Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 шілдеде № 11534 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес "Валюталық операция туралы немесе шетелдік банкте банк шотын ашу туралы хабарламаны растау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес "Валюталық операцияны тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес "Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      4) Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      5) Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      6) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес "Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      7) Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      8) Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      9) осы қаулының 9-қосымшасына сәйкес "Банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      10) осы қаулының 10-қосымшасына сәйкес "Сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      11) осы қаулының 11-қосымшасына сәйкес "Инвестициялық портфельді басқарушының iрi қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      12) осы қаулының 12-қосымшасына сәйкес "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      13) осы қаулының 13-қосымшасына сәйкес "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      14) осы қаулының 14-қосымшасына сәйкес "Инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      15) осы қаулының 15-қосымшасына сәйкес "Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      16) осы қаулының 16-қосымшасына сәйкес "Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      17) осы қаулының 17-қосымшасына сәйкес "Актуарийлерден біліктілік емтиханын қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      18) осы қаулының 18-қосымшасына сәйкес "Кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін кредиттік бюроның өнеркәсіптік пайдалануына енгізу актісін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      19) осы қаулының 19-қосымшасына сәйкес "Инвестициялық пай қорларының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      20) Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      21) Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      22) Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      23) Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      24) осы қаулының 24-қосымшасына сәйкес "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      25) осы қаулының 25-қосымшасына сәйкес "Банк ашуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      26) осы қаулының 26-қосымшасына сәйкес "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банк операцияларына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      27) осы қаулының 27-қосымшасына сәйкес "Ислам банктері жүзеге асыратын банктік және өзге операцияларды жүргізуге арналған лицензияны беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      28) осы қаулының 28-қосымшасына сәйкес "Банктерге банк операцияларын және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      29) осы қаулының 29-қосымшасына сәйкес "Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      30) осы қаулының 30-қосымшасына сәйкес "Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      31) осы қаулының 31-қосымшасына сәйкес "Өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      32) осы қаулының 32-қосымшасына сәйкес "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      33) осы қаулының 33-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлеріне немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлері бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      34) осы қаулының 34-қосымшасына сәйкес "Қайта сақтандыру жөніндегі қызметке немесе исламдық қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      35) осы қаулының 35-қосымшасына сәйкес "Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      36) осы қаулының 36-қосымшасына сәйкес "Бағалы қағаздар нарығында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      37) осы қаулының 37-қосымшасына сәйкес "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      38) осы қаулының 38-қосымшасына сәйкес "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және (немесе) сақтандыру холдингін ерікті қайта ұйымдастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      39) осы қаулының 39-қосымшасына сәйкес "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті таратуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      40) алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.01.2018 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      41) осы қаулының 41-қосымшасына сәйкес "Қоғамды жария компания деп тану немесе қоғамның мәлімдемесі негізінде ол белгілеген тәртіппен оның жария компания мәртебесін кері қайтарып алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      42) алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 09.12.2015 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      43) алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 09.12.2015 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      44) осы қаулының 44-қосымшасына сәйкес "Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйым құруына немесе сатып алуына және (немесе) банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      45) осы қаулының 45-қосымшасына сәйкес "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымды құруына немесе иеленуіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      46) осы қаулының 46-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      47) осы қаулының 47-қосымшасына сәйкес "Шет мемлекеттің аумағындағы Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шығаруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      48) осы қаулының 48-қосымшасына сәйкес "Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      49) Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      50) осы қаулының 50-қосымшасына сәйкес "Банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      51) осы қаулының 51-қосымшасына сәйкес "Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      52) осы қаулының 52-қосымшасына сәйкес "Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      53) осы қаулының 53-қосымшасына сәйкес "Уәкілетті ұйымдарға қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      54) осы қаулының 54-қосымшасына сәйкес "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      55) Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      56) Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      57) Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      58) Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      59) Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      60) осы қаулының 60-қосымшасына сәйкес "Кредит тарихын қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесіне қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестік туралы актіні беру (кредит тарихы субъектісін қоспағанда)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 09.12.2015 № 213 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз); өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.01.2018 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен

      2. Мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау басқармасы (Бәдірленова Ж.Р.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы, осы қаулының 1-тармағының алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 3), 4), 5), 8), 9), 10), 11), 17), 18), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30), 31), 32), 33), 34), 35), 36), 37), 38), 39), 40), 42), 43), 44), 45), 48), 49), 50), 51), 52), 53) және 55) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Қ. Келімбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрлігі

      _____________ Ә.Есекешов

      2015 жылғы 1 маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      _____________ Е.Досаев

      2015 жылғы 29 мамыр

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
1-қосымша

"Валюталық операция туралы немесе шетелдік банкте
банк шотын ашу туралы хабарламаны растау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Валюталық операция туралы немесе шетелдік банкте банк шотын ашу туралы хабарламаны растау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге валюта шарты туралы ақпарат, құжаттар ұсынылған күннен бастап – 7 (жеті) жұмыс күні өткеннен кейін;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау және беру бойынша қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – қағаз жеткізгіштегі хабарлама куәлік.

      Егер валюталық операцияға "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7701 тіркелген, "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 154 қаулысына сәйкес хабарлау режімі қолданылмаса, көрсетілетін қызметті алушыға түсіндіру сипатындағы хат жіберіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынылған құжаттарды көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды кері қайтару себептері көрсетілген еркін нысандағы жазбаша өтінішті беруі арқылы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін кері қайтаруға жол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының бір өтінішіне бірнеше хабарлама куәлікті ресімдеуге жол беріледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен

      7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері Астана уақытымен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында Астана уақытымен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі – Астана уақытымен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен Астана уақытымен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес валюталық операция туралы немесе шетелдік банкте банк шотын ашу туралы хабарламаны ұсынады.

      Шет тілінде жасалған құжаттар мемлекеттік тілге немесе орыс тіліне аударылған аудармасымен ұсынылады.

      Валюталық операцияларды жасау мән-жайларын нақтылау мақсатында көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының валюталық операцияларды жүзеге асыруына негіз болатын валюта шартын көрсетілетін қызметті алушыдан талап етуіне жол беріледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның
лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету
мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану:

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының не оның орнындағы адамның атына: 050040, Алматы қаласы, "Көктем-3" шағын ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалы басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Мыналардың:

      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;

      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымданады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуы үшін қолжетімділік ашық.

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Валюталық операция туралы
немесе банкте шетелдік банк
шотын ашу туралы
хабарламаны растау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
қосымша

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен

      Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі ___________________________

      ___________________________________________________________________________

            (заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))

                                    тiркеу куәлiгiн алуға өтiнiш/

      валюталық операция туралы немесе шетелдік банкте банк шотын ашу туралы хабарлама

      1. _______жылғы "____" _________________ № ________________ валюта шарты

      ___________________________________________________________________________

                                    (құжаттың атауы)

      ___________________________________________________________________________

                                    (мақсаты мен мәнi)

      2. Валюта шартына қосымша мынадай құжаттар ұсынылды (тiркеу куәлігін алуға

      өтiнiш берген кезде толтырылады):

      ___________________________________________________________________________

                        (құжаттың атауы, нөмiрi, ресiмделген күнi)

      ___________________________________________________________________________

      3. Валюта шартына қатысушы резидент (резиденттер):

      заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      мекенжайы _________________________________________________________________

      ____________________________________________________телефоны_______________

      4. Валюта шартына қатысушы резидент емес (резидент еместер):

      заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      заңды тұлғаның тiркелген/жеке тұлғаның тұрғылықты тұратын елi

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң осы валюта шарты бойынша бұрын

      берілген тіркеу куәліктерінің/хабарлама куәліктерінің нөмiрлері

      ___________________________________________________________________________

      6. Мынадай толтырылған бөлiмдер ұсынылған (белгiленсiн):

      ___ 1-бөлiм. Коммерциялық кредиттер және қаржылай қарыздар;

      ___ 2-бөлiм. Капиталға қатысу, бағалы қағаздармен және туынды қаржы

      құралдарымен операциялар;

      ___ 3-бөлiм. Шетелдік банкте банк шотын ашу;

      ___ 4-бөлiм. Капитал қозғалысының басқа операциялары.

      Көрсетілетін қызметті алушының уәкiлеттi адамы:

      _______________________      _________________________________      _________

            (лауазымы)             (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))       (қолы)

      20 ___ жылғы "_____" ___________

                                                      Мөр (ол болған кезде) орны

1-бөлiм. Коммерциялық кредиттер және қаржылай қарыздар

      1. Операцияның түрі (белгіленсін):

      ___ резиденттің резидент емеске қаржылай қарызы, коммерциялық кредиті;

      ___ резидент еместің резидентке қаржылай қарызы, коммерциялық кредиті.

      2. Валюта шартының сомасы_____________________________________________

                                          (валюта шартының валютасымен)

      Шарттың валютасы____________________________________________________

      3. ____ жылғы "__" _______ №_______ негіздемелік келiсiм (болған кезде)

      ___________________________________________________________________________

                                          (құжаттың атауы)

      4. Резидент еместің резидентке қатынасы (белгiленсiн):

      1) _____ резидент еместің резиденттің дауыс беретін акцияларының,

      қатысушылары дауыстарының 10% және одан да көп пайызына тікелей иелік етуі;

      2) _____ резидент еместің резиденттің дауыс беретін акцияларының,

      қатысушылары дауыстарының 10% және одан да көп пайызына жанама иелік етуі;

      3) _____ резиденттің резидент еместің дауыс беретін акцияларының,

      қатысушылары дауыстарының 10% және одан да көп пайызына тікелей иелік етуі;

      4) _____ резиденттің резидент еместің дауыс беретін акцияларының,

      қатысушылары дауыстарының 10% және одан да көп пайызына жанама иелік етуі;

      5) _____ резидент пен резидент емес бір біріне қандай да бір бақылау жасамайды

      немесе ықпал етпейді, бірақ резиденттің дауыс беретін акцияларының, қатысушылары

      дауыстарының кемінде 10% тікелей немесе жанама иелік ететін бір инвестордың

      бақылауында немесе ықпалында;

      6) _____ өзге.

      5. Кредиттi пайдаланғаны үшiн сыйақы (мүдде) мөлшерлемесі жылдық

      __________________% (өзгермелi пайыздық мөлшерлеме болған жағдайда оны есептеу

      базасы және маржа мөлшерi көрсетiледi).

      6. Негiзгi борыш бойынша мерзiмi өткен төлемдер үшiн мөлшерлеме:

      мерзiмi өткен әрбiр күн үшін____________________________________________;

      өзге (талдап жазылсын) ________________________________________________.

      7. Iлеспе төлемдер (ұйымдастырғаны, басқарғаны үшiн комиссия, мiндеттемелер

      және басқа)_________________________________________________________________

                        (кредит, негiзгi борыш және т.с. соманың пайыздарымен)

      8. Операцияның қысқаша сипаттамасы (ақы төлеу бойынша нұсқаулық, қаражат

      қозғалысының схемасы және басқасы)__________________________________________

      9. Агент (оператор, ұйымдастырушы) туралы мәлiметтер (болған кезде):

      резидент ____________ резидент емес ___________ (белгіленсін)

      заңды тұлғаның атауы__________________________________________________

      Резидент туралы ақпарат: мекенжайы _____________________________________

      _____________________________________________________________________

      телефоны _________________ КҰЖЖ коды ________________________________

      ЖСН/БСН ____________________________________________________________

      Резидент емес туралы ақпарат: тiркелген елi________________________________

      10. Ерекше жағдайлардың болуы (белгiленсiн):

      ____ қарыз алушының ұзартуға құқығы;

      ____ қарыз алушының мерзiмiнен бұрын өтеу құқығы;

      ____ кредитордың берешектi мерзiмiнен бұрын өтеудi талап ету құқығы;

      ____ басқа да (талдап жазылсын)

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________.

      11. Осы валюта шарты шеңберiнде қаржыландырылатын келiсiмшарттар туралы

      мәлiметтер (бар болған кезде банктер және өзге де қаржы институттары көрсетеді):

      11.1. аппликант (қаржыландыруды сұрайтын банктiң немесе өзге қаржы

      институтының клиентi) туралы мәлiметтер:

      резидент ____________ резидент емес ___________ (белгіленсін)

      заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      ___________________________________________________________________________

      Резидент туралы ақпарат: мекенжайы_____________________________________

      телефоны ____________________________________________________________

      КҰЖЖ коды __________________________________________________________

      ЖСН/БСН ____________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      Резидент емес туралы ақпарат: заңды тұлғаның тiркелген/жеке тұлғаның

      тұрғылықты тұратын елi ______________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      11.2. қаржыландырылатын келiсiмшарттар туралы мәлiметтер:

      келiсiмшарттың нөмiрi _________________________ күні____________________

      келiсiмшарттың мақсаты мен мәнi ________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      келiсiмшарттың сомасы_________________________________________________

      валютасы ____________________________________________________________

                                    (валютаның мың бiрлiгi)

      келiсiмшарттың есептік нөмірі немесе келiсiмшарттың есептік нөмірін алу талап

      етілетін экспортқа немесе импортқа арналған келiсiмшарттар үшін мәміле паспортының

      нөмірі _____________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      11.3. бенефициар (келiсiмшартқа қатысушы) туралы мәлiметтер:

      резидент ____________ резидент емес ___________ (белгіленсін)

      заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) ___

      ___________________________________________________________________________

      Резидент туралы ақпарат: мекенжайы _____________________________________

      телефоны ____________________________________________________________

      КҰЖЖ коды __________________________________________________________

      ЖСН/БСН ____________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      Резидент емес туралы ақпарат: заңды тұлғаның тiркелген/жеке тұлғаның

      тұрғылықты тұратын елi______________________________________________________

      11.4. кредитордың банктi немесе өзге қаржы институтын қаржыландыру нысаны

      (белгiленсiн):

      ___ қаражаттың банктiң немесе өзге қаржы институтының шотына түсуi;

      ___ кредитордың бенефициарға ақы төлеуi;

      ___ өзге (талдап жазылсын) _____________________________________________.

      12. Қаражаттың түсу және берешектi өтеу кестесi

                                                шарт валютасының мың бiрлiгi

Қарыз алушыға кредит бойынша қаражаттың түсуi

Қарыз алушының кредитке қызмет көрсетуi бойынша төлемдер

күнi

сомасы

күнi

негізгі борышты өтеу

сыйақы төлеу

А

1

Б

2

3

ЖИЫНТЫҒЫ

ЖИЫНТЫҒЫ

оның iшiнде өтiнiш беру күнiне

оның iшiнде өтiнiш беру күнiне

      13. Ескертпе__________________________________________________________

2-бөлiм. Капиталға қатысу, бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен операциялар

      1. Операция түрi (белгiленсiн):

      1) ___ резиденттердiң резидент еместердiң жарғылық капиталына қатысу үлесін

      сатып алуы, резиденттердің резидент еместердің капиталына қатысуды қамтамасыз ету

      мақсатында салымдарды енгізуі;

      2) ___ резиденттердiң резидент емес эмитенттердiң акцияларын, пайларын сатып

      алуы;

      3) ___ резиденттердiң резидент емес эмитенттердiң өзге бағалы қағаздарын сатып

      алуы;

      4) ___ резидент еместердiң резиденттердiң жарғылық капиталына қатысу үлесін

      сатып алуы, резидент еместердің резиденттердің капиталына қатысуды қамтамасыз ету

      мақсатында салымдарды енгізуі;

      5) ___ резидент еместердiң резидент эмитенттердiң акцияларын, пайларын сатып

      алуы;

      6) ___ резидент еместердiң резидент эмитенттердiң өзге бағалы қағаздарын сатып

      алуы;

      7) ___ туынды қаржы құралдарымен операциялар.

      1.1. резидент еместің резидентке қатысы (3), 6) операция түрлері үшін

      толтырылады):

      1) _____ резидент еместің резиденттің дауыс беретін акцияларының,

      қатысушылары дауыстарының 10% және одан да көп пайызына тікелей иелік етуі;

      2) _____ резидент еместің резиденттің дауыс беретін акцияларының,

      қатысушылары дауыстарының 10% және одан да көп пайызына жанама иелік етуі;

      3) _____ резиденттің резидент еместің дауыс беретін акцияларының,

      қатысушылары дауыстарының 10% және одан да көп пайызына тікелей иелік етуі;

      4) _____ резиденттің резидент еместің дауыс беретін акцияларының,

      қатысушылары дауыстарының 10% және одан да көп пайызына жанама иелік етуі;

      5) _____ резидент пен резидент емес бір біріне қандай да бір бақылау жасамайды

      немесе ықпал етпейді, бірақ резиденттің дауыс беретін акцияларының, қатысушылары

      дауыстарының кемінде 10% тікелей немесе жанама иелік ететін бір инвестордың

      бақылауында немесе ықпалында;

      6) _____ өзге.

      2. Инвестор туралы мәлiметтер (егер өтініш беруші инвестор болып табылса,

      толтырылмайды):

      резидент _____________ резидент емес________ (белгiленсiн)

      заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      Резидент туралы ақпарат: мекенжайы _____________________________________

      телефоны ____________________________________________________________

      КҰЖЖ коды _________________________ ЖСН/БСН _______________________

      Резидент емес туралы ақпарат: заңды тұлғаның тiркелген/жеке тұлғаның

      тұрғылықты тұратын елi ______________________________________________________

      3. Сатушы туралы мәлiметтер (егер өтініш беруші сатушы болып табылса,

      толтырылмайды):

      резидент_______                   резидент емес ________ (белгiленсiн)

      заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      Резидент туралы ақпарат: мекенжайы _____________________________________

      телефоны ____________________________________________________________

      КҰЖЖ коды __________________________________________________________

      ЖСН/БСН____________________________________________________________

      Резидент емес туралы ақпарат: заңды тұлғаның тiркелген/жеке тұлғаның

      тұрғылықты тұратын елi______________________________________________________

      4. Валюта шарты туралы мәлiметтер:

      валюта шартының сомасы _______________________________________________

                        (валюта шартының валютасында цифрлармен және жазумен)

      валюта шартының валютасы __________________________________________________

      мерзiмi өткен төлемдер үшiн мөлшерлеме: мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн ______________

      ілеспе төлемдер (ұйымдастырғаны, басқарғаны үшiн комиссия, мiндеттемелер және

      басқа)

      ___________________________________________________________________________

                              (талдап жазылсын)

      өтiнiш берiлген күнi валюта шарты бойынша берілген қаражат:

Жөнелтуші

Бенефициар

Күнi

Сомасы, валюта шарты валютасының мың бiрлiгi

      операцияның қысқаша сипаттамасы (төлем жөніндегі нұсқаулық, қаражат қозғалысының

      схемасы және басқа)

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      5. Инвестициялау объектiсi туралы мәлiметтер (егер өтініш беруші инвестициялау

      объектiсi болып табылса, толтырылмайды):

      резидент ________ резидент емес _________ (белгiленсiн)

      атауы________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Резидент туралы ақпарат: мекенжайы (облыс, қала)

      _____________________________________________________________________

      КҰЖЖ коды ________________________ ЖСН/БСН ________________________

      Резидент емес туралы ақпарат: тiркелген елi ________________________________

      6. Инвестициялау объектiсiнiң капиталы (операциялар акциялармен, қатысу

      үлестерiмен, пайлармен жүзеге асырылған жағдайда толтырылады):

Валюта шарты бойынша операция жүргiзгенге дейiн

Валюта шарты бойынша операция жүргiзiлгеннен кейiн

сомасы

валютасы

сомасы

валютасы

1.

Инвестициялау объектiсiнің жарғылық капиталы, құрылтай құжаттары бойынша валютаның мың бiрлiгi

1.1

оның ішінде инвесторлар бойынша

2.

Инвестициялау объектісінің капиталы (жарғылықтан басқа), құны бойынша көрсетілген пайлар, валютаның мың бірлігі

2.1

оның ішінде инвесторлар бойынша

3.

Инвестордың (инвесторлардың) инвестициялау объектісінің капиталындағы үлесі, %-бен

3.1.

оның ішінде инвесторлар бойынша

      7. Инвестициялау объектiсiнiң акциялары туралы ақпарат (акциялармен

      операцияларды жүзеге асырған жағдайда толтырылады):

Валюта шарты бойынша операция жүргiзгенге дейiн

Валюта шарты бойынша операция жүргізгеннен кейiн

жай

артықшылық берілген

жай

артықшылық берілген

1.

Инвесторға (инвесторларға) тиесілі акциялар саны, дана

1.1

оның ішінде инвесторлар бойынша

      8. Инвестор (инвесторлар) валюта шарты бойынша сатып алатын инвестициялау

      объектiсiнiң акциялары туралы ақпарат:

Акцияның түрi (жай/артықшылық берілген, дауыс беру құқығы бар/құқығы жоқ)

Халықаралық сәйкестендiру нөмiрi (ISIN) не ұлттық сәйкестендiру нөмiрi (ҰСН)

Бiр бағалы қағаздың номиналдық құны немесе орналастыру бағасы (валюта бiрлiгi)

Шығарылым (орналастыру) валютасы

      9. Инвестор (инвесторлар) сатып алатын борыштық бағалы қағаздар,

      инвестициялық қорлардың пайлары туралы мәлiметтер:

      ISIN/ҰСН __________________________________________________________________

      бағалы қағаздардың саны _________________________________________________дана

      бiр бағалы қағаздың номиналдық құны ______________________________валюта бiрлiгi

      шығарылым валютасы _______________________________________________________

      Инвестициялық қордың пайлары үшiн

      қордың түрi (акционерлiк, пайлық, ашық, жабық, аралық, өзге (көрсетiлсiн)

      ___________________________________________________________________________

      басқарушы компания _________________________________________________________

                                          (атауы, елі)

      10. Депозитарлық қолхаттар туралы мәлiметтер:

      Депозитарлық қолхаттың ISIN/ҰСН ______________________________________

      шығарылған күнi ____________________________________________________________

      депозитарлық қолхаттың саны: операция жүргiзгенге дейiн __________ дана,

      операция жүргiзгеннен кейiн ________ дана.

      Депозитарлық қолхат пен базалық актив бiрлiктерiнiң арақатынасы:

      _____________ дана депозитарлық қолхат = _____________ дана базалық актив

      10.1. Депозитарлық қолхаттардың базалық активi туралы мәлiметтер:

      бағалы қағаздың түрi:__________ акциялар, ________ облигациялар (көрсетiлсiн)

      депозитарлық қолхаттарға ауыстырылған базалық актив бiрлiктерiнiң саны:

      операция жүргiзгенге дейiн ______ дана, операция жүргiзгеннен кейiн _______ дана.

      10.2. Депозитарлық қолхат эмитентi:

      резидент __________ резидент емес __________ (белгiленсiн)

      заңды тұлғаның атауы __________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      Резидент емес туралы ақпарат: тiркелген елі ________________________________

      Резидент еместiң экономика секторы _____________________________________

      11. Туынды қаржы құралдары туралы мәлiметтер:

      туынды қаржы құралының түрi (көрсетiлсiн):

      ______ опцион, _______ форвард, ______ фьючерс, ________ өзге (талдап жазылсын)

      ___________________________________________________________________________

      туынды қаржы құралының базалық активiнiң атауы

      ___________________________________________________________________________

      бағалы қағаздың ISIN/ҰСН

      ___________________________________________________________________________

      12. Ескертпе __________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

3-бөлiм. Шетел банкiнде банк (оның ішінде жинақ) шотын ашу

      1. Шетелдік банк_______________________________________________________

            (атауы, мекенжайы, SWIFT коды және өзге банктiк деректемелері)

      2. Банк шотының валютасы______________________________________________

      3. Банк шотының нөмірі_________________________________________________

      4. Банк шотының түрі (белгiленсiн):

      ____ резиденттің, Қазақстан Республикасында орналасқан резидент филиалының

      (өкілдігінің) ағымдағы шоты;

      ____ Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан резидент филиалының

      (өкілдігінің) ағымдағы шоты;

      ____ резиденттiң салымы;

      ____ басқа да (талдап жазылсын) _________________________________________

      ___________________________________________________________________________.

      5. Банк шоты бойынша сыйақы (мүдде) мөлшерлемесі (жылдық %)

      _____________________________________________________________________

      (өзгермелi пайыздық мөлшерлеме болған жағдайда оны есептеу базасы және маржа

      мөлшерi көрсетiледi)

      6. Резидент филиалының (өкiлдiгiнiң) орналасқан жерi _______________________

      ___________________________________________________________________________

                                    (елi, мекенжайы)

      7. Ескертпе ___________________________________________________________

4-бөлiм. Капитал қозғалысының басқа операциялары

      1. Операция түрi (белгiленсiн):

      ____ жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығын сатып алу;

      ____ зияткерлiк меншiк объектiлерiне айрықша құқықты толық сатып алу;

      ____ бiрлескен қызметке қатысушының мiндеттемелерiн орындау;

      ____ ақшаны және мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беру.

      2. Валюта шарты туралы мәлiметтер:

      валюта шартының сомасы _______________________________________________

                  (валюта шартының валютасында цифрлармен және жазумен)

      валюта шартының валютасы_____________________________________________

      қаражатты (болған кезде) пайдаланғаны үшiн сыйақы мөлшерлемесі

      (мүддесі):______

      __________________________________________________________________ жылдық %

      (өзгермелi пайыздық мөлшерлеме болған жағдайда оны есептеу базасы және маржа

                              мөлшерi көрсетiледi)

      ілеспе төлемдер (болған кезде) _________________________________________________

                                          (талдап жазылсын)

      ___________________________________________________________________________

      Операцияның қысқаша сипаттамасы (ақы төлеу жөніндегі нұсқаулық, қаражаттың

      қозғалу схемасы және басқа)

      ___________________________________________________________________________

      3. Объект туралы мәлiметтер:

      3.1. жылжымайтын мүлiк _______________________________________________

                                          (елі, мекенжайы)

      3.2. зияткерлiк меншiк объектiсi __________________________________________

                                          (объектiнiң қысқаша сипаты)

      3.3. бiрлескен қызмет ___________________________________________________

                                          (жобаның қысқаша сипаты)

      3.4. сенiмгерлiк басқару_________________________________________________

                                    (мақсаттың қысқаша сипаттамасы)

      4. Өтiнiш берiлген күнi валюта шарты бойынша берілген қаражат:

Жөнелтуші

Бенефициар

Күнi

Сомасы, валюта шарты валютасының мың бiрлiгi

      5. Ескертпе

Тiркеу куәлiгiн алуға өтiнiшті/Валюталық операция туралы немесе шетелдік банкте банк шотын ашу туралы хабарламаны толтыру жөніндегі түсіндіру

      1-4-бөлiмдер тiркеу куәлігін алуға арналған өтiнiшті беру кезінде, тиiстi валюталық операция немесе шетелдік банктегі банк шоты туралы хабарлау кезiнде толтырылады. Толтырылмаған бөлiмдер ұсынылмайды.

      "Ескертпе" деген жолда валюта шартының сомасы белгіленгенбеген жағдайда оның пайда болу тәсілін (тәртібін) қоса алғанда, өтініш беруші тіркеу куәлігінде (хабарлама куәлікте) көрсету қажет деп санайтын шарт талаптары көрсетіледі.

      "Коммерциялық кредиттер және қаржылай қарыздар" 1-бөлімінде:

      3-тармақта жекелеген мәмілелерді, оның ішінде тіркелуге жататын валюта шартын кредиттеудің негіздемелік талаптарын айқындайтын негіздемелік келісім (бас келісім, кредиттік желі және басқасы) көрсетіледі.

      12-тармақта қаражаттың резидентке келіп түскені және оның валюта шарты бойынша берешекті өтеуі туралы (резидент еместер резиденттерге берген қаржылай қарыздар мен коммерциялық кредиттер болған жағдайда), сондай-ақ қаражаттың резидент емеске келіп түскені және оның берешекті өтеуі туралы (резиденттер резидент еместерге берген қаржылай қарыздар мен коммерциялық кредиттер болған жағдайда) ақпарат валюта шартының мың бірлігімен көрсетіледі.

      А бағанында қаражаттың ақшалай нысанда және сол сияқты тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нысанында түсуiнiң нақты және (немесе) болжамды (болашақтағы) күнi, ал 1-бағанда түсiмдер сомасы көрсетiледi. Егер шарт сомасы көрсетілмесе, онда 1-бағанда қаражаттың нақты түскендігі туралы ақпарат қана көрсетіледі.

      Берешекке қызмет көрсету бойынша төлемдер (ақшалай және сол сияқты өзге нысандардағы) туралы ақпарат Б, 2, 3-бағандарда көрсетіледі. Б бағанында төлем жүргiзудiң нақты және (немесе) болжамды (болашақтағы) күнi көрсетіледі. 2 және 3-бағандарда тиiсiнше негiзгi борыштың өтелгені және сыйақының төленгені көрсетіледі. Егер валюта шартында өзгеше белгіленбесе, өзгермелi пайыздық мөлшерлеме болған жағдайда сыйақы төлеудiң болжамды сомасы өтiнiш (хабарлама) беру күнiндегі база мәнiне қарай есептеледi.

      Резидент немесе резидент емес аванстық төлемдер жүргiзген жағдайда төлем жүргiзудiң тиiстi күнi мен Б және 2-бағандардағы сома көрсетіледі.

      1 және 2-бағандардағы жиынтық сомалар өзара және шарт сомасына немесе, егер шарт сомасы келісілмесе, өтiнiш беру күнi нақты түскен қаражат сомасына тең.

      Тiркеу үшін өтініш берілген сәтке дейiн жүргiзiлген (хабарлай отырып) валюталық операциялардың жалпы сомасы "оның iшiнде өтiнiш беру күнi" жолының тиiстi бағандарында көрсетiледi.

      Ұзарту үшін опцион болған кезде Б бағанында негiзгi шартта белгiленген өтеу мерзiмi көрсетiледi.

      Егер валюта шартында сома түрлі валютадағы бірнеше сомадан құралса, онда 12-тармақта қаражаттың түсу және берешекті өтеу кестесі әрбір валюта шарты бойынша жеке жасалады.

      "Капиталға қатысу, бағалы қағаздармен, туынды қаржы құралдарымен операциялар" 2-бөлiмінде:

      Операциялар акциялармен жүзеге асырылған жағдайда 2-8-тармақтар, қатысушылардың дауыстарымен жүзеге асырылған жағдайда 2-6-тармақтар толтырылады.

      Резиденттер (резидент еместер) резидент емес (резидент) эмитенттердiң өзге бағалы қағаздарын және резидент еместердің (резиденттердің) инвестициялық қорларының пайларын сатып алған жағдайда 2-5, 9-тармақтар толтырылады.

      Операциялар туынды қаржы құралдарымен жүзеге асырылған жағдайда 4 және 11-тармақтар толтырылады, ал егер бағалы қағаз базалық актив болып табылса, 5-10-тармақтар толтырылады.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
2-қосымша

"Валюталық операцияны тіркеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Валюталық операцияны тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын ұсынған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 20 (жиырма) минуттан аспайды;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минуттан аспайды.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – қағаз жеткізгіштегі тіркеу куәлігі.

      Егер валюталық операцияға "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7701 тіркелген, "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 154 қаулысына сәйкес тіркеу режімі қолданылмаса, көрсетілетін қызметті алушыға түсіндіру сипатындағы хат жіберіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынылған құжаттарды көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды кері қайтару себептері көрсетілген еркін нысандағы жазбаша өтінішті беруі арқылы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін кері қайтаруға жол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының бір өтінішіне бірнеше тіркеу куәлігін ресімдеуге жол беріледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен

      7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері Астана уақытымен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында Астана уақытымен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі – Астана уақытымен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен Астана уақытымен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен

      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес тіркеу куәлiгiн алуға өтiнiш;

      2) валюта шартының тігілген және қол қойылған (жеке және заңды тұлғалар үшін) және мөрмен (ол болған кезде) куәландырылған (заңды тұлғалар үшін) көшірмесі;

      3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (валюталық операцияны жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін);

      4) валюта шарты бойынша міндеттемелердің туындауын, орындалуын және тоқтатылуын растайтын құжаттардың көшірмелері.

      Шет тілінде жасалған құжаттар мемлекеттік тілдегі немесе орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің ұсынылған құжаттарда сілтеме жасалған қосымша құжаттарды сұратуына жол беріледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану:

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының не оның орнындағы адамның атына: 050040, Алматы қаласы, "Көктем-3" шағын ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Мыналардың:

      жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;

      заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымданады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін
ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуы үшін қолжетімділік ашық.

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Валюталық операцияны
тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
қосымша

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен

      Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі ___________________________

      ___________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))

                              тiркеу куәлiгiн алуға өтiнiш/

      валюталық операция туралы немесе шетелдік банкте банк шотын ашу туралы хабарлама

      1. ________ жылғы "____" __________ №___________________________ валюта

      шарты_____________________________________________________________________

                                    (құжаттың атауы)

      __________________________________________________________________________

                                    (мақсаты мен мәнi)

      2. Валюта шартына қосымша мынадай құжаттар ұсынылды (тiркеу куәлігін алуға

      өтiнiш берген кезде толтырылады):

      ___________________________________________________________________________

                        (құжаттың атауы, нөмiрi, ресiмделген күнi)

      ___________________________________________________________________________

      3. Валюта шартына қатысушы резидент (резиденттер):

      заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      мекенжайы _________________________________________________________________

      _____________________________ телефоны _____________________________________

      4. Валюта шартына қатысушы резидент емес (резидент еместер):

      заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      __________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      заңды тұлғаның тiркелген/жеке тұлғаның тұрғылықты тұратын елi __________________

      ___________________________________________________________________________

      5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң осы валюта шарты бойынша бұрын

      берілген тiркеу куәлiктерiнiң/хабарлама туралы куәліктердің нөмiрлері

      ___________________________________________________________________________

      6. Мынадай толтырылған бөлiмдер ұсынылды (белгiленсiн):

      ___ 1-бөлiм. Коммерциялық кредиттер және қаржылай қарыздар;

      ___ 2-бөлiм. Капиталға қатысу, бағалы қағаздармен және туынды қаржы

      құралдарымен операциялар;

      ___ 3-бөлiм. Шетелдік банкте банк шотын ашу;

      ___ 4-бөлiм. Капитал қозғалысының басқа операциялары.

      Көрсетілетін қызметті алушының уәкiлеттi адамы:

      _______________________             ______________________________________________

            (лауазымы)                        (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))

      ________________

            (қолы)

      20___ жылғы "____" ___________

                                                      Мөр (ол болған кезде) орны

1-бөлiм. Коммерциялық кредиттер және қаржылай қарыздар

      1. Операцияның түрі (белгіленсін):

      ___ резиденттің резидент емеске қаржылай қарызы, коммерциялық кредиті;

      ___ резидент еместің резидентке қаржылай қарызы, коммерциялық кредиті.

      2. Валюта шартының сомасы_____________________________________________

                                          (валюта шартының валютасымен)

      Шарттың валютасы____________________________________________________

      3. ____ жылғы "__" _______ №_______ негіздемелік келiсiм (болған кезде)

      ___________________________________________________________________________

                                    (құжаттың атауы)

      4. Резидент еместің резидентке қатынасы (белгiленсiн):

      1) _____ резидент еместің резиденттің дауыс беретін акцияларының,

      қатысушылары дауыстарының 10% және одан да көп пайызына тікелей иелік етуі;

      2) _____ резидент еместің резиденттің дауыс беретін акцияларының,

      қатысушылары дауыстарының 10% және одан да көп пайызына жанама иелік етуі;

      3) _____ резиденттің резидент еместің дауыс беретін акцияларының,

      қатысушылары дауыстарының 10% және одан да көп пайызына тікелей иелік етуі;

      4) _____ резиденттің резидент еместің дауыс беретін акцияларының,

      қатысушылары дауыстарының 10% және одан да көп пайызына жанама иелік етуі;

      5) _____ резидент пен резидент емес бір біріне қандай да бір бақылау жасамайды

      немесе ықпал етпейді, бірақ резиденттің дауыс беретін акцияларының, қатысушылары

      дауыстарының кемінде 10% тікелей немесе жанама иелік ететін бір инвестордың

      бақылауында немесе ықпалында;

      6) _____ өзге.

      5. Кредиттi пайдаланғаны үшiн сыйақы (мүдде) мөлшерлемесі жылдық

      __________________% (өзгермелi пайыздық мөлшерлеме болған жағдайда оны есептеу

      базасы және маржа мөлшерi көрсетiледi).

      6. Негiзгi борыш бойынша мерзiмi өткен төлемдер үшiн мөлшерлеме:

      мерзiмi өткен әрбiр күн үшін ____________________________________________;

      өзге (талдап жазылсын) ________________________________________________.

      7. Iлеспе төлемдер (ұйымдастырғаны, басқарғаны үшiн комиссия, мiндеттемелер

      және басқа) _________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

                  (кредит, негiзгi борыш және т.с. соманың пайыздарымен)

      8. Операцияның қысқаша сипаттамасы (ақы төлеу бойынша нұсқаулық, қаражат

      қозғалысының схемасы және басқасы)__________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      9. Агент (оператор, ұйымдастырушы) туралы мәлiметтер (болған кезде):

      резидент ____________ резидент емес ___________ (белгіленсін)

      заңды тұлғаның атауы ______

      Резидент туралы ақпарат: мекенжайы _____________________________________

      ___________________________________________________________________________

      телефоны ____________________________________________________________

      КҰЖЖ коды ___________________ ЖСН/БСН _____________________________

      Резидент емес туралы ақпарат: тiркелген елi ________________________________

      10. Ерекше жағдайлардың болуы (белгiленсiн):

      ____ қарыз алушының ұзартуға құқығы;

      ____ қарыз алушының мерзiмiнен бұрын өтеу құқығы;

      ____ кредитордың берешектi мерзiмiнен бұрын өтеудi талап ету құқығы;

      ____ басқа да (талдап жазылсын)

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________.

      11. Осы валюта шарты шеңберiнде қаржыландырылатын келiсiмшарттар туралы

      мәлiметтер (бар болған кезде банктер және өзге де қаржы институттары көрсетеді):

      11.1. аппликант (қаржыландыруды сұрайтын банктiң немесе өзге қаржы

      институтының клиентi) туралы мәлiметтер:

      резидент ____________ резидент емес ___________ (белгіленсін)

      заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      Резидент туралы ақпарат: мекенжайы _____________________________________

      телефоны ____________________________________________________________

      КҰЖЖ коды __________________________________________________________

      ЖСН/БСН ____________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      Резидент емес туралы ақпарат: заңды тұлғаның тiркелген/жеке тұлғаның

      тұрғылықты тұратын елi ______________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      11.2. қаржыландырылатын келiсiмшарттар туралы мәлiметтер:

      келiсiмшарттың нөмiрi ___________________________ күні__________________

      келiсiмшарттың мақсаты мен мәнi________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      келiсiмшарттың сомасы ______________________________________________валютасы

      ___________________________________________________________________________

                              (валютаның мың бiрлiгi)

      келiсiмшарттың есептік нөмірі немесе келiсiмшарттың есептік нөмірін алу талап

      етілетін экспортқа немесе импортқа арналған келiсiмшарттар үшін мәміле паспортының

      нөмірі _____________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      11.3. бенефициар (келiсiмшартқа қатысушы) туралы мәлiметтер:

      резидент ____________ резидент емес ___________ (белгіленсін)

      заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)__________

      ___________________________________________________________________________

      Резидент туралы ақпарат: мекенжайы _____________________________________

      ___________________________________________________________________________

      телефоны __________________________________________________________________

      КҰЖЖ коды __________________________________________________________

      ЖСН/БСН ____________________________________________________________

      Резидент емес туралы ақпарат: заңды тұлғаның тiркелген/жеке тұлғаның

      тұрғылықты тұратын елi______________________________________________________

      11.4. кредитордың банктi немесе өзге қаржы институтын қаржыландыру нысаны

      (белгiленсiн):

      ___ қаражаттың банктiң немесе өзге қаржы институтының шотына түсуi;

      ___ кредитордың бенефициарға ақы төлеуi;

      ___ өзге (талдап жазылсын)_____________________________________________.

      12. Қаражаттың түсу және берешектi өтеу кестесi

                                                шарт валютасының мың бiрлiгi

Қарыз алушыға кредит бойынша қаражаттың түсуi

Қарыз алушының кредитке қызмет көрсетуi бойынша төлемдер

күнi

сомасы

күнi

негізгі борышты өтеу

сыйақы төлеу

А

1

Б

2

3

ЖИЫНТЫҒЫ

ЖИЫНТЫҒЫ

оның iшiнде өтiнiш беру күнiне

оның iшiнде өтiнiш беру күнiне

      13. Ескертпе__________________________________________________________

2-бөлiм. Капиталға қатысу, бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен операциялар

      1. Операция түрi (белгiленсiн):

      1) ___ резиденттердiң резидент еместердiң жарғылық капиталына қатысу үлесін

      сатып алуы, резиденттердің резидент еместердің капиталына қатысуды қамтамасыз ету

      мақсатында салымдарды енгізуі;

      2) ___ резиденттердiң резидент емес эмитенттердiң акцияларын, пайларын сатып

      алуы;

      3) ___ резиденттердiң резидент емес эмитенттердiң өзге бағалы қағаздарын сатып

      алуы;

      4) ___ резидент еместердiң резиденттердiң жарғылық капиталына қатысу үлесін

      сатып алуы, резидент еместердің резиденттердің капиталына қатысуды қамтамасыз ету

      мақсатында салымдарды енгізуі;

      5) ___ резидент еместердiң резидент эмитенттердiң акцияларын, пайларын сатып

      алуы;

      6) ___ резидент еместердiң резидент эмитенттердiң өзге бағалы қағаздарын сатып

      алуы;

      7) ___ туынды қаржы құралдарымен операциялар.

      1.1. резидент еместің резидентке қатысы (3), 6) операция түрлері үшін

      толтырылады):

      1) _____ резидент еместің резиденттің дауыс беретін акцияларының,

      қатысушылары дауыстарының 10% және одан да көп пайызына тікелей иелік етуі;

      2) _____ резидент еместің резиденттің дауыс беретін акцияларының,

      қатысушылары дауыстарының 10% және одан да көп пайызына жанама иелік етуі;

      3) _____ резиденттің резидент еместің дауыс беретін акцияларының,

      қатысушылары дауыстарының 10% және одан да көп пайызына тікелей иелік етуі;

      4) _____ резиденттің резидент еместің дауыс беретін акцияларының,

      қатысушылары дауыстарының 10% және одан да көп пайызына жанама иелік етуі;

      5) _____ резидент пен резидент емес бір біріне қандай да бір бақылау жасамайды

      немесе ықпал етпейді, бірақ резиденттің дауыс беретін акцияларының, қатысушылары

      дауыстарының кемінде 10% тікелей немесе жанама иелік ететін бір инвестордың

      бақылауында немесе ықпалында;

      6) _____ өзге.

      2. Инвестор туралы мәлiметтер (егер өтініш беруші инвестор болып табылса,

      толтырылмайды):

      резидент _____________ резидент емес________ (белгiленсiн)

      заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)____

      ___________________________________________________________________________

      Резидент туралы ақпарат: мекенжайы _____________________________________

      телефоны __________________________________________________________________

      КҰЖЖ коды _________________________ ЖСН/БСН _______________________

      Резидент емес туралы ақпарат: заңды тұлғаның тiркелген/жеке тұлғаның

      тұрғылықты тұратын елi ______________________________________________________

      3. Сатушы туралы мәлiметтер (егер өтініш беруші сатушы болып табылса,

      толтырылмайды):

      резидент_______                   резидент емес ________ (белгiленсiн)

      заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      Резидент туралы ақпарат: мекенжайы _____________________________________

      телефоны __________________________________________________________________

      КҰЖЖ коды __________________________________________________________

      ЖСН/БСН____________________________________________________________

      Резидент емес туралы ақпарат: заңды тұлғаның тiркелген/жеке тұлғаның

      тұрғылықты тұратын елi ______________________________________________________

      4. Валюта шарты туралы мәлiметтер:

      валюта шартының сомасы _______________________________________________

                        (валюта шартының валютасында цифрлармен және жазумен)

      валюта шартының валютасы_____________________________________________

      мерзiмi өткен төлемдер үшiн мөлшерлеме: мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн ______________

      ілеспе төлемдер (ұйымдастырғаны, басқарғаны үшiн комиссия, мiндеттемелер және басқа)

      ___________________________________________________________________________

                              (талдап жазылсын)

      өтiнiш берiлген күнi валюта шарты бойынша берілген қаражат:

Жөнелтуші

Бенефициар

Күнi

Сомасы, валюта шарты валютасының мың бiрлiгi

      операцияның қысқаша сипаттамасы (төлем жөніндегі нұсқаулық, қаражат қозғалысының

      схемасы және басқа)

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      5. Инвестициялау объектiсi туралы мәлiметтер (егер өтініш беруші инвестициялау

      объектiсi болып табылса, толтырылмайды):

      резидент ________ резидент емес _________ (белгiленсiн)

      атауы______________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      Резидент туралы ақпарат: мекенжайы (облыс, қала)________________________________

      КҰЖЖ коды ________________________ ЖСН/БСН ______________________________

      Резидент емес туралы ақпарат: тiркелген елi______________________________________

      6. Инвестициялау объектiсiнiң капиталы (операциялар акциялармен, қатысу

      үлестерiмен, пайлармен жүзеге асырылған жағдайда толтырылады):

Валюта шарты бойынша операция жүргiзгенге дейiн

Валюта шарты бойынша операция жүргiзiлгеннен кейiн

сомасы

валютасы

сомасы

валютасы

1.

Инвестициялау объектiсiнің жарғылық капиталы, құрылтай құжаттары бойынша валютаның мың бiрлiгi

1.1

оның ішінде инвесторлар бойынша

2.

Инвестициялау объектісінің капиталы (жарғылықтан басқа), құны бойынша көрсетілген пайлар, валютаның мың бірлігі

2.1

оның ішінде инвесторлар бойынша

3.

Инвестордың (инвесторлардың) инвестициялау объектісінің капиталындағы үлесі, %-бен

3.1.

оның ішінде инвесторлар бойынша

      7. Инвестициялау объектiсiнiң акциялары туралы ақпарат (акциялармен

      операцияларды жүзеге асырған жағдайда толтырылады):

Валюта шарты бойынша операция жүргiзгенге дейiн

Валюта шарты бойынша операция жүргізгеннен кейiн

жай

артықшылық берілген

жай

артықшылық берілген

1.

Инвесторға (инвесторларға) тиесілі акциялар саны, дана

1.1

оның ішінде инвесторлар бойынша

      8. Инвестор (инвесторлар) валюта шарты бойынша сатып алатын инвестициялау

      объектiсiнiң акциялары туралы ақпарат:

Акцияның түрi (жай/артықшылық берілген, дауыс беру құқығы бар/құқығы жоқ)

Халықаралық сәйкестендiру нөмiрi (ISIN) не ұлттық сәйкестендiру нөмiрi (ҰСН)

Бiр бағалы қағаздың номиналдық құны немесе орналастыру бағасы (валюта бiрлiгi)

Шығарылым (орналастыру) валютасы

      9. Инвестор (инвесторлар) сатып алатын борыштық бағалы қағаздар,

      инвестициялық қорлардың пайлары туралы мәлiметтер:

      ISIN/ҰСН__________________________________________________________________

      бағалы қағаздардың саны

      _______________________________________________________________________дана

      бiр бағалы қағаздың номиналдық құны _____________________________ валюта бiрлiгi

      шығарылым валютасы

      ___________________________________________________________________________

      Инвестициялық қордың пайлары үшiн

      қордың түрi (акционерлiк, пайлық, ашық, жабық, аралық, өзге (көрсетiлсiн)

      ___________________________________________________________________________

      басқарушы компания

      ___________________________________________________________________________

                                    (атауы, елі)

      10. Депозитарлық қолхаттар туралы мәлiметтер:

      Депозитарлық қолхаттың ISIN/ҰСН

      ___________________________________________________________________________

      шығарылған күнi

      ___________________________________________________________________________

      депозитарлық қолхаттың саны: операция жүргiзгенге дейiн __________ дана,

      операция жүргiзгеннен кейiн ________ дана.

      Депозитарлық қолхат пен базалық актив бiрлiктерiнiң арақатынасы:

      _____________ дана депозитарлық қолхат = _____________ дана базалық актив

      10.1. Депозитарлық қолхаттардың базалық активi туралы мәлiметтер:

      бағалы қағаздың түрi:___________ акциялар, ___________ облигациялар (көрсетiлсiн)

      депозитарлық қолхаттарға ауыстырылған базалық актив бiрлiктерiнiң саны:

      операция жүргiзгенге дейiн ______ дана, операция жүргiзгеннен кейiн _______ дана.

      10.2. Депозитарлық қолхат эмитентi:

      резидент __________ резидент емес __________ (белгiленсiн)

      заңды тұлғаның атауы ________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      Резидент емес туралы ақпарат: тiркелген елі _____________________________________

      Резидент еместiң экономика секторы ___________________________________________

      11. Туынды қаржы құралдары туралы мәлiметтер:

      туынды қаржы құралының түрi (көрсетiлсiн):

      ______ опцион, _______ форвард, ______ фьючерс, ________ өзге (талдап жазылсын)

      ___________________________________________________________________________

      туынды қаржы құралының базалық активiнiң атауы

      ___________________________________________________________________________

      бағалы қағаздың ISIN/ҰСН

      ___________________________________________________________________________

      12. Ескертпе_____________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

3-бөлiм. Шетел банкiнде банк (оның ішінде жинақ) шотын ашу

      1. Шетелдік банк_______________________________________________________

            (атауы, мекенжайы, SWIFT коды және өзге банктiк деректемелері)

      2. Банк шотының валютасы______________________________________________

      3. Банк шотының нөмірі_________________________________________________

      4. Банк шотының түрі (белгiленсiн):

      ____ резиденттің, Қазақстан Республикасында орналасқан резидент филиалының

      (өкілдігінің) ағымдағы шоты;

      ____ Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан резидент филиалының

      (өкілдігінің) ағымдағы шоты;

      ____ резиденттiң салымы;

      ____ басқа да (талдап жазылсын)

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________.

      5. Банк шоты бойынша сыйақы (мүдде) мөлшерлемесі (жылдық %)

      ___________________________________________________________________________

      (өзгермелi пайыздық мөлшерлеме болған жағдайда оны есептеу базасы және маржа

                                    мөлшерi көрсетiледi)

      6. Резидент филиалының (өкiлдiгiнiң) орналасқан жерi_______________________

      ___________________________________________________________________________

                                    (елi, мекенжайы)

      7. Ескертпе ___________________________________________________________

4-бөлiм. Капитал қозғалысының басқа операциялары

      1. Операция түрi (белгiленсiн):

      ____ жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығын сатып алу;

      ____ зияткерлiк меншiк объектiлерiне айрықша құқықты толық сатып алу;

      ____ бiрлескен қызметке қатысушының мiндеттемелерiн орындау;

      ____ ақшаны және мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беру.

      2. Валюта шарты туралы мәлiметтер:

      валюта шартының сомасы_______________________________________________

                  (валюта шартының валютасында цифрлармен және жазумен)

      валюта шартының валютасы_____________________________________________

      қаражатты (болған кезде) пайдаланғаны үшiн сыйақы мөлшерлемесі (мүддесі):

      __________________________________________________________________ жылдық %

      (өзгермелi пайыздық мөлшерлеме болған жағдайда оны есептеу базасы және маржа

                                    мөлшерi көрсетiледi)

      ілеспе төлемдер (болған кезде) _________________________________________________

                                          (талдап жазылсын)

      ___________________________________________________________________________

      Операцияның қысқаша сипаттамасы (ақы төлеу жөніндегі нұсқаулық, қаражаттың

      қозғалу схемасы және басқа)___________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      3. Объект туралы мәлiметтер:

      3.1. жылжымайтын мүлiк _______________________________________________

                                                (елі, мекенжайы)

      3.2. зияткерлiк меншiк объектiсi __________________________________________

                                          (объектiнiң қысқаша сипаты)

      3.3. бiрлескен қызмет___________________________________________________

                                          (жобаның қысқаша сипаты)

      3.4. сенiмгерлiк басқару________________________________________________

                                    (мақсаттың қысқаша сипаттамасы)

      4. Өтiнiш берiлген күнi валюта шарты бойынша берілген қаражат:

Жөнелтуші

Бенефициар

Күнi

Сомасы, валюта шарты валютасының мың бiрлiгi

      5. Ескертпе___________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

Тiркеу куәлiгiн алуға өтiнiшті/Валюталық операция туралы немесе шетелдік банкте банк шотын ашу туралы хабарламаны толтыру жөніндегі түсіндіру

      1-4-бөлiмдер тiркеу куәлігін алуға арналған өтiнiшті беру кезінде, тиiстi валюталық операция немесе шетелдік банктегі банк шоты туралы хабарлау кезiнде толтырылады. Толтырылмаған бөлiмдер ұсынылмайды.

      "Ескертпе" деген жолда валюта шартының сомасы белгіленгенбеген жағдайда оның пайда болу тәсілін (тәртібін) қоса алғанда, өтініш беруші тіркеу куәлігінде (хабарлама куәлікте) көрсету қажет деп санайтын шарт талаптары көрсетіледі.

      "Коммерциялық кредиттер және қаржылай қарыздар" 1-бөлімінде:

      3-тармақта жекелеген мәмілелерді, оның ішінде тіркелуге жататын валюта шартын кредиттеудің негіздемелік талаптарын айқындайтын негіздемелік келісім (бас келісім, кредиттік желі және басқасы) көрсетіледі.

      12-тармақта қаражаттың резидентке келіп түскені және оның валюта шарты бойынша берешекті өтеуі туралы (резидент еместер резиденттерге берген қаржылай қарыздар мен коммерциялық кредиттер болған жағдайда), сондай-ақ қаражаттың резидент емеске келіп түскені және оның берешекті өтеуі туралы (резиденттер резидент еместерге берген қаржылай қарыздар мен коммерциялық кредиттер болған жағдайда) ақпарат валюта шартының мың бірлігімен көрсетіледі.

      А бағанында қаражаттың ақшалай нысанда және сол сияқты тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нысанында түсуiнiң нақты және (немесе) болжамды (болашақтағы) күнi, ал 1-бағанда түсiмдер сомасы көрсетiледi. Егер шарт сомасы көрсетілмесе, онда 1-бағанда қаражаттың нақты түскендігі туралы ақпарат қана көрсетіледі.

      Берешекке қызмет көрсету бойынша төлемдер (ақшалай және сол сияқты өзге нысандардағы) туралы ақпарат Б, 2, 3-бағандарда көрсетіледі. Б бағанында төлем жүргiзудiң нақты және (немесе) болжамды (болашақтағы) күнi көрсетіледі. 2 және 3-бағандарда тиiсiнше негiзгi борыштың өтелгені және сыйақының төленгені көрсетіледі. Егер валюта шартында өзгеше белгіленбесе, өзгермелi пайыздық мөлшерлеме болған жағдайда сыйақы төлеудiң болжамды сомасы өтiнiш (хабарлама) беру күнiндегі база мәнiне қарай есептеледi.

      Резидент немесе резидент емес аванстық төлемдер жүргiзген жағдайда төлем жүргiзудiң тиiстi күнi мен Б және 2-бағандардағы сома көрсетіледі.

      1 және 2-бағандардағы жиынтық сомалар өзара және шарт сомасына немесе, егер шарт сомасы келісілмесе, өтiнiш беру күнi нақты түскен қаражат сомасына тең.

      Тiркеу үшін өтініш берілген сәтке дейiн жүргiзiлген (хабарлай отырып) валюталық операциялардың жалпы сомасы "оның iшiнде өтiнiш беру күнi" жолының тиiстi бағандарында көрсетiледi.

      Ұзарту үшін опцион болған кезде Б бағанында негiзгi шартта белгiленген өтеу мерзiмi көрсетiледi.

      Егер валюта шартында сома түрлі валютадағы бірнеше сомадан құралса, онда 12-тармақта қаражаттың түсу және берешекті өтеу кестесі әрбір валюта шарты бойынша жеке жасалады.

      "Капиталға қатысу, бағалы қағаздармен, туынды қаржы құралдарымен операциялар" 2-бөлiмінде:

      Операциялар акциялармен жүзеге асырылған жағдайда 2-8-тармақтар, қатысушылардың дауыстарымен жүзеге асырылған жағдайда 2-6-тармақтар толтырылады.

      Резиденттер (резидент еместер) резидент емес (резидент) эмитенттердiң өзге бағалы қағаздарын және резидент еместердің (резиденттердің) инвестициялық қорларының пайларын сатып алған жағдайда 2-5, 9-тармақтар толтырылады.

      Операциялар туынды қаржы құралдарымен жүзеге асырылған жағдайда 4 және 11-тармақтар толтырылады, ал егер бағалы қағаз базалық актив болып табылса, 5-10-тармақтар толтырылады.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
3-қосымша

"Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау және беру бойынша қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – микроқаржылық ұйымына оны микроқаржылық ұйымдардың тізіліміне енгізу туралы хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда нәтиже электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады, көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері Астана уақытымен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында Астана уақытымен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі – Астана уақытымен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен Астана уақытымен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен

      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша меншікті капиталдың ең аз мөлшерінің сақталғаны туралы мәліметтер;

      3) ішкі бақылау қызметі туралы ереже (болған кезде);

      4) мыналарды:

      микроқаржылық ұйым қызметінің стратегиясын;

      микроқаржылық ұйым бағдарланған нарық сегментінің айқындамасын (қызметтерді әлеуетті тұтынушылар, ағымдағы жағдай және олардың нарықтағы үлесінің серпінді болжамы);

      қызмет түрлерін (микрокредит беру, микрокредиттерді беру қызметіне байланысты мәселелер жөнінде консультациялық қызметтер көрсету және (немесе) "Микроқаржы ұйымдары туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабында көзделген қызметтің басқа түрі);

      ағымдағы ахуалдың талдауын, қызметтердің жарнамасын, көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету шараларын, тұтынушылардың қажеттіліктерін қалыптастыру және ынталандыру шараларын қамтитын маркетинг (клиентураны қалыптастыру) жоспарын;

      ұйымның қызметін қаржыландыру көздерін (құрылтайшылар қаражаты, тартылған қаражат, гранттар немесе басқа қаражат) ашып көрсететін бизнес-жоспар;

      5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының құрылтайшысы (қатысушысы) туралы өтініш берген күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша мәліметтер;

      6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша атқарушы органның бірінші басшысы (мүшелері), бас бухгалтері (болған кезде) туралы өтініш берген күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша мәліметтер;

      7) микроқаржылық ұйымның жоғары органы бекіткен микрокредиттер беру қағидаларының көшірмесі;

      8) "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған ақпарат беру туралы шарттың көшірмесі және кредиттік тарихтарды қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесінің қатысушыларына қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы құжаттың көшірмесі;

      9) берілген микрокредиттер бойынша кірісті және корпоративтік табыс салығының есептелген сомасын көрсететін соңғы үш жылдағы салық декларациясының көшірмесі (микрокредиттік ұйымдарды қайта тіркеу немесе қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған микроқаржылық ұйымдар ұсынады).

      Микроқаржылық ұйым өтініште көрсетілген орналасқан орны өзгерген, сондай-ақ осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, осындай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге өзгертілген және (немесе) толықтырылған құжаттарды ұсынады.

      Осы тармақта көрсетілген, бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп, тігіліп және соңғы парағының артқы жағына тігілген түйіннің үстіне жапсырылған, тігілген парақ саны көрсетілген жапсырмаға ішінара микроқаржылық ұйымның мөрімен (ол болған кезде) расталып ұсынылады.

      Ұсынылған құжаттардың көшірмелері микроқаржылық ұйымның осындай құжаттарға қол қою құқығына ие лауазымды тұлғаларының қолымен және микроқаржылық ұйымның мөр бедерімен (ол болған кезде) расталады.

      Порталда:

      1) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес мәліметтер электрондық нысанда), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) көзделген құжаттар электрондық сұрау салуға қоса беріледі.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен

      10. Мыналар:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген талаптарға ұсынылған құжаттар сәйкес келмеуі;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарда көрсетілуге тиіс дәйексіз мәліметтерді және ақпаратты беруі;

      3) егер микроқаржылық ұйым әділет органдарында мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күнінен бастап бір жыл ішінде есептік тіркеуден өту туралы өтініш жасамаса;

      4) егер микроқаржылық ұйымның басшысында немесе құрылтайшыларының бірінде өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болса, сондай-ақ тұлға бұған дейін уәкілетті орган осы микроқаржылық ұйымды тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының бірінші басшысы немесе құрылтайшысы болып табылған жағдайда;

      5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 9) тармақшасында көзделген құжаттарды бермеуі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

      Есептік тіркеуден бас тартқан жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы отыз жұмыс күні ішінде өтінішті қайтадан беруге құқылы немесе атауын өзгерту не қайта ұйымдастыру, не тарату туралы шешім қабылдайды.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Мыналардың:

      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;

      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Микроқаржылық ұйымдарды
есептік тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

      нысан

      ____________________________________________________________________

      (қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау мен

      қадағалау жөніндегі уәкілетті органның толық атауы)

      __________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

Өтініш

      Ескерту 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен
     
      Микроқаржылық ұйым ретінде есептік тіркеу жүргізуді сұраймын.

      Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:

      1. Көрсетілетін қызметті алушының тұрған жері _______________________

      _____________________________________________________________________

      (индексі, қала, аудан, облыс, көше, үйдің, офистің нөмірі)

      _____________________________________________________________________

      (телефон, факс, электрондық поштаның мекенжайы, бар болса

      интернет-ресурс)

      2. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, даналарының және олардың

      әрқайсысындағы парақ саны: __________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қоса берілген құжаттардың

      (ақпараттың) анықтығына толық жауап береді.

      Өтініш беруге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған

      кезде), лауазымы ____________________________________________________________________.

      "Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету

      үшін қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім

      беремін.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.

      ___________________

      (қолы)

      20 __ жылғы "____" ______________

      мөр орны

      (ол болған кезде)

  "Микроқаржылық ұйымдарды
есептік тіркеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

      нысан

Меншікті капиталдың ең төменгі мөлшерін
сақтау туралы мәліметтер

Микроқаржылық ұйымның атауы

Күні

Меншікті капиталдың мөлшері (мың теңге)

1

2

3

      Микроқаржылық ұйым басшысының

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) _________________

      (қолы)

      мөр орны

      (ол болған кезде)

  "Микроқаржылық ұйымдарды
есептік тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша

      1-нысан

Көрсетілетін қызметті алушының
құрылтайшысы (қатысушы) туралы мәліметтер
(заңды тұлға үшін)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

      1. Көрсетілетін қызметті алушының құрылтайшысы (қатысушы) ___________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (толық атауы)

      Орналасқан жері _____________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (пошта индексі, мекенжайы)

      Байланыс деректері___________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (телефон және факс нөмірлері, электрондық пошта (ол болған кезде)

      мекенжайы)

      Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер (Қазақстан

      Республикасының резидент еместері үшін) _____________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні, кім берді)

      Қазақстан Республикасының резиденті/резиденті емес___________________

      _____________________________________________________________________

      Қызметтің негізгі түрі ______________________________________________

      _____________________________________________________________________

      2. Көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталына қатысу үлесі

      _____________________________________________________________________

      3. Көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталына қатысу үлесіне

      ақша енгізу алдындағы көрсетілетін қызметті алушы құрылтайшысының

      (қатысушысының) меншікті капиталының мөлшері және көрсетілетін

      қызметті алушының жарғылық капиталына қатысу үлесін төлеуге

      енгізілген сома

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      4. Заңды тұлғалардың толық атауын және тұрған жерін көрсете отырып,

      қатысушы, акционер ретінде көрсетілетін қызметті алушы

      құрылтайшысының (қатысушыcының) өзге заңды тұлғалар құруға және

      қызметіне қатысуы туралы мәліметтер: _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      5. Ұйымдардың толық атауларын, орналасқан жерлерін көрсете отырып,

      көрсетілетін қызметті алушының құрылтайшысы (қатысушысы) қатысатын

      өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер,

      қауымдастықтар, консорциумдар туралы мәліметтер: ____________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      6. Көрсетілетін қызметті алушы құрылтайшысының (қатысушысының)

      басшысы туралы мәліметтер: __________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      20 __ жылғы "____" _____________

      Көрсетілетін қызметті алушы құрылтайшысы

      (қатысушысы) басшысының қолы ________________________________________

      мөр орны

      (ол болған кезде)

      2-нысан

Көрсетілетін қызметті алушының құрылтайшысы
(қатысушысы) туралы мәліметтер
(жеке тұлға үшін)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

      1. Көрсетілетін қызметті алушының құрылтайшысы (қатысушысы) _________

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      Туған күні __________________________________________________________

      Азаматтығы __________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжат деректері ____________________________

      _____________________________________________________________________

      (құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні, кім берді)

      Тұрғылықты жері _____________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (пошта индексі, мекенжайы)

      Байланыс деректері___________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (телефон және факс нөмірлері, электрондық пошта (ол болған кезде)

      мекенжайы)

      Жұмыс орны (мекенжайын көрсете отырып), лауазымы_____________________

      _____________________________________________________________________

      2. Көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталдағы қатысу үлесі

      _____________________________________________________________________

      3. Заңды тұлғалардың толық атауларын және орналасқан жерлерін көрсете

      отырып, көрсетілетін қызметті алушы құрылтайшысының (қатысушысының)

      қатысушы, акционер ретінде өзге заңды тұлғаларды құруға және

      қызметіне қатысуы туралы мәліметтер: ________________________________

      _____________________________________________________________________

      4. Өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы туралы мәліметтер:

      _____________________________________________________________________

      5. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау

      және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның осы микроқаржылық ұйымды

      тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын

      кезеңде тұлғаның бұған дейін микроқаржылық ұйымның бірінші басшысы

      немесе құрылтайшысы болып табылғандығы туралы мәліметтер.

      20 __ жылғы "___" _____________

      Көрсетілетін қызметті алушы

      құрылтайшысының (қатысушының) қолы __________________________________

  "Микроқаржылық ұйымдарды
есептік тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
4-қосымша
  Нысан

Атқарушы органның бірінші басшысы (мүшелері), бас бухгалтері (болған кезде) туралы мәліметтер

      Ескерту 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен

      ___________________________________________________________________________

                  (көрсетілетін қызметті алушы қызметкерінің лауазымы

                  және көрсетілетін қызметті алушының атауы көрсетіледі)

      1. Жалпы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

__________________________________________________________
__________________________________________________________
(жеке басын куәландыратын құжатқа толық сәйкес, тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, олардың қашан, қандай себеппен өзгертілгенін көрсету керек)

Туылған күні және жері

__________________________________________________________
__________________________________________________________
__________________________________________________________

Тұрақты тұрғылықты жері, телефон нөмірлері

__________________________________________________________
__________________________________________________________
__________________________________________________________
(толық мекенжайын, елді-мекеннің кодын қоса алғанда, қызметтік, үй, байланыс телефондарының нөмірлерін көрсету керек)

Азаматтығы

Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері

__________________________________________________________
__________________________________________________________
__________________________________________________________
__________________________________________________________

      Қатысушы, акционер ретінде көрсетілетін қызметті алушының өзге заңды

      тұлғалар құруға және қызметіне қатысуы туралы мәліметтер:

Заңды тұлғаның атауы және тұрған жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Лауазымды тұлғаның заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының жалпы санына қатысты лауазымды тұлғаға тиесілі акциялардың пайыздық арақатынасы

      2. Кәсіби деректер:

Білімі, оның ішінде жұмыс саласына сәйкес келетін кәсіби білімі

_________________________________________________________
_________________________________________________________
_________________________________________________________
_________________________________________________________
(оқу орнының, факультеттің немесе бөлімнің атауын мен орналасқан жерін, оқу кезеңін, берілген біліктілікті, білімі туралы дипломның деректемелерін көрсету керек)

Қосымша білімі, оның ішінде жұмыс істейтін саладағы біліктілікті көтеру курстары, ғылыми дәрежелері

_________________________________________________________
_________________________________________________________
_________________________________________________________
_________________________________________________________
_________________________________________________________
(оқу орнының атауы мен орналасқан жерін, оқу кезеңін, білімі туралы дипломның деректемелерін, сертификатты, куәлікті көрсету керек)

Жетістіктері

_________________________________________________________
_________________________________________________________
(осы мәселе бойынша ақпарат көрсету керек, мысалы, ғылыми жарияланымының аты, ғылыми әзірлемелерге, заң жобаларына және т.б қатысуы)

Осы мәселеге қатысы бар басқа ақпарат

_________________________________________________________
_________________________________________________________
_________________________________________________________
(кандидаттың кәсіби біліктілігін сипаттайтын ақпарат көрсетіледі)

      Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

Жұмыс кезеңі (айы, жылы)

Ұйымның атауы, атқаратын лауазымдары және лауазымдық міндеттері

      3. Басқа мәліметтер:

Өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы

Иә/жоқ
(егер бар болса, онда қылмыстық жауаптылыққа тартылғаны туралы үкімнің күнін және нөмірін, 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің не 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабын көрсету керек)

Қадағалау органдарының Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуі туралы деректердің болуы

Иә/жоқ (егер бар болса, онда күнін және осындай шара қолданған органның атауын көрсету керек)

Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган осы микроқаржылық ұйымды тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұған дейін микроқаржылық ұйымның бірінші басшысы немесе құрылтайшысы болып табылғандығы туралы мәліметтер

Ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі

Қаржылық қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сот талқылауына микроқаржылық ұйымның басшысы ретінде жауапқа тартылды ма

(қаралған мәселенің және соттың шешімінің күнін, сот талқылауындағы жауапкер-ұйымының атауын көрсету керек)

Осы мәселеге қатысты басқа ақпарат

(еркін түрде көрсетіледі)

      Мен,________________________________________________________________,

                        (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      осы ақпаратты тексергендігімді және оның дәйекті әрі толық екендігін растаймын.

      _____________

      (қолы, күні)

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
4-қосымша

"Тіркеушінің қағидалар жиынтығын келісу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер

      Ескерту. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
5-қосымша

"Қаржылық құралдармен мәміле бойынша клирингтік қызметті
жүзеге асыру қағидаларын келісу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      Ескерту. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
6-қосымша

"Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін жіберу:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау және беру бойынша қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті алушы үміткерлер сайланған (тағайындалған) күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешікпейтін мерзімде оларды келісу үшін көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың толық топтамасын (үміткерлерді, жауапты адамдарды, байланыс телефондарын және электрондық пошта мекенжайларын көрсетіп) ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оларды көрсетілетін қызметті алушыға қараусыз қайтарады.

      Ұсынылған құжаттар осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 және 10-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға ескертулер мен оларды жою мерзімін көрсетіп жазбаша жауап жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы ескертулерді жойып, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін пысықталған (түзетілген) құжаттарды көрсетілетін қызмет беруші жіберген жазбаша хабарламада белгіленген мерзімде ұсынады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының атына қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің (бұдан әрі – холдинг), "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) басшы қызметкерлері лауазымына үміткерлерді келісу нәтижелері туралы мәліметтер бар хат не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 11-тармағында негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберу.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі туралы мәліметтерді ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда нәтиже электрондық нысанда ресімделеді және қағазға басылады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) еркін нысанда жазылған, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар, көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерінің лауазымына үміткердің (бұдан әрі – үміткер) көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сәйкес келетіндігі туралы, сондай-ақ үміткер туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы құжаттамалық тексергені туралы көрсетілген және мыналар қол қойған қолдаухат:

      көрсетілетін қызметті алушының басқару органының басшысы, ал ол болмаған жағдайда басқару органының шешімі бойынша басқару органы мүшелерінің бірі (басқару органының осы шешімінің көшірмесін бере отырып), басқару органының басшысы және мүшелері болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы акционерлерінің бірі, осы құжатқа қол қоюға уәкілетті қаржы ұйымы, холдинг (жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған қаржы ұйымы, холдинг үшін) қатысушыларының бірі – басқару органының басшысын (атқарушы органның функцияларын жеке жүзеге асыратын адамды), атқарушы органның басшысы болып табылатын басқару органының мүшесін тағайындаған (сайлаған) кезде;

      көрсетілетін қызметті алушы атқарушы органының басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке жүзеге асыратын адам) не оның міндеттерін атқаратын адам (міндеттерді атқару жүктелгені туралы шешімнің көшірмесін бере отырып) – қалған жағдайларда;

      2) көрсетілетін қызметті алушының атқарушы органы мүшесінің лауазымына немесе қаржы ұйымының, холдингтің өзге басшысының лауазымына "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 20-бабында, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң) 34-бабында, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) 54-бабында, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) 55-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келетін үміткердің лауазымдық нұсқаулығының көшірмесі, онда мыналар қамтылады:

      осы үміткердің өкілеттіктері (тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде), лауазымын, оның лауазымдық нұсқаулықпен танысып қойылған қолын және күнін көрсете отырып);

      осы үміткер жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшенің (бөлімшелердің) атауы туралы мәліметтер және оның (олардың) құзыретіне жататын мәселелердің тізбесі;

      өз функцияларын жүзеге асыру кезіндегі жауапкершілік.

      Қаржы ұйымының, холдингтің өзге басқарушы қызметкерінің лауазымына үміткер қол қоятын құжаттардың тізбесі лауазымдық нұсқаулықта болмаған жағдайда, үміткерге құжаттарға қол қою құқығы беруге негіз болған өзге құжаттың көшірмесі ұсынылады;

      3) егер көрсетілетін қызметті алушы атқарушы органының мүшесі лауазымына үміткер өзге ұйымда жұмыс істесе, акционерлік қоғам ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған осы көрсетілетін қызметті алушы басқарушы органының үміткерге өзге ұйымда жұмыс істеуге келісім беру туралы шешімінің үзінді-көшірмесін;

      4) егер үміткер акционерлік қоғамның атқарушы органының мүшесі болып табылған жағдайда, осы акционерлік қоғамның басқару органының үміткерге көрсетілетін қызметті алушыда жұмыс істеуге келісім беру туралы шешімінің үзінді-көшірмесін;

      5) үміткерді тағайындау (сайлау) күнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті органының үміткерді тағайындау туралы шешімінің үзінді-көшірмесін не бұйрығының көшірмесін ұсынуға тиіс.

      Егер тағайындау (сайлау) күні көрсетілмесе, онда көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті органының шешім (бұйрық) қабылдаған күні не шешімде (бұйрықта) көрсетілген оқиға басталған күн үміткерді тағайындау (сайлау) күні болып саналады.

      Шешімде (бұйрықта) көрсетілген оқиға басталған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

      көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органы шешімінің үзінді-көшірмесінде мынадай мәліметтер болады:

      көрсетілетін қызметті алушының толық атауы және көрсетілетін қызметті алушы атқарушы органының орналасқан жері;

      акционерлердің жалпы жиналысын (басқару органының отырысын) өткізу күні, уақыты мен орны;

      отырысқа (басқару органының отырысы үшін) қатысқан адамдар туралы мәліметтер;

      акционерлер жалпы жиналысының (басқару органы отырысының) кворумы;

      акционерлер жалпы жиналысы отырысының (басқару органы отырысының) басшы лауазымға үміткерді тағайындау (сайлау) туралы мәселе бөлігіндегі күн тәртібі;

      дауыс беруге қойылған мәселелер, басшы лауазымға үміткерді тағайындау (сайлау) бөлігінде ол бойынша дауыс беру қорытындылары;

      басшы лауазымға үміткерді тағайындау (сайлау) бөлігінде қабылданған шешімдер.

      Көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органы шешімінің үзінді-көшірмесі осындай құжатқа қол қоюға уәкілетті қызметкердің (қызметкерлердің) қойылған қолымен және көрсетілетін қызметті алушы мөрінің (болған кезде) бедерімен расталады және онда үзінді-көшірменің дұрыс екеніне нұсқау болады;

      6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша басшы қызметкер лауазымына үміткер туралы электрондық және қағаз жеткізгіштердегі мәліметтерді (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшадағы түрлі-түсті фотосурет ашық реңде, 3х4 өлшемді);

      7) ұсынылған адамдар экономика және (немесе) заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежелері бар адамдар болған жағдайда, Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ғылыми дәреже алғанын растайтын дипломның көшірмесі.

      Азаматтық еліндегі (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын еліндегі (азаматтығы жоқ адамдар үшін) ғылыми дәреже алғанын растау мақсатында шетелдіктер (азаматтығы жоқ адамдар) көрсетілетін қызметті берушіге олардың азаматтық елінің (азаматтығы жоқ адамдар үшін - олардың тұрақты тұратын елінің) мемлекеттік органы берген тиісті құжатты ұсынады;

      8) шетелдіктер (азаматтығы жоқ адамдар) олардың азаматтығы елінде (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елінде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы мәліметтердің дәйектілігін растау мақсатында да көрсетілетін қызметті берушіге олардың азаматтығы елінің (азаматтығы жоқ адамдар үшін – олардың тұрақты тұратын елінің) немесе кандидат соңғы 15 (он бес) жыл бойы тұрақты тұрған елдің мемлекеттік органы берген тиісті құжатты ұсынады. Көрсетілген құжатты беру күні қолдаухат берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды;

      9) кандидат ұсынылатын лауазымды, ұсынып отырған адамның қол қойған күнін және лауазымын, сондай-ақ кандидаттың кәсіби және жеке басының мінездемелерін көрсете отырып, еркін нысанда жасалған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14784 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 305 қаулысымен бекітілген Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларының және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесінің 6-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген кем дегенде 2 (екі) тұлғадан кандидатқа берілген ұсыным хаттар. Ұсыным хаттың берілген күні қолдаухат берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды;

      10) Қазақстан Республикасының резиденттері емес кандидаттарды келіскен жағдайда, Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымында Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "BB+" төмен емес кредиттік рейтингі немесе тізбесі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 тіркелген, "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысымен белгіленген басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi туралы мәліметтер;

      11) бас бухгалтер лауазымына кандидат үшін – Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген кәсіби бухгалтер сертификатының көшірмесі;

      12) бас бухгалтер лауазымына кандидат үшін – мүшелік билеттің (кітапшаның) көшірмесі немесе бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік ұйымының осы ұйымда мүшелігін растайтын анықтама.

      Осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды қоспағанда, осы тармақта аталған, бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп, тігіліп және соңғы парағының артқы жағына тігілген түйіннің үстіне жапсырылған, тігілген парақ саны көрсетілген жапсырмаға ішінара көрсетілетін қызметті алушының мөрімен (болған кезде) расталып ұсынылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы шет тілінде ұсынатын Қазақстан Республикасының резиденті емес - үміткерді келісуге арналған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес заңдастырылуға не апостильделуге тиіс (үміткердің жеке басын куәландыратын құжатты қоспағанда). Көрсетілген құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазақ және орыс тілдеріне аударылады және көрсетілетін қызметті берушіге нотариат куәландырған түрде ұсынылады.

      Осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды қоспағанда, құжаттардың көшірмелері көрсетілетін қызметті алушының атқарушы органы басшысының (атқарушы органның функцияларын жалғыз өзі жүзеге асыратын адамның) не оның міндеттерін атқаратын адамның (міндеттерді атқаруды жүктеу туралы растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қолымен лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және көшірмелердің дұрыстығы көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті алушы мөрінің (болған кезде) бедері қойыла отырып расталады.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынылған құжаттарды кері қайтару себебі көрсетілген еркін нысандағы жазбаша өтініш беруі арқылы оларды көрсетілетін қызметті беруші үміткерлерді келісу туралы шешім қабылдағанға дейін, ал тестілеуге шақыра отырып келісу кезінде - үміткер тестілеуден өтетін күнге дейін кері қайтаруға жол беріледі.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы порталға өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 10), 11) және 12) тармақшаларында (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) көрсетілген құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.

      Қазақстан Республикасының жеке тұлға – резидентінің жеке басын куәландыратын, алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігін растайтын, Қазақстан Республикасының заңды тұлға – резидентін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

      11. Мыналар мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады:

      1) үміткердің Банктер туралы заңның 20-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 16-2, 34-баптарында, "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-бабында, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 54-бабында, 63-бабының 5-тармағында, "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      2) тестілеудің теріс нәтижесі.

      Мыналар тестілеудің теріс нәтижесі болып табылады:

      кандидаттың тестілеу нәтижесі дұрыс жауаптың 70 (жетпіс) пайызынан аз болуы;

      кандидаттың не аудармашының (егер осы аудармашыны кандидаттың өзі ұсынған жағдайда) көрсетілетін қызметті беруші белгілеген тестілеу тәртібін бұзуы;

      кандидаттың келісу мерзімі өткенге дейін көрсетілетін қызметті беруші белгілеген уақытта тестілеуге келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің ескертулерін жоймауы немесе көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің ескертулерін ескере отырып пысықталған құжаттарды осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-тармағының 1) тармақшасында белгіленген көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қарау мерзімі өткеннен кейін ұсынуы;

      4) басшы қызметкердің көрсетілетін қызметті берушінің келісімінсіз өз лауазымын атқаруға құқылы болатын мерзім өткеннен кейін құжаттарды ұсынуы;

      5) кандидатқа қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) қолданған санкциялардың және (немесе) шектеулі ықпал ету шараларының болуы.

      Осы талап көрсетілетін қызметті алушы кандидатты келісу туралы өтінішхатты беру күніне дейін 1 (бір) жыл бойы қолданылады;

      6) кандидаттың өз өкілеттігіне кірген мәселелер бойынша кандидат басшы қызметкердің не басшы қызметкердің міндетін атқарушы лауазымын атқарып отырған (атқарған) қаржы ұйымының, холдингтің немесе Қордың Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуына алып келген және уәкілетті орган сол үшін осы қаржы ұйымына, холдингке немесе Қорға қатысты шектеулі ықпал ету шарасын және (немесе) санкция қолданған шешімдерді қабылдау фактілері туралы көрсетілетін қызметті берушіде мәліметтердің болуы.

      Осы талап уәкілетті орган бұзушылықты анықтаған күннен бастап 1 (бір) жыл бойы қолданылады;

      7) көрсетілетін қызметті берушіде кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген мәміле тарабы болып табылғандығы туралы мәліметтердің (фактілердің) болуы.

      Осы талап төменде аталған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:

      уәкілетті орган ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілені айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған;

      уәкілетті орган осы мәмілені жасау нәтижесінде үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап 1 (бір) жыл бойы қолданылады;

      8) кандидаттың уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған мәмілелерді жасағаны үшін оған қатысты санкциялар және (немесе) шектеулі ықпал ету шараларын қолданған қаржы ұйымының қызметкері және (немесе) әрекеттері мәмілеге қатысушы қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген қаржы ұйымының қызметкері болып табылатындығы туралы мәліметтердің көрсетілетін қызметті берушіде болуы.

      Осы талап төменде аталған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:

      уәкілетті орган ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілені айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған;

      уәкілетті орган осы мәмілені жасау нәтижесінде қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап 1 (бір) жыл бойы қолданылады.

      Осы тармақшаның мақсаттары үшін басшы қызметкер не оның міндеттерін атқарған адам және (немесе) құзыретіне жоғарыда көрсетілген бұзушылықтарға әкеп соққан мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кірген қор биржасының трейдері қаржы ұйымының қызметкері деп түсініледі.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      12. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      13. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Қаржы ұйымдарының, банк,
сақтандыру холдингтерінің,
"Сақтандыру төлемдеріне
кепілдік беру қоры" акционерлік
қоғамының басшы
қызметкерлерін тағайындауға
(сайлауға) келісім беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
қосымша
  Нысан

фотосурет орны

Басшы қызметкер лауазымына үміткер туралы
мәліметтер

      ___________________________________________________________________________

                              (көрсетілетін қызметті алушының атауы)

      ___________________________________________________________________________

                        (тегі, аты әкесінің аты (ол болған кезде))

      1. Жалпы мәліметтер:

Туған күні және жері

Азаматтығы

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі

      2. Білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен жылы - бітірген жылы

Мамандығы

Білімі туралы дипломның деректемелері (бар болса күні және нөмірі)

1

2

3

4

5

      3. Жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі,

      қарындасы, балалары) және жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі,

      апа-сіңлісі, қарындасы, балалары) туралы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Туған жылы

Туыстық қатынастары

Жұмыс орны және лауазымы

1

2

3

4

5

      4. Үміткердің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы немесе акцияларды иеленуі туралы мәліметтер

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жерi

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлерi

Жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе үміткерге тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1

2

3

4

      5. Еңбек қызметі туралы мәліметтер.

      Осы тармақта үміткердің бүкіл еңбек қызметі (сондай-ақ басқару органына

      мүшелігі), оның ішінде жоғарғы оқу орнын аяқтаған сәттен бастап еңбек қызметі туралы

      мәліметтер, көрсетілетін қызметті берушіге келісу туралы өтінішті берген көрсетілетін

      қызметті алушыда лауазымын көрсете отырып, сондай-ақ үміткер еңбек қызметін жүзеге

      асырмаған кезең көрсетіледі.

Жұмыс кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны (егер қаржы ұйымы Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылған жағдайда, қаржы ұйымының тіркелген елін көрсете отырып)

Лауазымы (егер талап етілсе, келісу күнін көрсете отырып)

Тәртіптік жазалардың болуы

Жұмыстан шығу, лауазымнан босату себептері

1

2

3

4

5

6

      6. Үміткердің қаржы ұйымдарының аудитін жүргізуі туралы мәліметтер

      ___________________________________________________________________________

      (қаржы ұйымының атауын, аудит жүргізу мерзімін, үміткердің аудитор-орындаушы

      ___________________________________________________________________________

                        ретінде аудиторлық есепке қол қойған күнін көрсету)

      7. Осы ұйымның және (немесе) басқа ұйымдардың инвестициялық комитеттеріне

      мүшелігі туралы мәліметтер:

Кезең
(күні, айы, жылы)

Ұйымның атауы

Лауазымы

Жұмыстан шығу, лауазымнан босату себептері

1

2

3

4

5

      8. Қызметі қаржылық қызметтерді көрсетумен байланысты дербес құрылымдық бөлімше (департамент, басқарма, филиал) басшысының (басшысы орынбасарының), осы ұйымда және (немесе) басқа ұйымдарда қаржылық қызметтерді көрсетумен байланысты мәселелерге жетекшілік еткен қаржы және (немесе) басқарушы және (немесе) атқарушы директордың лауазымын атқаруы туралы мәліметтер:

Кезең (күні, айы, жылы)

Ұйымның атауы

Жетекшілік жасайтын құрылымдық бөлімшелер және қаржылық қызметтерді көрсетумен байланысты мәселелер

Жұмыстан шығу, лауазымнан босату себептерi

1

2

3

4

5

      9. Уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы оны мәжбүрлеп таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруын тоқтатуға, не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің заңды күшіне енуіне немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп тануға әкелген шешім қабылдағанға дейін кемінде 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде үміткердің қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының (тіркеуші, трансфер-агент атқарушы органының функциясын жеке жүзеге асыратын адам және оның орынбасары) басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, жеке тұлға - ірі қатысушысы, заңды тұлға - ірі қатысушысының (банк, сақтандыру холдингінің) басшысы болып табылғаны не болып табылмағаны туралы мәліметтер__________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________.

            (иә (жоқ), қаржы ұйымының атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі көрсетілсін)

      10. Үміткердің қатарынан төрт және одан да көп кезең бойы шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолттың мөлшері республикалық бюджет туралы заңда төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асып түсетін соманы құрайтын дефолтқа жол берген бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы (ірі акционер) - жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер) - заңды тұлға - эмитенттің басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болып табылғаны не болып табылмағаны туралы мәліметтер (Қордың басшы қызметкері лауазымына үміткер толтырмайды)_______________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________.

                  (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі көрсетілсін)

      11. Қаржы ұйымының, холдингтің, Қордың басшысы ретінде қаржы ұйымы, холдинг, Қор қызметінің мәселелері бойынша сотта істі қарау кезінде жауап беруші ретінде тартылды ма:_________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      (иә (жоқ), күні, сотта істі қарау кезіндегі ұйымның, жауап берушінің атауы, қаралатын

                        мәселе және сот шешімі көрсетілсін)

      12. Үміткер тағайындалған (сайланған) күніне дейін 3 (үш) жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін жауапкершілікке не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды ма (Қордың басшы қызметкері лауазымына үміткер толтырмайды)_____________________________________________

      ___________________________________________________________________________

            (иә (жоқ), жауапкершілікке тарту негіздерін көрсете отырып,

      ___________________________________________________________________________

                  құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша сипаты

      ___________________________________________________________________________

      тәртіптік жаза қолдану туралы актінің немесе сот шешімінің деректемелері көрсетілсін).

      Осы ақпаратты тексергенімді және оның толық және дәйекті болып табылатындығын растаймын, сондай-ақ іскерлік беделімнің мінсіз екендігін растаймын.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті дербес деректерді жинау мен өңдеуге және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      ___________________________________________________________________________

                  (үміткер өз қолымен баспа әріптерімен толтырады).

      Қолы ____________________

Көрсетілетін қызметті алушының тәуелсіз директоры лауазымына үміткер толтырады:
Мен,____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
тәуелсіз директор лауазымына сайлау (тағайындау) үшін "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келетінімді растаймын.
Қолы________________________

  Күні _________________________

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
7-қосымша

"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік
қоғамының басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім
беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер

      Ескерту. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
8-қосымша

"Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес
активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті
жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны
аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер

      Ескерту. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
9-қосымша

"Банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

      Ескерту. 9-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – 3 (үш) ай ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау және беру бойынша қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес күн) ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының атына банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру туралы хат не көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының тиісті қаулысының көшірмесімен қоса осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 24 және 25-тармақтарында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберу.

      Тұлғаға банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру кезінде банктің капиталына елеулі қатысуға не еншілес банкті құруға немесе иеленуге рұқсат қоса беріледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы-жеке тұлға көрсетілетін қызметті берушіге банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) еркін нысанда жасалған өтініш;

      2) банктің акцияларын сатып алуға пайдаланылатын қаржы көздері мен қаражаттың сипаттамасын қоса алғанда, растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, банктің акцияларын, оның ішінде бұрын сатып алынған акцияларын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер.

      Мыналар банктің акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын көздер болып табылады:

      кәсіпкерлік, еңбек немесе басқа да ақылы қызметтен алынған кірістер;

      көрсетілетін қызметті алушының құжатпен расталған ақшалай жинақтары.

      Сыйға тарту, ұтыстар, банктің сатып алынатын акциялары құнының 25 (жиырма бес) пайызынан аспайтын мөлшерде өтеусіз алынған мүлікті сатудан түскен кіріс түріндегі ақша осы тармақшаның екінші бөлігінде көрсетілген, банктің акцияларын сатып алуға арналған көздерге қосымша пайдаланылуы мүмкін.

      Банктің акцияларын сыйға тарту түрінде алынған мүлік есебінен сатып алған кезде көрсетілетін қызметті алушы сыйға тартушы және сыйға тартушыда көрсетілген мүліктің пайда болу көздері туралы мәліметтерді ұсынады;

      3) көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін білдіру тапсырылатын көрсетілетін қызметті алушының өкіліне (болған кезде) берілген сенімхатты;

      4) көрсетілетін қызметті алушы ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімін және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;

      5) банктің қаржылық жағдайы нашарлауы мүмкін жағдайлардағы банктің мынадай ақпарат бар қайта капиталдандыру жоспары:

      қаржы ұйымының ағымдағы жай-күйін бағалау;

      банктің қаржылық жай-күйінің болжамды нашарлауының және нашарлауына әсер ететін өлшемшарттардың есебі (пруденциялық нормативтердің өзгеру серпіні, қаржы ұйымының меншікті капиталы мөлшерінің өзгеруі, қаржы ұйымының қаржылық және өзге де көрсеткіштерінің өзгеруі);

      қаржы ұйымын қаржылық сауықтыру жөніндегі іс-шаралардың (шығыстарды төмендету жөніндегі шаралар, қаржы ұйымының меншікті капиталын пруденциялық нормативтер және басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттер орындалатын мөлшерге дейін қалпына келтіруге бағытталған қосымша қаржылық салымдар (ақша салымының сомаларын және көздерін көрсете отырып), қосымша кірістер алу жөніндегі іс-шаралар және басқа іс-шаралар) егжей-тегжейлі сипаттамасы;

      қаржы ұйымын қаржылық сауықтыру жөніндегі іс-шараларды орындаудың күнтізбелік мерзімдері;

      сауықтыру іс-шараларының болжанған экономикалық әсері (пруденциялық нормативтердің өзгеру серпіні, қаржы ұйымының меншікті капиталы мөлшерінің өзгеруі, қаржы ұйымының қаржылық және өзге де көрсеткіштерінің өзгеруі);

      6) білімі туралы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса алғанда, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет cтандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушы туралы қысқаша деректер;

      7) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет cтандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтер;

      8) кірістер мен мүлік бойынша растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет cтандартына 3-қосымшаға сәйкес кірістері мен мүлкі туралы мәліметтер, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының барлық міндеттемелері бойынша орын алып отырған берешек туралы ақпарат;

      9) Қазақстан Республикасының резиденті емес-жеке тұлға тұратын елдің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резидент-банкінің акцияларын сатып алу осы елдің заңнамасымен рұқсат етілгендігі туралы жазбаша растауы не тиісті мемлекеттің аталған құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіндігі туралы мәлімдемесі.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы-заңды тұлға көрсетілетін қызметті берушіге банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) еркін нысанда жасалған өтініш;

      2) көрсетілетін қызметті алушының жоғарғы органының банктің акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмесі;

      3) заңды тұлға акцияларының 10 (он) немесе одан көп пайызын (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) иеленген (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп), сондай-ақ шартқа сәйкес немесе өзгеше түрде осы заңды тұлғаның шешімін айқындауға немесе бақылауға мүмкіндігі бар тұлғалар туралы мәліметтер және растау құжаттары;

      4) көрсетілетін қызметті алушының үлестес тұлғаларының тізімі;

      5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттар;

      6) көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтер;

      7) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет cтандартына 1-қосымшаға сәйкес білімі туралы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса алғанда, көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректер;

      8) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері, көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректер;

      9) соңғы аяқталған екі қаржы жылының аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржылық есептілігі, сондай-ақ тиісті өтінішті ұсынар алдындағы соңғы аяқталған тоқсанның қаржылық есептілігі;

      10) көрсетілетін қызметті алушының және банктің мәртебені алғаннан кейінгі болжанатын есептеу балансын қоса алғанда, банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленудің қаржылық салдарын талдауды, егер осындайлар бар болса, іс-шаралар жоспары мен ұйымдық құрылымын қоса алғанда, көрсетілетін қызметті алушының банктің активтерін сату, қайта ұйымдастыру немесе банктің қызметі немесе басқаруына елеулі өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлары мен ұсыныстары.

      11. Қазақстан Республикасының резиденті емес-заңды тұлға-көрсетілетін қызметті алушы банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) еркін нысанда жасалған өтініш;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында және 10-тармағының 2), 3), 4), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттар;

      3) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 17-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі тағайындаған көрсетілетін қызметті алушының кредиттік рейтингі туралы мәліметтер.

      Банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес-қаржы ұйымы осы тармақшада көрсетілген құжаттарға қоса көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органынан көрсетілетін қызметті алушының осы елдің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті екені туралы жазбаша растаманы не көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының осы елдің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін ұсынады.

      12. Банк холдингі мәртебесін алуға келісім алу үшін көрсетілетін қызметті алушы-Қазақстан Республикасының резиденті емес-қаржы ұйымы мынадай құжаттарды:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 11-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;

      2) көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органынан көрсетілетін қызметті алушының шоғырландырылған қадағалауға жататыны туралы жазбаша растаманы;

      3) көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының көрсетілетін қызметті алушының банктік холдинг мәртебесін алуға жазбаша рұқсатын (келісімін) не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының көрсетілген мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың (келісімнің) талап етілмейтіні туралы өтінішін;

      4) көрсетілетін қызметті алушы шыққан елдің қаржылық қадағалау органының көрсетілетін қызметті алушы осы елдің заңнамасы аясында қаржылық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті екендігі туралы жазбаша растауын не көрсетілетін қызметті алушы шыққан елдің қаржылық қадағалау органының осы елдің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы өтінішін ұсынады.

      13. Көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлға бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушы, банк холдингі мәртебесін иеленуге келісімді бірмезгілде алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) еркін нысанда жасалған өтініш;

      2) растайтын құжаттармен қоса көрсетілетін қызметті алушы-жеке тұлғаға меншік құқығында тиесілі мүлік құнынан аспайтын мөлшерде қаржы ұйымының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын көздер мен қаражаттың сипаттамасын қоса алғанда, тиісті қаржы ұйымының акцияларын сатып алудың шарттары мен талабы туралы мәліметтер;

      3) көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін білдіру тапсырылатын көрсететін қызметті алушының өкіліне сенімхат (болған кезде);

      4) ірі қатысушы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімі және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері;

      5) көрсетілетін қызметті алушы қаржы ұйымдарын қайта қаржыландыру жоспарына сәйкес ірі қатысушы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын және (немесе) болғысы келетін көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелері ескеріле отырып жасалған қаржы ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауы мүмкін болған жағдайларда әрбір қаржы ұйымы бойынша қайта капиталдандыру жоспары;

      6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет cтандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушы туралы қысқаша деректер;

      7) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет cтандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтер;

      8) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет cтандартына 3-қосымшаға сәйкес салық органдары немесе жеке тұлғаның тұратын еліндегі өзге уәкілетті тұлғалар куәландырған кірістері мен мүлкі туралы мәліметтер;

      9) Қазақстан Республикасының резиденті емес-жеке тұлға тұратын елдің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын банктің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу осы елдің заңнамасында рұқсат етілгені туралы жазбаша растауы не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының көрсетілген құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы өтініші.

      14. Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлға болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі мәртебесін иеленуге келісімді бірмезгілде алу үшін мынадай құжаттарды:

      1) еркін нысанда жасалған өтінішті;

      2) тиісті қаржы ұйымының акцияларын сатып алу туралы көрсетілетін қызметті алушының жоғары органы шешімінің көшірмесін;

      3) заңды тұлға акцияларының 10 (он) немесе одан көп пайызына (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) ие (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп), сондай-ақ шарт негізінде немесе өзгеше түрде осы заңды тұлғаның шешімдерін айқындауға немесе бақылауға мүмкіндігі бар тұлғалар туралы мәліметтерді және растау құжаттарын;

      4) көрсетілетін қызметті алушының үлестес тұлғаларының тізімін;

      5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;

      6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет cтандартына 1-қосымшаға сәйкес басшы қызметкерлер туралы қысқаша деректерді;

      7) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін, көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;

      8) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет cтандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;

      9) аудиторлық ұйым куәландырған аяқталған соңғы 2 (екі) қаржы жылының жылдық қаржылық есептілігін, сондай-ақ тиісті өтініш берер алдында аяқталған соңғы тоқсанның қаржылық есептілігін;

      10) көрсетілетін қызметті алушының және тиісті қаржы ұйымдарының мәртебені алғаннан кейінгі болжанатын есептеу балансын қоса алғанда, қаржы ұйымдарының ірі қатысушысы мәртебесін иеленудің қаржылық салдарын талдауды, егер осындайлар бар болса, іс-шаралар жоспары мен ұйымдық құрылымын қоса алғанда, көрсетілетін қызметті алушының тиісті қаржы ұйымдарының активтерін сату, қайта ұйымдастыру немесе тиісті қаржы ұйымдарының қызметіне немесе басқаруға елеулі өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлары мен ұсыныстарын ұсынады.

      15. Қазақстан Республикасының резиденті емес-заңды тұлға болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленуге бірмезгілде келісім алу үшін мынадай құжаттарды:

      1) еркін нысанда жасалған өтінішті;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет cтандартының 13-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында және 14-тармағының 2), 3), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;

      3) банктің орналастырылған акцияларының 10 (он) немесе одан да көп пайызын тікелей иеленуші немесе ең төменгі талап етілетін рейтингі бар банктің дауыс беретін 10 (он) немесе одан да көп акцияларымен дауыс беру мүмкіндігіне немесе банктің ірі қатысушысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес-заңды тұлғасының акцияларын (қатысу үлестерін) иелену (дауыс беру) арқылы банктің орналастырылған акцияларының 10 (он) немесе одан да көп пайызын жанама иеленуді немесе банктің дауыс беретін акцияларының 10 (он) немесе одан да көп акцияларымен жанама дауыс беруді көздейтін Қазақстан Республикасының резиденті емес-заңды тұлға үшін аталған рейтингтің болуы талап етілмеген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі тағайындаған заңды тұлғаның кредиттік рейтингі туралы мәліметтерді ұсынады.

      16. Қазақстан Республикасының резиденті емес-қаржы ұйымы болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленуге бірмезгілде келісім алу үшін мынадай құжаттарды:

      1) еркін нысанда жасалған өтінішті;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет cтандартының 15-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;

      3) көрсетілетін қызметті алушы шыққан елдің қаржылық қадағалау органынан көрсетілетін қызметті алушының осы елдің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті екені туралы жазбаша растаманы не көрсетілетін қызметті алушы шыққан елдің қаржылық қадағалау органының осы елдің заңнамасы бойынша осындай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы өтінішті ұсынады.

      17. Банк холдингінің мәртебесін алғысы келетін көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет cтандартының 10, 11, 12 және 20-тармақтарында көзделген құжаттар мен мәліметтерден басқа:

      1) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің бар екенін растайтын, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты құжаттарды;

      2) егер көрсетілетін қызметі алушының банк холдингі мәртебесін иеленуі банк конгломератын қалыптастыруға алып келетін болса, банк конгломератының пруденциялық нормативтерінің болжамды есеп-қисабын ұсынады.

      18. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттарды осы құжаттардың мазмұны өзгерген не осындай құжаттардың мерзімі аяқталған жағдайларды қоспағанда, оларды көрсетілетін қызметті берушіге бұрын тапсырған тұлғалар ұсынбайды. Бұл ретте көрсетілетін қызметті берушіге өзгерістер енгізілген немесе қолдану мерзімдері аяқталған құжаттар ғана ұсынылады. Қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иелену туралы өтініште көрсетілетін қызметті берушіге бұрын тапсырылған құжаттар туралы (шығыс құжаттың нөмірі, күні) мәліметтер, сондай-ақ оларды ұсыну негіздемесі көрсетіледі.

      19. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15 және 16-тармақтарында көзделген өтініштерде:

      көрсетілетін қызметті алушы-жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер, заңды мекенжайы;

      көрсетілетін қызметті алушы-заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), орналасқан жері туралы мәліметтер;

      қаржы ұйымының сатып алынатын акцияларының саны, олардың құны, қаржы ұйымының сатып алуға болжанатын акциялары санының тиісінше банктің орналастырылған акцияларының санына (артықшылықты және сатып алынған акциялар шегерілген) және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтер;

      дербес деректерді (көрсетілетін қызметті алушы-жеке тұлға үшін) және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға және өңдеуге пайдалануға келісім көрсетіледі.

      Мыналар қоса берілген көрсетілетін қызметті алушы-жеке тұлғаның, көрсетілетін қызметті алушы-заңды тұлғаның басшы қызметкерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтер:

      құқықтық статистиканы және арнайы есепке алуды қалыптастыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығын растайтын құжат (көрсетілген құжатты беру күні өтінішхат берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспауға тиіс). Шетел азаматтары олардың азаматтық алған елінің тиісті мемлекеттік органы, ал азаматтығы жоқ адамдар - олардың тұрақты мекендейтін елі берген ұқсас мазмұндағы құжатты қосымша береді;

      көрсетілетін қызметті алушы-жеке тұлғаның, көрсетілетін қызметті алушы-заңды тұлғаның басшы қызметкерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді растайтын, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген құжаттарды көшірмелері.

      Банктің қаржылық жағдайының нашарлауы мүмкін болған жағдайларда банкті үстеме капиталдандыру жоспары көрсетілетін қызметті алушы-жеке тұлғаның не көрсетілетін қызметті алушы-заңды тұлғаның бірінші басшысының, оның ірі акционерінің (акционерлерінің) қолымен және мөрінің (бар болса) бедерімен куәландырылады.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі, не басқа қаржы ұйымының ірі қатысушысы болған жағдайда, онда көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылатын үстеме капиталдандыру жоспары осы қаржы ұйымының үстеме капиталдандыру жоспарына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелері ескеріле отырып жасалады.

      20. Орналастырылған (артықшылық берілген және банк сатып алған) акциялардың 25 (жиырма бес) немесе одан көп пайызын құрайтын иелену үлесімен банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге ниет білдіретін көрсетілетін қызметті алушы-жеке тұлғалар, сондай-ақ банк холдингі мәртебесін иеленуге ниет білдіретін көрсетілетін қызметті алушы-заңды тұлғалар осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16 және 17-тармақтарында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарға қоса таяудағы 5 (бес) жылға арналған бизнес-жоспарын ұсынады, ол көрсетілетін қызметті алушы-жеке тұлғаның не көрсетілетін қызмет алушы-заңды тұлғаның бірінші басшысының, ірі акционерінің (акционерлерінің) қолымен және мөрінің (болған кезде) бедерімен куәландырылады. Бизнес-жоспар төмендегілермен шектелмей, мынадай ақпаратты:

      қаржы ұйымының мақсаттары мен міндеттерінің сипатын және көрсетілетін қызметтер түрлерін;

      қаржы ұйымының қызметіне жасалған талдауды (сыртқы және ішкі ортаны талдауды);

      таяудағы 5 (бес) қаржы (операциялық) жылына қаржы ұйымы қызметінің даму стратегиясы және ауқымын;

      таяудағы 5 (бес) қаржы (операциялық) жылына арналған толық жылдық қаржылық жоспарды (негізгі қаржылық көрсеткіштердің есебі, бюджет, бухгалтерлік баланс, пайда мен зиян туралы есеп, бизнес-жоспарды қаржыландыру көздері мен көлемдері);

      тәуекелдерді басқару жоспарын (қаржы ұйымының қызметін жүзеге асыруға байланысты тәуекелдердің сипатын және таяудағы 5 (бес) қаржы (операциялық) жылына арналған оларды басқару тәсілдерін);

      таяудағы бес қаржы (операциялық) жылына арналған еңбек ресурстарын тарту жоспарын қамтиды.

      21. Егер көрсетілетін қызметті алушы-жеке тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмай, сыйға тарту шарты негізінде банктің ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келген жағдайда, Банктер туралы заңның 17-1-бабының 16-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес тиісті мәртебені иелену туралы өтінішті оның беруі кезінде, мыналарды:

      1) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, банктің акцияларын сыйға тарту талаптары мен тәртібі туралы мәліметтерді;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көзделген құжаттарды;

      3) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалаушы айқындаған сыйға тарту шартының нысаны болып табылатын акциялардың құны туралы мәліметтерді қосымша ұсынады.

      22. Тұлғаға банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім берген кезде бірмезгілде банктің капиталына қомақты қатысуға не еншілес банкті құруға немесе иеленуге рұқсат беріледі.

      23. Көрсетілетін қызметті алушы порталға өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін көрсетілетін қызметті алушы-жеке тұлға:

      электрондық сұрау салуға қоса берілетін, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 2), 3), 4), 5), 8) және 9) тармақшаларында (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде), 6) және 7) тармақшаларда (электрондық құжаттар түрінде) көрсетілген құжаттар;

      3) егер көрсетілетін қызметті алушы-жеке тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмай, сыйға тарту шарты негізінде банктің ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келген жағдайда, тиісті мәртебені иелену туралы өтінішті оның беруі кезінде:

      электрондық сұрау салуға қоса берілетін, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 21-тармағында (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) көрсетілген құжаттар;

      4) банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін көрсетілетін қызметті алушы-Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлға:

      электрондық сұрау салуға қоса берілетін, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағының 2), 3), 5), 6), 7), 8), 9) тармақшаларында (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде), 4) және 10) тармақшаларда (электрондық құжаттар түрінде) көрсетілген құжаттар;

      5) орналастырылған (артықшылық берілген және банк сатып алған) акциялардың 25 (жиырма бес) немесе одан көп пайызын құрайтын иелену үлесімен банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге ниет білдіретін көрсетілетін қызметті алушы-жеке тұлғалар, сондай-ақ банк холдингі мәртебесін иеленуге ниет білдіретін көрсетілетін қызметті алушы-заңды тұлғалар осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17 және 21-тармақтарында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерге қоса бизнес-жоспарын (PDF форматындағы құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

      6) көрсетілетін қызметті алушы-жеке тұлға бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушы, банк холдингі мәртебесін иеленуге келісімді бірмезгілде алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген, электрондық сұрау салуға қоса берілетін құжаттарды (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) ұсынады;

      7) Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғасы болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісімді бірмезгілде алу үшін мынадай:

      электрондық сұрау салуға қоса берілетін, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағының 2), 3), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде);

      электрондық сұрау салуға қоса берілетін, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағының 4) және 10) тармақшаларында (электрондық құжаттар түрінде) көрсетілген құжаттарды ұсынады;

      8) банк холдингі мәртебесін алуға ниет білдірген көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10, 11 және 12-тармақтарында көзделген құжаттар мен мәліметтерден басқа осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 17-тармағында көрсетілген, электрондық сұрау салуға қоса берілетін құжаттарды (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) ұсынады.

      Жеке басты куәландыратын, алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығын растайтын құжаттардың, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      24. Мыналар:

      1) көрсетілетін қызметті алушы-жеке тұлға не көрсетілетін қызметті алушы-заңды тұлғаның басшы қызметкері:

      уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығындағы қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп иелену, оны лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағанға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату не оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы – жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушысы (сақтандыру холдингі) – заңды тұлғаның басшысы болып табылса, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады. Көрсетілген талап уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп иелену, оны лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін 5 (бес) жыл бойы қолданылады. Осы талап көрсетілген банктердің акцияларын Банктер туралы заңның 17-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг иеленгенге дейін тағайындалған (сайланған) басшы қызметкерлерді қоспағанда, дауыс беретін акцияларының 50 (елу) және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама түрде тиесілі, өздеріне қатысты Банктер туралы заңға сәйкес қайта құрылымдау жүзеге асырылған банктердің басшы қызметкерлеріне қолданылмайды;

      осы және (немесе) өзге де қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімді қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы 12 (он екі) ай ішінде қолданылады. Сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған не тағайындалған (сайланған) күнге дейін 3 (үш) жыл бойы сыбайлас жемқорлықты жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған адам да көрсетілетін қызметті алушының (лицензиаттың) басшы қызметкері болып тағайындалмайды (сайланбайды);

      қатарынан 4 (төрт) және одан да көп кезең бойы шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолттың мөлшері республикалық бюджет туралы заңда төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асып түсетін соманы құрайтын дефолтқа жол берген бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы (ірі акционер) – жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер) – заңды тұлға-эмитенттің басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған адам банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап осы абзацта көзделген мән-жайлар туындаған кезден бастап 5 (бес) жыл бойы қолданылады;

      2) көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жағдайының тұрақсыздығы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

      Мына талаптардың бірінің болуы көрсетілетін қызметті алушы-заңды тұлғаның қаржылық жай-күйі тұрақсыздығының белгісі болып табылады:

      көрсетілетін қызметті алушы-заңды тұлға өтініш берген күнге дейін кемінде 2 (екі) жыл бұрын құрылған;

      көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелері акцияларға орналастырылған активтер сомасын және басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесін шегергенде оның активтерінен және банктің иеленуге болжанатын акцияларынан асып кетеді;

      аяқталған әрбір 2 (екі) қаржы жылының нәтижелері бойынша зиян;

      өтініш беруші міндеттемелерінің мөлшері банктің қаржылық жай-күйі үшін айтарлықтай тәуекел туындатады;

      көрсетілетін қызметті алушының банк алдында мерзімі өткен және (немесе) банк балансына жатқызылған берешегінің болуы;

      көрсетілетін қызметті алушының банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуінің қаржылық салдарына жасалған талдау көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жай-күйінің нашарлауын болжайды;

      банкке және (немесе) оның депозиторларына шығын келтіруі мүмкін екендігін білдіретін өзге негіздер;

      3) көрсетілетін қызметті алушы банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуі нәтижесінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама талаптарының бұзылуы;

      4) банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иелену бойынша мәміледе иеленуші тарап тізбесін уәкілетті орган белгілейтін, оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлға (оның ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылатын жағдайлар;

      5) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген банктің және банк холдингінің ірі қатысушыларына қойылатын өзге де талаптарды сақтамауы;

      6) көрсетілетін қызметті алушының банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуінің қаржылық салдарына жасалған талдау банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауын болжаса;

      7) Қазақстан Республикасының резиденті емес-қаржы ұйымы-көрсетілетін қызметті алушыда шыққан елінің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыру өкілеттіктерінің болмауы;

      8) банктің орналастырылған акцияларының 10 (он) немесе одан да көп пайызын тікелей иеленуші немесе ең төменгі талап етілетін рейтингі бар банктің дауыс беретін 10 (он) немесе одан да көп акцияларымен дауыс беру мүмкіндігіне немесе банктің ірі қатысушысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес-заңды тұлғасының акцияларын (қатысу үлестерін) иелену (дауыс беру) арқылы банктің орналастырылған акцияларының 10 (он) немесе одан да көп пайызын жанама иеленуді немесе банктің дауыс беретін акцияларының 10 (он) немесе одан да көп акцияларымен жанама дауыс беруді көздейтін Қазақстан Республикасының резиденті емес-заңды тұлға үшін аталған рейтингтің болуы талап етілмеген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденті емес-заңды тұлға-көрсетілетін қызметті алушыда тізбесін уәкілетті орган айқындайтын халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі қажет етілетін рейтингінің болмауы;

      9) банктің қаржылық жай-күйі ықтимал нашарлаған жағдайда банкті қайта капиталдандырудың ұсынылған жоспарының тиімсіз болуы;

      10) көрсетілетін қызметті алушы-жеке тұлғада, көрсетілетін қызметті алушы-заңды тұлғаның басшы қызметкерінде мінсіз іскерлік беделдің болмауы;

      11) көрсетілетін қызметті алушы бұрын уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде ірі қатысушы - жеке тұлға не ірі қатысушы - заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған не болып табылатын жағдайлар. Көрсетілген талап уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін 5 (бес) жыл бойы қолданылады;

      12) көрсетілетін қызметті алушы-заңды тұлға орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнаманың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген шоғырландырылған қадағалау жөніндегі талаптарға сәйкес келмеуі;

      13) Қазақстан Республикасының резиденті емес-қаржы ұйымдары болып табылатын, ірі қатысушы-заңды тұлғалар және банк холдингтері бойынша – уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган мен көрсетілетін қызметті алушы резидент болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органдары арасында ақпарат алмасуды көздейтін келісімнің болмауы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

      25. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 24-тармағында көзделген негіздерден басқа, банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім беруден бас тартуға мыналар негіздер болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы-қаржы ұйымы өзі орналасқан елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын жағдайлар;

      2) Қазақстан Республикасының резиденттері емес-банк конгломератының қатысушылары орналасқан елдердің заңнамасы олардың және банк конгломератының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген талаптарды орындауына мүмкіндік бермейтініне байланысты банк конгломератына шоғырландырылған қадағалауды жүргізу мүмкіндігінің болмауы.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      26. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 28-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Мыналардың:

      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;

      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      27. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      28. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      29. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан алуға мүмкіндігі бар.

      30. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Банктің немесе банк
холдингінің ірі
қатысушысы мәртебесін
иеленуге келісім беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
  Нысан

Көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлға, көрсетілетін қызметті алушы - заңды тұлғаның басшы қызметкері туралы қысқаша деректер

      ___________________________________________________________________________

                              (банктің атауы)

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі _________

      2. Азаматтығы ________________________________________________________

      3. Атауы және жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері____________

      4. Жұмыс орны (орындары), лауазымы (лауазымдары)_______________________

      5. Пошталық мекенжайы және (немесе) жұмыс орны орналасқан жер, байланыс

      телефоны___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      6. Жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі,

      қарындасы, балалары) және жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі,

      апа-сіңлісі, қарындасы, балалары) туралы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Туған жылы

Туыстық қатынасы

Жұмыс орны және лауазымы

Заңды тұлғалардың атауын көрсете отырып, жарғылық капиталға қатысу сомасы/сатып алынған акцияларының құны (мың теңге)

Осы тұлғаға тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның дауыс беруші акцияларының жалпы санына арақатынасы немесе оның жарғылық капиталға қатысу үлесі (пайызбен),

Дара иелену

Бірлесіп иелену

тікелей

жанама

пайыз

Заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған кезде)

1

2

      7. Білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен күні - аяқтаған күні

Мамандығы

Білімі туралы дипломның деректері, біліктілігі

Оқу орнының орналасқан жері

      8. Соңғы үш жылдағы біліктілігін арттыру жөніндегі семинарлардан, курстардан

      өткендігі туралы мәліметтер:

Ұйымның атауы

Өткізілген күні және орны

Сертификат деректері

      9. Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

Жұмыс кезеңі

Жұмыс орны

Лауазымы

Тәртіптік жазаның болуы

Жұмыстан шығу, лауазымнан босату себептері

      10. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы ұйымын, холдингті консервациялау, акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін кемінде 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғаның немесе көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның басшы қызметкерінің бұрын қаржы ұйымының (банк немесе сақтандыру холдингінің) басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органның (тіркеуші трансфер-агенттің атқару органының функциясын жеке жүзеге асыратын адам және оның орынбасары) басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, жеке тұлға - ірі қатысушысы, заңды тұлға - ірі қатысушысының басшысы және (немесе) қаржы ұйымының (банк немесе сақтандыру холдингінің) басшы қызметкері болып табылғаны не болып табылмағаны туралы мәліметтер_______________________________________

      ___________________________________________________________________________

            (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңi көрсетiлсін)

      11. Көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғаның немесе көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның басшы қызметкерінің бұрын төрт және одан астам кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купонды сыйақыны төлеуден дефолт жіберген не дефолт жіберген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купонды сыйақыны төлеу бойынша берешек сомасы купонды сыйақының төрт еселік және (немесе) және одан астам мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу жөніндегі дефолт мөлшері төлеу күні республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын соманы құрайтын эмитент басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органның қатарынан басшысы, мүшесі, қаржы ұйымының бас бухгалтері, жеке тұлға ірі қатысушы (ірі акционер), басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органның қатарынан басшысы, мүшесі, қаржы ұйымының бас бухгалтері, заңды тұлға ірі қатысушы (ірі акционер) болып табылғаны не болып табылмағаны туралы мәліметтер__________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

            (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңi көрсетiлсін)

      12. Уәкілетті органның басшы қызметкерді тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алу және қаржы ұйымындағы, холдингтегі, банктік және сақтандыру холдингіндегі, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамындағы басшы және өзге қызметкерді қызметтік мiндеттерiн орындаудан шеттетуі туралы деректердің болуы___________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңi, тағайындауға (сайлауға)

      келісімді қайтарып алуға негіздеме және осындай шешім қабылдаған мемлекеттік

                        органның атауы көрсетiлсiн)

      13. Тағайындалған (сайланған) күнге дейін 3 (үш) жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жазаға тартылды ма___________________________

      ___________________________________________________________________________

            (иә (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша сипаты,

      ___________________________________________________________________________

                  жауапкершілікке тарту негіздерін көрсете отырып

      ___________________________________________________________________________

      тәртіптік жаза қолдану туралы актінің деректемелері немесе соттың шешімі)

      14. Жарияланымдарының, ғылыми әзірлемелерінің және басқа жетістіктерінің

      болуы:_____________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      Осы ақпараттың тексерілгенін және оның дәйекті және толық екенін растаймын, сондай-ақ мінсіз іскери беделдің болуын растаймын. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлға

      ___________________________________________________________________________

            (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), баспа әріптерімен толтырылады)

      ___________________________

                  (қолы)

      Көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлға басшы қызметкердің тегі, аты, әкесінің

      аты (ол болған кезде)

      ___________________________________________________________________________

                  (басшы қызметкер өз қолымен баспа әріптерімен толтырады)

      __________________________

                  (қолы)

      Көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлға өтініш берушінің атқарушы органының

      бірінші басшысы

      ___________________________________________________________________________

            (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), баспа әріптерімен толтырылады)

      ___________________________

                  (қолы)

      Мөр (болған кезде) орны

  Күні
  "Банктің немесе банк
холдингінің ірі
қатысушысы мәртебесін
иеленуге келісім беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

Көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлғаның, көрсетілетін қызметті алушы - заңды тұлғаның басшы қызметкерінің мінсіз іскерлік беделі туралы
мәліметтер

      1. Алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы туралы мәліметтер:

Күні

Сот органының атауы

Соттың орналасқан жері

Жаза түрі

1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің не 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы

Соттың іс жүргізуге шешім қабылдаған күні

      2. Көрсетілетін қызметті алушы ірі қатысушы не басшы қызметкер болып

      табылған кезеңде заңды тұлғаның қаржылық жағдайының нашарлауы немесе

      банкроттығы фактілерінің болуы:______________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      3. Қаржы ұйымымен үлестес болуы (болмауы):_____________________________

      ___________________________________________________________________________

                  (ия (жоқ), үлестес болу белгілерін көрсету керек)

      4. Осы мәселеге қатысы бар басқа ақпарат:_________________________________

      ___________________________________________________________________________

      Осы ақпаратты тексергенімді және оның дәйекті әрі толық екенін растаймын.

      Көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлға___________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), баспа әріптерімен толтырылады)

      ______________________

            (қолы)

      Көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның басшы қызметкерінің тегі, аты,

      әкесінің аты (ол болған кезде)__________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

            (басшы қызметкер өз қолымен баспа әріптерімен толтырады)

      ______________________

            (қолы)

      Көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші

      басшысы___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), баспа әріптерімен толтырылады)

      ______________________

            (қолы)

      Мөр (ол болған кезде) орны

      Күні

"Банктің немесе банк холдингінің
ірі қатысушысы мәртебесін
иеленуге келісім беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша

Көрсетілетін қызметті алушының кірісі және мүлкі туралы мәліметтер, сондай-ақ барлық міндеттемелері бойынша берешегінің болуы туралы ақпарат

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)______________________________________

      ________________________________________________________________________________

      2. Атауы және жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері________________

      ________________________________________________________________________________

                        (сериясы, нөмірі, кім және қашан берді)

      3. Жарғылық капиталында есеп беретін тұлға ірі қатысушы болып табылатын қаржы

      ұйымдарының атауы______________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      4. Заңды мекенжайы және (немесе) тұрғылықты жері____________________________

      ________________________________________________________________________________

      5.Телефоны:

      үйінің____________________________________________________________________

      жұмысының_______________________________________________________________

      6. Есепті кезең_____________________________________________________________

      7. Кірісі және мүлкі, сондай-ақ Көрсетілетін қызметті алушының барлық

      міндеттемелері бойынша берешегі туралы ақпарат:

Атауы

Өлшем бірлігі

Өткен есепті кезеңде

Есепті кезеңде

Есепті кезеңдегі өзгерістер

Саны

Кіріс (берешек) сомасы Актив құны (теңге)

Саны

Кіріс (берешек) сомасы Актив құны (теңге)

Саны

Кіріс (берешек) сомасы Актив құны (теңге)

1.

Есепті кезеңде алынған кірістері:

X

X

X

1.1

Жалақы

X

X

X

1.2

Ұйымның жарғылық капиталына (акцияларына) қатысу үлесінен түскен дивидендтер және кіріс

X

X

X

1.3

Салымдар бойынша сыйақы

X

X

X

1.4

Мүлікті жалға тапсырудан түскен кіріс

X

X

X

1.5

Кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс

X

X

X

1.6

Мүлікті сатудан түскен кіріс

X

X

X

1.7

Кірістің басқа түрлері (таратып көрсету)

X

X

X

2.

Мүлік:

2.1

Ақша:
ұлттық валютада, оның ішінде:
шетел валютасындағы
банк шоттарындағы
қолма-қол ақша, оның ішінде:
банк шоттардағы қолма-қол ақша

X
X
X
X
X

X
X
X
X
X

X
X
X
X
X

2.2

Бағалы қағаздар (эмитенттің атауын көрсете отырып), оның ішінде жай акциялар, артықшылықты акциялар, облигациялар

2.3

Қаржы ұйымының ірі қатысушысына тиесілі акциялар санының ұйымдардың (атауын көрсету) дауыс беретін акцияларының немесе олардың оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидентінің жарғылық капиталына қатысу үлесінің жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

X

2.4

Жылжымайтын мүлік (атауын және орналасқан жерін көрсете отырып)

2.5

Басқа мүлік (таратып көрсету)

2n

X

X

X

3.

Барлық міндеттемелер бойынша берешек

X

X

X

3.1

Өтелмеген қарыздар

X

X

X

3.2

Қарыздар бойынша мерзімі өткен берешек

X

X

X

3.3

Міндеттемелер бойынша басқа да берешек (таратып көрсету)

X

X

X

3n

X

X

X

      Осы ақпаратты тексергенімді және оның дәйекті әрі толық екенін растаймын.

      Көрсетілетін қызметті алушы

      __________________________________________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      __________________________

                  (қолы)

      Мөр (бар болса) орны

      Күні

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
10-қосымша

"Сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

      Ескерту. 10-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – 3 (үш) ай ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес күн) ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес күн) ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру туралы хатты не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 24-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының тиісті қаулысының көшірмесімен қоса көрсетілетін қызметті алушының атына жіберу.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда нәтиже электрондық нысанда ресімделеді және қағазға басылады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінікі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кестесі - сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы – жеке тұлға сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) еркін нысанда жасалған өтініш;

      2) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын, оның ішінде акцияларды сатып үшін пайдаланылатын қаражат көздері мен қаражаттың сипатын қоса алғанда, бұрын сатып алынған акцияларын сатып алудың талаптары мен тәртібі туралы мәліметтер.

      Мыналар:

      кәсіпкерлік, еңбек немесе басқа да ақы төленетін қызметтен алынған кірістер;

      көрсетілетін қызметті алушының құжаттамамен расталған ақшалай жинақтары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көзі болып табылады.

      Осы тармақшаның екінші бөлігінде көрсетілген қаражат көздеріне қосымша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сатып алатын акцияларының құнынан 25 (жиырма бес) пайыздан аспайтын мөлшерде сыйға тарту, ұтыс, өтеусіз алынған мүлікті сатудан түскен кіріс түрінде алынған ақша пайдаланылуы мүмкін.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сыйға тарту түрінде алынған мүлік есебінен сатып алған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы сыйға тартушы және сыйға тартушыда аталған мүліктің пайда болу көздері туралы мәліметтерді ұсынады;

      3) көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін білдіру тапсырылатын көрсетілетін қызметті алушының өкіліне (болған кезде) берілген сенімхатты;

      4) көрсетілетін қызметті алушы ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімін және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;

      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауы мүмкін болған жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үстеме капиталдандыру жоспары, онда мыналар қамтылуға тиіс:

      қаржы ұйымының ағымдағы жай-күйін бағалау;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының болжанып отырған нашарлауының есебі және нашарлауға әсер ететін өлшемшарттар (пруденциялық нормативтердің өзгеру серпіні, қаржы ұйымының меншікті капиталы мөлшерінің өзгеруі, қаржы ұйымының қаржылық және өзге көрсеткіштерінің нашарлау жағына қарай өзгеруі);

      қаржы ұйымын қаржылық сауықтыру жөніндегі іс-шаралардың (шығыстарды төмендету жөніндегі шаралар, қаржы ұйымының меншікті капиталын пруденциялық нормативтер және басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттер орындалатын мөлшерге дейін қалпына келтіруге бағытталған қосымша қаржылық салымдар (ақша салымының сомаларын және көздерін көрсете отырып), қосымша кірістер алу жөніндегі іс-шаралар және басқа іс-шаралар) егжей-тегжейлі сипаттамасы;

      қаржы ұйымын қаржылық сауықтыру жөніндегі іс-шараларды орындаудың күнтізбелік мерзімдері;

      сауықтыру іс-шараларының болжанған экономикалық әсері (пруденциялық нормативтердің өзгеру серпіні, қаржы ұйымының меншікті капиталы мөлшерінің өзгеруі, қаржы ұйымының қаржылық және өзге де көрсеткіштерінің өзгеруі);

      6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес білімі туралы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса алғанда, көрсетілетін қызметті алушы туралы қысқаша деректерді;

      7) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;

      8) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді, сондай-ақ оның барлық міндеттемелері бойынша орын алып отырған берешегі туралы ақпаратты;

      9) Қазақстан Республикасының бейрезиденті көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлға тұратын елдің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резиденті сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу осы елдің заңнамасында рұқсат етілгені туралы жазбаша растауын не тиісті мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің аталған құрылтайшының мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы өтініші.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы – Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлға сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) еркін нысанда жасалған өтініш;

      2) көрсетілетін қызметті алушының жоғарғы органының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмесі;

      3) заңды тұлға акцияларының 10 (он) немесе одан көп пайызын (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) иеленген (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп), сондай-ақ шарт негізінде немесе өзгеше түрде осы заңды тұлғаның шешімін айқындауға немесе бақылауға мүмкіндігі бар тұлғалар туралы мәліметтерді және растайтын құжаттар;

      4) көрсетілетін қызметті алушының үлестес тұлғаларының тізімі;

      5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттар;

      6) білімі, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса алғанда, көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлері туралы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартқа 1-қосымшаға сәйкес туралы қысқаша деректер;

      7) көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер;

      8) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері, көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректер;

      9) соңғы аяқталған екі қаржы жылының аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржылық есептілігі, сондай-ақ тиісті өтінішті ұсыну алдындағы соңғы аяқталған тоқсанның қаржылық есептілігі;

      10) егер бар болса, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленгеннен кейінгі көрсетілетін қызметті алушының және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының болжамды есеп айырысу балансын қоса алғанда, ірі қатысушы мәртебесін иеленудің қаржылық салдарын талдау, іс-шаралар жоспары мен ұйымдық құрылымды қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін сату, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қайта ұйымдастыру немесе оның қызметі немесе оны басқаруға айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының жоспарларын және ұсыныстары.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы – Қазақстан Республикасының бейрезиденті заңды тұлға сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) еркін нысанда жасалған өтініш;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында және 10-тармағының 2), 3), 4), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер және құжаттар;

      3) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 26-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі тағайындаған заңды тұлғаның кредиттік рейтингі туралы мәліметтерді.

      12. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының бейрезиденті көрсетілетін қызметті алушы қаржы ұйымы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 11-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша көрсетілетін қызметті алушының орналасқан елінің қаржылық қадағалау органынан көрсетілетін қызметті алушы осы елдің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті екендігі туралы жазбаша растаманы не көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының мұндай рұқсат осы елдің заңнамасы бойынша талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін ұсынады.

      13. Көрсетілетін қызметті алушы – Қазақстан Республикасының бейрезиденті қаржы ұйымы сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 11 және 12-тармақтарында көрсетілген мәліметтер және құжаттар;

      2) көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органынан алынатын, Қазақстан Республикасының бейрезиденті қаржы ұйымының шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растама;

      3) көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының бейрезиденті қаржы ұйымының сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге жазбаша рұқсаты (келісімі) не тиісті мемлекеттің көрсетілетін қызметті берушінің аталған мемлекеттің заңнамасы бойынша осындай рұқсат (келісім) талап етілмейтіні туралы мәлімдемесі.

      14. Көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлға бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі мәртебесін алуға келісімді бірмезгілде алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) еркін нысанда жасалған өтініш;

      2) растайтын құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлғаға меншік құқығында тиесілі мүлік құнынан аспайтын мөлшерде қаржы ұйымдарының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері мен қаражаттың сипаттамасын қоса алғанда, тиісті қаржы ұйымының акцияларын сатып алудың талаптары және тәртібі туралы мәліметтер;

      3) көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін білдіру тапсырылатын көрсететін қызметті алушының өкіліне сенімхат (болған кезде);

      4) ол ірі қатысушы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімі және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері;

      5) көрсетілетін қызметті алушы қаржы ұйымдарын қайта қаржыландыру жоспарына сәйкес ірі қатысушы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын және (немесе) болғысы келетін көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелері есепке алына отырып жасалған қаржы ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауы мүмкін болған жағдайларда әрбір қаржы ұйымы бойынша үстеме қаржыландыру жоспары;

      6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы туралы қысқаша деректер;

      7) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтер;

      8) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес салық органдары немесе жеке тұлғаның тұратын еліндегі өзге уәкілетті тұлғалар куәландырған кірісі және мүлкі туралы мәліметтер;

      9) Қазақстан Республикасының бейрезиденті көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлға тұратын елдің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын банктің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу осы елдің заңнамасында рұқсат етілгені туралы жазбаша растауын не тиісті мемлекеттің көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілген құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы өтініш.

      15. Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлға болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісімді бірмезгілде алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) еркін нысанда жасалған өтініш;

      2) көрсетілетін қызметті алушының жоғары органының тиісті қаржы ұйымының акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмесі;

      3) заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлесінің) 10 (он) немесе одан көп пайызын иеленген (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп), сондай-ақ шарт негізінде немесе өзгеше түрде осы заңды тұлғаның шешімін айқындауға немесе бақылауға мүмкіндігі бар тұлғалар туралы мәліметтер және растау құжаттары;

      4) көрсетілетін қызметті алушының үлестес тұлғаларының тізімі;

      5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттар;

      6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес басшы қызметкерлер туралы қысқаша деректер;

      7) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін, көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректер;

      8) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтер;

      9) аудиторлық ұйым куәландырған аяқталған соңғы екі қаржы жылының жылдық қаржылық есептілігі;

      10) көрсетілетін қызметті алушының және тиісті қаржы ұйымдарының болжамды есеп айырысу балансын қоса алғанда, тиісті қаржы ұйымдарының ірі қатысушысы мәртебесін иеленудің қаржылық салдарының талдауын, егер олар бар болса, іс-шаралар жоспары мен ұйымдық құрылымды қоса алғанда, көрсетілетін қызметті алушының тиісті қаржы ұйымдарының активтерін сату, қайта ұйымдастыру немесе тиісті қаржы ұйымдарының қызметіне немесе басқаруға айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлары мен ұсыныстарын ұсынады.

      16. Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлға болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленуге бірмезгілде келісім алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) еркін нысанда жасалған өтініш;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында және 15-тармағының 3), 4), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттар;

      3) Заңның 26-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі берген заңды тұлғаның кредиттік рейтингі туралы мәліметтер.

      17. Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге бірмезгілде келісім алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) еркін нысанда жасалған өтініш;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 16-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттар;

      3) көрсетілетін қызметті алушы шыққан елдің қаржылық қадағалау органынан көрсетілетін қызметті алушының осы елдің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті екені туралы жазбаша растаманы не көрсетілетін қызметті алушы шыққан елдің қаржылық қадағалау органының осы елдің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін.

      18. Орналастырылған акциялардың (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды қоспағанда) 25 (жиырма бес) немесе одан көп пайызын иелену үлесімен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге ниетті көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғалар, сондай-ақ сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге ниетті заңды тұлғалар осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17 және 18-тармақтарында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерге қосымша ретінде қойылатын талаптарын жақын арадағы 5 (бес) жылға арналған бизнес-жоспарды ұсынады, бизнес-жоспарды көрсетілетін қызметті алушы – жеке тұлғаның, көрсетілетін қызметті алушы – заңды тұлғаның бірінші басшысының, оның ірі акционерінің (акционерлерінің) қолымен және мөр (бар болса) бедерімен куәландырылады. Бизнес-жоспарда шектелместен мынадай ақпарат қамтылады:

      қаржы ұйымының мақсаттары мен міндеттерінің және көрсетілетін қызметтер түрлерінің сипаты;

      қаржы ұйымының қызметін талдау (сыртқы және ішкі ортаны талдау);

      қаржы ұйымы қызметінің жақын арадағы 5 (бес) қаржы (операциялық) жылына арналған даму стратегиясы және ауқымы;

      жақын арадағы 5 (бес) қаржы (операциялық) жылына арналған толық жылдық қаржылық жоспары (негізгі қаржылық көрсеткіштердің есебі, бюджет, бухгалтерлік баланс, пайда және зиян туралы есеп, бизнес-жоспарды қаржыландыру көздері мен көлемдері);

      жақын арадағы бес қаржы (операциялық) жылына арналған тәуекелдерді басқару жоспары (қаржы ұйымының қызметін жүзеге асыруға байланысты тәуекелдердің сипаты) және оларды басқару тәсілдері;

      жақын арадағы 5 (бес) қаржы (операциялық) жылына арналған еңбек ресурстарын тарту жоспары.

      19. Егер көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмай, сыйға тарту шарты негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келген жағдайда, ол тиісті мәртебені иелену туралы өтініш берген кезінде, мынадай құжаттар қосымша ұсынылады:

      1) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сыйға тарту талаптары мен тәртібі туралы мәліметтер;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көзделген құжаттар;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалаушы айқындаған сыйға тарту шартының нысанасы болып табылатын акциялардың құны туралы мәліметтер.

      20. Сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге ниетті көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10, 11, 13 және 18-тармақтарында көрсетілген құжаттар мен мәліметтермен қатар:

      1) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйым қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын құжаттарды;

      2) егер өтініш берушінің сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуі сақтандыру тобын құруға алып келген жағдайда, сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің болжамды есебін ұсынады.

      21. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттарды осы құжаттардың мазмұны өзгерген не олардың қолданылу мерзімі аяқталған жағдайларды қоспағанда, оларды көрсетілетін қызметті берушіге бұрын тапсырған тұлғалар ұсынбайды. Бұл ретте көрсетілетін қызметті берушіге өзгерістер енгізілген немесе қолданылу мерзімдері аяқталған құжаттар ғана ұсынылады. Қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иелену туралы өтініште көрсетілетін қызметті берушіге бұрын тапсырылған құжаттар туралы (шығыс құжаттың нөмірі, күні) мәліметтер, сондай-ақ оларды ұсыну негізі көрсетіледі.

      22. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16 және 17-тармақтарында көзделген өтініште:

      көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер, заңды мекенжайы;

      көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, тұрғылықты жері туралы мәліметтер;

      қаржы ұйымының сатып алынатын акцияларының саны, олардың құны, қаржы ұйымының сатып алу болжанып отырған акциялары санының тиісінше сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырған (артықшылықты және сатып алынғандарды шегере отырып) акцияларының санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтер;

      дербес деректерді жинауға және өңдеуге (көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғалар үшін), ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі;

      көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғаның, көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлғаның басшы қызметкерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді, мынадай құжаттарды қоса бере отырып:

      құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екенін растайтын құжат (көрсетілген құжаттың берілген күні өтініш берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспауға тиіс). Шетелдік азаматтар азаматтығы берілген елдің тиісті мемлекеттік органы, ал азаматтығы жоқ адамдар үшін – олардың тұрақты тұратын елі берген осындай мазмұндағы құжатты қосымша ұсынады;

      көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғаның, көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның басшы қызметкерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді растайтын, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмелері көрсетіледі;

      Банктің қаржылық жағдайының нашарлауы мүмкін болған жағдайларда банктің капиталдандыру жоспары көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғаның, көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның бірінші басшысының, оның ірі акционерінің (акционерлерінің) қолымен және мөр (бар болса) бедерімен куәландырылады.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі не басқа қаржы ұйымының ірі қатысушысы болған жағдайда, онда көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылатын үстеме капиталдандыру жоспары осы қаржы ұйымының үстеме капиталдандыру жоспарына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелері ескеріле отырып жасалады.

      Банк холдингі немесе банк болып табылмайтын тұлғаға сақтандыру холдингі мәртебесін алуға келісім берілген кезде бірмезгілде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының капиталына қомақты қатысуға не еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға (иеленуге) рұқсат береді.

      23. Көрсетілетін қызметті алушы порталға өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрату;

      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлға:

      төменде көрсетілген:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 2), 6) және 7) тармақшаларында (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) көрсетілген құжаттар, олар электрондық сұратуға қоса тіркеледі;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 3), 4), 5) және 8) тармақшаларында (Қазақстан Республикасының резиденттері үшін) көрсетілген құжаттар (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде), олар электрондық сұратуға қоса тіркеледі;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғасы:

      төменде көрсетілген:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) көрсетілген құжаттар, олар электрондық сұратуға қоса тіркеледі;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттар (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде), олар электрондық сұратуға қоса тіркеледі;

      4) көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлға бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі мәртебесіне келісімді бірмезгілде алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде), олар электрондық сұратуға қоса тіркеледі;

      5) көрсетілетін қызметті алушы - Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлғасы бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі мәртебесіне келісімді бірмезгілде алу үшін:

      төменде көрсетілген:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) көрсетілген құжаттар, олар электрондық сұратуға қоса тіркеледі;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағының 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттар (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде), олар электрондық сұратуға қоса тіркеледі;

      6) орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды қоспағанда) акциялардың 25 (жиырма бес) немесе одан көп пайызын иелену үлесімен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге ниетті жеке тұлғалар, сондай-ақ сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге ниетті көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғалар Заңның 26-бабында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерге қосымша осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 18-тармағында көрсетілген құжат;

      7) егер көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмай сыйға тарту шарты негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы белгілеріне сәйкес келген жағдайда, ол тиісті мәртебені иелену туралы өтінішті ұсыну кезінде қосымша осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 19-тармағында көрсетілген құжаттар (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде), олар электрондық сұратуға қоса тіркеледі;

      8) сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге ниетті көрсетілетін қызметті алушы (Қазақстан Республикасының резиденті) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10, 18 және 20-тармақтарында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерге қосымша осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 21-тармағының 21-тармағрында көрсетілген құжаттарды ұсынады (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде), олар электрондық сұратуға қоса тіркеледі.

      Жеке басты куәландыратын, алынбаған және өтелмеген соттылығының жоқтығын растайтын құжаттардың, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      24. Мыналар мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады:

      1) ұсынылған құжаттардың осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 22 және 23-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеуі;

      2) көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлға не көрсетілетін қызметті алушы - заңды тұлғаның басшы қызметкері:

      уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығындағы қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп иелену, оны лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағанға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату не оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы - жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушысы (сақтандыру холдингі) - заңды тұлғаның басшысы болып табылса. Көрсетілген талап уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп иелену, оны лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін 5 (бес) жыл бойы қолданылады;

      осы және (немесе) өзге қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған жағдайда. Аталған талап уәкілетті органның басшы қызметкерді лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімі қабылданғаннан кейін қатарынан соңғы 12 (он) екі ай бойы қолданылады.

      Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не тағайындау (сайлау) күніне дейін 3 (үш) жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды;

      бұрын қатарынан 4 (төрт) және одан да көп кезең бойы шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолттың мөлшері республикалық бюджет туралы заңда төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асып түсетін соманы құрайтын дефолтқа жол берген бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы (ірі акционер) - жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер) - заңды тұлға - эмитенттің басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болса. Көрсетілген талап осы тармақшада көзделген мән-жайлар туындаған кезден бастап 5 (бес) жыл бойы қолданылады;

      3) көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жағдайының тұрақсыздығы.

      Көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның қаржылық жағдайының тұрақсыздығының белгісі мынадай жағдайлардың бірі болып табылады:

      көрсетілетін қызметті алушы заңды өтініш берілген күннен бастап кемінде 2 (екі) жыл бұрын құрылған;

      көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелері басқа заңды тұлғалардың акциялары мен жарғылық капиталына орналастырылған активтерінің және банктің сатып алу үшін болжанған акцияларының сомасын шегергенде, оның активтерінен асатын болса;

      аяқталған әрбір соңғы 2 (екі) қаржы жылының нәтижелері бойынша залал шексе;

      өтініш беруші міндеттемелерінің мөлшері банктің қаржылық жай-күйін айтарлықтай тәуекелге ұрындыратындай болса;

      көрсетілетін қызметті алушының банк алдында мерзімі өткен және (немесе) банк балансына жатқызылған берешегі болса;

      көрсетілетін қызметті алушының банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуының қаржылық салдарларын талдау көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жай-күйінің нашарлайтынын болжаса;

      банкке және (немесе) оның депозиторларына нұқсан келтіру мүмкіндігін куәландыратын өзге де негіздер;

      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жай-күйінің ықтимал нашарлауы жағдайында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұсынылған қайта капиталдандыру жоспарының тиімсіздігі;

      5) көрсетілетін қызметті алушыда жеке тұлғада, көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның басшы қызметкерінде мінсіз іскерлік беделдің болмауы;

      6) көрсетілетін қызметті алушының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін алу нәтижесінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылуы;

      7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иелену жөніндегі мәміледе тізбесін уәкілетті орган белгілейтін, оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлға (оның ірі қатысушы (ірі акционері) иеленуші тарап болып табылатын жағдайлар;

      8) көрсетілетін қызметті алушы қаржы ұйымы өзі орналасқан елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын жағдайлар;

      9) Қазақстан Республикасының резиденттері емес сақтандыру тобына қатысушылар орналасқан елдің заңнамасы олардың және сақтандыру тобының Заңда көзделген талаптарды орындауына мүмкіндік бермейтіндігіне байланысты сақтандыру тобына шоғырландырылған қадағалау жүргізудің мүмкін болмауы;

      10) көрсетілетін қызметті алушының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыларға және сақтандыру холдингтеріне қойылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өзге де талаптарды сақтамауы;

      11) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының нашарлайтынын болжайтын, көрсетілетін қызметті алушының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуінің қаржылық салдарына талдау жасау;

      12) көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті қаржылық ұйымда шыққан елі заңнамасының шеңберінде қаржы қызметін жүзеге асыру өкілеттігінің болмауы;

      13) көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті заңды тұлғада тізбесін уәкілетті тұлға айқындайтын халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірінің қажетті ең төменгі рейтингінің болуы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының 10 (он) немесе одан көп пайызын тікелей иеленуді немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының 10 (он) немесе одан көп пайызымен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының он немесе одан көп пайызын тікелей иеленетін немесе талап етілетін ең төменгі рейтингі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының 10 (он) немесе одан көп пайызымен дауыс беру мүмкіндігі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденті заңды тұлғаның акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену (дауыс беру) арқылы жанама иеленуді көздейтін Қазақстан Республикасының бейрезиденті заңды тұлға үшін талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, көрсетілген рейтингінің болмауы;

      14) уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде тұлға бұрын ірі қатысушы жеке тұлға не қаржы ұйымының ірі қатысушы заңды тұлғасының бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған не табылатын жағдайлар негіз болып табылады.

      Аталған талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін 5 (бес) жыл бойы қолданылады;

      15) көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлға орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнамасының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шоғырландырылған қадағалау талаптарына сәйкес келмеуі;

      16) Қазақстан Республикасының бейрезиденті қаржы ұйымдары болып табылатын ірі қатысушылар заңды тұлғалар және сақтандыру холдингтері бойынша – уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органның және көрсетілетін қызметті алушының резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органдары арасында ақпарат алмасуды көздейтін келісімінің болмауы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      25. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 27-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Мыналардың:

      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;

      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      26. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      27. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      28. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      29. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz. ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Сақтандыру холдингінің
немесе сақтандыру
(қайта сақтандыру)
ұйымының ірі қатысушысы
мәртебесін иеленуге келісім
беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
  1-қосымша

Көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлға, көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның басшы қызметкері туралы қысқаша деректер

      ___________________________________________________________________________

                              (қаржы ұйымының атауы)

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі___________

      2. Азаматтығы_________________________________________________________

      3. Атауы және жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері____________

      4. Жұмыс орны (орындары), лауазымы (лауазымдары)_______________________

      5. Пошталық мекенжайы және (немесе) жұмыс орнының тұрған жері, байланыс

      телефоны___________________________________________________________________

      6. Жұбайы, жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, қарындасы,

      балалары) және жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі,

      қарындасы, балалары) туралы мәліметтер):

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Туған жылы

Туыстық қатынасы

Жұмыс орны және лауазымы

Заңды тұлғалардың атауын көрсете отырып, жарғылық капиталға қатысу сомасы/ сатып алған акцияларының құны (мың теңге)

Осы тұлғаға тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның дауыс беруші акцияларының жалпы санына арақатынасы немесе оның жарғылық капиталға қатысу үлесі (пайызбен)

Дара иелену

Бірлесіп иелену

тікелей

жанама

пайыз

заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

1

2

      7. Білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен күні - аяқтаған күні

Мамандығы

Білімі туралы диплом деректері, біліктілігі

Оқу орнының орналасқан жері

      8. Соңғы үш жылда біліктілігін арттыру жөніндегі семинарлардан, курстардан

      өткендігі туралы мәліметтер:

Ұйымның атауы

Өткізілген күні және орны

Сертификат деректері

      9. Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

Жұмыс кезеңі

Жұмыс орны

Лауазымы

Тәртіптік жазаның болуы

Жұмыстан шығу, лауазымнан босату себептері

      10. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы ұйымын, холдингті консервациялау, акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін кемінде 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғаның немесе көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның басшы қызметкерінің бұрын қаржы ұйымының (банк немесе сақтандыру холдингінің) басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органның (тіркеуші трансфер-агенттің атқару органының функциясын жеке жүзеге асыратын адам және оның орынбасары) басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, жеке тұлға - ірі қатысушысы, заңды тұлға - ірі қатысушысының басшысы және (немесе) қаржы ұйымының (банк немесе сақтандыру холдингінің) басшы қызметкері болып табылғаны не болып табылмағаны туралы мәліметтер_______________________________________

      ___________________________________________________________________________

            (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңi көрсетiлсін)

      11. Көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғаның немесе көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның басшы қызметкерінің бұрын төрт және одан астам кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купонды сыйақыны төлеуден дефолт жіберген не дефолт жіберген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купонды сыйақыны төлеу бойынша берешек сомасы купонды сыйақының төрт еселік және (немесе) және одан астам мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу жөніндегі дефолт мөлшері төлеу күні республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын соманы құрайтын эмитент басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органның қатарынан басшысы, мүшесі, қаржы ұйымының бас бухгалтері, жеке тұлға ірі қатысушы (ірі акционер), басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органның қатарынан басшысы, мүшесі, қаржы ұйымының бас бухгалтері, заңды тұлға ірі қатысушы (ірі акционер) болып табылғаны не болып табылмағаны туралы мәліметтер__________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

            (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңi көрсетiлсін)

      12. Уәкілетті органның басшы қызметкерді тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алу және қаржы ұйымындағы, холдингтегі, банктік және сақтандыру холдингіндегі, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамындағы басшы және өзге қызметкерді қызметтік мiндеттерiн орындаудан шеттетуі туралы деректердің болуы___________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңi, тағайындауға (сайлауға)

      келісімді қайтарып алуға негіздеме және осындай шешім қабылдаған мемлекеттік

                              органның атауы көрсетiлсiн)

      13. Тағайындалған (сайланған) күнге дейін 3 (үш) жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жазаға тартылды ма___________________________

      ___________________________________________________________________________

            (иә (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша сипаты,

      ___________________________________________________________________________

                  жауапкершілікке тарту негіздерін көрсете отырып

      ___________________________________________________________________________

      тәртіптік жаза қолдану туралы актінің деректемелері немесе соттың шешімі).

      14. Жарияланымдарының, ғылыми әзірлемелерінің және басқа жетістіктерінің

      болуы:_____________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      Осы ақпараттың тексерілгенін және оның дәйекті және толық екенін растаймын, сондай-ақ мінсіз іскери беделдің болуын растаймын. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлға___________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), баспа әріптерімен толтырылады)

      ___________________________

                  (қолы)

      Көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлға басшы қызметкердің тегі, аты, әкесінің

      аты (ол болған кезде)_________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

            (басшы қызметкер өз қолымен баспа әріптерімен толтырады)

      __________________________

                  (қолы)

      Көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлға өтініш берушінің атқарушы органының

      бірінші басшысы_____________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), баспа әріптерімен толтырылады)

      ___________________________

                  (қолы)

      Мөр (болған кезде) орны

                                                                    Күні
"Сақтандыру холдингінің
немесе сақтандыру
(қайта сақтандыру)
ұйымының ірі қатысушысы
мәртебесін иеленуге келісім
беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
  Стандартына
2-қосымша

Көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлғаның, көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның басшы қызметкерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтер

      1. Алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы туралы мәліметтер:

Күні

Сот органының атауы

Соттың орналасқан жері

Жаза түрі

1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің не 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы

Соттың іс жүргізуге шешім қабылдаған күні

      2. Көрсетілетін қызметті алушы ірі қатысушы не басшы қызметкер болып

      табылған кезеңде заңды тұлғаның қаржылық жағдайының нашарлауы немесе

      банкроттығы фактілерінің болуы:______________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      3. Қаржы ұйымымен үлестес болуы (болмауы):_____________________________

      ___________________________________________________________________________

                  (ия (жоқ), үлестес болу белгілерін көрсету керек)

      4. Осы мәселеге қатысы бар басқа ақпарат:

      ___________________________________________________________________________

      Осы ақпаратты тексергенімді және оның дәйекті әрі толық екенін растаймын.

      Көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлға___________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), баспа әріптерімен толтырылады)

      ______________________

            (қолы)

      Көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның басшы қызметкерінің тегі, аты,

      әкесінің аты (ол болған кезде)

      ___________________________________________________________________________

            (басшы қызметкер өз қолымен баспа әріптерімен толтырады)

      _________________

            (қолы)

      Көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші

      басшысы

      ___________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), баспа әріптерімен толтырылады)

      ______________________

                  (қолы)

      Мөр (ол болған кезде) орны

                                                                    Күні
"Сақтандыру холдингінің немесе
сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының ірі қатысушысы
мәртебесін иеленуге келісім беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша

Көрсетілетін қызметті алушының кірісі және мүлкі туралы мәліметтер, сондай-ақ барлық міндеттемелері бойынша берешегінің болуы туралы
ақпарат

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)______________________________________

      2. Атауы және жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері________________

      ________________________________________________________________________________

                        (сериясы, нөмірі, кім және қашан берді)

      3. Жарғылық капиталында есеп беретін тұлға ірі қатысушы болып табылатын қаржы

      ұйымдарының атауы______________________________________________________________

      4. Заңды мекенжайы және (немесе) тұрғылықты жері____________________________

      5.Телефоны:

      үйінің_____________________________________________________________________

      жұмысының_______________________________________________________________

      6. Есепті кезең_____________________________________________________________

      7. Кірісі және мүлкі, сондай-ақ Көрсетілетін қызметті алушының барлық

      міндеттемелері бойынша берешегі туралы ақпарат:

Атауы

Өлшем бірлігі

Өткен есепті кезеңде

Есепті кезеңде

Есепті кезеңдегі өзгерістер

Саны

Кіріс (берешек) сомасы Актив құны (теңге)

Саны

Кіріс (берешек) сомасы Актив құны (теңге)

Саны

Кіріс (берешек) сомасы Актив құны (теңге)

1.

Есепті кезеңде алынған кірістері:

X

X

X

1.1

Жалақы

X

X

X

1.2

Ұйымның жарғылық капиталына (акцияларына) қатысу үлесінен түскен дивидендтер және кіріс

X

X

X

1.3

Салымдар бойынша сыйақы

X

X

X

1.4

Мүлікті жалға тапсырудан түскен кіріс

X

X

X

1.5

Кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс

X

X

X

1.6

Мүлікті сатудан түскен кіріс

X

X

X

1.7

Кірістің басқа түрлері (таратып көрсету)

X

X

X

2.

Мүлік:

2.1

Ақша:
ұлттық валютада, оның ішінде:
шетел валютасындағы
банк шоттарындағы
қолма-қол ақша, оның ішінде:
банк шоттардағы қолма-қол ақша

X
X
X
X
X

X
X
X
X
X

X
X
X
X
X

2.2

Бағалы қағаздар (эмитенттің атауын көрсете отырып), оның ішінде жай акциялар, артықшылықты акциялар, облигациялар

2.3

Қаржы ұйымының ірі қатысушысына тиесілі акциялар санының ұйымдардың (атауын көрсету) дауыс беретін акцияларының немесе олардың оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидентінің жарғылық капиталына қатысу үлесінің жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

X

2.4

Жылжымайтын мүлік (атауын және орналасқан жерін көрсете отырып)

2.5

Басқа мүлік (таратып көрсету)

2n

X

X

X

3.

Барлық міндеттемелер бойынша берешек

X

X

X

3.1

Өтелмеген қарыздар

X

X

X

3.2

Қарыздар бойынша мерзімі өткен берешек

X

X

X

3.3

Міндеттемелер бойынша басқа да берешек (таратып көрсету)

X

X

X

3n

X

X

X

      Осы ақпаратты тексергенімді және оның дәйекті әрі толық екенін растаймын.

      Көрсетілетін қызметті алушы

      __________________________________________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      __________________________

                  (қолы)

  Мөр (бар болса) орны
 
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
11-қосымша

"Инвестициялық портфельді басқарушының iрi қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

      Ескерту. 11-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Инвестициялық портфельді басқарушысының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – 3 (үш) ай ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес күн) ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      Егер оларды қарау барысында осы құжаттарда көрсетілетін қызметті алушы немесе оның қызметі туралы дәйексіз мәліметтердің бар екен, ұсынылған құжаттардың заңнаманың талаптар,а сәйкес келмеуі анықталса, сондай-ақ қажет болған кезде көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылған мәліметтердің дәйектілігін тексеру қажет болса, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарды қарау мерзімін тоқтата тұрады.

      Көрсетілетін қызметті алушы ескертулерді жойғаннан және құжаттарды ұсынғаннан кейін оларды қарау мерзімі жаңартылады. Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды келесі қарауы осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру туралы хатты не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 23-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының тиісті қаулысының көшірмесімен қоса көрсетілетін қызметті алушының атына жіберу.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда нәтиже электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен куәландырылады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінікі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кестесі - сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлға көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) еркін нысанда жасалған өтініш;

      2) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, акцияларды, оның ішінде акцияларды сатып үшін пайдаланылатын қаражат көздері мен қаражаттың сипатын қоса алғанда, бұрын сатып алынған акцияларын сатып алудың талаптары мен тәртібі туралы мәліметтер.

      Мыналар:

      кәсіпкерлік, еңбек немесе басқа да ақы төленетін қызметтен алынған кірістер;

      көрсетілетін қызметті алушының құжаттамамен расталған ақшалай жинақтары акцияларды сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көзі болып табылады.

      Осы тармақшаның екінші бөлігінде көрсетілген қаражат көздеріне қосымша инвестициялық портфелді басқарушының акцияларын сатып алу үшін инвестициялық портфелді басқарушының сатып алынатын акцияларының құнынан 25 (жиырма бес) пайыздан аспайтын мөлшерде сыйға тарту, ұтыс, өтеусіз алынған мүлікті сатудан түскен кіріс түрінде алынған ақша пайдаланылуы мүмкін.

      Инвестициялық портфелді басқарушының акцияларын сыйға тарту түрінде алынған мүлік есебінен сатып алған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы сыйға тартушы және сыйға тартушыда аталған мүліктің пайда болу көздері туралы мәліметтерді ұсынады;

      3) көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін білдіру тапсырылатын көрсетілетін қызметті алушының өкіліне (болған кезде) берілген сенімхат;

      4) көрсетілетін қызметті алушы ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімі және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері;

      5) инвестициялық портфелді басқарушының қаржылық жағдайының нашарлауы мүмкін болған жағдайларда осы қордың немесе ұйымның үстеме капиталдандыру жоспары, онда мыналар қамтылуға тиіс:

      қаржы ұйымының ағымдағы жай-күйін бағалау;

      банктің қаржылық жағдайының болжанып отырған нашарлауының есебі және нашарлауға әсер ететін өлшемшарттар (пруденциялық нормативтердің өзгеру серпіні, қаржы ұйымының меншікті капиталы мөлшерінің өзгеруі, қаржы ұйымының қаржылық және өзге көрсеткіштерінің нашарлау жағына қарай өзгеруі);

      қаржы ұйымын қаржылық сауықтыру жөніндегі іс-шаралардың (шығыстарды төмендету жөніндегі шаралар, қаржы ұйымының меншікті капиталын пруденциялық нормативтер және басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттер орындалатын мөлшерге дейін қалпына келтіруге бағытталған қосымша қаржылық салымдар (ақша салымының сомаларын және көздерін көрсете отырып), қосымша кірістер алу жөніндегі іс-шаралар және басқа іс-шаралар) егжей-тегжейлі сипаттамасы;

      қаржы ұйымын қаржылық сауықтыру жөніндегі іс-шараларды орындаудың күнтізбелік мерзімдері;

      сауықтыру іс-шараларының болжанған экономикалық әсері (пруденциялық нормативтердің өзгеру серпіні, қаржы ұйымының меншікті капиталы мөлшерінің өзгеруі, қаржы ұйымының қаржылық және өзге де көрсеткіштерінің өзгеруі);

      6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес білімі туралы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса алғанда, көрсетілетін қызметті алушы туралы қысқаша деректер;

      7) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтер;

      8) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді, сондай-ақ оның барлық міндеттемелері бойынша орын алып отырған берешегі туралы ақпарат.

      10. Қазақстан Республикасының бей резиденті жеке тұлға инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа, Қазақстан Республикасының бейрезиденті жеке тұлға тұратын елдің тиісті мемлекеттік органының осы елдің заңнамасында Қазақстан Республикасының резиденті инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын иеленуге рұқсат етілгені туралы жазбаша растауын не тиісті мемлекеттің көрсетілетін қызметті берушінің мұндай рұқсат аталған құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін табыс етеді.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы – Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлға көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) еркін нысанда жасалған өтініш;

      2) көрсетілетін қызметті алушы органының инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын иелену туралы шешімінің көшірмесі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының үлестес тұлғаларының тізімі;

      3) заңды тұлға акцияларының 10 (он) немесе одан көп пайызын (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) иеленген (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп), сондай-ақ шарт негізінде немесе өзгеше түрде осы заңды тұлғаның шешімін айқындауға немесе бақылауға мүмкіндігі бар тұлғалар туралы мәліметтер және растайтын құжаттар;

      4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттар;

      5) білімі, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса алғанда, көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлері туралы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартқа 1-қосымшаға сәйкес туралы қысқаша деректер;

      6) көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер;

      7) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері, көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректер;

      8) соңғы аяқталған екі қаржы жылының аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржылық есептілігі, сондай-ақ тиісті өтінішті ұсыну алдындағы соңғы аяқталған тоқсанның қаржылық есептілігі;

      9) ірі қатысушы мәртебесін иемденгеннен кейін көрсетілетін қызмет алушының және инвестициялық портфельді басқарушының болжамды есеп айырысу балансын қоса алғанда, осындай мәртебені иеленудің қаржылық салдарының талдауын, көрсетілетін қызметті алушының жоспарлары мен ұсыныстарын табыс етеді.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы – Қазақстан Республикасының бейрезиденті заңды тұлға көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) еркін нысанда жасалған өтініш;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында және 11-тармағының 2), 5), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды.

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 4) тармақшасының және 7-тармағының 7) және 8) тармақшаларының өтініш берушінің құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін және соңғы аяқталған тоқсанға қаржылық есептілікті ұсыну бөлігіндегі талаптары, тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі тағайындаған "А"-дан төмен емес кредиттік рейтингі болған кезде, Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасына қолданылмайды;

      3) Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын жанама иеленуді немесе жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан көп пайызын тікелей иеленетін, немесе талап етілетін ең төменгі рейтингі бар жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның он немесе одан көп пайызымен дауыс беру мүмкіндігі бар, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғаның акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену (дауыс беру) арқылы жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен жанама дауыс беруді көздейтін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға үшін көрсетілген рейтингтің болуы талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тізбедегі халықаралық рейтингтік агенттіктерінің бірі берген заңды тұлғаның кредиттік рейтингі туралы мәліметтер;

      4) көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының бейрезиденті қаржы ұйымының инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге жазбаша рұқсаты (келісімі) не тиісті мемлекеттің көрсетілетін қызметті берушінің аталған мемлекеттің заңнамасы бойынша осындай рұқсат (келісім) талап етілмейтіні туралы мәлімдемесі.

      13. Қазақстан Республикасының бейрезиденті қаржы ұйымы инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) еркін нысанда жасалған өтініш;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мәліметтер және құжаттар;

      3) көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының көрсетілетін қызметті алушы осы елдің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметін жүзеге асыруға уәкілетті екендігі туралы жазбаша растауын не көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының осы елдің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы мәлімдемесі.

      14. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының 25 (жиырма бес) немесе одан көп пайызын иеленуге ниет білдірген, Қазақстан Республикасының бейрезиденті қаржы ұйымы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген құжаттардан басқа, көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының бейрезиденті қаржы ұйымының шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауын табыс етеді.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлға бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісімді бірмезгілде алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) еркін нысанда жасалған өтініш;

      2) растайтын құжаттарды қоса бері отырып, меншік құқығындағы көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлғаға тиесілі мүлік құнынан аспайтын мөлшерде қаржы ұйымдарының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын көздер мен қаражаттың сипаттамасын қоса алғанда, тиісті қаржы ұйымының акцияларын сатып алудың шарттары мен талабы туралы мәліметтер;

      3) көрсететін қызметті алушының өкіліне берілген, көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін білдіру тапсырылатын сенімхат (болған кезде);

      4) ол ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімі және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері;

      5) көрсетілетін қызметті алушы қаржы ұйымдарын қайта қаржыландыру жоспарына сәйкес ірі қатысушы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын және (немесе) болғысы келетін көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелері есепке алына отырып жасалған қаржы ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауы мүмкін болған жағдайларда әрбір қаржы ұйымы бойынша қайта қаржыландыру жоспары;

      6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартқа 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушы туралы қысқаша деректер;

      7) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартқа 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтер;

      8) кіріс пен мүлік жөніндегі растайтын құжаттады қоса бере отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартқа 3-қосымшаға сәйкес салық органдары немесе жеке тұлғаның тұратын еліндегі өзге уәкілетті тұлғалар куәландырған кірісі және мүлкі туралы мәліметтер;

      9) Қазақстан Республикасының бейрезиденті жеке тұлға тұратын елдің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын банктің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу осы елдің заңнамасында рұқсат етілгені туралы жазбаша растауын не тиісті мемлекеттің көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілген құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша осындай рұқсат талап етілмейтіні туралы өтініші.

      16. Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлға болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісімді бірмезгілде алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) еркін нысанда жасалған өтініш;

      2) көрсетілетін қызметті алушының жоғары органның тиісті қаржы ұйымының акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмесі;

      3) заңды тұлғаның акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлесінің) он немесе одан көп пайызын иеленген (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп), сондай-ақ шарт негізінде немесе өзгеше түрде осы заңды тұлғаның шешімін айқындауға немесе бақылауға мүмкіндігі бар тұлғалар туралы мәліметтерді және растау құжаттары;

      4) көрсетілетін қызметті алушының үлестес тұлғаларының тізімі;

      5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың 15-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттар;

      6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартқа 1-қосымшаға сәйкес басшы қызметкерлер туралы қысқаша деректер;

      7) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері, көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректер;

      8) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартқа 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтер;

      9) аяқталған соңғы екі қаржы жылының аудиторлық ұйым куәландырған қаржылық есептілігі, сондай-ақ тиісті өтініш берер алдында аяқталған соңғы тоқсанның қаржылық есептілігі;

      10) ірі қатысушы мәртебесін иеленгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушының тиісті қаржы ұйымдарының болжамды есеп айырысу балансын қоса алғанда, осындай мәртебені иеленудің қаржылық салдарының талдауын, іс-шаралар жоспарын және ұйымдық құрылымды қоса алғанда, егер осындайлар бар болса, көрсетілетін қызметті алушының тиісті қаржы ұйымдарының активтерін сату, тиісті қаржы ұйымдарының қызметін қайта ұйымдастыру немесе оны басқаруға айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлары мен ұсыныстар.

      17. Қазақстан Республикасының бейрезиденті заңды тұлға болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге бірмезгілде келісім алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) еркін нысанда жасалған өтініш;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында және 16-тармағыныың 1), 2), 3), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттар;

      3) инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының 10 (он) немесе одан көп пайызын жанама иеленуді немесе инвестициялық портфельді басқарушының орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) 10 (он) немесе одан көп пайызын тікелей иеленетін немесе талап етілетін ең төменгі рейтингі бар инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының 10 (он) немесе одан көп пайызымен дауыс беру мүмкіндігі бар, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушы болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаның акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену (дауыс беру) арқылы инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының 10 (он) немесе одан көп пайызымен жанама дауыс беруді көздейтін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға үшін көрсетілген рейтингтің болуы талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі берген заңды тұлғаның кредиттік рейтингі туралы мәліметтер.

      18. Қазақстан Республикасының бейрезиденті қаржы ұйымы болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге бірмезгілде келісім алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) еркін нысанда жасалған өтініш;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 17-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттар;

      3) көрсетілетін қызметті алушы шыққан елдің қаржылық қадағалау органынан көрсетілетін қызметті алушының осы елдің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті екені туралы жазбаша растаманы не көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының осы елдің заңнамасы бойынша осындай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы өтініш.

      19. Егер жеке тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмай, сыйға тарту шарты негізінде инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының белгілеріне сәйкес келген жағдайда, ол тиісті мәртебені иелену туралы өтініш берген кезде мыналар:

      1) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сыйға тартудың шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 19-тармағының 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген құжаттар;

      3) бағалаушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындаған, сыйға тарту шартының нысанасы болып табылатын акциялардың құны туралы мәліметтер қосымша ұсынылады.

      20. Орналастырылған акциялардың (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) 25 (жиырма бес) немесе одан көп пайызын иелену үлесімен инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге ниет білдіруші тұлғалар осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18 және 19-тармақтарында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерге қосымша, таяудағы бес жылға арналған бизнес-жоспарды табыс етеді, ол көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғаның не көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның бірінші басшысының, оның ірі акционерінің (акционерлерінің) қолымен және мөр (бар болса) бедерімен куәландырылады. Бизнес-жоспарда төмендегілермен шектелместен, мынадай ақпарат қамтылады:

      қаржы ұйымының мақсаттары мен міндеттерін және көрсетілетін қызметтердің түрлерін сипаттау;

      қаржы ұйымының қызметін талдау (сыртқы және ішкі ортаны талдау);

      жақын арадағы бес қаржы (операциялық) жылына арналған қаржы ұйымы қызметінің даму стратегиясы және масштабтары;

      жақын арадағы бес қаржы (операциялық) жылының егжей-тегжейлі жылдық қаржылық жоспары (негізгі қаржылық көрсеткіштердің есебі, бюджет, бухгалтерлік баланс, пайда мен зиян туралы есеп,бизнес-жоспарды қаржыландыру көздері мен көлемдері);

      тәуекелдерді басқару жоспары (қаржы ұйымының қызметін жүзеге асыруға байланысты тәуекелдердің сипаты және жақын арадағы бес қаржы (операциялық) жылға арналған оларды басқару тәсілдері);

      жақын арадағы бес қаржы (операциялық) жылына арналған еңбек ресурстарын тарту жоспары.

      21. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19 және 20-тармақтарында көрсетілген құжаттарды осы құжаттардың мазмұны өзгерген не осындай құжаттардың мерзімі аяқталған жағдайларды қоспағанда, оларды көрсетілетін қызметті берушіге бұрын тапсырған тұлғалар ұсынбайды. Бұл ретте, көрсетілетін қызметті берушіге өзгерістер енгізілген немесе қолдану мерзімдері аяқталған құжаттар ғана ұсынылады. Қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иелену туралы өтініште көрсетілетін қызметті берушіге бұрын тапсырылған құжаттар туралы (шығыс құжаттың нөмірі, күні) мәліметтер, сондай-ақ оларды ұсыну негіздемесі көрсетіледі.

      22. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16 және 17-тармақтарында көрсетілген өтінімдерде:

      көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаты, заңды мекенжайы туралы мәліметтер;

      көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тұрғылықты жері туралы мәліметтер;

      қаржы ұйымының сатып алынатын акцияларының саны, олардың құны, сатып алу болжанып отырған қаржы ұйымының акциялары санының тиісінше инвестициялық портфельді басқарушының орналастырған (артықшылықты және сатып алынғандарды шегере отырып) акцияларының санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтер;

      дербес деректерді жинау мен өңдеуге (көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғалар үшін) келісім және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтер көрсетіледі.

      Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мыналар қоса берілетін көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғаның және көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның басшы қызметкерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтер:

      құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепті жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген, алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауын растайтын құжат (көрсетілген құжаттың берілген күні өтініш беру күнінен бұрын 3 (үш) айдан аспауға тиіс). Шетел азаматтары олардың азаматтық алған елінің тиісті мемлекеттік органы, ал азаматтығы жоқ тұлғалар - олардың тұрақты мекендейтін елі берген ұқсас мазмұндағы құжатты қосымша береді;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшанда көрсетілген, көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғаның және көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның басшы қызметкерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері.

      Қаржы ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауы мүмкін болған жағдайларда инвестициялық портфельді басқарушыны қайта қаржыландыру жоспарын көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғаның не көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның бірінші басшысының, оның ірі акционерінің (акционерлерінің) қолымен және мөр (бар болса) бедерімен куәландырылады.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі не басқа қаржы ұйымының ірі қатысушысы болған жағдайда, онда көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылатын үстеме капиталдандыру жоспары осы қаржы ұйымының қайта капиталдандыру жоспарына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелері ескеріле отырып жасалады.

      23. Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрату;

      2) көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлға инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген (электрондық құжаттар түріндегі), электрондық сұратуға қоса тіркелетін;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 8) тармақшаларында көрсетілген (PDF форматындағы құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі), электрондық сұратуға қоса тіркелетін құжаттар;

      3) көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлға инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 11-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшасында көрсетілген (электрондық құжаттар түріндегі), электрондық сұратуға қоса тіркелетін құжаттар;

      4) көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлға бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісімді бірмезгілде алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген (PDF форматындағы құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі), электрондық сұратуға қоса тіркелетін құжаттарды ұсынады;

      5) Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлға болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлға бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісімді бірмезгілде алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 16-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген (PDF форматындағы құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі), электрондық сұратуға қоса тіркелетін құжаттарды ұсынады;

      6) егер көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмай, сыйға тарту шарты негізінде инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының белгілеріне сәйкес келген жағдайда, ол тиісті мәртебені иелену туралы өтініш берген кезде, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 19-тармағында көрсетілген (PDF форматындағы құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі), электрондық сұратуға қоса тіркелетін құжаттарды қосымша ұсынады.

      Жеке басты куәландыратын, алынбаған және өтелмеген соттылығының жоқтығын растайтын құжаттардың, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      24. Мыналар мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлға не көрсетілетін қызметті алушы - заңды тұлғаның басшы қызметкері:

      бұрын уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығындағы қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп иелену, оны лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағанға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату не оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы (трансфер-агенттің атқарушы органының функциясын жеке дара атқаратын тұлға және оның орынбасары), бас бухгалтері, ірі қатысушы - жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушысы заңды тұлғаның басшысы болып табылса. Көрсетілген талап уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп иелену, оны лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін 5 (бес) жыл бойы қолданылады;

      лицензиаттың және (немесе) өзге қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған жағдайда. Аталған талап уәкілетті органның басшы қызметкерді лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімі қабылданғаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады. Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не тағайындау (сайлау) күніне дейін 3 (үш) жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған адам көрсетілетін қызметті алушының (лицензиаттың) басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды;

      бұрын қатарынан 4 (төрт) және одан да көп кезең бойы шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолттың мөлшері республикалық бюджет туралы заңда төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асып түсетін соманы құрайтын дефолтқа жол берген қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы (ірі акционер) - жеке тұлға, эмитент заңды тұлғаның ірі қатысушысының (ірі акционерінің) басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының мүшесі, бас бухгалтері болса. Көрсетілген талап көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап 5 (бес) жыл бойы қолданылады;

      2) көрсетілетін қызметті алушының инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иелену тәртібін және (немесе) талаптарын бұзуы;

      3) көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жағдайының тұрақсыздығы.

      Көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның қаржылық жағдайы тұрақсыздығының белгісі мынадай жағдайлардың бірі болып табылады:

      көрсетілетін қызметті алушы заңды өтініш берілген күннен бастап кемінде екі жыл бұрын құрылған;

      көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелері басқа заңды тұлғалардың акциялары мен жарғылық капиталына орналастырылған активтері мен қатысу үлесінің және инвестициялық портфельді басқарушының сатып алу үшін болжанған акцияларының сомасын шегергенде, оның активтерінен асатын болса;

      аяқталған әрбір соңғы екі қаржы жылының нәтижелері бойынша залал шексе;

      өтініш беруші міндеттемелерінің мөлшері инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жай-күйін айтарлықтай тәуекелге ұрындыратындай болса;

      көрсетілетін қызметті алушының инвестициялық портфельді басқарушы алдында мерзімі өткен және (немесе) банк балансына жатқызылған берешегі болса;

      көрсетілетін қызметті алушының инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алуының қаржылық салдарларын талдау көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жай-күйінің нашарлайтынын болжаса;

      инвестициялық портфельді басқарушыға және (немесе) ерікті жинақтаушы қорының салымшыларын (алушыларына) нұқсан келтіру мүмкіндігін куәландыратын өзге де негіздер;

      4) ұсынылған құжаттардың осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22 және 23-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі немесе ұсынылған құжаттар бойынша ескертулерді көрсетілетін қызметті берушінің жоймауы;

      5) көрсетілетін қызметті алушының инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алуы нәтижесінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылуы;

      6) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иелену жөніндегі мәміледе тізбесін уәкілетті орган белгілейтін, оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлға (оның ірі қатысушы (ірі акционері) иеленуші тарап болып табылатын жағдайлар;

      7) көрсетілетін қызметті алушының Заңда белгіленген, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына қойылатын өзге де талаптарды сақтамауы;

      8) көрсетілетін қызметті алушы қаржы ұйымы өзі орналасқан елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын жағдайлар;

      9) инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жағдайының нашарлайтынын болжайтын, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушы мәртебесін иеленуінің қаржылық салдарына талдау жасау;

      10) көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті қаржы ұйымында шыққан елі заңнамасының шеңберінде қаржы қызметін жүзеге асыру өкілеттіктерінің болмауы;

      11) көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті заңды тұлғада:

      тізбесін уәкілетті тұлға айқындайтын халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірінің қажетті ең төменгі рейтингінің болуы инвестициялық портфельді басқарушының орналастырылған акцияларының 10 (он) немесе одан көп пайызын тікелей иеленуді немесе инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының 10 (он) немесе одан көп пайызымен инвестициялық портфельді басқарушының орналастырылған акцияларының 10 (он) немесе одан көп пайызын тікелей иеленетін немесе талап етілетін ең төменгі рейтингі бар инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының 10 (он) немесе одан көп пайызымен дауыс беру мүмкіндігі бар инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденті заңды тұлғаның акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену (дауыс беру) арқылы жанама иеленуді көздейтін Қазақстан Республикасының бейрезиденті заңды тұлға үшін талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, көрсетілген рейтингінің болмауы;

      12) инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жай-күйінің ықтимал нашарлауы жағдайында инвестициялық портфельді басқарушының ұсынылған қайта капиталдандыру жоспарының тиімсіздігі;

      13) көрсетілетін қызметті алушыда жеке тұлғада, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның басшы қызметкерінде мінсіз іскерлік беделдің болмауы;

      14) уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде тұлға бұрын ірі қатысушы жеке тұлға не қаржы ұйымының ірі қатысушы заңды тұлғасының бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған не табылатын жағдайлар негіз болып табылады. Аталған талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін 5 (бес) жыл бойы қолданылады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      25. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 27-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Мыналардың:

      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;

      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      26. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      27. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      28. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      29. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz. ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Инвестициялық портфельді
басқарушының iрi қатысушысы
мәртебесін иеленуге келісім беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша

Көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлға, көрсетілетін қызметті алушы - заңды тұлғаның басшы қызметкері туралы қысқаша деректер

      ________________________________________________________________________________

                              (қаржы ұйымының атауы)

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)______________________________________

      2. Азаматтығы_____________________________________________________________

      3. Атауы және жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері________________

      4. Жұмыс орны (орындары), лауазымы (лауазымдары)___________________________

      5. Пошталық мекенжайы және (немесе) жұмыс орны орналасқан жер, байланыс

      телефоны_______________________________________________________________________

      6. Жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, қарындасы,

      балалары) және жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі,

      қарындасы, балалары) туралы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Туған жылы

Туыстық қатынасы

Жұмыс орны және лауазымы

Заңды тұлғалардың атауын көрсете отырып, жарғылық капиталға қатысу сомасы/сатып алынған акцияларының құны (мың теңге)

Осы тұлғаға тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның дауыс беруші акцияларының жалпы санына арақатынасы немесе оның жарғылық капиталға қатысу үлесі % (пайызбен)

Дара иелену

Бірлесіп иелену

тікелей

жанама

пайыз

Заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

1

2

      7. Білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен күні – аяқтаған күні

Мамандығы

Білімі туралы диплом деректері біліктілігі

Оқу орнының орналасқан жері

      8. Соңғы үш жылдағы біліктілігін арттыру жөніндегі семинарлардан, курстардан

      өткендігі туралы мәліметтер:

Ұйымның атауы

Өткізілген күні және орны

Сертификат деректері

      9. Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

Жұмыс кезеңі

Жұмыс орны

Лауазымы

Тәртіптік жазаның болуы

Жұмыстан шығу, лауазымнан босату себептері

      10. Өтініш беруші жеке тұлға немесе өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкері бұрын қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығындағы қызметін тоқтатуға алып келу салдарынан оны лицензиясынан айыру не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгені туралы шешім қабылданғанға дейін 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының (банктік немесе сақтандыру холдингінің) басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі (тіркеушінің атқарушы органының трансфер-агентінің және оның орынбасарының функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) бас бухгалтері, қаржы ұйымының ірі қатысушысы-жеке тұлғасы, ірі қатысушысы-заңды тұлғасының бірінші басшысы болғандығы туралы мәліметтер"___________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

            (ия (жоқ), ұйымның атауы, қызметі, жұмыс кезеңі көрсетілсін)

      11. Өтініш беруші жеке тұлға немесе өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкері қатарынан төрт және одан да көп кезең бойы шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолттың мөлшері республикалық бюджет туралы заңда төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асып түсетін соманы құрайтын дефолтқа жол берген бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесінің басшысы, мүшесі, басқарма басшысы, мүшесі, бас бухгалтер, ірі қатысушы (ірі акционер) - жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер) - заңды тұлға – эмитенттің директорлар кеңесінің басшысы, мүшесі, атқарушы органның басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болғандығы туралы мәліметтер____________________________________________

      ________________________________________________________________________________

            (ия (жоқ), ұйымның атауы, қызметі, жұмыс кезеңі көрсетілсін)

      12. Басшы қызметкерді тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алу туралы және уәкілетті органының қаржы ұйымдарындағы, банктік және сақтандыру холдингтеріндегі, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік көрсетілетін қызметті алушыындағы басшы және өзге қызметкеркердің қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету туралы деректердің болуы_________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (иә/жоқ, ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі, тағайындауға (сайлауға) келісімді

      қайтарып алуға негіз және осындай шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы

                                    көрсетілсін)

      13. Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не тағайындау (сайлау) күніне дейін 3 (үш) жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылды ма ____________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

            (ия (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша сипаттамасы,

      ________________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

                  жауапкершілікке тарту негіздемелерін көрсете отырып,

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      тәртіптік жаза қолдану туралы актінің немесе сот шешімінің деректемелері).

      14. Жарияланымдары, ғылыми әзірлемелері және басқа жетістіктері:_______________

      ________________________________________________________________________________

      Осы ақпаратты тексергенімді және оның дәйекті әрі толық екенін растаймын, сондай-ақ мінсіз іскерлік беделдің болуын растаймын. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті жинау мен өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлға

      ________________________________________________________________________________

            (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), баспа әріптерімен толтырылады)

      ________________________________________________________________________________

                                    (қолы)

      Көрсетілетін қызметті алушы - заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші

      басшысы________________________________________________________________________

            (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), баспа әріптерімен толтырылады)

      ________________________________________________________________________________

                                    (қолы)

      Мөр орны (ол болған кезде)

                                                                        Күні

  "Инвестициялық портфельді
басқарушының iрi қатысушысы
мәртебесін иеленуге
келісім беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

Көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлғаның, көрсетілетін қызметті алушы – заңды тұлғаның басшы қызметкерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтер

      1. Алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы туралы мәліметтер:

Күні

Сот органының атауы

Соттың тұрған орны

Жаза түрі

1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің не 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы

Соттың іс жүргізуге шешім қабылдаған күні

1

2

3

4

5

6

      2. Өтініш беруші ірі қатысушы не басшы қызметкер болып табылған кезеңде заңды

      тұлғаның қаржылық жағдайының нашарлау немесе банкроттық фактілерінің болуы:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      3. Қаржы ұйымымен үлестес болуы (болмауы):

      ________________________________________________________________________________

                  (ия (жоқ), үлестес болу белгілерін көрсету керек)

      4. Осы мәселеге қатысы бар басқа ақпарат:

      ________________________________________________________________________________

      Осы ақпаратты тексергенімді және оның дәйекті әрі толық екенін растаймын.

      Өтініш беруші - жеке тұлға

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

            (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), баспа әріптерімен толтырылады)

                                                            __________________

                                                                  (қолы)

      Өтініш беруші - заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші басшысы

      ________________________________________________________________________________

            (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), баспа әріптерімен толтырылады)

                                                            __________________

                                                                  қолы

      Күні

      Мөр (ол болған кезде) орны

  "Инвестициялық портфельді
басқарушының iрi қатысушысы
мәртебесін иеленуге келісім беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша

Көрсетілетін қызметті алушының кірісі және мүлкі туралы, сондай-ақ барлық міндеттемелері бойынша берешегінің болуы туралы ақпарат

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) _____________________________________

      2. Атауы және жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері

Атауы

Өлшем бірлігі

Өткен есепті кезеңде

Есепті кезеңде

Есепті кезеңдегі өзгерістер

Саны

Кіріс (берешек) сомасы Актив құны (теңге)

Саны

Кіріс (берешек) сомасы Актив құны (теңге)

Саны

Кіріс (берешек) сомасы Актив құны (теңге)

1.

Есепті кезеңде алынған кірістер:

X

X

X

1.1

Еңбекақы

X

X

X

1.2

Ұйымның жарғылық капиталына (акциялар) қатысу үлесінен дивидендтер және кіріс

X

X

X

1.3

Салымдар бойынша сыйақы

X

X

X

1.4

Мүлікті жалға тапсырудан түскен кіріс

X

X

X

1.5

Кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс

X

X

X

1.6

Мүлікті сатудан түскен кіріс

X

X

X

1.7

Кірістің басқа түрлері (таратып көрсету)

X

X

X

2.

Мүлік:

2.1

Ақша:
ұлттық валютада, оның ішінде:
шетел валютасындағы
банк шоттарындағы
қолма-қол ақша, оның ішінде:
банк шоттардағы қолма-қол ақша

X
X
X
X
X

X
X
X
X
X

X
X
X
X
X

2.2

Бағалы қағаздар (эмитенттің атауын көрсете отырып), оның ішінде жай акциялар, артықшылықты акциялар, облигациялар

2.3

Қаржы ұйымының ірі қатысушысына тиесілі акциялар санының ұйымдардың (атауын көрсету) дауыс беретін акцияларының немесе олардың оның ішінде Қазақстан Республикасы резиденті еместердің жарғылық капиталына қатысу үлесінің (пайызбен) жалпы санына арақатынасы

X

2.4

Жылжымайтын мүлік (атауын және орналасқан жерін көрсете отырып)

2.5

Басқа мүлік (таратып көрсету)

2n

X

X

X

3.

Барлық міндеттемелер бойынша берешек

X

X

X

3.1

Өтелмеген қарыздар

X

X

X

3.2

Қарыздар бойынша мерзімі өткен берешек

X

X

X

3.3

Міндеттемелер бойынша басқа да берешек (таратып көрсету)

X

X

X

3n

X

X

X

      ________________________________________________________________________________

                        (сериясы, нөмірі, кім және қашан берген)

      3. Жарғылық капиталда есеп беретін тұлға ірі қатысушы болып табылатын қаржы

      ұйымының атауы_________________________________________________________________

      4. Заңды мекенжайы және (немесе) тұрғылықты жері____________________________

      ________________________________________________________________________________

      5. Үй телефоны_____________________________________________________________

      жұмыс телефоны ___________________________________________________________

      6. Есепті кезең _____________________________________________________________

      7. Кірісі және мүлкі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының барлық міндеттемелері

      бойынша берешегі туралы ақпарат_____________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Осы ақпаратты тексергенімді және оның дәйекті әрі толық екенін растаймын.

      Өтініш беруші _____________________________________________________________

                  (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), баспа әріптерімен толтырылады)

      _____________

      (қолы)

                                                                        Күні

      Мөр (ол болған кезде) орны

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
12-қосымша

"Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 12-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау және беру бойынша қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) және көрсетілетін қызметті алушыға ілеспе хатпен жіберілетін көрсетілетін қызметті алушының оны тіркегені туралы белгісі бар (жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеген кезде) акциялар шығарылымы проспектісінің бір данасы не осы мемлекеттік көрсетілетін стандарттың 11-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының не тиісті сенімхат негізінде қол қою құқығы берілген адамның қолымен расталады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінікі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру кестесі - 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      1) ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар, ерікті нысанда жасалған өтініш;

      2) көрсетілетін қызметті алушының құрылтай жиналысының (жалғыз құрылтайшысының шешімі) немесе акционерлердің жалпы жиналысының (барлық дауыс беретін акцияларын иемденетін акционердің шешімі) жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы хаттамасының көшірмесі;

      3) көрсетілетін қызметті алушы жарғысының көшірмесі;

      4) көрсетілетін қызметті алушы құрылтайшылары арасында орналастырылатын жария етілген акциялардың төленгенін растайтын құжаттар;

      5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес жария етілген акциялар проспектісінің құрылымына сәйкес жасалған және ресімделген, жария етілген акциялардың проспектісі қағаз жеткізгіште қазақ және орыс тілдерінде 2 (екі) данада (электрондық түрде PDF форматында) қазақ және орыс тілдерінде 1 (бір) данада.

      Мыналар қағаз жеткізгіште жасалған жария етілген акциялар проспектісінің ажырамас бөлігі болып табылады:

      көрсетілетін қызметті алушы ұйымдастырылмаған нарықта акцияларды сатып алған кезде олардың құнын анықтау әдiстемесi және көрсетілетін қызметті алушының таза кірісін бөлу тәртібі;

      көрсетілетін қызметті алушының соңғы 2 (екi) қаржы жылындағы аудиторлық есептермен расталған жылдық қаржылық есептілігінің көшірмелері, сондай-ақ аудиторлық есептердің және көрсетілетін қызметті алушының есептік саясатының көшірмелері. Егер еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда, аудиторлық есеппен расталған шоғырландырылған қаржылық есептіліктің көшірмесі ұсынылады. Егер еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда, аудиторлық есеппен расталған жеке қаржылық есептіліктің көшірмесі ұсынылады;

      жария етілген акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсынудың алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша көрсетілетін қызметті алушының қаржылық есептілігінің көшірмелері. Егер еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда, шоғырландырылған қаржылық есептіліктің көшірмесі ұсынылады. Егер еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда, жекелеген қаржылық есептіліктің көшірмесі ұсынылады.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлға ретінде көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күні ішінде жария етілген акциялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжатты ұсынса, көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы екінші бөлігінің үшінші және төртінші абзацтарында көрсетілген құжаттарды ұсынбайды.

      Ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап 1 маусым аралығындағы кезеңде аяқталған қаржы жылы үшiн қаржылық есептіліктің аудиторлық есебі болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті органға аудиторлық есеппен расталған, соңғы аяқталған жылдың алдындағы 2 (екi) жылдың қаржылық есептілігін және көрсетілген кезеңнің қаржылық есептілігінің аудиторлық есебін ұсынады. Көрсетілетін қызметті алушы аяқталған қаржы жылының аудиторлық есебі мен қаржылық есептілігін жылдық қаржылық есеп бекітілген күннен бастап бір айдың ішінде ұсынады. Аяқталған қаржы жылының қаржылық есебі "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынатын жылдық қаржылық есептілік бухгалтерлік баланстан, пайда мен зиян туралы есептен, ақша қозғалысының есебінен, меншікті капиталындағы өзгерістер туралы есептен және түсіндірме жазбадан тұрады.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынатын аралық қаржылық есептілік бухгалтерлік баланстан, пайда мен зиян туралы есептен тұрады.

      Жария етілген акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсаннан кейінгі айдың 25-не дейін құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының жария етілген акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсанның алдындағы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша шоғырландырылған қаржылық есептіліктің көшірмесі (еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда, жекелеген қаржылық есептілігінің көшірмесі) ұсынылады.

      Жария етілген акциялар проспектісінің ажырамас бөлігі болып табылатын қаржылық есептілікке сәйкес көрсетілетін көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жағдайы туралы ақпаратты қоспағанда, акциялар шығарылымының проспектiсiндегi мәлiметтер уәкілетті органға құжаттарды өткізу күнінің алдындағы айдың соңғы жұмыс күніне келтіріледі.

      Акционерлік инвестициялық қордың жария етілген акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттармен қоса акционерлік инвестициялық қор акционерлік инвестициялық қордың басқарушы компаниямен, кастодианмен және тіркеушімен шарттарының жобаларын, сондай-ақ құрылтайшылардың жалпы жиналысы не акционерлік инвестициялық қордың жалғыз акционері бекіткен инвестициялық декларацияны қосымша ұсынады.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы порталға өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 2), 3), 4) (электрондық сұрау салуға қоса берілетін, құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) және 5) (қағаз жеткізгіште) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      11. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға мына жағдайлар:

      1) егер көрсетілетін қызметті алушы шығарылымды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды тапсыру талаптары мен тәртібін бұзса;

      2) құжаттарды қарау процесінде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкессіздігінің анықталуы негіз болып табылады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      12. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      13. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      14. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Жарияланған акциялар
шығарылымын мемлекеттік тіркеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
қосымша

Жарияланған акциялар шығарылымының проспектісінің құрылымы

      Жарияланған акциялар шығарылымы проспектісінің титул парағында:

      1) құжаттың атауы: "Жарияланған акциялар шығарылымының проспектісі";

      2) акционерлік қоғамның толық және қысқарған атауы;

      3) "Көрсетілетін қызметті берушінің жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу проспектіде жазылған акцияларды сатып алуға қатысты инвесторларға қандай да бір ұсынымдар беруді білдіреді және осы құжатта қамтылған ақпараттың дұрыстығына жауап бермейді.

      Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғасы осы проспектіде қамтылған ақпараттың дұрыстығына жауап береді және онда ұсынылған барлық ақпараттың дұрыстығын және акционерлік қоғамға және оның орналастыратын акцияларына қатысты инвесторларды шатастырмайтындығын растайды.

      Акционерлік қоғам "Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурстарында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімдерін, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша атқарушы органның мүшелеріне берілген сыйақының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 26 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13438 тіркелген) (бұдан әрі - Қаулы) белгіленген тәртіппен және мерзімде Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімдерін, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша атқарушы органның мүшелеріне берілген сыйақының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыруды қамтамасыз етеді.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 102-бабының 2-тармағында қамтылатын өзгерiстердi эмитент олар туындаған кезден бастап күнтiзбелiк 15 (он бес) күн iшiнде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес айқындалған қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты орналастыру және бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты жариялау арқылы бағалы қағаздарды ұстаушылардың назарына Қаулыда белгіленген тәртіппен жеткiзедi." деген жазба болады.

1-тарау. Қоғам туралы жалпы мәліметтер

      1. Қоғамның атауы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке сәйкес:

      1) қоғамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні;

      2) қоғамның толық және қысқартылған атауы (егер қоғамның жарғысында оның шет тілінде толық және қысқарған атауы көзделсе, онда осындай атау қосымша көрсетіледі);

      3) қоғамның атауы өзгерген жағдайда оның бұрынғы толық және қысқарған атаулары, сондай-ақ олардың өзгерген күнін көрсетіледі;

      4) егер қоғам заңды тұлғаның (заңды тұлғалардың) қайта ұйымдасуы нәтижесінде құрылған болса, онда қайта ұйымдасқан заңды тұлға және (немесе) қоғамға қатысты құқықтық иеленушілік туралы мәлімет көрсетіледі;

      5) қоғамның филиалдары мен өкілдіктері болған жағдайда, заңды тұлғалардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу туралы анықтамаға сәйкес барлық филиалдар мен өкілдіктердің атаулары, тіркелген күні, тұрған жері және пошталық мекенжайлары көрсетіледі.

      2. Қоғамның бизнес-сәйкестендіру нөмірін, байланыс телефондарының нөмірлерін факсі мен электрондық почтасының мекенжайын, сондай-ақ қоғамның Ұлттық бизнес-сәйкестендіру нөмірінің тізіліміне енгізілген мекенжайдан айрықша болған жағдайда, қоғамның нақты мекенжайын көрсете отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе куәлікке сәйкес қоғамның орналасқан орны.

      3. Қоғамға немесе олар шығарған бағалы қағаздарға халықаралық рейтинг агенттіктері және (немесе) Қазақстан Республикасының рейтинг агенттіктері берген рейтингтердің болуы туралы мәліметтер.

2-тарау. Қоғамның ірі акционерлері немесе құрылтайшылары және қоғамның органдары

      4. Жаңадан құрылған қоғамдар үшін қоғамның жарғылық капиталына қатысу үлесінің 10 (он) немесе одан астам пайызына ие болған құрылтайшылар көрсетіледі, оның ішінде:

      жеке тұлғаның құрылтайшыларының аты-жөні, әкесінің аты (ол болған кезде) және (немесе) заңды тұлғалардың құрылтайшыларының толық атауы, тұрған жері;

      қоғамның жарғылық капиталына қатысу үлесінің 10 (он) немесе одан астам пайызына ие болған құрылтайшылар алдын ала төлеген акциялар саны түрі (түрлері);

      құрылтайшылардың қоғамның жарғылық капиталына қатысу үлесінің 10 (он) немесе одан астам пайызына ие болған күн.

      Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерден қайта ұйымдастырылған қоғамдар немесе соттың шешімі бойынша жарияланған акциялар шығарылымының мемлекеттік тіркелуін жарамсыз деп танылған қоғамдар үшін, қоғамның жарғылық капиталына қатысу үлесінің 10 (он) немесе одан астам пайызына ие болған қатысушылар көрсетіледі, оның ішінде:

      жеке тұлғалардың қатысушыларының аты-жөні, әкесінің аты (ол болған кезде) және (немесе) заңды тұлғалардың қатысушыларының толық атауы, орналасқан орны;

      қоғамның жарғылық капиталына қатысу үлесінің 10 (он) немесе одан астам пайызына ие болған қатысушылар алдын ала төлеген акциялар саны түрі (түрлері);

      қатысушылардың қоғамның жарғылық капиталына қатысу үлесінің 10 (он) немесе одан астам пайызына ие болған күн.

      Жұмыс істейтін қоғамдар үшін қоғамның жарғылық капиталына қатысу үлесінің 10 (он) немесе одан астам пайызына ие болған акционерлер көрсетіледі, оның ішінде:

      жеке тұлғалардың акционерлердің аты-жөні, әкесінің аты (ол болған кезде) (егер олар жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе) және (немесе) заңды тұлғалардың акционерлерінің толық атауы, орналасқан орны;

      акционерлер төлеген акциялар саны түрі (түрлері) немесе қоғамның орналастырған акцияларының 10 (он) және одан астам пайызына ие болған акционерлерге тиесілі дауыс беретін акциялардың арақатынасы;

      акционердің қоғамның жарғылық капиталындағы акциялардың 10 (он) немесе одан астам пайызына ие болған күн.

      5. Қоғамның органдары:

      1) қоғамның директорлар кеңесі:

      қоғамның директорлар кеңесі төрағасының және мүшелерінің аты-жөні, әкесінің аты (ол болған кезде), туған жылы (тәуелсіз директорды (директорларды) көрсете отырып);

      қоғамның директорлар кеңесінің хронологиялық тәртіппен берілген соңғы 3 (үш) жылда және қазіргі уақытта атқаратын лауазымы, оның ішінде қоса атқаратын қызметі және олардың қызметтеріне кірісу күні;

      директорлар кеңесі мүшелеріне тиесілі дауыс беретін акцияларының қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санына пайыздық арақатынасы;

      еншілес және тәуелді ұйымдардың директорлар кеңесі мүшелеріне тиесілі акциялардың (жарғылық капиталдағы үлесінің) осы ұйымдардың орналастырылған акцияларының (жарғылық капиталдағы үлесінің) жалпы санына пайыздық арақатынасы;

      2) қоғамның алқалы немесе жеке дара атқарушы органы:

      қоғамның жеке дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның аты-жөні, әкесінің аты (ол болған кезде) не қоғамның алқалы атқару органының әрбір мүшесінің, оның ішінде басқарма төрағасының аты-жөні, әкесінің аты (ол болған кезде);

      қоғамның жеке дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның немесе қоғамның алқалы атқару органы мүшелерінің хронологиялық тәртіппен (өкілеттіктерін және олардың лауазымға енген күнін көрсете отырып) соңғы 3 (үш) жылда және қазіргі уақытта атқаратын лауазымдары, оның ішінде қоса атқаратын қызметі және олардың қызметтеріне кірісу күні;

      қоғамның жеке дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаға немесе қоғамның алқалы атқару органының мүшелеріне тиесілі дауыс беретін акциялардың қоғамның дауыс беретін акциялардың жалпы санына пайыздық арақатынасы;

      3) қоғамның директорлар кеңесінің комитеттері:

      қоғамның директорлар кеңесі комитетінің (комитеттерінің) атауы (атаулары);

      қоғамның директорлар кеңесі комитетінің (комитеттерінің) тиісті құзыреті;

      4) ішкі аудит қызметі (болған кезде):

      қоғамының ішкі аудит қызметі басшысының аты-жөні, әкесінің аты (ол болған кезде);

      қоғамының ішкі аудит қызметі басшысының өкілеттіктерін және олардың қызметтеріне кірісу күнін, оның ішінде қоса атқаратын қызметін көрсете отырып, хронологиялық тәртіппен соңғы 3 (үш) жылда және қазіргі уақытта атқаратын лауазымы;

      ішкі аудит қызметінің басшысына тиесілі дауыс беретін акциялардың қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санына пайыздық арақатынасы.

      6. Осы Қосымшаның 4 және 5-тармақтарында көрсетілмеген, бірақ Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасына сәйкес қоғамның үлестес тұлғалары болып табылатын қоғамның үлестес тұлғалары:

      1) қоғамның үлестес тұлғасының аты-жөні, әкесінің аты (ол болған кезде) (жеке тұлға үшін);

      2) қоғамның үлестес тұлғасының толық атауы, тұрған жері (заңды тұлға үшін);

      3) оларды қоғамның үлестес тұлғаларына жатқызуға арналған негіздеме және қоғаммен үлестестігі туындаған күн.

      7. Акциялардың 10 (он) немесе одан астам пайызы немесе осы заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі бар қоғамның заңды тұлғасы болып табылатын үлестес тұлғасына қатысты мыналар қосымша көрсетіледі:

      1) акциялардың 10 (он) немесе одан астам пайызы немесе осы заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі бар қоғамның заңды тұлғасының толық атауы және орналасқан орны;

      2) қоғамға тиесілі акциялардың немесе жарғылық капиталға қатысу үлесінің осы заңды тұлғаның орналастырған акцияларының немесе жарғылық капиталына қатысу үлесінің жалпы санына пайыздық арақатынасы;

      3) акциялардың 10 (он) немесе одан астам пайызы немесе осы заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі бар қоғамның заңды тұлғасының қызметінің негізгі түрлері;

      4) қоғамның акциялардың 10 (он) немесе одан астам пайызына немесе осы заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесіне ие болған күн.

3-тарау. Қоғам қызметінің түрлері

      8. Қоғам қызметінің түрлері:

      1) қоғамның жалпы кірісіндегі үлесін көрсете отырып, қызметтің маусымдық сипаты бар түрлерімен қоса, қоғам қызметінің түрлерінің қысқаша сипаттамасы;

      2) қоғамның бәсекелестері болып табылатын ұйымдар туралы мәліметтер;

      3) қоғамның қызметінің негізгі түрлері бойынша сатудың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кірістілігіне оң және теріс ықпал ететін факторлар;

      4) қоғамның қолындағы лицензиялар (патенттер) және олардың қолдану кезеңі, зерттеулер мен әзірлеуге, оның ішінде қоғам демейтін зерттеу әзірлеулеріне шығатын шығындар туралы ақпарат;

      5) қоғамға жеткізілетін (көрсетілетін) шикізаттағы (жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі) импорттың үлесі және сатылатын өнімнің (көрсетілетін жұмыстар, қызметтер) жалпы көлеміндегі экспорттағы қоғам сататын өнімнің (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) үлесі;

      6) оның қатысуымен сот процестері мәнін көрсете отырып, сот процестеріндегі қоғамның қатысуы туралы мәліметтер, оның нәтижелері бойынша қоғам қызметінің тоқтатылуы немесе өзгеруі, одан ақшалай және өзге міндеттемелер өндіріліп алынуы мүмкін;

      7) қоғамның қызметіне әсер ететін тәуекелдің басқа факторлары.

      9. Олар шығаратын немесе тұтынатын тауарлардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) жалпы құнының 5 (бес) және одан астам пайызын құрайтын көлемде қоғамның тауарларын (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тұтынушылары мен жеткізушілері туралы мәліметтер.

4-тарау. Қоғамның қаржылық жай-күйі

      10. Әр активтің тиісті баланстық құнын көрсете отырып, қоғам активтерінің жалпы құнынан 10 (он) және одан астам пайызды құрайтын қоғамның активтері.

      11. Қоғам активтерінің баланстық құнынан 5 (бес) және одан астам пайызды құрайтын дебиторлық берешек:

      1) қоғамның дебиторларының атауы, олардың қоғам алдындағы берешегі қоғам активтерінің баланстық құнынан 5 (бес) және одан астам пайызды құрайды;

      2) өтеуге тиісті сомалар (таяудағы 12 (он екі) ай ішінде тоқсанға бөлінеді, қалған сомалар өтеу күнін көрсете отырып, жылдарға бөлініп көрсетіледі) және оны өтеу мерзімдері.

      12. Қоғам активтерінің жалпы құнынан 10 (он) және одан астам пайызды құрайтын қоғамның активтері, олар қоғам міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылады:

      1) қоғам міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатың активтердің тиісті құнын көрсете отырып, қоғам міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын қоғам активтерінің атауы;

      2) бағалаушының атауы, әрбір активті бағалау күні;

      3) тиісті шарттардың қолданылуының аяқталған күні.

      13. Қоғамның сенімгерлік басқаруға берілген активтерінің жалпы көлемінен 10 (он) және одан астам пайызды құрайтын қоғамның активтері:

      1) сенімгерлік басқаруға берілген активтердің тиісті құнын көрсете отырып, қоғамның сенімгерлік басқаруға берілген активтерінің атауы;

      2) бағалаушының атауы, әрбір активті бағалау күні;

      3) тиісті шарттардың қолданылуының аяқталған күні.

      14. Қоғам міндеттемелерінің баланстық құнынан 5 (бес) және одан астам пайызды құрайтын қоғамның кредиторлық берешегі:

      1) қоғамның кредиторларының атауы;

      2) өтеуге тиісті сомалар (таяудағы 12 (он екі) ай ішінде тоқсанға бөлінеді, қалған сомалар өтеу күнін көрсете отырып, жылдарға бөлініп көрсетіледі) және оны өтеу мерзімдері.

5-тарау. Жарияланған акциялар шығарылымы туралы мәліметтер

      15. Жарияланған акциялар шығарылымы туралы мәліметтер:

      1) жарияланған акциялардың саны, түрлері;

      2) құрылтайшылар төлейтін акциялардың саны, түрлері;

      3) құрылтайшылар төлейтін бір акцияның номиналдық құны;

      4) артықшылықты акциялар бойынша дивидендтің кепілдік берілген мөлшері;

      5) қоғам бағалы қағаздардың ұйымдаспаған нарығында акцияларды сатып алу кезінде олардың құнын айқындау әдістемесін акционерлердің жалпы жиналысы немесе құрылтай жиналысы бекіткен күн.

      Тұрақтандыру банкі тұрақтандыру банкінің жарияланған акцияларының саны, түрлері, номиналдық құны туралы мәліметтерді ғана толтырады.

      Акционерлік инвестициялық қор мыналарды қосымша көрсетеді:

      акционерлік инвестициялық қордың акцияларын сатып алуға өтімдерді беру мен орындау талаптары және тәртібі;

      акционерлік инвестициялық қордың орналасқан жерін және байланыс телефондарының нөмірлерін көрсете отырып, олардың акцияларын орналастыру және (немесе) сатып алу бойынша делдалдар тізбесі.

      16. Егер қоғамның жарғысында қоғамның орналастырылған акцияларын бір түрінен осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау көзделген жағдайда, онда осы тармақта қоғамның орналастырылған акцияларын бір түрінен осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау талаптары, мерзімі мен тәртібі ашылады.

      Қоғамның орналастырылған акцияларын бір түрінен осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау қоғамның тиісті түрдегі орналастырылмаған акциялары не сатып алынған акциялары болған кезде ғана жүзеге асырылады.

      17. Төлем агенті туралы мәліметтер:

      1) төлем агентінің толық және қысқартылған атауы;

      2) орналасқан жері, байланыс телефондары, қоғамның төлем агентімен жасаған шартының күні және нөмірі.

      18. Егер "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қор биржасының ресми тізіміндегі эмиссиялық бағалы қағаздарына кіру және болу мәселелері жөнінде консультациялық қызмет көрсету шартын жасау міндеті белгіленген жағдайда, онда осы тармақта мыналардың мәні ашылады:

      1) қоғам акцияларының қор биржасының ресми тізімінде ену және онда болу мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсететін адамның толық және қысқартылған атауы;

      2) қоғам акцияларының қор биржасының ресми тізіміне ену және онда болу мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсететін адамның тұрған жері, байланыс телефондары;

      3) қоғамның акцияларының қор биржасының ресми тізіміне ену және онда болу мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсететін адаммен жасалған шартының күні және нөмірі.

6-тарау. Инвесторларға арналған ақпарат.

      19. Жарияланған акциялар шығарылымының проспектісінде инвесторлар үшін мынадай ақпарат көрсетіледі:

      1) инвесторлардың қоғам жарғысының және жарияланған акциялар шығару проспектісінің көшірмесімен, осы құжаттарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ қоғам жарғысына сәйкес қоғам қызметі туралы ақпаратты жариялау үшін пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралдарының атауы туралы мәліметтермен танысуға болатын орны;

      2) қоғамның соңғы аяқталған 3 (үш) қаржы жылының қаржылық есептілігіне аудитті жүзеге асыратын (жүзеге асырған) аудиторлық ұйымдардың (аудитордың аты-жөні, әкесінің аты (ол болған кезде)), олардың тиісті аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдарға тиістілігін көрсете отырып, толық ресми атауы;

      3) қоғам бағалы қағаздардың ұйымдаспаған нарығында акцияларды сатып алу кезінде олардың құнын айқындау әдістемесін акционерлердің жалпы жиналысы немесе құрылтай жиналысы бекіткен күн.

      20. Тұрақтандыру банкі жарияланған акциялар шығарылымы проспектісін жасау кезінде осы қосымшаның 5, 6, 7, 9, 16, 17, 18 және 19-тармақтарын толтырмайды.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
13-қосымша

"Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 13-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу үшін порталға өтініш берген кезде:

      көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік емес облигацияларды (бұдан әрі - облигация) шығаруды күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қарауға тиіс;

      көрсетілетін қызметті беруші облигациялық бағдарламаны күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде қарауға тиіс;

      көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы облигациялық бағдарлама шеңберінде бірмезгілде ұсынған облигациялық бағдарламаны және облигациялардың бірінші шығарылымын күнтiзбелiк 14 (он төрт) күн iшiнде жүзеге асырады;

      көрсетілетін қызметті беруші қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган тіркеген облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымын күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде қарауға тиіс;

      көрсетілетін қызметті беруші 12 (он екі) айдан кем емес айналыс мерзімімен облигацияларды шығаруды 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау және беру бойынша қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:

      мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) және облигациялар шығарылымы проспектісінің 1 (бір) данасы;

      мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) және көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына ілеспе хатпен жіберілетін, көрсетілетін қызметті берушінің оны мемлекеттік тіркегені туралы белгісі бар (мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеген кезде) облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарлама) немесе облигациялық бағдарлама шеңберіндегі облигациялар шығарылымының бір данасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 20 және 21-тармақтарында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының не тиісті сенімхат негізінде қол қою құқығы берілген адамның қолымен расталады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:

      1) ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар еркін нысандағы өтініш;

      2) көрсетілетін қызметті алушы органының:

      облигациялардың шығарылымына қатысты – облигациялар шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу, облигацияларды орналастыру нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушы алған қаражатты пайдалану тәртібі, облигациялар шығарылымының көлемі, облигациялардың саны мен түрі, облигациялардың номиналды құны, облигацияларды ұстаушылардың құқықтары туралы мәліметтерді;

      облигациялық бағдарламаға қатысты - облигациялық бағдарламасы шығарылымының көлемі туралы мәліметтер қамтитын шешімінің көшірмесі;

      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес облигациялар шығарылымының проспектісінің (облигациялық бағдарламаның проспектісі) құрылымына сәйкес жасалған және ресімделген облигациялық бағдарламаның проспектісі.

      Қағаз жеткізгіште жасалған облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің) ажырамас бөлігі мыналар болып табылады:

      көрсетілетін қызметті алушының жылдық қаржылық есептілігінің көшірмелері (еншілес ұйым (ұйымдар) бар болған жағдайда) - көрсетілетін қызметті алушының аудиторлық есептермен расталған соңғы 2 (екі) қаржы жыл үшін жылдық қаржылық есептілігінің көшірмелері, сондай-ақ аудиторлық есептердің және көрсетілетін қызметті алушының есептік саясатының көшірмелері;

      көрсетілетін қызметті алушының жылдық қаржылық есептілігінің көшірмелері (еншілес ұйым (ұйымдар) бар болған жағдайда) – облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша не облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсыну алдындағы соңғы тоқсаннан кейінгі айдың 25-іне дейін облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсынған жағдайда, соңғы тоқсанның алдындағы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша көрсетілетін қызметті алушының шоғырландырылған қаржылық есептілігінің көшірмесі;

      облигацияларды ұстаушылар өкілдерімен жасалған шарттардың көшірмелері (бұл талап облигациялық бағдарлама проспектісіне қатысты қолданылмайды);

      консультациялық қызметтер көрсететін ұйымдармен эмиссиялық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болу мәселелері бойынша жасалған шарттардың көшірмелері, - ұйымдастырылмаған нарықта облигацияларды орналастыруды жоспарлап отырған және қаржы ұйымдары болып табылмайтын көрсетілетін қызметті алушылар үшін (бұл талап облигациялық бағдарлама проспектісіне қатысты қолданылмайды);

      жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған көрсетілетін қызметті алушылар үшін көрсетілетін қызметті алушының кірісін оның қатысушылары арасында бөлу тәртібі.

      оригинатордың соңғы жыл үшін аудиторлық есебінің және оригинатор мен арнайы қаржы компаниясы арасында жасалған секъюритилендірудің осы мәмілесі бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру шартының көшірмелері, - арнайы қаржы компаниясы болып табылатың көрсетілетін қызметті алушы үшін.

      Бағалы қағаздары Лондон қор биржасына (London Stock Exchange) және (немесе) Дүниежүзілік қор биржасының (The World Federation of Exchanges) толық мүшесі (мүшелері) болып табылатын қор биржасына (биржаларына) айналысқа жіберілген Қазақстан Республикасының бейрезидент көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың бірінші бөлігіндегі 3) тармақшаның үшінші және төртінші абзацтарында көрсетілген құжаттарды қоспай, облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымының проспектісін ұсынады.

      Облигациялар шығарылымының проспектіндегі (облигациялық бағдарлама проспектісінде, облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымының проспектісінде) мәліметтер, көрсетілетін қызметті алушының облигациялар шығарылымының проспектінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің) ажырамас бөлігі болып табылатын қаржылық есептілікке сәйкес көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жай-күйі туралы ақпаратты қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды ұсыну алдындағы айдың соңғы жұмыс күні бойынша келтіріледі. Бағалы қағаздары Лондон қор биржасына (London Stock Exchange) және (немесе) Дүниежүзілік қор биржасының (The World Federation of Exchanges) толық мүшесі (мүшелері) болып табылатын қор биржасына (биржаларына) айналысқа жіберілген Қазақстан Республикасының бейрезидент көрсетілетін қызметті алушысының облигациялар шығарылымының проспектінде (облигациялық бағдарлама проспектісінде) осы Қазақстан Республикасының бейрезидент көрсетілетін қызметті алушысының қаржылық жай-күйі туралы ақпаратты облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарлама) мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы не облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарлама) мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсыну алдындағы соңғы тоқсаннан кейінгі айдың 25-іне (жиырма бесіне) дейін облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарлама) мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсынған жағдай бойынша көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызмет алушы көрсетілетін қызмет берушіге облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар ұсынған күнге дейін аяқталған қаржы жылынан кемінде 1 (бір) жыл бұрын қайта құру жолымен көрсетілетін қызмет алушының қайта құрылу жағдайында облигациялар шығарылымының проспекті (облигациялық бағдарламаның проспекті) құқықтық мирасқоры көрсетілетін қызмет алушы болып табылатын заңды тұлғаның қаржылық есептілігін қоса берумен қайта құру нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғаны тіркеу күнінің алдындағы аяқталған 2 (екі) қаржылық жыл үшін мәліметтерден тұрады.

      Көрсетілетін қызметті алушыда ағымдағы жылғы 1 қаңтар мен 1 маусым аралығындағы кезеңде аяқталған қаржы жылы үшін аудиторлық есеп болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге аудиторлық есеппен расталған соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы 2 (екі) жыл үшін қаржылық есептілікті және көрсетілген кезең үшін қаржылық есептіліктің аудиторлық есебін ұсынады. Көрсетілетін қызметті алушы аяқталған қаржы жылы үшін аудиторлық есепті және қаржылық есептілікті жылдық қаржылық есептілік бекітілген күннен бастап 1 (бір) айдың ішінде көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады. Аяқталған қаржы жылы үшін қаржылық есептілік "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес беріледі.

      Егер көрсетілетін қызметті алушыда еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда, ағымдағы жылғы 1 қаңтар – 1 сәуір аралығындағы кезеңде облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарлама, облигациялық бағдарлама шеңберінде облигациялар шығаруды) мемлекеттік тiркеуге құжаттарды берудің алдында соңғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікті көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген күнгі жағдай бойынша жекелеген қаржылық есептілікті көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап 1 (бір) қаржы жылы ішінде облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарлама, облигациялық бағдарлама шеңберінде облигациялар шығаруды) мемлекеттік тiркеу үшiн құжаттарды ұсынса, онда көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың бірінші бөлігіндегі 3) тармақшаның үшінші абзацында көрсетілген құжаттарды ұсынбайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынатын жылдық қаржылық есептілік бухгалтерлік баланстан, пайдалар мен кірістер туралы есептен, ақша қозғалысы туралы есептен, меншік капиталындағы өзгерістер туралы есептен және түсіндірме жазбадан тұрады.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынатын аралық қаржылық есептілік бухгалтерлік баланстан, пайдалар мен кірістер туралы есептен тұрады.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент көрсетілетін қызметті алушысы немесе халықаралық қаржы ұйымы облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарлама, облигациялық бағдарлама шеңберінде облигациялар шығаруды) мемлекеттік тiркеу үшiн көрсетілетін қызметті берушіге ұсынатын қаржылық есептілік көрсетілетін қызметті алушының келісімі бойынша ағылшын тілінде жасалады;

      4) жарғының көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған);

      5) инфрақұрылымдық облигациялар және екінші деңгейдегі банк кепілдігімен қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттар. Инфрақұрылымдық облигациялар үшін осындай құжаттар мемлекет пен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған концессия шартының және кепілдеме шартының көшірмелері болып табылады;

      6) егер көрсетілетін қызметті алушының облигациялар шығарылымы проспектісінде қор биржасының сауда жүйесінде осы облигациялардың айналымы көзделген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының және ол шығаратын облигациялардың қор биржасының тізіміне көрсетілетін қызметті алушы облигацияларын енгізуге және олардың тізімде болуына қойылатын талаптарға сәйкес келуі туралы қор биржасының қорытындысын, сондай-ақ қор биржасының листинг комиссиясының көрсетілетін қызметті алушының бағалы қағаздар шығарылымы проспектісіне инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті қосымша шектеулерді енгізу жөніндегі ұсынымдары (бұл талап облигациялық бағдарлама проспектісіне қатысты қолданылмайды);

      7) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облигациялар шығарылымы көрсетілетін қызметті алушы акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының алдын ала шешім қабылдауынсыз жүзеге асырылмайтын болса, облигациялар шығарылымы туралы шешім қабылданған акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысы хаттамасының көшірмесін (хаттамадан үзінді-көшірмені) және бұқаралық ақпарат құралдарының акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлама жарияланған бетінің көшірмесі.

      Осы тармақтың талаптары Қазақстан Республикасының бейрезидент көрсетілетін қызметті алушыларының айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымын, облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымын, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасына сәйкес Халықаралық қаржы ұйымдарының (бұдан әрі – халықаралық қаржы ұйымдары) тізбесінде көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдары облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымын мемлекеттік тіркеуге қатысты қолданылмайды.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы агенттік облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттармен қатар көрсетілетін қызметті берушіге 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес қаржы агенті ретінде экономика салаларында айқындалған мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға оның өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесін береді.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар еркін нысандағы өтініш;

      2) көрсетілетін қызметті алушының органының облигациялар шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу, облигацияларды орналастыру нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушы алған қаражатты пайдалану тәртібі, облигациялар шығарылымының көлемі, облигациялардың саны мен түрі, облигациялардың номиналды құны, облигацияларды ұстаушылардың құқықтары туралы мәліметтерді қамтитын облигациялар шығару туралы шешімінің көшірмесі;

      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес облигациялық бағдарламаның шегінде облигациялар шығарылымы проспектісінің құрылымына сәйкес жасалған және ресімделген облигациялық бағдарламаның проспектісі.

      Қағаз жеткізгіште жасалған облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымы проспектісінің ажырамас бөлігі мыналар болып табылады:

      көрсетілетін қызметті алушының шоғырландырылған қаржылық есептілігінің көшірмелері (еншілес ұйым (ұйымдар) бар болған жағдайда) – облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша не облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсыну алдындағы соңғы тоқсаннан кейінгі айдың 25-іне (жиырма бесіне) дейін облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсынған жағдайда, соңғы тоқсанның алдындағы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша көрсетілетін қызметті алушының шоғырландырылған қаржылық есептілігінің көшірмесі;

      облигацияларды ұстаушылар өкілдерімен жасалған шарттардың көшірмелері;

      консультациялық қызметтер көрсететін ұйымдармен эмиссиялық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болу мәселелері бойынша жасалған шарттардың көшірмелері, - ұйымдастырылмаған нарықта облигацияларды орналастыруды жоспарлап отырған және қаржы ұйымдары болып табылмайтын көрсетілетін қызметті алушылар үшін.

      Бағалы қағаздары Лондон қор биржасына (London Stock Exchange) және (немесе) Дүниежүзілік қор биржасының (The World Federation of Exchanges) толық мүшесі (мүшелері) болып табылатын қор биржасына (биржаларына) айналысқа жіберілген Қазақстан Республикасының бейрезидент көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың бірінші бөлігіндегі 3) тармақшаның үшінші абзацында көрсетілген құжаттарды қоспай, облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымының проспектісін ұсынады;

      4) егер көрсетілетін қызметті алушының облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымының проспектісінде осы облигациялар қор биржасының сауда жүйесінде айналыста болуы көзделген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының және ол шығаратын облигациялардың қор биржасының ресми тізіміне енгізуіне және олардың сонда болуына қойылатын талаптарға сәйкес келетіні туралы қор биржасының қорытындысы, сондай-ақ инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті қосымша шектеулерді көрсетілетін қызметті алушының бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне енгізу жөнінде қор биржасының листинг комиссиясының ұсынымдары;

      5) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы облигациялар шығарылымы көрсетілетін қызметті алушының акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының алдын ала шешімі болса, көрсетілетін қызметті алушының акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының хаттамасының көшірмесі (хаттамадан үзінді-көшірме) және көрсетілетін қызметті алушының акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысын шақыру туралы хабар жарияланған бұқаралақ ақпарат құралының бетінің көшірмесі, онда облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығару туралы шешім қабылданады.

      12. Қазақстан Республикасының бейрезидент-көрсетілетін қызметті алушы облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар еркін нысандағы өтініш;

      2) Қазақстан Республикасының бейрезидент-көрсетілетін қызметті алушы органының:

      облигациялар шығарылымына қатысты – облигацияларды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу, облигацияларды орналастыру нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушы алған қаражатты пайдалану тәртібі, облигациялар шығарылымының көлемі, облигациялардың саны мен түрі, облигациялардың номиналды құны, облигацияларды ұстаушылардың құқықтары туралы мәліметтерді;

      облигациялық бағдарламаға қатысты - облигациялық бағдарлама шығару көлемі туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі аудармаларымен қоса нотариатта куәландырылған облигациялар шығарылымы туралы шешімінің көшірмесін;

      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент-көрсетілетін қызметті алушының облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарламаның проспектісі) құрылымына сәйкес жасалған және ресімделген Қазақстан Республикасының бейрезидент-көрсетілетін қызметті алушының облигациялар шығарылымының проспектісі (облигациялық бағдарламаның проспектісі);

      4) Қазақстан Республикасының бейрезидент-көрсетілетін қызметті алушының тұрған жеріндегі мемлекеттің заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілге және орыс тіліне аударылған нотариатта куәландырылған, Қазақстан Республикасының бейрезидент-көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлға ретінде тіркелгенін растайтын құрылтай құжаттарының көшірмесі;

      5) Қазақстан Республикасының бейрезидент-көрсетілетін қызметті алушының нотариатта куәландырылған, мемлекеттік тілге және орыс тіліне аударылған құрылтай құжаттарының көшірмесін;

      6) қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған жағдайда, Қазақстан Республикасының бейрезидент-көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттар;

      7) егер Қазақстан Республикасының бейрезидент-көрсетілетін қызметті алушының облигациялар шығарылымының проспектісінде осы облигациялар қор биржасының сауда жүйесінде айналыста болуы көзделген жағдайда, Қазақстан Республикасының бейрезидент-көрсетілетін қызметті алушының және ол шығаратын облигациялардың қор биржасының ресми тізіміне енгізуіне және олардың сонда болуына қойылатын талаптарға сәйкес келетіні туралы қор биржасының қорытындысы, сондай-ақ инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті қосымша шектеулерді Қазақстан Республикасының бейрезидент-көрсетілетін қызметті алушының бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне енгізу жөнінде қор биржасының листинг комиссиясының ұсынымдары;

      8) шетел мемлекетінің қаржы нарығын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органының (бұдан әрі – бейрезиденттің уәкілетті органы) Қазақстан Республикасының бейрезидент-көрсетілетін қызметті алушының облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымын мемлекеттік тіркеуге өтініш берген күннен бастап 3 (үш) ай кезеңіне бейрезидент уәкілетті органның пруденциялық нормативтер және басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерін сақтау туралы хаты (егер Қазақстан Республикасының бейрезидент-көрсетілетін қызметті алушы қаржы ұйымы болып табылса).

      13. Қазақстан Республикасының бейрезидент көрсетілетін қызметті алушысы облигациялық бағдарлама шегінде облигацияларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 11-тармағының 3) тармақшасында, 12-тармағының 1), 2), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады.

      14. Облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарлама, облигациялық бағдарлама шеңберінде облигациялар шығаруды) мемлекеттік тiркеу үшiн халықаралық қаржы ұйымдары мынадай құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады:

      1) еркiн нысанда жазылған өтiнiш;

      2) көрсетілетін қызметті алушы органының:

      облигациялар шығарылымына, облигациялық бағдарлама шеңберінде облигациялар шығаруға қатысты – облигацияларды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу, облигацияларды орналастыру нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушы алған қаражатты пайдалану тәртібі, облигациялар шығарылымының көлемі, облигациялардың саны мен түрі, облигациялардың номиналды құны, облигацияларды ұстаушылардың құқықтары туралы мәліметтерді;

      облигациялық бағдарламаға қатысты - облигациялық бағдарлама шығару көлемі туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі аудармаларымен қоса нотариатта куәландырылған облигациялар шығарылымы туралы шешімінің көшірмесін;

      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес жасалған және ресімделген облигациялар шығарылымының проспектісі (облигациялық бағдарламаның проспектісі, облигациялық бағдарлама шеңберінде облигациялар шығару).

      Халықаралық қаржы ұйымының облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарламаның проспектісі, облигациялық бағдарлама шеңберінде облигациялар шығару) ажырамас бөлігі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасына сәйкес Халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесінде көрсетілген, қағаз жеткізгіште жасалған облигациялар ұстаушылардың өкілдерімен жасалған шарттардың көшірмелері болып табылады.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигацияларды мемлекеттік тіркеу үшін мынадай құжаттар ұсынады:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуге және ұлттық сәйкестендіру нөмірін тағайындауға сұрау салу;

      2) қор биржасының көрсетілетін қызметті алушының және олар шығаратын облигациялардың көрсетілетін қызметті алушының облигацияларының қор биржасының ресми тізіміне енгізуге және тұруына талаптарға сәйкестігі туралы қор биржасының қорытындысы.

      16. Екінші деңгейдегі банк соттың облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін қайта құрылымдау жүргізу туралы соттың шешіміне сәйкес қайта құрылымдауды жүргізген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) сот бекіткен қайта құрылымдау жоспарының көшірмесімен қоса соттың екінші деңгейдегі банкті қайта құрылымдау туралы шешімінің көшірмесі;

      2) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 59-3-бабының 6-тармағында көрсетілген талаптардың орындалуын растайтын мерзімдік баспа басылымының бетінің көшірмесі.

      17. Екінші деңгейдегі банк соттың облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін қайта құрылымдау жүргізу туралы соттың шешіміне сәйкес қайта құрылымдауды жүргізген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 11-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) сот бекіткен қайта құрылымдау жоспарының көшірмесімен қоса соттың екінші деңгейдегі банкті қайта құрылымдау туралы шешімінің көшірмесі;

      2) Банктер туралы заңның 59-3-бабының 6-тармағында көрсетілген талаптардың орындалуын растайтын мерзімдік баспа басылымының бетінің көшірмесі.

      18. Облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарламаның проспектісі, облигациялық бағдарлама шеңберінде облигациялар шығаруды) титул парағында:

      1) құжаттың атауы: "Облигациялар шығарылымының проспектісі" немесе "облигациялық бағдарламаның проспектісі" немесе "облигациялық бағдарлама шеңберінде облигациялар шығару проспектісі";

      2) көрсетілетін қызметті алушының толық және қысқарған атауы;

      3) "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу" (облигациялық бағдарлама, облигациялық бағдарлама шеңберінде облигациялар шығарылымы) проспектіде жазылған акцияларды сатып алуға қатысты инвесторларға қандай да бір ұсынымдар беруді білдірмейді және осы құжатта қамтылған ақпараттың дұрыстығын растамайды.

      Көрсетілетін қызметті алушының лауазымды тұлғасы қамтылған барлық ақпараттың ақпараттың дұрыстығын және көрсетілетін қызметті алушыға және оның орналастыратын акцияларына қатысты инвесторларды шатастырмайтындығын растайды.

      Акционерлік қоғам болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы "Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурстарында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімдерін, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша атқарушы органның мүшелеріне берілген сыйақының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 26 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13438 тіркелген) (бұдан әрі - Қаулы) белгіленген тәртіппен және мерзімде Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімдерін, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша атқарушы органның мүшелеріне берілген сыйақының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыруды қамтамасыз етеді.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) 102-бабының 2-тармағында қамтылатын өзгерiстердi эмитент олар туындаған кезден бастап күнтiзбелiк 15 (он бес) күн iшiнде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес айқындалған қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты орналастыру және бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты жариялау арқылы бағалы қағаздарды ұстаушылардың назарына Қаулыда белгіленген тәртіппен жеткiзедi." деген жазба болады.

      19. Көрсетілетін қызметті алушы порталда өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) электрондық сұрау салуға қоса берілетін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (құжаттардың PDF форматындағы электрондық көшірмелері түрінде) 9-тармағының 2), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында, 11-тармағының 2), 4) және 5) тармақшаларында, 15, 16 және 17-тармақтарында көрсетілген құжаттар;

      3) қағаз жеткізгішпен берілетін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 3) тармақшасында, 11-тармағының 3) тармақшасында, 12 және 14- тармақтарында көрсетілген құжаттар.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      20. Мыналар:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсынудың талаптары мен тәртібін бұзса және құжаттарды қарау барысында олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуінің анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушы және облигациялық бағдарламаны немесе облигациялық бағдарлама шеңберінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

      21. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға (Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымын қайта құрылымдауды жүргізген кездегі қаржы ұйымын қоспағанда) облигациялық бағдарлама шеңберінде облигациялар шығарылымын, егер:

      1) осы облигациялық бағдарлама шеңберінде шығарылған облигациялар бойынша қор биржасындағы сауда-саттық тоқтатыла тұрса;

      2) осы облигациялық бағдарлама шеңберінде шығарылған облигациялардың делистингі жүргізілсе;

      3) облигациялық бағдарлама шеңберінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу нәтижесінде айналыста жүрген облигациялар шығарылымдарының жалпы сомасы осындай облигациялық бағдарламаның тіркелген көлемінен асатын болса мемлекеттік тіркеуден бас тартады;

      4) эмитентте облигациялық бағдарлама шегінде облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсыну күнінде сауда-саттықты ұйымдастырушының тізіміндегі өзі шығарған борыштық бағалы қағаздарды иеленбейді және Бағалы қағаздар рыногы туралы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмейді.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      22. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 24-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      23. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      24. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      25. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      26. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымын мемлекеттік тіркеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша

Облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарламаның проспектісі) құрылымы

1-тарау. Қоғам туралы жалпы мәліметтер

      1. Акционерлік қоғамның көрсетілетін қызметті алушысының атауы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе куәлікке сәйкес:

      1) қоғамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні;

      2) көрсетілетін қызметті алушының толық және қысқартылған атауы (егер қоғамның жарғысында оның шет тілінде толық және қысқарған атауы көзделсе, онда осындай атау қосымша көрсетіледі);

      3) қоғамның атауы өзгерген жағдайда оның бұрынғы толық және қысқарған атаулары, сондай-ақ олардың өзгерген күнін көрсетіледі;

      4) егер қоғам заңды тұлғаның (заңды тұлғалардың) қайта ұйымдасуы нәтижесінде құрылған болса, онда қайта ұйымдасқан заңды тұлға және (немесе) қоғамға қатысты құқықтық иеленушілік туралы мәлімет көрсетіледі;

      5) қоғамның филиалдары мен өкілдіктері болған жағдайда, заңды тұлғалардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу туралы анықтамаға сәйкес барлық филиалдар мен өкілдіктердің атаулары, тіркелген күні, тұрған жері және пошталық мекенжайлары көрсетіледі.

      2. Қоғамның бизнес-сәйкестендіру нөмірін, байланыс телефондарының нөмірлерін факсі мен электрондық почтасының мекенжайын, сондай-ақ қоғамның Ұлттық бизнес-сәйкестендіру нөмірінің тізіліміне енгізілген мекенжайдан айрықша болған жағдайда, қоғамның нақты мекенжайын көрсете отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе куәлікке сәйкес қоғамның орналасқан орны.

      3. Егер қоғам қаржы агенті болып табылса, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес қаржы агенті ретінде экономика салаларында айқындалған мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілетті қоғамның құжаты туралы мәліметтер көрсетіледі.

      4. Қоғамға немесе олар шығарған бағалы қағаздарға халықаралық рейтинг агенттіктері және (немесе) Қазақстан Республикасының рейтинг агенттіктері берген рейтингтердің болуы туралы мәліметтер.

2-тарау. Қоғамның ірі акционерлері немесе ірі қатысушылары, органдары, сондай-ақ қоғамның үлестес тұлғалары

      5. Қоғамның жарғылық капиталына қатысу үлесінің 10 (он) немесе одан астам пайызына ие болған қоғамның ірі акционерлері (акционерлік қоғам болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы үшін) немесе ірі қатысушылары (бұдан әрі – ірі қатысушы) көрсетіледі, олардың әрқайсы туралы мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      ірі акционердің немесе ірі қатысушының (жеке тұлға үшін) аты-жөні, әкесінің аты (ол болған кезде);

      ірі акционердің немесе ірі қатысушының (заңды тұлға үшін) толық атауы, тұрған жері;

      ірі акционерге немесе ірі қатысушыға тиесілі қоғамның дауыс беруші акцияларының немесе жарғылық капиталына қатысу үлесінің қоғамның дауыс беруші акцияларының жалпы санына немесе жарғылық капиталына қатысу үлесінің пайыздық арақатынасы;

      қоғамның ірі акционерді немесе ірі қатысушы қоғамның дауыс беруші акцияларының немесе жарғылық капиталына қатысу үлесінің 10 (он) немесе одан астам пайызына ие болған күн;

      6. Қоғамның органдары:

      1) қоғамның директорлар кеңесі немесе қадағалау кеңесі:

      қоғамның директорлар кеңесі немесе қадағалау кеңесі төрағасының және мүшелерінің аты-жөні, әкесінің аты (ол болған кезде), туған жылы (тәуелсіз директорды (директорларды) көрсете отырып);

      қоғамның директорлар кеңесінің немесе қадағалау кеңесінің хронологиялық тәртіппен берілген соңғы 3 (үш) жылда және қазіргі уақытта атқаратын лауазымы, оның ішінде қоса атқаратын қызметі және олардың қызметтеріне кірісу күні;

      қоғамның директорлар кеңесі мүшелерінің әрқайсына тиесілі қоғамның дауыс беретін акцияларының пайыздық арақатынасы немесе қоғамның қадағалау кеңесі мүшелерінің әрқайсына тиесілі қоғамның жарғылық капиталына қатысу үлесінің қоғамның дауыс беруші акцияларының жалпы санына немесе жарғылық капиталына қатысу үлесінің пайыздық арақатынасы;

      еншілес және тәуелді ұйымдардың директорлар кеңесі немесе қадағалау кеңесі мүшелеріне тиесілі акциялардың (жарғылық капиталдағы үлесінің) осы ұйымдардың орналастырылған акцияларының (жарғылық капиталдағы үлесінің) жалпы санына пайыздық арақатынасы;

      2) қоғамның алқалы немесе жеке дара атқарушы органы:

      қоғамның жеке дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның аты-жөні, әкесінің аты (ол болған кезде) не қоғамның алқалы атқару органының әрбір мүшесінің, оның ішінде басқарма төрағасының аты-жөні, әкесінің аты (ол болған кезде);

      қоғамның жеке дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның немесе қоғамның алқалы атқару органы мүшелерінің хронологиялық тәртіппен (өкілеттіктерін және олардың лауазымға енген күнін көрсете отырып) соңғы 3 (үш) жылда және қазіргі уақытта атқаратын лауазымдары, оның ішінде қоса атқаратын қызметі және олардың қызметтеріне кірісу күні;

      қоғамның жеке дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаға немесе қоғамның алқалы атқару органының мүшелеріне тиесілі дауыс беретін акциялардың немесе жарғылық капиталына қатысу үлесінің қоғамның дауыс беретін акциялардың жалпы санына пайыздық арақатынасы.

      7. Егер қоғамның атқарушы органының өкілеттіктері басқа коммерциялық ұйымға (басқарушы ұйымға) берілген жағдайда мыналар көрсетіледі:

      1) басқарушы ұйымның толық және қысқартылған атауы, оның орналасқан жері;

      2) басқарушы ұйымның жеке меншік атқарушы органының функцияларын жүзеге асырушы адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) не алқалық атқарушы органның әрбір мүшесінің және басқарушы ұйымның директорлар кеңесі (қадағалау кеңесі) мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);

      3) осы тармақтың 2) тармақшасында аталған адамдардың хронологиялық тәртіпте соңғы 2 (екі) жыл ішінде атқаратын, соның ішінде қоса атқарған лауазымдары, өкілеттіктері мен олардың лауазымды атқаруын бастау күнін көрсете отырып;

      4) қосымшаның осы тармағының 2) тармақшасында аталған адамдарға тиесілі басқарушы ұйымның дауыс беруші акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) басқарушы ұйымның дауыс беруші акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) жалпы санына пайыздық арақатынасы;

      5) осы тармақтың 2) тармақшасында аталған адамдарға тиесілі жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің қоғамның жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің жалпы санына пайыздық арақатынасы.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары акционерлік қоғамдарға қолданылмайды.

      8. Көрсетілетін қызмет алушы қатысатын өнеркәсіптік, банктік, қаржы топтары, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар туралы ақпарат.

      9. Осы қосымшаның 5, 6, және 7-тармақтарында көрсетілмеген, алайда акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестер туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызмет алушының үлестес адамдары болып табылатын көрсетілетін қызмет алушының үлестес адамдары:

      1) көрсетілетін қызметті алушы үлестес тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);

      2) көрсетілетін қызметті алушы үлестес тұлғасының толық атауы, орналасқан жері (заңды тұлға үшін);

      3) оларды көрсетілетін қызметті алушының үлестес тұлғаларына жатқызу үшін негіздеме және көрсетілетін қызметті алушымен үлестестігі пайда болған күні.

      10. көрсетілетін қызметті алушы акцияларының 10 (он) немесе одан да көп пайызын немесе заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін иеленетін заңды тұлға болып табылатын көрсетілетін қызметті алушының үлестес тұлғасына қатысты мыналар қосымша көрсетіледі:

      1) көрсетілетін қызметті алушы акцияларының 10 (он) немесе одан да көп пайызын немесе заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін иеленетін заңды тұлғаның толық атауы және орналасқан жері;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға тиесілі акциялардың немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерінің осы заңды тұлғаның орналастырылған акцияларының немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерінің жалпы санына пайыздық арақатынасы;

      3) көрсетілетін қызметті алушы акцияларының 10 (он) немесе одан да көп пайызын немесе заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін иеленетін заңды тұлға қызметінің негізгі түрері;

      4) көрсетілетін қызметті алушы осы заңды тұлға акцияларының 10 (он) немесе одан да көп пайызын немесе жарғылық капиталына қатысу үлесін иеленген күн.

      11. Арнайы қаржы компаниясы облигациялар шығарған кезде үлестес ретінде тану үшін негіздемені және ол туындаған күнді көрсете отырып секьюритилендіру мәмілелері тараптарының үлестестігі туралы ақпарат ашылады.

3-тарау. Қоғам қызметінің түрлері

      8. Көрсетілетін қызметті алушының қызметінің түрлері:

      1) көрсетілетін қызметті алушының жалпы кірісіндегі үлесін көрсете отырып, қызметтің маусымдық сипаты бар түрлерімен қоса, көрсетілетін қызметті алушының қызметінің түрлерінің қысқаша сипаттамасы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының бәсекелестері болып табылатын ұйымдар туралы мәліметтер;

      3) көрсетілетін қызметті алушының қызметінің негізгі түрлері бойынша сатудың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кірістілігіне оң және теріс ықпал ететін факторлар;

      4) көрсетілетін қызметті алушының қолындағы лицензиялар (патенттер) және олардың қолдану кезеңі, зерттеулер мен әзірлеуге, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушының демейтін зерттеу әзірлеулеріне шығатын шығындар туралы ақпарат;

      5) көрсетілетін қызметті алушының жеткізілетін (көрсетілетін) шикізаттағы (жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі) импорттың үлесі және сатылатын өнімнің (көрсетілетін жұмыстар, қызметтер) жалпы көлеміндегі экспорттағы көрсетілетін қызметті алушы сататын өнімнің (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) үлесі;

      6) оның қатысуымен сот процестері мәнін көрсете отырып, сот процестеріндегі көрсетілетін қызметті алушының қатысуы туралы мәліметтер, оның нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының қызметінің тоқтатылуы немесе өзгеруі, одан ақшалай және өзге міндеттемелер өндіріліп алынуы мүмкін;

      7) көрсетілетін қызметті алушының қызметіне әсер ететін тәуекелдің басқа факторлары.

      13. Олар шығаратын немесе тұтынатын тауарлардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) жалпы құнының 5 (бес) және одан астам пайызын құрайтын көлемде көрсетілетін қызметті алушының тауарларын (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тұтынушылары мен жеткізушілері туралы мәліметтер.

4-тарау. Көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жай-күйі

      14. Әр активтің тиісті баланстық құнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының активтерінің жалпы құнынан 10 (он) және одан астам пайызды құрайтын көрсетілетін қызметті алушының активтері.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының активтерінің баланстық құнынан 5 (бес) және одан астам пайызды құрайтын дебиторлық берешек:

      1) көрсетілетін қызметті алушының дебиторларының атауы, олардың көрсетілетін қызметті алушының алдындағы берешегі қоғам активтерінің баланстық құнынан 5 (бес) және одан астам пайызды құрайды;

      2) өтеуге тиісті сомалар (таяудағы 12 (он екі) ай ішінде тоқсанға бөлінеді, қалған сомалар өтеу күнін көрсете отырып, жылдарға бөлініп көрсетіледі) және оны өтеу мерзімдері.

      16. Көрсетілетін қызметті алушының активтерінің жалпы құнынан 10 (он) және одан астам пайызды құрайтын көрсетілетін қызметті алушының активтері, олар көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатың активтердің тиісті құнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын көрсетілетін қызметті алушының активтерінің атауы;

      2) бағалаушының атауы, әрбір активті бағалау күні;

      3) тиісті шарттардың қолданылуының аяқталған күні.

      17. көрсетілетін қызметті алушының сенімгерлік басқаруға берілген активтерінің жалпы көлемінен 10 (он) және одан астам пайызды құрайтын көрсетілетін қызметті алушының активтері:

      1) сенімгерлік басқаруға берілген активтердің тиісті құнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының сенімгерлік басқаруға берілген активтерінің атауы;

      2) бағалаушының атауы, әрбір активті бағалау күні;

      3) тиісті шарттардың қолданылуының аяқталған күні.

      18. Көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелерінің баланстық құнынан 5 (бес) және одан астам пайызды құрайтын көрсетілетін қызметті алушының кредиторлық берешегі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының кредиторларының атауы;

      2) өтеуге тиісті сомалар (таяудағы 12 (он екі) ай ішінде тоқсанға бөлінеді, қалған сомалар өтеу күнін көрсете отырып, жылдарға бөлініп көрсетіледі) және оны өтеу мерзімдері.

      19. Көрсетілетін қызметті алушының левередж мөлшері.

      Көрсетілетін қызметті алушының левереджінің мөлшері екі соңғы аяқталған қаржы жылының әрқайсының соңғы күнгі жағдай бойынша, сондай-ақ облигацияларды немесе облигациялық бағдарлама шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша не егер проспектінің ажырамас бөлігі облигацияларды немесе облигациялық бағдарлама шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру алдындағы тоқсанның қорытындылары бойынша көрсетілетін қызметті алушының қаржылық есептілігі болып табылса - облигацияларды немесе облигациялық бағдарлама шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру алдындағы тоқсанның соңғы жағдай бойынша көрсетіледі.

      20. Аудиторлық есеппен расталған оның қаржылық есебіне сәйкес соңғы қаржы жылы үшін аяқт алған жыл үшін көрсетілетін қызметті алушының қызметінен алынған ақша қаражатының таза ағындары.

5-тарау. Облигациялар шығару туралы мәліметтер

      21. Облигациялар шығару туралы мәліметтер:

      1) облигациялардың түрі;

      2) бір облигацияның номиналдық құны (егер бір облигацияның номиналдық құны индекстелген шама болса, онда бір облигацияның номиналдық құнын есептеу тәртібі қосымша көрсетіледі);

      3) облигациялардың саны;

      4) облигациялар шығарылымның жалпы көлемі;

      5) облигациялар бойынша сыйақы:

      облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі (егер облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі индекстелген шама болса, онда облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесін есептеу тәртібі қосымша көрсетіледі);

      облигациялар бойынша сыйақы есептеу басталатын күн;

      сыйақыны төлеу кезеңділігі және (немесе) облигациялар бойынша сыйақы төлеу күні;

      облигациялар бойынша сыйақы төлеу тәртібі мен талаптары, облигациялар бойынша сыйақы алу тәсілі;

      облигациялар бойынша сыйақы есептеу үшін қолданылатын уақыт кезеңі;

      6) номиналды құн валютасы, облигациялар бойынша негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша төлем валютасы;

      7) облигациялар орналастыруды бастау күні және аяқтау күні;

      8) облигациялар айналысының басталу күні және облигациялардың айналыс мерзімі;

      9) облигациялар айналысы жоспарланатын нарық (ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығы);

      10) орналастырылатын облигацияларға ақы төлеу тәсілі;

      11) облигацияларды өтеу тәртібі:

      облигацияларды өтеу күні;

      облигацияларды өтеу талаптары;

      облигацияларды өтеу тәсілі;

      12) осы құқықты сату тәртібін, талаптары мен мерзімдерін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының облигацияларды мерзімінен бұрын сатып алу құқығы (егер осы құқық көрсетілетін қызметті алушы органының облигациялар шығару туралы шешімімен көзделген жағдайда), егер көрсетілетін қызметті алушы органының шешімімен облигацияларды сатып алу құқығы көзделген болса, онда осы құқықты сату тәртібі, талаптары мен мерзімдері көрсетіледі;

      13) облигациялар бойынша қамтамасыз ету (ипотекалық және өзге де қамтамасыз етілген облигацияларды шығару кезінде):

      қамтамасыз ету құнының облигациялар шығарылымының жиынтық көлеміне пайыздық арақатынасы;

      қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған жағдайда - кепіл заты, оның құны және кепіл затын өндіріп алу тәртібі;

      облигацияларды қамтамасыз ету туралы шарттың талаптары;

      атауын, орналасқан жерін, кепілдік мерзімі мен талаптарын көрсете отырып, кепілдік берген екiншi деңгейдегi банктің деректері (егер облигациялар банктің кепілдігімен қамтамасыз етілсе);

      14) инфрақұрылымдық облигациялар шығарылған кезде - концессия шартының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттің кепілдемесін беру туралы қаулысының деректемелері.

      22. Көрсетілетін қызметті алушы бұрын шығарған, айналыста болу мерзімі аяқталған облигациялар бойынша талап ету құқықтарымен ақы төленетін облигацияларды шығару кезінде осы облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі, олардың түрі мен саны, сондай-ақ облигациялар шығару көлемі, облигациялар бойынша жинақталған және төленбеген сыйақы сомасы қосымша көрсетіледі.

      23. Айырбасталатын облигациялар шығарылған кезде мынадай мәліметтер қосымша көрсетіледі:

      1) облигациялар айырбасталатын акциялардың түрi, саны және орналастыру бағасы, осындай акциялар бойынша құқықтар;

      2) облигацияларды айырбастау тәртібі мен талаптары (егер облигациялардың шығарылымы толығымен айырбасталатын болса, айырбастаудың аяқталу күнінен бастап үш ай ішінде облигациялардың шығарылымы жойылуға жататыны көрсетіледі, егер облигациялардың шығарылымы толығымен айырбасталмайтын болса, осы шығарылымның сатып алынған облигациялары одан әрі орналастырылуға жатпайтыны, айналыс мерзімінің соңында өтелетіні көрсетіледі).

      24. Облигациялар ұстаушылардың өкілі туралы мәліметтер:

      1) облигациялар ұстаушылар өкілінің толық және қысқаша атауы;

      2) облигациялар ұстаушылар өкілінің орналасқан жері, байланыс телефондары;

      3) көрсетілетін қызметті алушының облигациялар ұстаушылардың өкілімен жасасқан шартының күні мен нөмірі.

      25. Төлем агенті туралы мәліметтер (бар болса):

      1) төлем агентінің толық және қысқаша атауы;

      2) төлем агентінің орналасқан жері, байланыс телефондары;

      3) көрсетілетін қызметті алушының төлем агентімен жасасқан шартының күні мен нөмірі.

      26. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының эмиссиялық бағалы қағаздардың қор биржасының ресми тізіміне енгізілуі және болуы мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсету жөніндегі міндеті белгіленген болса, онда осы тармақта мыналар ашып көрсетіледі:

      1) облигациялардың қор биржасының ресми тізіміне енгізілуі және болуы мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсететін тұлғаның толық және қысқаша атауы;

      2) көрсетілетін қызметті алушы облигацияларының қор биржасының ресми тізіміне енгізілуі және болуы мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсететін тұлғаның орналасқан жері, байланыс телефондары;

      3) көрсетілетін қызметті алушының оның облигацияларының қор биржасының ресми тізіміне енгізілуі және болуы мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсететін тұлғамен жасасқан шартының күні мен нөмірі.

      27. Облигациямен оны ұстаушыға берілетін құқықтар, оның ішінде:

      1) облигациялар шығару проспектісінде көзделген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыдан облигацияның номиналды құнын алу не өзге мүліктік баламаны алу құқығы, сондай-ақ облигацияның номиналды құнынан ол бойынша тіркелген пайыз не облигациялар шығару проспектісінде белгіленген өзге мүліктік құқықтарды алу құқығы;

      2) осы құқықты іске асыру талаптарын, тәртібі мен мерзімдерін көрсете отырып, оның ішінде облигациялар шығару проспектісінде көзделген шектеулер (ковенанттар) бұзылған кезде көрсетілетін қызметті алушының облигацияларды сатып алуын талап ету құқығы;

      3) егер сыйақыны және (немесе) негізгі борышты төлеу облигациялар шығару проспектісіне сәйкес өзге мүліктік құқықпен жүргізілетін болса, осы құқықтың, оларды сақтау тәсілдерінің, бағалау тәртібінің және көрсетілген құқықты бағалауды жүзеге асыруға құқылы тұлғалардың, сондай-ақ осы құқықтардың біреуге өтуін іске асыру тәртібінің сипаттамалары.

      28. Басталған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының облигациялары бойынша дефолт жариялану ықтималдығы бар оқиғалар туралы мәліметтер:

      1) басталған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының облигациялары бойынша дефолт жариялану ықтималдығы бар оқиғалар тізбесі;

      2) облигациялар бойынша сыйақы төлеу міндеттемелері орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған кезде облигацияларды ұстаушылардың құқықтарын қорғау рәсімдерін, оның ішінде міндеттемелерді қайта құрылымдау тәртібі мен талаптарын қоса алғанда, Облигациялар бойынша дефолт туындаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының қолданатын шаралары;

      3) көрсетілетін қызметті алушының облигацияларды ұстаушыларға орындалмаған міндеттемелердің көлемі, міндеттемелерді орындамау себебі, облигацияларды ұстаушылардың өз талаптарын қанағаттандыру бойынша ықтимал іс-әрекеттері, облигацияларды ұстаушылардың көрсетілетін қызметті алушыға, көрсетілетін қызметті алушы облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелері бойынша ортақ немесе қосымша жауапкершілік атқаратын тұлғаларға талап қою тәртібі туралы мәліметтер қамтылатын дефолт фактілері туралы ақпаратты жіберу тәртібі, мерзімі мен тәсілдері;

      4) көрсетілетін қызметті алушы облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелері бойынша ортақ немесе қосымша жауапкершілік атқаратын тұлғалармен шарттың күні мен нөмірі, сондай-ақ заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі (осындай тұлғалар болса.

      29. Егер опциондар көрсетілетін қызметті алушының облигацияларын сатып алуға мүмкіндік беретін болса - опцион жасау талаптарын көрсете отырып, опциондар туралы ақпарат.

      30. Көрсетілетін қызметті алушының облигацияларды өтеу сәтіне дейінгі әрбір сыйақы төлеу кезеңінің бөлігінде сыйақыларды төлеу және негізгі борыш сомасын өтеу үшін қажетті ақшалай қаражаты көздерінің және ағындарының болжамы.

      31. Көрсетілетін қызметті алушы қабылдайтын және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделмеген шектеулер (ковенанттар) (егер бұл облигациялар шығару кезінде көрсетілетін қызметті алушы органының шешімінде көзделсе).

      Шектеулерді (ковенанттарды) бұзған кездегі көрсетілетін қызметті алушының және облигациялар ұстаушының әрекет ету тәртібі.

      32. Облигацияларды орналастырудан түскен ақшаны пайдалану:

      1) көрсетілетін қызметті алушының облигацияларды орналастырудан алатын ақшаны пайдалану мақсаттары және тәртібі;

      2) осындай өзгерiстердi көрсете отырып, алынған ақшаны бөлуді жоспарлау кезiндегi ықтимал өзгерістер пайда болған кездегі талаптар;

      3) инфрақұрылымдық облигациялар шығарылған кезде облигациялар ұстаушылар өкілінің қызметіне онымен жасалған шарттың талаптарына сәйкес ақы төлеуге байланысты шығыстар көрсетіледі.

      33. Арнайы қаржы компаниясының облигациялары шығарылған кезде жобалық қаржыландыру кезінде мыналар қосымша көрсетіледі:

      1) ақшалай талаптардың сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімінің талаптары және болжанатын мерзімдері;

      2) облигацияларды орналастыру нәтижесінде арнайы қаржы компаниясы алған ақшаның жұмсалу мақсаты;

      3) облигациялар ұстаушыларға негізгі шарт бойынша жасалған мүліктің меншік иегерінің ауысуы туралы, кредиторлар өкілдерінің арнайы қаржы компаниясының органдарына енгізілуі және олардың өкілеттіктері туралы ақпаратты ұсыну тәртібі;

      4) арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру және активтерді инвестициялық басқару мәмілесіне қызмет көрсетуге байланысты, бөлінген активтер есебінен жүзеге асырылатын шығыстарының тізбесі.

      34. Арнайы қаржы компаниясының облигациялары шығарылған кезде секьюритилендіру кезінде мыналар қосымша көрсетіледі:

      1) оригинатордың, кастодиан-банктің, инвестициялық портфельді басқарушының, арнайы қаржы компаниясының және басқаға берілген талап ету құқықтары бойынша төлемдерді жинайтын тұлғаның атауы мен орналасқан жері;

      2) секьюритилендіру мәмілесіндегі оригинатордың қызметінің мәні, құқықтары мен міндеттері;

      3) талап ету құқықтарының сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімінің талаптары, тәртібі мен мерзімдері және олардың орындалуына бақылау жасау тәртібі;

      4) бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялау тәртібі;

      5) секьюритилендіру мәмілесі бойынша қызметке ақы төлеуге байланысты шығыстар және оларға сәйкес арнайы қаржы компаниясы осы шығыстарды бөлінген активтерден шегеруге құқылы талаптар;

      6) оригинатордың және секьюритилендіру мәмілесіне қатысатын тұлғалардың секьюритилендіруді қолдану тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер;

      7) секьюритилендіру мәмілесін қамтамасыз ететін бөлінген активтер өсімінің мөлшері, құрамы мен болжамдық талдауы;

      8) қосымша қамтамасыз ету туралы мәліметтер;

      9) егер көрсетілетін қызметті алушы органының шешімімен облигацияларды сатып алудың осы құқығы көзделген болса, осы құқықты сатып алу тәртібі, талаптары мен мерзімдері;

      10) талап ету құқықтары біртектілігінің критерийлері;

      11) облигациялық бағдарлама шегінде шығарылған әр түрлі шығарылымдар облигацияларын өтеу кезектілігі.

      35. Осы қосымшаның 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33 және 34 тармақтары облигациялық бағдарламаларды мемлекеттік тіркеген кезде толтырылмайды.

6-тарау. Инвесторларға арналған ақпарат

      36. Облигациялар шығару проспектісінде (облигациялық бағдарлама проспектісінде ) инвесторлар үшін мынадай ақпарат көрсетіледі:

      1) облигациялардың осы шығарылымы туралы шешім қабылданған күнге дейін көрсетілетін қызметті алушының борыштық бағалы қағаздарының барлық тіркелген шығарылымдары туралы мәліметтер:

      әрбір шығарылымның борыштық бағалы қағаздарының жалпы саны, түрі және номиналды құны, борыштық бағалы қағаздардың әрбір шығарылымының тіркелу нөмірі және тіркелу күні, әрбір шығарылым бойынша орналастырылған борыштық бағалы қағаздардың саны, сондай-ақ борыштық бағалы қағаздарды орналастыру кезінде тартылған ақшаның жалпы көлемі, борыштық бағалы қағаздардың әрбір шығарылымы бойынша есептелген және төленген сыйақының сомасы, оларды сатып алу күнін көрсете отырып, сатып алынған борыштық бағалы қағаздардың саны;

      орындалмаған міндеттемелердің мөлшері және осылардың орындалу мерзімінің өтіп кету мерзімі туралы ақпаратты қоса алғанда, көрсетілетін қызметті алушының бағалы қағаздар ұстаушылар алдындағы өз міндеттемелерін орындамау фактілері туралы мәліметтер (облигациялар бойынша сыйақыны төлемеу (төлеуді кешіктіру), акциялар бойынша дивидендтер төлемеу (төлеуді кешіктіру), бағалы қағаздар бойынша есептелген, бірақ төленбеген сыйақылар сомасы (түрлері мен шығарылымдары бойынша жеке-жеке);

      егер қандай да бір бағалы қағаздар шығарылымы тоқтатылған немесе шығарылмаған болып танылған не жойылған жағдайда, осындай шешімдер қабылдаған мемлекеттік орган, олардың қабылдану негіздемесі мен күні көрсетіледі;

      сауда-саттықты ұйымдастырушылардың атауларын қоса алғанда, көрсетілетін қызметті алушының бағалы қағаздары айналыста болатын нарықтар;

      бұдан бұрын шығарылған, айналыстағы облигациялардың әрбір түрімен оларды ұстаушыларға берілетін құқықтар, оның ішінде ұстаушылардың осы құқықтарын іске асыру тәртібін көрсете отырып, шектеулер (ковенанттар) бұзылған кезде іске асырылған және ұстаушылармен жасалған бағалы қағаздарды сатып алу-сату шарттарында көзделген құқықтар;

      2) көрсетілетін қызметті алушы жарғысының көшірмелерін, облигациялар шығару проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін), көрсетілген құжаттарға енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге танысу үшін алатын орын;

      3) көрсетілетін қызметті алушының қызметі туралы ақпаратты жариялау үшін пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралдарының атаулары;

      4) тиісті аккредиттелген кәсіптік аудиторлық ұйымдарға тиесілілігін көрсете отырып, соңғы аяқталған 2 (екі) қаржы жылы үшін көрсетілетін қызметті алушының қаржылық есептілігіне аудитті жүзеге асырған (жүзеге асырып отырған) аудиторлық ұйымдардың толық ресми атауы (аудитордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      5) көрсетілетін қызметті алушының облигациялар шығаруға және оларға қызмет көрсетуге шығындарының сомасы, сондай-ақ бұл шығындардың қалай төленетіні туралы мәліметтер.

      37. Тұрақтандыру банкі осы қосымшаның 6, 7, 8, 9, 10, 12, 13, 20, 25, 26 және 36-тармақтарын толтырмайды.

  "Мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымын мемлекеттік тіркеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша

Облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінің құрылымы

      1. Осы облигациялар шығарылымы облигациялық бағдарлама проспектісіне сәйкес жүзеге асырылады (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе куәлікке (Қазақстан Республикасының резиденті-көрсетілетін қызметті алушы үшін) немесе заңды тұлға ретінде тіркелуін растайтын өзге құжатқа (Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушы үшін) сәйкес көрсетілетін қызметті алушының толық атауы).

      2. Облигациялық бағдарлама туралы мәліметтер:

      1) облигациялық бағдарламаның проспектісін мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі;

      2) шығару жүзеге асырылатын облигациялық бағдарламаның көлемі;

      3) облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымының реттік нөмірі;

      4) облигациялық бағдарлама шегіндегі барлық алдыңғы облигациялар шығарылымдары туралы мәліметтер (осы облигациялық бағдарлама шегіндегі әрбір шығарылым бойынша жеке-жеке), оның ішінде:

      облигациялар шығарылымының көрсетілетін қызметті берушіде тіркелу күні;

      облигациялардың саны мен түрі;

      номиналды құны бойынша шығарылымның көлемі;

      шығарылымның орналастырылған облигацияларының саны.

      3. Облигациялар шығару туралы мәліметтер:

      1) облигациялардың түрі;

      2) бір облигацияның номиналдық құны (егер бір облигацияның номиналдық құны индекстелген шама болса, онда бір облигацияның номиналдық құнын есептеу тәртібі қосымша көрсетіледі);

      3) облигациялардың саны;

      4) облигациялар шығарылымның жалпы көлемі;

      5) облигациялар бойынша сыйақы:

      облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі (егер облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі индекстелген шама болса, онда облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесін есептеу тәртібі қосымша көрсетіледі);

      облигациялар бойынша сыйақы есептеу басталатын күн;

      сыйақыны төлеу кезеңділігі және (немесе) облигациялар бойынша сыйақы төлеу күні;

      облигациялар бойынша сыйақы төлеу тәртібі мен талаптары, облигациялар бойынша сыйақы алу тәсілі;

      облигациялар бойынша сыйақы есептеу үшін қолданылатын уақыт кезеңі;

      6) номиналды құн валютасы, облигациялар бойынша негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша төлем валютасы;

      7) облигациялар орналастыруды бастау күні және аяқтау күні;

      8) облигациялар айналысының басталу күні және облигациялардың айналыс мерзімі;

      9) облигациялар айналысы жоспарланатын нарық (ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығы);

      10) орналастырылатын облигацияларға ақы төлеу тәсілі;

      11) облигацияларды өтеу тәртібі:

      облигацияларды өтеу күні;

      облигацияларды өтеу талаптары;

      облигацияларды өтеу тәсілі;

      12) осы құқықты сату тәртібін, талаптары мен мерзімдерін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының облигацияларды мерзімінен бұрын сатып алу құқығы (егер осы құқық көрсетілетін қызметті алушы органының облигациялар шығару туралы шешімімен көзделген жағдайда), егер көрсетілетін қызметті алушы органының шешімімен облигацияларды сатып алу құқығы көзделген болса, онда осы құқықты сату тәртібі, талаптары мен мерзімдері көрсетіледі;

      13) облигациялар бойынша қамтамасыз ету (ипотекалық және өзге де қамтамасыз етілген облигацияларды шығару кезінде):

      қамтамасыз ету құнының облигациялар шығарылымының жиынтық көлеміне пайыздық арақатынасы;

      қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған жағдайда - кепіл заты, оның құны және кепіл затын өндіріп алу тәртібі;

      облигацияларды қамтамасыз ету туралы шарттың талаптары;

      атауын, орналасқан жерін, кепілдік мерзімі мен талаптарын көрсете отырып, кепілдік берген екiншi деңгейдегi банктің деректері (егер облигациялар банктің кепілдігімен қамтамасыз етілсе);

      14) инфрақұрылымдық облигациялар шығарылған кезде - концессия шартының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттің кепілдемесін беру туралы қаулысының деректемелері.

      4. Көрсетілетін қызметті алушы бұрын шығарған, айналыста болу мерзімі аяқталған облигациялар бойынша талап ету құқықтарымен ақы төленетін облигацияларды шығару кезінде осы облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі, олардың түрі мен саны, сондай-ақ облигациялар шығару көлемі, облигациялар бойынша жинақталған және төленбеген сыйақы сомасы қосымша көрсетіледі.

      5. Айырбасталатын облигациялар шығарылған кезде мынадай мәліметтер қосымша көрсетіледі:

      1) облигациялар айырбасталатын акциялардың түрi, саны және орналастыру бағасы, осындай акциялар бойынша құқықтар;

      2) облигацияларды айырбастау тәртібі мен талаптары (егер облигациялардың шығарылымы толығымен айырбасталатын болса, айырбастаудың аяқталу күнінен бастап үш ай ішінде облигациялардың шығарылымы жойылуға жататыны көрсетіледі, егер облигациялардың шығарылымы толығымен айырбасталмайтын болса, осы шығарылымның сатып алынған облигациялары одан әрі орналастырылуға жатпайтыны, айналыс мерзімінің соңында өтелетіні көрсетіледі).

      6. Облигациялар ұстаушылардың өкілі туралы мәліметтер:

      1) облигациялар ұстаушылар өкілінің толық және қысқаша атауы;

      2) облигациялар ұстаушылар өкілінің орналасқан жері, байланыс телефондары;

      3) көрсетілетін қызметті алушының облигациялар ұстаушылардың өкілімен жасасқан шартының күні мен нөмірі.

      7. Төлем агенті туралы мәліметтер (бар болса):

      1) төлем агентінің толық және қысқаша атауы;

      2) төлем агентінің орналасқан жері, байланыс телефондары;

      3) көрсетілетін қызметті алушының төлем агентімен жасасқан шартының күні мен нөмірі.

      8. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының эмиссиялық бағалы қағаздардың қор биржасының ресми тізіміне енгізілуі және болуы мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсету жөніндегі міндеті белгіленген болса, онда осы тармақта мыналар ашып көрсетіледі:

      1) облигациялардың қор биржасының ресми тізіміне енгізілуі және болуы мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсететін тұлғаның толық және қысқаша атауы;

      2) көрсетілетін қызметті алушы облигацияларының қор биржасының ресми тізіміне енгізілуі және болуы мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсететін тұлғаның орналасқан жері, байланыс телефондары;

      3) көрсетілетін қызметті алушының оның облигацияларының қор биржасының ресми тізіміне енгізілуі және болуы мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсететін тұлғамен жасасқан шартының күні мен нөмірі.

      9. Облигациямен оны ұстаушыға берілетін құқықтар, оның ішінде:

      1) облигациялар шығару проспектісінде көзделген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыдан облигацияның номиналды құнын алу не өзге мүліктік баламаны алу құқығы, сондай-ақ облигацияның номиналды құнынан ол бойынша тіркелген пайыз не облигациялар шығару проспектісінде белгіленген өзге мүліктік құқықтарды алу құқығы;

      2) осы құқықты іске асыру талаптарын, тәртібі мен мерзімдерін көрсете отырып, оның ішінде облигациялар шығару проспектісінде көзделген шектеулер (ковенанттар) бұзылған кезде көрсетілетін қызметті алушының облигацияларды сатып алуын талап ету құқығы;

      3) егер сыйақыны және (немесе) негізгі борышты төлеу облигациялар шығару проспектісіне сәйкес өзге мүліктік құқықпен жүргізілетін болса, осы құқықтың, оларды сақтау тәсілдерінің, бағалау тәртібінің және көрсетілген құқықты бағалауды жүзеге асыруға құқылы тұлғалардың, сондай-ақ осы құқықтардың біреуге өтуін іске асыру тәртібінің сипаттамалары.

      10. Басталған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының облигациялары бойынша дефолт жариялану ықтималдығы бар оқиғалар туралы мәліметтер:

      1) басталған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының облигациялары бойынша дефолт жариялану ықтималдығы бар оқиғалар тізбесі;

      2) облигациялар бойынша сыйақы төлеу міндеттемелері орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған кезде облигацияларды ұстаушылардың құқықтарын қорғау рәсімдерін, оның ішінде міндеттемелерді қайта құрылымдау тәртібі мен талаптарын қоса алғанда, Облигациялар бойынша дефолт туындаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының қолданатын шаралары;

      3) көрсетілетін қызметті алушының облигацияларды ұстаушыларға орындалмаған міндеттемелердің көлемі, міндеттемелерді орындамау себебі, облигацияларды ұстаушылардың өз талаптарын қанағаттандыру бойынша ықтимал іс-әрекеттері, облигацияларды ұстаушылардың көрсетілетін қызметті алушыға, көрсетілетін қызметті алушы облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелері бойынша ортақ немесе қосымша жауапкершілік атқаратын тұлғаларға талап қою тәртібі туралы мәліметтер қамтылатын дефолт фактілері туралы ақпаратты жіберу тәртібі, мерзімі мен тәсілдері;

      4) көрсетілетін қызметті алушы облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелері бойынша ортақ немесе қосымша жауапкершілік атқаратын тұлғалармен шарттың күні мен нөмірі, сондай-ақ заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі (осындай тұлғалар болса).

      11. Көрсетілетін қызметті алушы қабылдайтын және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделмеген шектеулер (ковенанттар) (егер бұл облигациялар шығару кезінде көрсетілетін қызметті алушы органының шешімінде көзделсе).

      Шектеулерді (ковенанттарды) бұзған кездегі көрсетілетін қызметті алушының және облигациялар ұстаушының әрекет ету тәртібі).

      12. Егер опциондар көрсетілетін қызметті алушының облигацияларын сатып алуға мүмкіндік беретін болса - опцион жасау талаптарын көрсете отырып, опциондар туралы ақпарат.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының облигацияларды өтеу сәтіне дейінгі әрбір сыйақы төлеу кезеңінің бөлігінде сыйақыларды төлеу және негізгі борыш сомасын өтеу үшін қажетті ақшалай қаражаты көздерінің және ағындарының болжамы.

      14. Облигацияларды орналастырудан түскен ақшаны пайдалану:

      1) көрсетілетін қызметті алушының облигацияларды орналастырудан алатын ақшаны пайдалану мақсаттары және тәртібі;

      2) осындай өзгерiстердi көрсете отырып, алынған ақшаны бөлуді жоспарлау кезiндегi ықтимал өзгерістер пайда болған кездегі талаптар;

      3) инфрақұрылымдық облигациялар шығарылған кезде облигациялар ұстаушылар өкілінің қызметіне онымен жасалған шарттың талаптарына сәйкес ақы төлеуге байланысты шығыстар көрсетіледі.

      15. Арнайы қаржы компаниясының облигациялары шығарылған кезде жобалық қаржыландыру кезінде мыналар қосымша көрсетіледі:

      1) ақшалай талаптардың сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімінің талаптары және болжанатын мерзімдері;

      2) облигацияларды орналастыру нәтижесінде арнайы қаржы компаниясы алған ақшаның жұмсалу мақсаты;

      3) облигациялар ұстаушыларға негізгі шарт бойынша жасалған және (немесе) берілген мүліктің меншік иегерінің ауысуы туралы, кредиторлар өкілдерінің арнайы қаржы компаниясының органдарына енгізілуі және олардың өкілеттіктері туралы ақпаратты ұсыну тәртібі;

      4) арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру және активтерді инвестициялық басқару мәмілесіне қызмет көрсетуге байланысты, бөлінген активтер есебінен жүзеге асырылатын шығыстарының тізбесі.

      16. Арнайы қаржы компаниясының облигациялары шығарылған кезде секьюритилендіру кезінде мыналар қосымша көрсетіледі:

      1) оригинатордың, кастодиан-банктің, инвестициялық портфельді басқарушының, арнайы қаржы компаниясының және басқаға берілген талап ету құқықтары бойынша төлемдерді жинайтын тұлғаның атауы мен орналасқан жері;

      2) секьюритилендіру мәмілесіндегі оригинатордың қызметінің мәні, құқықтары мен міндеттері;

      3) талап ету құқықтарының сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімінің талаптары, тәртібі мен мерзімдері және олардың орындалуына бақылау жасау тәртібі;

      4) бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялау тәртібі;

      5) секьюритилендіру мәмілесі бойынша қызметке ақы төлеуге байланысты шығыстар және оларға сәйкес арнайы қаржы компаниясы осы шығыстарды бөлінген активтерден шегеруге құқылы талаптар;

      6) оригинатордың және секьюритилендіру мәмілесіне қатысатын тұлғалардың секьюритилендіруді қолдану тәжірибесінің болуы;

      7) секьюритилендіру мәмілесін қамтамасыз ететін бөлінген активтер өсімінің мөлшері, құрамы мен болжамдық талдауы;

      8) қосымша қамтамасыз ету туралы;

      9) егер көрсетілетін қызметті алушы органының шешімімен облигацияларды сатып алу құқығы көзделген болса, онда осы құқықты сатып алу тәртібі, талаптары мен мерзімдері көрсетіледі;

      10) талап ету құқықтары біртектілігінің өлшемшарттары;

      11) облигациялық бағдарлама шегінде шығарылған әр түрлі шығарылымдар облигацияларын өтеу кезектілігі.

  "Мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымын мемлекеттік тіркеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 3-қосымша

Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының облигациялар шығару проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің) құрылымы

1-тарау. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушы туралы жалпы мәліметтер 

      1. Көрсетілетін қызметті алушының оның орналасқан жеріндегі мемлекеттің заңнамасына сәйкес заңды тұлға ретінде тіркелгенін растайтын құжатқа сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының атауы:

      1) осындай құжатты берген Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының мемлекеті органының атауын көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының оның орналасқан жеріндегі мемлекеттің заңнамасына сәйкес заңды тұлға ретінде құрылғанын және тіркелгенін растайтын құжаттың күні мен нөмірі;

      2) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының толық және қысқаша атауы (егер көрсетілетін қызметті алушының құрылтай құжаттарында оның толық және қысқаша атауы көзделсе, онда осындай атауын қосымша көрсету қажет);

      3) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының атауы өзгерген жағдайда оның барлық бұрынғы толық және қысқаша атаулары, сондай-ақ олардың өзгертілген күндері көрсетіледі;

      4) егер Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаны (заңды тұлғаларды) қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған болса, онда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаларға және (немесе) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушыға қатысты құқық мирасқорлығы туралы мәліметтер көрсетіледі;

      5) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының филиалдары мен өкілдіктері болған жағдайда, олардың атаулары, тіркелген күндері, орналасқан жерлері және Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының барлық филиалдары мен өкілдіктерінің почта мекенжайлары көрсетіледі.

      2. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері, байланыс телефондарының, факстың нөмірлері және Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының электрондық почта мекенжайы.

      3. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушыға немесе ол шығарған бағалы қағаздарға халықаралық рейтингілік агенттіктер және (немесе) Қазақстан Республикасының рейтингілік агенттіктері берген рейтингілерінің болуы туралы мәліметтер.

2-тарау. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының ірі акционерлері немесе ірі қатысушылары, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының органдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының үлестес тұлғалары

      4. Олардың әрқайсысы туралы мынадай мәліметтерді көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталына қатысу үлестерінің 10 (он) немесе одан астам пайызына ие ірі акционерлері немесе қатысушылары (бұдан әрі - ірі қатысушы):

      ір акционердің немесе ірі қатысушының тегі, аты әкесінің аты (бар болса) (жеке тұлға үшін);

      ірі акционердің немесе ірі қатысушының толық атауы, орналасқан жері (заңды тұлға үшін);

      ірі акционерге немесе ірі қатысушыға тиесілі дауыс беруші акциялардың немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталына қатысу үлестерінің дауыс беруші акциялардың немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталына қатысу үлестерінің жалпы санына пайыздық арақатынасы;

      Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының ірі акционері немесе ірі қатысушысы дауыс беруші акциялардың немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталына қатысу үлестерінің 10 (он) және одан астам пайызына ие бола бастаған күні.

      5. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының органдары.

      Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушы мемлекетінің заңнамасына, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының құрылтай және басқа да ішкі құжаттарына сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушы органдарының құрылымы және жеке құрамы, олардың құзыреті көрсетіледі.

      6. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушы қатысатын өнеркәсіптік, банктік, қаржы топтары, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы ақпарат.

      7. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының үлестес тұлғалары туралы мәліметтер.

      Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының дауыс беруші акцияларының 10 (он) және одан астам пайызымен жанама дауыс беру не Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушы қабылдайтын шешімдерге шарт күшіне қарай немесе өзге түрде ықпал ету мүмкіндігі бар барлық тұлғалар немесе тұлғалар тобы туралы мәліметтер көрсетілген тұлғалар туралы мынадай ақпаратты аша отырып көрсетіледі:

      1) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), тұрғылықты жері (жеке тұлға үшін);

      2) толық атауы, орналасқан жері, қызметінің түрі (түрлері), бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (заңды тұлға үшін);

      3) оларды осы тармаққа сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының үлестес тұлғаларына жатқызу үшін негіздеме және көрсетілетін қызметті алушымен үлестестігі пайда болған күні.

3-тарау. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушы қызметінің түрлері

      8. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушы қызметінің түрлері:

      1) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының қызметіндегі жалпы үрдістердің қысқаша сипаттамасы, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушы қызметінің негiзгi түрлерi бойынша;

      2) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының бәсекелестерi болып табылатын ұйымдар туралы мәлiметтер;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушы қызметiнiң негiзгi түрлерi бойынша сатулардың (жұмыстардың, қызметтердің) кірістілігіне оң және теріс ықпал ететін факторлар;

      4) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының лицензиялары (патенттері) және олардың қолданылу кезеңі, зерттеулер мен әзірлемелерге, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушы демеушілік көрсететін зерттеу әзірлемелеріне кеткен шығындар туралы ақпарат;

      5) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушыға жеткізілетін (көрсетілетін) шикізаттардағы (жұмыстардағы, қызметтердегі) импорттың үлесі және Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушы экспортқа сататын (көрсететін) өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) сатылатын өнімнің (көрсетілетін жұмыстардың, қызметтердің) жалпы көлеміндегі үлесі;

      6) оның қатысуымен өткен сот процестерінің мәнін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушы қызметінің тоқтатылу немесе өзгеру, одан ақшалай және өзге міндеттемелерді өндіріп алу тәуекелімен байланысты сот процестеріне Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының қатысуы туралы мәліметтер;

      7) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының қызметіне ықпал ететін басқа тәуекел факторлары.

      9. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушы өндіретін немесе тұтынатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) жалпы құнының 5 (бес) және одан астам пайызын құрайтын көлемде оның тауарларын (жұмыстарын, қызметтерін) тұтынушылар мен жеткізушілер туралы мәліметтер.

      10. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушы инвесторлар үшін маңызды деп есептейтін Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының қызметі туралы басқа да ақпарат.

4-тарау. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жай-күйі

      11. Әрбір активтің тиісті баланстық құнын көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушы активтерінің жалпы көлемінің 10 (он) және одан астам пайызын құрайтын Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының активтері.

      12. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушы активтерінің баланстық құнының 5 (бес) және одан астам пайызы мөлшердегі дебиторлық берешек:

      1) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының алдындағы берешегі көрсетілетін қызметті алушы активтерінің баланстық құнының 5 (бес) және одан астам пайызын құрайтын Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушы дебиторларының атауы;

      2) тиісті өтелетін сомалар (жуырдағы 12 (он екі) ай ішінде тоқсан сайын бөлінеді, қалған сомалар өтеу күнін көрсетумен жылдар бойынша бөлумен көрсетіледі) және оларды өтеу мерзімдері.

      13. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушы міндеттемелерінің қамтамасыз етілуі болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушы активтерінің жалпы көлемінің 10 (он) және одан астам пайызын құрайтын Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының активтері:

      1) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушы міндеттемелерінің қамтамасыз етілуі болып табылатын активтердің тиісті құнын көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушы міндеттемелерінің қамтамасыз етілуі болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушы активтерінің атауы;

      2) бағалаушының атауы, әрбір осындай активті бағалау күні;

      3) тиісті шарттардың қолданысы аяқталған күн.

      14. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушы активтерінің жалпы көлемінің 10 (он) және одан астам пайызын құрайтын, сенімгерлік басқаруға берілген Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының активтері:

      1) активтердің тиісті құнын көрсете отырып, сенімгерлік басқаруға берілген Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушы активтерінің атауы;

      2) бағалаушының атауы, әрбір осындай активті бағалау күні;

      3) тиісті шарттардың қолданысы аяқталған күн.

      15. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушы міндеттемелерінің баланстық құнының 5 (бес) және одан астам пайызын құрайтын Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының кредиторлық берешегі:

      1) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушы кредиторларының атауы;

      2) тиісті өтелетін сомалар (жуырдағы 12 (он екі) ай ішінде тоқсан сайын бөлінеді, қалған сомалар өтеу күнін көрсетумен жылдар бойынша бөлумен көрсетіледі) және оларды өтеу мерзімдері.

5-тарау. Облигациялар шығару туралы мәліметтер

      16. Облигациялар шығару туралы мәліметтер:

      1) облигациялардың түрі;

      2) бір облигацияның номиналдық құны (егер бір облигацияның номиналдық құны индекстелген шама болса, онда бір облигацияның номиналдық құнын есептеу тәртібі қосымша көрсетіледі);

      3) облигациялардың саны;

      4) облигациялар шығарылымның жалпы көлемі;

      5) облигациялар бойынша сыйақы:

      облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі (егер облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі индекстелген шама болса, онда облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесін есептеу тәртібі қосымша көрсетіледі);

      облигациялар бойынша сыйақы есептеу басталатын күн;

      сыйақыны төлеу кезеңділігі және (немесе) облигациялар бойынша сыйақы төлеу күні;

      облигациялар бойынша сыйақы төлеу тәртібі мен талаптары, облигациялар бойынша сыйақы алу тәсілі;

      облигациялар бойынша сыйақы есептеу үшін қолданылатын уақыт кезеңі;

      6) номиналды құн валютасы, облигациялар бойынша негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша төлем валютасы;

      7) облигациялар орналастыруды бастау күні және аяқтау күні;

      8) облигациялар айналысының басталу күні және облигациялардың айналыс мерзімі;

      9) облигациялар айналысы жоспарланатын нарық (ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығы);

      10) орналастырылатын облигацияларға ақы төлеу тәсілі;

      11) облигацияларды өтеу тәртібі:

      облигацияларды өтеу күні;

      облигацияларды өтеу талаптары;

      облигацияларды өтеу тәсілі;

      12) осы құқықты сату тәртібін, талаптары мен мерзімдерін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының облигацияларды мерзімінен бұрын сатып алу құқығы (егер осы құқық көрсетілетін қызметті алушы органының облигациялар шығару туралы шешімімен көзделген жағдайда), егер көрсетілетін қызметті алушы органының шешімімен облигацияларды сатып алу құқығы көзделген болса, онда осы құқықты сату тәртібі, талаптары мен мерзімдері көрсетіледі;

      13) облигациялар бойынша қамтамасыз ету (ипотекалық және өзге де қамтамасыз етілген облигацияларды шығару кезінде):

      қамтамасыз ету құнының облигациялар шығарылымының жиынтық көлеміне пайыздық арақатынасы;

      қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған жағдайда - кепіл заты, оның құны және кепіл затын өндіріп алу тәртібі;

      облигацияларды қамтамасыз ету туралы шарттың талаптары;

      атауын, орналасқан жерін, кепілдік мерзімі мен талаптарын көрсете отырып, кепілдік берген екiншi деңгейдегi банктің деректері (егер облигациялар банктің кепілдігімен қамтамасыз етілсе).

      17. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушы бұрын шығарған, айналыста болу мерзімі аяқталған облигациялар бойынша талап ету құқықтарымен ақы төленетін облигацияларды шығару кезінде осы облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі, олардың түрі мен саны, сондай-ақ облигациялар шығару көлемі, облигациялар бойынша жинақталған және төленбеген сыйақы сомасы қосымша көрсетіледі.

      18. Облигациялар ұстаушылардың өкілі туралы мәліметтер:

      1) облигациялар ұстаушылар өкілінің толық және қысқаша атаулары;

      2) облигациялар ұстаушылар өкілінің орналасқан жері, байланыс телефондары;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының облигациялар ұстаушылардың өкілімен жасасқан шартының күні мен нөмірі.

      19. Төлем агенті туралы мәліметтер:

      1) төлем агентінің толық және қысқаша атауы;

      2) төлем агентінің орналасқан жері, байланыс телефондары;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының төлем агентімен жасасқан шартының күні мен нөмірі.

      20. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының эмиссиялық бағалы қағаздардың қор биржасының ресми тізіміне енгізілуі және болуы мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсету жөніндегі міндеті белгіленген болса, онда осы тармақта мыналар ашып көрсетіледі:

      1) облигациялардың қор биржасының ресми тізіміне енгізілуі және болуы мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсететін тұлғаның толық және қысқаша атаулары;

      2) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушы облигацияларының қор биржасының ресми тізіміне енгізілуі және болуы мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсететін тұлғаның орналасқан жері, байланыс телефондары;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының оның облигацияларының қор биржасының ресми тізіміне енгізілуі және болуы мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсететін тұлғамен жасасқан шартының күні мен нөмірі.

      21. Облигациямен оны ұстаушыға берілетін құқықтар, оның ішінде:

      1) облигациялар шығару проспектісінде көзделген мерзімде Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушыдан облигацияның номиналды құнын алу не өзге мүліктік баламаны алу құқығы, сондай-ақ облигацияның номиналды құнынан ол бойынша тіркелген пайыз не облигациялар шығару проспектісінде белгіленген өзге мүліктік құқықтарды алу құқығы;

      2) осы құқықты іске асыру талаптарын, тәртібі мен мерзімдерін көрсете отырып, оның ішінде облигациялар шығару проспектісінде көзделген шектеулер (ковенанттар) бұзылған кезде Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының облигацияларды сатып алуын талап ету құқығы;

      3) егер сыйақыны және (немесе) негізгі борышты төлеу облигациялар шығару проспектісіне сәйкес өзге мүліктік құқықпен жүргізілетін болса, осы құқықтың, оларды сақтау тәсілдерінің, бағалау тәртібінің және көрсетілген құқықты бағалауды жүзеге асыруға құқылы тұлғалардың, сондай-ақ осы құқықтардың біреуге өтуін іске асыру тәртібінің сипаттамалары.

      22. Басталған жағдайда Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының облигациялары бойынша дефолт жариялану ықтималдығы бар оқиғалар туралы мәліметтер:

      1) басталған жағдайда Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының облигациялары бойынша дефолт жариялану ықтималдығы бар оқиғалар тізбесі;

      2) облигациялар бойынша сыйақы төлеу міндеттемелері орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған кезде облигацияларды ұстаушылардың құқықтарын қорғау рәсімдерін, оның ішінде міндеттемелерді қайта құрылымдау тәртібі мен талаптарын қоса алғанда, облигациялар бойынша дефолт туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының қолданатын шаралары;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының облигацияларды ұстаушыларға орындалмаған міндеттемелердің көлемі, міндеттемелерді орындамау себебі, облигацияларды ұстаушылардың өз талаптарын қанағаттандыру бойынша ықтимал іс-әрекеттері, облигацияларды ұстаушылардың Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушыға, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушы облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелері бойынша ортақ немесе қосымша жауапкершілік атқаратын тұлғаларға талап қою тәртібі туралы мәліметтер қамтылатын дефолт фактілері туралы ақпаратты жіберу тәртібі, мерзімі мен тәсілдері;

      4) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелері бойынша ортақ немесе қосымша жауапкершілік атқаратын тұлғалармен шарттың күні мен нөмірі, сондай-ақ заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі (осындай тұлғалар болса).

      23. Егер опциондар Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының облигацияларын сатып алуға мүмкіндік беретін болса - опцион жасау талаптарын көрсете отырып, опциондар туралы ақпарат.

      24. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының облигацияларды өтеу сәтіне дейінгі әрбір сыйақы төлеу кезеңінің бөлігінде сыйақыларды төлеу және негізгі борыш сомасын өтеу үшін қажетті ақшалай қаражат көздерінің және ағындарының болжамы.

      25. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушы қабылдайтын және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделмеген шектеулер (ковенанттар) (егер бұл облигациялар шығару кезінде көрсетілетін қызметті алушы органының шешімінде көзделсе).

      Шектеулерді (ковенанттарды) бұзған кездегі Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының және облигациялар ұстаушының әрекет ету тәртібі.

      26. Облигацияларды орналастырудан түскен ақшаны пайдалану:

      1) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының облигацияларды орналастырудан алатын ақшаны пайдалану мақсаттары және тәртібі;

      2) осындай өзгерiстердi көрсете отырып, алынған ақшаны бөлуді жоспарлау кезiндегi ықтимал өзгерістер пайда болған кездегі талаптар.

      27. Облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу кезінде осы қосымшаның 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25 және 26-тармақтары толтырылмайды.

6-тарау. Инвесторлар үшін ақпарат

      28. Облигациялар шығару проспектісінде (облигациялық бағдарлама проспектісінде ) инвесторлар үшін мынадай ақпарат көрсетіледі:

      1) облигациялардың осы шығарылымы туралы шешім қабылданған күнге дейін көрсетілетін қызметті алушының борыштық бағалы қағаздарының барлық тіркелген шығарылымдары туралы мәліметтер:

      әрбір шығарылымның борыштық бағалы қағаздарының жалпы саны, түрі және номиналды құны, борыштық бағалы қағаздар шығарылымын тіркеуді жүзеге асырған мемлекеттік орган, борыштық бағалы қағаздардың әрбір шығарылымының тіркелу нөмірі және тіркелу күні, әрбір шығарылым бойынша орналастырылған борыштық бағалы қағаздардың саны, сондай-ақ борыштық бағалы қағаздарды орналастыру кезінде тартылған ақшаның жалпы көлемі, борыштық бағалы қағаздардың әрбір шығарылымы бойынша есептелген және төленген сыйақының сомасы, оларды сатып алу күнін көрсете отырып, сатып алынған борыштық бағалы қағаздардың саны;

      орындалмаған міндеттемелердің мөлшері және осылардың орындалу мерзімінің өтіп кету мерзімі туралы ақпаратты қоса алғанда, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының бағалы қағаздар ұстаушылар алдындағы өз міндеттемелерін орындамау фактілері туралы мәліметтер (облигациялар бойынша сыйақыны төлемеу (төлеуді кешіктіру), акциялар бойынша дивидендтер төлемеу (төлеуді кешіктіру), бағалы қағаздар бойынша есептелген, бірақ төленбеген сыйақылар сомасы (түрлері мен шығарылымдары бойынша жеке-жеке);

      егер қандай да бір бағалы қағаздар шығарылымы тоқтатылған немесе шығарылмаған болып танылған не жойылған жағдайда, осындай шешімдер қабылдаған мемлекеттік орган, олардың қабылдану негіздемесі мен күні көрсетіледі;

      сауда-саттықты ұйымдастырушылардың атауларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының бағалы қағаздары айналыста болатын нарықтар;

      бұдан бұрын шығарылған, айналыстағы облигациялардың әрбір түрімен оларды ұстаушыларға берілетін құқықтар, оның ішінде ұстаушылардың осы құқықтарын іске асыру тәртібін көрсете отырып, шектеулер (ковенанттар) бұзылған кезде іске асырылған және ұстаушылармен жасалған бағалы қағаздарды сатып алу-сату шарттарында көзделген құқықтар;

      2) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушы жарғысының көшірмелерін, облигациялар шығару проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін), көрсетілген құжаттарға енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге танысу үшін алатын орын;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының қызметі туралы ақпаратты жариялау үшін пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралдарының атаулары;

      4) тиісті аккредиттелген кәсіптік аудиторлық ұйымдарға тиесілілігін көрсете отырып, соңғы аяқталған 2 (екі) қаржы жылы үшін көрсетілетін қызметті алушының қаржылық есептілігіне аудитті жүзеге асырған (жүзеге асырып отырған) аудиторлық ұйымдардың толық ресми атауы (аудитордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      5) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-көрсетілетін қызметті алушының облигациялар шығаруға және оларға қызмет көрсетуге шығындарының сомасы, сондай-ақ бұл шығындардың қалай төленетіні туралы мәліметтер.

  "Мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымын мемлекеттік
тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
4-қосымша

      Халықаралық қаржы ұйымдарының тiзбесi:

      1) Халықаралық қайта құру және даму банкi;

      2) Халықаралық қаржы корпорациясы;

      3) Азия даму банкi;

      4) Африка даму банкi;

      5) Еуропа қайта құру және даму банкi;

      6) Америкааралық даму банкi;

      7) Еуропа инвестициялық банкi;

      8) Ислам даму банкi;

      9) Скандинавия инвестициялық банкi;

      10) Еуропалық Кеңестiң даму банкi;

      11) Халықаралық есеп айырысу банкi;

      12) Еуразиялық даму банкi.

  "Мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымын мемлекеттік тіркеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
5-қосымша
  Нысан

Айналыс мерзiмi 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу және ұлттық сәйкестендiру нөмiрiн беру үшiн сұрату

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға және куәлікке сәйкес эмитенттің атауы

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға және куәлікке сәйкес көрсетілетін эмитенттің орналасқан жерi

эмитенттің байланыс телефондарының, факстің нөмірлерін және электрондық пошта мекенжайын көрсетумен нақты орналасқан жерi

Сұрауды мемлекеттік тіркеуге облигация шығаруға ұлттық сәйкестендіру нөмірін беруге сұрату берердің алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы не Облигация шығаруды мемлекеттік тіркеуге ұлттық сәйкестендіру нөмірін беруге сұратуды беру алдындағы соңғы тоқсаннан кейінгі айдың 25 күніне дейін берген жағдайда, сұрату берердің алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша меншiктi капиталдың мөлшерi

Сұрауды мемлекеттік тіркеуге облигация шығаруға ұлттық сәйкестендіру нөмірін беруге сұрату берердің алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы не Облигация шығаруды мемлекеттік тіркеуге ұлттық сәйкестендіру нөмірін беруге сұратуды беру алдындағы соңғы тоқсаннан кейінгі айдың 25 күніне дейін берген жағдайда, сұрату берердің алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша жарғылық капиталдың мөлшерi

Ұлттық сәйкестендiру нөмiрiн және енгізу күнін көрсете отырып, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитенттің мемлекеттік емес бағалы қағаздары туралы мәліметтер

Мемлекеттік тіркеуге және сауал берілген шығаруға ұлттық сәйкестендіру нөмірін беруге бiр облигацияның номиналды құны

Мемлекеттік тіркеуге және сауал берілген шығаруға ұлттық сәйкестендіру нөмірін беруге облигациялар шығару көлемі

Мемлекеттік тіркеуге және сауал берілген шығаруға ұлттық сәйкестендіру нөмірін беруге облигациялар айналысының басталу күні

Мемлекеттік тіркеуге және сауал берілген шығаруға ұлттық сәйкестендіру нөмірін беруге облигациялардың қамтамасыз етiлуi

      Мемлекеттік тіркеуге және сауал берілген шығаруға ұлттық сәйкестендіру нөмірін

      беруге облигациялар туралы мәліметтер:

Облигациялардың түрi

Облигациялардың саны

Облигациялар бойынша сыйақы мөлшерi

төлеу мерзімдері

Купондық

Дисконттық

Индекстелген

      Сауалға қол қойған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ________________________

      Сауалға қол қойған адамның лауазымы________________________________________

      Қолы___________________________

      Мөр (бар болса) орны

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
14-қосымша

"Инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын
мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде.

      2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау және беру бойынша қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – пайлардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) және көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына ілеспе хатпен жіберілетін, инвестициялық пай қоры қағидаларының және басқарушы компания қызметінің талаптары мен тәртібін, басқарушы компанияның құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлерінің инвестициялық пай қорын құру, жұмыс істеуін қамтамасыз ету және жұмысын тоқтату жөніндегі қызметін реттейтін, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін ішкі құжаттарының бір данасы, егер көрсетілген құжаттар осыған дейін көрсетілетін қызметті берушімен келісілмесе, көрсетілетін қызметті берушінің олармен келісуі туралы белгісімен (инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеген кезде) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының не тиісті сенімхаттың негізінде қол қою құқығы берілген адамның қолымен расталады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      1) ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар еркін нысанда жасалған өтініш;

      2) басқарушы компанияның жарғысына сәйкес оның директорлар кеңесі немесе акционерлерінің жалпы жиналысы (барлық дауыс беретін акцияларды иеленуші жалғыз акционері) қабылдаған инвестициялық пай қорын құру туралы шешімнің көшірмесі;

      3) басқарушы компанияның жарғысына сәйкес оның директорлар кеңесi немесе акционерлерiнің жалпы жиналысы (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленушi жалғыз акционерi) бекiткен қор ережесi (екi дана);

      4) кастодианмен және тіркеушімен жасалған шарттардың жобалары;

      5) егер көрсетілген құжаттар бұрын көрсетілетін қызметті берушімен келісілмеген болса, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін басқарушы компания қызметінің талаптары мен қызметін, құрылымдық бөлімшелердің және басқарушы компания қызметкерлерінің инвестициялық пай қорын құру, қамтамасыз ету, оның жұмыс істеу және жұмысын тоқтату бойынша қызметін реттейтін ішкі құжаттары (екі данада).

      Порталда:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) электрондық сұрау салуға қоса берілетін осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) (құжаттардың PDF форматындағы электрондық көшірмелері түрінде), 4) және 5) тармақшаларында (электрондық құжаттар түрінде) көрсетілген құжаттар.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      10. Мыналар:

      1) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      2) инвестициялық пай қорының қағидаларында, оларға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларда және келісуге ұсынылған өзге де құжаттарда қайшы келетін немесе анық емес мәліметтердің болуы;

      3) басқарушы компанияның қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Мыналардың:

      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;

      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
15-қосымша

"Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау және беру бойынша қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептің бекітілгені туралы көрсетілетін қызметті алушының атына жазылған хат және акцияларды орналастыру қорытындылары туралы (көрсетілетін қызметті берушінің оны бекіткендігі туралы белгісімен) қағаз жеткізгіштегі есептің бір данасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) еркін нысанда жасалған, акцияларды орналастыру қорытындысы туралы есепті қарау туралы өтініш;

      2) есепті айдың соңындағы немесе акцияларды орналастыруды аяқтау күніндегі жағдай бойынша қаржылық есептілік;

      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке қойылатын талаптарға сәйкес жасалған және ресімделген, акцияларды орналастыру қорытындысы туралы есеп қағаз жеткізгіште қазақ және орыс тілдерінде 2 (екі) данада және электрондық түрде PDF форматында қазақ және орыс тілдерінде 1 (бір) данада.

      Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiту үшін қағаз жеткізгіште құжаттар беру кезінде:

      қоғамның өтінішіне қоғамның атқарушы органының басшысы (не оның орнындағы адам) немесе қоғамның құрылтайшылары қол қою үшін уәкілетті берген адам қол қояды және қоғамның мөр (бар болса) бедерімен расталады;

      егер әрбір ұсынылған құжат бір парақтан тұратын болса, онда оған қоғамның атқарушы органының басшысы, қоғамның бас бухгалтері (не олардың орнындағы адамдар) қол қояды және қоғамның мөр (бар болса) бедерімен расталады;

      парақтары көп болған кезде әрбір ұсынылған құжат тігіледі және тігістің түйініне және ішінара параққа желімделген қағаз пломбамен бекітіледі. Атқарушы органының бірінші басшының, бас бухгалтердің (не олардың орнындағы адамдардың) қолдары және қоғамның мөр (бар болса) бедері ішінара қағаз пломбаға, ішінара құжаттың парағына қойылады;

      құжаттарда ескертілмеген түзетулер, сызып тастаулар, тазалаулар, түзетілген жерлер, қосымша жазулар (қосымша басулар) жасауға жол берілмейді. Түзету жасалған кезде сызып тасталған сөз анық оқылуға тиіс. Әрбір түзету (толықтыру) түсіндірілуге тиіс, мысалы: "түзетілген... дұрыс", "қосымша жазылған...дұрыс", "сызып тасталған...оқылмасын" деп берілуге тиіс, құжатқа қол қойған адамдармен және қоғам мөрінің (бар болса) бедерімен расталуға тиіс.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      10. Құжаттарды қарау процесінде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеу фактілерінің анықталуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болады.

      Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекітуден бас тартылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы бас тартуды алған күнінен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде көрсетілетін қызметті берушіге пысықталған есептi қайта табыс етуге мiндеттi.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Мыналардың:

      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;

      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымыоны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Акцияларды орналастыру
қорытындылары туралы есепті
бекіту" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына қосымша

Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке қойылатын талаптар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      1. Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептің титул парағында мынадай ақпарат қамтылады:

      1) құжаттың атауы: "Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп";

      2) көрсетілетін қызметті берушінің - акционерлік қоғамның (бұдан әрі - қоғам) толық және қысқартылған атауы;

      3) мынадай жазба: "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітуі инвесторларға акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепте жазылған акцияларды сатып алуға қатысты қандай да бір ұсынымдар ұсынуды білдірмейді және осы құжаттағы ақпараттың дәйектілігін растамайды. Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептегі барлық ақпараттың дәйекті және акционерлік қоғам мен оның орналастырылатын акцияларына қатысты инвесторларды шатастырмайтын болып табылатынын растайды.".

      2. Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепте мынадай ақпарат қамтылады:

      1) қоғамның атауы және оның орналасқан жері;

      2) қоғамның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер: қоғамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәлiктiң күні және нөмірі, сондай-ақ оны мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған органның атауы;

      3) жарияланған акциялар шығару мемлекеттік тіркелген (жарияланған акциялар санының ұлғаюына байланысты жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің ауыстырылған) күні және жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тіркеу нөмірі;

      4) қаржылық есептіліктің деректеріне сай қоғамның жарғылық және меншікті капиталы туралы мәліметтер;

      5) акциялардың шектеусіз инвесторлар тобының арасында орналастырылғаны туралы хабарламаның жарияланған күні көрсетіле отырып, қоғам осы хабарламаны орналастырған бұқаралық ақпарат құралдарының атаулары;

      6) қоғамның өз акционерлеріне олардың қоғам акцияларын артықшылықпен сатып алу құқығына сәйкес орналастырылатын акцияларды сатып алу ұсынысын қоғамның жарғысында көзделген мынадай тәсiлдердiң бiрiмен:

      хабарламаны жіберу күнін және акционердің осы хабарламаны алған күнін көрсете отырып жеке жазбаша хабарлама жіберу арқылы;

      көрсетілген ұсынысты бұқаралық ақпарат құралдарының атауын және жарияланған күнін көрсете отырып бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы жеткiзгенi туралы ақпарат;

      7) жарияланған акциялар туралы мәліметтер:

      жарияланған акциялардың, оның ішінде жай және артықшылықты акциялардың жалпы саны;

      артықшылықты акциялар бойынша дивидендтің кепілдік берілген мөлшері;

      8) аукциондарды немесе жазылуды өткізу талаптары мен тәртібі туралы қоғамның ішкі құжатының қабылданған және бекітілген күні туралы мәліметтер;

      9) қоғамның акцияларын қор биржасының ресми тізіміне (бар болса) енгізу күні;

      10) акцияларды орналастыру туралы мәліметтер:

      есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша түрлері бойынша орналастырылған және орналастырылмаған акциялардың саны;

      қоғамның директорлар кеңесінің ("Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Банктер туралы заң) 17-2-бабына сәйкес жарияланған акциялар санын ұлғайту жағдайын қоспағанда) есепті кезеңде орналастырылатын акциялардың санын және оларды орналастыру бағасын белгілеу туралы шешім қабылдаған күні;

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің Банктер туралы заңның 17-2-бабы негізінде банктің жарияланған акцияларын сатып алу туралы шешімі қабылданған күн;

      түрлері бөлігінде есепті кезеңде орналастырылған акциялардың саны;

      бір жай және артықшылықты акцияны сатып алу бағасын, акцияларды сатып алу туралы шешімнің қабылданған күнін, сондай-ақ қоғамның орналастырылған акцияларды (сатып алудың әрбір түрі бойынша жеке-жеке) сатып алуға кеткен шығыстарын көрсете отырып, қоғамның бастамасы және (немесе) акционерлердің талап етуі бойынша есепті кезеңнің аяқталу күніне сатып алынған акциялардың саны;

      11) қоғам ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында акцияларды сатып алған кезде олардың құнын айқындау әдістемесін акционерлердің жалпы жиналысы немесе құрылтай жиналысы бекіткен күн;

      12) акцияларды орналастырудың есептi кезеңiнде акцияларды орналастыру (сату) тәсiлдерi:

      акциялардың немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа бағалы қағаздардың түрін, санын, орналастыру бағасы мен ақы төлеу сомасын көрсете отырып, артықшылықпен сатып алу құқығы бойынша;

      жазылу арқылы (ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарықтарында):

      акциялардың түрін, санын, акциялардың номиналды құнын, ақы төлеу сомасын көрсете отырып, құрылтайшылар арасында (жаңадан құрылған қоғамдар үшін);

      акциялардың түрін, санын, орналастыру бағасы мен ақы төлеу сомасын көрсете отырып, өзге инвесторлар арасында орналастыру арқылы;

      аукцион арқылы:

      акциялардың түрін, санын, жалпы ақы төлеу сомасын, алғашқы және соңғы сауда-саттықтарды өткізу күнін, есепті кезеңде бір акцияны сауда-саттықта орналастырудың ең аз және ең жоғары бағасын, есепті кезеңдегі бiр жай және артықшылықты акцияның нарықтық құнын (егер ол есептелген болса) көрсете отырып, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында;

      аукционды өткізу күнін, акциялардың түрін, санын және ақы төлеудiң жалпы сомасын көрсете отырып, ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында;

      айырбасталатын бағалы қағаздардың санын, бағалы қағаздарды және қоғамның өзге де ақшалай міндеттемелерін айырбастауды жүргізу күнін көрсете отырып, қоғамның акцияларына бағалы қағаздарды және қоғамның өзге де ақшалай міндеттемелерін айырбастау арқылы не туынды бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыру арқылы (туынды бағалы қағаздардың атауын, туынды бағалы қағаздарды орналастыру арқылы орналастырылған акциялар санын, Қазақстан Республикасының, сондай-ақ заңнамасына сәйкес туынды бағалы қағаздарды орналастыру жүзеге асырылған мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында сатып алуға ұсынылған акциялар санын көрсете отырып);

      13) акциялардың санын және ақы төлеу сомасын көрсете отырып, оларға ақы төлеу тәсiлi (ақы төлеуді растайтын құжаттарды және тіркеуші акцияларды алты айлық орналастыру мерзімі біткеннен кейінгі күнгі орналастырылған акциялар жалпы санының он және одан көп пайызына иелік ететін (қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) акционерлер туралы берген анықтаманың көшірмесін қоса бере отырып):

      ақшамен (құрылтайшылардың (инвесторлардың) акцияларды төлеуiн растайтын төлем құжатының (төлем құжаттарының) деректемелерi, төлем сомасы және төлеушiнiң атауы көрсетiлуi тиiс);

      бағалы қағаздармен (бағалы қағаздар эмитентінің атауын, оның мекенжайын, бағалы қағаздардың ұлттық сәйкестендіру нөмiрi мен санын, бағалаушының атауын, бағалау туралы есептің жасалу күнін, бағалау сомасын, мәміленің тіркелу күнін көрсету қажет);

      зияткерлiк меншік нәтижелерiн алу құқығымен (бағалаушының атауын, бағалау туралы есептің жасалу күнін, бағалау сомасын, зияткерлiк меншiктi қабылдау-өткiзу актiсi туралы мәлiметтердi көрсету қажет);

      мүлiктiк құқықтармен (бағалаушының атауын, бағалау туралы есептің жасалу күнін, бағалау сомасын, мүлiктi қабылдау-өткiзу актiсiнің күнін көрсету қажет);

      бағалы қағаздарды және өзге де ақшалай міндеттемелерді қоғамның орналастырылатын жай акцияларына айырбастау жолымен (бағалаушының атауын, бағалау туралы есептің жасалу күнін, бағалау сомасын көрсету қажет);

      қоғам қайта ұйымдастырылған жағдайда өзге тәсілмен (бағалаушының атауын, бағалау туралы есептің жасалу күнін, бағалау сомасын көрсету қажет).

      Қоғамның орналастырылатын акцияларына осы тармақшаның бесінші абзацында көрсетілген тәсілмен ақы төленген жағдайда, қоғамның ақшалай міндеттемелерін төлеу есебіне мыналар қосымша көрсетіледі:

      қоғамның тиісті органдары қоғамның орналастырылатын акцияларын төлеу есебіне қоғамның ақшалай міндеттемелерін өтеу туралы шешімді қабылдаған күн және қоғамның осы шешімді қабылдаған органы;

      қоғамның ақшалай міндеттемелерін салыстырып тексеру актісінің деректемелерi;

      бағалаушының атауы және бағалау сомасы.

      Қоғамның орналастырылатын акцияларына банктің активтері мен міндеттемелерін қайта құрылымдау рәсімі шеңберінде немесе қоғамды оңалту барысында қоғамның акцияларына бағалы қағаздарды және қоғамның өзге де ақшалай міндеттемелерін айырбастау жолымен ақы төленген жағдайда, егер қоғам дәрменсіз борышкер болса, онда банкті қайта құрылымдау жоспарын немесе оңалту жоспарын бекіту туралы сақтандыру төлемдері шешімінің күні көрсетіледі.

      Қоғамның орналастырылатын акцияларына осы тармақшаның алтыншы абзацында көрсетілген тәсілмен ақы төленген жағдайда, қоғам қосу жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда осындай акциялардың қосылу туралы шартта көрсетілген құны көрсетіледі, сондай-ақ қосылу туралы шарттың, тапсыру актісінің көшірмелері қоса беріледі;

      14) қоғамның акцияларын орналастыру кезінде қоғам опцион шартын жасаған жағдайда, опцион құны, опцион шарты жасалған қоғам акцияларының саны, опционды орындау бағасы;

      15) қоғамның акцияларын шығару андеррайтерлері (эмиссиялық консорциумдар) туралы ақпарат:

      бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының атауы, андеррайтердің қызметін көрсетуге қоғам жасаған шарттың күні және нөмірі, сондай-ақ эмиссиялық консорциумның қатысушылары;

      андеррайтердің акцияларды орналастыру тәсілі;

      андеррайтерлерге немесе орналастырудың басқа қатысушыларына, өкілдерге орналастырудың жалпы көлемінен пайыздық мәнінде және орналастырылатын әрбір акцияға төленген (төленуге жататын) комиссиялық сыйақы, сондай-ақ шығыстар туралы басқа да мәліметтер;

      шығару, орналастыру және листингке енгізу шығасыларының негізгі санаттары. Көрсетілген шығасыларды қоғамның өзі төлемеген жағдайда, оларды төлейтін тұлға көрсетіледі;

      андеррайтерлерді тартпастан және орналастырудың болашақ жоспарынсыз есепті кезеңде орналастырылған акциялардың саны;

      16) дивидендтер төлеу туралы мәліметтер:

      тиісті шешім қабылданған акционерлердің жалпы жиналысы хаттамасының деректемелеріне сілтеме жасай отырып, төлем жүзеге асырылған аяқталған қаржы жылының қорытындылары бойынша жай және артықшылықты акциялар бойынша есептелген және төленген дивидендтердің жалпы сомасын, есептелген және бюджетке төленген салық сомасын көрсете отырып, дивидендтер төленген акционерлердің санын көрсете отырып дивидендтерді соңғы төлеу күні;

      қоғамның хабарламаны жариялау күнін көрсете отырып, дивидендтерге төлем жасау туралы хабарламасын орналастырған бұқаралық ақпарат құралының атауы;

      бір жай және артықшылықты акцияға есептелген және (немесе) төленген дивидендтердің мөлшері, сондай-ақ дивидендтер есептелген және (немесе) төленген қаржы жылының қорытындылары бойынша бір жай және артықшылықты акцияға келген таза кіріс мөлшері;

      дивидендтерді уақтылы төлемеу бойынша берешек, оның құралу себептері және акцияларды орналастыру кезеңінің аяқталу күніндегі берешек сомасы, акционерлер алдындағы берешекті өтеу үшін қоғам қолданғанын шаралар (бар болса).

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
16-қосымша

"Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы
есепті бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау және беру бойынша қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есептің бекітілгені туралы көрсетілетін қызметті алушының атына жазылған хат және облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы (көрсетілетін қызметті берушінің оны бекіткендігі туралы белгісімен) қағаз жеткізгіштегі есептің бір данасы (бұдан әрі – есептің данасы) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту жөніндегі дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру кестесі сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) еркін нысанда жасалған, облигацияларды орналастыру қорытындысы туралы есепті қарау туралы өтініш;

      2) есепті айдың соңындағы немесе облигацияларды орналастыруды аяқтау күніндегі жағдай бойынша қаржылық есептілік;

      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті жасауға және ресімдеуге қойылатын талаптарға сәйкес жасалған және ресімделген облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп қағаз жеткізгіште, облигацияларды орналастыру кезеңі аяқталған күннен кейінгі күні тіркеуші берген облигация ұстаушылардың тізілімінің көшірмесімен бірге тігілген 2 (екі) дана қазақ және орыс тілінде және электрондық түрде PDF форматында қазақ және орыс тілінде 1 (бір) дана етіп жасалады;

      4) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес тіркелген кепіл шартының болуын растайтын және ипотекалық және көрсетілетін қызметті алушы мүлігінің кепілімен қамтамасыз етілген басқа облигациялар шығарылған жағдайда жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы құжаттардың көшірмелері.

      Құжаттарды қағаз жеткізгішпен берген кезде:

      көрсетілетін қызметті алушының өтінішіне көрсетілетін қызметті алушының атқарушы органының басшысы (не оның орнындағы адам) (жеке дара атқарушы орган) қол қояды және көрсетілетін қызметті алушы мөрінің (бар болса) бедерімен расталады;

      егер әрбір ұсынылған құжат бір парақтан тұратын болса, онда оған көрсетілетін қызметті алушының атқарушы органының (жеке-дара атқарушы органның) басшысы, бас бухгалтері (не олардың орнындағы адамдардың) қол қояды және көрсетілетін қызметті алушы мөрінің (бар болса) бедерімен куәландырылады;

      парақтары көп болған кезде әрбір ұсынылған құжат тігіледі және тігіс түйініне және ішінара параққа желімделген қағаз пломбамен бекітіледі. Көрсетілетін қызметті алушының атқарушы органының (жеке-дара атқарушы органның) басшысының, бас бухгалтерінің (не олардың орнындағы адамдардың) қолдары және мөрінің (бар болса) бедері ішінара қағаз пломбаға, ішінара құжаттың парағына қойылады;

      құжаттарда ескертілмеген түзетулер, сызып тастаулар, тазалаулар, түзетілген жерлер, қосымша жазулар (қосымша басулар) жасауға жол берілмейді. Түзету жасалған кезде сызып тасталған сөз анық оқылуға тиіс. Әрбір түзету (толықтыру) түсіндіріледі, мысалы: "түзетілген... дұрыс", "қосымша жазылған...дұрыс", "сызып тасталған...оқылмасын", құжатқа қол қойған адамдармен және эмитент мөрінің (бар болса) бедерімен расталады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      10. Құжаттарды қарау процесінде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеу фактілерінің анықталуы жағдайлары мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Мыналардың:

      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;

      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере
отырып қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Облигацияларды орналастыру
қорытындылары туралы есепті
бекіту" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына қосымша

Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті жасауға және ресімдеуге қойылатын талаптар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      1. Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есептің титул парағы:

      1) құжаттың атауы: "_____________ аралығы кезеңінде Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп";

      2) көрсетілетін қызметті алушының - эмитенттің (бұдан әрі – эмитент) толық және қысқартылған атауы;

      3) жазба: "Қаржы нарығын және қаржы ұйыидарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітуі инвесторларға облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепте сипатталған облигацияларды иеленуге қатысты қандай да бір ұсыныстарды беруді білдірмейді және осы құжаттағы ақпараттың дәйектілігін растамайды. Эмитенттің лауазымды тұлғалары облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепте ұсынылған бүкіл ақпарат дәйекті болып табылатынын және эмитентке және оның орналастырылатын акцияларына қатысты инвесторлардың қателесуіне әкеп соқпайтынын растайды".

      2. Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп мынадай ақпараттан тұрады:

      1) эмитенттің атауы;

      2) эмитенттің орналасқан жері;

      3) эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер: эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің күні және нөмірі, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асыратын органның атауы;

      4) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні (облигация саны азаюымен байланысты мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің ауыстыру) және облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу нөмірі. Егер осы облигациялардың шығарылымы облигациялық бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылған болса, облигациялық бағдарлама мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірін көрсету қажет;

      5) инвесторлардың шектелмеген тобының арасында эмитент олар арқылы облигацияны орналастыру туралы хабарды жариялаған бұқаралық ақпарат құралдарының атауы, осы хабарды жариялау күнін көрсетумен;

      6) облигациялар туралы мәліметтер:

      шығаруға жарияланған облигациялар жалы саны және түрі;

      облигациялардың номиналды құны;

      облигациялар бойынша купонның және (немесе) мөлшері;

      7) облигацияларды орналастыру туралы мәліметтер:

      облигацияларды орналастырудың есепті кезең аяқталу күніндегі орналастырылған, сатып алынған және орналастырылмаған облигациялардың саны;

      есепті кезең үшін орналастырылған облигациялардың саны, оның ішінде:

      есепті кезең үшін бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығындағы орналастырылған облигациялардың саны облигацияларды орналастыру тәсілін (жазылу және (немесе) аукцион арқылы), аукцион өткізу арқылы облигацияларды орналастыру кезінде тартылған ақша сомасын - оларды жүргізу күні және аукционға облигацияны сату ең жоғары бағасын көрсетумен;

      есепті кезең үшін бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығындағы орналастырылған облигациялардың саны тартылған ақша сомасын, алғашқы және соңғы сауда-саттықтар күнін, есепті кезең үшін бір облигацияны орналастырудың ең төменгі және ең жоғарғы бағасы, есепті кезең үшін бір облигацияның нарықтық құнын (егер есептелген жағдайда) көрсетумен;

      есепті кезең үшін шет мемлекеттің аумағында орналастырылған облигациялардың саны облигацияларды шет мемлекеттің аумағында орналастыруға көрсетілетін қызметті берушінің рұқсатын алу күнін көрсетумен;

      8) үлестес тұлғалар орналастырған облигациялардың саны көрсетілген үлестес тұлғаларды турал мәліметтерді көрсетумен;

      9) төлемі эмитент бұрын шығарған, айналыс мерзімі аяқталған облигациялар бойынша талап ету құқықтары жасалған есепті кезең үшін орналастырған облигациялардың саны туралы мәліметтер айналыс мерзімі аяқталған облигациялар шығаруды мемлекеттік тіркеу күні және нөмірін, осы облигация түрін, санын және номиналды құнын көрсетумен;

      10) опционның құны, көрсетілетін қызметті алушы облигациясының саны, опционның шартын жасалған опционның орындау бағасы, эмитенттің облигацияларын орналастыру кезінде көрсетілетін қызметті алушы опцион шартын жасаған кезде;

      11) эмитент облигациялары шығарылымының андеррайтерлері (эмиссиялық консорциумдары) туралы ақпарат:

      бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың атауы, эмитент жасаған андеррайтерлер қызметін көрсетуге шарттың жасалған күні және нөмірі, сондай-ақ эмиссиялық консорциумдар қатысушылар туралы мәліметтер;

      андеррайтердің облигацияларды орналастыру тәсілі;

      андеррайтерлерге немесе орналастыруға басқа қатысушыларға, өкілдерге шығару облигация орналастырудың жалпы көлемінен пайыздық мәнде төленген (төленуі тиіс) дисконт немесе комиссиялық сыйақы және әрбір орналастырылатын облигацияға, сондай-ақ шығындар туралы басқа да мәліметтер;

      облигацияларды листингке шығару, орналастыру және енгізудің негізгі санаты және көрсетілген шығасыларды көрсетілетін қызметті алушының өзі төлемесе - оны төлейтін тұлғаны көрсетумен;

      андеррайтерлерді тартусыз орналастырылған облигациялардың саны және бұдан кейінгі орналастыру жоспары;

      12) облигацияларды арнайы қаржы компаниясы орналастырған кезде қосымша мынадай ақпарат ұсынылады:

      арнайы қаржы компаниясының облигациялар шығаруы проспектісіне сәйкес арнайы қаржы компаниясының облигацияларының қамтамасыз етуі болып табылатын бөлінген активтердің сомасы;

      облигацияларды орналастырудың есепті кезеңі аяқталу күні арнайы қаржы компаниясының облигацияларының қамтамасыз етуі болып табылатын бөлінген активтердің сомасы;

      облигацияларды орналастырудың есепті кезеңі аяқталу күні бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша арнайы қаржы компаниясының алған ақша сомасы;

      13) облигацияларды орналастырудың есепті кезеңі аяқталу күні левередж мөлшері (қаржы ұйымы левередж мөлшерін көрсетпейді);

      14) эмитент бұрын шығарған облигациялар бойынша дефолт жағдайларының, сондай-ақ облигацияларды бұдан кейін орналастыру проблемасының болуы.

      Облигацияларды орналастырудың кезеңі басталған не облигацияларды орналастырудың қорытындылары туралы соңғы есепті ұсынған күннен бастап 6 (алты) ай өткен соң көрсетілетін қызметті алушы бір де бір облигация орналастырмаса осы тармақтың бірінші бөлігінің 7), 8), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларын эмитент толтырмайды.

      3. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13789 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 115 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау, сондай-ақ облигациялар шығарылымының күшін жою қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес Халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесінде көрсетілген халықаралық қаржы ұйымының облигацияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп қағаз жеткізгіште, облигацияларды орналастыру кезеңі аяқталған күннен кейінгі күні тіркеуші берген облигация ұстаушылардың тізілімінің көшірмесімен бірге тігілген 2 (екі) дана қазақ және орыс тілінде, сондай-ақ электронды түрде PDF форматында қазақ және орыс тілінде 1 (бір) дана етіп жасалады және мынадай ақпараттан тұрады:

      1) халықаралық қаржы ұйымының атауы;

      2) халықаралық қаржы ұйымының орналасқан жері;

      3) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні (облигациялар саны азаюымен байланысты мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыру) және облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу нөмірі. Егер облигациялардың осы шығарылымы облигациялық бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылса, облигациялық бағдарламаның мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі;

      4) облигациялар туралы мәліметтер:

      Шығарылуы жарияланған облигациялардың жалпы саны және түрі;

      облигациялардың номиналды құны;

      облигациялар бойынша купонның және (немесе) дисконттың мөлшері;

      5) облигацияларды орналастыру туралы мәліметтер:

      облигацияларды орналастырудың есепті кезеңі аяқталу күні орналастырылған, сатып алынған және орналастырылмаған облигациялардың саны;

      есепті кезең үшін орналастырылған облигациялардың саны.

      Халықаралық қаржы ұйымының облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке халықаралық қаржы ұйымының уәкілетті тұлғасы қол қояды.

  "Облигацияларды орналастыру
қорытындылары туралы есепті бекіту"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы
ЕСЕП

      1. Эмитенттің атауы.

      2. Эмитенттің орналасқан орны.

      3. Облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі.

      4. Облигациялар туралы мәліметтер:

      шығаруға жарияланған облигациялардың жалпы саны мен түрі, номиналдық құны, купонның және (немесе) дисконттың мөлшері.

      5. Облигацияларды орналастыру туралы мәліметтер:

      1) есеп ұсынылатын орналастыру кезеңінің басталу күні мен аяқталу күні;

      2) есепті кезеңде және бұрын орналастырылған облигацияларды ескере отырып, олардың айналысқа түскен күнінен бастап барлық орналастырылған облигациялар саны.

      Есепке эмитенттің уәкілетті адамы қол қояды. Есептің әрбір данасы облигацияларды орналастыру кезеңі аяқталған күніндегі тіркеуші берген облигацияларды ұстаушылар тізілімінің көшірмесімен бірге тігіледі.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
17-қосымша

"Актуарийлерден біліктілік емтиханын қабылдау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Актуарийлерден біліктілік емтиханын қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті беруші біліктілік емтиханын өткізу күні туралы жазбаша түрде күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде хабарлайды;

      2) біліктілік емтиханы 60 (алпыс) минут ішінде тестілеу түрінде жүзеге асырылады;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының атына жолдаған, біліктілік емтиханның нәтижесі көрсетілген хаты.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға қағаз жеткізгіште өтініш берген жағдайда, нәтиже электрондық форматта ресімделеді және қағазға басылады.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша біліктілік емтиханын тапсыруға арналған өтініш;

      2) алдыңғы біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы мәлімет (біліктілік емтиханы бірінші рет тапсырылған жағдайды қоспағанда);

      3) барлық растайтын құжаттармен қоса (қызмет көрсету туралы шарттардың көшірмелері, актуарлық қорытындылардың көшірмелері) сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыру жөніндегі ақпарат;

      4) біліктілік емтиханын тапсыру туралы өтінішті беру сәтіне актуарийлердің тиісті қауымдастығында (қоғамында немесе өзге де бірлестікте) оның мүшелігін (толық мүшелігін) растайтын құжаттар;

      5) резидент емес көрсетілетін қызметті алушы мүшесі (толық мүшесі) болып табылатын актуарийлердің тиісті қауымдастығының (қоғамының немесе өзге бірлестіктің) не резидент емес көрсетілетін қызметті алушы өз қызметін жүзеге асыратын елдің мемлекеттік қадағалау органының актуарийде соңғы екі жыл ішінде заңнаманы бұзудың және санкциялардың (резидент емес көрсетілетін қызметті алушы өз қызметін жүзеге асыратын елдің) болмағандығы туралы хат.

      Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларының талаптары актуарий мәртебесі бар және Халықаралық актуарийлер қауымдастығының толық мүшесі деген мәртебеге ие актуарийлер қауымдастығының (қоғамның немесе өзге де бірлестіктің) мүшелері (толық мүшелері) болып табылатын актуарийлерге ғана қолданылады.

      Порталда:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4) және 5) тармақшаларында (құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі) және 2) тармақшасында көрсетілген, электрондық сұрау салуға қоса тіркелетін құжаттар.

      Жеке басты куәландыратын құжаттардың, лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

      14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Актуарийлерден біліктілік
емтиханын қабылдау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
қосымша

Біліктілік емтиханын тапсыруға
өтініш

      Маған,_________________________________________________________

      (актуарийдің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес біліктілік емтиханын тапсыруға рұқсат беруіңізді сұраймын.

      Мен өтінішке қоса берілген құжаттар мен мәліметтердің дәйектілігіне толық жауап беремін, сондай-ақ уәкілетті органға өтінішті қарауға байланысты сұрау салынған қосымша ақпарат пен құжаттарды уақытылы ұсынуға міндеттенемін.

      "Актуарийлерден біліктілік емтиханын қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.

      Өтінішке мыналарда қоса беріп отырмын:

      Актуарий _____________________________

      (күні, қолы)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
18-қосымша

"Кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін кредиттік бюроның өнеркәсіптік пайдалануына енгізу актісін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін кредиттік бюроның өнеркәсіптік пайдалануына енгізу актісін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін жіберу:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін кредиттік бюроның өндірістік пайдалануына енгізу бойынша қажетті іс-шараларды орындауына тексеру жүргізу туралы өтініш берілген күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау және беру бойынша қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін кредиттік бюроның өндірістік пайдалануына енгізу актісін (бұдан әрі – енгізу актісі) беру туралы хатты жіберу осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 11-тармағында көзделген негіз бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді бас тарту.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда, нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берген кезде:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар ерікті нысанда жасалған өтініш беріледі.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету үшін порталға өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу жіберіледі.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      11. Көрсетілетін қызметті алушының "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-1-бабы 3-тармағының талаптарын, сондай-ақ кредиттік тарихтардың деректер қорын және аталған ақпараттық жүйелерді қорғау құралдарын жасау үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қалыптастыру және пайдалану кезінде қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді қорғау бойынша ұйымдастырушылық, техникалық шарларды және технологиялық талаптарды орындамауы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      12. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес жұмыс) күні ішінде қаралады.

      13. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      14. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
19-қосымша

"Инвестициялық пай қорларының пайларын орналастыру
қорытындылары туралы есепті бекіту"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Инвестициялық пай қорларының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын ұсынған күнінен бастап – күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының атына инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту жөнінде хат және қағаз жеткізгіштегі инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есептің бір данасы (көрсетілетін қызметті алушының оны бекіту туралы белгісімен) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жөніндегі дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинау мен өңдеуге келісімі бар инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есепті қарау жөніндегі еркін нысанда жазылған өтініш;

      2) есептi айдың соңындағы немесе эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру аяқталған күндегi жағдай бойынша қаржылық есептілік;

      3) қағаз жеткізгіште екі данада (мемлекеттік тілде және орыс тілінде) және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша Аcrobat Reader форматындағы электрондық жеткізгіште инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есеп (инвестициялық пай қорының пайларының меншік иелері туралы мәліметтерсіз).

      10. Құжаттарды қарау процесінде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеу фактілері мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болады.

      Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есептi бекітуден бас тартылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы бас тартуды алған күнінен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде көрсетілетін қызметті берушіге пысықталған есептi қайта табыс етуге мiндеттi.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Мыналардың:

      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;

      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін
ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Инвестициялық пай қорларының
пайларын орналастыру қорытындылары
туралы есепті бекіту" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша

Инвестициялық пай қорларының пайларын
орналастыру қорытындылары туралы
есеп

      1. Инвестициялық пай қорының атауы_____________________________

      _____________________________________________________________________

      2. Инвестициялық пай қорының пайлары шығарылымының мемлекеттік

      тіркелген күні мен нөмірі ___________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      3. Басқарушы компанияның атауы және оның орналасқан жері ______

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      4. Инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияның

      нөмірі мен алынған күні _____________________________________________

      _____________________________________________________________________

      5. Кастодианның атауы және оның орналасқан жері _______________

      _____________________________________________________________________

      6. Кастодиандық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның

      нөмірі мен алынған күні _____________________________________________

      _____________________________________________________________________

      7. Тіркеушінің атауы және оның орналасқан жері ________________

      _____________________________________________________________________

      8. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу

      қызметін жүзеге асыруға берілген лицензияның нөмірі мен алынған күні

      _____________________________________________________________________

      9. Пайларды бастапқы орналастыру туралы мәліметтер:

      1) инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру

      кезеңінің басталу және аяқталу

      күні*___________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Егер инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру мерзімін

      ұзарту туралы шешім қабылданған жағдайда, осы тармақта көрсетілетін

      қызметті берушінің инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы

      орналастыру мерзімін ұзарту туралы хаттың күні мен нөмірі

      көрсетіледі__________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      2) инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру

      кезінде инвестициялық пай қоры пайының номиналдық құны ______________

      _____________________________________________________________________

      3) инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыруды

      аяқтау күніндегі жағдай бойынша орналастырылған инвестициялық пай

      қоры пайларының саны ________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      10. Орналастыру кезеңін, инвестициялық пай қорының

      орналастырылған пайларының санын және орналастырудың алдыңғы әр

      есептілік кезеңі үшін жеке олардың төлем сомасын, сондай-ақ

      инвестициялық пай қорының пайларын орналастырмау жөніндегі ақпаратты

      мәлімет үшін қабылдау күнін көрсетіп, алдыңғы есепті (есептерді)

      бекіту күні _________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      11. Есепті кезеңнің аяқталу күніне инвестициялық пай қорының

      пайларын орналастыру туралы мәліметтер:

      1) инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру кезеңінің

      басталу және аяқталу күндері________________________________________;

      2) есепті кезеңде орналастырылған инвестициялық пай қоры

      пайларының саны_____________________________________________________;

      3) инвестициялық пай қорының есептік кезеңде сатып алынған

      пайларының саны_____________________________________________________;

      4) инвестициялық пай қорының есептік кезеңде пайларын сатып

      алуға төленген ақша сомасы__________________________________________;

      5) бұрын орналастырылған пайларды ескере отырып, есепті кезеңде

      орналастырылған инвестициялық пай қоры пайларының жиынтық саны (сатып

      алынған пайларды шегеріп)___________________________________________;

      6) кастодианның есепті кезеңде орналастырылған пайларды төлеуге

      ақшаның түскендігі туралы анықтамасымен расталған есепті кезеңде

      инвестициялық пай қорының пайларын төлеуге түскен

      ақшасомасы___________________________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      12. Есепті кезеңде басқарушы компаниядан пайларды сатып алған,

      әрбір меншік иесі бөлігінде инвестициялық пай қоры пайларының меншік

      иелері туралы мәліметтер:

Заңды тұлға- меншік иеле- рінің толық атауы немесе жеке тұлға- меншік иеле- рінің тегі, аты-жөні, әкесінің аты (ол болған кезде)

Жеке тұлға - пайдың меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың атауы және деректемелері, заңды тұлға - меншік иесін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні

Меншік иесінің пайларды сатып алу күні және сатып алу күніне пай құны

Есепті кезеңде пайларды орналастыру кезінде меншік иесі сатып алған инвестициялық пай қоры пайларының жалпы саны

Пай төлеміне келіп түскен ақша сомасы

      13. Есепке инвестициялық пай қорының активтерін басқаруды

      жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің басшысы, басқарушы компанияның

      бас бухгалтері не олардың орнындағы адамдар қол қояды және ол

      басқарушы компанияның мөрімен (ол бар болған кезде) расталады.

      Есептің әрбір данасы есепті кезеңнің аяқталған күнінде жасалған

      орналастырылған пайлардың есебі бойынша инвестициялық пай қорының

      жеке шотынан тіркеуші үзіндісінің және кастодианның есепті кезеңде

      орналастырылған пайларды төлеуге ақшаның түскендігін растау туралы

      анықтамасының көшірмесімен бірге тігіледі және жіптің түйініне әрі

      ішінара параққа желімделген қағаз пломбасымен бекітіледі. Мөр

      жартылай қағаз пломбаға,жартылай құжат парағына қойылуға тиіс.

      14. Пайларды орналастырудың қорытындысы жөніндегі есепті

      бекітуден бас тартылған жағдайда, басқарушы компания бас тартуды

      алған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қайталап пысықталған

      есепті уәкілетті органға береді.

      Инвестициялық пай қорының пайларын орналастырудың қорытындысы

      жөніндегі есепті бекітуге құжаттарды қайталап бергенде, қару мерзімін

      санау қайтадан басталады.____________________________________________

      * орналастырудың есепті кезеңі:

      - бастапқы орналастыру кезінде:

      орналастыру басталған күнінен бастап үш айдан аспайды (осы

      мерзім уәкілетті органның рұқсаты негізінде ұзартылған жағдайда –

      рұқсатта көрсетілген мерзімде);

      - инвестициялық пай қорының пайларын одан әрі орналастыру

      кезінде:

      әрбір алты айдың қорытындылары бойынша ("Бағалы қағаздар рыногы

      туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының

      24-бабының 2-тармағына сәйкес).

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
20-қосымша

"Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына
рұқсат алған бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық
есептілігінің аудитіне шығындарды өтеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
21-қосымша

"Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қатысушы заңды
тұлғаларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

      Ескерту. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
22-қосымша

"Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметті жүзеге
асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келген
шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға виза беру туралы
қолдаухат" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

      Ескерту. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
23-қосымша

"Мемлекеттік органдарға беру үшін Алматы қаласы өңірлік қаржы
орталығы қатысушыларының құжаттамасын ағылшын тілінен қазақ
және орыс тілдеріне аудару" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

      Ескерту. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
24-қосымша

"Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 24-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

1. Жалпы ережелер

      1. "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде:

      лицензия берген кезде – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;

      лицензияны қайта ресімдеген кезде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

      көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда, лицензияны қайта ресімдеген кезде – 30 (отыз) жұмыс күннен кешіктірмей;

      лицензияның телнұсқаларын берген кезде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, телнұсқасын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда лицензия электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

      Порталда көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленеді:

      1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 40 (қырық) айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;

      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызын құрайды, бірақ 4 (төрт) АЕК-тен көп емес;

      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 (бір жүз) пайызын құрайды.

      Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру кестесі сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге лицензия алу үшін өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия алуға арналған өтініш;

      2) төлем "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы жасалған жағдайларды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

      3) жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын бермеген жағдайда, нотариат куәландырған көшірмесі);

      4) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8080 тіркелген, "Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 250 қаулысымен бекітілген Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларының 40-тармағының бірінші бөлігінде көзделген үй-жайларды жалдау туралы шарт немесе банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу үшін қажетті үй-жайларға құқықты белгілейтін құжат;

      5) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1549 тіркелген, "Қазақстан Республикасында автомобильдік инкассаторлық тасымалды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 110 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасында автомобильдік инкассаторлық тасымалды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта көзделген талаптарға сәйкес келетін көрсетілетін қызметті алушыда меншік құқығымен кемінде 2 (екі) көлік құралы тіркелгені туралы куәлік;

      6) ұйымның атқарушы органының бірінші басшысының қаржылық қызметті көрсету саласында басшы лауазымында кемінде 1 (бір) жыл жұмыс тәжірибесі болуын растайтын құжаттар;

      7) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының атқару органының бірінші басшысы туралы мәліметтер.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер оның алдында берілген лицензия қағаз түрінде ресімделген болса) өтініш білдірген кезде мемлекетік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) еркін нысандағы өтініш;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге лицензияны қайта ресімдеу үшін өтініш білдірген кезде мемлекетік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияны қайта ресімдеуге өтініш;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат;

      3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерінде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмелері.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы порталда өтініш білдірген кезде мемлекетік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      лицензия алу үшін:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенi туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

      3) электрондық сұратуға қоса тіркелетін, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4), 5), 6) (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) және 7) тармақшаларында (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес мәліметтердің электрондық нысаны түрінде) көрсетілген құжаттар.

      Лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер оның алдында берілген лицензия қағаз жеткізгіште ресімделген болса):

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерін орындау құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенi туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).

      Лицензияны қайта ресімдеу үшін:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенi туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

      3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмелері (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде).

      Көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), лицензиялық алым сомасының төленгені ("электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеген жағдайда) туралы мәліметтерді мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі ақпаратты алу мүмкіндігі болған кезде оларды "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      13. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту:

      1) заңды тұлғалардың осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарында қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;

      2) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым енгізілмеген;

      3) көрсетілетін қызметті алушы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11772 тіркелген, "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 22 қаулысында белгіленген Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру қағидаларының 3-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялануға тиіс қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болған;

      5) сот орындаушысының ұсынысы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салынған жағдайларда жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 11-тармағында көрсетілген құжаттар тиісті түрде ресімделмеген жағдайда, лицензияны қайта ресімдеуден бас тартады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген мерзімде жүзеге асырылады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      14. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану мына: 050040, Алматы қаласы, "Көктем-3" шағын ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымы оны тіркеген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпарат бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы қолжетімді.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымданады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      15. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      17. Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға рұқсат берілген.

      18. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдарға банкноталарды,
монеталарды және құндылықтарды
инкассациялауға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша

      (Кімге) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      (Кімнен) __________________________________________________________________

                              (көрсетілетін қызметті алушының атауы)

Банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия алу үшін өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша банк

      операциясын жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын.

      Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:

      1. Меншік нысаны__________________________________________________________

      2. Мекенжайы______________________________________________________________

                        (индекс, облыс, аудан, елді мекен, көше, үйдің және (немесе)

                                    пәтердің №, телефон, факс)

      Өтінішке қоса берілетін құжаттар:

      1.________________________________________________________________________

      2.________________________________________________________________________

      3.________________________________________________________________________

      ...________________________________________________________________________

      Ескерту. Кешкі касса: бар/жоқ (керегін көрсетіңіз).

      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      ________________________________________________________________________________

      (Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      (Қолы, күні)

      Мөр (ол болған кезде) орны

  "Банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдарға банкноталарды,
монеталарды және құндылықтарды
инкассациялауға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша

Көрсетілетін қызметті алушының атқарушы органының бірінші басшысы туралы мәліметтер

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      ________________________________________________________________________________

      (басшының лауазымы және көрсетілетін қызметті алушының атауы көрсетіледі)

Жалпы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі

_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
(бірінші басшының жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес)

Туған күні және орны

_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________

Тұрақты тұрғылықты жері, телефон нөмірлері

_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
(елді мекеннің кодын қоса алғанда, толық мекенжайы, ұялы, қызметтік, үй телефондарының нөмірлері көрсетіледі)

Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

Жұмыс кезеңі (ай/жыл)

Ұйымның атауы, атқаратын қызметі және лауазымдық міндеттері, ұйымның координаттары

Басқа мәліметтер:

Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызметтік меншік, мүдделерге қарсы қылмыс, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстары, сондай-ақ экономикалық қызмет саласында жасалған қылмыстары үшін өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығының болуы (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін)

Иә/жоқ
(өтелмеген соттылығы болған кезде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабын, үкім шығарылған күнді және нөмірін көрсету)

      Мен (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) ___________________________________

      __________________________________________________________________________

      осы ақпаратты мұқият тексергенімді және оның дұрыс және толық екенін растаймын

      ____________________ (қолы, күні).

  "Банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдарға банкноталарды,
монеталарды және құндылықтарды
инкассациялауға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша

      (Кімге) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      (Кімнен) __________________________________________________________________

                              (көрсетілетін қызметті алушының атауы)

Банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияны қайта ресімдеу арналған өтініш

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау үшін____________

      жылы берілген № _____лицензияны қайта ресімдеуді сұраймын.

      Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:

      1. Меншік нысаны__________________________________________________________

      2. Мекенжайы______________________________________________________________

            (индекс, облыс, аудан, елді мекен, көше, үйдің және (немесе) пәтердің №,

                                    телефон, факс)

      Өтінішке қоса берілетін құжаттар:

      1.________________________________________________________________________

      2.________________________________________________________________________

      3.________________________________________________________________________

      ...________________________________________________________________________

      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      ________________________________________________________________________________

      (Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) ______________________________________________________.

      ____________________

            (Қолы, күні)

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
25-қосымша

"Банк ашуға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. "Банк ашуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – көрсетілетін қызметті беруші сұрау салған соңғы қосымша ақпаратты немесе құжатты көрсетілетін қызметті алушы ұсынған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде, бірақ көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын ұсынған күннен бастап 6 (алты) айдан аспайды;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау және беру бойынша қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының атына банкті ашуға рұқсат беру туралы хатты не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының тиісті қаулысын және тиісті рұқсатты (рұқсат беру туралы шешім қабылданған кезде) қоса бере отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жіберу.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру кестесі сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қазақ немесе орыс тiлдеріндегі банк ашуға рұқсат беру туралы өтініш;

      2) нотариат куәландырған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте ресiмделген құрылтай құжаттарының (жарғы, құрылтай шарты) төрт данасы, құрылтай жиналысы хаттамасының көшірмесі;

      3) құрылтайшылар туралы (көрсетілетін қызметті беруші белгiленген тiзбе бойынша) мәлiметтерді, аяқталған соңғы екi қаржы жылы iшiндегi шоғырландырылған есептiлікті қоса алғанда, қаржылық есептiлiкті, аудиторлық ұйымның құрылтайшылардың қаржылық жай-күйi туралы есебi.

      Аудиторлық ұйымның есебi оның:

      тексерілетін банктердің құрылтайшылары мен олардың лауазымды адамдарынан тәуелсiз екендiгiн;

      аудиторлық қызмет саласында мемлекеттiк реттеуді және аудиторлық және кәсiби аудиторлық ұйымдардың қызметiн бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органның қаржы ұйымдарының мiндеттi аудитiн жүргiзу жөнiндегi лицензиясына және бiлiктiлiк талаптарына сәйкес не резидентi болып табылатын мемлекеттiң құзыретті органының аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензиясына сәйкес аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға уәкiлеттi екендігін растайтын құжаттарды табыс еткен жағдайда жарамды деп танылады.

      Құрылтайшылар жөніндегі мәліметтер мыналарды қамтиды:

      құрылтайшылар - жеке тұлғалар үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрылтайшы – жеке тұлға туралы мәліметтер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есептерді жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органы берген, өтелмеген немесе алынбаған соттылығының жоқтығын растайтын құжатты қоса бере отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 10-тармағының 5) тармақшасы үшінші абзацының талаптарын орындағаны туралы ақпарат (көрсетілген құжатты беру күні өтінішті берген күннің алдындағы үш айдан аспайтын мерзімді құрайды).

      Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағы 5) тармақшасының талаптарын растау мақсатында шетел азаматтары (азаматтығы жоқ тұлғалар) үшін олардың азаматтығы елінің (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін – олардың тұрақты тұратын елінің) мемлекеттік органы берген тиісті құжатты қосымша береді.

      құрылтайшылар - заңды тұлғалар үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрылтайшы заңды тұлға туралы мәліметтер, оларға құрылтай құжаттарының (жарғының, құрылтай шартының) нотариат куәландырған көшірмелері қоса беріледі;

      осы тармақтың 3) тармақшасының екінші, үшінші және төртінші абзацтарында белгіленген талаптардың орындалуын растайтын ақпарат;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағы 5) тармақшасының үшінші абзацының талаптарын орындау туралы ақпарат;

      4) егер тұлға Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 тіркелген "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысымен бекітілген, "Банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – "Банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру" стандарты) сәйкес көрсетілетін қызметті алушы ұсынатын банктiң iрi қатысушысы немесе банк холдингi болатын болса, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 17-1-бабында көзделген құжаттар мен мәлiметтер";

      5) растайтын құжаттардың көшiрмелерiн қоса бере отырып, акцияларды сатып алу үшiн пайдаланылатын көздер мен қаражаттың сипатын қоса алғанда, банк акцияларын сатып алудың шарттары мен тәртiбi туралы мәлiметтерді;

      6) жаңадан құрылатын банктің толық ұйымдық құрылымы;

      7) құжаттарға қол қоюға құрылтайшы өкілеттік берген тұлға бекiткен, жаңадан құрылатын банк қызметінің стратегиясын, қызметінің бағыты мен ауқымын, қаржылық перспективаларын (бюджет, есеп айырысу балансы, алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы пайда мен шығындар шоты, маркетинг (банк клиентурасын қалыптастыру) жоспары, еңбек ресурстарын тарту жоспары, тәуекелдердi басқаруды ұйымдастыруды ашып көрсететiн бизнес-жоспарын;

      8) өтiнiш берушiнiң құрылтайшылар атынан көрсетілетін қызметті алушының өтiнiш беруге өкiлеттiгiн растайтын нотариат не өзге де заңды түрде куәландырылған құжатты.

      Көрсетілетін қызметті беруші банкті ашуға рұқсат беру жөнiнде шешiм қабылдау үшiн қажеттi қосымша ақпаратты немесе құжаттарды сұратуға құқылы.

      Банктің құрылтайшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке немесе заңды тұлғасы осы тармақта көрсетілген құжаттардан басқа, банкті ашуға рұқсат беру туралы өтінішке тиісті мемлекеттің уәкілетті органының (Қазақстан Республикасының резиденті емес банктері үшін – банктік қадағалау органы) осы тұлғаға Қазақстан Республикасының резидент банкінің акцияларын иеленуге рұқсат етілетіндігі туралы жазбаша хабарламасын не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының (Қазақстан Республикасының резиденті емес банктері үшін – банктік қадағалау органы) көрсетілген құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы жазбаша өтінішін қоса беруге міндетті.

      Банк жарғысының барлық даналарының титулдық бетінде жоғарғы оң жақ бұрышында мынадай тұжырым болуы тиіс: "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілді. Төраға (Төрағаның орынбасары)_______________".

      Осы құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен бекітіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы порталға өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 5), 7), 8) (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде), 4) (көрсетілетін қызметті алушы "Банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру" стандартына сәйкес жіберетін) және 6) (электрондық құжаттар түрінде) тармақшаларында және үшінші бөлігінде (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) көрсетілген құжаттар, олар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.

      Жеке басты куәландыратын құжаттардың, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, соттылығы немесе соттылығының жоқ екендігі туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      10. Мыналар:

      1) құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну не банктiң құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келмеуi;

      2) банк атауы мынадай талаптарға сәйкес келмеген:

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен басқа барлық банктерге өз атауында кез келген тiлде толық немесе қысқарған түрде "ұлттық", "орталық" деген сөздердi пайдалануға тыйым салынады.

      банктердiң бәрiне өзiнiң атауында кез келген тiлде толық және қысқарған түрiнде "мемлекеттiк" деген сөздi қолдануға тыйым салынады.

      еншiлес банктердi қоспағанда, бұрын құрылған банктердің, оның iшiнде Қазақстан Республикасының резиденттерi емес банктердің атауымен бiрдей немесе оны шатастырып алатындай дәрежеде ұқсас таңбаларды атау ретiнде қолдануға жол берiлмейдi.

      еншiлес банктер өзiнiң атауына негiзгi банктердiң атауын пайдалануға мiндеттi;

      ислам банкінің атауында "ислам банкі" деген сөз тіркесі болуға тиіс.

      3) банктiң жарғылық капиталы мөлшерiнiң, құрамы мен құрылымының сәйкес келмеуi:

      банктің жарғылық капиталы, осы тармақшаның үшінші абзацында белгіленген жағдайларды қоспағанда, акцияларды сату есебінен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қалыптастырылады.

      банктің акциялары орналастырылған кезде ақы тек ақшамен ғана төленуге тиіс. Осы талап мынадай:

      банктің акцияларын банк кредиторлары арасында орналастырған және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда банк қайта құрылымдау жүргізген кезде банктің тиісті кредитор алдындағы ақшалай міндеттемесі жөніндегі кез келген құқығын (талабын) есепке жатқызу арқылы оларды төлеген;

      банктің акцияларына айырбасталатын эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісі негізінде бағалы қағаздарды банктің акцияларына айырбастаған;

      "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын қайта ұйымдастыру кезінде банктің акцияларын төлеген жағдайларда банктерге қолданылмайды.

      Осы тармақта көзделген жағдайларда банк акцияларын орналастырған кезде бағалау жүргізу талап етілмейді;

      банкті қайта құрылымдау рәсімі шеңберінде бағалы қағаздарды банктің акцияларына айырбастаған жағдайда банк акционерлеріне бағалы қағаздарды және (немесе) банктің ақшалай міндеттемелерін оның акцияларына айырбастау арқылы өзінің акцияларын орналастырған кезде басымдықпен сатып алу құқығы берілмейді.

      жаңадан құрылған банктің жарғылық капиталын оның акционерлері осы банкті тіркеу кезінде елу пайызын және оны тіркеген күннен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде толық төлеуге тиіс.

      банк міндеттемелерінің сомасы оның активтерінің құнынан артық болған жағдайда, банктің меншік капиталы теріс болып табылады.

      4) банк құрылтайшыларының қаржы жағдайының тұрақсыздығы;

      5) құрылтайшы – жеке тұлғаның не құрылтайшы – заңды тұлғаның атқарушы органының не басқару органының бiрiншi басшысының:

      заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар болса;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешiм қабылдағанға дейiн бiр жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесiнiң бiрiншi басшысы, басқарманың бiрiншi басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтерi қызметiнде болған жағдайда жүзеге асырылады. Көрсетілген талап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешiм қабылдағаннан кейiн бес жыл бойы қолданылады;

      6) Банктер туралы заңның 17-1-бабы талаптарының сақталмауы;

      7) Банктер туралы заңның 17-бабында белгiленген шектеулердiң сақталмауы;

      8) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктiң iрi қатысушысы мәртебесiн иеленуге келiсiм беруден бас тартуы;

      9) құрылатын банктің бизнес-жоспары және көрсетілетін қызметті алушының өзге де ұсынған құжаттары:

      алғашқы үш қаржы (операциялық) жылы өткеннен кейiн банк қызметiнiң рентабельдi болатындығын;

      банк тәуекелдi шектеуге қойылатын талаптарды сақтауға және тиiстi басқару құрылымын құруға ниет білдіретіндігін;

      банктің өз қызметiнiң жоспарларына сәйкес келетін ұйымдық құрылымы болатындығын;

      банктің өз қызметінің жоспарларына сәйкес келетін есеп және бақылау құрылымы болатындығын көрсетпеуі мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Мыналардың:

      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;

      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерін
ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Банк ашуға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша

Банк ашуға рұқсат беру туралы
өтініш

      _____________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған

      кезде), ЖСН)

      _____________________________________________________________________

      (осы өтінішті құрылтайшылар атынан беруге өкілеттігін куәландыратын

      _____________________________________________________________________

      нотариатта немесе басқадай расталған құжатқа сілтеме)

      _____________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс орны мен оның лауазымы,

      тұрғылықты жері, заңды мекенжайы)

      Құрылтай жиналысының ______жылғы "___"____________ № ____ шешіміне

      (хаттамасына) сәйкес_________________________________________________

      (құрылатын банктің толық атауы мен орналасқан жері)

      _____________________________________________________________________

      ашуға рұқсат беруді сұрайды.

      Құрылтайшы (құрылтайшылар) өтінішке қоса берілген құжаттардың

      дұрыстығына, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушіге осы өтініштің

      қаралуына байланысты сұратылған ақпаратты дер кезінде ұсынуға

      толық жауап береді.

      Қосымша (жіберілген құжаттардың тізбесі, даналар саны және

      әрқайсысының парақтар саны):

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      "Банк ашуға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету үшін

      дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.

      __________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының қолы, күні)

  "Банк ашуға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
  Нысан

                                                            Фото (3 x 4 сантиметр)

Көрсетілетін қызметті алушы (құрылтайшы - жеке тұлға) туралы мәліметтер

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      ________________________________________________________________________________

                                    (банк атауы)

      20__ жылғы "___" ___________

      1. Құрылтайшы ____________________________________________________________

                              (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      2. Туған күні _______________ жылғы "_____" ________________________________.

      3. Туған жері ______________________________________________________________.

      4. Азаматтығы ____________________________________________________________.

      5. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері ______________________________

      _______________________________________________________________________________.

      6. Тұрғылықты жері ________________________________________________________.

      7. Жұмыс орны, лауазымы __________________________________________________

      _______________________________________________________________________________.

      8. Телефон нөмірі (қаланың коды, жұмыстың және үйдің нөмірі) __________________

      _______________________________________________________________________________.

      9. Білімі __________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________.

                        (оқу орны, бітірген жылы, мамандығы)

      10. Еңбек қызметі туралы қысқаша түйіндеме __________________________________

      _______________________________________________________________________________.

                  (жұмыс орны, лауазымы, жұмыс істеген кезеңі)

      11. Көрсетілетін қызметті алушы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейінгі 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымы директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері болды ма.

      Көрсетілген талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдаған соң 5 (бес) жыл ішінде қолданылады.

      Қолы _________________ күні _________________

  "Банк ашуға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша
  Нысан

Көрсетілетін қызметті алушы (құрылтайшы - заңды тұлға) туралы мәліметтер

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен ________________________________________________________________________________

                                    (банктің атауы)

                              20 __ жылғы "___" ___________

      1. Құрылтайшы_____________________________________________________________

                                    (заңды тұлғаның атауы)

      2. Орналасқан жері__________________________________________________________

                  (пошталық индекс, облыс, қала, көше, үйдің нөмірі, байланыс телефоны)

      3. Мемлекеттік тіркеу_______________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                              (құжаттың атауы, нөмірі, күні, кім берді)

      4. Қызмет түрі_____________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                              (қызметінің негізгі түрлері көрсетіледі)

      5. Қазақстан Республикасының резиденті, Қазақстан Республикасының бейрезиденті

      болып табыла ма? (керегінің асты сызылсын).

      6. Көрсетілетін қызметті алушының басшысы___________________________________

      ________________________________________________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған күні)

      Білімі_____________________________________________________________________

                              (оқу орны, бітірген жылы, мамандығы)

      Еңбек қызметі туралы қысқаша түйіндеме _____________________________________

      _______________________________________________________________________________

                        (жұмыс орны, лауазымы, жұмыс істеген кезеңі)

      7. Соңғы күнтізбелік 3 (үш) жылда көрсетілетін қызметті алушыда ірі қаржылық

      проблемалар, оның ішінде банкротқа ұшырау, консервация, сауықтыру болды

      ма:_____________________________________________________________________________

                              (олардың туындау себептері)

      ________________________________________________________________________________

                        (бұл проблемаларды шешу нәтижелері)

      8. Көрсетілетін қызметті алушы ірі акционер болып табылатын немесе жарғылық капиталға қатысу үлесінің 10 (он) немесе одан да көп пайызын тікелей және (немесе) жанама иеленетін ұйымдарды көрсетіңіз: ұйымның атауы, орналасқан жері және мемлекеттік тіркелуі туралы деректер_________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

                              (ұйым қызметінің түрі)

      ________________________________________________________________________________

                  (осы заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысуы)

      ________________________________________________________________________________

      9. Бар болған жағдайда, тізбесі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 тіркелген, "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысында белгіленген рейтингтік агенттіктердің бірі тағайындаған ұйымның рейтингін көрсетіңіз.

      10. Көрсетілетін қызметті алушының атқарушы органының не басқару органының бірінші басшысы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін 1(бір) жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері болды ма. Көрсетілген талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін 5 (бес) жыл бойы қолданылады.

      ________________________________________________________________________________

                        (күні, қолы, мөр (ол болған кезде))

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
26-қосымша

"Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банк операцияларына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 26-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банк операцияларына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін жіберу:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде:

      лицензия берген кезде – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;

      лицензияны қайта ресімдеген кезде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

      көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта құрылған жағдайда лицензияны қайта ресімдеген кезде – 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей;

      лицензияның телнұсқаларын беру кезінде – 2 екі) жұмыс күні ішінде;

      2) құжаттарды қабылдау және беру бойынша көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, телнұсқасын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 16 және 17-тармақтарында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабы.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда лицензия электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді:

      1) аталған осы қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 40 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;

      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен көп емес;

      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 пайызы болады.

      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

      Лицензияны алуға немесе қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын портал арқылы алуға электрондық сұрау салынған жағдайда төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру кестесі – 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша лицензия алуға өтініш;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;

      3) жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын бермеген жағдайда, нотариат куәландырған көшірмесі);

      4) барлық жоспарланып отырған банк операциялары бойынша лицензияны алу мақсаттарын, көрсетілетін қызметті алушы бағдарланып отырған нарықтың сегментін айқындауды, қызмет түрлерін, маркетинг жоспарын (клиентураны қалыптастыру), ұйымның қызметін қаржыландыру көздерін, алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы пайда мен шығындар болжамын ашып көрсететін және көрсетілетін қызметті алушының өз қызметінің жоспарларына сәйкес келетін ұйымдық құрылымы бар екенін көрсететін бизнес-жоспар;

      5) Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының банк операцияларын жүргізудің жалпы шарттары туралы қағидалар;

      6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес электрондық және қағаз жеткізгіштердегі банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын емес ұйымның атқарушы органның бірінші басшысы мен бас бухгалтері туралы мәліметтер;

      7) құжаттарды ұсынған күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес акционерлер (қатысушылар) туралы мәліметтер;

      8) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізетін филиалдардың (осындайлар болған кезде) тізімі және осындай филиалдар туралы ережелердің нотариат куәландырған көшірмелер;

      9) жарғылық капиталдың ең төмен мөлшерінің толық төленгендігін растайтын құжаттар - төлем тапсырмалары, кассалық кіріс ордерлері (акционерлік қоғамның ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлғаларды қоспағанда).

      10. Көрсетілетін қызметті алушы-ипотекалық ұйымдар лицензия алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа қосымша мыналарды:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес электрондық және қағаз жеткізгіштердегі директорлар кеңесінің бірінші басшысы мен мүшелері, атқарушы органның мүшелері туралы мәліметтерді;

      2) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 34-бабына сәйкес әзірленген ішкі кредиттік саясат туралы қағидаларды;

      3) ішкі аудит туралы ережені ұсынады.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы-қор биржасы, орталық депозитарий лицензия алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 1), 2), 4) және 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы-агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа қосымша мыналарды:

      1) Заңның 34-бабына сәйкес әзірленген ішкі кредиттік саясат туралы қағидаларды;

      2) ішкі аудит туралы ережені (акционерлік қоғамның ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлғалар үшін) ұсынады.

      13. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанында ресімделген болса) алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) еркін нысанда жазылған өтініш;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі.

      14. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қайта ресімдеуге көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысанындағы өтініш;

      2) қызметтің лицензияланатын түрінен бір немесе одан көп банк операциясын алып тастаған жағдайда лицензияның түпнұсқасы (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанында ресімделсе);

      3) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;

      4) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге негіз болатын өзгерістер туралы ақпараттан тұратын құжаттардың көшірмелері.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      лицензия алу үшін:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымды төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

      3) электрондық сұрау салуға қоса тіркелетін, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 3), 4), 5), 6), 8) және 9) ( PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) және 7) (көрсетілетін қызметті алушының акционері (қатысушысы) басшысының ЭЦҚ-сымен және көрсетілетін қызметті алушы акционерінің (қатысушысының) ЭЦҚ-сымен расталған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес мәліметтер нысаны түрінде) тармақшаларында көрсетілген құжаттар;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10, 11 және 12-тармақтарында PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде, олар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.

      Лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанында ресімделсе):

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымды төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).

      Лицензияны қайта ресімдеу үшін:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымды төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

      3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпараттан тұратын құжаттардың көшірмелері (PDF форматындағы құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, лицензия туралы, лицензиялық алым сомасының төленгені туралы ("электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеген жағдайда) мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9, 10 және 12-тармақтарында көрсетілген бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп, тігіліп және соңғы парағының артына және тігістің түйініне жапсырылған, тігілген парақтар саны көрсетілген жапсырманың бір шетіне жартылай баса отырып, көрсетілетін қызметті алушының мөрімен (ол болған кезде) расталып ұсынылады. Құжаттардың көшірмелері көрсетілетін қызметті алушының осындай құжаттарға қол қоюға құқығы бар лауазымды адамдарының қолымен жәнекөрсетілетін қызметті алушының мөр бедерімен расталады.

      16. Мыналар:

      1) мына талаптардың кез келгенін сақтамау:

      банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап 1 (бір) жыл ішінде барлық ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды орындауға, оның ішінде қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін үй-жайды, жабдықты және бухгалтерлік есепке алуды және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыру жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындауға, тиісті қызметкерлерді жалдауға тиіс;

      2) табыс етілген құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;

      3) заңды тұлғалардың осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарында қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы;

      4) қызмет түріне лицензия алуға өтініш берген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның енгізілмеуі;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың лицензиялануға жататын қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      6) сот орындаушысының ұсынысы негізінде соттың борышкер көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруге уақытша тыйым салуы мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

      17. Көрсетілетін қызметті беруші осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген құжаттарды тиісінше ресімдемеген жағдайда лицензияны қайта ресімдеуден бас тартады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      18. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 20-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Заңды тұлғалардың шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы,шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      19. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      20. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      21. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

      22. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті алушының www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдарға банк операцияларына
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
  Нысан

      Кімге___________________________________________________________________________

                              (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      Кімнен _________________________________________________________________________

                        (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

Өтініш

      Мынадай банк операцияларын жүзеге асыруға лицензия беруіңізді өтінемін:________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

            (валютаның түрін көрсету (ұлттық және (немесе) шетелдік)).

      Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:

      1. Көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері_____________________________

      ________________________________________________________________________________

                        (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үйдің нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

                                    (телефон, факс)

      2. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі мен күні және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген жарғылық капиталдың ең төмен мөлшері_____________

      ________________________________________________________________________________

      3. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі және күні және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген жарғылық капиталдың ең төмен мөлшері:____________

      ________________________________________________________________________________

      4. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналар мен парақтар саны: __________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігі үшін толық жауапкершілік атқарады.

      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің пайдаланылуына келісем беремін.

      Өтінішті беруге уәкілетті адамның тегі, аты, бар болса – әкесінің аты, лауазымы

      ______________

      (қолы)

      20____жылғы _____________"______"

      Мөр (болған кезде) орны

  "Банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдарға банк операцияларына
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атқарушы органының бірінші басшысы және бас бухгалтері туралы
мәліметтер

      _______________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушы қызметкерінің лауазымы және көрсетілетін қызметті

                              алушының атауы көрсетіледі)

      1. Жалпы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

_________________________________________________
_________________________________________________
(жеке басын куәландыратын құжатқа толық сәйкес келуге тиіс, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) өзгерген жағдайда оның қай уақытта және қандай себеппен өзгертілгені көрсетілсін)

Туған күні және туған жері

_________________________________________________

Тұрақты тұрғылықты жері, телефон нөмірлері

_________________________________________________
_________________________________________________
(елді мекеннің кодын қоса алғанда, толық мекенжайы, қызметтік, үй, байланыс телефондары көрсетілсін)

Азаматтығы

_________________________________________________

Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері

_________________________________________________
_________________________________________________
_________________________________________________

      Жақын туыстары (ата-анасы, ері (зайыбы), ағасы-інісі, апасы-сіңлісі, балалары),

      сондай-ақ жекжаттары (ерінің (зайыбының) ата-анасы, ағасы-інісі, апасы-сіңлісі, балалары)

      туралы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Туған жылы

Туыстық қатынастары

Жұмыс орны мен қызметі

1
2

      Көрсетілетін қызметті алушының өзге заңды тұлғаларды құруға және оның қызметіне

      қатысушы, акционер ретінде қатысуы туралы мәліметтер:

Заңды тұлғаның атауы мен тұрғылықты жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, акциялар саны және көрсетілетін қызметті алушыға тиесілі акциялардың заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының жалпы санына пайыздық ара-қатынасы

      2. Кәсіби деректер:

Білімі, оның ішінде жұмыс бейініне сәйкес келетін кәсіби білімі

______________________________________________________
______________________________________________________
(оқу орнының, факультеттің немесе бөлімшенің атауы мен тұрғылықты жері, оқу кезеңін, берілген біліктілігі, білімі туралы дипломның деректемелері көрсетілсін)

Қосымша білімі, оның ішінде жұмыс істейтін саласындағы біліктілікті арттыру курстары, ғылыми дәрежесі

______________________________________________________
______________________________________________________
(оқу орнының атауы мен орналасқан жері, оқу кезеңі, білімі туралы дипломның, сертификаттың, куәліктің деректемелері көрсетілсін)

Қаржылық қызмет көрсету саласындағы жұмыс тәжірибесі

______________________________________________________
______________________________________________________
(қаржы ұйымдарындағы жұмыс істеген жылдарының
саны, қызмет түрлері бойынша аудитор,
бухгалтер қызметін атқаруы көрсетілсін)

Басшы қызметіндегі жұмыс тәжірибесі

_______________________________________________________
_______________________________________________________
(бар жұмыс тәжірибесі сипатталады: қызметтік міндеттер, кәсіби дағдылары)

Қол жеткізген жетістіктері

______________________________________________________
______________________________________________________
(осы мәселе бойынша ақпаратты, мысалы, ғылыми жарияланымдардың атауы көрсетілсін,
ғылыми әзірлемелерге, заң жобаларына қатысу және т.б.)

Осы мәселеге қатысты басқа ақпарат

_______________________________________________________
_______________________________________________________
(кандидаттың кәсіби біліктілігін сипаттайтын ақпарат көрсетіледі)

      Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

Жұмыс кезеңі
(ай және (немесе) жыл)

Ұйымның атауы, атқаратын қызметі және қызметтік міндеттері, ұйымның координаттары

      3. Басқа мәліметтер:

Экономикалық қызмет саласында жасаған қылмыстары үшін, мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы жасаған сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстары үшін заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін)

Иә немесе жоқ
(егер Иә десе, онда қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы үкімнің күні мен нөмірі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бабы көрсетілсін)

Қадағалау органдарының Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін қызметтік міндетті орындаудан шеттетуі туралы деректердің болуы

Иә немесе жоқ
(егер "иә" десе, онда осы шараны қолданған органның атауы және күні көрсетілсін)

Бұрын банкрот болып танылған не оған қатысты лицензиядан айыру, мәжбүрлеп тарату, консервациялау, акцияларды мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылдан қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған

Ұйымның атауы, қызметі, жұмыс кезеңі

Қаржы ұйымының басшысы ретінде қаржылық қызмет көрсету мәселелері бойынша сот талқылауына жауапкер ретінде тартылды ма

(сот талқылауындағы жауапкер ұйымның атауы мен күні, қаралатын мәселе және соттың шешімі көрсетілсін

Осы мәселеге қатысты басқа да ақпарат

(ерікті түрде көрсетіледі)

      Мен (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)) , ______________________, осы ақпаратты мұқият тексергенімді және шынайы әрі толық болып табылатынын растаймын. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін _____________________ (қолы, күні).

  "Банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдарға банк операцияларына
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша

Көрсетілетін қызметті алушының акционері (қатысушысы) туралы
мәліметтер

      (заңды тұлға үшін)

      ________________________________________________________________________________

                        (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

      1. Көрсетілетін қызметті алушының акционері (қатысушысы)_____________________

      ________________________________________________________________________________

                                    (толық атауы)

      Орналасқан жері ___________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                              (пошталық индексі, мекенжайы)

      Байланыс деректемелері: ___________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (телефон және факс нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы (ол бар болса)

      Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер ____________________________

      ________________________________________________________________________________

                  (құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні, кім берді)

      Қазақстан Республикасының резиденті немесе бейрезиденті______________________

      Негізгі қызмет түрі ________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      2. Акционерге тиесілі көрсетілетін қызметті алушының дауыс беретін акциялары санының көрсетілетін қызметті алушының дауыс беретін акцияларының жалпы санына пайыздық ара қатынасы немесе көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталына қатысу үлесі_____________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      3. Көрсетілетін қызметті алушының акцияларын төлеу үшін (көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталына қатысу үлесіне) ақшаны енгізер алдындағы көрсетілетін қызметті алушы акционерінің (қатысушысының) меншікті капиталының мөлшері және көрсетілетін қызметті алушының акцияларын төлеу үшін (өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесіне) енгізілген сома__________________________________________ ________________________________________________________________________________

      4. Заңды тұлғалардың толық атауын және орналасқан жерін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушы акционерінің (қатысушысының) қатысушы, акционер ретінде өзге заңды тұлғаларды құруға және қызметіне қатысуы туралы мәліметтер:_______________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      5. Ұйымдардың толық атауларын, орналасқан жерін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының акционері (қатысушысы) қатысатын өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтары, холдингтері, концерндері, қауымдастықтары, консорциумдары туралы мәліметтер______________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      6. Көрсетілетін қызметті алушы акционерінің (қатысушысының) басшысы туралы

      мәліметтер:______________________________________________________________________

                              (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалауға келісім беремін

      20__ жылғы "___"_____________.

      Көрсетілетін қызметті алушының акционері

      (қатысушысы) басшысының қолы

      ________________

      Мөр (болған кезде) орны

Көрсетілетін қызметті алушының акционері (қатысушысы) туралы
мәліметтер

      (жеке тұлға үшін)

      ________________________________________________________________________________

                  (Көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

      1. Көрсетілетін қызметті алушының акционері (қатысушысы)_____________________

      ________________________________________________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      Туған жылы және күні ______________________________________________________

      Азаматтығы_______________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжат деректері____________________________________

      ________________________________________________________________________________

                  (құжат атауы, нөмірі, сериясы және берілген күні, кім берді)

      Тұрғылықты жері __________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                        (пошталық индексі, мекенжайы)

      Байланыс деректемелері ____________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                  (телефон нөмірі, электрондық поштаның мекенжайы)

      Жұмыс орны (мекенжайын көрсете отырып), қызметі ____________________________

      ________________________________________________________________________________

      2. Акционерге тиесілі көрсетілетін қызметті алушының дауыс беретін акциялары санының көрсетілетін қызметті алушының дауыс беретін акцияларының жалпы санына пайыздық ара қатынасы немесе көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталына қатысу үлесі_____________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      3. Заңды тұлғалардың толық атауын және орналасқан жерін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушы акционерінің (қатысушысының) қатысушы, акционер ретінде өзге заңды тұлғаларды құруға және қызметіне қатысуы туралы мәліметтер:_______________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті дербес деректерімді жинау мен өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      20__ жылғы "___"_____________.

      Көрсетілетін қызметті алушы

      акционерінің (қатысушысының) қолы __________

  "Банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдарға банк операцияларына
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымша
  Нысан

      Кімге __________________________________________________________________________

                        (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      Кімнен__________________________________________________________________________

                        (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________________________________________________________________________________байланысты

                  (лицензияны қайта ресімдеудің себебі көрсетіледі)

      ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

                  (лицензияның атауы және валюта түрі (ұлттық және (немесе шетел)

      _____________________________________________лицензиясын қайта ресімдеуді сұраймын

      Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:

      1. Көрсетілетін қызметті алушы орналасқан жері: _______________________________

      ________________________________________________________________________________

                  (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үйдің нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

                              (телефон, факс)

      3. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі

      және күні және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау

      жөніндегі уәкілетті орган белгілеген жарғылық капиталдың ең төмен мөлшері_____________

      ________________________________________________________________________________

      4. Жіберілетін құжаттар тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналар мен парақтар

      саны: ___________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың)

      дәйектілігі үшін толық жауапкершілік атқарады.

      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің

      пайдаланылуына келісем беремін.

      Өтініш беруге уәкілетті адамның тегі, аты, бар болса – әкесінің аты, лауазымы:

      _______________________________________________________________________________

      __________________

            (қолы)

      20__ жылғы " ___ " _____________

      Өтініш иесінің акционерінің
(қатысушысының) қолы __________

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
27-қосымша
 
"Ислам банктері жүзеге асыратын банктік және өзге операцияларды жүргізуге арналған лицензияны беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 27-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Ислам банктері жүзеге асыратын банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде:

      лицензия берген кезде – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;

      лицензияны қайта ресімдеген кезде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

      көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта құрылған жағдайда лицензияны қайта ресімдеген кезде – 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей;

      лицензияның телнұсқаларын берген кезде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      2) құжаттарды қабылдау және беру бойынша көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 16-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда лицензия электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді:

      1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 80 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;

      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен артық емес;

      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 пайызын құрайды.

      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

      Лицензияны алуға немесе қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын портал арқылы алуға электрондық сұрау салынған жағдайда төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру кестесі – 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;

      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге лицензия алу үшін өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ислам банкінің банктік және өзге де операцияларды жүргізуіне лицензия беру туралы өтініш;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;

      3) жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын бермеген жағдайда, нотариат куәландырған көшірмесі);

      4) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы талаптарына сәйкес банктің басшы қызметкерлері лауазымдарына ұсынылатын адамдардың құжаттары;

      5) банктің директорлар кеңесі бекіткен ішкі аудит қызметі туралы ереже;

      6) банктің директорлар кеңесі бекіткен кредит комитеті туралы ереже;

      7) штат кестесі (қызметкерлердің тегін, атын және әкесінің атын (ол бар болса) көрсете отырып);

      8) банктің бағдарламалық техникалық құралдарының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) және Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттар;

      9) ең төмен мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері;

      10) акционерлердің жалпы жиналысының исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңесті тағайындау туралы шешімі.

      Көрсетілетін қызметті алушы лицензия беру туралы өтінішпен бір мезгілде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап 1 (бір) жыл ішінде барлық ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың орындалғанын, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сай келетін үй-жайдың, жабдықтың және бухгалтерлік есепке алуды және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыру бойынша бағдарламалық қамтамасыз етудің дайындалғаның, тиісті қызметкерлердің қабылдануын растайтын құжаттарды ұсынады.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге қосымша банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алуға өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) еркін нысандағы өтініш;

      2) банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізудің жалпы шарттары туралы ереже;

      3) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын (төлем тапсырмасы) құжаттың көшiрмесi.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге лицензияның телнұсқасын алуға (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделсе) өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) еркін нысанда жазылған өтініш;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге лицензияны қайта ресімдеуге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

      2) лицензияның түпнұсқасы (лицензияланатын қызмет түрінен бір немесе одан көп банктік және өзге де операциясын алып тастаған жағдайда);

      3) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;

      4) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмелері.

      13. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны алуға порталға өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымды төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

      3) электрондық сұрау салуға қоса тіркелетін, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы 3), 4), 5), 6), 9) және 10) тармақшаларында (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде), 7) және 8) тармақшаларында (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3 және 4-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша электрондық құжат түрінде штат кестесі және банктің бағдарламалық техникалық құралдарының уәкілетті органның және Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттар) көрсетілген құжаттар;

      электрондық сұрау салуға қоса тіркелетін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде).

      14. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алуға (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанында ресімделсе) порталға өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымды төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).

      15. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қайта ресімдеуге порталға өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымды төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

      3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмелері (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде).

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, лицензия туралы, лицензиялық алым сомасының төленгені туралы ("электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеген жағдайда) мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті беруші осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген өшірілген не қосып жазылған, сызылған сөздері бар құжаттарды қарауға қабылдамайды.

      16. Мыналар:

      1) мына талаптардың кез келгенін сақтамау:

      банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап 1 (бір) жыл ішінде барлық ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды орындауға, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін үй-жайды, жабдықты және бухгалтерлік есепке алуды және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыру жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындауға, тиісті персонал жалдауға тиіс;

      жұмыс істеп тұрған банктер үшін қосымша банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алған кезде:

      қосымша банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін өтініш берудің алдындағы қатарынан 3 (үш) ай ішінде пруденциялық нормативтердің орындалуын қамтамасыз ету;

      уәкілетті орган тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуы бөлігінде белгілеген талаптардың орындалуын қамтамасыз ету;

      банктік және өзге де операциялардың қосымша түрлерін жүргізудің жалпы талаптары туралы қағидаларды ұсыну;

      2) құрамына банк кіретін банк конгломераты өтініш бергенге дейінгі 6 (алты) ай кезеңінде белгіленген пруденциялық нормативтерді және басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді сақтамауы;

      3) егер банк мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап 1(бір) жыл ішінде лицензия алу жөнінде өтініш жасамаса;

      4) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;

      5) қоғамның органдары сайланғандардың қатарынан басшы қызметкерге келісімнің берілмеуі (жаңадан құрылатын банк үшін);

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызметтің түрімен айналысуға тыйым салынуы;

      7) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі;

      8) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялануға жататын қызметті тоқтата тұру немесе тыйым салу немесе қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (өкімінің) болуы;

      9) сот орындаушысының ұсынысы негізде соттың борышкер көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруге уақытша тыйым салуы мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 12-тармағында көрсетілген құжаттар тиісінше ресімделмеген жағдайда лицензияны қайта ресімдеуден бас тартады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      17. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 19-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      18. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

      19. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      20. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

      21. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Ислам банктері жүзеге асыратын
банктік және өзге де
операцияларды жүргізуге арналған
лицензияны беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
  нысан

                                    Кімге________________________________________

                                    (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

                                    Кімнен______________________________________

                                    (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

Ислам банкінің банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы
өтініш

      Мыналарды:

      1) ислам банкінің банктік операцияларын: _____________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      2) банктік және өзге операцияларды: __________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                  (валюта түрін көрсету - ұлттық және (немесе) шетел)

      ________________________________________________________________________________

      жүргізуге лицензия беруіңізді сұраймын

      Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:

      1. Атауы, орналасқан жері: __________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                  (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үйдің нөмірі, телефон, факс)

      2. Көрсетілетін қызметті алушының банктік және өзге операцияларды жүргізуге бірінші

      рет алынған лицензиясы туралы деректер:___________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                  (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      3. Жіберілген құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналар және

      парақтар саны:___________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушы және құрылтайшылар (акционерлер) өтінішке қоса

      берілген құжаттардың (ақпараттың) дұрыстығын толық растайды.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін.

      Өтінішті беруге өкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы

      ________________________________________________________________________________

      ____________________                               ______________________

            (қолы)                                           (күні)

      Мөр(болған кезде) орны

  "Ислам банктері жүзеге асыратын
банктік және өзге де
операцияларды жүргізуге арналған
лицензияны беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
  нысан

                                    Кімге _______________________________________

                                    (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

                                    кімнен ______________________________________

                                    (Көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

Өтініш

      ________________________________________________________________байланысты

                        (лицензияны қайта ресімдеудің себебі)

      ________________________________________________________________________________

            (лицензияның атауы, валюта түрі – ұлттық және (немесе) шетел)

      ____________________________________________лицензиясын қайта ресімдеуді сұраймын.

      Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:

      1. Атауы және орналасқан жері _______________________________________________

      _______________________________________________________________________________.

            (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үйдің нөмірі, телефон, факс)

      2. Көрсетілетін қызметті алушының банктік және өзге операцияларды жүргізуге бірінші

      рет алынған лицензиясы туралы деректер:____________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________.

                  (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      3. Жіберілген құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналар және

      парақтар саны:___________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________.

      Көрсетілетін қызметті алушы және құрылтайшылар (акционерлер) өтінішке қоса

      берілген құжаттардың (ақпараттың) дұрыстығын толық растайды.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін.

      Өтінішті беруге өкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ____________________                               ______________________

            (қолы)                                           (күні)

                                                      Мөр (болған кезде) орны

  "Ислам банктері жүзеге асыратын
банктік және өзге де
операцияларды жүргізуге арналған
лицензияны беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша
  Нысан

Штат кестесі

Тегі

Аты

Әкесінің аты
(ол болған кезде)

Лауазымы

1

2

3

4

5

  "Ислам банктері жүзеге асыратын
банктік және өзге де
операцияларды жүргізуге арналған
лицензияны беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымша
  Нысан

Банктің бағдарламалық техникалық құралдарының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның талаптарына және Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасына сәйкестігін растайтын құжаттар

Құжаттың атауы

Сәйкестігі

1

2

3

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
28-қосымша

"Банктерге банк операцияларын және Қазақстан Республикасының
банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге
лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

      Ескерту. 28-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Банктерге банк операцияларын және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін жіберу:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде:

      лицензияны бергенде – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;

      лицензияны қайта ресімдеген кезде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

      көрсетілетін қызметті алушы бөліп шығару немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны қайта ресімдеген кезде – 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей;

      лицензияның телнұсқаларын бергенде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      2) құжаттарды қабылдау және беру бойынша көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 16-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда лицензия электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қызметті алушыға "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді:

      1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 80 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;

      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен артық емес;

      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 пайызын құрайды.

      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

      Лицензияны алуға немесе қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын портал арқылы алуға электрондық сұрау салынған жағдайда төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру кестесі – 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтініш;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат;

      3) жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын бермеген жағдайда, нотариат куәландырған көшірмесі);

      4) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 20-бабының талаптарына сәйкес банктің басшы қызметкерлері лауазымдарына ұсынылатын адамдардың құжаттары;

      5) банктің директорлар кеңесі бекіткен ішкі аудит қызметі туралы ереже;

      6) банктің директорлар кеңесі бекіткен кредиттік комитет туралы ереже;

      7) штат кестесі (қызметкерлердің тегін, атын және әкесінің атын (ол болған кезде) көрсете отырып);

      8) банктің бағдарламалық техникалық құралдарының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) және Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттар;

      9) ең төмен мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері.

      Көрсетілетін қызметті алушы лицензия беру туралы өтінішпен бір мезгілде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап 1 (бір) жыл ішінде барлық ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың орындалғанын, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сай келетін үй-жайдың, жабдықтың және бухгалтерлік есепке алуды және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыру бойынша бағдарламалық қамтамасыз етудің дайындалғаның, сондай-ақ тиісті қызметкерлердің қабылданғанын растайтын құжаттарды ұсынады.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы қосымша банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) еркін нысанда жазылған өтініш;

      2) банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізудің жалпы шарттары туралы қағидалар;

      3) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың (төлем тапсырмасы) көшірмесі.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге лицензияның телнұсқасын алуға (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделсе) өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) еркін нысанда жазылған өтініш;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге лицензияны айта ресімдеуге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

      2) лицензияланатын қызмет түрінен бір немесе одан көп банктік және өзге де операцияларын алып тастаған жағдайда лицензияның түпнұсқасы (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделсе);

      3) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;

      4) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмелері.

      13. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны алуға порталға өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымды төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

      3) электрондық сұрау салуға қоса тіркелетін, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы 3), 4), 5), 6) және 9) тармақшаларында (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде), 7) және 8) тармақшаларында (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3 және 4-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша электрондық құжат түрінде штат кестесі және банктің бағдарламалық техникалық құралдарының уәкілетті органның және Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттар);

      электрондық сұрау салуға қоса тіркелетін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде);

      14. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алуға (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанында ресімделсе) порталға өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымды төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).

      15. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қайта ресімдеуге порталға өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымды төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

      3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмелері (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде).

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, лицензия туралы, лицензиялық алым сомасының төленгені туралы ("электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеген жағдайда) мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті беруші осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген өшірілген не қосып жазылған, сызылған сөздері бар құжаттарды қарауға қабылдамайды.

      16. Мыналар:

      1) мына талаптардың кез келгені сақталмағанда:

      банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін:

      мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап 1 (бір) жыл ішінде барлық ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сай келетін үй-жайды, жабдықты және бухгалтерлік есеп беру мен бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыру жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындау, тиісті қызметкерлерді жалдау бойынша орындамау;

      қосымша банк операцияларын жүргізуге лицензия алу кезінде жұмыс істеп тұрған банктер үшін:

      қосымша банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін өтініш берген айдың алдындағы қатарынан 3 (үш) ай ішінде пруденциялық нормативтердің орындалуын қамтамасыз ету;

      тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуы бөлігінде уәкілетті орган белгілеген талаптардың орындалуын қамтамасыз ету;

      2) банктің мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап 1 (бір) жыл ішінде лицензия алу жөнінде өтініш жасамауы;

      3) табыс етілген құжаттардың осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 және 10-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      4) құрамына банк кіретін банк конгломератының белгіленген пруденциялық нормативтерді және басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді өтініш берілгенге дейінгі 6 (алты) ай кезеңінде сақтамауы;

      5) қоғам органдары сайлағандардың қатарынан басшы қызметкерге келісімнің берілмеуі (жаңадан құрылатын банк үшін);

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы;

      7) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеуі;

      8) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      9) сот орындаушысының ұсынысы негізінде соттың борышкер көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға уақытша тыйым салуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген құжаттар тиісінше ресімделмеген жағдайда лицензияны қайта ресімдеуден бас тартады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      17. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 19-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша жазбаша түрде жүргізіледі.

      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның аты-жөнін, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      18. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      19. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      20. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      21. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Банктерге банк операцияларын
және Қазақстан Республикасының
банк Заңнамасында көзделген
өзге де операцияларды жүргізуге
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
  Нысан

                                    Кімге_______________________________________

                                    (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

                                    кімнен______________________________________

                                    (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

Банктің және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы
өтініш

      Банк операцияларын: _______________________________________________________

                              (валюта түрін көрсету - ұлттық және (немесе) шетел):

      ________________________________________________________________________________

      өзге операцияларды: ______________________________________________________________

      ________________________________________жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын.

      Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:

      1. Атауы, орналасқан жері___________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                        (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үйдің нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

                                    (телефон, факс)

      2. Банктік және өзге операцияларды жүргізуге бірінші рет алған лицензия туралы

      деректер: _______________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                  (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      3. Жіберген құжаттардың тізбесі, әрқайсысы бойынша даналар және парақтар саны:__

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушылар, құрылтайшылар (акционерлер) өтінішке қоса

      берілген құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін толық растайды.

      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің

      пайдаланылуына келісім беремін.

      Өтініш беруге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесіінң аты (ол бар болса), лауазымы

      _______________________________________________________________________________.

      _____________________                               _____________________

            (қолы)                                           (күні)

      Мөр (болған кезде) орны

  "Банктерге банк операцияларын
және Қазақстан Республикасының
банк заңнамасында көзделген
өзге де операцияларды жүргізуге
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

                                    Кімге_______________________________________

                                    (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

                                    кімнен______________________________________

                                    (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

Өтініш

      _______________________________________________________________ байланысты

                  (лицензияны қайта ресімдеудің себебі)

      ________________________________________________________________________________

            (лицензияның атауы, валюта түрі – ұлттық және (немесе) шетел)

      _____________________________________________лицензиясын қайта ресімдеуді сұраймын

      Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:_______________________________

      _______________________________________________________________________________:

      1. Атауы және орналасқан жері _______________________________________________

      _______________________________________________________________________________.

            (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үйдің нөмірі, телефон, факс)

      2. Банктік және өзге операцияларды жүргізуге бірінші рет алынған лицензиясы туралы

      деректер:________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________.

                  (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      3. Жіберілген құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналар және

      парақтар саны: __________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________.

      Көрсетілетін қызметті алушы және құрылтайшылар (акционерлер) өтінішке қоса

      берілген құжаттардың (ақпараттың) дұрыстығын толық растайды.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін.

      Өтінішті беруге өкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ____________________                              ______________________

            (қолы)                                           (күні)

      Мөр (болған кезде) орны

  "Банктерге банк операцияларын
және Қазақстан Республикасының
банк заңнамасында көзделген
өзге де операцияларды жүргізуге
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша
  Нысан

Штат кестесі

Тегі

Аты

Әкесінің аты
(ол бар болса)

Лауазымы

1

2

3

4

5

  Банктерге банк операцияларын
және Қазақстан Республикасының
банк заңнамасында көзделген
өзге де операцияларды жүргізуге
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымша
  Нысан

Банктің бағдарламалық техникалық құралдарының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның талаптарына және Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасына сәйкестігін растайтын құжаттар

Құжаттың атауы

Сәйкестігі

1

2

3

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
71 қаулысына
29-қосымша

"Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 29-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – 2 (екі) ай ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау және беру бойынша қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған кезден бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының атына көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының тиісті қаулысының көшірмесін қоса бере отырып, банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру және көрсетілетін қызметті берушінің рұқсатын беру туралы хат не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберу.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда, нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру кестесі – 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банкті (банк холдингін) ерікті қайта ұйымдастыруға (біріктіруге, қосуға, бөлуге, бөліп шығаруға, қайта құруға) рұқсат алуға арналған өтінішхат;

      2) көрсетілетін қызметті алушының жоғары органының оны ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешiмi;

      3) көрсетілетін қызметті алушыны ерікті түрде қайта ұйымдастырудың болжамды талаптарын, нысандарын, тәртiбi мен мерзiмдерiн сипаттайтын құжаттар;

      4) көрсетілетін қызметті алушыны ерікті түрде қайта ұйымдастырғаннан кейiнгi және/немесе көрсетілетін қызметті алушыны ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесiнде құрылған заңды тұлғалардың есеп айырысу балансын қоса алғанда, ерікті түрде қайта ұйымдастыру салдарының қаржылық болжамы.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардан басқа біріктіру нысанында ерікті қайта ұйымдастыруға рұқсат алу туралы өтінішхатқа қоса қайта ұйымдастырылатын банктердің атқарушы органдарының бірінші басшылары қол қойған біріктіру туралы шарт беріледі.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушы - банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізу үшін өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банкті ислам банкіне айналдыру нысанында оны ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы өтініш;

      2) банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған көрсетілетін қызметті алушы - банк акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі;

      3) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 52-15-баптарының талаптарына сәйкес келетін көрсетілетін қызметті алушы - банкті ислам банкіне айналдыру бойынша іс-шаралар жоспары;

      4) көрсетілетін қызметті алушы - банкті ислам банкіне айналдыру салдарының қаржылық болжамы (көрсетілетін қызметті алушы - банктің бухгалтерлік балансы болжамы және кірістері мен зияндары туралы есеп, көрсетілетін қызметті алушы - банктің пруденциалдық нормативтерінің есебі, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушы - банкті ислам банкіне айналдыру аяқталғаннан кейін шоғырландырылған негіздегі есебі).

      Көрсетілетін қызметті алушы - банкті ислам банкіне айналдыру салдарының қаржылық болжамына мына көрсеткіштердің қысқамерзімді, ортамерзімді және ұзақмерзімді талдауы кіреді:

      айналдыру рәсімі аяқталғаннан кейін қаржылық есептілік негізінде меншік активтеріне және меншік капиталына тиімділігі (таза пайданың активтердің орташа мәніне және меншік капиталының орташа мәніне қатынасы);

      салалар, валюталар, қаржы құралдарының түрлері, айналдыру рәсімі аяқталғаннан кейін өтегенге дейінгі мерзім бойынша инвестициялық портфель құрылымы бойынша болжам;

      5) көрсетілетін қызметті алушы - банкті ислам банкіне айналдыру кезеңіне және ислам банкінің банктік және өзге де операциялар жүргізуге лицензия алғаннан кейінгі 3 (үш) жылға мынадай ақпараты бар бизнес-жоспар:

      көрсетілетін қызметті алушы - банктің мақсаттары мен міндеттерін және ислам банкінің банктік және өзге де операцияларының түрлерін сипаттау;

      көрсетілетін қызметті алушы - банк қызметін талдау (сыртқы және ішкі ортасын талдау);

      көрсетілетін қызметті алушы - банкті ислам банкіне айналдыру кезеңіне және банкті ислам банкіне айналдырғаннан кейінгі келесі 3 (үш) қаржы (операциялық) жылға банк қызметін даму стратегиясы мен көлемі;

      көрсетілетін қызметті алушы - банкті ислам банкіне айналдыру кезеңіне және көрсетілетін қызметті алушы - банкті ислам банкіне айналдырғаннан кейінгі келесі 3 (үш) қаржы (операциялық) жылға банктің егжей-тегжейлі жылдық қаржылық жоспары, оған негізгі қаржы көрсеткіштері, бюджет, бухгалтерлік баланс, кірістер мен зияндар туралы есеп, бизнес-жоспарды қаржыландырудың көздері мен көлемі кіреді;

      тәуекелдерді басқару жоспары (ислам банкінің қызметін жүзеге асыруға байланысты тәуекелдердің сипаттамасы және көрсетілетін қызметті алушы - банкті ислам банкіне айналдыру кезеңінде және көрсетілетін қызметті алушы - банкті айналдырғаннан кейін кейінгі 3 (үш) қаржы (операциялық) жылында оларды басқару тәсілдері) көрсетілетін қызметті алушы - банктің қызметін және оның қаржылық жай-күйін көрсетілетін қызметті алушы - банктің директорлар кеңесінің, басқарманың тарапынан тиімді бақылауды, оның ішінде мыналарды:

      корпоративтік басқарудың тиісті практикасын және іскерлік этика мен мәдениеттің тиісті деңгейін;

      көрсетілетін қызметті алушы - банктің және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын;

      көрсетілетін қызметті алушы - банк капиталының ол қабылдайтын тәуекелдердің деңгейіне сәйкестігін қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді уақтылы анықтау, өлшеу, бақылау және мониторингі арқылы көрсетілетін қызметті алушы - банктің тәуекелдерін тиімді басқаруды;

      көрсетілетін қызметті алушы - банктің және оның қызметкерлерінің қызметіндегі кемшіліктерді уақтылы анықтау мен жоюды;

      болжанбаған немесе төтенше жағдайларды шешу үшін көрсетілетін қызметті алушы - банкте барабар тетіктер құруды;

      көрсетілетін қызметті алушы - банктің қаржылық жағдайын жақсарту жөнiндегi іс-шаралардың (банктің меншікті капиталын пруденциялық нормативтер және басқа да сақталуы мiндеттi нормалар мен лимиттер орындалатын мөлшерге дейін қалпына келтіруге бағытталған шығыстарды төмендету жөніндегі шаралар, қосымша қаржылық салымдар (ақша сомасын жәе ақша салу көздерін көрсете отырып), қосымша кiрiстер алу жөнiндегi іс-шаралар және басқа да іс-шаралар) егжей-тегжейлі сипаттамасын;

      көрсетілетін қызметті алушы - банкті қаржылық қаржылық жағдайын жақсарту жөнiндегi iс-шаралардың күнтiзбелiк орындалу мерзiмдерiн;

      қаржылық жағдайын жақсарту жөнiндегi іс-шаралардың болжамды экономикалық нәтижесiн (пруденциялық нормативтердің өзгеру динамикасы, көрсетілетін қызметті алушы - банктің меншiктi капиталы мөлшерiнiң өзгеруі, көрсетілетін қызметті алушы - банктің қаржылық және басқа да көрсеткiштерiнiң өзгеруі) қамтамасыз ету арқылы жүзеге асыруды қамтамасыз ететін ақпаратты қамтиды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар көрсетілетін қызметті алушы - банктің осындай құжаттарға қол қою құқығы бар лауазымды адамдарының қолдарымен және көрсетілетін қызметті алушы - банктің мөр бедерімен (бар болса) расталады

      11. Көрсетілетін қызметті алушы - банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті қайта ұйымдастыру үшін ұсынылған құжаттарға ескертулер болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы - банкке осы ескертулерді көрсете отырып, пошта, факсимильді байланыс және (немесе) электрондық почта арқылы оларды жою мерзімін көрсетіп хат жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы - банк ұсынылған құжаттар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің ескертулерін ол белгілеген мерзімде жоймаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіз бойынша көрсетілетін қызметті алушы – банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беруден бас тартады.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 2) және екінші бөлігінде (құжаттардың PDF форматтағы электрондық көшірмелері түрінде), 3) және 4) (электрондық құжат түрінде) тармақшаларында, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында (құжаттардың PDF форматтағы электрондық көшірмелері түрінде) көрсетілген электрондық сұрау салуға қоса тіркелетін құжаттар.

      Көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      13. Мыналар:

      1) қайта ұйымдастырылатын көрсетілетін қызметті алушылардың жоғары органдарының тиісті шешiмдерінің болмауы;

      2) болжанатын қайта ұйымдастыру нәтижесінде депозиторлар мүдделерінің бұзылуы;

      3) болжанатын қайта ұйымдастыру нәтижесінде пруденциялық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің бұзылуы;

      4) болжанатын қайта ұйымдастыру нәтижесінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылуы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

      5) көрсетілетін қызметті берушінің ұсынылған құжаттар бойынша ескертулерін ол белгілеген мерзімде жоймауы;

      6) көрсетілетін қызметті алушы - банкті ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының Заңның 52-15-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;

      7) бизнес-жоспардың осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағының 5) тармақшасында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;

      8) көрсетілетін қызметті алушы – банкті ислам банкіне айналдыру салдарларының қаржылық болжамында көрсетілетін қызметті алушы - банкті ислам банкіне айналдыру салдарынан көрсетілетін қызметті алушы - банктің қаржылық жай-күйі нашарлайтынын болжау;

      9) көрсетілетін қызметті алушы - банктің және (немесе) банк конгломератының пруденциялық нормативтерді және (немесе) басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді бұзуы және көрсетілетін қызметті алушы - банкке қатысты көрсетілетін қызметті алушы - банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беру туралы өтінішті беру күнінің алдындағы қатарынан күнтізбелік 3 (үш) ай ішінде санкциялардың болуы;

      10) көрсетілетін қызметті алушы - банкті ислам банкіне болжамды айналдыру нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушы - банк депозиторлары мүдделерінің бұзылуы негіз болып табылады.

      Осы тармақтың 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері банктің ислам банкіне айналуы нысанындағы ерікті түрде қайта ұйымдастыру жағдайында қолданылады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      14. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігі) шағымдану көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 16-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша жазбаша түрде жүргізіледі.

      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда, шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он) бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      17. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      18. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Банкті (банк холдингін) ерікті
түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
  Нысан

      № ___ күні ____________

                                                      Қазақстан Республикасы

                                                      Ұлттық Банкінің Төрағасына

Банкті (банк холдингін) ерікті қайта ұйымдастыруға (біріктіруге, қосуға, бөлуге, бөліп шығаруға, қайта құруға) рұқсат беруге арналған
өтінішхат

      ________________________________________________________________________________

                        (көрсетілетін қызметті алушының атауы)

      көрсетілетін қызметті алушы акционерлерінің жалпы жиналысының_____________________

      ________________________________________________________________________________

                                    (өткізілген орны)

      ___________________ ____ жылғы "__" ________________ № ___________шешіміне сәйкес

      көрсетілетін қызметті алушыны____________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушыны ерікті қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылатын заңды

                                          тұлғаға (тұлғаларға)

      ________________________________________________________________________________

      (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) (қажеттісінің асты сызылсын) арқылы ерікті

                        қайта ұйымдастыруға рұқсат беруді сұрайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішхатқа қоса берілген құжаттар мен мәліметтердің

      дәйектілігіне, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушіге өтінішхатты қарауға байланысты

      сұратылатын ақпараттың және құжаттардың дер кезінде берілуіне толық жауап береді.

      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін.

      Қоса берілетін құжаттар (жіберілетін құжаттардың атаулары бар тізбе, әрқайсысы

      бойынша дана мен бет саны көрсетілсін):

      Көрсетілетін қызметті алушы - банк акционерлерінің атынан уәкілетті адам (тегі, аты,

      әкесінің аты (ол бар болса), аталған өкілеттіктерді алуға негіз болып табылатын құжатқа

      сілтеме)________________________________________________________________________.

      __________________________

            (қолы)

      Мөр (бар болса) орны

  "Банкті (банк холдингін) ерікті
түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
  Нысан

      № ____________

      күні ____________

                                                ______________________________

                                                ______________________________

                                                      (көрсетілетін қызметті

                                                берушінің бірінші басшысы)

Банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы өтініш

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                              (көрсетілетін қызметті алушының атауы)

      көрсетілетін қызметті алушы жалпы жиналысының ___________________________________

      ________________________________________________________________________________

                              (өткізілген орны)

      ___________________ ____ жылғы "__" ________________ № ___________шешіміне сәйкес

      көрсетілетін қызметті алушыны ____________________________________________________

      ____________________________________________________________________ислам банкіне

      (көрсетілетін қызметті алушыны ислам банкіне айналдыру нәтижесінде құрылатын ислам

                                    банкінің атауы)

      айналдыру нысанында ерікті қайта ұйымдастыруға рұқсат беруді сұрайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы - банк өтінішке қоса берілетін құжаттар мен

      мәліметтердің дәйектілігін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті қарауға

      байланысты сұратылатын қосымша ақпараттың және құжаттардың дер кезінде берілуін толық

      растайды.

      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін.

      Қоса берілетін құжаттар (жіберілетін құжаттардың атаулары бар тізбесі, әрқайсысы

      бойынша дана мен бет саны көрсетілсін):____________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушы - банк акционерлерінің атынан уәкілетті адам (тегі, аты,

      әкесінің аты (ол бар болса), аталған өкілеттіктерді алуға негіз болып табылатын құжатқа

      сілтеме)________________________________________________________________________.

      _____________

      (қолы)

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
30-қосымша

"Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 30-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде:

      лицензияны бергенде – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;

      лицензияны қайта ресімдегенде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

      лицензияның телнұсқаларын бергенде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау және беру бойынша қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, телнұсқаларын не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13 және 14-тармақтарында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда лицензия электрондық нысанда ресімделеді және қағазға басылады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленеді:

      1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 5 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;

      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен артық емес;

      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 пайызы болады.

      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

      Лицензияны алуға немесе қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын портал арқылы алуға электрондық сұрау салынған жағдайда төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кестесі - сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша актуарлық қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтініш;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;

      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша лицензияны алуға көрсетілетін қызметті алушы туралы мәлімет;

      4) жоғары білімі туралы дипломның нотариат куәландырған көшірмесі;

      5) көрсетілетін қызметті алушының лицензия алуға оқудан өткендігін және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасында көрсетілген тақырыптар тізбесін қамтитын Актуарийлерді оқытудың мiндеттi ең төменгі бағдарламасы бойынша тиісті емтихандарды ойдағыдай тапсырғандығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (жоғары білімi бар және көрсетiлген бағдарлама бойынша оқудан өткен жеке тұлғалар үшін) немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес Актуарийлерді оқытудың мiндеттi ең төменгі бағдарламасына қатысты әрбір курс бойынша 80% (сексен) пайыздан кем емес рейтингі бар "Актуарий" мамандануы бойынша іскерлік әкімшілік магистрі дипломының немесе "Қаржы" мамандығы, "Актуарий" мамандануы бойынша экономика және бизнес магистрі дипломының көшірмесі;

      6) актуарийлердің (актуарий мәртебесі бар және (Актуарийлердің Халықаралық Қауымдастығының толық мүшесі мәртебесі бар актуарийлердің қоғамының (қоғамның немесе өзге де бірлестіктің) мүшесі (толық мүшесі) болып табылатын жеке тұлға үшін тиісті қауымдастығының (қоғамның немесе өзге де бірлестіктің) ұсынымхаты;

      7) актуарийдің мәртебесін, актуарийлер қауымдастығына мүшелігін (толық мүшелігін) және осы қауымдастықтың Халықаралық актуарлық қауымдастықтың толық мүшесі ретіндегі мәртебесін (актуарий мәртебесі бар және Халықаралық актуарлық қауымдастықтың толық мүшесі мәртебесіне ие актуарийлер қауымдастығының мүшесі (толық мүшесі) болып табылатын жеке тұлғалар үшін) растайтын құжаттардың көшірмелері.

      10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге (егер бұдан бұрын берілген лицензия қағаз нысанында ресімделген болса) өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) еркін нысанда жазылған өтініш;

      2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қайта ресімдеу үшін өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша актуарлық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш;

      2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;

      3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмелері ұсынылады.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы порталға өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      лицензия алу үшін:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымды төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 3) (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес мәліметтердің электрондық түріндегі), 4) 5), 6), және 7) (құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі) тармақшаларында көрсетілген электрондық сұрау салуға қоса тіркелетін құжаттар.

      Лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұдан бұрын берілген лицензия қағаз нысанында ресімделген болса):

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеген жағдайларды қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымды төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).

      Лицензияны қайта ресімдеу үшін:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеген кезде жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымды төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

      3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмелері (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) ұсынылады.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар, лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      13. Мыналар:

      1) мына негіздер бойынша лицензиядан айыру туралы деректер болғанда:

      лицензияның қолданылуын бірнеше мәрте тоқтата тұру (қатарынан 12 (он екі) айдың ішінде екі рет);

      актуарлық есеп айырысулар жүргізген, сондай-ақ тәуелсіз актуарий ретінде қызметті жүзеге асыру барысында алынған мәліметтерді, және сақтандыру құпиясының немесе коммерциялық құпияның мәнін құрайтын мәліметтерді үшінші тұлғаларға (уәкілетті органды қоспағанда) жария еткен немесе берген;

      көрсетілетін қызметті алушының өзі анықтаған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерін қалыптастыру жөніндегі талаптарды сақтамау фактілерін кешіктірмей уәкілетті органға хабарлау жөніндегі талаптарды орындамаған;

      2) көрсетілетін қызметті беруші жүргізген тестілеудің нәтижесі теріс болған;

      3) жеке тұлғалардың осы санаты үшін қызметтің осы түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған;

      4) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялануға тиісті қызметті немесе жекелеген қызмет түрін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;

      6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот борышкер көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға уақытша тыйым салған жағдайларда, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

      14. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 11-тармағында көрсетілген құжаттар тиісінше ресімделмеген жағдайда, лицензияны қайта ресімдеуден бас тартады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      15. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 17-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша жазбаша түрде жүргізіледі.

      Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда, шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      16. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      17. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      18. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      19. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Актуарлық қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша

Актуарлық қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру туралы
өтініш

      ________________________________________________________________________________

                        (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

            (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      Сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беруді сұраймын.

      "Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету

      үшін қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін.

      Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:

      1. Туған жылы _____________________________________________________________

      2. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері______________________________

      ________________________________________________________________________________

            (сериясы, нөмірі, берілген күні, құжатты берген органның атауы)

      3. Білімі __________________________________________________________________

                              (бітірген жылы, мамандығы,

      ________________________________________________________________________________

                              оқу орнының атауы)

      4. Тұрғылықты жері ________________________________________________________

      5. Жұмыс орны, лауазымы ___________________________________________________

      6. Телефон нөмірі (қаланың коды, жұмысының және үйінің)______________________

      ________________________________________________________________________________

      7. Қоса берілетін құжаттар:___________________________________________________

      ______________________________________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қоса берілетін құжаттардың (ақпарат)

      дәйектілігіне толық жауап береді.

      ______________       ___________________________________________________

            (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      20____ жылғы "____"__________________

  "Актуарлық қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
  Нысан

Көрсетілетін қызметті алушының суреті

Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер

      1. Жалпы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

___________________________________________________________
___________________________________________________________
(толығынан жеке басын куәландыратын құжатқа (төлқұжатымен) сәйкес, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) өзгерген жағдайда: қашан және қандай себеппен олар өзгертілгені көрсетілсін)

Туған күні мен жері

Тұрақты тұратын жері, телефон нөмірлері

___________________________________________________________
___________________________________________________________
(елді мекеннің кодын қоса алғанда, толық мекенжайы, қызметтік, үй, байланыс телефондарының нөмірлері көрсетілсін)

Азаматтығы

Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері

      Сақтандыру ұйымдарында немесе олармен үлестес ұйымдарда жұмыс істейтін жақын

      туысқандары, жекжаттары туралы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Туған жылы

Туыстық немесе жекжаттық түрі көрсетілсін

Жұмыс орны және лауазымы

1

2

3

      Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей немесе жанама қатысуы:

Атауы және орналасқан жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Сіздің қатысу сомаңыз бен үлесіңіз

1

2

3

      2. Кәсіптік деректері:

Білімі

___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
(оқу орнының, факультеттің немесе бөлімнің атауы мен орналасқан жері, оқу кезеңі, берілген біліктілігі, білімі туралы дипломның деректемелері (күні, нөмірі) көрсетілсін)

Актуарийдің біліктілік емтихандарын тапсырғандығы туралы мәліметтер

Емтихан тапсырған күні, емтихан тапсырғандығын растайтын құжат

Қосымша білімі, оның ішінде жұмыс істейтін салада біліктілігін көтеру курстары, ғылыми дәрежелері

___________________________________________________________
___________________________________________________________
(оқу орнының атауы мен орналасқан жері, оқу кезеңі, білімі туралы дипломның, сертификаттың, куәліктің деректемелері)

Қаржылық қызмет көрсету саласындағы, оның ішінде жұмыс істеуге ниетті саладағы жұмыс тәжірибесі

___________________________________________________________
___________________________________________________________
(қаржы ұйымдарында істеген, аудитор, қызмет түрлері бойынша бухгалтер қызметін атқарған жылдардың саны көрсетілсін)

Бар жетістіктері

___________________________________________________________
___________________________________________________________
(осы мәселе бойынша ақпарат, мысалы, ғылыми жарияланымдарының атауы, ғылыми әзірлемелерге, заң жобаларына қатысуы көрсетілсін)

Кәсіби ұйымдардағы мүшелігі

___________________________________________________________
___________________________________________________________
(осы мәселе бойынша ақпарат, мысалы, Актуарийлер қоғамы, Аудиторлар палатасы көрсетілсін)

Осы мәселеге қатысы бар басқа ақпарат

___________________________________________________________
___________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының кәсіби біліктілігін сипаттайтын ақпарат көрсетілсін)

      Еңбек жолы туралы мәліметтер:

Жұмыс істеген кезеңі

Ұйымның атауы, атқаратын лауазымы және лауазымдық міндеттері, ұйымның байланыс деректері

1

2

3

      Мен (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), ___________________________________, осы ақпаратты мұқият тексергенімді және дәйекті әрі толық болып табылатынын растаймын және мен берген мәліметтердің арасында дәйексіз мәліметтердің болуы актуарлық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан айыруға негіз болып табылатындығын мойындаймын.

      __________________

      (қолы, күні)

  "Актуарлық қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша

Актуарийлерді оқытудың міндетті ең төменгі бағдарламасы

      Актуарийлерді оқытудың ең төменгі бағдарламасы алты курстан тұрады, олардың әрқайсысы бойынша жеке емтихан жүргізіледі.

      Алғашқы екі курсы 2001 жылғы 1 маусымнан бастап базалық және міндетті, ал кейінгі төртеуі - арнайы және міндетті болып табылады: үшінші және төртінші курстар - 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап, бесінші және алтыншы курстар - 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап.

      Курстардың тақырыптары және курстардың мазмұнына қосылған бөлімдердің ең аз тізбелеріне мыналар кіреді:

      1-курс. Өмірді сақтандырудағы пайыздық мөлшерлемелер мен кездейсоқ процестер теориясы:

      1) жай және күрделі пайыздар негіздері;

      2) аннуитеттер құрудың қағидаттары;

      3) қарыздар және оларды өтеу кестелері;

      4) борыштық бағалы қағаздар;

      5) өмір ұзақтығының кестесі;

      6) өмірді сақтандыру бойынша аннуитеттер;

      7) бірнеше адамның өмірін сақтандыру теориясы;

      8) зейнетақылар.

      2-курс. Актуарлық қағидаттар және олардың қосымшалары:

      1) бір адамның өмірі мен денсаулығын сақтандыру;

      2) өмірді және денсаулықты топтық сақтандыру;

      3) мүгедектікті сақтандыру;

      4) жалпы сақтандыру;

      5) қайта сақтандыру;

      6) зейнетақы;

      7) әлеуметтік сақтандыру;

      8) инвестициялар.

      3-курс. Жалпы сақтандыру және қайта сақтандыру:

      1) жалпы сақтандыру қағидаттары;

      2) сақтандыру өнімдерін жасау;

      3) андеррайтинг;

      4) сақтандырудағы баға белгілеу;

      5) сақтандыру резервтері;

      6) пайда функциялары;

      7) дәйектілік теориясы;

      8) қайта сақтандыру және оның түрлері.

      4-курс. Өмірді және денсаулықты сақтандыру:

      1) бiр адамның өмiрiн сақтандыру;

      2) сақтандыру өнiмдерiн жасау және андеррайтинг;

      3) баға белгiлеу: сақтандыру сыйлықақыларын есептеудiң түрлi әдiстерi;

      4) сақтандыру резервтерiн қалыптастыру әдiстерi;

      5) медициналық сақтандыру;

      6) медициналық сақтандыруда баға белгiлеу және сақтандыру резервтерiн қалыптастыру;

      7) өмірді және денсаулықты топтық сақтандыру;

      8) шағымдар бойынша шығыстарды бағалау және сақтандыру сыйлықақыларын есептеу;

      9) өмірді және денсаулықты топтық сақтандыру кезіндегі сақтандыру резервтерi.

      5-курс. Зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтiк сақтандыру:

      1) зейнетақы жинақтарының қағидаттары;

      2) зейнетақы бағдарламалары: мемлекеттік және жеке;

      3) жарналары мен төлемдерi белгiленген зейнетақы жоспарлары;

      4) төлемдерi белгiленген зейнетақы жоспарларының түрлерi;

      5) төлемдерi белгiленген зейнетақы жоспарларын қаржыландыру;

      6) жарналары белгiленген зейнетақы жоспарларының түрлерi;

      7) жарналары белгiленген зейнетақы жоспарлары бойынша төлемдер;

      8) жарналары мен төлемдерi белгiленген зейнетақы жоспарларындағы тәуекелдердi бағалау;

      9) әлеуметтiк сақтандыру қағидаттары;

      10) әлеуметтiк сақтандыру жүйелерiнiң түрлерi;

      11) әлеуметтiк сақтандыруды қаржыландыру әдiстерi;

      12) әлеуметтiк сақтандырудың артықшылықтарын салыстырмалы талдау және оны қаржыландырудың әртүрлі әдістерінің құнын бағалау.

      6-курс. Сақтандыру ұйымдары және зейнетақы қорлары: қаржыландыру және инвестициялау:

      1) инвестиция түрлерi: акциялар, кiрiсi белгiленген бағалы қағаздар, валюта нарықтарының құралдары және туынды құралдар;

      2) тәуекел және кірістілік;

      3) сақтандыру ұйымдарының, зейнетақы қорларының, әлеуметтiк сақтандырудың трастық қорлардың активтерi мен инвестициялары;

      4) сақтандыру ұйымдарының инвестициялық тәуекелдерi;

      5) сақтандыру ұйымдарына арналған қаржылық жоспарлау: активтер мен мiндеттемелердiң арақатынасы;

      6) сақтандыру ұйымдарын капиталдандыруға қойылатын талаптар;

      7) сақтандыру және сақтандыру қызметi, салық салу, сақтандыру нарығындағы бухгалтерлiк есеп жөніндегі заңнама.

  "Актуарлық қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
4-қосымша
  Нысан

Актуарлық қызметтi жүзеге асыруға берілген лицензияны қайта ресімдеу туралы
өтініш

      ________________________________________________________________________________

                        (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

                        (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      _____________________________________________________________________байланысты

                  (лицензияны қайта ресімдеу себебі көрсетілсін)

      _____________________________________________лицензияны қайта ресімдеуді сұраймын.

            (лицензияның атауы көрсетілсін)

      Жеке тұлға туралы мәліметтер:

      1. Туған жылы _____________________________________________________________

      2. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері ______________________________

      ________________________________________________________________________________

            (сериясы, нөмірі, берілген күні, құжатты берген органның атауы)

      3. Білімі___________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                  (бітірген жылы, мамандығы, оқу орнының атауы)

      ________________________________________________________________________________

      4. Тұрғылықты жері ________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      5. Жұмыс орны, лауазымы ___________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      6. Телефон нөмірі (қаланың коды, жұмысының және үйінің)______________________

      ________________________________________________________________________________

      7. Қоса берілетін құжаттар: __________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      Актуарий өтінішке қоса берілетін құжаттардың (ақпарат) дәйектілігіне толық жауап

      береді.

      ______________       _______________________________________________________

            (қолы)                   (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      20____ жылғы "____"__________________

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
31-қосымша

"Өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 31-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде:

      лицензия берген кезде – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;

      лицензияны қайта ресімдеген кезде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

      көрсетілетін қызметті алушыны бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырған жағдайда, лицензияны қайта ресімдеген кезде – 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей;

      лицензияның телнұсқаларын берген кезде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау және беру бойынша қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 17, 18 және 19-тармақтарында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда, лицензия электрондық нысанда ресімделеді және қағазға басылады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленеді:

      1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 50 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;

      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен артық емес емес;

      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 пайызы болады.

      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

      Лицензияны алуға немесе қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын портал арқылы алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда, төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кестесі - сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;

      2) порталдікі – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру кестесі тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініш жасаған кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;

      3) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін барлық ұйымдастыру-техникалық, оның ішінде бухгалтерлік есеп және бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыру мәселелері бойынша іс-шаралардың орындалғанын білдіретін құжаттар;

      4) барлық өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге (бар болса) жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда, жарғының нотариат куәландырған көшірмесі);

      5) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы 34-бабының талаптарына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын адамдардың құжаттары;

      6) жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері, оның ең төменгі мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген.

      Құрылтайшылар, акционерлер көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін төлегенін растайтын төлем құжаттары (төлем тапсырмасы, кіріс касса ордерлері), сондай-ақ бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік жарғылық капиталдың толық төленгендігін растайтын құжаттар болып табылады;

      7) сақтандыру қызметін немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асырудың ішкі қағидалары, олар мыналарды айқындауға тиіс:

      шаруашылық қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерді қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушы бөлімшелерінің құрылымын, міндетін, функцияларын және өкілеттігін;

      ішкі аудит қызметінің және басқа да тұрақты жұмыс істейтін органдардың құрылымын, мүшелер санын, міндеттерін, функцияларын және өкілеттіктерін;

      көрсетілетін қызметті алушының техникалық (сақтандыру), инвестициялық, кредиттік, операциялық, нарықтық және басқа да тәуекелдерді басқару бойынша саясатын ашатын тәуекелдерді басқару жүйесін;

      шаруашылық қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерді қоспағанда, құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқығы мен міндеттерін;

      көрсетілетін қызметті алушының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің оның атынан және оның есебінен мәмілелерді жүзеге асырған кезде өкілеттіктерін;

      8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын немесе ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат алу кезінде ұсынылған бизнес-жоспарға сәйкес жүргізілген ұйымдастыру іс-шаралары туралы есеп;

      9) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының штатында актуарийдің болуы туралы мәліметтер;

      10) мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ішкі аудит қызметі туралы ереже:

      ішкі аудит қызметінің құрылымы туралы ақпарат;

      ішкі аудит қызметінің міндеттері мен функциялары;

      ішкі аудит қызметінің құқықтары мен міндеттері;

      ішкі аудит қызметінің басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-әрекет жасау тәртібі туралы ақпарат;

      өзі жүзеге асыратын қызметтің сипаты мен ауқымдарын ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бүкіл қызметін немесе бөлігін аудиторлық тексеру кезеңділігі;

      11) акционерлердің жалпы жиналысының исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша кеңесті тағайындау туралы шешімі (ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін).

      Осы тармақтың бірніш бөлігінде берілген талаптар жұмыс істеп тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына немесе ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтініш береген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар, еркін нысанда жасалған өтініш;

      2) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшiрмесi;

      3) актуарий қол қойған сақтандырудың сыныбы (сыныптары) бойынша бизнес-жоспар.

      Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспарда мынадай ақпарат:

      сақтандыру сыныбы бойынша жабылатын тәуекелдердің негізгі сипаттамалары;

      сақтандыру портфелінің құрылымындағы сақтандыру сыныбы үлесінің; сақтандыру сыныбы бойынша қызметтер көрсету нарығы сегментінің (нарық көлемінің, әлеуетті сақтанушылардың, географиялық орнының) негізгі сипаттамалары;

      сақтандыру өнімдерін сақтандыру сыныбы шеңберінде сату тәсілдерінің негізгі сипаттамалары;

      сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібіне және олардың экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар;

      осы сақтандыру сыныбы бойынша таяудағы 2 (екі) жылға арналған, пайдалар, шығындар, сақтандыру резервтерінің есептері туралы болжам, шығындылық болжамы, ең нашар және ең жақсы жағдайдағы тәуекелдерді бағалау, пруденциялық нормативтердің сақталу болжамы;

      қайта сақтандыру немесе исламдық қайта сақтандыру саясаты (қайта сақтандыру немесе исламдық қайта сақтандыру нысандары мен әдістері, қайта сақтандыру ұйымдарын немесе исламдық қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау өлшемдері);

      инвестициялық саясат қамтылуға тиіс.

      Инвестициялық саясат бойынша ақпаратта мынадай мәліметтерді:

      инвестициялау мақсатын;

      инвестиция түрлері бойынша әртараптандыруды және активтердің сапасын бағалауды қоса алғанда, инвестициялық портфельді және оның кірістілігін қалыптастыруды;

      активтердің түріне, сондай-ақ сырттан активтер тартуға қарай инвестициялық шектеулерді;

      инвестициялық саясатқа жауапты ұйымның тұлғаларын ашып көрсету қажет.

      Актуарий қол қойған сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспар көрсетілетін қызметті берушіге тігілген және нөмірленген түрде бір данада беріледі. Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспардың алғашқы бетінде жоғары оң бұрышында мынадай айқындама болуы тиіс: "(Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның атауы) Директорлар кеңесі бекітті. 20__жылғы "__"_____________ № ______ хаттамасы". Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспардың соңғы бетінің екінші жағына көрсетілетін қызметті алушының мөрі басылады (ол бар болса).

      Сақтандыру қызметін немесе ислам сақтандыру қызметін сақтандырудың бірнеше сыныптары бойынша жүзеге асыру құқығына лицензия алуға өтініш берген кезде сақтандыру сыныбы бойынша бір бизнес-жоспар ұсынылады;

      4) уәкілетті орган белгілеген тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуы бөлігіндегі талаптардың орындалуын растайтын құжаттар.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұдан бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекетті қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) еркін нысанда жазылған өтініш;

      2) "электрондық үкімет" төлем шлюзі бойынша төлем жасалған жағдайларды қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекетті қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) "электрондық үкімет" төлем шлюзі бойынша төлем жасалған жағдайларды қоспағанда, лицензия қайта ресімделген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

      3) лицензияланатын қызмет түрінен сақтандыру қызметінің бір немесе бірнеше сыныбы алынып тасталған жағдайда, лицензияның түпнұсқасы (егер бұдан бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса);

      4) Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелін беруді растайтын құжаттар (лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары алынып тасталған жағдайда);

      5) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмелері ұсынылады.

      13. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны алу үшін портал арқылы өтініш берген кезде мемлекетті қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкімет" төлем шлюзі бойынша төлем жасалған жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 3) (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәліметтердің электрондық нысаны түріндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес келетін барлық ұйымдастыру-техникалық, оның ішінде бухгалтерлік есеп және бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыру мәселелері бойынша іс-шаралар орындалғанын білдіретін құжаттар), 4), 6), және 11) (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде), 5) ("Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының талаптарына сәйкес), 7), 8) және 10) (электрондық құжаттар түрінде), 9) (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтердің электрондық нысаны түрінде) тармақшаларында, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағының 3) және 4) (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) тармақшаларында көзделген электрондық сұратуға қоса берілетін құжаттар.

      14. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алу үшін портал арқылы өтініш берген кезде мемлекетті қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі (егер бұдан бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса):

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкімет" төлем шлюзі бойынша төлем жасалған жағдайларды қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымды төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).

      15. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қайта ресімдеу үшін портал арқылы өтініш берген кезде мемлекетті қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкімет" төлем шлюзі бойынша төлем жасалған жағдайларды қоспағанда, лицензия қайта ресімделген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

      3) электрондық сұрау салуға қоса берілетін, құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелін беруді растайтын құжаттар (лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары алынып тасталған жағдайда);

      4) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмелері (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) ұсынылады.

      16. Көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, лицензиялық алым сомасын төлеу туралы ("электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеген жағдайда) мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      17. Мыналар:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын немесе ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу кезiнде бизнес-жоспарда көрсетiлген талаптарды орындау мерзiмi аяқталғанға дейiн көрсетілетін қызметті алушының сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтініш беруі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болып табылады. Осы талап мыналарды:

      сақтандырудың жаңа сыныптары мен түрлерін енгізу;

      сақтандырудың жекелеген сыныптары мен түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру тәртібін және талаптарын өзгертуді көздейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері қабылданған жағдайларда қолданылмайды;

      2) егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап 6 (алты) ай ішінде көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензия алуға өтініш бермегеуі;

      3) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;

      4) құрамына көрсетілетін қызметті алушы кіретін сақтандыру тобының өтініш бергенге дейінгі алты ай ішіндегі кезеңде белгіленген пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы;

      5) қоғамның органдары таңдағандар қатарынан басшы қызметкердің келісілмеуі (жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін);

      6) заңды тұлғалардың осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қызметтің түрімен айналысуға тыйым салынуы;

      7) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеуі;

      8) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      9) сот орындаушысының ұйғарымы негізінде көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге соттың лицензия беруге уақытша тыйым салуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

      18. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 17-тармағында берілген негіздермен қоса, сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны беруден бас тарту мынадай негіздер бойынша жүргізіледі:

      1) алатын сақтандырудың қосымша сыныбын есепке алғанда пруденциялық нормативтердің сақталмау болжамы;

      2) өтініш беру күніне дейін соңғы 3 (үш) ай ішінде және оны қарау кезеңінде пруденциялық нормативтердің сақталмауы;

      3) өтініш беру күніне сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түрінде қолданыстағы санкцияның болуы.

      19. Көрсетілетін қызметті беруші осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12 және 15-тармақтарында көрсетілген құжаттар тиісінше ресімделмеген жағдайда, лицензияны қайта ресімдеуден бас тартады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      20. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 22-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда, шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      21. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      22. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      23. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

      24. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Өмірді сақтандыру" саласы
бойынша сақтандыру қызметін
жүзеге асыруға немесе исламдық
сақтандыру қызметін жүзеге асыру
құқығына лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
  Нысан

      ________________________________________________________________________________

                        (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                  (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы және БСН)

Өтініш

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (сақтандырудың салалары, нысандары, сыныптары, қызмет түрі көрсетілсін)

      жүзеге асыру құқығына лицензия беруді сұраймын.

      Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:

      1. Атауы, орналасқан жері ___________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                  (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйінің нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

                              (телефон, факс)

      2. Әділет органдарында көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік тіркеу (қайта

      тіркеу) туралы деректер ___________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің күні

                                          және нөмірі)

      3. Көрсетілетін қызметті алушының банктік шоты ашылған банктің атауы және

      орналасқан жері, бизнес сәйкестендіру нөмірі ________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта

      сақтандыру) қызметін, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына бірінші

      рет алынған лицензия туралы деректер: _____________________________________________

      ________________________________________________________________________________

            (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      Көрсетілетін қызметті алушы және олардың құрылтайшылары (акционерлері) өтінішке

      қоса берілген құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігіне толық жауап

      береді.__________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      5. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, даналар саны және әрқайсысы бойынша парақтар

      саны:___________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      Өтініш беруге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса),

      лауазымы_______________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін.

      ____________                   ___ жылғы "__" _______________

      (қолы)

      Мөр (ол болса) орны

  "Өмірді сақтандыру" саласы
бойынша сақтандыру
қызметін жүзеге асыруға
немесе исламдық сақтандыру
қызметін жүзеге асыру
құқығына лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
  Нысан

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында актуарийдің болуы туралы мәліметтер

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы

Актуарий туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болса)

Көрсетілетін қызметті беруші лицензиясының күні мен нөмірі

Актуарий лауазымына тағайындау (сайлау) туралы құжаттың нөмірі мен күні

Білімі туралы, оның ішінде жұмыс істейтін салада біліктілікті арттыру курстары туралы мәліметтер

Біліктілік емтиханын қайта тапсырғаны туралы ақпарат

1

2

3

4

5

6

  "Өмірді сақтандыру" саласы
бойынша сақтандыру қызметін
жүзеге асыруға немесе исламдық
сақтандыру қызметін жүзеге асыру
құқығына лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша
  Нысан

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                        (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

            (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы және БСН)

Өтініш

      Мыналарға______________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________байланысты

            (лицензияны қайта ресімдеу себебі көрсетілсін)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (сақтандырудың салалары, нысандары, сыныптары, қызмет түрі көрсетілсін)

      ________________________________________________________________________________

      _____________________________________________ лицензияны қайта ресімдеуді сұраймын.

      (лицензияның атауы көрсетілсін)

      Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:

      1. Атауы, орналасқан жері ___________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                  (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйінің нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

                                    (телефон, факс)

      2. Әділет органдарында көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік тіркеу (қайта

      тіркеу) туралы деректер ___________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің күні

                                          және нөмірі)

      3. Көрсетілетін қызметті алушының банктік шоты ашылған банктің атауы және

      орналасқан жері, бизнес сәйкестендіру нөмірі ________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта

      сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына бірінші рет алынған лицензия туралы деректер:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                  (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      Көрсетілетін қызметті алушы және олардың құрылтайшылары (акционерлері) өтінішке

      қоса берілген құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігіне толық жауап

      береді.__________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      5. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, даналар саны және әрқайсысы бойынша парақтар

      саны:___________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      Өтініш беруге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса),

      лауазымы_______________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін.

      ____________                   ___ жылғы "__" _______________

      (қолы)

      Мөр (ол болса) орны

  "Өмірді сақтандыру" саласы
бойынша сақтандыру қызметін
жүзеге асыруға немесе исламдық
сақтандыру қызметін жүзеге асыру
құқығына лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
4-қосымша

                                                мәліметтердің электрондық нұсқасы

Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін барлық ұйымдастыру-техникалық, оның ішінде бухгалтерлік есеп және бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыру мәселелері бойынша іс-шаралардың орындалғанын білдіретін құжаттар

Жабдық-тың атауы

Жабдықтың сериялық нөмірі

Жабдықтың түгендеу нөмірі

Бағдарламалық қамтамасыз етудің атауы

Бағдарламалық қамтамасыз ету лицензиясының нөмірі

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7982 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 272 қаулысымен бекітілген Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларының 6 және 9-тармақтарына сәйкес әзірленген және бекітілген ішкі құжаттар

1

2

3

4

5

6

7

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
32-қосымша

"Жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 32-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде:

      лицензия бергенде – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;

      лицензияны қайта ресімдегенде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

      көрсетілетін қызметті алушыны бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырған жағдайда лицензияны қайта ресімдеген кезде – 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей;

      лицензияның телнұсқаларын бергенде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      2) құжаттарды қабылдау және беру бойынша көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, телнұсқаларын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 17, 18 және 19-тармақтарында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда, лицензия электрондық нысанда ресімделеді және қағазға басылады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді:

      1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 50 (елу) айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;

      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды, бірақ 4 (төрт) АЕК-тен көп емес;

      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 (жүз) пайызы болады.

      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

      Лицензияны алуға немесе қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын портал арқылы алуға электрондық сұрау салынған жағдайда, төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кестесі - сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге лицензия алу үшін өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;

      3) енгізілген барлық өзгерістермен және толықтырулармен (олар бар болса) бірге жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда, нотариат куәландырған көшірмесі);

      4) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) нормативтік құқықтық актілерінің барлық талаптарына сәйкес келетін ұйымдастыру-техникалық, оның ішінде бухгалтерлік есеп және бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыру мәселелері бойынша іс-шаралардың орындалғанын білдіретін құжаттар;

      5) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 34-бабының талаптарына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлерінің лауазымдарына ұсынылатын адамдардың құжаттары;

      6) ең төменгі мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері.

      Көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін құрылтайшылардың, акционерлердің төлегенін растайтын төлем құжаттары (төлем тапсырмалары, кіріс касса ордерлері), сондай-ақ бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік оның толық төленгендігін растайтын құжаттар болып табылады;

      7) сақтандыру қызметін немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асырудың ішкі қағидалары, онда мыналар айқындалады:

      шаруашылық қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерді қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушы бөлімшелерінің құрылымы, міндеттері, функциялары және өкілеттігі;

      ішкі аудит қызметінің және басқа да тұрақты жұмыс істейтін органдардың құрылымы, мүшелерінің саны, міндеттері, функциялары және өкілеттіктері;

      көрсетілетін қызметті алушының техникалық (сақтандыру), инвестициялық, кредиттік, операциялық, нарықтық және басқа да тәуекелдерді басқару бойынша саясатын ашатын тәуекелдерді басқару жүйесі;

      шаруашылық қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерді қоспағанда, құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқықтары мен міндеттері;

      көрсетілетін қызметті алушының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің атынан және оның есебінен мәмілелерді жүзеге асырған кездегі оның өкілеттіктері;

      8) көрсетілетін қызметті алушыны ашуға рұқсат алу кезінде табыс етілген бизнес-жоспарға сәйкес жүргізілген ұйымдастыру іс-шаралары туралы есеп;

      9) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының штатында актуарийдің болуы туралы мәліметтер;

      10) ішкі аудит қызметі туралы ереже, онда мынадай мәліметтер қамтылады:

      ішкі аудит қызметінің құрылымы туралы ақпарат;

      ішкі аудит қызметінің міндеттері мен функциялары;

      ішкі аудит қызметінің құқықтары мен міндеттері;

      ішкі аудит қызметінің басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекет жасау тәртібі туралы ақпарат;

      өзі жүзеге асыратын қызметтің сипаты мен ауқымын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының бүкіл қызметін немесе оның бөлігін аудиторлық тексеру кезеңділігі;

      11) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңесті тағайындау туралы акционерлердің жалпы жиналысының шешімі (исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін).

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде жазылған талаптар жұмыс істеп тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қолданылмайды.

      10. Сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) ақпарат жүйелерінде қамтылатын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға берілген келісіммен бірге еркін нысанда жасалған өтініш;

      2) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшiрмесi;

      3) актуарий қол қойған сақтандырудың сыныбы (сыныптары) жөніндегі бизнес-жоспар.

      Сақтандыру сыныбы жөніндегі бизнес-жоспарда мынадай ақпарат:

      сақтандыру сыныбы бойынша жабылатын тәуекелдердің негізгі сипаттамалары;

      сақтандыру портфелінің құрылымындағы сақтандыру сыныбы үлесінің; сақтандыру сыныбы бойынша қызметтер көрсету нарығы сегментінің (нарық көлемінің, әлеуетті сақтанушылардың, географиялық жерінің) негізгі сипаттамалары;

      сақтандыру өнімдерін сақтандыру сыныбы шеңберінде сату тәсілдерінің негізгі сипаттамалары;

      сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібіне және олардың экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар;

      осы сақтандыру сыныбы бойынша таяу 2 (екі) жылға арналған пайдалар, шығындар, сақтандыру резервтерінің есептері туралы болжам, шығындылық болжамы, ең нашар және ең жақсы жағдайдағы тәуекелдерді бағалау, пруденциялық нормативтердің сақталу болжамы;

      қайта сақтандыру немесе исламдық сақтандыру саясаты (қайта сақтандыру нысандары мен әдістері, қайта сақтандыру ұйымдарын немесе исламдық қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау өлшемдері);

      инвестициялық саясат қамтылады.

      Инвестициялық саясат жөніндегі ақпаратта мынадай мәліметтер:

      инвестициялау мақсаты;

      инвестиция түрлері бойынша әртараптандыруды және активтердің сапасын бағалауды қоса алғанда, инвестициялық портфельді және оның кірістілігін қалыптастыру;

      активтердің түріне, сондай-ақ сырттан активтер тартуға қарай инвестициялық шектеулер;

      инвестициялық саясатқа жауапты ұйымның адамдары ашып көрсетілуі тиіс.

      Актуарий қол қойған сақтандыру сыныбы жөніндегі бизнес-жоспар көрсетілетін қызметті берушіге тігілген және нөмірленген түрде 1 (бір) данада беріледі. Сақтандыру сыныбы жөніндегі бизнес-жоспардың алғашқы бетінде жоғары оң бұрышында мынадай айқындама болады: "Директорлар кеңесі бекітті (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы). 20__жылғы "__"_____________ №______ хаттама. Сақтандыру сыныбы жөніндегі бизнес-жоспардың соңғы бетінің екінші жағына көрсетілетін қызметті алушының мөрі (бар болса) басылады.

      Сақтандырудың бірнеше сыныбы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға өтініш берген кезде сақтандыру сыныптары бөлігінде бір бизнес-жоспар ұсынылады;

      4) уәкілетті орган белгілеген тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуы бөлігіндегі талаптардың орындалуын растайтын құжаттар.

      11. Лицензияның телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі (егер бұдан бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса):

      1) еркін нысанда жазылған өтініш;

      2) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі.

      12. Лицензияны қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) лицензияның түпнұсқасы (лицензияланатын қызмет түрінен сақтандыру қызметінің немесе исламдық сақтандыру қызметінің бір немесе бірнеше сыныбы алып тасталған жағдайда) (егер бұдан бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса);

      3) Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелін беруді растайтын құжаттар (лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары алып тасталған жағдайда);

      4) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;

      5) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмелері.

      13. Лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы порталда өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

      3) электрондық сұрау салуға қоса тіркелетін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 3), 5), 6) және 11) тармақшаларында (құжаттардың PDF форматындағы электрондық көшірмелері түрінде), 4) тармақшасында (уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін барлық ұйымдастыру-техникалық, оның ішінде бухгалтерлік есеп және бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыру мәселелері бойынша іс-шаралардың орындалғанын білдіретін құжаттар осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтердің электрондық нысаны түрінде), 7), 8) және 10) тармақшаларында (электрондық құжаттар түрінде), 9) тармақшасында (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтердің электрондық нысаны түрінде), осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағының 3) және 4) тармақшаларында (құжаттардың PDF форматындағы электрондық көшірмелері түрінде) көрсетілген құжаттар.

      14. Лицензияның телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы порталда өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі (егер бұдан бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса):

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымды төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).

      15. Лицензияны қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті алушы порталда өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) электрондық сұрау салуға қоса тіркелетін, құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелін беруді растайтын құжаттар (лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары алып тасталған жағдайда);

      3) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензия қайта ресімделген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

      4) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмелері (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде).

      16. Көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, лицензиялық алым сомасын төлеу туралы ("электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеген жағдайда) мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      17. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу кезiнде бизнес-жоспарда көрсетiлген талаптарды орындау мерзiмi аяқталғанға дейiн сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн көрсетілетін қызметті берушіге өтініші. Осы талап:

      сақтандырудың жаңа сыныптары мен түрлерін енгізу;

      сақтандырудың жекелеген сыныптары мен түрлері бойынша сақтандыру қызметін немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру тәртібін және талаптарын өзгерту көзделетін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері қабылданған жағдайларда қолданылмайды;

      2) егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік оны тіркеген күннен бастап 6 (алты) ай ішінде көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензия алу үшін өтініш жасамаған болса;

      3) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;

      4) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін сақтандыру тобының өтініш бергенге дейінгі 6 (алты) ай ішіндегі кезеңде белгіленген пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы;

      5) қоғамның органдары таңдағандар қатарынан басшы қызметкердің келісілмеуі (жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін);

      6) заңды тұлғалардың осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарында қызметтің түрімен айналысуға тыйым салынуы;

      7) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеуі;

      8) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      9) сот орындаушысының ұйғарымы негізінде көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге соттың лицензия беруге уақытша тыйым салуы.

      18. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 17-тармағында жазылған негіздерден басқа сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруден бас тарту мынадай негіздер бойынша жүргізіледі:

      1) сақтандырудың алатын қосымша сыныбын есепке алғанда, пруденциялық нормативтердің сақталмау болжамы;

      2) өтініш беру күніне дейін соңғы 3 (үш) ай ішінде және оны қарау кезеңінде пруденциялық нормативтердің сақталмауы;

      3) өтініш беру күніне сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түрінде қолданыстағы санкцияның болуы.

      19. Көрсетілетін қызметті беруші осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12 және 15-тармақтарында көрсетілген құжаттар тиісінше ресімделмеген жағдайда лицензияны қайта ресімдеуден бас тартады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      20. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 22-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде беріледі.

      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орны көрсетіле отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      21. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      22. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің: www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      23. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

      24. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің: www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Жалпы сақтандыру" саласы
бойынша сақтандыру
(қайта сақтандыру) қызметін
немесе исламдық сақтандыру
(қайта сақтандыру) қызметін
жүзеге асыру құқығына лицензия
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
  Нысан

      ________________________________________________________________________________

                        (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                  (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы және БСН)

Өтініш

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (сақтандырудың саласын, нысанын, сыныптарын, қызмет түрін көрсету қажет)

      жүзеге асыру құқығына лицензия беруіңізді сұраймын.

      Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:

      1. Атауы, орналасқан жері___________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                  (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үйінің нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

                                    (телефон, факс)

      2. Әділет органдарында көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік тіркеу (қайта

      тіркеу) туралы деректер ___________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

            (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе

                              куәліктің күні және нөмірі)

      3. Көрсетілетін қызметті алушының банктік шоты ашылған банктің атауы және

      орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі ________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру)

      қызметін, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына бірінші рет алынған

      лицензия туралы деректер:_________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                  (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      Көрсетілетін қызметті алушы және оның құрылтайшылары (акционерлері) өтінішке

      қоса берілген құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігіне толық жауап береді.

      5. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, даналар саны және әрқайсысы бойынша парақтар

      саны: ___________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса),

      лауазымы_______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің

      пайдаланылуына келісім беремін.

      ____________                        ___________ жылғы "__"____________

      (қолы)

      Мөр (ол болған кезде) орны

  "Жалпы сақтандыру" саласы
бойынша сақтандыру
(қайта сақтандыру) қызметін
немесе исламдық сақтандыру
(қайта сақтандыру) қызметін
жүзеге асыру құқығына лицензия
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
  Нысан

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында актуарийдің болуы туралы мәліметтер

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы

Актуарий туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Уәкілетті орган лицензиясының күні мен нөмірі

Актуарий лауазымына тағайындау (сайлау) туралы құжаттың нөмірі мен күні

Білімі туралы, оның ішінде жұмыс істейтін саласында біліктілікті арттыру курстары туралы мәліметтер

Біліктілік емтиханын қайта тапсырғаны туралы ақпарат

1

2

3

4

5

6

  "Жалпы сақтандыру" саласы
бойынша сақтандыру
(қайта сақтандыру) қызметін
немесе исламдық сақтандыру
(қайта сақтандыру) қызметін
жүзеге асыру құқығына лицензия
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша
  Нысан

      ________________________________________________________________________________

                              (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

                        (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы және БСН)

Өтініш

      ________________________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________лицензияны

                        (лицензияның атауын көрсету қажет)

      ________________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________байланысты

                  (лицензияны қайта ресімдеу себебін көрсету қажет)

      ________________________________________________________________________________

      (сақтандырудың саласын, нысанын, сыныптарын, қызмет түрін көрсету қажет)

      қайта ресімдеуді сұраймын.

      Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:

      1. Атауы, орналасқан жері___________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                  (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үйінің нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

                              (телефон, факс)

      2. Әділет органдарында көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік тіркеу (қайта

      тіркеу) туралы деректер ___________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

            (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе

                              куәліктің күні және нөмірі)

      3. Көрсетілетін қызметті алушының банктік шоты ашылған банктің атауы және

      орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі ________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру)

      қызметін, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына бірінші рет алынған

      лицензия туралы деректер:_________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                  (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      Көрсетілетін қызметті алушы және оның құрылтайшылары (акционерлері) өтінішке

      қоса берілген құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігіне толық жауап береді.

      5. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, даналар саны және әрқайсысы бойынша парақтар

      саны: ___________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса),

      лауазымы_______________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің

      пайдаланылуына келісім беремін.

      ____________                         ___________ жылғы "__"____________

      (қолы)

      Мөр (ол болған кезде) орны

  "Жалпы сақтандыру" саласы
бойынша сақтандыру
(қайта сақтандыру) қызметін
немесе исламдық сақтандыру
(қайта сақтандыру) қызметін
жүзеге асыру құқығына лицензия
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
4-қосымша
  Нысан

Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін барлық ұйымдастыру-техникалық, оның ішінде бухгалтерлік есеп және бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыру мәселелері бойынша іс-шаралардың орындалғанын білдіретін құжаттар

Жабдықтың атауы

Жабдықтың сериялық нөмірі

Жабдықтың түгендеу нөмірі

Бағдарламалық қамтамасыз етудің атауы

Бағдарламалық қамтамасыз ету лицензиясының нөмірі

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7982 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 272 қаулысымен бекітілген Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларының 6 және 9-тармақтарына сәйкес әзірленген және бекітілген ішкі құжаттар

1

2

3

4

5

6

7

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
33-қосымша

"Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлеріне немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлері бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 33-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлеріне немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлері бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде:

      лицензия бергенде – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;

      лицензияны қайта ресімдеген кезде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

      көрсетілетін қызметті алушыны бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырған жағдайда, лицензияны қайта ресімдеген кезде – 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей;

      лицензияның телнұсқаларын берген кезде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      2) құжаттарды қабылдау және беру бойынша көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, телнұсқаларын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 18, 19 және 20-тармақтарында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда, лицензия электрондық нысанда ресімделеді және қағазға басылып шығарылады.

      Порталға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді:

      1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 50 (елу) айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;

      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды, бірақ 4 (төрт) АЕК-тен көп емес;

      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 (жүз) пайызы болады.

      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

      Лицензияны алуға немесе қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын портал арқылы алуға электрондық сұрау салынған жағдайда төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кестесі - сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге лицензия алу үшін өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;

      3) енгізілген барлық өзгерістермен және толықтырулармен (олар бар болса) бірге жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда, нотариат куәландырған көшірмесі);

      4) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) нормативтік құқықтық актілерінің барлық талаптарына сәйкес келетін ұйымдастыру-техникалық, оның ішінде бухгалтерлік есеп және бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыру мәселелері бойынша іс-шаралардың орындалғанын білдіретін құжаттар;

      5) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 34-бабының талаптарына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлерінің лауазымдарына ұсынылатын адамдардың құжаттары;

      6) ең төменгі мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері.

      Көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін құрылтайшылардың, акционерлердің төлегенін растайтын төлем құжаттары (төлем тапсырмалары, кіріс касса ордерлері), сондай-ақ бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік оның толық төленгендігін растайтын құжаттар болып табылады;

      7) сақтандыру қызметін немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асырудың ішкі қағидалары, онда мыналар айқындалады:

      шаруашылық қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерді қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушы бөлімшелерінің құрылымы, міндеттері, функциялары және өкілеттігі;

      ішкі аудит қызметінің және басқа да тұрақты жұмыс істейтін органдардың құрылымы, мүшелерінің саны, міндеттері, функциялары және өкілеттіктері;

      көрсетілетін қызметті алушының техникалық (сақтандыру), инвестициялық, кредиттік, операциялық, нарықтық және басқа да тәуекелдерді басқару бойынша саясатын ашатын тәуекелдерді басқару жүйесі;

      шаруашылық қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерді қоспағанда, құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқықтары мен міндеттері;

      көрсетілетін қызметті алушының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің атынан және оның есебінен мәмілелерді жүзеге асырған кездегі оның өкілеттіктері;

      8) көрсетілетін қызметті алушыны ашуға рұқсат алу кезінде табыс етілген бизнес-жоспарға сәйкес жүргізілген ұйымдастыру іс-шаралары туралы есеп;

      9) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында актуарийдің болуы туралы мәліметтер;

      10) көрсетілетін қызметті алушының ішкі аудит қызметі туралы ереже, онда мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:

      ішкі аудит қызметінің құрылымы туралы ақпарат;

      ішкі аудит қызметінің міндеттері мен функциялары;

      ішкі аудит қызметінің құқықтары мен міндеттері;

      ішкі аудит қызметінің басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-әрекет жасау тәртібі туралы ақпарат;

      өзі жүзеге асыратын қызметтің сипаты мен ауқымдарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының бүкіл қызметін немесе оның бөлігін аудиторлық тексеру кезеңділігі;

      11) егер Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актiлерiнде көрсетілетін қызметті алушыны мәжбүрлеп тарату кезінде сақтандыру шарттары бойынша сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретін ұйымға көрсетілетін қызметті алушының мiндеттi қатысуы белгiленген болса, осындай ұйымға қатысу шартының нотариат куәландырған көшірмесі;

      12) Заңның және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқорға қатысуды растайтын құжаттар;

      13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының 50 (елу) пайызынан астамы мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама түрде тиесілі немесе сенімгерлік басқаруға берілген жағдайларды қоспағанда, ірі қатысушы - жеке тұлғаның немесе сақтандыру холдингінің бар екенін растайтын құжат;

      14) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңесті тағайындау туралы акционерлердің жалпы жиналысының шешімі (исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін). Осы тармақтың бірінші бөлігінің 13) тармақшасын қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде жазылған талаптар жұмыс істеп тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қолданылмайды.

      10. Сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшiрмесi;

      3) актуарий қол қойған сақтандырудың сыныбы (сыныптары) жөніндегі бизнес-жоспар.

      Сақтандыру сыныбы жөніндегі бизнес-жоспарда мынадай ақпарат:

      сақтандыру сыныбы бойынша жабылатын тәуекелдердің негізгі сипаттамалары;

      сақтандыру портфелінің құрылымындағы сақтандыру сыныбы үлесінің; сақтандыру сыныбы бойынша қызметтер көрсету нарығы сегментінің (нарық көлемінің, әлеуетті сақтанушылардың, географиялық жерінің) негізгі сипаттамалары;

      сақтандыру өнімдерін сақтандыру сыныбы шеңберінде сату тәсілдерінің негізгі сипаттамалары;

      сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібіне және олардың экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар;

      осы сақтандыру сыныбы бойынша таяу 2 (екі) жылға арналған пайдалар, шығындар, сақтандыру резервтерінің есептері туралы болжам, шығындылық болжамы, ең нашар және ең жақсы жағдайдағы тәуекелдерді бағалау, пруденциялық нормативтердің сақталу болжамы;

      қайта сақтандыру немесе исламдық қайта сақтандыру саясаты (қайта сақтандыру нысандары мен әдістері, қайта сақтандыру ұйымдарын немесе исламдық қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау өлшемдері);

      инвестициялық саясат қамтылады.

      Инвестициялық саясат жөніндегі ақпаратта мынадай мәліметтер:

      инвестициялау мақсаты;

      инвестиция түрлері бойынша әртараптандыруды және активтердің сапасын бағалауды қоса алғанда, инвестициялық портфельді және оның кірістілігін қалыптастыру;

      активтердің түріне, сондай-ақ сырттан активтер тартуға қарай инвестициялық шектеулер;

      инвестициялық саясатқа жауапты ұйымның адамдары ашып көрсетілуі тиіс.

      Актуарий қол қойған сақтандыру сыныбы жөніндегі бизнес-жоспар көрсетілетін қызметті берушіге тігілген және нөмірленген түрде 1 (бір) данада беріледі. Сақтандыру сыныбы жөніндегі бизнес-жоспардың алғашқы бетінде жоғары оң бұрышында мынадай айқындама болады: "Директорлар кеңесі бекітті (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы). 20__жылғы "__"_____________ №______ хаттама. Сақтандыру сыныбы жөніндегі бизнес-жоспардың соңғы бетінің екінші жағына көрсетілетін қызметті алушының мөрі (бар болса) басылады.

      Сақтандырудың бірнеше сыныбы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға өтініш берген кезде сақтандыру сыныптары бөлігінде бір бизнес-жоспар ұсынылады;

      4) егер Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актiлерiнде көрсетілетін қызметті алушыны мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретін ұйымға көрсетілетін қызметті алушының мiндеттi қатысуы белгiленген болса, осындай ұйымға қатысу шартының нотариат куәландырған көшірмесі;

      5) көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушының (ірі қатысушыларының) болуын растайтын құжат;

      6) Заңның және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқорға қатысуын растайтын құжаттар;

      7) уәкілетті орган белгілеген тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуы бөлігіндегі талаптардың орындалуын растайтын құжаттар.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының талаптарын орындағанын растайтын құжаттарды қосымша ұсынады;

      көрсетілетін қызметті алушы жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы" 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабы 1-тармағының талаптарын орындағанын растайтын құжаттарды ұсынады.

      12. Лицензияның телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде (егер бұдан бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) еркін нысанда жазылған өтініш;

      2) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі.

      13. Лицензияны қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) лицензияның түпнұсқасы (лицензияланатын қызмет түрінен сақтандыру қызметінің бір немесе бірнеше сыныбы алып тасталған жағдайда) (егер бұдан бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса);

      3) Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелін беруді растайтын құжаттар (лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары алып тасталған жағдайда);

      4) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;

      5) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмелері.

      14. Лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы порталда өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

      3) электрондық сұрау салуға қоса тіркелетін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 4) тармақшасында (уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін барлық ұйымдастыру-техникалық, оның ішінде бухгалтерлік есеп және бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыру мәселелері бойынша іс-шаралардың орындалғанын білдіретін құжаттар осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтердің электрондық нысаны түрінде), 5), 6) 11), 12) және 13) тармақшаларында (құжаттардың PDF форматындағы электрондық көшірмелері түрінде), 7), 8) және 10) тармақшаларында (электрондық құжаттар түрінде), 9) тармақшасында (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтердің электрондық нысаны түрінде), осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағының 3) тармақшасында (электрондық құжат түрінде), 4), 5) 6) және 7) тармақшаларында (құжаттардың PDF форматындағы электрондық көшірмелері түрінде), 11-тармағында көрсетілген құжаттар.

      15. Лицензияның телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы порталда өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі (егер бұдан бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса):

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымды төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).

      16. Лицензияны қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті алушы порталда өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) электрондық сұрау салуға қоса тіркелетін Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелін беруді растайтын құжаттар (лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары алып тасталған жағдайда) (құжаттардың PDF форматындағы электрондық көшірмелері түрінде);

      3) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензия қайта ресімделген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

      4) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмелері (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде).

      17. Көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, лицензиялық алым сомасын төлеу туралы ("электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеген жағдайда) мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      18. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу кезiнде бизнес-жоспарда көрсетiлген талаптарды орындау мерзiмi аяқталғанға дейiн сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн көрсетілетін қызметті берушіге өтініші. Осы талап:

      сақтандырудың жаңа сыныптары мен түрлерін енгізу;

      сақтандырудың жекелеген сыныптары мен түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру тәртібін және талаптарын өзгерту көзделетін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері қабылданған жағдайларда қолданылмайды;

      2) егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік оны тіркеген күннен бастап 6 (алты) ай ішінде көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензия алу үшін өтініш жасамаған болса;

      3) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;

      4) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін сақтандыру тобының өтініш бергенге дейінгі 6 (алты) ай ішіндегі кезеңде белгіленген пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы;

      5) қоғамның органдары таңдағандар қатарынан басшы қызметкердің келісілмеуі (жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін);

      6) заңды тұлғалардың осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарында қызметтің түрімен айналысуға тыйым салынуы;

      7) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеуі;

      8) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      9) сот орындаушысының ұйғарымы негізінде көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге соттың лицензия беруге уақытша тыйым салуы.

      19. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 18-тармағында жазылған негіздерден басқа сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруден бас тарту мынадай негіздер бойынша жүргізіледі:

      1) сақтандырудың алатын қосымша сыныбын есепке алғанда, пруденциялық нормативтердің сақталмау болжамы;

      2) өтініш беру күніне дейін соңғы 3 (үш) ай ішінде және оны қарау кезеңінде пруденциялық нормативтердің сақталмауы;

      3) өтініш беру күніне сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түрінде қолданыстағы санкцияның болуы.

      20. Көрсетілетін қызметті беруші осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13 және 16-тармақтарында көрсетілген құжаттар тиісінше ресімделмеген жағдайда лицензияны қайта ресімдеуден бас тартады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      21. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 23-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде беріледі.

      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орны көрсетіле отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      22. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      23. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің: www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      24. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

      25. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің: www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген және
сақтандырудың жекелеген
сыныптары болып табылатын
міндетті сақтандырудың түрлеріне
немесе
Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген және
сақтандырудың жекелеген
сыныптары болып табылатын
міндетті сақтандырудың түрлері
бойынша исламдық сақтандыру
қызметін жүзеге асыру құқығына
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
  Нысан

      ________________________________________________________________________________

                              (уәкілетті органның толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

                  (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының толық атауы және БСН)

Өтініш

      _______________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (сақтандырудың саласын, нысанын, сыныптарын, қызмет түрін көрсету қажет)

      жүзеге асыру құқығына лицензия беруіңізді сұраймын.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы туралы мәліметтер:

      1. Атауы, орналасқан жері ___________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                  (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үйінің нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

                              (телефон, факс)

      2. Әділет органдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мемлекеттік тіркеу

      (қайта тіркеу) туралы деректер _____________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың күні және нөмірі)

      3. Сақтандыру ұйымының банктік шоты ашылған банктің атауы және орналасқан жері,

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі _______________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру)

      қызметін, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына бірінші рет алған

      лицензия туралы деректер: ________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                  (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      Сақтандыру ұйымы және олардың құрылтайшылары (акционерлері) өтінішке қоса

      берілген құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігіне толық жауап береді.

      5. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, даналар саны және әрқайсысы бойынша парақтар

      саны: ___________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде),

      лауазымы_______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің

      пайдаланылуына келісемін.

      ____________                  _____________ жылғы "__"_______________

      (қолы)

      Мөр (ол бар болса) орны

  "Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген және
сақтандырудың жекелеген
сыныптары болып табылатын
міндетті сақтандырудың түрлеріне
немесе
Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген және
сақтандырудың жекелеген
сыныптары болып табылатын
міндетті сақтандырудың түрлері
бойынша исламдық сақтандыру
қызметін жүзеге асыру құқығына
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында актуарийдің болуы туралы мәліметтер

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы

Актуарий туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Уәкілетті орган лицензиясының күні мен нөмірі

Актуарий лауазымына тағайындау (сайлау) туралы құжаттың нөмірі мен күні

Білімі туралы, оның ішінде жұмыс істейтін саласында біліктілікті арттыру курстары туралы мәліметтер

Біліктілік емтиханын қайта тапсырғаны туралы ақпарат

1

2

3

4

5

6

  "Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген және
сақтандырудың жекелеген
сыныптары болып табылатын
міндетті сақтандырудың түрлеріне
немесе
Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген және
сақтандырудың жекелеген
сыныптары болып табылатын
міндетті сақтандырудың түрлері
бойынша исламдық сақтандыру
қызметін жүзеге асыру құқығына
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша
  Нысан

      ________________________________________________________________________________

                        (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                  (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы және БСН)

Өтініш

      ________________________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________лицензияны

                  (лицензияның атауын көрсету қажет)

      _____________________________________________________________________байланысты

            (лицензияны қайта ресімдеу себебін көрсету қажет)

      ________________________________________________________________________________

      (сақтандырудың саласын, нысанын, сыныптарын, қызмет түрін көрсету қажет)

      қайта ресімдеуді сұраймын.

      Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:

      1. Атауы, орналасқан жері___________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                  (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үйінің нөмірі)

      ______________________________________________________________________________

                              (телефон, факс)

      2. Әділет органдарында көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік тіркеу (қайта

      тіркеу) туралы деректер ___________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________       (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе

                              куәліктің күні және нөмірі)

      3. Көрсетілетін қызметті алушының банктік шоты ашылған банктің атауы және

      орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі ________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру)

      қызметін, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына бірінші рет алынған

      лицензия туралы деректер:_________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

            (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      Көрсетілетін қызметті алушы және оның құрылтайшылары (акционерлері) өтінішке

      қоса берілген құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігіне толық жауап береді.

      5. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, даналар саны және әрқайсысы бойынша парақтар

      саны: ___________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса),

      лауазымы_______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің

      пайдаланылуына келісім беремін.

      ____________                         ___________ жылғы "__"____________

      (қолы)

      Мөр (ол болған кезде) орны

  "Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген және
сақтандырудың жекелеген
сыныптары болып табылатын
міндетті сақтандырудың түрлеріне
немесе
Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген және
сақтандырудың жекелеген
сыныптары болып табылатын
міндетті сақтандырудың түрлері
бойынша исламдық сақтандыру
қызметін жүзеге асыру құқығына
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымша

                                                Мәліметтердің электрондық нұсқасы

Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін барлық ұйымдастыру-техникалық, оның ішінде бухгалтерлік есеп және бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыру мәселелері бойынша іс-шаралардың орындалғанын білдіретін құжаттар

Жабдықтың атауы

Жабдықтың сериялық нөмірі

Жабдықтың түгендеу нөмірі

Бағдарламалық қамтамасыз етудің атауы

Бағдарламалық қамтамасыз ету лицензиясының нөмірі

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7982 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 272 қаулысымен бекітілген Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларының 6 және 9-тармақтарына сәйкес әзірленген және бекітілген ішкі құжаттар

1

2

3

4

5

6

7

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
34-қосымша

"Қайта сақтандыру жөніндегі қызметке немесе исламдық қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 34-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қайта сақтандыру жөніндегі қызметке немесе исламдық қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде:

      лицензия берген кезде – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;

      лицензияны қайта ресімдеген кезде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

      көрсетілетін қызметті алушының бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырылуы жағдайында лицензияны қайта ресімдеген кезде – 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей;

      лицензияның телнұсқаларын берген кезде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      2) құжаттарды қабылдау және беру бойынша көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, телнұсқаларын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 16 және 17-тармақтарында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда лицензия электрондық нысанда ресімделеді және қағазға басылып шығарылады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленеді:

      1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 20 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;

      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды, бірақ 4 (төрт) АЕК-тен артық емес;

      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 (жүз) пайызын құрайды.

      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

      Лицензияны алуға немесе қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын алуға портал арқылы электрондық сұрау салған жағдайда ақы төлеу "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кестесі - сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті берушіге лицензия алу үшін өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;

      3) сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүргізуге лицензиясы бар актуарий қол қойған жақын арадағы 2 (екі) жылға арналған қайта сақтандыру қызметін немесе исламдық қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру жөніндегі бизнес-жоспар.

      Сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүргізуге лицензиясы бар актуарий қол қойған жақын арадағы 2 (екі) жылға арналған қайта сақтандыру қызметін немесе исламдық қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру жөніндегі бизнес-жоспарда мынадай ақпарат қамтылады:

      тәуекелдерді қайта сақтандыруға немесе исламдық қайта сақтандыруға берген кезде:

      сақтандыру сыныптары бойынша қайта сақтандырудың немесе исламдық қайта сақтандырудың негізгі нысандары (факультативті, облигаторлық, факультативтік-облигаторлық) және қатысу әдістері (түрлері) (барабар, барабар емес), олардың арасындағы арақатынасы;

      қайта сақтандыру ұйымдарын немесе исламдық қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау критерийлері (рейтинг, капиталдың мөлшері және активтер деңгейі, қызметті жүзеге асыруға тиісті қадағалау органының лицензиясының болуы);

      қайта сақтандыру ұйымының немесе исламдық қайта сақтандыру ұйымының тұрақтылығы: компанияның нарықта жұмыс істеу уақыты мен тәжірибесі, орналасқан жері, ел тәуекелдерінің болуы;

      қайта сақтандыру ұйымының немесе исламдық қайта сақтандыру ұйымының іскерлік әлеуеті:

      қызмет түрлері бойынша талдау жүргізу, қомақты төлемдер бойынша талдау жүргізу, клиенттермен өзара қарым-қатынасы, баспасөзде теріс немесе оң жарияланымдардың болуы);

      қайта сақтандыру ұйымының немесе исламдық қайта сақтандыру ұйымының қызметіне бақылау жасау, қайта сақтандыру талаптарын сақтауды қамтамасыз ету жүйесі қалай жүзеге асырылады;

      ынтымақтастық жасау болжанатын қайта сақтандыру ұйымдарының немесе исламдық қайта сақтандыру ұйымдарының атауы, шетелдік қайта сақтандырушылардың болжамды үлесі;

      тәуекелдерді қайта сақтандыруға немесе исламдық қайта сақтандыруға қабылдаған кезде:

      қайта сақтанушыларды бағалаудың негізгі критерийлері:

      қызметті жүзеге асыруға тиісті қадағалау органы лицензиясының болуы, қайта сақтанушыдан тәуекелдерді сақтандыруға қабылдайтын мамандардың кәсібилігі, қомақты төлемдер бойынша талдау жүргізу, баспасөзде теріс немесе оң жарияланымдардың болуы, қайта сақтанушы ұйымға экономикалық ықпал ету шараларының болуы, бұрын осы ұйыммен жұмыс істеудегі жағымсыз тәжірибе;

      ұйымның қайта сақтандыру немесе исламдық қайта сақтандыру бойынша портфелін сипаттау (сақтандыру түрлері, әрбір түрінің үлес салмағы, сақтандыру сомаларының лимиттері, қайта сақтандыруға немесе исламдық қайта сақтандыруға беру талаптары бойынша);

      4) көрсетілетін қызметті алушының сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға қабылдау рәсімін ашып көрсететін ішкі қағидалары.

      Көрсетілетін қызметті алушының басқару органы бекіткен сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға қабылдау жөніндегі ішкі қағидаларында мыналар айқындалады:

      тәуекелдерді қайта сақтандыруға қабылдауды жүзеге асыратын бөлімшенің құрылымы, міндеттері, функциялары және өкілеттіктері;

      сақтандыру ұйымының тарифтік саясатына сәйкес сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға немесе исламдық қайта сақтандыруға қабылдау кезіндегі осы құрылымдық бөлімшенің басшысы мен қызметкерлерінің құқықтары, міндеттері, өкілеттіктері;

      сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға немесе исламдық қайта сақтандыруға қабылдау кезінде бағалау тәртібіне қойылатын талаптар;

      бизнес-процестерді сипаттау (құжаттардың өту тәртібі және қайта сақтандыру немесе исламдық қайта сақтандыру жөнінде шешімдер қабылдау бойынша жазылған рәсімдер);

      өзге мәселелер (көрсетілетін қызметті алушының ұйғаруы бойынша);

      исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңесті тағайындау туралы акционерлердің жалпы жиналысының шешімі (исламдық қайта сақтандыру ұйымы үшін).

      10. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге лицензияның телнұсқасын алу үшін өтініш жасаған кезде (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанында ресімделсе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) еркін нысанда жазылған өтініш;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге лицензияны қайта ресімдеу үшін өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеген кезде жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;

      3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмесі.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін порталда өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенi туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

      3) электрондық сұрау салуға қоса тіркелетін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 3), 5) тармақшаларында (құжаттардың PDF форматындағы электрондық көшірмелері түрінде) және 4) тармақшасында (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) көрсетілген құжаттар.

      13. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алу үшін порталда өтініш жасаған кезде (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанында ресімделсе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгені туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).

      14. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қайта ресімдеу үшін порталда өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензия қайта ресімделген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгені туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

      3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмесі (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).

      15. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      16. Мыналар:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген талаптардың сақталмауы;

      2) егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік оны тіркеген күннен бастап 6 (алты) ай ішінде көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензия алу үшін өтініш жасамаған болса;

      3) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;

      4) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін сақтандыру тобының өтініш бергенге дейінгі 6 (алты) ай ішіндегі кезеңде белгіленген пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы;

      5) қоғам органдары сайлаған адамдардың қатарынан басшы қызметкерді келіспеу (жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін);

      6) заңды тұлғалардың осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қызметтің түрімен айналысуға тыйым салынуы;

      7) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі;

      8) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялануға жататын қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      9) сот орындаушысының ұсынымы негізінде борышкер көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруге соттың уақытша тыйым салуы;

      10) сақтандырудың алынатын қосымша сыныбын ескергенде пруденциялық нормативтердің сақталмау болжамы;

      11) өтініш беру күніне дейінгі соңғы 3 (үш) ай ішінде және оны қарау кезеңінде пруденциялық нормативтердің сақталмауы;

      12) өтініш беру күнінде сақтандыру (қайта сақтандыру) немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түрінде қолданыстағы санкцияның болуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

      17. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 11 және 14-тармақтарында көрсетілген құжаттар тиісінше ресімделмеген жағдайда лицензияны қайта ресімдеуден бас тартады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      18. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігі) шағымдану көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 20-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша жазбаша түрде жүргізіледі.

      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда, шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он) бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      19. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      20. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      21. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      22. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Қайта сақтандыру жөніндегі
қызметке немесе исламдық қайта
сақтандыру жөніндегі қызметті
жүзеге асыру құқығына лицензия
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
  Нысан

      ________________________________________________________________________________

                        (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                  (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы және БСН-і)

Өтініш

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (сақтандырудың саласын, нысанын, сыныптарын, қызмет түрін көрсету қажет)

      жүзеге асыру құқығына лицензия беруіңізді сұраймын.

      Қайта сақтандыру ұйымы туралы немесе исламдық қайта сақтандыру ұйымы туралы

      мәліметтер:

      1. Атауы, орналасқан жері ___________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                  (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үйінің нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

                              (телефон, факс)

      2. Әділет органдарында көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік тіркеу (қайта

      тіркеу) туралы деректер ___________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе

                        анықтаманың күні және нөмірі)

      3. Көрсетілетін қызметті алушының банктік шоты ашылған банктің атауы және

      орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі ________________________________________

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру)

      ұйымының қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына бірінші рет алған

      лицензия туралы деректер _________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                  (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      Көрсетілетін қызметті алушы және олардың құрылтайшылары (акционерлері) өтінішке

      қоса берілген құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігіне толық жауап береді_________________

      ________________________________________________________________________________

      5. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, даналар саны және әрқайсысы бойынша парақтар

      саны: ___________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің

      пайдаланылуына келісім беремін.

      _________________                        ____ жылғы "____" ______________

            (қолы)

                                                      Мөр (ол болған кезде) орны

  "Қайта сақтандыру жөніндегі
қызметке немесе исламдық қайта
сақтандыру жөніндегі қызметті
жүзеге асыру құқығына лицензия
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
  Нысан

      ________________________________________________________________________________

                        (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                  (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы және БСН-і)

Өтініш

      _______________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________байланысты

            (лицензияны қайта ресімдеу себебін көрсету қажет)

      ________________________________________________________________________________

      (сақтандырудың саласын, нысанын, сыныптарын, қызмет түрін көрсету қажет)

      ________________________________________________________________________________

                        (лицензияның атауын көрсету қажет)

      лицензияны қайта ресімдеуді сұраймын.

      Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:

      1. Атауы, орналасқан жері ___________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                  (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үйінің нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

                              (телефон, факс)

      2. Әділет органдарында көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік тіркеу (қайта

      тіркеу) туралы деректер ___________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе

                        анықтаманың күні және нөмірі)

      3. Көрсетілетін қызметті алушының банктік шоты ашылған банктің атауы және

      орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі ________________________________________

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта

      сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына бірінші рет алған лицензия туралы деректер__

      ________________________________________________________________________________

            (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың)

      дәйектілігіне толық жауап береді ___________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      5. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, даналар саны және әрқайсысы бойынша парақтар

      саны: ___________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы_______

      ________________________________________________________________________________

      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің

      пайдаланылуына келісім беремін.

      _________________                  ____ жылғы "____" ______________

            (қолы)

      Мөр орны
(ол болған кезде)

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
35-қосымша

"Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 35-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде:

      лицензия берген кезде – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;

      лицензияны қайта ресімдеген кезде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

      көрсетілетін қызметті алушының бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырылуы жағдайында лицензияны қайта ресімдеген кезде – 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей;

      лицензияның телнұсқаларын берген кезде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау және беру бойынша қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, телнұсқаларын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13 және 14-тармақтарында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда лицензия электрондық форматта ресімделеді және қағазға басылады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді:

      1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 30 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;

      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен артық емес;

      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 пайызын құрайды.

      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

      Лицензияны алуға немесе қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын алуға портал арқылы электрондық сұрау салған жағдайда төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кестесі - сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі көрсетілетін қызметті берушіге лицензия алу үшін:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;

      3) жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын бермеген жағдайда, нотариат куәландырған көшірмесі);

      4) жарғылық капиталдың толық төленгенін растайтын құжаттар;

      5) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 34-бабының талаптарына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлерін келісуге арналған құжаттар;

      6) сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын жасау бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыру тәртібін көздейтін жұмыстың ішкі регламенті.

      көрсетілетін қызметті алушының жұмысының ішкі регламентіне мыналар:

      сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын жасау жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыру бойынша жауапты тұлғалардың тізбесі;

      сақтандыруға (қайта сақтандыруға) сұрау салу түскен;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) талаптарын алған;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты жасалған;

      қолданыстағы сақтандырумен қамтуға толықтырулар мен өзгерістер енгізілген;

      сақтандырудың келесі кезеңіне сақтандырумен қамту жаңартылған;

      сақтандыру жағдайларына қызмет көрсеткен кезде сақтандыру брокері қызметкерлерінің іс-қимылдарын ашып көрсететін сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын жасау жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыру рәсімдері кіреді;

      7) құжаттаманы жүргізу тәртібі және клиенттерге қызмет көрсету талаптары.

      Құжаттаманы жүргізу тәртібіне және көрсетілетін қызметті алушының клиенттерге қызмет көрсету талаптарына:

      сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасаған, сақтандыру төлемін жүзеге асырған, сақтандыру жағдайы басталған кезде шағымдарды, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға байланысты басқа да құжаттарды қарау кезінде құжаттарды қалыптастыру тізбесі мен жүйелілігі;

      клиенттің барлық қаржылық және жеке ақпаратының құпиялылығы режиміне қойылатын негізгі талаптар;

      мыналарды қамтитын қатаң есептегі құжаттарды сақтау жүйесін қамтамасыз ету:

      қатаң есептегі бланкілерді есепке алу жүйесінің болуы;

      қатаң есептегі құжаттардың сақталу жүйесін ұйымдастыруға жауапты адам;

      сақтау орны (жеке үй-жайлар, шкафтар, сейфтер, оларға кіру тәртібі);

      клиентті мыналармен қамтамасыз ету тәртібі мен толықтығы:

      көрсетілетін қызметті алушы, оның мәртебесі туралы ақпаратпен;

      қызметі ұсынылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары туралы ақпаратпен;

      төлемдердің көлемі және тәуекелдер;

      қызмет көрсетуді жеткізушінің және клиенттің міндеттемелері;

      8) мемлекеттік тіркеу туралы құжат, тиісті мемлекеттің уәкілетті органының (қаржы ұйымдары үшін - қадағалау органдарының) құрылтайшы - Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының резиденті - сақтандыру брокерінің жарғылық капиталында қатысуына рұқсат етілгені жөніндегі жазбаша хабарламасы не тиісті мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы мәлімдемесі;

      9) тиісті мемлекеттің уәкілетті органының құрылтайшысы - Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғада экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтары бойынша соттылығының, заңнамада белгіленген тәртіппен лицензиясынан айырылған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, сақтандыру брокерін мәжбүрлеп тарату, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған сәттен бастап 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің не өзге қаржы ұйымының басшы қызметкері ретіндегі қызметінің жоқ екенін куәландыратын құжат. Көрсетілген талап лицензиядан айырылғаннан кейін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, сақтандыру брокерін мәжбүрлеп тарату, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған күннен кейін 5 (бес) жыл бойы қолданылады.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанында ресімделсе) өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) еркін нысанда жазылған өтініш;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге лицензияны қайта ресімдеу үшін өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;

      3) ішіндегі ақпарат мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмесі.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы үшін порталда өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      лицензия алу үшін:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгені туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 4), 5), 8) және 9) (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар, олар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.

      лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанында ресімделсе):

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).

      Лицензияны қайта ресімдеу үшін:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензия қайта ресімделген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

      3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмесі (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде).

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      13. Мыналар:

      1) егер көрсетілетін қызметті алушы оны мемлекеттік тіркеген күннен бастап 6 (алты) ай ішінде көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензия алу үшін өтініш жасамаған болса;

      2) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;

      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген талаптардың орындалмауы;

      4) қоғам органдары сайлаған адамдардың қатарынан басшы қызметкерді келіспеу (жаңадан құрылатын сақтандыру брокері үшін);

      5) заңды тұлғалардың осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қызметтің түрімен айналысуға тыйым салынуы;

      6) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі;

      7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялануға жататын қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      8) сот орындаушысының ұсынымы негізінде борышкер көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруге соттың уақытша тыйым салуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

      14. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 11-тармағында көрсетілген құжаттар тиісінше ресімделмеген жағдайда лицензияны қайта ресімдеуден бас тартады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      15. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 17-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      16. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      17. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      18. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті" арқылы, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан алуға мүмкіндігі бар.

      19. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Сақтандыру брокерінің қызметін
жүзеге асыру құқығына лицензия
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
  Нысан

      ________________________________________________________________________________

                        (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

                  (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы және БСН-і)

Өтініш

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (сақтандырудың саласын, нысанын, сыныптарын, қызмет түрін көрсету қажет)

      жүзеге асыру құқығына лицензия беруіңізді сұраймын.

      Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:

      1. Атауы, орналасқан жері ___________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                  (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйінің нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

                              (телефон, факс)

      2. Әділет органдарында көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік тіркеу (қайта

      тіркеу) туралы деректер ___________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) жөніндегі куәліктің немесе анықтаманың күні және нөмірі

      3. Көрсетілетін қызметті алушының банктік шоты ашылған банктің атауы және

      орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі ________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      4. Көрсетілетін қызметті алушының қызметін жүзеге асыру құқығына бірінші рет алған

      лицензия туралы деректер: ________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                  (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      Көрсетілетін қызметті алушы мен оның құрылтайшылары (акционерлері) өтінішке қоса

      берілген құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігіне толық жауап береді ____________________

      ________________________________________________________________________________

      5. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, даналар саны және әрқайсысы бойынша парақтар

      саны: ___________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы_______

      ________________________________________________________________________________

      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің

      пайдаланылуына келісім беремін.

      _________________

            (қолы)

      ____ жылғы "____" ______________

                                                      Мөр (ол болған кезде) орны

  "Сақтандыру брокерінің қызметін
жүзеге асыру құқығына лицензия
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
  нысан

      ________________________________________________________________________________

                        (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

                        (сақтандыру брокерінің толық атауы және БСН-і)

Өтініш

      _____________________________________________________________________байланысты

            (лицензияны қайта ресімдеу себебін көрсету қажет)

      ________________________________________________________________________________

      (сақтандырудың саласын, нысанын, сыныптарын, қызмет түрін көрсету қажет)

      ________________________________________________________________________________

                        (лицензияның атауын көрсету қажет)

      жүзеге асыру құқығына лицензия беруіңізді сұраймын.

      Сақтандыру брокері туралы мәліметтер:

      1. Атауы, орналасқан жері ___________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                        (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйінің нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

                              (телефон, факс)

      2. Әділет органдарында сақтандыру брокерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы

      деректер ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) жөніндегі куәліктің немесе анықтаманың

                                          күні және нөмірі)

      3. Сақтандыру брокерінің банктік шоты ашылған банктің атауы және орналасқан жері,

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі _______________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      4. Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына бірінші рет алған лицензия

      туралы деректер: _________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                  (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      Сақтандыру брокері мен оның құрылтайшылары (акционерлері) өтінішке қоса берілген

      құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігіне толық жауап береді.

      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің

      пайдаланылуына келісім беремін.

      _________________

            (қолы)

      ____ жылғы "____" ______________

      Мөр орны
(ол болған кезде)

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
36-қосымша

"Бағалы қағаздар нарығында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 36-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Бағалы қағаздар нарығында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде:

      лицензия берген кезде – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;

      лицензияны қайта ресімдеген кезде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

      көрсетілетін қызметті алушыны бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырған жағдайда лицензияны қайта ресімдеген кезде – 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей;

      лицензияның телнұсқаларын берген кезде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушылары ретінде тіркелген заңды тұлғалардың лицензия алуға ұсынған құжаттарын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттарды ұсынған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, телнұсқаларын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 16-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда, лицензия электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады, көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі және көрсетілетін қызметті алушының атқарушы органының бірінші басшысына не тиісті түрде ресімделген сенімхат негізінде оның өкіліне беріледі.

      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді:

      1) мыналармен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым:

      брокерлік қызметпен – 30 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);

      дилерлік қызметпен – 30 АЕК;

      инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметпен – 30 АЕК;

      кастодиандық қызметпен 30 – АЕК;

      трансфер-агенттік қызметпен – 10 АЕК;

      бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастыру жөніндегі қызметпен – 10 АЕК;

      қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметімен 40 АЕК болады;

      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен көп емес;

      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 пайызын құрайды.

      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

      Лицензияны алуға немесе қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын портал арқылы алуға электрондық сұрау салған жағдайда төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кестесі - сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      9. Лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша лицензия алуға өтініш;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың түпнұсқасы;

      3) жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда, нотариатта куәландырылған көшірмесі);

      4) көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталының ең аз мөлшерінің төленгенін растайтын құжаттар;

      5) бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға қатысатын филиалдардың (олар болған жағдайда) тізімі және осындай филиалдар туралы ережелердің нотариатта куәландырылған көшірмелері;

      6) құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы күнгі жағдай бойынша осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2 және 3-қосымшаларына сәйкес акционерлер (қатысушылар) туралы мәліметтер;

      7) Қазақстан Республикасының резиденті емес көрсетілетін қызметті алушының қатысушысы (акционері) шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын және резидент емес заңды тұлғаны тіркеген орган, тіркеу нөмірі, тіркеу күні мен орны туралы ақпарат қамтылған, мемлекеттік тілде және орыс тілінде нотариатта куәландырылған аудармасы бар сауда тізілімінен заңды үзінді көшірме немесе басқа да заңды құжат;

      8) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14784 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 305 қаулысымен бекітілген Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларына және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес басшы қызметкерлерді келісу үшін ұсынылатын құжаттар;

      9) қызметкерлердің тегін, атын және болған кезде әкесінің атын, олардың атқаратын лауазымдарын көрсете отырып, штаттық кестенің көшірмесі;

      10) бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру функциясы жүктелетін құрылымдық бөлімшелер туралы ереже;

      11) ішкі аудит қызметінің тексерулерді жүргізуінің тәртібін, кезеңділігін және есепті жасауының мерзімін айқындайтын көрсетілетін қызметті алушының ішкі аудит қызметі туралы ереже. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған көрсетілетін қызметті алушы бар болған жағдайда ішкі аудит қызметі туралы ережені ұсынады;

      12) құрамы туралы мәліметтерді қоса алғанда, инвестициялық комитет туралы ереже.

      Осы талап трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін құжаттарды ұсынған көрсетілетін қызметті алушыларға қолданылмайды;

      13) көрсетілетін қызметті алушыда бағалы қағаздар нарығында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдардың және өзге де жабдықтардың болуын растайтын мынадай құжаттардың:

      жабдықты жеткізу шартының;

      жабдықты қабылдау-өткізу актісінің;

      лицензиялардың санын көрсете отырып, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және (немесе) жеткізу шартының;

      бағдарламалық қамтамасыз етуді қабылдау-өткізу актісінің;

      қорғау мен қауіпсіздікті ұйымдастыру бойынша құжаттардың (ақпаратты резервтеу тәртібінің сипаты, деректерге қолжетімділікті бөлу тетіктерінің сипаты, қалпына келтіру жоспары, ішкі бақылау тетіктері) көшірмелері қажетті.

      Көрсетілетін қызметті алушы бағдарламалық өнімді дербес әзірлеген не басқа адам көрсетілетін қызметті алушыға бағдарламалық өнімді ақысыз берген жағдайда, осы тармақшаның екінші, үшінші, төртінші, бесінші абзацтарында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.

      Ұсынылған құжаттарда мынадай ақпарат: пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етудің атауы (серверлік операциялық жүйелер, дерекқорларды басқару жүйелері), нұсқалар, лицензияның болуы туралы мәліметтер де көрсетіледі.

      Құжаттардың көшірмелері көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының қолымен және көрсетілетін қызметті алушының мөр бедерімен куәландырылады;

      14) өтініш берудің алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы көрсетілетін қызметті алушының бухгалтерлік балансы;

      15) ағымдағы жылы құрылған акционерлік қоғамдарды қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушының атқарушы органының бірінші басшысы және оның бас бухгалтері қол қойған, аудиторлық есеппен расталған көрсетілетін қызметті алушының соңғы аяқталған жылғы қаржылық есептілігі;

      16) директорлар кеңесі бекіткен жақын арадағы үш жылға арналған бизнес-жоспары (заңды тұлғаның атқарушы органы акционерлік қоғамнан басқа өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған трансфер-агенттің бизнес-жоспарын бекітеді).

      Бизнес-жоспарда мынадай мәселелер:

      лицензияны алу мақсаттары;

      қызметінің негізгі бағыттарының сипаттамасы және өтініш берушінің қызметі бағытталған нарық сегментіне шолу;

      қызмет шегінде болжамды қызмет көрсетулер, оларды бағалау тәртібі туралы ақпарат, сондай-ақ оларды сату талаптары мен көлемі бойынша жоспарлар;

      қызметіне байланысты негізгі тәуекелдер, оларды бағалау және меншікті капиталы есебінен өтеу тәсілдері, меншікті капиталының жеткіліктілігі мәні, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау рәсімдері туралы ақпарат;

      қаржы жоспары, оның ішінде алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы кірістер мен шығыстар болжамы, көрсетілген кезең ішіндегі шығындылықтың жол берілетін коэффициенттері;

      инвестициялық саясат, компания қызметін қаржыландыру көздері;

      көрсетілетін қызметті алушының ұйымдық құрылымы, корпоративтік басқару рәсімдерін іске асыру тәсілдерінің сипаттамасы, сондай-ақ мамандардың білім деңгейіне қойылатын талаптар көрсетілуі тиіс;

      17) сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметтерін пайдаланатын субъектілермен сауда-саттықты ұйымдастырушының өзара қарым-қатынасын айқындайтын бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асырудың ішкі қағидалары (бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін үміткер көрсетілген қызметті алушылар үшін);

      18) клирингтік ұйымның қызметтерін пайдаланатын субъектілермен клирингтік ұйымның өзара қарым-қатынасын айқындайтын қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асырудың ішкі қағидалары (қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін үміткер көрсетілген қызметті алушылар үшін);

      19) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7554 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Клиринг ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымдарындағы мониторинг, бақылау және тәуекелдерді басқару шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" 2012 жылғы 24 ақпандағы № 59 қаулысының, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8796 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 27 тамыздағы № 214 қаулысының, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8816 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 27 тамыздағы № 240 қаулысының, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12999 тіркелген, "Қор биржасы үшін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 252 қаулысының талаптарына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмысын айқындайтын ішкі ережелер;

      20) көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлері арасында міндеттерді бөлуді айқындайтын құжаттар.

      Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар бағалы қағаздар нарығында қызметтің қосымша түрін жүзеге асыруға лицензия алу үшін осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 10), 12) және 16) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген сауда-саттықты ұйымдастырушы қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 17), және 18) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп, тігіліп және парақтар саны көрсетіліп, тігістің түйініне желімденген жапсырманың үстінде ішінара соңғы парақтың артында көрсетілетін қызметті алушының мөрімен (ол болған кезде) расталып ұсынылады. Құжаттардың көшірмелері мұндай құжаттарға қол қою құқығы бар көрсетілетін қызметті алушының лауазымды тұлғаларының қолдарымен және көрсетілетін қызметті алушының мөр бедерімен (ол болған кезде) расталады.

      10. Көрсетілетін қызметті берушіге бағалы қағаздар нарығында қызметтің қосымша түрін жүзеге асыруға лицензия мынадай талаптармен беріледі:

      1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін белгілеген пруденциялық нормативтерді лицензия беру туралы өтініш берген күннің алдындағы қатарынан 3 (үш) ай ішінде орындау;

      2) қолданыстағы санкциялардың, сондай-ақ лицензия беруге өтініш берілген күннің алдындағы қатарынан 3 (үш) ай ішінде қолданылған санкциялардың болмауы;

      11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге лицензияның телнұсқасын алу үшін өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі (егер бұдан бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса):

      1) еркін нысандағы өтініш;

      2) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі беріледі.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге лицензияны қайта ресімдеу үшін өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік қызметтің стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

      3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылатын құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылатын құжаттардың көшірмелері беріледі.

      13. Лицензия алу үшін порталда көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымды төлегені туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

      3) электрондық сұрау салуға қоса берілетін құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 4), 5), 7), 8), 13), 15) (PDF форматындағы құжаттардың электрондық түрдегі көшірмелері), 6), 9), 10), 11), 12), 14), 16), 17), 18), 19) және 20) (электрондық құжат түрінде) тармақшаларында көрсетілген құжаттар беріледі.

      14. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұдан бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым төленгенi туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде) беріледі.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қайта ресімдеу үшін өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензия қайта ресімделген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

      3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпараты бар құжаттардың көшірмесі (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде).

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер:

      1) заңды тұлғалардың осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарында қызметтің түрімен айналысуға тыйым салынуы;

      2) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушы "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 1-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      5) сот орындаушысының ұйғарымы негізінде көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге соттың лицензия беруге уақытша тыйым салуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

      Мына жағдайлар:

      лицензияларды қайта ресiмдеу кезiнде жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым төленбеуі;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген құжаттардың тиісінше ресімделмеуі лицензияны қайта ресімдеуден бас тартуға негіздер болып табылады.

      Лицензияның телнұсқаларын беру кезінде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымға ақы төлемеу лицензияның телнұсқасын беруден бас тартуға негіз болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші лицензия алу үшін ұсынылған құжаттарды қарау барысында осы құжаттарда көрсетілетін қызметті алушы, оның құрылтайшылары немесе олардың қызметі туралы дәйексіз мәліметтердің болуы анықталса, көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылған мәліметтердің дәйектілігін тексеру қажет болса, оларды қарау мерзімін тоқтата тұрады. Көрсетілетін қызметті алушы ескертулерді жойғаннан және құжаттарды ұсынғаннан кейін оларды қарау мерзімі жаңартылады. Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды бұдан кейін қарау мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспауға тиіс.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      17. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 19-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      18. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      19. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      20. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      21. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Бағалы қағаздар нарығында
Қазақстан Республикасының
заңнамасында көзделген қызметті
жүзеге асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
  Нысан

      ________________________________________________________________________________

                        (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

                  (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы және БСН-і)

Лицензия алуға
өтініш

      ________________________________________________________________________________

                  (бағалы қағаздар нарығындағы қызмет түрлерін көрсету)

      жүзеге асыру құқығына лицензия беруді сұраймын.

      Тұтынушы туралы мәліметтер:

      1. Атауы, орналасқан жері ___________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                  (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

                              (телефон, факс)

      2. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе

      куәліктің күні мен нөмірі, БСН: ____________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      3. Көрсетілетін қызметті алушының банктік шоты ашылған банктің атауы және

      орналасқан жері, банктің сәйкестендіру коды _________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      4. Жіберілетін құжаттар тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналар мен парақтар

      саны: ___________________________________________________________________________

      көрсетілетін қызметті алушы және олардың құрылтайшылары (акционерлер) өтінішке қоса

            берілетін құжаттардың (ақпараттың) дұрыстығына толық жауапты болады.

      ________________________________________________________________________________

      (өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      ________________________________________________________________________________

      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің

      пайдаланылуына келісім беремін.

      (күні және қолы)

      Мөр (ол болған кезде) орны

  "Бағалы қағаздар нарығында
Қазақстан Республикасының
заңнамасында көзделген қызметті
жүзеге асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
  Нысан

Акционер (қатысушы) туралы мәліметтер

      (заңды тұлға үшін)

      ________________________________________________________________________________

                  (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

      1. Көрсетілетін қызметті алушының акционері (қатысушысы): ____________________

      ________________________________________________________________________________

                                    (толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      Орналасқан орны:________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                              (пошта индексі, мекенжайы)

      Байланыс деректемелері:____________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (телефон және факс нөмірі, бар болса электрондық поштаның мекенжайы)

      Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер:____________________________

      ________________________________________________________________________________

                  (құжаттың атауы, берілген күні мен нөмірі, кім берген)

      Қазақстан Республикасының резиденті/резиденті емес:___________________________

      ________________________________________________________________________________

      Қызметтің негізгі түрі:______________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      2. Акционерге тиесілі көрсетілетін қызметті алушының дауыс беруші акциялар

      санының көрсетілетін қызметті алушының дауыс беруші акцияларының жалпы санына

      пайыздық арақатынасы немесе көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталына

      қатысу үлесі:____________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      3. Көрсетілетін қызметті алушы акцияларының төлеміне (көрсетілетін қызметті

      алушының жарғылық капиталына қатысу үлесіне) ақша енгізу алдында көрсетілетін қызметті

      алушы акционерінің (қатысушысының) меншікті қаражат мөлшері және көрсетілетін қызметті

      алушының акцияларының төлеміне (көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталында

      қатысу үлесіне) енгізілген сома _____________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      4. Акционердің (қатысушының) жарғылық капиталына төлемді растайтын

      құжаттардың деректемелері (төлем тапсырмаларының, кассалық кіріс ордерлерінің нөмірі мен

      күні): __________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      5. Көрсетілетін қызметті алушы акционерінің (қатысушысының) өзге заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне қатысушы, акционер ретінде қатысуы туралы мәліметтер тізбесі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысында белгіленген рейтингтік агенттіктердің бірі берген ВВ+тен төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар резидент емес заңды тұлғаның акционері болып табылатын жағдайларда көрсетілген мәліметтер ұсынылмайды):

Толық атауы/тегі, аты (әкесінің аты (ол болған кезде)

Орналасқан орны/тұрғылықты жері (Қазақстан Республикасының резиденті/резиденті емесі)

Дауыс беруші акциялардың пайызы не жарғылық капиталдағы қатысу үлесі

Қызметтің негізгі түрі

      6. Көрсетілетін қызметті алушы акционерінің дауыс беруші акцияларының он және одан асатын пайызына не көрсетілетін қызметті алушы (қатысушысының) жарғылық капиталынан он және одан асатын пайызын құрайтын жарғылық капиталында қатысу үлесіне иелік ететін көрсетілетін қызметті алушы акционерінің (қатысушысының) қатысушылары, акционерлері туралы мәліметтер:

Толық атауы/тегі, аты (әкесінің аты (ол болған кезде)

Орналасқан орны/тұрғылықты жері (Қазақстан Республикасының резиденті/резиденті емесі)

Дауыс беруші акциялардың пайызы не жарғылық капиталдағы қатысу үлесі

Негізгі қызмет түрі

      7. Ұйымдардың толық атауын, орналасқан орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының акционері (қатысушысы) қатысатын өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы мәліметтер:______

      ________________________________________________________________________________

      8. Осы сауалнаманың 3-5-тармақтарына сәйкес көрсетілмеген, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сондай болып табылатын акционердің (қатысушының), көрсетілетін қызметті алушының басқа үлестес тұлғалары туралы мәліметтер

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      9. Көрсетілетін қызметті алушы акционерінің (қатысушысының) басшысы туралы

      мәліметтер: _____________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      20 __ жылғы "___" ________________

      Көрсетілетін қызметті алушының акционері

      (қатысушысы) басшысының қолы __________________________________

      Мөр (болған кезде) орны

  "Бағалы қағаздар нарығында
Қазақстан Республикасының
заңнамасында көзделген қызметті
жүзеге асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша
  Нысан

Акционер (қатысушы) туралы мәліметтер

      (жеке тұлға үшін)

      ________________________________________________________________________________

                  (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

      1. Көрсетілетін қызметті алушының акционері (қатысушысы):_____________________

      ________________________________________________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      ________________________________________________________________________________

      Туылған күні мен жылы _____________________________________________________

      Азаматтығы _______________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері ________________________________

      ________________________________________________________________________________

            (құжаттың атауы, нөмірі, сериясы және берілген күні, кім берді)

      Тұрғылықты жері __________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                              (пошта индексі, мекенжайы)

      Байланыс деректемелері: ____________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                  (телефон нөмірі, электрондық поштаның мекенжайы)

      Жұмыс орны (мекенжайы, лауазымы көрсетіледі) _______________________________

      ________________________________________________________________________________

      2. Акционерге тиесілі көрсетілетін қызметті алушының дауыс беруші акциялар санының көрсетілетін қызметті алушының дауыс беруші акцияларының жалпы санына пайыздық арақатынасы немесе көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталына қатысу үлесі:____________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      3. Көрсетілетін қызметті алушы акцияларының төлеміне (көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталына қатысу үлесіне) ақша енгізу алдында көрсетілетін қызметті алушы акционерінің (қатысушысының) меншікті қаражат мөлшері және көрсетілетін қызметті алушының акцияларының төлеміне көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталына қатысу үлесіне) енгізілген сома_____________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      4. Жарғылық капиталға төлемді растайтын құжаттардың деректемелері (төлем

      тапсырмаларының, кассалық кіріс ордерлерінің нөмірі мен күні):________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      5. Көрсетілетін қызметті алушы акционерінің (қатысушысының) өзге заңды тұлғаларды

      құруға және қызметіне қатысушы, акционер ретінде қатысуы туралы мәліметтер:

Толық атауы/тегі, аты (әкесінің аты (ол болған кезде)

Орналасқан орны/тұрғылықты жері (Қазақстан Республикасының резиденті/резидент емесі)

Дауыс беруші акциялардың пайызы не жарғылық капиталдағы қатысу үлесі

Қызметтің негізгі түрі

      6. Осы сауалнаманың 3-тармағында көрсетілмеген, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осылай болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы акционерінің (қатысушысының) басқа үлестес тұлғалары туралы мәліметтер__________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      20 __ жылғы "___" ________________

      Көрсетілетін қызметті алушы акционерінің (қатысушысының) қолы________________

  "Бағалы қағаздар нарығында
Қазақстан Республикасының
заңнамасында көзделген қызметті
жүзеге асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
4-қосымша
  Нысан

      ________________________________________________________________________________

                        (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

                        (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

Өтініш

      _____________________________________________________________________байланысты

      ________________________________________________________________________________

                  (бағалы қағаздар нарығындағы қызмет түрлерін көрсету)

      лицензия қайта ресімдеуді сұраймын.

      Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:

      1. Атауы, орналасқан жері ___________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                        (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

                              (телефон, факс)

      2. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе

      куәліктің күні мен нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі: ________________________________

      ________________________________________________________________________________

      3. Көрсетілетін қызметті алушының банктік шоты ашылған банктің атауы және

      орналасқан жері, банктің сәйкестендіру коды _________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      4. Жіберілетін құжаттар тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналар мен парақтар

      саны: ___________________________________________________________________________

      көрсетілетін қызметті алушы және олардың құрылтайшылары (акционерлер) өтінішке қоса

      берілетін құжаттардың (ақпараттың) дұрыстығына толық жауапты болады.

      ________________________________________________________________________________

      (өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      ________________________________________________________________________________

      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің

      пайдаланылуына келісемін.

      (күні және қолы)

      Мөр (ол болған кезде) орны

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
37-қосымша

"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – көрсетілетін қызметті беруші сұрау салған соңғы құжатты көрсетілетін қызметті алушы ұсынған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау және беру бойынша қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының атына көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының тиісті қаулысының не тиісті рұқсаттың (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру туралы шешім қабылданған кезде) көшірмесін қоса бере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру туралы хат не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберу.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда нәтиже электрондық нысанда ресімделеді және қағазға басылады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру кестесі сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру туралы өтініш;

      2) нотариат куәландырған және заңнамада белгiленген тәртiппен ресiмделген құрылтай құжаттарының (жарғы, құрылтай шарты) төрт данасы;

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарының барлық даналарының титулдық бетінің жоғарғы оң жақ бұрышында мынадай тұжырым болады: "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілді. Төраға (Төрағаның орынбасары) ______________".

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру туралы шешiм қабылданғанын дәлелдейтiн құжаттар;

      4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрылтайшылар - заңды тұлғалар туралы мәліметтер (ондай құрылтайшылар болған жағдайда) заңды тұлға ретінде олардың мемлекеттік тіркеуден өткені туралы анықтама, нотариат куәландырған құрылтай құжаттарының көшірмесі, аяқталған соңғы екі қаржы жылының аудиторлық ұйым растаған қаржылық есептілігі, құжаттарды ұсынар алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы бухгалтерлік баланс және пайдалар мен шығындар туралы есеп қамтылады;

      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру үшін пайдаланылған ақша көздері мен сомаларының сипаттамасын, сондай-ақ белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығының жоқтығы туралы анықтаманы қоса алғанда, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрылтайшы жеке тұлғалар (мұндай құрылтайшылар болған кезде) туралы мәліметтер;

      6) құрылтайшылар құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берген тұлға бекіткен, актуарий растаған және "жалпы сақтандыру" саласында құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін жақын арадағы үш жылға және "өмірді сақтандыру" саласында құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін бес жылға арналып әзірленген бизнес-жоспарды ұсынуға тиісті. Бизнес-жоспарда мынадай мәселелер: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарына сәйкес келетін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құрудың мақсаттары, негізгі қызмет бағыттарының қысқаша сипаттамасы және құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бағдарланатын нарық сегменті, құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы туралы және нарықтағы үлесі туралы ақпарат, өнімдер мен көрсетілетін қызмет түрлері, оларды сату тәсілдері, маркетингтік зерттеулер, сақтандыру андеррайтингі, баға стратегиясы, оның ішінде сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібі және олардың экономикалық негіздемесі, өнімдерді жылжыту стратегиясы, сақтандыру өнімдерін бөлу, қаржы жоспары, соның ішінде шығындылық коэффициенттерінің болжамы, құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүргізуге ниет етіп отырған инвестициялық саясат пен қайта сақтандыру саясаты, құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдық құрылымы, директорлар кеңесі, мамандардың болжамды білім деңгейі, көрсетілетін қызметті берушінің тиісті талаптарына сәйкес келетін тәуекелдерді басқару ұйымы көрсетілуге тиіс.

      Бизнес-жоспарға қойылатын негізгі талаптар осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасында көрсетілген;

      7) көрсетілетін қызметті алушының құрылтайшылар атынан өтiнiш беру өкiлеттiгiн растайтын нотариат куәландырған құжат.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесіне сәйкес келетін мөлшерде сатып алуға ниеті бар тұлға осы тармақта көрсетілген құжаттардан басқа, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 26-бабында көзделген құжаттар мен мәліметтерді табыс етеді.

      Қазақстан Республикасының резидентi болып табылмайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы өз мемлекетiнiң тиiстi сақтандыруды қадағалау органының өзiне Қазақстан Республикасының резидентi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға рұқсат етiлгенiн растайтын құжатты не тиiстi мемлекеттiң заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етiлмейтiнi туралы мәлiмдеменi табыс етуге мiндеттi.

      Қазақстан Республикасының резидентi емес құрылтайшының шетелдiң мемлекеттiк органы берген құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен заңдастырылуға тиiс.

      Порталда:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 6), 7) (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде), 4) және 5) тармақшаларында (мәліметтердің электрондық нысаны түрінде) көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.

      Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, өтелмеген немесе алынбаған соттылығының жоқтығы туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      10. Мыналар:

      1) құжаттардың толық емес топтамасын табыс ету не табыс етiлген құжаттардың осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі;

      2) құрылтайшының акцияларға төлем жасау үшiн өз қаражатының жеткiлiксiз болуы;

      3) құрылатын ұйым мен оның құрылтайшыларына қатысты дәйексіз ақпараттың берiлуі;

      4) құрылтайшының аяқталған соңғы екі қаржы жылында шығынға ұшыраған қызметі;

      5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беруден бас тартуы;

      6) Заңның 26-бабында белгіленген шектеулерді сақтамауы;

      7) құрылтайшы жеке тұлғалардың, атқарушы органның не құрылтайшы заңды тұлғаның басқару органы бірінші басшысының алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Мыналардың:

      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;

      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресмиинтернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын құруға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
  Нысан
                                                  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасына

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру туралы өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      ________________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және ЖСН)

      ________________________________________________________________________________

      (құрылтайшы атынан осы өтінішті беруге көрсетілетін қызметті алушының өкілеттігін

      ________________________________________________________________________________

      растайтын нотариат немесе өзге тәсілмен куәландырылған құжатқа сілтеме)

      ________________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс орны және лауазымы, тұрғылықты жері,

      ________________________________________________________________________________

                              заңды мекенжайы)

      құрылтай жиналысының ___________жылғы "___"________________№__________________

      шешіміне (хаттамасына) сәйкес ____________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының толық атауы және орналасқан орны)

      құруға рұқсат беруді сұрайды.

      Құрылтайшылар өтінішке қоса берілген құжаттардың дұрыстығына, сондай-ақ

      уәкілетті органға осы өтініштің қаралуына байланысты сұралған ақпараттың дер кезінде

      ұсынылуына толық жауап береді.

      Қосымша (жіберілген құжаттар атауларының тізбесі, даналардың саны және

      әрқайсысының парақтар саны көрсетілсін) құжаттар:__________________________________

      "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру" мемлекеттік қызметті

      көрсету үшін қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін (көрсетілетін

      қызметті алушылар – жеке тұлғалар үшін).

      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің

      пайдаланылуына келісемін.

      ________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының қолы, күні)

  "Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын құруға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

      Нысан

Көрсетілетін қызметті алушы (құрылтайшы-заңды тұлға) туралы
мәліметтер

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      ________________________________________________________________________________

                  (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)

                        20 __ жылғы "___" ___________

      1. Көрсетілетін қызметті алушы ______________________________________________

                                                (заңды тұлғаның атауы)

      2. Мекенжайы______________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                  (почта индексі, қала, көше, байланыс телефоны)

      3. Мемлекеттік тіркеу_______________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                        (құжаттың атауы, күні, нөмірі, кім берді)

      4. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол бар болса) __________________________________

      ________________________________________________________________________________

                        (құжаттың атауы, күні, нөмірі, кім берді)

      5. Қызмет түрі_____________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

                        (қызметінің негізгі түрлерін көрсету)

      6. Қазақстан Республикасының резиденті, Қазақстан Республикасының резиденті емес

      (керегінің асты сызылсын) ________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      7. Көрсетілетін қызметті алушының басшысы __________________________________

      ________________________________________________________________________________

                  (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған күні)

      8. Білімі___________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                        (оқу орны, бітірген жылы, мамандығы)

      9. Соңғы күнтізбелік 3 (үш) күнтізбелік жылда көрсетілетін қызметті алушы заңды

      тұлғада ірі қаржылық проблемалар, оның ішінде банкротқа ұшырау, консервация, сауықтыру

      болды ма: ______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

                              (олардың туындау себептері)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                        (бұл проблемаларды шешу нәтижелері)

      10. Көрсетілетін қызметті алушы ірі акционер болып табылатын немесе жарғылық

      капиталға қатысу үлесінің 10 (он) немесе одан да көп пайызына тура және (немесе) жанама ие

      ұйымдарды көрсетіңіз:____________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ұйымның атауы және орналасқан жері: ______________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ұйымды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы деректер:_____________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ұйым қызметінің түрі:_____________________________________________________________

      осы заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысуы: __________________________________

      ________________________________________________________________________________

      11. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысымен тізбесі белгіленген рейтингілік агенттіктердің бірі берген ұйым рейтингісі болған жағдайда, оны көрсетіңіз.

      12. Бұрын көрсетілетін қызметті алушы қаржы нарығы мен қаржы қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, оның таралуына және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға әкеп соққан қаржы ұйымын лицензиясынан айыру, не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енуіне шешім қабылдағанға дейін 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органның басшысы, мүшесі, қаржы ұйымының бас бухгалтері, ірі-қатысушы-жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушысы – заңды тұлғаның (сақтандыру холдингінің) басшысы болды ма_______________________________________________________________

                              (иә (жоқ), ұйымның атауын, лауазымын,

      _______________________________________________________________________________

                              жұмыс істеген кезеңін көрсету)

      13. Бұрын көрсетілетін қызметті алушы қатарынан төрт және одан да көп кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақыны төлеу бойынша дефолтқа жол берген не дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақыны төлеу бойынша берешек сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері төлеу күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын соманы құрайтын дефолтқа жол берген қаржы ұйымының басқару органның басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы (ірі акционер) - жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер) - заңды тұлға - эмитенттің басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болды ма______________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

                        (иә (жоқ), ұйымның атауын, лауазымын,

      ________________________________________________________________________________

                        жұмыс істеген кезеңін көрсету)

      14. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді қайтарып алуы және қаржы ұйымындағы, банк және сақтандыру холдингіндегі, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамындағы қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуі туралы мәліметтер ____________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                        (иә (жоқ), ұйымның атауы,

      ________________________________________________________________________________

                        лауазымы, жұмыс кезеңi, тағайындауға

      ________________________________________________________________________________

            (сайлауға) келісімді қайтарып алуға негіздеме және осындай

            шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы көрсетiлсiн)

      15. Құрылтайшы жеке тұлға тағайындау (сайлау) күніне дейін 3 (үш) жыл ішінде

      сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке не сыбайлас жемқорлық құқық

      бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды ма______________________

      ________________________________________________________________________________

                  (иә (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша

      ________________________________________________________________________________

            сипаттамасы, жауапкершілікке тарту негіздерін көрсете отырып,

      ________________________________________________________________________________

      тәртіптік жаза қолдану туралы актінің немесе сот шешімінің деректемелері)

      Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге

      және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін.

      ____________________________________

                  (қолы, күні, мөр)

  "Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын құруға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша
  Нысан

Фотосуретке
арналған орын

Көрсетілетін қызметті алушы (құрылтайшы-жеке тұлға) туралы
мәліметтер

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      ________________________________________________________________________________

                  (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)

                        20 __ жылғы "___" ___________

      1. Көрсетілетін қызметті алушы _______________________________________________

                                          (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      2. Туған күні_______________________________________________________________

      3. Туған жері_______________________________________________________________

      4. Азаматтығы_____________________________________________________________

      5. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері______________________________

      ________________________________________________________________________________

      6. Жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса)_______________________________________

      ________________________________________________________________________________

      7. Тұрғылықты жері_________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      8. Жұмыс орны, лауазымы___________________________________________________

      9. Телефон нөмірі (қаланың коды, жұмыстың және үйдің нөмірі)___________________

      ________________________________________________________________________________

      10. Білімі__________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                        (оқу орны, бітірген жылы, мамандығы)

      11. Еңбек қызметі туралы қысқаша түйіндеме __________________________________

      ________________________________________________________________________________

                  (жұмыс орны, лауазымы, жұмыс істеген кезеңі)

      12. Растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын

      құруға қолданылатын ақша көздерінің және сомасының сипаты _________________________

      ________________________________________________________________________________

      13. Көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталда қатысуы немесе басқа заңды

      тұлғалардың акцияларын иеленуі жөніндегі мәліметтер:

      заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері ___________________________________

      ________________________________________________________________________________

      оладың қызмет түрлері (негізгі қызмет түрлері атап көрсетілсін) __________________

      ________________________________________________________________________________

      жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе көрсетілетін қызметті алушыға тиесілі

      акциялар санының жеке әрбір заңды тұлға бойынша дауыс беретін акциялардың жалпы

      санына ара қатынасы (пайызбен) ___________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      14. Бұрын көрсетілетін қызметті алушы қаржы нарығы мен қаржы қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, оның таралуына және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға әкеп соққан қаржы ұйымын лицензиясынан айыру, не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енуіне шешім қабылдағанға дейін 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органның басшысы, мүшесі, қаржы ұйымының бас бухгалтері, ірі-қатысушы-жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушысы – заңды тұлғаның (сақтандыру холдингінің) басшысы болды ма _______________________________________________________________

                              (иә (жоқ), ұйымның атауын, лауазымын,

      ________________________________________________________________________________

                        жұмыс істеген кезеңін көрсету)

      15. Бұрын көрсетілетін қызметті алушы қатарынан төрт және одан да көп кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақыны төлеу бойынша дефолтқа жол берген не дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақыны төлеу бойынша берешек сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері төлеу күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын соманы құрайтын дефолтқа жол берген қаржы ұйымының басқару органның басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы (ірі акционер) - жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер) - заңды тұлға - эмитенттің басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болды ма______________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                        (иә (жоқ), ұйымның атауын, лауазымын,

      ________________________________________________________________________________

                        жұмыс істеген кезеңін көрсету)

      16. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді қайтарып алуы және қаржы ұйымындағы, банк және сақтандыру холдингіндегі, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамындағы қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуі туралы мәліметтер ____________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                              (иә (жоқ), ұйымның атауы,

      ________________________________________________________________________________

                        лауазымы, жұмыс кезеңi, тағайындауға

      ________________________________________________________________________________

                  (сайлауға) келісімді қайтарып алуға негіздеме және осындай

                  шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы көрсетiлсiн)

      17. Құрылтайшы жеке тұлға тағайындау (сайлау) күніне дейін 3 (үш) жыл ішінде

      сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке не сыбайлас жемқорлық құқық

      бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды ма ______________________

      ________________________________________________________________________________

                  (иә (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша

      ________________________________________________________________________________

            сипаттамасы, жауапкершілікке тарту негіздерін көрсете отырып,

      ________________________________________________________________________________

      тәртіптік жаза қолдану туралы актінің немесе сот шешімінің деректемелері)

      Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге

      және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін.

                                    Қолы _________________ күні_________________

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын құруға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
4-қосымша

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бизнес-жоспарына қойылатын
негізгі талаптар
1. Жалпы мәселелер

      Осы тараудың мақсаты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының болашақ қызметіне қысқаша шолу жасау болып табылады.

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру мақсаты.

      2. Қызметтің негізгі бағыттарын қысқаша сипаттау: саласы, сыныптары, түрлері.

2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы
туралы ақпарат

      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналасқан жері.

      4. Филиалдарды және (немесе) өкілдерді құру.

      5. Жалданатын немесе тартылатын заңгерлер, бухгалтерлер, актуарийлер (ішкі, тәуелсіз), аудиторлық ұйымдар туралы ақпаратты, басқа ұйымдардың мамандарымен іскерлік байланыстарды.

      6. Ішкі аудит қызметінің қағидаттары.

      7. Қатаң есептегі құжаттардың сақталу жүйесін қамтамасыз ету.

      8. Өндірістік қорлар: бөлменің (жеке не жалға алынған), компьютерлік және басқа да техниканың, бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы.

3. Маркетингтік зерттеулер және нарық сегменті

      9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін жүзеге асыру болжанатын саланы дамыту болжамдары.

      10. Құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын дамытуға бәсекелестіктің ықпалы: негізгі бәсекелестер, өнімдерді, баға стратегиясын, жарнама әдістерін салыстыру, Қазақстан Республикасының барлық аумағына немесе жеке аймақтарға, заңды және жеке тұлғаларға нарық сегментінің бағдары.

      11. Нарықтағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру сыныбы бөлігінде болжанатын үлесі.

      12. Мақсатты нарықтың демографиялық көрсеткіштері: сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін тұтынушылардың жасы, жынысы, әлеуметтік-экономикалық ахуалы, кіріс деңгейі, сондай-ақ өмір сүру үрдісі (салты).

4. Сақтандыру өнімдерінің түрлері, қызметтері
және оларды бөлу

      13. Сақтандыру түрлерінің (сақтандыру өнімдерінің) тізбесі.

      14. Сақтандыру өнімдерінің мазмұны.

      15. Сақтандыру өнімдерін сату кезінде көрсетілетін қосымша қызметтер.

      16. Сақтандыру өнімдерін негізгі сатып алушылар.

      17. Аймақтар бойынша сақтандыру өнімдерін бөлу.

5. Сақтандыру андеррайтингі

      18. Сақтандыру сыныптарына байланысты сақтандыру андеррайтингі үшін тәуекел деңгейін сипаттайтын қолданылатын критерилері (қауіпсіздік дерек көздері бойынша және қауіпсіздік дәрежесі бойынша тәуекелдерді топтастыру, сақтандыруды өтеудің мерзімін, шарттарын және мөлшерін айқындау, сақтанушы, сақтандыру объектісі және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қарауына басқа да критерийлері туралы деректерді талдау).

      19. Сақтандыру тарифін айқындаған кезде сақтандыру андеррайтингіне ықпал ететін белгіленген, сол сияқты ауыспалы шығыстарын көрсете отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шығыстарының шекті шамалары.

      20. Сақтандыру андеррайтингіне жауап беретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басты тұлғалары туралы ақпарат.

6. Баға стратегиясы

      21. Статистикалық деректердің немесе оларды сақтандыру нарығының басқа қатысушыларынан алу жөніндегі уағдаластықтың болуы туралы ақпарат.

      22. Сақтандыру тарифтерін есептеу және оларды сақтандыру тарифтері мөлшерінің жоспарланатын диапазонын, статистикалық деректердің көздерін, пайдаланылатын әдістеменің қысқаша сипатын қамтитын сақтандыру сыныптары бойынша экономикалық негіздеу тәртібі.

      23. Бағаны нарық қажеттілігіне сәйкес болуын негіздеу.

      24. Баға стратегиясына және статистикалық ақпаратты жинауға жауап беретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басты тұлғалары туралы ақпарат.

7. Сақтандыру өнімдерін жылжыту стратегиясы және
сату тәсілдері

      25. Сақтандыру өнімдерін сату жүйесін ұйымдастыру және өткізуді ынталандыру (жарнама, почта, тікелей сату, интернет, сатуды жылжыту және басқа да әдістер).

      26. Сақтандыру өнімдерін іске асыру тәсілдері: тікелей сату, сақтандыру агенттері арқылы сату, интернет-сату және басқа тәсілдер.

      27. Жарнамаға шығатын шығын болжамы.

8. Қаржылық жоспар

      28. Болжанған бухгалтерлік баланс және оған қосымшалар.

      29. Сақтандыру сыныптары бөлігінде болжанған кірістер мен шығыстар.

      30. Болжанған әкімшілік шығыстар.

      31. Ақша ағымы туралы болжанған есеп.

      32. Қажет болған жағдайда қосымша қаржыландыру көздері.

      33. Қайта сақтандырушының үлесі ескерілген, сол сияқты сақтандыру сыныптары бөлігінде қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген шығындылық коэффиценттерінің болжамы.

      34. Мынадай:

      екінші деңгейдегі банктердегі салымдардың және мемлекеттік емес бағалы қағаздардың құны жиырма бес және елу пайызға азайған;

      сақтандыру резервтері жиырма бес және елу пайызға ұлғайған;

      сақтандыру төлемдері елу және жетпіс пайызға ұлғайған;

      акционерлерге тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатқан жағдайларда төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын сипаттау.

      35. Акционерлерге дивидендтерді төлеу.

9. Инвестициялық саясат

      36. Инвестициялау мақсаты.

      37. Инвестициялардың түрлері бойынша әртараптандыруды және активтердің сапасын бағалауды қоса алғанда, инвестициялық портфельді және оның кірістілігін қалыптастыру.

      38. Активтер түріне, сондай-ақ тыс қаражатты тартуға байланысты инвестициялық шектеулер.

      39. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының инвестициялық саясатқа жауапты басты тұлғалары.

10. Қайта сақтандыру саясаты

      40. Тәуекелдерді қайта сақтандыруға берген кезде:

      1) сақтандыру сыныптары бойынша негізгі нысандар және қайта сақтандыру әдістері, олардың өзара арақатынасы;

      2) қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау критерийлері:

      рейтинг, капиталдың мөлшері және активтер деңгейі, қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруға тиісті қадағалау органы берген лицензияның болуы;

      қайта сақтандыру ұйымының тұрақтылығы: компанияның нарықтағы уақыты мен жұмыс тәжірибесі, мекенжайы, сақтандыру тәуекелдердің болуы;

      қайта сақтандыру ұйымының іскерлік әлеуеті: қызмет түрі бойынша талдау жүргізу, ірі төлемдер бойынша талдау жүргізу, клиенттермен өзара қатынас, баспасөзде жағымсыз немесе жағымды жарияланымдардың болуы;

      3) қайта сақтандыру ұйымының қызметіне бақылау, қайта сақтандыру талаптарын сақтауды қамтамасыз ету жүйесі;

      4) ынтымақтастық болжанатын қайта сақтандыру ұйымының атауы, сондай-ақ шетелдік қайта сақтандырушылардың болжанған үлесі.

      41. Қайта сақтандыруға тәуекелдерді қабылдаған кезде:

      1) қайта сақтанушыларды бағалаудың негізгі критерийлері: сақтандыру қызметін жүзеге асыруға тиісті қадағалау органы лицензиясының болуы, қайта сақтанушыдан сақтандыруға тәуекелдерді алатын мамандардың кәсібилігі, ірі төлем бойынша талдау жүргізу, баспасөзде жағымсыз немесе оң жарияланымдардың болуы, қайта сақтанушыға экономикалық ықпал ету шараларының болуы, өткен жылдары қайта сақтанушымен жүргізген жағымсыз және оң жұмыс тәжірибесі;

      2) қайта сақтандыру бойынша ұйымның портфелін сипаттау (сақтандыру түрлері, әрбір түрдің үлес салмағы, сақтандыру сомаларының лимиттері, қайта сақтандыруға беру талаптары бойынша).

11. Ұйымдық құрылымы

      42. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылымы.

      43. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы және мүшелері, басқармасының бірінші басшысы және бас бухгалтері туралы ақпарат: біліктілігі, білімі, жұмыс тәжірибесі.

      44. Сақтандыру, қайта сақтандыру, андеррайтинг, ішкі аудит, актуарий бөлімшелерінің басты мамандарының, оның ішінде қаржы директорының, басшыларының функционалдық міндеттерін сипаттау.

      45. Мамандардың болжанған білім деңгейі.

      46. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қатысуды болжап отырған консультанттар және қауымдастықтар туралы ақпарат.

      47. Сақтанушылардың шағымдарымен жұмысты ұйымдастыру.

      48. Қызметкерлерді және сақтандыру агенттерін оқытуды ұйымдастыру.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
38-қосымша

"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және (немесе) сақтандыру холдингін ерікті қайта ұйымдастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 38-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

1. Жалпы ережелер

      1. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және (немесе) сақтандыру холдингін ерікті қайта ұйымдастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – 2 (екі) ай ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау және беру бойынша қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының тиісті қаулысының көшірмесін қоса бере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат беру туралы хат жіберу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда нәтиже электрондық нысанда ресімделеді және қағазға басылады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру кестесі сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат алуға қолдаухат;

      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) жоғары органының оны ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешімі;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті қайта ұйымдастырудың болжалды талаптарын, нысандарын, тәртібін және мерзімдерін сипаттайтын құжаттар.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті қайта ұйымдастыру талаптары, нысаны, тәртібі мен мерзімдері қайта ұйымдастыруды жүргізу жөніндегі Іс-шаралар жоспарында айқындалады.

      Іс-шаралар жоспарында қайта ұйымдастырылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерді орындауын қамтамасыз ету шаралары көрсетіледі.

      Қайта ұйымдастыруды жүргізу жөніндегі Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпаратты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) көрсетілетін қызметті берушіге жоспарда көрсетілген іс-шараларды орындау мерзімдері аяқталғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде ұсынады;

      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастырғаннан кейінгі және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылатын заңды тұлғалардың есептік балансын қоса алғанда, ерікті түрде қайта ұйымдастыру салдарының қаржылық болжамы, онда мыналар қамтылады:

      жоспарланған ерікті қайта ұйымдастырудың экономикалық негіздемесі;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылатын (құрылған) ұйымның (ұйымдардың) болжамдық (есептік) балансы;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін - сақтандырудың нақты сыныптарын (түрлерін) көрсете отырып, сақтандыру сыйлықақыларының, сақтандыру резервтерінің жоспарланып отырған көлемінің экономикалық негізделген есебі.

      Порталда:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) электрондық сұрау салуға қоса берілетін, осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде), 3) және 4) тармақшаларында (электрондық құжат түрінде) көрсетілген құжаттар.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      10. Мыналар:

      1) болжанып отырған ерікті қайта ұйымдастыру нәтижесiнде сақтанушылардың және өзге де кредиторлардың заңды мүдделерiнің бұзылуы;

      2) болжанып отырған қайта ұйымдастыру нәтижесiнде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудiң ең төменгi талаптарының, сақталуы мiндеттi басқа нормалар мен лимиттердің және "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген өзге де талаптардың бұзылуы;

      3) қайта ұйымдастырылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының (сақтандыру холдингтерінің) жоғары органдарының тиісті шешімдерінің болмауы;

      4) болжанып отырған қайта ұйымдастыру нәтижесінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы талаптарының бұзылуы;

      5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттардың ұсынылмауы;

      6) табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеуі мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Мыналардың:

      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;

      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын және (немесе) сақтандыру
холдингін ерікті қайта
ұйымдастыруға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
қосымша
  Нысан

  № ____ күні ______________            Қазақстан Республикасы
                    Ұлттық Банкінің Төрағасына

Көрсетілетін қызметті алушыны ерікті қайта ұйымдастыруға берілетін рұқсатты алуға
өтінішхат

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      ________________________________________________________________________________

                        (көрсетілетін қызметті алушының атауы)

      көрсетілетін қызметті алушы акционерлері жалпы жиналысының _______________________

      ________________________________________________________________________________

                              (өткізілетін орны)

      _______ жылғы "____" _____________ № ______________ шешіміне сәйкес_______________

      көрсетілетін қызметті алушы ______________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      көрсетілетін қызметті алушыны қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған (заңды тұлғаға

                                          (тұлғаларға)

      (біріктіру, қосу, бөлу, бөлініп шығу, қайта құру) арқылы (қажеттісінің астын сызу керек) ерікті

      қайта ұйымдастыруға рұқсат беруді сұрайды.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) өтінішхатқа қоса

      берілген құжаттар мен ақпараттың дұрыстығына, сондай-ақ өтінішхатты қарауға байланысты

      сұралатын қосымша ақпараттың және құжаттардың көрсетілетін қызметті алушыға уақтылы

      берілуіне толығымен жауап береді.

      Қоса берілген құжаттар (жіберілген құжаттардың атаулы тізбесі, олардың әрқайсысы

      бойынша даналар және беттер санын көрсету керек):___________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Ақпарат жүйелерінің құрамындағы заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтердің пайдаланылуына келісім беремін.

      _______________________ _________________

            (қолы)

      Мөр (бар болса) орны

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
39-қосымша

"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті таратуға
рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті таратуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – 2 (екі) ай ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау және беру бойынша қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының тиісті қаулысының көшірмесін қоса бере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуды жүргізуге рұқсат беру туралы хат жіберу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда нәтиже электрондық нысанда ресімделеді және қағазға басылады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру кестесі сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірінші басшысы, ол болмаған кезде оны ауыстыратын адам қол қойған, өзінің барлық кредиторларының талаптарын толық қанағаттандыруды қамтамасыз ету жөніндегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемесі қамтылуға тиісті сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті таратуға рұқсат беру туралы қолдаухат;

      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының ерікті түрде тарату туралы шешімі;

      3) тарату комиссиясының, оның ішінде оның филиалдарында және (немесе) өкілдіктерінде құрылатын бөлімшелерінің мүшелікке кандидаттарының тізімі;

      4) сақтандыру портфелін табыс еткеннен кейінгі күні жасалған, аудиторлық ұйым растаған қаржылық есептілік;

      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы міндеттемелерінің сомасы туралы мәліметтер қамтылған, акционерлердің жалпы жиналысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде тарату туралы шешімді қабылдаған күні жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторларының тізімі;

      6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзі жасаған сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелерінен тұратын басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру портфелін қабылдау-өткізу актісін (осындай қабылдау бар болса);

      7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелердің жоқ екенін растайтын құжаттар;

      8) акционерлердің жалпы жиналысы бекіткен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз қызметін тоқтатуға дайындығының мерзімдері мен кезеңдері туралы іс-шаралар тізбесі (жоспар және кесте).

      Порталда:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 4), 6), 7) (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде), 3) (тарату комиссиясына, оның ішінде филиалдарында және (немесе) өкілдіктерінде құрылатын оның бөлімшелеріне мүшелікке кандидаттардың тізімі, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтердің электрондық нысаны түрінде), 5) (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы міндеттемелерінің сомасы туралы мәліметтер қамтылған, акционерлердің жалпы жиналысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде тарату туралы шешімді қабылдаған күні жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторларының тізімі, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтердің электрондық нысаны түрінде) және 8) тармақшаларында (электрондық құжат түрінде) көрсетілген құжаттар, олар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      10. Мыналар:

      1) болжанып отырған ерiкті түрде тарату нәтижесiнде сақтанушылар мен өзге де кредиторлардың заңды мүдделерiнің бұзылуы;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттардың ұсынылмауы;

      3) табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеуі;

      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін өз қаражатының жетпеуі;

      5) сақтандыру портфелін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына беру жөнінде шаралардың қолданылмауы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Мыналардың:

      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;

      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын ерікті таратуға рұқсат
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
  Нысан

                                                                                                                  Қазақстан Республикасы

  Ұлттық Банкінің Төрағасына

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті таратуға рұқсат беру туралы
өтінішхат

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      _______________________________________________________________________________

                        (көрсетілетін қызметті алушының атауы)

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жалпы жиналысының ___________________________

      ________________________________________________________________________________

                                    (өткізілетін орны)

      _______ жылғы "____" _____________ № ______________ шешіміне сәйкес______________

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын_____________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                  (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)

      ерікті түрде таратуға рұқсат беруді сұрайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы өзінің барлық кредиторларының талаптарын толық

      қанағаттандыруды қамтамасыз етуге міндеттенеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішхатпен қоса берілген құжаттар мен ақпараттың

      дұрыстығына, сондай-ақ өтінішхатты қарауға байланысты сұралатын қосымша ақпараттың

      және құжаттардың көрсетілетін қызметті берушіге уақтылы берілуіне толығымен жауап

      береді.

      Қоса берілген құжаттар (жіберілген құжаттардың атаулы тізбесін, әрқайсысы бойынша

      дана және бет санын көрсету керек):_________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысы (ол болмағанда оның орнын

      ауыстыратын адам)_______________________________________________________________.

      Ақпарат жүйелерінің құрамындағы заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтердің пайдаланылуына келісім беремін.

      _________________________ _______________________

            (қолы)

      Мөр (бар болса) орны

  "Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын ерікті таратуға рұқсат
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

      Мәліметтердің электрондық нысаны

Тарату комиссиясына, оның ішінде филиалдарда және (немесе)
өкілдіктерде құрылатын оның бөлімшелеріне мүше болуға
кандидаттардың тізімі

Кандидаттың ЖСН

Кандидаттың тегі

Кандидаттың аты

Кандидаттың әкесінің аты (ол болған кезде)

Кандидаттың туылған күні

Кандидаттың жұмыс орны

Кандидаттың лауазымы

Білімі туралы деректер (оқу орнының атауы, біліктілігі, оқу кезеңі)

Жұмыс тәжірибесі

Тұрғылықты жерінің нақты мекенжайы

Кандидаттың байланыс телефоны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

  "Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын ерікті таратуға рұқсат
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша

      Мәліметтердің электрондық нысаны

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы міндеттемелерінің сомасы
туралы мәліметтерді қамтитын, акционерлердің жалпы жиналысы
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде тарату
жөнінде шешім қабылдаған күні жасалған сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымы кредиторларының тізімі

Кредитордың атауы

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелер сомасы (акционерлердің жалпы жиналысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде тарату жөнінде шешім қабылдау күні), теңгемен

1

2

  Қазақстан Республикасының
  Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
40-қосымша

"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына елеулі қатысуына рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.01.2018 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
41-қосымша

"Қоғамды жария компания деп тану немесе қоғамның мәлімдемесі негізінде ол белгілеген тәртіппен оның жария компания мәртебесін кері қайтарып алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 41-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қоғамды жария компания деп тану немесе қоғамның мәлімдемесі негізінде ол белгілеген тәртіппен оның жария компания мәртебесін кері қайтарып алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушыға) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасы тапсырылған сәттен бастап – күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау және беру бойынша қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының акционерлік қоғамды жария компания деп тану туралы қаулысы, қағаз жеткізгіште одан жария компанияның мәртебесін қайтарып алу, оның көшірмесі ілеспе хатпен көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына жіберіледі, не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының тиісті қаулысының көшірмесін қоса бере отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі - сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:

      1) мыналарды көрсете отырып, еркін түрде жасалған өтініш:

      көрсетілетін қызметті алушының атауын және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке немесе анықтамаға сәйкес);

      интернет желісінде көрсетілетін қызметті алушының домендік атының тіркелгенін растайтын құжаттың нөмірі және күні көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының корпоративтік интернет-ресурсының мекенжайы;

      2) бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған шектелмеген инвесторлардың тобы арасында көрсетілетін қызметті алушының жария етілген акцияларын орналастыру туралы жариялымның көшірмесі (мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі);

      3) оның тіркеушісі көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге өтінішін ұсынуы алдындағы айдың аяғындағы жағдай бойынша жасаған көрсетілетін қызметті алушы акционерлерінің тізілімі;

      4) әділет органының белгісі бар енгізілген барлық өзгерістер мен толықтыруларымен көрсетілетін қызметті алушы жарғысының көшірмесі;

      5) қор биржасы берген және көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті ұсынудың алдындағы айдың соңындағы жағдай бойынша мынадай өлшемшарттарға көрсетілетін қызметті алушының сәйкес келуін растайтын құжаттар:

      көрсетілетін қызметті алушының жай акцияларымен сауда-саттықтың көлемі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс;

      көрсетілетін қызметті алушының акциялары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының тізімдер санатында болуға тиіс, енгізілуі және онда болуы үшін қор биржасының ішкі құжаттарымен бағалы қағаздарға және олардың эмитенттеріне арнайы (листингтік) талаптар белгіленеді.

      Көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушының жария компания деп тану үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынатын құжаттардың көшірмесі бірінші басшының (не оны ауыстыратын тұлғаның) қолымен және көрсетілетін қызметті алушы мөрінің бедерімен расталады.

      Бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп, әр парағы расталып, тігіліп және тігістің түйіні мен параққа жартылай жапсырылып, қағаз пломбамен бекітіліп ұсынылады. Бірінші басшының (не оның орнындағы тұлғаның) қолы және мөр бедері жартылай қағаз пломбаға, жартылай құжаттың парағына қойылуы тиіс.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мынадай талаптарға сәйкес келмеуі:

      көрсетілген қызметті алушы өзінің жай акцияларын, осы акцияларды инвесторлардың шектеусіз тобына ұсына отырып, бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған және (немесе) ұйымдастырылған нарықтарына орналастыруға тиіс;

      көрсетілген қызметті алушының орналастырылған жай акцияларының жалпы санының кемінде 30 (отыз) пайызы, олардың әрқайсысы көрсетілген қызметті алушының орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан көрсетілген қызметті алушының жай акцияларының 5 (бес) пайызынан аспайтын акционерлерге тиесілі болуға тиіс;

      көрсетілген қызметті алушының жай акцияларымен сауда-саттықтың көлемі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9871 тіркелген "Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 189 қаулысында белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс;

      көрсетілетін қызметті алушының акциялары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының тізімдер санатында болуға тиіс, енгізілуі және онда болуы үшін қор биржасының ішкі құжаттарымен бағалы қағаздарға және олардың эмитенттеріне арнайы (листингілік) талаптар белгіленеді;

      2) Қазақсан Республикасының заңнамасында белгіленген құжаттардың толық пакетін ұсынбау;

      3) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
42-қосымша

"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік
қоғамын ерікті қайта ұйымдастыруға рұқсат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 09.12.2015 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
43-қосымша

"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамын
ерікті таратуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

      Ескерту. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 09.12.2015 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
     
  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
44-қосымша

"Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйым құруына немесе сатып алуына және (немесе) банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 44-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйым құруына немесе сатып алуына және (немесе) банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушыға) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – 3 (үш) ай ішінде;

      2) құжаттарды қабылдау және беру бойынша заңды тұлғаға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушыға) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын құжаттарды қоспағанда, табыс етілген құжаттарға ескертулер болған кезде оларды жою мерзімін көрсете отырып, почта, факсимильді байланыс және (немесе) электрондық пошта арқылы мұндай ескертулерді көрсетіп хат жібереді.

      Ескертулерді және жіберген жазбаша хабарламада белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарына сәйкес келетін пысықталған (түзетілген) құжаттарды ұсынады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының атына банктің және (немесе) банк холдингінің еншiлес ұйымды құруына немесе сатып алуына және (немесе) банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру туралы хатын не көрсетілетін қызметті берушінің Басқармасы қаулысының және тиісті рұқсаттың (рұқсат беру туралы шешім қабылданған кезде) көшірмесін қоса бере отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14, 15 және 16-тармақтарында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда, лицензия электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге банк және (немесе) банк холдингі еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат алу үшін өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еншілес ұйымды құруға немесе сатып алу үшін, оның ішінде бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленуші еншілес ұйымды құруға немесе сатып алу үшін рұқсат алуға өтініш (бұдан әрі – өтініш);

      2) еншілес ұйымның жарғысы (бар болса) және құрылтай шарты немесе құру туралы шешім – оны құрған жағдайда; еншілес ұйымның жарғысы (бар болса) – оны сатып алған жағдайда;

      3) көрсетілетін қызметті алушының еншілес ұйымды құру немесе оны сатып алу туралы шешімі;

      4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еншілес ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттар) туралы ақпарат;

      5) еншілес ұйымның ұйымдық құрылымы және үлестес тұлғалар туралы мәліметтер.

      Көрсетілетін қызметті алушы банктің банк холдингі болмаған жағдайда:

      осы ұйымдар қауымдастығы меморандумының немесе ережелерінің шарттарына сәйкес олардың қызметін бірлескен негізде басқаруға;

      егер көрсетілген ұйымдардың атқарушы органы, басқару органы (акционерлік қоғамдар үшін), байқаушы кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін) құрамының үштен бірінен астамын сол белгілі бір тұлғалар құрайтын болса, еншілес ұйымға байланысты ұйымдар туралы ақпаратты қосымша береді;

      6) бизнес-жоспарын табыс ете отырып, еншілес ұйым қызметінің түрі немесе түрлері туралы ақпаратты;

      7) еншілес ұйым орналасқан елдің заңнамасын талдау негізінде Қазақстан Республикасының резиденті емес банк конгломератына қатысушылар орналасқан елдердің заңнамасы бойынша олардың және банк конгломератының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген талаптарды орындауға мүмкіндік берілмеуіне байланысты банк конгломератына шоғырландырылған қадағалауды жүргізу мүмкіндігінің болмауын көздейтін мән-жайлардың жоқ екендігі туралы ақпаратты;

      8) көрсетілетін қызметті алушының құрылатын еншілес ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлесі мен сомасы, сондай-ақ ол иеленетін акциялардың саны және акцияларға алдын ала төлем мөлшері туралы ақпаратты;

      9) аудиторлық ұйымның есебі және еншілес ұйым иеленетін аудиторлық ұйым куәландырған қаржылық есептілікті;

      10) еншілес ұйым иеленетін жарғылық капиталдың мөлшері туралы (егер мұндай ақпарат аудиторлық есепте қамтылмаса), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе еншілес ұйымның иеленетін акцияларының саны туралы, еншілес ұйымның иелену талаптары мен тәртібі туралы ақпаратты;

      11) банк және (немесе) банк холдингі жарғылық капиталға қатысу үлесін немесе акцияларын сатып алу арқылы еншілес ұйым иеленетін заңды тұлға туралы:

      заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жерін;

      көрсетілетін қызметті алушы құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталына көрсетілетін қызметті алушының қатысу үлесінің мөлшері, оны иелену бағасы туралы мәліметті;

      көрсетілетін қызметті алушы акционері болып табылатын заңды тұлғаның акциялар саны, оларды иелену бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам иеленген акциялары шегеріле отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметті;

      заңды тұлғаның (көрсетілетін қызметті алушы құрылтайшысы, қатысушысы, акционері болған) қатысу үлесінің мөлшері, басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталынан оны сатып алу бағасы туралы мәліметті;

      банк және (немесе) банк холдингі акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) болып табылатын заңды тұлға сатып алған акциялардың саны, сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметті қамтитын мәліметтерді беруі қажет;

      Осы талаптар көрсетілетін қызметті алушы бірнеше заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысу үлестерін немесе акцияларын иелену арқылы еншілес ұйым иеленетін жағдайларға қолданылады;

      12) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын ақпарат;

      13) көрсетілетін қызметті алушының және еншілес ұйымды құрғаннан немесе сатып алғаннан кейінгі көрсетілетін қызметті алушының және еншілес ұйымның болжамды есеп айырысу балансын қоса алғанда, көрсетілетін қызметті алушының еншілес ұйымды құруының, сатып алуның қаржылық салдарына жүргізілген талдау, сондай-ақ бар болса, көрсетілетін қызметті алушының жоспары және еншілес ұйымының активтерін сату жөніндегі немесе еншілес ұйымды басқару жөніндегі қызметіне елеулі өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарын;

      14) бақылаудың туындау негізін көрсете отырып, олардың негізінде иеленетін еншілес ұйымды бақылау көзделетін немесе бақылауды растайтын өзге де құжаттарды;

      15) банктің және (немесе) банк холдингінің болжамды еншілес ұйымдары болуы нәтижесінде құрамына банк және (немесе) банк холдингі кіретін банк конгломератының пруденциялық нормативтерінің және құрылатын немесе иеленетін еншілес ұйымды ескере отырып, банктің міндетті түрде сақталуға тиісті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген басқа да нормалар мен лимиттердің есебін ұсынуға тиісті.

      Құрылатын не сатып алынатын еншілес ұйым Қазақстан Республикасының резиденті - банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, инвестициялық портфельді басқарушы болып табылса, өтініш қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің мәртебесін сатып алу туралы өтінішпен бірге бір мезгілде ұсынылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші банк Қазақстан Республикасының резиденттері – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, инвестициялық портфельді басқарушы – еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат алу үшін өтініш берген жағдайда осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарының бірінші бөлігінің 2), 4) 5) және 10) тармақтарында және 13-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды ұсынбайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші банк Қазақстан Республикасының резиденті банк – еншілес ұйымын құруға немесе сатып алуға рұқсат алу үшін өтініш не Көрсетілетін қызметті беруші банк - банк холдингі Қазақстан Республикасының резиденттері – банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, инвестициялық портфельді басқарушы – еншілес ұйымд құруға немесе сатып алуға рұқсат алу үшін өтініш берген жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды ұсынбайды.

      10. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсатты алу үшін көрсетілетін қызметті алушы банк көрсетілетін қызметті берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 2), 3), 4), 5), 8), 10) 11) және 14) тармақшалыранды көзделген құжаттарды қоса бере отырып, өтінішті, сондай-ақ мыналарды ұсынады:

      1) еншілес ұйымға берілуге жататын (берілген) күмәнді және үмітсіз активтер туралы ақпарат;

      2) еншілес ұйымды сатып алған жағдайда тиісті өтініш берудің алдындағы соңғы аяқталған тоқсан үшін еншілес ұйымның қаржылық есептілігі;

      3) оларға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын күмәнді және үмітсіз активтердің сапасын жақсарту бойынша бизнес-жоспар мен іс-шаралар жоспары қоса беріледі;

      4) пруденциялық нормативтердің және бас банктің күмәнді және сенімсіз активтерді иеленуші еншілес ұйымның болуын болжаудың нәтижесінде банктердің сақтауы міндетті басқа міндетті нормалар мен лимиттердің есебі, оның ішінде шоғырландырылған негізде.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы ұйымның капиталына елеулі қатысуға рұқсатты алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ұйымның капиталына елеулі қатысуға рұқсатты алуға өтініш;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 3), 6), 7), 8), 10) және 11) тармақшаларында көзделген құжаттар;

      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушы елеулі қатысуы бар ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттар) туралы ақпарат.

      Қазақстан Республикасының резиденттері - банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының капиталына елеулі қатысуды сатып алатын жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ұйымның капиталына елеулі қатысуына рұқсат алу үшін өтініш қаржы ұйымының ірі қатысушысының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің мәртебесін сатып алу туралы өтінішпен бірге бір мезгілде ұсынылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы банк Қазақстан Республикасының резиденттері – банктің (банктің ірі қатысушысы мәртебесін сатып алу туралы өтініш), сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының капиталына көрсетілетін қызметті алушы банктің елеулі қатысуына рұқсат алу үшін өтініш берген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы елеулі қатысауы бар ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттар) туралы ақпаратты ұсынбайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы банк Қазақстан Республикасының резиденті - банктің капиталына Көрсетілетін қызметті алушы банктің елеулі қатысуына рұқсат алу (банк холдингінің мәртебесін сатып алу туралы өтініш) үшін өтініш не банк холдингі Қазақстан Республикасының резиденттері – банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының капиталына елеулі қатысуға рұқсатты алу үшін өтініш берген жағдайда осы мемлекеттік көрсетілітн қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбайды.

      12. Егер құрылатын не сатып алынатын еншілес ұйым Қазақстан Республикасының резиденттері - банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, инвестициялық портфельді басқарушы болып табылса, еншілес ұйымды құруға немесе атып алуға рұқсат "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 тіркелген) бекітілген мына:

      1) "Банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру";

      2) "Сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру";

      3) "Инвестициялық портфельді басқарушының iрi қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру стандарттары) сәйкес қаржы ұйымының ірі қатысушысының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің мәртебесін сатып алуға келісіммен бірге бір мезгілде беріледі.

      Қазақстан Республикасының резиденттері – банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының капиталына елеулі қатысуды сатып алған жағдайда Қазақстан Республикасы ұйымдарының капиталына елеулі қатысуға рұқсат қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру стандарттарына сәйкес қаржы ұйымының ірі қатысушысының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің мәртебесін сатып алуға келісіммен бірге бір мезгілде беріледі.

      13. Көрсетілетін қызметті алушы порталға өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) көрсетілетін қызметті алушы еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 2), 3), 4), 6), 9), 12) және 14) (PDF форматтағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде), 5), 7), 8), 10), 13) және 15) (электрондық құжат түрінде), 11) (көрсетілетін қызметті алушы жарғылық капиталға қатысу үлесін немесе акцияларын сатып алу арқылы еншілес ұйымды сатып алатын заңды тұлға туралы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық құжат түріндегі деректер) тармақшаларында көрсетілген құжаттар;

      3) бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшін:

      осы тармақтың 2) тармақшасына сәйкес – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 2), 3), 4), 5), 8), 10), 11) және 14) тармақшаларында көзделген құжаттар, сондай-ақ;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағының 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген, электрондық сұратуға қоса берілетін құжаттар (электрондық құжат түрінде);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағының 3 және 4) тармақшаларында көрсетілген, электрондық сұратуға қоса берілетін құжаттар (PDF форматтағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) көрсетілген құжаттар;

      4) көрсетілетін қызметті алушы ұйымдардың капиталында қомақты қатысуға рұқсат алу үшін:

      осы тармақтың 2) тармақшасына сәйкес осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 3), 4), 6), 7), 8), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген құжаттар.

      Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Қазақстан Республикасының резиденті емес - банк холдингтері өтінішті қағаз жеткізгіште ұсынады.

      14. Мыналар:

      1) құрылатын немесе иеленетін еншілес ұйым орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнамасының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шоғырландырылған қадағалау жөніндегі талаптарға сай келмеуі;

      2) еншілес ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылатын кандидаттар):

      мінсіз іскерлік беделі жоқ;

      уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығындағы қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп иелену, оны лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағанға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату не оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы - жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банк холдингі) - заңды тұлғаның басшысы болып табылған адам банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп иелену, оны лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін 5 (бес) жыл бойы қолданылады;

      осы және (немесе) өзге де қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімді қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы 12 (он екі) ай ішінде қолданылады;

      сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаса не тағайындау (сайлау) күніне дейін 3 (үш) жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылса;

      қатарынан төрт және одан да көп кезең бойы шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолттың мөлшері республикалық бюджет туралы заңда төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асып түсетін соманы құрайтын дефолтқа жол берген бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы (ірі акционер) - жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер) - заңды тұлға - эмитенттің басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған адам банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап 5 (бес) жыл бойы қолданылады;

      3) көрсетілетін қызметті алушының болжанып отырған еншілес ұйымдарының болуы нәтижесінде құрамына көрсетілетін қызметті алушы кіретін банк конгломератының пруденциалдық нормативтерді сақтамауы;

      4) еншілес ұйымның қызметі немесе көрсетілетін қызметті алушы жоспарлаған инвестициялар салдарынан көрсетілетін қызметті алушының (банктің, банк холдингінің) немесе банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауы көзделетін қаржылық салдарды талдау;

      5) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын табыс етілген құжаттардың уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сәйкес келмеуі;

      6) еншілес ұйым орналасқан елдің заңнамасында көзделген жағдайларда еншілес ұйымның белгіленген пруденциалдық нормативтерді, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының пруденциалдық нормативтерді сақтамауы, оның ішінде шоғырландырылған негізде сақтамауы және уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде басқа да сақталуға міндетті нормативтер мен лимиттерді сақтамауы;

      7) өтініш берілген күнге және құжаттарды қарау кезеңінде ықпал етудің қолданыстағы шектелген шарасының және (немесе) уәкілетті органның көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) сатып алу көзделген еншілес ұйымға қатысты қолданған санкциясының болуы;

      8) көрсетілетін қызметті алушы еншілес ұйымды - Қазақстан Республикасының резиденттері банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, инвестициялық портфельді басқарушыны құрған немесе иемденген жағдайларда, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңында (бұдан әрі – Заң) көзделген сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында көзделген Қазақстан Республикасының резиденттері банк немесе сақтандыру холдингі, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беруге қатысты талаптарды сақтамау негіздер болып табылады.

      15. Ұйымдардың капиталына елеулі қатысуға рұқсат беруден бас тарту осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.

      16. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруға, сатып алуға рұқсат беруден бас тартуға:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер;

      2) еншілес ұйымға берілетін күмәнді және үмітсіз активтердің осы Заңның 11-2-бабы 4-тармағының талаптарына және (немесе) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес келмеуі негіз болады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      17. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 19-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      18. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      19. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      20. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      21. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Банктің және (немесе) банк
холдингінің еншілес ұйым
құруына немесе сатып алуына
және (немесе) банктің және
(немесе) банк холдингінің
ұйымдардың жарғылық
капиталына қомақты қатысуына
рұқсат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
  Нысан

      ___ жылғы "___" _______ № ___

Еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, оның ішінде негізгі
банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленуші еншілес ұйымды
құруға немесе сатып алуға рұқсат алуға
өтініш

      ________________________________________________________________________________

                              (көрсетілетін қызметті алушының атауы)

      банктің және (немесе) банк холдингінің уәкілетті органының_________________жылғы "___"

      _________________№_______шешіміне сәйкес _______________________________________

      ________________________________________________________________________________

                              (өткізілетін орны)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                  (құрылатын (иеленетін) еншілес ұйымның атауы, тұрған жері)

      арқылы құруға немесе иеленуге рұқсат беруді сұрайды.

      Банк және (немесе) банк холдингі өтінішке қоса берілген құжаттар мен мәліметтердің

      дұрыстығына, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұралатын қосымша ақпараттың және

      құжаттардың көрсетілетін уәкілетті органға дер кезінде берілуін растайды. Қоса берілетін

      құжаттар (жіберілетін құжаттардың атаулы тізбесін, әрқайсысы бойынша дана және бет санын

      көрсету қажет):___________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің

      пайдаланылуына келісім береміз.

      Атқарушы орган басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке жүзеге асыратын

      адам)

      _________________

            (қолы)

      Басқару органының басшысы (бар болса)

      ____________________

            (қолы)

                                                            Мөр (бар болса) орны

  "Банктің және (немесе) банк
холдингінің еншілес ұйым құруына
немесе сатып алуына және (немесе)
банктің және (немесе) банк
холдингінің ұйымдардың
жарғылық капиталына қомақты
қатысуына рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
  Нысан

фотосурет орны

Еншілес ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсыныс жасалған кандидаттар) туралы
ақпарат

      ________________________________________________________________________________

      еншілес ұйымның басшы қызметкерінің (немесе басшы лауазымына тағайындауға немесе

            сайлауға ұсыныс жасалған кандидаттың) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      ________________________________________________________________________________

      және еншілес ұйымның басшы қызметкерінің лауазымы немесе ұйымға, холдингке

                  тағайындалатын немесе сайланатын кандидаттың лауазымы)

      ________________________________________________________________________________

                              (еншілес ұйымның атауы көрсетіледі)

      1. Жалпы мәліметтер:

Туған күні және жері

Азаматтығы

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi (нөмірі, берілген күні, кіммен берілген), жеке сәйкестендіру нөмірі

      2. Білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен күні – аяқтаған күні

Мамандығы

Білімі туралы дипломның деректемелері, біліктігі

1

2

3

4

5

      3. Жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары)

      және жекжаты (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) туралы

      мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған жылы

Туыстық қатынасы

Жұмыс орны мен лауазымы

1

2

3

4

5

      4. Еншілес ұйымның басшы қызметкерінің (басшы қызметкерлер лауазымдарына

      тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылып отырған кандидаттың) заңды тұлғалардың

      жарғылық капиталына қатысуы немесе акцияларын иеленуі туралы мәліметтер:

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе кандидатқа тиесілі акциялары санының дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1

2

3

4

      5. Еңбек қызметі туралы мәліметтер.

      Осы тармақта еншілес ұйымның басшы қызметкерінің (басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылып отырған кандидаттың) бүкіл еңбек қызметi, оның iшiнде еншілес ұйымдағы лауазымын немесе кандидат еншілес ұйымда тағайындалатын лауазымды көрсете отырып, жоғарғы оқу орнын аяқтаған кезден бастап еңбек қызметi туралы мәліметтер, сондай-ақ кандидат еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезең көрсетіледі.

Жұмыс істеген кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны

Лауазымы (талап етілсе келісу күнін көрсете отырып)

Тәртіптік жаза қолданудың болуы

Жұмыстан шығарылу, лауазымнан босатылу себептері

1

2

3

4

5

6

      6. Еншілес ұйымдағы және (немесе) басқа ұйымдардағы инвестициялық комитеттерде

      мүшелігі туралы мәліметтер:

Кезеңі (күні, айы, жылы)

Ұйымның атауы

Лауазымы

Жұмыстан шығарылу, лауазымнан босатылу себептері

1

2

3

4

5

      7. Алынбаған және өтелмеген соттылығы туралы мәліметтер:

Күні

Соттың атауы

Соттың орналасқан жері

Жаза түрі

Кандидат оған сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылған заңнама актісінің бабы

Соттың іс жүргізу шешімін қабылдау күні

1

2

3

4

5

6

7

      8. Банк қызметімен байланысты құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік

      жауапкершілікке тартылуы туралы мәліметтер:

Күні

Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдаған орган

Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдаған органның орналасқан жерi

Әкімшілік жазаның түрі

Кандидат оған сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылған заңнама актісінің бабы

Шешім қабылданған күні

1

2

3

4

5

6

      9. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы ұйымының таратылуына және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуына әкеп соққан қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдағанға не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте оны банкрот деп тану туралы сот шешімінің заңды күшіне енуіне дейін кемінде 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде еншілес ұйымның басшы қызметкері (басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылып отырған кандидат) бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы - жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушысы - заңды тұлғаның (банк холдингінің) басшысы болып табылғаны туралы мәліметтер________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                              (иә (жоқ), ұйымның атауын,

      ________________________________________________________________________________

                  лауазымын, жұмыс істеген кезеңiн көрсету керек)

      10. Еншілес ұйымның басшы қызметкері (басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылып отырған кандидат) қатарынан төрт және одан да көп кезең бойы шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолттың мөлшері республикалық бюджет туралы заңда төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асып түсетін соманы құрайтын дефолтқа жол берген бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы (ірі акционер) – жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер) – заңды тұлға – эмитенттің басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған адам банктің басшы қызметкері болып табылғаны туралы мәліметтер______________________________________

      ________________________________________________________________________________

                              (иә (жоқ), ұйымның атауын,

      ________________________________________________________________________________                   лауазымын, жұмыс істеген кезеңiн көрсету керек)

      11. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді қайтарып алу және қаржы ұйымдарында, банк және сақтандыру холдингтерінде, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамында қызметтік мiндеттерiн орындаудан шеттету туралы деректердің болуы__________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

                              (иә (жоқ), ұйымның атауын,

      ________________________________________________________________________________

      лауазымын, жұмыс істеген кезеңін, тағайындауға (сайлауға) келісімді қайтарып

      ________________________________________________________________________________

      алудың негіздерін және осындай шешім қабылдаған мемлекеттік органның

      ________________________________________________________________________________

                              атауын көрсету керек)

      12. Еншілес ұйымның басшы қызметкері (басшы қызметкер лауазымына тағайындау

      немесе сайлау үшін ұсынылып отырған кандидат) тағайындау (сайлау) күніне дейін үш жыл

      ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке не сыбайлас жемқорлық

      құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды ма ________________

      ________________________________________________________________________________

                        (иә (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша

      ________________________________________________________________________________

                  сипаттамасы, жауапкершілікке тарту негіздерін көрсете отырып,

      ________________________________________________________________________________

      тәртіптік жаза қолдану туралы актінің немесе сот шешімінің деректемелері)

      Осы өтініштегі ақпаратты өзім тексергенімді және оның дәйекті және толық екендігін,

      мінсіз іскери беделі болуын растаймын.

      Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге

      және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін.

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)_____________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                                    (баспа әріптерімен)

      Күні ________________________________

      Қолы _______________________________

  "Банктің және (немесе) банк
холдингінің еншілес ұйым құруына
немесе сатып алуына және (немесе)
банктің және (немесе) банк
холдингінің ұйымдардың
жарғылық капиталына қомақты
қатысуына рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша
  Нысан

Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйым қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын
ақпарат

      ________________________________________________________________________________

                        (көрсетілетін қызметті алушының атауы)

Банктердің еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты банктің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыруына қойылатын талаптар

Банктің еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің бар екенін растайтын ішкі нормативтік құжаттарының (бұдан әрі – ІНҚ) атауы
(ІНҚ бөлімін, тармағын көрсету керек)

1.

Банктің директорлар кеңесінің, басқармасының, бөлімшелерінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі өкілеттіктері және функционалдық міндеттері, олардың жауапкершіліктері:
банктің директорлар кеңесі банктің еншілес ұйымдарында ішкі аудиттің тәртібін, стандарттарын және принциптерін енгізуді қамтамасыз етеді;
уәкілетті алқалы орган банктің еншілес ұйымдарында ішкі аудиттің тәртібін, стандарттарын және принциптерін енгізуді қамтамасыз етеді:
банктің басқармасы банктің еншілес ұйымына инвестицияларға және оларды одан әрі дамытуға қатысты мақсаты (жоспарлары) қамтылатын банк стратегиясының жобасын әзірлейді.

2.

Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі ішкі саясаттар мен рәсімдер:
банк рәсімдер арқылы өтімділіктің топ ішіндегі тәуекелді басқарады, оның ішінде банктің еншілес ұйымдарын топтағы басқа көздерінен қорландыруына байланыстығын шектейтін лимиттерді белгілейді;
банк комплаенс-бақылау жөніндегі бөлімше құрады, оның ішінде банктің еншілес ұйымдарының комплаенс-тәуекелді, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін басқару мәселелері бойынша қызметін ұйлестіру функциясын жүзеге асырады;
банк тәуекелдерді, оның ішінде банкке қатысты еншілес немесе тәуелді болып табылатын барлық ұйымдарды ескере отырып, басқарудың ішкі бақылауын жүзеге асыру рәсімдерін әзірлейді;
банктің еншілес ұйымдарымен әрекет ету және ақпарат алмасу тәртібін қамтитын ішкі аудит саясатын банк әзірлейді.
банк ішкі аудит бөлімшесін құрайды, ол өзгеден басқа, банктің ішкі аудит бөлімшесінің банктің еншілес ұйымдарының ішкі аудит бөлімшелерімен өзара әрекет ету тәртібін әзірлейді.

      Ескертпе:

      Осы нысанға мыналар қоса беріледі:

      1) ішкі нормативтік құжаттардың тізбесі;

      2) банктің ішкі нормативтік құжаттары.

  "Банктің және (немесе) банк
холдингінің еншілес ұйым құруына
немесе сатып алуына және (немесе)
банктің және (немесе) банк
холдингінің ұйымдардың
жарғылық капиталына қомақты
қатысуына рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
4-қосымша
  Нысан

      ___ жылғы "___" _______ № _____

Көрсетілетін қызметті алушының ұйымның капиталына
елеулі қатысуына рұқсат алуға
өтініш

      ________________________________________________________________________________

                        (көрсетілетін қызметті алушының атауы)

      көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органының _________________________________

      ________________________________________________________________________________

                                    (өткізілетін орын)

      ________жылғы "____"_______________№_______шешіміне сәйкес _____________________

      ________________________________________________________________________________

                        (ұйымның атауы, орналасқан жері)

      ұйымның капиталына елеулі қатысуына рұқсат беруді сұрайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қоса берілген құжаттар мен ақпараттың

      дәйектілігін, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұратып алынған қосымша ақпараттың

      және құжаттардың көрсетілетін қызметті алушыға уақтылы берілуін растайды.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін.

      Қоса берілген құжаттар (жіберілген құжаттардың тізбесін атауымен, әрқайсысы

      бойынша дана және бет санын көрсету керек).

      Атқарушы органның басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке жүзеге

      асыратын тұлға)

      ____________________________

                  (қолы)

      Басқару органының басшысы (бар болса)

      ___________________________

                  (қолы)

      Мөр (бар болса) орны

  "Банктің және (немесе) банк
холдингінің еншілес ұйым құруына
немесе сатып алуына және (немесе)
банктің және (немесе) банк
холдингінің ұйымдардың
жарғылық капиталына қомақты
қатысуына рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
5-қосымша
  Нысан

фотосурет

орны

Көрсетілетін қызметті алушының капиталына елеулі қатысуы бар ұйымның басшы қызметкерлерi (немесе басшы қызметкерлер лауазымдарына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылып отырған кандидаттар) туралы ақпарат

      ________________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының капиталына елеулі қатысуы бар ұйымның басшы

      қызметкерiнің (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін

      ұсынылып отырған кандидаттың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ________________________________________________________________________________

      және басшы қызметкердің лауазымы немесе кандидат көрсетілетін қызметті алушының

      капиталына елеулі қатысуы бар ұйымда тағайындалатын немесе сайланатын лауазымы

                                    көрсетіледі)

      ________________________________________________________________________________

      (банктің және (немесе) банк холдингінің капиталына елеулі қатысуы бар ұйымның

                                    атауы)

      1. Жалпы мәліметтер:

Туған күні және жері

Азаматтығы

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi (нөмірі, берілген күні, кіммен берілген), жеке сәйкестендіру нөмірі

      2. Білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен күні – аяқтаған күні

Мамандығы

Білімі туралы дипломның деректемелері, біліктігі

1

2

3

4

5

      3. Жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары)

      және жекжаты (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) туралы

      мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған жылы

Туыстық қатынасы

Жұмыс орны мен лауазымы

1

2

3

4

5

      4. Банктің және (немесе) банк холдингінің капиталына елеулі қатысуы бар ұйымның

      басшы қызметкерiнің (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін

      ұсынылып отырған кандидаттың) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы немесе

      акцияларын иеленуі туралы мәліметтер:

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе кандидатқа тиесілі акциялары санының дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1

2

3

4

      5. Еңбек қызметі туралы мәліметтер.

      Осы тармақта банктің және (немесе) банк холдингінің капиталына елеулі қатысуы бар

      ұйымның басшы қызметкерiнің (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе

      сайлау үшін ұсынылып отырған кандидаттың) бүкіл еңбек қызметiнде атқарған лауазымдары,

      оның iшiнде уәкілетті органға келісу туралы өтінішхат ұсынған қаржы ұйымындағы,

      холдингтегі лауазымы көрсетіледі.

Жұмыс істеген кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны

Лауазымы

Тәртіптік жаза қолданудың болуы

Жұмыстан шығарылу, лауазымнан босатылу себептері

1

2

3

4

5

6

      6. Банктің және (немесе) банк холдингінің капиталына елеулі қатысуы бар ұйымдағы

      және (немесе) басқа ұйымдардағы инвестициялық комитеттерде мүшелігі туралы мәліметтер:

Кезеңі (күні, айы, жылы)

Ұйымның атауы

Лауазымы

Жұмыстан шығарылу, лауазымнан босатылу себептері

1

2

3

4

5

      7. Алынбаған және өтелмеген соттылығы туралы мәліметтер:

Күні

Соттың атауы

Соттың орналасқан жері

Жаза түрі

Кандидат оған сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылған заңнама актісінің бабы

Соттың іс жүргізу шешімін қабылдау күні

1

2

3

4

5

6

7

      8. Банк қызметімен байланысты құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік

      жауапкершілікке тартылуы туралы мәліметтер:

Күні

Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдаған орган

Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдаған органның орналасқан жерi

Әкімшілік жазаның түрі

Кандидат оған сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылған заңнама актісінің бабы

Шешім қабылданған күні

1

2

3

4

5

6

      9. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы ұйымының таратылуына және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуына әкеп соққан қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдағанға не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте оны банкрот деп тану туралы сот шешімінің заңды күшіне енуіне дейін кемінде 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде еншілес ұйымның басшы қызметкері (басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылып отырған кандидат) бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы - жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушысы - заңды тұлғаның (банк холдингінің) басшысы болып табылғаны туралы мәліметтер________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                              (иә (жоқ), ұйымның атауын,

      ________________________________________________________________________________

                  лауазымын, жұмыс істеген кезеңiн көрсету керек)

      10. Еншілес ұйымның басшы қызметкері (басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылып отырған кандидат) қатарынан төрт және одан да көп кезең бойы шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолттың мөлшері республикалық бюджет туралы заңда төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асып түсетін соманы құрайтын дефолтқа жол берген бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы (ірі акционер) – жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер) – заңды тұлға – эмитенттің басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған адам банктің басшы қызметкері болып табылғандығы туралы мәліметтер___________________________________

      ________________________________________________________________________________

                        (иә (жоқ), ұйымның атауын,

      ________________________________________________________________________________                   лауазымын, жұмыс істеген кезеңiн көрсету керек)

      11. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі

      уәкілетті органның басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді

      қайтарып алу және қаржы ұйымдарында, банк және сақтандыру холдингтерінде, "Сақтандыру

      төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамында қызметтік мiндеттерiн орындаудан

      шеттету туралы деректердің болуы__________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                              (иә (жоқ), ұйымның атауын,

      ________________________________________________________________________________

      лауазымын, жұмыс істеген кезеңін, тағайындауға (сайлауға) келісімді қайтарып

      ________________________________________________________________________________

      алудың негіздерін және осындай шешім қабылдаған мемлекеттік органның

      ________________________________________________________________________________

                              атауын көрсету керек)

      12. Банктің және (немесе) банк холдингінің капиталына елеулі қатысуы бар ұйымның

      басшы қызметкері (басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылып

      отырған кандидат) тағайындау (сайлау) күніне дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық

      қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны

      үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды ма_________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                  (иә (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша

      ________________________________________________________________________________

            сипаттамасы, жауапкершілікке тарту негіздерін көрсете отырып,

      ________________________________________________________________________________

      тәртіптік жаза қолдану туралы актінің немесе сот шешімінің деректемелері)

      Осы өтініштегі ақпаратты өзім тексергенімді және оның дәйекті және толық екендігін,

      мінсіз іскери беделі болуын растаймын.

      Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге

      және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін.

      Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      __________________________________________________________________________

                                    (баспа әріптерімен)

      Күні ________________________

      Қолы _______________________

  "Банктің және (немесе) банк
холдингінің еншілес ұйым құруына
немесе сатып алуына және (немесе)
банктің және (немесе) банк
холдингінің ұйымдардың
жарғылық капиталына қомақты
қатысуына рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
6-қосымша
  Нысан

Көрсетілетін қызметті алушы жарғылық капиталына қатысу үлесін немесе акцияларын сатып алу арқылы еншілес ұйымын сатып алатын немесе елеулі қатысатын заңды тұлға туралы деректер

Заңды тұлғаның меншік нысаны

ЗТ ҚР резиденті болып табыла ма

БСН

ЗТ атауы

Ел/Облыс/Қала/
Аудан/Елдімекен

Көшенің атауы

Үйдің/үй-жайдың нөмірі

Үйдің индексі

Пәтердің/офистің нөмірі

Банктің ЗТ жарғылық капиталына қатысу үлесінің мөлшері туралы мәліметтер банктің және (немесе) банк холдингінің заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесінің мөлшері туралы мәліметтер

Құрылтайшысы банк және (немесе) банк холдингі болып табылатын қатысу үлесі, иелену бағасы туралы мәліметтер

Акционері банк және (немесе) банк холдингі болып табылатын заңды тұлға акцияларының саны туралы мәліметтер

Акционері банк және (немесе) банк холдингі болып табылатын заңды тұлғаның орналастырылған акцияларының (артықшылық берілген және қоғам сатып алғандарын шегергенде) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтер

Құрылтайшысы, қатысушысы, акционері банк және (немесе) банк холдингі болып табылатын заңды тұлғаның қатысу үлесінің мөлшері туралы мәліметтер

Басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы иелену бағасы, акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) банк және (немесе) банк холдингі болып табылатын заңды тұлғаның қатысу үлесінің мөлшері туралы мәліметтер

Акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) банк және (немесе) банк холдингі болып табылатын заңды тұлға иеленген акциялар саны туралы мәліметтер

Акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) банк және (немесе) банк холдингі болып табылатын заңды тұлға иеленген акцияларды иелену бағасы туралы мәліметтер

Акциялардың орналастырылған акциялардың (артықшылық берілген және қоғам сатып алғандарын шегергенде) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтер

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
45-қосымша

"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымды құруына немесе иеленуіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда– ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.01.2018 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымды құруына немесе иеленуіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – 3 (үш) ай ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының атына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншiлес ұйымды құруына немесе иеленуіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) беру туралы хат не көрсетілетін қызметті берушінің Басқармасы қаулысының көшірмесімен қоса осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда нәтиже электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушының еншілес ұйым құруына немесе иеленуінее рұқсат алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) ақпараттық жүйелердегі, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім берілген, еркін нысанда жасалған өтініш;

      2) еншілес ұйымды құрған жағдайда оның жарғысы (болған кезде) және құрылтай шарты немесе құру туралы шешім, оны иеленген жағдайда – еншілес ұйымның жарғысы (болған кезде);

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі органының еншілес ұйымды құру немесе иелену туралы шешімі;

      4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша еншілес ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылатын кандидаттар) туралы ақпарат;

      5) еншілес ұйымның ұйымдық құрылымы және үлестес тұлғалары туралы мәліметтер.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақтандыру холдингі болмаған жағдайда:

      ұйымдардың қызметі осы ұйымдар қауымдастығының меморандумы немесе ережелері талаптарына сәйкес біріктірілген негізде басқарумен;

      егер аталған ұйымдардың атқарушы органының, басқару органының (акционерлік қоғамдар үшін), қадағалау кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін) құрамының үштен бір бөлігінен астамын сол бір тұлғалар білдірсе, еншілес ұйыммен байланысты ұйымдар туралы ақпарат қосымша беріледі;

      6) бизнес-жоспарды ұсына отырып, еншілес ұйым қызметінің түрі немесе түрлері туралы ақпарат;

      7) Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру тобы қатысушыларының орналасқан елдерінің заңнамасы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген талаптарды олардың және сақтандыру тобының орындауына мүмкіндік бермеуіне байланысты еншілес ұйымның орналасқан елінің заңнамасын талдау негізінде сақтандыру тобына шоғырландырылған қадағалауды жүргізу мүмкіндігінің болмауын болжайтын жағдайлардың жоқ екені туралы ақпарат;

      8) құрылатын еншілес ұйымның жарғылық капиталында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің қатысу үлесі мен сомасы туралы, сондай-ақ олар иеленетін акциялардың саны мен акциялардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) алдын ала төлемінің мөлшері туралы ақпарат;

      9) аудиторлық ұйымның есебі және иеленетін еншілес ұйымның аудиторлық ұйым растаған қаржылық есептілігі;

      10) иеленетін еншілес ұйымның жарғылық капиталының мөлшері туралы (егер мұндай ақпарат аудиторлық есепте болмаса), сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің иеленетін еншілес ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе акцияларының саны туралы, еншілес ұйымды иелену шарттары мен тәртібі туралы ақпарат;

      11) мыналар:

      заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жері;

      құрылтайшысы (қатысушысы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің қатысу үлесінің мөлшері, оны иелену бағасы туралы мәліметтер;

      акционері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлға акцияларының саны, оларды иелену бағасы, орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам иеленгенін шегере отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтер;

      заңды тұлғаның (құрылтайшысы, қатысушысы, акционері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын) қатысу үлесінің мөлшері, оның басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы иелену бағасы туралы мәліметтер;

      акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлға иеленген акциялардың саны, оларды иелену бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам иеленгендерін шегере отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтерді қамтитын, жарғылық капиталға қатысу үлесін немесе акцияларын сатып алу арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі еншілес ұйымды иеленген заңды тұлға туралы деректер.

      Бұл талаптар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің бірнеше заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін немесе акцияларын иелену арқылы еншілес ұйымды иелену жағдайларына қолданылады;

      12) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің болуын растайтын құжаттар;

      13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің және еншілес ұйымның оны құрғаннан немесе иеленгеннен кейінгі болжамды есептік балансын қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымды құрудың, иеленудің қаржылық салдарларын талдау, сондай-ақ ол бар болған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымның активтерін сату жөніндегі немесе еншілес ұйымды басқару бойынша қызметке елеулі өзгерістер енгізу жөніндегі жоспары мен ұсынысы;

      14) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі еншілес ұйымды болжамды құру немесе иелену нәтижесінде құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) және (немесе) сақтандыру холдингі кіретін сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және құрылатын немесе иемденетін еншілес ұйымды ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және (немесе) сақтандыру холдингі міндетті түрде сақталуға тиісті қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 10-тармағына сәйкес белгілеген басқа да нормалар мен лимиттердің есебі;

      15) бақылаудың туындау негізін көрсете отырып, олардың негізінде иеленетін еншілес ұйымды бақылау көзделетін немесе бақылауды растайтын өзге де құжаттар.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі Қазақстан Республикасының резиденттерi банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының еншілес ұйым құруға немесе иеленуге рұқсат алу үшiн өтiнiш берген жағдайда, осы тармақтың 2), 4), 5) және 9) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге берілмейді.

      Егер құрылатын не иемденетін еншiлес ұйым банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы инвестициялық портфельді басқарушы болып табылса, онда еншiлес ұйым құруға не иеленуге берілген өтiнiшпен бiрмезгілде қаржы ұйымының (банк холдингiнiң немесе сақтандыру холдингінің) iрi қатысушысы мәртебесiн алу үшін қажеттi құжаттар қоса беріле отырып, қаржы ұйымының (банк холдингiнiң немесе сақтандыру холдингінің) iрi қатысушысы мәртебесiн алуға еркiн нысанда жазылған өтiнiш ұсынылады.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге ұйымның капиталында қомақты қатысуына рұқсат алу үшін өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) ақпараттық жүйелердегі, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар еркiн нысанда жасалған өтiнiш;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 3), 6), 7), 8), 10) және 11) тармақшаларында көзделген құжаттар;

      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі капиталға қомақты қатысатын ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттар) туралы ақпарат.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы порталда өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) көрсетілетін қызметті алушының еншілес ұйым құруына немесе иеленуіне рұқсат алу үшін:

      электрондық сұрау салуға қоса берілетін, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 2), 3), 4), 6), 9), 12), 15) тармақшаларында (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде), 5), 7) 8), 10), 13), 14) тармақшаларында (электрондық құжаттар түрінде) және 11) тармақшасында (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәліметтердің электрондық нысаны түрінде, жарғылық капиталдағы қатысу үлесін немесе акцияларды сатып алу арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі еншілес ұйымды немесе қомақты қатысуды иеленетін заңды тұлғалар туралы деректер) көрсетілген құжаттар;

      3) ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының осы тармағының 2) тармақшасына сәйкес 9-тармағының 3), 6), 7), 8), 10) және 11) тармақшаларында және 10-тармағының 3) тармақшасында (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) көзделген құжаттар.

      Қазақстан Республикасының бейрезиденттері сақтандыру холдингтері өтінішті қағаз жеткізгіште ұсынады.

      Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      12. Мыналар:

      1) құрылатын немесе сатып алынатын еншілес ұйымы орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнамасының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шоғырландырылған қадағалау талаптарына сай келмеуі;

      2) көрсетілетін қызметті алушының еншілес ұйымының басшы қызметкерінің (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттың):

      мінсіз іскерлік беделі жоқ;

      уәкілетті орган қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруын тоқтатуға апарған қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы шешім қабылданғанға дейін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымын басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, қаржы ұйымының ірі қатысушысы - жеке тұлға, ірі қатысушысы (сақтандыру холдингі) - заңды тұлғаның басшысы болған. Аталған талап уәкілетті орган қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруын тоқтатуға апарған қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы шешім қабылданғаннан кейін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін 5 (бес) жыл бойы қолданылады;

      осы және (немесе) өзге қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған. Аталған талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алу туралы шешім қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы 12 (он екі) ай бойы қолданылады;

      сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не тағайындалған (сайланған) күніне дейін 3 (үш) жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған адам;

      қатарынан 4 (төрт) және одан да көп кезең бойы шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолттың мөлшері республикалық бюджет туралы заңда төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асып түсетін соманы құрайтын дефолтқа жол берген бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесінің басшысы, мүшесі, басқарма басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы (ірі акционер) – жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер) – заңды тұлға – эмитенттің директорлар кеңесінің басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған адам. Көрсетілген талап осы абзацта көзделген мән-жайлар туындаған кезден бастап 5 (бес) жыл бойы қолданылады;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымының болжанатын болуы нәтижесінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі құрамына кіретін сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерді сақтамауы;

      4) еншілес ұйымы қызметінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингі жоспарлайтын инвестициялардың салдарынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру тобының қаржылық ахуалының нашарлауы болжанатын қаржылық салдардың талдамасы;

      5) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйымының қызметімен байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің болуын растайтын берілген құжаттардың уәкілетті органның тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сәйкес келмеуі;

      6) еншілес ұйымы орналасқан елінің заңнамасында көзделген жағдайларда еншілес ұйымның белгіленген пруденциялық нормативтерді, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің пруденциялық нормативтерді, оның ішінде шоғырландырылған негізде және уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы 3 (үш) ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы;

      7) уәкілеттің орган құжаттарды қарау кезеңінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне және (немесе) иемдену болжанып отырған еншілес ұйымға қатысты қолданған, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 53-2-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген қолданыстағы шектеулі ықпал ету шарасының және (немесе) Заңның 53-1-бабының 2-тармағында көзделген мәжбүрлеу шарасының және (немесе) Заңның 53-3-бабы 2-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген санкцияның болуы;

      8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі еншілес ұйымды – Қазақстан Республикасының резиденттері – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, банкті, инвестициялық портфельді басқарушыны құрған немесе иемденген жағдайда, Заңда, Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі және бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында көзделген Қазақстан Республикасының резиденттері сақтандыру немесе банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, банктің, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беруге қатысты талаптарды сақтамауы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

      13. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат беруден бас тарту осы көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      14. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 16-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оны атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

      Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда, шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      17. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      18. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының және (немесе) сақтандыру
холдингінің еншілес ұйымды құруына
немесе иеленуіне, сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымының және (немесе)
сақтандыру холдингінің ұйымдардың
капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан

Еншілес ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлері лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидаттар) туралы ақпарат

      ______________________________________________________________________________

      (еншілес ұйымның басшы қызметкерінің (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидаттың) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      ______________________________________________________________________________

      және басшы қызметкердің лауазымы немесе кандидат еншілес ұйымда тағайындалатын немесе сайланатын лауазым)

      _____________________________________________________________________________

      (еншілес ұйымның атауы)

      1. Жалпы мәліметтер:

Туған күні және туған жері

Азаматтығы

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (нөмірі, берілген күні, кім берді)

      2. Жұмыс орны (орындары), лауазымы (лауазымдары): ________________

      __________________________________________________________________

      3. Жұмыс орнының (орындарының) мекенжайы (мекенжайлары), байланыс телефоны:

      _________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      4. Білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен күні - бітірген күні

Мамандығы

Білімі туралы диплом деректемелері, біліктілігі

Оқу орнының орналасқан жері

1.

      5. Жұбайы, жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, қарындасы, балалары) және жекжаттары (ерлі-зайыптылардың ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, қарындасы, балалары) туралы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Туған жылы

Туыстық қатынасы

Жұмыс орны және лауазымы

1.

      6. Еншілес ұйымның басшы қызметкерінің (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидаттың) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына немесе акцияларын иеленуіне қатысуы туралы мәліметтер:

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе кандидатқа тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның дауыс беруші акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1.

      7. Соңғы үш жылдағы біліктілігін арттыру жөніндегі семинарлардан, курстардан өткендігі туралы мәліметтер: 

Ұйымның атауы

Өткізілген күні және орны

Сертификат деректемелері (нөмірі, берілген күні)

1.

      8. Еңбек қызметі туралы мәліметтер.

      Осы тармақта еншілес ұйымның басшы қызметкерінің (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидаттың) бүкіл еңбек қызметінде атқарған (атқаратын) лауазымдары, оның ішінде еншілес ұйымдағы лауазымы туралы мәліметтер көрсетіледі:

Жұмыс кезеңі
(күні, айы, жылы)

Жұмыс орны

Лауазымы

Тәртіптік жазаның болуы

Жұмыстан шығару, лауазымнан босату себептері

1.

      9. Еншілес ұйымның басшы қызметкерінің (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидаттың) қаржы ұйымдарына аудит жүргізгені туралы мәліметтер: ________________________

      ______________________________________________________________________________

      (қаржы ұйымының атауын, кандидаттың орындаушы-аудитор ретінде аудиторлық есепке қол қойған күнін көрсету керек)

      10. Осы ұйымның және (немесе) басқа ұйымдардың директорлар кеңесіндегі және инвестициялық комитеттердегі мүшелігі туралы мәліметтер:

 №

Кезең (күні, айы, жылы)

Ұйымның атауы

Лауазымы, келісу күні (егер талап етілсе)

Жұмыстан шығару, лауазымнан босату себептері

1.

      11. Жарияланымдары, ғылыми әзірлемелері және басқа да жетістіктері:

      ______________________________________________________________________________

      (иә (жоқ), бар болса күнін, қандай басылымдарда екендігін көрсету керек)

      12. Алынбаған және өтелмеген соттылығының болуы туралы мәліметтер (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін):

Күні

Сот органының атауы

Соттың орналасқан жері

Жазаның түрі

Кандидаттың қылмыстық жауаптылыққа тартылуына сәйкес келетін заңнамалық актінің бабы

Соттың іс жүргізу шешімін қабылдаған күні

1.

      13. Өзіне қабылдаған ақшалай міндеттемелердің орындалмау фактілерінің болуы туралы мәліметтер: _____________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      (иә (жоқ), аталған фактілер болған жағдайда, ұйымның атауын және міндеттемелер сомасын көрсету қажет)

      14. Еншілес ұйымның басшы қызметкері (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидат) бұрын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, оны лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушысы – жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушысы (сақтандыру холдингі) – заңды тұлғаның басшысы болған-болмағандығы туралы мәліметтер: ____________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      (иә (жоқ) ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс кезеңін көрсету керек)

      15. Еншілес ұйымның басшы қызметкері (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидат) қатарынан төрт және одан да көп кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолттың мөлшері республикалық бюджет туралы заңда төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асып түсетін соманы құрайтын дефолтқа жол берген бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесінің басшысы, мүшесі, басқарма басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы (ірі акционер)-жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер)-заңды тұлға-эмитенттің директорлар кеңесінің басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған-болмағандығы туралы мәліметтер: ________________________________

      _____________________________________________________________________________

      (иә (жоқ) ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс кезеңін көрсету керек)

      16. Басшы қызметкерді тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтару туралы және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы ұйымдарындағы, банк және сақтандыру холдингтеріндегі, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамындағы қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету туралы деректердің болуы: _______________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі, тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтару үшін негіздемелер және (немесе) қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету және осындай шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы)

      17. Қаржы ұйымының, холдингтің басшысы ретінде қаржы ұйымының, холдингтің қызмет мәселелері бойынша сот талқылауларына жауапкер ретінде тартылды ма:

      ________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      (иә (жоқ), сот талқылауындағы жауапкер қаржы ұйымының, холдингтің атауы, қаралған мәселе және сот шешімі)

      18. Еншілес ұйымның басшы қызметкері (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидат) тағайындалған (сайланған) күнге дейін 3 (үш) жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды ма:

      _____________________________________________________________________________

      (ия (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша сипаттамасы

      _____________________________________________________________________________

      жауапкершілікке тарту негіздемелерін көрсете отырып,

      _____________________________________________________________________________

      тәртіптік жаза қолдану туралы актінің немесе сот шешімінің деректемелері)

      Осы өтініште қамтылған ақпаратты өзімнің тексергенімді және оның дәйектілігі мен толықтығын растаймын, сондай-ақ мінсіз іскерлік беделдің болуын растаймын.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      _____________________________________________________________________________

      (баспа әріптерімен)

      Күні _________________________________

      Қолы _________________________________

  "Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының және (немесе) сақтандыру
холдингінің еншілес ұйымды құруына
немесе иеленуіне, сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымының және (немесе)
сақтандыру холдингінің ұйымдардың
капиталына қомақты қатысуына
рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің капиталына қомақты қатысуы бар ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлері лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидаттар) туралы ақпарат

      ______________________________________________________________________________

      (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің капиталына қомақты қатысуы бар ұйымның басшы қызметкерінің (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидаттың) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      ______________________________________________________________________________

      және басшы қызметкердің лауазымы немесе кандидат сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің капиталына қомақты қатысуы бар ұйымда тағайындалатын немесе сайланатын лауазым)

      ______________________________________________________________________________

      (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің қомақты қатысуы бар ұйымның атауы) көрсетіледі)

      1. Жалпы мәліметтер:

Туған жері және күні

Азаматтығы

Жеке басын куәландыратын құжат деректері (нөмірі, берілген күні, кім берді)

      2. Жұмыс орны (орындары), лауазымы (лауазымдары):

      ____________________________________________________________________

      3. Жұмыс орнының (орындарының) мекенжайы (мекенжайлары), байланыс телефоны:

      ____________________________________________________________________

      4. Білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен күні - бітірген күні

Мамандығы

Білімі туралы диплом деректемел, біліктілігі

Оқу орнының орналасқан жері

1.

      5. Жұбайы, жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, қарындасы, балалары) және жекжаттары (ерлі-зайыптылардың ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, қарындасы, балалары) туралы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Туған жылы

Туыстық қатынасы

Жұмыс орны және лауазымы

1.

      6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің қомақты қатысуы бар ұйымның басшы қызметкерінің (немесе басшы қызметкердің лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидаттың) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына немесе акцияларын иеленуіне қатысуы туралы мәліметтер:

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе кандидатқа тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның дауыс беруші акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1.

      7. Соңғы үш жылдағы біліктілігін арттыру жөніндегі семинарлардан, курстардан өткендігі туралы мәліметтер:

Ұйымның атауы

Өткізілген күні және орны

Сертификат деректемелері (нөмірі, берілген күні)

1.

      8. Еңбек қызметі туралы мәліметтер.

      Осы тармақта сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің қомақты қатысуы бар ұйымның басшы қызметкерінің (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидаттың) бүкіл еңбек қызметінде атқарған (атқаратын) лауазымдары, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің қомақты қатысуы бар ұйымдағы лауазымы туралы мәліметтер көрсетіледі:

Жұмыс кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны

Лауазымы

Тәртіптік жазаның болуы

Жұмыстан шығару, лауазымнан босату себептері

1.

      9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің қомақты қатысуы бар ұйымның басшы қызметкерінің (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидаттың) қаржы ұйымдарына аудит жүргізгені туралы мәліметтер:

      _____________________________________________________________________________

      (қаржы ұйымының атауын, кандидаттың орындаушы-аудитор ретінде аудиторлық есепке қол қойған күнін көрсету керек)

      10. Осы ұйымның және (немесе) басқа ұйымдардың директорлар кеңесіндегі және инвестициялық комитеттердегі мүшелігі туралы мәліметтер:

Кезең (күні, айы, жылы)

Ұйымның атауы

Лауазымы, келісу күні (егер талап етілсе)

Жұмыстан шығару, лауазымнан босату себептері

1.

      11. Жарияланымдары, ғылыми әзірлемелері және басқа жетістіктері:

      ________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      (иә/жоқ, бар болса күнін, қандай басылымдарда екендігін көрсету керек)

      12. Алынбаған және өтелмеген соттылығының болуы туралы мәліметтер (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін):

Күні

Сот органының атауы

Соттың орналасқан жері

Жазаның түрі

Кандидаттың қылмыстық жауаптылыққа тартылуына сәйкес келетін заңнамалық актінің бабы

Соттың іс жүргізу шешімін қабылдаған күні

1.

      13. Өзіне қабылдаған ақшалай міндеттемелердің орындалмау фактілерінің болуы туралы мәліметтер: _____________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (иә/жоқ, аталған фактілер бар болған жағдайда ұйымның атауын және міндеттемелер сомасын көрсету қажет)

      14. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің қомақты қатысуы бар ұйымның басшы қызметкері (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидат) бұрын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, оны лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушысы - жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушысы (сақтандыру холдингі) - заңды тұлғаның басшысы болған-болмағандығы туралы мәліметтер: _______________

      __________________________________________________________________________

      (иә (жоқ) ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс кезеңін көрсету керек)

      15. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің қомақты қатысуы бар ұйымның басшы қызметкері (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидат) қатарынан төрт және одан да көп кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолттың мөлшері республикалық бюджет туралы заңда төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асып түсетін соманы құрайтын дефолтқа жол берген бұрын қаржы ұйымының директорлар кеңесінің басшысы, мүшесі, басқарма басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы (ірі акционер) - жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер) - заңды тұлға-эмитенттің директорлар кеңесінің басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған-болмағандығы туралы мәліметтер: ________________________________

      _____________________________________________________________________________

      (иә (жоқ) ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс кезеңін көрсету керек)

      16. Басшы қызметкерді тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтару туралы және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы ұйымдарындағы, банк және сақтандыру холдингтеріндегі, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамындағы қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету туралы деректердің болуы: ___________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі, тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтару үшін негіздемелер және (немесе) қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету және осындай шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы)

      17. Қаржы ұйымының, холдингтің басшысы ретінде қаржы ұйымының, холдингтің қызмет мәселелері бойынша сот талқылауларына жауапкер ретінде тартылды ма:

      ________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      (иә (жоқ), сот талқылауындағы жауапкер қаржы ұйымының, холдингтің атауы, қаралған мәселе және сот шешімі)

      18. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің қомақты қатысуы бар ұйымның басшы қызметкері (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидат) тағайындалған (сайланған) күнге дейін 3 (үш) жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды ма: _________

      ____________________________________________________________________________

      (ия (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша сипаттамасы,

      ____________________________________________________________________________

      жауапкершілікке тарту негіздемелерін көрсете отырып,

      ____________________________________________________________________________

      тәртіптік жаза қолдану туралы актінің немесе сот шешімінің деректемелері)

      Осы өтініште қамтылған ақпаратты өзімнің тексергенімді және оның дәйектілігі мен толықтығын растаймын, сондай-ақ мінсіз іскерлік беделдің болуын растаймын.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      ______________________________________________________________________________

      (баспа әріптерімен)

      Күні ________________________________

      Қолы _______________________________

  "Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының және (немесе) сақтандыру
холдингінің еншілес ұйымды құруына
немесе иеленуіне, сақтандыру
(қайтасақтандыру) ұйымының және
(немесе) сақтандыру холдингінің
ұйымдардың капиталына қомақты
қатысуына рұқсат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша
Мәліметтердің электрондық нұсқасы

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі жарғылық капиталдағы қатысу үлесін немесе акцияларын сатып алу арқылы еншілес ұйымды немесе қомақты қатысуды иеленетін заңды тұлға туралы деректер

Көрсетілетін қызмет алушының құрылтайшысы (қатысушысы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің мөлшері туралы мәліметтер (пайызбен)

Көрсетілетін қызмет алушының құрылтайшысы (қатысушысы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесін сатып алу бағасы теңгемен)

Акционері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлғаның акцияларының саны туралы мәліметтер (данамен)

Акционері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлғаның акцияларын сатып алу бағасы
(теңгемен)

Акционері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлғаның сатып алынған акцияларының орналастырылған акциялардың жалпы санына пайыздық арақатынасы (артықшылық берілген және қоғам сатып алғандарды шегергенде)
(пайызбен)

1

2

3

4

5

      кестенің жалғасы

Акционері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің мөлшері туралы мәліметтер (пайызбен)

Акционері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін
сатып алу бағасы (теңгемен)

Акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлғаның сатып алған акцияларының саны туралы мәліметтер (данамен)

Акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлғаның сатып алған акцияларының сатып алу бағасы туралы мәліметтер (теңгемен)

Акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлғаның сатып алынған акцияларының орналастырылған акциялардың жалпы санына пайыздық арақатынасы (артықшылық берілген және қоғам сатып алғандарды шегергенде)
(пайызбен)

6

7

8

9

10

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
46-қосымша

"Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 46-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының атына ілеспе хатпен жіберілетін Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат беру не осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартының 11-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда нәтиже электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) айналыстағы бағалы қағаздар (борыштық бағалы қағаздар үшін) шығару шарттарын (оның iшiнде сыйақы төлеу немесе бағалы қағаздары өтеу жөнiндегi мiндеттемелерiн) дер кезінде орындамағаны немесе орындамаған фактілері болмағаны, сондай-ақ айналыстағы бағалы қағаздардың (акцияларды қоспағанда) делистинг жағдайлары болмағаны туралы ақпаратты көрсете отырып, ақпараттық жүйелерде орналастырылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім берумен еркін нысанда жасалған, шет мемлекеттің аумағындағы көрсетілетін қызмет алушының эмиссиялық бағалы қағаздарын шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру туралы өтiнiш;

      2) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызмет алушының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында орналастыру туралы көрсетілетін қызмет алушының органы шешімінің көшірмесін, онда мынадай ақпарат көрсетіледі:

      көрсетілетін қызмет алушының толық атауы;

      эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару аумағында (немесе заңнамасына сәйкес) жүзеге асырылатын мемлекеттің (мемлекеттердің) атауы немесе эмиссиялық бағалы қағаздарының шығарылуы және орналастырылуы жүргізілетін сауда-саттық ұйымдастырушылардың атауы, оған сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздарының шығарылуы жүргізілетін ережелер мен қағидалардың атауы;

      шығарылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың түрі, кепілгері көрсетілген қамтамасыз етудің және кепілдіктердің болуы және оның түрі, номиналды құны немесе орналастыру бағасы және сәйкестендіру коды (бар болса);

      осы эмиссиялық бағалы қағазбен берілетін құқықтар;

      осы эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірісті есептеу және төлеу тәртібі, төлеу мерзімділігі және көрсетілетін қызмет алушының көзқарасы бойынша маңызды өзге де мәліметтер;

      3) көрсетілетін қызмет алушының "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 22-1-бабының 1-тармағы 1), 3), 4) және 5) тармақшаларының талаптарын сақтауын растайтын Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының анықтамасын;

      4) борыштық эмиссиялық бағалы қағаздарды, оның ішінде туынды бағалы қағаздарды шығару кезінде облигациялар шығаруға рұқсат алу үшін құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша левередж шамасының есебі қоса берілген қаржылық, оның ішінде шоғырландырылған есептілікті;

      5) үлестік, оның ішінде туынды эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару кезінде орналастырылған үлестік бағалы қағаздары санынан үлестік бағалы қағаздардың он және одан да көп пайызының меншік иесі болып табылатын тұлғалар тізімі өзгерген кезде көрсетілетін қызмет алушы шығарған борыштық бағалы қағаздар ұстаушыларында осы борыштық бағалы қағаздарын мерзімінен бұрын өтеуді және (немесе) сатып алуды талап ету құқығы туындау үшін негіздеме болып табылатын бұрын көрсетілетін қызмет алушы шығарған бағалы қағаздар проспектілерінде талаптардың (ковенанттың) жоқ екенін растайтын құжатты ұсынады.

      Көрсетілетін қызмет алушы Заңның 22-1-бабында және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7560 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 70 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы резидент ұйымның эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру, депозитарлық қолхаттардың немесе Қазақстан Республикасы резиденті ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары базалық активі болып табылатын өзге бағалы қағаздардың шығарылымы туралы хабарламаны, сондай-ақ оларды орналастыру туралы есепті ұсыну қағидалары белгіленген талаптар сақталған жағдайда, бір мезгілде эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға және орналастыруға рұқсат алу үшін құжаттар ұсынады.

      Көрсетілетін қызмет алушы рұқсат алуға құжаттарды ұсыну күніне шығарылымы тіркелген шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат алу үшін осы тармақта көрсетілген құжаттардан басқа осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес мәліметтерді ұсынады.

      Көрсетілетін қызмет алушы оның бастамасы бойынша немесе оның қатысуымен және базалық активі көрсетілетін қызмет алушы орналастыратын эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын туынды эмиссиялық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында шығаруға рұқсат алу үшін осы тармақта көрсетілген құжаттардан басқа, тиісті шешім қабылданғаннан кейін отыз күн ішінде көрсетілетін қызметті берушіге базалық активі көрсетілетін қызмет алушының шет мемлекеттегі бағалы қағаздары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды орналастыру туралы шешім қабылдаған күндегі жағдай бойынша базалық активі болып табылатын орналастырылмаған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алуы жүзеге асырылатын бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесінде ашылған көрсетілетін қызмет алушының жеке шотының жай-күйі туралы тіркеушінің анықтамасын ұсынады.

      10. Көрсетілетін қызмет алушының порталға жүгінуі кезінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған айналымдағы бағалы қағаздар (борыштық бағалы қағаздар үшін) шығару шарттарын (оның ішінде сыйақы төлеу немесе бағалы қағаздары өтеу жөнiндегi мiндеттемелерiн) уақтылы орындамаған немесе орындамаған, сондай-ақ айналымдағы бағалы қағаздардың (акцияларды қоспағанда) делистинг жағдайлары болмағандағы туралы ақпаратты көрсете отырып, электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

      2) электрондық сұрау салуға қоса тіркелетін, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2) (электрондық құжат түрінде), 3), 4) және 5) тармақшаларында (PDF форматындағы құжаттың электрондық көшірмелері түрінде), үшінші және төртінші бөліктеріндегі (электрондық құжаттар түрінде) құжаттар.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      11. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) Заңның 22-1-бабының 4-тармағында көзделген шарттарды орындамаған;

      2) осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген құжаттардың толық пакетін ұсынбау;

      3) ұсынылған құжаттардың осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      12. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша көрсетілетін қызмет берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызмет алушының шағымы оны тіркеу күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      13. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызмет берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызмет берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Қазақстан Республикасының
резидент-ұйымының миссиялық
бағалы қағаздарын
шет мемлекеттің аумағында
орналастыруға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
қосымша

Қазақстан Республикасы резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат алу үшін мәліметтер

      1. Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының ұйымдық құқықтық нысаны көрсетілген атауы.

      2. Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының және оның бағалы қағаздарының рейтингілік бағасы туралы мәліметтер.

      3. Қазақстан Республикасының резидент-ұйымы бұрын шығарған эмиссиялық бағалы қағаздардың оларды шығарған елдердегі және басқа елдердегі сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда алаңдарында айналыста болуы туралы мәліметтер (биржаның атауы, листингтің санаты, Қазақстан Республикасының резидент-ұйымы бұрын шығарған эмиссиялық бағалы қағаздардың параметрлері).

      4. Тіркеу нөмірі мен күнін көрсете отырып Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарының шығарылымын тіркеген органның атауы.

      5. Аумағында (немесе заңнамаға сәйкес) Қазақстан Республикасының резидент-ұйымы эмиссиялық бағалы қағаздардың орналастырылуы жүзеге асырылатын мемлекеттің (мемлекеттердің) атауы.

      6. Қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарының шығарылымы жүргізілген және орналастырылуы жүргізілетін сауда-саттықты ұйымдастырушылардың атауы.

      7. Соған сәйкес Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарының орналастырылуы жүргізілетін ережелер мен қағидалардың атауы.

      8. Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарының түрі.

      9. Сәйкестендіру коды (бар болса).

      10. Шығарылым валютасы және нысаны.

      11. Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының жалпы көлемі, номиналды құны (бар болса).

      12. Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыру құнын айқындау шарттары, айналысқа жіберу және орналастыру мерзімдері.

      13. Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының осы эмиссиялық бағалы қағаздарының беретін құқықтары.

      14. Қамтамасыз етілген Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары бойынша қамтамасыз етудің түрін көрсету (онымен эмитенттің міндеттемесі қамтамасыз етілген эмитенттің кепіл мүлігі, кепілгерді көрсете отырып үшінші тұлғалардың кепілдіктері).

      15. Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары бойынша сыйақыны есептеу және төлеу тәртібі, Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын ұстаушылар өкілінің, төлем агентінің болуы, төлемнің мөлшері және кезеңділігі, Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын өтеу тәртібі, оларды болжамды өтеу мерзімі.

      16. Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушыларға эмитенттің қаржылық есептілігін ұсыну тәртібі.

      17. Инвесторлар үшін маңызды болып табылатын өзге де мәліметтер (осы Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздардың осы шығарылымы бойынша міндеттемелерді өзіне алатын тұлғаны көрсетумен эмитентті ауыстыру мүмкіндігі, кіріс қандай валютада төленеді, осы Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелер жүргізуге қойылған шектеулері бар Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірістерді төлеу туралы мәліметтер).

      18. Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылым талаптары туралы ақпаратты алуға арналған мекенжайлар, дереккөздер, байланыс деректемелері.

      Резидент-ұйымның
басшысы (басшының орынбасары) ________________

                                                                        (қолы)

      Бірінші басшы (ол болмаған кезде құжаттарға қол қойған адам) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылған құжаттардағы ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз етеді.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
47-қосымша

"Шет мемлекеттің аумағындағы Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шығаруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 47-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Шет мемлекеттің аумағындағы Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шығаруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының атына ілеспе хатпен жіберілетін эмиссиялық бағалы қағаздарын шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес шығаруға рұқсат беру не осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартының 11-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда нәтиже электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру кестесі – 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен 9.00-ден 18.00-ге дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      көрсетілетін қызмет алушы шет мемлекеттiң аумағында көрсетілетін қызмет алушының органы тиiстi шешiмдi қабылдағаннан кейiн күнтiзбелiк 30(отыз) күн iшiнде мыналар:

      1) айналыстағы бағалы қағаздар (борыштық бағалы қағаздар үшін) шығару талаптарын (оның iшiнде сыйақы төлеу немесе бағалы қағаздары өтеу жөнiндегi мiндеттемелерiн) дер кезінде орындамағаны немесе орындамаған фактілері болмағаны, сондай-ақ айналыстағы бағалы қағаздардың (акцияларды қоспағанда) делистинг жағдайлары болмағаны туралы ақпаратты көрсете отырып, көрсетілетін қызмет алушының эмиссиялық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында шығаруға рұқсат беру туралы еркiн нысанда жасалған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпарат жүйелерінің құрамындағы, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім берілген өтiнiш;

      2) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызмет алушының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығару туралы көрсетілетін қызмет алушының органы шешімінің көшірмесін, онда мынадай ақпарат көрсетіледі:

      көрсетілетін қызмет алушының толық атауы;

      эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару аумағында (немесе заңнамасына сәйкес) жүзеге асырылатын мемлекеттің (мемлекеттердің) атауы немесе эмиссиялық бағалы қағаздарының шығарылуы және орналастырылуы жүргізілетін сауда-саттық ұйымдастырушылардың атауы, оған сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздарының шығарылуы жүргізілетін ережелер мен қағидалардың атауы;

      шығарылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың түрі, кепілгері көрсетілген қамтамасыз етудің және кепілдіктердің болуы және оның түрі, номиналды құны немесе орналастыру бағасы және сәйкестендіру коды (бар болса);

      шығарылымның болжанған көлемі және валютасы;

      осы эмиссиялық бағалы қағазбен берілетін құқықтар;

      осы эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірісті есептеу және төлеу тәртібі, төлеу мерзімділігі және көрсетілетін қызмет алушының көзқарасы бойынша маңызды өзге де мәліметтер;

      3) көрсетілетін қызмет алушының "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 22-1-бабының 1-тармағы 1), 3), 4) және 5) тармақшаларының талаптарын сақтауын растайтын Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының анықтамасын;

      4) борыштық эмиссиялық бағалы қағаздарды, оның ішінде туынды бағалы қағаздарды шығару кезінде облигациялар шығаруға рұқсат алу үшін құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша левередж шамасының есебі қоса берілген қаржылық, оның ішінде шоғырландырылған есептілікті;

      5) үлестік, оның ішінде туынды эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару кезінде орналастырылған үлестік бағалы қағаздары санынан үлестік бағалы қағаздардың 10 (он) және одан да көп пайызының меншік иесі болып табылатын тұлғалар тізімі өзгерген кезде көрсетілетін қызмет алушы шығарған борыштық бағалы қағаздар ұстаушыларында осы борыштық бағалы қағаздарын мерзімінен бұрын өтеуді және (немесе) сатып алуды талап ету құқығы туындау үшін негіздеме болып табылатын бұрын көрсетілетін қызмет алушы шығарған бағалы қағаздар проспектілерінде талаптардың (ковенанттың) жоқ екенін растайтын құжатты ұсынады.

      Көрсетілетін қызмет алушы Заңның 22-1-бабында және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7560 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 70 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы резидент ұйымның эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру, депозитарлық қолхаттардың немесе Қазақстан Республикасы резиденті ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары базалық активі болып табылатын өзге бағалы қағаздардың шығарылымы туралы хабарламаны, сондай-ақ оларды орналастыру туралы есепті ұсыну қағидалары белгіленген талаптар сақталған жағдайда, бір мезгілде эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға және орналастыруға рұқсат алу үшін құжаттар ұсынады.

      Көрсетілетін қызмет алушы оның бастамасы бойынша немесе оның қатысуымен және базалық активі осы көрсетілетін қызмет алушы орналастыратын эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын туынды эмиссиялық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында шығаруға рұқсат алу үшін осы тармақта көрсетілген құжаттардан басқа, тиісті шешім қабылданғаннан кейін 30 (отыз) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушіге базалық активі көрсетілетін қызмет алушының шет мемлекеттегі бағалы қағаздары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды орналастыру туралы шешім қабылдаған күндегі жағдай бойынша базалық активі болып табылатын орналастырылмаған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алуы жүзеге асырылатын бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесінде ашылған көрсетілетін қызмет алушының жеке шотының жай-күйі туралы тіркеушінің анықтамасын ұсынады.

      10. Көрсетілетін қызмет алушы порталға жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2) (электрондық құжат түрінде), 3), 4) және 5) (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) тармақшаларында, үшінші бөлігінде (электрондық құжат түрінде) көрсетілген құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      11. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) Қағидада көзделген шарттарды орындамаған;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген құжаттар пакетін толық ұсынбау;

      3) ұсынылған құжаттардың осы мемлекеттікк өрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      12. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      13. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызмет берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызмет берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
48-қосымша

"Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 48-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – 25 (жиырма бес) жұмыс күні ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің атына кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы (бұдан әрі - рұқсат) рұқсатты қоса берумен актіні беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 11-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы рұқсатты қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда рұқсат электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен расталады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің атына кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы рұқсат алу үшін өтініш:

      2) мыналарды қамтитын көрсетілетін қызмет алушының қызметін жүзеге асыру жөніндегі бизнес-жоспар:

      көрсетілетін қызмет алушы қызметінің сипаттамасы;

      кредиттік тарихтарды қалыптастыру бойынша ақпараттық процестерді ұйымдастырудың тәртібі мен мерзімдері;

      баға саясаты және кредиттік есептерге тарифтерді есептеу тәртібі;

      кірістер мен шығыстар туралы таяудағы 3 (үш) жылға арналған болжам;

      көрсетілетін қызмет алушының қызметін дамытудың перспективалық жоспарлары;

      3) белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуден өткен құрылтайшы құжаттардың көшірмелері.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтініште көрсетілген мекенжайы өзгерген, сондай-ақ құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда, өзгерістер мен толықтыруларды көрсетілетін қызметті берушіге олар енгізілген күнінен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде табыс етеді.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) электрондық сұрау салуға қоса тіркелген осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) құжаттар.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      11. Мыналар мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болады:

      1) субъектілердің аталған санаты үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тыйым салынған қызметтің белгілі бір түрін жүзеге асыру;

      2) келесі ұйымдастыру, техникалық шаралары мен технологиялық талаптарды сақтамау:

      ақпараттық жүйелерді, кредиттік тарихтардың деректер базасын және басқа құжаттарды қауіпсіз орналастыру және пайдалану үшін техникалық және басқа үй-жайлардың болуы;

      кредиттік тарихтардың деректер базасын және аталған ақпараттық жүйелерді қорғау құралдарын орналастыру үшін ақпараттық жүйелерді қалыптастыру және пайдалану кезінде сертификатталған жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану;

      ақпаратты жеткізушілер мен кредиттік есепті алушылармен жасасатын шарттарда кредиттік тарихтардың деректер базасын және аталған ақпараттық жүйелерді қорғау құралдарын жасау үшін қолданылатын ақпараттық жүйелерді қалыптастыру және пайдалану кезінде қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді қорғау бойынша ұйымдастыру, техникалық шаралары мен технологиялық талаптарды бірлесіп іске асыру міндеттілігі туралы талаптардың болуы;

      кредиттік тарихтың субъектісі ақпаратының резервтік көшірмелерін сақтау үшін қаладан тыс орналасқан кредиттік бюроның резервтік серверінің болуы;

      3) көрсетілетін қызмет алушыға қатысты оған осы қызмет түрімен айланысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі.

3-тарау. Көрсетілетін қызмет алушының және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      12. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      13. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Кредиттік бюро қызметін жүзеге
асыру құқығына рұқсат және
кредиттік тарихтардың деректер
базасын, пайдаланылатын
ақпараттық жүйелерді қорғау және
олардың сақталуын қамтамасыз ету
жөніндегі кредиттік бюроға және
үй-жайларға қойылатын талаптарға
кредиттік бюроның сәйкестігі
туралы актіні беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша
  Нысан

      ________________________________________________________________________________

                              (уәкілетті органның толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

                              (көрсетілетін қызметті алушының

                                    толық атауы)

Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру туралы өтініш

      Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың

      деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын

      қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға

      кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беруіңізді сұраймын.

      Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:

      1. Көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері (нақты мекенжайы)___________

      ________________________________________________________________________________

      (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үйдің нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі, телефон, факс)

      ________________________________________________________________________________

      2. Көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысы және бас бухгалтері туралы

      мәліметтер ______________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), туылған күні және жылы, байланыс телефондарының

                                          нөмірлері)

      3. Көрсетілетін қызметті алушының акционерлері (құрылтайшылары, қатысушылары)

      туралы мәліметтер:

      жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), туылған күні және жылы:_

      ________________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________;

      заңды тұлғалар үшін - толық атауы, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы

      мәліметтер, жарғылық капиталының мөлшері:________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      4. Төлем тапсырмалары, кассалық кіріс ордерлері - толық төлегенін растайтын

      құжаттардың деректемелері көрсетілген жарғылық капиталдың мөлшері (акционерлік

      қоғамның ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлғаларды қоспағанда);

      5. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі

      мен күні (акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар үшін):___

      ________________________________________________________________________________

      6. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, даналар саны және әрқайсысы бойынша парақтар

      саны: ___________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың)

      дұрыстығына толығымен жауапты болады.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтініш беруге уәкілеттік берген тұлғаның тегі, аты,

      әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы _______________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                                          (қолы)

      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің

      пайдаланылуына келісім беремін.

      20____жылғы "______" _____________

      Мөр (болған кезде) орны

      Ескерту. 48-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
49-қосымша

"Банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың жарғылық
капиталына елеулі қатысуына рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

      Ескерту. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
50-қосымша

"Банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – 2 (екі) ай ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау және беру бойынша қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының тиісті қаулысының көшірмесін қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы хатты жіберу не мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банкті ерiктi түрде таратуға рұқсат алуға қолдаухат;

      2) таратудың себептерін міндетті түрде көрсете отырып, акционерлердің жалпы жиналысының банкті ерікті тарату туралы шешімі;

      3) жеке тұлғалардың депозиттерін аударым жасау туралы шарттың көшірмесі және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке беретін жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актісі;

      4) акционерлердің жалпы жиналысында бекітілген өзінің қызметін (таратудың негізгі іс-шаралар жоспары) тоқтату мерзімі мен дайындық кезеңдері көрсетілген іс-шаралар тізбесі;

      5) өз міндеттемелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін банк қаражатының жеткіліктілігін куәландыратын, соңғы есеп беру күніне жасалған баланстық есеп;

      6) банктерді аудиттен өткізу құқығын беретін тәуелсіз аудиторлық ұйым куәландырған банк активтерінің құнын бағалау жөніндегі есеп;

      7) тарату комиссиясына мүшелікке кандидаттардың, оның ішінде банктердің филиалдарында және (немесе) өкілдіктерінде нысан бойынша, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес құрылатын бөлімшелердің тізімі және басқа да қажетті мәліметтер.

      Порталда:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) электрондық сұрау салуға қоса берілетін осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6) (құжаттардың PDF форматындағы электрондық көшірмелері түрінде) және 7) (осы мемлекеттік көрсетілетін стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат түрінде) тармақшаларында көрсетілген құжаттар.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      10. Мыналар:

      1) ұсынылған құжаттардың толық болмауы немесе тиісінше ресімделмеуі;

      2) өз міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін банк қаражатының жеткілікті болмауы;

      3) жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлеу арқылы қайтару не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын басқа банкке аудару жөніндегі іс-шараларды қабылдамауымемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;

      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресмиинтернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Банкті ерікті түрде таратуға
рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша

      Нысан

      _____ жылғы "____" __________

      №_________

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық Банкінің Төрағасына

Банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беруге
қолдаухат

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      ________________________________________________________________________________

                              (көрсетілетін қызметті алушының атауы)

      банк акционерлерінің жалпы жиналысының ________ жылғы "_____"_________________

      №_______шешіміне сәйкес________________________________________________________,

                                          (өткен орны)

      банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беруді өтінеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы өзінің барлық кредиторларының талаптарын толық

      көлемде қанағаттандыруға міндеттенеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы қолдаухатқа қоса берілген құжаттар мен ақпараттардың

      дәйектілігіне, сондай-ақ уәкілетті органға қолдаухатты қарауға байланысты сұрау салған

      қосымша ақпараттар мен құжаттарды дер кезінде беруге толық жауап береді.

      Қоса беріліп отырған құжаттар (жіберіліп отырған құжаттардың аттары көрсетілген

      тізбесін, әрбіреуі бойынша данасының және парақтарының санын көрсету):______________

      ________________________________________________________________________________

      Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің

      пайдаланылуына келісім беремін.

      Көрсетілетін қызметті алушының акционерлері атынан уәкілетті тұлға

      ____________________________

                  (қолы)

      Мөр (ол болған кезде) орны

  "Банкті ерікті түрде таратуға
рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша

      Мәліметтердің электрондық нысаны

Филиалдарда және (немесе) өкілдіктерде құрылатын тарату
комиссиясына, оның ішінде оның бөлімшелеріне мүшелікке
үміткерлердің тізімі

р/с №

Үміткердің аты-жөні, әкесінің аты (ол болған кезде)

Үміткердің жұмыс орны

Үміткердің лауазымы

Үміткердің туылған күні

Білімі туралы деректер (оқу орнының атауы, біліктілігі, оқыған кезеңі)

Жұмыс тәжірибесі

Нақты тұратын мекенжайы

Үміткердің байланыс телефоны

Үміткердің
ЖСН

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
51-қосымша

"Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын
қайта ұйымдастыруға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – 3 (үш) ай ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау және беру бойынша қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының тиісті қаулысының көшірмелерін қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы хатты беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жөніндегі дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:

      1) қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат алу туралы қолдаухат уәкілетті органға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі, көрсетілетін қызметті алушылардың бірінші басшылары не олар болмаған жағдайда олардың орнындағы адамдар оған қол қояды және көрсетілетін қызметті алушылардың мөрлерімен (ол болған кезде) расталады.

      2) көрсетілетін қызметті алушы акционерлерi жалпы жиналысының оны қайта ұйымдастыру туралы шешiмi;

      3) көрсетілетін қызметті алушының қайта ұйымдастырудың болжамды шарттарын, тәртібі мен мерзiмдерiн белгілейтін құжат;

      4) көрсетілетін қызметті алушының оны қайта ұйымдастырғаннан кейiнгi есептiк балансын қоса алғанда, қайта ұйымдастыру салдарының қаржылық болжамы қоса беріледi.

      Қосылу жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушы, қосылатын көрсетілетін қызметті алушы (қосылатын көрсетілетін қызметті алушылар) қайта ұйымдастыруға рұқсат алу үшін қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат алу туралы қолдаухатпен бірге уәкілетті органға мыналарды ұсынады:

      1) қосылу жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушы акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі, қосылу жүзеге асырылатын Қор және қосылатын көрсетілетін қызметті алушы (қосылатын көрсетілетін қызметті алушылар) акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысының шешімі, сондай-ақ қосылатын көрсетілетін қызметті алушы (қосылатын көрсетілетін қызметті алушылар) акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі;

      Қосылу жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушы және қосылатын көрсетілетін қызметті алушы (қосылатын көрсетілетін қызметті алушылар) акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысы шешімінде қосылу нысанында қайта ұйымдастыруға қатысатын әрбір көрсетілетін қызметті алушының атауы, орналасқан жері, қосылатын көрсетілетін қызметті алушының (қосылатын көрсетілетін қызметті алушылардың) акцияларын сату бағасы, қосылу жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушының акцияларын орналастыру (сату) бағасы туралы мәліметтер, қосылудың өзге талаптары мен тәртібі қамтылады;

      2) қосылу жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушының және қосылатын көрсетілетін қызметті алушының (қосылатын көрсетілетін қызметті алушылардың) қайта ұйымдастыруы болжанған талаптарын, тәртібін және мерзімдерін белгілейтін құжаттар (бұдан әрі – қайта ұйымдастыру жоспары);

      Қайта ұйымдастыру жоспарына мыналар кіреді:

      қайта ұйымдастыруды жүргізудің негіздемелері;

      көрсетілетін қызметті алушылардың ерікті зейнетақы жарналары және меншікті активтері есебінен зейнетақымен қамсыздандыру шарттары бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың зейнетақы активтеріне қатысты әрекет ету тәртібін сипаттауды қоса алғанда, қайта ұйымдастыруды жүргізу жөніндегі іс-шаралар;

      қайта ұйымдастыруға байланысты іс-шараларды аяқтау мерзімі;

      қосылатын көрсетілетін қызметті алушы (қосылатын көрсетілетін қызметті алушылар) салымшыларының (алушыларының) құрылымын ескере отырып, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтерін төлеу және аудару бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету шаралары туралы мәліметтер;

      қайта ұйымдастырылатын көрсетілетін қызметті алушының пруденциялық нормативтерді орындауын қамтамасыз ету шаралары туралы мәліметтер;

      қосылу жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушының бағдарламалық-техникалық құралдарының және автоматтандырылған ақпарат жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету шаралары туралы мәліметтер;

      қайта ұйымдастырудың ерекшеліктерін көрсететін өзге де ақпарат.

      3) қосылу жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушының қайта ұйымдастыру рәсімі аяқталғаннан кейінгі есептік бухгалтерлік балансын қоса алғанда, қайта ұйымдастыру салдарларының қаржылық болжамы.

      Қайта ұйымдастыру салдарларының қаржылық болжамы қосылу жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушының қайта ұйымдастырудан кейінгі мынадай көрсеткіштерінің қысқа мерзімді, орташа мерзімді және ұзақ мерзімді талдауларын қамтиды:

      қаржылық есептер негізінде меншікті активтерге және меншікті капиталға қатысты тиімділік көрсеткіштерінің қайта ұйымдастыру рәсімі аяқталғаннан кейінгі талдауы;

      ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтерінің мөлшері бойынша қайта ұйымдастыру рәсімі аяқталғаннан кейінгі болжам;

      салалар, валюталар, қаржы құралдарының түрлері, өтеуге дейінгі мерзімдері бөлігіндегі зейнетақы активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфель құрылымы бойынша қайта ұйымдастыру рәсімі аяқталғаннан кейінгі болжам;

      ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтерінің шартты бірлігі құнының қайта ұйымдастыру рәсімі аяқталғаннан кейінгі өзгеру болжамы.

      Заңды тұлғаның қосылуы жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушыны қайта ұйымдастыруға рұқсат алу үшін қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішхатпен бірге көрсетілетін қызметті берушіге осы тармақтың бірінші бөлігі 1-тармақшасындағы талаптарға сәйкес ресімделген мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) қосылу жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушы акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі, қосылу жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушы және қосылатын заңды тұлға акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысының шешімі, сондай-ақ қосылатын заңды тұлға акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі;

      2) қосылу жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушының және заңды тұлғаның қайта ұйымдастыру жоспары;

      3) көрсетілетін қызметті алушының қайта ұйымдастырудан кейінгі есептік бухгалтерлік балансын қоса алғанда, қайта ұйымдастыру салдарларының қаржылық болжамы.

      Осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген құжаттар қосылу жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушыға қойылатын осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінің талаптарына сәйкес ресімделеді.

      Осы тармақта атап көрсетілген, бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленген, тігілген және соңғы парақтың артқы жағында көрсетілетін қызметті алушы (көрсетілетін қызметті алушылар) мөрімен (ол болған кезде) расталған түрде, ішінара жапсырма қағаздың үстінде тігіс түйінінде желімделіп, тігілген парақтар санын көрсете отырып беріледі.

      Құжаттардың көшірмелері көрсетілетін қызметті алушының (көрсетілетін қызметті алушылардың) осындай құжаттарға қол қою құқығы бар лауазымды тұлғаларының қолдарымен және көрсетілетін қызметті алушы мөрімен (көрсетілетін қызметті алушылар мөрлерімен) (ол болған кезде) расталады.

      Порталда:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ расталған электрондық құжат нысанындағы сұрату;

      2) электрондық сұрау салуға қоса тіркелетін, осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде), 3) және 4) (электрондық құжаттар түрінде) тармақшаларында, екінші бөлігінің 1) (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде), 2) және 3) (электрондық құжаттар түрінде) тармақшаларында, төртінші бөлігінің 1) (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде), 2) және 3) (электрондық құжаттар түрінде) тармақшаларында көрсетілген құжаттар.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      10. Мыналар:

      1) болжанып отырған қайта ұйымдастырудың нәтижесінде салымшылар (алушылар) мүддесiнің бұзылуы;

      2) болжанып отырған қайта ұйымдастырудың нәтижесінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылуы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің қайта ұйымдастыруға рұқсатын алу үшін ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Мыналардың:

      1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;

      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Ерікті жинақтаушы зейнетақы
қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
қосымша
  Нысан

      20_____ жылғы "____" __________

      №_________

                                                                                                            Қазақстан Республикасы

                                                                                                                  Ұлттық Банкінің

                                                                                                                        Төрағасына

Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын
қайта ұйымдастыруға рұқсат алу туралы
қолдаухат

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      _____________________________________________________________________

      (Қордың атауы)

      _____________________________________________________________________

      (өткен орны)

      Қор акционерлерінің жалпы жиналысының _______ жылғы "___" ______ № _____ шешіміне сәйкес ______________________________________

      ____________________________________________________________________

      (қайта ұйымдастырылатын Қордың атауы)

      Қорды қайта ұйымдастыруға рұқсат беруді сұрайды.

      Қор қолдаухатқа қоса берілген құжаттар мен ақпараттардың

      дұрыстығына, сондай-ақ қолдаухатты қарауға байланысты сұрау салған

      қосымша ақпараттар мен құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге дер

      кезінде беруге толық жауап береді.

      Қоса беріліп отырған құжаттар (жіберілген құжаттардың аттары

      аталған тізбесі, даналарының және әрқайсысы бойынша парақтарының саны

      көрсетілсін): ______________________________________________________.

      "Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат

      беру" мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті дербес деректерімді

      жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын

      құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Қордың бірінші басшысы (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған

      кезде), аталған өкілеттікті алуға негіз болатын құжатқа сілтеме).

      _________________________

      (қолы) мөр (ол болған кезде)

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
52-қосымша

"Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 52-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – 3 (үш) ай ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау және беру бойынша қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының атына ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті таратуға рұқсат беру туралы хатты не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 11-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберу.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

      өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін жолдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызмет алушының ерікті түрде таратуға рұқсат алу туралы қолдаухат;

      2) акционерлердің жалпы жиналысының көрсетілетін қызметті алушыны ерікті түрде тарату туралы шешімі;

      3) көрсетілетін қызмет алушының ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көзделген міндеттемелерінің жоқтығын растайтын құжат;

      4) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көзделген міндеттемелердің жоқтығын куәландыратын бухгалтерлік баланс және оған берілетін түсіндірме жазба.

      Қызметті алушының бухгалтерлік балансына берілген түсіндірме жазбада кредиторлық берешек сомаларын және олардың пайда болу негіздемелерін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының кредиторлары (олар бар болса) туралы ақпарат жария етіледі.

      Бухгалтерлік баланс және оған берілетін түсіндірме жазба қолдаухат жіберілген күннің алдындағы күнге жасалады;

      5) қызметті алушының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкінің, қызметті алушының кастодиан банкінің бірінші басшысы және қызметті алушының инвестициялық портфелін басқарушы (ол болған кезде) немесе олардың орындарындағы адамдар қол қойған, аталған ұйымдардың мөрлерімен расталған ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша қызметті алушының зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-өткізу актісі;

      6) көрсетілетін қызмет алушыда ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияның және бағалы қағаздар нарығында қызметтің басқа түрлерін жүзеге асыруға берілген лицензияның негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша міндеттемелердің және қолданыстағы шарттардың жоқтығын растайтын құжаттар:

      көрсетілетін қызмет алушының қызметтің тиісті түрлері бойынша міндеттемелерінің жоқтығы туралы, сондай-ақ қызметтің көрсетілген түрлері бойынша қолданыстағы шарттардың жоқтығы туралы хаты;

      "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ-тың орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі жеке шотты және көрсетілетін қызмет алушының жеке шотындағы барлық қосалқы шоттарды жабу және депозитарлық қызмет көрсету шартын, ағымдағы шот шартын және факсимильді хабарлар түріндегі операциялық құжаттарды қабылдау және беру туралы шартты бұзу жөніндегі хаты;

      "Қазақстан қор биржасы" АҚ-тың "Қазақстан қор биржасы" АҚ алдында берешегінің жоқтығы туралы хаты.

      Көрсетілетін қызмет алушының ерікті түрде таратылуға рұқсат алу туралы қолдаухатына және көрсетілетін қызмет алушыда ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көзделген міндеттемелердің жоқтығын растайтын құжатқа көрсетілетін қызмет алушының бірінші басшысы қол қоюға және олар көрсетілетін қызмет алушының мөрімен расталуға тиіс.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ расталған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) электрондық сұрау салуға тіркелетін құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 5), 6) (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) және 4) (электрондық құжат түрінде) тармақшаларында көрсетілген құжаттар.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      11. Мыналар мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болады:

      1) лицензияланатын қызмет түрлері бойынша міндеттемелер мен қолданыстағы шарттардың болуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының барлық кредиторларының талаптарын қанағаттандыру үшін қаржының жеткілісіздігі.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      12. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      13. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресмиинтернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Ерікті жинақтаушы зейнетақы
қорын ерікті түрде таратуға рұқсат
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
қосымша
  Нысан

                                                                                                            Қазақстан Республикасы

                                                                                                      Ұлттық Банкінің Төрағасына

                                                                                                      _________________________

Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті таратуға рұқсат алу туралы
қолдаухат

      ________________________________________________________________________________

                                          (Қордың атауы)

      ________________________________________________________________________________

                                          (өткен орны)

      Қор акционерлерінің жалпы жиналысының______жылғы "___"___________№____

      шешіміне сәйкес_________________________________________________________________

                                          (Қордың атауы)

      Қорды ерікті таратуға рұқсат беруді сұрайды.

      Қор қолдаухатқа қоса берілген құжаттар мен ақпараттардың дұрыстығына, сондай-ақ

      қолдаухатты қарауға байланысты сұрау салған қосымша ақпараттар мен құжаттарды

      көрсетілетін қызметті берушіге дер кезінде беруге толық жауап береді.

      Қоса беріліп отырған құжаттар (жіберілген құжаттардың аттары аталған тізбесі,

      даналарының және әрқайсысы бойынша парақтарының саны көрсетілсін):________________

      _______________________________________________________________________________.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін.

      Қордың бірінші басшысы (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), аталған өкілеттікті

      алуға негіз болатын құжатқа сілтеме).

      _________________________

            (қолы)

      20___жылғы "____" __________

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
53-қосымша

"Уәкілетті ұйымдарға қолма-қол шетел валютасымен айырбастау
операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыруға
лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Уәкілетті ұйымдарға қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде:

      лицензияны және оған қосымшаны берген кезде – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;

      қолданыстағы лицензияға қосымша берген кезде – 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      лицензияны және (немесе) оған қосымшаны қайта рәсімдеген кезде – 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      лицензияның телнұсқаларын (лицензияға қосымшаның телнұсқасын) бергенде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күн ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, қайта ресімдеу, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10 және 10-1-тармақтарында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабы.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда лицензия электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді:

      1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензияны және оған қосымшаны беру кезіндегі лицензиялық алым 40 (қырық) айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;

      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензияны және оған қосымшаны беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды, бірақ 4 (төрт) АЕК-тен көп емес;

      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 (жүз) пайызын құрайды.

      Қолданыстағы лицензияға қосымшаларды (лицензияға қосымшалардың телнұсқаларын) беру және қолданыстағы лицензияға қосымшаларды қайта ресімдеген кезде лицензиялық алым алынбайды.

      Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға, қайта ресімдеуге, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын портал арқылы алуға электрондық сұрау салған жағдайда, оның ішінде төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері Астана уақытымен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында Астана уақытымен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі – Астана уақытымен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен Астана уақытымен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      лицензияны және оған қосымшаны алу үшін:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензияны және оған қосымшаны алуға өтініш;

      2) жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын бермеген жағдайда нотариат куәландырған көшірмесі);

      3) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

      4) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеген жағдайларды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгендігін растайтын құжаттың көшірмесі

      5) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;

      6) шетел валютасындағы шотының бар екендігі туралы анықтама.

      Көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар ретінде мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының құрылтайшылары (қатысушылары) туралы мәліметтер;

      2) уәкілетті ұйымның банк шотына жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшеріне теңдей немесе одан асатын мөлшердегі ақшаны аударғанын растайтын екінші деңгейдегі банктің құжаты (клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы);

      3) кассирдің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс бойынша арнайы дайындықтан өткендігін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған), не Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасында көзделген және қызметкердің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс істейтін кассир ретінде кемінде алты ай еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған) бойынша;

      4) ақша белгілерінің түпнұсқалығын айқындау үшін техникалық құралдардың сипаттамасын айқындайтын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;

      5) бақылау-касса аппаратын шығарушы зауыт паспортының көшірмесі немесе компьютерлік жүйенің функционалдық мүмкіндіктерінің және ерекшеліктерінің қысқаша сипаты;

      6) компьютерлік жүйе болмаған жағдайда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9801 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 144 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) талаптарына сәйкес айырбастау операцияларының есебін жүргізу үшін бағдарламалық қамтамасыз етудің функционалдық мүмкіндіктері мен сипаттамаларының қысқаша сипаты.

      Қосымша айырбастау пунктін ашу кезінде қолданыстағы лицензияға қосымшаны алу үшін көрсетілетін қызметті алушы немесе оның филиалы көрсетілетін қызметті берушіге айырбастау пунктінің орналасқан жері бойынша мынадай құжаттарды береді:

      1) қосымша ашылатын айырбастау пунктін ашу үшін қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға қолданыстағы лицензияға қосымшаны алуға осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына 3-қосымшасына сәйкес өтініш;

      2) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттар.

      Көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар ретінде осы тармақтың екінші бөлімінде көзделген құжаттар ұсынылады.

      Егер қосымша айырбастау пунктін ашу үшін көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталының ұлғаюы талап етілсе, уәкілетті ұйымның банк шотына жарғылық капиталды толықтыру мақсатында ақшаның аударылғандығын растайтын екінші деңгейдегі банктің құжаты (клиенттің банк шоты бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірме) қолданыстағы лицензияға қосымшаны алуға өтініш білдірген күнге дейін күнтізбелік отыз күн бұрын берілмеуі тиіс. Өзге жағдайларда бұл құжатты ұсыну талап етілмейді.

      Уәкілетті ұйымның айырбастау пунктін оның үй-жайына және техникалық жабдықталуына қойылатын талаптарға сәйкес келуін тексеруді көрсетілетін қызметті алушы қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензияны, ал қосымша айырбастау пунктін ашу кезінде – қолданыстағы лицензияға қосымшаны бергенге дейін жүргізеді.

      Лицензияның телнұсқасын (лицензияға қосымшаның телнұсқасын) алу үшін:

      1) еркін нысанда жазылған өтініш;

      2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде оның ішінде төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлемдерді қоспағанда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі.

      Телнұсқаны алу үшін лицензияға қосымша еркін нысанда өтініш ұсынылады.

      Лицензияны қайта ресімдеу үшін:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасына сәйкес Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензияны және (немесе) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға берілген лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге өтініш;

      2) лицензияны қайта ресімдеген кезде "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеген жағдайларды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат;

      3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпараттан тұратын құжаттардың көшірмелері.

      Лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасына сәйкес Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензияны және (немесе) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға берілген лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге өтініш;

      2) лицензияны қайта ресімдеген кезде "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеген жағдайларды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш берген кезде, электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілген жағдайда (лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беруді қоспағанда) көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ расталған осы тармақта көрсетілген электрондық құжаттар беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы электрондық форматта қағаз жеткізгіште берілген лицензияны және оған қосымшаны аудару үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ растаған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды ұсынады.

      Электрондық мемлекеттік қызметті көрсеткен жағдайда заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәлік және қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат, олардағы ақпаратты мемлекеттік ақпарат жүйелерінен алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді.

      10. Мыналар:

      1) "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көзделген құжаттарды не мәліметтерді ұсынбауы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының Заңға сәйкес белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер;

      4) заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызметтің түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салуы;

      5) лицензиялық алымның енгізілмеуі;

      6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға тиісті қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      7) сот орындаушысы ұсынған негізде сот көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салуы;

      8) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес емес болуы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алудан бас тарту осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-тармағының 1)тармақшасында көзделген мерзімдерде жүзеге асырылады.

      10-1. Көрсетілетін қызметті беруші осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының тоғызыншы және (немесе) оныншы бөліктерінде көрсетілген құжаттар тиісінше ресімделмеген жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуден бас тартады.

      Ескерту. Стандарт 10-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану:

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының не оны ауыстыратын адамның атына: 050040, Алматы қаласы, "Көктем-3" шағын ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына ("Мемлекеттік қызметтер" бөлімі).

      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық менкенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы:8-800-080-7777, 1414.

  "Уәкілетті ұйымдарға қолма-қол
шетел валютасымен айырбастау
операцияларын ұйымдастыру бойынша
қызметті жүзеге асыруға лицензия
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша

      нысан

Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын
ұйымдастыруға лицензияны және оған қосымшаны алуға
өтініш

      Кімге _______________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалының атауы)

      Кімнен ______________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы, БСН, орналасқан орны)

      Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын

      ұйымдастыруға лицензияны және мына мекенжай:

      _____________________________________________________________________

      (почта индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекен, көшенің

      атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі, сондай-ақ

      қабаты, секторы, блогы және басқалары (бар болса)

      бойынша орналасқан айырбастау пунктін ашу үшін лицензияға

      қосымшаны беруді сұраймын.

      Қоса берілетін құжаттар:

      1.

      2.

      Электрондық почта _____________________________________________

      Телефондары ___________________________________________________

      Факс __________________________________________________________

      Теңгедегі банк шоты ___________________________________________

      (шоттың нөмірі, банктің атауы)

      Осы арқылы мыналар:

      көрсетілген барлық деректер лицензияны және лицензияға

      қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген

      ақпаратты жіберу үшін ресми байланыс деректері болып табылады;

      өтініш берушіге лицензияланатын қызмет түрімен айналысуға сотта

      тыйым салынбаған;

      барлық қоса берілетін құжаттар/мәліметтер жарамды болып

      табылатыны/жарамдылыққа сәйкес келетіні расталады.

      Өтініш берушінің уәкілетті адамы:

      ________________ __________________________ _____________

      (лауазымы) (тегі және аты-жөні) (қолы)

      20__ жылғы "__" ___________ Мөр орны

      (болған кезде)

  "Уәкілетті ұйымдарға қолма-қол
шетел валютасымен айырбастау
операцияларын ұйымдастыру бойынша
қызметті жүзеге асыруға лицензия
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

      нысан

Уәкілетті ұйымның

      ____________________________________________________________________

      (уәкілетті ұйымның атауы)

      құрылтайшылары (қатысушылары) туралы мәліметтер

      1. Жеке тұлғалар:

Р/с№

Тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде)

Туылған күні

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері

ЖСН* (резиденттер үшін)

Тұрғылықты жері

Жарғылық капиталдағы үлесі

%-бен

сомасы

1

2

...

      2. Заңды тұлғалар:

Р/с№

Заңды тұлғаның атауы

Ұйымдық-құқықтық нысан

БСН** (резиденттер үшін)

Тұрғылықты жері

Жарғылық капиталдағы үлесі

%-бен

сомасы

1

2

...

      Осы арқылы уәкілетті ұйым құрылтайшыларының Қағидалардың

      4-тармағының талаптарына сәйкес келетіні расталады.

      Басшы __________________ Мөр орны

      (қолы) (ол болған кезде)

      * Жеке сәйкестендіру нөмірі

      ** Бизнес-сәйкестендіру нөмірі

  "Уәкілетті ұйымдарға қолма-қол шетел
валютасымен айырбастау операцияларын
ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша

      Нысан

      ________________________________________

      (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

      аумақтық филиалының атауы)

      ________________________________________

      (басшының тегі мен аты-жөні)

Қосымша ашылатын айырбастау пункті үшін қолма-қол шетел
валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға
берілген қолданыстағы лицензияға қосымшаны алуға
өтініш

      Лицензиат: ____________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, мемлекеттік тіркеу орны, БСН)

      _____________________________________________________________________

      Лицензиаттың филиалы *: _______________________________________

      _____________________________________________________________________

      (филиалдың атауы, филиалдың орналасқан жері, БСН)

      Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын

      ұйымдастыруға берілген лицензияның нөмірі мен күні: _________________

      _____________________________________________________________________

      Мына мекенжай**: ______________________________________________

      _____________________________________________________________________

      бойынша орналасқан айырбастау пунктіне қолма-қол шетел валютасымен

      айырбастау операцияларын ұйымдастыруға берілген қолданыстағы

      лицензияға қосымша беруді сұраймын.

      Қоса берілетін құжаттар:

      1.

      2.

      .......

      Өтініш берішінің уәкілетті адамы:

      ________________ __________________________ _____________

      (лауазымы) (тегі мен аты-жөні) (қолы)

      20__ жылғы "__" ___________ Мөр орны (ол болған кезде)

      * лицензиаттың тұрғылықты жеріндегі өңірден тыс қосымша

      айырбастау пунктін ашу кезінде көрсетіледі

      ** айырбастау пунктінің үй-жайы орналасатын мекенжай,

      айырбастау пункті көпфункционалды үйлер мен ғимараттарда (оның ішінде

      теміржол вокзалдарында, әуежайларда, іскерлік және сауда

      орталықтарында) орналасқан жағдайда айырбастау пунктінің орналасқан

      жерін нақтылайтын деректер (мысалы, қабаты, секторы, блогы)

  "Уәкілетті ұйымдарға қолма-қол шетел
валютасымен айырбастау операцияларын
ұйымдастыру бойынша қызметті
жүзеге асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
4-қосымша

      ________________________________________

      (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

      аумақтық филиалының атауы)

      ________________________________________

      (басшының тегі мен аты-жөні)

Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын
ұйымдастыруға лицензияны және (немесе) қолма-қол шетел
валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға берілген
лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге өтініш

      Лицензиат: __________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, мемлекеттік тіркеу орны, БСН)

      Лицензиаттың филиалы*: ______________________________________________

      (филиалдың атауы, филиалдың орналасқан жері, БСН)

      Мына мекенжай**: ____________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      бойынша орналасқан айырбастау пунктіне ___ жылғы ____ № _______

      лицензияны және (немесе) ___ жылғы ____ № _______ лицензияға ___

      жылғы ____ № _______ қосымшаны қайта ресімдеуді сұраймын.

      Қайта ресімдеуге негіздеме: ___________________________________

      Қоса берілетін құжаттар:

      1.

      2.

      ......

      Өтініш берушінің уәкілетті адамы:

      ________________ ________________________ _____________

      (лауазымы) (тегі және аты-жөні) (қолы)

      20__ жылғы "__" ___________ Мөр орны

      (ол болған кезде)

      * лицензиаттың тұрғылықты жеріндегі өңірден тыс орналасқан

      айырбастау пунктіне берілген лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу

      туралы өтінішті беру кезінде көрсетіледі

      ** айырбастау пунктінің үй-жайы орналасатын мекенжай,

      айырбастау пункті көпфункционалды үйлер мен ғимараттарда (оның ішінде

      теміржол вокзалдарында, әуежайларда, іскерлік және сауда

      орталықтарында) орналасқан жағдайда айырбастау пунктінің орналасқан

      жерін нақтылайтын деректер (мысалы, қабаты)

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
54-қосымша

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту.54-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.11.2018 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті беруші;

      2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

      2) құжаттар топтамасын берген сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде рұқсат етілген ең ұзақ күту уақыты – 4 (төрт) сағат.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жеке өтініш жасаған кезде – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған және қағаз жеткізгішке басып шығарылған, электрондық құжат нысанында ресімделген салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіден алу;

      2) портал арқылы өтініш жасаған кезде – салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіден көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберілген электрондық құжат нысанында алу.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, түскі үзіліссіз дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;

      2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушы жеке өтініш жасаған кезде – жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы);

      2) көрсетілетін қызметті алушының сенім білдірілген адамы өтініш жасаған кезде:

      сенім білдірілген адамның жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы);

      нотариат растаған сенімхат (түпнұсқасы немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі);

      3) көрсетілетін қызметті алушының 18 жасқа дейінгі жастағы кәмелетке толмаған немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған немесе сот әрекетке қабілетін шектеген кәмелеттік жастағы заңды өкілі өтініш жасаған кезде:

      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы);

      көрсетілетін қызметті алушының заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы);

      көрсетілетін қызметті алушының заңды өкілінің мәртебесін растайтын құжат (түпнұсқасы);

      4) заң бойынша немесе аманат бойынша мұраға құқық туралы куәлікке сәйкес мұрагер болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде:

      мұрагердің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы);

      заң немесе аманат бойынша мұраға құқық туралы куәлік (түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі).

      Көрсетілетін қызметті беруші осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен танысқаннан кейін оларды тез арада көрсетілетін қызметті алушыға, көрсетілетін қызметті алушының сенімді адамына немесе заңды өкіліне қайтарады.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі порталдың есептік жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметтерді беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Портал арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алу күні көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

      Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға, сондай-ақ 16 жасқа дейінгі жастағы кәмелеттік жасқа толмаған адамдарға мемлекеттік қызмет портал арқылы көрсетілмейді.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 және 10-тармақтарында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы өтінішті қабылдаудан бас тартады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      12. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Жеке тұлғаның шағымында – оның тегі, аты, сондай-ақ әкесінің аты (ол болған кезде), туылған күні және пошталық мекенжайы көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, шағымды тіркеу (мөртабан және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      13. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындары – офистердің мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.enpf.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинет" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, көрсетілетін қызметті берушінің байланыс орталығы, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі байланыс орталығының байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.enpf.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы анықтама қызметінің телефоны: 8-800-080-7777, 1414.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
55-қосымша

"Қаржы ұйымының қаржы қызметтерін тұтынушыларға қаржы өнімдерін
ұсынуы үшін келісім беру, сондай-ақ микроқаржы ұйымының
микрокредиттер ұсынуы үшін келісім беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

      Ескерту. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
56-қосымша

"Өмірді сақтандыру" саласы бойынша исламдық сақтандыру қызметін
жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты

      Ескерту. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
57-қосымша

"Жалпы сақтандыру" саласы бойынша исламдық сақтандыру (қайта
сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
58-қосымша

"Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және
сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті
сақтандырудың түрлері бойынша исламдық сақтандыру қызметін
жүзеге асыру құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты

      Ескерту. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
59-қосымша

"Исламдық қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру
құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

      Ескерту. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
     
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
60-қосымша

      Ескерту. Стандарт 60-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2017 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

"Кредит тарихын қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесіне қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестік туралы актіні беру (кредит тарихы субъектісін қоспағанда)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Кредит тарихын қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесіне қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестік туралы актіні беру (кредит тарихы субъектісін қоспағанда)" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет алушы) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін жолдау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау және беру бойынша қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – кредит тарихын қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесіне қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестік туралы актіні беру (кредит тарихы субъектісін қоспағанда) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызмет берушінің жұмыс кестесі:

      Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру кестесі – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;

      Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжат:

      еркін нысанда жасалған өтініш.

      10. Мыналар мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болады:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттардың, және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін ұсынылған қажетті материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызмет алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жеке түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның негізінде көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік көрсетілетін қызмет алумен байланысты арнайы құқығынан айыру туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.