Қаржы құралдарын Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 243 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 ақпанда № 10340 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 8 тамыздағы № 183 қаулысымен

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және ұлттық валюта ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды айналыстан алу жөнінде оңтайлы жұмысқа қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2006 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – ескі үлгідегі ақша белгісі) және 2014 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – жаңа үлгідегі ақша белгісі) номиналы 1 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңі 2014 жылғы 1 желтоқсан – 2017 жылғы 1 наурыз аралығы болып белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2016 № 285 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерінің қатар айналыста болу кезеңінде:
      1) екінші деңгейдегі банктер және Ұлттық пошта операторы:
      ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерін жеке және заңды тұлғаларға өз кассаларынан, сондай-ақ банкоматтар арқылы беруді және қабылдауды жүзеге асырады;
      операциялық кассаға келіп түсетін ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2001 жылғы 3 наурыздағы № 58 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1482 тіркелген) бекітілген Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) филиалдарына тапсырады;
      2) Ұлттық Банктің филиалдары:
      ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерін жеке және заңды тұлғаларға айналым кассаларынан беруді және қабылдауды жүзеге асырады;
      заңды тұлғалардан ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 247 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10204 тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларына сәйкес кейіннен екінші деңгейдегі банктердің және заңды тұлғалардың тиісті шоттарына қолма-қол емес баламасын аудара отырып шектеусіз қабылдайды.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Қ. Келімбетов