Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларын, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 20 наурызда № 9249 тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидалары, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Қ. Келімбетов

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 3 ақпандағы
№ 9 қаулысымен
бекітілген

Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидалары, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібі

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Осы Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидалары, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібі (бұдан әрі – Қағидалар) 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті (бұдан әрі – брокерлік және (немесе) дилерлік қызмет) жүзеге асыру талаптары мен тәртібін, сондай-ақ брокердің және (немесе) дилердің Қазақстан Республикасындағы банк операцияларын жүргізу тәртібін белгілейді.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен реттелмеген бөлігінде, брокерлік және (немесе) дилерлік қызмет брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарына, брокер және (немесе) дилер мен оның клиенттері арасында жасалған брокерлік қызмет көрсету туралы шарттарға және әдет-ғұрыптарға (оның ішінде іскерлік айналымының әдет-ғұрыптарына) сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1-1. Қағидалармен реттелмеген бөлігінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар брокер және (немесе) дилер Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау, төлемдер мен төлем жүйелері туралы заңнамасына сәйкес банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асырады.

      Ескерту. 1-тарау 1-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы Қағидалардың қолданылуы мыналарға қолданылады:

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, банк қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бөлігінде брокерлер және (немесе) дилерлер болып табылатын банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары;

      2) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына қарама-қайшы келмейтін бөлікте брокерлер және (немесе) дилерлер болып табылатын инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына;

      3) Қазақстан Республикасының инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңнамасына қарама-қайшы келмейтін бөлікте брокерлер және (немесе) дилерлер болып табылатын инвестициялық қорлардың басқарушы компанияларына.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Брокер және (немесе) дилер брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға:

      1) номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен (бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу құқығымен) – бірінші санатты;

      2) клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз (бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу құқығынсыз) – екінші санатты лицензияға ие болады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Бірінші санатты лицензияны иеленген брокер және (немесе) дилер осы Қағидаларда бірінші санатты брокер және (немесе) дилер, екінші санатты лицензияны иеленген - екінші санатты брокер және (немесе) дилер деп аталады.

      5. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкiлеттi орган) Standard & Poor's агенттiгiнiң рейтингтік бағаларынан бөлек, сондай-ақ Moody's Investors Service пен Fitch агенттiктерiнiң және олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының (бұдан әрі – басқа рейтингтік агенттіктер) рейтингтік бағаларын мойындайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 № 262 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Брокер және (немесе) дилер жылдық қаржылық есептілікке аудит жүргізеді.

      Брокер және (немесе) дилер аудит жүргізген кезде, аудиторлық ұйым сұратқан барлық қажетті құжаттаманы (материалдарды) береді.

      7. Брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіпте брокер және (немесе) дилер үлестес тұлғалардың есебін жүргізеді.

      8. Брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында брокердің және (немесе) дилердің бағалы қағаздардың орталық депозитарийінің, қор биржаның, клиринг ұйымының және (немесе) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуды (төлемдерді) ұйымдастыруды жүзеге асыратын есеп айырысу ұйымының (бұдан әрі – есеп айырысу ұйымы) және (немесе) шетелдік есеп айырысу ұйымының электрондық құжаттарымен алмасу жүйесіне кіру үшін рұқсаты бар (парольдерді пайдаланатын) қызметкерлерінің жауапкершілігі белгіленеді.

      Қағидалардың мақсаттары үшін шетелдік есеп айырысу ұйымы деп мыналар түсініледі:

      Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтік бағасы немесе Moody’s Іnvestors Servіce (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fіtch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі;

      бейрезидент бас банкінің Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтік бағасы немесе Moody’s Іnvestors Servіce (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fіtch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар еншілес банк болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі;

      орталық депозитарийдің мәртебесі бар, шыққан елдің шетелдік қадағалау органы халықаралық Бағалы қағаздар жөніндегі комиссия ұйымының Консультациялар, ынтымақтастық және ақпарат алмасу мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы көпжақты меморандумға қол қойған ұйым;

      Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларды жүзеге асыратын, Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ"-ден төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтік бағасы немесе Moody’s Іnvestors Servіce (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fіtch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетелдік ұйым;

      Заңды тұлға ретінде тіркелген елдің заңнамасына сәйкес, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларды жүзеге асыратын, мынадай талаптарға сәйкес келетін шетелдік ұйым:

      осы заңды тұлға шыққан елде бағалы қағаздар нарығын реттеу, бақылау және (немесе) қадағалау функциясын жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі – шетелдік қадағалау органы) бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берген лицензиясы (рұқсаты) бар;

      осы заңды тұлға шыққан елдің шетелдік қадағалау органы Бағалы қағаздар жөніндегі комиссия ұйымының Консультациялар, ынтымақтастық және ақпарат алмасу мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы көпжақты меморандумға қол қойған;

      Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody’s Іnvestors Servіce (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fіtch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар елде тіркелген заңды тұлға болып табылады, немесе мынадай бір немесе бірнеше халықаралық қаржы қауымдастығына мүшелігі бар: Капитал нарықтарының халықаралық қауымдастығы (ІCMA), Валюта және ақша нарықтары кәсібилерінің халықаралық қауымдастығы (ACІ the Fіnancіal Markets Assocіatіon), Еуропа қаржы нарықтарының қауымдастығы (AFME).

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Брокердің және (немесе) дилердің ұйымдық құрылымы және қызметкерлерінің біліктілігі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Клиенттердің шоттарын номиналды ұстаушы ретінде жүргізу құқығы бар брокер және (немесе) дилердің ұйымдық құрылымында мынадай құрылымдық бөлімшелер болуы тиіс:

      1) қаржы құралдарымен мәмілелердің жасалуын жүзеге асыратын сауда бөлімшесі (бұдан әрі - сауда бөлімшесі);

      2) қаржы құралдарымен мәмілелердің орындалуын, қаржы құралдарын және осы брокер және (немесе) дилердің және оның клиенттерінің ақшасын есепке алуды жүзеге асыратын есеп айырысу бөлімшесі (бұдан әрі - бэк-офис);

      3) номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарына сәйкес белгіленген өзге құрылымдық бөлімшелер.

      12. Бірінші санатты брокер және (немесе) дилердің бірінші басшысы немесе оның брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға жетекшілік жасайтын орынбасары лауазымын осы брокер және (немесе) дилердің бөлімшелері біреуінің басшысы лауазымымен қоса атқаруға рұқсат етіледі. Бэк-офис құзыретіне жататын функциялар мен міндеттерді сауда бөлімшесінің қызметкерлеріне жүзеге асыруға, сондай-ақ брокердің және (немесе) дилердің бір бөлімше қызметкерлерінің құқықтары мен құзыреттерін басқа бөлімше қызметкерлеріне беруге (табыстауға) жол берілмейді.

      Брокер және (немесе) дилер брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметпен қоса атқарған кезде, бірінші басшыны қоспағанда, брокердің және (немесе) дилердің лауазымды тұлғасының инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет және брокерлік және (немесе) дилерлік қызмет мәселелеріне бір мезгілде жетекшілік етуіне жол берілмейді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      12-1-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (қолданысқа енгізілетін күннен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Екінші санатты брокердің және (немесе) дилердің ұйымдық құрылымы олар Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 55-бабына және осы брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарына сәйкес дербес түрде айқындалады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      14. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Брокерлік және дилерлік қызметті инвестициялық портфельді басқару қызметімен қоса атқаратын брокер және (немесе) дилер "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген себептер бойынша инвестициялық пай қорының қызметін тоқтату үшін негіздемелер туындаған кезде активтері өзінің басқаруындағы инвестициялық пай қорының қызметін тоқтатқан жағдайда, лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы уәкілетті органның хабарламасын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы қордың активтерін есепке алуды жүзеге асыратын кастодианға кредиторлық және дебиторлық берешек сомалары, оның ішінде, кредиторлар, дебиторлар және "репо" операцияларына қатысқан адамдар туралы мәліметтерді қоса алғанда, "репо" операцияларын ашу шегінде пайда болған сома туралы ақпаратты жібереді.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16. Брокерге және (немесе) дилерге брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға берілген қолданыстағы лицензиясының болуы туралы ақпаратты осы брокер және (немесе) дилер өзінің интернет-ресурстарына (Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 3-бабының 1-тармағында айқындалған уәкілетті органның ресми интернет-ресурсына сілтемені қоса алғанда) орналастырады.

      Брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында осы брокердің және (немесе) дилердің оның клиенттері, сондай-ақ осы брокермен және (немесе) дилермен шарттық қатынастарға түсуге ниетті тұлғалар алдында ақпаратты жария ету жөніндегі қосымша міндеттері белгіленеді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.10.2019 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      17. Брокер және (немесе) дилер клиенттің, сондай-ақ осы брокермен және (немесе) дилермен шарттық қатынастарға түсуге ниет білдірген тұлғаның бастапқы талап етуі бойынша клиенттің, сондай-ақ осы брокермен және (немесе) дилермен шарттық қатынастарға түсуге ниет білдірген тұлғаның талап етуін алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде танысу үшін брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарын ұсынады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      18. Брокер және (немесе) дилер клиентке, сондай-ақ осы брокермен және (немесе) дилермен шарттық қатынастарға түсуге ниетті тұлғаларға Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынудан бас тартпайды. Брокер және (немесе) дилер көшірмелерді бергені үшін оларды әзірлеуге кететін шығыстардың шегінен аспайтын мөлшерде ақы алады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      19. Брокер және (немесе) дилер клиентті осы клиенттің есебінен және оның мүддесіне орай жасау болжанатын қаржы құралдарымен мәмілелерге қатысты белгіленген шектеулер мен айырықша талаптар туралы хабардар етеді.

      Осы клиенттің есебінен және оның мүддесіне орай жасау болжанатын қаржы құралдарымен мәмілелерге қатысты белгіленген шектеулер мен айырықша талаптар туралы клиентке хабардар ету брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында белгіленген нысанда ресімделеді және брокердің және (немесе) дилердің интернет-ресурсында және (немесе) сауда платформасында (бағдарламалық қамтамасыз етуінде) орналастырылады және (немесе) электрондық поштамен немесе немесе өзге мүмкіндігі бар байланыс түрлерімен осындай хабарламаны жіберу негіздемесі туындаған күні жіберіледі.

      Егер клиенттің есебінен және оның мүддесіне орай жасау болжанатын мәміленің талаптары Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 56-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келетін болса, клиентке осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген хабарламаны жібере отырып, брокер және (немесе) дилер бір мезгілде уәкілетті органға осы хабарламаның көшірмесін жібереді.

      Брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарымен оның клиенттер алдындағы ашатын ақпараты бойынша осы брокер және (немесе) дилердің қосымша міндеттері (аталған міндеттерден басқа) міндеттері белгіленеді.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.10.2019 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      20. Брокердің және (немесе) дилердің жарнамалық ақпаратты таратуы "Жарнама туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      21. Брокер және (немесе) дилер, сондай-ақ оның қызметкерлері қаржы құралдарымен жасалған мәмілелердің параметрлері туралы, оның ішінде бағалар, көлемдер және контрагенттер туралы расталмаған, шынайы емес немесе қателікке ұрындыратын мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жарияламайды және кез келген тәсілмен таратпайды.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      22. Бұқаралық ақпарат құралдарында немесе өзге жағдаймен өз қызметі туралы хабарландыру жариялаған кезде брокер және (немесе) дилер өзінің толық атауын, сондай-ақ брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның берілген күні мен нөмірін көрсетеді.

3-тарау. Брокерлік қызмет көрсету туралы шарт. Клиенттік тапсырыс

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      23. Брокерлік қызмет көрсету туралы шарт (бұдан әрі – брокерлік шарт) жазбаша нысанда жасалуға тиіс.

      Брокерлік шарт клиентті үлгі брокерлік шарттың талаптарына қосу жолымен жасалуы мүмкін.

      Үлгі брокерлік шарттың талаптарына қосылу тәртібі брокердің ішкі құжаттарында айқындалады.

      Клиентті үлгі брокерлік шарт талаптарына:

      1) заңды немесе жеке тұлға болып табылатын клиент үшін – электрондық цифрлық қолтаңбаны;

      2) жеке тұлға болып табылатын клиент үшін – биометриялық немесе серпінді сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып электрондық түрде қосуға рұқсат етіледі.

      Үлгі брокерлік шартты және оған барлық өзгерістер және (немесе) толықтыруларды брокердің және (немесе) дилердің басқару органы бекітуге тиіс және оның интернет-ресурсында орналастырылады.

      Брокер және (немесе) дилер өзінің барлық клиенттерін үлгі брокерлік шартқа болжамды өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы көрсетілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгенге дейін кемінде күнтізбелік 15 күн бұрын хабардар етеді.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      23-1. Клиентпен брокерлік шарт брокер және (немесе) дилер "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тиісінше тексеру бойынша шаралар қабылдағаннан кейін жасалады.

      Ескерту. 3-тарау 23-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.08.27 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      23-2. Үлгі брокерлік шарт талаптарына электрондық түрде қосылған кезде клиентпен қашықтықтан орнатылатын іскерлік қатынастар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17250 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 140 қаулысымен бекітілген Іскерлік қатынастар қашықтықтан орнатылған жағдайда қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеруіне қойылатын талаптар ескеріле отырып белгіленеді.

      Брокер және (немесе) дилер брокерлік шартты электрондық түрде жасасқан және клиентпен іскерлік қатынастарды қашықтықтан орнатқан кезде клиенттерді сәйкестендіру талаптары мен тәртібі брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжатында айқындалады.

      Ескерту. 23-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      23-3. Жеке тұлға болып табылатын клиентті биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып сәйкестендіру кезінде сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығының (бұдан әрі – СДАО) қызметтерін пайдалануға рұқсат етіледі.

      Жеке тұлға болып табылатын клиентті сәйкестендіру кезінде мемлекет қатысатын кредиттік бюроның қызметтерін пайдалануға рұқсат етіледі.

      Брокердің және (немесе) дилердің СДАО-мен немесе мемлекет қатысатын кредиттік бюромен өзара іс-қимылы олардың арасында жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады, онда мынадай талаптар қамтылады, бірақ олармен шектелмейді:

      1) қызметті ұсыну және алу тәртібі мен мерзімдері;

      2) қауіпсіздікті қамтамасыз ету рәсімдері;

      3) алынатын комиссияның мөлшері, оны алу тәртібі;

      4) тараптардың жауапкершілігі, оның ішінде конфиденциалдылық режимін сақтау, бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны сақтау және клиенттердің дербес деректерін қорғау бөлігінде;

      5) тараптардың құқықтары мен міндеттері;

      6) алынған сәйкестендіру нәтижелерін және (немесе) мәліметтерді сақтау тәртібі;

      7) шағымдану тәртібі және даулы жағдайларды шешу тәсілдері.

      Ескерту. 23-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      23-4. Қағидалардың 23-3-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайда, сәйкестендіру құралы арқылы алынған, оның дербес деректерін жинауға, өңдеуге, сақтауға және қажет болған кезде үшінші тұлғаларға ұсынуға клиенттің келісімі негізінде брокер және (немесе) дилер клиентте бар брокердің және (немесе) дилердің құрылғыларын және (немесе) құрылғыларын пайдалана отырып, клиентпен бейнеконференция сеансын өткізеді. Бейнеконференция сеансының мазмұнды бөлігін (бақылау сұрақтарының тізбесі), сондай-ақ клиенттерді қашықтан сәйкестендіру кезінде брокерлер және (немесе) дилерлер көрсететін қызметтердің тізбесі мен көлемін брокерлер және (немесе) дилерлер дербес белгілейді.

      Брокер және (немесе) дилер СДАО-ға клиенттің жеке не бизнес-сәйкестендіру нөмірін және бейнеконференция сеансынан алынған клиенттің бейне суретін береді.

      СДАО бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы өзінің ішкі рәсімдеріне сәйкес биометриялық көрсеткіштер бойынша сәйкестік дәрежесін анықтайды. Клиенттердің өтініштерінің бейнежазбалары брокерде және (немесе) дилерде сақталады.

      Фотобейнелердің биометриялық көрсеткіштер бойынша сәйкестік дәрежесінің нәтижелері және СДАО қолжетімді көздерден алған клиенттің сәйкестендіру деректері брокерге және (немесе) дилерге беріледі.

      Ескерту. 23-4-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      24. Брокерлік шартта бір мезгілде бағалы қағаздарды номиналды ұстау жөніндегі бірінші санатты брокер және (немесе) дилердің қызмет көрсету туралы талаптары мен тәртібі болуы мүмкін.

      24-1. Тараптардың келісуі бойынша брокерлік шартта Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 63-бабының 3-1-тармағына сәйкес брокердің және (немесе) дилердің электрондық қызметтерді көрсету тәртібі қамтылады.

      Ескерту. 3-тарау 24-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      25. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      26. Клиент брокерлік шарт жасау кезінде брокерге және (немесе) дилерге мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) жеке тұлғалар үшін:

      жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары үшін:

      жарғының көшірмесі (бар болса);

      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі;

      қол қою (оның ішінде заңды тұлғаның клиенттік тапсырыстарға қол қою құқығы бар өкілдерінің) үлгілері бар, мына (мыналар) туралы мәліметтерді қамтитын нотариалды куәландырылған құжат:

      номиналды ұстаушының атауы;

      құжатқа қол қою құқығы берілетін номиналды ұстаушының клиенті - заңды тұлғаның атауы;

      номиналды ұстаушының клиенті өкілінің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), жеке басын куәландыратын құжаттың деректері;

      осы құжаттағы қол қою үлгілері номиналды ұстау жүйесінде ашылған клиенттің жеке шоты бойынша барлық операцияларды жүзеге асыру кезінде міндетті болып саналатынына нұсқау;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғалары үшін:

      жарғының көшірмесі (бар болса);

      бейрезидент мемлекетінің уәкілетті органы берген заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

      қол қою (оның ішінде заңды тұлғаның клиенттік тапсырыстарға қол қою құқығы бар өкілдерінің) үлгілері бар құжат;

      брокерлік шарт жасайтын және өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асыратын заңды тұлғаның өкіліне қатысты берілген заңды тұлғаның уәкілетті органының сенімхаты немесе шешімі;

      брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында көзделген құжаттар.

      Брокер және (немесе) дилер клиентпен электрондық түрде брокерлік шартты жасау кезінде осы тармақта көзделген құжаттардың электрондық көшірмелерін немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат деректерін және оның жеке сәйкестендіру нөмірін ұсынуға болады.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      26-1. Брокер және (немесе) дилер жеке тұлға клиентпен брокерлік шартты жасасқан кезде осындай клиент ұсынған мәліметтердің негізінде жеке тұлға клиенттің салық резиденттігін белгілейді.

      Ескерту. 26-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 16.07.2014 N 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      27. Брокерлік шарт брокерлік шартта белгіленген мерзім ішінде клиентке брокерлік қызмет көрсету мақсатында жасалады.

      Брокерлік шартта қосымша талаптар ретінде брокерге және (немесе) дилерге клиенттік тапсырыстарды ұсыну тәсілдерін көрсету, брокердің және (немесе) дилердің клиенттік тапсырыстарды қабылдауды растау тәртібі және брокердің және (немесе) дилердің клиенттік тапсырыстарды орындау жөніндегі есептерді клиентке ұсыну тәртібі, сондай-ақ Қағидалардың 19, 29, 32, 42 және 43-тармақтарында көзделген жағдайларда клиентке хабарламалар жіберу тәртібі мен мерзімдері қамтылады.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      28. Брокерлік шартта брокердің және (немесе) дилердің осы брокерлік шартқа сәйкес жасаған және шектеулер мен айрықша талаптар белгіленген бағалы қағаздармен мәмілесі туралы осындай мәмілені жасаған күннен кейінгі күннен кешіктірмей уәкілетті органға хабар беру міндеті көзделеді.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      29. Брокерлiк шарттың барлық қолданылу мерзiмi iшiнде брокер және (немесе) дилер өз клиентін қатарынан соңғы күнтізбелік 12 (он екi) ай iшiнде осы брокер және (немесе) дилерге уәкiлеттi орган қолданған әкiмшiлiк жазаларды қоспағанда, санкциялар туралы хабардар етеді. Әкiмшiлiк жаза түрiндегi санкциялар бойынша әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап қатарынан соңғы күнтізбелік 12 (он екі) ай ішінде осы брокерге және (немесе) дилерге әкiмшiлiк жаза қолдану туралы мәлiметтер ұсынылады.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      30. Қағидалардың 29-тармағында көзделген хабарлар жазбаша түрде ресімделеді және клиентке брокер және (немесе) дилер почтамен және (немесе) қолма-қол және (немесе) электронды почтамен немесе мұндай хабарламаны жіберуге негіз туындаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күндері ішінде өзге де ықтимал байланыс түрлерiмен жіберіледі және (немесе) брокер және (немесе) дилердің интернет-ресурсында орналастырылады.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      31. Брокерлік шартты жасау және орындау барысында брокер және (немесе) дилер клиентке мынадай қызметтер:

      1) инвестициялық шешімдер қабылдауы үшін клиентке қажетті ақпарат береді;

      2) қаржы құралдарымен мәмілелер жасау туралы клиентке ұсынымдар береді;

      3) өзге де ықтимал ақпараттық, талдау және консультациялық қызметтер көрсетеді.

      32. Брокер және (немесе) дилер брокерлік шартты жасау және орындау кезінде клиентке мүдделер қайшылығының пайда болу мүмкіндіктері мен фактілері туралы хабарлайды.

      Егер мұндай мәмілені орындау мүдделер қайшылығы туындауына әкеп соқтыратын болса, брокер және (немесе) дилер клиентке қаржы құралдарымен мәмілелер жасауды ұсынбайды.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген талаптарды бұзған жағдайда брокер және (немесе) дилер клиентке осындай бұзушылықтар салдарынан оған келтірілген шығынды және брокерлік шартта белгіленген тұрақсыздық айыбын төлейді.

      33. Брокер және (немесе) дилер, брокер ретінде іс-әрекет жасай отырып, клиенттің мүддесін өз мүддесінен, өз қызметкерлерінің, акционерлерінің және үлестес тұлғалардың мүдделерінен басым қояды.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      34. Брокерлік шартты жасау және орындау барысында брокер және (немесе) дилер Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 43-бабының 3-тармағында белгіленбеген жағдайларды қоспағанда, өзінің клиенті туралы мәліметтердің конфиденциалдылығын, сондай-ақ клиенттен алынған мәліметтің конфиденциалдылығын сақтайды.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      35. Брокер және (немесе) дилер қаржы құралдарымен мәмілелерді жекелеген клиенттік тапсырыстардың немесе клиенттің брокерге және (немесе) дилерге және (немесе) оның қызметкеріне (қызметкерлеріне) аталған клиент есебінен және мүдделерінде мәмілелерді жасау құқығына сенімхат берген жағдайда инвестициялық комитет шешімдерінің негізінде жасайды.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      35-1. Клиенттің брокерге және (немесе) дилерге және (немесе) оның қызметкеріне (қызметкерлеріне) аталған клиент есебінен және мүдделерінде қаржы құралдарымен мәмілелерді жасауға сенімхат беруі брокерлік шартта тікелей көзделеді. Аталған сенімхат нотариалды куәландырылады, ал оның деректемелері брокерлік шартта көрсетіледі.

      Ескерту. 3-тарау 35-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      36. Клиенттік тапсырыста мынадай деректемелер болады:

      1) осы клиенттік тапсырысқа сәйкес жасалуға тиісті қаржы құралдарымен мәмілелердің түрін көрсету;

      2) мүддесінде қаржы құралдарымен мәміле жасау болжанған клиент туралы мәліметтер:

      жеке тұлға үшін:

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі;

      заңды тұлға үшін:

      атауы;

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      3) осы клиенттік тапсырысқа сәйкес мәміле жасалуға тиіс эмитенттің атауы, қаржы құралының түрі, қаржы құралдарына берілген қаржы құралының коды немесе халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды) (айналыс мерзімі өткен және оларды өтеу бойынша міндеттемелерді эмитент орындамаған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарына қатысты – талап ету құқықтарының сәйкестендіргіші);

      4) сатып алынуға немесе сатылуға тиісті қаржы құралдарының саны, қаржы құралдарын сатып алу немесе сату бағасы, сондай-ақ тиісінше мәміле жасау үшін қажетті мәліметтер;

      5) клиенттік тапсырыстың түріне нұсқау:

      лимиттік тапсырыс - алдын ала келісілген баға бойынша қаржы құралдарын сатып алуға (сатуға);

      нарықтық тапсырыс - нарықтық баға бойынша қаржы құралдарын сатып алуға (сатуға);

      буферлік тапсырыс - болашақта болатын баға бойынша қаржы құралдарын сатып алуға (сатуға);

      брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында көзделген клиенттік тапсырыстар;

      6) егер клиент басқа мерзімді көрсетпесе, ағымдағы сауда сессиясының соңына дейінгі клиенттік тапсырыстың қолданылу мерзімі;

      7) клиенттік тапсырыстың қабылданған күні және уақыты (сағат пен минута форматында);

      8) осы клиенттік тапсырысты қабылдаған брокер және (немесе) дилер қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      9) брокердің және (немесе) дилердің қаржы құралдарымен осы клиенттік тапсырысқа сәйкес жасалуы тиіс мәмілені жасау туралы ұсынымдарының болуы туралы мәліметтер;

      10) брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында белгіленген деректемелер.

      Егер клиент брокер және (немесе) дилерге клиенттік тапсырысты брокердің және (немесе) дилердің электронды қызмет көрсетуі шегінде қамтамасыз етсе, осы тармақтың 8) және 9) тармақшаларында белгіленген деректемелер көрсетілмейді.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 202 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз); 07.10.2019 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      37. Клиенттің брокерге және (немесе) дилерге беруге тиісті клиенттік тапсырыстың нысаны мен клиенттік тапсырыс даналарының саны брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында белгіленеді. Егер Қағидаларда өзгеше көзделмесе, клиенттік тапсырысқа клиент немесе оның өкілі қол қояды.

      Брокер және (немесе) дилер клиенттік тапсырысты алған кезде клиенттік тапсырысқа қол қойған адамның өкілеттігін тексереді, оның ішінде клиенттік тапсырыстардағы (қағаз тасымалдағышта) қолтаңбалардың қол қою үлгілері бар (оның ішінде клиенттік тапсырыстарға қол қою құқығына ие заңды тұлға өкілдерінің) нотариат куәландырған құжатта немесе жеке тұлғаның не оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген қолтаңбаларға олардың сәйкестігін салыстырып тексеруді жүзеге асырады.

      Брокер және (немесе) дилер клиентінің өз қолымен қойған қолтаңбасын механикалық немесе өзгеше көшіру көмегімен қолтаңбаны факсимильді және (немесе) электронды көшіру құралдары, сондай-ақ телефон байланысы немесе нақты уақыт режиміндегі мәтіндік (дауысты) хабарламалармен алмасу бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану арқылы брокерге және (немесе) дилерге берілетін клиенттік тапсырыстарды брокер және (немесе) дилер баламалы байланыс түрлері арқылы берген клиенттік тапсырыстар тізіліміне енгізеді. Көрсетілген тізілім клиенттік тапсырыстарды баламалы байланыс түрлері арқылы беру құқығы берілген брокердің және (немесе) дилердің әрбір клиенттері бөлігінде толтырылады. Тізілім бір айға тең кезеңге жүргізіледі және ол брокердің және (немесе) дилердің клиенттік тапсырысты алған күнін, тапсырыс негізінде жасалуға тиісті мәміле түрін, клиенттік тапсырыс клиентке берілген арқылы байланыс түрін қамтиды. Клиент баламалы байланыс түрлері арқылы клиенттік тапсырыстар берген есепті айдан кейін брокер және (немесе) дилер клиентте немесе оның уәкілетті өкілінде көрсетілген тізілімге қол қояды.

      Клиенттің немесе оның өкілінің тізілімге қол қоюы клиент немесе оның өкілі баламалы байланыс түрлері арқылы берген клиенттік тапсырысты берудің дұрыстығын растайды.

      Клиенттік тапсырысты электрондық құжат нысанында немесе өзге электрондық цифрлық нысанында, оның ішінде SWІFT жүйесін, Bloomberg немесе Reuters ақпараттық талдау жүйелерін, нақты уақыт режиміндегі мәтіндік (дауысты) хабарламалармен алмасу бағдарламалық қамтамасыз етуді не өзге сауда платформаларын пайдалану арқылы жасауға және беруге жол беріледі (номиналды ұстаушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің клиенті электрондық қызметті алуға өтініш жасаған жағдайда).

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.10.2019 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      38. Клиенттік тапсырысты кейіннен брокер және (немесе) дилер Қағидалардың 37-тармағының үшінші бөлігінің талаптарына сәйкес клиенттік тапсырыстардың тізілімін толтыру және жүргізуімен телефон байланысы немесе бейнеконференция байланысы құралдары арқылы беруіне рұқсат етіледі. Клиенттік тапсырысты телефон байланысы немесе бейнеконференция байланысы құралдары арқылы қабылдаған кезде аудиотехника немесе арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып, клиентпен не клиенттің атынан клиенттік тапсырысты телефон байланысы немесе бейнеконференция байланысы құралдары арқылы беруге уәкiлеттi оның өкiлiмен сөйлесудің жазбасы (бұдан әрі - телефон немесе бейнежазба) жүзеге асырылады.

      Клиенттік тапсырыстың телефон немесе бейнежазбасы мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) мүддесінде қаржы құралдарымен мәміле жасау болжанған клиенттің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атауы;

      2) осы клиенттік тапсырысқа сәйкес жасалуға тиісті қаржы құралдарымен мәмілелердің түрі;

      3) осы клиенттік тапсырысқа сәйкес мәміле жасалуға тиіс қаржы құралы түрі (эмитенттің атауы, қаржы құралының түрі, қаржы құралының коды және (немесе) ISIN);

      4) сатып алынуға немесе сатылуға тиісті қаржы құралдарының саны және (немесе) көлемі, қаржы құралдарын сатып алу немесе сату бағасы;

      5) осы Қағидаларда және (немесе) брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында көзделген клиенттік тапсырыстың түрі, оның ішінде лимиттік, нарықтық, буферлік клиенттік тапсырыс;

      6) клиенттік тапсырыстың қолданылу мерзімі;

      7) клиенттік тапсырыстың қабылданған күні және уақыты (сағат пен минут форматында);

      8) осы клиенттік тапсырысты қабылдаған брокер және (немесе) дилер қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      9) мәмілені тиісті түрде жасауға қажетті, брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында белгіленген мәліметтер (бар болса).

      Қағидалардың 37-тармағының үшінші бөлігінде көзделген клиенттік тапсырыстар тізілімінің деректері телефон немесе бейнежазба деректеріне сәйкес келмеген кезде брокердің және (немесе) дилердің және оның клиентінің іс-қимылы брокерлік шартта айқындалады.

      Брокердің және (немесе) дилердің клиенттік тапсырысты телефон байланысы немесе бейнеконференция байланысы құралдарымен қабылдаған кезде клиенттерді сәйкестендіру талаптары мен тәртібі брокерлік шартта және брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында айқындалады және онда клиентті мынадай ақпарат бойынша сәйкестендіру де қамтылады:

      жеке тұлға үшін: тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі және код сөзі (егер код сөзін пайдалану мүмкіндігі осы жеке тұлғамен жасалған брокерлік шартта көзделген жағдайда);

      заңды тұлға үшін: заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол бар болса), заңды тұлғаның клиенттік тапсырысты беретін өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы.

      Брокер және (немесе) дилер Қағидалардың осы тармағының төртінші бөлігінде көрсетілген ақпаратқа рұқсаты бар тұлғалардың тізбесін айқындайды және ішкі құжаттарға сәйкес олардың есебін жүргізеді.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      39. Егер брокерлік шартта жекелеген клиенттердің клиенттік тапсырыстарына қатысты өзгеше көзделмесе, клиенттік тапсырыстар оларды қабылдауына қарай хронологиялық тәртіппен орындалады.

      40. Брокер және (немесе) дилер клиенттік тапсырысты орындауға:

      1) клиенттік тапсырыс мазмұнының Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына және брокерлік шартқа қарама-қайшы болғанда;

      2) егер, клиенттік тапсырыс берілген бағалы қағаздарға ауыртпалық салынған болса;

      3) егер клиенттік тапсырысқа брокердің және (немесе) дилердің жауапты қызметкерінің қатысуымен клиент қол қоймаған жағдайда, клиенттік тапсырыстағы (қағаз тасымалдағышта) қолтаңба үлгісі қол қою үлгілері бар (оның ішінде клиенттік тапсырысқа қол қою құқығына ие заңды тұлғалар өкілдерінің) нотариат куәландырған құжатта немесе жеке тұлғаның (оның ішінде оның өкілінің) жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген қолтаңбаларға көзбен шолып өткенде сәйкес келмеген кезде;

      4) телефон байланысының құралдары арқылы клиенттік тапсырыс берген кезде осы Қағидаларға, брокерлік шартта және брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында айқындалған талаптарға және тәртіпке сәйкес клиентті сәйкестендіруге мүмкін болмаған жағдайда;

      5) брокерлік шартында және брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында көзделген өзге де жағдайларда қабылдамайды.

      Қағидалардың осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда, сондай-ақ егер клиенттік тапсырысқа сәйкес брокердің және (немесе) дилердің жауапты қызметкерінің қатысуымен қол қойылмай жасалуға болжанған мәміле сомасы жеке тұлға болып табылатын клиент үшін тиісті қаржы жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 2000 (екі мың еселік) мөлшерін айлық есептік көрсеткіштен және заңды тұлға болып табылатын клиент үшін тиісті қаржы жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 20 000 (жиырма мың еселік) айлық есептік көрсеткіштен асатын соманы құраған жағдайда, брокер және (немесе) дилер брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында көзделген тәртіпте клиентке клиенттік тапсырыста көрсетілген іс-әрекеттерді жасау ниетін растау туралы сұрау салады.

      Брокердің және (немесе) дилердің осы тармақтың 3) тармақшасында белгіленген клиенттік тапсырысты қабылдаудан бас тартуы үшін негіз электрондық құжат нысанында немесе өзге де электрондық-цифрлық нысанда, оның ішінде SWIFT, Bloomberg, Reuters жүйелерін пайдалана отырып, берілген клиенттік тапсырыстарға қолданылмайды.

      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      40-1. Қағидалардың 40-тармағында белгіленген клиенттік тапсырысты орындамаған себептерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында, брокерлік шартта және брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіпте және талаптарда брокер және (немесе) дилер почтамен және (немесе) қолма-қол және (немесе) электронды почтамен немесе өзге де ықтимал байланыс түрлерімен клиентке хабарламаны жібереді (еркін нысанда).

      Ескерту. 3-тарау 40-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      41. Брокерлік шартта оның қолданылуын тоқтатудың негіздері, сондай-ақ брокерлік шарттың қолданылуы тоқтаған жағдайда тараптардың әрекет ету тәртібі көзделеді.

      Егер брокерлік шарттың қолданылуы тоқтаған сәтке брокер және (немесе) дилердің шоттарында және кассасында тиісті клиентке тиесілі қаржы құралдары мен ақша (бірінші санатты брокер-дилердің номиналды ұстауындағы қаржы құралдарын қоспағанда) қалған болса, олар осы клиентке брокерлік шарттың қолданылуы тоқтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарылады. Брокерлік шартта клиенттің қаржы құралдары мен ақшасын қайтарудың бұдан да қысқа мерзімі белгіленеді.

      42. Лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда брокер және (немесе) дилер уәкiлеттi органның хабарламасын алған күннен бастап екі жұмыс күні iшiнде бұл жөнінде:

      1) өз клиенттеріне жеке хабарлама жіберу және тиiстi хабарландыруларды клиенттерге қол жетімді орындарда (осы брокердің және (немесе) дилердің бас офисі мен филиалдарының үй-жайларында, сондай-ақ интернет-ресурсында (бар болса) орналастыру арқылы;

      2) осы брокердің және (немесе) дилердің номиналды ұстау шоттары ашылған номиналды ұстаушыларға хабарлайды.

      43. Лицензиясынан айырған жағдайда, брокер және (немесе) дилер уәкілетті органның хабарламасын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде бұл жөнінде:

      1) лицензиясынан айыру себебінен брокерлік қызметті көрсету жөніндегі шартты бұзғаны туралы өз клиенттеріне жеке хабарлама жіберу арқылы;

      2) осы брокердің және (немесе) дилердің номиналды ұстау шоттары ашылған номиналды ұстаушыларға хабарлайды.

      Лицензиясынан айырған жағдайда, брокер және (немесе) дилер уәкілетті органның хабарламасын алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде клиенттің бұйрығы негізінде орталық депозитарийге немесе жасасқан шарт бар болса жаңа брокерге және (немесе) дилерге өткізеді және тиісті хабарландыруды клиенттерге қолжетімді орындарда (осы брокердің және (немесе) дилердің бас офисі мен филиалдарының үй-жайларында) орналастырады.

      Ескерту. 43-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 202 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4-тарау. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы болып табылмайтын брокер және (немесе) дилер шетел валютасымен жасайтын мәмілелерді қоспағанда, қаржы құралдарымен мәмілелер жасау

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      44. Брокер және (немесе) дилер өз есебінен және өз мүддесі үшін (дилер ретінде), сол сияқты өз клиентінің есебінен және оның мүддесі үшін (брокер ретінде) қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға құқылы.

      45. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы болып табылмайтын немесе Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 63-бабының 1-тармағы төртінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген қызметті жүзеге асыруға лицензиясы жоқ бірінші санатты брокер және (немесе) дилер клиенттерге тиесілі ақшаны есепке алу және сақтау үшін банк шоттарын банктерде және (немесе) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалында және (немесе) орталық депозитарийде және (немесе) клирингтік ұйымдарда және (немесе) есеп айырысу ұйымдарында және (немесе) шетелдік есеп айырысу ұйымдарында ашады.

      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      45-1. Брокер және (немесе) дилер клирингтік ұйымының (орталық контрагенттің) алдындағы міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету мақсатында клирингтік ұйымының (орталық контрагенттің) шотына ақша аударуға құқылы.

      Ескерту. 45-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.10.2019 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      45-2. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы болып табылмайтын брокер және (немесе) дилер клиенттердің ақшасын есепке алуға және сақтауға арналған банк шоттарына есепке жазу үшін клиенттерден қолма-қол ақша қабылдамайды.

      Ескерту. 45-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      46. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің қаржы құралдарымен мәмілелері ұйымдасқан бағалы қағаздар нарығында, сондай-ақ, ұйымдаспаған бағалы қағаздар нарығында да жүзеге асырылуы мүмкін мәмілелер жасасудың мынадай жағдайларын қоспағанда, ұйымдасқан бағалы қағаздар нарығында жасалады:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыра алатын туынды бағалы қағаздардың және туынды қаржы құралдарының базалық активтерін сатып алу тізбесін және тәртібін, сондай-ақ қайталама нарықта мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен, ұйымдаспаған бағалы қағаздар нарығында туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау жағдайларын белгілеу туралы" 2007 жылғы 16 шілдедегі № 210 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4892 тіркелген) сәйкес мәмілелер жасау;

      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын бастапқы нарықта орналастыру кезінде олармен мәмілелер жасау;

      3) шет мемлекеттердің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16149 болып тіркелген "Облигацияларын банктер және банк холдингтері меншікке сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесін және банктер мен банк холдингтері меншікке сатып алатын облигацияларға қойылатын талаптарды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 29 қарашадағы № 234 қаулысымен белгіленген рейтингі бар орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік бағалы қағаздар мәртебесі бар облигацияларды бастапқы нарықта орналастырған кезде олармен мәмілелер жасау;

      4) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес банктердің иемденуіне рұқсат етілген мемлекеттік емес бағалы қағаздарды бастапқы нарықта орналастырған кезде олармен мәмілелер жасау;

      5) басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру жағдайлары.

      Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      47. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      48. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      49. Брокерге және (немесе) дилерге 5 (бес) жұмыс күніне дейінгі есеп айырысу кезеңімен мәмілелер жасасуға рұқсат етіледі, бұл ретте мәміленің бір тарабының қаржы құралын немесе ақшаны жеткізу бойынша міндеттемелерін орындауы мәміле жасалған күннен бастап 4 (төрт) жұмыс күн ішінде мәміленің басқа тарабының ақшаны немесе қаржы құралын жеткізу бойынша қарсы міндеттемелерін орындаған жағдайында мүмкін болады. Көрсетілген мәмілелер бойынша есеп айырысулар мәміле тарабының қаржы құралдарын жеткізу бойынша міндеттемелерін орындауы оның өзге қаржы құралдарын алу бойынша қарсы талаптарын орындаусыз немесе орталық контрагенттің қызметтерін қолданумен мүмкін болмайтын "төлемге қарсы жеткізу" қағидаты бойынша орталық депозитарий немесе шетелдік есеп айырысу ұйымдары арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      49-1. Брокер және (немесе) дилер 3 (үш) жұмыс күніне дейін есеп айырысу кезеңімен ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздармен мәмілелерді:

      1) "төлемге қарсы жеткізу" қағидаты бойынша;

      2) клиринг ұйымының және (немесе) орталық контрагенттің көрсетілетін қызметтерін қолданумен, қор биржасының ішкі қағидаларында белгіленген қағидаттар мен әдістер бойынша жасайды.

      Ескерту. 3-тарау 49-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2014 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      49-2. Алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      50. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      51. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      52. Брокер және (немесе) дилер ұйымдастырылмаған нарықта қаржы құралдарымен контрагенті Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтік бағасы немесе Moody’s Іnvestors Servіce (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fіtch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар заңды тұлғалар және (немесе) мына халықаралық қаржы ұйымдары:

      Азия даму банкі (the Asіan Development Bank);

      Америкааралық даму банкі (the Іnter-Amerіcan Development Bank);

      Африка даму банкі (the Afrіcan Development Bank);

      Еуразиялық даму банкі (Eurasіan Development Bank);

      Еуропа қайта құру және даму банкі (the European Bank for Reconstructіon and Development);

      Еуропа инвестициялық банкі (the European Іnvestment Bank);

      Еуропа кеңесінің даму банкі (the Councіl of Europe Development Bank);

      Жеке секторды дамыту жөніндегі Ислам Корпорациясы (the Іslamіc Corporatіon for the Development of the Prіvate Sector);

      Ислам даму банкі (the Іslamіc Development Bank);

      Инвестициялар кепілдігінің көпжақты агенттігі (the Multіlateral Іnvestment Guarantee Agency);

      Скандинавия инвестициялық банкі (the Nordіc Іnvestment Bank);

      Халықаралық валюта қоры (the Іnternatіonal Monetary Fund);

      Халықаралық даму қауымдастығы (the Іnternatіonal Development Assocіatіon);

      Халықаралық есеп айырысу банкі (the Bank for Іnternatіonal Settlements);

      Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық (the Іnternatіonal Centre for Settlement of Іnvestment Dіsputes);

      Халықаралық қайта құру және даму банкі (the Іnternatіonal Bank for Reconstructіon and Development);

      Халықаралық қаржы корпорациясы (the Іnternatіonal Fіnance Corporatіon) болатын, күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын мерзімге (көрсетілген операциялардың бастапқы мерзімін ұзартуды ескере отырып) жасалатын мәмілелерді қоспағанда, талаптарында мәмілелер мәні болып табылатын қаржы құралдарын кері сатып алу не кері сату міндеттемелері көзделетін мәмілелер жасамайды.

      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      53. Қор биржасының сауда-саттық жүйесінде жүзеге асыратын "репо" операциялары, сондай-ақ немесе халықаралық (шетелдік) бағалы қағаздар нарықтарында брокер және (немесе) дилер жүзеге асыратын мәмілелер мәні болып табылатын қаржы құралдарын кері сатып алу не кері сату міндеттемелерін көздейтін өзге де операциялары брокердің және (немесе) дилердің меншікті ақшасы есебінен не брокерлік шартының шеңберінде клиенттің бұйрығына сәйкес күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын мерзімге көрсетілген операциялардың бастапқы мерзімін ұзартуды ескере отырып) жасалады.

      Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      53-1. Құны Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қаржы құралдары немесе қаржы активтері болып табылмайтын және кімнен болмасын талап ету құқығы жоқ криптография және (немесе) компьютерлік есептеу құралдарын қолдана отырып орталықтандырылмаған ақпараттық жүйеде құрылатын және есепке алынатын шамалар құнына (құнының өзгеруіне) байланысты болатын қаржы құралдары брокер және (немесе) дилер жүзеге асыратын мәміленің нысанасы болып табылмайды.

      Ескерту. Қағида 53-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      54. Брокер және (немесе) дилердің шоттарындағы клиент активтерінің ең төменгі құны жасалған маржалық мәмілелер болған кезде маржаның шектеулі деңгейін ескермей, тұрақты түрде қор биржасының сауда жүйесінде брокер және (немесе) дилер осы клиенттің тапсырмасы бойынша "тікелей" тәсілмен жасаған "репо" ашудың барлық операциялары сомасынан отыз пайыздан кем емес мөлшерді құрайды.

      Қағидалардың осы тармағында клиенттің активтері ретінде мыналар танылады:

      ақша;

      Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарындағы салымдар;

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;

      Standard & Poor 's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В -"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар бағалы қағаздар.

      Осы тармақтың талаптары орталық контрагенттің қызметтерін қолдана отырып, қор биржасының сауда жүйесінде брокер және (немесе) дилер "тікелей" тәсілмен жасаған "репо" операцияларына қолданылмайды.

      Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      55. Брокер және (немесе) дилер ол бойынша есеп айырысулар "төлемге қарсы жеткізу" қағидаты бойынша (мәміленің бір тарабының қаржы құралын немесе ақшаны жеткізу бойынша міндеттемелерді орындауы мәміленің басқа тарабының ақшаны немесе қаржы құралын жеткізу бойынша қарсы міндеттемелерді орындаған жағдайында мүмкін болатын) жүзеге асырылатын бағалы қағаздармен мәмілені брокердің және (немесе) дилердің немесе оның тапсырмасы бойынша мәміле жасасу жоспарланған оның клиентінің тиісті шотында бағалы қағаздардың немесе ақшаның қажетті саны болмаған кезде жасаспайды (мәміле жасасуға өтінім бермейді).

      Осы тармақтың бірінші бөлігі орталық контрагенттің қызметін пайдалана отырып жасалатын және (немесе) клиенттің тәуекелін сипаттайтын көрсеткіштің мәні № 214 қаулының талаптарына сәйкес келген кезде клиенттің тапсырмасы бойынша, есебінен және мүддесінде жасалатын мәмілелерге, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары бағалы қағаздармен жасаған мәмілелерге қолданылмайды.

      Егер мәміле нысаны болып табылатын бағалы қағаздар немесе ақша брокердің және (немесе) дилердің немесе есеп айырысулар жүргізу сәтіне дейін бұрын жасалған мәміленің негізінде оның клиентінің шотына есепке жазылатын болса, мәміле жасасу сәтіне брокердің және (немесе) дилердің немесе оның тапсырмасы бойынша мәміле жасасу жоспарланған оның клиентінің тиісті шотында бағалы қағаздардың немесе ақшаның қажетті саны болмаған жағдайда ол бойынша есеп айырысу мәміле жасаған күннен кейін жүзеге асырылатын бағалы қағаздармен мәміле жасауға рұқсат етіледі.

      Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      56. Брокер және (немесе) дилер халықаралық (шетелдік) бағалы қағаздар нарықтарында қазақстандық және шетелдік эмитенттердің қаржы құралдарын сатып алу-сату бойынша мәмiлелердi осы қаржы құралдарымен мәмiлелер бойынша есеп айырысулар "төлемге қарсы жеткiзу" қағидаты бойынша шетелдік есеп айырысу ұйымдары арқылы жүзеге асырылуы, мәміленің бір тарабының қаржы құралдарын жеткiзу бойынша мiндеттемелерiн орындауы оның өзге қаржы құралдарын алу бойынша қарсы талаптарын орындаусыз немесе орталық контрагенттің қызметтерін пайдаланусыз мүмкін болмауы талаптарымен жасайды.

      Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      57. Алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      58. Алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      59. Брокер ретінде қаржы құралдарымен мәмілелер жасау кезінде, брокер және (немесе) дилер клиенттік тапсырманы аса жақсы орындау үшін мүмкіндігінше барлық күшін салады.

      60. Брокерлік шартта көзделген жағдайларда не осы клиенттің мүдделерін қорғау мақсатында брокер және (немесе) дилер қаржы құралдарымен мәмілелер жасауды басқа брокер және (немесе) дилерге тапсырады. Брокер және (немесе) дилердің қаржы құралдарымен мәміле жасауды басқа брокер және (немесе) дилерге тапсыруы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Көрсетілген қаржы құралдарымен мәміле туралы мәліметтер осы мәмілені жасау тапсырылған брокер және (немесе) дилердің атауы көрсетілген брокер және (немесе) дилердің ішкі есепке алу журналында көрсетіледі.

      Ескерту. 60-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      61. Брокерлік және дилерлік қызметті инвестициялық портфельді басқару қызметімен қоса атқарғанда, брокердің және (немесе) дилердің меншік қаражаты есебінен қаржы құралдарымен мәміле жасау жөніндегі шешімдерді инвестициялық комитет қабылдайды.

      62. Брокер және (немесе) дилер ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтарда жасалған туынды қаржы құралдарымен мәмілелер тізіліміне (бұдан әрі - тізілім) қосылу үшін апта сайын есепті кезеңнен кейінгі аптаның бірінші жұмыс күні Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 14-00-ден кешіктірмей орталық депозитарийге Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17920 болып тіркелген "Орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 307 қаулысымен бекітілген Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру қағидаларының және орталық депозитарийдің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес ақпаратты ұсынады.

      Ақпарат ақпаратты беру күніндегі барлық қолданыстағы ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықта туынды қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша, сондай-ақ есепті кезеңде жасалған және орындалған мәмілелер бойынша ұсынылады.

      Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.10.2019 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.01.2021 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) қаулыларымен.

      63. Қажет болған жағдайда тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда Қағидалардың 62-тармағында көрсетілген брокер және (немесе) дилер орталық депозитарийге жаңартылған ақпаратты және тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізудің қажеттігінің себебін көрсете отырып жазбаша түсіндірме ұсынады.

4-1-тарау. Банк болып табылмайтын брокердің және (немесе) дилердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының шетел валютасымен мәмілелер жасауы

      Ескерту. 4-1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Қағида 4-1-тараумен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      63-1. Брокер және (немесе) дилер уәкілетті органның шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензиясы болған кезде (қолма-қол емес шетел валютасымен айырбастау операциялары бөлігінде) Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңнамасының мақсатында валюталық бақылау агентінің функциясын орындайтын уәкілетті банк болып танылады.

      Валюталық бақылау агентінің функциясын орындайтын уәкілетті банк ретінде танылатын брокер және (немесе) дилер қолма-қол емес нысанда шетел валютасын сатып алу немесе сату бойынша мәмілелерін (қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес валюталық своп операцияларына жататын мәмілелерді қоспағанда) жасайды:

      1) меншікті активтер есебінен;

      2) активтер есебінен және өз клиенттерінің тапсырмасы бойынша;

      3) басқаруындағы активтердің есебінен (брокерлік және (немесе) дилерлік қызметі инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметімен қоса атқарған кезде).

      Ескерту. 63-1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      63-2. Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 15 сәуірде № 18512 болып тіркелген "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысында, Қағидаларында, брокер және (немесе) дилер клиенттік активтерінің және қатысты брокерлік шартта меншікті активтерге және (немесе) басқаруындағы активтерге қатысты (инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметпен қоса атқарған кезде) брокерлік шартта көзделген тәртіпте қолма-қол емес шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

      Валюталық бақылау агентінің функциясын орындайтын уәкілетті банк ретінде танылатын брокер және (немесе) дилер, жүргізілген валюталық операциялар туралы есепті Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18544 болып тіркелген "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 64 қаулысына сәйкес жібереді.

      Ескерту. 63-2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.10.2019 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      63-3. Брокер және (немесе) дилер, оған және оның клиенттеріне тиесілі қолма-қол емес шетел валютасын есепке алу және сақтау үшін банктерде және (немесе) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында және (немесе) бағалы қағаздардың орталық депозитарийінде және (немесе) шетелдік есеп айырысу ұйымдарында бөлек банк шоттарын ашады.

      Осы талап қор биржасында брокерге және (немесе) дилерге және оның клиенттеріне тиесілі қолма-қол емес шетел валютасын есепке алған және сақтаған жағдайда қолданылмайды.

      Ескерту. 63-3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      63-4. Брокердің және (немесе) дилердің қор биржасында қолма-қол емес шетел валютасын сатып алу немесе сату мәмілелерін жасауы мынадай тәсілдермен:

      1) сатып алынатын қолма-қол емес шетел валютасына толығымен алдын ала ақы төлеу немесе сатылатын қолма-қол емес шетел валютасын алдын ала жеткізу талаптарымен;

      2) қор биржасының (клирингтік ұйымының) ішкі құжаттарына сәйкес сатып алынатын қолма-қол емес шетел валютасына жартылай алдын ала ақы төлеу немесе сатылатын қолма-қол емес шетел валютасын жартылай алдын ала жеткізу талаптарымен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 63-4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.10.2019 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      63-5. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.10.2019 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      63-6. Клирингтік ұйымның және (немесе) орталық контрагенттің қызметін қолдана отырып қор биржасында қолма-қол емес шетел валютасымен мәмілелер жасау талаптары мен тәртібі, сондай-ақ осындай мәмілелер бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету талаптары мен тәртібі қор биржасының, клирингтік ұйымның және (немесе) орталық контрагенттің ішкі құжаттарында белгіленеді.

      Брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында қолма-қол емес шетел валютасымен мәмілелер жасау тәртібіне (жасауға өтінім беруге) қойылатын қосымша талаптар айқындалады.

      Ескерту. 63-6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.10.2019 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4-2-тарау. Брокердің және (немесе) дилердің банктік операцияларды жүргізу тәртібі

      Ескерту. Қағида 4-2-тараумен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      63-7. Брокер және (немесе) дилер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті органның тиісті лицензиясының негізінде мынадай банк операцияларын жүзеге асырады:

      1) заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;

      2) жеке тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;

      3) аударым операциялары: төлемдер мен ақша аударымдары бойынша жеке және заңды тұлғалардың тапсырмаларын орындау;

      4) төлемділік, мерзімділік пен қайтарымдылық талаптарында банктік қарыз операциялары;

      5) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруды қоспағанда, шетел валютасымен айырбастау операциялары.

      Брокер және (немесе) дилер банк заңнамасына, төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамаға және валюталық заңнамаға сәйкес осы тармақта көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асырады.

      Ескерту. 63-7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      63-8. Бірінші санатты брокер және (немесе) дилер білікті инвесторлар болып табылған жеке тұлға - клиенттерге уәкілетті органның тиісті лицензиясы болған кезде Қағидалардың 63-9-тармағында көзделген бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарын сатып алу мақсатына ғана төлемділік, мерзімділік пен қайтарымдылық талаптарында қарыз береді.

      Бұл ретте осы тармақта көрсетілген қарыздар білікті инвестор болып табылатын әрбір жеке тұлға - клиентке қатысты он миллион теңгеден аспайтын сомаға беріледі.

      Осы тармақтың талаптары Қағидалардың 6-тарауында көзделген маржалық мәмілелер жасаған кезде қолданылмайды.

      Ескерту. 63-8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      63-9. Қағидалардың 63-8-тармағына сәйкес брокердің және (немесе) дилердің қарыз қаражаты есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдары ретінде мынадай қаржы құралдары танылады:

      1) басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланған бағалы қағаздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;

      2) "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар;

      3) Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service немесе Fitch агенттіктерінің ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's ұлттық шкаласы бойынша "kzА-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service немесе Fitch агенттіктерінің ұлттық шкаласы бойынша ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары;

      4) қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, қор биржасы ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "Акциялар" секторының "Премиум" санатының талаптарына сәйкес келетін заңды тұлғалардың акциялары немесе қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі заңды тұлғалардың акциялары.

      63-10. Алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      63-11. Бірінші санатты брокер және (немесе) дилер Қағидалардың 63-7-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген операцияларды жүзеге асырған кезде брокер және (немесе) дилер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17005 болып тіркелген "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтердің, сондай-ақ олардың мәнiнiң сақталуын сипаттайтын көрсеткiштердiң түрлерін белгілеу, Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға тиiстi пруденциялық нормативтердің мәндерін есеп айырысу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 80 қаулысында белгіленген жарғылық және меншікті капиталдың ең төменгі мөлшерін сақтайды.

      63-12. Брокерлік брокердің және (немесе) дилердің 63-7-тармағында көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру талаптарын бір уақытта қамтиды.

5-тарау. Есепке алуды ұйымдастыру

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      64. Бірінші санатты брокерге және (немесе) дилерге тиесілі қаржы құралдары мен ақша оның клиенттерінің қаржы құралдары мен ақшасынан бөлек есепке алынады. Осы мақсатта бірінші санатты брокер және (немесе) дилер өзіне және өзінің клиенттеріне тиесілі қаржы құралдары мен ақшаны бөлек есептеуге және сақтауға арналған жеке шоттарды (қосалқы шоттарды) және банк шоттарын банктерде және (немесе) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында және (немесе) бағалы қағаздардың орталық депозитарийінде және (немесе) кастодиандарда (тек шетел эмитенттерінің бағалы қағаздары бойынша) және (немесе) клирингтік ұйымдарда және (немесе) есеп айырысу ұйымдарында және (немесе) шетелдік есеп айырысу ұйымдарында ашады.

      Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 63-бабының 1-тармағы төртінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бірінші санатты брокер және (немесе) дилер өзінің клиенттеріне тиесілі ақшаны бөлек есептеуге және сақтауға арналған банк шоттарын өз бетінше ашуға құқылы.

      Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      65. Бірінші санатты брокер және (немесе) дилер клиенттерден келіп түсетін қаржы құралдары мен ақшаны брокердің және (немесе) дилердің клиенттеріне тиесілі қаржы құралдары мен ақшаны есепке алу және сақтау үшін арналған шоттарға банктерде және (немесе) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында және (немесе) бағалы қағаздардың орталық депозитарийінде және (немесе) кастодиандарда (тек шетел эмитенттерінің бағалы қағаздары бойынша) және (немесе) клирингтік ұйымдарда және (немесе) есеп айырысу ұйымдарында және (немесе) шетелдік есеп айырысу ұйымдарында қаржы құралдары мен ақша келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде аударуға тиіс.

      Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 63-бабының 1-тармағы төртінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бірінші санатты брокер және (немесе) дилер клиенттерден келіп түсетін аталған брокердің және (немесе) дилердің көрсетілген клиенттерге ашқан банк шоттарына осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімде аударуға құқылы.

      Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      65-1. Уәкілетті органның аударым операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы жоқ брокер және (немесе) дилер оның ақшасын үшінші тұлғалардың пайдасына аудару (есептен шығару) бойынша клиенттің тапсырмасын, егер осы тапсырма осы брокер және (немесе) дилер арқылы қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша клиенттің міндеттемелерін орындалмауына байланысты болса орындамайды.

      Ескерту. 65-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.10.2019 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      66. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      67. Брокер және (немесе) дилер осы брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен мынадай есепке алу журналдарын жүргізу арқылы сенімді және өзекті (есеп деректерін өзгерту үшін негіздер туындаған күні) есепті жүргізеді:

      1) клиенттік тапсырыстар және олардың орындалуы (орындалмауы);

      2) қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер және олардың орындалуы (орындалмауы);

      3) жеке шоттардағы қаржы құралдары және олардың санындағы өзгерістер;

      4) жеке шоттардағы ақша және олардың санындағы өзгерістер;

      5) қаржы құралдары бойынша түскен және бөлінген кірістер;

      6) клиенттердің наразылықтары және оларды қанағаттандыру шаралары;

      7) клиенттік тапсырыстардың орындалуы туралы клиенттер берген есептер;

      8) жасалған брокерлік шарттар және номиналдық ұстау шарттары;

      9) брокердің және (немесе) дилердің меншікті активтерінің есебінен жасалған мәмілелерге қатысты қабылданған инвестициялық шешімдер;

      10) басқа брокерге және (немесе) дилерге тапсырылған қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға берілген бұйрықтар және (немесе) тапсырмалар;

      11) клиенттердің брокерге және (немесе) дилерге және (немесе) оның қызметкеріне (қызметкерлеріне) осындай клиенттер есебінен және мүдделерінде қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға берген сенімхаттар;

      12) валюталық шарттар.

      Осы тармақтың 12) тармақшасында көрсетілген журналды жүргізуді брокер және (немесе) дилер уәкілетті органның шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиясы болған кезде жүзеге асырады.

      Осы тармақта аталған журналдарды электрондық құжат нысанында жүргізуге рұқсат беріледі.

      Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      68. Клиент бағалы қағаздармен мәмілелер жасасу, оның ішінде байланыстың баламалы түрлерімен жеке шот ашу және жүргізу мақсатында, сондай-ақ осы есеп деректерін өзгерту үшін ұсынған құжаттарды, брокер және (немесе) дилер осы жеке шот жабылған күннен бастап 5 (бес) жыл ішінде Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 36-бабының 9-тармағына сәйкес сақтауға тиіс.

      Ескерту. 68-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      69. Брокер және (немесе) дилер халықаралық (шетелдік) нарықтарда мәміле жасап, жасалған мәмілені орындау туралы, сондай-ақ халықаралық (шетелдік) нарықтарда мәмілені жасау күніне қалыптасқан осы қаржы құралы бойынша бағалардың барынша жоғары және барынша төмен мәнін және мәмілені жасау күні мен уақытына осы бағалы қағаздарға нарықтық баға белгілеу параметрлерін растайтын құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді.

      Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінен алынған ақпарат не мұндай баға белгілеулер болмаған жағдайда, қарсы әріптестердің пошта, электрондық немесе факсимильді байланыс арқылы алынған ұсыныстары қаржы құралдары бойынша нарықтық баға белгілеуді растайтын құжат ретінде танылады.

      Ескерту. 69-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

6-тарау. Маржиналдық мәмілелерді жүзеге асыру ерекшеліктері

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      70. Егер бұл брокерлік шартта және (немесе) брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжатында көзделген болса, бірінші санатты брокер және (немесе) дилер клиенттердің тапсырмалары негізінде бағалы қағаздарды немесе қолма-қол емес шетел валютасын сатып алу-сату мәмілелерін жасайды, брокер және (немесе) дилер олар бойынша есеп айырысуларды брокердің және (немесе) дилердің қайтарымдылық және төлемділік талаптарымен клиентке берген ақшаны немесе бағалы қағаздарды (бұдан әрі - маржалық мәмілелер) пайдалана отырып жасайды.

      Бұл ретте брокерлік шарт көрсетілген ақшаны, шетел валютасын немесе бағалы қағаздарды қайтару бойынша міндеттемелерді орындау талаптары мен тәртібін, тараптардың жауапкершілігін, сондай-ақ маржалық мәмілелерді жасау талаптарын қамтиды.

      Маржалық мәмілені жасауға арналған клиенттік тапсырыста Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген мәліметтерден басқа мыналар болады:

      брокердің және (немесе) дилердің клиентке ақша, шетел валютасын немесе бағалы қағаздарды беру мерзімі;

      брокердің және (немесе) дилердің маржалық мәмілені жасау үшін клиентке беретін ақша немесе шетел валютасының сомасы немесе бағалы қағаздар саны;

      клиент брокердің және (немесе) дилердің алдында өз міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуге беретін ақша немесе шетел валютасының сомасы немесе бағалы қағаздар саны не клиент осы қамтамасыз ету ретінде брокердің және (немесе) дилердің номиналды ұстаудың есепке алу жүйесінде ашылған клиенттердің жеке шоттарында және (немесе) брокер және (немесе) дилер клиенттерінің ақшасын есепке алу және сақтау үшін арналған банктік шоттарда ескерілетін клиенттің активтерін беретініне нұсқау;

      клиент Қағидалардың 80-тармағының талаптарын орындамаған жағдайда клиент брокердің және (немесе) дилердің алдында өз міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуге беретін ақша немесе шетел валютасы немесе бағалы қағаздар есебінен қаржы құралдарын нарықтық бағасы бойынша және осы міндеттемелерді орындау үшін қажет санында сатып алуға (сатуға) нұсқау.

      Ескерту. 70-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      71. Алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      72. Маржиналдық мәмілелерді жасауға арналған клиенттік тапсырысты брокер және (немесе) дилер мынадай талаптарда орындауға қабылдайды:

      1) маржаның шектеулі деңгейін сақтау (клиенттің маржиналдық мәмілені қамтамасыз ету есебіне енгізілетін пайызбен берілген маржаның ең төменгі мөлшері);

      2) клиенттің маржиналдық мәмілені жасау нәтижесінде туындаған өз міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуге клиентке тиесілі және (немесе) брокер және (немесе) дилер клиенттің маржиналдық мәмілені жасау нәтижесінде туындаған өз міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуге клиентке тиесілі және (немесе) маржиналдық мәмілені жасау нәтижесінде клиент үшін алынатын ақшаны немесе шетел валютасын беруі талаптармен осы маржиналдық мәмілені жасау нәтижесінде клиент үшін сатып алатын бағалы қағаздарды беруі.

      Ескерту. 72-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.10.2019 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      73. Брокер және (немесе) дилер маржиналдық мәмілелерді жасаған кезде:

      1) ақшаны немесе шетел валютасын аудару және (немесе) брокерге және (немесе) дилерге тиесілі бағалы қағаздарды жеткізу арқылы клиенттің тапсырмаларын орындайды;

      2) Қағидаларда көзделген жағдайларда, клиенттің маржиналдық мәміле бойынша қамтамасыз етуі болып табылатын ақшасына клиенттің брокер және (немесе) дилер алдындағы бағалы қағаздарды жеткізу немесе шетел валютасын сатып алу жөніндегі міндеттемелерін орындау үшін қажет болатын санда бағалы қағаздарды немесе шетел валютасын сатып алады;

      3) Қағидаларда көзделген жағдайларда, маржиналдық мәмілелерді жасау салдарынан туындаған брокер және (немесе) дилер алдындағы клиенттің міндеттемелері бойынша клиентпен есеп айырысуларды жүргізу үшін жеткілікті болатын көлемде клиенттің жеке шотында ескерілетін бағалы қағаздарды немесе банк шотында ескерілетін шетел валютасын сатады.

      Ескерту. 73-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.10.2019 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      74. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.10.2019 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      75. Клиенттің маржалық мәміле бойынша міндеттемелерін қамтамасыз етуі ретінде мыналар:

      1) ықтимал залалдарға резервтерді шегеріп, Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Іnvestors Servіce (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fіtch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша "kzВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Іnvestors Servіce (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fіtch (Фич) агенттіктерінің ұлттық шкаласы бойынша ұлттық шқаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының акциялары;

      2) қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "Акциялар" секторының "Премиум" санатының талаптарына сәйкес келетін заңды тұлғалардың акциялары және (немесе) "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында көпшілік сауда-сатыққа жіберілген заңды тұлғалардың акциялары немесе қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі заңды тұлғалардың акциялары;

      3) ықтимал залалдарға резервтерді шегеріп (негізгі борыш және есептелген сыйақы сомаларын ескере отырып), Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Іnvestors Servіce (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fіtch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша "kzВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Іnvestors Servіce (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fіtch (Фич) агенттіктерінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының резиденттер заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;

      4) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізімі "Негізгі" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген Қазақстан Республикасының резиденттері заңды тұлғалардың мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары, "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында көпшілік сауда-саттыққа жіберілген Қазақстан Республикасының резиденттері заңды тұлғалардың мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;

      5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;

      6) Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе Moody's Іnvestors Servіce (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fіtch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары;

      7) Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "АА-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе Moody’s Іnvestors Servіce (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fіtch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің ұлттық валютадағы ақшасы және шетел валютасы;

      8) ықтимал залалдарға арналған резервтерді шегеріп (негізгі борыш және есептелген сыйақы сомаларын ескере отырып), Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody’s Іnvestors Servіce (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fіtch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша "kzВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody’s Іnvestors Servіce (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fіtch (Фич) агенттіктерінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының және Қағидалардың 75-1-тармағында анықталған есептік көрсеткіштердің (индекстердің) құрамына кіретін басқа мемлекеттердің бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;

      9) Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Іnvestors Servіce (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fіtch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша "kzВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Іnvestors Servіce (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fіtch (Фич) агенттіктерінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қағидалардың 75-1-тармағында анықталған есептік көрсеткіштердің (индекстердің) құрамына кіретін акциялар қабылданады.

      Ескерту. 75-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      75-1. Егер Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің бағалы қағаздары маржалық мәміле жасау мәні болып табылатын болса, бұл бағалы қағаздар мынадай есептік көрсеткіштердің (индекстердің) біреуінің құрамына кіреді:

      AІX (Astana Іnternatіonal Exchange);

      САС 40 (Compagnіe des Agents de Change 40 Іndex);

      DAX (Deutscher Aktіenіndex);

      DJІA (Dow Jones Іndustrіal Average);

      EURO STOXX 50 (EURO STOXX 50 Prіce Іndex);

      FTSE 100 (Fіnancіal Tіmes Stock Exchange 100 Іndex);

      HSІ (Hang Seng Іndex);

      KASE (Kazakhstan Stock Exchange Іndex);

      MSCІ World Іndex (Morgan Stanley Capіtal Іnternatіonal World Іndex);

      MOEX Russіa (Moscow Exchange Russіa Іndex);

      NІKKEІ 225 (Nіkkeі-225 Stock Average Іndex );

      RTSІ (Russіan Trade System Іndex);

      S&P 500 (Standard and Poor's 500 Іndex);

      TOPІX 100 (Tokyo Stock Prіce 100 Іndex);

      NASDAQ-100 (Nasdaq-100 Іndex);

      Брокерге және (немесе) дилерге "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін Оффшорлық аймақтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 10 ақпандағы № 52 Бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 18 ақпанда № 6058 болып тіркелген "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін оффшорлық аймақтардың тізбесінде көрсетілген елдердің заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздармен мәміле жасау үшін клиентке ақшалай қаражат беруге рұқсат етілмейді.

      Ескерту. 75-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.10.2019 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      76. Туындайтын тәуекелдерді басқару мақсатында брокер және (немесе) дилер клиенттің барлық маржиналдық мәмілесіне қатысты маржа деңгейін есептейді. Маржа деңгейі мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      МД – брокер және (немесе) дилер клиентке маржиналдық мәміле жасау үшін ақша, шетел валютасын немесе бағалы қағаздар берген кезде есептелетін маржа деңгейі;

      АСк – ақшаның, шетел валютасының және (немесе) бағалы қағаздардың нарықтық құнының сомасы, оның ішінде маржиналдық мәміле жасау нәтижесінде түсетін, маржиналдық мәміле жасау үшін қамтамасыз ету ретінде клиент ұсынатын;

      БҚСк – брокер және (немесе) дилер клиентке маржиналдық мәміле жасау үшін ұсынатын ақшаның, шетел валютасының және (немесе) бағалы қағаздардың нарықтық құнының сомасы.

      Ескерту. 76-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      77. Брокер және (немесе) дилер ұйымдастырылған, ұйымдастырылмаған және халықаралық (шетелдік) бағалы қағаздар нарықтары үшін оның клиенттеріне қатысты маржаның шектеулі деңгейін есептеу тәртібі мен мәнін, маржалық мәмілелерді жасау кезінде туындайтын тәуекелдерді басқару тәртібін қоса алғанда, осындай мәмілелер жасау тәртібін қамтитын ішкі құжат, маржалық мәмілелерді жүзеге асыруға бағдарламалық-техникалық жабдыққа талаптар, сондай-ақ Қағидаларда белгіленген маржалық мәмілелерді жасауға талаптар болмаған жағдайда маржалық мәмілелерді жасамайды.

      Ескерту. 77-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      78. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      79. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      80. Брокер және (немесе) дилер клиентке маржа деңгейінің ең төменгі деңгейге дейін төмендегенін хабарлайды, бұл ретте маржиналдық мәмілені жасау үшін қамтамасыз ету ретінде клиент енгізген ақша немесе шетел валютасы немесе бағалы қағаздар көлемі маржиналдық мәміленің мәні болып табылатын қаржы құралы бағасының өзгеруі нәтижесінде аталған маржиналдық мәміле бойынша клиент алған шығындар көлеміне балама.

      Брокер және (немесе) дилер брокерлік шартта ең жоғары маржа деңгейін қамтамасыз етуі мүмкін.

      Маржа деңгейі ең төменгі маржа деңгейіне дейін төмендеген жағдайда және клиент брокерлік шартта белгіленген мерзімде осы деңгейді шектеулі маржа деңгейіне дейін көтеруге жеткілікті мөлшерде ақша немесе шетел валютасын немесе бағалы қағаздарды орналастырмаған болса,

      Брокер және (немесе) дилер брокерге және (немесе) дилерге клиенттің берешегін өтеу үшін жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етуді құрайтын клиентке тиесілі бағалы қағаздарды немесе шетел валютасын іске асырады немесе қамтамасыз етуді құрайтын клиенттің ақшасы есебінен бағалы қағаздарды немесе шетел валютасын сатып алады.

      Ескерту. 80-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.10.2019 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      81. Брокер және (немесе) дилер клиентке тиесілі қамтамасыз етуді құрайтын бағалы қағаздарды сатуды немесе клиенттің қамтамасыз етуді құрайтын ақшасы есебінен бағалы қағаздарды сатып алуды Қағидалардың 70-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін маржалық мәмілелерді жасауға арналған клиенттік тапсырыс негізінде жүзеге асырады.

      Ескерту. 81-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      82. Клиенттің берешегі болған кезеңде брокер және (немесе) дилер клиентке клиенттік тапсырыстарды және оған тиесілі қамтамасыз етуді құрайтын бағалы қағаздарды сатуға және клиенттің осы іс-қимылдары оның брокер және (немесе) дилер алдындағы барлық берешегін өтеуге бағытталған жағдайларды қоспағанда, қамтамасыз ету болып табылатын клиенттің ақшасын пайдалануға арналған бұйрықтарды орындаудан бас тартады.

      83. Брокер және (немесе) дилер әрбір клиентке қатысты жасайтын маржиналдық мәмілелердің бөлек есебін жүргізеді, оған қоса:

      брокердің және (немесе) дилердің маржиналдық мәмілелерді жасау салдарынан туындайтын әрбір клиенттің міндеттемелер көлемін есепке алуды (әрбір клиенттің бөлігінде маржиналдық мәмілелер бойынша есепке алу журналы);

      брокер және (немесе) дилер берген ақшаны және/немесе бағалы қағаздарды қайтару туралы клиентке жіберілген талаптарды есепке алуды (клиенттерге жіберілген маржиналдық талаптарды есепке алу журналы);

      клиент брокер және (немесе) дилер алдындағы өз міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде берген бағалы қағаздарды сату жөніндегі мәмілелерді есепке алуды жүзеге асырады.

      84. Маржиналдық мәмілелерді есепке алу журналында мыналар болады:

      клиенттің тегі, аты, бар болса әкесінің аты;

      заңды тұлғаның - клиенттің атауы;

      жеке шоттың нөмірі;

      маржиналдық мәмілені жүргізу күні және уақыты;

      маржиналдық мәмілені жүргізу сәтіндегі жағдай бойынша маржаның деңгейі;

      клиенттің брокер және (немесе) дилер алдындағы берешегінің сомасы;

      клиенттің брокер және (немесе) дилер алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз етудің мөлшері және құрамы.

      85. Клиенттерге жіберілген маржиналдық талаптарды есепке алу журналында мыналар болады:

      заңды тұлғаның - клиенттің атауы;

      клиенттің тегі, аты, бар болса әкесінің аты, клиенттің жеке шотының нөмірі;

      жеке шоттың нөмірі;

      талаптың жіберілген күні және уақыты;

      талапты жіберу сәтіндегі жағдай бойынша маржаның деңгейі.

7-тарау. Брокерлердің және (немесе) дилерлердің андеррайтингтік қызметі

      Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      86. Бірінші санатты брокер және (немесе) дилер андеррайтер (дербес немесе эмиссиялық консорциум құрамында) бола алады.

      Егер эмиссиялық консорциум көмегімен жүзеге асырылатын эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында, сондай-ақ шет мемлекеттердің бағалы қағаздар нарығында да жүргізетін болса осындай мемлекеттердің бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға уәкілетті шетел ұйымдары эмиссиялық консорциум қатысушылары болады.

      87. Брокерлер және (немесе) дилерлер - эмиссиялық консорциум қатысушылары арасында жасалатын бірлескен қызмет туралы шартта (бұдан әрі – андеррайтерлер арасындағы шарт) мынадай нормаларды қамтиды:

      1) эмиссиялық консорциум қатысушыларының функциялары;

      2) эмиссиялық консорциум қатысушылары арасындағы құқықты, міндеттер мен жауапкершілікті бөлу;

      3) бірлескен қызмет туралы шарттың қолданылу мерзімі.

      Ескерту. 87-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      88. Бағалы қағаздар эмитенті мен андеррайтер (эмиссиялық консорциум) арасындағы қарым-қатынастар жазбаша нысанда жасалған шартпен реттеледі, ол эмиссиялық консорциуммен жасалған жағдайда оған соңғының қатысушылары атынан эмиссиялық консорциумның басқарушысы қол қояды.

      Бағалы қағаздар эмитенті мен андеррайтер (эмиссиялық консорциум) арасындағы шарт андеррайтерлер арасында шарт жасалғанға дейін де, сондай-ақ одан кейін де жасалады. Бағалы қағаздар эмитенті мен андеррайтер (эмиссиялық консорциум) арасындағы шартта ол кімнің басқарушысы болатын эмиссиялық консорциумды құруға андеррайтердің құқығы көзделеді.

      89. Бағалы қағаздар эмитенті мен андеррайтер (эмиссиялық консорциум) арасындағы шартта эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын орналастырудың мынадай тәсiлдерінiң бiрi белгiленедi:

      1) "қатаң міндеттемелер" тәсiлi, бұл кезде андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмитенттен кейіннен басқа инвесторларға сату мақсатында орналастырылатын бағалы қағаздарды сатып алады.

      Андеррайтердің (эмиссиялық консорциумның) қызметтерін "қатаң міндеттемелер" тәсiлiмен бiрiншi санатты брокер және (немесе) дилер жүзеге асырады.

      Көрсетілген қызметтердің түрін көрсету тәртiбiн реттейтін брокердің және (немесе) дилердің iшкi құжаттарында осы функцияларды мiндеттi түрде бекіту қосымша талап болып табылады;

      2) "ең жақсы күш салу" тәсiлi, бұл кезде андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмиссиялық бағалы қағаздарды инвесторларға ұсыну жолымен оларды орналастыру бойынша өзі үшін барынша күш салуға мiндеттенедi;

      3) бағалы қағаздар эмитенті мен андеррайтер (эмиссиялық консорциум) арасындағы жасалған шарт талаптарына сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудың басқа тәсiлi.

      90. "Қатаң міндеттемелер" тәсілін қолданғанда андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмитенттен орналастырылатын бағалы қағаздарды сатып алады, олар андеррайтердің (эмиссиялық консорцумның) бағалы қағаздарын есепке алуға арналған және бағалы қағаздарды номиналды ұстау есебі жүйесінде ашылған жеке шотына есепке жазылады.

      "Ең жақсы күш салу" тәсілін қолданғанда андеррайтер (эмиссиялық консорциум) жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін бағалы қағаздарды номиналды ұстау есебі жүйесінде ашылған эмитенттің жеке шотынан бағалы қағаздарды орналастыруды жүзеге асырады.

      Андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмитенттен орналастырылатын бағалы қағаздардың бөлігін сатып алатын шарттың талаптарына сәйкес бағалы қағаздарды орналастырудың өзге тәсілі қолданылғанда, осы бағалы қағаздар андеррайтердің (эмиссиялық консорциумның) бағалы қағаздарын есепке алуға арналған және бағалы қағаздарды номиналды ұстау есебі жүйесінде ашылған жеке шотына есепке жазылады.

      Андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру бойынша барлық мүмкіндігін салуға міндеттенетін шарттың талаптарына сәйкес бағалы қағаздарды орналастырудың өзге тәсілі қолданылғанда, осы бағалы қағаздарды орналастыру жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған, номиналды ұстау есебі жүйесінде ашылған эмитенттің жеке шотынан жүзеге асырылады.

      Бағалы қағаздарды өзге тәсілмен орналастыру осы тармақтың талаптары ескеріле отырып, бағалы қағаздар эмитенті мен андеррайтер (эмиссиялық консорциум) арасында жасалған шарттың талаптарымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

      91. Бағалы қағаздарды орналастыру кезінде бағалы қағаздар эмитентіне "қатаң міндеттемелер" тәсілін пайдалану көзделетін шарттарды қоспағанда, бірнеше андеррайтермен (эмиссиялық консорциумдармен) шарттар жасасуға рұқсат етіледі.

      92. Егер бұл бағалы қағаздар эмитенті мен андеррайтер (эмиссиялық консорциум) арасындағы шарттың және андеррайтерлер арасындағы шарттың талаптарына қайшы келмейтін болса, андеррайтер (эмиссиялық консорциумның басқарушысы) эмиссиялық консорциумның мүшелері болып табылмайтын (егер бағалы қағаздар шығарылымын орналастыруды эмиссиялық консорциум жүзеге асырса) орналастырылатын шығарылымның бағалы қағаздарын сатуға басқа брокерлерді және (немесе) дилерлерді (осындай мемлекеттердің бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға уәкілетті шетел ұйымдары) тартады.

8-тарау. Ішкі бақылау

      Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      93. Брокер және (немесе) дилер ішкі құжаттарға сәйкес ішкі бақылауды жүзеге асырады.

      Ішкі бақылауды жүзеге асыру нормалары осы брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында белгіленеді. Ішкі бақылауды жүзеге асыруға ішкі бақылаудың объектісі болып табылатын, іс-әрекеттерді тікелей орындайтын брокердің және (немесе) дилердің қызметкерлері жіберілмейді.

      94. Брокер және (немесе) дилер айына кемінде бір рет жеке және банктік шоттардағы қаржы құралдарының саны мен ақша қаражаты туралы өз есебінің деректерін осы брокер және (немесе) дилер үшін ашылған шоттардағы қаржы құралдары мен ақша сомасы туралы орталық депозитарийдің, клирингтік ұйымдардың және (немесе) есеп айырысу ұйымдарының, кастодиандар мен банктердің және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының деректерімен салыстырып тексереді.

      Қаржы құралдары мен ақшаның санында сәйкессіздіктер болмаса, шетелдік есеп айырысу ұйымы ұсынған үзінді-көшірме салыстырып тексеру актісі ретінде танылады. Егер брокер және (немесе) дилер клиенті (контрагент) үзінді-көшірмені алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде берілген деректерден қате шыққаны жөнінде мәлімдемесе, үзінді-көшірме дұрыс болып есептеледі және салыстырып тексеру актісі ретінде танылады.

      Брокер және (немесе) дилер күн сайын орталық бағалы қағаздар депозитарийіне әрбір клиенттің орталық бағалы қағаздар депозитарийінде ашылған шотындағы және эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасасуға арналған ақша сомасы туралы мәліметті береді.

      Ескерту. 94-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      95. Брокер және (немесе) дилер клиенттің алғашқы талап етуі бойынша талап етуді (сұрау салуды) алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде клиентке танысу үшін өзінің ақшаны, қаржы құралдарын және осы клиенттің өзге де активтерін есепке алу жүйесінің деректерін кастодианның және (немесе) орталық депозитарийдің деректеріне сәйкес келуін салыстырып тексеру актісінен үзінді көшірмені ұсынады.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 3 ақпандағы
№ 9 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
күші жойылған қаулыларының тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы № 317 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3870 тіркелген).

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі № 30 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы № 317 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы № 65 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4173 тіркелген).

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі № 30 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы № 317 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы № 131 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4296 тіркелген).

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту" және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі № 30 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы № 317 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 111 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4689 тіркелген).

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 272 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5137 тіркелген) 1-тармағы.

      6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі № 30 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы № 317 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2008 жылғы 22 тамыздағы № 130 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5319 тіркелген).

      7. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы № 317 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 29 қазандағы № 168 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5392 тіркелген).

      8. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы № 317 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2009 жылғы 27 наурыздағы № 58 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5655 тіркелген).

      9. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту" 2005 жылғы 27 тамыздағы № 317 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 5 тамыздағы № 190 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5790 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2009 жылғы 9 қазанда № 154 (1577) жарияланған).

      10. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкестендiру нөмiрлерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2010 жылғы 29 наурыздағы № 50 қаулысына қосымшаның 9-тармағы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6219 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2010 жылғы 26 тамызда № 14, "Егемен Қазақстан" газетінде 2010 жылғы 3 қарашада № 456 (26299) жарияланған).

      11. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы № 317 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2010 жылғы 25 маусымдағы № 94 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6375 тіркелген).

      12. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 20 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7439 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 24 мамырда № 261-266 (27340) жарияланған) қосымшаның 2-тармағы.

      13. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы № 317 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 ақпандағы № 71 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7509 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 24 мамырда № 261-266 (27340) жарияланған).

      14. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы № 317 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 тамыздағы № 279 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7991 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 12, 27 желтоқсанда № 834-839, 852-856 (27910, 27927) жарияланған).

      15. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кейбір нормативтік құқықтық актілерге екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар нарығындағы қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2013 жылғы 25 ақпандағы № 69 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8412 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2013 жылғы 1 маусымда № 139 (28078) жарияланған) бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар нарығындағы қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1-тармағы.

      16. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 110 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8505 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2013 жылғы 6 тамызда № 115 (2316) жарияланған) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 10-тармағы.