалпы саны

Пай төлеміне келіп түскен ақша сомасы

      13. Есепке инвестициялық пай қорының активтерін басқаруды
жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің басшысы, басқарушы компанияның
бас бухгалтері не олардың орнындағы адамдар қол қояды және ол
басқарушы компанияның мөрімен (ол бар болған кезде) расталады.
Есептің әрбір данасы есепті кезеңнің аяқталған күнінде жасалған
орналастырылған пайлардың есебі бойынша инвестициялық пай қорының
жеке шотынан тіркеуші үзіндісінің және кастодианның есепті кезеңде
орналастырылған пайларды төлеуге ақшаның түскендігін растау туралы
анықтамасының көшірмесімен бірге тігіледі және жіптің түйініне әрі
ішінара параққа желімделген қағаз пломбасымен бекітіледі. Мөр
жартылай қағаз пломбаға,жартылай құжат парағына қойылуға тиіс.
      14. Пайларды орналастырудың қорытындысы жөніндегі есепті
бекітуден бас тартылған жағдайда, басқарушы компания бас тартуды
алған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қайталап пысықталған
есепті уәкілетті органға береді.
      Инвестициялық пай қорының пайларын орналастырудың қорытындысы
жөніндегі есепті бекітуге құжаттарды қайталап бергенде, қару мерзімін
санау қайтадан басталады.____________________________________________

      * орналастырудың есепті кезеңі:
      - бастапқы орналастыру кезінде:
      орналастыру басталған күнінен бастап үш айдан аспайды (осы
мерзім уәкілетті органның рұқсаты негізінде ұзартылған жағдайда –
рұқсатта көрсетілген мерзімде);
      - инвестициялық пай қорының пайларын одан әрі орналастыру
кезінде:
      әрбір алты айдың қорытындылары бойынша («Бағалы қағаздар рыногы
туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының
24-бабының 2-тармағына сәйкес).

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына  
20-қосымша    

«Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына
рұқсат алған бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық
есептілігінің аудитіне шығындарды өтеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына рұқсат алған бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық есептілігінің аудитіне шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі(бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының атына Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының (бұдан әрі – қаржы орталығы) арнайы сауда алаңына рұқсат алған бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитіне шығындарды өтеу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі қаулысының көшірмесін қағаз жеткізгіште жіберу.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес аудитке жұмсалған шығындарды өтеуге өтініш.
      Өтініш күнтізбелік жылдың қаңтарының бірінші жұмыс күнінен бастап 1 сәуірге дейін қабылданады;
      2) қаржылық есептілік аудитін жүргізуге аудиторлық ұйыммен жасалған шарттың көшірмесі;
      3) қаржылық есептілік аудитіне жұмсалған шығыстардың төлену фактісін растайтын құжаттың түпнұсқасы және оның көшірмесі (бағалы қағаздары алғаш рет қаржы орталығының арнайы сауда алаңына рұқсат алған эмитентке (бұдан әрі – эмитент) құжаттың түпнұсқасы көшірмесімен сәйкестендірілгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде қайтарылады);
      4) аудиторлық ұйымның Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10340 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржы құралдарын Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 243 қаулысында белгіленген талаптарға аудиторлық сәйкестігі туралы қор биржасының қорытындысы;
      5) аудиторлық ұйымында «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес эмитенттің аудитін жүргізу құқығына шектеудің жоқтығы туралы жазбаша растамасы;
      6) эмитенттің бағалы қағаздарының шығарылымы проспектісінің көшірмесі, сондай-ақ бар болған жағдайда шығарылым проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар;
      7) эмитенттің қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есептің нотариат куәландырған көшірмесі;
      8) бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі;
      9) жасалған мәмілелер бойынша жиынтық ведомосінің қосымшасымен қаржы орталығының арнайы сауда алаңына эмитенттің бағалы қағаздарының алғаш жіберілгендігі туралы қор биржасының жазбаша растамасы;
      10) құжаттарды беру және алу құқығына сенімхат.
      Бірнеше парақтан тұратын құжаттардың көшірмелері нөмірленген, тігілген және соңғы парақтың сырт жағында эмитент басшысының қолымен және мөрімен (ол болған кезде) расталған күйінде ұсынылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін
ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Алматы қаласы өңірлік қаржы  
орталығының арнайы сауда алаңына
рұқсат алған бағалы қағаздар  
эмитенттерінің қаржылық есептілігінің
аудитіне шығындарды өтеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша            

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
______________________________

Аудитке жұмсалған шығындарды өтеуге
өтініш

      Алматы қаласы                   20__ жылғы «___» _______ № ____
_____________________________________________________________________
(бағалы қағаздардың эмитенті – көрсетілетін қызметті алушының толық
атауы)
______________________________________________________________арқылы
      (бірінші басшының тегі, аты-жөні мен лауазымы)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінен 20__ жылғы «___» _____________
бастап 20__ жылғы «___» ________________ аралығында _________________
___________________________________________________ аудиторлық ұйымы
(мекенжайын көрсете отырып аудиторлық ұйымның толық атауы)
жүзеге асырған қаржылық есептілік аудитіне жұмсалған шығындарды
өтеуді сұрайды.
_____________________________________________________________________
(бағалы қағаздардың эмитенті – көрсетілетін қызметті алушының толық
атауы)
      мыналарды:
      1) жоғарыда көрсетілген аудиторлық ұйыммен аудиторлық қызмет
көрсетуге арналған 20__ жылғы «___» _______________ № _______шарттың
жасалғанын;
      2) қаржылық есептілік аудитіне жұмсалған шығындардың 20__
жылғы«___» _________ төленгенін ____________________________________;
      (аудитке жұмсалған шығыстардың төленгенін растайтын құжат,
нөмірі мен күні)
      3) ________________ Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының
(бағалы қағаздардың атауы) арнайы сауда алаңында ашық сауда-саттық
әдісімен 20__ жылғы «___» _______________ мөлшерінде
орналастырылғанын;
      4) аудиторлық ұйымның біздің ұйыммен үлестес емес екендігін
және «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес аудит жүргізуге құқықтары шектелмегенін
растайды.
____________________________________________________________ ақшаны
(бағалы қағаздардың эмитенті - көрсетілетін қызметті алушының толық
атауы) мынадай деректемелер бойынша аударуды өтінеді
_____________________________________________________________________
(бенефициардың ЖСК, БСН, БЕК және атауы, банктің БСН, БСК және атауы)
      «Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына
рұқсат алған бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық есептілігінің
аудитіне шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті
дербес деректерді жинау мен өңдеуге келісім беремін.
___________________________________________________ _________
(бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және
лауазымы) (қолы)

                                                             Мөр орны
                                                    (ол болған кезде)

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына   
21-қосымша     

«Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қатысушы заңды
тұлғаларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қатысушы заңды тұлғаларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – қоса берілген құжаттармен өтінішті тіркеген күнінен кейінгі 1 (бір) жұмыс күннен кешіктірмей;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушы заңды тұлғаларын (бұдан әрі – қаржы орталығына қатысушы) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (бұдан әрі – анықтама) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жөніндегі дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда, нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі Ғ–ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсеткен кезде заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) үшін 6,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тіркеу алымы өндіріп алынады.
      Тіркеу алымын төлеу қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызметті портал арқылы алуға электрондық сұрау салынған жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру кестесі – 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрылтайшының немесе құрылтайшы уәкілеттік берген адамның қолы қойылған қазақ және орыс тілдеріндегі Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қатысушысы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
      2) қаржы орталығына қатысушы жарғысының қазақ және орыс тілдеріндегі үш данасы;
      3) құрылтай шартының не жалғыз құрылтайшының қаржы орталығы қатысушысын белгілеу туралы шешімінің қазақ және орыс тілдеріндегі екі данасы;
      4) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін тіркеу алымының төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат.
      Қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттік тіркеу үшін осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) қазақ және орыс тілдеріндегі қаржы орталығының қатысушысы мүлігінің меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешімі, қаржы орталығы қатысушысының құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген органының шешімі немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда сот шешімі;
      2) бірігу, қосылу, қайта құрылу кезінде - тапсыру актісі, бөліну, бөліп шығару кезінде - қаржы орталығының қатысушысы мүлігінің меншік иесі немесе қаржы орталығының қатысушысын қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен қайта ұйымдастырылған қаржы орталығы қатысушысының міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқорлық туралы ережелері көрсетілген бөлу балансы және қаржы орталығы қатысушысының уәкілетті органының тапсыру актісі мен бөлу балансын бекіту туралы шешімі;
      3) кредиторларға қаржы орталығының қатысушысын қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабарланғанын растайтын құжат;
      4) қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның қызметін тоқтату үшін мемлекеттік тіркеу алымы бюджетке төленгендігін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.
      Қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттік қайта тіркеу үшін мыналар ұсынылады:
      1) қазақ және орыс тілдеріндегі мемлекеттік қайта тіркеу туралы өтініш;
      2) қазақ және орыс тілдеріндегі қаржы орталығы қатысушысының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді көздейтін, қаржы орталығы қатысушысының мөрімен (ол болған кезде) бекітілген қаржы орталығы қатысушысының уәкілетті органының мемлекеттік қайта тіркеу туралы шешімі не шешімінен үзінді көшірме;
      3) енгізілген қазақ және орыс тілдеріндегі өзгерістері мен толықтыруларымен құрылтай құжаттарының үш данасы;
      4) қаржы орталығы қатысушысының бұрынғы құрылтай құжаттарының түпнұсқалары;
      5) заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.
      Шаруашылық серіктестігіне қатысушылардың тізілімін бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серіктестіктерін қоспағанда, қатысушыларының құрамы өзгеруі негізі бойынша қаржы орталығының қатысушыларын - шаруашылық серіктестіктерін қайта тіркеу үшін 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Шаруашылық серіктестіктері туралы» 1995 жылғы 2 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына және құрылтай құжаттарына сәйкес шаруашылық серіктестігінің шығатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығы иеліктен шығарылғанын (біреуге берілгенін) растайтын құжат ұсынылады.
      Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, қаржы орталығының шетелдік қатысу бар қатысушысын мемлекеттік тіркеу үшін қосымша:
      1) сауда тізілімінен алынған заңдастырылған үзінді көшірме немесе шетелдік заңды тұлға - құрылтайшы шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, қазақ және орыс тілдерінде нотариат куәландырған аудармасымен бірге заңдастырылған басқа құжат;
      2) төлқұжаттың көшірмесі немесе қазақ және орыс тілдерінде нотариат куәландырған аудармасымен шетелдік құрылтайшының жеке басын куәландыратын басқа құжат ұсынылады.
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі электрондық сұрау салуға қоса тіркелетін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), және 4) тармақшаларында, екінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында, үшінші бөлігінің 2), 3) және 5) тармақшаларында, төртінші бөлігінде, бесінші бөлігінде көрсетілген құжаттар.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді, бюджетке тіркеу алымын төлегенін растайтын құжатты («электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеген жағдайда) көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      10. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген заңды тұлғаны құру, қайта тіркеу және қайта ұйымдастыру тәртібін бұзу;
      2) қаржы орталығы қатысушысының құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес келмеуі;
      3) өткізу актісін немесе бөлу балансын бермеу не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтық мирасқорлығы туралы ережелердің болмауы;
      4) егер заңды тұлға немесе заңды тұлғаның жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) іс-әрекет етпейтін заңды тұлға болып табылса;
      5) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға жұмыс істемейтін заңды тұлғалардың жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылса және (немесе) әрекет қабілеттілігі жоқ немесе әрекет қабілеттілігі шектелген деп танылған және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен және (немесе) қайтыс болды деп жарияланған және (немесе) 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 215238 және  240-баптары бойынша қылмыстары үшін өтелмеген не алынбаған соттылығы болса;
      6) жеке басын куәландыратын жоғалған және (немесе) жарамсыз құжаттарды ұсыну;
      7) сот актілерінің және сот орындаушылары мен құқық қорғау органдары қаулыларының (тыйым салулар) болуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Алматы қаласы өңірлік қаржы
орталығының қатысушы заңды
тұлғаларын мемлекеттік тіркеу
(қайта тіркеу)» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша          

1-нысан
_________________________
(тіркеуші органның атауы)

Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қатысушысы заңды
тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы өтініш

      1. Заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны (тиісті х жолында
көрсетіңіз):
      Акционерлік қоғам _____________________________________________
      Жауапкершілігі шектеулі серіктестік ___________________________
      2. Заңды тұлғаның атауы: ______________________________________
      3. Заңды тұлғаның құрамында шетел инвесторларының қатысуы
(тиісті х жолында көрсетіңіз):
      1) иә _______________________ 2) жоқ __________________________
      4. Заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады (тиісті х жолында
көрсетіңіз):
      1) иә ________________________ 2) жоқ _________________________
      5. Заңды тұлғаның мекенжайы: __________________________________
_____________________________________________________________________
      (почта индексі, қаладағы аудан, көше, даңғыл, шағын аудан,
үйдің, пәтердің, бөлменің (офистің) №, телефон, факс №)
      6. Заңды тұлғаның басшысы туралы мәліметтер (тиісті х
тармақшада көрсетіңіз):
      1) Қазақстан Республикасының азаматы __________________________
      2) шетелдік тұлға _________ 3) азаматтығы жоқ тұлға ___________
      Тұрақты тұратын елі ___________________________________________
      Т.А.Ә. ________________________________________________________
      Жеке басын куәландыратын құжат ________________________________
                                   (берілген күні, нөмірі, кім берді)
      ЖСН ___________________________________________________________
      Телефон нөмірі: ________ Факс нөмірі: _________ E-mail: _______
      7. Жеке кәсіпкерлік субъектісі (тиісті х ұяшықта көрсетіңіз):
      1) орта кәсіпкерлік субъектісі ________________________________
      2) ірі кәсіпкерлік субъектісі _________________________________
      8. Негізгі қызмет түрі: _______________________________________
      9. Жарғылық капиталдың мөлшері:________________________________
      10. Жарғылық капиталдың түрі (резидент емес үшін):
      _______________________________________________________________
      11. Заңды тұлға құрылтайшыларының құрамы (тиісті х жолда
көрсетіңіз):
      1) жеке тұлға ______________ 2) заңды тұлға ___________________
      Заңды тұлға (резидент):
      Атауы _________________________________________________________
      БСН _____________________ Тіркеу күні _________________________
      Жарғылық капиталдағы үлесі % ____ Салым сомасы ________________
      Заңды тұлға (резидент емес):
      Тіркелген елі _________________________________________________
      Атауы _________________________________________________________
      Субъект заңды тұлға болып табылатынын растайтын құжаттың атауы
      _______________________________________________________________
      Сауда тізілімінен немесе басқа заңдастырылған құжаттың
үзіндісіне сәйкес тіркеу нөмірі _____________________________________
      Тіркелген күні ________________________________________________
      БСН ___________________________________________________________
      Жарғылық капиталдағы үлесі % ______ Салым сомасы ______________
      Жеке тұлға (Қазақстан Республикасының азаматы):
      Т.А.Ә. ________________________________________________________
      Жеке басын куәландыратын құжат: _______________________________
                                 (нөмірі, берілген күні, кім берді)
      ЖСН ___________________________________________________________
      Тұрақты тұратын елі ___________________________________________
      Жарғылық капиталдағы үлесі % _______ Салым сомасы _____________
      Жеке тұлға (шетел азаматы):
      Т.А.Ә. ________________________________________________________
      Жеке басын куәландыратын құжат: _______________________________
                                   (нөмірі, берілген күні, кім берді)
      Салықтық тіркелу нөмірі _______________________________________
      Тұрақты тұратын елі ___________________________________________
      Жарғылық капиталдағы үлесі % _______ Салым сомасы _____________
      12. Жұмыс істейтін адамдардың күтілетін (шамамен) саны ________
      13. Заңды тұлғаны құру алдында ұйым қайта ұйымдастырылған
(тиісті х тармақшасында көрсетіңіз):
      1) қайта ұйымдастыру______________2) біріктіру ________________
      3) бөліп шығару ____________________ 4) бөліну ________________
      14. Қайта ұйымдастыруға қатысатын заңды тұлғалардың саны ______
      15. Қайта ұйымдастырылған жағдайда мына мәліметтерді көрсету
қажет:
      Заңды тұлғаның бұрынғы атауы __________________________________
      БСН ___________________________________________________________
      16. Біріктірілген жағдайда мына мәліметтерді көрсету қажет:
      Біріктіруге қатысатын заңды тұлғалардың атауы _________________
      БСН ___________________________________________________________
      17. Бөліп шығару кезінде мына мәліметтерді көрсету қажет:
      Жаңа заңды тұлға бөлініп шыққан жұмыс істейтін заңды тұлғаның
атауы _______________________________________________________________
      БСН ___________________________________________________________
      18. Бөлу кезінде мына мәліметтерді көрсету қажет:
      Негізінде заңды тұлға құрылған заңды тұлғаның атауы ___________
      БСН ___________________________________________________________
      «Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қатысушы заңды
тұлғаларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)» мемлекеттік қызмет
көрсету үшін қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім
беремін.
      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
      Өтінішке қоса беріледі: _______________________________________
                                        (құжаттардың тізбесі)

      Құрылтайшы немесе құрылтайшы уәкілеттік берген тұлғаның Т.А.Ә.
және қолы

      20__ жылғы «___» _____________

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына    
22-қосымша      

«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметті жүзеге
асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келген
шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға виза беру туралы
қолдаухат» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келген шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға виза беру туралы қолдаухат» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі(бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Көші-қон полициясы басқармасына Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға виза беру туралы қағаз жеткізгіштегі растаухат.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинау мен өңдеуге келісімі бар еркін нысандағы өтініш, онда мынадай мәліметтер көрсетіледі:
      1) әрбір шетелдіктің және (немесе) азаматтығы жоқ адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
      2) туылған күні мен жері;
      3) азаматтығы (шетел азаматтары үшін);
      4) резидент еліндегі лауазымы мен қызмет орны;
      5) білімі туралы мәліметтер;
      6) резидент еліндегі іс жүзінде тұрғылықты жерінің мекенжайы;
      7) Қазақстан Республикасында іс жүзіндегі тұрғылықты жерінің мекенжайы;
      8) болу кезеңі;
      9) виза неше рет алынуы;
      10) азаматтығы жоқ адамның төлқұжатының деректері не құжатының деректері;
      11) виза алу орны;
      12) Қазақстан Республикасының аумағына келетін және Қазақстан Республикасынан тысқары шығатын көлік құралының түрі.
      Өтінішке қоса осы тармақтың 4) 5) және 10) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері беріледі.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере
отырып қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына   
23-қосымша      

«Мемлекеттік органдарға беру үшін Алматы қаласы өңірлік қаржы
орталығы қатысушыларының құжаттамасын ағылшын тілінен қазақ
және орыс тілдеріне аудару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Мемлекеттік органдарға беру үшін Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының құжаттамасын ағылшын тілінен қазақ және орыс тілдеріне аудару» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысына (бұдан әрі – қаржы орталығының қатысушысы) мемлекеттік органдарға ұсыну үшін қағаз және электрондық жеткізгіштегі аударылған құжаттаманы беру.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      аударуға жататын құжаттама және уәкілетті адамның қолы қойылған, қаржы орталығы қатысушысының мөрімен куәландырылған еркін нысандағы өтініш, онда мынадай мәліметтер көрсетіледі:
      1) қаржы орталығы қатысушысының атауы, орналасқан мекенжайы және байланыс телефондары;
      2) аударылған құжаттама ұсынылатын мемлекеттік органның атауы;
      3) ағылшын тілінде ұсынылған құжаттардың аударылуы талап етілетін тіл (қазақ және (немесе) орыс тілі);
      4) қосымшадағы беттер саны.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере
отырып қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына   
24-қосымша      

«Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдарға банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды
инкассациялауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде:
      лицензия берген кезде – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
      лицензияны қайта ресімдеген кезде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу және бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны қайта ресімдеген кезде – 30 (отыз) жұмыс күннен кешіктірмей;
      лицензияның телнұсқаларын берген кезде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, телнұсқасын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда лицензия электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
      Порталда көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленеді:
      1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 40 (қырық) айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызын құрайды, бірақ 4 (төрт) АЕК-тен көп емес;
      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 (бір жүз) пайызын құрайды.
      Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      лицензия алу үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банкноталарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауға лицензия алу үшін өтініш;
      2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат;
      3) жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын бермеген жағдайда нотариат куәландырған көшірмесі);
      4) үй-жайды жалға алу туралы шарттың немесе үй-жайға меншік құқығын куәландыратын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын бермеген жағдайда нотариат куәландырған көшірмесі);
      5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының атқарушы органының бірінші басшысы туралы мәліметтер.
      Лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер оның алдында берілген лицензия қағаз түрінде ресімделген болса):
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат.
      Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес банкноталарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауға лицензияны қайта ресімдеу үшін өтініш;
      2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат;
      3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге негіз болып табылатын өзгерістер туралы ақпаратты құрайтын құжаттардың көшірмелері.
      Порталда:
      лицензия алу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенi туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
      3) электрондық сұратуға қоса тіркелетін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4) (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) және 5) тармақшаларында (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес мәліметтердің электрондық нысаны түрінде) көрсетілген құжаттар.
      Лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер оның алдында берілген лицензия қағаз жеткізгіште ресімделген болса):
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенi туралы құжат.
      Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенi туралы құжат;
      3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге негіз болып табылатын өзгерістер туралы ақпаратты құрайтын құжаттардың көшірмелері (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде).
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), лицензиялық алым сомасын төлегені («электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеген жағдайда) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі ақпаратты алу мүмкіндігі болған жағдайда, оларды «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін тыйым салынған қызмет түрімен айналысқан;
      2) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым енгізілмеген;
      3) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялануға тиіс қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болған;
      5) сот орындаушысының ұсынысы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салған жағдайларда жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген мерзімдерде жүзеге асырылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану мына: 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымы оны тіркеген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпарат бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы қолжетімді.
      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымданады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде, порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға рұқсат берілген.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Банк операцияларының жекелеген түрлерін  
жүзеге асыратын ұйымдарға банкноталарды,  
монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға
лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына              
1-қосымша                

(Кімге) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
(Кімнен) ____________________________________________________________
                 (көрсетілетін қызметті алушының атауы)

Банкноталарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауға лицензия
алу үшін өтініш

      Банкноталарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау
бойынша банк операциясын жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын.

      Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:
      1. Меншік нысаны_______________________________________________
      2. Мекенжайы___________________________________________________
        (индекс, облыс, аудан, елді мекен, көше, үйдің және (немесе)
пәтердің №, телефон, факс)
      Өтінішке қоса берілетін құжаттар:
      1._____________________________________________________________
      2._____________________________________________________________
      3._____________________________________________________________
      ...____________________________________________________________

      Ескерту. Кешкі касса: бар/жоқ (керегін көрсетіңіз).

      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
      (Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің
аты (ол болған кезде) ______________________________________________.

      (Қолы, күні)
      Мөр орны (ол болған кезде)

«Банк операцияларының жекелеген      
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға    
банкноталарды, монеталарды және      
құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша               

Көрсетілетін қызметті алушының атқарушы органының
бірінші басшысы туралы мәліметтер
_________________________________________________________________
(басшының лауазымы және көрсетілетін қызметті алушының атауы
көрсетіледі) Жалпы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

______________________________________________________

(бірінші басшының жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес)

Туған күні және орны

______________________________________________________
______________________________________________________
______________________________________________________

Тұрақты тұрғылықты жері, телефон нөмірлері

______________________________________________________
______________________________________________________
______________________________________________________
(елді мекеннің кодын қоса алғанда, толық мекенжайы, ұялы, қызметтік, үй телефондарының нөмірлері көрсетіледі)

Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

Жұмыс кезеңі (ай/жыл)

Ұйымның атауы, атқаратын қызметі және лауазымдық міндеттері, ұйымның координаттары

Басқа мәліметтер

Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызметтік меншік, мүдделерге қарсы қылмыс, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстары, сондай-ақ экономикалық қызмет саласында жасалған қылмыстары үшін өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығының болуы (Қазақстан Республикасының резидент еместері үшін)

Иә/жоқ
(өтелмеген соттылығы болған кезде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабын, үкім шығарылған күнді және нөмірін көрсету)

Мен (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) ______________________
_____________________________________________________________________
осы ақпаратты мұқият тексергенімді және оның дұрыс және толық екенін
растаймын ____________________ (қолы, күні).

«Банк операцияларының жекелеген   
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға   
банкноталарды, монеталарды және   
құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет   
стандартына            
3-қосымша              

(Кімге) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
(Кімнен) ____________________________________________________________
                    (көрсетілетін қызметті алушының атауы)

Банкноталарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауға лицензияны
қайта ресімдеу үшін
өтініш

      Банкноталарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау үшін
____________ жылы берілген № ___ лицензияны қайта ресімдеуді
сұраймын. (берілген күнді көрсету)

      Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:
      1. Меншік нысаны_______________________________________________
      2. Мекенжайы___________________________________________________
      (индекс, облыс, аудан, елді мекен, көше, үйдің және (немесе)
пәтердің №, телефон, факс)
      Өтінішке қоса берілетін құжаттар:
      1._____________________________________________________________
      2._____________________________________________________________
      3._____________________________________________________________
      ...____________________________________________________________

      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
      (Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің
аты (ол болған кезде) ______________________________________________.

      ____________________
      (Қолы, күні)                       Мөр орны (ол болған кезде)

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі 
№ 71 қаулысына      
25-қосымша       

«Банк ашуға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Банк ашуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – көрсетілетін қызметті беруші сұрау салған соңғы қосымша ақпаратты немесе құжатты көрсетілетін қызметті алушы ұсынған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде, бірақ көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын ұсынған күннен бастап 6 (алты) айдан аспайды;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының атына банкті ашуға рұқсат беру туралы хатты не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының тиісті қаулысын және тиісті рұқсатты (рұқсат беру туралы шешім қабылданған кезде) қоса бере отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жіберу.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру кестесі – 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қазақ немесе орыс тiлдеріндегі банк ашуға рұқсат беру туралы өтініш;
      2) нотариат куәландырған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте ресiмделген құрылтай құжаттарының (жарғы, құрылтай шарты) төрт данасы, құрылтай жиналысы хаттамасының көшірмесі;
      3) құрылтайшылар туралы (көрсетілетін қызметті беруші белгiлеген тiзбе бойынша) мәлiметтерді, аяқталған соңғы екi қаржы жылы iшiндегi шоғырландырылған есептiлікті қоса алғанда, қаржы есептiлiгiн, аудиторлық ұйымның құрылтайшылардың қаржылық жай-күйi туралы есебi.
      Аудиторлық ұйымның есебi оның:
      тексерілетін банктердің құрылтайшылары мен олардың лауазымды адамдарынан тәуелсiз екендiгiн;
      аудиторлық қызмет саласында мемлекеттiк реттеуді және аудиторлық және кәсiби аудиторлық ұйымдардың қызметiн бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органның қаржы ұйымдарының мiндеттi аудитiн жүргiзу жөнiндегi лицензиясына және бiлiктiлiк талаптарына сәйкес не резидентi болып табылатын мемлекеттiң құзыретті органының аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензиясына сәйкес аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға уәкiлеттi екендігін растайтын құжаттарды табыс еткен жағдайда жарамды деп танылады;
      Құрылтайшылар жөніндегі мәліметтер мыналарды қамтиды:
      құрылтайшылар - жеке тұлғалар үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес мәліметтер, сондай-ақ құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есептерді жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген осы тұлғада заңда белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығының жоқтығын растайтын құжатты қоса бере отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағы 5-тармақшасының талаптарын орындағаны туралы ақпарат (аталған құжатты беру күні өтінішті берген күннің алдындағы үш айдан аспайтын мерзімді құрайды) қоса беріледі.
      Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағы 5-тармақшасының талаптарын растау мақсатында шетел азаматтары (азаматтығы жоқ тұлғалар) үшін олардың азаматтығы елінің (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін - олардың тұрақты тұратын елінің) мемлекеттік органы берген тиісті құжатты қосымша береді;
      құрылтайшылар - заңды тұлғалар үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес мәліметтер, оларға заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі және құрылтай құжаттарының (жарғының, құрылтай шартының) нотариат куәландырған көшірмелері;
      осы тармақтың 3-тармақшасының екінші, үшінші және төртінші абзацтарында белгіленген талаптардың орындалуын растайтын ақпарат;
      құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есептерді жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген құрылтайшы - заңды тұлғаның атқарушы органының немесе басқару органының бірінші басшысында заңда белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығының жоқтығын растайтын құжатты қоса бере отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағы 5-тармақшасының үшінші абзацының талаптарын орындау туралы ақпарат (аталған құжатты беру күні өтінішті берген күннің алдындағы үш айдан аспайтын мерзімді құрайды);
      4) егер тұлға банктiң iрi қатысушысы немесе банк холдингi болатын болса, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 17-1-бабында көзделген құжаттар мен мәлiметтерді;
      5) растайтын құжаттардың көшiрмелерiн қоса бере отырып, акцияларды сатып алу үшiн пайдаланылатын көздер мен қаражаттың сипатын қоса алғанда, банк акцияларын сатып алудың шарттары мен тәртiбi туралы мәлiметтерді;
      6) жаңадан құрылатын банктің толық ұйымдық құрылымы;
      7) құжаттарға қол қоюға құрылтайшы өкілеттік берген тұлға бекiткен, жаңадан құрылатын банк қызметінің стратегиясын, қызметінің бағыты мен ауқымын, қаржылық перспективаларын (бюджет, есеп айырысу балансы, алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы пайда мен шығындар шоты, маркетинг (банк клиентурасын қалыптастыру) жоспары, еңбек ресурстарын тарту жоспары, тәуекелдердi басқаруды ұйымдастыруды ашып көрсететiн бизнес-жоспарын;
      8) өтiнiш берушiнiң құрылтайшылар атынан көрсетілетін қызметті алушының өтiнiш беруге өкiлеттiгiн растайтын нотариат не өзге де заңды түрде куәландырылған құжатты.
      Көрсетілетін қызметті беруші банкті ашуға рұқсат беру жөнiнде шешiм қабылдау үшiн қажеттi қосымша ақпаратты немесе құжаттарды сұратуға құқылы.
      Банктің құрылтайшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке немесе заңды тұлғасы осы тармақта көрсетілген құжаттардан басқа, банкті ашуға рұқсат беру туралы өтінішке тиісті мемлекеттің уәкілетті органының (Қазақстан Республикасының резиденті емес банктері үшін – банктік қадағалау органы) осы тұлғаға Қазақстан Республикасының резидент банкінің акцияларын иеленуге рұқсат етілетіндігі туралы жазбаша хабарламасын не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының (Қазақстан Республикасының резиденті емес банктері үшін – банктік қадағалау органы) көрсетілген құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы жазбаша өтінішін қоса беруге міндетті.
      Банк жарғысының барлық даналарының титулдық бетінде жоғарғы оң жақ бұрышында мынадай тұжырым болуы тиіс: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілді. Төраға (Төрағаның орынбасары)_______________».
      Осы құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен бекітіледі.
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар, олар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.
      Жеке басты куәландыратын құжаттардың, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, соттылығы немесе соттылығының жоқ екендігі туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      10. Мыналар:
      1) құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну не банктiң құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келмеуi;
      2) банк атауы мынадай талаптарға сәйкес келмеген:
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен басқа барлық банктерге өз атауында кез келген тiлде толық немесе қысқарған түрде «ұлттық», «орталық» деген сөздердi пайдалануға тыйым салынады.
      банктердiң бәрiне өзiнiң атауында кез келген тiлде толық және қысқарған түрiнде «мемлекеттiк» деген сөздi қолдануға тыйым салынады.
      еншiлес банктердi қоспағанда, бұрын құрылған банктердің, оның iшiнде Қазақстан Республикасының резиденттерi емес банктердің атауымен бiрдей немесе оны шатастырып алатындай дәрежеде ұқсас таңбаларды атау ретiнде қолдануға жол берiлмейдi.
      еншiлес банктер өзiнiң атауына негiзгi банктердiң атауын пайдалануға мiндеттi;
      ислам банкінің атауында «ислам банкі» деген сөз тіркесі болуға тиіс.
      3) банктiң жарғылық капиталы мөлшерiнiң, құрамы мен құрылымының сәйкес келмеуi:
      банктің жарғылық капиталы, осы тармақшаның үшінші абзацында белгіленген жағдайларды қоспағанда, акцияларды сату есебінен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қалыптастырылады.
      банктің акциялары орналастырылған кезде ақы тек ақшамен ғана төленуге тиіс. Осы талап мынадай:
      банктің акцияларын банк кредиторлары арасында орналастырған және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда банк қайта құрылымдау жүргізген кезде банктің тиісті кредитор алдындағы ақшалай міндеттемесі жөніндегі кез келген құқығын (талабын) есепке жатқызу арқылы оларды төлеген;
      банктің акцияларына айырбасталатын эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісі негізінде бағалы қағаздарды банктің акцияларына айырбастаған;
      «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын қайта ұйымдастыру кезінде банктің акцияларын төлеген жағдайларда банктерге қолданылмайды.
      Осы тармақта көзделген жағдайларда банк акцияларын орналастырған кезде бағалау жүргізу талап етілмейді;
      банкті қайта құрылымдау рәсімі шеңберінде бағалы қағаздарды банктің акцияларына айырбастаған жағдайда банк акционерлеріне бағалы қағаздарды және (немесе) банктің ақшалай міндеттемелерін оның акцияларына айырбастау арқылы өзінің акцияларын орналастырған кезде басымдықпен сатып алу құқығы берілмейді.
      жаңадан құрылған банктің жарғылық капиталын оның акционерлері осы банкті тіркеу кезінде елу пайызын және оны тіркеген күннен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде толық төлеуге тиіс.
      банк міндеттемелерінің сомасы оның активтерінің құнынан артық болған жағдайда, банктің меншік капиталы теріс болып табылады.
      4) банк құрылтайшыларының қаржы жағдайының тұрақсыздығы;
      5) құрылтайшы – жеке тұлғаның не құрылтайшы – заңды тұлғаның атқарушы органының не басқару органының бiрiншi басшысының:
      заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар болса;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешiм қабылдағанға дейiн бiр жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесiнiң бiрiншi басшысы, басқарманың бiрiншi басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтерi қызметiнде болған жағдайда жүзеге асырылады. Көрсетілген талап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешiм қабылдағаннан кейiн бес жыл бойы қолданылады;
      6) Банктер туралы заңның 17-1-бабы талаптарының сақталмауы;
      7) Банктер туралы заңның 17-бабында белгiленген шектеулердiң сақталмауы;
      8) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктiң iрi қатысушысы мәртебесiн иеленуге келiсiм беруден бас тартуы;
      9) құрылатын банктің бизнес-жоспары және көрсетілетін қызметті алушының өзге де ұсынған құжаттары:
      алғашқы үш қаржы (операциялық) жылы өткеннен кейiн банк қызметiнiң рентабельдi болатындығын;
      банк тәуекелдi шектеуге қойылатын талаптарды сақтауға және тиiстi басқару құрылымын құруға ниет білдіретіндігін;
      банктің өз қызметiнiң жоспарларына сәйкес келетін ұйымдық құрылымы болатындығын;
      банктің өз қызметінің жоспарларына сәйкес келетін есеп және бақылау құрылымы болатындығын көрсетпеуі мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерін
ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Банк ашуға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына   
1-қосымша       

Банк ашуға рұқсат беру туралы
өтініш

_____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
кезде), ЖСН)
_____________________________________________________________________
(осы өтінішті құрылтайшылар атынан беруге өкілеттігін куәландыратын
_____________________________________________________________________
          нотариатта немесе басқадай расталған құжатқа сілтеме)
_____________________________________________________________________
    (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс орны мен оның лауазымы,
тұрғылықты жері, заңды мекенжайы)
Құрылтай жиналысының ______жылғы «___»____________ № ____ шешіміне
(хаттамасына) сәйкес_________________________________________________
               (құрылатын банктің толық атауы мен орналасқан жері)
_____________________________________________________________________
ашуға рұқсат беруді сұрайды.
      Құрылтайшы (құрылтайшылар) өтінішке қоса берілген құжаттардың
дұрыстығына, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушіге осы өтініштің
қаралуына байланысты сұратылған ақпаратты дер кезінде ұсынуға
толық жауап береді.
      Қосымша (жіберілген құжаттардың тізбесі, даналар саны және
әрқайсысының парақтар саны):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      «Банк ашуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету үшін
дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.

__________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының қолы, күні)

«Банк ашуға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына  
2-қосымша     

Фото (3 x 4 сантиметр)

Құрылтайшы - жеке тұлға туралы мәліметтер
___________________________________________
(банк атауы)
20 __ жылғы «___» ___________

      1. Құрылтайшы _________________________________________________
                      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
      2. Туған күні _________________________________________________
      3. Туған жері _________________________________________________
_____________________________________________________________________
      4. Азаматтығы _________________________________________________
_____________________________________________________________________
      5. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері ________________
_____________________________________________________________________
      6. Тұрғылықты жері ____________________________________________
      7. Жұмыс орны, лауазымы _______________________________________
_____________________________________________________________________
      8. Телефон нөмірі (қаланың коды, жұмыстың және үйдің нөмірі) __
_____________________________________________________________________
      9. Білімі _____________________________________________________
_____________________________________________________________________
                (оқу орны, бітірген жылы, мамандығы)
      10. Еңбек қызметі туралы қысқаша түйіндеме ____________________

           (жұмыс орны, лауазымы, жұмыс істеген кезеңі)
      11. Құрылтайшы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу,
бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қаржы ұйымын
консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы,
қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын
мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға
дейінгі бір жылдан аспайтын кезеңде директорлар кеңесінің бірінші
басшысы, басқарманың бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас
бухгалтері болды ма.

      Қолы _________________ күні _________________

«Банк ашуға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына   
3-қосымша      

Құрылтайшы - заңды тұлға туралы мәліметтер
___________________________________________
(банк атауы)
20 __ жылғы «___» ___________

      1. Құрылтайшы__________________________________________________
                          (заңды тұлғаның атауы)
      2. Мекенжайы___________________________________________________
                (пошта индексі, қала, көше, байланыс телефоны)
      3. Мемлекеттік тіркеу__________________________________________
_____________________________________________________________________
                  (құжаттың атауы, нөмірі, күні, кім берді)
      4. Қызмет түрі_________________________________________________
_____________________________________________________________________
               (қызметінің негізгі түрлерін көрсету)
      5. Қазақстан Республикасының резиденті, Қазақстан
Республикасының резиденті емес (керегінің асты сызылсын).
      6. Құрылтайшы - заңды тұлғаның басшысы_________________________
_____________________________________________________________________
           (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған күні)
      Білімі_________________________________________________________
                     (оқу орны, бітірген жылы, мамандығы)
      Еңбек қызметі туралы қысқаша түйіндеме ________________________
_____________________________________________________________________
             (жұмыс орны, лауазымы, жұмыс істеген кезеңі)
      7. Соңғы күнтізбелік үш жылда құрылтайшы заңды тұлғада ірі қаржылық проблемалар, оның ішінде банкротқа ұшырау, консервация, сауықтыру болды ма:__________________________________________________
                           (олардың туындау себептері)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
             (бұл проблемаларды шешу нәтижелері)
      8. Банк құрылтайшысы - заңды тұлға ірі акционер болып табылатын
немесе жарғылық капиталға қатысу үлесінің он немесе одан да көп
пайызына тура және (немесе) жанама ие ұйымдарды көрсетіңіз: атауы,
орналасқан жері және мемлекеттік тіркелуі туралы деректер____________
_____________________________________________________________________
                       ұйым қызметінің түрі
_____________________________________________________________________
            осы заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысуы
_____________________________________________________________________
      9. Бар болған жағдайда, тізбесі Нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 тіркелген, Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы
ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы
рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу туралы»
2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысында белгіленген рейтингтік
агенттіктердің бірі тағайындаған ұйым рейтингісін көрсетіңіз.
      10. Құрылтайшы - заңды тұлғаның атқарушы органының не басқару
органының бірінші басшысы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу,
бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы ұйымын
консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы
ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп
тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір
жылдан аспайтын кезеңде директорлар кеңесінің бірінші басшысы,
басқарманың (атқарушы органның) бірінші басшысы және (немесе) оның
орынбасары, бас бухгалтері болды ма.

__________________________________
         (қолы)
__________________________________
         (күні)
__________________________________
      (мөр, ол болған кезде)

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына    
26-қосымша      

«Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдарға банк операцияларына лицензия беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банк операцияларына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін жіберу:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде:
      лицензия берген кезде – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
      лицензияны қайта ресімдеген кезде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта құрылған жағдайда лицензияны қайта ресімдеген кезде – 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей;
      лицензияның телнұсқаларын беру кезінде – 2 екі) жұмыс күні ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, телнұсқасын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабы.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда лицензия электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленеді:
      1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 40 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен көп емес;
      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 пайызы болады.
      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      Лицензияны алуға немесе қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын портал арқылы алуға электрондық сұрау салынған жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру кестесі – 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      лицензия алу үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша лицензия алуға өтініш;
      2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі,
      3) жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын бермеген жағдайда, нотариат куәландырған көшірмелері);
      4) құжаттарға қол қоюға құрылтайшы өкілеттік берген тұлға бекiткен, жаңадан құрылатын банк қызметінің стратегиясын, қызметінің бағыты мен ауқымын, қаржылық перспективаларын (бюджет, есеп айырысу балансы, алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы пайда мен шығындар болжамы, маркетинг (банк клиентурасын қалыптастыру) жоспары, еңбек ресурстарын тарту жоспары, тәуекелдердi басқаруды ұйымдастыруды ашып көрсететiн бизнес-жоспарын;
      5) Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарына сәйкес банктік емес ұйымдардың банк операцияларын жүргізудің жалпы шарттары бойынша қағида;
      6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес электрондық және қағаз жеткізгіштердегі банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын емес ұйымның атқарушы органның бірінші басшысы мен бас бухгалтері туралы мәліметтерді;
      7) құжаттарды ұсынған күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес акционерлер (қатысушылар) туралы мәліметтерді;
      8) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізетін филиалдардың (осындайлар болған кезде) тізімін және осындай филиалдар туралы ережелердің нотариат куәландырған көшірмелерін;
      9) жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерінің толық төленгендігін растайтын құжаттарды - төлем тапсырмаларын, кассалық кіріс ордерлерін (акционерлік қоғамның ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлғаларды қоспағанда) ұсынады.
      Ипотекалық ұйымдар лицензия алу үшін көрсетілген құжаттардан басқа қосымша мыналарды:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес электрондық және қағаз жеткізгіштердегі Директорлар кеңесінің бірінші басшысы мен мүшелері, атқарушы органның мүшелері туралы мәліметтерді;
      2) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 34-бабына сәйкес әзірленген ішкі кредиттік саясат туралы  қағиданы;
      3) ішкі аудит туралы қағиданы береді.
      Қор биржасы, орталық депозитарий лицензия алу үшін осы тармақтың бірінші бөлігіндегі 1), 2), 4) және 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардан басқа қосымша мыналарды береді:
      1) Заңның 34-бабына сәйкес әзірленген ішкі кредиттік саясат туралы қағиданы;
      2) ішкі аудит туралы ереже (акционерлік қоғамның ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлғалар үшін).
      Лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағазға басып шығарылған нысанда ресімделсе):
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі.
      Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) қызметтің лицензияланатын түрінен банк операцияларының бір немесе одан да көп түрін алып тастаған жағдайда лицензияның түпнұсқасы (егер бұрын берілген лицензия қағазға басып шығарылған нысанда ресімделсе);
      3) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
      4) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпараттан тұратын құжаттардың көшірмелері.
      Порталда:
      лицензия алу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының бірінші бөлігінің 3), 4), 5), 6), 8), 9) (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) және 7) (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес мәліметтер нысанында) тармақшаларында, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.
      Лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағазға басып шығарылған нысанда ресімделсе):
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).
      Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
      3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпараттан тұратын құжаттардың көшірмелері (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, лицензия туралы, лицензиялық алым сомасының төленгені туралы («электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеген жағдайда) мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Осы тармақта тізбеленген бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп, тігіліп және соңғы парағының артына тігілген түйіндегі жапсырманың жоғары жағына парақ саны көрсетіледі, соңғы парағының артына көрсетілетін қызметті алушының мөрімен (ол болған кезде) расталып ұсынылады. Құжаттардың көшірмелері мұндай құжаттарға қол қою құқығын иеленетін көрсетілетін қызметті алушының лауазымды тұлғаларының қолымен және көрсетілетін қызметті алушының мөр (ол болған кезде) бедерімен куәландырылады.
      10. Мыналар:
      1) мына талаптардың кез келгені сақталмағанда:
      банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап бір жыл ішінде барлық ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды орындауға, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес үй-жайды, жабдықты және бухгалтерлік есеп беру мен бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыру жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындауға, тиісті персонал жалдауға;
      2) табыс етілген құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
      3) заңды тұлғалардың осы санаты үшін Қазақстан Республикасы заңдарында қызмет түрімен айналысуға тыйым салуы;
      4) қызмет түріне лицензия алуға өтініш берген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның енгізілмеуі;
      5) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
      6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты тыйым салу немесе лицензиялауға жатқызылған қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;
      7) сот орындаушысының ұсынысы негізде соттың борышкер көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруге уақытша тыйым салуы мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ерекшеліктерін
ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға
банк операцияларына лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына        
1-қосымша         

Кімге________________________________________________________________
                     (уәкілетті органның толық атауы)
Кімнен ______________________________________________________________
           (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы және БСН)

Өтініш

      Мынадай банк операцияларын жүзеге асыруға лицензия беруіңізді
өтінемін:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (валютаның түрін көрсету (ұлттық және (немесе) шетелдік)).

Тұтынушы туралы мәліметтер:

      1. Көрсетілетін қызметті алушының тұрған жері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
        (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің нөмірі)

                         (телефон, факс)
      2. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы
куәліктің нөмірі мен күні және уәкілетті орган белгілеген жарғы
капиталының барынша төмен мөлшері.
_____________________________________________________________________
      3. Жіберілетін құжаттар тізбесі, олардың әрқайсысының даналары
мен парақтар саны:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Көрсетілетін қызметті алушының өтінішке қоса берілген
құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігі үшін толық жауап береді.
      «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдарға банк операцияларына лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін көрсету үшін
қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.
      Өтінішті беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол
болған кезде), қызметі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                                         (қолы)

      20____жылғы _____________"______"

      Мөр орны (ол болған кезде)

«Банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға
банк операцияларына лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына         
2-қосымша          

_______________________________________________________________
(банктік емес ұйым қызметкерінің қызметі және банктік емес
ұйымның атауы көрсетіледі) туралы мәліметтер

      1. Жалпы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

_________________________________
_________________________________
жеке басын куәландыратын құжатқа толық сәйкес келуге тиіс, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) өзгерген жағдайда оның қай уақытта және қандай себеппен өзгертілгенін көрсету)

Туған күні және туған жері

________________________________
________________________________

Тұрақты тұрғылықты жері, телефон нөмірлері

________________________________
________________________________
(елді мекеннің кодын қоса алғанда, нақты мекенжайын, қызметтік, үй, байланыс телефондарын көрсету)

Азаматтығы

_________________________________

Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері

________________________________
________________________________
________________________________
________________________________

      Жақын туыстары (ата-анасы, ері (зайыбы), ағасы-інісі,
апасы-сіңлісі, балалары), сондай-ақ жекжаттары (ерінің (зайыбының)
ата-анасы, ағасы-інісі, апасы-сіңлісі, балалары) туралы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Туған жылы

Туыстық қатынастары

Жұмыс орны мен қызметі

1
2

      Өтініш берушінің өзге заңды тұлғаларды құруға және оның
қызметіне қатысушы, акционер ретінде қатысуы туралы мәліметтер:

Заңды тұлғаның атауы мен тұрғылықты жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Өтініш иесінің заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесі, акциялар саны және өтініш иесіне, заңды тұлғаның дауыс беруші акцияларының жалпы санына тиесілі акциялардың пайыздық ара-қатынасы

      2. Кәсіби деректер:

Білімі, оның ішінде жұмыс бейініне сәйкес келетін кәсіби білімі

______________________________________
______________________________________
(оқу орнының, факультеттің немесе бөлімшенің атауы мен тұрғылықты жерін, оқу кезеңін, берілген біліктілігін, білімі туралы дипломның деректемелерін көрсету)

Қосымша білімі, оның ішінде жұмыс істейтін саласындағы біліктілікті арттыру курстары, ғылыми дәрежесі

______________________________________
______________________________________
(оқу орнының атауы мен орналасқан жерін, оқу кезеңін, білімі туралы дипломның, сертификаттың, куәліктердің деректемелерін көрсету)

Қаржылық қызмет
көрсету саласындағы жұмыс тәжірибесі

______________________________________
______________________________________
(қаржы ұйымдарындағы жұмыс істеген жылдарының санын, қызмет түрлері бойынша аудитор, бухгалтер қызметін иеленуді көрсету)

Басшылық қызметтегі жұмыс тәжірибесі

______________________________________
______________________________________
(бар жұмыс тәжірибесін сипаттау: қызметтік міндеттер, кәсіби тәжірибе)

Қол жеткізген жетістіктері

______________________________________
______________________________________
(осы мәселе бойынша ақпаратты, мысалы, ғылыми жарияланымның атауын көрсету, ғылыми әзірлемелерге, заң жобаларына және сол сияқтыларға қатысу)

Осы мәселеге қатысы бар басқада ақпарат

______________________________________
______________________________________
(кандидаттың кәсіби құзыреттілігін сипаттайтын ақпарат көрсетіледі)

      Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

Жұмыс кезеңі
(ай/жыл)

Ұйымның атауы, атқаратын қызметі және қызметтік міндеттері, ұйымның координаттары

      3. Басқа мәліметтер:

Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы экономикалық қызмет саласында жасаған қылмыстары үшін, сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстары үшін заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы (Қазақстан Республикасының резидент еместері үшін)

Иә/жоқ
(егер Иә десе, онда
қылмыстық жауапкершілікке
тарту туралы үкімнің күні
мен нөмірін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексінің бабын көрсету)

Қадағалау органдарының Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін қызметтік міндетті орындаудан шеттету туралы деректердің болуы

Иә/жоқ
(егер «иә» десе, онда осы
шараны қолданған органның
атауын және күнін көрсету)

Бұрын банкрот болып танылған қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылды ма не оған қатысты лицензиядан айыру, мәжбүрлеп тарату, консервациялау, акцияларды мәжбүрлеп сатып алуға қатыстылығы туралы шешім қабылданса

Ұйымның атауы, қызметі,
жұмыс кезеңі

Қаржы ұйымының басшысы ретінде қаржылық қызмет көрсету мәселелері бойынша сот талқылауына жауапкер ретінде тартылды ма

(мәселені және сот шешімін қарайтын сот талқылауына жауапкер ұйымның атауын, күнін көрсету

Осы мәселеге қатысы бар басқа да ақпарат

(ерікті түрде көрсетіледі)

Мен (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде),
_____________________________,
осы ақпаратты мұқият тексердім
және шынайы және толық болып
табылатындығын растаймын
_____________________
(қолы, күні).

«Банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға
банк операцияларына лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 3-қосымша   

Өтініш иесінің (заңды тұлға үшін) акционері (қатысушысы)
туралы мәліметтер
_________________________________________________________________
  (Өтініш иесінің толық атауы)

      1. Өтініш иесінің акционері (қатысушысы)
_____________________________________________________________________
                               (толық атауы)
Тұрғылықты жері _____________________________________________________
_____________________________________________________________________
                      (пошталық индексі, мекенжайы)
Байланыс деректемелері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(телефон және факс нөмірлері, электронды почта бар болса, оның
мекенжайы)
Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер
_____________________________________________________________________
(құжат атауы, берілген нөмірі және күні, кім берді)
Қазақстан Республикасының резиденті/резиденті емес
_____________________________________________________________________
Негізгі қызмет түрі _________________________________________________
_____________________________________________________________________
      2. Акционерге тиесілі өтініш берушінің дауыс беруші акциялары
санының өтініш берушінің дауыс беруші акцияларының жалпы санына
пайыздық ара қатынасы немесе өтініш берушінің жарғылық капиталына
қатысу үлесі_________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      3. Өтініш берушінің акцияларын төлеу үшін ақшаны енгізер
алдындағы өтініш беруші акционерінің (қатысушысының) меншікті
капиталының мөлшері (өтініш берушінің жарғы капиталына қатысу үлесі)
және өтініш берушінің акцияларын төлеу үшін енгізілген сома (өтініш
берушінің жарғы капиталына қатысу үлесі)_____________________________
      4. Заңды тұлғалардың толық атауын және тұрғылықты жерін
көрсетіп, қатысушы, акционер ретінде өзге заңды тұлғаларды құруға
және қызметіне акционердің (қатысушының) қатысуы туралы мәліметтер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      5. Ұйымдардың толық атауларын, тұрғылықты жерін көрсетіп,
өтініш берушінің акционері (қатысушысы) қатысатын өнеркәсіптік,
банктік, қаржылық топтары, холдингтері, концерндері, қауымдастықтары,
консорциумдары, туралы мәліметтер
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      6. Өтініш беруші акционерінің (қатысушысының) басшысы туралы
мәліметтер:
_____________________________________________________________________
                (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      20__ жылғы «___»_____________.

      Өтініш иесінің акционерінің
      (қатысушысының) басшысының
      қолы ________________

      Мөр орны (ол болған кезде)

Өтініш иесінің акционері (қатысушысы) туралы
мәліметтер (жеке тұлға үшін)
_____________________________________________________________________
      (Өтініш иесінің толық атауы)

      1. Өтініш берушінің акционері (қатысушысы)
_____________________________________________________________________
                (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
Туған жылы және күні ________________________________________________
Азаматтығы___________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат деректері ____________________________
_____________________________________________________________________
(құжат атауы, берілген нөмірі, сериясы және күні, кім берді)
Тұрғылықты жері _____________________________________________________
_____________________________________________________________________
                    (пошталық индексі, мекенжайы)
Байланыс деректемелері ______________________________________________
_____________________________________________________________________
             (телефон нөмірі, электронды почтаның мекенжайы)
Жұмыс орны (мекенжайын көрсетіп), қызметі ___________________________
_____________________________________________________________________
      2. Акционерге тиесілі өтініш берушінің дауыс беруші акциялары
санының өтініш берушінің дауыс беруші акцияларының жалпы санына
пайыздық ара қатынасы немесе өтініш берушінің жарғылық капиталына
қатысу үлесі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      3. Заңды тұлғалардың толық атауын және тұрғылықты жерін
көрсетіп, қатысушы, акционер ретінде өзге заңды тұлғаларды құруға
және қызметіне акционердің (қатысушының) қатысуы туралы мәліметтер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

20__ жылғы «___»_____________.

                                       Өтініш иесінің акционерінің
                                      (қатысушысының) қолы __________

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына    
27-қосымша       

«Ислам банктері жүзеге асыратын банк операцияларына
лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Ислам банктері жүзеге асыратын банк операцияларына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде:
      лицензия берген кезде – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
      лицензияны қайта ресімдеген кезде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта құрылған жағдайда лицензияны қайта ресімдеген кезде – 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей;
      лицензияның телнұсқаларын берген кезде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда лицензия электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленеді:
      1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 80 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен артық емес;
      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 пайызы болады.
      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      Лицензияны алуға немесе қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын портал арқылы алуға электрондық сұрау салынған жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру кестесі – 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;
      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      лицензия алу үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензия алуға өтініш;
      2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын бермеген жағдайда, нотариат куәландырған көшірмелері);
      4) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 20-бабы талаптарына сәйкес банктің басшы қызметкерлері лауазымдарына ұсынылатын адамдардың құжаттарын;
      5) банктің директорлар кеңесі бекіткен ішкі аудит қызметі туралы ережені;
      6) банктің директорлар кеңесі бекіткен кредит комитеті туралы ережені;
      7) штат кестесін (қызметкерлердің тегін, атын және әкесінің атын (ол болған кезде) көрсете отырып);
      8) банктің бағдарламалық техникалық құралдарының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының кредиттік бюро туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттар;
      9) ең төменгі мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін;
      10) акционерлердің жалпы жиналысының исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңесті тағайындау туралы шешімін табыс етуге тиіс.
      Көрсетілетін қызметті алушы банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізуге лицензия алу үшін мыналарды ұсынады:
      1) өтініш;
      2) банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізудің жалпы шарттары туралы ереже;
      3) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын (төлем тапсырмасы) құжаттың көшiрмесi.
      Лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағазға басып шығарылған нысанда ресімделсе):
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі.
      Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) лицензияның түпнұсқасы (бір немесе одан жоғары банк операцияларының лицензиялық қызметін алып тастаған жағдайда);
      3) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
      4) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмелері.
      Порталда:
      лицензия алу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
      3) электрондық сұрау салуға қоса берілетін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4), 5), 6), 9) 10) тармақшаларында (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) және 7) мен 8) тармақшаларында (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2 және 3-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша электрондық нысан түріндегі мәліметтер), 2) және 3) тармақшаларында (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) көрсетілген құжаттар.
      Лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағазға басып шығарылған нысанда ресімделсе):
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).
      Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
      3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмелері (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде).
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, лицензия туралы, лицензиялық алым сомасының төленгені туралы («электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеген жағдайда) мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Көрсетілетін қызметті беруші осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген өшірілген не қосып жазылған, сызылған сөздері бар құжаттарды қарауға қабылдамайды.
      10. Мыналар:
      1) мына:
      банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап бір жыл ішінде барлық ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды орындауға, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сай келетін үй-жайды, жабдықты және бухгалтерлік есеп беру мен бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыру жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындау, тиісті персонал жалдау;
      жұмыс істеп тұрған банк үшін қосымша банк операцияларын жүргізуге лицензия алған кезде:
      қосымша банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін өтініш берген айдың алдындағы қатарынан үш ай ішінде пруденциялық нормативтердің орындалуын қамтамасыз ету;
      тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуы бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген талаптардың орындалуын қамтамасыз ету;
      банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізудің жалпы шарттары туралы ережені табыс ету талаптарының кез келгені сақталмағанда;
      2) құрамына банк кіретін банк конгломераты белгіленген пруденциялық нормативтерді және басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді өтініш берілгенге дейінгі алты ай кезеңінде сақтамауы;
      3) егер банк мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап бір жыл ішінде лицензия алу жөнінде өтініш жасамағанда;
      4) табыс етілген құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
      5) қоғамның органдары сайланғандардың қатарынан басшы қызметкерге келісімнің берілмеуі (жаңадан құрылатын банк үшін);
      6) Қазақстан Республикасының заңдарында заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйымның салынуы;
      7) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі;
      8) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
      9) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметті тоқтата тұру немесе тыйым салу немесе лицензиялауға жатқызылған қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;
      10) сот орындаушысы ұсынған негізде сот көрсетілетін қызметтіалушы борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салуы мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде қаралады.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерін
ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Ислам банктері жүзеге асыратын
банк операцияларына лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет стандартына      
1-қосымша           

______________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)  
______________________________________
(ислам банкінің толық атауы)   

Өтініш

      Мыналарды (валюта түрін көрсету - ұлттық және (немесе) шетел):
      1) ислам банкінің банктік операцияларын: ______________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      2) банктік және өзге операцияларды: ___________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      жүргізуге лицензия беруіңізді сұраймын
      Банк туралы мәліметтер:
      1. Атауы, орналасқан жері: ____________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің нөмірі, телефон, факс)
      2. Ислам банкінің банктік және өзге операцияларды жүргізуге
бірінші рет алынған лицензиясы туралы деректер: _____________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)
      3. Жіберген құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша
даналар және парақтар саны: _________________________________________
_____________________________________________________________________
      Ислам банкі және құрылтайшылар (акционерлер) өтінішке қоса
берілген құжаттардың (ақпараттың) дұрыстығына толық жауапты болады.
      «Ислам банктері жүзеге асыратын банк операцияларына лицензия
беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік
қызметін көрсету үшін қажетті дербес деректерімді жинауға және
өңдеуге келісім беремін.
      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.
      Өтінішті беруге өкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол
болған кезде), лауазымы _____________________________________________
_____________________________________________________________________
                                     (қолы)

      20__ жылғы «___»___________

      Мөр орны (ол болған кезде)

«Ислам банктері жүзеге асыратын
банк операцияларына лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына          
2-қосымша            

Штат кестесі

р/с №

Тегі

Аты

Әкесінің аты (ол болған кезде)

Лауазымы

1

2

3

4

5

«Ислам банктері жүзеге асыратын
банк операцияларына лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына          
3-қосымша            

Банктің бағдарламалық техникалық құралдарының ҚР ҰБ талаптарына
және ҚР кредиттік бюролар туралы заңнамасына сәйкестігін
растайтын құжаттар

р/с №

Құжаттың атауы

Сәйкестігі

1

2

3

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына    
28-қосымша        

«Банктерге банк операцияларын және Қазақстан Республикасының
банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге
лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Банктерге банк операцияларын және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін жіберу:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде:
      лицензияны бергенде – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
      лицензияны қайта ресімдеген кезде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      көрсетілетін қызметті алушы бөліп шығару немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны қайта ресімдеген кезде – 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей;
      лицензияның телнұсқаларын бергенде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда лицензия электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қызметті алушыға «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленеді:
      1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 80 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен артық емес;
      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 пайызы болады.
      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      Лицензияны алуға немесе қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын портал арқылы алуға электрондық сұрау салынған жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;
      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      лицензия алу үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша лицензия алуға өтініш;
      2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын бермеген жағдайда, нотариат куәландырған көшірмесі);
      4) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 20-бабының талаптарына сәйкес банктің басшы қызметкерлері лауазымдарына ұсынылатын адамдардың құжаттары;
      5) банктің директорлар кеңесі бекіткен ішкі аудит қызметі туралы ережені;
      6) банктің директорлар кеңесі бекіткен кредит комитеті туралы ережені;
      7) штат кестесін (қызметкерлердің тегін, атын және әкесінің атын (ол болған кезде) көрсете отырып);
      8) банктің бағдарламалық техникалық құралдарының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының кредиттік бюро туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттар;
      9) ең төмен мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін.
      Көрсетілетін қызметті алушы банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізуге лицензия алу үшін мыналарды ұсынады:
      1) өтініш;
      2) банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізудің жалпы шарттары туралы ереже;
      3) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (төлем тапсырмасы).
      Лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұдан бұрын берілген лицензия қағаз нысанында ресімделген болса):
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі.
      Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) лицензияланатын қызмет түрінен бір немесе одан көп банк операциясын алып тастаған жағдайда, лицензияның түпнұсқасы (егер бұдан бұрын берілген лицензия қағаз нысанында ресімделген болса);
      3) лицензияны қайта ресімдеген кезде «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
      4) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмелері ұсынылады.
      Порталда:
      лицензия алу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеген жағдайларды қоспағанда, бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
      3) электрондық сұрау салуға қоса берілетін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4), 5), 6) және 9) тармақшаларында (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде), 7) және 8) тармақшаларында (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2 және 3-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша электрондық нысан түріндегі мәліметтер), екінші бөлігінің 2) тармақшасында (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде) көрсетілген құжаттар.
      Лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұдан бұрын берілген лицензия қағаз нысанында ресімделген болса):
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).
      Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      2) лицензияны қайта ресімдеген кезде «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).
      3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмелері (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) ұсынылады.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, лицензия туралы, лицензиялық алым сомасының төленгені туралы («электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеген жағдайда) мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Көрсетілетін қызметті беруші осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген өшірілген не қосып жазылған, сызылған сөздері бар құжаттарды қарауға қабылдамайды.
      10. Мыналар:
      1) мына:
      банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап бір жыл ішінде барлық ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды орындау, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сай келетін үй-жайды, жабдықты және бухгалтерлік есеп беру мен бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыру жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындау, тиісті персонал жалдау;
      қосымша банк операцияларын жүргізуге лицензия алу кезінде жұмыс істеп тұрған банктер үшін:
      қосымша банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін өтініш берген айдың алдындағы қатарынан үш ай ішінде пруденциялық нормативтердің орындалуын қамтамасыз ету;
      тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуы бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген талаптардың орындалуын қамтамасыз ету талаптарының кез келгені сақталмағанда;
      2) егер банк мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап бір жыл ішінде лицензия алу жөнінде өтініш жасамағанда;
      3) табыс етілген құжаттар осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмегенде;
      4) құрамына банк кіретін банк конгломераты белгіленген пруденциялық нормативтерді және басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді өтініш берілгенге дейінгі алты ай кезеңінде сақтамағанда;
      5) қоғам органдары сайлағандардың қатарынан басшы қызметкерге келісім берілмегенде (жаңадан құрылатын банк үшін);
      6) Қазақстан Республикасының заңдарында заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
      7) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;
      8) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сай келмеген;
      9) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға тиісті қызметті немесе жекелеген қызмет түрін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
      10) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот борышкер көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға уақытша тыйым салған жағдайларда, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның аты-жөнін, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерін
ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Банктерге банк операцияларын және
Қазақстан Республикасының банк
заңнамасында көзделген өзге де 
операцияларды жүргізуге лицензия
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына           
1-қосымша            

___________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
___________________________________________________________
(банктің толық атауы)

Өтініш

      Мыналарды:
      банк операцияларын (валюта түрін көрсету - ұлттық және (немесе)
шетел): _____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
өзге операцияларды: _________________________________________________
_____________________________________________________________________
жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын.
      Банк туралы мәліметтер:
      1. Атауы, орналасқан жері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
          (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің нөмірі)
_____________________________________________________________________
                           (телефон, факс)
      2. Бірінші рет алған лицензия туралы деректер:
банктік және өзге операцияларды жүргізуге____________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)
      3. Жіберген құжаттардың тізбесі, әрқайсысы бойынша даналар және
парақтар саны:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Банк және құрылтайшылар (акционерлер) өтінішке қоса берілген
құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігіне толық жауапты болады.
      Өтінішті беруге өкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол
болған кезде), лауазымы _____________________________________________
_____________________________________________________________________
                (қолы)

      «Банктерге банк операцияларын және Қазақстан Республикасының
банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензия
беру» мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті дербес деректерімді
жинауға және өңдеуге келісім беремін.
      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.

      20__жылғы «___» _____________

      Мөр орны (ол болған кезде)

«Банктерге банк операцияларын және
Қазақстан Республикасының банк
заңнамасында көзделген өзге де
операцияларды жүргізуге лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына          
2-қосымша          

мәліметтердің электрондық нысаны

Штат кестесі

р/с №

Тегі

Аты

Әкесінің аты
(ол болған кезде)

Лауазымы

1

2

3

4

5

«Банктерге банк операцияларын және
Қазақстан Республикасының банк
заңнамасында көзделген өзге де
операцияларды жүргізуге лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына          
3-қосымша          

мәліметтердің электрондық нысаны

Банктің бағдарламалық техникалық құралдарының ҚР ҰБ талаптарына
және ҚР кредиттік бюролар туралы заңнамасына сәйкестігін
растайтын құжаттар

р/с №

Құжаттың атауы

Сәйкестігі

1

2

3

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
71 қаулысына     
29-қосымша       

«Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға
рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – 2 (екі) ай ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру және ресми рұқсаты туралы (бұдан әрі – Басқарманың рұқсат беру туралы қаулысы және ресми рұқсат) хаттар не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының тиісті қаулысының көшірмесін қоса бере отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;
      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша банкті (банк холдингін) ерікті қайта ұйымдастыруға рұқсат алуға арналған өтініш;
      2) банктің (банк холдингінің) жоғары органының оны ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешiмi;
      3) банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастырудың болжамды талаптарын, нысандарын, тәртiбi мен мерзiмдерiн сипаттайтын құжаттар;
      4) банктің (банк холдингінің) ол ерікті түрде қайта ұйымдастырылғаннан кейiнгi және (немесе) банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесiнде құрылған заңды тұлғалардың есеп айырысу балансын қоса алғанда, ерікті түрде қайта ұйымдастыру салдарының қаржылық болжамы;
      5) қайта ұйымдастыру банктердің атқарушы органдарының бірінші басшылары қол қойған біріктіру туралы шарт (біріктіру нысанында ерікті қайта ұйымдастырылған кезде).
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар, олар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      10. Мыналар:
      1) қайта ұйымдастырылатын банктің (банк холдингтерінің) жоғары органдарының тиісті шешiмдерінің болмауы;
      2) болжанатын қайта ұйымдастыру нәтижесінде депозиторлар мүдделерінің бұзылуы;
      3) болжанатын қайта ұйымдастыру нәтижесінде пруденциялық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің бұзылуы;
      4) болжанатын қайта ұйымдастыру нәтижесінде монополияға қарсы заңнамасы талаптарының бұзылуы мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерін
ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Банкті (банк холдингін) ерікті
түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына    
қосымша           

Нысан

№ ___ күні ____________

Қазақстан Республикасы 
Ұлттық Банкінің Төрағасына

Банкті (банк холдингін) ерікті қайта ұйымдастыруға
рұқсат беруге арналған
қолдаухат

____________________________________________________________________
              (көрсетілетін қызметті алушының атауы)
банк (банк холдингі) акционерлерінің жалпы жиналысының
__________________________ ____ жылғы «__» ________________ № _______
шешіміне сәйкес (өткізілетін орны) __________________________________
       банкті (банк холдингін) қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған
_____________________________________________________________________
                  (заңды тұлғаға (тұлғаларға)
(бірігу, қосу, бөлу, бөлініп шығу, қайта құру) (керегінің асты
сызылсын) арқылы банкті (банк холдингін) ерікті қайта ұйымдастыруға
рұқсат беруді сұрайды.
      Банк (банк холдингі) өтінішке қоса берілген құжаттар мен
мәліметтердің дұрыстығына, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты
сұралатын қосымша ақпараттың және құжаттардың көрсетілетін қызметті
берушіге дер кезінде берілуіне толығымен жауап береді.
      Қоса берілетін құжаттар (жіберілетін құжаттардың атаулы
тізбесін, әрқайсысы бойынша дана және бет санын көрсету керек):
      Банк акционерлерінің атынан уәкілетті адам (тегі, аты, әкесінің
аты (ол болған кезде), аталған өкілеттіктерді алуға негіз болып
табылатын құжатқа
сілтеме)____________________________________________________________.
      «Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға
рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті дербес
деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.
      __________________________ _____________________
           (қолы)                мөр (ол болған кезде)

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына    
30-қосымша      

«Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде:
      лицензияны бергенде – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
      лицензияны қайта ресімдегенде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      көрсетілетін қызметті алушы бөліп шығару немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны қайта ресімдегенде – 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей;
      лицензияның телнұсқаларын бергенде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, телнұсқаларын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда лицензия электрондық нысанда ресімделеді және қағазға басылады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленеді:
      1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 5 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен артық емес;
      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 пайызы болады.
      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      Лицензияны алуға немесе қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын портал арқылы алуға электрондық сұрау салынған жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;
      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      лицензия алу үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша актуарлық қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтініш;
      2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша лицензияны алуға көрсетілетін қызметті алушы туралы мәлімет;
      4) жоғары білімі туралы дипломның нотариат куәландырған көшірмесі;
      5) көрсетілетін қызметті алушының лицензия алуға оқудан өткендігін және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасында көрсетілген тақырыптар тізбесін қамтитын Актуарийлерді оқытудың мiндеттi ең төменгі бағдарламасы бойынша тиісті емтихандарды ойдағыдай тапсырғандығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (жоғары білімi бар және көрсетiлген бағдарлама бойынша оқудан өткен жеке тұлғалар үшін);
      6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес Актуарийлерді оқытудың мiндеттi ең төменгі бағдарламасына қатысты әрбір курс бойынша 80%-дан кем емес рейтингі бар «Актуарий» мамандануы бойынша іскерлік әкімшілік магистрі дипломының немесе «Қаржы» мамандығы, «Актуарий» мамандануы бойынша экономика және бизнес магистрі дипломының көшірмесі;
      7) актуарийлердің (актуарий мәртебесі бар және (Актуарийлердің Халықаралық Қауымдастығының толық мүшесі мәртебесі бар актуарийлердің қоғамының (қоғамның немесе өзге де бірлестіктің) мүшесі (толық мүшесі) болып табылатын жеке тұлға үшін тиісті қауымдастығының (қоғамның немесе өзге де бірлестіктің) ұсынымхаты.
      8) актуарийдің мәртебесін, актуарийлер қауымдастығына мүшелігін (толық мүшелігін) және осы қауымдастықтың Халықаралық актуарлық қауымдастықтың толық мүшесі ретіндегі мәртебесін (актуарий мәртебесі бар және Халықаралық актуарлық қауымдастықтың толық мүшесі мәртебесіне ие актуарийлер қауымдастығының мүшесі (толық мүшесі) болып табылатын жеке тұлғалар үшін) растайтын құжаттардың көшірмелері.
      Лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұдан бұрын берілген лицензия қағаз нысанында ресімделген болса):
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі.
      Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмелері (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) ұсынылады.
      Порталда:
      лицензия алу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымды төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 3) (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес мәліметтердің электрондық түріндегі), 4) 5), 6), 7) және 8) (құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, олар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.
      Лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұдан бұрын берілген лицензия қағаз нысанында ресімделген болса):
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеген жағдайларды қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымды төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).
      Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеген кезде жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымды төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).
      3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмелері (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) ұсынылады.
      Жеке басын куәландыратын құжаттар, лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      10. Мыналар:
      1) егер көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген лицензия алуға құжаттарды толық емес ұсынған;
      2) мына негіздер бойынша лицензиядан айыру туралы деректер болғанда:
      лицензияның қолданылуын бірнеше мәрте тоқтата тұру (соңғы он екі айдың ішінде екі рет);
      актуарлық есеп айырысулар жүргізген, сондай-ақ тәуелсіз актуарий ретінде қызметті жүзеге асыру барысында алынған мәліметтерді, және сақтандыру құпиясының немесе коммерциялық құпияның мәнін құрайтын мәліметтерді үшінші тұлғаларға (уәкілетті органды қоспағанда) жария еткен немесе берген;
      актуарийдің өздері анықтаған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерін қалыптастыру жөніндегі талаптарды сақтамау фактілерін кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне хабарлау жөніндегі талаптарды орындамаған;
      3) көрсетілетін қызметті беруші жүргізген тестілеудің нәтижесі теріс болған;
      4) жеке тұлғалардың осы санаты үшін қызметтің осы түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған;
      5) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;
      6) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сай келмеген;
      7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялануға тиісті қызметті немесе жекелеген қызмет түрін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
      8) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот борышкер көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға уақытша тыйым салған жағдайларда, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық менкенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерін
ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Актуарлық қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына  
1-қосымша       

Актуарлық қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру туралы
өтініш

____________________________________________________________________
(уәкілетті мемлекеттік органның толық атауы)
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және ЖСН)

      Сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия
беруіңізді сұраймын.
      «Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік
қызметін көрсету үшін қажетті дербес деректерімді жинауға және
өңдеуге келісім беремін.
      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.
      Жеке тұлға туралы мәліметтер:
      1. Туған жылы _________________________________________________
      2. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері
_____________________________________________________________________
  (сериясы, нөмірі, берілген күні, құжатты берген органның атауы)
      3. Білімі _____________________________________________________
                           (бітірген жылы, мамандығы)
_____________________________________________________________________
                         оқу орнының атауы)
      4. Тұрғылықты жері ____________________________________________
      5. Жұмыс орны, қызметі_________________________________________
      6. Телефон нөмірі (қаланың коды, жұмысының және үйінің)
_____________________________________________________________________
      7. Ұсынылатын құжаттар:
_____________________________________________________________________
Актуарий өтінішке қоса берілетін құжаттардың (ақпарат) дұрыстығына
толық жауап береді.
______________ ______________________________________________________
    (қолы)         (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

20____ жылғы «____»________________________

«Актуарлық қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру» 
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына        
2-қосымша         

көрсетілетін қызметті алушының суреті

Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін
көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер 1. Жалпы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

___________________________________________________

(жеке куәлігімен (төлқұжатымен) толық сәйкестігі, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) өзгерген жағдайда, көрсетілсін: қашан және қандай себеппен олар өзгертілді)

Туған күні мен жері

Тұрақты тұратын жері, телефон нөмірлері

___________________________________________________
___________________________________________________
(елді мекеннің кодын қоса алғанда, толық мекенжайы, қызметтік, үй, байланыс телефондарының нөмірлері көрсетілсін)

Азаматтығы

Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері

      Сақтандыру ұйымдарында немесе олармен үлестес ұйымдарда жұмыс
істейтін жақын туысқандары, туыстары туралы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Туған жылы

Туыстық немесе жақындық түрі көрсетілсін

Жұмыс орны және лауазымы

1

2

3

      Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей немесе жанама
қатысуы:

Атауы және орналасқан жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Сіздің қатысу сомаңыз бен үлесіңіз

1

2

3

2. Кәсіби деректері

Білімі

___________________________________________________
___________________________________________________
___________________________________________________
(оқу орнының, факультеттің немесе бөлімнің атауы мен орналасқан жері, оқу кезеңі, берілген біліктілігі, білімі туралы дипломның деректемелері (күні, нөмірі) көрсетілсін)

Актуарийдің біліктілік емтихандарын тапсырғандығы туралы мәліметтер

Емтихан тапсырған күні, емтихан тапсырғандығын растайтын құжат

Қосымша білімі, оның ішінде жұмыс істейтін саласында біліктілігін көтеру курстары, ғылыми дәрежелері

___________________________________________________
___________________________________________________
(оқу орнының атауы мен орналасқан жері, оқу кезеңі, білімі туралы дипломның, сертификаттың, куәліктің деректемелері)

Қаржылық қызмет көрсету саласындағы, оның ішінде жұмыс істеуге ниетті саласындағы жұмыс тәжірибесі

___________________________________________________
___________________________________________________
(қаржы ұйымдарында істеген, аудитор, қызмет түрі бойынша бухгалтер қызметін атқарған жылдардың саны көрсетілсін)

Жетістіктері

___________________________________________________
___________________________________________________
(осы мәселе бойынша ақпарат, мысалы, ғылыми жарияланымдарының атауы, ғылыми әзірлемелерге, заң жобаларына қатысуы көрсетілсін)

Кәсіби ұйымдарға мүшелігі

___________________________________________________
___________________________________________________
(Осы мәселе бойынша ақпарат, мысалы, Актуарийлер қоғамы, Аудиторлар палатасы көрсетілсін)

Осы мәселеге қатысы бар басқа ақпарат

___________________________________________________
___________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының кәсіби құзыреттігін сипаттайтын ақпарат көрсетіледі)

      Еңбек жолы туралы мәліметтер:

Жұмыс істеген кезеңі

Ұйымның атауы, атқаратын лауазымы және лауазымдық міндеттері, ұйымның байланыс деректері

1

2

3

      Мен (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол
болған кезде),
____________________________________________________________________,
      осы ақпаратты мұқият тексергенімді және дұрыс әрі толық болып
табылатындығын растаймын және мен берген мәліметтердің арасында
күмәнді мәліметтердің болуы актуарлық қызметті жүзеге асыруға
берілген лицензиядан айырылуға негіз болып табылатындығын
мойындаймын.

      __________________
        (қолы, күні)

«Актуарлық қызметті жүзеге 
асыруға лицензия беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша          

Актуарийлерді оқытудың міндетті ең төменгі бағдарламасы

      Актуарийлерді оқытудың ең төменгі бағдарламасы алты курстан тұрады, олардың әрқайсысы бойынша жеке емтиханы болады.
      Алғашқы екі курсы базалық болып табылады және 2001 жылдың 1 маусымынан бастап, ал кейінгі төртеуі - арнайы және міндетті: үшінші және төртінші курстар - 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап, бесінші және алтыншы курстар - 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті болады.
      Курстардың тақырыбы және курстардың мазмұнында қосылған бөлімдердің ең аз тізбелеріне мыналар кіреді:
      1-курс. Өмірді сақтандырудағы пайыздық мөлшерлемелер және кездейсоқ процестер теориясы
      1) Жай және күрделі пайыздар негіздері
      2) Аннуитеттер құрудың қағидаттары
      3) Қарыздар және оларды өтеу кестелері
      4) Борыштық бағалы қағаздар
      5) Өмір ұзақтығының кестесі
      6) Өмірді сақтандыру бойынша аннуитеттер
      7) Бірнеше адамның өмірін сақтандыру теориясы
      8) Зейнетақылар
      2-курс. Актуарлық қағидаттар және олардың қосымшалары
      1) Бір адамның өмірі мен денсаулығын сақтандыру
      2) Өмірді және денсаулықты топтық сақтандыру
      3) Мүгедектікті сақтандыру
      4) Жалпы сақтандыру
      5) Қайта сақтандыру
      6) Зейнетақы
      7) Әлеуметтік сақтандыру
      8) Инвестициялар
      3-курс. Жалпы сақтандыру және қайта сақтандыру
      1) Жалпы сақтандыру қағидаттары
      2) Сақтандыру өнімдерін жасау
      3) Андеррайтинг
      4) Сақтандырудағы баға белгілеу
      5) Сақтандыру резервтері
      6) Пайда функциялары
      7) Дәйектілік теориясы
      8) Қайта сақтандыру және оның түрлері
      4-курс. Өмірді және денсаулықты сақтандыру
      1) Бiр адамның өмiрiн сақтандыру
      2) Сақтандыру өнiмдерiн жасау және андеррайтинг
      3) Баға белгiлеу: сақтандыру сыйлықақыларын есептеудiң түрлi әдiстерi
      4) Сақтандыру резервтерiн қалыптастыру әдiстерi
      5) Медициналық сақтандыру
      6) Медициналық сақтандыруда баға белгiлеу және сақтандыру резервтерiн қалыптастыру
      7) Өмірді және денсаулықты топтық сақтандыру
      8) Шағымдар бойынша шығыстарды бағалау және сақтандыру сыйлықақыларын есептеу
      9) Өмірді және денсаулықты топтық сақтандыру кезіндегі сақтандыру резервтерi
      5-курс. Зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтiк сақтандыру
      1) Зейнетақы жинақтарының қағидаттары
      2) Зейнетақы бағдарламалары: мемлекеттік және жеке
      3) Жарналары мен төлемдерi белгiленген зейнетақы жоспарлары
      4) Төлемдерi белгiленген зейнетақы жоспарларының түрлерi
      5) Төлемдерi белгiленген зейнетақы жоспарларын қаржыландыру
      6) Жарналары белгiленген зейнетақы жоспарларының түрлерi
      7) Жарналары белгiленген зейнетақы жоспарлары бойынша төлемдер
      8) Жарналары мен төлемдерi белгiленген зейнетақы жоспарларындағы тәуекелдердi бағалау
      9) Әлеуметтiк сақтандыру қағидаттары
      10) Әлеуметтiк сақтандыру жүйелерiнiң түрлерi
      11) Әлеуметтiк сақтандыруды қаржыландыру әдiстерi
      12) Әлеуметтiк сақтандырудың артықшылықтарын салыстырмалы талдау және оны қаржыландырудың әртүрлі әдістерінің құнын бағалау
      6-курс. Сақтандыру ұйымдары және зейнетақы қорлары: қаржыландыру және инвестициялау
      1) Инвестиция түрлерi: акциялар, кiрiсi белгiленген бағалы қағаздар, валюта нарықтарының құралдары және туынды құралдар
      2) Тәуекел және табыстылық
      3) Сақтандыру ұйымдарының, зейнетақы қорларының, трастық әлеуметтiк сақтандыру қорларының активтерi мен инвестициялары
      4) Сақтандыру ұйымдарының инвестициялық тәуекелдерi
      5) Сақтандыру ұйымдарына арналған қаржылық жоспарлау: активтер мен мiндеттемелердiң арақатынасы
      6) Сақтандыру ұйымдарын капиталдандыруға қойылатын талаптар
      7) Сақтандыру және сақтандыру қызметi, салық салу, сақтандыру нарығындағы бухгалтерлiк есеп бойынша заңнама.

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына   
31-қосымша       

«Өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыруға
лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі(бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде:
      лицензия берген кезде – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
      лицензияны қайта ресімдеген кезде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      көрсетілетін қызметті алушыны бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырған жағдайда, лицензияны қайта ресімдегенде – 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей;
      лицензияның телнұсқаларын бергенде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда, лицензия электрондық нысанда ресімделеді және қағазға басылады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленеді:
      1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 50 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен артық емес емес;
      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 пайызы болады.
      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      Лицензияны алуға немесе қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын портал арқылы алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
      2) порталдікі – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда);
      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру кестесі тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініш жасаған кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      лицензия алу үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сақтандыру ұйымын құруға не қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына рұқсат алу кезінде табыс етілген бизнес-жоспарда көзделген сақтандыру сыныптары шегінде лицензия беру туралы өтініш;
      2) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) барлық ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін бухгалтерлік есеп және бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыру мәселелері бойынша іс-шаралардың орындалғаны туралы куәландыратын құжаттар;
      4) барлық өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге (бар болса) жарғының көшірмесі, салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда, жарғының нотариат куәландырған көшірмесі;
      5) «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 34-бабының талаптарына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлері лауазымдарына ұсынылатын адамдардың құжаттары;
      6) ең аз мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін құрылтайшылардың, акционерлердің төлегенін растайтын төлем құжаттары (төлем тапсырмасы, кіріс касса ордерлері), сондай-ақ бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік оның толық төленгендігін растайтын құжаттар болып табылады;
      7) сақтандыру қызметін жүзеге асырудың ішкі қағидалары, олар мыналарды айқындауға тиіс:
      шаруашылық қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерді қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бөлімшелерінің құрылымын, міндетін, функцияларын және өкілеттігін;
      ішкі аудит қызметінің және басқа да тұрақты жұмыс істейтін органдардың құрылымын, мүшелер санын, міндеттерін, функцияларын және өкілеттіктерін;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының техникалық (сақтандыру), инвестициялық, кредиттік, операциялық, нарықтық және басқа да тәуекелдерді басқару бойынша саясатын ашатын тәуекелдерді басқару жүйесін;
      шаруашылық қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерді қоспағанда, құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқығы мен міндеттерін;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің оның атынан және оның есебінен мәмілелерді жүзеге асырған кезде өкілеттіктерін;
      8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат алу кезінде ұсынылған бизнес-жоспарға сәйкес жүргізілген ұйымдастыру іс-шаралары туралы есеп;
      9) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының штатында актуарийдің болуы туралы мәліметтер;
      10) мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ішкі аудит қызметі туралы ереже:
      ішкі аудит қызметінің құрылымы туралы ақпарат;
      ішкі аудит қызметінің міндеттері мен функциялары;
      ішкі аудит қызметінің құқықтары мен міндеттері;
      ішкі аудит қызметінің басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-әрекет жасау тәртібі туралы ақпарат;
      өзі жүзеге асыратын қызметтің сипаты мен ауқымдарын ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бүкіл қызметін немесе бөлігін аудиторлық тексеру кезеңділігі;
      11) егер Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актiлерiнде сақтандыру ұйымдарын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретін ұйымға сақтандыру ұйымының мiндеттi қатысуы белгiленген болса, осындай ұйымға қатысу шартының нотариат куәландырған көшірмесі;
      12) Заңның және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқорға қатысуын растайтын құжаттар.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде жазылған талаптар жұмыс істеп тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.
      Сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш;
      2) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшiрмесi;
      3) актуарий қол қойған сақтандырудың сыныбы (сыныптары) бойынша бизнес-жоспар.
      Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспарда мынадай ақпарат:
      сақтандыру сыныбы бойынша жабылатын тәуекелдердің негізгі сипаттамалары;
      сақтандыру портфелінің құрылымындағы сақтандыру сыныбы үлесінің; сақтандыру сыныбы бойынша қызметтер көрсету нарығы сегментінің (нарық көлемінің, әлеуетті сақтанушылардың, географиялық орнының) негізгі сипаттамалары;
      сақтандыру өнімдерін сақтандыру сыныбы шеңберінде сату тәсілдерінің негізгі сипаттамалары;
      сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібіне және олардың экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар;
      осы сақтандыру сыныбы бойынша таяудағы екі жылға арналған, пайдалар, шығындар, сақтандыру резервтерінің есептері туралы болжам, шығындылық болжамы, ең нашар және ең жақсы жағдайдағы тәуекелдерді бағалау, пруденциялық нормативтердің сақталу болжамы;
      қайта сақтандыру саясаты (қайта сақтандыру нысандары мен әдістері, қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау өлшемдері);
      инвестициялық саясат қамтылуға тиіс.
      Инвестициялық саясат бойынша ақпаратта мынадай мәліметтерді:
      инвестициялау мақсатын;
      инвестиция түрлері бойынша әртараптандыруды және активтердің сапасын бағалауды қоса алғанда, инвестициялық портфельді және оның кірістілігін қалыптастыруды;
      активтердің түріне, сондай-ақ сырттан активтер тартуға қарай инвестициялық шектеулерді;
      инвестициялық саясатқа жауапты ұйымның тұлғаларын ашып көрсету қажет.
      Актуарий қол қойған сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспарда көрсетілетін қызметті берушіге тігілген және нөмірленген бір данада беріледі. Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспардың алғашқы бетінде жоғары оң бұрышында мынадай айқындама болуы тиіс: «Директорлар кеңесі бекітті (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның атауы). 20__жылғы «__»_____________ № ______ хаттамасы». Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспардың соңғы беттің екінші жағына сақтандыру ұйымының мөрі басылады.
      Сақтандырудың бірнеше сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға өтініш берген кезде сақтандыру сыныбы бойынша бір бизнес-жоспар ұсынылады;
      4) егер Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актiлерiнде сақтандыру ұйымдарын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретін ұйымға сақтандыру ұйымының мiндеттi қатысуы белгiленген болса, осындай ұйымға қатысу шартының нотариат куәландырған көшірмесі;
      5) Заңның және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқорға қатысуын растайтын құжаттар;
      6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуы бөлігіндегі талаптардың орындалуын растайтын құжаттар.
      Лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұдан бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса):
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) «электрондық үкімет» төлем шлюзі бойынша төлем жасалған жағдайларды қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі.
      Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) «электрондық үкімет» төлем шлюзі бойынша төлем жасалған жағдайларды қоспағанда, лицензия қайта ресімделген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) лицензияланатын қызмет түрінен сақтандыру қызметінің бір немесе бірнеше сыныбы алынып тасталған жағдайда, лицензияның түпнұсқасы (егер бұдан бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса);
      4) Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелін беруді растайтын құжаттар (лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары алынып тасталған жағдайда);
      5) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмелері ұсынылады.
      Порталда:
      лицензия алу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) «электрондық үкімет» төлем шлюзі бойынша төлем жасалған жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 4), 5), 6), 7), 8), 10), 11) және 12) тармақшаларында (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде), 3) тармақшасында (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәліметтердің электрондық нысаны түрінде), 9) тармақшасында (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәліметтердің электрондық нысаны түрінде), екінші бөлігінің 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) көрсетілген құжаттар, олар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.
      Лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұдан бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса):
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) «электрондық үкімет» төлем шлюзі бойынша төлем жасалған жағдайларды қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымды төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).
      Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) «электрондық үкімет» төлем шлюзі бойынша төлем жасалған жағдайларды қоспағанда, лицензия қайта ресімделген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
      3) электрондық сұрау салуға қоса берілетін, құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелін беруді растайтын құжаттар (лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары алынып тасталған жағдайда);
      4) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмелері (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) ұсынылады.
      Көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, лицензиялық алым сомасын төлеу туралы («электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеген жағдайда) мәліметтерді «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      10. Мыналар:
      1) сақтандыру ұйымының сақтандыру ұйымын құруға рұқсат алу кезiнде бизнес-жоспарда көрсетiлген талаптарды орындау мерзiмi аяқталғанға дейiн сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн көрсетілетін қызметті берушіге өтініші, осы талап:
      сақтандырудың жаңа сыныптары мен түрлерін енгізу;
      сақтандырудың жекелеген сыныптары мен түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру тәртібін және талаптарын өзгерту көзделетін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері қабылданған жағдайларда қолданылмайды;
      2) егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап алты ай ішінде көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензия алуға өтініш жасамауы;
      3) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
      4) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін сақтандыру тобының өтініш бергенге дейінгі алты ай ішіндегі кезеңде белгіленген пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы;
      5) қоғамның органдары таңдағандар қатарынан басшы қызметкердің келісілмеуі (жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін);
      6) заңды тұлғалардың осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қызметтің түрімен айналысуға тыйым салынуы;
      7) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеуі;
      8) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сай келмеуі;
      9) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
      10) сот орындаушысының ұйғарымы негізінде көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге соттың лицензия беруге уақытша тыйым салуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде жазылған негіздерден басқа сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруден бас тарту мынадай негіздер бойынша жүргізіледі:
      1) алатын сақтандырудың қосымша сыныбын есепке алғанда пруденциялық нормативтердің сақталмау болжамы;
      2) өтініш беру күніне дейін соңғы үш ай ішінде және оны қарау кезеңінде пруденциялық нормативтердің сақталмауы;
      3) өтініш беру күніне сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түрінде қолданыстағы санкцияның болуы.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жіберген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Өмірді сақтандыру» саласы
бойынша қызметті жүзеге асыруға
лицензия беру»      
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына        
1-қосымша         

Нысан

____________________________________________________________________
                (уәкілетті органның толық атауы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының толық атауы және БСН)

(сақтандырудың саласын, нысанын, сыныптарын, қызмет түрін көрсету
қажет)
жүзеге асыру құқығына лицензия беруіңізді сұраймын.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы туралы мәліметтер:
      1. Атауы, орналасқан жері _____________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
       (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйінің нөмірі)
_____________________________________________________________________
                          (телефон, факс)
      2. Әділет органдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын
мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы деректер ___________________

(мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе
анықтаманың күні және нөмірі)
      3. Сақтандыру ұйымының банктік шоты ашылған банктің атауы және
орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі ________________________

      4. Бірінші рет алған лицензия туралы деректер:
сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін, қайта сақтандыру жөніндегі
қызметті жүзеге асыру құқығына ______________________________________
_____________________________________________________________________
  (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)
Сақтандыру ұйымы және олардың құрылтайшылары (акционерлері) өтінішке
қоса берілген құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігіне толық жауап
береді.______________________________________________________________

      5. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, даналар саны және әрқайсысы
бойынша парақтар саны: ______________________________________________

Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
кезде), лауазымы_____________________________________________________
_____________________________________________________________________
      «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыруға
лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті дербес
деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.

____________
(қолы)

_____________ жылғы «__» _______________

Мөр орны
(ол болған кезде)

«Өмірді сақтандыру» саласы бойынша 
қызметті жүзеге асыруға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша           

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
штатында актуарийдің болуы туралы
мәліметтер

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы

Актуарий туралы мәліметтер

Тегі, аты,  әкесінің аты (ол болған кезде)

Уәкілетті орган лицензиясының күні мен нөмірі

Актуарий лауазымына тағайындау (сайлау) туралы құжаттың нөмірі мен күні

Білімі туралы, оның ішінде жұмыс істейтін саласында біліктілікті арттыру курстары туралы мәліметтер

Біліктілік емтиханын қайта тапсырғаны туралы ақпарат

1

2

3

4

5

6

«Өмірді сақтандыру» саласы бойынша
қызметті жүзеге асыруға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша            

мәліметтердің электрондық нұсқасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық
актілерінің талаптарына сәйкес келетін барлық
ұйымдастыру-техникалық, оның ішінде бухгалтерлік есеп және
бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыру мәселелері бойынша
іс-шаралардың орындалғанын білдіретін құжаттар

Р/с №

Жабдықтың атауы

Жабдықтың сериялық нөмірі

Жабдықтың түгендеу нөмірі

Бағдарламалық қамтамасыз етудің атауы

Бағдарламалық қамтамасыз ету лицензиясының нөмірі

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 798 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 272 қаулысымен бекітілген Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларының 6 және 9-тармақтарына сәйкес әзірленген және бекітілген ішкі құжаттар

1

2

3

4

5

6

7

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына    
32-қосымша     

«Жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру)
қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде:
      лицензия бергенде – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
      лицензияны қайта ресімдегенде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      көрсетілетін қызметті алушыны бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырған жағдайда, лицензияны қайта ресімдегенде – 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей;
      лицензияның телнұсқаларын бергенде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, телнұсқаларын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда, лицензия электрондық нысанда ресімделеді және қағазға басылады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді:
      аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 50 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
      лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен көп емес;
      лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 пайызы болады.
      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      Лицензияны алуға немесе қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын портал арқылы алуға электрондық сұрау салынған жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      лицензия алу үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сақтандыру ұйымын құруға не қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына рұқсат алу кезінде табыс етілген бизнес-жоспарда көзделген сақтандыру сыныптары шегінде лицензия беру туралы өтініш;
      2) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) енгізілген барлық өзгерістермен және толықтырулармен (бар болса) бірге жарғының көшірмесі, салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда, нотариат куәландырған көшірмесі;
      4) барлық ұйымдастыру техникалық іс-шаралардың орындалуын куәландыратын, оның ішінде бухгалтерлік есеп пен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыру мәселелері жөніндегі құжаттар;
      5) «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 34-бабы талаптарына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлері лауазымдарына ұсынылатын адамдардың құжаттары;
      6) ең аз мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін құрылтайшылардың, акционерлердің төлегенін растайтын төлем құжаттары (төлем тапсырмасы, кіріс касса ордерлері), сондай-ақ бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік оның толық төленгендігін растайтын құжаттар болып табылады;
      7) сақтандыру қызметін жүзеге асырудың ішкі қағидалары, онда мыналар айқындалуға тиіс:
      шаруашылық қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерді қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бөлімшелерінің құрылымын, міндеттерін, функцияларын және өкілеттігі;
      ішкі аудит қызметінің және басқа да тұрақты жұмыс істейтін органдардың құрылымын, мүшелер санын, міндеттерін, функцияларын және өкілеттіктері;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының техникалық (сақтандыру), инвестициялық, кредиттік, операциялық, нарықтық және басқа да тәуекелдерді басқару бойынша саясатын ашатын тәуекелдерді басқару жүйесі;
      шаруашылық қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерді қоспағанда, құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқығы мен міндеттері;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің оның атынан және оның есебінен мәмілелерді жүзеге асырған кезде өкілеттіктері;
      8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат алу кезінде табыс етілген бизнес-жоспарға сәйкес жүргізілген ұйымдастыру іс-шаралары туралы есеп;
      9) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының штатында актуарийдің болуы туралы мәліметтер;
      10) сақтандыру ұйымының ішкі аудит қызметі туралы ереже, онда мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:
      ішкі аудит қызметінің құрылымы туралы ақпарат;
      ішкі аудит қызметінің міндеттемелері мен функциялары;
      ішкі аудит қызметінің құқықтары мен міндеттері;
      ішкі аудит қызметінің лицензиаттың басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекет жасау тәртібі туралы ақпарат;
      өзі жүзеге асыратын қызметтің сипаты мен ауқымдарын ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бүкіл қызметін немесе бөлігін аудиторлық тексеру кезеңділігі;
      11) егер Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актiлерiнде сақтандыру ұйымдарын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретін ұйымға сақтандыру ұйымының мiндеттi қатысуы белгiленген болса, осындай ұйымға қатысу шартының нотариат куәландырған көшірмесі;
      12) Заңның және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқорына қатысуын растайтын құжаттар.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде жазылған талаптар жұмыс істеп тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.
      Сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды:
      1) өтінішті;
      2) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшiрмесiн;
      3) актуарий қол қойған сақтандырудың сыныбы (сыныптары) бойынша бизнес-жоспарды ұсынады.
      Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспарда мынадай ақпарат:
      сақтандыру сыныбы бойынша жабылатын тәуекелдердің негізгі сипаттамалары;
      сақтандыру портфелінің құрылымындағы сақтандыру сыныбы үлесінің; сақтандыру сыныбы бойынша қызметтер көрсету нарығы сегментінің (нарық көлемінің, әлеуетті сақтанушылардың, географиялық жерінің) негізгі сипаттамалары;
      сақтандыру өнімдерін сақтандыру сыныбы шеңберінде сату тәсілдерінің негізгі сипаттамалары;
      сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібіне және олардың экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар;
      осы сақтандыру сыныбы бойынша таяу екі жылға арналған, пайдалар, шығындар, сақтандыру резервтерінің есептері туралы болжам, шығындылық болжамы, ең нашар және ең жақсы жағдайдағы тәуекелдерді бағалау, пруденциялық нормативтердің сақталу болжамы;
      қайта сақтандыру саясаты (қайта сақтандыру нысандары мен әдістері, қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау өлшемдері);
      инвестициялық саясат қамтылуға тиіс;
      Инвестициялық саясат бойынша ақпаратта мынадай мәліметтерді:
      инвестициялау мақсатын;
      инвестиция түрлері бойынша әртараптандыруды және активтердің сапасын бағалауды қоса алғанда, инвестициялық портфельді және оның кірістілігін қалыптастыруды;
      активтердің түріне, сондай-ақ сырттан активтер тартуға қарай инвестициялық шектеулер;
      инвестициялық саясатқа жауапты ұйымның тұлғаларын ашып көрсету қажет.
      Актуарий қол қойған сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспарда көрсетілетін қызметті берушіге тігілген және нөмірленген бір данада беріледі. Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспардың алғашқы бетінде жоғары оң бұрышында мынадай айқындама болуы тиіс: «Директорлар кеңесі бекітті (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның атауы). 20__жылғы «__»_____________ №______ хаттамасы». Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспардың соңғы беттің екінші жағына сақтандыру ұйымының мөрі басылады.
      Сақтандырудың бірнеше сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға өтініш берген кезде сақтандыру сыныптары бөлігінде бір бизнес-жоспар ұсынылады;
      4) егер Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актiлерiнде сақтандыру ұйымдарын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретін ұйымға сақтандыру ұйымының мiндеттi қатысуы белгiленген болса, осындай ұйымға қатысу шартының нотариат куәландырған көшірмесін;
      5) Заңның және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқорға қатысуын растайтын құжаттарды;
      6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуы бөлігіндегі талаптардың орындалуын растайтын құжаттарды ұсынады.
      Лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұдан бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса):
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі.
      Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) лицензияның түпнұсқасы (лицензияланатын қызмет түрінен сақтандыру қызметінің бір немесе бірнеше сыныбы алып тасталған жағдайда) (егер бұдан бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса);
      3) Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелін беруді растайтын құжаттар (лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары алып тасталған жағдайда);
      4) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
      5) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмелері ұсынылады.
      Порталда:
      лицензия алу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 5), 6), 7), 8), 10), 11) және 12) тармақшаларында (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде), 4) тармақшасында (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәліметтердің электрондық нысаны түрінде), 9) тармақшасында (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәліметтердің электрондық нысаны түрінде), екінші бөлігінің 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар, олар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.
      Лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұдан бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса):
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымды төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).
      Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) электрондық сұрау салуға қоса тіркелетін, құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелін беруді растайтын құжаттар (лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары алып тасталған жағдайда);
      3) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензия қайта ресімделген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
      4) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмелері (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) ұсынылады.
      Көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, лицензиялық алым сомасын төлеу туралы («электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеген жағдайда) мәліметтерді «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      10. Мыналар:
      1) сақтандыру ұйымының сақтандыру ұйымын құруға рұқсат алу кезiнде бизнес-жоспарда көрсетiлген талаптарды орындау мерзiмi аяқталғанға дейiн сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн көрсетілетін қызметті берушіге өтініші, осы талап:
      сақтандырудың жаңа сыныптары мен түрлерін енгізу;
      сақтандырудың жекелеген сыныптары мен түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру тәртібін және талаптарын өзгерту көзделетін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері қабылданған жағдайларда қолданылмайды;
      2) егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік оны тіркеген күннен бастап алты ай ішінде көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензия алу үшін өтініш жасамаған болса;
      3) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
      4) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін сақтандыру тобының өтініш бергенге дейінгі алты ай ішіндегі кезеңде белгіленген пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы;
      5) қоғамның органдары таңдағандар қатарынан басшы қызметкердің келісілмеуі (жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін);
      6) заң тұлғалардың осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қызметтің түрімен айналысуға тыйым салынуы;
      7) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеуі;
      8) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сай келмеуі;
      9) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
      10) сот орындаушысының ұйғарымы негізінде көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге соттың лицензия беруге уақытша тыйым салуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде жазылған негіздерден басқа сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруден бас тарту мынадай негіздер бойынша жүргізіледі:
      1) сақтандырудың алатын қосымша сыныбын есепке алғанда пруденциялық нормативтердің сақталмау болжамы;
      2) өтініш беру күніне дейін соңғы үш ай ішінде және оны қарау кезеңінде пруденциялық нормативтердің сақталмауы;
      3) өтініш беру күніне сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түрінде қолданыстағы санкцияның болуы.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық менкенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орны көрсетіле отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жіберген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Жалпы сақтандыру» саласы бойынша
сақтандыру (қайта сақтандыру)
қызметін жүзеге асыру құқығына
лицензия беру» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша           

Нысан

____________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының толық атауы және БСН)

Өтініш

____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(сақтандырудың саласын, нысанын, сыныптарын, қызмет түрін көрсету
қажет) жүзеге асыру құқығына лицензия беруіңізді сұраймын.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы туралы мәліметтер:
      1. Атауы, орналасқан жері______________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
     (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйінің нөмірі)
_____________________________________________________________________
                          (телефон, факс)
      2. Әділет органдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын
мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы деректер ___________________
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе
анықтаманың күні және нөмірі)
3. Сақтандыру ұйымының банктік шоты ашылған банктің атауы және
орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі ________________________
_____________________________________________________________________
      4. Бірінші рет алған лицензия туралы деректер:
      сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін, қайта сақтандыру
жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына ____________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
     (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)
Сақтандыру ұйымы және олардың құрылтайшылары (акционерлері) өтінішке
қоса берілген құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігіне толық жауап
береді.______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      5. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, даналар саны және әрқайсысы
бойынша парақтар саны: ______________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
кезде), лауазымы_____________________________________________________
_____________________________________________________________________
      «Жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру)
қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызметін
көрсету үшін қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім
беремін.
      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.

____________
(қолы)

____________ жылғы «__»_______________

                                                           Мөр орны
                                                    (ол болған кезде)

«Жалпы сақтандыру» саласы бойынша 
сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін
жүзеге асыру құқығына лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша            

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
штатында актуарийдің болуы туралы
мәліметтер

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы

Актуарий туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Уәкілетті орган лицензиясының күні мен нөмірі

Актуарий лауазымына тағайындау (сайлау) туралы құжаттың нөмірі мен күні

Білімі туралы, оның ішінде жұмыс істейтін саласында біліктілікті арттыру курстары туралы мәліметтер

Біліктілік емтиханын қайта тапсырғаны туралы ақпарат

1

2

3

4

5

6

«Жалпы сақтандыру» саласы бойынша  
сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін
жүзеге асыру құқығына лицензия беру» 
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша             

мәліметтердің электрондық нұсқасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық
актілерінің талаптарына сәйкес келетін барлық
ұйымдастыру-техникалық, оның ішінде бухгалтерлік есеп және
бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыру мәселелері бойынша
іс-шаралардың орындалғанын білдіретін құжаттар

Р/с №

Жабдықтың атауы

Жабдықтың сериялық нөмірі

Жабдықтың түгендеу нөмірі

Бағдарламалық қамтамасыз етудің атауы

Бағдарламалық қамтамасыз ету лицензиясының нөмірі

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 798 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 272 қаулысымен бекітілген Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларының 6 және 9-тармақтарына сәйкес әзірленген және бекітілген ішкі құжаттар

1

2

3

4

5

6

7

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына  
33-қосымша    

«Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және
сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті
сақтандырудың түрлеріне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлеріне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде:
      лицензия бергенде – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
      лицензияны қайта ресімдеген кезде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      көрсетілетін қызметті алушыны бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырған жағдайда, лицензияны қайта ресімдеген кезде – 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей;
      лицензияның телнұсқаларын берген кезде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, телнұсқаларын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда, лицензия электрондық нысанда ресімделеді және қағазға басылып шығарылады.
      Порталға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді:
      1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 50 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен артық емес;
      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 пайызы болады.
      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      Лицензияны алуға немесе қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын портал арқылы алуға электрондық сұрау салған жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      лицензия алу үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сақтандыру ұйымын құруға не қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына рұқсат алу кезінде табыс етілген бизнес-жоспарда көзделген сақтандыру сыныптары шегінде лицензия беру туралы өтініш;
      2) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) енгізілген барлық өзгерістермен және толықтырулармен (бар болса) жарғының салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмесі;
      4) барлық ұйымдастыру техникалық іс-шаралардың орындалуын куәландыратын, оның ішінде бухгалтерлік есеп пен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыру мәселелері жөніндегі құжаттар;
      5) «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 34-бабының талаптарына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлері лауазымдарына ұсынылатын адамдардың құжаттары;
      6) ең аз мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін құрылтайшылардың, акционерлердің төлегенін растайтын төлем құжаттары (төлем тапсырмасы, кіріс касса ордерлері), сондай-ақ бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік оның толық төленгендігін растайтын құжаттар болып табылады;
      7) сақтандыру қызметін жүзеге асырудың ішкі қағидалары, онда мыналар айқындалуға тиіс:
      шаруашылық қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерді қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бөлімшелерінің құрылымын, міндетін, функцияларын және өкілеттігі;
      ішкі аудит қызметінің және басқа да тұрақты жұмыс істейтін органдардың құрылымын, мүшелер санын, міндеттерін, функцияларын және өкілеттіктері;
      техникалық (сақтандыру), инвестициялық, кредиттік, операциялық, нарықтық және басқа да тәуекелдерді басқару бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының саясатын ашатын тәуекелдерді басқару жүйесін;
      шаруашылық қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерді қоспағанда, құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқығы мен міндеттері;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің оның атынан және оның есебінен мәмілелерді жүзеге асырған кезде өкілеттіктері;
      8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат алу кезінде табыс етілген бизнес-жоспарға сәйкес жүргізілген ұйымдастыру іс-шаралары туралы есеп;
      9) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының штатында актуарийдің болуы туралы мәліметтер;
      10) сақтандыру ұйымының ішкі аудит қызметі туралы ереже, онда мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:
      ішкі аудит қызметінің құрылымы туралы ақпарат;
      ішкі аудит қызметінің міндеттері мен функциялары;
      ішкі аудит қызметінің құқықтары мен міндеттері;
      ішкі аудит қызметінің басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-әрекет жасау тәртібі туралы ақпарат;
      өзі жүзеге асыратын қызметтің сипаты мен ауқымдарын ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бүкіл қызметін немесе бөлігін аудиторлық тексеру кезеңділігі;
      11) егер Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актiлерiнде сақтандыру ұйымдарын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретін ұйымға сақтандыру ұйымының мiндеттi қатысуы белгiленген болса, осындай ұйымға қатысу шартының нотариат куәландырған көшірмесі;
      12) Заңның және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқорына қатысуын растайтын құжаттар;
      13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама түрде де тиесілі немесе сенімгерлік басқаруға берілген жағдайларды қоспағанда, ірі қатысушы - жеке тұлғаның немесе сақтандыру холдингінің бар екенін растайтын құжат.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 13) тармақшасын қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде жазылған талаптар жұмыс істеп тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.
      Сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды:
      1) өтінішті;
      2) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшiрмесiн;
      3) актуарий қол қойған, сақтандырудың сыныбы (сыныптары) бойынша бизнес-жоспарды ұсынады.
      Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспарда мынадай ақпарат:
      сақтандыру сыныбы бойынша жабылатын тәуекелдердің негізгі сипаттамалары;
      сақтандыру портфелінің құрылымындағы сақтандыру сыныбы үлесінің; сақтандыру сыныбы бойынша қызметтер көрсету нарығы сегментінің (нарық көлемінің, әлеуетті сақтанушылардың, географиялық жерінің) негізгі сипаттамалары;
      сақтандыру өнімдерін сақтандыру сыныбы шеңберінде сату тәсілдерінің негізгі сипаттамалары;
      сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібіне және олардың экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар;
      осы сақтандыру сыныбы бойынша таяу екі жылға арналған, пайдалар, шығындар, сақтандыру резервтерінің есептері туралы болжам, шығындылық болжамы, ең нашар және ең жақсы жағдайдағы тәуекелдерді бағалау, пруденциялық нормативтердің сақталу болжамы;
      қайта сақтандыру саясаты (қайта сақтандыру нысандары мен әдістері, қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау өлшемдері);
      инвестициялық саясат қамтылуға тиіс.
      Инвестициялық саясат бойынша ақпаратта мынадай мәліметтерді:
      инвестициялау мақсатын;
      инвестиция түрлері бойынша әртараптандыруды және активтердің сапасын бағалауды қоса алғанда, инвестициялық портфельді және оның кірістілігін қалыптастыруды;
      активтердің түріне, сондай-ақ сырттан активтер тартуға қарай инвестициялық шектеулер;
      инвестициялық саясатқа жауапты ұйымның тұлғаларын ашып көрсету қажет.
      Актуарий қол қойған сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспарда көрсетілетін қызметті берушіге тігілген және нөмірленген бір данада беріледі. Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспардың алғашқы бетінде жоғары оң бұрышында мынадай айқындама болуы тиіс: «Директорлар кеңесі бекітті (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның атауы). 20__жылғы «__»_____________№______хаттамасы». Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспардың соңғы беттің екінші жағына сақтандыру ұйымы мөр басады.
      Сақтандырудың бірнеше сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға өтініш берген кезде сақтандыру сыныбының бөлшегінде бір бизнес-жоспар ұсынылады;
      4) егер Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актiлерiнде сақтандыру ұйымдарын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретін ұйымға сақтандыру ұйымының мiндеттi қатысуы белгiленген болса, осындай ұйымға қатысу шартының нотариат куәландырған көшірмесін;
      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушының (ірі қатысушыларының) болуын растайтын құжатты (міндетті сақтандыру түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін);
      6) Заңның және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқорға қатысуын растайтын құжаттарды;
      7) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуы бөлігіндегі талаптардың орындалуын растайтын құжаттарды ұсынады.
      Қосымша:
      көрсетілетін қызметті алушы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының талаптарын орындағанын растайтын құжаттарды ұсынады;
      көрсетілетін қызметті алушы тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының талаптарын орындағанын растайтын құжаттарды ұсынады;
      өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-2-бабы 3-тармағының талаптарын орындағанын растайтын құжаттарды ұсынады;
      жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге «Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабы 1-тармағының талаптарын орындағанын растайтын құжаттарды ұсынады.
      Лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұдан бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса) мыналар:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі ұсынылады.
      Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) лицензияның түпнұсқасы (лицензияланатын қызмет түрінен сақтандыру қызметінің бір немесе бірнеше сыныбы алып тасталған жағдайда) (егер бұдан бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса);
      3) Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелін беруді растайтын құжаттар (лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары алып тасталған жағдайда);
      4) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензия қайта ресімделген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      5) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмелері ұсынылады.
      Порталда:
      лицензия алу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 5), 6), 7), 8), 10), 11), 12) және 13) тармақшаларында (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде), 4) тармақшасында (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәліметтердің электрондық нысаны түрінде), 9) тармақшасында (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәліметтердің электрондық нысаны түрінде), екінші бөлігінің 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде), төртінші бөлігінде көрсетілген құжаттар, олар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.
      Лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұдан бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса):
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).
      Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) электрондық сұрау салуға тіркелетін, Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелін беруді растайтын сканерленген көшірмелері түріндегі құжаттар (лицензиядан сақтандырудың жекелеген түрлері алып тасталған жағдайда);
      3) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензия қайта ресімделген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
      4) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмелері (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) ұсынылады.
      Көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, лицензиялық алым сомасын төлеу туралы («электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеген жағдайда) мәліметтерді «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      10. Мыналар:
      1) сақтандыру ұйымының сақтандыру ұйымын құруға рұқсат алу кезiнде бизнес-жоспарда көрсетiлген талаптарды орындау мерзiмi аяқталғанға дейiн сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн көрсетілетін қызметті берушіге өтініші, осы талап:
      сақтандырудың жаңа сыныптары мен түрлерін енгізу;
      сақтандырудың жекелеген сыныптары мен түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру тәртібін және талаптарын өзгерту көзделетін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері қабылданған жағдайларда қолданылмайды;
      2) егер көрсетілетін қызметті алушы оны мемлекеттік тіркеген күннен бастап алты ай ішінде көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензия алу үшін өтініш жасамаған болса;
      3) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
      4) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін сақтандыру тобының өтініш бергенге дейінгі алты ай ішіндегі кезеңде белгіленген пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы;
      5) қоғамның органдары таңдағандар қатарынан басшы қызметкердің келісілмеуі (жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін);
      6) заң тұлғалардың осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қызметтің түрімен айналысуға тыйым салынуы;
      7) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеуі;
      8) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сай келмеуі;
      9) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
      10) сот орындаушысының ұйғарымы негізінде көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге соттың лицензия беруге уақытша тыйым салуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде жазылған негіздерден басқа сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруден бас тарту мынадай негіздер бойынша жүргізіледі:
      1) сақтандырудың алатын қосымша сыныбын есепке алғанда пруденциялық нормативтердің сақталмау болжамы;
      2) өтініш беру күніне дейін соңғы үш ай ішінде және оны қарау кезеңінде пруденциялық нормативтердің сақталмауы;
      3) өтініш беру күніне сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түрінде қолданыстағы санкцияның болуы.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық менкенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере
отырып қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Қазақстан Республикасының 
заңдарында белгіленген және 
сақтандырудың жекелеген сыныптары
болып табылатын міндетті сақтандырудың
түрлеріне лицензия беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша           

Нысан

_____________________________________________________________________
             (уәкілетті органның толық атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
  (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының толық атауы және БСН)

Өтініш

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
 (сақтандырудың саласын, нысанын, сыныптарын, қызмет түрін көрсету
қажет)
жүзеге асыру құқығына лицензия беруіңізді сұраймын.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы туралы мәліметтер:
      1. Атауы, орналасқан жері ___________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйінің нөмірі)
_____________________________________________________________________
                               (телефон, факс)
      2. Әділет органдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын
мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы деректер ___________________
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе
анықтаманың күні және нөмірі)
      3. Сақтандыру ұйымының банктік шоты ашылған банктің атауы және
орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі ________________________
_____________________________________________________________________
      4. Бірінші рет алған лицензия туралы деректер:
      сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін, қайта сақтандыру
жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына ____________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)
Сақтандыру ұйымы және олардың құрылтайшылары (акционерлері) өтінішке
қоса берілген құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігіне толық жауап
береді.______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      5. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, даналар саны және әрқайсысы
бойынша парақтар саны: ______________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
кезде), лауазымы_____________________________________________________
_____________________________________________________________________
      «Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және
сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті
сақтандырудың түрлеріне лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету
үшін қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім
беремін.
      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.

____________
(қолы)

_____________ жылғы «__»_______________

                                                             Мөр орны
                                                    (ол болған кезде)

«Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген және сақтандырудың жекелеген
сыныптары болып табылатын міндетті 
сақтандырудың түрлеріне лицензия беру» 
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша              

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
штатында актуарийдің болуы туралы
мәліметтер

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы

Актуарий туралы мәліметтер

Тегі, аты,әкесінің аты (ол болған кезде)

Уәкілетті орган лицензиясының күні мен нөмірі

Актуарий лауазымына тағайындау (сайлау) туралы құжаттың нөмірі мен күні

Білімі туралы, оның ішінде жұмыс істейтін саласында біліктілікті арттыру курстары туралы мәліметтер

Біліктілік емтиханын қайта тапсырғаны туралы ақпарат

1

2

3

4

5

6

«Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген және сақтандырудың жекелеген
сыныптары болып табылатын міндетті 
сақтандырудың түрлеріне лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша             

мәліметтердің электрондық нұсқасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық
актілерінің талаптарына сәйкес келетін барлық
ұйымдастыру-техникалық, оның ішінде бухгалтерлік есеп және
бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыру мәселелері бойынша
іс-шаралардың орындалғанын білдіретін құжаттар

Р/с №

Жабдықтың атауы

Жабдықтың сериялық нөмірі

Жабдықтың түгендеу нөмірі

Бағдарламалық қамтамасыз етудің атауы

Бағдарламалық қамтамасыз ету лицензиясының нөмірі

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 798 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 272 қаулысымен бекітілген Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларының 6 және 9-тармақтарына сәйкес әзірленген және бекітілген ішкі құжаттар

1

2

3

4

5

6

7

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына   
34-қосымша      

«Қайта сақтандыру жөніндегі қызметке лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Қайта сақтандыру жөніндегі қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі(бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде:
      лицензия берген кезде – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
      лицензияны қайта ресімдеген кезде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      көрсетілетін қызметті алушының бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырылуы жағдайында лицензияны қайта ресімдеген кезде – 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей;
      лицензияның телнұсқаларын берген кезде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, телнұсқаларын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда лицензия электрондық нысанда ресімделеді және қағазға басылады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленеді:
      1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 20 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен артық емес;
      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 пайызын құрайды.
      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      Лицензияны алуға немесе қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын алуға портал арқылы электрондық сұрау салған жағдайда ақы төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру кестесі – 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен 9.00-ден 17.30-ға дейін;
      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті  aлушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      лицензия алу үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша лицензия алуға өтініш;
      2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүргізуге лицензиясы бар актуарий қол қойған жақын арадағы екі жылға арналған қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру жөніндегі бизнес-жоспар.
      Сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүргізуге лицензиясы бар актуарий қол қойған жақын арадағы екі жылға арналған қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру жөніндегі бизнес-жоспарда мынадай ақпарат болуға тиіс:
      тәуекелдерді қайта сақтандыруға берген кезде:
      сақтандыру сыныптары бойынша қайта сақтандырудің негізгі нысандары (факультативті, облигаторлық, факультативтік-облигаторлық) және қатысу әдістері/түрлері (барабар, барабар емес), олардың арасындағы арақатынасы;
      қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау критерийлері (рейтинг, капиталдың мөлшері және активтер деңгейі, қызметті жүзеге асыруға тиісті қадағалау органының лицензиясының болуы);
      қайта сақтандыру ұйымының тұрақтылығы: компанияның нарықта жұмыс істеу уақыты мен тәжірибесі, орналасқан жері, ел тәуекелдерінің болуы;
      қайта сақтандыру ұйымының іскерлік әлеуеті:
      қызмет түрлері бойынша талдау жүргізу, қомақты төлемдер бойынша талдау жүргізу, клиенттермен өзара қатынасы, баспасөзде теріс немесе оң жарияланымдардың болуы);
      қайта сақтандыру ұйымының қызметіне бақылау жасау, қайта сақтандыру талаптарын сақтауды қамтамасыз ету жүйесі қалай жүзеге асырылады;
      ынтымақтастық жасау болжанатын қайта сақтандыру ұйымдарының атауы.
      Шетелдік қайта сақтандырушылардың болжамды үлесі;
      тәуекелдерді қайта сақтандыруға қабылдаған кезде:
      қайта сақтанушыларды бағалаудың негізгі критерийлері:
      қызметті жүзеге асыруға тиісті қадағалау органы лицензиясының болуы, қайта сақтанушыдан тәуекелдерді сақтандыруға қабылдайтын мамандардың кәсібилігі, қомақты төлемдер бойынша талдау жүргізу, баспасөзде теріс немесе оң жарияланымдардың болуы, қайта сақтанушы - ұйымға экономикалық ықпал ету шараларының болуы, бұрын осы ұйыммен жұмыс істеудегі жағымсыз тәжірибе;
      ұйымның қайта сақтандыру бойынша портфелін сипаттау (сақтандыру түрлері, әрбір түрінің үлес салмағы, сақтандыру сомаларының лимиттері, қайта сақтандыруға беру талаптары бойынша);
      4) сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға қабылдау рәсімін ашып көрсететін сақтандыру ұйымының ішкі қағидалары.
      Сақтандыру ұйымының директорлар кеңесі бекіткен сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға қабылдау жөніндегі ішкі қағидаларында мыналар айқындалады:
      тәуекелдерді қайта сақтандыруға қабылдауды жүзеге асыратын бөлімшенің құрылымы, міндеттері, функциялары және өкілеттіктері;
      сақтандыру ұйымының тарифтік саясатына сәйкес сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға қабылдау кезіндегі осы құрылымдық бөлімшенің басшысы мен қызметкерлерінің құқықтары, міндеттері, өкілеттіктері;
      сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға қабылдау кезінде бағалау тәртібіне қойылатын талаптар;
      бизнес-процестерді сипаттау (құжаттардың өту тәртібі және қайта сақтандыру жөнінде шешімдер қабылдау бойынша жазылған рәсімдер);
      өзге мәселелер (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйғаруы бойынша).
      Лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанында ресімделсе):
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі.
      Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеген кезде жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) ішіндегі ақпарат мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмесі.
      Порталда:
      лицензия алу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенi туралы құжат;
      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар, олар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.
      Лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанында ресімделсе):
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгені туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).
      Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензия қайта ресімделген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгені туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
      3) ішіндегі ақпарат мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмесі (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
      10. Мыналар:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген талаптардың сақталмауы;
      2) егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік оны тіркеген күннен бастап алты ай ішінде көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензия алу үшін өтініш жасамаған болса;
      3) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
      4) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін сақтандыру тобының өтініш бергенге дейінгі алты ай ішіндегі кезеңде белгіленген пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы;
      5) қоғам органдары сайлаған адамдардың қатарынан басшы қызметкерді келіспеу (жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін);
      6) заңды тұлғалардың осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қызметтің түрімен айналысуға тыйым салынуы;
      7) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі;
      8) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сай келмеуі;
      9) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялануға жататын қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
      10) сот орындаушысының ұсынымы негізінде борышкер көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруге соттың уақытша тыйым салуы;
      11) сақтандырудың алынатын қосымша сыныбын ескергенде пруденциялық нормативтердің сақталмау болжамы;
      12) өтініш беру күніне дейінгі соңғы үш ай ішінде және оны қарау кезеңінде пруденциялық нормативтердің сақталмауы;
      13) өтініш беру күнінде сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түрінде қолданыстағы санкцияның болуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Қайта сақтандыру жөніндегі
қызметке лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына  
қосымша         

Нысан

____________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атау)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының толық атауы және БСН-і)

                             Өтініш
___________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(сақтандырудың саласын, нысанын, сыныптарын, қызмет түрін көрсету
қажет)
жүзеге асыру құқығына лицензия беруіңізді сұраймын.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы туралы мәліметтер:
      1. Атауы, орналасқан жері _____________________________________
_____________________________________________________________________
        (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйінің нөмірі)
_____________________________________________________________________
                           (телефон, факс)
      2. Әділет органдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын
мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы деректер ___________________
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе
анықтаманың күні және нөмірі)
      3. Сақтандыру ұйымының банктік шоты ашылған банктің атауы және
орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі_________________________
      4. Бірінші рет алған лицензия туралы деректер:
      сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін, қайта сақтандыру
жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына ____________________________
_____________________________________________________________________
      (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)
Сақтандыру ұйымы және олардың құрылтайшылары (акционерлері) өтінішке
қоса берілген құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігіне толық жауап
береді
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      5. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, даналар саны және әрқайсысы
бойынша парақтар саны: ______________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
кезде), лауазымы ____________________________________________________

      «Қайта сақтандыру жөніндегі қызметке лицензия беру» мемлекеттік
қызметін көрсету үшін қажетті дербес деректерімді жинауға және
өңдеуге келісім беремін.
      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.

_________________
      (қолы)
____ жылғы «____» ______________

                                                            Мөр орны
                                                    (ол болған кезде)

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына   
35-қосымша      

«Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына
лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде:
      лицензия берген кезде – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
      лицензияны қайта ресімдеген кезде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      көрсетілетін қызметті алушының бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырылуы жағдайында лицензияны қайта ресімдеген кезде – 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей;
      лицензияның телнұсқаларын берген кезде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, телнұсқаларын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда лицензия электрондық форматта ресімделеді және қағазға басылады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді:
      1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 30 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен артық емес;
      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 пайызын құрайды.
      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады
      Лицензияны алуға немесе қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын алуға портал арқылы электрондық сұрау салған жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
      Өтініштерді қарау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру кестесі – 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен 9.00-ден 17.30-ға дейін;
      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті  алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      лицензия алу үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша лицензия алуға өтініш;
      2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын бермеген жағдайда, нотариат куәландырған көшірмесі);
      4) жарғылық капиталдың толық төленгенін растайтын құжаттар;
      5) «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 34-бабының талаптарына сәйкес сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлерін келісуге арналған құжаттар;
      6) сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын жасау бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыру тәртібін көздейтін жұмыстың ішкі регламенті.
      Сақтандыру брокері жұмысының ішкі регламентіне мыналар:
      сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын жасау жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыру бойынша жауапты тұлғалардың тізбесі;
      сақтандыруға (қайта сақтандыруға) сұрау салу түскен;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) талаптарын алған;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты жасалған;
      қолданыстағы сақтандырумен қамтуға толықтырулар мен өзгерістер енгізілген;
      сақтандырудың келесі кезеңіне сақтандырумен қамту жаңартылған;
      сақтандыру жағдайларына қызмет көрсеткен кезде сақтандыру брокері қызметкерлерінің іс-қимылдарын ашып көрсететін сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын жасау жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыру рәсімдері кіреді;
      7) құжаттаманы жүргізу тәртібі және клиенттерге қызмет көрсету талаптары.
      Құжаттаманы жүргізу тәртібіне және сақтандыру брокерінің клиенттерге қызмет көрсету талаптарына:
      сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасаған, сақтандыру төлемін жүзеге асырған, сақтандыру жағдайы басталған кезде шағымдарды, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға байланысты басқа да құжаттарды қарау кезінде құжаттарды қалыптастыру тізбесі мен жүйелілігі;
      клиенттің барлық қаржылық және жеке ақпаратының құпиялылығы режиміне қойылатын негізгі талаптар;
      мыналарды қамтитын қатаң есептегі құжаттарды сақтау жүйесін қамтамасыз ету:
      қатаң есептегі бланктерді есепке алу жүйесінің болуы;
      қатаң есептегі құжаттардың сақталу жүйесін ұйымдастыруға жауапты адам;
      сақтау орны (жеке үй-жайлар, шкафтар, сейфтер, оларға кіру тәртібі);
      клиентті мыналармен қамтамасыз ету тәртібі мен толықтығы:
      сақтандыру брокері, оның мәртебесі туралы ақпаратпен;
      қызметі ұсынылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары туралы ақпаратпен;
      төлемдердің көлемі және тәуекелдер;
      қызмет көрсетуді жеткізушінің және клиенттің міндеттемелері;
      8) мемлекеттік тіркеу туралы құжат, тиісті мемлекеттің уәкілетті органының (қаржы ұйымдары үшін - қадағалау органдарының) құрылтайшы - Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының резиденті - сақтандыру брокерінің жарғылық капиталында қатысуына рұқсат етілгені жөніндегі жазбаша хабарламасы не тиісті мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы мәлімдемесі;
      9) тиісті мемлекеттің уәкілетті органының құрылтайшы - Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғада экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтары бойынша соттылығының, заңнамада белгіленген тәртіппен лицензиясынан айырылған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, сақтандыру брокерін мәжбүрлеп тарату, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған сәттен бастап бір жылдан аспайтын кезеңде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің не өзге қаржы ұйымының басшы қызметкері ретіндегі қызметінің жоқ екенін куәландыратын құжат. Көрсетілген талап лицензиядан айырылғаннан кейін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, сақтандыру брокерін мәжбүрлеп тарату, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған күннен кейін бес жыл бойы қолданылады.
      Лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанында ресімделсе):
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі.
      Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі
      3) ішіндегі ақпарат мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмесі.
      Порталда:
      лицензия алу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгені туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар, олар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.
      лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанында ресімделсе):
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).
      Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензия қайта ресімделген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
      3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмесі (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде).
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
      10. Мыналар:
      1) егер көрсетілетін қызметті алушы оны мемлекеттік тіркеген күннен бастап алты ай ішінде көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензия алу үшін өтініш жасамаған болса;
      2) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген талаптардың орындалмауы;
      4) қоғам органдары сайлаған адамдардың қатарынан басшы қызметкерді келіспеу (жаңадан құрылатын сақтандыру брокері үшін);
      5) заңды тұлғалардың осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қызметтің түрімен айналысуға тыйым салынуы;
      6) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі;
      7) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сай келмеуі;
      8) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялануға жататын қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
      9) сот орындаушысының ұсынымы негізінде борышкер көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруге соттың уақытша тыйым салуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Сақтандыру брокерінің қызметін
жүзеге асыру құқығына лицензия
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына   
қосымша           

Нысан

____________________________________________________________________
      (уәкілетті органның толық атауы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(сақтандыру брокерінің толық атауы)

                           Өтініш

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(сақтандырудың саласын, нысанын, сыныптарын, қызмет түрін көрсету
қажет)
жүзеге асыру құқығына лицензия беруіңізді сұраймын.

Сақтандыру брокері туралы мәліметтер:
      1. Атауы, орналасқан жері _____________________________________
_____________________________________________________________________
        (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйінің нөмірі)
_____________________________________________________________________
                              (телефон, факс)
      2. Әділет органдарында сақтандыру брокерін мемлекеттік тіркеу
(қайта тіркеу) туралы деректер_______________________________________
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) жөніндегі куәліктің немесе
анықтаманың күні және нөмірі
      3. Сақтандыру брокерінің банктік шоты ашылған банктің атауы
және орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі ___________________
_____________________________________________________________________
      4. Бірінші рет алған лицензия туралы деректер: ________________
_____________________________________________________________________
      нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)
Сақтандыру брокері мен оның құрылтайшылары (акционерлері) өтінішке
қоса берілген құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігіне толық жауап
береді
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      5. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, даналар саны және әрқайсысы
бойынша парақтар саны: ______________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
кезде), лауазымы ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
      «Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия
беру» мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті дербес деректерімді
жинауға және өңдеуге келісім беремін.
      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.

_________________
    (қолы)

____ жылғы «____» ______________

                                                          Мөр орны
                                                    (ол болған кезде)

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына   
36-қосымша    

«Бағалы қағаздар нарығында Қазақстан Республикасының
заңнамасында көзделген қызметті жүзеге асыруға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Бағалы қағаздар нарығында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі(бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде:
      лицензия берген кезде – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
      лицензияны қайта ресімдеген кезде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      көрсетілетін қызметті алушыны бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырған жағдайда лицензияны қайта ресімдеген кезде – 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей;
      лицензияның телнұсқаларын берген кезде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      Көрсетілетін қызметті беруші Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушылары ретінде тіркелген заңды тұлғалардың лицензия алуға ұсынған құжаттарын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттарды ұсынған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарайды.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, телнұсқаларын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда, лицензия электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады, көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі және көрсетілетін қызметті алушының атқарушы органының бірінші басшысына не тиісті түрде ресімделген сенімхат негізінде оның өкіліне беріледі.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді:
      1) мыналармен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым:
      брокерлік қызметпен – 30 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);
      дилерлік қызметпен – 30 АЕК;
      инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметпен – 30 АЕК;
      кастодиандық қызметпен 30 – АЕК;
      трансфер-агенттік қызметпен – 10 АЕК;
      бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастыру жөніндегі қызметпен – 10 АЕК;
      қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметімен 40 АЕК болады;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен көп емес;
      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 пайызын құрайды.
      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      Лицензияны алуға немесе қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын портал арқылы алуға электрондық сұрау салған жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      лицензия алу үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша лицензия алуға өтініш;
      2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың түпнұсқасы;
      3) жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда, нотариатта куәландырылған көшірмесі);
      4) көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталының ең аз мөлшерінің төленгенін растайтын құжаттар;
      5) бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға қатысатын филиалдардың (олар болған жағдайда) тізімі және осындай филиалдар туралы ережелердің нотариатта куәландырылған көшірмелері;
      6) құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы күнгі жағдай бойынша осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2 және 3-қосымшаларына сәйкес акционерлер (қатысушылар) туралы мәліметтер;
      7) Қазақстан Республикасының резиденті емес көрсетілетін қызметті алушының қатысушысы (акционері) шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын және резидент емес заңды тұлғаны тіркеген орган, тіркеу нөмірі, тіркеу күні мен орны туралы ақпарат қамтылған, мемлекеттік тілде және орыс тілінде нотариатта куәландырылған аудармасы бар сауда тізілімінен заңды үзінді көшірме немесе басқа да заңды құжат;
      8) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7561 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 95 қаулысымен бекітілген Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларына және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес басшы қызметкерлерді келісу үшін ұсынылатын құжаттар;
      9) қызметкерлердің тегін, атын және болған кезде әкесінің атын, олардың атқаратын лауазымдарын көрсете отырып, штаттық кестенің көшірмесі;
      10) бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру функциясы жүктелетін құрылымдық бөлімшелер туралы ереже;
      11) ішкі аудит қызметінің тексерулерді жүргізуінің тәртібін, кезеңділігін және есепті жасауының мерзімін айқындайтын көрсетілетін қызметті алушының ішкі аудит қызметі туралы ереже. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған көрсетілетін қызметті алушы бар болған жағдайда ішкі аудит қызметі туралы ережені ұсынады;
      12) құрамы туралы мәліметтерді қоса алғанда, инвестициялық комитет туралы ереже.
      Осы талап трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін құжаттарды ұсынған көрсетілетін қызметті алушыларға қолданылмайды.
      13) көрсетілетін қызметті алушыда бағалы қағаздар нарығында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдардың және өзге де жабдықтардың болуын растайтын мынадай құжаттардың:
      жабдықты жеткізу шартының;
      жабдықты қабылдау-өткізу актісінің;
      лицензиялардың санын көрсете отырып, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және (немесе) жеткізу шартының;
      бағдарламалық қамтамасыз етуді қабылдау-өткізу актісінің;
      қорғау мен қауіпсіздікті ұйымдастыру бойынша құжаттардың (ақпаратты резервтеу тәртібінің сипаты, деректерге қолжетімділікті бөлу тетіктерінің сипаты, қалпына келтіру жоспары, ішкі бақылау тетіктері) көшірмелері қажетті.
      Көрсетілетін қызметті алушы бағдарламалық өнімді дербес әзірлеген не басқа адам көрсетілетін қызметті алушыға бағдарламалық өнімді ақысыз берген жағдайда, осы тармақшаның екінші, үшінші, төртінші, бесінші абзацтарында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.
      Ұсынылған құжаттарда мынадай ақпарат: пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етудің атауы (серверлік операциялық жүйелер, дерекқорларды басқару жүйелері), нұсқалар, лицензияның болуы туралы мәліметтер де көрсетіледі.
      Құжаттардың көшірмелері көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының қолымен және көрсетілетін қызметті алушының мөр бедерімен куәландырылады;
      14) өтініш берудің алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы көрсетілетін қызметті алушының бухгалтерлік балансы;
      15) ағымдағы жылы құрылған акционерлік қоғамдарды қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушының атқарушы органының бірінші басшысы және оның бас бухгалтері қол қойған, аудиторлық есеппен расталған көрсетілетін қызметті алушының соңғы аяқталған жылғы қаржылық есептілігі;
      16) директорлар кеңесі бекіткен жақын арадағы үш жылға арналған бизнес-жоспары (заңды тұлғаның атқарушы органы акционерлік қоғамнан басқа өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған трансфер-агенттің бизнес-жоспарын бекітеді).
      Бизнес-жоспарда мынадай мәселелер:
      лицензияны алу мақсаттары;
      қызметінің негізгі бағыттарының сипаттамасы және өтініш берушінің қызметі бағытталған нарық сегментіне шолу;
      қызмет шегінде болжамды қызмет көрсетулер, оларды бағалау тәртібі туралы ақпарат, сондай-ақ оларды сату талаптары мен көлемі бойынша жоспарлар;
      қызметіне байланысты негізгі тәуекелдер, оларды бағалау және меншікті капиталы есебінен өтеу тәсілдері, меншікті капиталының жеткіліктілігі мәні, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау рәсімдері туралы ақпарат;
      қаржы жоспары, оның ішінде алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы кірістер мен шығыстар болжамы, көрсетілген кезең ішіндегі шығындылықтың жол берілетін коэффициенттері;
      инвестициялық саясат, компания қызметін қаржыландыру көздері;
      көрсетілетін қызметті алушының ұйымдық құрылымы, корпоративтік басқару рәсімдерін іске асыру тәсілдерінің сипаттамасы, сондай-ақ мамандардың білім деңгейіне қойылатын талаптар көрсетілуі тиіс;
      17) сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметтерін пайдаланатын субъектілермен сауда-саттықты ұйымдастырушының өзара қарым-қатынасын айқындайтын бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асырудың ішкі қағидалары (бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін үміткер көрсетілген қызметті алушылар үшін);
      18) клирингтік ұйымның қызметтерін пайдаланатын субъектілермен клирингтік ұйымның өзара қарым-қатынасын айқындайтын қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асырудың ішкі қағидалары (қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін үміткер көрсетілген қызметті алушылар үшін);
      19) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5991 тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қор биржасында тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листингтік комиссиясының құрамына қойылатын талаптар туралы және Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту жөніндегі 2008 жылғы 28 қарашадағы № 195 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 30 қарашадағы № 244 қаулысының, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7554 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Клиринг ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымдарындағы мониторинг, бақылау және тәуекелдерді басқару шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 59 қаулысының, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8796 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 27 тамыздағы № 214 қаулысының, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8816 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 27 тамыздағы № 240 қаулысының талаптарына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмысын айқындайтын ішкі ережелер;
      20) көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлері арасында міндеттерді бөлуді айқындайтын құжаттар.
      Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар бағалы қағаздар нарығында қызметтің қосымша түрін жүзеге асыруға лицензия алу үшін осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 10), 12) және 16) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген сауда-саттықты ұйымдастырушы қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 17), және 18) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп, тігіліп және парақтар саны көрсетіліп, тігістің түйініне желімденген жапсырманың үстінде ішінара соңғы парақтың артында көрсетілетін қызметті алушының мөрімен (ол болған кезде) расталып ұсынылады. Құжаттардың көшірмелері мұндай құжаттарға қол қою құқығы бар көрсетілетін қызметті алушының лауазымды тұлғаларының қолдарымен және көрсетілетін қызметті алушының мөр бедерімен (ол болған кезде) расталады;
      Осы тармақта көрсетілген құжаттардан басқа Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушылары ретінде тіркелген заңды тұлғалар көрсетілетін қызметті берушіге өздерінің Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушылары ретінде мемлекеттік тіркелуі жөніндегі растау құжаттарын ұсынады.
      Көрсетілетін қызметті берушіге бағалы қағаздар нарығында қызметтің қосымша түрін жүзеге асыруға лицензия мынадай талаптармен беріледі:
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін белгілеген пруденциялық нормативтерді лицензия беру туралы өтініш берген күннің алдындағы қатарынан үш ай ішінде орындау;
      2) қолданыстағы санкциялардың, сондай-ақ лицензия беруге өтініш берілген күннің алдындағы қатарынан үш ай ішінде қолданылған санкциялардың болмауы;
      Лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұдан бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса):
      1) еркін нысандағы өтініш;
      2) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі беріледі.
      Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) еркін нысандағы өтініш;
      2) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылатын құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылатын құжаттардың көшірмелері беріледі.
      Порталда:
      лицензия алу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымды төлегені туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
      3) электрондық сұрау салуға қоса берілетін құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 4), 5), 7), 8), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17) 18), 19) және 20) тармақшаларында көрсетілген құжаттар беріледі.
      Лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұдан бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса):
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым төленгенi туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде) беріледі.
      Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым төленгенi туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
      3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылатын құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылатын құжаттардың көшірмелері (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) беріледі.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      10. Мыналар:
      1) заңды тұлғалардың осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарында қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы;
      2) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі;
      3) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сай келмеуі;
      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
      5) сот орындаушысының ұсынысы негізінде соттың көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.
      Лицензияларды қайта ресімдеу немесе лицензияның телнұсқаларын беру кезінде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымға ақы төлемеу лицензияны қайта ресімдеуден немесе лицензияның телнұсқасын беруден бас тартуға негіз болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті беруші лицензия алу үшін ұсынылған құжаттарды қарау барысында осы құжаттарда көрсетілетін қызметті алушы, оның құрылтайшылары немесе олардың қызметі туралы дәйексіз мәліметтердің болуы анықталса, көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылған мәліметтердің дәйектілігін тексеру қажет болса, оларды қарау мерзімін тоқтата тұрады. Көрсетілетін қызметті алушы ескертулерді жойғаннан және құжаттарды ұсынғаннан кейін оларды қарау мерзімі жаңартылады. Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды бұдан кейін қарау мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресмиинтернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Бағалы қағаздар нарығында 
Қазақстан Республикасының   
заңнамасында көзделген    
қызметті жүзеге асыруға лицензия
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына     
1-қосымша          

Нысан

____________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

Өтініш

_____________________________________________________________________
          (бағалы қағаздар нарығындағы қызмет түрлерін көрсету)
жүзеге асыру құқығына лицензия беруді сұраймын.
      Тұтынушы туралы мәліметтер:
      1. Атауы, орналасқан жері _____________________________________
_____________________________________________________________________
         (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің нөмірі)
_____________________________________________________________________
                            (телефон, факс)
      2. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы
анықтаманың немесе куәліктің күні мен нөмірі, БСН: __________________
_____________________________________________________________________
      3. Көрсетілетін қызметті алушының банк шоты ашылған банктің
атауы және орналасқан жері, банктің сәйкестендіру коды ______________
____________________________________________________________________
      4. Жіберілетін құжаттар тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша
даналар мен парақтар саны: __________________________________________
_____________________________________________________________________
көрсетілетін қызметті алушы және олардың құрылтайшылары (акционерлер)
өтінішке қоса берілетін құжаттардың (ақпараттың) дұрыстығына толық
жауапты болады.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
кезде)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      «Бағалы қағаздар нарығында Қазақстан Республикасының
заңнамасында көзделген қызметті жүзеге асыруға лицензия беру»
мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерімді жинау
      мен өңдеуге келісім беремін.
      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.

      (күні және қолы)

Мөр орны
(ол болған кезде)

«Бағалы қағаздар нарығында
Қазақстан Республикасының
заңнамасында көзделген қызметті
жүзеге асыруға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына      
2-қосымша        

Нысан

Акционер (қатысушы) туралы мәліметтер
(заңды тұлға үшін)
___________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

      1. Көрсетілетін қызметті алушының акционері (қатысушысы): _____
_____________________________________________________________________
                           (толық атауы)
_____________________________________________________________________
Орналасқан орны:_____________________________________________________
_____________________________________________________________________
                      (пошта индексі, мекенжайы)
Байланыс деректемелері:______________________________________________
_____________________________________________________________________
(телефон және факс нөмірі, бар болса электрондық поштаның мекенжайы)
Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер:_________________
_____________________________________________________________________
      (құжаттың атауы, берілген күні мен нөмірі, кім берген)
Қазақстан Республикасының резиденті/резиденті емес:__________________
_____________________________________________________________________
Қызметтің негізгі түрі:______________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      2. Акционерге тиесілі көрсетілетін қызметті алушының дауыс
беруші акциялар санының көрсетілетін қызметті алушының дауыс беруші
акцияларының жалпы санына пайыздық арақатынасы немесе көрсетілетін
қызметті алушының жарғылық капиталына қатысу
үлесі:_______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      3. Көрсетілетін қызметті алушы акцияларының төлеміне
(көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталына қатысу үлесіне)
ақша енгізу алдында көрсетілетін қызметті алушы акционерінің
(қатысушысының) меншікті қаражат мөлшері және көрсетілетін қызметті
алушының акцияларының төлеміне (көрсетілетін қызметті алушының
жарғылық капиталында қатысу үлесіне) енгізілген сома ________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      4. Акционердің (қатысушының) жарғылық капиталына төлемді
растайтын құжаттардың деректемелері (төлем тапсырмаларының, кассалық
кіріс ордерлерінің нөмірі мен күні): ________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      5. Көрсетілетін қызметті алушы акционерінің (қатысушысының)
өзге заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне қатысушы,
акционер ретінде қатысуы туралы мәліметтер тізбесі Нормативтік
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 тіркелген,
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Болу қажеттілігі
қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз
рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін
белгілеу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысында
белгіленген рейтингтік агенттіктердің бірі берген ВВ+тен төмен емес
шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар резидент
емес заңды тұлғаның акционері болып табылатын жағдайларда көрсетілген
мәліметтер ұсынылмайды):

Толық атауы/тегі, аты (әкесінің аты (ол болған кезде)

Орналасқан орны/тұрғылықты жері (Қазақстан Республикасының резиденті/резиденті емесі)

Дауыс беруші акциялардың пайызы не жарғылық капиталдағы қатысу үлесі

Қызметтің негізгі түрі

      6. Көрсетілетін қызметті алушы акционерінің дауыс беруші
акцияларының он және одан асатын пайызына не көрсетілетін қызметті
алушы (қатысушысының) жарғылық капиталынан он және одан асатын
пайызын құрайтын жарғылық капиталында қатысу үлесіне иелік ететін
көрсетілетін қызметті алушы акционерінің (қатысушысының)
қатысушылары, акционерлері туралы мәліметтер:

Толық атауы/тегі, аты (әкесінің аты (ол болған кезде)

Орналасқан орны/тұрғылықты жері (Қазақстан Республикасының резиденті/резиденті емесі)

Дауыс беруші акциялардың пайызы не жарғылық капиталдағы қатысу үлесі

Негізгі қызмет түрі

      7. Ұйымдардың толық атауын, орналасқан орнын көрсете отырып,
көрсетілетін қызметті алушының акционері (қатысушысы) қатысатын
өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер,
қауымдастықтар, консорциумдар туралы мәліметтер: ____________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      8. Осы сауалнаманың 3-5-тармақтарына сәйкес көрсетілмеген,
бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сондай болып
табылатын акционердің (қатысушының), көрсетілетін қызметті алушының
басқа үлестес тұлғалары туралы мәліметтер ___________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      9. Көрсетілетін қызметті алушы акционерінің (қатысушысының)
басшысы туралы мәліметтер: __________________________________________
_____________________________________________________________________
                (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

20 __ жылғы «___» ________________

Көрсетілетін қызметті алушының акционері
(қатысушысы) басшысының қолы __________________________________

      Мөр орны
      (ол болған кезде)

«Бағалы қағаздар нарығында
Қазақстан Республикасының
заңнамасында көзделген қызметті
жүзеге асыруға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына       
3-қосымша         

Нысан

Акционер (қатысушы) туралы мәліметтер
(жеке тұлға үшін)
________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

      1. Көрсетілетін қызметті алушының акционері (қатысушысы):
_____________________________________________________________________
              (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
_____________________________________________________________________
      Туылған күні мен жылы _________________________________________
      Азаматтығы ____________________________________________________
      Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері ___________________
_____________________________________________________________________
     (құжаттың атауы, нөмірі, сериясы және берілген күні, кім берді)
Тұрғылықты жері _____________________________________________________
_____________________________________________________________________
                        (пошта индексі, мекенжайы)
      Байланыс деректемелері: _______________________________________
_____________________________________________________________________
      (телефон нөмірі, электрондық поштаның мекенжайы)
      Жұмыс орны (мекенжайы, лауазымы көрсетіледі) __________________
_____________________________________________________________________
      2. Акционерге тиесілі көрсетілетін қызметті алушының дауыс
беруші акциялар санының көрсетілетін қызметті алушының дауыс беруші
акцияларының жалпы санына пайыздық арақатынасы немесе көрсетілетін
қызметті алушының жарғылық капиталына қатысу үлесі:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      3. Көрсетілетін қызметті алушы акцияларының төлеміне
(көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталына қатысу үлесіне)
ақша енгізу алдында көрсетілетін қызметті алушы акционерінің
(қатысушысының) меншікті қаражат мөлшері және көрсетілетін қызметті
алушының акцияларының төлеміне көрсетілетін қызметті алушының
жарғылық капиталына қатысу үлесіне) енгізілген сома.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      4. Жарғылық капиталға төлемді растайтын құжаттардың
деректемелері (төлем тапсырмаларының, кассалық кіріс ордерлерінің
нөмірі мен күні):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      5. Көрсетілетін қызметті алушы акционерінің (қатысушысының)
өзге заңды тұлғаларды құруға және қызметіне қатысушы, акционер
ретінде қатысуы туралы мәліметтер:

Толық атауы/тегі, аты (әкесінің аты (ол болған кезде)

Орналасқан орны/тұрғылықты жері (Қазақстан Республикасының резиденті/резидент емесі)

Дауыс беруші акциялардың пайызы не жарғылық капиталдағы қатысу үлесі

Қызметтің негізгі түрі

      6. Осы сауалнаманың 3-тармағында көрсетілмеген, бірақ Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес осылай болып табылатын
көрсетілетін қызметті алушы акционерінің (қатысушысының) басқа
үлестес тұлғалары туралы мәліметтер
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

20 __ жылғы «___» ________________

Көрсетілетін қызметті алушы
акционерінің (қатысушысының) қолы____________________________________

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына   
37-қосымша      

«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – көрсетілетін қызметті беруші сұрау салған соңғы құжатты көрсетілетін қызметті алушы ұсынған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының тиісті қаулысының көшірмесін қоса бере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру туралы хат жіберу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда нәтиже электрондық нысанда ресімделеді және қағазға басылады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру туралы өтініш;
      2) нотариат куәландырған және заңнамада белгiленген тәртiппен ресiмделген құрылтай құжаттарының (жарғы, құрылтай шарты) төрт данасы;
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарының барлық даналарының титулдық бетінің жоғарғы оң жақ бұрышында мынадай тұжырым болады: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілді. Төраға (Төрағаның орынбасары) ______________».
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру туралы шешiм қабылданғанын дәлелдейтiн құжаттар;
      4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрылтайшылар - заңды тұлғалар туралы мәліметтер (ондай құрылтайшылар болған жағдайда) заңды тұлға ретінде олардың мемлекеттік тіркеуден өткені туралы анықтама, нотариат куәландырған құрылтай құжаттарының көшірмесі, аяқталған соңғы екі қаржы жылының аудиторлық ұйым растаған қаржылық есептілігі, құжаттарды ұсынар алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы бухгалтерлік баланс және пайдалар мен шығындар туралы есеп қамтылады;
      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру үшін пайдаланылған ақша көздері мен сомаларының сипаттамасын, сондай-ақ белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығының жоқтығы туралы анықтаманы қоса алғанда, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрылтайшы жеке тұлғалар (мұндай құрылтайшылар болған кезде) туралы мәліметтер;
      6) құрылтайшылар құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берген тұлға бекіткен, актуарий растаған және «жалпы сақтандыру» саласында құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін жақын арадағы үш жылға және «өмірді сақтандыру» саласында құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін бес жылға арналып әзірленген бизнес-жоспарды ұсынуға тиісті. Бизнес-жоспарда мынадай мәселелер: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарына сәйкес келетін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құрудың мақсаттары, негізгі қызмет бағыттарының қысқаша сипаттамасы және құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бағдарланатын нарық сегменті, құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы туралы және нарықтағы үлесі туралы ақпарат, өнімдер мен көрсетілетін қызмет түрлері, оларды сату тәсілдері, маркетингтік зерттеулер, сақтандыру андеррайтингі, баға стратегиясы, оның ішінде сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібі және олардың экономикалық негіздемесі, өнімдерді жылжыту стратегиясы, сақтандыру өнімдерін бөлу, қаржы жоспары, соның ішінде шығындылық коэффициенттерінің болжамы, құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүргізуге ниет етіп отырған инвестициялық саясат пен қайта сақтандыру саясаты, құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдық құрылымы, директорлар кеңесі, мамандардың болжамды білім деңгейі, көрсетілетін қызметті берушінің тиісті талаптарына сәйкес келетін тәуекелдерді басқару ұйымы көрсетілуге тиіс.
      Бизнес-жоспарға қойылатын негізгі талаптар осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасында көрсетілген;
      7) көрсетілетін қызметті алушының құрылтайшылар атынан өтiнiш беру өкiлеттiгiн растайтын нотариат куәландырған құжат.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесіне сәйкес келетін мөлшерде сатып алуға ниеті бар тұлға осы тармақта көрсетілген құжаттардан басқа, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 26-бабында көзделген құжаттар мен мәліметтерді табыс етеді.
      Қазақстан Республикасының резидентi болып табылмайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы өз мемлекетiнiң тиiстi сақтандыруды қадағалау органының өзiне Қазақстан Республикасының резидентi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға рұқсат етiлгенiн растайтын құжатты не тиiстi мемлекеттiң заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етiлмейтiнi туралы мәлiмдеменi табыс етуге мiндеттi.
      Қазақстан Республикасының резидентi емес құрылтайшының шетелдiң мемлекеттiк органы берген құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен заңдастырылуға тиiс.
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 6), 7) (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде), 4) және 5) тармақшаларында (мәліметтердің электрондық нысаны түрінде) көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.
      Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, өтелмеген немесе алынбаған соттылығының жоқтығы туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      10. Мыналар:
      1) құжаттардың толық емес топтамасын табыс ету не табыс етiлген құжаттардың осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі;
      2) құрылтайшының акцияларға төлем жасау үшiн өз қаражатының жеткiлiксiз болуы;
      3) құрылатын ұйым мен оның құрылтайшыларына қатысты дәйексіз ақпараттың берiлуі;
      4) құрылтайшының аяқталған соңғы екі қаржы жылында шығынға ұшыраған қызметі;
      5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беруден бас тартуы;
      6) Заңның 26-бабында белгіленген шектеулерді сақтамауы;
      7) құрылтайшы жеке тұлғалардың, атқарушы органның не құрылтайшы заңды тұлғаның басқару органы бірінші басшысының алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресмиинтернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын құруға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына     
1-қосымша           

Нысан

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасына

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын
құруға рұқсат беру туралы өтініш

_____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
кезде) және ЖСН)
_____________________________________________________________________
(құрылтайшы атынан осы өтінішті беруге көрсетілетін қызметті алушының
өкілеттігін
_____________________________________________________________________
растайтын нотариат немесе өзге тәсілмен куәландырылған құжатқа
сілтеме)
_____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының жұмыс орны және лауазымы, тұрғылықты
жері,
_____________________________________________________________________
                            заңды мекенжайы)
құрылтай жиналысының ___________жылғы «___»________________№_________
шешіміне (хаттамасына) сәйкес _______________________________________
_____________________________________________________________________
(құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының толық атауы және
орналасқан орны)
құруға рұқсат беруді сұрайды.
      Құрылтайшылар өтінішке қоса берілген құжаттардың дұрыстығына,
сондай-ақ уәкілетті органға осы өтініштің қаралуына байланысты
сұралған ақпараттың дер кезінде ұсынылуына толық жауап береді.
      Қосымша (жіберілген құжаттар атауларының тізбесі, даналардың
саны және әрқайсысының парақтар саны көрсетілсін):___________________
      «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру»
мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерімді жинауға
және өңдеуге келісім беремін.
      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.
__________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының қолы, күні)

«Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын құруға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына    
2-қосымша         

Нысан

Құрылтайшы-заңды тұлға туралы
мәліметтер
____________________________________________________________________
(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)
20 __ жылғы «___» ___________

      1. Құрылтайшы__________________________________________________
                           (заңды тұлғаның атауы)
      2. Мекенжайы___________________________________________________
_____________________________________________________________________
             (почта индексі, қала, көше, байланыс телефоны)
      3. Мемлекеттік тіркеу__________________________________________
_____________________________________________________________________
                (құжаттың атауы, күні, нөмірі, кім берді)
      4. Қызмет түрі_________________________________________________
_____________________________________________________________________
                (қызметінің негізгі түрлерін көрсету)
      5. Қазақстан Республикасының резиденті, Қазақстан
Республикасының резиденті емес (керегінің асты сызылсын) ____________
_____________________________________________________________________
      6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы - заңды
тұлғаның басшысы_____________________________________________________
_____________________________________________________________________
        (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған күні)
      Білімі_________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                   (оқу орны, бітірген жылы, мамандығы)
      7. Соңғы күнтізбелік үш жылда құрылтайшы заңды тұлғада ірі
қаржылық проблемалар, оның ішінде банкротқа ұшырау, консервация,
сауықтыру болды ма:__________________________________________________
_____________________________________________________________________
                   (олардың туындау себептері)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
              (бұл проблемаларды шешу нәтижелері)
      8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы - заңды
тұлға ірі акционер болып табылатын немесе жарғылық капиталға қатысу
үлесінің он немесе одан да көп пайызына тура және (немесе) жанама ие
ұйымдарды көрсетіңіз:________________________________________________
_____________________________________________________________________
ұйымның атауы және орналасқан жері: _________________________________
_____________________________________________________________________
ұйымды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы деректер:____________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
ұйым қызметінің түрі:________________________________________________
осы заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысуы: _____________________
_____________________________________________________________________
      9. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
тізілімінде № 8318 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды
тұлғалар үшін ең аз рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік
агенттіктер тізбесін белгілеу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы №
385 қаулысымен тізбесі белгіленген рейтингілік агенттіктердің бірі
берген ұйым рейтингісі болған жағдайда, оны көрсетіңіз.
      10. Құрылтайшы - заңды тұлғаның атқарушы органының не басқару
органының бірінші басшысы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу,
бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы ұйымын
консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы
ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп
тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір
жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының директорлар кеңесінің бірінші
басшысы, басқармасының (атқарушы органының) бірінші басшысы және
(немесе) оның орынбасары, бас бухгалтері болды ма.

      ____________________________________
                     (қолы)
      ____________________________________
                     (күні)
      ____________________________________
             (мөр, ол болған кезде)

«Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын құруға рұқсат беру» 
мемлекеттік көрсетілетін   
қызмет стандартына      
3-қосымша           

Нысан

Фотосурет (3 х 4 сантиметр)

Құрылтайшы-жеке тұлға туралы
мәліметтер

____________________________________________________
(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)
20 __ жылғы «___» ___________

      1. Құрылтайшы__________________________________________________
_____________________________________________________________________
                (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
      2. Туған күні__________________________________________________
      3. Туған жері__________________________________________________
      4. Азаматтығы__________________________________________________
      5. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері_________________
_____________________________________________________________________
      6. Тұрғылықты жері_____________________________________________
_____________________________________________________________________
      7. Жұмыс орны, лауазымы________________________________________
      8. Телефон нөмірі (қаланың коды, жұмыстың және үйдің нөмірі)___
_____________________________________________________________________
      9. Білімі______________________________________________________
_____________________________________________________________________
                  (оқу орны, бітірген жылы, мамандығы)
      10. Еңбек қызметі туралы қысқаша түйіндеме ____________________
_____________________________________________________________________
              (жұмыс орны, лауазымы, жұмыс істеген кезеңі)
      11. Растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымын құруға қолданылатын ақша көздерінің және сомасының
сипаты ______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      12. Құрылтайшының жарғылық капиталда қатысуы немесе басқа заңды
тұлғалардың акцияларын иеленуі жөніндегі мәліметтер:
      заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері _____________________
_____________________________________________________________________
      қызмет түрлері (негізгі қызмет түрлері атап көрсетілсін) ______
_____________________________________________________________________
      жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе құрылтайшыға тиесілі
акциялар санының жеке әрбір заңды тұлға бойынша дауыс беретін
акциялардың жалпы санына ара қатынасы (пайызбен) ____________________
_____________________________________________________________________
      13. Құрылтайшы - жеке тұлға қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы ұйымын
консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы,
қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын
мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға
дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымы директорлар кеңесінің
бірінші басшысы, басқармасының бірінші басшысы немесе оның
орынбасары, бас бухгалтері болды ма.

                                               Қолы _________________
                                               күні _________________

Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын құруға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына   
4-қосымша        

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бизнес-жоспарына қойылатын
негізгі талаптар

1. Жалпы мәселелер

      Осы тараудың мақсаты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының болашақ қызметіне қысқаша шолу жасау болып табылады.
      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру мақсаты.
      2. Қызметтің негізгі бағыттарын қысқаша сипаттау: саласы, сыныптары, түрлері.

2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы
туралы ақпарат

      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналасқан жері.
      4. Филиалдарды және (немесе) өкілдерді құру.
      5. Жалданатын немесе тартылатын заңгерлер, бухгалтерлер, актуарийлер (ішкі, тәуелсіз), аудиторлық ұйымдар туралы ақпаратты, басқа ұйымдардың мамандарымен іскерлік байланыстарды.
      6. Ішкі аудит қызметінің қағидаттары.
      7. Қатаң есептегі құжаттардың сақталу жүйесін қамтамасыз ету.
      8. Өндірістік қорлар: бөлменің (жеке не жалға алынған), компьютерлік және басқа да техниканың, бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы.

3. Маркетингтік зерттеулер және нарық сегменті

      9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін жүзеге асыру болжанатын саланы дамыту болжамдары.
      10. Құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын дамытуға бәсекелестіктің ықпалы: негізгі бәсекелестер, өнімдерді, баға стратегиясын, жарнама әдістерін салыстыру, Қазақстан Республикасының барлық аумағына немесе жеке аймақтарға, заңды және жеке тұлғаларға нарық сегментінің бағдары.
      11. Нарықтағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру сыныбы бөлігінде болжанатын үлесі.
      12. Мақсатты нарықтың демографиялық көрсеткіштері: сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін тұтынушылардың жасы, жынысы, әлеуметтік-экономикалық ахуалы, кіріс деңгейі, сондай-ақ өмір сүру үрдісі (салты).

4. Сақтандыру өнімдерінің түрлері, қызметтері
және оларды бөлу

      13. Сақтандыру түрлерінің (сақтандыру өнімдерінің) тізбесі.
      14. Сақтандыру өнімдерінің мазмұны.
      15. Сақтандыру өнімдерін сату кезінде көрсетілетін қосымша қызметтер.
      16. Сақтандыру өнімдерін негізгі сатып алушылар.
      17. Аймақтар бойынша сақтандыру өнімдерін бөлу.

5. Сақтандыру андеррайтингі

      18. Сақтандыру сыныптарына байланысты сақтандыру андеррайтингі үшін тәуекел деңгейін сипаттайтын қолданылатын критерилері (қауіпсіздік дерек көздері бойынша және қауіпсіздік дәрежесі бойынша тәуекелдерді топтастыру, сақтандыруды өтеудің мерзімін, шарттарын және мөлшерін айқындау, сақтанушы, сақтандыру объектісі және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қарауына басқа да критерийлері туралы деректерді талдау).
      19. Сақтандыру тарифін айқындаған кезде сақтандыру андеррайтингіне ықпал ететін белгіленген, сол сияқты ауыспалы шығыстарын көрсете отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шығыстарының шекті шамалары.
      20. Сақтандыру андеррайтингіне жауап беретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басты тұлғалары туралы ақпарат.

6. Баға стратегиясы

      21. Статистикалық деректердің немесе оларды сақтандыру нарығының басқа қатысушыларынан алу жөніндегі уағдаластықтың болуы туралы ақпарат.
      22. Сақтандыру тарифтерін есептеу және оларды сақтандыру тарифтері мөлшерінің жоспарланатын диапазонын, статистикалық деректердің көздерін, пайдаланылатын әдістеменің қысқаша сипатын қамтитын сақтандыру сыныптары бойынша экономикалық негіздеу тәртібі.
      23. Бағаны нарық қажеттілігіне сәйкес болуын негіздеу.
      24. Баға стратегиясына және статистикалық ақпаратты жинауға жауап беретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басты тұлғалары туралы ақпарат.

7. Сақтандыру өнімдерін жылжыту стратегиясы және
сату тәсілдері

      25. Сақтандыру өнімдерін сату жүйесін ұйымдастыру және өткізуді ынталандыру (жарнама, почта, тікелей сату, интернет, сатуды жылжыту және басқа да әдістер).
      26. Сақтандыру өнімдерін іске асыру тәсілдері: тікелей сату, сақтандыру агенттері арқылы сату, интернет-сату және басқа тәсілдер.
      27. Жарнамаға шығатын шығын болжамы.

8. Қаржылық жоспар

      28. Болжанған бухгалтерлік баланс және оған қосымшалар.
      29. Сақтандыру сыныптары бөлігінде болжанған кірістер мен шығыстар.
      30. Болжанған әкімшілік шығыстар.
      31. Ақша ағымы туралы болжанған есеп.
      32. Қажет болған жағдайда қосымша қаржыландыру көздері.
      33. Қайта сақтандырушының үлесі ескерілген, сол сияқты сақтандыру сыныптары бөлігінде қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген шығындылық коэффиценттерінің болжамы.
      34. Мынадай:
      екінші деңгейдегі банктердегі салымдардың және мемлекеттік емес бағалы қағаздардың құны жиырма бес және елу пайызға азайған;
      сақтандыру резервтері жиырма бес және елу пайызға ұлғайған;
      сақтандыру төлемдері елу және жетпіс пайызға ұлғайған;
      акционерлерге тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатқан жағдайларда төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын сипаттау.
      35. Акционерлерге дивидендтерді төлеу.

9. Инвестициялық саясат

      36. Инвестициялау мақсаты.
      37. Инвестициялардың түрлері бойынша әртараптандыруды және активтердің сапасын бағалауды қоса алғанда, инвестициялық портфельді және оның кірістілігін қалыптастыру.
      38. Активтер түріне, сондай-ақ тыс қаражатты тартуға байланысты инвестициялық шектеулер.
      39. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының инвестициялық саясатқа жауапты басты тұлғалары.

10. Қайта сақтандыру саясаты

      40. Тәуекелдерді қайта сақтандыруға берген кезде:
      1) сақтандыру сыныптары бойынша негізгі нысандар және қайта сақтандыру әдістері, олардың өзара арақатынасы;
      2) қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау критерийлері:
      рейтинг, капиталдың мөлшері және активтер деңгейі, қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруға тиісті қадағалау органы берген лицензияның болуы;
      қайта сақтандыру ұйымының тұрақтылығы: компанияның нарықтағы уақыты мен жұмыс тәжірибесі, мекенжайы, сақтандыру тәуекелдердің болуы;
      қайта сақтандыру ұйымының іскерлік әлеуеті: қызмет түрі бойынша талдау жүргізу, ірі төлемдер бойынша талдау жүргізу, клиенттермен өзара қатынас, баспасөзде жағымсыз немесе жағымды жарияланымдардың болуы;
      3) қайта сақтандыру ұйымының қызметіне бақылау, қайта сақтандыру талаптарын сақтауды қамтамасыз ету жүйесі;
      4) ынтымақтастық болжанатын қайта сақтандыру ұйымының атауы, сондай-ақ шетелдік қайта сақтандырушылардың болжанған үлесі.
      41. Қайта сақтандыруға тәуекелдерді қабылдаған кезде:
      1) қайта сақтанушыларды бағалаудың негізгі критерийлері: сақтандыру қызметін жүзеге асыруға тиісті қадағалау органы лицензиясының болуы, қайта сақтанушыдан сақтандыруға тәуекелдерді алатын мамандардың кәсібилігі, ірі төлем бойынша талдау жүргізу, баспасөзде жағымсыз немесе оң жарияланымдардың болуы, қайта сақтанушыға экономикалық ықпал ету шараларының болуы, өткен жылдары қайта сақтанушымен жүргізген жағымсыз және оң жұмыс тәжірибесі;
      2) қайта сақтандыру бойынша ұйымның портфелін сипаттау (сақтандыру түрлері, әрбір түрдің үлес салмағы, сақтандыру сомаларының лимиттері, қайта сақтандыруға беру талаптары бойынша).

11. Ұйымдық құрылымы

      42. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылымы.
      43. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы және мүшелері, басқармасының бірінші басшысы және бас бухгалтері туралы ақпарат: біліктілігі, білімі, жұмыс тәжірибесі.
      44. Сақтандыру, қайта сақтандыру, андеррайтинг, ішкі аудит, актуарий бөлімшелерінің басты мамандарының, оның ішінде қаржы директорының, басшыларының функционалдық міндеттерін сипаттау.
      45. Мамандардың болжанған білім деңгейі.
      46. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қатысуды болжап отырған консультанттар және қауымдастықтар туралы ақпарат.
      47. Сақтанушылардың шағымдарымен жұмысты ұйымдастыру.
      48. Қызметкерлерді және сақтандыру агенттерін оқытуды ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына    
38-қосымша      

«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және (немесе) сақтандыру холдингін ерікті қайта ұйымдастыруға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және (немесе) сақтандыру холдингін ерікті қайта ұйымдастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – 2 (екі) ай ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының тиісті қаулысының көшірмесін қоса бере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат беру туралы хат жіберу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда нәтиже электрондық нысанда ресімделеді және қағазға басылады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат алуға қолдаухат;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) жоғары органының оны ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешімі;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті қайта ұйымдастырудың болжалды талаптарын, нысандарын, тәртібін және мерзімдерін сипаттайтын құжаттар.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті қайта ұйымдастыру талаптары, нысаны, тәртібі мен мерзімдері қайта ұйымдастыруды жүргізу жөніндегі Іс-шаралар жоспарында айқындалады.
      Іс-шаралар жоспарында қайта ұйымдастырылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерді орындауын қамтамасыз ету шаралары көрсетіледі.
      Қайта ұйымдастыруды жүргізу жөніндегі Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпаратты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) көрсетілетін қызметті берушіге жоспарда көрсетілген іс-шараларды орындау мерзімдері аяқталғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде ұсынады;
      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастырғаннан кейінгі және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылатын заңды тұлғалардың есептік балансын қоса алғанда, ерікті түрде қайта ұйымдастыру салдарының қаржылық болжамы, онда мыналар қамтылады:
      жоспарланған ерікті қайта ұйымдастырудың экономикалық негіздемесі;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылатын (құрылған) ұйымның (ұйымдардың) болжамдық (есептік) балансы;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін - сақтандырудың нақты сыныптарын (түрлерін) көрсете отырып, сақтандыру сыйлықақыларының, сақтандыру резервтерінің жоспарланып отырған көлемінің экономикалық негізделген есебі.
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) электрондық сұрау салуға қоса берілетін, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2) және 4) тармақшаларында (құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі) және 3) тармақшасында (электрондық құжат түрінде) көрсетілген құжаттар.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      10. Мыналар:
      1) болжанып отырған ерікті қайта ұйымдастыру нәтижесiнде сақтанушылардың және өзге де кредиторлардың заңды мүдделерiнің бұзылуы;
      2) болжанып отырған қайта ұйымдастыру нәтижесiнде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудiң ең төменгi талаптарының, сақталуы мiндеттi басқа нормалар мен лимиттердің және «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген өзге де талаптардың бұзылуы;
      3) қайта ұйымдастырылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының (сақтандыру холдингтерінің) жоғары органдарының тиісті шешімдерінің болмауы;
      4) болжанып отырған қайта ұйымдастыру нәтижесінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы талаптарының бұзылуы;
      5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттардың ұсынылмауы;
      6) табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеуі мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын және (немесе) сақтандыру
холдингін ерікті қайта    
ұйымдастыруға рұқсат беру»  
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына          
қосымша            

Нысан

№ ____ күні ______________

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасына

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және (немесе) сақтандыру
холдингін ерікті қайта ұйымдастыруға берілетін рұқсатты алуға
арналған қолдаухат
___________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының атауы)

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі)
акционерлерінің
жалпы жиналысының ___________________________________________________
                              (өткізілетін орны)
_______ жылғы «____» _____________ № ______________ шешіміне сәйкес
_____________________________________________________________________
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) қайта
ұйымдастыру нәтижесінде құрылған (заңды тұлғаға (тұлғаларға)
(біріктіру, қосу, бөлу, бөлініп шығу, қайта құру) арқылы
(қажеттісінің астын сызу керек) ерікті қайта ұйымдастыруға рұқсат
беруді сұрайды.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі)
қолдаухатқа қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дұрыстығына,
сондай-ақ қолдаухатты қарауға байланысты сұралатын қосымша ақпараттың
және құжаттардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне дер кезінде
берілуіне толығымен жауап береді.
      Қоса берілген құжаттар (жіберілген құжаттардың атаулы тізбесі,
әрқайсысы бойынша дана және бет санын көрсету керек):________________
_____________________________________________________________________
      «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және (немесе) сақтандыру
холдингін ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру» мемлекеттік
қызметін көрсету үшін қажетті дербес деректерімді жинауға және
өңдеуге келісім беремін.
      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.

_______________________ _________________
         (қолы)               мөр
                             (ол болған кезде)

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына    
39-қосымша      

«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті таратуға
рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті таратуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – 2 (екі) ай ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының тиісті қаулысының көшірмесін қоса бере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуды жүргізуге рұқсат беру туралы хат жіберу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда нәтиже электрондық нысанда ресімделеді және қағазға басылады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірінші басшысы, ол болмаған кезде оны ауыстыратын адам қол қойған, өзінің барлық кредиторларының талаптарын толық қанағаттандыруды қамтамасыз ету жөніндегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемесі қамтылуға тиісті сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті таратуға рұқсат беру туралы қолдаухат;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының ерікті түрде тарату туралы шешімі;
      3) тарату комиссиясының, оның ішінде оның филиалдарында және (немесе) өкілдіктерінде құрылатын бөлімшелерінің мүшелікке кандидаттарының тізімі;
      4) сақтандыру портфелін табыс еткеннен кейінгі күні жасалған, аудиторлық ұйым растаған қаржылық есептілік;
      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы міндеттемелерінің сомасы туралы мәліметтер қамтылған, акционерлердің жалпы жиналысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде тарату туралы шешімді қабылдаған күні жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторларының тізімі;
      6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзі жасаған сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелерінен тұратын басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру портфелін қабылдау-өткізу актісін (осындай қабылдау бар болса);
      7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелердің жоқ екенін растайтын құжаттар;
      8) акционерлердің жалпы жиналысы бекіткен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз қызметін тоқтатуға дайындығының мерзімдері мен кезеңдері туралы іс-шаралар тізбесі (жоспар және кесте).
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) электрондық сұрау салуға қоса берілетін, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) және 3) және 5) тармақшаларында (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2 және 3-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша мәліметтердің электрондық нысаны түрінде) көрсетілген құжаттар.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      10. Мыналар:
      1) болжанып отырған ерiкті түрде тарату нәтижесiнде сақтанушылар мен өзге де кредиторлардың заңды мүдделерiнің бұзылуы;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттардың ұсынылмауы;
      3) табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеуі;
      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін өз қаражатының жетпеуі;
      5) сақтандыру портфелін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына беру жөнінде шаралардың қолданылмауы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын ерікті таратуға рұқсат
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына   
1-қосымша         

Нысан

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасына

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті таратуға
рұқсат беру туралы қолдаухат

_____________________________________________________________________
          (көрсетілетін қызметті алушының атауы)
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жалпы жиналысының _______________
_____________________________________________________________________
                   (өткізілетін орны)
_______ жылғы «____» _____________ № ______________ шешіміне сәйкес
_____________________________________________________________________
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын_________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
           (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)
ерікті түрде таратуға рұқсат беруді сұрайды.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің барлық
кредиторларының талаптарын толық қанағаттандыруды қамтамасыз етуге
міндеттенеді.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қолдаухатпен қоса берілген
құжаттар мен ақпараттың дұрыстығына, сондай-ақ қолдаухатты қарауға
байланысты сұралатын қосымша ақпараттың және құжаттардың көрсетілетін
қызметті берушіге дер кезінде берілуіне толығымен жауап береді.
      Қоса берілген құжаттар (жіберілген құжаттардың атаулы тізбесін,
әрқайсысы бойынша дана және бет санын көрсету керек):
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірінші басшысы (ол
болмағанда оның орнын ауыстыратын адам)_____________________________.
      «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті таратуға рұқсат
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын көрсету үшін қажетті
жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
      Ақпарат жүйелерінің құрамындағы заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.

_________________________ _______________________
        (қолы)                      мөр
                                 (ол болған кезде)

«Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын ерікті таратуға рұқсат
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына  
2-қосымша        

Мәліметтердің электрондық нысаны

Тарату комиссиясына, оның ішінде филиалдарда және (немесе)
өкілдіктерде құрылатын оның бөлімшелеріне мүше болуға
кандидаттардың тізімі

Кандидаттың ЖСН

Кандидаттың тегі

Кандидаттың аты

Кандидаттың әкесінің аты (ол болған кезде)

Кандидаттың туылған күні

Кандидаттың жұмыс орны

Кандидаттың лауазымы

Білімі туралы деректер (оқу орнының атауы, біліктілігі, оқу кезеңі)

Жұмыс тәжірибесі

Тұрғылықты жерінің нақты мекенжайы

Кандидаттың байланыс телефоны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

«Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын ерікті таратуға рұқсат
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына   
3-қосымша         

Мәліметтердің электрондық нысаны

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы міндеттемелерінің сомасы
туралы мәліметтерді қамтитын, акционерлердің жалпы жиналысы
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде тарату
жөнінде шешім қабылдаған күні жасалған сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымы кредиторларының тізімі

Кредитордың атауы

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелер сомасы (акционерлердің жалпы жиналысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде тарату жөнінде шешім қабылдау күні), теңгемен

1

2

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына   
40-қосымша     

«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе)
сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына елеулі қатысуына
рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына елеулі қатысуына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі(бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – 3 (үш) ай ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының тиісті қаулысының көшірмесін қоса бере отырып, (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталдарына қомақты қатысуға рұқсат беру туралы хат жіберу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда, нәтиже электрондық нысанда ресімделеді және қағазға басылады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті жеке деректерді жинауға және өңдеуге және ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар ерікті нысанда жасалған өтініш;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымның капиталына қомақты қатысуы туралы шешімі;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысуды иеленуге ниеттенген ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттар) туралы ақпарат.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысуы бар заңды тұлғаның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын үміткерлер) туралы ақпарат осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша берiледi;
      4) бизнес-жоспарды ұсына отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысуды иеленуге ниеттенген заңды тұлға қызметінің түрі немесе түрлері туралы ақпарат;
      5) Қазақстан Республикасының резиденттері емес сақтандыру тобы қатысушыларының орналасқан елдерінің заңнамасы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген талаптарды олардың және сақтандыру тобының орындауына мүмкіндік бермеуіне байланысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысуды иеленуге ниеттенген ұйымның орналасқан елінің заңнамасын талдау негізінде сақтандыру тобына шоғырландырылған қадағалауды жүргізу мүмкін болмауын болжайтын жағдайлардың жоқ екені туралы ақпарат;
      6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысуды иеленуге ниеттенген ұйымның жарғылық капиталында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің қатысу үлесі мен сомасы туралы, сондай-ақ олар иеленетін акциялардың саны мен акциялардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) алдын ала төлемінің мөлшері туралы ақпарат;
      7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысуды иеленуге ниеттенген ұйымның жарғылық капиталының мөлшері туралы ақпарат (егер осындай ақпарат аудиторлық есепте болмаса), сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингінің жарғылық капиталда қатысу үлесі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысуды иеленуге ниеттенген ұйымның акцияларының саны, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысуды иеленуге ниеттенген ұйымның қатысу үлесін немесе акцияларын иеленудің шарттары мен тәртібі туралы ақпарат;
      8) мыналарды:
      заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жерін;
      құрылтайшысы (қатысушысы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің қатысу үлесінің мөлшері, оны иелену бағасы туралы мәліметтерді;
      акционері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлға акцияларының саны, оларды иелену бағасы, орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алғандарын шегере отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтерді;
      заңды тұлғаның (құрылтайшысы, қатысушысы, акционері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын) қатысу үлесінің мөлшері, оның басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы сатып алу бағасы туралы мәліметтерді;
      акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлға иеленген акциялардың саны, оларды сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алғандарын шегере отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтерді қамтитын, жарғылық капиталда қатысу үлесін немесе акцияларды сатып алу арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысуды иеленген заңды тұлға туралы деректерді ұсынуға тиісті.
      Бұл талаптар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің бірнеше заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін немесе акцияларын иелену арқылы еншілес ұйымды иелену жағдайларына қолданылады.
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) электрондық сұрау салуға қоса берілетін, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде), 6) және 7) тармақшаларында (электрондық құжат түрінде) және 8) тармақшасында (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәліметтердің электрондық нысаны түрінде) көрсетілген құжаттар.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      10. Мыналар:
      1) рұқсат алуға қажетті осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбау;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысуды иеленуге ниеттенген ұйымның орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнамасының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шоғырландырылған қадағалау талаптарына сай келмеуі;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысуды иеленуге ниеттенген ұйымның:
      мінсіз іскерлік беделі жоқ;
      қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымы директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқармасының бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері, ірі қатысушысы (сақтандыру холдингі) - жеке тұлға, ірі қатысушысы - заңды тұлғаның бірінші басшысы болған. Аталған талап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;
      осы тұлғаның өзге қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымында болған кезеңінде басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған басшы қызметкерлерінің (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылатын кандидаттардың) талаптарға сай келмеуі. Аталған талап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алу туралы шешім қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады.
      4) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі кіретін сақтандыру тобының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің болжамды қомақты қатысуы нәтижесінде пруденциялық нормативтерді сақтамауы;
      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысуды иеленген немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі инвестициялар жоспарлаған ұйымның қызметі салдарынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауы болжанатын қаржылық салдарын талдауы;
      6) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысуды иеленген ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің болуын растауға ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелеріне қойылатын талаптарға сай келмеуі;
      7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысуды иеленуге ниеттенген ұйымның осы ұйым орналасқан елдің заңнамасында көзделген жағдайларда белгіленген пруденциялық нормативтерді, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің пруденциялық нормативтерді, оның ішінде шоғырландырылған негізде және көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат алу үшін өтініш берген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы;
      8) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк құжаттарды қарау кезеңінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысуды иеленуге ниеттенген ұйымға қатысты қолданған «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 53-2-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген қолданыстағы шектеулі ықпал ету шарасының және (немесе) Заңның 53-1-бабының 2-тармағында көзделген мәжбүрлеу шарасының және (немесе) осы Заңның 53-3-бабы 2-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген санкцияның болуы;
      9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысуды, Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, банкті, инвестициялық портфельді басқарушыны иеленген жағдайда Заңда, Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі және бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында көзделген Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру немесе банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, банктің, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беруге қатысты талаптардың сақталмауы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресмиинтернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
және (немесе) сақтандыру холдингінің
ұйымдардың капиталына елеулі  
қатысуына рұқсат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына 
1-қосымша           

Нысан

фотосурет орны

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру
холдингінің елеулі қатысуы бар ұйымның басшы қызметкерлері
лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсыныс жасалған басшы
қызметкерлер немесе кандидаттар туралы ақпарат

_____________________________________________________________________
(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру
холдингінің қомақты қатысуы бар ұйымның басшы қызметкері лауазымына
тағайындауға немесе сайлауға ұсыныс жасалған басшы қызметкердің
немесе кандидаттың
_____________________________________________________________________
      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі және
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру
холдингінің қомақты қатысуы бар ұйымға тағайындалатын басшы
қызметкердің лауазымы немесе тағайындалатын кандидаттың лауазымы)
_____________________________________________________________________
(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру
холдингінің қомақты қатысуы бар ұйымның атауы)

      1. Жалпы мәліметтер:

Туған жері және күні

Азаматтығы

Жеке басын куәландыратын құжат деректері (берілген күні, нөмірі, кім берді)

      2. Жұмыс орны (орындары), лауазымы (лауазымдары) ______________
_____________________________________________________________________
      3. Жұмыс орны (орындары) мекенжайы (мекенжайлары), байланыс телефоны_____________________________________________________________
      4. Білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен күні – бітірген күні

Мамандығы

Білімі, біліктілігі туралы диплом деректері

Оқу орнының орналасқан жері

11.

      5. Жұбайы, жақын туыстары (ата-анасы, ағасы, інісі, қарындасы,
балалары) және жекжаттары (ата-анасы, ағасы, інісі, қарындасы,
ерлі-зайыптылардың балалары) туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Туған жылы

Туыстық қатынасы

Жұмыс орны және лауазымы

1.

      6. Басшы қызметкердің (немесе басшы қызметкердің лауазымына
тағайындауға немесе сайлауға ұсыныс жасалған кандидаттың) еншілес
ұйымның жарғылық капиталында қатысуы немесе заңды тұлғалардың
акцияларын иеленуі туралы мәліметтер:

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Жарғылық капиталда қатысу үлесі немесе заңды тұлғаның дауыс беруші акцияларының жалпы санына кандидатқа тиесілі акциялар санының арақатынасы (пайызбен)

1.

      7. Соңғы үш жылдағы біліктілігін арттыру жөніндегі
семинарлардан, курстардан өткендігі туралы мәліметтер:

Ұйымның атауы

Өткізілген күні және орны

Сертификат деректері (берілген күні, нөмірі)

1.

      8. Еңбек қызметі туралы мәліметтер.
      Осы тармақта еншілес ұйымның басшы қызметкерінің (немесе басшы
қызметкер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсыныс жасалған
кандидаттың) бүкіл еңбек қызметінде атқарған (атқаратын) лауазымдары,
оның ішінде уәкілетті органға келісу туралы өтініш берген қаржы
ұйымындағы, холдингтегі лауазымы көрсетіледі.

Жұмыс кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны

Лауазымы

Тәртіптік жазаның болуы

Жұмыстан шығару, лауазымнан босату себептері

1.

2.

      9. Еншілес ұйымның басшы қызметкерінің (немесе басшы қызметкер
лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсыныс жасалған кандидаттың)
қаржы ұйымдарына аудит жүргізгені туралы мәліметтер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(қаржы ұйымының атауын, кандидаттың орындаушы-аудитор ретінде
аудиторлық есепке қол қойған күнін көрсету керек)
      10. Осы ұйымның және (немесе) басқа ұйымдардың директорлар
кеңесіндегі және инвестициялық комитеттердегі мүшелігі туралы
мәліметтер:

Кезең (күні, айы, жылы)

Ұйымның атауы

Лауазымы, келісу күні (егер талап етілсе)

Жұмыстан шығару, лауазымнан босату себептері

1.

      11. Жарияланымдары, ғылыми әзірлемелері және басқа
жетістіктері:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(иә/жоқ, бар болса күнін, қандай басылымдарда екендігін көрсету
керек)
      12. Алынбаған және өтелмеген соттылығының болуы туралы
мәліметтер (Қазақстан Республикасының резидент еместері үшін):

Күні

Сот органының атауы

Соттың орналасқан жері

Жазаның түрі

Кандидаттың қылмыстық жауаптылыққа тартылуына сәйкес келетін заңнамалық актінің бабы

Соттың іс жүргізу шешімін қабылдаған күні

1.

      13. Өзіне қабылдаған ақшалай міндеттемелердің орындалмау
фактілерінің болуы туралы мәліметтер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(иә/жоқ, көрсетілген фактілер бар болған жағдайда ұйымның атауын және
міндеттемелер сомасын көрсету қажет)
      14. Еншілес ұйымының басшы қызметкері (немесе басшы қызметкер
лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсыныс жасалған кандидаттың)
қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі
мемлекеттік орган қаржы ұйымын, банк холдингін консервациялау,
акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиядан айыру
туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп тану
туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы
ұйымының бұрын директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың
(атқарушы органның) бірінші басшысы және оның орынбасары, бас
бухгалтері, ірі қатысушы - жеке тұлға, ірі қатысушы (банк немесе
сақтандыру холдингінің) - заңды тұлғаның бірінші басшысы болып
табылғандығы туралы мәліметтер.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(иә/жоқ, ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс кезеңін көрсету керек)
      15. Басшы қызметкерді тағайындауға (сайлауға) келісімді кері
қайтарып алу туралы және уәкілетті органының қаржы ұйымын, холдингті,
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын
қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету туралы деректердің болуы.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (иә/жоқ, ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс кезеңін, тағайындауға
(сайлауға) келісімді кері қайтарып алу үшін негіздерді және осындай
шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы).
      16. Қаржы ұйымы, холдинг басшысы ретінде қаржы ұйымының,
холдингтің қызметі мәселелері бойынша сот талқылауларына жауапкер
ретінде тартылды ма:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(иә/жоқ, күнін, қаржы ұйымының, холдингтің атауын, сот талқылауындағы
жауапкерді, қаралатын мәселені және сот шешімін көрсету керек)
      Осы ақпаратты тексергенімді және оның дәйектігі мен толықтығын
растаймын.
      Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
_____________________________________________________________________
                        (баспа әріптерімен)

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің қомақты қатысуы бар ұйымның тәуелсіз директоры лауазымына кандидат толтырады:
Мен, _____________________________________________________________________
       (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
_____________________________________________________________________
тәуелсіз директор лауазымына тағайындалу (сайлану) үшін «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келетінімді растаймын.

Күні _____________________________
Қолы ____________________________

«Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының және (немесе) сақтандыру
холдингінің ұйымдардың капиталына
елеулі қатысуына рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына        
2-қосымша         

Мәліметтердің электрондық нысаны

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру
холдингі жарғылық капиталдағы қатысу үлесін немесе акцияларын
сатып алу арқылы қомақты қатысуды иеленетін заңды тұлға туралы
деректер

Өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі құрылтайшысы болып табылатын ЗТ-ның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің мөлшері туралы мәліметтер (%-бен)

Өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі құрылтайшысы болып табылатын ЗТ-ның жарғылық капиталындағы қатысу үлесін

сатып алу бағасы (%-бен)

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі акционері болып табылатын ЗТ акцияларының саны туралы мәліметтер (данамен)

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі акционері болып табылатын ЗТ акцияларын сатып алу бағасы

(теңгемен)

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі акционері болып табылатын ЗТ сатып алынған акцияларының орналастырылған акциялардың жалпы санына пайыздық арақатынасы (артықшылық берілген және қоғам сатып алғандарды шегергенде)

(%-бен)

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) болып табылатын ЗТ

қатысу үлесінің мөлшері туралы мәліметтер

(%-бен)

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) болып табылатын басқа ЗТ жарғылық капиталына қатысу үлесін сатып алу бағасы (%-бен)

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) болып табылатын ЗТ сатып алған акцияларының саны туралы мәліметтер (данамен

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) болып табылатын ЗТ сатып алған акциялардың сатып алу бағасы

(теңгемен)

Сатып алынған акциялардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) болып табылатын заңды тұлға сатып алған акциялардың сатып алып орналастырған акцияларының жалпы санына арақатынасы (артықшылық берілген және қоғам сатып алғандарды шегергенде) (%-бен)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына   
41-қосымша     

«Қоғамды жария компания деп тану немесе қоғамның
мәлімдемесі негізінде ол белгілеген тәртіппен оның жария
компания мәртебесін кері қайтарып алу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Қоғамды жария компания деп тану немесе қоғамның мәлімдемесі негізінде ол белгілеген тәртіппен оның жария компания мәртебесін кері қайтарып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасы тапсырылған сәттен бастап – күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының акционерлік қоғамды жария компания деп тану туралы қаулысы, қағаз жеткізгіште одан жария компанияның мәртебесін қайтарып алу, оның көшірмесі ілеспе хатпен көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына жіберіледі.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      1) мыналарды көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім берілген, еркін түрде жасалған өтініш:
      қоғамның атауын және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке немесе анықтамаға сәйкес);
      интернет желісінде қоғамның осы домендік аты тіркелгенін растайтын құжаттың нөмірі және күні көрсетілген қоғамның корпоративтік web-сайтының мекенжайы;
      2) бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған шектелмеген инвесторлардың тобы арасында қоғамның жария етілген акцияларын орналастыру туралы жариялымның көшірмесі (мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі);
      3) оның тіркеушісі қоғамның көрсетілетін қызметті берушіге өтінішін ұсынуы алдындағы айдың аяғындағы жағдай бойынша жасаған қоғам акционерлерінің тізілімі;
      4) әділет органының белгісі бар енгізілген барлық өзгерістер мен толықтыруларымен қоғам жарғысының көшірмесі;
      5) қор биржасы берген және қоғам Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне өтінішін ұсынудың алдындағы айдың соңындағы жағдай бойынша белгіленген критерийлерге қоғамның сәйкес келуін растайтын құжаттар:
      қоғамның жай акцияларының сауда-саттық көлемі көрсетілетін қызметті берушінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс;
      қоғамның акциялары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының тізімдер санатында болуға тиіс, енгізілуі және онда болуы үшін қор биржасының ішкі құжаттарымен бағалы қағаздарға және олардың эмитенттеріне арнайы (листингтік) талаптар белгіленеді не олар Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы арнайы сауда алаңдарының тізіміне енгізіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушіге қоғамды жария компания деп тану үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынатын құжаттардың көшірмесі бірінші басшының (не оны ауыстыратын тұлғаның) қолымен және қоғам мөрінің бедерімен расталады.
      Бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп, әр парағы расталып, тігіліп және тігістің түйіні мен параққа жартылай жапсырылып, қағаз пломбамен бекітіліп ұсынылады. Бірінші басшының (не оның орнындағы тұлғаның) қолы және мөр бедері жартылай қағаз пломбаға, жартылай құжаттың парағына қойылуы тиіс.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі 
№ 71 қаулысына    
42-қосымша       

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік
қоғамын ерікті қайта ұйымдастыруға рұқсат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі(бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын ерікті қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат беру.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда нәтиже электрондық нысанда ресімделеді және қағазға басылады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      мына құжаттарды қоса бере отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын ерікті ұйымдастыруға рұқсат алуға қызметті берушінің рұқсатын алу туралы өтініш:
      1) көрсетілетін қызметті алушы акционерлерінің жалпы жиналысының көрсетілетін қызметті алушының өтпелі кезеңде қызметін басқару тәртібі болатын ерікті қайта ұйымдастыру туралы шешімі;
      2) ерікті қайта ұйымдастыру жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары;
      Көрсетілетін қызметті алушыны қайта ұйымдастыруды жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары мыналарды қамтиды:
      көрсетілетін қызметті алушы ерікті қайта ұйымдастыру жүргізу мерзімдері;
      көрсетілетін қызметті алушының қатысушылары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын (бұдан әрі – қатысушы сақтандыру ұйымдары) және өзге кредиторларды қайта ұйымдастыру туралы хабарлаудың тәртібі;
      міндеттемелердің мөлшері көрсетілетін қызметті алушының қатысушы сақтандыру ұйымдары және өзге кредиторлары алдында міндеттемелерді орындау тәртібі және мерзімдері;
      көрсетілетін қызметті алушы ұсынатын алдағы қайта ұйымдастырудың ерекшеліктерін көрсететін өзге ақпаратты;
      3) ерікті қайта ұйымдастыру салдарының қаржылық болжамды.
      Ерікті қайта ұйымдастыру салдарының қаржылық болжамында мынадай деректерді:
      жоспарланып отырған ерікті қайта ұйымдастырудың экономикалық негіздемесін;
      көрсетілетін қызметті алушының ерікті қайта ұйымдастырудың болжамды (есепті) балансын қамтиды.
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Сақтандыру төлемдеріне  
кепілдік беру қоры» акционерлік
қоғамын ерікті қайта ұйымдастыруға
рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына қосымша

Нысан

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
______________

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын
ерікті қайта ұйымдастыруды жүргізуге уәкілетті органның
рұқсатын алу туралы қолдаухат

_____________________________________________________________________
            (көрсетілетін қызметті алушының атауы)
_____________________________________________________________________
                      (өткізілген орны)
акционерлердің жалпы жиналысының ____ жылғы ___________
№ _____ хаттамасына сәйкес
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы, оның
орналасқан жерін көрсете отырып)
ерікті қайта ұйымдастыруға рұқсат беруіңізді сұрайды.
      «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамды
ерікті қайта ұйымдастыруын жүргізуге рұқсат алуға өтінішті ресімдеу
құқығы берілген уәкілетті тұлға болып табылады.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде),
аталған өкілеттіктерді алуға негіздеме болып табылатын құжатқа
сілтеме)
_____________________________________________________________________
                  (уәкілетті тұлғаның лауазымы)
Акционерлер өтінішке қоса берілген тиісті құжаттардың дұрыстығына
толығымен жауапты болады.
Қосымша:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(жіберілетін құжаттардың толық тізбесі, даналар мен әр қайсысы
бойынша парақтар саны көрсетіледі):
_____________________________________________________________________
      «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын
ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін
көрсету үшін қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім
беремін.
      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.
_____________________________________________________________________
      («Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік
қоғамының атынан өтінішті беруге уәкілетті тұлғаның қолы, құжаттың
тіркелген күні мен нөмірі)

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына   
43-қосымша     

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік
қоғамын ерікті таратуға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын ерікті таратуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – қағаз жеткізгіште «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын ерікті түрде таратуды жүргізуге рұқсат беру.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда нәтиже электрондық нысанда ресімделеді және қағазға басылады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш жасаған кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      мына құжаттарды қоса бере отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын ерікті қайта таратуды жүргізуге қызметті берушінің рұқсатын алу туралы өтініш:
      1) көрсетілетін қызметті алушы акционерлерінің жалпы жиналысының оны тарату туралы шешімі;
      2) тарату комиссия мүшелеріне кандидаттардың тізімі;
      3) акционерлердің жалпы жиналысы көрсетілетін қызметті алушыны тарату туралы шешім қабылдаған күніндегі барлық шоттардың талдамасы бар, аудиторлық есеппен расталған, көрсетілетін қызметті алушының меншікті қаражатының оның міндеттемелерін толық орындау үшін жеткілікті болатынын куәландыратын баланстық есеп;
      4) көрсетілетін қызметті алушының, оның барлық кредиторларының талаптарын толығымен қанағаттандыруды қамтамасыз ететіні туралы жазбаша міндеттемесі;
      5) акционерлердің жалпы жиналысы көрсетілетін қызметті алушы тарату туралы шешімін қабылдаған күніне көрсетілетін қызметті алушы міндеттемелерінің сомасы туралы мәліметтерді қамтыған көрсетілетін қызметті алушы кредиторларының тізімі;
      6) акционерлердің жалпы жиналысы бекіткен, көрсетілетін қызметті алушының өз қызметін тоқтатуға дайындалуының мерзімдері мен кезеңдері бойынша іс-шаралардың тізбесі (жоспары мен кестесі).
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) электрондық сұрау салуға қоса берілетін, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 1), 3) және 6) тармақшаларында (құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі), 2) және 5) тармақшаларында (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2 және 3-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша мәліметтердің электрондық нысаны түрінде) және 4) тармақшасында (электрондық құжат түрінде) көрсетілген құжаттар.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік
беру қоры» акционерлік қоғамын
ерікті таратуға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына    
1-қосымша        

Нысан

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
________________________

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын
ерікті таратуды жүргізуге уәкілетті органның рұқсатын алу
туралы қолдаухат

_____________________________________________________________________
               (көрсетілетін қызметті алушының атауы)
_____________________________________________________________________
                      (өткізілген орны)
акционерлердің жалпы жиналысының ____ жылғы___________
№ _____ хаттамасына сәйкес
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы, оның
орналасқан жерін көрсете отырып)
ерікті қайта таратуға рұқсат беруіңізді сұрайды.
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамды
ерікті қайта таратуын жүргізуге рұқсат алуға өтінішті ресімдеу құқығы
берілген уәкілетті тұлға болып
_____________________________________________________________________
(уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде),
аталған өкілеттіктерді алуға негіздеме болып табылатын құжатқа
сілтеме)
_____________________________________________________________________
                   (уәкілетті тұлғаның лауазымы)
табылады.
      Акционерлер өтінішке қоса берілген тиісті құжаттардың
дұрыстығына толығымен жауапты болады және «Сақтандыру төлемдеріне
кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын ерікті түрде таратуға рұқсат
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын көрсету үшін қажетті
дербес деректерімді жинауға және өңдеуге және ақпарат жүйелерінің
құрамындағы, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің
пайдаланылуына келісім береді.
      Қосымша: ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(жіберілетін құжаттардың толық тізбесі, даналар мен әр қайсысы
бойынша парақтар саны көрсетіледі):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының
атынан өтінішті беруге уәкілетті тұлғаның қолы, құжаттың тіркелген
күні мен нөмірі)

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры»
акционерлік қоғамын ерікті таратуға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін        
қызмет стандартына           
2-қосымша                

Мәліметтердің электрондық нысаны

Тарату комиссиясына мүше болуға кандидаттардың тізімі

Кандидаттың ЖСН

Кандидаттың тегі

Кандидаттың аты

Кандидаттың әкесінің аты (ол болған кезде)

Кандидаттың туылған күні

Кандидаттың жұмыс орны

Кандидаттың лауазымы

Білімі туралы деректер

(оқу орнының атауы, біліктілігі, оқу кезеңі)

Жұмыс тәжірибесі

Тұрғылықты жерінің нақты мекенжайы

Кандидаттың байланыс телефоны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік
беру қоры» акционерлік қоғамын
ерікті таратуға рұқсат беру» 
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 3-қосымша   

Мәліметтердің электрондық нысаны

Қызметті алушы кредиторларының тізімі

Кредитордың атауы

Өтініш беруші міндеттемелерінің сомасы (акционерлердің жалпы жиналысы Қорды тарату жөніндегі шешімді қабылдау күніндегі)

1

2

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына   
44-қосымша     

«Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйым
құруына немесе сатып алуына рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйым құруына немесе иеленуіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – 3 (үш) ай ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының атына банктің және (немесе) банк холдингінің еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат беру және көрсетілетін қызметті берушінің банктің және (немесе) банк холдингінің еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге ресми рұқсат беру туралы хатын не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының тиісті қаулысының көшірмесін қоса бере отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда, лицензия электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымды құруына немесе иеленуіне, оның ішінде банктің бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленуші еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алуға өтініш;
      2) еншілес ұйымның құрылтай құжаттары, жарғыны бекіту туралы шешім;
      3) банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымды құру немесе оны иелену туралы шешім;
      4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес еншілес ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттар) туралы ақпарат;
      5) еншілес ұйымның ұйымдық құрылымы және үлестес тұлғалар туралы мәліметтер.
      Банктің банк холдингі болмаған жағдайда:
      осы ұйымдар қауымдастығы меморандумының немесе ережелерінің шарттарына сәйкес олардың қызметін бірлескен негізде басқаруға;
      егер көрсетілген ұйымдардың атқарушы органы, басқару органы (акционерлік қоғамдар үшін), байқаушы кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін) құрамының үштен бірінен астамын сол белгілі бір тұлғалар құрайтын болса, еншілес ұйымға байланысты ұйымдар туралы ақпаратты қосымша береді;
      6) бизнес-жоспарын табыс ете отырып, еншілес ұйым қызметінің түрі немесе түрлері туралы ақпаратты;
      7) еншілес ұйым орналасқан елдің заңнамасын талдау негізінде Қазақстан Республикасының резиденті емес банк конгломератына қатысушылар орналасқан елдердің заңнамасы бойынша олардың және банк конгломератының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген талаптарды орындауға мүмкіндік берілмеуіне байланысты банк конгломератына шоғырландырылған қадағалауды жүргізу мүмкіндігінің болмауын көздейтін мән-жайлардың жоқ екендігі туралы ақпаратты;
      8) банктің және (немесе) банк холдингінің құрылатын еншілес ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлесі мен сомасы, сондай-ақ ол иеленетін акциялардың саны және акцияларға алдын ала төлем мөлшері туралы ақпаратты;
      9) аудиторлық ұйымның есебі және еншілес ұйым иеленетін аудиторлық ұйым куәландырған қаржылық есептілікті;
      10) еншілес ұйым иеленетін жарғылық капиталдың мөлшері туралы (егер мұндай ақпарат аудиторлық есепте қамтылмаса), сондай-ақ банктің және (немесе) банк холдингінің жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе еншілес ұйымның иеленетін акцияларының саны туралы, еншілес ұйымның иелену талаптары мен тәртібі туралы ақпаратты;
      11) банк және (немесе) банк холдингі жарғылық капиталға қатысу үлесін немесе акцияларын сатып алу арқылы еншілес ұйым иеленетін заңды тұлға туралы:
      заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жерін;
      банк және (немесе) банк холдингі құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталына банктің және (немесе) банк холдингінің қатысу үлесінің мөлшері, оны иелену бағасы туралы мәліметті;
      банк және (немесе) банк холдингі акционері болып табылатын заңды тұлғаның акциялар саны, оларды иелену бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам иеленген акциялары шегеріле отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметті;
      заңды тұлғаның (банк және (немесе) банк холдингі құрылтайшысы, қатысушысы, акционері болған) қатысу үлесінің мөлшері, басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталынан оны сатып алу бағасы туралы мәліметті;
      банк және (немесе) банк холдингі акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) болып табылатын заңды тұлға иеленген акциялардың саны, сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметті қамтитын деректерді беруі қажет;
      Осы талаптар банк және (немесе) банк холдингі бірнеше заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысу үлестерін немесе акцияларын иелену арқылы еншілес ұйым иеленетін жағдайларға қолданылады;
      12) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын құжаттарды;
      13) банктің және (немесе) банк холдингінің және еншілес ұйымды құрғаннан немесе сатып алғаннан кейінгі еншілес ұйымның болжамды есеп айырысу балансын қоса алғанда, банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымды құруының, иеленуінің қаржы салдарына жүргізілген талдау, сондай-ақ бар болса, жоспары және банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымының активтерін сату жөніндегі немесе еншілес ұйымды басқару жөніндегі қызметіне елеулі өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарын;
      14) бақылаудың туындау негізін көрсете отырып, олардың негізінде иеленетін еншілес ұйымды бақылау көзделетін немесе бақылауды растайтын өзге де құжаттарды;
      15) банктің және (немесе) банк холдингінің болжамды еншілес ұйымдары болуы нәтижесінде құрамына банк және (немесе) банк холдингі кіретін банк конгломератының пруденциялық нормативтерінің және құрылатын немесе иеленетін еншілес ұйымды ескере отырып, банктің міндетті түрде сақталуға тиісті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген басқа да нормалар мен лимиттердің есебін ұсынуға тиісті.
      Банк және (немесе) банк холдингі Қазақстан Республикасының резиденттерi – банктi, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, жинақтаушы зейнетақы қорын - еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшiн өтiнiш берген жағдайда, осы тармақтың 2), 4), 5), 10) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар берілмейді.
      Егер құрылатын не иемденетін еншiлес ұйымы банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылған жағдайда, еншiлес ұйымды құруға иеленуге берілген өтiнiшпен бiр уақытта қаржы ұйымының (банк холдингiнiң немесе сақтандыру холдингінің) iрi қатысушысы мәртебесiн алуға қажеттi құжаттарды қосып, қаржы ұйымының (банк холдингiнiң немесе сақтандыру холдингінің) iрi қатысушысы мәртебесiн алуға еркiн нысанда жазылған өтiнiшi ұсынылады.
      Бас банктің күмәнді және сенімсіз активтерді иеленуші еншілес ұйымды құруға, иеленуге рұқсат алуға өтініште осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 8), 10), 11) және 14) тармақшаларында көзделген құжаттар мен мәліметтер қоса беріледі, сондай-ақ:
      1) еншілес ұйымдарға берілуі тиіс (берілген) күмәнді және сенімсіз активтер туралы ақпарат;
      2) еншілес ұйымды иеленген жағдайда еншілес ұйымның тиісті өтініш берудің алдында соңғы аяқталған тоқсан үшін қаржылық есептілігі;
      3) талаптары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен анықталатын күмәнді және сенімсіз активтердің сапасын жақсарту бойынша бизнес-жоспар және іс-шаралар жоспары;
      4) пруденциялық нормативтерді, оның ішінде шоғырландырылған негізде, бас банктің күмәнді және сенімсіз активтерді иеленуші еншілес ұйымның болуы және Бас банктің күмәнді және сенімсіз активтерді иеленуші құрылып отырған немесе иеленетін еншілес ұйымы ескере отырып, банктердің сақтауы міндетті уәкілетті орган белгілеген басқа нормалар мен лимиттердің нәтижесінде есептеу.
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) электрондық сұрау салуға қоса тіркелетін, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 12), 13), 14) және 15) тармақшаларында (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде), 11) тармақшасында (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәліметтердің электрондық нысаны түрінде), төртінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) көрсетілген құжаттар.
      Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      10. Мыналар:
      1) рұқсат алу үшін қажетті құжаттар табыс етілмеуі;
      2) құрылатын немесе иеленетін еншілес ұйым орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнамасының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген шоғырландырылған қадағалау жөніндегі талаптарға сәйкес келмеуі;
      3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлерінің (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидаттардың) мына талаптарға сәйкес келмегенде:
      мыналар басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды:
      мінсіз іскерлік беделі жоқ;
      көрсетілетін қызметті беруші қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері, ірі қатысушы - жеке тұлғасы, ірі қатысушы (банк холдингі) заңды тұлғасының бірінші басшысы болып табылған тұлға. Аталған талап көрсетілетін қызметті беруші қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;
      өзге қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымында болған кезеңінде басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап ету Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшы қызметкерді лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімі қабылданғаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай ішінде қолданылуы.
      4) банктің және (немесе) банк холдингінің болжанып отырған еншілес ұйымдарының болуы нәтижесінде құрамына банк және (немесе) банк холдингі кіретін банк конгломератының пруденциялық нормативтерді сақтамауы;
      5) қаржылық салдарды талдамасының еншілес ұйымның қызметі немесе банк және (немесе) банк холдингі жоспарлаған инвестициялар салдарынан банктің, банк холдингінің немесе банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауын болжауы;
      6) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын табыс етілген құжаттардың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сәйкес келмеуі;
      7) еншілес ұйым орналасқан елдің заңнамасында көзделген жағдайларда еншілес ұйымның белгіленген пруденциялық нормативтерді, сондай-ақ банктің және банк холдингінің пруденциялық нормативтерді сақтамауы, оның ішінде шоғырландырылған негізде сақтамауы және көрсетілетін қызметті берушіге рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде басқа да сақталуға міндетті нормативтер мен лимиттерді сақтамауы;
      8) өтініш берілген күнгі және құжаттарды қарау кезеңінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қолданған банкке және (немесе) банк холдингіне және (немесе) сатып алынуы болжанып отырған еншілес ұйымға қатысты қолданыстағы ықпал етудің шектеулі шарасының және (немесе) санкцияның болуы;
      9) банк және (немесе) банк холдингі еншілес ұйымды – Қазақстан Республикасының резиденттері банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, инвестициялық портфельді басқарушыны құрған немесе иемденген жағдайларда, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңында, Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында көзделген Қазақстан Республикасының резиденттері банк немесе сақтандыру холдингі, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беруге қатысты талаптарды сақтамауы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.
      Мыналар бас банктің күмәнді және сенімсіз активтерін иеленуші еншілес ұйымды құруға, иеленуге рұқсат беруден бас тартуға негіздер болып табылады:
      1) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер;
      2) еншілес ұйым беретін күмәнді және сенімсіз активтердің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-2-бабының 4-тармағының талаптарына және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес келмеуі.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Банктің және (немесе) банк
холдингінің еншілес ұйым құруына
немесе иеленуіне рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына        
1-қосымша         

Нысан

___ жылғы «___» _______ № ___

Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымды
құруына немесе сатып алуына, оның ішінде банктің негізгі
банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленуші еншілес ұйымды
құруға немесе сатып алуына рұқсат алуға
өтініш

      _____________________________________________________________________
                (көрсетілетін қызметті алушының атауы)
банктің көрсетілетін қызметті берушінің
__________________________ ____ жылғы «__» _______________ № ________
шешіміне сәйкес _____________________________________________________
                         (өткізілетін орны)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (құрылатын (иеленетін) еншілес ұйымның атауы, тұрған жері)
арқылы құруға немесе иеленуге рұқсат беруді сұрайды
      Банк өтінішке қоса берілген құжаттар мен мәліметтердің
дұрыстығына, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұралатын қосымша
ақпараттың және құжаттардың көрсетілетін қызметті берушіге дер
кезінде берілуіне толығымен жауап береді. Қоса берілетін құжаттар
(жіберілетін құжаттардың атаулы тізбесін, әрқайсысы бойынша дана және
бет санын көрсету керек):___________
_____________________________________________________________________
      «Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйым құруына
немесе сатып алуына рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету үшін
қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.

      Басқарма Төрағасы
      __________________________ _________________
             (қолы)

Директорлар кеңесінің Төрағасы ____________________
                                       (қолы)

                                                                  Мөр
                                                    (ол болған кезде)

«Банктің және (немесе) банк
холдингінің еншілес ұйым 
құруына немесе иеленуіне рұқсат
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына   
2-қосымша         

Нысан

Еншілес ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлер
лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсыныс жасалған
кандидаттар) туралы ақпарат

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) __________________
      2. Азаматтығы__________________________________________________
      3. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері_________________
      4. Жұмыс орны (орындары), лауазымы (лауазымдары) ______________
_____________________________________________________________________
      5. Заңды мекенжайы, тұрған орны, жұмыс орнының мекенжайы,
байланыс телефоны ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
      6. Білімі (біліктілік арттыру курстарын қоса):

Түскен күні – бітірген күні

Оқу орнының атауы

Мамандығы

      7. Еңбек қызметі туралы қысқаша түйіндеме:

Жұмыс кезеңі

Жұмыс орны

Лауазымы

      8. Заңда белгіленген тәртіппен алынбаған және өтелмеген
соттылығының болуы туралы мәліметтер:

Күні

Сот органының атауы

Соттың тұрған жері

Жаза түрі

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы

Соттың іс жүргізуге шешім қабылдаған күні

      9. Банк қызметімен байланысты құқық бұзушылық жасағаны үшін
әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәліметтер:

Күні

Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдаған орган

Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдаған органның тұрған жері

Әкімшілік жазаның түрі

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бабы

Шешім қабылдаған күн

      Осы ақпаратты тексергенімді және оның анық және толық екендігін
растаймын.
      Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) _____________________
                                                 (баспа әріптерімен)

      Күні _________________________
      Қолы _________________________

«Банктің және (немесе) банк 
холдингінің еншілес ұйым құруына
немесе иеленуіне рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына        
3-қосымша         

мәліметтердің электрондық нысаны

Банк және (немесе) банк холдингі жарғылық капиталына қатысу
үлесін немесе акцияларын иелену арқылы еншілес ұйымын иеленетін
заңды тұлға туралы деректер

Заңды тұлғаның меншік нысаны

ЗТ ҚР резиденті болып табыла ма

БСН

ЗТ атауы

Ел/Облыс/Қала/
Аудан/Елді мекен

Көшенің атауы

Үйдің/үй-жайдың нөмірі

Үйдің индексі

Пәтердің/офистің нөмірі

Банктің ЗТ жарғылық капиталына қатысу үлесінің мөлшері туралы мәліметтер банктің және (немесе) банк холдингінің заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесінің мөлшері туралы мәліметтер

Құрылтайшысы банк және (немесе) банк холдингі болып табылатын қатысу үлесі, иелену бағасы туралы мәліметтер

Акционері банк және (немесе) банк холдингі болып табылатын заңды тұлға акцияларының саны туралы мәліметтер

Акционері банк және (немесе) банк холдингі болып табылатын заңды тұлғаның орналастырылған акцияларының (артықшылық берілген және қоғам сатып алғандарын шегергенде) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтер

Құрылтайшысы, қатысушысы, акционері банк және (немесе) банк холдингі болып табылатын заңды тұлғаның қатысу үлесінің мөлшері туралы мәліметтер

Басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы иелену бағасы, акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) банк және (немесе) банк холдингі болып табылатын заңды тұлғаның қатысу үлесінің мөлшері туралы мәліметтер

Акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) банк және (немесе) банк холдингі болып табылатын заңды тұлға иеленген акциялар саны туралы мәліметтер

Акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) банк және (немесе) банк холдингі болып табылатын заңды тұлға иеленген акцияларды иелену бағасы туралы мәліметтер

Акциялардың орналастырылған акциялардың (артықшылық берілген және қоғам сатып алғандарын шегергенде) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына   
45-қосымша      

«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе)
сақтандыру холдингінің еншілес ұйым құруына немесе иеленуіне
рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйым құруына немесе иеленуіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – 3 (үш) ай ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының атына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат беру (бұдан әрі – рұқсат беру) туралы хатын не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының тиісті қаулысының көшірмесін қоса берумен, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда нәтиже электрондық нысанда ресімделеді және қағазға басылады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті жеке деректерді жинауға және өңдеуге және ақпарат жүйелерінің құрамындағы, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім берілген, еркін түрде жасалған өтініш;
      2) еншілес ұйымның құрылтай құжаттары, еншілес ұйымның жарғысын бекіту туралы шешімдер;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі органының еншілес ұйымды құру немесе иелену туралы шешімін;
      4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша еншілес ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылатын кандидаттар) туралы ақпарат;
      5) еншілес ұйымның ұйымдық құрылымын және үлестес тұлғалар туралы мәліметтер.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында және (немесе) сақтандыру холдингі болмаған жағдайда:
      ұйымдардың қызметі осы ұйымдар қауымдастығының меморандумы немесе ережелері талаптарына сәйкес біріктірілген негізде басқарумен;
      егер аталған ұйымдардың атқарушы органының, басқару органының (акционерлік қоғамдар үшін), қадағалау кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін) құрамының үштен бір бөлігінен астамын сол бір тұлғалар білдірсе еншілес ұйыммен байланысты ұйымдар туралы ақпарат қосымша беріледі;
      6) бизнес-жоспарды ұсына отырып, еншілес ұйым қызметінің түрі немесе түрлері туралы ақпарат;
      7) Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру тобы қатысушыларының орналасқан елдерінің заңнамасы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген талаптарды олардың және сақтандыру тобының орындауына мүмкіндік бермеуіне байланысты еншілес ұйымның орналасқан елінің заңнамасын талдау негізінде сақтандыру тобына шоғырландырылған қадағалауды жүргізу мүмкіндігінің болмауын болжайтын жағдайлардың жоқ екені туралы ақпарат;
      8) құрылатын еншілес ұйымның жарғылық капиталында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің қатысу үлесі мен сомасы туралы, сондай-ақ олар иеленетін акциялардың саны мен акциялардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) алдын ала төлемінің мөлшері туралы ақпарат;
      9) аудиторлық ұйымның есебін және иеленетін еншілес ұйымның аудиторлық ұйым растаған қаржылық есептілік;
      10) иеленетін еншілес ұйымның жарғылық капиталының мөлшері туралы (егер мұндай ақпарат аудиторлық есепте болмаса), сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің иеленетін еншілес ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе акцияларының саны туралы, еншілес ұйымды иелену шарттары мен тәртібі туралы ақпарат;
      11) мыналар:
      заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жері;
      құрылтайшысы (қатысушысы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің қатысу үлесінің мөлшері, оны иелену бағасы туралы мәліметтер;
      акционері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлға акцияларының саны, оларды иелену бағасы, орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам иеленгенін шегере отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтер;
      заңды тұлғаның (құрылтайшысы, қатысушысы, акционері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын) қатысу үлесінің мөлшері, оның басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы иелену бағасы туралы мәліметтер;
      акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлға иеленген акциялардың саны, оларды иелену бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам иеленгендерін шегере отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтерді қамтитын, жарғылық капиталға қатысу үлесін немесе акцияларды сатып алу арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі еншілес ұйымды иеленген заңды тұлға туралы деректерді қоса ұсынуға тиісті.
      Бұл талаптар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің бірнеше заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін немесе акцияларын иелену арқылы еншілес ұйымды иелену жағдайларына қолданылады;
      12) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің болуын растайтын құжаттар;
      13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің және еншілес ұйымның оны құрғаннан немесе иеленгеннен кейінгі болжамды есептік балансын қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымды құрудың, иеленудің қаржылық салдарларын талдау, сондай-ақ ол бар болған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымның активтерін сату жөніндегі немесе еншілес ұйымды басқару бойынша қызметке елеулі өзгерістер енгізу жөніндегі жоспары мен ұсынысы;
      14) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі еншілес ұйымды болжамды құру немесе иелену нәтижесінде құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) және (немесе) сақтандыру холдингі кіретін сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және құрылатын немесе иемденетін еншілес ұйымды ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және (немесе) сақтандыру холдингі міндетті түрде сақталуға тиісті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген басқа да нормалар мен лимиттердің есебі;
      15) бақылаудың туындау негізін көрсете отырып, олардың негізінде иеленетін еншілес ұйымды бақылау көзделетін немесе бақылауды растайтын өзге де құжаттар.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі Қазақстан Республикасының резиденттерi - банктi, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, жинақтаушы зейнетақы қорын - еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшiн өтiнiш берген жағдайда, осы тармақтың 2), 4), 5) және 9) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге берілмейді.
      Егер құрылатын не иемденетін еншiлес ұйымы банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылған жағдайда, еншiлес ұйымды құруға иеленуге берілген өтiнiшпен бiр уақытта қаржы ұйымының (банк холдингiнiң немесе сақтандыру холдингінің) iрi қатысушысы мәртебесiн алуға қажеттi құжаттарды қосып, қаржы ұйымының (банк холдингiнiң немесе сақтандыру холдингінің) iрi қатысушысы мәртебесiн алуға еркiн нысанда жазылған өтiнiшi ұсынылады.
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) электрондық сұрау салуға қоса берілетін, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 6), 7), 9), 10), 12) және 15) тармақшаларында (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде), 5), 8), 13) және 14) тармақшаларында (электрондық құжаттар түрінде) және 11) тармақшасында (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәліметтердің электрондық нысаны түрінде) көрсетілген құжаттар.
      Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      10. Мыналар:
      1) рұқсат алуға қажетті осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды табыс етпеуі;
      2) құрылатын немесе иеленетін еншілес ұйым орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнамасының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шоғырландырылған қадағалау жөніндегі талаптарға сай келмеуі;
      3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлерінің (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылатын кандидаттардың) мынадай талаптарына сай келмегенде:
      мыналар басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды:
      мінсіз іскерлік беделі жоқ;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымы директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқармасының бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері, ірі қатысушысы (сақтандыру холдингі)- жеке тұлғасы, ірі қатысушысы - заңды тұлғасының бірінші басшысы болған адамдар. Аталған талап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымының лицензиясын кері қайтарып алу туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі қабылданғаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;
      өзге қаржылық ұйымда басшы қызметкер лауазымында болған кезеңінде оны басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім кері қайтарып алу туралы шешімді қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылуы.
      4) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі кіретін сақтандыру тобының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің болжалды қомақты қатысуы нәтижесінде пруденциялық нормативтерді сақтамауы;
      5) еншілес ұйым қызметінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі жоспарлаған инвестициялардың салдарынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауы болжанатын қаржылық салдарын талдауы;
      6) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі қомақты қатысуды иемденетін ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екендігін растайтын құжаттардың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сай келмеуі;
      7) еншілес ұйым орналасқан елдің заңнамасында көзделген жағдайларда еншілес ұйымның белгіленген пруденциялық нормативтерді, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің пруденциялық нормативтерді, оның ішінде шоғырландырылған негізде және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы;
      8) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк құжаттарды қарау кезеңінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне және (немесе) иемдену болжанып отырған еншілес ұйымға қатысты қолданған, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 53-2-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген қолданыстағы шектеулі ықпал ету шарасының және (немесе) осы Заңның 53-1-бабының 2-тармағында көзделген мәжбүрлеу шарасының және (немесе) осы Заңның 53-3-бабы 2-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген санкцияның болуы;
      9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі еншілес ұйымды - Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, банкті, инвестициялық портфельді басқарушыны құрған немесе иемденген жағдайда, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі және бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында көзделген Қазақстан Республикасының резиденттері сақтандыру немесе банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, банктің, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беруге қатысты талаптарды сақтамауы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының және (немесе) сақтандыру
холдингінің еншілес ұйым құруына
немесе иеленуіне рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына         
1-қосымша          

Нысан

фотосурет орны

Еншілес ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлер
лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсыныс жасалған
кандидаттар) туралы ақпарат

_____________________________________________________________________
(еншілес ұйымның басшы қызметкердің (немесе басшы қызметкерлер
лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсыныс жасаған кандидаттар
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі)
_____________________________________________________________________
және еншілес ұйымға тағайындалатын басшы қызметкердің лауазымы немесе
тағайындалатын кандидаттың лауазымы)
_____________________________________________________________________
                         (еншілес ұйымның атауы)
      1. Жалпы мәліметтер:

Туған жері және күні

Азаматтығы

Жеке басын куәландыратын құжат деректері (нөмірі, берілген күні, кім берді)

      2. Жұмыс орны (орындары), лауазымы (лауазымдары)
_____________________________________________________________________
      3. Жұмыс орны (орындары) мекенжайы (мекенжайлары), байланыс
телефоны ___________________________________________________________

      4. Білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен күні – бітірген күні

Мамандығы

Білімі, біліктілігі туралы диплом деректері

Оқу орнының тұрған жері

11.

      5. Жұбайы, жақын туыстары (ата-анасы, ағасы, інісі, қарындасы,
балалары) және жекжаттары (ата-анасы, ағасы, інісі, қарындасы,
ерлі-зайыптылардың балалары) туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Туған жылы

Туыстық қатынасы

Жұмыс орны және лауазымы

1.

      6. Басшы қызметкердің (немесе басшы қызметкердің лауазымына
тағайындауға немесе сайлауға ұсыныс жасалған кандидаттың) еншілес
ұйымның жарғылық капиталына немесе заңды тұлғалардың акцияларын
иеленуге қатысуы туралы мәліметтер:

Заңды тұлғаның атауы және тұрған жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе заңды тұлғаның дауыс беруші акцияларының жалпы санына кандидатқа тиесілі акциялар санының арақатынасы (пайызда)

1.

      7. Соңғы үш жылдағы семинарлардан, курстардан өткендігі туралы
мәліметтер:

Ұйымның атауы

Өткізілген күні және орны

Сертификат деректері (нөмірі, берілген күні)

1.

      8. Еңбек қызметі туралы мәліметтер.
      Осы тармақта еншілес ұйымның басшы қызметкерінің (немесе басшы
қызметкер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсыныс жасалған
кандидаттың) бүкіл еңбек қызметінде атқарған (атқаратын) лауазымдары,
оның ішінде көрсетілетін қызметті берушіге келісу туралы өтініш
берген қаржы ұйымындағы, холдингтегі лауазымы көрсетіледі.

Жұмыс кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны

Лауазымы

Тәртіптік жазаның болуы

Лауазымнан шығару, босату себептері

1.

      9. Еншілес ұйымның басшы қызметкердің (немесе басшы қызметкер
лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсыныс жасалған кандидаттың)
қаржы ұйымдарына аудит жүргізгені туралы мәліметтер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(қаржы ұйымының атауын, кандидаттың аудитор - орындаушы ретінде
аудиторлық есепке қол қойған күнін көрсету керек)

      10. Осы ұйымның және (немесе) басқа ұйымдардың директорлар
кеңесіндегі және инвестициялық комитеттердегі мүшелігі туралы
мәліметтер:

Кезең (күн, ай, жыл)

Ұйымның атауы

Лауазымы, келісу күні (егер талап етілсе)

Лауазымнан шығару, босату себептері

1.

      11. Жарияланымдары, ғылыми әзірлемелері және басқа
жетістіктері:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(иә / жоқ, бар болса күнін, қандай басылымдарда екендігін көрсету
керек)

      12. Алынбаған және өтелмеген соттылығының болуы туралы
мәліметтер (Қазақстан Республикасының резидент еместері үшін):

Күні

Сот органының атауы

Соттың тұрған жері

Жаза түрі

Кандидаттың қылмыстық жауаптылыққа тартылуына сәйкес келетін заңнамалық актінің бабы

Соттың іс жүргізуге шешім қабылдаған күні

1.

      13. Өзіне қабылдаған ақшалай міндеттемелердің орындалмау
фактілерінің болуы туралы мәліметтер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(иә / жоқ, көрсетілген фактілер бар болған жағдайда ұйымның атауын
және міндеттемелер сомасын көрсету қажет)
      14. Басшы қызметкер (немесе басшы қызметкер лауазымына
тағайындауға немесе сайлауға ұсыныс жасалған кандидаттың) бұрын қаржы
ұйымын, банктік холдингті консервациялау, акцияларын мәжбүрлеп сатып
алу туралы, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы
ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіпте банкрот деп тану туралы қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі
мемлекеттік орган шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын
мерзімде директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың (атқарушы
органның) бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері, қаржы
ұйымының ірі қатысушысы - жеке тұлға, ірі қатысушы - заңды тұлғаның
(банктік немесе сақтандыру холдингінің) бірінші басшысы болып
табылғандығы туралы мәліметтер.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(иә / жоқ, ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс кезеңін көрсету керек)
      15. Басшы қызметкерді тағайындауға (сайлауға) келісімді кері
қайтару туралы және қаржы ұйымының, холдингтің, «Сақтандыру
төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының қызметтік
міндеттерін орындаудан көрсетілетін қызметті берушіні шеттету туралы
деректердің болуы.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(иә / жоқ, ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс кезеңі, тағайындауға
(сайлауға) келісімді кері қайтару үшін негіздемелер және осындай
шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы)
      16. Қаржы ұйымының, холдингтің басшысы ретінде қаржы ұйымының,
холдингтің қызмет мәселелері бойынша сот талқылауларына жауапкер
ретінде тартылды ма:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(иә / жоқ сот талқылауындағы жауапкер қаржы ұйымының, холдингтің
атауы, қаралған мәселе және сот шешімі).
      Осы ақпаратты тексергенімді және оның анықтығы мен толықтығын
растаймын.
      Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                         (баспа әріптерімен)

Еншілес ұйымның тәуелсіз директоры лауазымына кандидат толтырады:
Мен,
_____________________________________________________________________
          (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))
_____________________________________________________________________
тәуелсіз директор лауазымына тағайындалу (сайлану) үшін «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келетінімді растаймын.

Күні _____________________________
Қолы _____________________________

«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және
(немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымын
құруына немесе иеленуіне рұқсат беру»  
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша                   

Мәліметтердің электрондық нысаны

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру
холдингі жарғылық капиталдағы қатысу үлесін немесе акцияларын
иелену арқылы еншілес ұйымды иемденетін заңды тұлға туралы
деректер

Өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі құрылтайшысы болып табылатын ЗТ-ның жарғылық капиталына қатысу үлесінің мөлшері туралы мәліметтер (%-бен)

Өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі құрылтайшысы болып табылатын ЗТ-ның жарғылық капиталына қатысу үлесін

сатып алуының бағасы (%-бен)

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі акционері болып табылатын ЗТ акцияларының саны туралы мәліметтер (данамен)

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі акционері болып табылатын ЗТ акцияларын сатып алу бағасы

(теңгемен)

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі акционері болып табылатын ЗТ сатып алған акциялары-ның орналасты-рылған акциялардың жалпы санына пайыздық арақатынасы (артықшы-лық берілген және қоғам сатып алғандарды шегергенде) (%-бен)

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) болып табылатын ЗТ қатысу үлесінің мөлшері туралы мәліметтер

(%-бен)

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) болып табылатын басқа ЗТ жарғылық капиталына қатысу үлесін сатып алу бағасы

(%-бен)

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) болып табылатын ЗТ сатып алған акцияларының саны туралы мәліметтер

(данамен

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) болып табылатын ЗТ сатып алған акциялардың сатып алу бағасы

(теңгемен)

Сатып алынған акциялардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) болып табылатын заңды тұлға сатып алып орналастырған акцияларының жалпы санына арақатынасы (артықшылық берілген және қоғам сатып алғандарды шегергенде) (%-бен)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына  
46-қосымша     

«Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы
қағаздарын шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының атына ілеспе хатпен жіберілетін Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат беру.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда нәтиже электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) айналыстағы бағалы қағаздар (борыштық бағалы қағаздар үшін) шығару шарттарын (оның iшiнде сыйақы төлеу немесе бағалы қағаздары өтеу жөнiндегi мiндеттемелерiн) дер кезінде орындамағаны немесе орындамаған фактілері болмағаны, сондай-ақ айналыстағы бағалы қағаздардың (акцияларды қоспағанда) делистинг жағдайлары болмағаны туралы ақпаратты көрсете отырып, рұқсат беру туралы еркін нысанда жасалған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті жеке деректерді жинауға және өңдеуге және ақпарат жүйелерінің құрамындағы, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім берілген өтiнiш;
      2) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында орналастыру туралы Қазақстан Республикасының резиденті ұйымының органы шешімінің көшірмесін, онда мынадай ақпарат көрсетіледі:
      резидент ұйымның толық атауы;
      эмиссиялық бағалы қағаздарын орналастыру аумағында (немесе заңнамасына сәйкес) жүзеге асырылатын мемлекеттің (мемлекеттердің) атауы немесе эмиссиялық бағалы қағаздарының орналастырылуы жүргізілетін сауда-саттық ұйымдастырушылардың атауы, оған сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздарының орналастырылуы жүргізілетін ережелер мен қағидалардың атауы;
      орналастырылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың түрі, кепілгерді көрсетумен қамтамасыз етудің және кепілдіктердің болуы мен түрі, номиналды құны немесе орналастыру бағасы және сәйкестендіру коды (бар болса);
      осы эмиссиялық бағалы қағазбен берілетін құқықтар;
      осы эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірісті есептеу және төлеу тәртібі, төлеу мерзімділігі және Қазақстан Республикасының резиденті ұйымының көзқарасы бойынша маңызды өзге де мәліметтер;
      3) Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 22-1-бабының 1-тармағы 1), 3), 4) және 5) тармақшаларының талаптарын сақтауын растайтын Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының анықтамасы;
      4) борыштық эмиссиялық бағалы қағаздарды, оның ішінде туынды бағалы қағаздарды шығару кезінде левередж шамасы есебінің қосымшасымен, облигациялар шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат алу үшін құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша қаржылық, оның ішінде шоғырландырылған есептілік;
      5) үлестік, оның ішінде туынды эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару кезінде орналастырылған үлестік бағалы қағаздары санынан үлестік бағалы қағаздардың он және одан да көп пайызының меншік иесі болып табылатын тұлғалар тізімі өзгерген кезде Қазақстан Республикасының резидент-ұйымы шығарған борыштық бағалы қағаздар ұстаушыларында осы борыштық бағалы қағаздарын мерзімінен бұрын өтеуді және (немесе) сатып алуды талап ету құқығы туындау үшін негіздеме болып табылатын бұрын Қазақстан Республикасының резидент-ұйымы шығарған бағалы қағаздар проспектілерінде талаптардың (ковенанттың) жоқ екенін растайтын құжат ұсынылады.
      Қазақстан Республикасының резидент-ұйымы Заңның 22-1-бабында және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7560 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 70 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру, депозитарлық қолхаттардың немесе Қазақстан Республикасының резидент-ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары базалық активі болып табылатын өзге бағалы қағаздардың шығарылымы туралы хабарламаны, сондай-ақ оларды орналастыру туралы есепті ұсыну қағидалары белгіленген талаптар сақталған жағдайда, эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға және орналастыруға біржолғы рұқсат алу үшін құжаттар ұсынады.
      Қазақстан Республикасы резидент-ұйымы рұқсат алуға құжаттарды ұсыну күніне шығарылымы тіркелген шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат алу үшін Қағидалардың осы тармағында көрсетілген құжаттардан басқа осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес мәліметтерді ұсынады.
      Қазақстан Республикасының резидент-ұйымы оның бастамасы бойынша немесе оның қатысуымен және базалық активі осы Қазақстан Республикасының резидент-ұйымы орналастыратын эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын туынды эмиссиялық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат алу үшін осы тармақта көрсетілген құжаттардан басқа, тиісті шешім қабылданғаннан кейін отыз күн ішінде көрсетілетін қызметті берушіге базалық активі Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының шет мемлекеттегі бағалы қағаздары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды орналастыру туралы шешім қабылдаған күндегі жағдай бойынша базалық активі болып табылатын орналастырылмаған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу жүзеге асырылатын бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесінде ашылған Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының жеке шотының жай-күйі туралы тіркеушінің анықтамасын ұсынады.
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған айналымдағы бағалы қағаздар (борыштық бағалы қағаздар үшін) шығару шарттарын (оның ішінде сыйақы төлеу немесе бағалы қағаздары өтеу жөнiндегi мiндеттемелерiн) уақтылы орындамаған немесе орындамаған, сондай-ақ айналымдағы бағалы қағаздардың (акцияларды қоспағанда) делистинг жағдайлары болмағандағы туралы ақпаратты көрсете отырып электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында, үшінші және төртінші бөлігіндегі көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Қазақстан Республикасының
резидент-ұйымының эмиссиялық
бағалы қағаздарын шет мемлекеттің
аумағында орналастыруға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына    
қосымша           

Қазақстан Республикасы резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы
қағаздарын шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат алу
үшін мәліметтер

      1. Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының ұйымдық құқықтық нысаны көрсетілген атауы.
      2. Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының және оның бағалы қағаздарының рейтингілік бағасы туралы мәліметтер.
      3. Қазақстан Республикасының резидент-ұйымы бұрын шығарған эмиссиялық бағалы қағаздардың оларды шығарған елдердегі және басқа елдердегі сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда алаңдарында айналыста болуы туралы мәліметтер (биржаның атауы, листингтің санаты, Қазақстан Республикасының резидент-ұйымы бұрын шығарған эмиссиялық бағалы қағаздардың параметрлері).
      4. Нөмірі мен тіркеу күнін көрсете отырып Қазақстан Республикасының резидент-ұйымы эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын тіркеген органның атауы.
      5. Аумағында (немесе заңнамасына сәйкес) Қазақстан Республикасының резидент-ұйымы эмиссиялық бағалы қағаздардың орналастырылуы жүзеге асырылатын мемлекеттің (мемлекеттердің) атауы.
      6. Қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымы жүргізілген және орналастырылуы жүргізілетін сауда-саттықты ұйымдастырушылардың атауы.
      7. Соған сәйкес Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздардың орналастырылуы жүргізілетін ережелер мен қағидалардың атауы.
      8. Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздардың түрі.
      9. Сәйкестендіру коды (бар болса).
      10. Шығарылым валютасы және нысаны.
      11. Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының жалпы көлемі, номиналды құны (бар болса).
      12. Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыру құнын айқындау шарттары айналысқа жіберу және орналастыру мерзімі.
      13. Осы Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары ұсынатын құқықтары.
      14. Қамтамасыз етілген Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары бойынша қамтамасыз етудің түрін көрсету қажет (эмитенттің міндеттемесі қамтамасыз етілген эмитенттің кепіл мүлігі, кепілгерді көрсете отырып үшінші тұлғалардың кепілдіктері).
      15. Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары бойынша сыйақыны есептеу және төлеу тәртібі, облигацияларды ұстаушылар өкілінің, төлем агентінің болуы, төлемнің мөлшері және мерзімділігі, сондай-ақ облигацияны ұстаушылар өздеріне тиесілі сыйақыны алатын мекенжайлар, облигацияны өтеу тәртібі, оларды болжамды өтеу мерзімі.
      16. Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушыларға эмитенттің қаржылық есептілігін ұсыну тәртібі.
      17. Инвесторлар үшін маңызды болып табылатын өзге де мәліметтер (осы Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы бойынша міндеттемелерді өзіне алатын тұлғаны көрсетумен эмитентті көрсету мүмкіндігі, кіріс қандай валютада төленеді, осы Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелер жүргізуге қойылған шектеулері бар Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірістерді төлеу туралы мәліметтер).
      18. Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылым талаптары туралы ақпаратты алуға арналған мекенжайлар, дереккөздер, байланыс деректемелері.

Резидент-ұйымның
басшысы (басшының орынбасары)                       (қолы)

      Бірінші басшысы (ол болмаған кезде құжаттарға қол қойған адам) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған құжаттардағы ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі 
№ 71 қаулысына    
47-қосымша       

«Шет мемлекеттің аумағындағы Қазақстан Республикасының
резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шығаруға рұқсат
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Шет мемлекеттің аумағындағы Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шығаруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының атына ілеспе хатпен жіберілетін эмиссиялық бағалы қағаздарын шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес шығаруға рұқсат беру.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда нәтиже электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру кестесі – 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен 9.00-ден 17.30-ға дейін;
      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      Қазақстан Республикасының резидент-ұйымы шет мемлекеттiң аумағында Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының органы тиiстi шешiмдi қабылдағаннан кейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде мыналар:
      1) айналыстағы бағалы қағаздар (борыштық бағалы қағаздар үшін) шығару талаптарын (оның iшiнде сыйақы төлеу немесе бағалы қағаздары өтеу жөнiндегi мiндеттемелерiн) дер кезінде орындамағаны немесе орындамаған фактілері болмағаны, сондай-ақ айналыстағы бағалы қағаздардың (акцияларды қоспағанда) делистинг жағдайлары болмағаны туралы ақпаратты көрсете отырып, Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында шығаруға рұқсат беру туралы еркiн нысанда жасалған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті жеке деректерді жинауға және өңдеуге және ақпарат жүйелерінің құрамындағы, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім берілген өтiнiш;
      2) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығару туралы Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының органы шешімінің көшірмесін, онда мынадай ақпарат көрсетіледі:
      резидент ұйымның толық атауы;
      эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару аумағында (немесе заңнамасына сәйкес) жүзеге асырылатын мемлекеттің (мемлекеттердің) атауы немесе эмиссиялық бағалы қағаздарының шығарылуы және орналастырылуы жүргізілетін сауда-саттық ұйымдастырушылардың атауы, оған сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздарының шығарылуы жүргізілетін ережелер мен қағидалардың атауы;
      шығарылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың түрі, кепілгері көрсетілген қамтамасыз етудің және кепілдіктердің болуы және оның түрі, номиналды құны немесе орналастыру бағасы және сәйкестендіру коды (бар болса);
      шығарылымның болжанған көлемі және валютасы;
      осы эмиссиялық бағалы қағазбен берілетін құқықтар;
      осы эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірісті есептеу және төлеу тәртібі, төлеу мерзімділігі және Қазақстан Республикасы резиденті ұйымының көзқарасы бойынша маңызды өзге де мәліметтер;
      3) Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 22-1-бабының 1-тармағы 1), 3), 4) және 5) тармақшаларының талаптарын сақтауын растайтын Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының анықтамасын;
      4) борыштық эмиссиялық бағалы қағаздарды, оның ішінде туынды бағалы қағаздарды шығару кезінде облигациялар шығаруға рұқсат алу үшін құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша левередж шамасының есебі қоса берілген қаржылық, оның ішінде шоғырландырылған есептілікті;
      5) үлестік, оның ішінде туынды эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару кезінде орналастырылған үлестік бағалы қағаздары санынан үлестік бағалы қағаздардың он және одан да көп пайызының меншік иесі болып табылатын тұлғалар тізімі өзгерген кезде Қазақстан Республикасының резидент-ұйымы шығарған борыштық бағалы қағаздар ұстаушыларында осы борыштық бағалы қағаздарын мерзімінен бұрын өтеуді және (немесе) сатып алуды талап ету құқығы туындау үшін негіздеме болып табылатын бұрын Қазақстан Республикасының резидент-ұйымы шығарған бағалы қағаздар проспектілерінде талаптардың (ковенанттың) жоқ екенін растайтын құжатты ұсынады.
      Қазақстан Республикасының резидент-ұйымы Заңның 22-1-бабында және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7560 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 70 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы резидент ұйымның эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру, депозитарлық қолхаттардың немесе Қазақстан Республикасы резиденті ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары базалық активі болып табылатын өзге бағалы қағаздардың шығарылымы туралы хабарламаны, сондай-ақ оларды орналастыру туралы есепті ұсыну қағидалары белгіленген талаптар сақталған жағдайда, бір мезгілде эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға және орналастыруға рұқсат алу үшін құжаттар ұсынады.
      Қазақстан Республикасының резидент-ұйымы оның бастамасы бойынша немесе оның қатысуымен және базалық активі осы Қазақстан Республикасының резидент-ұйымы орналастыратын эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын туынды эмиссиялық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында шығаруға рұқсат алу үшін осы тармақта көрсетілген құжаттардан басқа, тиісті шешім қабылданғаннан кейін отыз күн ішінде көрсетілетін қызметті берушіге базалық активі Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының шет мемлекеттегі бағалы қағаздары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды орналастыру туралы шешім қабылдаған күндегі жағдай бойынша базалық активі болып табылатын орналастырылмаған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алуы жүзеге асырылатын бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесінде ашылған Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының жеке шотының жай-күйі туралы тіркеушінің анықтамасын ұсынады.
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында, үшінші бөлігіндегі көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына   
48-қосымша     

«Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыруға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде:
      лицензия берген кезде – күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде;
      лицензияны қайта ресімдеген кезде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      көрсетілетін қызметті алушыны бөліну немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырған жағдайда лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей;
      лицензияның телнұсқаларын берген кезде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, телнұсқаларын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда лицензия электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді:
      1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 40 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен көп емес;
      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 пайызы болады.
      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      Лицензияны алуға немесе қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын портал арқылы алуға электрондық сұрау салған жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      лицензия алу үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша лицензия беру туралы өтініш;
      2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) белгіленген тәртіппен мемлекеттік тiркеуден өткен құрылтай құжаттарының көшiрмелерi;
      4) кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыру жөніндегі бизнес-жоспар;
      5) растайтын құжаттарды қоса бере отырып, «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес жасалған кредиттік бюроның кредиттік тарихтардың деректер қорын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау мен олардың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы акті.
      Кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыру жөніндегі бизнес-жоспарда:
      1) кредиттік бюро қызметінің сипаттамасы;
      2) кредиттік тарихтарды қалыптастыру бойынша ақпараттық процестерді ұйымдастырудың тәртібі мен мерзімдері;
      3) баға саясаты және кредиттік есептерге тарифтерді есептеу тәртібі;
      4) кірістер мен шығыстар туралы таяудағы үш жылға арналған болжам;
      5) кредиттік бюроның қызметін дамытудың перспективалық жоспарлары қамтылуға тиісті.
      Көрсетілетін қызметті алушы өтініште көрсетілген мекенжайы өзгерген, сондай-ақ құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда, өзгерістер мен толықтыруларды көрсетілетін қызметті берушіге олар енгізілген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде табыс етеді.
      Лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса):
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
      Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылатын құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылатын құжаттардың көшірмелері.
      Порталда:
      лицензия алу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
      3) электрондық сұрау салуға қоса тіркелетін, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4) және 5) тармақшаларында (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде), төртінші бөлігінің 1), 2), 3), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) және 4) мен 10) тармақшаларында (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2 және 3-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша мәліметтердің электрондық нысаны түрінде) көрсетілген құжаттар.
      Лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса):
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).
      Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
      2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
      3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылатын құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылатын құжаттардың көшірмелері (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде).
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      10. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес субъектiлердiң осы санаты үшін тыйым салынған белгілі бір қызмет түрі жүзеге асырылуы;
      2) мынадай талаптар сақталмағанда:
      кредиттiк бюролар өз қызметiнде мынадай ұйымдастыру, техникалық шаралардың және технологиялық талаптарын:
      ақпараттық жүйелерді, кредиттік тарихтың деректер базасын және өзге де құжаттарды қауiпсiз орналастыру мен пайдалануға арналған техникалық және өзге де үй-жайлардың болуы;
      кредиттік тарихтың деректер базасын орналастыруға арналған ақпараттық жүйелердi және аталған ақпараттық жүйелерді қорғау құралдарын қалыптастыру мен пайдалану кезiнде сертификатталған жабдықты және бағдарламалық қамтамасыз етудi қолдану;
      ақпарат берушілермен және кредиттік есептердi алушылармен жасалатын шарттарда кредиттiк тарихтың деректер базасын жасау үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді және аталған ақпараттық жүйелердi қорғау құралдарын қалыптастыру мен пайдалану кезiнде қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етудi қорғау жөнiндегі ұйымдастырушылық, техникалық шараларды және технологиялық талаптарды бiрлесiп iске асырудың мiндеттілiгi туралы талаптардың болуын қамтамасыз ету талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге;
      кредиттік тарих субъектісі ақпаратының резервтік көшірмелерін сақтау үшін кредиттік бюро орналасқан қаладан тысқары жердегі резервтік сервердің болуын қамтамасыз етуге міндетті;
      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттар пакетін ұсынбауы;
      4) егер көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметтің аталған түрiмен айналысуына тыйым салатын сот шешімі бар болуы;
      5) қызмет түріне лицензия алуға өтініш берген жағдайда қызметтің жеке түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым енгізілмеуі;
      6) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
      7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
      8) сот орындаушысының ұйғарымы негізінде көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге соттың лицензия беруге уақытша тыйым салуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Кредиттік бюро қызметін
жүзеге асыруға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына   
1-қосымша       

Нысан

___________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
__________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының
толық атауы)

Өтініш

Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын.

      Тұтынушы туралы мәліметтер:
      1. Көрсетілетін қызметті алушы орналасқан жері (заңды/нақты
мекенжайы) __________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің нөмірі, немесе бизнес
сәйкестендіру нөмірі, кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы мемлекеттік
жіктегішінің коды)
_____________________________________________________________________
                            (телефон, факс).
      2. Кредиттік бюроның бірінші басшысы және бас бухгалтері туралы
мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туылған күні,
байланыс телефондарының нөмірлері);
      3. Кредиттік бюроның акционерлері (құрылтайшылары,
қатысушылары) туралы мәліметтер: заңды тұлғалар үшін - толық атауы,
мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер, жарғылық
капиталының мөлшері, жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, әкесінің аты (ол
болған кезде), туған күні мен жылы);
      4. Төлем тапсырмалары, кассалық кіріс ордерлері толық төлегенін
растайтын құжаттардың деректемелері көрсетілген жарғылық капиталдың
мөлшері (акционерлік қоғам ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы
заңды тұлғаларды қоспағанда);
      5. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы
куәліктің нөмірі мен күні (заңды тұлғалар үшін акционерлік қоғамының
ұйымдастырушылық құқықтық нысанында) ________________________________
_____________________________________________________________________
      6. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, даналар саны және әр
қайсысы бойынша парақтар саны: ______________________________________
_____________________________________________________________________
      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қоса берілген құжаттардың
(ақпараттың) дұрыстығына толығымен жауапты болады.
      Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), көрсетілетін
қызметті алушының өтініш беруге өкілетті тұлғаның лауазымы __________
_____________________________________________________________________
      «Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта
ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін
көрсету үшін қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім
беремін.
      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.
_____________________________________________________________________
        (қолы)

20____жылғы «______» _____________

Мөр орны
(ол болған кезде)

«Кредиттік бюро қызметін жүзеге
асыруға лицензия беру» 
мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына   
2-қосымша       

мәліметтердің электрондық нысаны

Ақпараттық жүйелерді қауіпсіз орналастыру және пайдалану үшін
техникалық және өзге де үй-жайлардың бар екендігін растайтын
құжаттар (үй-жайды жалдау шартының немесе алып отырған
үй-жайдың меншік құқығын растайтын құжаттың көшірмесі)

р/с №

Құжаттың атауы

Құжаттың нөмірі

Құжаттың күні

Жалға берушінің атауы

1

2

3

4

5

«Кредиттік бюро қызметін
жүзеге асыруға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына  
3-қосымша        

мәліметтердің электрондық нысаны

Электрондық хабарларды берудің және алудың регламенттелген
рәсімдерінің бар екендігі туралы ақпаратты қамтитын құжат

р/с №

Құжаттың атауы

Құжаттың нөмірі

Құжаттың күні

1

2

3

4

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына   
49-қосымша      

«Банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың жарғылық
капиталына елеулі қатысуына рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталына елеулі қатысуына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін жіберу:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – 3 (үш) ай ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталына елеулі қатысуына рұқсат беру туралы хатты не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының тиісті қаулысының көшірмелерін қоса бере отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталына елеулі қатысуына рұқсат алуға арналған өтініш;
      2) банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымның жарғылық капиталына елеулі қатысу туралы шешімі;
      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлер лауазымдарына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттар) туралы ақпарат;
      4) бизнес-жоспарды ұсына отырып, банк және (немесе) банк холдингі елеулі қатысуды иеленуге ниетті ұйым қызметінің түрі немесе түрлері туралы ақпарат;
      5) банк және (немесе) банк холдингі елеулі қатысуды иеленуге ниетті ұйым орналасқан елдің заңнамасын талдау негізінде Қазақстан Республикасының резиденті емес банк конгломератына қатысушылар орналасқан елдердің заңнамасы олардың және банк конгломератының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген талаптарды орындау мүмкіндігінің болмауына байланысты банк конгломератына шоғырландырылған қадағалауды жүргізу мүмкіндігінің болмауын көздейтін мән-жайлардың жоқ екендігі туралы ақпарат;
      6) банк және (немесе) банк холдингі елеулі қатысуды иеленуге ниетті ұйымның жарғылық капиталына банктің және (немесе) банк холдингінің қатысу үлесі мен сомасы, сондай-ақ ол сатып алатын акциялардың саны және акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) алдын ала төлем мөлшері туралы ақпарат;
      7) банк және (немесе) банк холдингі елеулі қатысуды иеленуге ниетті ұйымның жарғылық капиталының мөлшері туралы (егер мұндай ақпарат аудиторлық есепте қамтылмаса), сондай-ақ банктің және (немесе) банк холдингінің жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе банк және (немесе) банк холдингі елеулі қатысуды иеленуге ниетті ұйым акцияларының саны туралы, ұйымның жарғылық капиталына елеулі қатысуды иеленудің талаптары мен тәртібі жөніндегі ақпарат;
      8) банк және (немесе) банк холдингі жарғылық капиталға қатысу үлесін немесе акцияларын сатып алу арқылы елеулі қатысуды иемденетін заңды тұлға туралы:
      заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жерін;
      банк және (немесе) банк холдингі құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталына банктің және (немесе) банк холдингінің қатысу үлесінің мөлшері, оны сатып алу бағасы туралы мәліметті;
      банк және (немесе) банк холдингі акционері болып табылатын заңды тұлғаның акциялар саны, оларды сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметті;
      заңды тұлғаның (банк және (немесе) банк холдингі құрылтайшысы, қатысушысы, акционері болған) қатысу үлесінің мөлшері, басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталынан оны сатып алу бағасы туралы мәліметті;
      банк және (немесе) банк холдингі акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) болып табылатын заңды тұлға сатып алған акциялардың саны, сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметті қамтитын деректер. Бұл талаптар банк және (немесе) банк холдингі бірнеше заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алу арқылы елеулі қатысатын жағдайларға қолданылады.
      Банк және (немесе) банк холдингі Қазақстан Республикасының резидент банкінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының капиталына елеулі қатысуға рұқсат алу үшін өтініш берген жағдайда осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) электрондық сұрау салуға қоса тіркелетін, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) және 8) тармақшасында (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәліметтердің электрондық нысаны түрінде) көрсетілген құжаттар.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      10. Мыналар:
      1) рұқсат алуға қажетті құжаттарды табыс етпегенде;
      2) құрылатын немесе сатып алынатын еншілес ұйым орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнамасының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген шоғырландырылған қадағалау жөніндегі талаптарға сәйкес келмегенде;
      3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлерінің (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидаттардың) талаптарына сай келмесе:
      мыналар басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды:
      мінсіз іскерлік беделі жоқ;
      көрсетілетін қызметті берушінің қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымы директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқармасының бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері, ірі қатысушысы (банк холдингі)-жеке тұлғасы, ірі қатысушысы-заңды тұлғасының бірінші басшысы болған адамдар. Аталған талап көрсетілетін қызметті берушінің қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымының лицензиясын кері қайтарып алу туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі қабылданғаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;
      өзге қаржылық ұйымда басшы қызметкер лауазымында болған кезеңінде оны басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам басқа қаржы ұйымының басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім кері қайтарып алу туралы шешімді қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады.
      4) банктің және (немесе) банк холдингінің болжанып отырған еншілес ұйымдарының болуы нәтижесінде құрамына банк және (немесе) банк холдингі кіретін банк конгломератының пруденциялық нормативтерді сақтамауы;
      5) еншілес ұйымның қызметі немесе банк және (немесе) банк холдингі жоспарлаған инвестициялар салдарынан банктің, банк холдингінің және (немесе) банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауы көзделетін қаржылық салдарды талдау;
      6) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын табыс етілген құжаттардың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сәйкес келмеуі;
      7) еншілес ұйым орналасқан елдің заңнамасында көзделген жағдайларда еншілес ұйымның белгіленген пруденциялық нормативтерді, сондай-ақ банктің және (немесе) банк холдингінің пруденциялық нормативтерді сақтамауы, оның ішінде шоғырландырылған негізде сақтамауы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкке рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде басқа да сақталуға міндетті нормативтер мен лимиттерді сақтамауы;
      8) өтініш берілген күнге және құжаттарды қарау кезеңінде ықпал етудің қолданыстағы шектелген шарасының және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінінің банкке және (немесе) банк холдингіне және (немесе) сатып алу көзделген еншілес ұйымға қатысты қолданған санкциясының болуы;
      9) банк және (немесе) банк холдингі еншілес ұйымды - Қазақстан Республикасының резиденттері банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, инвестициялық портфельді басқарушыны құрған немесе иемденген жағдайларда, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңында, Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында көзделген Қазақстан Республикасының резиденттері банк немесе сақтандыру холдингі, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беруге қатысты талаптарды сақтамауы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы:8-800-080-7777, 1414.

«Банктің және (немесе) банк холдингінің
ұйымдардың жарғылық капиталына
елеулі қатысуына рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына        
1-қосымша         

нысан

______ жылғы «_____»____________ №________

Банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың жарғылық
капиталына елеулі қатысуына рұқсат беруге
өтініш
_____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының атауы)

_____ жылғы «____» _______________ № ____ көрсетілетін қызметті
берушінің шешіміне сәйкес ___________________________________________
                                  (өткізу орны)
құруына немесе иеленуге рұқсат беруіңізді сұрайды.
_____________________________________________________________________
(құрылатын (иеленетін) еншілес ұйымның атауы, орналасқан орны)
      Банк өтінішке қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дұрыс
болуына, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұратып алынған
қосымша ақпарат пен құжаттардың көрсетілетін қызметті берушіге дер
кезінде берілуіне толығымен жауап береді.
      Қоса берілген құжаттар (жіберілген құжаттардың атауымен
тізбесін, әрқайсысы бойынша дана және парақ санын көрсету керек)_____
____________________________________________________________________.
      «Банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың жарғылық
капиталына елеулі қатысуына рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету
үшін қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім
беремін.
      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.
      Басқарманың төрағасы
________________________________________ ____________________________
                (қолы)
Директорлар кеңесінің төрағасы ________________ мөр (ол болған кезде)
                                   (қолы)

«Банктің және (немесе) банк холдингінің
ұйымдардың жарғылық капиталына  
елеулі қатысуына рұқсат беру»   
мемлекеттік көрсетілетін қызмет  
стандартына           
2-қосымша           

Банктің және (немесе) банк холдингінің елеулі қатысуы бар
ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлер
лауазымдарына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын
кандидаттар) туралы ақпарат

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) __________________
      2. Азаматтығы _________________________________________________
      3. Жеке басын растайтын құжаттың деректері ____________________
_____________________________________________________________________
      4. Жұмыс орны (орындары), лауазымы (лауазымдары) ______________
_____________________________________________________________________
      5. Заңды мекенжайы, тұрғылықты жері, жұмыс орнының
(орындарының) мекенжайы, байланыс телефоны___________________________
_____________________________________________________________________
      6. Білімі (біліктілігін арттыру курстарын қоса):

Түскен күні - аяқтаған күні

Оқу орнының атауы

Мамандығы

      7. Еңбек қызметі туралы қысқаша түйіндемесі:

Еңбек ету кезеңi

Жұмыс орны

Лауазымы

      8. Заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған
соттылығы туралы мәліметтер:

Күні

Соттың атауы

Соттың тұрған жері

Жаза түрі

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы

Соттың шешім қабылдаған күні

      9. Банк қызметімен байланысты құқық бұзушылықтары үшін
әкімшілік жауапкершілікке тартылуы туралы мәліметтер:

Күні

Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдаған орган

Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдаған органның тұрған жерi

Әкімшілік жазаның түрі

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бабы

Шешім қабылданған күн

Осы өтініштегі ақпаратты тексергенімді және оның дұрыс әрі толық
екенін растаймын.
      Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) _____________________
                                                 (баспа әріптермен)

      Күні _____________________________
      Қолы _____________________________

«Банктің және (немесе) банк
холдингінің ұйымдардың жарғылық
капиталына елеулі қатысуына
рұқсат беру» мемлекеттік 
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша         

мәліметтердің электрондық нысаны

Банк және (немесе) банк холдингі жарғылық капиталына қатысу
үлесін немесе акцияларын иелену арқылы еншілес ұйымын иеленетін
заңды тұлға туралы деректер

Заңды тұлғаның меншік нысаны

ЗТ ҚР резиденті болып табыла ма

БСН

ЗТ атауы

Ел/Облыс/Қала/

Аудан/Елдімекен

Көшенің атауы

Үйдің/үй-жайдың нөмірі

Үйдің индексі

Пәтердің/офистің нөмірі

Банктің ЗТ жарғылық капиталына қатысу үлесінің мөлшері туралы мәліметтер банктің және (немесе) банк холдингінің заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесінің мөлшері туралы мәліметтер

Құрылтайшысы банк және (немесе) банк холдингі болып табылатын қатысу үлесі, иелену бағасы туралы мәліметтер

Акционері банк және (немесе) банк холдингі болып табылатын заңды тұлға акцияларының саны туралы мәліметтер

Акционері банк және (немесе) банк холдингі болып табылатын заңды тұлғаның орналастырылған акцияларының (артықшылық берілген және қоғам сатып алғандарын шегергенде) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтер

Құрылтайшысы, қатысушысы, акционері банк және (немесе) банк холдингі болып табылатын заңды тұлғаның қатысу үлесінің мөлшері туралы мәліметтер

Басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы иелену бағасы, акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) банк және (немесе) банк холдингі болып табылатын заңды тұлғаның қатысу үлесінің мөлшері туралы мәліметтер

Акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) банк және (немесе) банк холдингі болып табылатын заңды тұлға иеленген акциялар саны туралы мәліметтер

Акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) банк және (немесе) банк холдингі болып табылатын заңды тұлға иеленген акцияларды иелену бағасы туралы мәліметтер

Акциялардың орналастырылған акциялардың (артықшылық берілген және қоғам сатып алғандарын шегергенде) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына   
50-қосымша      

«Банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – 2 (екі) ай ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының тиісті қаулысының көшірмесін қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы хатты жіберу не мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банкті ерiктi түрде таратуға рұқсат алуға қолдаухат;
      2) таратудың себептерін міндетті түрде көрсете отырып, акционерлердің жалпы жиналысының банкті ерікті тарату туралы шешімі;
      3) жеке тұлғалардың депозиттерін аударым жасау туралы шарттың көшірмесі және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке беретін жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актісі;
      4) акционерлердің жалпы жиналысында бекітілген өзінің қызметін (таратудың негізгі іс-шаралар жоспары) тоқтату мерзімі мен дайындық кезеңдері көрсетілген іс-шаралар тізбесі;
      5) өз міндеттемелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін банк қаражатының жеткіліктілігін куәландыратын, соңғы есеп беру күніне жасалған баланстық есеп;
      6) банктерді аудиттен өткізу құқығын беретін тәуелсіз аудиторлық ұйым куәландырған банк активтерінің құнын бағалау жөніндегі есеп;
      7) тарату комиссиясына мүшелікке кандидаттардың, оның ішінде банктердің филиалдарында және (немесе) өкілдіктерінде нысан бойынша, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес құрылатын бөлімшелердің тізімі және басқа да қажетті мәліметтер.
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) электрондық сұрау салуға қоса тіркелетін, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) және 7) тармақшасында (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәліметтердің электрондық нысаны түрінде) көрсетілген құжаттар.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      10. Мыналар:
      1) ұсынылған құжаттардың толық болмауы немесе тиісінше ресімделмеуі;
      2) өз міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін банк қаражатының жеткілікті болмауы;
      3) жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлеу арқылы қайтару не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын басқа банкке аудару жөніндегі іс-шараларды қабылдамауымемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Шағымда:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресмиинтернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Банкті ерікті түрде таратуға
рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына     
1-қосымша          

Нысан

_____ жылғы «____» __________
№_________

Қазақстан Республикасы 
Ұлттық Банкінің Төрағасына

Банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беруге
қолдаухат

_______________________________________________________________
          (көрсетілетін қызметті алушының атауы)
банк акционерлерінің жалпы жиналысының ________ жылғы
«_____»_________________ №_______ шешіміне сәйкес ___________________
____________________________________________________________________,
                         (өткен орны)
банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беруді өтінеді.
      Банк өзінің барлық кредиторларының талаптарын толық көлемде
қанағаттандыруға міндеттенеді.
      Банк қолдаухатқа қоса берілген құжаттар мен ақпараттардың
дәйектілігіне, сондай-ақ уәкілетті органға қолдаухатты қарауға
байланысты сұрау салған қосымша ақпараттар мен құжаттарды дер кезінде
беруге толық жауап береді.
      Қоса беріліп отырған құжаттар (жіберіліп отырған құжаттардың
аттары аталған тізбесі, даналар саны және әрбірі бойынша беттері
көрсетілсін):________________________________________________________
      «Банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін
көрсету үшін қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім
беремін.
      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.

      Банк акционерлері атынан уәкілетті тұлға
      _________________________ мөр (ол болған кезде)
            (қолы)

«Банкті ерікті түрде таратуға  
рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына       
1-қосымша         

Мәліметтердің электрондық нысаны

Филиалдарда және (немесе) өкілдіктерде құрылатын тарату
комиссиясына, оның ішінде оның бөлімшелеріне мүшелікке
үміткерлердің тізімі

р/с №

Үміткердің аты-жөні, әкесінің аты (ол болған кезде)

Үміткердің жұмыс орны

Үміткердің лауазымы

Үміткердің туылған күні

Білімі туралы деректер (оқу орнының атауы, біліктілігі, оқыған кезеңі)

Жұмыс тәжірибесі

Нақты тұратын мекенжайы

Үміткердің байланыс телефоны

Үміткердің

ЖСН

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына   
51-қосымша     

«Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын
қайта ұйымдастыруға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – 3 (үш) ай ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының тиісті қаулысының көшірмелерін қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы хатты беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жөніндегі дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
      1) қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат алу туралы қолдаухат уәкілетті органға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі, көрсетілетін қызметті алушылардың бірінші басшылары не олар болмаған жағдайда олардың орнындағы адамдар оған қол қояды және көрсетілетін қызметті алушылардың мөрлерімен (ол болған кезде) расталады.
      2) көрсетілетін қызметті алушы акционерлерi жалпы жиналысының оны қайта ұйымдастыру туралы шешiмi;
      3) көрсетілетін қызметті алушының қайта ұйымдастырудың болжамды шарттарын, тәртібі мен мерзiмдерiн белгілейтін құжат;
      4) көрсетілетін қызметті алушының оны қайта ұйымдастырғаннан кейiнгi есептiк балансын қоса алғанда, қайта ұйымдастыру салдарының қаржылық болжамы қоса беріледi.
      Қосылу жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушы, қосылатын көрсетілетін қызметті алушы (қосылатын көрсетілетін қызметті алушылар) қайта ұйымдастыруға рұқсат алу үшін қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат алу туралы қолдаухатпен бірге уәкілетті органға мыналарды ұсынады:
      1) қосылу жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушы акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі, қосылу жүзеге асырылатын Қор және қосылатын көрсетілетін қызметті алушы (қосылатын көрсетілетін қызметті алушылар) акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысының шешімі, сондай-ақ қосылатын көрсетілетін қызметті алушы (қосылатын көрсетілетін қызметті алушылар) акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі;
      Қосылу жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушы және қосылатын көрсетілетін қызметті алушы (қосылатын көрсетілетін қызметті алушылар) акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысы шешімінде қосылу нысанында қайта ұйымдастыруға қатысатын әрбір көрсетілетін қызметті алушының атауы, орналасқан жері, қосылатын көрсетілетін қызметті алушының (қосылатын көрсетілетін қызметті алушылардың) акцияларын сату бағасы, қосылу жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушының акцияларын орналастыру (сату) бағасы туралы мәліметтер, қосылудың өзге талаптары мен тәртібі қамтылады;
      2) қосылу жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушының және қосылатын көрсетілетін қызметті алушының (қосылатын көрсетілетін қызметті алушылардың) қайта ұйымдастыруы болжанған талаптарын, тәртібін және мерзімдерін белгілейтін құжаттар (бұдан әрі – қайта ұйымдастыру жоспары);
      Қайта ұйымдастыру жоспарына мыналар кіреді:
      қайта ұйымдастыруды жүргізудің негіздемелері;
      көрсетілетін қызметті алушылардың ерікті зейнетақы жарналары және меншікті активтері есебінен зейнетақымен қамсыздандыру шарттары бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың зейнетақы активтеріне қатысты әрекет ету тәртібін сипаттауды қоса алғанда, қайта ұйымдастыруды жүргізу жөніндегі іс-шаралар;
      қайта ұйымдастыруға байланысты іс-шараларды аяқтау мерзімі;
      қосылатын көрсетілетін қызметті алушы (қосылатын көрсетілетін қызметті алушылар) салымшыларының (алушыларының) құрылымын ескере отырып, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтерін төлеу және аудару бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету шаралары туралы мәліметтер;
      қайта ұйымдастырылатын көрсетілетін қызметті алушының пруденциялық нормативтерді орындауын қамтамасыз ету шаралары туралы мәліметтер;
      қосылу жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушының бағдарламалық-техникалық құралдарының және автоматтандырылған ақпарат жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету шаралары туралы мәліметтер;
      қайта ұйымдастырудың ерекшеліктерін көрсететін өзге де ақпарат.
      3) қосылу жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушының қайта ұйымдастыру рәсімі аяқталғаннан кейінгі есептік бухгалтерлік балансын қоса алғанда, қайта ұйымдастыру салдарларының қаржылық болжамы.
      Қайта ұйымдастыру салдарларының қаржылық болжамы қосылу жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушының қайта ұйымдастырудан кейінгі мынадай көрсеткіштерінің қысқа мерзімді, орташа мерзімді және ұзақ мерзімді талдауларын қамтиды:
      қаржылық есептер негізінде меншікті активтерге және меншікті капиталға қатысты тиімділік көрсеткіштерінің қайта ұйымдастыру рәсімі аяқталғаннан кейінгі талдауы;
      ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтерінің мөлшері бойынша қайта ұйымдастыру рәсімі аяқталғаннан кейінгі болжам;
      салалар, валюталар, қаржы құралдарының түрлері, өтеуге дейінгі мерзімдері бөлігіндегі зейнетақы активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфель құрылымы бойынша қайта ұйымдастыру рәсімі аяқталғаннан кейінгі болжам;
      ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтерінің шартты бірлігі құнының қайта ұйымдастыру рәсімі аяқталғаннан кейінгі өзгеру болжамы.
      Заңды тұлғаның қосылуы жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушыны қайта ұйымдастыруға рұқсат алу үшін қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішхатпен бірге көрсетілетін қызметті берушіге осы тармақтың бірінші бөлігі 1-тармақшасындағы талаптарға сәйкес ресімделген мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) қосылу жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушы акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі, қосылу жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушы және қосылатын заңды тұлға акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысының шешімі, сондай-ақ қосылатын заңды тұлға акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі;
      2) қосылу жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушының және заңды тұлғаның қайта ұйымдастыру жоспары;
      3) көрсетілетін қызметті алушының қайта ұйымдастырудан кейінгі есептік бухгалтерлік балансын қоса алғанда, қайта ұйымдастыру салдарларының қаржылық болжамы.
      Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген құжаттар қосылу жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушыға қойылатын осы тармақтың үшінші бөлігінің талаптарына сәйкес ресімделеді.
      Осы тармақта атап көрсетілген, бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленген, тігілген және соңғы парақтың артқы жағында көрсетілетін қызметті алушы (көрсетілетін қызметті алушылар) мөрімен (ол болған кезде) расталған түрде, ішінара жапсырма қағаздың үстінде тігіс түйінінде желімделіп, тігілген парақтар санын көрсете отырып беріледі.
      Құжаттардың көшірмелері көрсетілетін қызметті алушының (көрсетілетін қызметті алушылардың) осындай құжаттарға қол қою құқығы бар лауазымды тұлғаларының қолдарымен және көрсетілетін қызметті алушы мөрімен (көрсетілетін қызметті алушылар мөрлерімен) (ол болған кезде) расталады.
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ расталған электрондық құжат нысанындағы сұрату;
      2) электрондық сұратуға тіркелетін құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының-тармағының бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында, екінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында, үшінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      10. Мыналар:
      1) болжанып отырған қайта ұйымдастырудың нәтижесінде салымшылар (алушылар) мүддесiнің бұзылуы;
      2) болжанып отырған қайта ұйымдастырудың нәтижесінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы талаптарының бұзылуы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің қайта ұйымдастыруға рұқсатын алу үшін ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми  интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын
қайта ұйымдастыруға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін   
қызмет стандартына       
қосымша             

Нысан

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің 
Төрағасына   

Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын
қайта ұйымдастыруға рұқсат алу туралы
қолдаухат
_____________________________________________________________________
(Қордың атауы)
_____________________________________________________________________
(өткен орны)

      Қор акционерлерінің жалпы жиналысының _______ жылғы «___» ______ № _____ шешіміне сәйкес ______________________________________
____________________________________________________________________
                (қайта ұйымдастырылатын Қордың атауы)
Қорды қайта ұйымдастыруға рұқсат беруді сұрайды.
      Қор қолдаухатқа қоса берілген құжаттар мен ақпараттардың
дұрыстығына, сондай-ақ қолдаухатты қарауға байланысты сұрау салған
қосымша ақпараттар мен құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге дер
кезінде беруге толық жауап береді.
      Қоса беріліп отырған құжаттар (жіберілген құжаттардың аттары
аталған тізбесі, даналарының және әрқайсысы бойынша парақтарының саны
көрсетілсін): ______________________________________________________.
      «Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат
беру» мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті дербес деректерімді
жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын
құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
      Қордың бірінші басшысы (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
кезде), аталған өкілеттікті алуға негіз болатын құжатқа сілтеме).

      _________________________
              (қолы)                          мөр (ол болған кезде)

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына   
52-қосымша     

«Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – 3 (үш) ай ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының атына ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті таратуға рұқсат беру туралы хатты жіберу.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 3.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат алу туралы қолдаухат;
      2) акционерлердің жалпы жиналысының көрсетілетін қызметті алушыны ерікті түрде тарату туралы шешімі;
      3) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көзделген міндеттемелерінің жоқтығын растайтын құжат;
      4) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көзделген міндеттемелердің жоқтығын куәландыратын бухгалтерлік баланс және оған берілетін түсіндірме жазба.
      Қызметті алушының бухгалтерлік балансына берілген түсіндірме жазбада кредиторлық берешек сомаларын және олардың пайда болу негіздемелерін көрсете отырып, қызметті алушының кредиторлары (олар бар болса) туралы ақпарат жария етіледі.
      Бухгалтерлік баланс және оған берілетін түсіндірме жазба қолдаухат жіберілген күннің алдындағы күнге жасалады;
      5) қызметті алушының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкінің, қызметті алушының кастодиан банкінің бірінші басшысы және қызметті алушының инвестициялық портфелін басқарушы (ол болған кезде) немесе олардың орындарындағы адамдар қол қойған, аталған ұйымдардың мөрлерімен расталған ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша қызметті алушының зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-өткізу актісі;
      6) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияның және бағалы қағаздар нарығында қызметтің басқа түрлерін жүзеге асыруға берілген лицензияның негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша міндеттемелердің және қолданыстағы шарттардың жоқтығын растайтын құжаттар:
      ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметтің тиісті түрлері бойынша міндеттемелерінің жоқтығы туралы, сондай-ақ қызметтің көрсетілген түрлері бойынша қолданыстағы шарттардың жоқтығы туралы хаты;
      «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-тың орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі жеке шотты және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жеке шотындағы барлық қосалқы шоттарды жабу және депозитарлық қызмет көрсету шартын, ағымдағы шот шартын және факсимильді хабарлар түріндегі операциялық құжаттарды қабылдау және беру туралы шартты бұзу жөніндегі хаты;
      «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың «Қазақстан қор биржасы» АҚ алдында берешегінің жоқтығы туралы хаты.
      Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті түрде таратылуға рұқсат алу туралы қолдаухатына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көзделген міндеттемелердің жоқтығын растайтын құжатқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының бірінші басшысы қол қоюға және олар ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының мөрімен расталуға тиіс.
      Порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ расталған электрондық құжат нысанындағы сұрату;
      2) электрондық сұратуға тіркелетін құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттар.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресмиинтернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын
ерікті түрде таратуға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына          
қосымша            

нысан

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасына
_________________________

Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті таратуға
рұқсат алу туралы
қолдаухат

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                              (Қордың атауы)
_____________________________________________________________________
                            (өткен орны)
Қор акционерлерінің жалпы жиналысының
_______ жылғы «___» _________________ № _____ шешіміне сәйкес _______
_____________________________________________________________________
                        (Қордың атауы)
Қорды ерікті таратуға рұқсат беруді сұрайды.
      Қор қолдаухатқа қоса берілген құжаттар мен ақпараттардың
дұрыстығына, сондай-ақ қолдаухатты қарауға байланысты сұрау салған
қосымша ақпараттар мен құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге дер
кезінде беруге толық жауап береді.
      «Қоса беріліп отырған құжаттар (жіберілген құжаттардың аттары
аталған тізбесі, даналарының және әрқайсысы бойынша парақтарының саны
көрсетілсін):
____________________________________________________________________.
      «Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті таратуға рұқсат беру»
мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті дербес деректерімді жинауға
және өңдеуге, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
      Қордың бірінші басшысы (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
кезде), аталған өкілеттікті алуға негіз болатын құжатқа сілтеме).

_________________________
         (қолы)                    мөр (ол болған кезде)

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына    
53-қосымша      

«Уәкілетті ұйымдарға қолма-қол шетел валютасымен айырбастау
операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыруға
лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Уәкілетті ұйымдарға қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде:
      лицензияны және оған қосымшаны берген кезде – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
      қолданыстағы лицензияға қосымша берген кезде – 10 (он) жұмыс күні ішінде;
      лицензияны және (немесе) оған қосымшаны қайта рәсімдеген кезде – 10 (он) жұмыс күні ішінде;
      лицензияның телнұсқаларын (лицензияға қосымшаның телнұсқасын) бергенде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, қайта ресімдеу, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабы.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда лицензия электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді:
      1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензияны және оған қосымшаны беру кезіндегі лицензиялық алым 40 (қырық) айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензияны және оған қосымшаны беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды, бірақ 4 (төрт) АЕК-тен көп емес;
      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 (жүз) пайызын құрайды.
      Қолданыстағы лицензияға қосымшаларды (лицензияға қосымшалардың телнұсқаларын) беру және қолданыстағы лицензияға қосымшаларды қайта ресімдеген кезде лицензиялық алым алынбайды.
      Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға, қайта ресімдеуге, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын портал арқылы алуға электрондық сұрау салған жағдайда, оның ішінде төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      лицензияны және оған қосымшаны алу үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензияны және оған қосымшаны алуға өтініш;
      2) жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын бермеген жағдайда нотариат куәландырған көшірмесі);
      3) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
      4) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеген жағдайларды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгендігін растайтын құжаттың көшірмесі
      5) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;
      6) шетел валютасындағы шотының бар екендігі туралы анықтама.
      Көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар ретінде мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының құрылтайшылары (қатысушылары) туралы мәліметтер;
      2) уәкілетті ұйымның банк шотына жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшеріне теңдей немесе одан асатын мөлшердегі ақшаны аударғанын растайтын екінші деңгейдегі банктің құжаты (клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы);
      3) кассирдің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс бойынша арнайы дайындықтан өткендігін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған), не Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасында көзделген және қызметкердің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс істейтін кассир ретінде кемінде алты ай еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған) бойынша;
      4) ақша белгілерінің түпнұсқалығын айқындау үшін техникалық құралдардың сипаттамасын айқындайтын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;
      5) бақылау-касса аппаратын шығарушы зауыт паспортының көшірмесі немесе компьютерлік жүйенің функционалдық мүмкіндіктерінің және ерекшеліктерінің қысқаша сипаты;
      6) компьютерлік жүйе болмаған жағдайда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9801 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 144 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) талаптарына сәйкес айырбастау операцияларының есебін жүргізу үшін бағдарламалық қамтамасыз етудің функционалдық мүмкіндіктері мен сипаттамаларының қысқаша сипаты.
      Қосымша айырбастау пунктін ашу кезінде қолданыстағы лицензияға қосымшаны алу үшін көрсетілетін қызметті алушы немесе оның филиалы көрсетілетін қызметті берушіге айырбастау пунктінің орналасқан жері бойынша мынадай құжаттарды береді:
      1) қосымша ашылатын айырбастау пунктін ашу үшін қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға қолданыстағы лицензияға қосымшаны алуға осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына 3-қосымшасына сәйкес өтініш;
      2) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттар.
      Көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар ретінде осы тармақтың екінші бөлімінде көзделген құжаттар ұсынылады.
      Егер қосымша айырбастау пунктін ашу үшін көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталының ұлғаюы талап етілсе, уәкілетті ұйымның банк шотына жарғылық капиталды толықтыру мақсатында ақшаның аударылғандығын растайтын екінші деңгейдегі банктің құжаты (клиенттің банк шоты бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірме) қолданыстағы лицензияға қосымшаны алуға өтініш білдірген күнге дейін күнтізбелік отыз күн бұрын берілмеуі тиіс. Өзге жағдайларда бұл құжатты ұсыну талап етілмейді.
      Уәкілетті ұйымның айырбастау пунктін оның үй-жайына және техникалық жабдықталуына қойылатын талаптарға сәйкес келуін тексеруді көрсетілетін қызметті алушы қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензияны, ал қосымша айырбастау пунктін ашу кезінде – қолданыстағы лицензияға қосымшаны бергенге дейін жүргізеді.
      Лицензияның телнұсқасын (лицензияға қосымшаның телнұсқасын) алу үшін:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде оның ішінде төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлемдерді қоспағанда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі.
      Телнұсқаны алу үшін лицензияға қосымша еркін нысанда өтініш ұсынылады.
      Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасына сәйкес Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензияны және (немесе) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға берілген лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге өтініш;
      2) лицензияны қайта ресімдеген кезде «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеген жағдайларды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат;
      3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпараттан тұратын құжаттардың көшірмелері.
      Лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасына сәйкес Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензияны және (немесе) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға берілген лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге өтініш;
      2) лицензияны қайта ресімдеген кезде «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеген жағдайларды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат.
      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш берген кезде, электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілген жағдайда (лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беруді қоспағанда) көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ расталған осы тармақта көрсетілген электрондық құжаттар беріледі.
      Көрсетілетін қызметті алушы электрондық форматта қағаз жеткізгіште берілген лицензияны және оған қосымшаны аудару үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ растаған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды ұсынады.
      Электрондық мемлекеттік қызметті көрсеткен жағдайда заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәлік және қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат, олардағы ақпаратты мемлекеттік ақпарат жүйелерінен алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді.
      10. Мыналар:
      1) «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көзделген құжаттарды не мәліметтерді ұсынбауы;
      2) көрсетілетін қызметті алушының Заңға сәйкес белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер;
      4) заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызметтің түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салуы;
      5) лицензиялық алымның енгізілмеуі;
      6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға тиісті қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
      7) сот орындаушысы ұсынған негізде сот көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салуы;
      8) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес емес болуы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алудан бас тарту осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-тармағының 1)тармақшасында көзделген мерзімдерде жүзеге асырылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану:
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының не оны ауыстыратын адамның атына: 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына («Мемлекеттік қызметтер» бөлімі).
      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық менкенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы:8-800-080-7777, 1414.

«Уәкілетті ұйымдарға қолма-қол
шетел валютасымен айырбастау
операцияларын ұйымдастыру бойынша
қызметті жүзеге асыруға лицензия
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына     
1-қосымша          

нысан

Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын
ұйымдастыруға лицензияны және оған қосымшаны алуға
өтініш

Кімге _______________________________________________________________
  (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалының атауы)

Кімнен ______________________________________________________________
            (заңды тұлғаның атауы, БСН, орналасқан орны)

      Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын
ұйымдастыруға лицензияны және мына мекенжай:
_____________________________________________________________________
      (почта индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекен, көшенің
атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі, сондай-ақ
қабаты, секторы, блогы және басқалары (бар болса)
      бойынша орналасқан айырбастау пунктін ашу үшін лицензияға
қосымшаны беруді сұраймын.

      Қоса берілетін құжаттар:
      1.
      2.

      Электрондық почта _____________________________________________
      Телефондары ___________________________________________________
      Факс __________________________________________________________
      Теңгедегі банк шоты ___________________________________________
                             (шоттың нөмірі, банктің атауы)
      Осы арқылы мыналар:
      көрсетілген барлық деректер лицензияны және лицензияға
қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген
ақпаратты жіберу үшін ресми байланыс деректері болып табылады;
      өтініш берушіге лицензияланатын қызмет түрімен айналысуға сотта
тыйым салынбаған;
      барлық қоса берілетін құжаттар/мәліметтер жарамды болып
табылатыны/жарамдылыққа сәйкес келетіні расталады.

      Өтініш берушінің уәкілетті адамы:

      ________________ __________________________ _____________
         (лауазымы)      (тегі және аты-жөні)          (қолы)

      20__ жылғы «__» ___________                            Мөр орны
                                                       (болған кезде)

«Уәкілетті ұйымдарға қолма-қол
шетел валютасымен айырбастау
операцияларын ұйымдастыру бойынша
қызметті жүзеге асыруға лицензия
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына   
2-қосымша         

нысан

Уәкілетті ұйымның 
____________________________________________________________________
(уәкілетті ұйымның атауы)
құрылтайшылары (қатысушылары) туралы мәліметтер

      1. Жеке тұлғалар:

Р/с№

Тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде)

Туылған күні

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері

ЖСН* (резиденттер үшін)

Тұрғылықты жері

Жарғылық капиталдағы үлесі

%-бен

сомасы

1

2

...

      2. Заңды тұлғалар:

Р/с№

Заңды тұлғаның атауы

Ұйымдық-құқықтық нысан

БСН** (резиденттер үшін)

Тұрғылықты жері

Жарғылық капиталдағы үлесі

%-бен

сомасы

1

2

...

      Осы арқылы уәкілетті ұйым құрылтайшыларының Қағидалардың
4-тармағының талаптарына сәйкес келетіні расталады.

      Басшы __________________      Мөр орны
                  (қолы)           (ол болған кезде)

* Жеке сәйкестендіру нөмірі
** Бизнес-сәйкестендіру нөмірі

«Уәкілетті ұйымдарға қолма-қол шетел
валютасымен айырбастау операцияларын
ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына 
3-қосымша             

Нысан

________________________________________
(Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
аумақтық филиалының атауы)  

(басшының тегі мен аты-жөні)

Қосымша ашылатын айырбастау пункті үшін қолма-қол шетел
валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға
берілген қолданыстағы лицензияға қосымшаны алуға
өтініш

      Лицензиат: ____________________________________________________
          (заңды тұлғаның толық атауы, мемлекеттік тіркеу орны, БСН)
_____________________________________________________________________
      Лицензиаттың филиалы *: _______________________________________
_____________________________________________________________________
      (филиалдың атауы, филиалдың орналасқан жері, БСН)
      Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын
ұйымдастыруға берілген лицензияның нөмірі мен күні: _________________
_____________________________________________________________________
      Мына мекенжай**: ______________________________________________
_____________________________________________________________________
бойынша орналасқан айырбастау пунктіне қолма-қол шетел валютасымен
айырбастау операцияларын ұйымдастыруға берілген қолданыстағы
лицензияға қосымша беруді сұраймын.

      Қоса берілетін құжаттар:
      1.
      2.
      .......

      Өтініш берішінің уәкілетті адамы:

      ________________ __________________________ _____________
         (лауазымы)     (тегі мен аты-жөні)             (қолы)

      20__ жылғы «__» ___________ Мөр орны (ол болған кезде)

      * лицензиаттың тұрғылықты жеріндегі өңірден тыс қосымша
айырбастау пунктін ашу кезінде көрсетіледі
      ** айырбастау пунктінің үй-жайы орналасатын мекенжай,
айырбастау пункті көпфункционалды үйлер мен ғимараттарда (оның ішінде
теміржол вокзалдарында, әуежайларда, іскерлік және сауда
орталықтарында) орналасқан жағдайда айырбастау пунктінің орналасқан
жерін нақтылайтын деректер (мысалы, қабаты, секторы, блогы)

«Уәкілетті ұйымдарға қолма-қол шетел
валютасымен айырбастау операцияларын
ұйымдастыру бойынша қызметті   
жүзеге асыруға лицензия беру»  
мемлекеттік көрсетілетін    
қызмет стандартына      
4-қосымша         

________________________________________
(Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
аумақтық филиалының атауы)
________________________________________
(басшының тегі мен аты-жөні)

Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын
ұйымдастыруға лицензияны және (немесе) қолма-қол шетел
валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға берілген
лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге өтініш

Лицензиат: __________________________________________________________
           (заңды тұлғаның толық атауы, мемлекеттік тіркеу орны, БСН)

Лицензиаттың филиалы*: ______________________________________________
                   (филиалдың атауы, филиалдың орналасқан жері, БСН)
Мына мекенжай**: ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
бойынша орналасқан айырбастау пунктіне ___ жылғы ____ № _______
лицензияны және (немесе) ___ жылғы ____ № _______ лицензияға ___
жылғы ____ № _______ қосымшаны қайта ресімдеуді сұраймын.

      Қайта ресімдеуге негіздеме: ___________________________________

      Қоса берілетін құжаттар:
      1.
      2.
      ......
      Өтініш берушінің уәкілетті адамы:
      ________________ ________________________ _____________
        (лауазымы)     (тегі және аты-жөні)        (қолы)

      20__ жылғы «__» ___________ Мөр орны
                                  (ол болған кезде)

     * лицензиаттың тұрғылықты жеріндегі өңірден тыс орналасқан
айырбастау пунктіне берілген лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу
туралы өтінішті беру кезінде көрсетіледі
      ** айырбастау пунктінің үй-жайы орналасатын мекенжай,
айырбастау пункті көпфункционалды үйлер мен ғимараттарда (оның ішінде
теміржол вокзалдарында, әуежайларда, іскерлік және сауда
орталықтарында) орналасқан жағдайда айырбастау пунктінің орналасқан
жерін нақтылайтын деректер (мысалы, қабаты)

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына   
54-қосымша     

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының)
зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін
ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті беруші;
      2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
      2) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде рұқсат етілген ең ұзақ күту уақыты – 4 (төрт) сағат.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға жеке өтініш жасаған кезде: салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты қағаз жеткізгіште алу;
      2) портал арқылы өтініш жасаған кезде: көрсетілетін қызметті алушыдан салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында алу.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қағаз жеткізгіште өтініш жасаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз жеткізгіште ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті өкілінің мөрімен және қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) көрсетілетін қызметті алушы жеке өтініш жасаған кезде – жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін түпнұсқасы);
      2) сенім білдірілген адам өтініш жасаған кезде – сенім білдірілген адамның жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы), сенімхат (сенімхаттың нотариат растаған түпнұсқасы не нотариат куәландырған көшірмесі), салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
      3) кәмелетке толмаған адамның заңды өкілі өтініш жасаған кезде:
      14 жасқа дейінгі жаста:
      кәмелетке толмаған адамның туу туралы куәлігі (түпнұсқасы);
      қорғаншылықтың тағайындалуын растайтын құжат (түпнұсқасы);
      заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы);
      14-тен 16 жасқа дейінгі жаста:
      кәмелетке толмаған адамның туу туралы куәлігі (түпнұсқасы);
      қамқоршылықтың тағайындалуын растайтын құжат (түпнұсқасы);
      заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы);
      16-дан 18 жасқа дейінгі жаста:
      кәмелетке толмаған адамның туу туралы куәлігі (түпнұсқасы);
      кәмелетке толмаған адамның жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы);
      қамқоршылықтың тағайындалуын растайтын құжат (түпнұсқасы);
      заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы);
      портал арқылы өтініш жасаған кезде:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметтерді беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
      Портал арқылы өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алу күні көрсетілген хабарлама көрсетіледі.
      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы өтінішті қабылдаудан бас тартады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
      Жеке тұлғаның шағымында – оның тегі, аты, сондай-ақ әкесінің аты (ол болған кезде), туылған күні және пошталық мекенжайы көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды тіркеу (мөртабан және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына   
55-қосымша     

«Қаржы ұйымының қаржы қызметтерін тұтынушыларға қаржы өнімдерін
ұсынуы үшін келісім беру, сондай-ақ микроқаржы ұйымының
микрокредиттер ұсынуы үшін келісім беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Қаржы ұйымының қаржы қызметтерін тұтынушыларға қаржы өнімдерін ұсынуы үшін келісім беру, сондай-ақ микроқаржы ұйымының микрокредиттер ұсынуы үшін келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық емес болу фактісін анықтаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша қаржы ұйымының қаржы қызметтерін тұтынушыларға қаржы өнімдерін ұсынуы үшін келісімді, сондай-ақ микроқаржы ұйымының микрокредиттер ұсынуы үшін келісім беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда, нәтиже электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      қаржы ұйымы:
      1) қаржы ұйымының қаржы қызметтерін тұтынушыларға қаржы өнімдерін ұсынуы үшін келісім беру туралы еркін нысанда жасалған және қаржы ұйымының атқарушы органының бірінші басшысының немесе ол өкілеттік берген адамының қолы қойылған, қаржы ұйымының бизнес-сәйкестендіру нөмірі, жауапты орындаушының байланыс деректері (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), телефондары мен электрондық пошта мекенжайы) және қосымшадағы парақтар саны көрсетілген өтінішті;
      2) қаржы ұйымының уәкілетті органының қаржы өнімін ұсыну туралы шарттың үлгі нысанын бекіту туралы шешімінің үзінді көшірмесін;
      3) қаржы ұйымының уәкілетті органы бекіткен қаржы өнімін ұсыну туралы шарттың үлгі нысанын;
      4) қаржы ұйымының атқарушы органының бірінші басшысы уәкілеттік берген адамның өтінішке қол қоюға өкілеттігін растайтын құжатты ұсынады.
      Микроқаржы ұйымы:
      1) микроқаржы ұйымының тұтынушыларға микрокредиттерді ұсынуы үшін келісім беру туралы еркін нысанда жасалған және микроқаржы ұйымының атқарушы органының бірінші басшысының немесе ол өкілеттік берген адамының қолы қойылған, микроқаржы ұйымының бизнес-сәйкестендіру нөмірі, жауапты орындаушының байланыс деректері (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), телефондары мен электрондық почта мекенжайы) және қосымшадағы парақтар саны көрсетілген өтінішті;
      2) микроқаржы ұйымының уәкілетті органының микрокредит беру туралы шарттың үлгі нысанын бекіту туралы шешімінің үзінді көшірмесін;
      3) микроқаржы ұйымының уәкілетті органы бекіткен микрокредит беру туралы шарттың үлгі нысанын;
      4) қаржы ұйымының атқарушы органының бірінші басшысы уәкілеттік берген адамның өтінішке қол қоюға өкілеттігін растайтын құжатты ұсынады.
      Осы тармақта көрсетілген, бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп, тігіліп және соңғы парағының сыртқы бетінде тігістің түйіншегіне жапсырылған, тігілген парақтардың саны көрсетілген жапсырманың бір шетіне қойылған қаржы (микроқаржы) ұйымының мөрімен расталып ұсынылады.
      Мына:
      1) қаржы өнімін (микрокредитті) ұсыну туралы шарттың үлгі нысанын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келтіру;
      2) қаржы (микроқаржы) ұйымының деректемелері (орналасқан жері, пошталық мекенжайы, банк деректемелері) өзгерген жағдайларды қоспағанда, қаржы ұйымының қаржы қызметтерін тұтынушыларға қаржы өнімдерін ұсынуы үшін келісімді, сондай-ақ микроқаржы ұйымының микрокредиттер ұсынуы үшін келісімді алғаннан кейін қаржы өнімін (микрокредитті) ұсыну туралы шарттың үлгі нысанына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген жағдайда қаржы (микроқаржы) ұйымының көрсетілген келісімді қайта алуы талап етіледі.
      Порталға:
      1) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында және екінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар, олар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.
      Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
      10. Мыналар:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттардың толық емес топтамасын тапсыру;
      2) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген талаптарға сәйкес келмеуі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеме болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша жазбаша түрде жүргізіледі.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық менкенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Қаржы ұйымының қаржы қызметтерін
тұтынушыларға қаржы өнімдерін ұсынуы
үшін келісім беру, сондай-ақ микроқаржы
ұйымының микрокредиттер ұсынуы үшін
келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына      
1-қосымша             

Нысан

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қаржы ұйымдарының
қаржы қызметтерін тұтынушыларға қаржы өнімдерін ұсынуы үшін
келісімі

      20__ жылғы «____»__________ №_____

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ________________________
_____________________________________________________________________
       (қаржы ұйымының толық атауы және орналасқан жері)
қаржы қызметтерін тұтынушыларға _____________________________________
_______________________________________________________ қаржы өнімін
                 (қаржы өнімінің атауы)
ұсынуы үшін келісім береді.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық
      Банкінің басшысы                     (қолы)
      (басшының орынбасары)

Мөр орны

«Қаржы ұйымының қаржы қызметтерін
тұтынушыларға қаржы өнімдерін ұсынуы
үшін келісім беру, сондай-ақ микроқаржы
ұйымының микрокредиттер ұсынуы үшін
келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына      
2-қосымша             

Нысан

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің микроқаржы
ұйымдарының тұтынушыларға микрокредиттерді ұсынуы үшін
келісімі

      20__ жылғы «____»__________ №_____

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (микроқаржы ұйымының толық атауы және орналасқан жері)
тұтынушыларға
_______________________________________________________ микрокредитін
                    (микрокредиттің атауы)
ұсынуы үшін келісім береді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің басшысы                             (қолы)
(басшының орынбасары)

Мөр орны